Қаржы - шаруашылық қызметті талдау



КІРІСПЕ
1 ҚАРЖЫ . ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ .
1.1 Қаржы . шаруашылық қызметтің мәні және оны талдаудың мақсаты.
1.2 Кәсіпорында қаржылық қызметті талдаудың ақпараттық негізі.
1.3 Қаржы . шаруашылық қызметті талдау әдістері.
2 МГӨБ «ҚҰЛСАРЫМҰНАЙГАЗ». ДЫҢ 2004.2006Ж.Ж ҚАРЖЫ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ.
2.1 МГӨБ «Құлсарымұнайгаз» басқармасының пайда болу тарихы және құрылымы, 2004.2006ж.ж басты технико.экономикалық көрсеткіштері.
2.2 Мұнай газ өндіру басқармасының қаржылық тұрақтылығы.
2.2.1 Басқарманың баланс өтімділігі.
2.2.2 Басқарманың төлем қабілеттілігі.
2.3 Басқарма қызметінің іскерлік белсенділігі.
2.4 Мұнайгаз өндіру басқармасы қызметінің табыстылығы.
3 «ҚҰЛСАРЫМҰНАЙГАЗ» ӨНДІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ . ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН НЫҒАЙТУ ЖОЛДАРЫ.
3.1. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, төлем қабілеттілігін және табыстылығын арттыруға әсер етуші факторлар.
3.2 Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы және жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары.
3.3 Қаржы . шаруашылық қызметтің тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субьектілердің қаржы - шаруашылық қызметті шоттары Бас жоспарының 1997жылдың 1қаңтарынан қолданысқа енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдаудың жаңа әдістемесін жасауды қажет етеді.
Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іскерлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды қамтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсыну керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджементіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субьектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздықпен жауапкерсіздікті іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру – нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалар мен ашық аландарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субьект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіндік ашты.
1 Баканов М. И. Теория экономического анализа // - М.: Финансы и
статистика, - 1995.- С. 240 - 242.
2 Бортников А. О платежеспособности и ликвидности предприятия //
Бухгалтерский учет. - 1995.- № 11.- С. 32 - 34.
3 Бука Л. Управленческий анализ и комплексная оценка экономической
эффективности // Аудитор. - 1996.- № 3.- С. 37 - 39.
4 Высоцкий Д. Анализ дебиторской и кредиторской задолженности //
Бух. Учет. - 1996.- № 12.- С. 36 - 37.
5 Глазунов В. М. Анализ финансового состояния предприятия //Финансы. - 1999.- № 2.- С. 15 - 21.
6 Дүйсенбаев К. Ш. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау // – Алматы.: Экономика, - 2001. - С. 8 – 45.
7 Ефимова О. В. Анализ собственного капитала // Бух. Учет. - 1999.- № 1.- С 95 - 102.
8 Ефимова О. Анализ платежеспособности предприятий // Бух. Учет. - 1997.- № 7.- С 72.
9 Ефимова О. Анализ финансовой устойчивости предприятия// Бух. Учет. - 1993.- № 3.- С. 22 - 23.
10 Ефимова О. Анализ показателей ликвидности// Бух. Учет. - 1997.-
№6.- С. 54 - 58.
11 Ефимова О. Анализ движения денежных средств предприятия // Бух.
Учет. - 1994. № 2.- С.17 - 23.
12 Ефимова О. Анализ финансовых результатов и эффективности использования имущества // Бух. Учет. - 1994.- № 1.- С. 22 - 28.
13 Игнатущенко Н. Система аудиторского обслуживания предприятий //
Аудитор. - 1997. - № 12. - С. 20 - 28.
14 Ильенкова С. Д., Ильенкова Н. Д. Факторный индексный анализ финансовых показателей фирмы // Финансы. - 1998. - № 7. - С. 56 - 59.
15 Қазамбаев А.М. Өндірісті басқару құрылымы және оған әсер ететін
факторлар жүйес // Тұран университетінің хабаршысы. – 2003.-№ 1, 2. С. 194-198.
16 Құлпыбаев С. Өндірісті басқарудың экономикалық әдістері //
Алматы.: Экономика. – 1984. С. 45 – 58.
17 Клейникова В. Анализ финансового состояния по данным бухгалтерского баланса // Бух. Учет. - 1995. - № 6. - С. 7 - 9.
18 Крейнина М. Н. Анализ финансовых результатов деятельности предприятия // Я - бухгалтер. - 1998. - № 12. - С 128 - 135.
19 Крейнина М. Н. Система финансовых показателей, характеризующих
финансовое состояние предприятия // Я - бухгалтер. - 1998. - № 8. - С. 142 - 149.
20 Крейнина М. Н. Итоговая оценка эффективности хозяйственной
деятельности предприятия // Я - бухгалтер. - 1998. - № 11. - С. 148 - 156.
21 Кринина М. Методы оценки платежеспособности предприятия // Экономика и жизнь. - 1994. - № 12. - С. 9.
22 Логинов В., Курнышева И. Долговременные тенденции развития промышленности // Экономист. - 1999. - № 2. - С. 3.
23 Медведева О. Анализ доходности предприятия // Бух. Учет. - 1995. - № 6. - С. 35 - 38.
24 Макарьян Э. А., Герасименко Г. П., Макарьян С. Э. Финансовый анализ // - М.: КНОРУС,- 2006. – С. 135 – 145.
25 Макарьева В. И., Андреева Л. В. Анализ финансово хозяйственной деятельности //– М.: Финансы и статистика, , - 2004.- С. 3 – 53.
26 Новодворский В. Д., Хорин А. Н. Об оценке дебиторской и кредиторской задолженности // Бух. Учет. - 1996. - № 1. - С. 28 - 33.
27 Новодворский В.Д. Об акционерном обществе, его уставном и резервном капитале // Бух. учет. - 1996. - № 11. - С. 64 - 71.
28 Осийчук М. Уровень безубыточности предприятия // Аудитор. - 1996. - № 6. - С. 41 - 45.
29 Парадаев А. Совершенствование анализа финансового состояния акционерных обществ // Аудитор. - 1996. - № 8. - С. 32 - 42.
30 Парадаев А. Анализ имущественного положения акционерных обществ // Бух. Учет. - 1996. - № 7. - -С. 28 - 40.
31 Петров В. В., Ковалев В. В. Как читать баланс?- М.: Финансы и статистика, 1993. - 256 с.
32 Сотникова Л.В. О формировании финансовых результатов // Бух. Учет. - 1996. - № 12. - С. 10 - 15.
33 Трофимова Л. Проблема формирования сравнительной оценки эффективности деятельности предприятия и пути ее решения // Аудитор. - 1996. - № 11. - С. 42 - 46.
34 Трофимова Л. Экономические показатели, используемые для оценки эффективности деятельности предприятия // Аудитор. - 1996. - № 9. - С.22 - 29.
35 Трофимова Л. Финансово-экономическая диагностика эффективности деятельности предприятия // Аудитор. - 1996. - № 7. - С. 25 - 40.
36 Шеремет А. Д., Сайфулин Р. С. Методика финансового анализа. - М.: ИНФРА-М, -1995. С - 176 .
37 Шишкин А. К. и др. Учет, анализ, аудит на предприятии. - М.: Аудит ЮНИТИ, -С. 1996. - 498 .
38 Щербинина Ю. В. Анализ прибыли // Бух. Учет. - 1998. - № 7. - С. 79 - 84.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің
экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің
әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субьектілердің қаржы -
шаруашылық қызметті шоттары Бас жоспарының 1997жылдың 1қаңтарынан
қолданысқа енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық
стандарт талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай
қаржылық талдаудың жаңа әдістемесін жасауды қажет етеді.
Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің
дәстүрлі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты
пайдаланушылардың сұрақ тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын
тәжірибе көрсетті. Іскерлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі
түрде өзгертілуі және өңделуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық
нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған
қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды қамтамасыз ететін есеп саясатын
таңдап алып, соны басшылыққа ұсыну керек, яғни оның қызметінің аясы жай
есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын,
қаржы менеджементіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік
аса қажеттілік салдарынан туындады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу
жүргізбей, шаруашылық субьектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін
себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің
екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу
мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік
әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі
одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік меншік жағдайында
кеңінен орын алған ұқыпсыздықпен жауапкерсіздікті іскерлік, басқарушылық,
қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру – нарықтық
экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен
өзгеше іс әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалар мен ашық аландарда,
материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына,
яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере
алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы
қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс
істеу келмеске кетеді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың
шаруашылықты жүргізуші субьект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып,
олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне
мол мүмкіндік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті
таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс әрекеттің тиімділігі
осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың жөн
сілтеуімен емес, контрагенттерді қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.
Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қателіксіз таңдауымен
нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып,
оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен
айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субьектілердің қызметінің жетістектері
басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің обьективтілігі, нақтылығы,
шұғылдылығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің
қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып,
еліміздің зкономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршендігінің кепілі мен жай күйінің
орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша
қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен
өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процессін қамтамасыз ете алатын өзінің
қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, обьективті, ғылыми
негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер
қабылдау үшін оның қаржы - шаруашылық қызметін талдау қажет. Тек терең
және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін обьективті бағалап,
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның
іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау
үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз
зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай
қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен
экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін
тигізеді.
Нарықтық жағдайға көшу есеп беруді дамытуды ғана емес өнеркәсіптің
қаржылық жағдайын бағалауды да өзгертуге әкеліп соқты. Қаражаттың тиімді
жұмсалуы қандайда бір өнеркәсіпке өз қаражатын тиімді жұмсағысы келген
инвестор немесе бағалы қағаздардан дивидент алып отыратын акционер сол
өнеркәсіптің қаржылық жағдайы туралы мәліметтер жинайды.
Қазіргі заманғы өнеркәсіптің шаруашылық жағдайын талдау екіге
бөлінеді басқару және қаржылық талдау. Олар өзара ерекшеленеді.
Экономистер арасында өнеркәсіптің қаржылық жағдайының сапалық және
сандық көрсеткіш туралы сұраққа бір пікірге келмейді.
Алдыңғы қатарлы экономистердің әр түрлі талдау әдістерін қарай
отырып осы дипломдық жұмысымда өндірістің қаржы - шаруашылық жағдайына
талдау жасадым.
Зерттеудің мақсаты: Өндірістің қаржы - шаруашылық қызметін талдаудың
басты мақсаты болып, яғни өнеркәсіптің қаржылық жағдайын көрсететін
көрсеткіштер санын білу болып табылады. Өндірісті басқаруда басты шешім
қабылдау үшін басқармаға үнемі есеп беру нәтижесін біліп отыру қажет.
Қазіргі уақытта, экономиканың нарықтық қатынасқа өтуі, кәсіпорынның
дербестігі, олардың экономикалық және заңдылық міндеттемелері жоғарлайды.
Шаруашылық субьектілерінің қаржылық тұрақтылығының мәні тез қарқынды өседі.
Осының барлығы қаржы жағдайының,ақша қаражаттарын пайдалану және
орналастыру талдауының ролін жоғарлатады.
Талдау өзімен бірге фирманың жұмыс істеуінің қаржылық жағдайын
анықтау мақсатында функционалдық басқаруды қамтамасыз етеді. Қойылған
мақсатқа байланысты талдау кәсіпорын қызметінің әр түрлі аспектілеріне
байланысты жасалуы мүмкін. Қаржы - шаруашылық қызметті талдау негізінде
аналитикалық зерттеулерді және тәртіптерді анықтайтын талдау әдістері
жатады. Қаржы - шаруашылық қызметті талдаудың тәртіпті жағын бөлшектеу
ақпараттық қамту мен таңдалған талдау бағытына байланысты.
Қаржы - шаруашылық қызметті талдау осындайларды істеуді қамтамасыз
етеді:
-кәсіпорынның қаржылық экономикалық жағдайын бағалауға және оның
қойылған мақсаттарға қатынасын бағалауға мүмкіндік береді.
-шаруашылық субьектінің экономикалық потенциалын көтеру.
-қаржылық - шаруашылық қызметтінің нәтижелігін анықтау.
-өндірістің тиімділігін жоғарылату шараларын ойлап табу және
басқару, тағы басқалары.
Осылайша, қаржы - шаруашылық қызметті талдау кәсіпорынның қажетті
бөліктерінің бірі болып табылады. Қаржы - шаруашылық қызметті талдау
ағымдағы жағдайды реттеуге мүмкіндік беретін, келешекте кәсіпорынның дамуын
анықтайтын экономикалық өміріне тікелей әсер ететін құрал.
Соңғы кездері қаржы - шаруашылық қызметті талдау ҚР кәсіпорындарын
басқаруда кең қарқынды дамып келеді, бұл кәсіпорын қызметінің тиімділігін
көтеруге және экономикалық өсуін қамтамасыз етеді.
Бұл жұмыста өндірістін қаржы - шаруашылық қызметті талдау
бухгалтерлік есеп беру мәліметтері бойынша жүргізілген.
Зерттеу нышаны: Дипломдық жұмысымдағы зерттеу нышаны :
Құлсарымұнайгаз өндіру басқармасы болып табылады.
Құлсарымұнайгаз өндірістік басқармасы Атырау облысы, Жылыой
ауданындағы ескі кәсіпорыны болып табылады. Бұл мекеме казіргі
таңда ҚазМұнайГаз Ашық Акционерлік Қоғамының жалпы ережесімен және
жарғысымен жүргізіледі.
Дипломдық жұмысымның басты мақсаты:
1 Өнеркәсіптің қаржы - шаруашылық қызметінің теориялық негіздері.
2 Құлсарымұнайгаз өндіру басқармасы 2004-2006 жылдарға
жүргізілген қаржы - шаруашылық қызметін талдау.
3 Құлсарымұнайгаз өндіру басқармасының қаржы - шаруашылық
қызметін жетілдіру жұмыстарын жүргізу.

1 ҚАРЖЫ - ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ .

1. Қаржы - шаруашылық қызметтің мәні және оны талдаудың мақсаты.

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорының қаржылық шаруашылық
қызметін талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие
болуымен, сондай ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық
серіктестер және басқа контрагенттер алдына өзінің өндірістік кәсіпкерлік
қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болумен байланысты.
Кәсіпорының қаржы - шаруашылық қызметін талдау жөніндегі сұрақтарды
қарастырмас бұрын, қаржылық жағдай дегеніміз немесе қаржылық жай күй
дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы
әдебиеттерде бұл ұғым әртүрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д.Шеремен
Кәсіпорының қаржылық (активтер) жағдайы қаржыны талдау, пайдалану және оны
қалыптастыру көздерімен (меншік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер)
сипатталады деп жазған.
Профессор Н.А.Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: Кәсіпорының қаржы -
шаруашылық қызметі қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен
сипатталады. Кәсіпорының қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік,
коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және
пайдаланумен, сондай ақ басқа шаруашылық субъектілермен қаржылық қарым
қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен
сипатталады. Кәсіпорынның уақытылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық
жағдайының жақсылығын көрсетеді.
В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорының қаржы - шаруашылық қызметі
қаржы ресурстарының қалыптасумен, таратылуы және пайдаланумен көрсетіледі
деп жазады.
М.Н.Крейнина , А.И. Ковалев және В.П.Привалов қаржылық жағдай ұғымын
былайша түсіндіреді:
Қаржылық жағдай – бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріп
таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы.
Профессор И.Т.Балабанов Шаруашылық субьектісінің қаржылық жағдайы- бұл
оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігіннің сипаттамасын (яғни төлем
қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды
пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субьектілерінің
алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субьектісінің қаржылық
жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен
рентпбельділік, қаржылық тұрақтылық, несие қабілеттілігі, капиталды
пайдалану, валюталық өзін- өзі өтеу- деп жазады.
С.А.Стуков осы ұғым бойынша өзінің көз қарасын келесі сөздермен
баяндайды: Кәсіпорынның қаржы - шаруашылық қызметі - бұл бірқатар
көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін
кешенді түрде бағалау.
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін
жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек
анықтауға мүмкіндік беретін ұғымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі
әдәстермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек
өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс,тиімділік)
қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы
бағалауға тигізетін әзерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыты
келе, кәсіпорынның қаржылық жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ
кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы
кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын
куәландыруы тиіс.
Біздің көз қарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының
үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай анықтауды
ұсынамыз:
Кәсіпорынның қаржы - шаруашылық қызметі осы кәсіпорынның белгілі бір
кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз
жүргізу мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеу үшін қаржы
ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұраққа да
арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық
тұрақтылықты өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс
процесінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржынық жеткілікті болуы деп
түсіндіріледі. Қаржылық тұрақтылық-меншікті және қарыз қаражаттарының
байланысы деп жазады.
Енді біреулер өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар,
материалық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды
жабатын, сондай ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол
бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық
субьектілері қаржылық тұрақты болып табылады деп жазады.
Бұл ұғымды А.Д. Шермет пен Р.С.Сайфуллин өте ықшам түрде анықтайды.
Олардың ойынша Қаржылық тұрақтылық-бұл әрдайым төлем қабілттілігін
кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы.
В.М. Родинова мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді:
Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән
айнасы - қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін
пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу
процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай ақ кәсіпорынды кеңейтуге
және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы
ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы
тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады. Осы еңбегінде бұл авторлар
одан әрі мына анықтаманы келтіреді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын
деңгейінде төлнм қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып,
табысты өсіру негңзінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның
дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы. [1]
В.Г.Артеменко мен М.В.Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді:
Қаржылық тұрақтылық – бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы.Ол ақша
қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді
пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процессінің үздіксіз болуына
жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс шаруашылық
қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының
негізгі бөлігі болып табылады. Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы,
ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша
ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді
өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері
мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілерімен, жұмысшылармен және
тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен
қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық
міндеттемелер орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның
материалдық техникалы базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты
жақсартуіға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы
қажет.
Айта кету керек, біз қаржылық тұрақтылық ұғымын қарастырғанда соңғы
айтылған авторлардың көзқарастарын бөлек қарастырдық, әйткенмен біз олардың
кейінгі шешімдермен келісе алмаймыз. Қаржылық тұрақтықтың мәні – қаржы
ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады - деп
жазады В.Т.Артеменко мен М.В.Беллендир.
Біздің ойымызша бұл ұғымды А.Д.Шеремет мен В.С.Сайфулин дәлірек және
анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні – бұл қорлар мен
шығындардың қалыптасу көздеріне қамтамасыз етілуі деп түсіндіріледі.
Э.А.Макарьян мен Г.П.Герасименко да дәл осындай көзқараста.
Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептеу мүмкіндігі немесе Сауда,
несие және басқада төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда
болаты кәсіпорының төлем міндеттемелерін уақытылы және толық орындау
мүмкіндігін көрсететін төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы
көрінісі болып табылады. Кәсіпорынның жұмысы нарық жағдайына өтумен бірге
оның қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі сұрақтар
да шиелінісе түсті.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер
етеді, оларды В.М. Радионова және М.А.Федотова келесідей түрлерге жіктейді:
1) пайда болу орнына байланысты – ішкі және сыртқы;
2) нәтижесінің маңыздылығына байланысты - негізгі және негізгі
емес;
3) құрылысы бойынша – қарапайым және күрделі;
4) әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты
болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші
өндіріс шындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген
қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай ақ, тұрақты және айналым
шығындар арасындағы өатынас маңызды болып табылады.
Байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі -
активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай ақ кәсіпорынның басқару
стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару
өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын
қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы
ресурстарының құрамы мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен
тактикасының дұрыс таңдалынып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның
ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне
алады.
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны
тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте
маңызды болып табылады.
Қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша
жұмылдырушы қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын
қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты
жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі- яғни
кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па?-деген қауіп
туады.
Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігін қаржылық кепілінің
бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына
әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
- кәсіпорынның салалық топқа жатуы.
- шығарылатын өнімнің құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар
сұраныстағы үлесі.
- төленген жарғылық кпиталдың мөлшері.
- шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы
динамикасы.
- қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы
мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы.
- кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері,
қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс
және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты,
кәсіпорынның қызыметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық
баланс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз
контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып
алушылар,акционрлер және тағы басқалар) өзара қарым - қатынасы үлкен әсер
етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу -
жақсы қаржылық жағдайдың бірден - бір шарты болып табылады. Әрине
акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді
ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық
тартымдылығы болу үшін, тек бүгінгі күн ғана емес, болашақта да
кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.
Сондай – ақ, бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен
алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен уақытта – облигация құнын толық
өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық
кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып несие
алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру
туралы шешім қабылдай отырып, кез келгенбанк қз клиентінің қаржылық
жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді. Басқаша айтқанда,
кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды ма,
жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда – қандай пайызбен және қанша
мерзімге дейін сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады. [23]
Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі
жоғары кәсіпорындармен келісім шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы
органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын
қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті
төлемдерді уақытылы және толық төлей алады.
Осылайша, қаржылық шаруашылық қызмет кәсіпорынның бәсекелестік
қабілетін және оның іскерлік қарым - қатынастағы позициясын анықтайды,
кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа
қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде
кепілдендірілгеннін бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің
объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл – талдау, ол
кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді
түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық
шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі
арасында байланстырушы қызметін атқарады.
Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты
дұрыс басқарды деген сұраққа жауап береді: кәсіпорын осы мерзімге дейінгі
уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарады. Қаржы ресурстар
жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына
байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады,
себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің
жоқтығына және дамуына қажетті қаражаттың болмауын, ал көп болуы - дамуға
кедергі жасап, басы артқы қорлармен жіне резервтермен кәсіпорын
шығындарының көбейюіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс әстеуші кәсіпорындардың қаржылық
шаруашылық қызметін талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып
табылады:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгеруі
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды
таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу.
- айналым капиталының көлемін, олардың өсуін (кемуін) және ағымдағы
міндеттемелермен арақатынасын анықтау.
- қаржы – есептік және несие ережесін сақтау.
- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу.
- ағымдағы активтердің айналымдық есебі, оның ішінде дебиторлық
борыш және қорлар есебі.
- баланстың өтімділігін, кәсіпорының қаржылық тұрақтылығының және төлеу
қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерінанықтау.
- кәсіпорын табыстылығын бағалау.
- кәсіпорын табыстылығының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай – ақ
олардың деңгеінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару.
- кәсіпорынның әскерлік белсенбілігін анықтау.
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа
мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың
қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау,
өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және
қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы
қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына
өзгеріс әкелтін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде
түсуі мен тиімді пайдалануына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті
және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай
– ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол
жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өнімділік және
коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар.
Осылайша қаржылық қызметтің жетістігі, көбінесе оның өндірістік – сату
көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша
қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды
ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір
қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық
ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім
сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша
қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның
төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының
болмауыматериалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс
процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады.
Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін
сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз
жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының
өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың
мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы
қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық
ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста
болып қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорынның өзіндік
қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында
елеулі көрініс табады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы, әсіресе өз кезеңіндегі
қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады,оның
төлеу қабілетінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және
кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Біздің ойымызша, қаржы - шаруашылық қызметті талдауы қаржылық
тұрақталықтан бастаған жөн және оған мыналар жатады:
- кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын
талдау.
- кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және
құрылымдық динамикасын талдау.
- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығынығ абсолюттік және салыстырмалы
көрсеткіштерн талдау.
- баланс өтімділігін талдау.
- кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін
талдау.[1]

1.2 Кәсіпорында қаржылық қызметті талдаудың ақпараттық негізі.

Кәсіпорынның қаржы - шаруашылық қызметін талдаудың ақпараттық негізі
қаржылық есеп беру болып табылады.
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 Бухгалтерлік есеп
туралы заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп
беруге мыналар жатады:
- Бухгалтерлік баланс.
- Қаржы – шаруашылық қызметтің нәтижесі туралы есеп.
- Ақша қаражаттарынығ қозғалысы туралы есеп.
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай ақ қаржылық есеп
беруге негізігелген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен
толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады.түсіндірме
хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап
отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да
ақпараттар жазылуы тиіс. Мысал, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен
белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы
түсініктерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық
ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпараттар, баға өзгерісінің әсері
туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.
Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған
жеңілдетілген түрде толықтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер де
төмендегі көрсетілген 3 шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы
2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:
1) зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдердіесептеу,
сондай ақ айыппұлсанкцияларын,салық және басқа ҚР төлемдерін салу
үшін жылдық табыс ҚР заңымен көрсетілген 10000 есе есептік
көрсеткіштен аспайды.
2) қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50 ден аспайды.
3) Активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен аспайды
Қазіргі кезде біз қолданып жүрген ондық қаржылық есеп негізігі шамалары
бойынша халықаралық есеп стандартының талаптарына сай келеді, себебі ҚР да
соңғы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып
реформалау процесі белсенді жүргізілді, ол біріншіден, негізгі құраушы
нарықтық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің
қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке
кіруімен байланысты.
ҚР да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беруді
құруды мақсаттарына жаңа көзқарастар пайда болды және оның бағыты өзгерді.
Қаржылық есептің мақсаты – бухгалтерлік есепті № 2 Бухгалтерлік
баланс және қаржылық есептегі негізгі ашылулар деген стандартында
көрсетілгендей, бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның
қызметінің нәтижелері мен есептік кезеңдегі қаржылық жағдайында болған
өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету
болып табылады. [2]
Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін және
де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешімдерді
шешу үшін, сонда ақ субъектінің болашақтағы ақша ағымдарын және осы
субъектіге сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы органдардың жұмыстары
мен міндеттемелерді бағалау үшін қажетті пайдалы ақппараттарды сипаттайды.
Алайда қаржылық есеп қолданушыларға экономикалық шешімдерді қолдану үшін
қажетті барлық ақпараттарды қамтымайды. Қаржылық есебін пайдаланушылар
қабылдайтын экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру
мүмкіндігін бағалауды, сондай ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және
нәтежеге сенімді болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектінің өз
жұмысшыларына және жабдықшыларына ақы төлеу, пайызды төлеу, несиені қайтару
және табысты тарату қабілетін анықтайды. Егер де қолданушылар тек қана
субъектінің қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі
қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын ақпараттармен емес, сонымен қатар,
барлық қажетті ақпараттармен жабдықталған болса, онда олар, яғни
қолданушылар ақша қаражаттарының айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы
бағалайды. Бірақ коммерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын
қаржылық ақпаратқа шек қойылады, дегенмен олардың ішінде кейбіреулері
өкілділігі болған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген ақпараттарға қосымша
ақпараттарды талап ете алады. Қолданушыларлардың көпшілігі қаржылық есепке
қаржылық ақпараттың басты көзі ретінде сенуі тиіс. [17]
Нарықтық экономикада жағдайында қаржылық есеп шаруашылық
субъектілердің қызыметі жөніндегі қаржылық ақпараттың жүйелендірілген
бірден бір көзіне, әр түрлі ұйымдық құқықтық нысандардағы шаруашылық
субъектілердің өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға
қажтті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналды.
Баланс - есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық
жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс
меншік иелерін шаруашылық субьектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады.
Осы арқылы олар бұл субьекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық
және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз
міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар
кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорынлар жүйесіндегі өз орны, таңдап алвнған
стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы ресурстарды пайдалану тиімділігінің
салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әртүрлі сұрақтарға
шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны
ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік
береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процессінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз
тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп
жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған
қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады, ал
талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды. Баланс ақпараттары
негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серәкмесі
ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы
шешімдер қабылдай алады, өз салымдарының мүмкін болатын тәуелділіктерін
және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа
шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайды талдауды
баланстық талдау деп атайды. Бухгалтерлік баланс - қаржылық
есептің негізгі түрі бола отырып,ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің
құрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығымен өтімділігін,
меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық
борыштың динамикасымен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігін
анықтауға мүмкіндік береді.
Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін,
оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз
көздерінің көлемі мен құрылымын, сондай ақ оларды ынталандыру тиімділігін
бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін
және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі
болып табылады. [11]
1997 жылға дейін бухгалтерлік баланс екі бөліктен : актив жіне
пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып келді. Активтер, баланс
кәсіпорынның есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және
қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдер
мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу
мүлік құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Мүліктің түрлері және олардың қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгілері
бойынша топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен пассиві
мүлік және оның қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз
ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке жеке элементтер
мен қорытыланған көрсеткіштерден тұрады. Актив пен пассивтегі бұндай жеке
элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.
Баланстың актив бөлімінің құрылымына сай ерекшелік - бұл яғни баланс
бөлімдері мен баптарының әр бөлім ішінде қатаң, белгілі бір дәйектілікпен
орналасуы – яғни олардың өтімділік дәрежесіне байланысты мына принцип
бойынша : өтімділік дәрежесі аз активтерден өтімділігі көп активтерге
дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен
баптары жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары
өтімді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің қорытынды баптары ең
өтімді айналым қаражаттарыболып табылады олар қысқа мерзімді қаржылық
салымдар, кассадағы, есеп айырысу және валюталық шоттардағы ақша
қаражаттары, сондай ақ басқа да ақша қаражаттары.
Баланс пассивінің бөлімдері мен баптары төлем мерзімінің жеделдік
дәрежесіне байланысты мына принципке сай құрылады: төлем мерзімінің
жеделдігі аз бағыттарынан жеделдігі көп бағыттарға дейін.
Бухгалтерлік стандарттың іске қосылуынан бастап бухгалтерлік баланс
жаңаша анықталады және оның екі бөлігі мен элементтері де жаңаша
сипатталады. Олардың түсіндірмесі нарықтық экономикасы дамыған елдердің
бухгалтерлік есеп және аудит тұрғысындағы жетекші ғалымдардың еңбектеріне
арқа сүйейді. Осыған орай ағылшын тілінен орыс тіліне аударылған
оқулықтардың және тәжірибе құралдарының авторларының пікірлері теориялық
көзқарас болып табылады.Жоғары оқу орындарында экономикалық мамандық алатын
студенттерге, бизнес мектептер мен экономикалық лицейлерге арналған ағылшын
авторының Бухгалтерлік талдау деген оқулығында келесідей анықтама
берілген: Баланс – бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық
жағдайының кестесі болып табылады. Активтер дегеніміз бұл кәсіпорын нені
иеленеді және ол нені алуға тиіс , соны көрсетеді , пассивтер – бұл
кәсіпорынның өзінің біреуге берешек қарызы немесе борышы. Активтер сомасы
әрқашан да пассивтер сомасына тең болуы тиіс.
Ағылшын ғалымдары шығарған Бухгалтерлік іске кіріспе деген оқу
құралында былай жазылған: Баланс- бұл белгілі бір күнге кәсіпорынға тиісті
барлық активтер мен оның борыштарын анықтайтын пассивтердің тізімі. Бұл
берілген уақыт мерзіміндегі бизнестің қаржы жағдайының бейнесі болып
табылады. Актив пен пассивтің әр бабы ақшалай көрініске ие болады және де
активтер соиасы әрқашан пассивтер сомасына тең болуы тиіс.
Әрі қарай олар баланстың негізгі элементтерін келесідей сипаттайды:
Активтер - бұл ұйымға тиісті немесе ол пайдаланатын бағалы нәрсе
Пассивтер – басқа біреуге тиісті нәрсе. Пассив термині таза
бухгалтерлік ұғым болып табылады және ол кәсіпорынның қарызы дегенді
білдіреді.
Капитал- пассивтердің арнайы түрі.
Капитал алғашқы капитал мен қызметте қалдырылған табысты қоса алғандағы
меншік иесінің бизнестегі үлесі болып табылады.
Әлемдік банк өңдеп шығарған Қаржылық есеп, аудит,есеп беру бойынша
нұсқаулар оқулығында бұл ұғымдарды былайша түсіндіріледі: Баланстық есеп
– бұл белгілі бір кезеңде жасалған және осы кезеңдегі ұйымның жалпы
қаржылық жағдайын бағалау үшін пайдаланылатын фотосурет. Қаржылық жағдай
ұғымымен тікелей байланысқан баланстық есеп элементтері дегеніміз бұл
активтер, пассивтер және капитал. Баланстық есеп кәсіпорынның әрі қарайғы
жұмысын қамтамасыз ету үшін қазіргі уақытта қолда бар ресурстар туралы
ақпаратты қамтиды. Ол сондай ақ, бұл активтерді қаржыландыру көздері туралы
ақпараттан тұрады. Мысалы, бұл көздер қарызға алынған ба, жоқ, әлде
меншікті ме
Актив дегеніміз бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен
бақыланатын жәнен болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.
Пассив бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның ағымды
міндеттемесі. Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты кәсіпорын
ресурстарының шығынына әкеліп соқтырады.
Капитал- бұл пассивтерді активтерден алып тастағандағы кәсіпорынның
өзіндік қаражаты.
Көріп отырғанымыздай, бухгалтерлік баланс және оның элементтері туралы
бұл анықтамалар біздің бухгалтерлік есеп теориясы бойынша берілген
анықтамалардан өте ерекшеленеді. ҚР - дағы бухгалтерлік есеп туралы заңды
жасаушылар негіз ретінде батыс ғалымдарының еңбегін алып отыр. қаржылық
есептің,субьектінің қаржылық жағдайын бағалаумен байланысқан негізгі
элементтері- активтер, меншікті капитал және міндеттемесі болып
табылатының айта келе, олар қаржылық есептің бұл элементтеріне келесідей
сипаттама береді.
Активтер- бұл құндық бағасы бар кәсіпорынның мүлкі, мүліктік,жеке
мүліктік емес иелігі және құқығы болып табылады.
Міндеттеме- бұл тұлғаның белгілі бір әрекеті басқа бір тұлғаның
пайдасына жасайтын міндеті- мүлікті беру, жұмыс атқару, ақша төлеу және
басқалар немесе белгілі бір әс әрекеттен бас тарту, ал несие берушінің
қарыз адамнан өзінің міндетін орындауын талап етуге құқығы бар.
Меншіктік капитал- бұл субьектінің өз міндеттемелерін шегеріп
тастағаннан кейінгі активтері
Сонымен, қаржылық есептің негізгі элементтерінің анықтамасын
түсіндіруде батыс елдерінен ешқандай айырмашылық жоқ деп айтуға болады.
[17]
Баланс бухгалтерлік есептің Бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп
берудегі негізгі анықтаулар №2 стандартымен анықталады. Ол активтердің,
меншікті капитал және міндеттемелердің мәнің анықтайды, сондай ақ қаржылық
есеп беруде анықтауға жататын ақпараттарға деген талаптардан тұрады.
Баланста ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің жиынтық сомасы
анықталады. Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелерді және олардың
жиынтық сомасын анықтау, қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорынның
қаржылық жағдайын бағалауда және дәлелді басқарушылық шешімдер қабылдауда
қажет болатвн ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Пайдаланушылар үшін қаржылық есептің өте пайдалы екендігіне БЕС -2нің
7 пунктінде ерекше көңіл бөлінген. Онда былай жазылған: барлық маңызды
ақпараттар , қаржылық есепті қолданушылар үшін анық және түсінікті
болатындай дәрежеде ашылуы тиіс
БЕС-2 және қаржылық есепті жасаудың әдістемелік нұсқаулары негізінде
құрастырылған бухгалтерлік баланс көлденең түрде 1-кестеде көрсетілген
көрсеткіштерден тұрады.

Кесте 1- БЕС – 2 негізінде құрастырылған бухгалтерлік баланс

Активтер Еншікті капитал және міндеттемелер
1 2
1. Ұзақ мерзімді активтер 1. Меншікті капитал
Негізгі құралдар: - жарғылық капитал
- дивиденттер
- жер
- құрылыстар мен ғимараттар Қайта бағалау сомасы
- машиналар мен жабдықтар - негізгі құралдардың
- инвестицияның
- басқа негізгі құралдар Резервтік капитал
жинақталған тозуы Бөлінген табыс (жабылмаған зиян)
аяқталмаған күрделі құрылыс
Материалдық емес активтер: Жиыны:
- гудвилл 2. Ұзақ мерзімді міндеттемелер
- патенттер, тауарлық белгілер және - Қайтарылуы қамтамасыз етілген
басқалар несиелер
- материалдық емес активтердің - Қайтарылуы қамтамасыз етілмеген
амортизациясы несиелер

Инвестициялар: - негізгі шарушылық серіктестігімен
- еншілес серіктестіктерге оның еншілес серіктестігінің бір
инвестициялар біріне берілетін несиелер
- тәуелді серіктестерге
инвестициялар
- басқадай инвестициялар - кейінге қалдырылған салықтар

1-кестенің жалғасы

Дебиторлық борыш: Жиыны:
- алынуға тиісті борыштар 3. Ағымдағы міндеттемелер
-алынған вексельдер - қысқа мерзімді несиелер және
овердрафт
- ішкі топтық операциялар - ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы
нәтижесінде пайда болған негізгі бөлігі
шаруашылық серіктестігі мен оның
еншілес серіктестігінің арасындағы
дебиторлық борыш
- кредиторлық борыш
- акционерлік қоғамның лауазымды - төленуге тиісті вексельдер жіне
тұлғаларының дебиторлық борышы шоттар
- басқадай дебиторлық борыш
- алдағы кезең шығындары
Жиыны : - сатып алушылар мен тапсырыс
берушілерден алынатын аванстар
2.Ағымдағы активтер
- тауарлық материалдық қорлар - салықтар бойынша борыш
- алдағы кезең шығындары - төленуге тиісті дивиденттер
ақша қаржаты - негізгі шаруашылық серіктестігі
қысқа мерзімді қаржылық мен оның еншілес серіктестігі
инвестициялар арасындағы борыш
- дебиторлық борыш - акционерлік қоғамның лауазымды
тұлғаларына борыш
- ағымдағы активтерді сатып алуға - басқадай несиелік борыштар
қажетті аванстық төлемдер
алынуға тиіс шоттар - төленуге берілген шығындар
алынған вексельдер
- ішкі топтық операциялар
нәтижесінде пайда болған негізгі
шаруашылық серіктестігі мен оның - алдағы кезең кірістері
еншілес серіктестерінің арасындағы
дебиторлық борыш
- акционерлік қоғамдағы лауазымды - алдын ала қарастырылмаған жағдайға
тұлғалардың дебиторлық борышы байланысты бөлінген төлемдер
Жиыны : Жиыны :
Барлығы : Барлығы :

Алайда айта кеткен жөн, балансты құраудың түрін таңдау (көлденең, яғни
екі жақты немесе тікелей) шаруашылық субъектілердің шексіз құны болып
табылады.
Баланс активі мен пассивін құру принцитері бұрынғы қалыпында қалып
отыр, яғни активтер олардың өтімділік деңгейіне байланысты, өтімділігі
төмен активтерлен өтімділігі жоғары активтерге қарай, пассивтер принцип
бойынша төлем мерзімнің жеделдік деңгеіне байланысты мерзімнің жеделдігі
азынан көбіне қарай.
Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:
- ұзақ мерзімді активтер.
- ағымдағы активтер.
- меншікті капитал.
- ұзақ мерзімді міндеттемелер.
- ағымдағы міндеттемелер.
Барлық қаржылық есеп беруде үш элементті сипаттайды: активтер,
меншікті капитал және міндеттемелер. Қалған екі элемент – табыс және шығын
– қаржы шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есеп беруде көрсетіледі.
Қаржы - шаруашылық қызметті талдау барысында тек бухгалтерлік баланс
мәліметтеріне ғана сүйенуге болмайды. Бұндай тәсіл біршама қарапайымдау,
себебі бухгалтерлік баланс кемшілік пен шек қоюшылықтан адал емес, олардың
ең маңыздылары келесілер болып табылады:
- Баланс табиғаты жағынан тарихи сипатта болады. Баланста
келтірілген мәліметтер оны құрған кезңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесін
көрсетеді. Бұл жағдайда баланс ақпараттары ретроспективалық және
перспективалық талдау мақсаттары үшін қолданылуы мүмкін.
- Баланс кәсіпорын қаржысында және міндеттемелірнде статус –квоны
сипаттайды, яғни пайдаланылып жүрген есеп саясатына осы кезенде кәсіпорын
жалпы қандай жаңдацда тұр деген сұраққа жауап береді, бірақ бұл жағдайға
ненің нәтижесінде жеткеніне жауап бермейді. Бұл сұраққа жауап беру үшін,
тек қосымша мәліметтер ғана емес, сонымен қатар есеп және есеп беруде
көрсетілмейтін көптеген факторлардың талдануы қажет (мысалы, ғылыми
техникалық прогресс контр агенттегі қаржылық қиындықтар және басқалар)
- Баланста салыстырмалы шаруашылық аралық талдау жүргізу үшін
қажетті база жоқ. Ол кеңістік және уақыттық салыстырулармен қамтамасыз
етпейді. Сондықтан оның талдалуы динамикада жүргізілуі тиіс және
мүмкіндігінше көрсеткіштерге, олардың орташа салық және орташа
прогрессивтік маңыздылығына шолу жасаумен толықтырылуы тиіс. Осындай
мақсатпен ұқсас кәсіпорындар тобы бойынша негізгі есептік көрсеткіштерді
ашық жариялау қажет. Бұл қажетті орташа көрсеткіштерді есептеп шығаруға
мүмкіндік береді.
- Баланста кәсіпорынның қаражаттарының айналымы туралы мәлімет
жоқ. Баланстың сол немесе басқа бабы бойынша соманың аз немесе көптігі
туралы қорытындыны баланстың көрсеткіштерін айналымының сәйкес сомаларымен
салыстырғаннан кейін ғана жасауға болады. Мысалы, екі кәсіпорынның
баланстарындағы материалдар бабы бойынша сомасы бірдей, яғни 5 млн.
теңге. Бір жылдағы материалдар айналымы, бірінші кәсіпорында 60 млн. теңге,
ал екіншіде 10 млн. теңгені құрады. Осыған сәйкес бірінші жағдайда
материалдардың қоры жылдық тұтынушылардың 112 (560) ін (айлық қор),
екінші жағдайда ½ (510), яғни жылдық тұтынудың жартысы (жарты жылдық қор)
қамтамасыз етеді.
- Баланс есепті кезеңнің басы мен соңындағы мезгілдік
мәліметтердің жиынтығы болып табылады, яғни онда осы балансты толтыру
кезіндегі аруашылық операцияларының жиынтығы жазылып отырады. Ол
кәсіпорының есепті кезең ішіндегі мүмкіндік жағдайын көрсетпейді. Бұл ең
алдымен баланстың динамикалық баптарына қатысты, олар материалдар, дайын
өнім, тауарлар, дебиторлық борыш және басқалар. Мысалы, жыл соңында
қолда бар өнім қорларының үлес салмағының көп болуы мен дебиторлық борыштың
айтарлықтай үлесі, мұндай жағдай жыл бойы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның табыстар мен шығыстарды талдау
Компанияның қаржы шаруашылық қызметі
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің басқарылуын талдау түрлері, классификациясы
Қаржы менеджменті
Кәсіпорынды қаржылық болжамдау мен талдаудың теориялық негіздері
Аудит туралы ақпарат
Мақта өңдеу өндірістерінде ақша капиталының пайдалану механизмдерінің тиімділігін және оны жоспарлаудың негізгі мәселелерді талдау
Экономикалық талдау жүйесіндегі кәсіпорын қызметін талдау
Компанияның рыноктық құнын анықтау және қаржылық жағдайын талдау
Сарыағаш ауданы бойынша шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржы қорларын талдау
Пәндер