Мұнай саласындағы жобаларды басқару



КІРІСПЕ 3
1 ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҰНАЙ САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ РОЛІ 5
1.1 Жоба және жобаларды басқарудың мәні мен мазмұны 5
1.2 Жобаларды басқару процестері 12
1.3 Қазақстандағы мұнай.газ саласындағы жобалар 23
2 «МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ» АҚ.НЫҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН ЖОБАЛАРЫН ТАЛДАУ 36
2.1 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ.ның даму жағдайы 36
2.2 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ өндірістік.қаржылық жағдайын талдау 43
2.3 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ.ның қатысуымен жүзеге асырылған жобалар 47
3 «МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ» АҚ ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ «ОРАЛ» ОМГ ЖОБАСЫ 53
3.1 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жобаларды ұйымдастыруды оңтайландыру шаралары 53
3.2 «Орал» ОМГ отын газын шығындау есеп жүйесін жеткізіп салу, монтаждау және жөндеу жұмыстарын орындау» жобасының сипаттамасы 56
3.3 «Орал» ОМГ отын газын шығындау есеп жүйесін жеткізіп салу, монтаждау және жөндеу жұмыстарын орындау» жобасының тиімділігін есептеу 57
ҚОРЫТЫНДЫ 61
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 64
Қазақстанның және ТМД-ның басқа да елдерінің экономика саласында жобаларды басқару әдістемесі мен технологиясын алға жылжыту өзектілігі алдымен, объективті нарықтық қайта құруларға, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік экономика кеңістігіне бірігуіне негізделеді. Қазіргі замандағы жобаларды басқарудың мәні біздің бәсекелестік және жоғары технологияның дамуы секілді факторлардың әсері қалыптастырған жобалау – бағыт беру әлемінде өмір сүретіндігімізбен айқындалады.
Нарықтық экономика жағдайында және әлемдегі ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуымен байланысты экономикалық қатынастарға қатысушылардың қызметіне қойылатын маңызды талаптардың бірі нәтижелілікті қамтамасыз ету. Бүгінгі күні компания бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін және нарықта басымдыққа ие болу үшін барлық жағынан тиімді дамуы қажет. Ал, жобаларды басқару, ең алдымен, бизнес-үрдістерді құрудың неғұрлым тиімді жүйесін ұсынады, екіншіден, басқару жүйесін қайта ұйымдастыру мен өзгерістерді басқару мүмкіндігін береді. Сыртқы және ішкі өзгерістерге жедел түрде жауап қайтару қабілеті компанияның сәттілігінің кепілі болып табылатындықтан, жобалық менеджментті өзгерістерді басқару тәсілі ретінде енгізу компаниядағы бизнес-үрдістерді жақсартудың құралы болып табылады.
Жобаларды басқарудың заманауи әдістері 1960 жылдардың басында жүйелік әдістер туралы еңбектердің пайда болуымен байланысты дамыды. 70 жылдардың басында пайда болған компьютерлік бағдарламалар мерзімдік және құндық талдау жасауға, ресурстарды оңтайлы бөлуге мүмкіндік берді. Бағдарламалық қамтамасыз етулердің жетілідрілуі жобаларды басқару мен өзгерістерді бақылау тиімділігін арттыруда.
Әдетте, жобаның сәттілігі негізгі үш факторға негізделеді: мерзім, сапа және жоба бюджеті. Жобаларды басқаруды үш фактор бойынша бірдей тиімділікпен жүзеге асыру қиындықтар туғызады. Көп жағдайда жобалардың құны жоспарлық көрсеткіштерден біршама ауытқып, қосымша бюджетті қажет етеді. Сапаны жоғары деңгейде қамтамасыз ету мерзім мен бюджетті тиімді басқару талабын туғызады. Жобалық менеджерлердің «Prince» ағылшын ассоциациясы жобаларды басқаруды техникалық ерекшеліктері мен талаптарына сәйкес бекітілген бюджет шегінде және белгілі уақытта аяқтау бойынша басқарушылық тапсырма деп анықтайды. Бұдан, мерзім мен бюджеттің жобаларды басқарудағы маңызды көрсеткіш ретінде анықталатынын байқауға болады және бұл таңдалып алынған тақырыптың өзектілігін анықтайды.
1. Мазур И.И., Шапиро В.Д., Ольдерогге Н.Г. М12 Управление проектами: Учебное пособие / Под общ. ред. И.И. Мазура. – 2-е изд. – М.: Омега-Л, 2004. – 664 с.
2. Руководство к Своду знаний по управлению проектами (Руководство PMBOK®) – Третье издание – Американский национальный стандарт, ANSI/PMI 99-001-2004 – 388 с.
3. П.С. Баркалов, И.В. Буркова, А.В. Глаголев, В.Н. Колпачев Задачи Распределения Ресурсов В Управлении Проектами – М.: ИПУ РАН, 2002. – 65 с.
4. Непомнящий Е.Г. Методические указания по выполнению курсового проекта на тему “Технико-экономическое обоснование предпринимательского проекта”. Таганрог: изд-во ТРТУ, 1998. – 85с.
5. Ципес Г.Л. Менеджмент проектов в практике современной компании. – М.: ЗАО «Олимп-Бизнес», 2006 – 304 с.
6. Мартин П., Тейт К. Управление проектами / Пер. с англ. – СПб.: Питер, 2006. – 224 с.
7. Васильев Д.К., Заложнев А.Ю., Новиков Д.А., Цветков А.В. Типовые решения в управлении проектами. – М.: ИПУ РАН (научное издание), 2003.– 75 с.
8. Цветков А.В. Стимулирование в управлении проектами. М.: ООО «НИЦ «АПОСТРОФ», 2001. – 143 с.
9. Васильев Д.К., Колосова Е.В., Цветков А.В. Процедуры управления проектами // Инвестиционный эксперт. 1998. №№ 31-35.
10. Васильев Д.К., Карамзина Н.С., Колосова Е.В., Цветков А.В. Деловая игра как средство внедрения системы управления проектами / Материалы Международного симпозиума по управлению проектами в переходной экономике. Москва, 1999.
11. Гаврилов Н.Н., Карамзина Н.С., Колосова Е.В., Лысаков А.В., Цветков А.В. Анализ и управление проектами. Практический курс: Учебное пособие. М.: Изд-во Рос. Экон. акад., 2000. – 114 с.
12. Бурков В.Н., Новиков Д.А. Как управлять проектами. М.: Синтег, 1997. – 188 с.
13. Беллман Р., Заде Л. Принятие решений в расплывчатых условиях / Вопросы анализа и процедуры принятия решений. М.: Мир, 1999.
14. Воропаев В.И. Управление проектами в России. М.: Аланс, 1995. – 225 с.
15. Воропаев В.И. Модели и методы календарного планирования в автоматизированных системах управления строительством. М.: Стройиздат, 1994. – 232 с.
16. Кононенко А.Ф., Халезов А.Д., Чумаков В.В. Принятие решений в условиях неопределенности. М.: ВЦ АН, 1991. – 211 с.
17. Васильев Д.К., Заложнев А.Ю., Новиков Д.А., Цветков А.В. Типовые решения в управлении проектами. М.: ИПУ РАН (научное издание), 2003. – 75 с.
18. Бурков В.Н., Квон О.Ф., Цитович Л.А. Модели и методы мультипроектного управления. М.: ИПУ РАН, 1998. – 62 с.
19. Воропаев В.И. Управление проектами в России. М.: Аланс, 1995.-225 с.
20. Новости и события Казахстана http://kaz-news.info
21. Обзор нефтяной отрасли Казахстана http://www.aktau-business.com
22. Казахстан в январе-мае увеличил добычу нефти http://www.kmg.kz/
23. Нефть и газ Казахстана. Качество и количество http://www.aktau-business.com
24. Основные перспективы развития в сфере добычи нефти http://w2.isd.kz/
25. Нефть Казахстана http://www.gasonline.ru
26. Бренд нефтяных возможностей http://www.zakon.kz
27. Нефть и газ/Нефтяные хроники: Новый расклад

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ 3
1 ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҰНАЙ
САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ РОЛІ 5
1.1 Жоба және жобаларды басқарудың мәні мен мазмұны 5
1.2 Жобаларды басқару процестері 12
1.3 Қазақстандағы мұнай-газ саласындағы жобалар 23
2 МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ АҚ-НЫҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН ЖОБАЛАРЫН ТАЛДАУ 36
2.1 Маңғыстаумұнайгаз АҚ-ның даму жағдайы 36
2.2 Маңғыстаумұнайгаз АҚ өндірістік-қаржылық жағдайын талдау 43
2.3 Маңғыстаумұнайгаз АҚ-ның қатысуымен жүзеге асырылған жобалар 47
3 МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ АҚ ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ОРАЛ ОМГ ЖОБАСЫ 53
3.1 Маңғыстаумұнайгаз АҚ жобаларды ұйымдастыруды оңтайландыру шаралары
53
3.2 Орал ОМГ отын газын шығындау есеп жүйесін жеткізіп салу, монтаждау
және жөндеу жұмыстарын орындау жобасының сипаттамасы 56
3.3 Орал ОМГ отын газын шығындау есеп жүйесін жеткізіп салу, монтаждау
және жөндеу жұмыстарын орындау жобасының тиімділігін есептеу 57
ҚОРЫТЫНДЫ 61
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 64
КІРІСПЕ

Қазақстанның және ТМД-ның басқа да елдерінің экономика саласында
жобаларды басқару әдістемесі мен технологиясын алға жылжыту өзектілігі
алдымен, объективті нарықтық қайта құруларға, сондай-ақ Қазақстанның
әлемдік экономика кеңістігіне бірігуіне негізделеді. Қазіргі замандағы
жобаларды басқарудың мәні біздің бәсекелестік және жоғары технологияның
дамуы секілді факторлардың әсері қалыптастырған жобалау – бағыт беру
әлемінде өмір сүретіндігімізбен айқындалады.
Нарықтық экономика жағдайында және әлемдегі ғылыми-техникалық
прогрестің қарқынды дамуымен байланысты экономикалық қатынастарға
қатысушылардың қызметіне қойылатын маңызды талаптардың бірі нәтижелілікті
қамтамасыз ету. Бүгінгі күні компания бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін
және нарықта басымдыққа ие болу үшін барлық жағынан тиімді дамуы қажет. Ал,
жобаларды басқару, ең алдымен, бизнес-үрдістерді құрудың неғұрлым тиімді
жүйесін ұсынады, екіншіден, басқару жүйесін қайта ұйымдастыру мен
өзгерістерді басқару мүмкіндігін береді. Сыртқы және ішкі өзгерістерге
жедел түрде жауап қайтару қабілеті компанияның сәттілігінің кепілі болып
табылатындықтан, жобалық менеджментті өзгерістерді басқару тәсілі ретінде
енгізу компаниядағы бизнес-үрдістерді жақсартудың құралы болып табылады.
Жобаларды басқарудың заманауи әдістері 1960 жылдардың басында жүйелік
әдістер туралы еңбектердің пайда болуымен байланысты дамыды. 70 жылдардың
басында пайда болған компьютерлік бағдарламалар мерзімдік және құндық
талдау жасауға, ресурстарды оңтайлы бөлуге мүмкіндік берді. Бағдарламалық
қамтамасыз етулердің жетілідрілуі жобаларды басқару мен өзгерістерді
бақылау тиімділігін арттыруда.
Әдетте, жобаның сәттілігі негізгі үш факторға негізделеді: мерзім, сапа
және жоба бюджеті. Жобаларды басқаруды үш фактор бойынша бірдей
тиімділікпен жүзеге асыру қиындықтар туғызады. Көп жағдайда жобалардың құны
жоспарлық көрсеткіштерден біршама ауытқып, қосымша бюджетті қажет етеді.
Сапаны жоғары деңгейде қамтамасыз ету мерзім мен бюджетті тиімді басқару
талабын туғызады. Жобалық менеджерлердің Prince ағылшын ассоциациясы
жобаларды басқаруды техникалық ерекшеліктері мен талаптарына сәйкес
бекітілген бюджет шегінде және белгілі уақытта аяқтау бойынша басқарушылық
тапсырма деп анықтайды. Бұдан, мерзім мен бюджеттің жобаларды басқарудағы
маңызды көрсеткіш ретінде анықталатынын байқауға болады және бұл таңдалып
алынған тақырыптың өзектілігін анықтайды.
Зерттеудің өзектілігі. Еліміздегі экономикалық жағдай, яғни дүние
жүзіндегі елу дамыған елдердің қатарына кіру, Дүние жүзілік Сауда Ұйымына
ену, индустрияны дамыту сияқты мақсаттарды ұстанып отырған кезде
экономикалық тиімді шешім қабылдау үшін ел экономикасының бәсеке
қабілеттілігін арттырудағы мұнай-газ саласының рөлі зор болып отыр. Және де
осыған сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Қазақстан
халқына жолдауында анықтаған – Біздің энергетика мен мұнай химияны
дамытудағы басты мәселе, энергетикалық өнімдердің қосымша құнын арттыру
арқылы, осы секторлардың кірістілігін арттыру. Әсіресе басымдылық секторлар
– мұнай химия, газ ресурстары, экспорттық энергетикалық маршруттарды
басқару тиімді болуы тиіс. Қазақстанның табиғи ресурстарын тиімді
басқарудағы бағыттардың бірі, шикізатты, соның ішінде көмірсутек шикізатын
кешенді өңдеудің инновациялық өндірістерін құру болып табылады. Демек,
көмірсутек шикізатын кешенді өңдеудің жаңа әдістерін пайдалана отырып,
бәсекеге қабілеттілікті арттыру. Энергетикалық ресурстар мүмкіндігін
максималды пайдалану және өзіндік құны жоғары мұнай химия өнімін шығаруды
қамтамасыз ететін, өзара байланысты өндірістерді құру, әзірленген көшбасшы
инвестициялық жобаларда көзделген, оларды іске асыру Қазақстан
экономикасының бәсекеге қабілетті болып дамуын қамтамсыз етеді.
Диплом жұмысының мақсаты – мұнай-газ саласы дамуының ағымдық жағдайын,
даму перспективаларын талдау негізінде экономиканың бәсеке қабілеттілігін
арттыру жолдарын ұсыну. Сонымен бірге Қазақстан мұнай – газ кешенінің
ресурстық потенциалын экономикалық бағалау. Осы мақсатқа жету үшін
келесідей міндеттер қойылды:
- мұнай – газ кешені дамуының ағымдық жағдайын талдау;
- Қазақстан мұнай-газ кешенінің ресурстық потенциалын экономикалық
бағалау;
- мұнайды экспорттау мәселелерін шешу үшін дүниежүзілік нарықтардың
конъюнктурасын талдау;
- мұнай – газ кешеніне инвестиция тартудың жолдарын айқындау;
- Қазақстанның мұнай-газ кешенін дамыту перспективаларын негіздеу.
Диплом жұмысының ғылыми-әдістемелік базасы әйгілі экономист-ғалымдардың
еңбектерінде қарастырылған бәсеке қабілеттілікті арттыру мәселелері
жөніндегі қорытындыларға және монографиялық зерттеулерге сүйенеді. Жұмыста
ақпарат көзі ретінде Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің,
мұнай – газ саласының статистикалық деректері пайдаланылды.
Зерттеу пәні – мұнай саласындағы жобаларды басқару.
Зерттеу объектісі – Қазақстан Республикасының мұнайгаз саласы, соның
ішінде Маңғыстаумұнайгаз компаниясы.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде экономиканың бәсеке қабілеттілігін арттырудың теориялық
- әдістемелік негіздері қарастырылған.
Жұмыстың екінші бөлімінде Қазақстан Республикасының мұнай – газ
саласының қазіргі даму жағдайына талдау жасылынды.
Ал үшінші бөлімде экономиканың бәсеке қабілеттілігін арттыру мақсатында
мұнай – газ саласының әлеуетін пайдалануды арттыру жолдары айқындалды.
Диплом жұмысының қорытынды бөлімінде жұмысты орындау барысында алынған
нәтижелер мен тұжырымдар жазылды.
1 ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҰНАЙ
САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ РОЛІ

1.1 Жоба және жобаларды басқарудың мәні мен мазмұны
Жоба дегеніміз, бір жағынан, қандай да бір идея, объектінің
сипатталған, нақты есептелген, сызба, бизнес-жоспар түріндегі бейнесі.
Екінші жағынан, жоба – ойды жүзеге асыруға арналған іс-әрекеттердің
бағдарламасы.
Жобалар дегеніміз – бұл біздің әлемімізді өзгертуші, яғни: кәсіпорын
объектісінің құрылысы, ғылыми-зерттеу жұмысының бағдарламасы, жаңа ұйымның
құрылуы, шоу-бағдарлама және т.б.
Жобаның дәстурлі мағынасы мынаны білдіреді: ниет, идея, ой.
Ал бейнелеу, ұсыну, материалды және материалды емес объектілердің қағаз
жүзіндегі немесе басқа да информация тасымалдайтын сипаты.
Қазіргі жағдайда жобалардың бірнеше мысалын көрсетуге болады: тұрғын үй
немесе өнеркәсіптік объект құрылысы, ғылыми-зертттеу жұмыстарының
бағдарламасы, кәсіпорын құрылысын жаңарту, жаңа ұйым құру, жаңа техника мен
технологияны жасау, кинофильм жасау, аймақты дамыту.
Қазіргі әдебиеттерді талдай отырып, жобаларды 2 түрлі көзқараспен
анықтауға болады:
– жобаны қызмет түрі, шаралардың кешені түрінде анықтау;
– жобаны құжат түрінде анықтау.
Жоба процестер мен қосалқы жобалардан тұрады. Процесс – нәтиже әкелетін
іс-әрекеттердің жиынтығы.
Жоба түсінігі бірнеше белгілермен сипатталатын түрлі қызметтерді
біріктіреді. Олардың негізгілері:
– нақты мақсаттарға, нәтижелерге жетуге бағытталу;
– белгілі ресурстар;
– басталу мен аяқталуы белгіленген шектелген уақыт ұзақтығы.
Жалпы алғанда, жоба – бұл жоспарланған немесе ойластырылған нәрсе.
Жүйелік көзқарас тұрғысынан алсақ, жоба шектеулер мен механизмдерді
ескере отырып белгілі бір жағдайдан түпкілікті нәтижеге өту процесін
қарастырады.
Жобаның элементтері:
– ой (мәселе, міндет);
– Жүзеге асыру құралдары (шешім);
– Жүзеге асыру мақсаттары (нәтиже, шешім);
Қазіргі жағдайда жобалардың бірнеше мысалын көрсетуге болады: тұрғын үй
немесе өнеркәсіптік объект құрылысы, ғылыми-зертттеу жұмыстарының
бағдарламасы, кәсіпорын құрылысын жаңарту, жаңа ұйым құру, жаңа техника мен
технологияны жасау, кинофильм жасау, аймақты дамыту. (Батыста дизайн деп
аталады). Жобаларды басқару – бұл жобаға қойылатын талаптарды
қанағаттандыру үшін жоба операцияларына білімді, біліктілікті және
әдістерді қолдану. Жобаларды басқару жобаларды басқару процестерін:
инициация, жоспарлау, іске асыру, мониторинг және басқару, аяқтау процесін
қолдану және интеграциялау арқасында жүзеге асырылады. Жоба менеджері – бұл
жобаның мақсаттарына жетуіне жауапты адам. [1]
Жобаларды басқаруға кіреді:
• талаптарды анықтау;
• нақты және қол жетерлік мақсаттарды қою;
• сапа, мазмұны, уақыт пен құны бойынша қарса келетін талаптарды
теңгеру;
• жобаның қатысушыларының пікірлері мен күтімдеріне сәйкес жобаның
мінездемелері, жоспарлары мен тәсілдеріне түзетулер еңгізу.
Жобаларды басқару – арнайы және кәсіби білімдерді біріктіретін
синтетикалық пән. Арнайы білім жоба қатысты саланың ерекшеліктерін
көрсетеді (құрылыстық, инновациялық, экологиялық, зерттеушілік, білім беру
ж.т.б.) [2].
Өндірістік жүйеден жобаның жобаның ерекшелігі жоба циклдық әрекет
емес,тек бік рет қана орындалады. Өнімінің сериялық шығарылымында алдын ала
өнімді шығару уақытының аяқталуы анықталмайды және ол сұраныстың көлемі мен
ерекшелігіне байланысты болады. Ал сұраныс жоғалғанда өндірістік цикл
тоқтайды. Өндірістік циклдер таза түрде жоба болып есептелмейді. Бірақ
соңғы кездері жобалық тәсіл үздікісіз өндіріске бағытталған процестерге
көбінесе қолданылуда. Мысалы, белгіленген уақыт аралығында көрсетілген
деңгейде, белгіленген бюджетке негізделе жасалатын өндірісті көтеру
жобалары немесе жеткізушілермен келісілген уақытта арнайы тапсырыстарды
орындау.
Жоба соңғы нәтижеге жетуге дейінгі уақытқа дейін әрекет ететін жүйе
болып табылады. Бірақ жоба концепциясы фирма немесе кәсіпорынның ұстанатын
концепциясына әсер етпейді және онымен ұқсас болуы да мүмкін. Жоба
терминінің бірнеше анықтамалары бар. Жалпы түрде жоба – бұл ойластырылған
немесе жоспарланып отырылған іс-шара, мысалы, үлкен кәсіпорын [3].
Инвестициялық жоба белгілі уақыт аралығында нақты мақсаттарға және
жоспарланған нәтижеге жетуде белгілі бір ресурстарды, соның ішінде
зияткерлік, қаржылық, материалдық, еңбек ресурстарының салымын қарастыратын
инвестициялық акция. Инвестициялық жобаның қаржылық нәтижесі болып
пайдатабыс табылады, ал материалдық-заттай нәтижесі – жаңа немесе
жаңартылған негізгі қорлар, сонымен қатар болашақта пайда алу мақсатымен
қаржылық инструменттер мен материалдық емес активтерді сатып алу және
қолдану.
Жобаларды басқару жеке пән ретінде Батыстың дамыған елдерінде ХХ
ғасырдың 50 жылдары қарастырыла бастады. Жобаларды басқару салыстырмалы
жас ғылым, бірақ жобаларды басқаруды адамдар ерте кезден білген. Мысалы,
Ұлы қытай қорғаны, Эйфелева башня жобаларды басқару әдістерін білмей
салынуы мүмкін емес еді. Жобаларды басқару – даму сатысындағы
менеджменттің жаңа бағыты [4].
Жобаларды басқару дегеніміз жоба мақсатына жетуде басқару техникасы мен
технологиясын, заманауи әдістерді қолдана отырып адам және материалдық
ресурстарды жобаның өмірлік циклының барлық кезеңдерінде ұйымдастыру,
жоспарлау, басшылық ету, үйлестіру әдістемесі.
Жобаларды басқару әдістері:
• жобаның мақсатын анықтауға және оны зертеуге;
• жоба құрылымын ашып көрсетуге (мақсаттарын, атқарылатын жұмыстар
кезеңін);
• қажетті қаражаттардың көздері мен көлемін анықтауға;
• жұсты атқарушыларды тандап алуға – соның ішінде, сауда және конкурс
процедуралары арқылы;
• келісімшарттарды дайындау және келісімшарттарға отыру;
• жобаны орында мерзімін анықтауға, оны жүзеге асыру графигін
құрастыруға, қажетті ресурстарды есептеуге;
• жобаның сметасы мен бюджетін есептеуге;
• тәуекелдерді жоспарлау және ескеруге.

1-сурет. Жобаға жүйелік көзқарас

Жобаларды басқарудың принципиалды моделі 3-суретте көрсетілген [1].
Жобаның оны жүзеге асыру жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруға көмектесетін
бірқатар қасиеттері бар:
• жоба белгілі бір сыртқы ортада пайда болады, өмір сүреді және дамиды;
• жоба құрылымы жобаны жүзеге асыру және дамыту процесінде өзгеріссіз
қалмайды: онда жаңа элементтер пайда болуы мүмкін, оның құрамынан
кейбір элементтері алынып тасталуы мүмкін;
• жоба барлық жүйелер секілді элементтерге бөлінуі мүмкін, бірақ
бөлінген элементтер арасында белгіленген байланыстар анықталуы және
қамтамасыз етілуі тиіс [4].
Жобаның пайда болып дамитын қызмет саласын жоба және сыртқы орта
деп бөлу белгілі деңгейде шартты. Оның себебі келесіде қорытылады:
1. Жоба қатаң тұрақты құрылым емес: оның бірқатар элементтері жобаны
жүзеге асыру процесі кезінде жоба құрамына сыртқы ортадан кіріп және
қайтадан шығуы арқылы орындарын ауыстыруы мүмкін.
2. Жобаның кейбір элементтері оның құрамында және одан тыс қолданылуы
мүмкін. Бұған мысал ретінде бір уақытта белгілі жобаны жүзеге асыру
жұмыстарымен қатар басқа да мәселелерді шешумен айналысатын (мысалы,
басқа жобамен айналысу) мамандар болуы мүмкін. Жоба және оның ортасы
схемалық суреті 2-суретте келтірілген [2].

2-сурет. Жоба және оның ортасы
Жобаның өмірлік циклы
Инвестиция алдындағыИнвестициялық фазаЭксплуатациялық
Жобаның фаза фаза
пайда Жаңа
болуы жобаның
тууы
Инвестициялық мүмкіндіктерді талдау Алдын ала
техникалы
қ-экономи
калық
негіздеу

3-сурет. Жобаларды басқарудың принциптік моделі
Жобалардың көлеміне байланысты келесідей жобалар ажыратылады:
Шағын жобалар масштабы бойынша үлкен емес, қарапайым және көлемі
шектелген. Американдық тәжірибеде:
• капитал салымдары $10 – 15 млн.долларға дейін;
• еңбек шығындары 40 – 50 мың адам-сағатқа дейін.
Мысалы, тәжірибелік-өнеркәсіптік құрылымдар, өнеркәсіптік кәсіпорындар,
қызмет істеп тұрған өндірісті жаңғырту.

Жіктелу белгісі Жоба типтері
Жоба деңгейі бойынша Жоба Бағдарлама Жүйе
Жоба масштабы бойынша Шағын Мегажоба
Орта
Күрделігіне қарай Қарапайым Күрделі ТехникалықРесурстықКешенді
ұйымдасқанкүрделі күрделі күрделі
Жүзеге асыру мерзімі Қысқа Орта Мегажоба
бойынша мерзімді
Сапаға және оны Ақаусыз Модульдік Стандартты
қаматамасыз ету
әдістеріне қойылатын
талаптар
Жоба сипаты Халықаралық Отандық:
қатысушылардың деңгейі (біріккен) мемлекеттік
бойынша аймақтық
жергілікті
Жобаның мақсатталған Дағдарысқа қарсы Реформалауқайта құрылымдану
міндетінің сипаты
бойынша
Маркетингтік Инновациялық
Білім беруші Кездейсоқ жағдайлардағы
Инвестициялық қызмет Қаржылық Нақты
объектісі бойынша
Жобаның пайда болуының Ашылған мүмкіндіктер Құрылымдық-фуҚайта
басты себебі бойынша нкционалдық ұйымдастыру
қайта
құрулардың
қажеттігі
Кездейсоқ жағдай Қайта
құрылымдану
Реинжиниринг

4-сурет. Жоба типтерінің классификациясы

Мегажобалар — ортақ мақсатпен біріктірілген өзара байланысты жобалардан
тұратын мақсатты бағдарламалар. Мұндай бағдарламалар халықаралық,
мемлекеттік, ұлттық, аймақтық (мысалы, еркін экономикалық аймақтардың
дамуы), сала аралық (экономиканың бірнеше салаларын қарастыратын), салалық
және аралас болуы мүмкін. Салалық мегажобаның мысалы – отын-энергетика
кешенінде, соның ішінде мұнай-газ саласында жүзеге асатын жобалар.
Күрделі жобалар шешілуі күрделі техникалық, ұйымдастырушылық, ресурстық
міндеттердің болуымен сипатталады. Мысалы, құрылыстың дәстүрлі емес
технологияларын қолдану, жоба қатысушыларының санының көптігі, қаржыландыру
сызбасының күрделілігі.
Қысқа мерзімді жобалар әдетте әртүрлі жаңалықтарды жасау, тәжірибелік
құрылғыларды өндіру, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізетін кәсіпорындарында
іске асырылады
Ақаусыз жобаларда жоғары сапа негізгі фактор болып табылады. Ақаусыз
жобалардың құны миллиардтаған доллармен өлшенеді. Мысалы, атом электр
станциялары.
Халықаралық жобалар әдетте жоғарғы құны мен күрделілігімен
ерекшеленеді. Сонымен қатар бұндай жобалрды іске асырылатын мемелекеттер
экономикасы мен саясатындағы рөлінің маңыздылығы ерекшелейді [1].
Жобаларды жүзеге асыру жобаның табыстылығына жоғары деңгейде әсер
ететін ұйымдық құрылым шегінде жүргізіледі.
Төмендегідей ұйымдық құрылымдарды атап көрсетуге болады:
• Функцианалдық құрылым, ұйымның бар функционалды иерархиялық
құрылымын қолдануды қарастырады. Менеджер тек жалпы
координациялық жұмыстарды атқарады;
• дивизиондық құрылым (аймақтық, өнімдік немесе технологиялық
сипаты бойынша ұйымдастырылған функционалдық құрылымның бір
түрі);
• жобалық құрылым – жобаның жұмыс комплексі ұйымның иерархиялық
құрылымына тәуелсіз дайындалады деп болжайды;
• матрицалық құрылым – жобалық және функционалдық құрылымдардың
басымдылықтарын біріктіретің құрылымның аралық түрі [5].
Матрицалық құрылымның үш түрін ажыратуға болады:
1. Әлсіз матрица – жоба координаторы жоба бойнша тапсырмалар
кординациясына жауапты, бірақ ресуртар бойнша өкілдігі жоқ;
2. балансталған матрица – менеджер барлық жұмыстарды координаттайды және
функционалды бөлімшелердің басшыларымен мақсатқа жету
жауапкершіліктерімен бөліседі;
3. қатаң матрица – жоба менеджері максималды өкілдікке ие және де жобаның
тапсырыстарының орындалуына да толық жауапкершілікті.
Жоба үнемі нәтижеге, белгілі мақсатқа қол жеткізуге бағытталады. Жобаны
жүзеге асыру жобаның өкілетті басшылығымен жүзеге асырылады: жоба менеджері
және оның басшылығымен жұмыс жасайтын жоба командасы. Жоба үрдісі бойынша
жекелеген ерекше қызмет түрлерін жүзеге асыратын басқа да қатысушылар
болады. Жоба жұмысына компанияның сызықтық және функционалды бөлім өкілдері
де қатыса алады [6].
Жобаларды басқару сызбаларының келесі нұсқалары бар:
Негізгі жүйе. Жоба менеджері – тапсырыс берушінің өкілі, қабылданатын
шешімдерге қаржылық жауапкершілік алмайды. Жоба менеджері жобаны жасау мен
жүзеге асыруда басқару мен үйлестіруді қамтамасыз етеді, жобаның басқа
қатысушыларымен қарым-қатынаста болмайды. Жүйенің артықшылығы – жоба-
менеджерінің объективтілігі, кемшілігі – жоба нәтижесі бойынша
жауапкершілік толығымен тапсырыс берушіде болады.
Кеңейтілген басқару жүйесі. Жоба менеджері жобаның сметалық құны
көлемінде жауапкершілік алады. Менеджер жоба үрдістерін басқарады және
үйлестіреді, тапсырыс беруші, жобаның басқа қатысушылары арасындағы
келісімдерді жүргізеді.
Кілттік жүйе. Жоба басшысы – жобалық-құрылыс фирма, тапсырыс
берушімен, жоба менеджерімен жобаның жарияланған құны бойынша кілттік
келісім жасайды [7].
Жоба құрылымының негізгі элементі – жоба қатысушылары, себебі дәл
осылар оның бастапқы мақсатының орындалуын қамтамасыз етеді.
Жоба қатысушылары – жобаға белсенді қатысатын немесе жобаның атқарылуы
немесе аяқталуы мүдделеріне әсер ететін адамдар немесе ұйымдар. Жобаға
қатысушылар да жобаның мақсаты мен нәтижелеріне әсер ете алады. Жобаны
басқару командасы жобаның табысты аяқталуын қамтамасыз ету үшін жоба
қатысушыларын анықтауы, олардын талаптары мен үміттерін анықтауы,
талаптарға қатысты әсерлерін басқаруы қажет [5].
Жобаның типіне байланысты оны жүзеге асыруына бірден бірнеше он шақты
ұйымдар қатысуы мүмкін. Оның әрқайсысының өзінің функциялары, жобаға қатысу
деңгейі және оның тағдырына жауапкершілік деңгейі бар.
Негізгі қатысушы – тапсырыс беруші – жоба нәтижесін пайдаланушы және
оның болашақ иесі. Ол жеке және заңды тұлға болуы мүмкін.
Инвестордың рөлі де өте жоғары. Кейбір жағдайда инвестор мен
тапсырыс беруші бір тұлға балып келеді. Егер инвестор мен тапсырыс
беруші бір тұлға болмаса, олар өзара келісім жасайды, инвестор
келісімнің жүзеге асуын бақылайды, жобаның басқа қатысушыларымен есеп
айырысады.
Жобалық-сметалық құжатты арнайы жобалық ұйымдар жасайды, оларды
жобалаушы деп атайды.
Жобаны материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жабдықтаушы-ұйымдар
жүзеге асырады.
Мердігер – келісім-шартқа сәйкес жұмыстарды орындауға жауапкершілік
алатын заңды тұлға.
Соңғы кездері жоба қатысушыларының қатары кеңесшілермен толықты.
Сонымен қатар, лицензиар – жобада қолданылатын ноу-хау мен лицензияның иесі
болып табылатын жеке немесе заңды тұлға. Лицензиар жобада қолданылатын
ғылыми-техникалық жетістіктерді қолдану құқығын береді.
Жобаны жүзеге асыруда жоба менеджерінің рөлі ерекше, ол – тапсырыс
беруші жоба бойынша жұмыстарды басқаруда өкілеттіліктерді делегирлеген
заңды тұлға. Жоба менеджерінің басшылығымен жоба командасы жұмыс істейді
[8].

1.2 Жобаларды басқару процестері
Жобаларды басқару – жоба талаптарын қанағаттандыру үшін қолданылатын
білім, тәжірибе, инструменттер мен тәсілдер жиынтығы. Жобаларды басқару
арнайы білім, тәжірибе, инструменттер мен тәсілдерді қолдану процестері
арқылы жүзеге асырылады және процестердің кірісі мен шығысы туындайды.
Жобаның сәтті аяқталуы үшін жоба командасы тиісті:
• Жобаның мақсатына жету үшін жобаны басқару процестер тобынан жобаға
сәйкес процестерді таңдау;
• өнім мен жоба талабы бойынша жоспарлар мен өнімнің өзгешелігі туралы
келісімдерге арнайы белгілі бір тәсіл қолдану;
• қажеттілікке және жобаға қатысушылардың үміттеріне сәйкес болу үшін
қойылған талаптарды орындау;
• сапалы өнім шығару үшін көлемі, уақыты, сапа бағасы, ресурстар мен
тәуекелдер жөніндегі қарама-қайшы талаптарды теңгеру.
Осы процестер барлық салаларда қолданымды. Жақсы тәжірибе, жалпы ой-
пікірлер бойынша осы процестерді жобаларды басқаруда қолдану жобаның сәтті
аяқталуының мүмкіншіліктерін арттырады [9].
Процесс – бұл алдын-ала анықталған өнімдерге, нәтижелерге және
қызметтерге жету үшін өзара байланысты іс-әрекеттер мен операциялар
жиынтығы. Процестерді жоба командасы басқарады және әдетте оның екі типі
болады:
• Жобаларды басқару процестері көпшілікті жобаларға ортақ, олар өзара
байланысты болғанымен қатар ортақ мәселерге бағытталған. Мұндай
мәселелер инициация, жоспарлау, орындау, мониторинг және басқару сонан
соң жобаның аяқталып жабылуы болуы мүмкін. Бұл процестер өзара күрделі
әрекеттес, оларды құжатта немесе суреттер арқылы толық түсіндіруге
болмайды. Процестер тобының әрекеттесуінің мысалы 5-суретте
көрсетілген. Процестердің өзара әрекеттесуі жобаның мазмұнына,
бағасына, жобаның кестесіне және т.б. әсер етеді.
• өнімге бағытталған процестер жоба өнімін анықтайды және оны өндіреді.
Өнімге бағытталған процестер әдетте өмірлік цикл арқылы анықталады
және қолдану аясына байланысты өзгереді. Жобаны басқару процестері мен
өнімге бағытталған процестер жобаны орындау барысында өзара
әрекеттеседі. Мысалы, жобаның құрылымы берілген өнімді қалай өндіру
негіздерін білмей анықталу мүмкін емес [2]..
Жобаларды басқару – интегративті іс-әрекет. Жобаларды баскару
интеграциясы жобалар мен өнімдердің барлық процестерінің координациялауын
жеңілдету мақсатында қажетті дәрежеде құрылуы мен басқа процестерімен
байланысын талап етеді. Бұл процестер арасындағы өзара әрекеттестік
көбінесе жобаның талабы мен мақсатының келісімін талап етеді. Үлкен және
күрделі жоба шегінде мынадай процестер болуы мүмкін оларды бірнеше рет
қайталау керек, себебі жобаға қатысушылардың талаптарын анықтау және
орындау мен қатар нәтижеге қатысты процестерді келістіру. Бір процес
барысында қажетті шаралардың қолданбауы сол процеске және онымен байланысты
басқа процестерге әсер етеді. Мысалы, Жобаның құрылымы әдетте әрқашан жоба
құнына әсер етеді, бірақ команда рухына немесе өнім сапасына әсер етуі де
әсер етпеуіде мүмкін. Қандай компромистер қабылдануы мүмкін-бұл нақты
жобаға және ұйымның өзгешелігіне байланысты. Жобаларды сәтті басқару
демеуші, тапсырыс беруші немесе жобаның басқа қатысушыларының талаптарын
ойдағыдай үшін осы өзара әрекеттерді белсенді қарастырады [10].

5-сурет. Процестер тобының арасындағы өзара әсерлер

Жобаларды басқару процесі берілген жұмыста негізгі 5 топқа бөлінген:
• Инициация процестер тобы;
• жоспарлау процестер тобы;
• орындау процестер тобы;
• мониторинг және басқару процестер тобы;
• аяқтау процестер тобы.
Осы бес түрлі процестер тобының нақты тәуелділігі бар және олар әр
жобада берілген тәртіппен орындалады. Олар қолдану аясына немесе саласына
тәуелді емес.
Процестердің өзара әрекеттесу диаграммасы (6-сурет) негізгі
тәуелділіктер мен процестер тобының арасындағы өзара әрекеттесуінің жалпы
көрінісін көрсетеді. Жобаларды басқару процестері процестер тобының
құрамына енеді, олар сәйкестірілген кірістер мен шығыстармен байланысты,
яғни бір процестің нәтижесі келесі процестің кірісі болып табылады. Мысалы,
мониторинг және басқару процестерінің тобы процестер тобы кезінде
орындалатын жұмыстарды бақылап және басқарып қана қоймай, сонымен қатар
жобаға қатысты барлық іс-әрекеттерді бақылайды және басқарады [11].
Қажетті процестер тобы және оған кіретін процестер жоба барысында
жобаны басқаруда дұрыс білім мен тәжірбиені қолдану бойынша нұсқау болып
таблады. Бұдан басқа жобаларды басқару процестері белгілі-бір процестер
үшін интерактивті қолданлады, сонымен қатар процестердің көбісі жоба
барысында қайталанады және қайта қарастырлады. Жобаның қажетті мақсатына
жету үшін жоба менеджерлері мен жоба командасы процестер тобы ішіндегі
процестердің қайсысы іске кірістірілуі керек екенін және сол процестерді
кім және қандай дәлдікпен орындау тиіс екенін анықталуына жауапкершілікті.
Жобаларды басқару процестердің арасындағы өзара әрекеттестіру үшін негізгі
идея жоспарлау-орындау-тексеру-әсер ету циклы болып саналады. Бұл цикл
нәтижесімен байланысты циклдың бір бөлігінің нәтижесі келесі бөлігінің
кірісі болып табылады. Бұл 6-суретте бейнеленген. Интеграциаланған
процестер тобының табиғаты жоспарлау-орындау-тексеру-әсер ету базалық
циклна қарағанда әлде-қайда күрделі (7-сурет). Бірақ өңделген цикл
процестер тобы және олардың арасындағы өзара әрекеттерді сипаттауға
қолданлады. Жоспарлау процестер тобы жоспарлау-орындау-тексеру-әсер ету
циклының жоспарлау элементіне сәйкес. Орындау процестер тобы орындау
элементіне, ал мониторинг және басқару процестері тексеру және әсер ету
элементтеріне сәйкес. Бұдан басқа жобаны басқару-бұл соңғы іс-
әрекет,инициация процестер тобы осы циклдарды бастайды, ал аяқтау процестер
тобы оларды аяқтап жабады. Жобаларды басқарудың интеграциялық табиғаты
мониторинг және басқару процестер тобының басқа процестер тобының әр
аспектілерімен өзара әрекеттесуін талап етеді [12].

6-сурет. Жоспарлау-орындау-тексеру-әсер ету циклы

7-сурет. Жоспарлау-орындау-тексеру-әсер ету циклы элементтері мен жобаны
басқару процестер тобының сәйкестігі

Инициация процестер тобы. Инициация процестер тобы жаңа жобаның немесе
жоба фазасының басталуын авторизациялайтын процестерден тұрады. Инициация
процестері көп жағдайда жобадан тыс атқарылады және инициация процестер
тобына кірістерді қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық, бағдарламалық және
портфельдік процестермен байланысты (8-сурет).

8-сурет. Жоба шектері

Инициация процесі барысында жоба құрылымы мен қажетті ресурстар
анықталады. Бұл кезеңде тағайындалмаған жағдайда жоба менеджері
тағайындалады және жіберулер мен шектеулер құжатталады. Бұл ақпарат жоба
жарғысына еңгізіледі және қабылданған жағдайда жоба ресми түрде басталады.
Жобаны басқару командасы жоба жарғысын жасауға қатыса алғанымен, мақұлдау
және қаржыландыру жоба шегінен тыс жүргізіледі.
Көптеген үлкен немесе күрделі процестер инициация процестер бөлігі
ретінде фазаларға бөлінуі мүмкін. Әр фаза басында инициация процестер
тобының анализі жобаның негізгі қажеттіліктеріне бағытталуын сақтауға
көмектеседі. Жобаның басталу критерилері тексеріледі, соның ішінде қажетті
ресурстардың бар болуы. Содан кейін жобаның ары қарай жүргізілуі немесе
тоқталуы туралы шешім қабылданады [13].
Жобаның келесі фазаларында берілген фаза үшін жобаның құрылымының ары
қарай тексеру және өңдеу жүргізіледі.
Инициация кезінде тапсырыс беруші мен басқа да жоба қатысушыларын іске
қосу әдетте бірігіп қызмет істеуге, жабдықтау нәтижелерін ұтымды қабылдауға
және ақырында тапсырыс беруші мен басқада жоба қатысушыларының
қанағаттануына алып келеді [14].
Инициация процестер тобына келесі жобаларды басқару процестері кіреді:
1. Жобаның жарғысын жасау процесі ең алдымен жобаны авторизациялаумен
байланысты. Жоба жарғысы көмегімен жоба ұыйымының ағымдағы жұмысына
байланыстырылады және жоба авторизациясы орындалады. Жоба жарғысын
құрастыру және жобаны авторизациялау жоба шегінен тыс бөлімшелрмен,
басқарушы ұйыммен, бағдарламалармен немесе портфельмен анықталады.
Көпфазалы жобаларда осы процесс барысында алдыңғы фазада жоба жарғысын
дайындау барысында қабылданған шешімдер бағаланады және түзетіледі.
2. Жобаның алдын ала сипаттамасын дайындау процесі жоба жарғысы мен басқа
да инициация процестерінің кірістерін қолданумен жобаны алдын ала
сипаттауға бағытталған. Бұл процесс жоба мен жабдықтау нәтижелеріне
деген талаптарды, өнімге деген талаптарды, жоба шегін, қабылдау
әдістерін және жалпы басқару құрылымын бағыттайды және құжаттайды.
Көпфазалы жобаларда бұл процесс әр фаза үшін жоба құрылымын бағалайды
немесе нақтылайды [4].
Жоспарлау процестер тобы. Жобаны басқару командасы ұйым мүддесінде
жобаны жоспарлау және басқару үшін жоспарлау процестер тобын және оны
құраушы процестер мен өзара әсерлерді қолданады. Жоспарлау процестер
тобының мақсаты – толымдылық және сенімділік деңгейі бойынша әртүрлі
көздерден ақпарат жинау. Жоспарлау процестері жобаны басқару жоспарын
жасайды. Бұл процестер сонымен қатар жобның құрылымы мен құнын анықтайды
және жоба шегінде қолданылатын жоба операциялары үшін уақыт кестесін
құрайды. Жоба бойынша жаңа ақпараттың байда болуына байланысты қосымша
байланыстар, талаптар, тәуекелдер, мүмкіндіктер, жіберулер мен шектеулер
анықталады немесе жойылады. Жобалрды басқаруға тән көп өлшемділікке (көп
әдістемеліке, шаралыққа) байланысты жоба барысында қосымша анализдегі
қажеттілік әлденеше рет пайда болады, яғни бекітілген процестерге қайта
оралу қажеттілігі туындйды. Жобаға қатысты жаңа мінездемелер мен ақпарттар
анықталуы мен сезінілуі барысында тағы өндеудегі қажеттілік туындауы
мүмкін. Жобаның өмірлік циклы барысында пайда болатын едәуір өзгерістер бір
немесе бірнеше процестерді қайта қарастыру қажеттілігіне алып келеді.
Бұл жоспарлау процестерінің қайталану жиілігіне әсерін тигізеді.
Мысалы, жоспарлау процестер тобы шығыстары ретінде жасалған жобаны басқару
жоспары құрылымның, технологияның, тәуекел мен шығындардың барлық
аспектілерін зерттеуге бағытталды. Жобаны атқару барысында мақұлданған
өзгерістерге байланысты туындаған жаңартулар жобаны басқару жоспарының жеке
бөлшектеріне жоғары деңгейде әсер етеді. Жобаны басқару жоспарының
жаңартылуы жалпы жобаның белгіленген құрылымына жету үшін уақыт кестесіне,
шығындарға және ресурстарға деген талаптарға қатысты нақтылықты қамтамасыз
етеді. Жаңартулар жеке фазаны орындаумен байланысты операциялар мен
мәселелермен шектелуі мүмкін. Мұндай жобаны басқару уақыт өте нақтылау
жоспарлау қайталанатын және үздіксіз процесс екенін көрсетеді.
Жобаны жоспарлау кезінде жоба командасы бұл процеске жоба және оның
нәтижесіне әсер етуіне байланысты барлық қажетті жоба қатысушыларын тарту
керек. Жоба командасы жобаны жоспарлау кезінде жоба қатысушыларын қолдануы
қажет, себебі олардың жобаны басқару жоспарын және қосымша жоспарларды
жасауға көмек көрсететін тәжірибесі мен білімі бар [15].
Кері байланыс және нақтылау процесі шексіз қайталануы мүмкін
болмағаннан кейін ұйыммен бекітілген процедуралар жоспарлау қашан
аяқталтынын анықтайды.
Жоспарлау процестер тобы жобаны бірнеше процестер арқылы жоспарлайды.
Жоспарлау процестер тобына келесі жобаны басқару процестері кіреді:
1. Жобаны басқарудың жоспарын жасау процесі барлық қосымша жоспарлар мен
жобаны басқару жоспарын анықтау, дайындау, координациялау және
интеграциялау үшін қолданылады. Жобаны басқару жоспары жоспарлау,
орындау, мониторинг, басқару және жобаны жабу бойынша алғашқы ақпарат
көзі болады.
2. Құрылымын жоспарлау процесі жоба құрылымы қалай анықталатынын,
тексерілетінін және басқарылатынын, және жұмыстардың иерархиялық
құрылымы қалай жасалатыны және анықталатынын сипаттайтын жобаның
құрылымын құру үшін қажет.
3. Құрылымын анықтау процесі негізінде жоба бойынша шешім қабылданатын
жобаның құрылымының нақты сипаттамасы жасалады.
4. Жұмыстардың иерархиялық құрылымын құру процесі кезінде жобаны
жабдықтау және жоба жұмыстарының негізгі нәтижелері басқаруға оңай
кішігірім элементтерге бөлу жұмыстары жүргізіледі.
5. Операциялар құрамын анықтау процесі жобаны жабдықтаудың түрлі
нәтижелерін алу үшін атқарылуы тиіс нақты операцияларын
идентификациялау үшін қажет.
6. Операциялардың өзара байланыстарын анықтау процесінде операциялар
арасындағы өзара байланыстарды анықтау мен құжаттау жүргізіледі.
7. Опрерациялар ресурстарын бағалау процесі әр жоспарлы операцияларды
орындауға қажетті ресурстардың типтері мен көлемін анықтау үшін қажет.
8. Операциялар ұзақтығын анықтау процесі жоспарлы операциялардың
аяқталуына қажетті жұмыс периодтар санын бағалау үшін атқарылады.
9. Жоба кестесін жасау процесі жоба кестесін құру мақсатында операциялар
кезегін, операциялар ұзақтылығын, ресурстар мен уақыт шектеулерінің
талаптарын талдау мақсатында жүргізіледі.
10. Құндық бағалау процесі жоба операцияларын орындауға қажетті ресурстар
құнының жақындатылған көрсеткіштерін дайындау үшін қажет.
11. Бюджет шығындарын дайындау процесі базалық жоспарды құн бойынша
бағалау үшін жеке операциялар немесе жұмыстар пакетінің құндарын
соммалау үшін қажет.
12. Сапаны жоспарлау процесі жобаға сәйкес стандарттар мен сол
стандарттарға жету үшін атқарылады.
13. Адам ресурстарын жоспарлау процесі жобадағы рөлдерді құжаттау және
анықтау үшін, және жобаны персоналмен қамтамасыз етуді басқару
жоспарын құру үшін қажет.
14. Коммуникацияларды жоспарлау процесі жоба қатысушыларының ақпарат пен
коммуникациядағы қажеттіліктерді анықтайды.
15. Тәуекелдерді басқаруды жоспарлау процесі жоба тәуекелдерін басқару
бойынша жоспарлау тәсілдері мен опреацияларын анықтау үшін қажет.
16. Тәуекелді анықтау процесі жобаға қандай тәуекелдер әсер етуі
мүмкіндігін анықтау және олардың мінездемесін құжаттау жұмыстарын
атқарады.
17. Тәуекелдерге әсер етуді жоспарлау процесі барысында жоба мақсаттарына
қауіптерді төмендету және мүмкіншіліктерді жоғарлату үшін операциялар
мен варианттар дайындалады.
18. Сатып алушыларды жоспарлау процесі барысында нені, қалай және қашан
сатып алу керектігі анықталды.
19. Келісімшарттарды жоспарлау процесі өнімдерге, қызметтерге және
нәтижелерге талаптарды құжаттау үшін және әлеуетті сатушыларды іздеу
үшін қажет [16].
Орындау поцестер тобы. Орындау процестер тобы жоба талаптарын орындау
үшін жобаны басқару жоспарында белгіленген жұмыстарды атқару үшін
қолданылатын процестерден тұрады. Жоба командасы команданың нақты жобасына
процестердің қайсысы қажеттігін анықтау керек. Берілген процестер тобына
адамдар мен ресурстар координациясы және жобаны басқару жоспарына сәйкес
жоба интеграциясы мен операцияларын анықтау кіреді. Сонымен қатар бұл
процестер тобының жүруі барысында жоба құрылымында анықталған жоба
құрылымымен жұмыстар жүргізіледі және оған қабылданған өзгерістер
еңгізіледі (9-сурет).
Әсіресе орындау кезінде жоспарларды түзетуге әкелетін ауытқулар орын
алады. Бұл ауытқулар операциялар ұзақтылығына, ресурстардың бар болуы мен
пайдалылығына және де қарастырылған тәуекелдерге әсерін тигізуі мүмкін. Бұл
ауытқулар жобаны басқару жоспарына әсер ету немесе әсер етпеуіне
байланыссыз талдау жасауды қажет етуі мүмкін. Жүргзілген талдау нәтижелері
өзгерістерге сұраныс тудыра алады. Егер бұл сұраныс қабылданса, онда бұл
жобаны басқару жоспарының өзгеруіне және жаңа базлық жоспарды қабылдауға
әкелуі мүмкін. Бюджеттің басым бөлігі орындау процестер тобының атқарылуына
жұмсалады. Орындау процестер тобына келесі жобаларды басқару процестері
кіреді:
1. Жобаның атқарылуына басшылық және басқару процесі жобаны басқару
жоспарында қарастырылған жұмыстарды орындау үшін жобада бар әртүрлі
ұйымдастырушылық және техникалық интерфейстерді басқару үшін қажет.
2. Сапаны қамтамасыз ету процесі жобада талаптарды орындау үшін барлық
қажетті процестер қолданылып жатқанында куәлану үшін сапаны тексеру
бойынша жоспарлы жүйелік операцияларды қолдану үшін қажет.
3. Жоба командасын жинау процесі жобаны орындау үшін қажетті ресурстарды
алу үшін қажет.
4. Жоба командасын дамыту процесі жобаның орындалуын жақсарту үшін
команда мүшелерінің құзіреті мен өзара қатынастарын жоғарлату үшін
қажет.
5. Ақпаратты тарату процесі жоба қатысушыларының оларға қажетті ақпартқа
қол жетерлікті қатамасыз ету үшін қажет.
6. Сатушыдан ақпарат сұрау процесі сатушыдан ақпарат, бағаларын және
ұсыныстар алу үшін қажет.
7. Сатушыларды таңдау процесі ұсыныстарды талдау, потенциалды сатушыларды
таңдау және әр сатушымен келісімшарт шарттарын талқылау үшін қажет
[17].
Мониторинг және басқару процестер тобы. Жоба командасы команданың нақты
жобасы үшін процестердің қайсысы қажет екенін анықтауы қажет. Бұл процестер
тобының артықшылығы жобаның атқарылуының үнемі бақылануы және бағалануы,
бұл жобаны басқару жоспарынан ауытқуларды уақытылы анықтауға мүмкіндік
береді. Мониторинг және басқару процестер тобына сонымен қатар өзгерістерді
басқару мен мәселелердің туындау мүмкіндігімен байланысты алдын алу
шараларына қатысты ұсыныстар кіреді. Мониторинг және басқару процестер
тобына мысалы жобаның ағымдағы операцияларының жобаны басқару жоспарына
және жобаны атқарудың базалық жоспарына сәйкестігінің мониторингі кіреді.
Үнемі мониторинг жоба командасына жобаның нақты күйін көрсетеді және
қосымша назарды талап ететін учаскілерді айқындайды. Мониторинг және
басқару процестер тобы тек қана процестер барысында атқарылатын жұмыстарды
ғана бақылап және басқарып қана қоймайды, сонымен қатар жоба бойынша барлық
іс-әрекеттерді бақылайды және басқарады [18].

9-сурет. Орындау процестер тобы

Мониторинг және басқару процестер тобына келесі процестер кіреді:
1. Жобалардың жұмыстарын басқару және мониторинг процесі. Бұл процеске
тәуекелдер мониторингі кіреді, бұл тәуекелдерді ерте кезеңде анықтауды
қамтамасыз етеді, содан сон олардың қалпы туралы есеп құрастырылады
және тәуекелдерге әсер ету жоспары іске асырылады. Мониторингқа
ағымдағы қалпы туралы есеп, прогресті бағалау мен болжау кіреді.
Атқарылуы туралы есеп жобаның атқарылуы туралы ақпаратты келесі
көрсеткіштермен көрсетеді: құрылымы, құны, ресурстар, сапа және
тәуекел.
2. Өзгерістерді басқару процесі өзгерістер тудыратын факторларды
басқарады. Ол өзгерістерді енгізуді бақылау үшін және қабылданған
өзгерістерді басқару үшін, соның ішінде оларды өңдеу уақытын басқару
үшін қажет. Бұл процесс жоба инициациясынан жобаның жабылуына дейін
жүргізіледі.
3. Құрылымын растау процесі жобаны жабдықтаудың аяқталған нәтижелерін
формализациялау үшін қажет.
4. Құрылымын басқару процесі – бұл жоба құрылымындағы өзгерістерді
басқару.
5. Жоба кестесін басқару процесі - жоба кестесіндегі өзгерістерді
басқару.
6. Жоба құнын басқару процесі – ауытқулар туғызатын факторларға әсер ету
және жоба бюджетіндегі өзгерістерді басқару.
7. Сапаны бақылау процесі – қабылданған сапа стандарттарына сәйкестігін
анықтау мақсатында белгілі нәтижелер мониторингі және орындалуларды
қанағаттандырылмауын туғызатын себептерді жою жолдарын анықтау.
8. Жоба командасын басқару процесі – жоба командасының мүшелерінің
эффектілігін бақылау, кері байланысты қамтамасыз ету, жобаның
атқарылуының эфектілігін жоғарлатуға бағытталған мәселелерді шешу және
өзгерістерді координациялау.
9. Атқарылу туралы есеп – бұл процесте атқарылу туралы ақпаратты жинау
және тарату жүргізіледі.
10. Жобаның қатысушыларын басқару – жоба қатысушыларының талаптарын және
пайда болатын мәселелерді шешу мақсатында коммуникацияларды басқару.
11. Тәуекелдерді бақылау және басқару процесі айқындалған тәуекелдерді
бақылау үшін, қалған тәуекелдердің мониторингі үшін, жаңа тәуекелдерді
айқндау үшін және тәуекелдерге әсер жоспарларын орындау үшін қажет.
12. Келісімшарттарды басқару процесі – бұл сатып алушы мен сатушы
арасындаға келісімшарттар мен өзара қатынастарын басқару, қажетті
түзету іс-әрекеттің анықтау мен сатушымен болашақ қатынастар негізін
қамтамасыз ету үшін сатушының ағымдағы және өткен қызметін талдау және
құжат түрінде рәсімдеу, келісімшартпен байланысты өзгерістерді басқару
және қажеттілік болған жағтайда жобаның басқа сатып алушысымен
келісімшарттық қатынастарын басқару.
Аяқтау процестер тобы. Аяқтау процестер тобына жобаның барлық
операцияларын немесе жоба фазаларын аяқтау үшін, аяқталған өнімді басқа
тұлғаларға өткізу немесе тоқтатылған жобаны жабу үшін қолданылатын поцестер
кіреді. Осы процестер тобы іске асырылғанда, ол барлық процестер тобында
жобаны немесе жоба фазасын жабу үшін анықталған процестер дұрыс
орындалғанын растайды және жобаның немесе жоба фазасының аяқталғанын
бекітеді (10-сурет).
Аяқтау процестер тобына келесі жобаларды басқару процестері кіреді:
1. Жобаны жабу – бұл процесс жобаны немесе жоба фазасын жабу үшін барлық
процестер тобынаң барлық операцияларын аяқтау үшін қажет.
2. Келісімшарттарды жабу – бұл процесс жобаға немесе жоба фазасына
қатысты келісімшарттарды аяқтау және реттеу үшін, сонын ішінде
әрекеттегі келісімшарттарды аяқтау және әр келісімшартты жобу үшін
қажет [19].

10-сурет. Аяқтау процестер тобы

1.3 Қазақстандағы мұнай-газ саласындағы жобалар
Мұнай саласындағы жобалар Қазақстандағы инвестициялық белсенділігін
тездетті. Қазақстан әлемнің ашылған мұнай ресурстарын игеру есебінен үлкен
келешегі бар елдеріне жатады. Барланған мұнай қоры бойынша ол 13-ші орында,
газ бен конденсат бойынша - әлемдік мұнай державалары ішінде 15 орын.
Алайда қазақстандық мұнайдың жалпы қорын бағалау қиын, себебі оның елеулі
бөлігі Каспий теңізі шельфінде шоғырланған.
Мұнай саласындағы табиғи-шикізатты әлеуеті мұнай кен орындарының
санымен және қорларымен, оларды өндіру мен тасымалдау шарттарымен
анықталады. Қазақстан бүгінгі күнде энергоресурстардың әлемдік нарығына
әсер ете алатын көмірсутектердің ең бай қорларына ие.
Елдің табиғи-шикізатты әлуетін отандық және шетелдік мамндырмен
бағалауда айырмашылық бар. Сонымен, British Petroleum мамандарының мәліметі
бойынша Қазақстандағы делелденген мұнай қорлары 1,1 млрд.тоннаны құрайды
және Ресейден кейін ТМД елдерінің арасында екінші орында тұр (1-кесте).
Қазіргі кезде және болжалданған уақыт аралығында өндіруді арттырудың
негізгі көзі Батыс Қазақстанның кен орындары болмақ. Каспий шельфінде жаңа
қайнар көздердің есебінен өндіруді арттыру жақын арадағы 10-15 жылда ұлттық
экономиканың мұнай саласында басымды рөлін сақтауға мүмкіндік береді.

1 кесте
ТМД елдері арасындағы және әлемдік аумақта делелденген мұнай қорлары
(2008 жылдың соңына)*

Елдер Дәлелденген ТМД елдерінің Әлемдік аумақта
қоллар, аумағында дәлелденген қорлар
млрд.тонна дәлелденген қорларүлесі,%
үлесі
Ресей 6,7 73,6 4,7
Қазақстан 1,1 12,1 0,8
Әзірбайжан 1,0 11,0 0,7
Түркменстан 0,1 1,1 0,1
Өзбекстан 0,1 1,1 0,1
Басқа ТМД елдері 0,1 1,1 0,1
Барлығы ТМД елдері 9,1 100,0 6,4
Қалған елдер 133,9 - 93,6
Әлемдік қорлар 143,0 - 100,0

* Дерек көзі: Автормен құрастырылған

Қазақстанда дәлелденген мұнай қорлары 2,8 млрд. тонна мұнай және газдың
1,8 трлн. куб. м. құрайды, ал болжамды мұнай мен конденсат 12 млрд. тонна
және газ шамамен 3 трлн. куб. м. Үкімет пен мамандардың бағалауы бойынша
Қазақстандағы мұнай мен газдың жалпы қоры 23 миллиард тоннаны құрайды, оның
ішінде 13 миллиард тоннасы Каспий шельфінде шоғырланған. Шетелдік
мамандардың бағалауы бойынша әзірлеуге жарамды қазақстандық мұнайдың
жобалық қоры 61 миллиард баррельді құрайды, бұл Қазақстанды әлемде жетінші
орынға шығарады. Кейбір басқа бағалауларға сәйкес, қазақстандық мұнай қоры
82 миллиард баррельге тең немесе Кувейт деңгейінің 45 құрайды. Қорды
бағалаудағы айырмашылық Каспий теңізінің салыстырмалы барланбағанымен
түсіндіріледі. Егер барланған қорлар бойынша республика әлемде 13 орынға
ие болса, өндіру көлемі бойынша тек 26-шы орында. ТМД елдерінің арасында
Қазақстан Ресейден кейін екінші ең ірі мұнай өндіруші болып табылады.
Республиканың ресурсты әлеуеті мұнай өндірісін жылына 120-140 млн.тоннаға
дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Ішкі нарықта жақын арадағы 10-15 жылда
шамамен 20 млн.тонна тұтынылуы мүмкін. Келешекте бұл көрсеткіш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің дамуы
Банк көрсететін қызметтер
Инвестициялық жоба объектілері
Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры туралы
Электр энергетикасы саласын дамыту
Инвестиция саясаты туралы
Инфрақұрылымдық құрауыштарды дамыту міндеттерін шешудегі инвестицияның рөлі
Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық байланыстар
Әлеуметтiк-экономикалық ахуал
Инвестициялық саясат пен басқару
Пәндер