Стереофотограмметри



КІРІСПЕ
I. ҚҰРАЛДАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
1.1. Әмбебап стереофотограмметриялық құралдар
1.1.1. Аналитикалық тәсіл кезінде қолданылатын құралдар
1.1.2. АП аналитикалық құралы
1.1.3.Мультиплекс аэропроекторы
1.1.4.Проф. Ф.В.Дробышевтың СД.1 стереографы
1.1.4.Проф. Ф.В.Дробышевтың СД.1 стереографы
1.1.6. СЦ.1 стереографы
1.1.7.Стереометрограф
1.1.9.ЗЛС айналы.линзалы стереоскоп
1.1.10.Топокарт
1.1.11.Топофлекс
1.2. Диференциалдық стереофотограмметилық құралдар.
1. 2.1. Стереокомпаратор.
1.2.2. Стереометрлер
1.2.3. СПА аналитикалық стереопроекторы
1.3. Геологиялық жұмыстар кезінде қолданылатын
1.3.1. Стереоскоптар
1.3.2.Өлшеуге арналған геологиялық дешифрлеу құралдары
1.3.3. Аэросуреттердегі нұсқасызықты негізге көшіруге арналған құралдар
1.3.4. Геологилық жұмыстар кезіндегі қолданылатын универсал
II. КӨМЕКШІ СТЕРЕОҚҰРАЛДАР.
2.1. В трансмаркы.
2.2. Интерпретоскоп
III. ФОТОГРАММЕТРИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫҢ САЙМАНДЫҚ ДӘЛДІГІН АНЫҚТАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Алғаш Стереофотограмметрия – қос стерео (стереоскоптық бейне) фотосуреттің геометриялық қасиеттерін және қос стереофото кескіндер бойынша нәрселердің мөлшерін, пішінін кеңістіктегі орнын анықтайтын тәсілдерді зерттейтін фотограмметрия саласы. Ол аэро- және жер бетіндегі стереофотограмметрия болып ажыратылады. Стереофотограмметрияның құрамына космостық фотосуреттер де енеді.
Стерефотограмметрия құралдары 20 ғасырдың екінші он жылдығында пайда болған. Олар жергілікті, әуе және ғарыштық фототүсіріс бойынша топографиялық карта құрастыруға мүмкіндік береді. Заманауи әмбебеп стереофотограмметриялық аспаптар конструкциясы негізінің принципі бойынша 2-ге бөлінеді: аналитикалық және аналогтік. Аналитикалық құралдар стерекомпаратордың жоғарғы дәлдікті базасында және электронды есептеуіш машинаcынан құрылған. Ол фототүсіріс және жер беті координаталарының байланысын есептеп, өлшеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Аналогтік аспаптар оптикалық, оптико-механикалық, механикалық болып бөлінеді. Проф. Г. В. Романовскийдің стереопроекторы СПР3 – механикалық типтегі жоғары дәлдікті стереофотограмметриялық аспап, топографиялық карта құрастыруға, геодезиялық торларды жобалық әуетүсіріс бойынша байланыстыруға арналған. Проф. Ф. В. Дробышевтің стереграфы СД3 – әуефототүсіріс бойынша топографиялық карта құрастыруға арналған стереофотограмметриялық аспап. ЦНИИГАиК стереографы – жобалық әуетүсіріс бойынша топографиялық карта құрастыруға арналған стереофотограмметриялық аспап.[1]
Қазіргі таңда стереофотограмметриялық құралдардың көптеген құрылымдары жасақталған. Жүйелі болу үшін құралдар фотограмметриялық құрал жасауды жетілдіру бағыттарына сәйкес жекелеген топтарға бөлінеді:
1. Дифференциалдық стереофотограмметриялық аспаптар;
2. Төмендегі топтарға жіктелетін әмбебап стереофотограмметриялық құралдар:
а) аналитикалық әмбебап стереофотограмметриялық құралдар;
б) аналогтік әмбебап стереофотограмметриялық құралдар.
3. Көмекші стереоқұралдар.
Мысалы, дифференциалдық стереофотограмметриялық құралдарға стереокомпаратор, стереометрлер, стереопроекторлар жатады. Ал әмбебап стереофотограмметиялық құралдарға стереоскоптар, интерпретоскоптар, топофлекс пен топокарт, аэропроекторлар, планикомптар, стереографтар және т.б. құралдарды жатқызуға болады.[2]
1. Қазақ Совет Энциклопедиясы. 8 том. Стереофотограмметрия бөлімі
2. Урмахер Л. С. «Оптика фотограмметрических и аэрофотограмметрических приборов», Москва, Геодезиздат, 1962 г. [12-29]
3. А. Н. Успенский «Геодезия» 1964 г. [202-210]
4. Дробышев Ф. В. «Исследования в стереофотограмметрии»
5. Калантаров Е. И. « Фотограмметрическое инструментоведение» Москва Недра, 1986 г. [8-35]
6. Қалмұратов Е. Б., Қалмұратов Ж. Е. «Аэрогеодезия (лекциялық курс)» Алматы, 1998 ж. [106-113]
7. И. Ф. Куштин, П. Н. Бруевич, Г. А. Лысков «Справочник Техника-фотограмметриста», Москва Недра, 1988 г. [214-219]
8. Н. Н. Воронков, В. С. Плотников, Е. И. Калантаров, А. Н. Голубев ГЕОДЕЗИЯ «Геодезические фотограмметрические приборы», Справочное пособие. Москва Недра, 1991 г. Под. ред. В. П. Савинных, В. В. Ященко, [385-397]
9. Келль А.Н., Корнилов Ю.Н. и др. Фотограмметрия. – М.: Недра 1989, [15-17]
10. Лобанов А.Н. и др. Фотограмметрия. – М.: Недра 1983 г. [52-68], [77-85]
11. Методическое указания по наземной стереофотограмметрической съемке карьеров. М.: Недра 1970 г. [98-111], [124-128]
12. Методическое указания по наземной стереофотограмметрической съемке карьеров с применением современных приборов. II часть. Ленинград, 1971 г. [14-19]
13. Под. ред. А. И. Виноградовой и В. К. Еремина «Аэрометоды геологических исследований», Изд. Недра, Ленинград 1971 г. [120-137]
14. Господинов Г. В. «Дешифрирование аэроснимков», Изд. МГУ 1961 г.
15. Черкасов И. А. «Исследование возможностей дифракционного метода дешифрирования аэроснимков. В сб. Фотограмметрическая обработка и дешифрирование аэроснимков» Наука 1963 г.
16. Смирнов Л. Е. «Теоритеческие основы и методы географического дешифрирования аэроснимков». Изд. ЛГУ 1967 г. [21-25]
17. Келль Л. Н., Комаров В. Б. «Современное состояние и пути развития аэрометодов в Советском Союзе. В сб. Аэросъемка и ее применение»,Ленинград, Наука 1967 г. [45-67]

КІРІСПЕ

Алғаш Стереофотограмметрия – қос стерео (стереоскоптық бейне)
фотосуреттің геометриялық қасиеттерін және қос стереофото кескіндер бойынша
нәрселердің мөлшерін, пішінін кеңістіктегі орнын анықтайтын тәсілдерді
зерттейтін фотограмметрия саласы. Ол аэро- және жер бетіндегі
стереофотограмметрия болып ажыратылады. Стереофотограмметрияның құрамына
космостық фотосуреттер де енеді.
Стерефотограмметрия құралдары 20 ғасырдың екінші он жылдығында пайда
болған. Олар жергілікті, әуе және ғарыштық фототүсіріс бойынша
топографиялық карта құрастыруға мүмкіндік береді. Заманауи әмбебеп
стереофотограмметриялық аспаптар конструкциясы негізінің принципі бойынша 2-
ге бөлінеді: аналитикалық және аналогтік. Аналитикалық құралдар
стерекомпаратордың жоғарғы дәлдікті базасында және электронды есептеуіш
машинаcынан құрылған. Ол фототүсіріс және жер беті координаталарының
байланысын есептеп, өлшеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Аналогтік аспаптар
оптикалық, оптико-механикалық, механикалық болып бөлінеді. Проф. Г. В.
Романовскийдің стереопроекторы СПР3 – механикалық типтегі жоғары дәлдікті
стереофотограмметриялық аспап, топографиялық карта құрастыруға, геодезиялық
торларды жобалық әуетүсіріс бойынша байланыстыруға арналған. Проф. Ф. В.
Дробышевтің стереграфы СД3 – әуефототүсіріс бойынша топографиялық карта
құрастыруға арналған стереофотограмметриялық аспап. ЦНИИГАиК стереографы –
жобалық әуетүсіріс бойынша топографиялық карта құрастыруға арналған
стереофотограмметриялық аспап.[1]
Қазіргі таңда стереофотограмметриялық құралдардың көптеген құрылымдары
жасақталған. Жүйелі болу үшін құралдар фотограмметриялық құрал жасауды
жетілдіру бағыттарына сәйкес жекелеген топтарға бөлінеді:
1. Дифференциалдық стереофотограмметриялық аспаптар;
2. Төмендегі топтарға жіктелетін әмбебап стереофотограмметриялық
құралдар:
а) аналитикалық әмбебап стереофотограмметриялық құралдар;
б) аналогтік әмбебап стереофотограмметриялық құралдар.
3. Көмекші стереоқұралдар.
Мысалы, дифференциалдық стереофотограмметриялық құралдарға
стереокомпаратор, стереометрлер, стереопроекторлар жатады. Ал әмбебап
стереофотограмметиялық құралдарға стереоскоптар, интерпретоскоптар,
топофлекс пен топокарт, аэропроекторлар, планикомптар, стереографтар және
т.б. құралдарды жатқызуға болады.[2]

I. ҚҰРАЛДАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ

1. Әмбебап стереофотограмметриялық құралдар
Универсал фотограмметриялық аспаптарға аэрофототопографиялық түсіруді
камералдық жағдайда өңдеу жұмыстарын түгел орындауға мүмкіншілік беретін
күрделі аспаптар жатады. Автомобиль жолдарын ізденіс жұмыстарында олармен
кеңістікте трассалау мен трассаны фотограмметриялық нивелирлеу, жер
бетіндегі түрлі нүктелердің координаталарын анықтау, трассаның бойындағы
орналасқан жер бедері мен контурларды түсіру және с.с. жұмыстар
жүргізіледі.
Универсал фотограмметриялық аспаптардың бірнеше түрлері бар. Оптикалық
проекциялаушы аспаптарда – проекциялаушы сәулелер аэрофотосуреттің аттас
нүктелерінен экранға қарай өтетін сәулелердің ағынынан құралған;
механикалық проекциялаушы аспатарда – проекциялаушы сәулелердің бағыттары
арнаулы жоғарғы дәлдікті рычагтардың көмегімен жасалады; оптикалы-
механикалық проекциялаушы аспаптарда – проекциялаушы сәулелерді оптикалық
тәсілмен құрып, ал модельді жасау үшін кеңістікті немесе жазықтықты
механизмдер қолданылады; аналитикалық аспаптарда – сәулелер мен нүктелердің
жағдайын аналитикалық түрде ЭЕМ-ді пайдалану нәтижесінде шығарады.[3]

1. Аналитикалық тәсіл кезінде қолданылатын құралдар
Бұл құралдар үш топқа бөлінеді: дәлдігі жоғары стереокомпараторлар,
маркалаушы құралдар мен монокомпараторлар, аналитикалық плоттерлер.
Координаттарды өлшеу дәлдігі жоғары стереокомпараторлар кеңістік
триангуляциясының дамуына байланысты кеңінен қолданылуда. Аналитикалық
тәсілді қолданудан фотограмметриялық қоюлату дәлдігі айтарлықтай
жоғарылайды, өйткені аэросуреттердің бұрмалануы алдын-ала ескеріледі.
Дәлдігі жоғары компараторларды жасаудың маңызды міндеттері олар ұзақ мерзім
бойына дәлдікті тұрақты көрсетуі мен координаттарды өлшеу тәсілін таңдау
мүмкіндігі болып табылады.Қазіргі стереокомпараторлардың құрал-саймандық
дәлдігі 2-4 мк тең, алайда олардың көпшілігі координаттарды 1 мк дейін
өлшеуге мүмкіндік береді. Дәлдіктің нашарлауы ең алдымен сыртқы
жағдайларға, мысалы, температураның құбылуына байланысты болуы мүмкін.
Координаттарды өлшеу дәлдігі жоғары стереокомпараторларға қойылатын жалпы
талаптар: өлшеу нәтижелерін ЭЕМ-да қолданылуға қолайлы перфотаспа немесе
перфопарақтағы кодталған түрінде автоматты түрде тіркеу мүмкіндігі; өлшеу
үрдісі кезінде бір нүктеден екінші нүктеге дәлдіктен ауытқымай көшу; сурет
қондырғыларының іс-әрекеттерінің және олардың өзара бағдарлануының тез
орындалуы; суреттердің ауысуының шамаларын дәл өлшеу. Бұл ортақ талаптар
әртүрлі фирмалардың құралдарында әртүрліше жолмен шешілген.
Ніlger and Watts фирмасының Recording стереокомпараторлары
аэрофотоаппараттың тегістеуші әйнегіндегі айқас торлы бейнеленген 23х23
форматындағы аэросуреттерді өңдеуге арналған. Бұл айқастардың координаттары
алдын-ала белгілі, сондықтан стереокомпараторда нүкте координаттары ең
жақын орналасқан айқасқа байланысты өлшенеді Кәреткелердегі суреттер бірге
немесе жеке-дара х-х құралының белдігі болып табылатын цилиндр бағытының
бойымен орын ауыстыра алады. Сондай-ақ бірге немесе бөлек у-у белдігі
бойымен қозғала алады. Х мен Ү бойымен айналатын кәреткелер мен оптикалық
бөліктердің қозғалу кеңістігі 23 см құрайды. Сонымен қатар, х-х және у-у
белдіктері бойында орналасқан бағыттаушылардың өздері ∆Х пен ∆Ү
штурвалдарының көмегімен ±11 мм-ге орын ауыстыра алады. Бұл қозғалыстар
микрометрлі деп аталады және ең жақын орналасқан айқас нүктесі
координаттарын өлшеуге арналған. ∆Х пен ∆Ү штурвалдары 1 мм-ге тең етіп
ойылған дәлме-дәл микрометрлік винттермен байланысқан. Бұл винттердің
белдіктерінде электр тогын өткізетін немесе өткізбейтін учаскелері бар
арнайы кодталған дискілер орналасқан. Мұндай кодтың көмегімен дәлдігі
11000 айналымға дейінгі дискілердің айналуын есептеуге болады,
микрометрлік винттің ойылған қадамы 1 мм-ге тең болса, сызықтық алмасу 1 мк
дәлдікпен табылады. Диск бетінде сырғып жүрген арнайы контакт құралдың код
шешетін құрылғысындағы релені айырып-қосады. Құралдан аулақта орналасқан
бұл құрылғының шығу сигналдары жанып тұрған сан немесе перфотаспадағы тесік
ретінде автоматты түрде тіркеліп жатады. Дискінің толық айналымдарының ең
жақын орналасқан сантиметрлік үлеске немесе ең жақын айқасқа қатысты санын
қарапайым өзгертуші есептеп береді. Ең соңында абсцисса мен айқас
ординаттарды есептеу үшін сурет кәреткелері мен оптикалық жүйенің
қозғалмалы бөлшектеріне орнатылған кодталған шкалалар қолданылады.
Шкалалардағы барлық бөліктерді кодтау үшін екілік жүйе қолданылады. Айқас
координат шамалары мыңдық санмен бүтін миллиметр дәлдікпен, ал ∆Х пен ∆Ү
шамалары 5 саннан тұратын санмен белгіленеді. Координаттарды есептеудің
көрінісі бақылаушы алдындағы құрал тетігіне шығады.
Стереокомпараторлардың оптикалық жүйесіндегі Пехан призмалары бейнені
180о- қа дейін бұруға мүмкіндік береді. Әйнек табақшадағы өлшеу маркасы
Пехан призмасынан кейін орналасқан, сондықтан бейненің оптикалық қозғалысы
марканы қозғамай өтеді. Марка дегеніміз –екі 90о- қа бұрылған Т әрпі,
олар стереоскопиялық байқау кезінде бірігіп айқасталады. Оптикалық жүйенің
ұлғаюы 5-тен 20х–қа дейін біртіндеп өзгеруі мүмкін. Көзбен көру жиегінің
диаметрі 6-дан 24 мм-ге ұлғаю барысында өзгереді. Стереокомпараторда оң
және теріс базисті суреттерді өңдеу қарастырылған, сондай-ақ көрсету
сәулелері айырылмайды, тек Пехан призмалары ғана бұрылып тұрады. Құралдың
дұрыс жұмыс істеуін бақылап тұру үшін басқару тетігінде түрлі-түсті
сигналдық шамдар орналасқан. Құралдың қосымша блоктарды қоспағандағы жалпы
салмағы 450 кг.
Француздардың Societe d,Optique et de Mecanique de Haute Precision
фирмасының SOM стереокомпараторының қозғалмайтын оптикалық жүйесі мен
құралдың х-х және у-у белдіктері бойымен қозғалып тұратын суретті бекітуші
кәреткелері бар. Құралдың тұғырында оптикалық көпірдің екі жағында екі Х
кәреткелерінің бағыттаушы жолдары симметриямен орналасқан. Бұл кәреткелер
перпендикуляр бағытта орналасқан Ү бағыттаушы кәреткелерін алып жүреді. Бұл
бағыттаушылардың тегістігінің бұзылуы бірнеше микроннан аспауы тиіс. Оң
және сол жақ Х пен Ү кәреткелерінің арасында механикалық байланыс жоқ,
олардың біріккен және бөлек қозғалыстары штурвалдарға сәйкес электр
сельсиндік басқару арқылы жүріп отырады. Х пен Ү кәреткелері бірге қозғалуы
үшін кәреткелердің жанындағы басқарылатын сельсиндермен электр арқылы
байланысқан, белдіктерінде жүргізуші сельсиндер орналасқан 2 қолмен
басқарылатын штурвал қолданылады. Кәреткелерді қозғалтатын сельсиннің
айналымдық қозғалыстары кәреткелермен байланысқан темір таспалар арқылы
жүзеге асырылады. Кәреткелердің бөлек немесе саралық қозғалыстары Х пен Ү
аяқ баспаларындағы белдіктерде орналасқан жүргізуші сельсиндердің көмегімен
жүзеге асырылады. Аяқ баспалары қозғалғанда кәреткелер қозғалысқа түсіп,
құралдың басқару тетігіндегі арнайы коммутатор арқылы жүргізуші дара
сельсин оң немесе сол жақ кәреткенің басқарылатын сельсинімен байланысқа
түседі. Кәреткелердің жалпы қозғалыстарының ауқымы 300х300 мм. Біріккен
қозғалыстар жүргізуші сельсиндермен байланысқан синхромоторларды қолдану
арқылы 25 ммсек-қа дейін жететін жоғары жылдамдықпен жүруі мүмкін. Құралда
шектен шығып жатқан жағдайда кәреткелерді электрмен тежеу қарастырылған.
Кәреткелердің қозғалыс шамалары Ferranti фирмасы дайындаған жүйенің
көмегімен интерференциялық тәсілмен анықталады. Бұл жүйенің есептеу
құрылғылары –кәреткелерге бекітілген және кәреткелердің қозғалыс бағытына
көлденең салынған жұқа сызықтары бар шкалалы тікбұрышты әйнек табақшалар
болып табылады. Сызықтардың аралары 0,008 мм-ге тең. Қозғалмалы шкалаға дәл
сондай сызықтары бар қозғалмайтын шкала кигізіледі, екі шкала сызықтарының
жиектері өзара шағын бұрыштар түзуі тиіс. Кәреткелердің қозғалмайтын
шкалаға қатысты қозғалысы барысында муар жолақтары деп аталатын
кезектесетін жолақтар пайда болады. Муар жолақтарының саны 4 фотобөлшек
көмегімен анықталады, муар жолақтары арқылы жүретін жарық ағыны синус заңы
бойынша модульданады. Фотобөлшектер қабылдаған жарық сигналдары электр
сигналдарына айналып, оларды импульске айналдыратын арнайы электронды
құрылғыларға жіберіледі, олардың саны қозғалмалы шкала жүріп өткен ара
қашықтыққа тең. Жарықтың синус заңымен модульдануы ара қашықтықты ¼ тор
қадамы дәлдігімен, немесе 2 мк дәлдігімен өлшеуге мүмкіндік береді.
Қозғалыс бағыты төрт фотобөлшектің әрқайсысына түсетін жарықтың қанық болу
кезеңдерінің кезектесуіндегі айырмашылықпен анықталады. Аэросуреттердің
нүкте координаттары электронды құрылғының бейне экранында жанып тұратын сан
ретінде автоматты түрде көрсетіліп, бақылаушыға жақсы көрініп тұрады,
сонымен қатар перфоратор көмегімен перфотаспаға жазылады немесе алыстан
басқарылатын жазу машинасына ашық мәтін ретінде беріледі; координаттар
ондық жүйедегі алты мәнді сан түрінде белгіленеді. Координаттарды есепке
алу арнайы пернені автоматты түрде басу арқылы жүргізіледі, сонымен қатар
ол перне кәреткелерді тоқтату құрылғысын іске қосады.
SОМ стереокомпараторының оптикалық жүйесі басты объектив пен окуляр
бөлшектерін ауыстыру жолымен ұлғая алады. Фокустық қашықтығы 40 мм
окулярларды қолданғанда жүйе 4 және 7х тең. Ал фокустық қашықтығы 24 мм
болса –тиісінше 7 және 12х. 4х-қа ұлғайтылғанда көзбен көру аймағы 20 мм
болса, 12-қа ұлғайтылғанда 4,8 мм-е тең болады. Құралда Дове призмаларын
бұру арқылы екі суретті де бірге немесе бөлек бұру, сондай-ақ оң және теріс
базис қондырғысы қарастырылған. Қара немесе жанып тұратын нүктелі өлшеу
маркасы бар әйнек табақша кіріс объективінен кейін дереу орналасады.
Оптикалық жүйеде бір атаулы нүктелер қайталанбас үшін көзбен көру аймағын
өлшеу маркасымен фотоға түсіретін арнайы фотоаппарат пен проекциялайтын
құрылғы енгізілген. Алғашқы суреттерді өңдеу барысында өлшеу маркасы
кезекпенен барлық байланыс нүктелеріне тоқталып, олар қайтарымды
фототаспаға суретке түсіріледі. Келесі маршрут өңдеу барысында айқындалған
таспа бинокль басына орнатылған проекторға енгізіледі де, бұрынғы
түсірілген көзбен көру аймағының бейнесі құралдың оптикалық жүйесі арқылы
окулярлардың біріне жіберіліп, нүктелер стереоскопиялық көшіруден өтеді.
Суреттерді жарықтандыру жоғарғы кәреткелердің ішіндегі флуоресцентті шамдар
көмегімен жүреді, ал ауыспалы сүзгілер 3 түрлі түс реңдеріне боялған
суреттерді көруге мүмкіндік береді. Стереокомпараторды басқару орталық
басқару тетігі арқылы жүзеге асырылады.
Италияның OMI (Ottico Meccanica Italiana) фирмасы жасақтаған ТА-3
үлгісіндегі Nistri стереокомпараторы фототриангуляцияның аналитикалық
тәсіліне арналған және 3 суреттіқысқышы бар. Арнайы оптикалық коммутаторды
айырып-қосу орнатылған фотосуреттердің үшеуінің (1-2, 2-3, 3-1) біреуінің
стереожұбын бақылауға мүмкіндік береді, яғни екі ұқсас стереожұптағы бір
байланыс нүктесін көре аламыз. Өңделетін фотосуреттердің ауқымы 23х23 см.
Стереокомпараторлардың координатометр деп аталатын суретқысқыштары мен
сурет кәреткелері х-х және у-у белдіктері бойымен жылжи алады, ал оптикалық
жүйе қозғалмайды. Құралдың тұғырында бақылаушының оң және сол жағында 2
басқару тетігі орналасқан, ондағы 3 штурвалдың әрқайсысы үш
координатометрді қозғалысқа келтіреді, ал тұғырдың ортасында электр басқару
жабдықшасы мен дабыл орналасқан. Ортаңғы суретқысқыш өз бетінде 180о –қа
бұрыла алады. Әр координатометрдің 3 Х бағыттаушы кәреткелері бар, оның
екеуі демеуші де, үшіншісі құралдың х-х белдігінің бағытын анықтаушы. Х
кәреткесінде 3 Ү бағыттаушы кәреткесі орналасқан, олардың қызметтері
бірдей. Штурвалдар мен координатометрлер арасындағы байланыс –электрлі.
Барлық 6 штурвал белдіктерінде жүргізуші сельсиндердің рөлін атқаратын
моторлар орналасқан, ал қайталанбалы басқарылатын сельсиндер координатометр
тұғыры мен Х кәреткелеріне орналасқан. Штурвал бір айналғанда қайталаушы
сельсиннің белдігі де бір айналады, онымен ойылған қадамы 0,5 мм-ге тең өте
дәл жүру винті тығыз байланысқан. Бұл винтте тиісті кәреткемен байланысқан
жүру гайкасы бар. Сонымен бірге жүру гайкасы радиал штифт арқылы болат
таспа түріндегі лекалды корректор саңылауымен байланысқан, ол таспаға
азғана мөлшерде оған айналып барып тірелетін винттар арқылы түрлі пішін
беруге болады. Болат лекалдың кескінінің өзгеруі әсерінен жүру винті бар
қайталанатын сельсиннің айналымының тұрақты бұрыштық жылдамдығы кезінде
әртекті қозғалып, бұл жүру өлшеу винттерінің қатесі мен ауа температурасы
құбылуы салдарынан ұзындығының өзгеруін түзетуге мүмкіндік береді.
Барлық үш кәреткені де х-х және у-у белдіктері бойымен 60 ммсек
жылдамдығымен қозғалтуға арналған 2 тапсыру моторы бар, олар үш жүргізуші
сельсиндермен белдік жіберілімдер арқылы байланысқан. Соңында орталық
жабдықшадаХ кәреткелерінің бөлек 3пернесі мен 3 Ү пернесі орналасқан.
Пернелерді басқанда тиісті кәретке 0,5 мм-ге қозғалады, яғни жүру винті бір
айналымға бұрылады. Екі пернені қатар басқанда екі сурет қозғалады.
Кәреткелердің қозғалыс ауқымы 308х308 мм. Кәреткелерде арнайы тірек
шоқылары бар, олар кәреткелерді шеткі жағдайға жеткенде микроайырғыштарын
тұйықтап, сонысымен сигналдық зуммерлерді іске қосады, сондай-ақ автоматты
түрде тез қозғалу моторларын өшіреді. Суреттер ±18о шамасында א
бұрыштарына жайылады. Суреттердің бақыланатын учаскелері 4 түсті жарық-
сүзгілермен жабдықталған шамдарының көмегімен жарқырап, ал барлық аймақты
салқын жарықты сопақ шамдары жарық қылады. Кәреткелер жүріп өткен жол
шамасы ұқсастыру-сандық өзгертушілері арқылы –әр кәреткенің жүру винті
белдігінде орналасқан электр механикалық құрылғылармен өлшенеді. Ұқсастыру-
сандық өзгертушілері бір-біріне тығыз орналасқан бірнеше шеңберден құралған
блоктар болып табылады. Әр шеңберде радиалды тірек шоқы бар, ол блоктың
айналуы арқылы кәреткелердің қозғалысын 2 мк дәлдікпен есептей алады. Жүру
винтінің бұрылу шамаларын, яғни кәреткелердің қозғалысы ұқсастау-сандау
өзгертушісінің соленоидының іске қосылуы арқылы әрекет ететін контакт
қорапшасы қабылдайды. Контакт қорапшасының жүру винтінің бір түзу көлденең
белдігіне орналасқан бірнеше (айналым санына сәйкес)электр контактылары
бар. Әр айналым кәретке қозғалысының санына сәйкес келеді. Контакт
қорапшасынан шығатын электр сигналдарын телефон сияқты арнайы селектор
қабылдап-есептеп, сосын кодтап басып шығаратын немесе перфорациялық
құрылғыға жібереді. Сонымен қатар әрбір ұқсастыру-сандық өзгертушісінде
қосымша контакт қорапшалары бар, олар арқылы бақылау жүйесінің окулярының
астында орналасқан стереокомпаратор экранына есеп көрініп тұру үшін жанып
тұрған сан түріндегі координаттар шығады. Координаттардың автоматты түрде
жазылуы басқару тетігіндегі арнайы перне басылғаннан кейін 10 сек ішінде
орындалады, жазу кезінде барлық алты кәретке қозғалыссыз қалады. Ондық
жүйедегі координаттардың жазылуы СТ-68 жазу құрылғысында немесе алыстан
басқарылатын Т-2-СН жазу машинасында алты мәнді сан түрінде жүргізіледі.
ТА-3 үлгісіндегі стереокомпаратордың оптикалық жүйесі қозғалысқа
түспейді, ол құралдың тұғырына бекітілген болаттан құйылған көпірге
орналасады. Екі объективтен тұратын панкратикалық жүйе жалпы ұлғайтуды 8-
12х шамасында жүргізуге мүмкіндік береді.
Диапозитивтерді қалыңдыңы әртүрлі әйнектермен өңдеу кезінде сурет
жазықтығы мен басты фокалдық жазықтықты үйлестіруге мүмкіндік беретін кіріс
объективі алдында екі өзара көлденең белдік айналасында еркін айналып
жүретін жайдақ-параллель табақша орналасқан. Табақшаны бұру арқылы өлшеу
маркасына қатысты суретті қозғауға болады, қажет болған жағдайда координат
өлшеудің соңғы екі разрядын нөлге келтіруге болады. Кіріс объективінен
кейін сәулелердің параллель шоғыры жартылай күмістелген айнадан өтіп, онда
жарық өлшеу маркасының бейнесі пайда болады. Құралда өлшеу маркасының екі
түрі бар: нүктелік (диаметрі 0,01мм) және қиық бұрышы 15о болатын қиық
тәріздес марка. Стереоскоп жақсы қабылдау үшін қиық бейнені оның төбесі
жағынан бұруға болады. Өлшеу маркаларына түсетін жарықты реостаттар реттеп
отырады, оларды бұру тұтқалары орталық басқару тетігінде орналасқан. Жарық
сүзгілері арқылы нүктелік және қиық бейнелерге 5 түстің реңін беруге
болады. Дове призмасы бейнені өлшеу маркасы айналысында 90о-қа бұруға
мүмкіндік береді. Оптикалық тармақшалар барлық үш бейнеге де бірдей. Дове
призмасын бақылаушы барлық үш тармақшаны бір кезде немесе бөлек бұра алады.
Жүйенің ұлғаюы әр суретте әртүрлі болуы мүмкін. Арнайы есептегіште
терілетін нөмірімен бірге бір уақытта координаттарды жазу барысында нүкте
бейнесін нақтылауға арналған фотоаппарат кадр форматы 24х36 мм болатын
қайтарымды таспаға көзбен көру аймағын түсіреді. Ауа райының ауытқуының
стереокомпараторға тигізетін әсерін азайту үшін ауаны реттеп тұратын
тұғырдың төменгі жағында желдеткіш бекітілген. Координат өлшеуде кететін ең
ірі қателік 5 мк делінеді. Стереокомпаратордың салмағы 1340 кг, оның ауқымы
210х110х130см.
ТА-3А жетілдірілген үлгісінің ТА-3 үлгісінен артықшылығы оның оптикалық
жүйесінде. Айталық, жалпы ұлғайтудың үздіксіз өзгеруі дискретті ұлғайтудың
белгілі бір санымен алмастырылған. Барлық бақылау жүйесі орналасқан
бірыңғай көпірдің орнына жаңа үлгіде әр координатометрдің астына визирлік
объективі мен жарық маркасының блогы бар көпірше орнатылған. Бұл ауа
құбылған кезде суреттегі нүктелердің ауытқып кетуіне жол бермейді.
Суреттердің бақылаудың көзбен көру аймағы да кеңейтілген.
Wild швейцарлық фирмасының SТК-1 стереокомпараторы 23х23 форматындағы
суреттерді өңдеуге мүмкіндік береді, ол кәдімгі осыған ұқсас құралдар
үлгісімен құрылған. Өлшеулердің дәлдігі құрылымның беріктігі мен барлық
түйіндер мен тетікшелердің жақсы дайындалғанына байланысты. Құралды
пайдалану ауасы тазартылған бөлмеде жүргені жөн. SТК-1 стереокомпараторында
басқару тетіктерінің жіберілімдерінің суретқысқыштарға, суреттерден
қозғалыс шамасын тіркейтін есептегіштерге өтуі механикалық құрылғы түрінде
ойластырылған. Қатты тірек тұғырында бағыттаушылар орналасқан, олардың х-х
белдіктері бойымен Х құралының суппорты жылжиды. Х суппортында орналасқан
бағыттаушылар бойымен у-у белдігіне қарай Ү суппорты қозғалады. Бұл
суппортта сол жақ суретқысқыш пен оң жақ суретқысқыш орнатылған айқас
бағыттаушылардың 2 жұбы орналасқан. Екі суретқысқыш та өз жазықтығында
бұрыштарына бұрыла алады. Құрал Х және Ү координаттарын және оң жақ
суретте өлшенетін Рх және Ру параллакстарын өлшеуге арналған.
Өлшем шамаларының барлығы нониусты шкала барабанында көзбен көрініп
есетелінеді. Арнайы пернені басқанда өлшеу нәтижелері 2 мк дәлдікпен ондық
жүйе түрінде ашық мәтінмен Wild ЕК-4 баспа құрылғысында немесе перфотаспа
мен перфопарақтағы тиісті код түрінде тіркеледі.
Жеті мәнді сан түріндегі Х, Ү, Рх және Ру шамаларынан басқа тіркеу
барысында бақыланатын нүктенің алдыңғы енгізілген кез-келген нөмірі
автоматты түрде атып шығады. Х пен Ү суппорттарының қозғалыс ауқымы 260 мм-
ге тең, ал Рх және Ру кәреткелерінікі –тиісінше 260 және 100 мм.
Қозғалмайтын оптикалық жүйе құралдың ішіне орналасады да, суреттерге салқын
жарық шамдары жоғарыдан түсіріледі. Бақылау жүйесіндегі линзаларды ауыстыру
арқылы төрт түрлі ұлғайтуға болады: 6, 11, 20 және 40*. Жанып тұратын өлшеу
маркалары оптикалық жүйенің ұлғаюына қарай түрлі түстерге боялуы мүмкін.
Визирлік белдіктердің айырылып-қосылау мүмкіндігі де қарастырылған, Дове
призмаларының көмегімен бейнелер 90-қа бұрыла алады. Құралдың аумағы
219х139х136 см, перфоратормен қосқанда 1470 кг-ға тең.
Zeiss –Aerotopographi фирмасының PSK стереокомпараторы, салмағы мен
аумағы шағын, үстелге қойылатын құрал болып табылады. Құралдағы суреттер
қаңқасының бүйір қабырғаларының ішкі жақтарында тігінен орналасып, әйнек
табақшалармен жапсырмаланады, оларда текшесі 10 мм болатын текшелердің
презициялық торы ойылған. Суреттерге жарық салқын жарық шамдарынан түседі.
Әрбір сурет тормен бірге х-х көлденең белдігі бойымен қозғала алады. У-у
тік белдігінің бойымен суретқысқыштар арасында орнатылған кіріс призмалары
бар оптикалық тармақшалар қозғалады. Суретке қатысты оң өлшеу маркасын
нақтылау үшін бинокуляр үстіндегі құралдың алдыңғы жақтауында күңгірт әйнек
табақшада сол жақ суреттің контактылы өңі орналастырылады. Оның бетімен
диаметрі 8 мм жарық ақтаңдағы жүріп жүреді, ол марканың орналасқан жерін
көрсетіп тұрады. Диаметрі 0,025 мм нүктелік өлшеу маркалары әйнек
табақшаларға орнатылған, олардың қасында миллиметрлік бөліктер салынған
өлшеу торы ойылған басқа әйнек табақшалар орналасқан. Марка қашанда көзбен
көру аймағының ортасында болады да, ал ∆Х пен ∆Ү штурвалдарының өлшеу
торлары құралдардың белдіктері бойымен қозғалып жүре алады.
Стереокомпаратордың сол және оң жақтарында суреттерді (немесе оптикалық
тармақшаларды) бірге және бөлек қозғайтын, сондай-ақ өлшеу торларын
қозғайтын 4 штурвал орналасқан. Штурвалдардың қозғалмалы түйіндермен
байланысы механикалық түрде жүріс винттерінің көмегімен жүзеге асырылады,
олардың ойылған қадамдары төмендегідей: тез қозғалыс үшін -5 мм, жай
қозғалыс үшін -1 мм және өлшеу торының қозғалысы үшін 0,1 мм.
Стереокомпаратордың ауыспалы окулярлары көзбен көру аймағының диаметрі 15
мм болғанда 8,12 және 16* дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Дове
призмаларын қолданып, бейнелерді 90о-қа бұруға болады. Құралда визирлеу
белдіктерінің айырғышы орналасқан, ол айырып-қосудан басқа екі окулярдан
тек оң немесе сол суретті бақылауға мүмкіндік береді. Координаттарды өлшеу
Аббе қағидасымен жүреді және бақылаудағы нүкте мен ең жақын текше торының
сызықтарының қиылысу қашықтығын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл өлшемдер 1
мк дәлдікпен өлшеу торларының көмегімен жүргізіледі және де өлшеу алдында
торлар автоматты түрде өлшеу маркасы мен тор ортасы бір-біріне сәйкес болуы
үшін нөлге келтіріледі.
Сол жақ суреттің нүктесіне марка келтірілгеннен кейін қажетті перне
басылып, суреттің жарығы өшіріледі де, әйнек торкөздердің бүйіріне жарық
түсіретін шамдар жағылады. Сонымен бір уақытта визирлеу белдіктерінің
айырғышы екі окулярда да сол бейне проекцияланатындай қалыпқа келтіріледі.
∆Хл пен ∆Ү л штурвалдарының айналуымен бірге өлшеу торының сызықтары ең
жақын тор сызықтарымен беттестіріледі де, арнайы дәлдігі жоғары
есептегіштер сол жақ суреттің нүкте координаттарын есепке алады. Тіркеу
кезінде құралдардың қозғалмалы бөліктерінің бәрі қозғалыссыз қалады. Сосын
осы әрекет қайта қайталанады да, оң жақ суреттің координаттары жазылады.
Алты мәнді сандармен берілген координаттарды бинокуляр астындағы жарық
экраннан оқуға болады. Дәл осы координаттар алдын-ала терілген нүкте
нөмірімен таспа сан түрінде Есоmat-ІІ электромагниттік тіркегішінде, сондай-
ақ перфотаспа немесе перфопарақта тіркелуі мүмкін. Суреттерді
орталықтандыру жүргізілмейді, оның орнына өлшеу алдында және соңында
суреттердің координаталық белгілерінің бірнеше қайтара жүргізілген
есептеулері алынып, түзету аналитикалық тәсілмен енгізіледі. Координаттарды
анықтау дәлдігі торлардың және өлшеу торларының дайындалу дәлдігімен
анықталады. Сынақ жұмыстары көрсеткендей, ол ±2-3 мк-ға тең. Құралдың
ауданы 117х56х64 см, салмағы 200 кг.
Стекометр –Zeiss Jena фирмасының (Германия) құралы, ол
стереокомпаратордан және өлшенген координаттарды автоматты түрде тіркейтін
тіркеу құрылғысынан тұрады. Координаттарды есептеу дәлдігі 2мк.
Стекометрде 23х23см форматындағы суреттер өңделеді. Құралдың Х штурвалының
айналуы арқылы х-х белдік бойымен қозғалатын ортақ кәреткесі бар. У-у
белдігінің бойымен Ү штурвалының айналуымен оптикалық жү йенің
тармақшалары іске қосылады. Сурет қысқышы бар сол кәретке екі өзара
перпендикуляр бағыттағы Р мен Q винттері айналғанда қозғалады. Одан басқа
х-х белдігі бойымен суреттерді және у-у бойымен оптикалық тармақшаларды
қарапайым қозғау үшін электржетектер қызмет етеді, ал сол жақ суретті р мен
q бойымен аяқ баспалары арқылы қозғайды. Бұл стекометрде бір уақытта сол
жақ суретпен 4 қозғалыс жасауға мүмкіндік береді. Суретқысқыштар өз
жазықтығында 360о-қа бұрыла алады. Қозғалыстар ауқымы төмендегідей: х пен у
-280 мм, Р -120 мм, q -±40 мм. Суреттерге жарық төбеден түсіріледі. Ал
бақылау жүйесі құралдың ішінде орналасқан. Ауыспалы окулярлар 6,12 және 18х
ұлғайтылған суреттерді бақылауға мүмкіндік береді, ал көзбен көру аймағы
тиісінше 32, 25 және 17,5 мм-ге тең. Оптикалық жүйеге бейнені 90о-қа бұруға
мүмкіндік беретін Дове призмалары енгізілген. Нүктелерді ұқсастыруда қате
кетпес үшін стекометрде сол жақ суретті өлшеу маркасымен бірге 1:1
масштабымен фотоға түсіру жүргізіледі. Жанып тұратын өлшеу маркалары пішіні
мен шамасы әртүрлі 6 түрге еніп, 3 түрлі түске бояла алады. Автоматты
тіркеу құрылғысы құралмен электрлі байланыста болады, ол үстел түрінде
орындалған, онда есептегіштер, басқару тетігі, перфорациялаушы және
есептеуші құрылғысы бар электр жазу машинасы орналасқан. Стекометр тіркеу
құрылғысының шығысында орналасқан ВМ Сеllatron SER-2 –мен бірге де
қолданыла алады, бұл жағдайда стереожұпты өңдеу 2 бөлікке жіктеледі: 15-20
мин уақыт алатын сыртқы және өзара бағдарлау бөліктерін есептеу және 15-20
сек созылатын барлық өлшенген нүктелердің кеңістік координаттарын есептеу.
Наllert мақалаларында стереокомпараторлардың дәлдігін анықтау әдісі
сипатталған. Құралдың дәлдігі марканы бірнеше рет әйнек өлшеу торкөздерінің
нүктелеріне келтіру арқылы анықталады. Атап айтқанда, әр нүктеге (25 нүкте
таңдалынады) координат есептеудің 4 шақты келтірулері жүргізіледі. Бір
нүктені есептеуден алынған орташа нәтиже өлшенген координат деп
есептелінеді. Құралдың дәлдігін анықтауда қате жіберу ең кіші текшелерін
теңдестіру амалымен алынған салмақ бірлігінен кеткен қатеге байланысты. Бұл
қатенің ішінде тор мен құралдың өз жіберген кездейсоқ қателері де болуы
мүмкін. Қате теңдеулердегі параметрлер ретінде dхо мен dуо қозғалыс
шамалары мен тордың d айналымдарының, сондай-ақ стереокомпаратордың mх
пен mу масштабының қателері болуы мүмкін. Кәреткенің координаттық
белдіктерінің перпендикуляр еместігінің қатесі у-у белдігін dβ бұрышына
қосымша бұрағаннан болады. Зерттеу нәтижелері әртүрлі бақылаушылардың
өлшеулеріне арналып жасалады, және де бақылаушылардың дағдылары мен
тәжірибесі дәлдікті анықтауда маңызды емес. Жұмыста көрсетілгендей Наllert
әдістемесімен 1818 стереокомпараторының дәлдігін анықтағанда байқалғаны,
салмақ бірлігінің орташа текшелік қатесі 0,0045 мм-ге тең болған.
Кейбір жұмыстарда құрал-жабдықты қарапайымдандыру және аналитикалық
фототриангуляцияны арзандату мақсатында стереокомпараторлардан монокулярлық
бақылау құралдарына көшудің пайдалы екені айтылады, өйткені өлшеу күрделігі
азайып, құралдың бағасы төмендейді, салмағы мен ауданы кемиді.
Монокомпаратор мына жалпы талаптарға сай болуы қажет: координаттарды өлшеу
дәлдігі 3 мк шамасында болуы тиіс, еңбек өнімділігі артады және өлшеу
нәтижелері автоматты түрде перфотаспа немесе перфопараққа түседі. Алғашқы
монокомпараторлардың бірін Канаданың Ұлттық зерттеу кеңесі Helava жобасы
бойынша жеке суреттің нүкте координаттарын есептеу үшін жасақтаған, ол
маркалаушы құралмен нүктелерді көшіруге арналған. Монокомпаратордың
құрылымы өте қарапайым: жиектерінде қозғалмайтын оптикалық жүйе орналасқан,
суреттер мен өлшеу құрылғысы соған қатысты қозғалады. Соңғысы әйнек өлшеу
торына орнатылған, оның визирлік маркалары аралары 20 мм болатындай текше
бұрыштарына орналастырылған. Құралдың х-х пен у-у белдіктері бойымен
кәреткелер қозғалады, олар қозғалысқа түсіретін 25 мм жүрісі бар өлшеу
винттері. Әрбір визирлік марканың жағдайы сол жақ төменгі маркаға қатысты
болады. Монокомпаратордың бақылау жүйесі 3 бөліктен тұрады: суретті өлшеу
торымен үйлестіруге арналған оптикалық жүйе, визирлік жүйе мен жарық түсіру
құрылғысы. Оптикалық жүйенің көмегімен сурет бейнесі жазықтықпен беттеседі,
онда визирлік маркалар орналасқан. Өлшеу жүйесінің 3 кәреткесі бар. Оның
біріншісі координаттардың екі белдігі бойымен суреттер мен өлшеу торының
қозғалуына арналған. Екінші кәретке өлшеу винтінің көмегімен құралдың х-х
белдігі бойымен бірінші кәреткеге қатысты қозғалады. Үшінші кәретке бірінші
мен екіншіге қатысты у-у белдігі бойымен қозғалады. Сурет бірінші кәреткеде
бекітіледі, ал өлшеу торы –үшіншіде. Суреттердің қозғалыс аумағы -24х24 см.
Диаметрі 0,040 мм нүктелік визирлік маркалар қалыңдығы 6,35 мм әйнек
табақшаға ойып басылған, үстіне жұқа шыны жабылған. Қадамы 1 мм және
диаметрі 10 мм өлшеу винттерінің барабандарында координаттар 1 мк дәлдікпен
өлшенеді. Сонымен бірге нүкте коорднаттары автоматты түрде де тіркеледі, ол
үшін винттердің Optisyn сияқты электронды рекордерге шығыстары
қарастырылған. Координаттарды тіркеу кезінде бірінші кәретке арнайы қол
тұтқасымен тоқтатылады. Бақылау ыңғайлы болуы үшін бинокулярмен іске
асырылады.
Монокомпараторда әртүрлі диапозитивтердің біртекті нүктелерінің
координаттарын өлшеу үшін ол нүктелерді дәл маркалау қажет. Нүктелерді бір
диапозитивтен екіншісіне көшіріп, маркалау үшін бірнеше құралдар ойлап
табылған. Wild фирмасы диапозитивтердегі нүктелерді көшіру және эмульсия
қабатын тесу үшін PUG-1 құралын жасақтап шығарған. Бұл құралдың көмегімен
диаметрі 0,06-0,08 мм шеттері жұмыр дөңгелек пішінді тесіктер бұрғылауға
болады. Бұрғылау арнайы окулярды маркаланатын нүктеге көздегеннен кейін
арнайы фрезаның көмегімен жасалады.
Zeiss –Aerotopographi фирмасының нүктелерді маркалау мен көшіруге
арналған құралдары стереоскоппен бірге қолданылады. Маркалаушы құрал
эмульсияға диаметрі 1 мм сақина салып, оның ортасына нүкте қояды. Сақинаның
ортасын табу үшін сақина тәріздес визирлік марка қолданылады. Екінші құрал
аз сызықты жердің суреттеріндегі нүктелерді белгілеу үшін қолданылады.
Сипатталған құралда диаметрі 0,22 мм болат шарик бар, ол визирлік марка
ретінде қызмет етіп, жиекке қатысты екі өзара перпендикуляр бағыттау
винттері көмегімен қозғалады. Перне басылғанда пружиналық құрылғы шарикке
соққы береді, соның нәтижесінде эмульсия қабатында диаметрі 0,1 мм қара
сақинамен қоршалған тесік пайда болады. Құрал ұқсас диапозитивтердегі ортақ
нүктелерді салыстыру мен бекіту үшін пайдаланылады. Нүктелерді көшіру мен
ұқсас суреттер сақина тәріздес марка мен ортасында тесігі бар құралдың
көмегімен жүзеге асырылады. Нүктелерді маркалау мен олардың координаттарын
автоматты түрде тіркейтін автоматты жүйе қарастырылған. Электронды көшірме
жасау жүйесі аналитикалық желі құру үшін аэросуреттердегі нүктелерді
ұқсастыру, маркалау және өлшеу үшін қолданылады. Координаттарды маркалау
және өлшеу үшін өлшеу дәлдігі ±5 мк-ға тең монокомпаратор қолданылады.
Нүктелерді маркалау өлшемдері 50 және 75 мк болатын ортасы қатты пуансондар
мен ортасы дөңгелек пішінді диаметрлері 50,75,100,200 және 500 мк болатын
пуансондармен жүргізіледі. Компаратормен жұмыс істеуде аздап ауытқу
болатыны келтірілген.
Бір кәреткелі компараторда нүкте координаттарын стереоөлшеу тәсілдері
де бар. Айталық, жұмыста біркәреткелі стереокомпаратор ұсынылады, оның
негізіне фотограмметриялық желі құру үшін жеке суреттер мен нүкте
фотоабристерін қолдану алынған. Және де фотоабристер мен сурет нүктелерін
стереоскоппен бақылауға болады.
Сондай-ақ стереокомпараторға қосымша ретінде фотоқондырғы ұсынылады,
ол тұғыры бір окулярға винттеліп бекітілетін айналы фотоаппарат. Қайтарымды
таспаға түсіру нәтижесінде алынған нүкте фотоабристері соңынан аэросуретпен
бірге стереокомпараторда бақыланады. Абристер бар таспа оптикалық
тармақшалардың біріне орнатылған арнайы қондырғыға салынып, ал нүкте
координаттарын өлшеу бір кәреткелі амалмен орындалады.
1957 жылы Канаданың Ұлттық зерттеу кеңесі Helava жобасымен есептеуіш
техника мен автоматика жетістіктерін кеңінен қолдануға негізделген
аналитикалық фотограмметриялық құралдың жобасын ұсынды. Оның мәні
физикалық үлгілеудің орнына аналитикалық әдістерді қолдану, яғни кеңістікті
түсірудің аналитикалық шешіміне негізделген. Аналитикалық плоттердің жалпы
жұмыс қағидасы: аэросуреттің нүктелерінің өлшенген координаттары үлгі
масштабымен ЭЕМ-ға импульс түрінде Х, Ү және Z штурвалдарынан жіберіледі.
Есептегіш құрылғы мен оптикалық-механикалық жүйенің арасындағы кері
байланыс арқасында суреттердің ағымдық нүкте координаттары өзара және
сыртқы бағдарлауға сәйкес түзетіліп, стереокомпараторда үлгі нүктелерінің
координаттарын алуға мүмкіндік туады.
Аналитикалық плоттерді итальяндық ОМІ фирмасы, АҚШ-тың Bendix есептеу-
шешу құрылғыларының зертханасы және Канаданың Ұлттық зерттеу кеңесі бірігіп
жасақтаған. 4 үлгідегі құралдар шығарылған: АР-1, АР-2, АР-С және АРС.
Алғашқы екі үлгі әскери мақсатта, үшіншісі –азаматтық қолданысқа арналып,
төртіншісі коммерциялық мақсатпен шығарылған. АР-1 аналитикалық плоттері
карта жасау, кеңістікте фотограмметриялық желі құру мақсаттарында
аэросуреттерді фотограмметриялық өңдеуге арналған. Құрал негізгі 3 бөліктен
тұрады: дәлдігі жоғары екі кәреткелі стереокомпаратор (оптикалық-
механикалық бөлігі), электронды есептеу-шешу құрылғысы мен координатограф.
Координаттарды өлшеуге арналған стереокомпаратордың бақылау жүйесі мен
негізгі кәреткесі бар, ол екі өзара перпендикуляр х-х және у-у
белдіктерінің бойымен қозғалады. Негізгі кәреткеден басқа қосымша 2 кәретке
бар, олар негізгі кәреткемен бірге немесе координаттар белдіктері бойымен
қосымша электронды есептеу-шешу құрылғысының көмегімен есептелетін ∆Х л пен
∆Үл ; ∆Х п пен ∆Үп түзету шамаларының негізінде қозғала алады. Алдын-ала
есептеу-шешу құрылғысына кодталған сигналдар түрінде камераның фокустық
қашықтығының белгілі шамалары, аэротаспаның бүлінгені туралы,
фотограмметриялық дисторсия, Жер қисықтығы мен тірек нүктелерінің
геодезиялық координаттары туралы шамалар енгізіледі. Содан кейін
аэросуреттерді орталықтандырудың арнайы бағдарламасы іске қосылып,
кәреткелер автоматты түрде орташа жағдайға келтіріледі. Өзара бағдарланудың
бөліктерін есептеу-шешу құрылғысы автоматты түрде стандартты орналасқан
нүктелердегі көлденең параллакстар өлшенгеннен кейін жұмыс істейтін
бағдарлама бойынша есептеледі. Аэросуреттерді сыртқы бағдарлау бағдарламасы
координаттары үлгі масштабына келтірілген тірек нүктелерін пайдалануды
қарастырады. Барлық бағдарламалардың жұмысының нәтижесінде алдын-ала
енгізілген және өлшеу барысында алынған көрсеткіштер есептеу-шешу
құрылғысының жадында жинақталып қалады да, стереокомпараторға ∆Х л пен ∆Үл
; ∆Х п пен ∆Үп түзетулері түрінде беріледі, олар оператор штурвалдар
арқылы кәреткенің жүргізуші винттеріне енгізілген Х пен Ү шамаларының
дифференциалын қолдану арқылы алшебралық жолмен қосылады.
Сыртқы бағдарлау үрдісі жүзеге асырылғаннан кейін координаттардың
геодезиялық жүйесіндегі нүкте координаттары алдын-ала масштабы таңдалған
координатографқа жіберіледі.
Аналитикалық плоттер фотограмметриялық есептерді жүйелі қателер мен
кездейсоқ қателердің ең төменгі шегін ескеріп, шешуге мүмкіндік береді.
Аэротриангуляция кезінде құрал 3 түрлі жолмен қолданылады: монокомпаратор,
стереокомпаратор және кәдімгі әмбебап стереоқұрал ретінде.
Әрбір суретке арналған өлшеу жүйесі екі дербес кәреткеден тұрады:
біріншісі суретті алып жүреді, екіншісі визирлік маркалы оптикалық жүйенің
қозғалмалы бөлігін. Барлық кәреткелердің бағыттаушылары –болат тұрбалы.
Барлық механикалық және оптикалық бөліктер орналасқан көпір құймасы тұрақты
болу үшін ескіруге ұшырайды. Кәреткелер термоөңдеуден өткен алюминий
қорытпасынан жасалған, қорытпа мен болат винттердің айырмашылық
коэффициенттерінің әсері ОМІ Nistri стереокомпараторындағыдай. Құрал өлшемі
23х23 см, фокустық қашықтығы 25-1220 мм және иілу бұрышы ±10о
аэрофотоаппаратпен түсірілген аэросуреттерді өңдей алады. Құралдағы базис
бөліктерінің өзгеру ауқымы бірдей: bxo -312мм, bуo-20 мм, bzo -122 мм, ал
кәреткелердің қозғалысының шегі -±140 мм. Барлық үлгідегі плоттерлердің
оптикалық жүйесі бірдей, оған бейнелерді бұру үшін Дове призмалары,
визирлік белдіктерді айыру құрылғысы мен көзбен көру аймағының
орталығындағы рұқсат етілген қабілеті 125 линмм болатын ауыспалы окулярлар
кіреді. Ауыспалы окулярлар көзбен көру аймағының диаметрі 26,20 және 14 мм
болғанда 6,10 және 14х ұлғайтуға мүмкіндік береді. Нүктелік өлшеу
маркасының шамасы аэросурет жазықтығында 0,05-тен 0,02 мм-ге дейін
өзгереді. Координатографтың үстелінің өлшемдері 1400х1100 мм, ал үстел
микроскопының ұлғайтуы 20х тең. Үлгі мен жоспар масштабының ара қатынасы
0,5-тен 30х-қа дейін өзгеруі мүмкін.
Расkard Bell BP-250 электронды-есептеу машинасы түріндегі АР-1
үлгісіндегі есептеу құрылғысы секундына 2 млн импульс жылдамдықпен жұмыс
істейді. Ал оның бұйрықтар жүйесінде 50-ден астам бұйрық бар, ол бір мекен-
жайлы қағидатқа негізделген, шұғыл жадында 2576 сөз бар, әрбір сөз 28
екілік разряд түрінде бейнеленеді. Аналитикалық плоттерді басқару арнайы
тетік арқылы жүзеге асырылады. Жұмыста жекелеген бағдарламалардың блок-
сызбалары суреттелген: кассеттерді орталықтау, негізгі нүктелердің
координаттарын табу, аэросуреттердің өзара бағдарлануы, үлгінің геодезиялық
нүктелер мен автоматты сызылу бойынша сыртқы бағдарлануы. Автоматты сызу
бағдарламасы сызу жұмыстарын қысқартып, құру оригиналының сапасын арттыруға
арналған. Бұл бағдарламаның көмегімен автоматты түрде 2 нүкте арқылы түзу
сызық, 3 нүкте арқылы парабола жүргізуге, горизонтальдарды тегістеуге,
шартты белгілерді салуға, сандар мен әріптерді басуға, т.б. болады.
АР-2 құралы арқылы жоспарлы аэросуреттермен қатар, кадрлық,
саңылаулық, немесе панорамалық аэрофотоаппараттармен түсірілген суреттерді
өңдеуге болады. Бұл құрал бақыланатын учаске аймағында бейне масштабын
реттеу мүмкіндігі қарастырылған. АР-1 мен АР-2 құралдарының басты
айырмашылығы түзету мен өлшенген координат мәндерін координатографқа жіберу
тәсілдерінде. АР-2 құралында үлгі координаттарының мәндері ұқсас пішінде
координатографқа барып түсіп, ал тиісті сандық шамалар есептеу-шешу
құрылғысына барады, ол түзетулерді ғана емес, үлгі координаттарының
түзетілген мәндерін стереокомпараторға жібереді.
АР-1С және АРС құралдары азаматтық мақсаттағы аналитикалық
плоттерлердің әрі қарай жасақталған түрлері болып табылады, олардың басты
артықшылығы –үнемділігі. АРС құралы үшін 28 разрядтан тұратын 2000 екілік
қабаты сиятын шұғыл жады бар тез әрекет ететін ВМ арнайы құрастырылған.
Есептеу-шешу құрылғысы өлшенген координаттарға түзетулерді енгізеді, олар
ұқсас құрылғының дифференциалының сервомеханизміне өтеді. Жұмыста
аналитикалық плоттер мен әртүрлі фототрансформаторлар арасындағы байланысты
жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылған, ол үшін есептеу құрылғысына арнайы
құрылып, енгізілген бағдарлама трансформаторды әртүрлі түсіру жағдайында
басқаруды қарастырады. Өте жоғары дәлдікпен және жылдамдықпен көлденең
баллакстарды өлшеуге қабілетті автоматты сканирлеуші қондырғыны қолдану
ұсынылады. [4]

2. АП аналитикалық құралы
АП-1 құралы 1962 жылы АҚШ-тың ӘМ тапсырысы бойынша жасалынған. Оның
сызбасын ұсынған Хелава (Канада), оптикалық-механикалық бөлігін дайындаған
Оми фирмасы (Италия), ал электронды-сандық жүйесін жасақтаған АҚШ-тың
Бендикс фирмасы. Құрал ғарыштан түсірілген суреттерді өңдеуге арналған.
Құралдың өлшеу бөлігі жобалаудың тура және кері базистері бар 23х23 см
форматындағы суреттерді өлшеуді қамтамасыз ететін стереокомпаратор болып
табылады. Өлшеу маркасының Х пен Ү белдіктері бойымен жылжуы қолмен
басқарылатын штурвалдардың, ал Z белдігімен қозғалуы –аяқ баспасының
көмегімен іске қосылады. Одан басқа марканы Х пен Ү белдіктерімен тез
айдауға арналған велтрополо құрылғысының электр моторы мен жылдамдығын
реттейтін басқару тетіктері бар. Мотордың жылдамдығы тек белгі бойынша ғана
емес, абсолютті шама бойынша да өзгеріп отырады. Өлшеу нәтижелерін өңдеудің
негізгі бағдарламалары мына міндеттерді шешеді: үлгі құру, үлгіні іштей
бағдарлау, контур мен жер бедерін түсіру. Суреттерді іштей бағдарлағанда
координата белгісі мен басқару тетігіндегі перне басылғаннан кейін құралда
өлшеу маркасы автоматты түрде суретқысқыштың координата белгісіне
көзделеді. Одан кейін оператор өлшеу маркасын суреттің координата белгісіне
апарып, оның координаттарын ЭЕМ жадына сақтайды. Оң жақ және сол жақ
суреттердің координаттарын өлшеп болғаннан кейін оператор суреттердің іштей
бағдарлану бағдарламасын шақырады. Ішкі бағдарлау бағдарламасында
суреттердің бүлінгендігі мен түсіру камерасының объективінің бұрмалаңдығы
ескеріледі. Ол үшін ЭЕМ жадына АФА координаттық белгілер мәліметтері мен
х,у белдіктері бойынша дисторсия теңдеулерін енгізеді. Үлгі құру кезінде
оператор стереожұптың стандартты нүктелеріне жақын тұрған стереоскопиялық
өлшеулерді жүзеге асырып, ЭЕМ жадына х1,х2,у1,у2 координаттарын тіркейді.
Осыдан кейін суреттердің өзара бағдарлау бөліктерін анықтайтын бағдарламаны
шақырып, соларға сәйкес есептеулер жүргізіп, суретқысқыштардың
кәреткелерінің орналасуына түзетулер енгізеді. Нәтижесінде көлденең
параллакстар біртіндеп жоғалады, ал стереоскопиялық көздеуден кейін үлгі
нүктелерінің координаттары анықталады. Сыртқы бағдарлау бағдарламасы
бойынша тіркелген координаттар тірек нүктелерінің геодезиялық
координаттарымен салыстырылады, яғни үлгінің ішкі бағдарлау теңдеулері
шешіледі. Нәтижесінде үлгінің сыртқы бағдарлау бөліктері есептеліп, оларға
сәйкес суретқысқыш пен координатограф орналасуына түзетулер жасалады.
Үлгіні сыртқы бағдарлау бағдарламасында атмосфералық рефракция мен жер
бетінің қисықтығы ескеріледі. Жиек пен жер бедерін түсіру құралда басқа
құралдардағыдай жүзеге асырылады. Карта жасау нәтижелері планшеттегі
координатографтың көмегімен жазылады. Сонымен бірге планшетте координаттары
өлшенгеннен кейін ЭЕМ жадында сақталған нүктелер арқылы түзу сызық,
парабола мен басқа да геометриялық фигуралар тұрғызуға мүмкіндік беретін
бағдарламалар бар. Автоматты сызу кезінде шартты белгілер қолданылады,
оларды бағдарламалар ЭЕМ жадына алдын-ала енгізіп қояды. Сонымен қатар
дирекциялық бұрышты, екі нүкте ара қашықтығын, аудан, көлем есептейтін
бағдарламалар да бар. АП аналитикалық құралының бірнеше үлгілері
жасақталған. АП-1 үлгісі суреттерді дифференциалдық трансформациялауға
арналған құрылғымен жабдықталған. АП-2 үлгісі жоспарлы, перспективті-
параллель, конвергентті суреттерді өңдеуге мүмкіндік береді. Оның бақылау
жүйесінде 6,10,14,28 ұлғайту мүмкіндіктері қарастырылған. AS-11В-1
үлгісіндегі құралдың алдыңғымен салыстырғанда мүмкіндіктері жоғары.
Суретқысқыштардың өлшемдері 23х45 см-ге дейін ұлғайтылған. Бақылау
жүйесінің 8-31,5* аралығындағы ауыспалы ұлғайту мүмкіндігі бар. Құрал
жетілген ЭЕМ-мен, ортофотосуреттер алу құрылғысымен, сондай-ақ автоматты
нобайлаушы корреляторы бар сканирлеуші құрылғымен жабдықталған. [5]

1.1.3.Мультиплекс аэропроекторы
Құрал бірнеше проекциялау камераларынан тұрады, олардың әрқайсысының
екі бөлігі бар: камера мен жарық түсіруші.
Проекциялайтын камераның оптикалық сызбасы 1-суретте берілген.
1 электр шамынан шығатын жарық 2 анаглифті жарық сүзгіден және 3 екі
линзалы асфериялық конденсордан өтіп барып, 4 диапозитивті жарықтандырады.
5 концентрлеу линзасының және 6 проекциялау объективінің көмегімен
диапозитив бейнесі өлшеу үстеліндегі экранға шығады. Алынған бейне
(геометриялық үлгі) проекциялау камераларында орнатылған 2 жарық сүзгі
түстеріне сәйкес әйнектері қосымша түстерге боялған анаглифті көзілдірікпен
көрінеді.

1– сурет. Камераның оптикалық сызбасы.

Барлық проекциялау камераларының фокустық қашықтығы бірдей fк болуы
тиіс. Ол проекциялау жүйесінің К нүктесінің артқы түйіндік нүктесінен
диапозитив жазықтығына дейінгі қашықтыққа тең. fк шамасы камера
объективінің фокустық қашықтығынан үлкендеу етіп таңдалынады, бұл 300 мм
ара қашықтықтағы диапозитивтің бейнесін айқын етуге мүмкіндік береді.
Жұмыс барысында бұл қашықтық өзгергенде бейненің айқындығын сақтап қалу
үшін объектив кіріс қарашығының өлшеміндей болуы тиіс.

1.1.4.Проф. Ф.В.Дробышевтың СД-1 стереографы
Құрал топографиялық карта жасау барысында аэросуреттерді
стереофотограмметриялық өңдеуге арналған.
Құралда алынған жергілікті жерің геометриялық үлгісін х,у, z кеңістік
координаттары жүйесінде өлшейді.
Құралдың оптикалық жүйесі (2-сурет) аэросуреттерді визирлеу
ортогоналдық сәулесімен бақылауға мүмкіндік береді. 4-суретте 1 және 1
-диаметрі 0,04 мм шеңбер тәріздес оң және сол тармақшалардың визирлік
маркалары; 2 және 2 -трапеция тәріздес призмалар; 3 және 3 -бинокуляр
объективі; 4 және 4 -оң және сол жақ тармақшалар объективтері; 5 және 6
–сол жақ тармақшаның айналы оптикалық бөліктері; 7 және 7 -оң және сол жақ
тармақша призмалары; 8 және 8 -4х қарастырылатын аэросуреттер
(диапозитивтер немесе аэронегативтер).

2 – сурет. Құралдың оптикалық жүйесі.

Аэросуреттерді бағдарлау кезінде сызықтық орталықтауды енгізу оптикалық
бөліктерді суретте көрсетілген бағытты сызықтар бойымен қозғалту арқылы
жүзеге асырылады. ∆х1 мен ∆х2 орталықтауды енгізу тиісінше 4 және 4 , ∆у1
объективтерін қозғау арқылы -7 призмасы мен ∆у2 қозғау арқылы, 7 призмасын
қозғау арқылы жүзеге асырылады.
Аэросуреттердің бейнелерінің айқындығын 4 және 4 объективтерін у
белдігі бойымен қозғау арқылы келтіреді.

1.1.5. Проф. Г.В.Романовскийдің СПР-2 стереопроекторы
СПР-2 стереопроекторы аэросуреттер бойынша топографиялық карта жасау
және жаңартуға арналған.
Құрал кез-келген фокустық қашықтықтан аэрофотоаппаратпен түсірілген
18х18 см немесе одан да шағын жоспарлы аэросуреттерді өңдеуге арналған.
Стереопроектордың оптикалық сызбасы екі симметриялық тармақшадан
тұрады, оның оң жағы 3-суретте келтірілген.

3-сурет. Стереопроектордың оптикалық сызбасы.

1 объективтің фокалдық жазықтығында орналасқан А аэросуретінен шығатын
визирлік сәуле одан және 2 объективтен өтіп, 3 тікбұрышты призмаға түседі,
онда бағытын өзгертіп, құралдың х белдігіне параллель жүре отырып, екі
тікбұрышты призмадан тұратын 4 призмасына барады. 4 призма сәулені
ығыстырып, оны құралдың у белдігі бойымен бағыттап жібереді, сәуле
жинақтаушы 5 линзамен жолыққаннан кейін 6 куб-призмаға бағытталады, оның
гипотенузалық қыры 10 пайыз күмістен тұрады және жарық маркасының жүйесіне
қосуға арналған. Әрі қарай сәуле 7 трапеция тәріздес призмаға түседі, ол
оны бейнені айналдыратын 8 және 9 линзаларға қарай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фототопография - топографиялық карталар мен жоспарлар жасау
Жергілікті фототопографиялық түсірілім
Топографиялық карталар және пландар масштабтар және олардың дәлдігі
Адам денесінің сыртқы көрінісінің сипаттамасы
Фотограмметрияда қолданылатын түсіріс (сурет) түрлері
Мұнай-газ кенорындағы маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстар
Неотектоникалық қозғалыстарды зерттеу әдістері
Пәндер