Іскерлік туризм жайлы



КIРIСПЕ
1 IСКЕРЛIК ТУРИЗМНIҢ КАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚАЗIРГI ЖАҒДАЙЫ
5
1.1 Туризм туралы түсінік
8
1.2 Iскерлiк туризм географиясы және іскерлік саяхатшылардың жіктелуі
11
1.3 Қазiргi туризм жiктелуiндегi iскерлiк туризмнiң алатын орны
14
1.4 Iскерлiк туризмнiң түрлерi
18
2 IСКЕРЛIК ТУРИЗМ ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
28
2.1 Қазақстан Республикасындағы туристік кешенін басқару
28
2.2 Қонақ үй таңдаудағы iскерлiк туристердiң қалауы
37
2.3 Iскерлiк саяхатшылар қажеттiлiктерiн қанағаттандыру
40
2.4 Халықаралық іскерлік туризм даму ерекшеліктері
43
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ІСКЕРЛІК ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
48
3.1 Қазақстан іскерлік туризм орталықтары
48
3.1.1 Алматы қаласы . іскерлік туризм орталығы ретінде
48
3.1.2 Астана қаласының іскерлік туризм потенциалы
53
3.2 Қазақстанда халықаралық туризмді ұйымдастыру мүмкіншіліктері және перспективалары
57
ҚОРЫТЫНДЫ
61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
63
Дипломдық жұмыстың тақырыбын Iскерлiк туризмге байланысты алған себебіміз өркениеттi әлемiнде келешегi бар және табысты бизнес болып танылтуды мақсат еттік. АҚШ-та жүз жылдан астам, Еуропада 50-жылдары, ТМД-да – оның iшiнде Ресей мен Қазақстанда бүгiн қалыптасты десек болады. Туризм халық шаруашылығының қарқынды дамып келе жатқан және ең кiрiстi салаларының бiрi. Үшiншi мыңжылдықтың басында халықаралық Үлесiне жалпы әлемдiк сауда қызметтерiнiң 30-35% тиедi. Iшкi және халықаралық туризмнiң жалпы шығыны әлемдiк жалпы ұлттық өнiмнiң 12% құрайды.
Туризм мәдени құндылықтың дамуы мен қозғалуына әсер етедi, әртүрлi елдер мен халықтар арасындағы қатынастарды бiрiктiредi. Үкiмет, қоғамдық ұйымдар және коммерциялық құрылымдарды қоршаған ортаны жақсарту мен қорғауға белсендi қатысуға итермелейдi.
Қазақстандағы туризм жағдайы бұрынғы жеткен туристтiк қызметтер көлемiнiң жылдам түсуi, материалдық базаның қысқаруы мен халықтық туристтiк қызметтерге қажеттiлiктерiнiң сәйкес келмеуi кризистiк бағаға әкеледi.
Кейiнгi жылдары халықаралық туризмде маңызды рөлдi iскерлiк туризм алады, өйткенi сапарлардың үлкен бөлiгi iскерлiк мақсатта жасалады. Осыған байланысты iскерлiк туризм бұл – жиырмасыншы ғасырдың феноменi аталған әлемдiк экономиканың басты және қозғалыстағы салаларының бiрi. Iскерлiк туризм өркениеттi әлемiнде келешегi бар және табысты бизнес болып танылған. АҚШ-та жүз жылдан астам, Еуропада 50-жылдары, ТМД-да – оның iшiнде Ресей мен Қазақстанда бүгiн қалыптасты десек болады.
Бүгiнгi күнi, мамандар арасында ортақ «iскерлiк туризм» түсiнiгi жоқ. Бiреулердiң ойынша, бұл – шетелге көрме, конференцияға сапар десе, басқалар пайдалыны жайлымен бiрiктiру,яғни iскерлiк келiссөздер жүргiзу және жаңа жерлерде демалу;ал үшiншi бiреулер - «iскерлiк туризм» деген жоқ, өйткенi, анықтамасы бойынша iскерлiк болмауы мүмкiн дейдi. Бiрақ, барлық осы түсiнiктер мен анықтамаларға қарамастан, iскерлiк туризм ұғымы бар және экономикалық белсендi қалыптасқан, келешегi бар сала.
Iскерлiк туризм бұрынан берi жұмысын атқарып келедi, тек 1990 жылдан бастап бұл бизнес сферасы қанатын кеңге жайып, туризм саласының ең табысты саласына айналды. Тек Еуропаның өзiнде 1998 жылы iскерлiк туризмге 227 млрд. шығындалған. Дүниежүзiлiк туристтiк ұйым мәлiметi бойынша iскерлiк туризмнен түскен табыс жыл сайын 4%-ға өседi.
Бұл Ассоциация 38 елден 2 мың мүшеден құралған. «SITE» -тың негiзгi жұмыс бағыты – бұл өз мүшелерiн маркетингтiк қолдау, тәжiрибе алмасу және тарату, арнайы әдебиеттер шығару.
Осындай ұйымдар көмегiмен бизнесмендерге әлем бойынша саяхаттау жеңiлдедi, өйткенi оларға дайын қызметтер жиынтығы немесе клиент қалауымен жаңа пакет өңделедi.
1 Волков А. А. Гостиничный и туристский бизнес. – М., 2007. – С.56-57
2 Юшина Н.В. Деловой туризм на международной арене // Газета «Travel Trade Gazette». – М., 2003. - №9. – С.5-6
3 География инновационной сферы мирового хозяйства. - М., 2000. – С.12-15
4 Гуляев В. Г. Организация туристской деятельности: учебник. - М.,1996. – С.24-26
5 Ассоциация делового туризма // www.rbta.ru
6 Александрова А. Ю. Международный туризм. - М.,2001
7 Аверьянов Е. К. Реклама туристских маршрутов и услуг. - М.,1987
8 Биржаков М. Б. Введение в туризм. - СПб.,2001
9 Волошин Н. И. «Международный туризм. Правовые акты» М.,2000
10 Романов А. А. География туризма: учебник. - М.,1998
11 2010 жылғы Қазақстан Республикасының туризмi: Статистикалық жинақ. – Астана: ҚР статистика бойынша агенттiгi, 2011
12 Қазақстан Республикасының туризм даму концепциясы // Туризм және спорт Министiрлiгi коллегияларының материалдары. – Астана, 2009
13 S.Bard. Spesial Report women travelers sold on safely, Hotel & Motel Management, August 20, 1990
14 Квартальнов В. А. Иностранный туризм. - М., 1993. – С.11-21
15 Ильина Е. Л., Штыхно Д. А. Маркетинг бизнес-путешествий. - М.,2003. – С.41-42
16 www.turist_ru – Ресейдегi бизнес-туризм – мүмкiншiлiктерi мен перспективалары(08.08.2003)
17 Trends in the Hotel Industry,USA Edition, 1992 ,PFK Consulting
18 Журналдар «Business Travel & Expense Mene Management Report».1992.»American Express Europe Ltd»
19 www.yandmarkup?cluster – Туризм географиясы
20 Волошин Н. И. Международный туризм. Правовые акты. - М.,2000
21 Қазақ Совет Энциклопедиясы, 6-том, Алматы
22 Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, практика. Алматы, 2000 – 336 с.
23 U.S. Travel Data Survey of Business Travelers; Lodging, December, 1991
24 Cоколова М. В. История туризма. – М., 2003
25 Иоронкова Л. П. История туризма. – М., 2007
26 Алгабаева Г.Н. Деловые путешествия // Газета для путешественников. – М., 2001. - № 12-16
27 Жукова М. А. Индустрия туризма. Менеджмент организации. – М., 2003
28 Комплексная программа развития туризма в Москве за период до 2010 года. - М., 2000
29 Маңғыстау облыстық қоғамдық газеті. [№154. 4 қазан 2008 жыл] Іскерлік байланыстар
30 Пасечный П. С. Туризм для всех. - М.,1986
31 Папирян Г. А. Международные экокономические отношения: Экономика туризма. - М.,2000. – С. 12-15
32 Сенин В. С. Организация международного туризма. Учебник. - М.,1999
33 Чудновский А. Д. Гостиничный и туристский бизнес. Учебник. – М., 2007
34 Монтанер Х. Монтехано.Струкрура туристического рынка. Учебник. - Смоленск, 1994
35 Янкевич В. С., Безрукова Н. Л. Маркетинг в гостиничной индустрии и туризме. Российский и международный опыт. - М., 2000
36 ҚР-сының туристтiк iс-әрекет туралы заңы. 212 – 2, Астана, 13.06.2001
37 2005 жылға арналған ҚР-сы Президентiнiң Халыққа жолдауынан.
38 D.Beel. Frequent Travelers Speak Out, Lodging Hospitality. February, 1990
39 J. Moulsdale. What do women business travelers want? HSMAI Marketing Review, Winter, 1995

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Қорғауға жіберілді
Туризм кафедрасының
меңгерушісі__________ А.М. Артемьев

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Іскерлік туризм

050902 – Туризм мамандығы

Орындаған
Байқоңыров Қ.

Ғылыми жетекшісі
аға оқытушы
Шакен А.Ш.

Норма бақылаушы Байжокенова А. М.

Алматы 2011
МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ
1 IСКЕРЛIК ТУРИЗМНIҢ КАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚАЗIРГI ЖАҒДАЙЫ 5
1.1 Туризм туралы түсінік 8
1.2 Iскерлiк туризм географиясы және іскерлік саяхатшылардың 11
жіктелуі
1.3 Қазiргi туризм жiктелуiндегi iскерлiк туризмнiң алатын 14
орны
1.4 Iскерлiк туризмнiң түрлерi 18
2 IСКЕРЛIК ТУРИЗМ ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 28
2.1 Қазақстан Республикасындағы туристік кешенін басқару 28
2.2 Қонақ үй таңдаудағы iскерлiк туристердiң қалауы 37
2.3 Iскерлiк саяхатшылар қажеттiлiктерiн қанағаттандыру 40
2.4 Халықаралық іскерлік туризм даму ерекшеліктері 43
3 Қазақстан Республикасында іскерлік туризмді дамыту 48
перспективалары
3.1 Қазақстан іскерлік туризм орталықтары 48
3.1.1Алматы қаласы – іскерлік туризм орталығы ретінде 48
3.1.2Астана қаласының іскерлік туризм потенциалы 53
3.2 Қазақстанда халықаралық туризмді ұйымдастыру 57
мүмкіншіліктері және перспективалары
ҚОРЫТЫНДЫ 61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 63

КIРIСПЕ

Дипломдық жұмыстың тақырыбын Iскерлiк туризмге байланысты алған
себебіміз өркениеттi әлемiнде келешегi бар және табысты бизнес болып
танылтуды мақсат еттік. АҚШ-та жүз жылдан астам, Еуропада 50-жылдары, ТМД-
да – оның iшiнде Ресей мен Қазақстанда бүгiн қалыптасты десек болады.
Туризм халық шаруашылығының қарқынды дамып келе жатқан және ең кiрiстi
салаларының бiрi. Үшiншi мыңжылдықтың басында халықаралық Үлесiне жалпы
әлемдiк сауда қызметтерiнiң 30-35% тиедi. Iшкi және халықаралық туризмнiң
жалпы шығыны әлемдiк жалпы ұлттық өнiмнiң 12% құрайды.
Туризм мәдени құндылықтың дамуы мен қозғалуына әсер етедi, әртүрлi
елдер мен халықтар арасындағы қатынастарды бiрiктiредi. Үкiмет, қоғамдық
ұйымдар және коммерциялық құрылымдарды қоршаған ортаны жақсарту мен
қорғауға белсендi қатысуға итермелейдi.
Қазақстандағы туризм жағдайы бұрынғы жеткен туристтiк қызметтер
көлемiнiң жылдам түсуi, материалдық базаның қысқаруы мен халықтық туристтiк
қызметтерге қажеттiлiктерiнiң сәйкес келмеуi кризистiк бағаға әкеледi.
Кейiнгi жылдары халықаралық туризмде маңызды рөлдi iскерлiк туризм
алады, өйткенi сапарлардың үлкен бөлiгi iскерлiк мақсатта жасалады. Осыған
байланысты iскерлiк туризм бұл – жиырмасыншы ғасырдың феноменi аталған
әлемдiк экономиканың басты және қозғалыстағы салаларының бiрi. Iскерлiк
туризм өркениеттi әлемiнде келешегi бар және табысты бизнес болып танылған.
АҚШ-та жүз жылдан астам, Еуропада 50-жылдары, ТМД-да – оның iшiнде Ресей
мен Қазақстанда бүгiн қалыптасты десек болады.
Бүгiнгi күнi, мамандар арасында ортақ iскерлiк туризм түсiнiгi жоқ.
Бiреулердiң ойынша, бұл – шетелге көрме, конференцияға сапар десе, басқалар
пайдалыны жайлымен бiрiктiру,яғни iскерлiк келiссөздер жүргiзу және жаңа
жерлерде демалу;ал үшiншi бiреулер - iскерлiк туризм деген жоқ, өйткенi,
анықтамасы бойынша iскерлiк болмауы мүмкiн дейдi. Бiрақ, барлық осы
түсiнiктер мен анықтамаларға қарамастан, iскерлiк туризм ұғымы бар және
экономикалық белсендi қалыптасқан, келешегi бар сала.
Iскерлiк туризм бұрынан берi жұмысын атқарып келедi, тек 1990 жылдан
бастап бұл бизнес сферасы қанатын кеңге жайып, туризм саласының ең табысты
саласына айналды. Тек Еуропаның өзiнде 1998 жылы iскерлiк туризмге 227
млрд. шығындалған. Дүниежүзiлiк туристтiк ұйым мәлiметi бойынша iскерлiк
туризмнен түскен табыс жыл сайын 4%-ға өседi.
Бұл Ассоциация 38 елден 2 мың мүшеден құралған. SITE -тың негiзгi
жұмыс бағыты – бұл өз мүшелерiн маркетингтiк қолдау, тәжiрибе алмасу және
тарату, арнайы әдебиеттер шығару.
Осындай ұйымдар көмегiмен бизнесмендерге әлем бойынша саяхаттау
жеңiлдедi, өйткенi оларға дайын қызметтер жиынтығы немесе клиент қалауымен
жаңа пакет өңделедi. Көрiп отырғандай, бұл ассоциациялардың рөлi өте
маңызды және соған ұқсас ассоциациялар құру бiздiң елiмiз үшiн - өте
өзектi. Бiрақ, бұл ғана мәселе болып тұрған жоқ, Қазақстанда басқа да
iскерлiк туризм мәселелерi бар.
Зерттеу мақсаты - туризмнің іскерлік түрін дамыту Қазақстандағы
мүмкіншіліктерді зерттеу. Атаулы қойылған мақсаттан келесі міндеттер
анықталады:
- іскерлік туризмнің қалыптасуы және қазіргі жағдайын анықтау;
- Қазақстандық іскерлік туризм дамуының ерекшеліктері және туризм дамуы
үшін инфрақұрылым жағдайын талдау;
- Қазақстанда іскерлік туризм даму мүмкіншіліктерін көрсету;
- Қазақстандың іскерлік туризм орталықтарын анықтау.
Қазақстандағы іскерлік туризм дамуының мәселері мен перспективалары
қарастырылады.
Дипломдық жұмыста тек қана Қазақстан емес сонымен қатар әлемдiк
iскерлiк туризм келешегi мен мәселелерiн анықтауға тырысамыз. Сонымен қатар
Қазақстанның әлемдік туристік нарық жүйесіне кіруіне, қызмет көрсетулердің
халықаралық саудасы мен мемлекет экономикасының кіріс секторы шеңберінде
халықаралық кәсіпкерлік пен іскерлік ынтымақтастықтың маңызды саласы
ретінде бәсекеге қабілетті туристік индустрия құруға жәрдем ететін
Қазақстанның орталықтары ықпалы зор екенін көрсетеміз.
Дипломдық жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде бүгінгі таңға дейін
туризм саласындағы шетелдік және отандық зерттеушілердің еңбектері,
статистика агентігінің мәліметтері, түрлі әдістемелік нұсқаулар, оқулықтар,
газет-журналдар, халықаралық сайттар мен басқа да мәліметтік ақпараттар
алынды.

1 IСКЕРЛIК ТУРИЗМНIҢ КАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚАЗIРГI ЖАҒДАЙЫ

Busines Travel (Iскерлiк туризм)- тiптi халықаралық өлшеммен
қарағанда жаңа түсiнiк. Iскерлiк туризмнiң ең қанат жайып дамуы өткен
ғасырдың 80 жылдарынан басталды. Iскерлiк ңатынастардың жылдам қарқынмен
өсуi бiрнеше себептерге байланысты. Олар iскерлiк, ғылыми, мәдени аусымдар
интенсификациясымен байланысты әлемдiк экономиканың өзектiленуi, орта класс
үлесiнiң көбеюi есебiнен, халықтың әлеуметтiк құрамының өзгеруi [1].
Батыста iскерлiк сапарларды ұйымдастыру мәдениетi 10 жылдық бойында
қалыптасты. Осы уақыт iшiнде iскерлiк туризм сферасында әлемде
ассоциациялар пайда болып, қалыптаса бастады. Жоғарыда айтылғандай –
ғылыми, бiлiм мекемелерi, баспа мекемелерi, әдiстемелiк оқулықтар,
маманданған секторлар мен категориялар базасында тұрақты ұйымдасјан құрылым
қалыптасты. Басты мән беретiн жәйт Батыста iскерлiк туризмнiң дамуына
мемлекет тарапынан қолдау көрсетiлген.
Iскерлiк туризм кездесу индустриясы (Meeting Industry)- ұқсас
түсiнiктер. Негiзiнен ол ағылшын тiлiнiі MICE аббревиатурасынан құрылған
бiрнеше сөздiң бастапқы әрпiнен тұрады. Бұл сөздер iскерлiк туризм
индустриясында кең қолданысқа ие [2].
Аббревиатураны жiктесек:
M – meeting- кездесулер
I – incentives- интенсивтi iс-шаралар
C – conventions- конференциялар
E – exhibitions- көрмелер
Өкiнiшке орай, бiзде әлi iскерлiк туризм нарығында қалыптасатын
маманданған тұлғалар, негiзгi ұйымдар туралы ұсыныстар мен түсiнiктер
шатасқан, олардың мақсаттары, функциялары, өкiлеттiлiктерi шектелмеген,
анық жiктелуi жоқ. Әлi күнге дейiн қабылданған стандарттар мен халықаралық
тәжiрибе көзiмен аталмыш саланың негiзгi параметрлерiн сипаттайтын анық,
түсiнiктi тiркелген сөздiк жоқ. Әрине, бұның барлығы маманданған компания
жұмысын қиындатады, iскерлiк саяхат немесе шара ұйымдастыру мәселесiн
тудырады, халықаралық және ұлттық құрылымдармен қатынасты күрделендiредi.
Іскерлік туризммен бүкіл халықаралық тарихты байланыстыруға болады.
Ұлы Жібек жолымен жүрген саудагерлер, Марко Поло, Афанаси Никитин, Васко
да Гама, христофор Колумбтар сапарларын белгілі бір мақсатпен
байланыстырады, былайша, іскерлік сапар жасаған десек те болады.
Қазіргі таңда саяхатшылардың әр бір төртіншісі сапарларын іскерлік
мақсатпен байланыстырады. Және осы іскерлік сапарлардың әр түрлі мақсатта
жасалатын үлкен саяхаттар секторын іскерлік туризм дейміз.
Іскерлік туризм – дегенде туристік қызметтердің толық пакетін
жатқызамыз. әуе билетін броньдаудан бастап бизнес виза жасау және
трансферлер іскерлік кездесулерді, демалуларды ұйымдастыруларды айтамыз.
Іскерлік туризм - әр елдің ұлттық экономикасының дамуында үлкен рөл
атқарады. Және сол экономиканың әлемдік нарыққа интеграциалануына септігін
тигізеді. Іскерлік туризм әр қилы , ол өз құрамына жеке сапарлар мен топтық
сапарларды қамтиды. Және бұл сапар шегулер әр түрлі халықаралық
корпорациялар ұйымдастыратын іс шараларға қатысады. Ал бұндай іс
сапарлардың түрі көп. Съездер, конференциялар, семинарлар, тағы басқадай
шаралар. Бұндай іс шараларды көптеген саяси, экономикалық, ғылыми, мәдени,
діни және басқа да ұйымдар ұйымдастырады. Бұнымен қатар әр түрлі
жәрменкелер, бизнес трэйнингтер, бизнес курстар тағы басқада іс шараларға
қатысу, бұлардың барлығы іскерлік туризмнің бір бөлігі. Сонымен қатар
бұндай іс шаралар әрқашан экскурсиялармен, танымдық бағдарламалармен
байланыстырылады.
Іскерлік туризм тұтынушылармен, инвесторлармен, іскеллік әріптестермен
кездесуге, жаңа технологиялармен танысуға, бизнестің дамуына оң септігін
тигізеді. Ал жекелеген бизнестің дамуы дегеніміз сол мемлекеттің барлық
экономикасының алға жылжуы, дамуы екендігі айтпаса да белгілі. Осы себептен
біз іскерлік туризмді экономиканың маңызды бір бөлігі дей аламыз.
Iскерлiк ресей бизнесмендерi Ресей үшiн iскерлiк туризмнiң өзектiлiгi
мен келешегiн есепке ала отырып 2000 жылы қаңтарда Iскерлiк Туризм
Ассоциациясын құрды. Ассоциация Ресейдегi, ТМД елдерiн және шетел iскерлiк
туризм нарығында жалпы мақсаттарды өткiзу үшiн, мүдделердiң жалпылама
негiзiнде бiрiккен тәуелсiз ұйымы [3]. Әлемде Ассоциация нұсқа сипатында
Жұмыс кооперация мақсатында құрылады. Iскерлiк Туризм Ассоциациясының
миссисы – iскерлiк туризмнiң қазiргi инфрақұрылымын дамытуға iс-әрекет
етуде қызметтер тұтынушылар мен тасымалдаушыларға ортақ ақпараттық кеңiстiк
құру; iскерлiк туризмнiң әлемдiк концепциясын дамыту және қозғау;
ағартушылық-бiлiм жұмыс атқару жолдарын қарау. Ассоциация өз жұмысында
позитивтi тәжiрибе мен халықаралық бизнес-бiрлестiктер салалар рөлiне
сүйенедi.
Iскерлiк туризм инфрақұрылымында орталық орынды қонақ үйлер мен бизнес-
орталықтар алады, сондықтан бiз оларға көп көңiл бөлемiз.
Тәжiрибелi және болашақты болжайтын басқарушылар, қонақ үй бизнесiнде
iскерлiк саяхатшылар күнделiктi туристерге қарағанда басқадай жағдайды
қажет ететiнiн түсiнедi. Бүгiнгi күнi бiз жиi Интеллектуалдық мекеме
туралы естимiз, интеллектуалды қала, үй т.б. Дәл осындай концепцияның өтуi
Қазақстанның ақпараттық әлемге жедел өтуiне мүмкiндiк бередi. Жалпы
Қазақстан Ресей және басқа да ТМД елдерiнде құрылу өзектiлiгi, сонымен
қатар, бизнес үшiн қолайлы осы елдердiң iрi қалалары The best cities for
business зерттеу нәтижесiнде көрсеткендей бизнес жүргiзу үшiн өте қолайлы
болып отыр. Бұны Anderson аудиторлық компаниясы мен Fortune журналының
бiрiгуiмен 2000 жылы жарық көрдi [4]. Зерттеулер қорытындыснда Мәскеу және
Санкт-Петербург iскерлiк инфрақұрылым сапасы бойынша алғашқы орындарда
болса, Алматы мен Астана туралы мүлдем айтылмаған.
Тағы бiр зерттеу Runzheimer Internatonal компаниясымен жүргiзiлген.
Бұл жолы Бизнес-саяхаттар үшiн ең қымбат әлем-қалары( кесте 1).

Кесте 1
Бизнес-саяхаттар үшiн ең қымбат әлем қалалары [5]

Қала аты Құны, АҚШ доллар
Лондон $498
Женева $410
Мәскеу $407
Нью-Йорк $401
Амстердам $393
Сан-Хуан(Пуэрто-Рико) $388
Токио $374
Бостон $358
Сантьяго(Чили) $351
Дели $350
Гамбург $177
Страсбург $175
Сан-Хосе(Коста-Рика) $174
Куала-Лумпур $165
Монреаль $164
Ванкувер $159
Оттава $158
Окланд $154
Аделаида $154
Йоханнесбург $140

Зерттеу әлемнiң 200 қаласында жүргiзiлген. Қымбаттылығы үш күндiк
бизнес-класс мейрамханада тамақтану және бiр орынды бизнес-класс қонақ
үйiнде орналасу құны қосындысымен анықталды.
Мұнда әлемдегi ең қымбат қалалардың жиырмасы келтiрiлген, және бiз
көрiп отырғандай тiзiмде – қалалар әлемнiң әр бұрышынан алынған. Бiрақ
көшбасшы Үштiкке Еуропа қалалары, соның қатарына – Мәскеуде кiредi. Ең
арзан қалалар тiзiм бойынша Йоханнесбург, Аделаида және Окланд болып
келедi.

1. Туризм туралы түсінік

Қазіргі кезде адам қызметінің әртүрлі формалары бар, олар жалпы жағдай
жасауға және әлемді тануға бағытталған. Халық тұрмысының жақсаруы жаңа
әлемді ашуға адамның қажеттілігін, соның шінде саяхатқа құштарлығын
арттырады. Саяхат дегеніміз – туризм.
Туризм тек орын ауыстыру емес, ол көптеген экономикалық және әлеуметтік
аспектілерді құрайды. Соңғы он жылда туризм мықты дербес индустрияға
айналды. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мәліметтері бойынша туризм әлемнің
өндірістік- сервистік нарық айналымының 10%-ын қамтамасыз етеді. Туризм
сферасына әлемдік ұлттық жиынтық өнімнің 6%- ын, әлемдік инвестицияның 7%-
ын, әр 16 жұмыс орны, әлемдік тұтынушы шығындарының 11%-ын, барлық салық
түсімінің 5% келеді. Бұл сандар туризм индустриясының экономиаға тікелей
әсерін көрсетеді.
Туризм түсінігіне теориялық және практикалық тұрғыдан нақты анықтама
берілуі керек.
Көптеген авторлар туризмге толық анықтама беруге тырысты. Әр пікір
өзгеше болып табылады және бұл терминнің көптеген өлшемін көрсетеді. Алайда
туризмнің әр түрлі түсіндірмесін жинақтап қорыту, белгілі бір оптимум
таңдау өте қиын.
1980 жылы Манила декларациясы Туризм – халықтар өмірінде маңызды орын
алатын әлеуметтік, мәдени, білім және экономика ауданында, мемлекет өміріне
және оның халықаралық қатынастарына тікелей әсер ететін қызмет түрі
(Филиппин, қазан 1980 жылы) - деп жариялады. 1993 жылы БҰҰ-ның
статистикалық комисииясы туризмге кең анықтама берді: Туризм – бұл өзінің
тұрғылықты жерінен басқа жерде болатын, бір жылдан аспайтын уақытта демалу,
іскерлік және басқа да мақсаттарда саяхаттайтын тұлға қызметі [6].
Халықаралық туристік Акдемия баспасында берілген анықтамада (Монте
Карло): туризм – көңіл көтеру, демалу немесе емделу үшін жаяу немесе қандай
да бір трнспорт түрімен жасалатын саяхат.
П.Г. Олдактың пікірінше, қазіргі ғылыммен жинақтап айтқанда: Туризм-
бұл өмір сүрумен және жұмыс орнын ауыстырумен байланыссыз халықтың
қозғалысы, демалу, емделу, ғылыми іскерлік және мәдени кездесулер
мақсатында саяхаттау - дейді.
Қазіргі күнге дейін туризм түсінігінің көпшілік қабылдаған нақты
анықтамасы жоқ. Жоғарыда келтірілген анықтамалар оның тек кейбір жақтарын
қамтиды. Бірінші анықтамада әлеуметтік және экономикалық жақтары, ал
екіншісінде – әлеуметтік және құқықтық жақтары (адам уақытын есептеуге
арналған туризмнің шектелген уақыты) көрсетілген.
Туризмнің әлеуметтік жақтарының басым болуы бақыланып отыр, бұл
адамдардың қоғамдақ – экономикалық өмірін әлеуметтендіру тенденциясымен
түсіндіріледі. Бұрыңғы ҚСРО кезінде тіршілік деңгейінде барлық әрекеттің
әлеуметтік аспектісі алдыңғы орында болды. Туризмде бұл мағына айтпаса да
түсінікті. Профсоюз жолдаманың өзі төлеп немесе арзан бағамен және
көрсетілген қызметті тегін ұсынып отырды.
Қазір туризм терминін кең және терең түрде түсіндіру керек. Біздің
ойымызша туризм анықтамасы екі бағытта беріледі:географиялық және
экономикалық. Туризм географиялық тұрғыдан сұраныс және ұсыныстың кеңістік
– территориялық қолданылу негізін білдіреді. Экономикалық тұрғыдан туризм
сұраныс және ұсыныстың тұтынушылық шаруашылық негізі.
Туризмге экономикалық тұрғыдан бірнеше анықтама берілген:
Г.А. Папирян,туризм ол қызметтер жиынтығы,оларды тұтыну барысында ғана
байқауға болады және ол өндірістік өнім сияқты жүйелі түрде ұдайы
өндірілмейді.
П.В. Шульгиннің ойынша, қазіргі туризм анықтамасы 2 көзқарасты
көрсетеді. Оның бірі туризм индустриясы – халық шаруашылығы құрылымында
ерекше саланың қалыптасуы. Ол барлық келушілерге сұраныстарын
қанағаттандыру үшін маманданған бірқатар өндірістік қызметтер мен қызмет
көрсету мекемелерінің жиынтығы. Екіншісі, туризмді дербес салаға бөлу. Егер
туристік мекемелерге қатысты туризмнің өзіне тән еңбек ұсынысының ортасы
болса, онда бұл қызмет туризмді дамыту және ұйымдастыру ерешеліктеріне
байланысты болады. Біздің ойымызша, туризмнің экономикалық мәнініе нақты
анықтама қазіргі туризмнің экономикасы жұмысында берілген: Туризм қызмет
және тауар нарығының бөлігі болып табылады. Сұранысқа ішкі және
халықаралық туристік нарық жатады, ал ұсынысқа транспорт, туристік көрікті
жерлер және бос уақыт түрі, туристік нысандар, қызмет көрсету жүйесі және
инфрақұрылымы, сондай- ақ жарнамалық анықтамалық қызмет жатады.
Біздің ойымызша, туризм дегеніміз – рекреация, емдік, танып білу және
әр түрлі қызметпен айналысу мақсатында келген елінде тұрғылықты жерін
ауыстыру немесе жұмыс істеуге байланысты емес адамдардың уақытта және
кеңістіктегі қозғалысы. Бұл анықтама географиялық мәнге ие [7].
Туризмнің негізгі түсініктерін анықтай отырып оның дамуына себепші
боатын және әсер ететін факторларға тоқтаймыз. Схема бойынша олар
төмендегідей (сурет 1).

Сурет 1. Туризмнің негізгі түсініктерін анықтай отырып оның дамуына
әсер ететін факторлар [3]

Аталған факторлар біздің мемлекетке тән және Қазақстанның әлемдік
туристік бірлестікте орнын айқындайды.
Туризмнің дамуына әсер ететін негізгі фактолар статистикалық және
динамикалық болып бөлінеді. Статистикалық факторларға табиғи – географиялық
факторлар жиынтығы кіреді. Олардың өзгермейтін және қалпына келмейтін
мағынасы бар. Динамикалық факторларға демографиялық, әлеуметтк –
экономикалық, материалды – техникалық және саяси факторлар жатады. Олар
уақытта және кеңістікте өзгеретін әртүрлі бағасы, мағынасы болады [8,9].
Бұл факторлар жалпыланып айтылған және туризм ңегізгі аспектілерін
көрсетпейді. Туризмге әсер ететін факторлар тағы да сыртқы (экзогенді) және
ішкі (эндогенді) болып бөлінеді. Сыртқы факторлар туризмге демографиялық
және әлеуметтік өзгерістер арқылы әсер етеді. Бұл факторлар тобына:
тұрғындар жасы, жұмыс істейтін әйелдер санының өсуі және әр жанұяға
кірістің өзгеруі, тұрмысты және жанұяны кеш құру, тұрғындар құрамында
баласыз жанұяның көбеюі, иммиграциялық шектеулердің азаюы, төленетін іс –
сапардың өсуі және жұмыс уақытының қолайлы графигі, зейнетке ерте шығу,
туризмге жағадайлардың өсуі жатады.
Аталған көрсеткіштер тура немесе жанама түрде адамның бос уақыт
құрылымына әсер етеді. Бұл туризмнің дамуына объективті әлеуметтік
демографиялық жағдай туғызады. Сондықтан туризмді дамыту бағдарламасын
құрғанда бос уақыт бюджетін және тұрғындарының уақыт құрылымын анықтау
керек.
Экзогенді факторларға:
– экономикалық факторлар;
– қаржылық факторлар жатады.
Алайда біздің ойымызша, бұл факторлар ерекшелініп тұрады және оларды
бөлек қарастыру керек, өйткені олар туризмнің дамуын көбірек анықтайтын
факторлар болып табылады.
Сонымен қатар экзогенді факторларға:
– саяси;
– құқықтық бақылаудың өзгеруі;
– технологиялық өзгерістер;
– транспорт инфрақұрылымының және сауданың дамуы;
– саяхаттың қауіпсіздік жағдайының өзгеруі жатады.
Ішкі факторлар – бұл факторлар туризм сферасына тікелей әсер етеді. Ең
алдымен оларға материалды техникалық факторлар жатады. Бұл жерде біз ішкі
факторлар туризмге ғана емес, туризм индустриясына да қатысты деп
көрсеткіміз келеді. Себебі олар таза экономикалық көрсеткіштерге ие.
Мысалы, орналастыру орындарының, транспорт, тамақтану, орындары,
рекреациялық сфера, жекеше сауда және т.б. өсуі.
Туризмнің дамуын тежейтін факторлар қатарына төмендегі суретте
көрсетілген факторлар жатады (сурет 2).

Сурет 2. Қазақстан Республикасында туризмді дамытуға кедергі ететін
негізгі экономикалық факторлар [8]

Туризм жеке және ұжымдық жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы және
тәжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен, бос уақытты өткізумен, спортпен,
мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай
жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және халықтар мен
олардың әр түрлі мәдениеттерінің арасындағы олардың өзгешеліктерін танып-
білудің бірден бір факторы болып табылады

1.2 Iскерлiк туризм географиясы және іскерлік саяхатшылардың жіктелуі

Жыл сайын әлемде 100 млн аса бизнес сапарлар ұйымдастырылады. Олардың
территориалды таралуы біркелкі емес. Іскерлік мақсаттағы сапарлардың көбісі
Еуропаға бағытталған. Еуропа аймағындағы бизнес сапарлар арасында конгресс
турлар, көрме мен жәрмеңкелерге бағытталған саяхат, фирма қызметкерлері
үшін интенсив турлар көп таралған. Дегенмен, Еуропа әлемнің басқа
аймақтардаң іскерлік туризм даму үрдісі бойынша артта қалуда. Әсіресе, бұл
тенденция ХХ ғасырдың 90 жылдары байқала бастады. Компаниялардың көбісі
экономикалық төмендеу кезінде қатаң экономика саясатына өте бастады. Олар
бірнеше сапарларды бір сапарға біріктіріп, іс сапар санын азайта бастады,
көптеген мәселелерді жұмыс орында шешу мақсатында жетілдірілген байланыс
құралдарын енгізе бастады. Еуропалық фирмаларға қарағанда, американдық
фирмалар қаржыландыру көлемін өсіре бастады. Тұрақты емес экономикалық
жағдайға қарамастан, бизнесмендердің сапардың іскерлік жағына көп қаржы
бөліп, ойын-сауық бағдарламаларына қаржыны төмендете бастады.
Іскерлік мақсатымен сапар шегетін турист – орта жастағы ер адам,
жоғарғы білімі бар, жоғарғы деңгейлі маман немесе жетекші орындарды алатын
қызметкер. Іс сапар үшін басты қойылатын талап – ағылшын тілдің білімі бар
болуы.
Еуропада іскерлік туристерді басты жетілдіруші мемлекет – Германия
болып табылады. Жыл сайын 5 млн астам немістер іс сапарға шығады, олардың
3% шетелдерге шығады, 21% өз мемлекетінің ішінде және шетелге шығады, ал
76% Германия ішінде іс сапармен жүреді.
Басқа құрлықтарда орналасқан мемлекеттерге бағытталған іс сапарлардың
орташа ұзақтығы 12-13 күн, бір аймақ ішінде 5-6 күн, ал өз мемлекетінің
ішінде 3-4 күн.
Іскерлік сапарға шығатын туристерді қабылдайтын еуропалық мемлекеттер
арасында Германия, Ұлыбритания, Нидерланд,Италия, Испания, Швеция,
Швейцария ерекше бөлінеді. Бельгия және оның бас қаласы Брюссель іскер
адамдарды қабылдайтын жетекші мемлекеттердің бірі – себебі, мұнда Еуропа
Одағының бас пәтері орналасқан.
Францияда және Бельгияда әр бір екінші туристік сапар іскерлік
мақсатта, ал Ұлыбританияда әрбір үшінші сапар – іскерлік мақсатпен
орындалады.
Іскерлік туризм нарығында Орталық және Шығыс Еуропаның мемлекеттері де
айрықша бөлінеді. ХХ ғасырдың 90 жылдардың бірінші жартысында бұрынғы
социалистік кеңістігінде туризмнің бұл түрі жоғары үрдіспен өсе бастады.
1992-1995 жылдар аралығында Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінде
туристік келу үш есе өссе, олардың арасында іскерлік мақсаттағы туристер
саны 60% өсті. Нәтижесінде, аймақ іскерлік турлар ағымы бойынша жетекші
орынға шықты - 30%. Дегенмен, Румыния және Болгарияда іскерлік турлар саны
азайды. Румынияда бұл мемлекеттегі инфляция үрдісіне байланысты болды, ал
Болгарияда ұлттық өндірістің қысқаруы мен қаржы секторындағы дағдарысқа
байланысты.
ХХ ғасырдың 90 жылдардың екінші жартысында Шығыс Еуропа кейбір
мемлекеттерінде іскерлік сапарлар саны азая бастады. Бұл кезеңде іскерлік
байланыстар нығая бастады. Ресейде іскерлік сапарлар 1995 жылға қарай -дан
1999 жылға қарай 22% дейін азайды.
Америка құрлығында бизнес турлар кең қарқынды дамуда. Бұл аймақтағы әр
бір сегізінші сапар іскерлік мақсатпен орындалады. Негізгі іскерлік ағымдар
АҚШ, Канада, Мексикаға келеді. Өткен ғасырдың 90 жылдары бизнес сапарлар
саны өседі, дегенмен, әр түрлі үрдіспен. АҚШ-та қызмет бабындағы сапарлар
халықаралық туризм дамуының жалпы бейнесіне кіргізілді. Канадада іскерлік
туризм үрдісі АҚШ-қа қарағанда төмен болды. Мексикада іскерлік туризм
үрдісі қарқынды дамыды.
Латын Америкасында іскерлік туристер ағымы аймақ экономикасына жағымды
әсер ете бастайды. Бұл аймақ мемлекеттері іскерлік туризм нарығында өз
орнын берік нығайтты. Парагвай, Гватемала, Коста-Рика мемлекеттеріне қызмет
бабындағы сапарлар саны өсе бастайды.
Оңтүстік-Шығыс Азияда 1995 жыл әр бір бесінші сапар іскерлік мақсатында
болды. Оның үші Сянган (Гонконг), Сингапур мен Тайваньға келді.
Сянганда бизнес сапарлар саны 1990-1995 жылдар аралығында екі есе өсіп,
туристер саны 3 млн асты. Бұл үрдіс 1997 жылы үзілді. Бұл кезден бастап
туристік сапарлар саны 32% қысқарып, отелдер толуы төмендеді.
90 жылдары іскерлік туризм қарқынды Индонезияда да дами бастады. 1995
жылға қарай Индонезия іскер туристердің келу саны бойынша Тайвань және
Сингапурдан асып кетті.
Африка және Таяу Шығыста іскерлік туризм әркелкі дамиды. Іскерлік
туризмдегі үрдістің төмендеуі немесе өсуі мемлекеттердег саяси жағдайға
байланысты.
Африкада іскерлік туризм Конго Республикасында, Зимбабве және Эфиопияда
ерекше жоғары үрдіспен дамиды. Египет, Оңтүстік Африка Республикасы мен
Марокко Африка құрлығында іскерлік туристерді қабылдау бойынша жетекші
мемлемкеттер болып табылады. Таяу Шығыста іскерлік туристер ағымы бойынша
мұнай өндіруші мемлекеттер басты орын алады, оның ішінде Сауд Аравиясы.
Сонымен қатар, Израил және Иордания мемлекеттері де іскерлік туристерді көп
қабылдайды.
ХХ ғасырндың 90 жылдары саяси жағдай күрт өзгере бастады. Таяу Шығыс
пен Африкада ылаңкестік актілер көбейе бастады. Бұл іскрелік туризм және
жалпы туризмнің төмендеуіне кері ықпал етті.
Іскерлік туризмнің кең таралған түрі конгрессті-көрмелік туризм. Әлем
бойынша, симпозиумдарға, конференцияларға, семинарлар мен көрме-
жәрмеңкелерге деген қызығушылық өсуде. Бизнесмендер және ғалымдар соңғы
ақпаратты алу үшін, серіктестерімен кездесу, байланыстарды нығайту,
келіссөз жүргізу үшін форумдарға қатысады.
ХХ ғасырдың 30 жылдары жыл сайын 200 халықаралық конференция
ұйымдастырылса, 90 жылдары конгрес іс-шаралар саны 8 мыңға өсті (жылына).
Олардың негізгі бөлігі, шамамен, 80% Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада
өткізіліп отырады. Алғашқы үштікте АҚШ, Франция және Ұлыбритания. Германия
төртінші орынды алады. Германия өткізіліп отырылатын көрмелерімен әлемде
танымал.
Германияда екінші мыңжылдықтың қортынды көрмесі өткізілді. 2000 жылы
Ганновер қаласында 1 шілдеде Экспо – 2000 көрмесі өткізілді. Мұнда 189
мемлекет қатысты.
Еуропада конгрес-көрмелік орталықтар Барселона, Брюссель, Вена, Женева,
Копенгаген, Лондон, Мадрид және Париж, Страсбур болып табылады. Жыл сайын
Швейцарияға Давосқа іскер және мемлекеттік тұлғалар келеді. Мұнда, әлем
шаруашылығының дамуының өзекті мәселелері талқыланады.
Қонақ үй кәсiпорнынан қашықтықта iскерлiк серiктестердi өзiне тартатын
компаниялар орналасады. Жергiлiктi компаниялар коммерциялық сапарлар,
мемлекеттiк, аймақтық келiссөздер ұйымдастыру орталығы болуы мүмкiн. Бұндай
компаниялар келесiдей көздерден көрiнедi:
- әртүрлi компаниялар офистерi тiзiмi;
- коммерциялық ұйымдар тiзiмi;
- жергiлiктi газеттер мақалалары;
- мемлекеттiк және аймақтық ақпараттық баспа материалдары.
Ұлттық шеңберде iскерлiк саяхатшыларды тарту үшiн компания аты мен
жауапты тұлғалар аттарын келесiден анықтауға болады:
- iскерлiк баспасөздер мен директорияларынан;
- саяхат өзектiлiгi баспасөзiнен;
- мемелекеттiк салалық көздерiнен;
- Ұлттық Ассоциациялар тiзiмiнен.
Осылай алынған мәлiметтер шығынмен байланысты қаралған шаралар шешiлмей
тұрып, олардың потенциалын қорытындылауы керек.
Сату бойынша басқа да көптеген операциялар сияөты ең тиiмдiсi тiкелей
iскерлiк саяхатшыларды табу болып табылады. Хатқа сiздiң қонақ үй, телефон
шалымдары, жеке сатулар қызметтерi көрсетiлген қосымшаны қолдану жатады.
Сонымен қатар, компания менеджерлерi, секретарьлар клубтары,
туроператорлар турагенствосы арқылы жұмыс iстеуге болады.
Компанияның көлiк менеджерлерi өз фирмасының қызметкерлерiне сапаралар
ұйымдастырумен жоспарлаумен айналысып, iскерлiк белсендiлiк көрсетедi.
Тағы бiр тиiмдi әдiс – хатшылар клубы арқылы қонақ үйге жыл сайынғы
шаралар, танымдық турлур т.б. ұсынылады. Мысалы, Sheraton Meridians Inn
Siders Club орналасу мен тамақтану үшiн жеңiлдiк бағасын ұсынады, көп
тапсырыс жасаған хатшыларға жеңiлдiк жасалады. Қонақ үйлер жарнама,
қоғаммен байланыс (public relations) арқылы мақсаттарына жетуге тырысады.
Жарнама бiрнеше түрде, оның iскерлiк саяхатшылар категориясына қарай
болады: таспа жарнамасы, жолдағы жарнама щиттерi, жәрмеңке ,т.б.

1.3 Қазiргi туризм жiктелуiндегi iскерлiк туризмнiң алатын орны

Бүгiнгi күнi туризм – бизнес саласындағы ең табысты көзi болып
табылады. Туризм көрсеткiш мысалымен тек қана өнеркәсiп, ауыл шаруашылық
ғана емес қызметтер нарығына көптеген миллиардтап табыс әкелетiн сала
екендiгiн көрсетiп отыр. Туризмнен түскен салықтан көптеген елдер бюджетi
құралып, туризм рөлi әлемдiк экономикада жылдан- жылға өсуде.
Туризм барлық шаруашылық салаларымен және адамдар жасайтын iс -
әрекеттердiң түрлерiмен байланысты, себебi олардың дифференциациясы мен
дискреттiлiгi адамдарда орын ауыстыру мен тануды тудырады.
Кейiнгi он бес жылда туризм саласы қалыптасып, қызмет көрсету бойынша
әлемдегi ең үлкен сфера атағын алды. Бiрақ мемлекет экономикасына туризмнiң
дұрыс әсер етуi егер туризм елде барлық жағынан дамып, экономика қызметтерi
ел экономикасын жоғары болмаса ғана дамиды [6].
Соңғы елу жылдың iшiнде туристтiк индустрияға кең ауқымдағы мәселелер
қолайсыз жағдай туғызды. Олар – табиғи қауiптер, күрделi әлеуметтiк
шиеленiстер, соғыстар, экономикалық кризистер мен терроризм. Туризм
индустриясы икемге келiп, қиындықтарды жеңiп, бiраз тәжiрибе жинап қалды.
Туризм басқа салаларда болмайтын кризистердi жеңiп шығатын
экстраординарлық мүмкiндiгi бар. Туризм сферасының кеңеюiмен оның
көрсеткiштерi бiраз өзгерiстерге ұшырады.
Кейiнгi он жылдықта болған келудiң максималды өсу темпi 2005 жылы
болды. Бұл әлемдегi экономикалық және саяси тұрақтылыққа [6].
Қазақстанда сонымен қатар шетелдiк азаматтарының келуi мен Қазақстан
азаматтары шығу санының көбеюi байқалады (кесте 2).

Кесте 2
Қазақстанға келген шетел азаматтары мен шетелге шығушы Қазақстан
азаматтары [20]

Адам 2008 жыл 2009 жыл 2010 жыл
Шетелге шығушы 1246731 2293728 2274702
ҚР-ғы резиденттер
саны
ҚР-на келушi 37937 31246 39640
резидент еместер
саны

Халықаралық келушiлердiң жалпы көлемi жекелеген мақсаттағы сапарлар
үлесiнiң өсуiмен байқалады. Мәселен, 1999 жылы 3%-дан 2007 жылы 32.86%-ға
көтерiлген. Жекелеген мақсаттармен сапар шегу, яғни iскерлiк туристтер
үлесiнiң артуы, басқа топтардың қысқаруына әкелiп соғады. 1999 жылдан 2007
жылы iскерлiк сапарлар нәтижесiнде Қазақстанға келушi шетел азаматтарының
көлемi 2000 жылы 43% болса, 2004 жылы 13.12% қысқарды. Басқа жағынан,
көрсетiлген жекелеген мақсаттардағы келудiң жоғарғы үлесi виза құжаттары
мәселелерiмен байланысты [10].
Қазақстан Республикасының статистика жөнiндегi агенттiгi бұл резидент
және резидент еместердi сапар мақсатына қарай бөлдi [10]. Бұл кесте бойынша
қызмет бабымен барушы адамдар саны жекелеген сапарлардан асатынын байқаймыз
(3 кесте).

Кесте 3
Сапар мақсатына байланысты 2007 жылғы резидент және резидент еместер
саны [11]

Ел атауы Шетелге шығушы ҚР-ғы ҚР-на келушi резидент
резиденттер саны еместер саны
Барлығы,адам(соның 2274702 3677921
iшiнде)
Қызмет сапары 344406 397599
Туризм 121807 47461
Жекелеген 1596272 2138369
Транзит 7304 845929

Іскерлік туризм – туризмнің жоғары рентабелді және болашағы үлкен түрі.
Халықаралық туристік алмасуда іскерлік туризмнің үлесі шамамен 10-20%.
Жиырмасыншы ғасырдың екiншi жартысы келешектегi даму мен iшкi
экономикалық қатынастардың араласуымен танылды. Әлемдiк экономиканың өсушi
қажеттiлiктерi халақаралық келiссөздердiң өсуiне әкеледi.
Маманданған, ұйымдасқан жұмыс қызметтер тұтынушы мен жеткiзушi лерге де
тиiмдi,өйткенi сақтау мен iскерлiк туризмге қызмет көрсету сапасының
көтерiлуiнде iскерлiк сапарға бөлiнген қаражаттан 70% үнемдеп қалады.
Iскерлiк туризм қазiргi туризм жiктелуiнде басты орында тұр. Бұл туризм
түрi туризм типiне және осы категориядағы туризм турiне жатады. Соның
iшiнде бұл категория: рекреациялық, экскурсиялық (мәдени), арнайы түрлерге
бөлiнедi. Дәл арнайы туризм түрiне iскерлiк туризм түрi жатады
(коммерциялық-iскерлiк, конгресстiк, т.б.) [12].
Қазiргi бизнесте белсендi ақпарат алмасу, жаңа технологияны игеру,
халықаралық конгресстерге, семинар, көрмелерге қатысусыз мүмкiн емес. Бұның
барлығы iскерлiк туризм сферасына кiредi. Осы туризм саласы көмегiмен
экономикаға жаңа ойлар келедi, жаңа нарықты жаулап алады (27 ақпан-1 наурыз
аралығында Халықаралық Сауда Орталығында Iскерлiк туризм 2001. Iскерлiк
стиль көрмесi өттi).
Iскерлiк туризм отандық ұлттық экономика дамуына үлкен үлес қосады,
халықаралық инвестициялық капитал және әлемдiк экономика бiрiгуiне енуiне
әрекет етедi. Өкiнiштiсi, бұл iскерлiк туризм рөлi Қазақстанда мемлекеттiк
деңгейде жетiлiп болған жоқ. Маркетингтiк зерттеулер мен болжау
көрсеткендей, кез-келген экономикалық кризис және төмендеулер кезiнде бұл
туризм түрi аз күйзелiске ұшырайды, тiптi керiсiнше өзiнiң көлемiн
көбейтедi. Болашақ он жылда iскерлiк туризм өсу темпi жеткiлiктi жоғары
деңгейде қалады және 2020 жылы:
Iскерлiк халықаралық сапарлар саны 3 есе 564 млн-нан жылына 1,6 млрд-қа
дейiн өседi;
Iскерлiк туризмнен түскен табыс 5 есеге 399 млрд. $-дан 2 трлн. $-ға
өседi [12].
Мұндай табыстар динамикасының өсуi iскерлiк туризмде әлемдiк нарықта
жергiлiктi нарық тұрақсыздығы мен ерекшелiктерге байланысты Қазақстан,
Ресейге қолданылмаған, бiрақ Қазақстан үшiн жақын уақытта бұл бизнес
сферасы ең табыстылардың бiрi болып қалмақшы. Бүгiнгi күнi Қазақстандағы
iскерлiк туризм нарқы қалыптасу мен даму стадиясында. Бiрақ, ТМД елдерiнде
iскерлiк туризм дегенiмiз – iскерлiк сапарлар мен шараларға қызмет көрсету.
Сондықтан, бiзде әзiрше толығымен жетiлмеген, көбi iскерлiк туризмдi
жекелеген сала қылып бөлмейдi.
Сонда да iскерлiк туризм халықаралық туризмдегi басты салалардың бiрi.
Әлемде iскерлiк туризм терең әлеуметтiк-экономикалық және саяси құбылысқа
айналды. Жоғарыда айтылғандай. Бұл ең басты өзiндiк, жоғары рентабельдi,
динамикалық әлемдiк экономика саласы, қонақ үй нарығының негiзгi және
келешегi бар сегментi, туризмнiң өзiндiк секторы болып табылады. Батыс
компаниялары бұл туризм түрiн – баяғыдан бизнес – туризм деп атауда.
Шығу конференция, семинар, тренингтер – жақсыны пайдалымен қосу
мүмкiндiгi. Бұл бизнес – шешiм қабылдау, персоналды оқытуды жүргiзу,
iскерлiк байланыстарды орнату әдiстерi емес, сонымен бiрге команданың
корпоративтi рухын күшейту, коллектив мүшелерi арасындағы бейресми
қатынастарды ойластыру. Ресейлiк және Қазақстандық бизнесмендер де батыстық
әріптестеріне қарап, iскерлiк туризм мүмкiндiктерi туралы ойластыруда.
Бiрнеше туристiк фирмалар жаңа нарықты игеру, сауда келiсiмдерiне отыру
мақсатыме топтық бизнесмендер сапарларын ұйымдастыруға мамандана бастады.
Соған қарамастан, турфирмалар сирек белсендi бизнесмендерге көмектеседi:
олар – сол немесе басқа нарықтағы жағдайда болу, сауда партнерлерi
мүмкiндiктерi туралы мәлiметтер жинау, iскерлiк кездсулердi ұйымдастыру,
т.б [13].
Iскерлiк сапарлары нарығын анализдеу белгiлi бiр елдер немесе елдер
тобымен экономикалық қатынастар жағдайымен байланысты. Iскерлiк сапарлар
жекелеген ең жоғарғы класс пен қымбат апартаментте орналастыру және күнi
бойы көлiкпен қамтамасыз ету сұранысын туғызады.
Iскерлiк кездесулердiң ең атақтысы – бiрiншi класстағы бiр орындық
орналасу сұранысы. Iскерлiк саяхатшылар экономикалық тұрғыдан пайдалары
бар, өйткенi, оларда маусымдық факторлары болмайды. Тiптi тристiк маусым
биiктеу шегiнде олардың көлемi азаюы мүмкiн. Басты тағы бiр, бизнесмендер
сапарлары қосымша – жарнама, орындарды броньдау мен тәртiбi туралы ақпарат
шығындарын қажет етедi.
Бiздiң елiмiзде кiру iскерлiк туризмi инфрақұрылымының құрылуына аз
жұмыстар жасалған. Бұл жағынан, Ресей бiзден алда, Мәскеуде және облыс
орталықтарында көптеген бизнес – қонақ үйлер, бизнес орталықтар салынуда;
конгресс – бюролар; көрме ұйымдары құрылуда; конгресс, форум, т.б. iс –
шаралары күнтiзбесi кеңеюде.
Осы ақпаратөа сүйене отырып, қазақстандыј iскер адамдарға олардан үлгi
алу керек. Бұл тек қана үлкен табыс емес, ел экономикасын жаңа деңгейге
көтередi. Әлемдiк iскерлiк туризм дамуына саяси жағдайда көп әсерiн
тигiзбейдi. Ресейлiк Iскерлiк Туризм Ассоциациясының вице – президентi Юрий
Сарапкиннiң айтуынша, тiптi, әлемдiк туриндустрия кризисi болған 11
қыркүйектегi жағдай бұл туризм секторына көп әсерiн тигiзген жоқ.

1.4 Iскерлiк туризмнiң түрлерi

Iскерлiк туризм көп салалы. Жоғарыда айтылғандай, мамандар бизнес -
туризм түсiнiгi орнына жиi MICE терминiн қолданады, өйткенi бұл
аббревиатураны құрайтын сөздер – бұл iскерлiк туризм түрлерi немесе бизнес
– туризм құрылымы (Horwath Axe Consultants мәлiметi бойынша):
1) Жеклеген iскерлiк сапарлар, олар бүгiнгi күнi iскерлiк туризм
құрылымының 70,8% құрайды;
2) Конференция, семинарлар – 12,6%;
3) Көрмелер – 10,3%;
4) Конгресстiк туризм – 3,3%;
5) Интенсив – туризм – 2%.
Енді іскерлік туризм түрлеріне жеке тоқталып өтейік.
Жеке іскерлік саяхаттар, қазіргі бизестердің ең көп жасайтын
саяхаттарының бірі. Негізінен бұндай саяхаттардың мақсаты жаңа нарықты
барлауға жаңа байланыстар құруға арналған болып келеді. Бұл Жағдайда
бизнесмендер өз саяхаттарын алдын ала жоспарламайды.
Конференциялар мен семинарлар осы шараларды өткізу әдетте алдын ала
жоспарланады. Бұндай шараларға компаниялардың бір адамы немесе топ , ғалым,
жай ғана бақылауша жіберіледі.
Конгрестік туризм. Конгрестік қызмет көрсету туристік көрсетудің
ішіндегі спецификалық түрдің бірі. Конгрестік туризм ең табысты түрі болып
келеді. Осы туризм түрінің басқа саяхаттарға қарағанда айта кететін екі
артықшылығы бар :
- конгрестік туризм маусымаралық кезеңде немесе маусымсыздықта да
материалдық базаны қолдануға мүмкіндік береді;
- конгреске қатысушылардың орнын шараның басталуынан алдын ала бронь
жасап қою керек, және орналасу жері ыңғайлы, конгресс өтетеін жерге жақын
болуы керек, сонымен қатар көңіл көтеру, демалу, спортпен айналысуға
мүмкіндігі бар жер болуы тиіс;
Осы туризм түрі бір мезгілде екі түрлі қажеттілікті қанағаттандырып
отырады: ақпарат алу және демалу. Конгрестік туризмнен түсетін табыстың 30%
ін экскурсиялық бағдарламалар мен банкеттер құрайды.
Инсентив туризм (ағылшын сөзі incetntive - стимул, марапаттау ) пайда
болуына онша көп болған жоқ. Қазіргі заманда көптеген компаниялар өз
ұйымдарын мотивациялау мен біріктіру саясатын жүргізе бастады. Бұл біріккен
саяхаттар, корпоративтік кеш, ұйымдық демалыс, табиғаттағы пикник ретінде
жүзеге асады.
Компаниялар басшылары өз жұмысшыларына жақсы жұмыс істегені үшін
алғысын білдірудің бір тәсілі ретінде де инсентив туризді қолдануға
болады.
Оқу семинарларды, треннингтер, персоналдың потенциалын дамытып қана
қоймай, күш қуатын арттыруға да көмегін тигізеді. Кең ауқымды ұсыныстарды
қолдана отырып турфирмалар мен кконсалтинг компаниялар әр ұйымға салалық,
кадрлық және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып жеке бағдарламалар
құрастырады.
Осы туризм түрінің болашағы өте зор. Өйткені компаниялар саны жылдан
жылға артуда. Ал егер бір ұйымға көрсетілген қызметтер ұнаса олар әрдайым
клиент болуға даяр болады.
Халықаралық туристік бизнесте incentive destination деген ұғым
қолданады. Ол қалалардың тізімі. Оны ірі компаниялар корпоративтік
демалыстары үшін таңдайды. SITE халықаралық ассоцациясы осындай қалаларға
есеп жүргізеді. Олар әр түрлі параметрлерге қарап демалыс орындарын
бағалайды: жақсы көлік торабы, тұрақты саяси жағдай, халықаралық санитарлық
нормаларға сәйкестігі, отельдердің дамыған жүйесі, рекреациялық орындардың
көптігі.Бiрақ ТМД – да экперттердiң ойынша, басқаша. Iскерлiк сапар
әйгiлiгi өте жоғары, мәселен, таза интенсив үлесi 2% тең. Егер әлемдiк
турағымда бизнес – туристер үлесi 25-30% құраса, ТМД – 20% аз.Сол уақытта
басқа жағынан iрi қалалар– Мәскеу, Санкт-Петербург, Алматы кiру ағымы
бизнесмендердiң 60%-ға жақындады [14].
Конференция, семинарлар – бұл шараларға қатысу алдын –ала жоспарланады.
Бұл шараға компаниядан адам жiберiлуi мүмкiн немесе функциялық тұлға немесе
бақылаушы т.б [15].
Ал көрмелерге қатысу керiсiнше, алдын – ала ойластырылмаған таныс емес
адамдар болады [15].

Париждегi көрмеге сапардың бағдарласының үлгiсi

Ұзақтығы: 6 күн
Құны: 400 евродан(3* қонақ үй), 700 евродан(4* қонақ үй)
Топ: 20 адамнан
1-күнi
Парижге келу. Гидпен трансфер әуежайдан қонақ үйге. Қалаланың негiзгi
көрiктi жерлерiне шолу жасау. Трансфер және қонақ үйге орналастыру.
2-күнi
Қонақ үйдегi таңғы ас. Көрмеге қатысу (күнi бойы), екi жаққа автобусты
трансфер.
3-күнi
Қонақ үйдегi таңғы ас. Көрмеге қатысу (күнi бойы), екi жаққа автобусты
трансфер.
4 күнi
Қонақ үйдегi таңғы ас. Көрмеге қатысу (күнi бойы), екi жаққа автобусты
трансфер.
5 күнi
Қонақ үйдегi таңғы ас. Бос күн. Қосымша экскурсиялар, ассистентпен
бiрге шоппинг, т.б..
6 күнi
Қонақ үйдегi таңғы ас. Шығарып салушымен әуежайға трансфер.
Құнына кiретiндер:
- Франция визасын дайындау үшiн шақыру қағазын алу;
- Қонақ үйде екi орынды номерде таңғы асымен ,швед столы 5 түн (3% қонақ
үйде бiр орынды номер – 225 евро, 4% - 450 еро үстiне ақша төлейдi);
- Көлiк қызметi;
- Париж қаласы бойынша шолу экскурсиясы (3 сағат);
- Көрмеге кiретiн билет;
- Құнына кiрмейтiндер;
- Халықаралық әуе айналымы;
- Виза және сақтандыруды дайындау үшiн шығындар;
- Қосымша тамақтану (қонақ үйдегi таңғы астан басқасы).
Қосымша қызметтер:
- Жарты күнге аудармашы (4 сағат) 275 евро, бiр күнге 500 евро топқа;
- Қарсы алушы мен шығарып салушы қызметтерi 50 евро сағатына;
- Кешкi ас бiр күнге бiр адамға – 40 евро;
Конгресстiк туризм.
Конгресстiк қызмет көрсету – туристтiк қызмет көрсету түрлерiнiң арнайы
түрi. Конгресстiк туризм әлемдегi тиiмдi туризм түрi, өйткенi туризмнiң
басқа салалары, мәселен, демалыс және ойын-сауық мақсатындағы туризм түрiне
қарағанда көп табыс бередi.
Сонымен қатар, конгресстiк туризм басқа саяхат түрлерiне қарағанда екi
үлкен ерекшелiгi бар:
- конгресстiк туризм – материалдық базаны маусымаралыө немесе маусым емес
уақытта қолдануға мүмкiндiк бередi;
- конгреске қатысушылар үшiн орынды броньдау шара өткiзiлер алдында ғана
жүзеге асады.
Осы сияқты конгресс және басқада шаралар тиесiлi материалдық базалардан
басқа демалыс, ойын-сауық, спортпен айналысу мүмкiндiгi болатын орындарда
ұйымдастырылады.
Экперттiң бағалауы бойынша ТМД-дағы конгресстiк және интенсив-туризмнiң
болашағы үлкен. Оның себептерi бар:
1.Мәскеу, Санкт-Петербург, Ресейдiң басқа қалалары және ТМД-да басқа
шетел мамандарын қызықтыратын кәсiпорындар бар;
2.Бiздiң мәдениетiмiз, көне ескерткiштер, мұражайларға әлем бойынша
қызығушылық артуда;
3.Кейiнгi жылдары ТМД-да көптеген бiрiншi классты қонақ үйлер салынды,
қайта жөедеуден өттi.
Оларда әрине, барлық қажеттi құрал-жабдықтармен конгресс-орталықтар
қамтылған. Сондықтан Ресей және Қазақстан – конгресстiк және интенсив-
туризм үшiн лайықты орын.
Айта кететiн жайт – конгресстiк туризм екi адамзат қажеттiлiктерiнiң
қосылысқан жерiнде түр: ақпарат алуда және ойын-сауықта, соның iшiнде –
саяхаттау. Компьютер және байланыс құралдарының көмегiмен қарым-қатынас
тiрi байланысты айырбастай алмайды. Конгресстiк туризмнен түскен 30 %
жоғары табыс экскурсиялық бағдарламалар мен банкеттердi ұйымдастыруды
қамтамасыз етедi. Форумға қатысудағы әртүрлi ынталандырулар мен олардың
өзгеру тенденциялары болжамы (кесте 4).

Кесте 4

Форумға қатысуды ынталандыру [16]

Ынталандыру 2010 жылға болжам
Ақпаратқа қажеттiлiк 34,8
Маманданған келiссөздер 23,9
Халықаралық келiссөздер 13,8
Оқуға деген қажеттiлiк 406
Туризм 10,1
Талқыланған мәселеге қызығушылық 7,3
Достық келiссөздер 5,5
100

Тек жоғарыда келтiрiлген ынталандырулар сол немесе басқа форумге
қатысуды шешуге әсер етедi. Делегаттардың төрттен үшi орындарын таңдаудан
басталады. Форум өткiзу орны анықталған соң әртүрлi факторлар есепке
алынады: тез ену (әуежайдың жақындығы), қонақ үй сервисi, бағалар деңгейi,
медициналық қызмет көрсету, конференц залдардың болуы, тамақтану,
жергiлiктi көрiктi жерлер, қалалық көлiк, ойын-сауық, жаңа танысу
мүмкiндiктерiн ойластыру, кеден процедуралары.
Барлық осы сұрақтардың шешiмiн табуға форум ұйымдастырушы компанияға
үлкен көмек көрсететiн – турисстiк агенство. Агенство бөлшек бағдарламаны
өңдейдi, ұйымдастырушылар үшiн танысу турын жасайды. Кез-келген iскерлiк
сапар түрiн ұйымдастыру – бұл мамандармен тапсырушыға ұсынылған шешiм.
Кездесу индустриясы тез қарқынмен дами бастағанда, 1963 жылы
халықаралық конгресстер мен жиылыстар ассоциациясы құрылды. Оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іскерлік туризмді дамытуға бағытталған туристік байланыстар
Ақтөбе қаласындағы демалыс пен туризмнің дамуы
Қазақстан мен Италия арасындағы іскерлік туризм
Қазақстандағы іскерлік туризмінде италияның үлесі
Іскерлік туризм туралы
Iскерлiк туризм
Қазақстан және еуропа елдері арасындағы туристік қатынастарды дамыту келешегі
Қазақстан Республикасында туристік бизнесті ұйымдастыру
Туристік компаниялардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері
Іскерлік туризмді дамытудың теориялық аспектілері
Пәндер