Ақ дөңмаңдай балығы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1.ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.1.Систематикасы, таралуы және жерсіндірілуі ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Ақ дөңмаңдайдың биологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.2.1. Қоректенуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10
1.2.2. Көбеюі, өсуі және тұқымдылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14
1.3. Шаруашылық маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 18
2. МАТЕРИАЛ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20
2.1.Зерттеу жүргізілген ауданның сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.2. Әдістеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3. НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ ТАЛҚЫЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 31
ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР
Ақ дөңмаңдай тоғанның тұщы суларында өсетін, шөппен қоректенетін, қабыршағы майда, кәсіптік балық болып саналады. Бұлардың шыққан жері – Амур, Сунгари, Усури өзендері, Ханка көлі және Шығыс Азия өзендері. Ақ дөңмаңдай балығы Қазақстанда 6 суқоймаға жерсіндірілген [1].
Соңғы жылдары, ақ дөңмаңдайдың аулану мөлшерінің жоғарлауына байланысты балық тұқымын асылдандыру жұмыстары жүргізілді. 1976 жылы Қарағанды тоған шаруашылығында тұқыммен жұмыс істейтін тұқымды асылдандыру учаскесі ашылса, 1978 жылы осы мақсатта Шымкент балық комбинатының Сырдария тоған шаруашылығында шөппен қоректенетін балықтардың тұқымын сұрыптау мен асылдандыру жұмыстары кеңінен жүргізілді [4].
Шелек тоған шаруашылығында 1978-1979 жылдары дөңмаңдайдың тұқымын асылдандыру іске аса бастады.
Бір айта кететін жай, осы комплекске бөлініп жүрген тоғандардың көлемі жеткіліксіз де оның қажетін толық қанағаттандыра алмайды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда Вьетнам ақ дөңмаңдайы мен Қытай ақ дөңмаңдайын будандастырып қарқынды өсетін будан алып отыр. Алайда кәсіптік сапасын әлі де жақсартуды қажет етеді [4,6].
Алматы облысы балық өсірудің 6 - аймағына жататындығынан осы аймақтардың тоған шаруашылықтарында жылы су обьектілері кеңінен өсіріледі. Осы обьектілердің бірі –ақ дөңмаңдай, тоғанның тұщы суларында өсетін, шөппен қоректенетін, қабыршағы майда, кәсіптік балық болып табылады.
Ақ дөңмаңдай балығы шөп қоректі балық ретінде және жоғарғы тағамдық құндылығына байланысты елімізде үлкен сұранысқа ие болды. Ақ дөңмаңдай, сұр дөңмаңдай және амур балықтары өсімдікпен қоректенетін, шаруашылық маңыздылығы жоғары, биологиялық – балық өсіру көрсеткіштері Қазақстанның оңтүстік аудандарына сай болғандықтан, бұл балықтар осы аудандарда кең кең көлемде жерсендіріліп, тоған шаруашылықтарында поликультарының маңызды обьектілері болып табылды [8].
Бітіру жұмысының негізгі мақсаты: тоған шаруашылықтарындағы поликультура обьектісі ретінде ақ дөңмаңдай балығына биологиялық, морфологиялық талдау жасай отырып, биологиялық ерекшеліктерін, шаруашылық маңызын және қазіргі кездегі жағдайын білу.
Бітіру жұмысты орындау үшін келесі міндеттер қойылды:
1. Өсімдікпен қоректенетін балықтардың Қазақстанға жерсіндірілу тарихына шолу жасау;
2. Ақ дөңмаңдайдың биологиясы және экологиясы бойынша әдебиет көздерінен ғылыми – зерттеулерге шолу жасау.
3. Биологиялық, морфологилық талдау жасай отырып қазіргі кездегі жағдайына шолу жасау.
1. Бәйімбетов. Ә.А., Темірхан С.Р. Қазақстаның балықтәрізділері және балықтарының орысша – қазақша анықтауышы, Алматы; 1999. – Б. 53 -56.
2. Рыбы Казахстана. 5 том. Алма-ата; 1982.- С. 200- 220.
3. Привезенцев. Ю.А. Интенсивное прудовое рыбоводство М.; 1991. Агропромиздат. - С. 26 -27
4. Сәрсенбаев. Р.С. Тоған шаруашылығы байлық көзі. Алматы.; 1984. Қайнар. - Б. 16 -18.
5. Күленов. К. Қазақстанның балық қорын молайту. Алматы; 1975. Қайнар.-Б. 19 – 20.
6. Биологические основы рыбного хозяйства на водоемах средней Азии и Казахстана. Алма – Ата; 1966. -С. 214 – 216.
7. Веригин. Д.В. Макиева. А.П. Об естественном нересте толстолобиков и белого амура в.р. Сырдария // итоги и песрспективы акклиматизации рыб и беспозвоночных в водоемах СССР. М.; - С. 28-30.
8. Суханов.К. Тоған байлығы. Алматы; 1984. Қайнар.-Б. 24- 26.
9. Богаевский В.Т. Некоторые данные по биологии амурского толстолобика // Изв. ТИНРО. 1948. Т.27. -С. 221-226.
10. Алиев. Д.С. Суханова А.И. Современное состаяние естественного воспроизводства растительнядных рыб в Каракумском канале. // итоги и перспективы акклиматизации рыб и беспозвоночных в водоемах СССР. М.; 1980. - С. 8-10.
11. Веригин Д.В., Макеева А.П. Об естественном нересте толстолобиков и белого амура в. р. Сырдария// итоги и перспективы акклиматизации рыб и безпозвоночных в водоемах СССР. М.; - С. 28 -30.
12. Фарышев: Н.И. Башунов В.С. Естественное размножение белого амура в.р. Или// Растительноядные рыбы в промышл рыбоводстве. Ташкент.1980.- С.197 – 198.
13. Мартино К.В. Акклиматизация растительноядных рыб в водоемах нижней Волги // Акклиматизация рыб и беспозбоночных в водоемах СССР. Л. 1975.- С. 146-149.
14. Макеева А.П. О созревании самок белого амура и толстолобика и размножение этих видов в бассейне Амура // Проблемы рыбохозяйственного использования растительноядных рыб в водоемах СССР. – Ашхабад: Изд – во ТССР, 1963. – С. 76- 83.
15. Мовчан В.А. Жизнь рыб и их разведение. Изд – во «Колос», М.; 1966. – С. 185-187.
16. Дорохов С.М., Пахомов С.П., Поляков Г.Д. Прудовое рыбоводство. М.; 1958. – С 117 – 125.
17. Макеева А.П. Веригин Д.В. Метод гипофизарных инъекций в практике раведения толстолобиков и белого амура// Вопросы ихтиологии. 1971. т.2. Вып.2. – С. 117 -131.
18. Негоковская И.Г. О результатах и перспективах вселениях растительноядных рыб в естественные водоема и водохрнилищиа СССР.// Вопросы ихтиологии. 1980. т. 20. Вып. 4. – С. 702 – 712.
19. Минц А.Т., Хрисиенко К.С., Сворцова Л.П., Кеслянкова Т.А. Поликультура растительноядных рыб и карпы как метод повышение продуктивности прудов // Поликультура и новые объекты рыбоводство. Т.ХХV.М:Пищ.прм.1976.-С.99-107.
20. Никольский Г.В. Рыбы мелиораторы. М.,1965.-С.23-35; 45-56;58-67;
21. Веригин Б.В. 1963.Проблема биологической мелиораций водоемов-охлодителей тепловых электростанций и их рыбохозйяственного использование. В сб: Пробл. рыбхоз. испол.растительнояд. рыб в вод СССР,Изд-во АН ТССР,Ашхабад.
22. Карпов В.Е., Бекекшов АЮЦ., Глуховцев И.В. и др. Характеристика самовоспроизводящихся стад белого амура и белого толстолобика Балхаш-Илийского бассейна. // Гос НИОРХ.Вып.301.Алма-ата,1989.-С.86-95.
23. Қайымов. Қ. Балықтар әлемінде. Алматы; 1973. Қайнар. –Б. 116-117.
24. Күленов К. Қазақстанның балық қорын молайту. Алматы; Қайнар 1975. – Б. 214 – 215.
25. Правдин. И.Ф. Руководство по изучению рыб. М,; Пищевая промышленность, 1966. – С. 376 -379.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- ------
----------- 4

1.ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ------------------------------- -----------------------------
- 5
1.1.Систематикасы, таралуы және жерсіндірілуі---------------------- ---------
5
1.2. Ақ дөңмаңдайдың биологиясы------------------------- --------------------
--- 9
1.2.1. Қоректенуі ----------------------------------- -----------------------
------------ 10
1.2.2. Көбеюі, өсуі және тұқымдылығы ----------------------------------- ----
--- 14
1.3. Шаруашылық маңызы----------------------------------- -------------------
---- 18
2. МАТЕРИАЛ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛЕР------------------------ -------------- 20
2.1.Зерттеу жүргізілген ауданның сипаттамасы------------------------ --------
20
2.2. Әдістеме----------------------------------- ----------------------------
------------ 20
3. НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ ТАЛҚЫЛАУ----------------------------------- ----- 24

ҚОРЫТЫНДЫ----------------------------------- --------------------------------
---- 30
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ----------------------------- -------- 31
ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР

РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыс 32 беттен тұрады, оның құрамына 5 сурет, 1 график,
1диаграмма, 1 кесте, 24 әдебиеттер тізімінен және қосымша мәліметтер
кіреді.
Кілттік сөздер: ақ дөңмаңдай, сұр дөңмаңдай, миграция, шөп қоректі,
қоңдылық коэффиценті.
Зерттеу обьектісі болып ақ дөңмаңдай (Hypophthalmichthys molitrix)
балығы табылады.
Курстық жұмыста ақ дөңмаңдайдың таралу аймағы және Қазақстанға
жерсіндірілген су қоймалар туралы айтылады. Сонымен қатар ақ дөңмаңдайдың
биологиясы мен шаруашылық маңызы баяндалады.

КІРІСПЕ.

Ақ дөңмаңдай тоғанның тұщы суларында өсетін, шөппен қоректенетін,
қабыршағы майда, кәсіптік балық болып саналады. Бұлардың шыққан жері –
Амур, Сунгари, Усури өзендері, Ханка көлі және Шығыс Азия өзендері. Ақ
дөңмаңдай балығы Қазақстанда 6 суқоймаға жерсіндірілген [1].
Соңғы жылдары, ақ дөңмаңдайдың аулану мөлшерінің жоғарлауына байланысты
балық тұқымын асылдандыру жұмыстары жүргізілді. 1976 жылы Қарағанды тоған
шаруашылығында тұқыммен жұмыс істейтін тұқымды асылдандыру учаскесі ашылса,
1978 жылы осы мақсатта Шымкент балық комбинатының Сырдария тоған
шаруашылығында шөппен қоректенетін балықтардың тұқымын сұрыптау мен
асылдандыру жұмыстары кеңінен жүргізілді [4].
Шелек тоған шаруашылығында 1978-1979 жылдары дөңмаңдайдың тұқымын
асылдандыру іске аса бастады.
Бір айта кететін жай, осы комплекске бөлініп жүрген тоғандардың көлемі
жеткіліксіз де оның қажетін толық қанағаттандыра алмайды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда Вьетнам ақ дөңмаңдайы мен Қытай ақ
дөңмаңдайын будандастырып қарқынды өсетін будан алып отыр. Алайда кәсіптік
сапасын әлі де жақсартуды қажет етеді [4,6].
Алматы облысы балық өсірудің 6 - аймағына жататындығынан осы
аймақтардың тоған шаруашылықтарында жылы су обьектілері кеңінен өсіріледі.
Осы обьектілердің бірі –ақ дөңмаңдай, тоғанның тұщы суларында өсетін,
шөппен қоректенетін, қабыршағы майда, кәсіптік балық болып табылады.
Ақ дөңмаңдай балығы шөп қоректі балық ретінде және жоғарғы тағамдық
құндылығына байланысты елімізде үлкен сұранысқа ие болды. Ақ дөңмаңдай, сұр
дөңмаңдай және амур балықтары өсімдікпен қоректенетін, шаруашылық
маңыздылығы жоғары, биологиялық – балық өсіру көрсеткіштері Қазақстанның
оңтүстік аудандарына сай болғандықтан, бұл балықтар осы аудандарда кең кең
көлемде жерсендіріліп, тоған шаруашылықтарында поликультарының маңызды
обьектілері болып табылды [8].
Бітіру жұмысының негізгі мақсаты: тоған шаруашылықтарындағы
поликультура обьектісі ретінде ақ дөңмаңдай балығына биологиялық,
морфологиялық талдау жасай отырып, биологиялық ерекшеліктерін, шаруашылық
маңызын және қазіргі кездегі жағдайын білу.
Бітіру жұмысты орындау үшін келесі міндеттер қойылды:
1. Өсімдікпен қоректенетін балықтардың Қазақстанға жерсіндірілу
тарихына шолу жасау;
2. Ақ дөңмаңдайдың биологиясы және экологиясы бойынша әдебиет
көздерінен ғылыми – зерттеулерге шолу жасау.
3. Биологиялық, морфологилық талдау жасай отырып қазіргі кездегі
жағдайына шолу жасау.

1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1.1. Систематикасы, таралуы және жерсіндірілуі
Тип: Chordata - Хордалылар
Тип тармағы: Vertebrata (Craniota) – Омыртқалылар (Бас қаңқалылар)
Бөлім: Gnathostomata - Жақтылар
Класс үсті: Pisces - Балықтар
Класс: Ostichthyes – Сүйекті балықтар
Класс тармағы: Actinopterygii – Сәуле қанаттылар
Отряд: Cypriniformes – Тұқытәрізділер
Отряд тармағы: Cyprinoidei - Тұқытектестер
Тұқымдас:Cyprinidae - Тұқылар
Туыс : Hypophthalmichthys – Ақ дөңмаңдайлар
Түр: Hypophthalmichthys molitrix – ақ (кәдімгі) дөңмаңдай [1].

Дөңмаңдай тұщы суларда өсетін, үйір құрап жүретін, шөп қоректі балық.
Дөңмаңдайлар тұқытәрізділердің жеке тұқымдас астына бірігеді. Басқа
балықтардан салыстырмалы түрде үлкен басымен, төмен орналасқан көзімен,
сонымен қатар өзіне ғана тән қорегін ұстауға көмектесетін фильтрациялық
аппаратымен ерекшеленеді [2].
Қытайдың ертедегі ихтиофаунистикалық құрамына кіреді. Көптеген елдерге
жерсіндірілген. Әсіресе Тәуелсіз Мемелекеттер Достастығы суқоймаларынан:
Днепр бассейініне, Жайық, Днестр, Терек, Кубани, Амудария, Сырдария, Іле
суқоймаларына көптеп жерсіндірілген. Республиканың солтүстік аймақтарында:
Ертіс, Тобыл, Шу, Сарысу бассейіндерінде интродукцияланған.
Ақ дөңмаңдайдың дернәсілдері алғаш рет 1958-1960 жылдары Орта
Азиядағы Түркіменстанда орналасқан Қараметнияз, Өзбекстандағы Аққорған
және Қазақстанда орналасқан Алматы балық өсіру шаруашылығына әкелінген.
Бұл балық Сырдария бассейінніне Есіл өзені жанында орналасқан балық
өсіру шаруашылығынан өздігінен жерсіндірілген. 1964 жылы бұл балық Арал
теңізінің оңтүстік бөлігінен ауланған. Ақ дөңмаңдайды Іле – Балхаш
бассейініне жерсіндіру кезеңі салыстырмалы ұзақ уақытқа созылған, бұл су
қоймада ақ дөңмаңдай 1975 жылдан бастап аулана бастаған. Негізінен Балхаш
бассейініне салмағы 0,4-0,7 кг, 3+ - 4+ жастағы 578 дана ақ дөңмаңдай
жерсіндірілген. Бірақ Балхаш пен Іле өзенінің аңғарында көпке дейін
табылмаған [3].
Ақ дөңмаңдайды Қапшағай су қоймасына жерсіндіру шаралары 1973 жылы
жүргізілді. Қапшағай суқоймасында ақ дөңмаңдайдың 1974-1976 жылдан бастап
бір – бірден ұсталғаны туралы мәліметтер тіркеле бастады. Сонан кейінгі
жылдары (1978-1986) зерттеу мақсатымен аулауда 5 – 12 дана ауланған. 1965
– 1972 жылдар аралығында Республикамыздың табиғи су қоймаларына (9 көл
және 2 суқойма) ақ дөңмаңдайдың 7700 дана дернәсілі жіберілгенімен нәтижесі
ойдағыдай болмады.
1972 – 1978 жылдар аралығында бұл балықтың 15 млн. дана дернәсілдері
жерсіндірілген. Осы жерсіндірілген дернәсілдердің 7,1 млн. данасы Бұқтырма
су қоймасына, Қапшағай су қоймасына 5,8 млн. данасы, ал қалғандары Ертіс –
Қарағанды каналының су қоймасына, Шардара, Қартомар, Бөген, Жезқазған
суқоймаларына жерсіндірілген. Сонымен қатар Шардара мен Қарағанды су
қоймасына 0,22 және 0,3 млн. дана екі жастағы даралары жерсіндірген.
Қазақ Өндірістік Жерсіндіру Станциясының мәліметі бойынша 1974 – 1975
жылдары ақ дөңмаңдай Сасықкөл көліне жерсіндірілген (118,5 мың дана
шабақ). Ал 1982 жылы Алакөлге жерсіндірілген ( 158 мың).
Ақ дөңмаңдайды біздің елге әкелгеннен кейін, біршама уақыттан кейін
барлық су қоймада шамалы мөлшерде кездесе бастады. Бірақ ақ дөңмаңдайдың
толық қалыптасуы тек Шардара және Қапшағай су қоймаларында айқын көріне
бастаған [1].
Дөңмаңдайдың табиғи таралу аймағы – Шығыс Азия өзендері және біздің ел
аймақтарында – Амур бассейінінде кездеседі. Амур бассейінінде аулау
мөлшерінің көп бөлігін осы балық құрайды. Сұр дөңмаңдай ақ дөңмаңдайға
қарағанда, Амур бассейініне кешігіңкіреп түскен. Сунгари өзені арқылы келіп
түскен бұл балық сирек кездесуде. Дөңмаңдайлардың оңтүстікте табиғи таралуы
Оңтүстік Қытайды алады. Шыққан жері Амур, Сунгари, Усури өзендері және
Ханка көлі [3].
Дөңмаңдайлар Ақ Амур тәрізді қазіргі кезде кеңінен жерсіндірілген,
олардың қазіргі таралу аймағы – Оңтүстік Шығыс Азия, Европаның оңтүстігі,
Солтүстік американың оңтүстік бөлігі. Сонымен қатар Ақ Амур тәрізді
дөңмаңдай балығы бірнеше бассйіндерде жерсіндіріліп, өзін көбейте алатын
үйір құраған [4].
Өсімдік қоректі балықтар қиыр шығыстан біздің елге 1957- жылы Амур
көлінің бассейінінен, ал 1958 жылдан 1963 жылдар аралығында, Янцызы көлінің
бассейінінен әкеліп жерсіндірген.
А.М. Нуланов ( 1963) ғалымның еңбектерінде алғаш рет берілсе, ал кейбір
тәжірибелік тасымалдау немесе көшіру туралы жұмыстар және шаралар – Б.В.
Веригин (1961-1963), Ф.М. Суховерхова (1963), П.С. Вовк және Б.А. Приходько
(1963) тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде жазылған. Айта кететін бір жайт,
Амур бассейінінен алдымен ақ амур және ақ дөңмаңдай, ал кейіндеп сұр
дөңмаңдай біздің су қоймаға әкелінген, өйткені бұл балық Амур бассейінінде
болмаған. Бұл түрдің Амур бассейінінде қалыптасуы тәуелсіз Қытай
Республикасының құрылуымен байланысты. Тәуелсіз Қытай Республикасы құрылған
уақытта Хилуңжиаң облысында тоған шаруашылығын дамыту қолға алынды. Бұл
мақсатта алғашқы отырғызу материалы Янцызы көлінен алып келінді. 1957-1959
жылдар арлығында созылған Амур комплексті экспедитция барысында бұл балық
Амур бассейініне Сунгари көлінде болған апаттардың нәтижесінде ағын арқылы
келіп түскені анықталды.
Нәтижесінде сұр дөңмаңдайдың жоспарланбаған жерсіндірілуі Амур
бассейінінде іске асты [9].
Негізінен ақ дөңмаңдай балығы біздің елдегі су қоймалардың ішінде 6
су қоймаға жерсіндірілген. Оларға:
1) Амудария – Қарақұм канал жүйесі;
2) Сырдария өзенінің бассейіні;
3) Іле- Балхаш бассейіні;
4) Жайық өзенінің бассейіні;
5) Дунай өзенінің бассейіні;
6) Кубани өзенінің бассейіні.

Амудария – Қарақұм канал жүйесі.
Бұл жерге аналық үйір 1960-1961 жылдары Янцызы өзенінің канал басынан
әкелініп жерсіндірілген 400 мың дана бір жастық балықтар болған. Олардың
244 данасын осы ақ дөңмаңдай шабақтары құрады. 1963 жылдың күзінде ақ амур
мен ақ дөңмаңдай балығының сигалеткалары ауға түсе бастады. Бұл
жерсіндірілген балықтардың табиғи өрістеуінің басталғандығын көрсетеді.
Одан кейінгі жылдардағы бұл балықтардың хал – жағдайы Д.С. Алиев және А.И.
Суханова (1965,1976,1977) еңбектерінде егжей – тегжейлі айтылған.
Жерсіндірілген балықтардың өрістеу аймағы каналдың бастауы, ол ауданда
су 160-130 м2с, су ағысының жылдамдығы: 0,9 мс, бірақ 1,2 мс –тан
жоғары емес.
Өндіруші балықтардың су қоймадан каналға өрістеуі су температурасы 15-
17ºС-ға жеткенде басталады, алдымен ақ амур, сонан соң ақ дөңмаңдай ,
соңында сұр дөңмаңдай өрістеуге шығады. Сонымен қатар бұл балықтармен бірге
кездейсоқ жерсіндірілген кәсіптік балық қара амур мен тыран балығы
өрістеуге шығады.
Негізгі мәселердің бірі ретінде жерсіндірілген балықтардың Амудария
арнасындағы өрістеуін анықтау болып табылады. Алиевтың зерттеуі бойынша
Амудария арнасында ақ дөңмаңдай мен ақ амур балығының өрістеуі
болмайтындығын анықтаған [10].

Сырдария бассейіні.
Алғашқы ақ дөңмаңдай балығының үйірі бұл жерге 1966-1968 жылдары
жерсіндірілген балықтардың материалы мен тауарлық балық орналасқан сол
жердегі Аққұрғандық балық комбинатының домбаларының бұзылуынан осы су
қоймаға түсіп дами бастаған. Бұл балық комбинаты осы өзеннің Чирчик деп
аталатын сағасында орналасқан. Бұл үйір өзінің ата – тегін Янцызы өзенінен
алады. Табиғи өрістеудің уылдырығы алғаш рет 1975 – жылы табылған.
Т.В. Солиховтың (1984) бақылауы бойынша өндіруші балықтардың өрістеу
миграциясы Шардара су қоймасынан су температурасы 13-14ºС-та басталатынын
анықтаған. Ең бірінші ақ амур, сосын ақ және сұр дөңмаңдай өрістеген.
Б.В. Веригина (1978), Солихов (1978), Макиева (1982) мәліметтері
бойынша, өрістеу 1976 – 1981 жылдар аралығында су деңгейі көтерілген кезде,
температураның жоғарлауы болған кезде белсенді өтеді [11].

Іле-Балхаш бассейіні.
Бұл жерде ақ дөңмаңдаймен бірге ақ амур балығының өздігінен көбейетін
үйірі 1962 жылы жерсіндірілгеннен бері бар.
Іле өзенінен 600 дана ақ дөңмаңдайдың шабақтары жерсіндірілген. Бұл
балықтардың өрістеуі 1963 жылы анықталған. Н.И. Фарышев және В.С. Бошунов
(1980) 1978-1979 жылдары бұл балықтың өрістеуін зерттеп, өрістеуі мамыр
айында басталып, маусым айында да жалғасатынын айтқан. Өрістеу үшін су
температурасы 18ºС-ға дейін көтерілуі қажет. Су температурасының төмендеуі,
өрістеу белсенділігін төмендетеді немесе мүлдем тоқтатады. Өрістеу
мерзімінің ұзақтығы 20-25 күн, өрістеу Балхаш көлінен көбінесе 80 км
қашықтықта, әдетте ол 250 км-ден аспайды. Бұл жерлерде су ағысының
жылдамдығы 0,6 – 1мс [12].

Жайық бассейіні.
Волга дельтасына шөп қоректі балықтарды 1955-1956 және 1961 жылдары
Амур бассейінінен массасы 200-300 г балықтан ақ дөңмаңдайдың 2000 данасы
жерсіндірілген. Табиғи өрістеу нәтижесінде пайда болған ақ дөңмаңдайдың осы
жылғы шабақтары 1971 жылы ұсталынғанған, келесі жылдары уылдырық пен
шабақтар ұстала бастады [13].

Дунай өзені бассейіні.
Бұл бассейінде өсімдік қоректі балықтардың пайда болуы осы өзенмен
байланысатын елдерде өсімдік қоректі балықтардың жақсы өсірілуімен
байланысты іске асып отыр. Бұл су қоймаларда табиғи өрістеудің бар
екендігін Дунай өзенінен су алатын күріш суларында шабақтардың ауланғанынан
байқауға болады. Фильконның мәліметі бойынша ақ дөңмаңдай 70-ші жылдары
байқалған [7].

Кубани бассейіні.
Бұл бассейінде өсімдік қоректі балықтардың аналық үйірі Кубан лиманынан
үш жасар ақ дөңмаңдай мен ақ амурды жіберудің нәтижесінде пайда болады.
Өсімдік қоректі балықтар Қытайдан 1958 жылы әкелінген сегелеткалардан 3
жасқа дейін Синюхинской балық шаруашылығында өсірілген. Барлығы 21909
дөңмаңдай жіберілген. 1963 жылы бұл балық Ккбан өзенінен су алатын
лимандарда, күріш суларында және тоғандарда кездесе бастады.
Ю.М. Мотсаковтің бақылауынша өрістеу су температурасы 20,8 ден 23,5ºс
аралығында Тибилинский станциясына дейінгі жерді қамтиды [7].

1.2. Ақ дөңмаңдайдың биологиясы

Денесі күміс түсті, айтарлықтай қабыршағы майда. Көзі денесінің орта
сызығынан төмен орналасқан. Аузы жоғары қараған. Қыры денесінің құрсақ
жағында аналь тесікке дейін созылған [5].
Төменде Амур бассейініндегі ақ дөңмаңдайдың морфологиялық
көрсеткіштері көрсетілген:
D ( III ) III 7, A III 11 – 14 орташа есеппен 12,4 бұтақталған сәулесі
бар, бүйір сызығында 109 – 120 қабыршақ кейде 124, орта есеппен 115
қабыршақ орналасқан. Бүйір сызығының үстінде 28 – 33, ал астында 16 – 28
қабыршақ орналасқан. Жұтқыншақ тісі бір қатарлы, тегіс (4-4). Басының
ұзындығы дене ұзындығымен салыстырғанда 23 – 31 мм (26,1 мм), көзінің
диометрі 2 – 6мм (3,8 мм), тұмсығының ұзындығы 7 – 11 мм (8,4 мм), екі көз
арасының қашықтығы 13 – 18 мм (15,4 мм), маңдайының кеңдігі 10 – 15 мм
(12,2 мм), денесінің ең ұзын жері 27 – 36 мм (31 мм), денесінің ең аласа
жері 9 – 13 мм (11 мм), құйрық қанатының ұзындығы 16 – 23 мм (19,2 мм),
антидорзальды ара қашықтық 49 – 61 мм (33,9 мм), нектовентральді 20 – 27 мм
(22,5 мм). Аналь қанатының биіктігі 10 – 16 мм (12,9 мм). Кеуде қанатының
биіктігі, 18 – 25 мм (20,7 мм), құрсақ қанатының ұзындығы 11 – 20 мм (15,8
мм), құйрық қанатының ұзындығы 13 – 26 мм (18,2 мм).
Атауы кәдімгі ақ дөңмаңдайдың атауымен аталатын Ветком дөңмаңдайы
табиғи су қоймаға түсу мүмкіншілігі болған соң морфологиялық сипаттамасын
беріп өткен абзал:
D III 6 ( 7), A III (II) 14, P I 17 (18), V 17 (8) бүйір сызығының
қабыршақ саны 83 – 94 , үстінде 20 – 25, астында 11 – 12 [14].
Ақ дөңмаңдайдың жастық көрсеткіші өте айқын байқалады. Дене ұзындығы
3,5 – 6,5 см болатын ересек балықтарды салыстырғанда айырмашылық байқалған.
Жыныстық диморфизм бұл балықтарда дене ұзындығы 20 см жеткенде
байқалады. Сонымен қатар әр түрлі жынысты өнімдер бір – бірімен
антидорзальді және постдорзальді аралық өлшемдері бойынша ажыратылатыны
байқалған. Бұндай анық айырмашылықтар салыстырмалы түрде ірі өндіруші
балықтарда байқалған (60 – 70см) [2].
Н.Г. Шубникова жыныстық және өсу белгілерінің тұрақтылығы мен
өзгергіштігіне байланысты олардың төрт типін ажыратады:
- жасына байланысты мүлдем өзгермейтін белгілер және екі көз арасының
қашықтығы , барлық жүзу қанаттарының ұзындығы, құрсақ жүзу қанатын
санамағанда және денесінің ең аласа жері.
- жасына қарай кішірейетін белгілер: (басының ұзындығы; көз диометрі,
денесінің ең биік жері, антидорзальді арақашықтық, аналь және арқа
қанатының биіктігі).
- жасына қарай үлкейетін белгілер: (тұмсығының ұзындығы; көзге дейінгі
және постдорзальді аралық.
- ауытқып отыратын белгілер: кеуде жүзу қанатының ұзындығы және құйрық
қанатының алдымен үлкейіп сонан соң кішіріейеді, бұндай құбылыс
антивентральді және пектовентральді аралықтарда байқалады.
Осы автормен барлық су қоймадағы және зауыт балықтарының ересек және
шабақтарының 16 белгісінің арасында 6 белгісі айқын ажыратылуы туралы
мәліметтер толығымен келтірген [6].
Ақ дөңмаңдай тұщы суларда тіршілік ететін, үйір болып шоғырланып, өзен
жағаларында, шұңқырларда қыстайтын тұқытәрізділердің жеке тұқымдас астына
бірігетін, шөп қоректі балық. Дөңмаңдай басқа балықтардан салыстырмалы
түрде үлкен басымен, төмен орналасқан көзімен, сонымен қатар өзіне ғана тән
қорегін ұстауға көмектесетін фильтрациялық аппаратымен ерекшеленеді [5].
Сұр және ақ дөңмаңдай сыртқы көрінісі бойынша дене пішіні мен түсі
бойынша ажыратылады. Сұр дөңмаңдайдың басы үлкендеу және денесі биік болып
келеді. Сұр дөңмаңдайдың арқасы сұр – жасыл, бүйірі күміс түсті және
дақсыз болады. Ақ дөңмаңдайға қарағанда сұр дөңмаңдай судан сирек секіріп
шығады. Бұл бізге ақ және сұр дөңмаңдайдың бір – бірімен мінез – құлқы
бойынша да ажыратылатынын көрсетеді. Дөңмаңдайдың денесі майда қабыршақпен
қапталған [6].
Сұр дөңмаңдайдың желбезек өскіндері өте ұзын және бір – бірінен алшақ
өседі. Ал ақ дөңмаңдайда ол бір – біріне өте жақын орналасып тор құрайды да
өте майда фитопланктонмен қоректенуге мүмкіндік береді. Құрамында
диірменнің жоғарғы тасы тәрізді жерновка деп аталатын комбинациясы бар ми
қаңқасының астында орналасқан жұтқыншақ тісі арқылы, желбезек аппараттары
арқылы фильтрацияланған фитопланктон мен детридтерді (көлемі 0,02 мм)
нығыздайды. Планктонның құрамына кіретін бактериялардың бір – біріне
жабысқан түйіршік құрап, ауыз қуысында шырышпен қосылып қортылады. Ал сұр
дөңмаңдайлардың қорегі салыстырмалы түрде ірі зоопланктондардан тұрады [7].
Дөңмаңдайларға тән ерекшелік – дене ұзындығынан көп есе асып түсетін
ұзын ішегінің бар болуы тек дамуының ең ерте кезеңінде шамамен денесінің
ұзындығы 15 – 16 мм-ге жеткенге дейін. Дөңмаңдай көбіне зоопланктонмен
қоректенеді де, сонан соң ересек дараларға тән қорекке көшеді [8].

1.2.1. Қоректенуі мен қоңдылығы

Ақ дөңмаңдай – кәдімгі фитофильді балық. Амур өзенінде белсенді
қоректенуге дене ұзындығы 2 мм- ге жеткенде көшеді. Дернәсілдердің негізгі
қорегі коловраткалар, аз мөлшерде төменгі сатыдағы шаянтәрізділер, Еuglena
балдырлары, Pondorina, Eudorina және тағы басқа балдырлар болып саналады.
Дене ұзындығы 13 -15 мм болатын жас шабақтың негізгі қорегін шаянтәрізділер
( Daphnia, Alona, Aosmina), сирек хирономид дернәсілдері құрайды. Дене
ұзындығы 8 – 10 мм болатын балықтың ішегінің ұзындығы дене ұзындығының 50 %
-ін қамтитын болса, ал біршама ірілерінде (13 -15мм) 100%-ті құрайды.
Ақ дөңмаңдай толығымен фитопланктонмен қоректенуге дене ұзындығы 15 –
16 мм –ге жеткенде көшеді. Бұл кезде ішегінің ұзындығы денесінің
ұзындығының 2 есесіндей болады.
Амур бассейінінде ересек дөңмаңдай балығы тек қана фитопланктонмен
қоректенеді (95%). Ішегіндегі диатомды балдырлардың мөлшері 21 - 100% -ті
құраса, ал жасыл балдырлар 17 – 66 %-ті және көк – жасыл балдырлар 2 - 20%-
ті құрайды. Фитопланктон жетіспеген жағдайда ақ дөңмаңдай детритпен
қоректенеді. Дөңмаңдай қорегін ерекше желбезек аппаратының көмегімен
аулайды. Жіңішке желбезек өскіндері бір – бірімен тығыз орналасып
фильтрациялық аппарат құрайды. Бұрын ақ дөңмаңдайдың пассивті қоректенуі
желбезек қақпағының тыныс алу барысында қозғалып отыруымен іске асады деп
есептеген. бірақ Г.В. Никольский және Б.В. Веригин (1966) пассивті
қоректенуде желбезек қақпағының қозғалуы тыныс алуға қарағанда жиі
болатынын дәлелдеген [15].
Ақ дөңмаңдай балығы қоректі талғап жейді . Көптеп дамитын диатомды
балдырларды басқа балдырларға қарғанда сүйсіне жейді. Желбезек аппараттары
арқылы фильтрленген балдырлар жұтқыншақ тісінің ерекше бөлігі жерновка
арқылы нығыздап түйіршікке айналдырады. Қорек нығыздалған түрде ұзындығы
балықтың денесінен 10 – 13 есе ұзын ішекке келіп түседі. Тұрақты қоректің
өзіне тән қасиеті бойынша бұл балық өте көп жерге жерсіндірілген [9].
Дөңмаңдайдың жаңа ареалында қоректену спекторының өзгеруі айқын
байқалады. өкінішке орай бұл балықтың қоректенуі туралы мәліметтер тоғандық
жағдайда ғана белгілі [10].
Балхаш – Іле бассейінінде осы жылдық шабақтардың қорегі 1986 жылы
тамыз айында 126 компоненттерден тұрған. Көк – жасыл балдырлардың үлесіне
63% кіреді. Соның ішінде басым қоректік түрлер Moristohedia, hunetata болып
саналады. Қорегінің жоғарғы массасын 51% -ін перифитонды балдырлар
(әсіресе Cymnodinium sp. Peridinium ) құрайды. Диатомды және жасыл
балдырлар 9 - 14% құраған. Бұл уақытта қоректену және ішегінің толық болу
индексі өте жоғары 900,24 және 580,520000 құраған. Қазан айларында осы
жылдық шабақтар қорегінің алуан түрлілігі 108 таксонға дейін қысқарып,
жасыл балдырлардың 67 түрінің мөлшері жоғарласа, ал диатомды балдырлар 25-
ке дейін төмендейді. Сандық қатынаста және көк – жасыл балдырлар басымдылық
көрсетеді. Бұл мезгілде қоректенуге және ішегінің толу индексі 142,69 және
94,48 0000 төмендеген.
Ақ дөңмаңдайдың қоректенуінің мезгілдік динамикасы 2 жастық топтарда да
байқалуы мүмкін және жыл сайын өзгеріп отырад [5].
Қапшағай су қоймасында ересек ақ дөңмаңдай балығының қоректік секторы
46 балдыр түрінен тұрады. Олардың 27 түрі диотомды, 16 түрі жасыл және 3
түрі перифитонды балдырлар үлесіне тиеді. Арал бассейінінде ақ дөңмаңдайдың
қорегінің 100% төменгі сатыдағы балдырлар құрайды.
Шардара су қоймасында ақ дөңмаңдайдың қоректену рационының 95% -ін
мына балдырлар құрайды: жасыл балдырлар, көк - жасыл балдырлар, диатомды
балдырлар құрайды[5].
Ақ дөңмаңдайдың қорегі ретінде саналатын көк – жасыл балдырлардың
атқаратын рөлі орасан зор. Бұл балдырлар мен көп қоректенген дөңмаңдай
балығының етінің улылығы туралы көптеген мәліметтер бар. Бұл балдырлармен
қоректендірілген балықтың ақ етінде бұндай нәтиже алынбаған. Қорегінің
тәуліктік рационымен балдырлардың жалпы пайдалану ритмі Г.Р. Джельилева
(1984) және Н.С. Криленка көрсеткендей айтарлықтай өзгеріп отырды. Су
температурасына, балық жасына және фитопланктон концентрациясына байланысты
6,1 – 15,2 % аралығында өзгеріп отырады.
А.Ф. Мұхалидиазов пен С.Р. Койлина (1986) дәлелдегендей Цилиянское су
қоймасында жыныстық және жасына байланысты қоректенуінің өзгеруі байқалады
[4,5].
Балхаш – Іле бассейінінде ақ дөңмаңдайдың сегалеткаларының қоңдылығы
тамыз айларының соңында 1,38 – 1,79 (орташа есеппен 1,54 ), ал фультон
бойынша: 1,1 – 1,36 (орташа есеппен 1,54). Қыстатудан шыққан 1 жасстық
балықтардың қоңдылығы фультон бойынша 1,45 – 1,92 (орташа есеппен 1,77),
Кларк бойынша 1,14 – 1,52 (орташа есеппен 1,39) болады. Дене ұзындығы 4
см –ге созылған жайылым тоғандардағы ақ дөңмаңдайдың қоңдылығы фультон
бойынша 1,96 – 2,32 (орташа есеппен 2,08) дейін және Кларк бойынша 1,69 –
1,92 (орташа есеппен 1,75) жоғарлайды.
Шардары су қоймасында қоңдылығы, әртүрлі жылдары Фультон бойынша 2 –
2,34 және Кларк бойынша 1,69 – 2,03 – ке дейін ауытқып отырады [2].
Тоған шаруашылығына шөп қоректі балықтарды енгізу ғалымдар мен балық
өсірушілерге жаңа мәселені шешуді талап етеді.
Қазіргі кездегі бірден – бір өзекті сұрақтардың бірі шабақтар мен
дернәсіл тоғандарында шөп қоректі балықтардың шабақтарын өсіру болып
табылады. Шөп қоректі балықтардың осы жылдық шабақтардың оның ішінде ақ
дөңмаңдайлардың осы жылдық шабақтардың өсіру нәтижесі көрсеткендей, жайылым
тоған белсенді қоректенуге жаңа ғана көшкен 4 күндік личинкаларын көптеп
отырғызу оң нәтиже бере бермейді. Бұл ақ дөңмаңдайдың өмірінің алғашқы
кезеңінде қоректенуін және зоопланктон, фитопланктонның әртүрлі түріне
қатынасын анықтауды қажет етеді. Төменде берілген мәліметтер личинкаларды
шарбақтарда қарқынды түрде қоректендіре отырып өсіру үшін қажет болады
[16].
Ақ дөңмаңдайдың личинкасының қоректенуі Краснодорск өлкесінде
орналасқан Ыстық кілт питомнигінде 1964 жылы 1-маусым мен 26-шы
маусым аралығында зерттелген. Әрбір шарбаққа 200-300, 4 жастағы шабақтар
салынады. Шабақтарды шарбақта өсіру 8 – 11 тәуліке дейін созылады. Содан
кейін оларды аулау орнына жаңа личинкалардың үлесін салады. Личинкаларды
қоректендіру үшін шарбаққа басқа тоғандардан аулап әкелінген планктондарды
салып отыру керек [3].
Бұл уақытта планктонда басымдық көрсеткен формалар: бұтақ
мұрттылар (Scapholeperis mucronota), ал ескек аяқтардан копепоидтылар және
циклоптың ересек формалары болады. Зоопланктонда аз мөлшерде Daphnia,
Condishina, Nauplus, Simocepholys vetulus басымдылық көрсеткен формалардың
300 планктондағы биомассасы шарбақта Scopholeberis mucronota 0,5 – 46
мгл арасында ауытқыса, ал циклоптың ересек формасы 19 – 142 мгл, жалпы
зоопланктонның биомассасы 4,31 – 1198 мгл құрайды [7].
Фитопланктонан басымдық көрсеткен формалар Cryptomonos sp, Coclosrum,
Pediastrum, Euglena sp. Фитоплактонның жалпы биомассасы 0,07 – 8,47 мгл
арасында ауытқып отырады.
Зоопланктон және фитопланктонның жалпы үлесін алу үшін күн аралатып
шарбақтан 10 – 20 дернәсілден алып отырады. Барлығы 3 – 12 тәулік жас
аралығында 350 дернәсіл қарастырылады. Сонымен қатар 300 фитопланктон үшін
50 үлгі алынады.
Ішекті алып қарау жаңа материалға жүргізілуі керек. Алдымен винакуляр
астына әкелінген дернәсілдің ішегін қойып, сол жерде зоопланктонды
қарайды. Фитопланктонды заттық шыныдан пипетка көмегімен мұқият алып
пробиркаға салады. Фитопланктондар микроскоп астында Ножота камерасында
саналынады[6].
Зоопланктонның биомассасы қалыпты киломен өлшенеді. Үш күндік
дернәсілдің ішегін қарағанда бос ішекті дернәсілдердің саны 100% құраған,
ал 4 тәулік жастағы дернәсілердерде 30% құрады. Өмірінің соңғы кезінде бос
ішек кездеспеген. Өмірінің алғашқы 4-5 күнінде дернәсілдердің ішегінің
толықтығы әлі әлсіз және индекс айтарлықтай аз шаманы көрсеткен. Бірақ
өмірінің 6- күні қоректенуінің жалпы индексі өзінің жоғарғы шегіне жеткен.
Бұндай жоғарғы көрсеткіш 8 – 9 күндік және 12 күндік дернәсілдерде
байқалады. Дернәсілдерді өсіріп жатқан шарбақта өсімдік және жануар тектес
организмдердің 17 түрі анықталған. 4 – 7 күндік дернәсілдердің негізгі
қорегі планктондағы доминнантты организмдер Scopholeberis mucronota,
Nayplus, Cyclop болып табылады. Бұл кезде фитопланктонмен дернәсілдер
қоректенбеген. Дернәсілдердің фитопланктонмен қоректене бастауы
тіршілігінің немесе өмірінің 8 – ші күнінен байқалады. Бұл кезде дернәсіл
ішегінен аз мөлшерде Euglena, Pediastrum, Ceclostrum reficulotum табылған.
Бұл кезде дернәсіл ішегінде зоопланктонның алдыңғы тіршілік кезеңінде
қоректенген формасы кездескен. Сонымен қатар Daphnia, simocephalus,
vetulus, longispina, monia, brachionus табылған [2].
Қорыта айтқанда 4 – 12 күн аралығында дернәсіл қорегінің сапалық
құрылымын зерттеу шамамен өмірінің 8 – күнінде олардың өсімдік қорекпен
қоректенуінде зоопланктонның маңызы айтарлықтай жоғары емес. Дернәсілдің
фитопланктонмен қоректенуге көшкен кезде, тіршілігінің 8 – күнінен бастап
таңдау индексі барлық пайдаланған балдырлар бойынша оң көрсеткен. Бір
жағынан 9 – күндік дернәсілмен салыстырмалы биомассасы жоғары Coclstrum,
reficulotum аз пайдаланылған. Фитопланктонның басқа формалары Euglena,
pedastrum таңдау индексі дернәсілдермен желінген, бірақ ішектегі табиғи
басым организмдер scopholeberis mucronota және moina. Бұл жасында
дернәсілдер белсенділікпен жануар тектес және өсімдік тектес организмдермен
қоректенеді [3,10].

1.2.2. Көбеюі, өсуі, тұқымдылығы

Г.В. Никольскидің мәліметі бойынша (1956) ақ дөңмаңдай балығы Амур
бассейінінде 5+ жасында дене ұзындығы 50 см –ге жеткенде жыныстық жасына
жетіледі.
М.Л. Крихымен және тағы басқа (1966) ғалымдар бұл балықтың жыныстық
жетілуі 6 – 7 жасында дене ұзындығы 60 – 62 см –ге жеткенде болады дейді.
Бұл авторлардың бір – біріне келіспеушілігін көрсетуі төмендегі
көрсетілген бірнеше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәдімгі тарақ балық
Тұқытәрізділердің сипаттамасы
Іле өзені мен Қапшағай суқоймасында кәсіптік балық шабақтарының таралуы
Ақ амурдың (Ctenopharyngodon idella) морфобиологиялық сипаттамасы
Шардара суқоймасындағы сазан (Сyprinus carpio aralensis) балығының морфологиясы
Тауарлық балық шаруашылығы
Іле өзені мен Қапшағай суқоймасының ихтиофаунасы
Өсімдік қоректі балықтар өте бағалы, зор кәсіпшілік маңызы бар балық
Қапшағай суқоймасының ихтиофаунасы
Қапшағай суқоймасындағы кейбір бөгде балықтардың таралуы
Пәндер