Қазақстанда агробизнестің қалыптасуы мен дамуы



БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1 АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ.ТЕОРИЯЛЫҚ ДАМУ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

1.1 Жаһандану жағдайында агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы агробизнестің экономикалық ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.2 Агроөнеркәсіп кешеніндегі агроөнеркәсіп интеграциясы ... ... ... ... ... .. ... 25
1.3 Ұлттық азық.түлік қауіпсіздігі: теориялық.әдістемелік аспектілері ... .. 37

2 АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ОРНЫҚТЫ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 54
2.1 Ауылшаруашылық өндірісіндегі микроинституционалдық құрылымдар: жіктемесі және салыстырмалы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
2.2 Нарық жағдайында ауылшаруашылық кәсіпорындарына салық салу .. ... 70
2.3 Агробизнес тұлғаларын несиелендіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 81

3 ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУДЫҢ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... 92
3.1 ҚР аграрлық секторының бәсекеге қабілеттілік артықшылықтарын қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...92
3.2 Қазақстанда агробизнесті агроөнеркәсіптік кластерлер моделінде ұйымдастырудың экономикалық тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 101
3.3 Әлемдік сауда ұйымына енуі жағдайындағы Қазақстан Республикасының ұлттық аграрлық мүдделерін қамтамасыз ету бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... .119
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 126
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 130
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...134
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста қазіргі агробизнестің маңызы, өркениетті кезеңдегі келбеті және аграрлық сектордағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму мүмкіндіктері, агроөнеркәсіптік кешенінің жаһандану жағдайындағы ғылыми-теориялық және практикалық мәселелері жан-жақты зерттелген.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Экономикалық теорияның маңызды саласы - аграрлық қатынастар ілімі. Аграрлық сектордың бүкіл экономикада, әлеуметтік жүйеде алатын орны ерекше. Қазақстан республикасы үшін агроөнеркәсіптің дамуы - өте күрделі және қиын проблемаларының бірі. Сондықтан, агроөнекәсіп кешенін дамыту еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір маңызды басымдылығы болып табылады.
Еліміз тәуелсіздік алған жылдарынан бастап аграрлық реформаларды жүзеге асырудың барысындағы күрделі міндеттерінің бірі - агробизнесті дамыта отырып, ауыл шаруашылық салаларының агроөнеркәсіптік интеграциялануымен ұштастыру. Бұл саланы зерттеудің ерекше тұсы – ҚР Президентінің халыққа “Қазақстан - 2030” стратегиялық даму Жолдауынан туындайтын жалпы микрошаруашылық байланыстарының белсенді қатысуы мен агробизнесті дамыту мүмкіндігінің ұзақ мерзімдік басымдылығын жүзеге асыруға арналуы [1, 3 б]. Атап айтқанда, қолайлы экономикалық алғышарттары бар, кең ауқымды өндірістік қуаты жұмсалмаған, үлкен аймақтағы ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жері, сондай-ақ Қытай мен Ресейдің дамыған рыногындағы айырықша экспорттық әлеуеті. Екінші жағынан, әлеуметтік факторы – Қазақстан тұрғындарының жартысынан көбі ауылды жерде тұрады. Өнеркәсіпті жетілдіру және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта даярлау бойынша отандық бастаманы қолдау қажеттілігі - әсіресе еліміздің ДСҰ-на кіруі алдында ерекше өзектілігі болуында.
Агроөнеркәсіп өндірісінің тағы бір ерекшелігі – ауылдық аумақтарды дамытудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдаламасы қабылданып, ондағы міндеттер уақытымен орындалуында. Сонымен қоса, Үкіметтің 2003-2005 жж. «ауылды көтеру жылдары» деп көрсеткен мемлекеттік бағдарламада агробизестің тиімді жүйесін қамтамасыз етуді, ішкі және сыртқы рынокта өндірістің бәсекеге қабілеттілігін көтеруді, ауыл шаруашылығында қайта өңдеуші салаларын дамытуды және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қарастыруы диссертациялық жұмыстың зерттеу мақсатының өзектілігін тереңдете түседі. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан басталған экономикалық реформалар, билік орындары қабылдаған нормативтік-құқықтық актілер мен басқа да іс-шаралар тұтастай алғанда агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда шешуші роль атқара алмай отырғаны ақиқат. Осы жерден ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың жаңа әрі тиімді механизмдерін жасау қажеттілігін байқаймыз. Бұл бағытта бәсекелестік қабілеті бар аграрлық өндірістік құрылымдардың аграрлық салада бизнесті қалыптастырудағы ғылыми негіздемелерді жетілдіруді талдауы үлкен маңызға ие.
1 Назарбаев Н.А. Қазақстан - 2030. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы: Білім, 1997. – 256 б.
2 Оспанов М.Т, Аутов Р.Р, Ертазин Х. Агробизнес теориясы мен тәжірибесі. – Алматы: «Білім», 1997. – 320 б.
3 Есполов.Т.И, Бельгибаев К.М, Сулейменов Ж.Ж. Аграрная экономика: учебное пособие – Алматы: «КазНАУ», 2005. – 320 с.
4 Блеутаева К.Б. Рынокқа өту кезеңіндегі шаруашылықтың жаңа формаларының қалыптасуы (Қазақстандағы аграрлық қатынастар материалдары бойынша): экон. ғыл. д-ры. дисс… - Алматы, 2004. – 276 б.
5 Емельянов А. Земельный вопрос в системе российских реформ // Экономист. - 2001. - №6. - С.4
6 Серова Е.В. Аграрная экономика. - М.: ГУ ВШЭ, 1999. - 480 с.
7 Смагулов А. Организационно экономический механизм и проблемы развития лизинга в Казахстане (на материалах АПК): дисс.канд.экон. наук. - Алматы, 1998. - 206 с.
8 Назарбаев Н.Ә. Мемлекеттік саясаттың басты мақсаты – Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. - 2008. – 1 наурыз
9 Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы.-Астана, 2004 жылғы 19 наурыз // Егемен Қазақстан.- 2004. - 20 наурыз
10 ҚР статистика агенттігі / ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы №02. - 2008. – 11 б.
11 ҚР статистика агенттігі / ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы. 2008. - №04. - 7 б.
12 Куватов Р.Д., Болганбаев А.Е. Экономика и проблемы переходного периода. - Алматы, 1997. - 389 с.
13 Аубакиров Я.А., Бибатырова И.А. О соотношении понятий "устойчивое развитие", "экономическая стабилизация", "экономический рост". //Вестник КазНУ. Серия экономическая. 2004. - №5. – С.12-15
14 Аубакиров Я.А. Извлечения из опубликованных работ в разные годы. - Алматы: Қазақ университеті, 2000. - 270 с.
15 Сатубалдин С. Приоритетное направление экономического сотрудничества Казахстана и России // Транзитная экономика. - 2000. - №2.-С.27
16 Международное экономические отношения. Учебное пособи/ под редакции Елемесова. - Алматы: Қазақ университеті, 2001. - С.71
17 Нарибаев К.Н. Экономическая стратегия Казахстана в контексте мирового опыта // Вестник КазГУ, серия экономическая. – 1998. - №11.- С.3
18 Нұрпейсова К.Қ. ЕурАзЭҚ-тың интеграциялық әлеуеті // ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. - 2003. - №2. – 24-26 бб.
19 Исингарин Н.К. Таможенный союз: дела и планы. - Алматы, 2000. - 216 с.
20 Казбеков Б.К. Внешнеэкономические отношения в переходный период. - Алматы: Ғылым, 1996. - 128 с.
21 Бегманов А.С. Таможенная политика Казахстана и проблемы ее разви¬тия в условиях глобализации: автореф. ... канд. эконом, наук: 08.00.05. - Алматы: Университет «Туран», 2002. - 25 с.
22 Исингарин Н.К., Масакова С. Евразийское экономическое сообщество и проблемы вступления в ВТО Казахстана // Аль-Пари. - 2002. - № 3. - С. 24.
23 Деркач А., Веретеников С., Ермолаев А. Бесконечно длящееся настоящее. - Украина: Четыре годы пути. - Киев, 1995. – 50 с.
24 Аубакирова Ж.Я. Интерпретация в агропромышленном комплексе: перспективы развития // Вестник КазНУ, серия экономическая. – 2004. -№2. – С.10-12
25 Концептуальная программа развития агропромышленного комплекса Республики Казахстан на 1993-1995 годы и до 2000 года. - Алматы, 1994. - С.30
26 Краткий отчет о результатах исследования технологического состояния нефтегазового, энергетического, приборостроения и других видов машиностроения Республики Казахстан. - Астана, 2004
27 Центр маркетинга и аналитических исследований. Финальный отчет по теме «Анализ состояния и перспективных направлений развития машиностроения в РК». - Алматы, 2004
28 Есимов А. Сельское хозяйство: иерархия приортитетов // Казахстанская правда. - 2002. - 26 июля
29 Беклемишев П.И. Республиканское государственное предпритятие «Национальный Центр по комплексной переработки минирального сырья Республики Казахстан». - Алматы, 2003. – 105 б.
30 Калиев Г.А. Аграрная проблемы на рубеже веков. - Алматы, 2003. – 125 с.
31 Социально-экономическое развитие РК (Краткий статистический бюллетень). - Алматы, 2003.
32 Основы экономической безопасности: уч. пособие. - РЭА им. Г.В.Плеханова / под ред. Е.А.Олейникова. -М., 1997. – 123 с.
33 Аубакиров Я.А. Экономическая теория в условиях рыночных преобразовании. –Алматы:Қазақ университеті, 2003. – 162 с.
34 Санкебаева А.Т. Национальная безопасность: сущность, структура и приоритеты // Казахстанская философия в канун ХХІ века. - Алматы, 1998. -165 с.
35 Нурманов А.О. Социальные факторы развития национальной экономики : автореф. дисс. канд.экон.наук. - Алматы, 2004. - С.26
36 Сенчагов А.К. Экономическая безопасность: геополитика, глобализация, самосохранение и развитие. -М.: Финстатинфом, 2002. – 120 с.
37 Кайгородцев А.А. Государственное регулирование агропромышленного комплекса Казахстана как основа обеспечения национальной продовольственной безопасности // Проблемы современной экономики. - 2005. - №3. – С.12-14
38 Баяндин Б.К. Конкурентоспособность, открытость и безопасность казахстанской экономики //Макромаркетинг Республики Казахтан: теория и практика: материалы Международной научной конференции 25-26 апреля 2002 г. – Алматы: «Қазақ университеті», 2002. – 303 с.
39 Жатканбаев Е.Б., К.И. Байзакова, Г.Т. Куренкеева. Приоритеты национальной безопасности в условиях глобализации. – Алматы: «Қазақ университеті», – 2006. – 330 с.
40 Статистическое обозрение Казахстана. – 2007. -№4.
41 Гумеров Р. Продовольственная безопасность РФ // Российский экономический журнал. – 2006. №11-12.
42 Күрішбаев А. Ауыл шаруашылығындағы өнім өндірудің бәсекеге қабілеттілігі // Егемен Қазақстан. – 2008. – 12 мамыр
43 Спанов М.У. Экономическая безопасность системные факторы.-Саясат. - 1999. - N3.- С.32-34
44 Спанов М.У. Концептуальные основы экономической безопасности // Саясат. - 2004. - С.61
45 Назарбаев Н.Ә. Мемлекеттік саясаттың басты мақсаты – Қазақстан халқының әл-аухатын арттыру. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. - 2008. – 1 наурыз
46 Гумеров Р. Продовольственная безопасность РФ// Россиский экономический журнал.-№11-12.-2006
47 Алшанов Р., Ә.Әшімбаева Жаһандық экономика және Қазақстан // Егемен Қазақстан. – 2007. - 28 ақпан.
48 http://www.stat.kz
49 Қалиев Ғ. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету // Айқын. – 2005. - 16 маусым.
50 // Статистикалық бюллетень – Алматы, 2007. - №12(96) – 515 б.
51 Дж. Порте Кредитная система в сельском хозяйстве Нидерландов //АПК-экономика, управление. – 2005. – №8. – С. 132-136
52 Алимбаев А.А., Алпысбаева С.П., Тазабеков А. Экономическая безопасность современной модели воспроизводства экономики Казахстана // Аль-Пари. - 2001. - №1-2. - С. 53.
53 Рыманова Л. Финансовая устоичивость сельскохозяйственных предприятий // АПК. - 1998. - №10
54 Мониторинг развития аула (села). Стат. Сборник январь-сентябрь 2004. – Алматы, 2004. - 227с.
55 Раймбекова А. Классификация микроинституциональных структур сельскохозяйственного производства //Вестник КазНУ. Серия экономическая. - 2002. - N4. - С.67
56 Карелин В.С. «Финансы корпораций» Дашков и К. –М., 2005. – 123 с.
57 Жакупов Н. Корпоративное управление в Казахстане: финансовые аспекты и зарубежный опыт // РЦБК. – 2002 . - № 2. - С.45-51.
58 Новиков В. Институциональные преобразование в селском хозяйстве // Экономист. - 1996. - №12. - С.69-75
59 Кооперативы в агробизнесе /ПРИЦ «Фермер». – М., 1991. - С.11
60 Ертазин Х. Становление и развитие агробизнеса в Казахстане.-Алматы: Білім, 1999. - С.96-98
61 Сельскохозяйственная кооперация: теория, мировой опыт, проблемы возрождения в России / Отв.ред. академик ВАСХНИЛ Буздалов И.И. - М.:Наука, 1997. – 256 с.
62 ВНИИТЭИ агропром, 1990, информационное сообщение от 28 мая, №198/6735
63 Ингалсби Д. Кооперативы в агробизнесе. ПРИЦ «Фермер». – - М., 1991.С.6.
64 Коваленко Н., Янушкеевич Д. Организация сбыта плодоовощной продукции в восточных землях ФРГ //АПК-экономика, управление. – 2005. – №11. – С. 77-82
65 Косолапов Г. Финансовые рынки и финансовые институты //РЦБ. – 2005. - № 2. – С.20-22.
66 Есиркепов Т.А. Право крестьянина на выбор.Казахстан: экономика и жизнь.-1993. - №11.- С.5
67 Сирополис Н.К. управление малым бизнесом. - М., 1997. С.140
68 Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы” Заңы. – Алматы, 2002. - 125 б.
69 Абалкин Л.А. Экономическая безопасность России: угрозы и их отражением // Вопросы экономики. - 1994. - N12. – С.12-15
70 Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу: Оқу құралы – Алматы: - 2003. – 131 б.
71 Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: оқулық. – Алматы: 2003. – 448 б.
72 Баяндин Б.К. Мировой опыт обеспечения экономической безопасности // Вестник КазНУ. Серия экономическая. - 2004. - N6. - С.121
73 Финансы Республики Казахстан. Статистический ежегодник. Алматы, 2004.
74 Салықтарды есептеу тәртібі туралы: Инструкция №39. ҚР Ұлттық салық қызметі. - Алматы, 2003. – 25 б.
75 Мельников В.Д. Ли В.Д. Общий курс финансов: учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2001. – 285 с.
76 Волкова Н.О. Салық жеңілдіктері туралы // Экономика и жизнь. – 2003. - №5. – 25-28 бб.
77 Оспанов М.Т., Р.Р.Аутов, Х.Ергазин. Теория и практика агробизнеса, Алматы, 1997. - С.303.
78 Ильясов К.К., Зейнелғабдин А.Б., Ермекбаева Б.Ж. Налоги и налогообложение. – Алматы: Рауан, 1995. - 245 с.
79 Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами (теория и методология). –Алматы:Экономика. – 2000. - 293 с.
80 Андреева А. Организационные предпосылки конкурентоспособности предприятия. - 2005. - №5. – С.12-14
81 ҚР ауыл шаруашылығы министрі С.Үмбетовпен сұхбат // Егемен Қазақстан. – 2005. - 29 маусым
82 Горемыкин В.А. Лизинг: учебник. - М.: Дашков и К, 2003. – 245 с.
83 Лещенко М.И. Основы лизинга. - М.: Финансы и статистика, 2002. – 120 с.
84 Қазақстан Республликасы Парламенті. Қаржы лизингі туралы ҚР заңы // Егемен Қазақстан. – 2007. – 15 наурыз
85 Джумагельдиева Т.А. Конкуренция: теория и механизмы развития.-Алматы, 2003. – 130 с.
86 Майкл Портер. Международная конкуренция. -М.: Международ. Отношения, 1993. - 896 с.
87 Белгибаева А. Кластер как инструмент повышения конкурентоспособности сельскохозяйственной продукции // Транзитная экономика. – 2005. -№3. – С.12-14
88 Тулегенова М.С. Кластерный подход в создании интегрированных структур // Вестник КазНУ, серия экономическая. - 2004. - №2 (42). - С.104
89 Сагадиев К. Кластерные формы не для проформы // Казахстанская правда. – 1999. – 18 марта
90 Кластерное развитие Казахстана: проблемы и пути их решения // Банки Казахстана. – 2007. - №2 (42). – С.12-14
91 Berrada M. Cours de comptabilite analitique. Casablance: Sochexpress, 1980.
92 Marjolein C.J. Caniels and Henny A. Romijn "SME clusters, acquisition of technological capabilities and development: concepts, practice and policy lessons", paper for the 5* EUNIP conference. - Vienna, Austria, 2001. Р. 21.
93 Бишимбаев К.В. Повышение конкурентоспособности экономики Казахстана на основе кластерного подхода: автореф. дисс. канд.экон. наук. – Алматы, 2006. – 24 с.
94 Ризаходжаев А.А. Экономические основы и эффективность формирования кластеров в АПК: автореф. канд. дисс. – Туркестан, 2007. - 24 с.
95 Кенжебаева З.С. Кластерный потенциал в условиях модернизации национальной экономики // Научно-практический журнал «Транзитная экономика». - 2007. - №6. – С.136-144.
96 Мамутова Қ.Қ., Сапаралиев Т.Ж. Қазақстанда кластерлік экономиканы дамытудың мәселелері // «Әуезов оқулықтары»: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы еңбектері. – Шымкент, 2006. - 137-139 бб.
97 Товагавилова А.Т. Оңтүстік өңірдегі мақта кластері және оның ерекшеліктері // М.Әуезов ат.ОҚМУ аспиранттары, магистранттары, зерттеушілердің ғылыми еңбектер жинағы. –Шымкент, 2005. - №6. - 87-90 бб.
98 Таласов М. Внутренний монополизм технологии производства структурная основа модели кластерного комплекса // Поиск. - 2008. - №4. –С. 25-28
99 Медешова Г.А., Илашева С.А. Кластерное развитие туристической деятельности в ЮКО // Труды Республиканской научно-практической конференции: Роль и задачи образовательных учреждений в формировании основ «умной экономики. – Шымкент, 2007. – С.68-71
100 Раимбеков С.Г. Создание и поддержание конкурентоспособности на основе кластерного подхода к организации бизнеса в регионе // Вестник университета «Туран». – 2008. - №4(40). - С. 26-31
101 Концепция устойчивого развития агропромышленного комплекса РК на 2006-2010 годы. - Астана, 2005. – 25 с.
102 Купешова С.Т. Теория и практика инновационного процесса в переходной экономике РК: дисс.канд.экон.наук. - Алматы, 2002. – 145 с.
103 Салимбаев З.Д. Проблемы устойчивого развития рынка аграрной продукции Казахстана // Вестник КазНУ. серия экономическая. – 2006. - №4.- С.12-14
104 Алшанов Р. Экономика Казахстана: новые рубежи // Казахстанская правда. – 2006. – 09 июня

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 154 бет
Таңдаулыға:   
әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ӘӨЖ 330. 341.1 (574) Қолжазба құқығында

БЕЙСЕНБАЕВ ЖАКСЫЛЫҚ ТЕМІРБОЛАТҰЛЫ

Қазақстанда агробизнестің қалыптасуы мен дамуы

08.00.01 – Экономикалық теория
экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін ғылыми дәрежесін алу
үшін ұсынылған

ДИССЕРТАЦИЯ

Ғылыми жетекшілер
э.ғ.д., профессор, ҰҒА академигі
Әубәкіров Я.Ә

э.ғ.д., профессор Төлегенова М.С.

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009
МАЗМҰНЫ

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН
ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
. 3
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 4
1 АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ДАМУ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9

1.1 Жаһандану жағдайында агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы агробизнестің
экономикалық ролі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 9
1.2 Агроөнеркәсіп кешеніндегі агроөнеркәсіп интеграциясы
... ... ... ... ... .. ... 25
1.3 Ұлттық азық-түлік қауіпсіздігі: теориялық-әдістемелік аспектілері
... .. 37

2 АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ОРНЫҚТЫ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 54
2.1 Ауылшаруашылық өндірісіндегі микроинституционалдық құрылымдар:
жіктемесі және салыстырмалы сипаттамасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
2.2 Нарық жағдайында ауылшаруашылық кәсіпорындарына салық салу .. ... 70
2.3 Агробизнес тұлғаларын несиелендіру жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 81

3 ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУДЫҢ
ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... 92
3.1 ҚР аграрлық секторының бәсекеге қабілеттілік артықшылықтарын
қалыптастыру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... . ...92
3.2 Қазақстанда агробизнесті агроөнеркәсіптік кластерлер моделінде
ұйымдастырудың экономикалық тиімділігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 101
3.3 Әлемдік сауда ұйымына енуі жағдайындағы Қазақстан Республикасының
ұлттық аграрлық мүдделерін қамтамасыз ету бағыттары
... ... ... ... ... ... ... ... .119
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .. ... 126
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 130
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .13 4

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

АӨК – агроөнеркәсіптік кешен
АШС – ауыл шаруашылық секторы
АШК – ауыл шаруашылық кешені
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік
АҚШ – Америка Құрама Штаттары

БСҰ - бүкіләлемдік сауда ұйымы
ҒЗТКЖ (НИОКР) - ғылыми зерттеулер және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар

ҒТП - ғылыми техникалық прогресс

ІЖӨ - ішкі жалпы өнім

ЖҰӨ - жалпы ұлттық өнім

ҚҚС – қосымша құн салығы

КСРО – Кеңестік Советтік Республикалар Одағы

БСҰ - бүкіләлемдік сауда ұйымы

КСРО – Кеңестік Советтік Республикалар Одағы

ТМД – тәуелсіз мемлекеттер достастығы
РМК - Республикалық мемлекеттік кәсіпорын
ЕурАзЭҚ - Еуразиялық экономикалық қауымдастық
ЕҚЫҰ - Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы

КО – кедендік одақ

ЭҚ - экономикалық қауіпсіздік

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста қазіргі
агробизнестің маңызы, өркениетті кезеңдегі келбеті және аграрлық сектордағы
кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму мүмкіндіктері, агроөнеркәсіптік
кешенінің жаһандану жағдайындағы ғылыми-теориялық және практикалық
мәселелері жан-жақты зерттелген.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Экономикалық теорияның маңызды саласы -
аграрлық қатынастар ілімі. Аграрлық сектордың бүкіл экономикада, әлеуметтік
жүйеде алатын орны ерекше. Қазақстан республикасы үшін агроөнеркәсіптің
дамуы - өте күрделі және қиын проблемаларының бірі. Сондықтан, агроөнекәсіп
кешенін дамыту еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір маңызды
басымдылығы болып табылады.
Еліміз тәуелсіздік алған жылдарынан бастап аграрлық реформаларды жүзеге
асырудың барысындағы күрделі міндеттерінің бірі - агробизнесті дамыта
отырып, ауыл шаруашылық салаларының агроөнеркәсіптік интеграциялануымен
ұштастыру. Бұл саланы зерттеудің ерекше тұсы – ҚР Президентінің халыққа
“Қазақстан - 2030” стратегиялық даму Жолдауынан туындайтын жалпы
микрошаруашылық байланыстарының белсенді қатысуы мен агробизнесті дамыту
мүмкіндігінің ұзақ мерзімдік басымдылығын жүзеге асыруға арналуы [1, 3 б].
Атап айтқанда, қолайлы экономикалық алғышарттары бар, кең ауқымды
өндірістік қуаты жұмсалмаған, үлкен аймақтағы ауыл шаруашылығына
пайдаланылатын жері, сондай-ақ Қытай мен Ресейдің дамыған рыногындағы
айырықша экспорттық әлеуеті. Екінші жағынан, әлеуметтік факторы – Қазақстан
тұрғындарының жартысынан көбі ауылды жерде тұрады. Өнеркәсіпті жетілдіру
және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта даярлау бойынша отандық бастаманы
қолдау қажеттілігі - әсіресе еліміздің ДСҰ-на кіруі алдында ерекше
өзектілігі болуында.
Агроөнеркәсіп өндірісінің тағы бір ерекшелігі – ауылдық аумақтарды
дамытудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдаламасы қабылданып, ондағы
міндеттер уақытымен орындалуында. Сонымен қоса, Үкіметтің 2003-2005 жж.
ауылды көтеру жылдары деп көрсеткен мемлекеттік бағдарламада агробизестің
тиімді жүйесін қамтамасыз етуді, ішкі және сыртқы рынокта өндірістің
бәсекеге қабілеттілігін көтеруді, ауыл шаруашылығында қайта өңдеуші
салаларын дамытуды және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қарастыруы
диссертациялық жұмыстың зерттеу мақсатының өзектілігін тереңдете түседі.
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан басталған экономикалық реформалар,
билік орындары қабылдаған нормативтік-құқықтық актілер мен басқа да іс-
шаралар тұтастай алғанда агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін
арттыруда шешуші роль атқара алмай отырғаны ақиқат. Осы жерден ауыл
шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың жаңа әрі тиімді
механизмдерін жасау қажеттілігін байқаймыз. Бұл бағытта бәсекелестік
қабілеті бар аграрлық өндірістік құрылымдардың аграрлық салада бизнесті
қалыптастырудағы ғылыми негіздемелерді жетілдіруді талдауы үлкен маңызға
ие.
Сондықтан, бұл мәселені зерттеу қазіргі уақытта тек ғылыми жағынан
емес, сондай-ақ жаһандану жағдайында еліміз үшін өмірлік қажеттілік болып
табылады.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Жақын және алыс шетел экономистерінің,
атап айтсақ, П.Самуэльсон, Майкл Портер, Л.И. Абалкин, Б. Карлофф, С.
Батчиков, Е.В. Серова., В. Дементьев, А. Радыгин, Т. Долготяпова т.б.
еңбектерінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері қарастырылады.
Сонымен қатар, отандық экономист ғалымдардың еңбектерінде, оның ішінде:
А.А. Қошанов, Я.Ә Әубәкіров, А.Т. Әшімбаева, О.Б. Баймұратов, Т.Е.
Есіркепов, А.Е. Есентүгелов, М.Б. Кенжеғозин, К. Сағадиев, Т.И. Есполов, А.
Қаңтарбаева және т.б. еңбектерінде агробизнес қалыптасуының ерекшеліктері
мен түрлі институционалдық формалары қарастырылған.
Агробизнес құрылымдарын дамытудың ауыл шаруашылығындағы маңыздылығы,
трансформациялық экономика мен механизмдерінің жеткіліксіз зерттелінуі
тақырыптың өзектілігін арттыра бермек. Сонымен қатар, экономикалық
әдебиеттерде агробизнестің мәні, оның қоғам өміріндегі қызметтері мен ролі
туралы бүгінгі күні біртұтас қалыптасқан көзқарастар мен пікірлер
жеткіліксіз деп айтуға болады. Агробизнестің қазіргі жағдайы экономикалық
теория тұрғысынан тіпті аз зерттелген деуге де негіз бар. Осындай мәселелер
жиынтығы диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға бірден-бір себепші
болды.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты – жаһандану жағдайында ұлттық
экономиканың бәсекелестік артықшылығын қалыптастырудағы агроөнеркәсіп
саласының әлеуетін және мүмкіншіліктерін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- агробизнестің экономикалық категория ретіндегі мәнін кәсіпкерлік
теориясы негізінде, агроөнеркәсіптік саланың ерекшеліктерін ескере
отырып авторлық ұстанымда анықтау;
- агроөнеркәсіптік интеграцияның экономикалық маңыздылығын ұлттық
экономиканың бәсекеге қабілеттілігі тұрғысында талдау;
- азық-түлік қауіпсіздігін ұлттық экономикалық қауіпсіздіктің шешуші
аспектісі ретінде теориялық-әдістемелік тұрғыда дәйектеу;
- нарық жағдайында агробизнесті дамытудың ұйымдастыру-экономикалық
қатынастарын сараптау негізінде ҚР агроөнеркәсіп кешенінің орнықты
даму мәселелерін белгілеу;
- Қазақстанда агробизнесті агроөнеркәсіптік кластерлер моделінде
ұйымдастырудың экономикалық тиімділігін сараптау арқылы отандық
аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілік бағыттарын және
мүмкіндіктерін анықтау;
- жаһандану және Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылуы
жағдайындағы ұлттық аграрлық мүдделерді қамтамасыз ету бағыттарын
салыстырмалы жүйелеу.
Зерттеу нысаны. Қазақстан Республикасы аграрлық экономикасы,
агроөнеркәсіптік кешені.
Зерттеу пәні – Қазақстанда агробизнес дамуының әлеуметтік,
макроэкономикалық және аймақтық әлеуетін ұлттық экономиканың бәсекеге
қабілеттілігі тұрғысында зерттеу.
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздерін экономикалық ілім
классиктері, қазіргі отандық және шетелдік экономистердің еңбектері
құрайды.
Зерттеудің ақпараттық базасы – Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары мен үкімдері және т.б. құқықтық-
нормативтік актілер, ҚР Ұлттық статистика агенттігінің жинақтары, мерзімді
баспасөз және ғылыми мәліметтер көзінен құралады.
Зерттеудің барысында алынған нәтижелердің ғылыми жаңалығы:
- агробизнестің экономикалық категория ретіндегі мәні кәсіпкерлік
теориясы негізінде, агроөнеркәсіптік саланың ерешеліктерін ескере отырып
айқындалды;
- агроөнеркәсіптік интеграцияның экономикалық маңыздылығы ұлттық
экономиканың бәсекеге қабілеттілігі тұрғысында талданды;
- азық-түлік қауіпсіздігі ұлттық экономикалық қауіпсіздіктің шешуші
аспектісі ретінде теориялық-әдістемелік тұрғыда дәйектелді;
- рынок жағдайында агробизнесті дамытудың ұйымдастыру-экономикалық
қатынастарын сараптау негізінде ҚР агроөнеркәсіп кешенінің орнықты
даму мәселелері белгіленді;
- Қазақстанда агробизнесті агроөнеркәсіптік кластерлер моделінде
ұйымдастырудың экономикалық тиімділігі дәйектеліп, Қазақстан
Республикасының аграрлық секторының бәсекеге қабілеттілік бағыттары
және мүмкіндіктері анықталды;
- жаһандану және Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылуы
жағдайындағы ұлттық аграрлық мүдделерін қамтамасыз ету бағыттары
салыстырмалы жүйеленеді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- аграрлық саланының негізгі буыны – агробизнесті дамыту, өндірістің
тиімділігін арттыру нарықтық механизмді игерумен тікелей байланысты,
агробизнестің экономикалық категория ретіндегі мәні кәсіпкерлік теориясы
негізінде агроөнеркәсіптік саланың ерешеліктерін ескере отырып
айқындалады;
- әлемдік экономиканың жаһандану жағдайында пәрменді агроөнеркәсіптік
интеграция ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің факторы
болып табылады;
- ұлттық қауіпсіздіктің негізгі міндеті елдік дербестікті, аумақтық
тұтастықты, халықтың өмірін қорғауды кепілді түрде қамтамасыз ету
болғандықтан, азық-түлік қауіпсіздігі ұлттық экономикалық қауіпсіздіктің
шешуші аспектісі ретінде қарастырылады;
- рынок жағдайында агробизнесті дамыту мақсатында ҚР агроөнеркәсіп
кешенінің тұрақты даму мәселелерін айқындау маңызды;
- Қазақстанда агробизнесті агроөнеркәсіптік кластерлер моделінде
ұйымдастырудың экономикалық тиімділігі жоғары, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының аграрлық секторының бәсекелестік артықшылықтарын
қалыптастыру және дамыту жолдарын анықтау өзекті болып саналады;
- жаһандану және Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына енуі
жағдайында ұлттық аграрлық мүдделерін қамтамасыз ету қажеттігі
туындайды.
Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы жұмыстағы негізгі
қорытындылар мен тұжырымдардың бәсекеге қабілеттілікті арттыруда аграрлық
сала қызметінің даму мәселелерін әрі қарай зерделеуге ықпал етуінде.
Жұмыстың теориялық және тәжірибелік ұсыныстары агробизнес қалыптасуында
әлеуметтік-экономикалық қатынастар жөніндегі ұзақ мерзімді тұжырымдамаларды
әзірлеуге, ұлттық азық-түлік қауіпсіздігін мемлекеттік реттеудің бағыттарын
анықтауда, Қазақстанда агробизнесті агроөнеркәсіптік кластерлер моделінде
ұйымдастырудың экономикалық тиімділігін арттыруда қолдануға болады.

Зерттеудің сыннан өтуі. Зерттеу жұмысының негізгі теориялық нәтижелері
мен қорытындылары халықаралық ғылыми-тәжірибелік, ғылыми-техникалық
конференцияларда баяндалды және ҚР БҒМБК-нің нұсқауындағы ғылыми
журналдарда жарияланды. Оның ішінде: ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының
қазіргі кезеңдегі проблемалары атты ғылыми- практикалық конференцияда
(Алматы қаласы, Абай атындағы ҚазҰПУ, 1998); Ұлттық ұдайы өндіріс
теориясының актуалды проблемалары атты республикалық ғылыми-тәжірибелік
конференцияда (Алматы, 22-23 мамыр, 2002); Ғаламдық даму аясындағы ұлттық
экономика атты ҚР ҰҒА академигі Я.Ә.Әубәкіровтың 80 жылдық мерейтойына
арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Алматы қаласы, әл-
Фараби атындағы ҚазҰУ, 8-9 желтоқсан, 2005); Қазақстанның ұлттық бәсекеге
қабілеттілігі атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Қазақ
Ұлттық аграрлық университеті, Алматы, 2007); ҚР жаңашыл дамуы жағдайында
білім беру жүйесін жетілдіру атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференцияда (Халықаралық бизнес университеті, Алматы, 2008); Қазақстан
экономикасының бәсекеге қабілеттілігі атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференцияда (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 13-14 қараша, Алматы, 2008).
Жұмыстың жариялануы. Диссертация жұмысының негізгі нәтижелері бойынша
жалпы көлемі 6,6 баспа табақ болатын 16 ғылыми мақала жарыққа шықты. Ғылыми
мақалалар тізімінде: 4 ғылыми мақала ҚР Білім және ғылым саласындағы
бақылау комитеті ұсынған басылымдарда жарыққа шықты.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы және көлемі. Диссертация жұмысы:
кіріспе, үш тараудан тұратын негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен құралған, 6 кесте, 4 суреттен тұрады.

1 АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ДАМУ
НЕГІЗДЕРІ

1.1 Жаһандану жағдайында агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы
агробизнестің экономикалық ролі
ХХ ғасырда 90-шы жылдардың басында болған агроөнеркәсіптік кешеніндегі
дағдарыстық жағдай ауыл шаруашылық өндірісінде экстенсивтік дамудың басым
екендігін, шығынның көп шығатынын, еңбекті мотивациялау механизмінің
дамуының баяулығын, ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайларының нашарлығын,
адамдардың жұмыспен қамтылмауын, бағаның жоғары болуын, жаңа техника ала
алмауын, өнімдерін өткізе алмауын т.б. көріністер көрсетті.
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің материалдық-техникалық базасының
дамуы жоғары деңгейлі технологияны, еңбек өнімділігіне жетуде ерекшеленетін
еңбек құралдарын енгізу бойынша да артта қалып отырды. Ауыл шаруашылығына
бөлінген күрделі қаржы пассивті түрдегі еңбек құралдарының орнын толтыруға
кетіп отырды, ал активті еңбек құралдарына, энергия қуатын көбейтуге,
прогрессивті технологияны енгізуге қаражат жеткен жоқ. Сонымен бірге
материалдық-техникалық базаның арта қалуына Қазақстанның дәстүрлі мал
шаруашылығымен айналысуы және бүкіл-одақтық еңбек бөлінісіндегі алатын
орнына да байланысты болды.
Еліміздің бүкіл экономикасындағы секілді соңғы 10 жыл ішінде
агроөнеркәсіптік кешен саласында да елеулі құрылымдық өзгерістер болды.
Саладағы бұрынғы мемлекет меншігінде болып келген шаруашылықтар мен
кәсіпорындарды мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендіруді жүзеге асыру
барысында меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасып, жетілгені белгілі.
Соның нәтижесінде ел халқының 40 пайызының басын қосып отырған ең үлкен
сала бірте-бірте нарықтық қатынастарға қарай ойысты. Дегенмен, осындай
үлкен өзгерістерді жүзеге асыру оңайға соққан жоқ.
Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында әсіресе ауыл шаруашылығы қиын
кезеңді бастан кешірді. Ол күйзелістің себебі - рыноктық экономиканың
негізгі мән-мағынасын анық біліп алмай тұрып, экономиканың жаңа моделіне
өту жолында ғылыми негізделмеген, үстірт шешімдер қабылдаудан болғаны
белгілі. Аталған шешімдердің ішіндегі ауыл шаруашылығына ең қолайсыз
болғаны – осы саладағы жекешелендіру процесінің дұрыс жүргізілмеуі,
жергілікті жағдайдың пісіп-жетілуін ескеретін эволюциялық жолмен емес,
жоғарыдан келетін нұсқау-тексеруді қолдайтын әкімшілік жолмен басталғандығы
еді. АӨК саласындағы жекешелендіру кері әсер туғызды: ол мемлекеттік
реттеуді ығыстырып, ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің мүддесін
төмендетуге әкелді.
Аграрлық қатынастар проблемасы бойынша ғалымдардың теориялық ойлары
әкімшілік жүйеде түгелімен іске асырылмады. Ондай жағдайларға бұрынғы
социализм кезіндегі ауыл шаруашылық өндірісінің шоғырлануының және
мамандануының артықшылықтарын, өндірістің қоғамдасу деңгейінің өсуін т.б.
жатқызуға болады. Тәжірибе мен теорияның арасындағы қарама-қайшылықты,
көрсетілген жағдайлардың мәнін және қандай жағдайда қолдануын дәлелдеу үшін
ғылыми талдау қажеттігі туындады. Бұл әсіресе Қазақстанның нарықтық
қатынастарға өту жағдайында маңызды болып табылды, өйткені ұйымдастырушылық-
құқықтық, экономикалық-әлеуметтік аспектілерде де белгілі бір қарама-
қайшылық орын алғаны белгілі. Ірі қарама-қайшылықты баға либерализациясынан
және еңбеккердің тиісті үлесін анықтау механизмінде, яғни пайда бөлудегі
тегін, ақылы прициптердің бұзылуынан да көруге болады. Басқа жағынан
қарасақ, жекешелендіру көптеген жағдайда есепке алынған жоқ, ал ол аграрлық
өндірістің технологиялық бірлестігінің бұзылуына әкелді.
Мемлекеттік меншікті жекешелендіру социализмнің ресурстарды теңгерімді
бөлу қағидасына сәйкес, өндірістік қатынастарды анықтаушы өндіргіш
күштердің даму деңгейі ескерусіз жүргізілді. Кеңшарлар және ұжымшарлар
негізінде рыноктық типтегі жаңа кәсіпорындардың (шаруа, фермерлік
қожалықтары, өндірістік кооперативтер, шаруашылық серіктестіктер) құрылуы
әрі кәсіпорын ішіндегі, әрі АӨК салалары кәсіпорындары арасындағы
қалыптасқан қатынастардың бұзылуына, мамандандыру және өндірістің
шоғырлануының экономикалық артықшылықтарының жойылуына, ауыл шаруашылығына
қызмет көрсетуші салалардағы монополистердің ешқандай бақылаусыз іс-
әрекеттерінің орын алуына әкелді.
Қазақстандағы жүргізілген жекешелендірудегі ең басты кемшілік, біздің
ойымызша, оның агроөнеркәсіп кешенінің кейбір өндірістік саласында
монополиялық жағдайды күшейткендігінен, соның негізінде шаруашылық
байланыстар үзіліп, агроөнеркәсіптік кешенінің звеноларында сауда-делдалдық
істің ұлғаюына әкелуі. Осының салдарынан аграрлық салада дағдарыс күшейді,
өндіріс көлемі және ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу төмендеді,
малдың, құстың басы бірнеше есе азайды, ауылдық жерде жұмыссыздық көбейді.
Өнеркәсіп өнімдеріне көтерме баға өсті.
Рыноктық қатынастардың орнығуының бірден-бір факторы аграрлық
сектордағы шаруашылықты жүргізудің көптеген формаларының әрекет етуі әлі де
болса баяу бағытта іске асуда. Реформаны жүргізудің бастапқы кезінде
бұрынғы ірі шаруашылық кәсіпорындар таратылды, оның есесіне қол еңбегімен
жұмыс істейтін, шаруашылық қызмет көлемі жағынан аз жер учаскелерінде жұмыс
жүргізетін шаруашылықтар өндіріс ауқымын, тұрғын халықтар иелігіндегі жерін
кеңейтті. Алайда, ауыл шаруашылығында ұсақ тауарлы, тиімділігі аз көптеген
шаруашылықты жүргізу формаларының саны көбейді, ал ұжымдық ауыл шаруашылық
кәсіпорындар және кооперативтік сектордың мәнділігі төмендеді. Рынок
жағдайында бұл тығырықтан шығудың негізі – шаруашылықты жүргізудің көптеген
формаларын тиімді түрде іске асыру. Бұл жағдайда Ауыл бағдарламасы, ауыл
шаруашылығын дамытудың кешенді бағдарламалары осының негізі болды. Сонымен
қатар, аграрлық сектор арқылы экономикалық жаңартуларды көбейту мақсатында
2003-2005 жылдарға арналған ҚР агроөнеркәсіптік бағдарламасы және 2004-2010
жылдарға ауылдық аймақтарды дамыту мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
Қабылданған бағдарламалардың басты мақсаты – агроөнеркәсіптік кешен
жүйесінің нәтижелілігін қалыптастыру және бәсекелестікке қабілетті өнім
шығару негізінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Рыноктық қатынастың іске асуы ауыл шаруашылығындағы меншік иелеріне
негізделеді. Ауылшаруашылығы мемлекеттік кәсіпорындарын жекешелендіру
процесінде өндірістік ресурстардан пайдалары бар шаруалар шаруашылықты
дербес жүргізіп, еңбек нәтижесінің жемісін өздері көруге талпынады.
Еліміздің аграрлық секторы дәл осы сатының бел ортасымен жылжуда.
Негізінде, рыноктық жағдай ауыл шаруашылығында жұмыс жасайтын агробизнестің
өндірісін тиімді жүргізе отырып, дамуы рыноктағы баға, сұраныс пен ұсыныс,
бәсеке, мемлекеттік қолдау, реттеу заңдылықтарын меңгеруге тікелей
байланысты. Агробизнестің бір артықшылығы - өндіріске мамандануы, осыған
сай алдыңғы қатарлы техника-технологияларды қолдануы, рынок
коньюнктурасының өзгерісіне жедел бейімделе алуы. Сол себептен де, қазіргі
кезде агробизнесті дамыту үшін олардың рынок механизмін игеруге барынша
мүмкіндік жасалуы қажет.
Ауыл шаруашылық шикізаттарынан азық-түлік және басқа да тауарлар
өндірісінің жаңа жүйесі бойынша біріншілік өнім өндіру тек аграрлық өндіріс
қызметіне жатады. Ал, осы өнімнің аз бөлігі ғана тұтынушыға таза түрінде
жетеді де көп бөлігі техникалық өңдеуден өтеді. Ауыл шаруашылық өндірісі
оңашаланған өзін-өзі ұдайы өндіретін жүйеден жаңа ұдайы өндірістік жүйенің
буынына айналады. Сонымен, жаңа қоғамдық еңбек бөлінісінің арқасында,
аграрлық өндіріс қоғамдық капиталдың ұдайы өндірісінің жалпы жүйесіне
кіреді және ол осы жүйенің даму заңдарына сәйкес дамитын болады. Бұған
қоса, аграрлық өндіріс, көбінесе тұтыну заттарын өндіретін саладан,
көбінесе өндіріс құралдарын өндіретін салаға айналады. Ғалымдардың бір тобы
агроөнеркәсіптік кешенді жалпы ауыл шаруашылығы экономикасының құрылымында
қарастырса, енді бірі керісінше ауыл шаруашылығын агроөнеркәсіптік кешеннің
құрылымында қарастыру керек деген пікірді алға тартады. Әрине, қалай алып
қарасақ та бұл екі сала бір-бірімен өте тығыз байланысты әрі бір-бірінің
толықтырушы құрамды бөлігі іспетті көрінеді. 70-жылдардың ортасында отандық
ауыл шаруашылығы ғылымында ауыл шаруашылығын аралас салалармен бір кешенде
зерттеу дами бастады. Тиісінше, агроөнеркәсіптік кешен түсінігі пайда
болып, ғылыми және іс-тәжірибелік қолданысқа еніп кетті [2, 67 б].
Агроөнеркәсіптік кешеннің ауыл шаруашылығынан ерекшелігі – оның
құрылымында деп айтуға болады. Агроөнеркәсіптік кешеннің үш саласы – қор
шығаратын салалар, ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу,
тасымалдау, сақтау және өткізумен айналысатын салалар кешені. Көптеген
экономист аграршы-ғалымдардың еңбектерін саралай келе, Т.И. Есполовтың
анықтамасын агроөнеркәсіптік кешеннің мәні мен мазмұнын барынша ашатын, әрі
оның экономикалық табиғатына сай келетін анықтама ретінде тануға болатынына
көз жеткіземіз. Агроөнеркәсіптік кешен – бұл халық шаруашылығының ауыл
шаруашылығы өнімдерін өндірумен, сақтаумен, қайта өңдеумен, және тұтынушыға
жеткізумен айналысатын салалар жиынтығы [3, 15 б].
Қазақстанда агоөнеркәсіптік кешен экономиканың аса маңызды саласы.
Себебі, осы уақытқа дейін халыққа қажетті заттардың 23 бөлігін, ұлттық
табыстың 30%-ін, бюджет кірісінің 13 бөлігін, негізгі қордың 40%-ін
агроөнеркәсіп кешені құрап келді. Жеңіл өнеркәсіптің 50%-і, тамақ
өнеркәсібі түгелдей агроөнеркәсіп кешені шикізаттары арқылы жұмыс
атқаратындығын ескерсек мемлекетіміздің аграрлық-индустриалды республика
екендігі айқын.
Ауыл шаруашылық жерінің жалпы көлемі 222,3 миллион гектар, оның ішінде
егістік жер 36 миллин гектар, жайылымдық жер 182 миллионнан астам гектар
және шабындық жер 5 миллионға жуық гектарды құрайды. Әрбір жан басына
шаққанда шамамен 2,2 гектар жерден келеді. Бұл дүние жүзіндегі ауыл
шаруашылығы жағынан дамыған көптеген елдерден әлдеқайда көп. Соңғы жиырма
жылдың ішінде жыл сайын орташа есеппен 24 миллион тоннаға жуық астық, 15
миллион тоннаға жуық ет, 3,5 миллион тоннадан астам сүт және 100 мың
тоннаға жуық жүн өндіріледі. Қазақстанның геосаяссаттық орналасуы
еуразиялық континенттің үлкен аймағында өнім рыногын қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені республика экономикасының негізгі
ұдайы өндірістік салаларының бірі болып табылады. Агроөнеркәсіп кешенінде
ұлттық табыстың үштен бір бөлігіне дейін өндіріледі. Республиканың
агроөнеркәсіптік кешенінің ауқымды потенциалын мына жағдайлардан байқауға
болады. Біріншіден, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің өте ауқымды
көлемі бар, оның жалпы көлемі 223 млн. га құрайды, соның ішінде егістік
жерлер 21 млн.га немесе республика халқының жан басына шаққанда 1,5 га-дан
келеді. Екіншіден, ауылда едәуір еңбек ресурстарының болуы (ауылдық
жерлерде республика халқының 45%-ы тұрады). Үшіншіден, климат жағдайлары
бидай және бұршақ дақылдыларды, картоп, көкөністер және т.б. өндіруге
қолайлы. Төртіншіден, мал шаруашылығы үшін жайылымдардың мол қоры (жер
телімдерінің жалпы ауданының 84% -ын құрайды).
Республика топырағы құнарлы, бұл егін егуге және мал шаруашылығына өте
қолайлы. Рыноктық жағдайларда әсіресе егін шаруашылығының өсуін қамтамасыз
ету маңызды, себебі Қазақстанның геосаясаттық орналасуы Еуразиялық
континенттің егін шаруашылығы нарығын құруға ыңғайлы. Ауыл шаруашылығын
дамыту арқылы Қазақстан өнімді бүкіл әлем бойынша ауыл шаруашылық
ресурстары тапшы елдерге экспорттауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, соңғы
уақытта елімізде ұн экспорты жақсы дамып келе жатыр. Демек, астықты өңдеу
ісімен де неғұрлым белсенді түрде шұғылдану қажет.
Агроөнеркәсіп кешенінің өндірістік және экономикалық мүмкіндігі аса
жоғары. Ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің пайдалануында барлығы 197,3
млн.га. жер, оның ішінде 35,5 млн.га егістік бар. Халық шаруашылығында
еңбек ететін халықтың 35%-ы агроөнеркәсіп кешенінде.
Зерттеуші К.Б. Білеутаеваның көзқарасы бойынша аграрлық ғылымның
дамуы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі сол ғасырдың басында пайда
болған ұйымдастырушылық-өндірістік мектептің пайда болуымен байланысты
болса (А.В. Чаянов, А.Н. Челинцев, Н.П. Макаров және т.б.), екіншісі В.Г.
Венжердің шаруашылық саласын зерттеудегі реформаторлық бағыттың қалыптасуы
болды, онда нақтылы альтернативті жағдайда партиялық-мемлекеттік
бағдарламаға сәйкес аграрлық экономиканы кооперативтік-рыноктық, көп
укладты негізде қайта құру жүзеге асты [4, 27 6 б.].
Аграрлык катынастар барлық экономикалық әлеуметтiк қатынастар жүйесінің
кұрамдас бөлiгi ретiнде материалдық игiлiктердi өндiру, бөлу, тұтыну,
айырбастау процесiнде ауыл шаруашылығы сферасына қамтылған адамдар
арасындағы өзара қарым-қатынастар жиынтығын бiлдiредi. Жерге меншiк
қатынасы — бұл саладағы ерекше кұбылыс. Ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының
табыс мөлшерi санмен емес белгiлi бір жер аумағынан шыққан өнiм көлемiмен
анықталады, бұл да осы саланың ерекшелiгi болып табылады. Жер көлемi аса
үлкен болмаса да, жоғары интенсивтi шаруашылық өзінің табыс мөлшерiне
байланысты iрi шаруашылыққа жатады.
Ауылшаруашылық саласының басқа материалдық өндіріс саласынан негізгі
айырмашылығы – жер - басты өндіріс құралы, еңбек заты, еңбек құралы болып
табылады. Ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемі өте шектеулі, олар табиғи
және экономикалық құнарлылығы бойынша бөлінеді. Өндіргіш күштердің даму
деңгейі бірдей емес ауыл шаруашылық кәсіпорындарының типтері, тиімділігі де
әртүрлі. Өнімді жерлердің құндылық сипаты олардың бонитеті нәтижесінде
белгілі болады. Бонитетті бағалау жер қыртысының табиғи және экономикалық
құнарлылығын сипттайтын маңызды көрсеткіш болып табылады. Осы көрсеткіш
негізінде егістіктерге арналған жерлердің құнарлылық нормативтері
есептелінеді. Жер құнарлылығының кейінгі маңызды көрсеткішіне жердің
орналасу аумағы жатады. Мысалы, акыл шаруашылығы кәсіпорнының орналасқан
аумағын нарықтық бағалау олардың ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу және
материалдық-техникалық жабдықтар алу пункттерінің қашықтығымен анықталады.
Қазақстан Республикасы экономикасының рыноктық қатынастарға түбегейлі
өту реформасмы аграрлық секторда ірі шараларды жүзеге асыру негізінде
жүргізілгенде жер реформасы туралы да дау көп болды. Алайда, реформаны
жүргізу барысында ҚР-ның табиғи, экономикалық және әлеуметтік ерекшеліктері
жеткілікті дәрежеде ескерілмей, жер реформасын реттеуде де біршама
қиындықтар туды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда “Жер туралы” заң қабылданды, мұнда жерді
иелену арқылы жаңа құрылымның қалыптасуы арқылы халықаралық нарық шартына
сай заңды жүйенің құрылуына мүмкіндік береді. Республикада жерді жеке
меншікке беру формасы да қалыптасып жатыр. Осыған байланысты ауыл
шаруашылығын дамыту жерді меншіктену проблемасын шешу шарттарын анықтай
алмайды. Ресей академигі А.Емельяновтың ойынша осыдан бұрынғы қабылданған
жер мәселесі туралы реформалардың барлығы дерлік ауылшаруашылығының басқа
да проблемаларын қарастырмаған. Мұндай бір бағыттық ойлау әрине экономикаға
залалын алып келеді [5, 4 б.].
Жер – ауыл шаруашылығының басты, алмастыруға келмейтін элементі болып
келеді. Ал жер қатынасы және жерге меншіктік ауылшаруашылығы тізбегіне өз
әсерін тигізеді. Бірақта ауыл шаруашылық тұрғысынан қарастырсақ жер
шаруашылықтың басты элементі болса да, шаруашылықты дамытудың жалғыз
факторы емес. Бұл үшін сонымен қатар жеткілікті қаржы капиталы, заман
талабына сай ғылыми-техникалық және биологиялық база, өндірістік және
әлеуметтік құрылым және де қызығушылығы бар жұмысшылар, шаруалар – жер
иелері болу керек. Дамыған капиталдық мемлекеттердің тәжірибесі
көрсеткендей, ауылдың материалдық-техникалық базасын күшейту арқылы
ауылшаруашылық нарығында өндіріс пен саудалық қатынасты жақсарту үшін
мемлекет тарапынан қаржылық көмек керек.
Жерге жеке меншікті қалыптастыру механизмінің аспектілері көп.
Бұлардың маңыздысы нарықтық - жер айналымы. Нарықтық экономика бір-бірімен
байланысты жүйені ұсынады, мұнда тауар нарығы, капитал мен еңбек, жер
нарығымен толықтырылады.
Жер - барлық мемлекеттерде де негізгі ұлттық байлық көзі. Қоғам және
мемлекеттік органдар оның қолданылуын реттеп отырады. Бұл мәселені шешуді
мемлекет сатып алушының толық меншігіне бермейді. Бұл қағида жер нарығына
да қатысты. Ол реттеліп отырылылуы тиіс. Барлық дамыған елдерде заң бойынша
жерді кімге беру керек екендігі, қандай мақсатпен және қандай масштабта
беру керек екендігі анықталып, сарапталады.
Қазақстанның басқа елдерден өзiндiк ерекшелiктерi бар, ол бірiншiден
жер ресурсының молдығы. Осы ресурс толық пайдаланылмай, көптеген құнарлы
жер бос жатыр. Екiншiден, Қазақстанның халқының жартысына жуығы ауылда
тұрады, олардың көпшiлiгі жұмыссыз немесе толық жұмыспен қамтылмай отыр.
Дамыған мемлекеттерде жермен айналысатын шаруалардың саны 3-15 пайыздан
аспайды, сондықтан біздегі ауыл тұрғындарының барлығы жермен айналыса
алмайды және ол тиімсіз. Ауыл тұрғындарының табыс көзін көтерудің негізі
жолы ауыл шаруашылық саласына қатысты емес жұмыс орнын ашу.
Ауыл жылдарында ауылдық жерлерде 208 мың жұмыс орны ашылды, бұл
бағдарламада көзделгендегіден бес есе көп. Ауыл шаруашылығы
қызметкерлерінің ай сайынғы орташа нақты жалақысы екі есе өсті. Қабылданған
шаралар жоғары дәрежеде даму мүмкіндігі бар ауылдық елді мекендердің санын
қазірдің өзінде көбейтті. Мәселен, осы кезең ішінде олардың саны 31℅-ға
өсіп, олардағы адамдар саны 692 мыңға жетті. Экологиялық жағдайы нашар деп
танылған төртінші топтағы елді мекендер қазір жоқ. Тұтас алғанда, үш жыл
ішінде селолық елді мекендерде тұратын халық саны 45 мыңға жетті. Бірақ бұл
әлде де болса аздық етеді. Өйткені, ауылдағы адам ресурсы әлі күнге дейін
жұмыс күшi ретiнде толық пайдаланылмай келеді. Мiне, өңдеуші өнеркәсiптің
осалдығынан казiргi күні азық-түлiк өнiмдерінiң үлкен бөлiгi халыққа
өңделмеген күйiнде саудаланылып, осы бiр олқылықты шетелдiк кәсiпорындар өз
мақсаттарына тиімді пайдаланып отыр.
Елімізде агроөнеркәсіп инфрақұрылымының нашар дамуынан ауылшаруашылық
өнімдері мен шикізатын өңдеумен, оларды сақтау мен тасымалдаумен
айналысатын сфералар мен салалар қызметі әлі толық жолға қойылмай отыр.
Қолда бар элеваторлық қуаттар астықты өңдеуді толық қамтамасыз ете алмайды.
Осының салдарынан өндіріс өнімі көлемінің 30% –ға жуығы ысырапқа ұшырауда.
Материалдық өндіріс сфераларының шамадан тыс шашыраңқы орналасуы
жағдайында транспорттың жетіспеушілігі мен жол жүйелерінің нашар дамуы да
қолбайлау болуда. Мысалы, Қазақстанда бір пагон километр автожол жүйесіне
көрсеткіш – 38 м., Өзбекстанда - 129 метр, Украинада – 324 метр, Эстонияда
– 600 метрге жуық. Халықтың аз орналасуы да (бір км²- ге 6 адам).
Республиканың агроөнеркәсіптік өндірісін орналастыру мен дамытуға бұл
кәдімгідей әсер етеді. Міне, осындай қиыншылықтарға қарамастан, егістік
жерлердің орасан көп болуы, топырақтық–климаттық аймақтың көптүрлілігі мен
олардың биоклиматтық потенциалының мол болуы, ауыл шаруашылық өсімдіктері
жергілікті сорттарының және мал тұқымдарының генетикалық мүмкіндіктерінің
болуы, ауыл шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойғы дәстүрі қалыптасқан
елімізде агралық саланы дамытуға негіз бары айқын.
АӨК-нің қалыптасуы және егіншіліктің өнеркәсіптік агрономияға айналуы,
капиталдың ауыл шаруашылығына тартылуына жол ашып отыр, ірі капитал АӨК-нің
барлық төрт сферасын қамтыған агробизнес жүйесі қалыптасып отыр. Мұнда
басты рөлді қаржы-өнеркәсіптік топтар атқарады. Агробизнес жүйесі арқылы,
капиталдың жалпы айналысына, еңбектік жеке меншікке негізделген шаруашылық
қожалықтары тартылып отыр. Алайда, Батыста біздің қолданыстағы
агроөнеркәсіптік кешен түсінігін агробизнес деп қабылдайды. Бұл пікірмен
толық келісуге болмайды. Себебі, агробизнеске қарағанда, агроөнеркәсіптік
кешеннің ауқымы анағұрлым кең. Агробизнес – жалпы бизнестің ауыл
шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен және тұтынушыға жеткізумен айналысатын
бөлігі. Агробизнесте жүйесінде көбінесе ауыл шаруашылығы кәсіпорындары
болады.
Аграрлық саланының негізгі буыны – агробизнесті дамыту, өндірістің
тиімділігін арттыру нарықтық механизмді игерумен тікелей байланысты. Ауыл
шаруашылығы мемлекеттік кәсіпорындарын жекешелендіру процесінде өндірістік
ресурстардан пайдалары бар шаруалар шаруашылықты дербес жүргізіп, еңбек
нәтижесінің жемісін өздері көруге талпынады. Еліміздің аграрлық секторы дәл
осы сатының бел ортасымен жылжуда.
Агробизнес – рынок жағдайында дамып келе жатқан экономиканың негізгі
салаларының бірі. Ол ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге және оны дайын
тауар ретінде шығару үшін қажетті ресурстар шығарудан бастап түпкі өнім -
өнеркәсіп шикізаттары мен азық-түлік өнімдерін соңғы тұтынушыға дейін
жеткізіп беретін үлкен бір жүйе.
Агробизнестің бір артықшылығы - өндіріске мамандануы, осыған сай
алдыңғы қатарлы техника-технологияларды қолдануы, рынок коньюнктурасының
өзгерісіне жедел бейімделе алуы. Сол себептен де, қазіргі кезде
агробизнесті дамыту үшін олардың рынок механизмін игеруге барынша мүмкіндік
жасалуы қажет.
Агробизнес жыл маусымына және ауа райына тәуелді, яғни ол көктемгі егіс
пен күзгі жиын-терім аяқталған кездегі түпкі өнімге бағынышты.
Агробизнестің тағы бір ерекшелігі – ауыл шаруашылығы тауар өндірушіліріне
артықшылық берілуінде, өйткені өткізу арнасы жоқ болса жұмыс қиындайды.
Сондықтан, кез келген мемлекет ауыл шаруашылық саласын белгілі бір мөлшер
мен шектерде реттейді, ал реттеудің өзі мемлекеттік қолдау түрінде жүзеге
асады. Себебі, ауыл шаруашылық өнімдері қағаз өндірісінде, жеңіл, тамақ
және химия өнеркәсібінде және басқа да өнеркәсіп салаларында шикізат болып
табылады. Сонымен қатар, халықты жұмыспен қамту көздерінің бірі. БСҰ-на
кіру қарсаңында Қазақстанда бәсекеге қабілетті, дайын өнім шығару мәселесі
өткір қойылғаны белгілі. Бұл ең алдымен ауылшаруашылық саласын дамытуда
маңызды орын алады.
Агробизнесте жылдан жылға белгілі бір өнімнің өндірісін қайталай бермей
сұранысқа ие өнім өндіруге ауысып отыруға мүмкіндігі бар. Яғни, мүлдем
басқа өнімді өндіре отырып, табыс алудың жаңа көзін табуға мүмкіндік
береді. Тәжірибеден белгілі болып отырғандай ең тиімдісі қосарланған
аграрлық өндіріс, яғни бір шаруашылық ішінде технологиялық жағынан әр түрлі
өнім өндіретін бір-біріне байланыссыз бірнеше шаруашылықтардың бірігуі
болып табылады.
Агробизнес ұғымының қолданылу тарихына әр түрлі анықтамалар берілген.
Ресейдің экономист-аграрнигі Е.В. Серова бұл терминді американдық экономист
Р. Голдберг енгізген деген түсінік береді [6, 16 б.]. Агробизнес
нысандарының өндірісі – табиғи жағдайларға және өндіріске қатысушы әрбір
мүшенің жауаптылығына тікелей тәуелділігінде.Өндірістің негізгі
құралдарының бірі ауылшаруашылық жері болғандықтан агробизнес субьектілері
өндірісінің нәтижелілігі жерді тиімді пайдалану, ауылшаруашылық дақылдарын
өсірудегі технологиялық процесті қатаң сақтауға байланысты.
Бизнес – қоғамға әлеуметтік–экономикалық өркениет алып келді. Адам Смит
іскерліктен түскен пайданы жекеменшік иесі – бизнесменге, оның қызметі мен
коммерциялық идеяларын жүзеге асыру жолындағы тәуекелі үшін қоғамның берген
ақысы деп атады. Басқару саласының ірі маманы Макс Вебер бизнесті
ақыл–ойдың дәнін себуші, экономика дамуының негізгі қозғаушысы деп санаған.

Бизнестің өзіне тән белгісі – жеке меншікке, өндіріс факторларына
негізделеді. Себебі, жеке меншік өзіндік, отбасылық, топтық, акционерлік,
яғни ұжымдық нысанда болады. Бұл - мемлекет іскерлік қызметпен айналыса
алмайды деген сөз емес. Бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік әлеуметтік-
экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыруды мемлекеттік тапсырыс ретінде
бюджет қаржысына бизнесмендер де атқара алады. Мемлекет әлдебір іскерлікті
немесе жекелеген бизнес топтарын қолдау жолымен кәсіпкерлікке қатысуға
мүмкіндігі бар. Экономикасы дамыған көптеген елдерде мемлекеттік қолдауды,
бизнесті жүзеге асыру үшін жеңілдік жасауды ұсақ іскерлер, шаруа
(фермерлік) қожалықтары немесе тұтастай агробизнес пайдаланады.
Агробизнесті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – жеке іскерлік. Жеке
бизнес жаппай көрінгенімен тар ауқымдағы қызмет болып саналады. Оның
пайдасы мардымсыз және ол нарықтың аласапыранынан жеткілікті дәрежеде
қорғалмайды. Сондықтан бизнесмендер өздерінің күштері мен қаржыларын
біріктіріп, жалғыз бастылықтан ұжымдық іскерлікке өтуге бейімділіктерін
жасырмайды. Бұл жағдайда ортақ фирма немесе басқа да біртұтас кәсіпорын
құру кезінде жекелеген бизнесменнің мүлікке жеке меншігі сақталады. Дей
тұрғанмен серіктестіктерде, кооперативтерде оның құрылтайшылары мен
қатысушылары өндіріс құрал-жабдықтарын толық немесе ішінара біріктіреді.
Жеке іскерліктің бұл мүмкіндігі, оның ұжымдық әдісімен іс жүзінде қабысуы
бизнесті дамытудың барынша маңызды факторы болып табылады.
Жаңа шаруашылық формаларының жұмыс істеуі алдыңғы уақыттарда өндірістің
мамандануын көтеруге бағытталуы тиісті, ал ол өз кезегінде өндірістік
кооперацияның қажеттілігіне әкеледі. Ірі дамыған елдерде күрделі өндірістік
жүйе кеңінен дамуда. Өндірістің мамандану процесінің даму нәтижесінде бұл
елдерде фермер ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен айналысады және әр түрлі
ұйымдармен өнімдерді қайта өңдеу, өткізу мақсатында партнерлік жағдайда
жұмыс істеуге енеді. Сонымен бірге жабдықтау, өндіріс құрал-жабдықтарын
жөндеумен оның өндірісіне қызмет көрсететін фирмалармен қарым-қатынасқа
енеді. Әр түрлі меншік, шаруашылық жүргізушілердің көптеген формаларының
арасында тепе-теңдік, өзара дұрыс қарым-қатынас болуға тиісті.
Жекелеген дамыған елдерде фермерлік өндірісті дамытудың жалпыға бірдей
заңдылықтарымен қатар оның көлеміне, жер мен еңбекті пайдалану әдісіне,
мамандануына, сонымен қатар ішкі және сыртқы байланыстардың
интенсивтілігіне қатысты мәнді айырмашылықтары бар. Тағы бір айырмашылығы
олардың көлемінде болып отыр. Мысалы, 80 жылдардың ортасында АҚШ-та бір
фермерге орташа 180 га жыртылған жер, Ұлыбританияда – 65 га, Швеция, Дания,
Францияда - 27-30 га, ГФР, Нидерландия, Бельгия, Испания, Финляньдияда – 12-
16га, Греция, Португалия және Италияда – 4-6 га, Жапонияда - 2 гектардан
келеді [7, 32 б.].
2002-2007 жылдардағы Қазақстан ауыл шаруашылығындағы шаруашылық
түрлерінің өндірістік құрылымының үлес салмағын пайымдасақ, бүгiнгi таңда
аграрлық саланың тиiмдiлiгін арттырып, халықты өз елiмiзде өндірiлетiн ауыл
шаруашылық өнiмдерiмен толықтай қамтамасыз ету — ең басты мәселе болып
табылады. Осыған байланысты Елбасының 2008 жылғы Жолдауында айтылғандай
Дамудың жаңа кезеңі ел агроөнеркәсіп кешенінің алдында бірқатар жаңа аса
маңызды міндеттер қойып отыр [8, 6 б.].
"Қазақстан-2030" - стратегиясының ең тұтқалы басымдықтарының бiрi
экономиканың теңгерiмдi дамуының, жалпы ұлттық өнiмнің негізін құрайтын
шикiзатты жоғары технологиялы, соның iшiнде экспорттық өнімге кезең-
кезеңімен алмастыру және елдің ғылыми-техникалық әлеуетін тиiмді пайдалану
экономикалық өсудің кепілі болып табылады. Қазақстанда бұл үшiн барлық
алғышарттар бар. Бұнда біз бай табиғи ресурстарымен, бос өндiрiстiк
қуаттардың болуын, бiлiктiлігі жоғары ғылыми-техникалық қызметкерлер және
жоғары жалпы бiлiмдiлiк деңгейiмен ұштасқан арзан жұмыс күшiн, бiрқатар
технологиялық тұрпаттар бойынша дайындықтарды айта аламыз.
Ауыл шаруашылығы саласының рөлiн, оның ұлттық табыс, ұлттық жиынтық
өнiм құрылымынан көруге болады. Оның экономикалық өсуге қосқан үлесiн үш
түрлi бағытпен: аграрлық сектордың iшкi жиынтық өнімдi жасауға қосқан үлес
салмағымен тауар өнiмiнiң мөлшерi және тауар айналысына қатысуымен, сондай-
ақ, экономикалық өсуге бұл саланың факторлық үлесiмен бағалауға болады.
Рыноктық экономиканың даму үрдісі кезінде негізгі экономикалық
заңдылықтарды анықтау үшін қазіргі агроэкономикалық қатынастарға талдау
жасау өте маңызды. ҚР Президентінің Қазақстан халқына 2004 жылғы
Жолдауында ... алдымызда еліміздегі агробизнестің бәсекелестік жүйесін
қалыптастыруды шешудің міндеті тұр. Қазіргі заманғы аграрлық ғылымды
дамытуды да естен шығаруға болмайды делінген [9, 57 б.].
Ауыл шаруашылығы тауарлары саудасының арнайы келісімдері бойынша
заңнаманың әлсіз дайындығы Қазақстанның келісу процесіндегі позициясын
кемітеді. Осыған орай ауыл шаруашылығы тауары саудасын реформалаудың
принциптері мен механизмдерін және Қазақстан үшін тиімді агробизнес
саясатын анықтау маңызды болып отыр. Осының негізінде, 2002 жылы Қазақстан
Республикасының 2003—2005 жылдарға арналған мемлекеттiк аграрлық азык-түлiк
бағдарламасы кабылдануы, 2003 жылы шiлде айында Елбасының Жарлығымен
Қазақстан Республикасының Ауылдық аймақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға
арналған мемлекеттiк бағдарламасы бекiтiлуi, осы екi бағдарламамен қатар үш
бiрдей Жер, Су, Орман кодекстерi әзірленуi, 2003-2005 жылдарды Ауыл жылы
деп жариялануы ауылды көтеру, өркендету, халықтың тұрмыс деңгейін арттыру
үшін жасалынуда. Ал, 2003 жылғы Президентiмiздiң халқымызға Жолдауынан —
Қазақстанның өз экономикасын рыноктык жолмен жаңғыртудағы қол жеткiзген
табыстарын, экономикалық дамуының қарқыны жөнiнен республикамыз ТМД елдерi
бойынша алда келе жатқанын, халықтың тұрмыс деңгейiнiң көтерiлгенiн,
елiмiзге инвестицияның тартылғандығынан көруге болады.
2008 жылы “агроөнекәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды
мемлекеттік реттеу туралы” заң қабылданып, оны қаржыландыру мәселесі
шешілді. Осының нәтижесінде салаға инвестициялар келе бастады, банктердің
де аграрлық салаға көзқарасы өзгерді. Мұның айғағы, соңғы жылдары ауыл
шаруашылығындағы ЖІӨ көлемі үнемі өсу үстінде. 2007 жылы ЖІӨ 694,7 млрд.
теңгеге дейін жетті. Бұл – 2004-2006 жылдардың орташа жылдық деңгейінен
11%, ал оның алдындағы үш жылғыдан 31%-ға жоғары. Соңғы жылдары егістіктің
әр гектарынан алынатын жалпы өнім көлемі жылына орта есеппен 10051 теңгені
құрады. Осы жылдар ішінде сырттан келетін азық-түлік импортының үлесі
едәуір азайды. Мәселен, шұжық импортының үлесі 32%-дан 26%-ға, өсімдік майы
54,5%-дан 24,9%-ға азайды. Басқа өнім үлесі де азая бастады. Оның есесіне
экспорт көлемі ұлғайды. Себебі, жалпы өндіріс көлеміндегі ауыл шаруашылығы
өңдеу өнеркәсібінің үлесі артты [101, 56 б.].
2008 жылды 2005 жылдармен салыстырсақ Қазақстан аграрлық секторды
дамытуда айтарлықтай нәтижелерге жетті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі
2003 жылмен салыстырғанда екі есеге жуық өсті. Инвестициялар үш еседен
астамға ұлғайды. Бұл аграрлық секторды мемлекеттің орасан қолдауы
нәтижесінде мүмкін болған. Соңғы жылдары қазіргі заманғы технологияларды
қолданудың арқасында дәнді дақылдарды жинау күрт артты. 2004 жылдан бастап
егінді міндетті сақтандыруды енгізу фермерлерге құрғақшылық жылдарының
өзінде кепілді кіріс алуына мүмкіндік туғызды. Ауылдар мен селолардың өмір
сапасын жақсарту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып отыр.
Экономикалық өсу және өндірістің даму негізі шектелген ресурстарды
рационалды пайдалану болып табылады, сондықтан қалыптасқан кемшіліктерді
жою және ресурстарды неғұрлым толық пайдалануға бағдарлау экономикалық
саясаттың да, агро азық-түліктік кешенді дамыту бағдарламасының да
басымдығы болуы қажет. Сонымен қатар, экономикада сәтсіздіктердің болуын
теорияға қатысы жоқ және ғылыми-методологиялық негіздемені қажет етпейтін
трансформация шығындары ретінде түсіну қателік болар еді. Оның үстіне,
әміршілдік экономикадан шаруашылық жүргізудің рыноктық жүйесіне өтудің
ғылыми негіздерінің жеткіліксіз жасалуы өтпелі кезеңдегі мәселелердің
қиындықтармен шешілуіне әсер еткен маңызды факторлардың бірі болып
табылады.
Реформа жылдарында Қазақстан агроөнеркәсіптік кешеннің даму тиімділігі
төмен болды. Ауыл шаруашылығында табыстың аздығы, табиғи факторларға
тәуелділік және өндірістің айқын түрдегі маусымдық сипаты осы саланың үлкен
технологиялық артта қалуымен байланысты. Оның үстіне, аталған сала басқа
салаларға қарағанда өзгермелі, экономикалық анық жағдайларға баяу
бейімделеді. Бұл салаға құйылған қаржы салымдарының қайтарымдылығы төмен.
Алайда, агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы тікелей азық-түлік қауіпсіздігі
жағдайына әсер етеді. Мәселен, төмендегі 1-ші кестеден Қазақстан
Республикасының әлеуметтік экономикалық дамуының соңғы мәліметтеріне
қарайтын болсақ, ол келесідей: 2007 жылмен 2008 жылды салысырғанда (барлық
шаруашылықты қосқанда) ірі қара 3,8%-ға, қой мен ешкі 5,8%-ға, шошқа 3,8%-
ға, жылқы 6,0%-ға, түйе 4,7%-ға, құс шаруашылығы 7,3%-ға өскендігін
байқаймыз. Дегенмен, бұл саланың бәсекелестік қабілеті әлі де болса төменгі
деңгейде. Бүгінде еліміздегі барлық мал басының 80%-ға жуығы қосалқы
шаруашылықтардың еншісінде, мал өнімдерін өндірудегі орта және ірі тауарлы
өндірістің үлесі өте төмен. Мысалға, республикадағы мал басының 8%-ға жуығы
ғана асыл тұқымды, бұл дамыған елдердегі көрсеткіштен 6%-ға аз [10, 11 б.].
Сондықтан, мал шаруашылығында бірінші кезекте өндірісті ірілендіру мен
малдың генетикалық әлеуетін арттыру қажет.

Кесте 1 - ҚР ауыл шаруашылығындағы мал мен құс саны

2006 2007 2008
Ірі қара 5732,7 5913,5 6136,5
Қой мен ешкі 14780,6 15692,7 16598,2
Құс 25436,1 26711,3 28660,9

Мәлімет көзі: Қ.Р статистика агентігі Қ.Р-ның әлеуметтік-
экономикалық дамуы №02, 2008 жыл, 11-бет

Төмендегі 1-ші суреттен көргеніміздей еліміздің ет өндірісінде өнімін
экспортқа шығаруға негізделген заманға сай мал бордақылау кешендерін салуға
басты назарға алынды. 2008 жылғы бірінші жартысында өткен жылғы тиісті
кезеңмен салыстырғанда ет өндірісінің өсуі союға өткізудің артуы және
малдың тірідей орташа салмағының өсуі есебі - 104,7% құрады. Мал мен
құстың барлық түрлерін союға өткізу (101,4%-дан 111,6%-ға дейін) артты. Ірі
қара мал бір басының орташа тірілей салмағы 289 кг, қой мен ешкі - 38 кг,
жылқы – 310 кг құрады. Сауын сиырының орташа саны (2,1%-ға) және сүт
бағытындағы 1 сиырға сүттің орташа сауылуы 11,9%-ға өсуі есебінен сиыр
сүтін өндіру 3,7%-ға өсті.
Мал азығының қолда бары 2008 жылы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында
119,4 мың тонна пішендеме (113,5%), 109,4 мың тонна сабан (122,9%), 246,9
мың тонна сүрлем (100,2%) болды. Бұл азық 345,7 мың тоннаны құрап бұл өткен
жылғы деңгейден 11,9%-ға жоғары орта есеппен 1 шартты ірі қара мал басына
шаққанда азық өлшемі бірлігінің 4,6 центнерден келеді, бұл өткен жылғыдан
9,5%-ға көп [11, 5 б.].
Мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау негізінде 2012 жылға дейін асыл
тұқымды мал үлесін екі есеге дейін көбейтіп, орта және ірі тауарлы
фермаларда өндірілетін мал өнімдерін жалпы өндірістің 30%-ға дейін жеткізу
мүмкіндігі қарастырылуда. Біздің ойымызша, егер осы мүмкіндікке қол
жеткізілсе, онда қазақстандық ет өнімдерін әлемдік рынокқа кеңінен шығаруға
толық жағдай туады деуге болады.

Сурет 1 - Мал шаруашылығының өндірісінің өндірген негізгі өнімдері

Мәлімет көзі: Қ.Р статистика агентігі Статистическое обозрение
Казакстана.- №04, 2008 жыл 5-бет

Мал шаруашылығын дамытудағы тағы бір проблема - ветеринарлық-санитарлық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Еліміздің бірнеше аймақтарында заманауи
ветеринариялық зертханалар салынып, мал ауруларын анықтаудың жаңа
әдістеріне көшу үстінде. Сонымен қатар, электронды мәліметтер базасын
енгізу мен оны автоматтандылырған біртұтас жүйеге қосу арқылы малдарды
идентификациялау жүйесін одан әрі дамытылуда. Еліміздің барлық ауылдық
жерлерде халықаралық нормаға сай келетін стандартты модульдік мал сою
нүктелерін салу жоспарлануда. Егер бұл жоба іске асқан жағдайда, еті сатуға
шығарылатын малдардың барлығы тек осындай сою нүктелерінде ғана сойылатын
болады. Бұл біріншіден, мал өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етсе,
екінші жағынан отандық ет өнімдерін экспортқа шығаруға кедергі болып келген
проблемаларды жояды деп ойлаймыз.
Экономикалық тұрақтандыру - агроөнеркәсіптік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агроөнеркәсіп пен агробизнес интеграциясы
Агробизнес және агроөнеркәсіптік интеграция
Инвестициялық инфрақұрылымдық бағдарламалардың тиімділігін бағалау
Аграрлық өндіріс пен агробизнестің экономикалық мазмұны мен табиғи ерекшеліктері
Қазақстандағы агро бизнестің қалыптасуы және дамуы
Агробизнес және агроөнеркәсіп кешені
Субъектілік көзқарас тұрғысынан агробизнес - экономикалық қатынастар жүйесі
Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоспарлау
Агробизнес қалыптасу және қызмет ету жағдайлары
Пәндер