Зілзала және оның салдарымен күрес



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Зілзала және оның салдарымен күрес ... ... ... .4
2. Жер сілкінісі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
3. Сел. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
4. Қар көшкіні. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
5. Опырылмалар. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
6. Қар басу. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
7. Дауыл. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
8. Су басу. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
Азаматтық қорғаныс шараларының ішіндегі ең маңызды шаралар зақымданған аймақтарда халықты құтқару жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ авариялардың, катастрофалардың және стихиялық аппараттардың зардаптарын жою шаралары болып табылады.

Зілзала - бұл кеннеттен пайда болатын, халықтың айтарлықтай бөлігінің қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материялдық құндылықтарының үлкен шығынын алып келетін, сондай - ақ адамдар мен хайуанаттарды өлім - жітімге ұшырататын табиғат құбылысы.
Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар.
Зілзаланың пайда болу себебі мен сипаттамысын білу дер кезінде шаралар қабылдауға, олардың кейбіреулерінің қиратқыш күшін азайтуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы аумағында мынандай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғымы, дауыл, су тасқыны, буырқасын және өрт болуы мүмкін.
Каспий теңізінің деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына, Балқаш өзеннің таяздануына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады.



жоспар

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Зілзала және оның салдарымен күрес ... ... ... .4
2. Жер сілкінісі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
3. Сел. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
4. Қар көшкіні. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
5. Опырылмалар. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
6. Қар басу. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
7. Дауыл. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
8. Су басу. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

Кіріспе

Азаматтық қорғаныс шараларының ішіндегі ең маңызды шаралар зақымданған аймақтарда халықты құтқару жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ авариялардың, катастрофалардың және стихиялық аппараттардың зардаптарын жою шаралары болып табылады.

1. Зілзала және оның салдарымен күрес.

Зілзала - бұл кеннеттен пайда болатын, халықтың айтарлықтай бөлігінің қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материялдық құндылықтарының үлкен шығынын алып келетін, сондай - ақ адамдар мен хайуанаттарды өлім - жітімге ұшырататын табиғат құбылысы.
Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар.
Зілзаланың пайда болу себебі мен сипаттамысын білу дер кезінде шаралар қабылдауға, олардың кейбіреулерінің қиратқыш күшін азайтуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы аумағында мынандай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғымы, дауыл, су тасқыны, буырқасын және өрт болуы мүмкін.
Каспий теңізінің деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына, Балқаш өзеннің таяздануына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады.

2. Жер сілкінісі.

Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қасқағым сәтте өтеді. Жер сілкінісі - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтежесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы.
Жер қыртысының тектоникалық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді. Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқа инженерлік ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыс пайда болады. Тау жыныстарынан атстар құлайды, адамдарды үрей билейді. Су асиы және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде теңіз түбінің қозғалыс нәтежесінде теңіздің гравитациялық толқындар - цунами пайда болады,құрлықта үлкен бүлінушілік жасайды.
Жер сілкінісінің жойқын күші оның әсерінен болатын апаттар көпшілікке мәлім. Өйткені, Қазақстанның 450 мың шапшы километр аумағында жер сілкіну қауіпі бар. Бұл аймақта 6 миллионнан астам халық тұрады, 27 қала, 400 - ден астам елді мекендер бар. Еліміздің 40 процентке жуық өндірістік ротенциял осы аймақта шоғырланған.
Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары, Ақтөөөөбемен Алматы қаласы сейсмоқауіпті аймаққа орналасқан. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының 30% - ті шоғырланып, тұрғын үй қорының 35% - не жуығы орналасқан, республика халқының 40 процентті тұрады.
Жер сілкінісі қауіпті аймақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өндірісті өнеркәсіп кәсіп - орындары, жасанды және су қоймалары, жарылыс қауіпі бар және улы материялдар қоймасы орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген обьектілердің кейбіреуінің бұзылуы оңалмайтын экологиялық өзгеріскеалып келуі мүмкін. Инженерлік желілер мен коммуникациялардың сейсмикалық юұзылуы аса қауіпті.
Жер сілкінісі кезіндегі қондырғы мен ғимараттың зақымдалуынан шегілген залал ғимараттың өзінің зақымдалуынан шеккен шығыннан біршама есе асып түседі.
Жер сілкінісімен бірге өрт пайда болады, геологиялық ортаның экологиясы бұзылады. Қопарылма, сырғыма, сел тасқыны және тағы басқа, шаруашылыққа қосымша залал әкеледі.
Жер сілкісінің жанама шығына да орасан зор: өндірістік цтклдың уақытша тоқтауы, еңбек ресурстарының тартылуы және тағы басқалар. Сонымен қатар көлік жолдарының зақымдануына, тұрғын үй тұрмыстық жағдайдың нашарлануына, халықтың апат аймағынан кетуіне, ықтимал қайталама дүмпуді күтуіне ұдайы жүн-
жу жағдайындағы адамдардың еңбек және шаруашылық белсенділігінің төмендеуіне, олардың денсаулығы нашарлануына байланысты әлеуметтік күрделі ахуал пайда болады.
Жер сілкінісі салдарының аса ауыр түрлері ғимараттар мен үйлерді сейсмикалық күшейту бойынша жұмыстар жер сілкінісі қауіпі ескерусіз жүргізілетін құрылыс пен ғимараттарда пайда болады. Бұған мысал ретінде соңғы жылдары Қазақстанда болған жер сілкіністері салдарын келтіруге болады.
Халықты, аумақты және шаруашылық обьектілерін ықтимал жер сілкінісімен қорғау мақсатындағы шаралар мынаоар қамтиды: сейсмологиялық бақылау мен жер сілкінісінің болжамының республикалық жүйесін дамыту, сейсмикалық аудандастыру сапасын жақсарту, сейсмотөзімді ғимараттарды жобалау және салу, салықтың сейсмикалық білімін жақсарту, басқару, хабарлау мен юайланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру, дамыту және қолдау, жер сілкінісі кезінде Азаматтық қорғаныс күштерін құру, және оларды іс - әрекеттерге даярлау және тұрақты дайындықта ұстау.
Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарына және өзге де шараларға жер сілкінісі салдарын жою жоспарына сәйкес өзге де шарадарға басшылық жасау. Жер сілкінісі кезінде сейсмологтар бүкіл халықты рациямен немесе радиодан хабарлау қажет. Бұл өте қауіп жағдай, яғни жер сілкінісі.

3. Сел.

Сел - тау өзенінің арналарында кенеттен пайда болатын деңгейдің күрт көтерілуі мен және тау жыныстары бұзылуынан болған жоғарғы деңгейдегі заттардың көптігімен сипатталатын уақытша ағын
Сел ұзақ нөсер, мұз бен қардың жылдам еруі, моренді, мұзды өзендердің бұзылуы, жер сілкінісі, адамның шаруашылық қызметі нәтежесінде пайда болады. Арнайы тасқындарға қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес, жекелеген толқындар мен 10мс және одан көп жылдамдықпен қозғалады.
Сел тасқындары өзен арналарындағы үлкен еңістердің болуынан, борпылдақ топырақ мен бөлшектелген материалдың көптігінен, ұзақ нөсерден, қар мен мұздықтың тез еруінен, биік таудағы өзендерден бұзып шағуынан пайда болады. Селдің алапат талқандағыш күші өзінің жолында кездескен барлық гидротехникалық ғимараттарды қиратып, жазық пен өзен сағаларын бүлдіреді.
Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарында, сондай - ақ Қаратай, Кетмен және Тарбағатай тауларындағы өзендер Қазақстандағы сел қауіпі күшті аудандар болып табылады.
Сел тасқыны кезінде халықтың өзін - өзі ұстауы мен іс - әрекетіне зілзаланың белгілерін дер кезінде анықтау мен белгілеуді және ол туралы хабарлауды ұйымдастыру үлкен әсер етеді.
Сейсмоқауіпті аудандағы халық орман желектерін кесу, егіс жұмыстарын жүргізу, үй малын бағу жөніндегі нұсқаларды қатаң орындауға тиіс.
Халыққа сел тасқынының жақындауы туралы хабарлаған жағдайда , сондай - ақ оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте ғимараттан тез шығып, бұл туралы төңіректегілері ескертіп қауіпсіз орынға бару керек. Өрт болмау үшін үйден щыққан кезде пешті сөндіріп, газ кранын жауып, жарықты өшіріп, электроприборларын ажырату қажет. Егер уақыт болса, қауіпті аймақтан малды айдап кеткен жөн. Халық қауіпті аудандардан уақытша қауіпсіз орынға көшірілінеді. Егер сел келе жататын болса, онда тез уақыт аралығында тоқпен байланысты өшіру керек немесе шитоктан өшіріп кету керек.
Егер сел тасқынының жолында сіздің елді мекенде тоған нығайтылса, үйінділер тұрғызылады, сел ұстағыштар құрылады, айналма каналдар қазылады, сіз бұл жұмысқа қатысуға тиіссіз.
Сел тастасқынына тап болған адамға қолда бар барлық құралдар мен көмек көрсету керек. Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ, арқан, сырық, шынжыр болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне біртіндеп жақындай отыра тасқынының бағыты бойынша шығару керек.

Сел қаупі кезінде көшіруге қатысушы адамдар қауіпті жерлерден қарттар мен балалардың шығуына көмектеседі. Бірінші кезекте аурулар мен өз бетінше жүре алмайтын адамдарды шығарады. Еңбекке қабілетті бүкіл халық тоғандарлды нығайтуға, кедергілер тұрғызуға, ағызғыш каналдар қазуға міндетті.
Сел тасқынына тап болған адамға қолда бар барлық құралдар мен көмек көрсету керек. Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ немесе арқан болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне біртіндеп жақындай отыра тасқынның бағыты бойынша шығару керек.
Егер апат сел тасқынына елді мекен ұшыраса, онда іздеу құтқару жұмыстарына қалыптасқан жағдайды ескеріп, әзірленген жоспары бойынша жұмыс жүргізетін әртүрлі құтқару бөлімшелерінің айтарлықтай күштері мен құралдары тартылады.

4. Қар көшкіні.

Қар көшкіні - бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам жылжуы. Қазақстанда 95 мың шметр тау вумағы қар көшкіні қауіпіне ұшырайды. Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық - бо таникалық жағдайлары бар Батыс Тянь - Шань, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында қар көшкіні өте қауіпті.
Көшкінділер құлама тау беткейінен көбінесе 20 - 60 градуспен, көшкін қар жаңа жауған және күн күрт жылыған кезде болады. Көшкін тауда жауын - шашынның жие болуыннан, циклондық құбылыс күшейетін наурыз - сәуір айында көбірек болады. Сирек қайталанатын көшкіннің көлемі 1 млн. текше метрге, қозғалысының ең үлкен жылдамдығы 100 мс жейін жетеді. Барлық көшкінділердің 50 % жуығы жазыққа дейін жетіп, халық пен шаруашылық объектілеріне тікелей қауіп төндіреді.Көшкіннің кедергіге көрсететін қысымы 1 шаршы метр үшін бірнеше жүз тоннаға жетуі мүмкін.
Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көнкіні болып тұрады. Ол негізінен қардың түсуі мен күннің жылуына байланысты. Қар көшкіні болатын ең қауіпті кезең қараша - сәуір, биік тауларда қазан - мамыр. Мысалы, ауа - райы жылынатын болса, шаруашылыққа өте қиын болады, әсіресе таудың жанындағы халыққа. Себебі күн жылынғанда таудағы қар еріп, ол тауға қарай жылжып, суға айналады. Содан ол қарды су әсерімен төмен қарай жылжытады. Сол себебтен қар көшкіні пайда болады. Тағы бір себеб ол қатты дыбыс шықса, сол себебтен де қар төмен қарай жылжи бастайды.
Тауда болған кез - келген адам қысқы кезеңдегі таудағы қауіптерді, барша жұрт сақтауға тиіс сақтандыру шараларын білуге міндетті.
Қазақстанда адамдар көшкіндерге тек, егер олар қыстың суық мезгілінде тауда болса ғана тап болуы мүмкін. Ал шыңдар мен асуларға шығатын альпенистер мен туристер бұған жыл бойы әзір баруға тиіс. Тау әуесқойларымен болатын барлық бақытсыз оқиғалардың 25 % - не жуығы көшкіннің еншісінде. Ол әдетте бағыт пен қозғалыс ауқытын дұрыс таңдай алмаудан, көшкін қауіпі бар беткейлерден ебдейсіз өтуден, көшкіннің пайда болу табиғаты туралы білмеуден, тәртіп бұзудан болады.
Тауда болған кезде қоршаған ортаға мұқият қарап, кездескен жабайы хайуанаттарының мінезін зерделеген жөн, содай - ақ беткейдегі қардың төзімділігін қолда бар қауіпсіз әдістерімен тексеру қажет. 15 градустан тігірек беткейлер қауіпті болып табылады, солай болса ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зілзала және оның салдарымен күрес туралы
Жапониядағы жер сілкінісі. Цунами
Соғыс және бейбіт уақытындағы азаматтық қорғаныстың міндеті мен рөлі
Азаматтық қорғаныстың міндеттері мен қолданатын шаралары
Төтенше жағдайларда тұрғындарды қорғау
Халықты, қоршаған орта мен ұйымдарды төтенше жағдай кезіндегі қорғау
Ұжымдық қорғаныс және жеке қорғаныс құралдары
Күшті жер сілкінісі
Біршама күшті жер сілкінісі
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
Пәндер