Қазақстанда экологиялық туризмнің дамуы



КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Экологиялық туризмнің принциптері, белгілері, құрылысы және түрлері.
1.2 Қазақстанда экотуризм нарығының классификациясы және оның негізгі факторлары
1.2 Қазақстанда экотуризм нарығының классификациясы және оның негізгі факторлары
2 ЭКОТУРИСТІК НАРЫҚТЫ СЕГМЕНТАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЮДЖЕТІН ҚҰРАСТЫРУ
2.1 Қазақстандағы экотуристерді сегментациялау және орналастыру ұйымдары.
2.2 Экотуризм Ақпараттық Ресурстық Орталығының бюджетін құрастыру және қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету
3 ҚАЗАҚСТАНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
3.1 Экологиялық турларды жасақтау және жобалау
3.1 Экологиялық турларды жасақтау және жобалау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Тақырыптың актуалдығы – Бүкіләлемдік Туристік Ұйым (ӘТҰ) көрсеткендей, халықаралық туристер саны 2020 жылдарға қарай 1.5 миллионға өспек, бұл 1996 жылға қарағанда үш есе көп. Сондай-ақ, бұл көрсеткіштің бір ширегі дамушы елдерге жасалатын саяхаттың үлесіне тиеді.
Туризм соншалықты кең ауқымды индустрия бола отырып, жаңа қорлар көзіне қызуғышылық туғызады, “жерде жұмақ” жасауға және түрлі жағдайларды бастан кешіруге, осыған дейін ешкім көрмеген жерлерді көруге аса құштарлықпен итермелейді. Кімнің кінәсінен, индустрияның немесе тұтынушының ба, ол мәнді емес, бұл жерде бастысы себеп пен салдардың қатысы. Екінші Дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін батыстын көптеген жанұяларында кіріс (табыс) ұлғая бастады да, артық ақша пайда бола бастады. Ал қазіргі күнде орта дәулеткерлердің өзі дүниенің төртбұрышында саяхаттайға, бұрын қолы жетпеген жерлерді аралауға мүмкіндік алып отыр. Соңғы 15 жылда байқалғандай, бұқаларық туризм индустриясы экологиялық және мәдени тұрғыда өзін өзі ақтай алмайды. Теніз жағалауларының құлазуы, маржан тастар мен орман және басқа да табиғат сыйларының латануы, шамадан тыс қоныстау мен көрсеқызарлық кесірінен бүліншілікке ұшырауы нақты дәлел. Экотуризм концепсия ретінде бұдан 15 жыл бұрын кейбір бағыттармен тенденцияларды жұмсарты мақсатында құрылған болатын. Бұл туристердің өзгеше бір жағдайды бастан кешу тілегіне орай және табиғатқа тиген залалды сезінуге жауап ретінде біртіндеп пайда бола бастады. Бұқаралық туризм тұрақты еместігі әрі тұтынушы ерекше бір экзотиканы қалайды да, қолы жеткен жағдайда ол экзотика болудан қалатындығы белгілі болып отыр. Енді, 15 жыл өткен соң, бүкіләлемдік туристік ұйым экотуризмнің туризм индустриясындағы жедел дамушы сектор екендігіне назар аудартады. Соған сәйкес осылардың бағытын, оның ерекшелігін анықтау тақырыптың актуалдығын белгілейді.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – Қазақстанда экологиялық туризм бизнесін дамыту объектілерін зерттеу және оның даму перспективаларын қарыстыру. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Қазақстан үшін экологиялық туризмді дамыту елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандырып қана қоймай, оның әлеуметтік мәселелерінің де оңтайлы түрде шешімін табуына ықпал ететін болады. Соңғы зерттеу нәтижелеріне көз жүгіртсек, туристік басымдылық жағынан алғанда біздің еліміз өз жерінде жоғарыдағы саланы дамыту үшін үлкен мүмкіндікке ие. Еуразияның кіндігінде Жаратқан иенің берген тамаша табиғат жағдайының болуы әрі табиғи-тарихи ескерткіштердің көптеп кездесуі экологиялық туризмге таптырмас алғышарттар жасағалы отыр.
1. Алматы мемлекеттік табиғи қорығының басқару жоспары : Қорық туралы // Атамекен. - 2008.-5 маусым
2. Айтжанбайқызы Г. Үкімет үкілеп отырған туризм мұнайдан кейінгі табыс көзіне айнала ма? / Г. Айтжанбайқызы // Айқын. - 2007.-28 қараша. - (№222). - бет4
3. Безопасность в туризме : Учебно-метод. пособие / М. Биржаков, Н. П. Казаков ; Национальная Академия туризма. - М. : Герда, 2005. - 208 с.
4. Барсуков Ю. Туризм как отрасль экономики / Ю. Барсуков // Мысль. - 2007. - №6. - С. 37-42
5. Булатова Л. Основные направления развития туризма в Акмолинской области / Л. Булатова // Транзитная экономика. - 2007. - №3. - С. 80-88. - См. полнотекстовую БД
6. Ведение в туризм : учебник / М. Б. Биржаков. - 9-е изд. перераб. и доп. - СПб. : Герда, 2007. - 576 с.
7. Глушаева Н. Где провести экологический уик-энд / Н. Глушаева // Вечерний Алматы. - 2008.- 22 мая
8. Государственный национальный природный парк "Бурабай" // Экологическое образование в Казахстане. - 2007. - № 4. - С. 30-32
9. Города и места Казахстана // Экологический курьер. - 2007.- 15 сентябрь- 1 октябрь
10. География туризма : учебник / ред. : А. Ю. Александрова. - М. : КНОРУС, 2008. - 592 с
11. Еділқызы Л. Экологиялық туризм. Ол отандық табыс көзінің басты факторы бола алады / Л. Еділқызы // Егемен Қазақстан . - 2006.-14 сәуір
12. Жоямергенұлы Ө. Көлсай- Тянь-Шаньның інжу- маржаны / Ө. Жоямергенұлы // Алматы ақшамы . - 2007.-20 қазан
13. Курортология и оздоровительный туризм : учеб. пособие / А. С. Кусков. - Ростов н/Д : Феникс, 2004. - 320 с. - (Учебники для высшей школы)
14. Ким Ю. Казахстан- это рай. Пока для экотуристов / Ю. Ким // Маркетинг товаров и услуг . - 2007. - №6. - С. 14-20
15. Кентұлы М. Ішкі туризмнің дамуына не кедергі? / М. Кентұлы // Турист. - 2006. - №12. – бет 6
16. Қазақстан Республикасындағы 2002 жылғы туризм = Туризм в Республике Казахстан в 2002 году : Статистикалық жиналық. - Алматы, 2003. - 163 б.
17. Қазақстан туризмі 2005 жыл = Туризм Казахстана в 2005 г. :
18. Метрология, стандартизация и сертификация (в сфере туризма) : учеб. пособие / В. П. Анисимов. - М. : Альфа-М, 2006. - 252 с. - (Сервис)
19. Маркетинг в туризме и гостеприимстве : учеб. пособие / А. Ф. Барышев. - М. : Финансы и статистика, 2007. - 160 с.
20. Маркетинговые аспекты формирования и развития туристского кластера Казахстана : автореферат дис. ...канд. экон. наук: 08.00.05 / О. Ж. Устенова. - Алматы, 2006. - 29 с.
21. Международный туризм : учебник / А. Ю. Александрова. - М. : Аспект Пресс, 2004. - 470 с.
22. Организация туристического бизнеса: технология создания турпродукта : учебно-практ. пособие / О. Ю. Грачева [и др.]. - М. : Дашков и К, 2009. - 276 с.
23. Правовое регулирование туристской деятельности : учебно-практ. пособие / В. Г.
24. Специальные виды туризма. Лечебный туризм : учеб. пособие / Е. Л. Драчева. - М. : КНОРУС, 2008. - 152 с.
25. Советы начинающим туристам : учеб. пособие / Т. К. Жиздыбаев ; Междунар. центр туризма учащихся РК. - Алматы, 2005. - 64 с.
26. Стат.жинақ. - Алматы, 2006. - 144 б.
27. Специальные виды туризма : учеб. пособие / А. В. Бабкин. - Ростов н/Д : Феникс, 2008. - 252 с.
28. Теория и практика экологического туризма : учеб. пособие / А. Б. Косолапов. - М. : КНОРУС, 2005. - 240 с.
29. Туризм және өлкетану негіздері : Оқу құралы / О. Б. Мазбаев. - Алматы : ҚазҰПУ, 2006. - 99 б.
30. Туризм: экономика, менеджмент и маркетинг [Электронный ресурс] : учебник / М. Р. Смыкова. - Электрон. прикладная прогр. - Алматы : Нұр-пресс, 2007. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM)
31. Туристский справочник-KZ 2007: Казахстан. Регионы. Страны мира. Нормативно-правовые акты. Информационно-справочные аппараты : информационно-рекламное издание. - Алматы : Атамұра, 2007. - 656 с.
32. Туризмнің географиялық ортасы : оқу құралы / З. М. Әбішева. - Алматы : Қазақ университеті, 2007. - 108 б.
33. Туристический бизнес: основы организации / И. И. Бутко. - Ростов н/Д : Феникс, 2007. - 384 с. - (Бизнес технологии)
34. Финансовый менеджмент в туризме : учеб. пособие / С . А. Быстров. - М. : Издат. дом Герда, 2007. - 240 с.
35. Экскурсионное дело : учеб. пособие / Г. П. Долженко. - 2-е изд., испр. и доп. - М. : МарТ, 2006. - 304 с. - (Туризм и сервис)
36. Экологический туризм и экология туризма : учеб. пособие / Е. Ю. Колбовский. - М. : Академия, 2006. - 256 с. - (Высшее проф. образование)
37. Экологический туризм : учебно-метод. пособие / В. В. Храбовченко. - М. : Финансы и статистика, 2004. - 208 с.
38. "2004-2010 жылдарға арналған Аламты қаласында туризмді дамыту бағдарламасын бекіту туралы" ІІІ сайланған Аламты қаласы Мәслихаты ХІ сессиясының 2004 жылғы 9-желтоқсандағы № 94 шешімінің орындалу барысы туралы // Алматы ақшамы . - 2006.- 7 қараша.
39. Экологиялық Ақпараттық Ресурстық Орталығының қаржы-экономикалық мәліметтері 2008

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 96 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Тақырыптың актуалдығы – Бүкіләлемдік Туристік Ұйым (ӘТҰ) көрсеткендей,
халықаралық туристер саны 2020 жылдарға қарай 1.5 миллионға өспек, бұл 1996
жылға қарағанда үш есе көп. Сондай-ақ, бұл көрсеткіштің бір ширегі дамушы
елдерге жасалатын саяхаттың үлесіне тиеді.
Туризм соншалықты кең ауқымды индустрия бола отырып, жаңа қорлар
көзіне қызуғышылық туғызады, “жерде жұмақ” жасауға және түрлі жағдайларды
бастан кешіруге, осыған дейін ешкім көрмеген жерлерді көруге аса
құштарлықпен итермелейді. Кімнің кінәсінен, индустрияның немесе
тұтынушының ба, ол мәнді емес, бұл жерде бастысы себеп пен салдардың
қатысы. Екінші Дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін батыстын көптеген
жанұяларында кіріс (табыс) ұлғая бастады да, артық ақша пайда бола бастады.
Ал қазіргі күнде орта дәулеткерлердің өзі дүниенің төртбұрышында
саяхаттайға, бұрын қолы жетпеген жерлерді аралауға мүмкіндік алып отыр.
Соңғы 15 жылда байқалғандай, бұқаларық туризм индустриясы экологиялық және
мәдени тұрғыда өзін өзі ақтай алмайды. Теніз жағалауларының құлазуы, маржан
тастар мен орман және басқа да табиғат сыйларының латануы, шамадан тыс
қоныстау мен көрсеқызарлық кесірінен бүліншілікке ұшырауы нақты дәлел.
Экотуризм концепсия ретінде бұдан 15 жыл бұрын кейбір бағыттармен
тенденцияларды жұмсарты мақсатында құрылған болатын. Бұл туристердің өзгеше
бір жағдайды бастан кешу тілегіне орай және табиғатқа тиген залалды
сезінуге жауап ретінде біртіндеп пайда бола бастады. Бұқаралық туризм
тұрақты еместігі әрі тұтынушы ерекше бір экзотиканы қалайды да, қолы жеткен
жағдайда ол экзотика болудан қалатындығы белгілі болып отыр. Енді, 15 жыл
өткен соң, бүкіләлемдік туристік ұйым экотуризмнің туризм индустриясындағы
жедел дамушы сектор екендігіне назар аудартады. Соған сәйкес осылардың
бағытын, оның ерекшелігін анықтау тақырыптың актуалдығын белгілейді.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – Қазақстанда экологиялық туризм
бизнесін дамыту объектілерін зерттеу және оның даму перспективаларын
қарыстыру. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Қазақстан үшін экологиялық
туризмді дамыту елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандырып қана қоймай,
оның әлеуметтік мәселелерінің де оңтайлы түрде шешімін табуына ықпал ететін
болады. Соңғы зерттеу нәтижелеріне көз жүгіртсек, туристік басымдылық
жағынан алғанда біздің еліміз өз жерінде жоғарыдағы саланы дамыту үшін
үлкен мүмкіндікке ие. Еуразияның кіндігінде Жаратқан иенің берген тамаша
табиғат жағдайының болуы әрі табиғи-тарихи ескерткіштердің көптеп кездесуі
экологиялық туризмге таптырмас алғышарттар жасағалы отыр.
Мамандардың пікіріне сүйенсек, өзіміз сөз етіп отырған сала бүгінде
біртіндеп бірізділікке түсіп келеді. Оны Статистика жөніндегі агенттіктің
мәліметтері айғақтағандай. Бір ғана мысал: ұлттық табиғи парктер мен
қорықтарға келген 244 мың 700 туристен 2004 жылы мемлекетке 9 млн.-ға жуық
кіріс келіп түскен. Бастапқы кезең үшін бұл жаман көрсеткіш емес. Десек те,
кең тұрғыда дамитын инфрақұрылымды қажет етпегендіктен де бұл саланың
өзінше бағыт алып кетуі біршама қиындыққа тап болуда дейді мамандар.
Мәселен, рекреациялық-туристік инфрақұрылымның көп бөлігінің күні бүгінге
дейін құрылу сатысынан аса алмай келе жатуы; жасыл орман әлемін қайта
қалыпқа келтіруге тиісті мөлшерде қаражаттың бөлінбеуі; ұлттық табиғи
парктердің барлығына ортақ тарифтік және бағалық саясаттың белгіленбеуі
сияқты проблемалар өз кезегінде елде экологиялық туризм ұғымының берік
орнығуына қолбайлау болып келеді.
Ал шетелдік тәжірибеден мүлдем басқа жәйтті аңғаруға болады. Мәселен,
АҚШ, Қытай мемлекеттерінің ұлттық парктерінде болған туристер жылына 1 млн.
АҚШ доллар шамасында қаржы қалдырып кететін көрінеді. Бұған қоса, аталмыш
елдердің шетелдік саяхатшылар келіп аралайтын көрнекті орындарында түрлі
тауарлар мен ақылы қызмет көрсетуді лайықты деңгейде үйлестіру негізінде өз
беттерімен қаржы табуларына да рұқсат етілген. Туристерден түскен қаражат,
ең алдымен, сол аймақ, өңірдегі жұмыстың жедел жүруіне, түрлі шаралардың
ұйымдастырылуына пайдаланылып отырады.
Осы бағытта өз еліміздегі экологиялық туризмді дамытуда атқарылып жатқан
іс-шаралар дені жоқтың қасы десек, аузымызды қу шөппен сүрткен болар едік.
Қазақстандағы бұл саланың экономикалық басымдығына еш шек қойылмаған.
Бірақ, оның аяғынан тік тұрып, тұрақты түрде жандануы үшін қомақты
көлемдегі қаржы қажет.
Өзіміз сөз етіп отырған саланың жедел қарқынмен ілгері жылжымауының
ендігі бір себебі – экологиялық туризм жөніндегі ақпараттың жеткіліксіз
болуында. Десек те, бұл мәселе де біртіндеп өз шешімін тауып келе
жатқандай. Мәселен, Алматы қаласында Экологиялық туризмнің Ақпараттық
Ресурстық Орталығы ашылды. Ол орталық туристік қауымдастықтың бастамасымен
және Халықаралық Евразиялық қор мен “ЭксонМобил” компаниясының демеушілік
етуімен жүзеге асырылды. Аталмыш орталықтың мақсаты – Қазақстанның
экологиялық туризмін дамыту мүмкіндігінің қай деңгейді көрсететіндігі
турасында толық ақпараттық хабардарлықты қалыптастыру. Таяу болашақта
туризмнің барлық түрлері жөнінен біртұтас ақпараттық орталық ашу мәселесіне
де мемлекет тарапынан назар аударыла бастайтыны анық.
Дипломдық жұмыстың негізгі міндеттері:
– экологиялық туризмнің принциптерін, белгілерін, құрылысын және
түрлерін анықтау;
– Қазақстанда экотуризм нарығының классификациясын және оның
негізгі факторларын белгілеу;
– Қазақстан экотуристерін сегментациялау;
– экотуризм Ақпараттық Ресурстық Орталығының бюджетінің құрылуын
талдау;
– экологиялық турларды жасақтау және жобалау мысалдарын әзіплеу;
– Қазақстанда экологиялық туризмді құру және оны дамыту жөніндегі
шараларды іске асыру бойынша нұсқаулар ұсыну.
Дипломдық жұмысының зерттеу объектісі – ҚР Қазақстандық Туристік
Ассоциациясының құрылымдық бөлімшесі болып табылатын Алматы қаласының
Экотуризм Ақпарттық Ресурстық Орталығы болып табылады. Экотуризм Ақпарттық
Ресурстық Орталығы аналитикалық, теориялық, ғылыми-практикалық тәжірибені
қолдану тиімділігін көтеру мақсатында құрылған, Қазақстанда экотуризм
саласын дамыту және нақты міндеттемелерді шешуге арналған қажеттілік
ретінде ашылған.
Қазақстан территориясында жергілікті қауымдастықты дамытуға негізделген,
Экотуризм Ақпарттық Ресурстық Орталығын құру, экотуризмді жылжытудын екі
жылдық проектісінің бір бөлігі болып табылады. Бұл инициативаның бастамасын
Эксон Мобил Казахстан Инк, Евразия Фонды, ПМГ ГЭМ және VSO
компанияларының қаржылық қолдауымен 2004 жылдың қыркүйегінде Евразия Фонда
Казақстандық Туристік Ассоциациясына Экотуризм Ақпарттық Ресурстық
Орталығының жұмысын ашып және ұйымдастыруға грант берген кезінде жүзеге
асырылған. Конкурсты өткізі нәтижесінде КТА Экотуризм Ақпарттық Ресурстық
Орталығын басқаруға таңдалған болатын. Экотуризм Ақпарттық Ресурстық
Орталығының қызметкерлері 72 менеджерлерді және аймақтық туристік қызмет
көрсетумен айналысатын провайдерлерін оқытады, сапа сертификация жүйесін
жетілдіреді, сонымен бірге жарнама мен маркетинг арқылы туристік
маршруттарды экотуристік проектер ретінде жылжытады. Қазақстандағы
жергілікті қауымдастықтарды дамытуға негізделген, экотуризмді жылжыту
программасын жүзеге асыру төңірегінде Экотуризм Ақпарттық Ресурстық
Орталығы кілттік пункт болып табылады. Осы программа бойынша Қазақстан
аймағының әртүрлі ауылдық жерлерінде орналасқан жеті туристік бағытты
дамытуға көмек көрсетілген болатын.
Дипломдық жұмысының басты ғылыми жаңалығы – қазігрі кезде экологиялық
туризм жергілікті экономикаға әжептеуір кіріс әкеледі. Одан басқа,
Қазақстанда экотуризмді дамыту жаңа жұмыс орындарын құруға, жергілікті
халыққа дәстүрлі тұмыс қалпын жүргізуге мүмкіндік туғызады, инфрақұрылымды
жақсарту үшін көптеген қаражат көздерін тартады, жергілікті шаруашылықпен
өндірілген өнімдерді (сүттік, ет өнімдері, халық кәсіпшілігінің бұйымдары)
өткізуге және одан қосымша табыс алуға, табиғи жағдайларды сақтауға және
жақсартуға, жергілікті мәдениетті насихаттауға мүкіндік береді. Ол үшін
табиғи саябақтарға және қорық территорияларына кіру ақысын бекіту мен
жинау, және де бұл қаражаттар келген жерлердің жағдайын қолдауға және
жақсартуға бағытталуы керек. Құрылыстар табиғи ландшафты бұзбайтын
шартымен, қорықтарға жақын орналасқан территорияларда туристердін келуі
үшін жағдайлар құру. Табиғатты қатаң қорғау, қалдықтарды қайта өндіру мен
табиғи ресурстарды орнықты пайдаланумен қоса практикасын жүргізу. Табиғатты
қорғаумен байланысты мәселелер бойынша толық және ең анық ақпаратты ұсыну.
Экотуризмді дамыту мақсатымен жергілікті қауымдардың үкіметтік емес және
басқа да ұйымдармен серіктестікті орнату.
1. ҚАЗАҚСТАНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. Экологиялық туризмнің принциптері, белгілері, құрылысы және түрлері.

Қазіргі кезеңде экологиялық туризмнің негізгі бағыттарын зерттеу қажет.
Теориялық аспектіде оның принциптерін, белгілерін, құрылысын және түрлерін
зерттеп тану қажет. Алдымен негізгі принциптерін қарастырайық, олар келесі
тәртіпте келтірілген:
– экотуризм айтарлықтай ұзақ, жергілікті халықтың өмірін және табиғат
ландшафтарын салмақты зерттеулерді жүргізуді қарастырады. Бағдарлама
үш апта және одан да көп уақытқа дейін созылуы мүмкін.
– экотур бағдарламасы еркін, туристер қалауы бойынша өзгертулер рұқсат
етіледі: белгілі-бір уақытқа жұмысты дайындауды жоспарлап, оны бақылау
мүмкін емес. Турист қалауынша аттарда серуендейді немесе жергілікті
халықтың күнделікті істеріне қатысады, мысалы, ұлттық кілем
дайындауға. Турдың ұзақтығы жиі туристің өзімен анықталады.
– аймақтың экологиялық проблемаларын зерттеу мен жергілікті халықпен
бірге проблемалардың шешімдерін іздеу. Сонымен қатар туристер
негізінен өз мемлекеттерінен келетіндіктен, мұндай проблемалар шешу
сатысында олардың шет жақтан көзқарасы және ұсынған шешімдері бізге
өте маңызды.
– экологиялық турдың мақсаты стандартты назар аударарлық жерлерге барып
көру ғана емес, сонымен қатар білім алу мен терең әсер алу болып
табылады. Көптеген туристер мемлекеттін, адамның шаруашылық іс-
әрекетінің нәтижесінде ең аз зиян келтірілген жерлерді көру
мақсатымен, сонымен қатар оларға жат ландшафттарды, мәдениетті және
салт-дәстүрлерді зерттеуге келеді.
– қоқымды қайта өңдеу. Қоқым қоқыстарды тастайтын жерге шығарылмай,
ерекше тәсілмен қайта өңделеді. Қазақстан Республикасында бұндай өңдеу
енді пайда болуына байланысты, экотур ұйымдастырушылары өнімнің көп
реттік орауларын қалайды.
– аңшылық турлар антиэкологиялы. Экосистеманы бұзу жағдайында, жабайы
жанурлардың санын реттеу қажет болғандықтан, бұл принцип бізге
актуалды, бірақ сонымен қатар даулы мәселе. [27, 252 б]
Қазақстанда экотуризмді дамытудың негізгі принциптері келесі аймақтарда
енгізілген:
Қазақстанда туризм тұрақты дамуда деуге болады, әсіресе, оңтүстікте,
оның ішінде, Тянь-Шань таулары аймағы мен Ұлы Жібек Жолы бағытында.
Солтүстік және Орталық Қазақстан өңірінде туризм анағұрлым төмен дамыған.
Алайда, бұл жерлерде туристердің көзқунышына айналатындай әсем көріністер
баршылық. Ол – Оңтүстіктен өзгешелігі бар ландшафт және алуан түрлі флора
мен фауна, яғни өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.
Әдетте, туристер баратын ең негізгі орындардың бірі – солтүстік
Қазақстандағы Бурабай көлі аймағы. Бұл көркем табиғат аясы, 6 көлден орман-
тоғай көмкерген әсем таулардан тұратын осы өңір жаз айлары туристерге
толып, бірқатар экологиялық проблемаларды туғызады. Негізгі санаторий мен
демалыс үйлерінің жағдайы әр деңгейде, бұлардың кейбірі қоқыс қалдықтарды
бірден өзенге тастайды. Олар өз төңірегі үшін ғана жауапты да, одан тыс
жерлерде не болып жатқандығына мән бере қоймайды. Кейбір жергілікті
тұрғындар өз үйлерінің бір бөлмесін туристерге жалға береді, тіпті атпен
саяхаттауға да мүмкіндік туғызады. Ең жақсы, ең әсем жерлер жеке меншік
пайдалануға берілді, оған кез келген адамның қолы жете бермейді деген
шағымдар да түсуде.
Бурабайға келетін туристердің негізгі легі – Алматы және Ақмола,
солтүстік облыстар мен көрші Ресей жерінен. Жергілікті әкімшілік төңіректі
тазалау жұмыстарын ұйымдастырады, кейбір экологиялық үкіметтік емес ұйымдар
бұл процесске көмек ретінде волентерлік (ерлікті) акция ұйымдастырады.
Қыс мезгілінде туристер назары өзен-көлдерге ауады, шаңғы, коньки тебу –
негізгі демалыс түріне жатады. Жазда су спорты түріне, жүзу мен күнге
қыздырыну, жаяу серуендеу мен ат үстінде жүру сияқты әрекеттерге таңдау
жасап, ден қояды. Шатырларда тұру – жалпыға бірдей жағдай, бірақ олардың
жайлы, әрі қолайлы болу мүмкіндігі төмен.
Шығыста Алтай өңірінде туристік агенттіктер жұмыс жасайды. Альпинизммен
жаяу саяхаттан бастап, спорттың түріне дейінгі түрлі қызмет түрін
көрсететін агенттіктер бар.
Экотуризм – Қазақстан үшін жаңа ұғым, түсінік, бірақ бір белсенді
экологиялық үкіметтік емес ұйым Экосистем деген туристік компанияны
басқарады. Ол өз кезегінде, британдық экотуристік Green Tours
компаниясымен бірлесе отырып, әсерлі экотуристік демалыс түрін
ұйымдастырады. Бұл демалыс – жаяу саяхаттау, жануарлар дүниесін бақылау,
сондай-ақ қазақ тұрмыс салтымен танысу (киіз үйінде болып, ұлттық
тағамдарынан дәм тату) сияқты қызықты жағдайларды қамтиды. Бұл төңірек әлі
толыққанды дамып, демалыс болатындай жетілдірілген жоқ, сондықтан бүгінгі
таңда туризм қанатын кең жая алмай отыр, оны бақылауда ұстау қажет.
Жергілікті тұрғындар мен ұйымдар оны дамытуға аса ынталы.
Туризмнің бір түрі ретінде балық аулау мен аң аулау – Қазақстанның
орталық, солтүстік және шығыс өңірінде аса кең дамыған. Ол жанның көп
түрлілігі, әрине, қызықтырады, дегенмен балық аулау – жақсы ұйымдастырылуы
керек еді.
Әйтсе де, аңшылықтың қай түрі болсын саналы жүргізілуі тиіс, өйткені
биологиялық тіршілік үйлесімділігіне шамадан тыс өктемдік жүргізуге
болмайды, қауіп-қатер төндіру де, әсте, парасатсыз болар еді.
Тиым салынғанына қармастан, кейбір сирек кездесетін жануарлар (сайғақ,
қарлы барыс) әлі де қауіп-қатерге ұшырауда.
Қасқыр мен құстар – аңшы-туристердің тұрақты олжасына айналып келеді.
Аңшылықтың тағы бір түрі – құсбегілік – яғни аңдар мен құстарға бүркіт
салу туристер үшін көңіл көтерер аса белгілі кәсіп болып келеді.
Санаторий мен демалыс үйлері тек Бурабайда ғана емес, солтүстік өңірде,
Тянь-Шань мен басқа да жерлерде баршылық. Мысалы, Баянауылда кең дамымаса
да әжептуір танымал орындары бар. Бірақ жергілікті орындар өз жерінде
осындай туристік саяхаттардан мардымды пайда таба алмай отыр, тек гид болып
жұмыс істеушілер мен кафе қызметкерлерін есептемегенде, ұлттық парк
ешқандай да пайда (кіріс) таппайды.
Астана – бизнес орталығы ретінде дамып келе жатқан Қазақстанның жаңа
елордасы. Көптеген шетел бизнесмендері келіп, өз ақшаларын осында жұмсайды.
Олардың бірқатары отельде (қонақ үйлерде) тоқтап, ақшаларын соның ішінде
жұмсайды да, жергілікті орындарға түспейді. Бизнесмен – туристерде қалаға
шығатындай, жергілікті дүкен, кафе, мейрамханаларда болатындай стимул
(ынта) қалыптастыру керек. Сонымен қатар, қала сыртына шығып, табиғаттың
әсем келбетін тамашалайтын да ықылас болуы керек. Бірақ, қазіргі уақытта,
көптеген бизнесмендер бұндай жерлер (Қорғалжын, Бурабай) барынан хабарсыз,
сондықтан да уақытын отель ішіндегі барда өткізумен шектеледі. Бұл тек
шетелдіктер емес, жергілікті бизнесмендерге да қатысты жағдай. Олардың
Астана төңірегі мен қаланың өз мүмкіндігінен де хабары шамалы.
Қорғалжын қорығы Астанадан үш сағаттық жерде орналасқан. Ол – жануарлар
әлемі өкілдерінің мекендейтін орны және соңғы уақытта бір неміс ұйымы ол
жерде экотуризм ісін қолға алмақшы. Бұл идея бірқатар себептер салдарынан
кең түрде жария етілмесе де, аз жетістіктің өзі елдің солтүстігінде
экотуризм дамытудың зор мүмкіндігі бар екендігін көрсетті. Шетелдік
туристер осы өңірлерден көргендерінен ерекше әсер алғанын айтады.
Батыста, Каспий теңізі ауданында да, бұларды туризм жолға қойылған деуге
болады. Көптеген шетелдіктер мұнай компанияларымен келген болатын, сонымен
бірге өлке табиғатына да тәнті болды. Мәселен, Ақтау қаласы шөл жермен
Каспий теңізі аралығында орналасқан, қала халқы пайдаланатын су арнайы
тұшайтатын құбырлардан алынады. Кеңестік архитекторлары кең көшесі, шағын
аудандары бар үлгісін жобалаған 1963 жылға дейін қала болмаған еді. Осы
өңірде уран қабаты табылғаннан кеін қала пайда болды. Құм жағажайы бар
курорт кеңестік таңдаулы элита үшін қызмет етті. Туристік және уран
индустриясы қазір құлдырау жағдайында, сондықтан Ақтау басынан бағы тайған
аймақ болып қалды.
Балалардың көптеген жаздық лагері арқылы жастар назары табиғатқа ауа
бастады. Әдетте оларды экологиялық үкіметтік емес ұйымдар басқарады және әр
лагердегі балалардың немен шұғылданатынына байланысты олардың өзгешеліктері
бар. Белгілі бір төңіректі тазарту науқанын ұйымдастырады, табиғат туралы
әңгімелер өткізіледі. Дегенмен, экологиялық білім берудің бұл түрі
әрқашаннан сапалы өткізіле бермейді әрі экотуризм деп негізсіз аталады.
Экологиялық туризмге әр мемлететтерде шамамен бірдей түсініктеме береді,
бірақ олардың арсында елеулі өзгешеліктері бар, сондықтан экологиялық
туризмнің негізгі принциптерін тұжырымдау, оның типтік белгілерін сипаттау
және экотурлардың құрылысын жүйелендіру аса маңызды болып табылады.
А.В. Дроздов бойынша, экологиялық турлар келесіде болуы тиіс:
– табиғатқа назар аударылған және табиғат ресурстарын айрықша
қолдануында негізделген;
– біздің табиғи ортамыздың мекеніне зиян келтірмейтін немесе
экологиялық отранын тұрақтылығын бұзбайтын минималды зиян келтіруге
рұқсат беру;
– экологиялық білім беруге және ағартуға мақсатталған, табиғатпен
тең құқықты серіктестік қарым-қатынасты орнату;
– жергілікті әлеуметтік-мәдени ортаны сақтау туралы уайымдау;
– экономикалық тиімді және осы жүзеге асырылып жатқан аймақтарда
тұрақты дамуды қамтамасыз ететін.
Экотуризмді дәстүрлі түрде табиғатты қорғаумен байланыстырған, бірінші
экотурлар ұлттық парктерде ұымдастыралған болатын, бірақ кейінірек табиғи
және мәдени мұралардың бірегей объектілеріне негізделген немесе адамның
қолы жетпеген жабайы жерлерге, бірақ міндетті түрде қоғалатын жерлерге емес
алып баратын маршруттар пайда бола бастады. Бұл тұрғыда экотуризм
түрлерінің әр алуандығын оның екі негізгі типіне бөлуге болады (1 сурет).

Экологиялық туризмнің типтері

Экологиялық туризмнің негізгі мақсаты

1 сурет жалғасы келесі бетте
Экологиялық турлардың негізгі объектілері

Ұымдастырушылық құқықтық формалары

Сурет 1 — Экотуризнің классификациондық белгілері мен типологиясы.*
*Ескерту: (37, 208 б( әдебиеттер негізінде автормен құрастырылған

1) ерекше қорғауға алынған территориялардың (акваторий) ішінде
ұйымдастырылған экотуризм; осындай турларды өткізу мен жасақтау –
экотуризмнің классикалық бағыты болып табылады, бұндай турлар
экотурлардың тар мағынасындағы терминына жатады, оларды
экотуризмнің автралиялық моделіне жатқызуға болады.
2) ерекше қорғауға алынған территориялардың (акваториялар) сыртындығы
экотуризм; бұл турлардың типіне экологиялық туризмге бағытталған
түрлердің аса кең спектірін жатқызуға болады (соның ішінде
танымдық, активті, экстремальді және т.б.).
Қазақстанда экотуризмнің даму дәрежесін анықтау өте қиынға түседі,
өйткені, бұндай баға беру, біз экотуризмді қандай мағынада (тар немесе кең)
түсінуімізге байланысты болады. Егер экотуризмге тар мағынада тусініктеме
беретін болсақ, онда Қазақстанда экотуризмнің тіпті барлық формалары
ұсынылған деуге болады, бірақ өте шамалы мөлшерінде. Осы формалардың
арасында ең бұқаралық (көпшілік) болып табылатыны қалалық тұрғындармен,
болмаса курортта немесе басқа да демалыс орындарында демалып жүрген
туристермен жүзеге асырылған экологиялық бағыттағы біркүндік экскурсиялар
болып табылады. Бұл туралы жорамалдау Экотуризм Ақпараттық Ресурстық
Орталығынан (ЭАРО) алынған мәліметтер мүмкіндік береді. ЭАРО жұмысының бір
бөлігі мемлекеттегі ұлттық парктер қабылдаған туристер туралы мәліметтерді
дайындау болып табылады.
Экологиялық турларды көптеген белгілері мен топтары бойынша топтастыруға
болады:

Экотурлардың белгілірі

Сурет 2 – Экологиялық турлардың белгілері.
*Ескерту: (37, 210б( әдебиеттер негізінде автормен құрастырылған

Қозғалу тәсілі, қатысушылар құрамы, ұзақтығы бойынша, туристер тұратын
мемлекетінің шекарасына байланысы бойынша, бірақ ең маңыздысын мынау екі
тектік белгілерді атауға болады: турдың негізгі мақсаты және негізгі
объект. Соңғысы турдың бағдарламасының мазмұның және оның кейбір
ұйымдастыру формасын анықтайды. Әрине, турдың мақсаты мен оның объектілері
бір-бірімен байланысты және екі негізгі тектік белгіні классификацияның
абсолютты тәуелсіздік негізі ретінде санауға болмайды (іс-жүзінде турдың
бағдарламасында тур мақсаты мен объектілері жиі сай келеді және қатар
қолданады). Оған қарамастан турдың әр ұйымдастырушысы мен қатысушысы оның
негізгі ерекшеліктерін анықтап және әр нақты турды сол немесе басқа түрге
жатқыза алады.
Қазақстанда бұрыннан танылған рекреация және өздігімен ұйымдастырылған
туризм формалары, экологиялық турларға жақындығын ерекше айтып кету жөн.
Жалпы алғанда экотуризм рекреациямен өте тығыз байланысты, себебі тіпті
экотуризмнің барлық түрлері белгілі-бір территорияның рекреациялық
потенциалымен байланысты элементарлық рекреациялық іс-әрекеттерге
негізделген.
Бұл контекстегі туристерде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға
мақсатталған, экологиялық туризмнің даму страгиясының компоненттері ерекше
маңызды. Өткені біздің планетадағы мәдени-экологиялық объектілермен тікелей
қарым-қатынасты орнатуды атап айтқанда ұлттық парктерде, сонымен қатар
мәдени-тарихи және табиғаттың қорық мұражайында ғана мүмкін.
Экологиялық туризмнің пайда болуының негізгі себептерінің арасындағы
жетекшісі – бұл бұқаралық туризмнің табиғи және тарихи-мәдени ресурстарға
жүктеменің көбеюі. Бұл жүктеме туристік келулердің қарқымды өсуіне тура
пропорциналды өсуде. Туристік ресурстарды ұтымды пайдалану мен туристік
сұранысты қанағаттандыру арасында қайшылық айқын болып тұр. Жағымсыз әсер
етудің аспектілері 1990 жылдары белгілі болған. 1996 жылдан 2006 жылға
дейін Еуропада туристік су маршруттарының ұзындығы 40%-ға дейін, ал
теңіздік 70%-ға дейін азайды. Зақымданған жерлердің ауданы 60% дейін өсті.
Әлемдік шаруашылықты глоболизациялаудың өсуімен қатар Жердің
геосферасындағы жағымсыз өзгерулер өсті:
– климаттық өзгерулер;
– жер қыртысының деградациясы;
– экосистеманың күйзелісі және биологиялық әртүрліліктің азаюі;
– судың, топырақтың және ауаның ластануының өсуі;
– адамдардың әрекеті нәтижесінде қоздырылған табиғат апаттары;
– халық өсуін бақылай алмау;
– азық-түлік қауіпсіздігі және дүниежүзілік халық денсаулығына қауіп-
қатердің өсуі;
– энергия қорының және басқада табиғат ресурстарының тапшылығы.
1996 жылы ДТҰ эгидасымен ХХІ ғасырда туризмді тұрақты дамуту концепциясы
жасақталған болатын.
Ол келесі принциптерге негізделген:
– саяхаттау мен туризм адамдарға табиғатпен үйлесушілікке жетуге
көмектесу керек;
– саяхаттау мен туризм экожүйені қалпына келтіруге, сақтауға және
қорғауға өзінің үлесін қосуы тиіс;
– саяхаттау мен туризм тұтынудың және өңдірістің өмірге бейімді
модельдерінде негізделген болуы тиіс;
– қоршаған ортаны қорғау туризмді дамыту процессінің ажыратылмайтын
бөлігі болуы тиіс;
– туризмді дамыту проблемалары жергілікті органдар мен мүдделі
адамдардың қатысуымен шешіліу тиіс;
– туристік өрісті қозғайтын табиғи және техногендік апаттар туралы
мемлекеттер бір-бірін ескертуі тиіс;
– туризм индустриясы қоршаған ортаны қорғау өрісінде халықаралық
құқыққа негізделуі тиіс.
Туризмнің табиғи комплекстерге әсері. Туризмнің табиғи комплекстерге
әсері тура және жанама болады.
Тура әсерге келесілер жатады:
– флора мен фауна өкілдерің аңшылық және балық аулау процесінде жою;
– табиғи территорияларды шаруашылық іс-әрекетке қосу жолымен флора
мен фауна өкілдерінің табиғи өмір сүру жағдайын жою;
– жануарлар мен өсімдіктердің табиғи тіршілік процестеріне араласу;
– адамдардың тіршілік әрекеттерінің өнімдері арқылы аурулар мен
инфекцияларды әкелу және тарату.
Жанама әсерлеріне мыналар жатады:
– табиғи тіршілік ету ортасын өзгерту;
– географиялық орта компоненттеріне глобальді әсер ету (сыртқы сулар
мен топырақты ластау, ормандарды шауып алу мен эрозияның дамуы,
атмосфераны ластау және т.б.).
Туризмнің табиғатқа әсер ету процессін тағы да тура және жанама түрде
басқаруға болады. Тура басқару варианттары мыналар қосады: жалпы келушілер
мөлшеріне шек қою, ерекше құнды табиғи объектілерді және территорияларды
келулер үшін жабу, қоршаған ортаны минималдауға мүмкіндік беретін осы
замаңғы техникалық құралдарды және технологияларды пайдалану. Басқарудың
жанама варианты туристердің мінез-құлқын өзгертуіне негізделген. Ол
туристердің білім деңгейін көтеру, туристер баратын жерлердегі жергілікті
тұрғындарға, жануарлар мен өсімдіктерге адамгершілікті, ұқыпты және
құрметті қарым-қатынасты орнату жолымен іске асырылады. Қазіргі уақытта
экология мен табиғатты сақтау үшін осы екі әдіс өте маңызды.
Экологиялық туризм – бұл біршама бұзылмаған немесе бірегей табиғи
объектілері бар, ластанбаған аймақтарға саяхаттау. Экотуризм – бұл қоршаған
табиғи ортаны зерттеуді қосатын және осы саладағы жағдайды жақсарту үшін
қызмет атқаратын табиғи туризм түрі. Экотуризмнің негізінде қоршаған орта
туралы қамқорлық жатыр. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен әр түрлі
қорғау жобаларын жүзеге асыруға мақсатталған мәдени мүдде болып табылатын
жерлерге баруға мүмкіндік беретін табиғи зоналарға қатысушылар санын шектеп
сапарларды ұйымдастыру бірінші орынға шығады. Халықаралық экотуризм
ұйымының анықтамасы бойынша экологиялық туризм – бұл жергілікті
тұрғындардың молшылығын көтермелейтін және қоршаған ортаны сақтайтын табиғи
зоналарға, облыстарға жауапты саяхат.
Бұл саяхаттаудың түрін тереңірек түсіну үшін Халықаралық экотуризм ұйымы
экотуристін 10 парызын жасақтаған:
1) жердің осалдылығы туралы еске алу;
2) өзінің артынан тек іздер қалтырып, өзімен тек суреттер алып кету;
3) түскен әлемді танып білу: халық мәдениетін, географиясын;
4) жергілікті тұрғындарды құрметтеу;
5) қоршаған ортаға қауіп-қатер келтірмейтін бұйым шығарушылардың
өнімдерін сатып алмау;
6) әрқашан тек таптап тасталған жолдармен жүру;
7) қоршаған ортаны қорғау бойынша бағдарламаны қолдау;
8) қоршаған ортаны сақтау әдістерін пайдалану;
9) табиғатты қорғауға көмектесетін ұйымдарды қолдау;
10) экотуризм принциптерін қолдайтын фирмалармен ғана саяхаттау.
Экологиялық туризмнің бірқатар белгілірінің спектірі атап
көрсетіліді:
– турист қоршаған ортаны зертеуге мүмкіндігі бар әр бір саяхаттау;
– табиғат ең басты мүдде болып табылатын саяхат;
– экотуризмнен түскен табыс қоршаған ортаны қорғауға қаржылық көмек
ретінде бағытталады;
– жабай табиғат ресурстарын сақтайтын немесе қалпына келтіретін іс-
әрекеттерге туристер өздері қатысады.
Экологиялық туризмнің белгілері экотуризмнің анықтамаларына негізделеді,
олар өзінің кезегінде активті және пассивті болып бөлшектенеді. Халықаралық
тірі қалу қоғамы шығарған анықтамасын, экотуризмнің активті анықтамасының
мысалы ретінде жатқызуға болады: экологиялық туризм туристік игерілген
территорияларда жергілікті тұрғындардың пайдасының басымдылығын
көтермелейді, жергілікті флора мен фаунаны қорғайды және қоршаған ортаны
сақтауға жергілікті тұрғындарды экономикалық стимулдармен қамтамасыз
етеді. Пассивті анықтаулар ішінде келесілер жатады: экологиялық туризм
келешектегі туристер мен жергілікті халық үшін аймақтағы мәдени және табиғи
туристік ресурстарды пайдалануды ынталандырады, көмектеседі және
үйлестіреді.
Экологиялық туризмнің анықтаулары мен белгілерін жинақтап алғанда,
экотуризнің үш негізгі компонентін атап кетуге болады:
1) табиғатты тану, яғни саяхаттау, туристермен жаңа дағдылар мен
білімді алу, табиғатты зерттеу элементтерінің болуын болжайды;
2) экожүйені сақтау маршрутта туристік топтардың тиісті жүріс-
тұрысын ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау бойынша
шараларда, бағдарламаларда туроператорлардың, туристердің
қатысуын жобалайды;
3) жергілікті тұрғындардың көңілін құрметтеу тек жергілікті салт-
дәстүрлер мен заңдарды бұзбау ғана емес, сонымен қатар туризмнен
туристік дестинацияның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу.
Осы компонеттерінің біреуі де жоқ болса, экотуризм туралы сөйлесуге
негіз жоқ. Жоғарыда айтылғандағыны жинақтап алғанда, экологиялық туризмнің
анықтамасы келесі болуы мүмкін: экологиялық туризм – бұл жергілікті
халақтың көңілін міндетті түрде құрметтеу мен экологиялық жүйені сақтауға
үлес қосумен, және табиғатты тынып білу туристік мұқтаждығымен байланысты,
туристік сұранысқа негізделген, туристік іс-әрекеттін арнайы түрі.
Бұларды қорытындылай келгенде экотуризмнің қозғаушы күші – турбизнес
екендігіне көз жеткізуге болады. Туристік ресурстар экотуризмді дамытудың
басты факторы ретінде санау үлкен алжасу болып табылады. Бұл қателікке 1975
жылы рекреациондық география отандық мектебінің еңбектерінде көрсетілген
болатын. Ерекше қорғауға алынған табиғи территория жүйесі арқылы, туризм
бойынша аймақтық және ұлттық әкімшілік арқылы мемлекет экотуризмді дамыту
керек деген пікір де қателік болып табылады.
Жоғарыда келтірілген анықтаманы есепке алғанда, экотуризмді турбизнес
және туристер ғана дамыта алатынына сірә. Кездесоқ емес, экотуризм бойынша
кениялық эксперт Тереза Черфес, айтады, экотуризм – бұл ұсыныс пен
сұранысқа негізделген экономикалық туризм. Демек, экотуризмді дамыту мүлде
әкімшілік емес, тек экономикалық механизмдер көмегімен ғана мүмкін.
Сондықтан бұл жақта әңгіме бизнесмендерге, туристік фирмаларға адрестелген
инвестициялық жобалар туралу жүру керек, ал бюджеттен қаржы бөлуге өтініш
жіберуде емес. Әйтпесе нарықтың жағдайда қызмет атқара алатын, қуатты
туристік индустриясын дамыту орнына, Қазақстан өңірлерінде одан да
жеткілікті, шығынға ұшырыйтын, дамуды тоқтататын туристік кәсіпорындарының
саның көбейтуін әрі қарай жалғастырамыз.
Осы автордың экотуризмге берген анықтамасына сүйенсек, экотуристік
ағымдарының бағыты мен географиясын оңай түсіндіруге болады. Енді қазір,
олардың, дамыған, индустриалды мемлекеттерден (АҚШ, Германия, Жапония,
Ұлыбритания) дамымаған мемлекеттерге (Непал, Үндістан, Пакистан) бағытталуы
дәлелді. Бұл идеяны жетілдіру кезінде, экотуризмнің отаны ретінде туристік
дестинацияларды, аймақтарды санауға болмайды, ал бірінші экотуристер
топтарының қалыптасқан, пайда болған орынды санау керек.
Бұдан сонымен қатар, экотуризм не үшін ҚР ішкі туризм ретінде әлсіз
дамығаны түсінікті. Бізде бұл туризм түріне әлі де сұраныс қалыптаспаған,
себебі экотуристер өте аз. Қоршаған ортаны қорғауға өздерінің күштерін,
уақытын және қаржысын жұмсауға дайын отандық туристер көптен емес. Бұның
нәтижесі ретінде туристік ұсыныстын әлсіз дамуын жатқызуға болады, ол оның
нәтижесінде, көптеген емес ішкі экотуризм түрлерін жиі әлеуметтік туризмге
жатқызады, яғни мемлекеттік қаржыландыруға тәуелді.
Қазіргі уақытта экотуризмнің төрт түрі белгілі:
1. Ғылыми туризм. Қағида бойынша, мұндай турларда туристік объектілер
ретінде ұлттық парктер, қорықтар, ерекше қорғауға алынған табиғи
территориялар жатады. Ғылыми экологиялық турлар барысында туристер
әр түрлі зерттеулік экспедицияларға қатысады, далаға бақылаулар
жүргізеді. Әсіресе Латиндік Америкадағы экотурлар кеңінен танымал:
Галапагасстық аралдар бойымен круиздер.
2. Табиғат тарихы турлар. Арнайы құрастырылған экологиялық маршруттар
бойымен өтетін біліми, ғылыми-мәдени және туристік экскурсиялардың
жиынтығы. Жиі бұндай экологиялық турлар акваториялар мен туристік
территориялар бойындағы ұлттық парктер, қорықтыр территориясында
ұйымдастырылады. Бұл туризмнің түрі Германияда ерекше әйгілі,
сондықтан оны экологиялық туризмнің дамуының немістік моделі деп
атайды.
3. Қызықты оқиғалы туризм. Экотуризмнің осы түрі туристердің спорттық
нәтижелерін жетістіру мен физикалық формасын жақсарту үшін жаңа
сезімдер, әсерлер алу мақсатымен табиғатта демалу және активті
қозғалу тәсілдерімен байланысты барлық саяхаттарды біріктіреді.
Осында туризмнің альпинизм, шыңға шығу, мұздықтарға шығу,
спелеотуризм, таулы және жаяу туризм, су бойымен өтетін, шаңғылы
және таулы туризм, каньониг, атты туризм, маунтбайк, дайвинг,
парапланеризм және т.б. сияқты түрлерін жатқызамыз. Атап айтылған
түрлердің көбісі жақында пайда болды және үлкен тәуекелмен
байланысты болғандықтан экстремальді болып табылады. Сонымен қатар
өте қарқымды дамып келе жатқан, кірісті, бірақ қымбат экотуризмнің
түрі. Туристердің табиғатты қорғау мотивтерінен оқиғаны аңсауы
басым болғандыққа байлынысты қызықты оқиғалы туризмді жиі ауыр
туризм деп атайды. Кейінірек экотуризм туралы сөйлескенде, біз
қызықты оқиғалы туризмді де жобалаймыз.
Қызықты оқиғалы туризмді жиі спорттық туризммен (альпинизм, спелеология,
парапланеризм және т.б.) және активті туризммен теңдестіреді. Онда туристер
активті тәсілдердің көмегімен қозғалады (жаяу, велосипед, қайықтарда,
плоттарда және т.б.) . Шың мәнінде бұл мүлде дұрыс емес.
Спорттық туризм саяхаттау ретінде спортпен шұғылдануды немесе жарыстарға
баруды мақсаттайды, бірақ ол тәуекелмен, қызықты оқиғалы туризмнің
түрлерімен байланысты емес. Мысалы, шұғылдану жиындарына баратын футбол
командалары, немесе өздерінің командаларының артынан көшпелі матчтеріне
баратын фанат-жанкүйерлер.
Сол уақытта қызықты оқиғалы туризмде активді тәсілдермен қозғалуды
көздемейтін саяхаттау түрлері бар, мысалы, джипинг – жоғары өтерлік ойлы
қырлы жолдармен автомобильде саяхаттау, немесе BASE – арнайы паршют арқылы
ұшқыш аппараттардан, тік жартастардан, жоғарғы антропогендік объектілерден
(аркалық көпірлерден, теле мұналардан және т.б.) секіру немесе тереңге
бату.
Қазіргі заманда әлемдік нарықта қызықты оқиғала туризм (adventur
tourism) – бұл жай ғана оқиғалы саяхаттау емес, ал туристер үшін ерекше,
әдеттегіден өзгеше элементтері бар турлар. Бір туроператор осы нарық
сегментінде сізге турқызметтің кең спектірін ұсына алады: ығыр болған
ораманда жаяу сапардан Антарктидаға экспедицияға дейін.
4. Резервациялар мен табиғи қорықтарға саяхат. Қорықтарда орналасқан
бірегей және экзотикалық табиғи объектілер мен құбылыстардың
жоғарғы атрактивтілігі көптеген туристерді қызықтырады. Мысалы,
Латын Америка мемлекеттерінде туристердің 60% резервацияларға,
табиғи қорықтар мен ұлттық партерді көру мақсатымен келеді. Бұл
экологиялық туризмнің түрі Автралияда әбден дамыған, сондықтан оны
экологиялық туризм дамуының автралиялық моделі деп аталады. [36,
45б]
Шын мәнінде, нағыз экотуризм мынандай мақсаттарға жетуі тиіс:
1) табиғатты қорғау және бұзбауға жердемдесу. Оған бірнеше тәсілдер
арқылы қол жеткізуге болады немесе “Green Tours” ұйымы жасағандай
әрекет жасау керек, атап айтқанда, түскен түсімнің 5% тур өткізген
ұлттық паркке беру керек.
2) жұмыс орындарын ашу және жергілікті тұрғындардың табысын көтеру.
Ол мынаған келіп саяды: Жергілікті тұрғындарды гид ретінде жұмысқа
қабылдау, жергілікті құрал-жабдықтарды жалға алу, қосымша қызмет
түрлерін пайдалану, яғни сол жердегі кафені және үйлерді тазалау.
3) жергілікті мәдениет туралы әңгімелеу. Бұл да бірнеше тәсілдермен
жүзеге асуы мүмкін: халықтың ауызша және жазбаша шығармашылығын
насихаттаудан бастап, түрлі сувенир, қолөнер түрлерін жасау мен
сатуға дейінгі әрекет түрлерін қамтуы мүмкін. Дәстүрлі тағам мен
сусын түрлерін де туристер пайдалана алатындай болу керек.
4) туристерді оқып үйрету мақсаты да болу керек. Білім беру орталағы
– соның бір түрі ғана, қандай жағдай болмасын, туристер өздерінің
не істейтінін әрқашан анық білуі тиіс.
Туризм тұрақтылық сипат иелену үшін, өзінің ауқымды жөнінен ірі болмауы
тиіс және жергілікті адамдар басшылық ете алатындай болу керек. Сонымен
бірге, тұрақты мониторинг қажет, оның қажеттілігі – туризм шегінен асып
кетпеуі үшін, әлеуметтік мәселелер тудыратындай және қоршаған ортамен
келеңсіз жағдай тудыратындай дәрежеде болмау үшін керек.
Британдық “Tourism Concern” мемлекеттік емес ұйымы, қауымды белсенді
тарта алатындай мүмкіндігі бар туризмге көбірек сенеді. Бұл ұйымның
Дүниежүзілік Туристік Ұйымға (ДТҰ) қарағанда радикалды. Бірақ, бұл ұйымның
ойына қарағанда, тек жергілікті адамдар ғана нағыз тұрақты дамуға қол
жеткізе алады. Жергілікті тұрғындардың туризм дамуын талқылаудың әрбір
деңгейіне қатысуы ғана қоршаған ортаны нақты қорғауға кепіл болады.
Туризмнің жоғарыда аталған барлық түрі альтернативті бола алады.
Agenda 21 – бұл орындауға ыңғайлы іс-әрекет жоспары. Оны бүкіл әлемде,
бір елдің ішінде немесе нақты бір жерде БҰҰ-жүйесі бойынша мүше ұйымдар,
үкімет және ірі ұйымдардың қатысуымен адамдар қоршаған ортаға ықпал ете
алатын әрбір территорияда жүргізуге тиісті.
Agenda 21, Қоршаған орта мен даму Декларациясын, Орман алқаптарын
тиімді басқару бойынша ережелер Жарғысын 1992 жылы 3-14 маусымда
Бразилияда Рио де Жанейрода өткен БҰҰ-ның конференциясында 178-ден астам ел
қабылдаған болатын.
Бұл конференцияның бір мақсаты – саяхат пен туризм бойынша нұсқау
беретін жақсы оқу құралдын жасау үшін ережелер жинағын құрастыру.
Саяхат пен туризм индустриясы бойынша Agenda 21 құжаты мынаны
мақұлдайды: саяхат және туризм, әлем, қоршаған ортаны дамыту мен қорғау бір-
біріне бағынышты емес. Бұл құжатта жергілікті өкіметті ашық экономика
жүйесі идеясын ұсынуға шақырады, бұл жүйеде саяхат пен туризм саласындағы
сауда тұрақты негізде құрылуы мүмкін. Соған сәйкес, өкімет саяхат пен
туризм саласында көрсетілген қызмет түріне кесірін тигізген тосқауылдарды
жоюға, келетін орындарға зиян шектіретін, табиғат апаттары (зардаптары)
жайлы бір-бірін сақтандыру саясатын қалыптастыру қажет.
Толықтай алғанда, саяхат пен туризм (құжатқа сәйкес) мыналарды орындауға
тиіс:
– адамдарға табиғатпен үйлесімділікте, салауатты, мәнді өмір сүруге
көмектесу;
– жердің экожүйесін сақтауға, қорғауға және қалпына келтіруге ықпал
жасау;
– өндіру мен тұтынудың тұрақты принципіне негізделу.
Саяхат пен туризм саласын дамытушы адамдар мына төңірегінде ойлануы
керек:
– қоршаған ортаны қорғауды жалпы даму процесімен біріктіру;
– даму мәселесін оған мүдделі азаматтардың қатысуымен шешу;
– қабылданған шешімдер жергілікті деңгейде орындалуына кепілдік
беру;
– өз мүмкіділіктерін әйелдер мен жергілікті тұрғындар үшін жұмыс
орнын ашып беруге пайдалану;
– жергілікті тұрғындардың мәдениеті мен мүддесін мойындау мен
қолдау;
– қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық заңдарын құрметтеу.
Аталған құжат, сонымен қатар, мына 10 пункті басшылыққа ала отырып,
жұмыс жасауды керек етеді: Қалдықтарды өңдеу және қайта пайдалану;
энергияны тиімді пайдалану, сақтау және басқару; ауыз су қорын басқару; су
шығынын басқару; қауіпті заттар; транспорт (көлік); жерді басқару пайдалану
мен басқаруды жоспарлау; экомәселелерді шешу үшін қызметкерлерді,
клиенттерді, қауымды тарту; тұрақтылықты қалыптастыру; тұрақты даму
мақсатындағы әріптестік.
Басқаша айтқанда, туристік компаниялар мына жағдайларға сәйкес жұмыс
жасауы тиіс: табиғатқа зиян келтірмеу, ұлттық және халықаралық ережелерді
орындау міндеттерді әрі оған дайын болу маңызды іс екенін мойындау
принципіне сәйкес жұмыс жасауға тырысу қажет.
ДТҰ мәліметтері бойынша, 2003 жылы барлық халықаралық саяхаттаулардың 7%
экотуризмге түсетін, ал халықаралық ресурстар институтының есептеулері
бойынша, халықаралық туризмнің жалпы жылдық өсімі 4% болса, келушілер саны
мен экотуризмнен түсетін кіріс әлемнің әр түрлі аймақтарында 10-30%-ға жыл
сайын артуда. Ең жоғарғы көрсеткіштер Азияттық-Тынық мұхиттың аймақтарына
тән. Мамандардың пікірі бойынша, 40%-дан 60%-ға дейін барлық халықаралық
туристер экотуризм орталықтарына келеді, олардың 20-40% жабайы табиғаттың
туристік ресурстарына бағытталған.
Сол уақыттатура осындай темптермен аңшылық және балық аулау турларға
қатысушылар саны да өсіп келе жатыр. Мысалы, әлемдік аңшылық ұйымдардың ең
үлкені болып табылатын Халықаралық сафари клубына (SCI) жыл сайын 500 жаңа
мүше енеді.
Халықаралық экотуристік нарықтың өсу динамикасы 1 және 2 кестеде
көрсетілген
Кесте 1 – Әлемдік экотуристік нарықта барлық туристердің халықаралық
келулерінің өсу динамикасы (млн адам).
(млн адам)
Туристердің келуі: 2000 ж 2006ж
Келулердің жалпы саны 393 528,4
Экотуристік дестинацияларға келулер 157 211
Жабайы табиғатқа бағытталған туристердің келуі 79 106
*Ескерту: (26, 110б( әдебиеттер негізінде автормен құрастырылған

Непалда 1996 жылдан 2006 жыл аралығында трекингтік турларға қатысқан
туристер саны 255% дейін өсті. Мысалы, 2000 жылы көктемінде Эверест
аймағына 50-ден аса халықаралық экспедициялар орналасқан. Корольдық жыл
сайын туризм арқасында 200 млн. АҚШ долларға жуық кіріс табады. Коста-
Рикада, экотуристерді қабылдайтын жетекші мемлекеттердің бірінде, келетін
экотуристер саны жыл сайын 781 мыңға дейін өседі. Мемлекетке келетін
туристердің 66% жуық ООМП-да саяхаттайды. Гондураста жыл сайынға
экотуристердің өсімі 13-14% құрайды. Кенияда 1996-2006 жж аралығында
экотуристер мөлшері 45% жоғарлады. Мемлекетке келетін туристердің 80% -нан
астамы табиғи туристік ресурстарға бағытталған.
Кесте 2 – әлемдік нарықта экотуризмнен түсетін кірістін өсу динамикасы
(млрд. АҚШ долл).
(млрд. АҚШ долл)
Көрсеткіштер: 2000ж 2006ж
Келушілердің жалпы санынан түскен кіріс мөлшері 388 416
Келушілерден экотуристік дестинацияларға түскен кіріс
мөлшері 93 166
Жабайы табиғатқа бағытталған туристерден түске кіріс
мөлшері 47 47
*Ескерту: (26, 56б( әдебиеттер негізінде автормен құрастырылған

АҚШ саяхаттаулар бойынша Экотуризм Ақпараттық Ресурстық Орталығының
мәліметтері бойынша, саяхаттап жүрген американдықтардың 7% жуығы (8 млн
адам аралығында), болмаса 1 экотурға қатысып көрген және де 30% жуығы (35
млн адам) осындай саяхатты келесі 3 жылда орындайтынына тілегін білдірген
болатын. Сөйтіп, 43 миллионнан астам американдықтарды экотуристер
категориясына жатқызуға болады. АҚШ туристерінің арасында өткізілген
зерттеулер осылардың 77% бір рет болсада өздерінің демалыстарын басқа
халықтардың мәдениеттерін зерттеумен немесе оқиғалы, табиғатпен
байланыстырып өткізгенін көрсетті. Сол 2004 жылы 54 миллион американдықтар
құстарды бақылауға қатысты, ол 2002-2003 жылдар арлығымен салыстырғанда
157% өсуін көрсетті (21 млн). АҚШ ООПТ саяхаттау 14.2 миллиард доллар тұтас
кіріс әкеледі және туризммен байланысты 300 мың жұмыс орындарымен
қамтамасыз етеді.
Халықаралық экотуризмде қызмет атқаратын АҚШ туроператорларының
зерттеулері келесіні айқындады – 2001 жылы 78 туроператорлардың ішінде тек
3 ғана жылына 1000 клиенттен астам болған. 2006 жылы тоқсаншы жылдармен
салыстырғанда ұсыныс көлемі 125% өсуін құрады. 2008 жылы 35 фирма жылына
1000 астам халықаралық экотуристерге қызмет атқарды, ал 5 жетекші фирмалар
жылына 49012 клиенттермен нарықтын 40% басқарды.
Экотуризм дамуының болжамдары мен факторлары. Отандық эксперттердің
пікірін, халықаралық туристік ұйымдардың (WTO, WTTC) болжамдарын,
халықаралық саяхаттау динамикасын талдай отырып, қазіргі халықаралық
туризмді тұтас алып және экотуризмді жекелеп алғанда келесі даму
тенденцияларын атап көрсетуге болады.
“Tourism Vision 2020” ДТҰ болжауына сәйкес, 2020 жылы халықаралық
туристік келулер мөлшері 1,6 млрд бірлікке дейін өседі деп болжауда. 2000
жылы халықаралық келушілер мөлшері 702 млн күтілген болса, 2010 жылы –
1,018 млрд, 2020 жылы –1,6 млрд келушілер күтілуде. Бұл 1996 жылмен
салыстырғанда (596 млн келу) 3 есе жоғары. Тура осы уақытта туризмді дамыту
есебінің ұлттық жүйесін унификациялау бойынша жұмыстар енді басталғандығы
туралы еске салу жөн. Сондықтан атап кеткен көрсеткіштерді соңғы деп
қарауға болмайды. Бірақ, қалыптасқан жағдайда да сала дамуының жағымды
болжаумы туралы айтып кетуге болады.
Жақындағы болашақта туризмнің ең перспективті түрлері круиздер,
экологиялық, қызықты оқиғалы, танымдық және тематикалық туризм болады.
Г.А. Папирян айтып кеткендей, туризмнің дамуымен жаңа турист пайда
болады. Бұл, белгілі теңіз жағалауында демалысты дәстүрлі өткізетін
отбасылық туризм түрі біртіндеп жаңа түрлерге орнын береді, атап айтқанда
экотуризмге, қызықты оқиғалы және танымдық туризм түрлеріне. Пассивті
демалуға үлгі өтеді, туристік ағымдардың қайта бейімделуі басталады. Өсудің
жоғары темптері таулы сапарларға тән болады, сонымен қатар тәуекел мен
оқиғалы элементтері бар саяхаттар үшін.
Көптеген авторлар турқызметке сұраныстың өсуін пенсиондық жастағы
туристер топтарына (сеньорлар) болжайды. Бос уақыттын көптен болуы,
материалды молшылық, психологиялық және әлеуметтік гедонизация – мұның бәрі
келесі ұрпаққа оптимизммен қарауға мүмкіндік береді. Сеньорлардың көбісі,
әсіресе АҚШ, Германия және Жапония елдерінен экотурларға қатысады. Бұл
тенденцияны халықаралық туристердің орташа жасы нағыз көрсетеді – 35-45
жас. Халықаралық туризмнің түрілік құрылысында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық туризм ерекшеліктері
Экотуризм бойынша халықаралық бағдарламалар
Экологиялық туризмнің белсенді туризм мен байланысы
Кологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары
Экологиялық туризмнің ерекшелігі
Экологиялық туризм ұғымы
Қазақстанда экологиялық туризм саласының дамуы
Экологиялық туризм дамуында Қазақстанның ерекшеліктері
Экологиялық туризм түсінігі
Замануи туризмдағы экологиялық туризмнің Қазақстан үшін маңызы
Пәндер