Қазақ интернеті және құқықтық реттелуі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I ТАРАУ Интернетті зерттеудің теориялық әдіснамалық негіздері ... ... ... ... ... ... 7

1.1 Интернеттің бүгінгі ақпараттық коммуникациядағы орны мен маңызы ... ... .7

1.2 Интернет.журналистиканың ерекшеліктері және қазақ журналистикасындағы блогинг ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

1.3 Ақпарат кеңістігіндегі қауіпсіздік шаралары және оны реттеу жолдары ... 45

II ТАРАУ Интернеттің заңнамалық негіздері мен даму бағыттары ... ... ... ... ... 53


2.1 Интернет.журналистика және Қазақстандағы дифформация үшін
жауапқа тартуды реттейтін нормативті құқықтық актілер ... ... ... ... ... ... ... ... ...53

2.2 Интернет жүйесіндегі интеллектуалдық меншік құқығын қорғау
мәселелерін реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .67

2.3 Орта Азия елдері кеңістігіндегі Интернетті құқықтық реттеу
және оның қазақстандық тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 71



ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .84


СІЛТЕМЕЛЕР КӨРСЕТКІШІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...87

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 89
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ХХI ғасыр - ақпарат ғасыры болып табылады, адамзат қауымы дамудың жаңа сатысына - ақпараттық қоғамға аяқ басты. 2006 жылғы 27 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясы 17 мамырды Халықаралық ақпараттық қоғамның күні етіп белгілеу туралы ресми шешім қабылдады. Осындай әлемдік ауқымда жүріп жатқан заманауи үрдістен, өркениеттің көшінен біздің еліміз де қалыс қала алмасы түсінікті. Қазақстанның постиндустриалды даму сатысына өту мүмкіндігі туралы мәселені алғаш көтерген Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың “Постиндустриалды қоғам қалыптасуының стратегиясы және өркениеттер серіктестігі” атты жаңа еңбегінде заманауи ғылыми-техникалық, ақпараттық және өзге де инновациялық төңкерістер жалпы адамзат өркениетінің, оның ішінде біздің отанымыздың да келешектегі бет-бейнесін айқындайтынын атап көрсетеді [1].
Қазіргі кезде қазақстандық қоғамның барлық саласында ақпараттандыру процесі қызу жүруде, оның ішінде саясат саласында да жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдана отырып, мемлекеттік қызмет пен әкімшілік-басқару істерін әлемдік стандарттарға сай модернизациялауға барынша күш салынып жатыр. Осыған байланысты Қазақстанның саяси жаңғыруындағы аса маңызды факторлардың бірі – электронды үкіметтің қалыптасуы мен дамуы болып табылады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев осынау маңызды мәселеге ерекше мән беріп, 2009 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Парламентінің үшінші сессиясын ашып сөйлеген сөзінде: “Үкіметке заңдар мен заңнамалық актілерге ғылыми, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жасау, мүдделік қолдау (лоббистік) қызметі, электронды үкімет мүмкіндіктерін неғұрлым кеңінен пайдалану туралы заң жобаларын ең бірінші кезекте әзірлеп, Парламентке енгізуді тапсырамын” - деп электронды үкіметті қалыптастыру мен дамытуды әкімшілік реформаларды жүргізудегі маңызды міндеттердің қатарына қойды [2].
Сонымен қатар, бүгінгі таңда журналистика саласы өмір ағымына орай күн санап қарыштап дамып қоғамның сипатын дөп беретін өмірдің айнасына айналып отыр. Ол түрлі жағдайды сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттер жөнінде ой тастайды, қоғамға жол сілтейді, бағыт-бағдар алуға көмек көрсетуде. Сонымен қатар журналистика өмірде маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылық арасында әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықтың бетін ашып береді. Журналистік қызмет халықтың жалпы қоғамның керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласады.
1 Жақып Б. Публицистикалық шығармашылық негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 2007.
2 Омашев Н. Қазақ радижурналистикасы: тарихы, тәжірибесі, теориясы. – Алматы: Қазақ университеті, 1992.
3 Бекхожин Х. Қазақ баспасөзінің даму жолдары (1860-1930). – Алматы, 1964.
4 Медианет. Интернет в Казахстане. - Алматы. Medianet. Soros. 2009ж. 14-105 бет.
5 Муслимова К.С. Бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтану процессіндегі ролі [Text] / Муслимова К.С. - , 2002 // Международная конф. "Журналистика на рубеже веков:проблемы и перспективы". - Караганда:КарГУ, Караганда:КарГУ,2002. - С. Караганда:КарГУ,2002
6 Жапек, М. С. Интернет бұқаралық ақпарат құралы бола ала ма? - Қарағанды, 2006. – 13-24 бет.
7 Барлыбаева С. Масс – медиа и цивилизация Востока. – Алматы: “Қазақ университеті”, 2000. - 79 стр.
8 Барманкулов М. Жанры печати, радиовещание и телевидение. –Алматы: ҚазГУ, 1994.
9 Омашев Н., Бегімбетова Р. Қазіргі шетел журналистикасы. –Алматы: “Қазақ университеті”, 2000.
10 Назарбаев Н.Ә. Стратегия становления постиндустриального общества и партнерство цивилизаций. –Москва: Экономика, 2008. -398 с.
11 «Параграф» Заңдық базасы
12 Борчашвили И. Ш. «Уголовное Право Республики Казахстан (Особен-ная часть)» 1 том.
13 Қазіргі заң аясында қазақстандық БАҚ-ның жұмыс күшін зерттеу
14 «Қазақстан Республикасының Ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелеріне байланысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына комментарийлер, авторы И.Ю.
15 Лоскутов.«Қазақстан Республикасының Ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелеріне байланысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
16 Қазақстан Республикасының Заң жобасына комментарийлер, авторы А. Рихтер.
17 Интернеттегі буқаралық ақпараты еркіндігі бойынша Амстердам конференциясында қабылданған ЕҚЫҰ-ның БАҚ еркіндігі мәселелері бойынша өкілінің ұсыныстары (2004 ж.)/Интернеттегі бұқаралық ақпарат бойынша анықтамалық, Вена, 2004 ж.
18 «Свобода информации: сравнительное правовое исследование», Тоби Мендел. Екінші басылым, өзгертілген және толықтырылған
19 «ЗУБР» әлеуметтік корпоративті Қорының «Қазақстандағы ақпаратқа қолжетімділік» Халықаралық конференциясында жасалған «Мемлекеттік органдар веб-сайттарының сапасын арттыру арқылы ақпаратқа қол жеткізуді жақсарту» презентациясы, 19 қараша, 2009 ж., Астана қ.
20 Алексея Храмковтың «Портальный отчет. Свободный доступ к инфор-мации является основным принципом работы электронных прави-тельств на Западе» мақаласы (Польшалық ІТ-компания өкілі Младек - Кржинскимен әңгіме).
21 «Ақпаратқа қол жеткізу» сараптамалық сурауының нәтижелері, Қазақстандағы БҰҰБД тапсырмасымен өткізІлгене/«Ақпаратқа қол жеткізу» Халықаралық конференциясының материалдары 19 қараша 2009 жыл, Астана
22 «Орта Азия елдеріндегі сөз бостандығы бойынша көмекші құрал», Артикль 19, Лондон, наурыз, 2007 ж.
23 Яман Акдениз. «Кто надзирает за надзирателями? Роль прикладных программ-фильтров в регулировании контента интернета»/ Интернеттегі бұқаралық ақпарат еркіндіп бойынша анықтамалық / ОБСЕ. Вена 2004.
24 Кристофер Т.Марсен «Совместное регулирование и саморегулирование секторов СМИ и интернета в Европе: результаты исследования, проведенного Оксфордским университетом» / Интернеттегі бұкаралық ақпарат еркіндігі бойынша анықтамалық / ОБСЕ. Вена 2004.
25 Бала саудасы, бала жезөкшелігі және бала порнографиясы бойынша Конвенциясына Факультативтің хаттаманы жүзеге асыру мақсатында ҚР қабылдаған шаралар жайында БҰҰ-ның бала құқығы бойынша алғашқы баяндамасы (2004 жыл)
26 Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне баптық комментарийлер (ерекше бөлім)
27 Рассолов И М Право и киберпространство решения и рекомендации/«Конфликты в информационной сфере Материалы теоретического семинара Сектора информационного права 2008 г» Мәскеу, 2009 ж
28 Андрющенко Е С «Юридическая и сетевая ответственность в Интернете сравнительный анализ/«Конфликты в информационной сфере Материалы теоретического семинара Сектора информационного права 2008 г» Мәскеу, 2009 ж
29 Пікір білдіру еркіндігі бойынша стандарттар жинағы/ Артикль 19 - Воронеж, 2004
30 ҚР Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығымен бекітілген “Қазақстан Республикасында электрондық үкімет қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы” // ҚР Президенті мен Үкіметінің Актілер жинағы. № 45/2004 ж. Б. 4-41
31 ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысымен бекітілген “Қазақстан Республикасында электрондық үкімет қалыптастырудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы” // ҚР Президенті мен Үкіметінің Актілер жинағы. 2008 ж., № 44, 472-құжат.
32 Алияров Е.К. Информационная политика Республики Казахстан в условиях глобализации. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. -28-29 б.
33 Кастельс М. Информационная эпоха: экономика, общество, культура. -Москва, ГУ-ВШЭ, 2000. -265 с.
34 Судоргин О. Информационная политика в информационном обществе: тавтология или смысловой детерминант? // Власть. 2008. № 9. –С. 21.
35 Конашев М.Б. Новые информационные технологии в ХХI в.: новый труд, новый человек, новое общество? // Технологии иноформационного общества – Интернет и современное общество. (Труды VII Всероссийской объединенной конференции. Санкт-Петербург, 10-12 ноября 2004 г.). –Спб.: Изд-во фил.ф-та СПбГУ, 2004. –С. 16-18.
36 Овчаренко А.Н. Социальное управление в информационном обществе: новые подходы // Социально-гуманитарные знания. 2006. № 6. –С. 190.
37 Гуронок С.Г. Интернет и политический процесс // Общественные науки и современность. 2001. № 2. –С. 55.
38 Кравченко В.И. Власть и коммникация в информационном обществе: проблемы теории и методологии. Автореф. Дисс. докт. полит. Наук. –Спб, 2004. –С. 10.
39 Сурин В.В. Стратегия развития электронного правительства // Управление. № 2. 2006. –С. 3-14.
40 Masuda Y. The information society as post-industrial society. –Washington: World-future society, 1983. –P. 230.
41 Дауылбаев Т.Ф. Электронное правительство: мировой опыт и Казахстан // “Проблемы формирования цивилизационного сознания”. Материалы международной научно-практической конференции. -Алматы: КазНУ имени Аль-Фараби, 2004. -С. 186-190.
42 Нурмагамбетов А., Алияров Е. Проблема формирования электронного правительства (зарубежный опыт и Казахстан) // Аналитик. № 2. 2005. –С. 34-36.
43 Исин Н. Вопросы формирования электронного правительства // Деловая неделя. № 14(692). 14 апреля 2006 года. –С. 8-9.
44 Ли С. Электронное правительство: история, состояние и перспективы // Наука и высшая школа Казахстана. 1 августа 2005 года. –С. 6.
45 Әбсаттаров Р.Б. Қоғамның саяси жүйесі: концептуалдық талдау // Абай атындағы Алматы университетінің Хабаршысы. Әлеуметтік және саяси ғылымдар сериясы. -2003. -№ 2. -Б. 73-74.
46 Шадиев К.X. Қазақстандағы телекоммуникация қызметі нарығының даму басымдықтары // Саясат. № 6-7, 2009. –Б. 61-63.
47 Ибраева Г.Ж. Медиапространство Казахстана: конфигурация будущего // Безопасность: международная, региональная, национальная (системный подход): Материалы международной научно-практической конференции, посвященной памяти доктора политических наук, профессора М.С. Машана. -Алматы: Дайк-Пресс, 2007. -С. 74
48 Электронды дерек көзі: http://www.russianlaw.net/law/acts/28htm.
49 Электронды дерек көзі: http://www.ecsocman.edu.ru/db/msg/184577.html
50 Электронды дерек көзі: http://www.internetworldstats.com
51 Электронды дерек көзі: http://www.iks-media.ru /news/kz_news/ 2458309.html
52 Сурин В.В. Стратегия развития электронного правительства // Управление. № 2. 2006. –С. 3-14.; Нурмагамбетов А., Алияров Е. Проблема формирования электронного правительства (зарубежный опыт и Казахстан) // Аналитик. № 2. 2005. –С. 34-36.; Исин Н. Вопросы формирования электронного правительства // Деловая неделя. № 14(692). 14 апреля 2006 года. –С. 8-9.; Ли С. Электронное правительство: история, состояние и перспективы // Наука и высшая школа Казахстана. 1 августа 2005 года. –С. 6. және т.б.
53 Досыбаев Б. Интернет көшінен кеш қалмайық // Егемен Қазақстан. 2002 жылғы 27 шілде. –Б. 3.
54 Трудолюбов М. Виртуальное государство // Ведомости. -2001. -9 апреля.
55 Райхард К. Реформирование государственного управления: концепция “активизирующего” государства // Государственная служба за рубежом. Реформы госуправления накануне третьего тысячелетия. – 1999. – № 6. – С. 9.
56 Бачило И.Л. Информационное право: основы практической информатики. -М.: Юринформцентр: Изд. г-на Тихомирова, 2001. -С.161, 166-167.
57 Оффеле Й. Тенденции в административной информатике // Государственная служба. Зарубежный опыт. -Вып. 15. -М., 2006. -С. 93.
58 Дрожжинов В.И. Электронные правительства: причины возникновения и состояние развитости в странах мира // Технологии информационного общества - Интернет и современное общество. (труды V Всероссийской объединенной конференции). Санкт-Петербург, 25 - 29 ноября 2002 г. -СПб.: Изд-во С.-Петерб. ун-та, 2002. С. 278-283.
59 Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері”. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ел халқына арнаған Жолдауы // Егемен Қазақстан. 2010 жылғы 30 қаңтар. –Б. 2.
60 Қазақстан Республикасы Президентінің “ Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы” жарлығына түсініктеме // Егемен Қазақстан. 2010 жылғы 30 қаңтар. 1 бет
61 БҰҰ e-дайындық туралы 2008 жылғы есебі // www.un.e-ready report.com
62 Роговский Е.А., Шариков П.А. Контроль над интернетом и международная стабильность // США-Канада. № 3. -2007. –С. 93-111.
63 Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы // Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 10, 108-құжат.
64 “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы”. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі, 2006 жылғы 18 қаңтар // Егемен Қазақстан. 2006 жылғы 19 қаңтар. –Б. 1.
65 “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан”. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // Ана тілі. -№ 10. -2007 жылғы 10 наурыз. -9 бет.
66 Шадиев К.X. Қазақстандағы телекоммуникация қызметі нарығының даму басымдықтары // Саясат. 2009. № 6-7. –Б. 61-63.
67 Мұсатаев С.Ш. Қазақстандық азаматтық қоғам: қазіргі жағдайы мен келешегі. Монография. Алматы: “Prіnt-S”, 2007. -240 бет.
68 Гаджиев К.С. Введение в политологию. -М., 1996. -327 с.
69 Чигунов А.В. Политика и Интернет: политическая коммуникация в условиях развития современных технологии: Дис. канд. полит, наук: 23.00.02. -СПБ.: СПб государственный университет, 2000. - С. 67.
70 Шаханов М. Электронды үкіметтің көлеңке бұрылыстары // Ана тілі. 2006 жылғы көкектің 13. № 15. –Б. 3.
71 Балгин Р. Алгоритм отслеживания схем медиа-пирамид на примере алматинского рынка печатных СМИ // Саясат. -2003. -№ 8. -С. 24-25.
72 Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған басым бағыттары туралы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ел халқына жолдауы // Егемен Қазақстан, 2003 жылғы 4 сәуір. –Б. 1-2.
73 Бокаев С.О. Политические технологии как фактор формирования общественного мнения и электорального поведения: мировой опыт и Казахстан. –Алматы: Эрекет-Принт, 2009. -153 с.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 106 бет
Таңдаулыға:   
Әл-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖУРНАЛИСТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

МАГИСТРАТУРА

Халықаралық журналистика кафедрасы

Магистрлік диссертация

Қазақ интернеті және құқықтық реттелуі

Орындаған магистрант _________________ Меруерт Бөденбаева

Ғылыми жетекші _________________ Есенгүл Кәпқызы,

ф.ғ.к.

Норма бақылаушы _________________ Мәриям Майлықұтова,

аға оқытушы

Халықаралық журналистика
кафедрасы меңгерушісінің _________________ Е.И. Дудинова,
рұқсатымен қорғауға жіберілді ф.ғ.к.,
доцент.
26 сәуір 2011 жыл.

Алматы 2011

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I ТАРАУ Интернетті зерттеудің теориялық әдіснамалық
негіздері ... ... ... ... ... ... 7

1. Интернеттің бүгінгі ақпараттық коммуникациядағы орны мен
маңызы ... ... .7

2. Интернет-журналистиканың ерекшеліктері және қазақ
журналистикасындағы
блогинг ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

3. Ақпарат кеңістігіндегі қауіпсіздік шаралары және оны реттеу
жолдары ... 45

II ТАРАУ Интернеттің заңнамалық негіздері мен даму
бағыттары ... ... ... ... ... 53

2.1 Интернет-журналистика және Қазақстандағы дифформация үшін

жауапқа тартуды реттейтін нормативті құқықтық
актілер ... ... ... ... ... ... ... ... ...53

2.2 Интернет жүйесіндегі интеллектуалдық меншік құқығын қорғау
мәселелерін
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .67

2.3 Орта Азия елдері кеңістігіндегі Интернетті құқықтық реттеу
және оның қазақстандық
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... 71

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .84

СІЛТЕМЕЛЕР
КӨРСЕТКІШІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...87

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...89

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ХХI ғасыр - ақпарат ғасыры болып
табылады, адамзат қауымы дамудың жаңа сатысына - ақпараттық қоғамға аяқ
басты. 2006 жылғы 27 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясы 17 мамырды Халықаралық
ақпараттық қоғамның күні етіп белгілеу туралы ресми шешім қабылдады.
Осындай әлемдік ауқымда жүріп жатқан заманауи үрдістен, өркениеттің көшінен
біздің еліміз де қалыс қала алмасы түсінікті. Қазақстанның постиндустриалды
даму сатысына өту мүмкіндігі туралы мәселені алғаш көтерген Президентіміз
Н.Ә. Назарбаевтың “Постиндустриалды қоғам қалыптасуының стратегиясы және
өркениеттер серіктестігі” атты жаңа еңбегінде заманауи ғылыми-техникалық,
ақпараттық және өзге де инновациялық төңкерістер жалпы адамзат
өркениетінің, оның ішінде біздің отанымыздың да келешектегі бет-бейнесін
айқындайтынын атап көрсетеді [1].
Қазіргі кезде қазақстандық қоғамның барлық саласында ақпараттандыру
процесі қызу жүруде, оның ішінде саясат саласында да жаңа ақпараттық-
коммуникативтік технологияларды қолдана отырып, мемлекеттік қызмет пен
әкімшілік-басқару істерін әлемдік стандарттарға сай модернизациялауға
барынша күш салынып жатыр. Осыған байланысты Қазақстанның саяси
жаңғыруындағы аса маңызды факторлардың бірі – электронды үкіметтің
қалыптасуы мен дамуы болып табылады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев осынау
маңызды мәселеге ерекше мән беріп, 2009 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан
Парламентінің үшінші сессиясын ашып сөйлеген сөзінде: “Үкіметке заңдар мен
заңнамалық актілерге ғылыми, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы
сараптама жасау, мүдделік қолдау (лоббистік) қызметі, электронды үкімет
мүмкіндіктерін неғұрлым кеңінен пайдалану туралы заң жобаларын ең бірінші
кезекте әзірлеп, Парламентке енгізуді тапсырамын” - деп электронды үкіметті
қалыптастыру мен дамытуды әкімшілік реформаларды жүргізудегі маңызды
міндеттердің қатарына қойды [2].
Сонымен қатар, бүгінгі таңда журналистика саласы өмір ағымына орай күн
санап қарыштап дамып қоғамның сипатын дөп беретін өмірдің айнасына айналып
отыр. Ол түрлі жағдайды сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-
әрекеттер жөнінде ой тастайды, қоғамға жол сілтейді, бағыт-бағдар алуға
көмек көрсетуде. Сонымен қатар журналистика өмірде маңызды қоғамдық-саяси
рөл атқарып, жұртшылық арасында әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықтың
бетін ашып береді. Журналистік қызмет халықтың жалпы қоғамның керегіне
жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Журналист бұл
салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік
процестерге өз еңбегімен белсене араласады.
Журналистика – халықтық болып саналады. Өйткені, журналистика –
халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Қандай мәселені
көтермесін, журналистика соның бәрін халықтық тұрғыда қозғауға, халықтың
сөзін сөйлеуге күш салады. Әрқашан халықтың жағында болып, халықтық
позицияны ұстанады.
Бүгінгі қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдарының басты парызы –
бұқараның санасын билеу, оларға уақыт кезеңдерінің міндеттерін жан-жақты
түсіндіру, жас ұрпақты тәрбиелеу, тағы да басқа толып жатқан сан-саладағы
көкейкесті міндеттерді бойларына сіңіру болуға тиіс. Осы сан-саладағы
көкейкесті мәселелерді қоғамға жеткізуде бұқаралық коммуникация
құралдарының ішінде болжам бойынша жетекші орынға ие болатын – интернет.
Интернеттің бірқатар коммуникация мен ақпараттық ерекшеліктеріне
байланысты жаңа бұқаралық ақпарат құралының түрі – интернет БАҚ немесе
интернет-журналистика дүниеге келді. Оның дәстүрлі БАҚ-тан айырмашылығы
бірден байқалды. Ол – интернеттің ақпаратты тарату оперативтілігі мен
интерактивтілігі еді. Сондықтан көптеген елдердің ғалымдары жаңа бұқаралық
ақпарат құралын зерттеу нысаны ретінде таңдауда. Интернет-БАҚ-тың алғашқы
нұсқасы 1987 жылы АҚШ-та пайда болған. The San Jose Mercury News газеті
тұңғыш рет көпшілік қауымға электронды нұсқасын ұсынған болатын. Қазіргі
таңда АҚШ-тағы күнделікті басылымдардың таралымы жарты жылда, 2009 жылғы
қазан айынан бастап, 2010 жылғы наурыз айына дейінгі аралықта 2,5%, ал
апталық (жексенбілік) газеттердің таралымы 3,1% азайған. Керісінше, онлайн
БАҚ күннен-күнге қарқынды түрде даму үстінде. Сауалнаманы Американың газет
қауымдастығы (Newspaper Association of America, NAA) 770 күнделікті, 610
апталық газеттер бойынша жүргізген болатын. Қауымдастық мәліметтеріне
сүйенсек, АҚШ-та газет сайттарын пайдаланушылар аталмыш мерзім ішінде 56
миллионға жетіп, интернетке кіретін адамдардың 37 пайызын құраған.
Ал Қазақстанда әзірге 10 мыңға таяу интернет сайттары тіркеліп үлгерді.
Оның 20-25 пайызы БАҚ құралдарының меншігі болса, қалғаны – әр түрлі
бағытта. Оның ішінде банк те бар, сауда нүктелері де бар, ішінара жекелеген
адамдардың сайттары да кездеседі. Ал қазақ тіліндегі сайттар кенжелеп дамып
келе жатыр десек те, кей сәттері әжептәуір үміт күттіріп қояды.
2006-2009 жылдарға есептелген Қазақстан Республикасының ақпарат
нарығының бәсекеге қабілеттілігін дамыту жөніндегі тұжырымдамада отандық
БАҚ-тардың бәсекеге қабілеттілігін дамытудың бірден-бір тетігі желідегі БАҚ
сапасын арттыру деп көрсетілген. Сондықтан, отандық интернет БАҚ-тың
санымен қатар сапасын арттыру кезек күттірмейтін мәселе.
Зерттеу барысында интернет БАҚ-ты теориялық тұрғыдан зерттеген шетелдік
ғалымдарының еңбектерімен қатар, отандық журналистердің мерзімді
басылымдарда жарияланған мақалаларын кеңінен пайдалануға тырыстық.
Қазақстанда интернеттің даму барысы мен болашағы туралы сөз қозғамас
бұрын, әуелі өткен ғасыр соңының ғаламат жаңалығы туралы мағлұмат бере
кеткен жөн. Интернет дегеніміз, – дейді осы сала мамандары, – компьютерлік
желілердің бүкіл әлемдік топтастырылымының кооперативтік басқару жүйесі.
Әрине, мұндай терминдік сөйлем құрылымын ә дегеннен кез келгеннің түсіне
қоюы қиын. Ойды қарапайымдау етіп таратсақ, өз компьютерімен біртұтас
интернет желісіне қосылған адам әлемнің кез келген нүктесінде тұрған келесі
компьютерде сақтаулы тұрған ақпаратқа оңай қол жеткізе алмақ. Бұл жүйеде
ақпарат алмасу бірыңғай тәртіпке негізделген. Әрбір пайдаланушы интернетке
қол жеткізу үшін бірлескен желілердің бірінің пайдаланушысы болса
жеткілікті. Мемлекеттік, өңірлік, корпоративтік және басқа да компьютерлік
желілердің мұндай жиынтығы бір-бірімен түрлі мәлімет тарату арналары арқылы
байланыстырылған. Дәлірек айтсақ, интернетке кіруде телефон байланысы
немесе технология тілінде шлюз, гейт деп аталып жүрген трансмұхиттық
талшықты-оптикалық желілер мен ғарыштық арналар пайдаланылады. Қызметтері
дербес жүргізілетін мұндай жүйелер арқылы бүкіл Жер шарын қамтитын біртұтас
жаһандық желі құрылады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда
интернет әлемнің барлық елдерін түгел қамтып, оның қызметін 500 миллионнан
астам адам пайдалануда. Бұл көрсеткіш ай сайын 7-10 пайызға өсіп отыр.
Зерттеудің нысаны болып негізінен қазақ интернеті және оның құқықтық
реттелу мәселесі көтерілген. Қазақстандық интернеттің даму барысы мен
болашағы және шетелдік блогтұғырнамалар, қазақ блогшыларының блогтары,
Қазақстандағы интернет сайттар, интернеттегі танымал әлеуметтік желілер,
қазнеттегі қазақ тілі сегментінің проблемалық мәселелері зерттелген.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Интернетті және оның құқықтық
реттелуін әлемдік және қазақстандық ерекшелігін зерттеу болып табылады.
Қазақстандағы блогтық журналистиканың орны, қалыптасуы мен даму
жолдарын айқындап, қазақтілді блог әлемі және журналист еңбегіне,
блогтардағы материалдардың тақырыптық ерекшеліктеріне талдау жасау.
Бүкіләлемдік желідегі түрлі сайттар тарапынан аудитория назарына ұсынылып
отырған ақпараттарды жаңа бұқаралық ақпарат құралының түрі интернет БАҚ-қа
қандай белгілері бойынша жатқызуға болатындығын теориялық тұрғыдан
қарастыру болып табылады, тиісінше интернет-журналистика ерекшеліктері
талданады. Сондай-ақ азаматтық журналистика мен кәсіби журналистиканың
арасындағы айырмашылықтарды айқындау. Қазақстандағы азаматтық (блогтық)
журналистиканың деңгейін, қазақ блогосферасының жағдайын, оның интернеттегі
қазақтілді сегментіне тигізетін пайдасын және жалпы блог дегенміз не екенін
зертеп, теориялық тұрғыдан анықтау.
Зертеудің ғылыми жаңалығы. Бітіру жұмысында интернеттің құқықтық
реттелуінің маңызы мен ерекшеліктері туралы тұңғыш рет кешенді түрде
зерттеледі. Ақпарат кеңістігіндегі еркін азаматтық журналистика дамуындағы
үрдістер алғаш рет ғылыми айналымға түсіріліп отыр. Интернеттегі қазақ
тілінің дамуына блогтардың әсер етуіне, журналистика саласының қоғамдық
пікірді қалыптастыру ықпалына терең сараптама жасалған. Қазақ блогшылардың
материалдарындағы тақырыптық ерекшеліктері талданып, кәсіби журналистикаға
салыстырмалы түрде алғаш рет баға беріледі. Сонымен қатар, Қазақстандағы
интернеттің құқықтық реттелуінің барысы, онда кездесетін түрлі
проблемаларға кеңінен зерттеу жасалып, азаматтық журналистиканың бүгінгі
кескін-келбетіне баға берілді.
Жұмыстың зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндетіне сай
сипаттамалы, тарихи-салыстырмалы, статистикалық есептеу, жаппай іріктеп
алу, талдау тәсілдері қолданылды.
Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, 2 тараудан,
қорытындыдан, сілтемелерден, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.  
Бірінші тарауда интернеттің пайда болуының алғышарттары, тарихы, бүгінгі
ақпараттық коммуникациядағы орны, интернеттің ақпарат кеңістігіндегі маңызы
талданады. Интернет-журналистиканың ерекшеліктері және қазақ
журналистикасындағы блогинг мәселесі көтеріліп, блог ұғымына анықтама
беріп, тарихына тоқталамыз. Интернеттегі азаматтық журналистика деп
қандай белгілерге сәйкес есептеуге болатындығы қарастырылып, тиісінше
азаматтық журналистиканың ерекшеліктері талданады.
Екінші тарауда интернеттің заңнамалық негізі мен дамуы және оның
ерекшеліктері айқындалып, қазақ интернеті және оның құқықтық реттелуінің
негізгі проблемалары көтеріліп, Қазақстандық интернетке БАҚ-тық сапалық
тұрғыдан талдау жасалып, интернет саласындағы заңнамаға талдау жасалып,
оның даму барысы мен болашағы, сондай- ақ, Қазнеттің инвестициялық
тартымдылығы зерттелген.

I Интернетті зерттеудің теориялық әдіснамалық негіздері

1. Интернеттің бүгінгі ақпараттық коммуникациядағы орны мен маңызы

Интернеттің кіндігі Америка Құрама Штаттарында кесілген. Ол – қос алып
державаның ашық қақтығысынан өршіген, өткен ғасырдың екінші жартысындағы
қырғи қабақ соғыстың бел баласы болып саналады. Тарихты қайта парақтасақ,
1957 жылы КСРО өзінің алғашқы жасанды жер серігін ұшырып, басты бәсекелесін
шаң қаптырды. Осыған жауап ретінде АҚШ-тың қорғаныс министрлігі озық
зерттеу жобалары агенттігін құруға мәжбүр болды. 60-жылдары аталған
агенттіктің негізгі міндеті компьютерлерді бір-бірімен қосу әдісін
әзірлеуге бағытталды. Оның ішінде әуе арқылы бомбалау кезінде болуы ықтимал
зақымдарға төтеп беретін желілердің құрылуы тыңғылықты зерттелді.
Зерттеу шаралары интернеттің бастапқы құрылымы саналатын ARPAnet
тәжірибелік желісін өмірге әкелді. Желі 1969 жылы әскери тапсырыстарды
орындайтын америкалық бірқатар университеттер мен компанияларды өзара
байланыстыра алды. ARPAnet үлгісі желілік қатынас бойынша ақпарат тарату
мен ақпарат қабылдау негізінде қалыптасқанымен, онда кез келген уақытта
ақпараттың жойылып кету сенімсіздігі сейілген жоқ. Интернеттің ресми туған
күні – 1969 жылғы 29 қазан болып есептеледі. Сол күні ARPAnet арқылы тұңғыш
рет Стэндфорт ғылыми-зерттеу институтынан Лос-Анджелестегі Калифорния
университетіне алғашқы ақпарат жолданған. Желі арқылы ғылыми-зерттеу
нәтижелерімен жедел алмасу тиімділігіне орай ендігі жерде оған АҚШ-тың
басқа да университеттерінен компьютерлер қосылуға мүдделілік білдіре
бастады. Біртұтас желі арқылы шешілетін азаматтық мәселелердің молынан
топтасуы нәтижесінде 1983 жылы АҚШ-тың қорғаныс министрлігі желіні екіге
бөлуге мәжбүр болды. ARPAnet ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналса, жаңа желі
MILnet қорғаныс министрлігінің құзырында қалдырылды.
Дегенмен интернет тек желі ғана емес, ол – желілердің желісі. Интернет
көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен
компьютерлер торабын құрайды. Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет
мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті
кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан. Интернеттің бір
ерекшелігі – оның құрамындағы көптеген компьютерлер нақты BBS тәрізді жұмыс
істейді. Мұның өзі интернетке қосылу деген – басқа жерлерде тұрған мыңдаған
компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден
өкімет архивіндегі, университет мәлімет қоймаларындағы, жергілікті ресурс
көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді,
дыбыс клиптерін және тағы басқа цифралық түрге айнала алатын барлық
ақпаратты ала аласыз.
Интернет ақпарат магистралына өте ұқсас, институт, мектеп терминалы
арқылы оған жеңіл кіруге болады, ол үшін интернеттегі жүйенің нөмірін теру
керек. Мұнан кейін керекті жердегі (қала, мемлекет) желі нүктесімен
байланысып, өзіңізге қажет материалдарға қол жеткізесіз. Керек етсеңіз,
NASA құжаттарын да, айта берсек, соңғы оқиғалар көрсететіндей, ЦРУ құпия
архивтерін де оқуыңызға болады екен.
Интернет желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру
қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты интернет
компаниясы да тек біреу емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон
жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер
иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес: бұл жүйе өзара байланыс арқылы
ортақ пайдалануға арналған. Дүниежүзіндегі ірі телефон компаниялары
бірігіп, телефон жүйесі қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни
әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабель құнын – кімдер, қалай
бөлісіп көтеретінін және әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық
мәселелерін бірігіп анықтап отырады. Интернет желісі де дәл осы телефон
жүйесі тәрізді басқарылады.
Егер интернеттің бүкіләлемдік ресми тарихы 1957 жылдан тарқатылса,
бұрынғы Кеңестер кеңістігінде ол 1982 жылдан бастап қолданыла бастады. Осы
жылы Мәскеудегі И. Курчатов атындағы Атом энергиясы институты бірқатар
ғылыми-зерттеу институттарының мамандарымен бірлесіп, отандық операциялық
жүйені құру жұмысына кірісті. Өзара үндес біртұтас мобилдік операциялық
жүйе деп аталған кеңестік желі кейінгі жылдары түрлі электрондық
мәшинелерге енгізіле бастады. 1990 жылы 1 тамызда Курчатов технология
институтында алғашқы отандық компьютерлік желі іске қосылды. Ол бірқатар
уақыт жаңа құрылып жатқан коммерциялық құрылымдар, мемлекеттік және
қоғамдық ұйымдарды компьютерлік желімен өзара байланыстырды. 1990 жылғы 28
тамызда кеңестік желі алғаш рет халықаралық телефон байланысымен жаһандық
интернет желісіне қосылды. Ал араға ай салып жоғары деңгейлі тарату желісі
тіркелді.
1991 жылы сәуір айынан бастап интернет еліміздің аумағында еркін тарала
бастады. Алматы қаласында тіркелген Парасат фирмасы RELCOM өңірлік
желілік торабы арқылы орыс тілінде ақпарат алмасатын электронды пошта
қызметін іске қосты. 1993 жылы қазақстандық желі АҚШ-тың негізгі байланыс
жүйесіне еніп, бұл мерзім еліміздегі интернеттің ресми туған күні болып
белгіленді. 1994 жылғы 19 қыркүйекте Халықаралық желілік ақпарат
орталығында отандық сайттар шоғырын топтастырған жоғары деңгейлі .kz
домені тіркелді. Нәтижесінде қазақстандық сайттар өндірісі аса серпінді
күшпен өрістеп дами бастады. Статистикалық мәліметтерде 1995 жылы тұңғыш
рет қазақстандық сайттардың алғашқы тізімдемесі пайда болып, 1996 жылы
тұңғыш электронды басылымның тіркелгені жазылады. 1994 жылдың аяғына қарай
елде пайда болып үлгерген сайттардың қатары 15-ке жеткен екен. Содан бері
отандық Интернет желісінде әр түрлі тақырыпты, мысалы, ірі компаниялар,
мекемелер, облыстық-қалалық әкімдіктерден бастап, елдегі спорт, мәдениет,
тарих, жаңалықтарды т.б. қамтыған сайттардың қатары біртіндеп көбейе түсті.
Мәселен, 1997 жылы қазақстандық футбол мен шайбалы хоккейге арналған тұңғыш
спорттық сайт дүниеге келді. Ал Семейдің Ф.М.Достоевский атындағы орыс
драма театры елдегі театрлар арасында алғашқы болып Интернетте өз сайтын
жариялады. 1998 жылдың 30 қыркүйегінде Алматыдағы Орталық әмбебап дүкенінің
30 жылдығына арналған мерейтойлық концерттен республикамызда Интернеттің
көмегімен тұңғыш аудиовизуалды трансляция жүзеге асты. Қазақстандық
Интернеттің бүгінгі аяқ алысына қарай сала қызметкерлері басты екі белгіге
– саны мен сапасына назар аудару керектігін айтады. Егер сан жағынан
айтсақ, отандық Интернет күн санап өсу үстінде. Кейбір веб-беттеушілердің
пікірінше, елімізде ай сайын 80 мен 100-дің үстінде сайттар қатарға
қосылады. Мысалы, Весь WWW Казахстан каталогының осыдан 2-3 жыл бұрынғы
мәліметінде 3422 сайттың бар екені белгілі болса, 1998 жылдары елдегі
тіркелген сайттардың саны не бәрі 333-ті құраған. Демек, осы көрсеткіштерді
салыстыру арқылы-ақ Интернет жүйеміздегі өсімге көз жеткізуге әбден болады.

Бүкіләлемдік байланыс, ғаламдық жүйе арқылы ұлттық және мемлекетаралық
шекара ашылып, әлем жаһандық ауылға айналды. Бүгінгі ахуалды 1980-ж.ж.
социолог Маршал Маклюэн болжаған еді.
The medium is the message – бұл өмір бойы технологияның бұқаралық
мәдениетке, қоғамдағы адамдардың қарым-қатынасына әсер етуін зерттеген
социолог Маршал Маклюэннің (1911-1980) сөзі. Өзінің болжамдарын 60-жж.
басында айтқан Маклюэн эволюцияны, әлемдік қоғамдастықтың қазіргі
көрінісін сол тұста суреттеген. Ол өзінің шындыққа еш қиыспайтын ойларын
дау туғызатын афоризмдері арқылы жеткізген. 1987 жылы сыншылардың бірі
былай деп жазды: Маршал Маклюэн теориялары – қазіргі таңдағы
интеллектуалды тапсырмаларға еш негіз бола алмайтын болмашы нәрселер.
Соңғы жылдары Маклюэн тарих сахнасынан интернет дәуірінің тұлғасы ретінде
қайта оралды. Фордэм университетіндегі коммуникация теориясы пәнінің
оқытушысы, профессор Пол Левинсонның Сандық Маклюэн (Цифровой Маклюэн)
атты кітабының мұқабасында Wired журналының редакторы Кевин Келлинің
“Барлығы Маклюэн телевидениені айтып отыр деп түсінді. Шынтуайтына
келгенде, ол 20 жылдан кейін пайда болған интернетті сөз еткен еді,” –
деген пікірі жарияланған. Маклюэн өз ойларын 1962 жылы жарыққа шыққан
Гуттенберг галактикасы (The Gutenberg Galaxy) мен 1964 жылы басылған
Медианы түсіне (Understanding Media) еңбектерінде жеткізген. Бірінші
кітабында жазуды технология ретінде қабылдап, адамның жазу мен оқу
қабілеті, сондай-ақ кітаптар сыртқы ортамен қатар адамзаттың ойлау машығын
өзгерткенін түрлі сызбалар арқылы түсіндірді. Аталмыш кітап телевидениені
негізгі ақпарат көзі ретінде қабылдап отырған сәтте жарық көрді. Кітап
авторы баспа мәдениеті одан әрі дамуын тоқтатты, ол өз дәуірін өткерді,
кезек электронды дәуірде деген екен. Құралдың өзі хабар (Средство есть
сообщение) атты қанатты сөзге өмір сыйлаған Медианы түсіне деген
кітабында дөңгелектен алфавитке дейін, телеграф, ұшақ, баспа станоктары мен
теледидар т.б. технологиялар қоғамдық қатынас пен адамдардың рухани
қажеттіліктерін өзгерткендігін суреттеген. Сондай-ақ, Маклюэн жаһандық
ауыл ұғымының авторы. Электронды технологиялар арқылы адамдар қалалардан
қанша қашықтықта болсын шағын топ болып тұрып-ақ, кез келген мезетте
өзгелер сияқты ақпараттарға қол жеткізе алатындай мүмкіндіктерге ие
болатынын болжаған. Электрондық сәуле (свет) – таза ақпарат. General
Electric компаниясы электр лампочкалары мен жарық жүйелерін сатудан табыс
табады. Осындай компаниялар әлі түсінген жоқ. Олардың негізгі жұмысы –
ақпаратты тарату. 30 жылдан кейін электрондық коммерция пайда болған.
Маклюэн жақтаушылары оның зерттеулері уақытты озған деп баға береді.
Жаһандық ауыл идеясы интернет пен спутникті телевидение дәуірін дөп басты
дейді олар. Маклюэннің атақты The medium is the message, Құралдың өзі
хабар (Средство есть сообщение) сөз тіркесін былайша түсіндіруге болар:
мәселен, біз теледидардан алған ақпараттан гөрі (нақты) теледидар көріп
отырғанымыз факт, яғни нақты дерек ретінде бізге анағұрлым көп әсер етеді.
[4]. Ақпарат құралының көмегімен таратып отырған ақпараттың мазмұнына
қарамастан кез келген ақпарат құралының (medium) аудиторияға әсер ету
жолдары, өзіндік артықшылықтары бар. Тарату арнасы таратып отырған хабар
мен оның қабылдануына көп ықпал етеді. Мәселен, телевидение мен газеттен
бір ақпаратты бір уақытта тараттық делік. Ақпаратты әр түрлі қабылдайды
және бұл ақпараттың өзіне тәуелді емес. Сондықтан интернеттің негізгі
ерекшеліктерін және оның интернет-журналистикаға әсерін қарастыру қажет.
Сондықтан да Интернеттің тиімді жақтары мен пайдасын анықтап алумыз
керек:
1. Интернет - тиімді байланыс құралы
2. Көптеген мәліметтер жинақталған
3. Балама ақпарат көзін табуға болады. Мысалы: үкіметтік емес сайттар мен
үкіметтік сайттар, ақпарат агенттігінің мәліметтері мен тәуелсіз
басылым мәліметтері
4. Толғандырған сауалдарыңның жауабын табасың
5. Кісі есімдері мен лауазымдарын нақтылайсың.
6. Өткен ескі жаңалықтар мұрағатынан мәліметтерді нақтылау
7. Өзге елдегі мамандармен байланыс жасап, сұрақтар қоюға болады
8. Түсінбеген сөзді демде аударуға болады. Мысалы: www.sozdik.kz
9. Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, интернеттің тиімді жақтары мен пайдасы бола тұра оның
біз байқағандай төмендегідей кемшілік жақтары да бар:

1. Интернетке шығу үшін қаржы керек. Қазақстанда интернет қызметін
пайдалану қымбат (120 тгсағ).
2. Электронды жаңалықтарға жазылу керек
3. Кейбір мұрағат қорларына кіре алмайсың
4. Кәсіби қызметтер өте қымбат тұрады. Мысалы шетелдің белгілі
агенттігінің Қазақстан туралы жасаған зерттеулері.

2004-2007 жылдары экономикалық өсім инфрақұрылымның дамуына байланысты
мемлекеттік және жекеменшік кәсіпорындардың инвестициялық өсімін айқындады.
Сонымен қатар, ол жұртшылықтың жоғары білім әлеуетіне ие болуға әзір
болуына мүмкіндік туғызды (Интернетке қолжетімділікке бағаны кезең-кезеңмен
төмендете отырып және ақырғы тұтынушыға берілетін арналардың өткізгіштік
мүмкіндігін кеңейту арқылы). Мемлекеттік уәкілдік етуші органдардың бүкіл
осы уақыт аралығында ақпараттық-коммуникациялық саланың даму басымдығын
талай рет қайталай жариялаған тынымсыз еңбегі процестің ілгерілеуіне
белгілі дәрежеде мүмкіндік туғызды. [6].
ҚР республикалық ақпараттандыру және байланыс (АБА) Агенттігінің
мәліметі бойынша 2007 жылы Интернеттің таралу дәрежесі 11 пайыз
(1,6миллион) құрады, 2008 – 14 пайыз, алайда 2009 жылдың қазан айында
байланыс операторларының есебіне сүйеніп отырып, ақпараттандыру және
байланыс Агенттігінің төрағасы 30 пайыз (4,7 миллион адам) деген санды
көрсетті. Бұл санға кеңтарапты қолжетімділіктегі 1,2 миллион абонент,
коммутирлі қолжетімділікте (dial-up) 0,4 млн абонент, сонымен қатар
Интернет торына мобильді қолжетімділікте 3,1 млн абонент кірді.
Мобильді Интернет қызметін (WAP, GPRS, EDGE) пайдаланушы ұялы
операторлар абоненттер көбінесе тұтынушылардың алғашқы екі категориясының
біріне қатысты болғандықтан, бұл көрсеткішті дұрыс деп санаудың өзі
қияндау. Күмәнді десек те, ресми санақ әдістемесінде абоненттер санының тез
өсуінің жағымды фактілерін атауға болады: кеңтарапты қолжетімділік
абоненттер саны – 2007 жылы 381 мыңнан, 2008 жылы 661 мыңға дейін, яғни бір
жарым еседей артық болса, 2009 жылы қайтадан екі есеге арта түсті.
Шетелдік дерек көздері Қазақстан бойынша аздап жоғарылау санды
көрсетеді. Сонымен World Star Internet ұйымының санағы бойынша интернеттің
еніп таралу дәрежесі 12,3 пайызды (1,9 млн) құрайды, әйтсе де республика
жұртшылығының Әлемдік ғаламтордағы қатынасу қарқынының жоғары екендігі
мойындалады: 2000-2008 жылдар аралығында қолданушылар саны 27 есеге артты.
Ipi Budde Comm Интернет-компаниясының мәліметіне сәйкес, қолданушылар саны
1,5 млн адамды құрайды, мобильді телефондар арқылы қолжетімділікті есепке
алмағанда таранып ену дәрежесі – 9,8 пайыз.
Hivos қорының (Нидерланды) Ғаламдық ақпараттық ұйымының есебінде
сарапшылардың пікірі бойынша мұндай көрсеткіштер қазірше жеткілікті деп
санала қоймайды, оның себебі телекоммуникация секторын либерализациялау
қарқынының баяулығы және бағаның бірте-бірте төмендетілуіне қарамастан,
Интернет қызметі тарифы әлі де жоғары болып отыр. Бұған Интернетті үйде
пайдалануға мүмкіндіктері бр – аса кең тарала қоймаған орта класс
қабатын, Қазақстандағы ауыл тұрғындарының жоғары процентті құрайтындығын
және АКТ мәселесінде көпшіліктің сауатының төмендігін қоса айтуға болады.
Сарапшылар тобында бұл факторлар ортасы басқа да институционалдық
параметрлермен үйлесімділікте электрондық даярлық дәрежесін атайды. [15].
Осыған қарамастан, пайдаланушылардың көрсетілген әлеуеттік өсімі әрі
мемлекеттік және жекеменшік провайдерлер инвестициясының жалғасуы, алаңда
бәсекелестіктің қыза түсуі, технологиялық инновациялар, жекелеп алғанда,
кейбір өткізгішсіз жүйенің дамуы, еніп таралу дәрежесінің келешекте әрмен
қарай ұлғаятындығына үйғарым жасауға негіз береді.
Электронды даярлық
Қоғам ішіндегі ақпараттық технологияның еніп таралу дәрежесін анықтау
үшін пайдаланылатын электронды даярлық индексі құқықтық, саяси, әлеуметтік
және мәдени ортаның, мемлекеттік қолдаудың т.б. жағдайларды қамтитын сандық
әрі сапалық критерийлер қатары негізінде айқындалады.
Economist Intelligence Unit 2009-электронды даярлық рейтингі бойынша
зерттелген 70 елдің ішінде Қазақстан соңынан санағанда екінші (69-ыншы)
орында тұр. Мұндағы негізгі түйткіл жалпылай алғанда ИКТ-ні пайдалану
дәрежесінің төмендігінде. Бұрынғы жылдармен салыстырғанда Интернетке
қолжетімділік дәрежесі мен электронды сауаттылықта аздаған серпіліс
байқалады, ал құқытық ортаның көрсеткіші нашарлаған.
Ақпараттық технология дамуының Бүкіләлемдік экономикалық форумы
рейтингісінде биылғы жылы Қазақстан әлемнің 134 елінің ішінде 73-інші орын
алды. Осы фактор ретінде АКТ-ды пайдалануға жеке даярлық дәрежесінің
төмендігі аталды, АКТ-ны бизнес-қауымдастықтың пайдалануы, сонымен қатар
өндірістің дамуы үшін әлсіз нарықта орта үкіметтің ақпараттық теңсіздікті
төмендетуге бағытталған батыл әрекеттерінің қажеттілігінің маңызын арттыра
түсті. Елдің экономикалық жақтан сәтті дамыған аймақтары Интернет-
технологияны белсенді пайдалануға даярлығы ме,н мүмкіндігінің салыстырмалы
түрде алсақ, жоғары екендігін көрсетті. ҚР статистика агенттігінің
мәліметінде 2008 жылдың жағдайы бойынша республиканың 16 субъектісі ішінен
Интернет абоненттерінің саны бойынша Алматы, Астана және Қарағанды
облыстары көшбасшы болды, бұлар бірге абоненттердің 40 пайыздан астамын
қамтамасыз етеді.
Қазақстан ақпараттық технология саласының дамуы жөнінен ТМД елдерінде
алда келеді. Ресей мамандарының іс қағаздарын электронды түрде жүргізу
бағдарламасын бірінші кезекте Қазақстан Үкіметіне ұсынуы – осыдан. Бір
қызығы, отандық мамандар компьютер бағдарламаларын қазақыландыруды
кешеуілдетіп жатқанда, ресейлік ІТ мамандар бағдарламаларын қазақ тіліне
аударып қойыпты.
Халықаралық IDC-тің (Халықаралық мәлімет корпорациясы) зерттеулері
бойынша, Қазақстан Орта Азия елдері ішінде компьютерді пайдаланушылардың
саны жөнінен алда келеді. 2005 жылы ғана қазақтың ІТ (Ақпараттық
технология) нарығы 36,1 пайыз өсті. 2000 жылдан бастап экономикалық
өрлеумен бірге дамып келе жатқан ақпараттық технология саласына билік
тарапынан да үлкен назар аударылған. Өз өнімдерін қазақтың электронды
нарығына саудаға алып келген шетелдік мамандар жақын арада бұл саланың
дамуында кедергілер болады деп ойламайды. Қазақстанның ТМД кеңістігінде
алғашқылардың бірі болып электронды үкімет жобасын енгізуді қолға алуы да
программалаушылардың үмітін үкілеп отыр. Кеңес Одағы тұсында компьютерлік
бағдарлау жөнінен ірі-ірі жаңалықтар ашқан орыс программалаушыларын азуын
айға білеген АҚШ бірден-бір бәсекелес деп танитын. Ресей Федерация атанғалы
компьютердің құлағында ойнайтын орыс программалаушыларының жаңа буыны өсіп
шықты. Ресейдегі ақпараттық технология нарығының кенже дамуынан ресейлік
компаниялар алыс-жақын шетелге жорыққа шықты. Қазір орыс бағдарламалары
әлемге кеңінен танымал. Қазақстанда ақпараттық технология саласындағы
бағдарламаларға электронды үкімет жобасын басым бағыт деп танитын билік
қана емес, жекелеген қаржылық топтар: мұнай компаниялары, банк саласы үлкен
қызығушылық танытуда. Себебі, қаржы секторындағы кәсіпкерлер мұхиттың арғы
жағындағы әріптестерімен терезесі теңесуі үшін, жаңа заман менеджментіне
бейімделуге мәжбүр. Бұл күнде ресейлік компьютер бағдарламалары лизинг
саласында, ақпаратты жинақтап, сараптама жасауда, бухгалтериялық есеп-
қисаптар және салық төлеу жүйесіне сәтті енгізілді. Ғарышқа KazSat
серігін ұшырған Қазақстанда енді Интернетті пайдаланушылардың да легі
артады деп күтілуде. Бұның барлығы – ақпараттандырудағы жаңашылдықтармен
әрбір қазақ бетпе-бет кездеседі деген сөз. Осы орайда қазақ
программалаушылардың алдын орап кеткен ресейліктер қазақ электронды
нарығында өз экспансиясын бастап кетті деуге толық негіз бар. Алматыда
тұңғыш рет электронды құжат айналымы және ақпараттық басқаруға арналған
Docflow 2007 деген атпен көрме-конференция өткізуге де аталған компания
мұрындық болды. Көрмеде отандық ақпараттандыру саласындағы компаниялардың
өнімдерінен гөрі, ресейлік өнімнің көп екендігі стендтердің көптігінен-ақ
байқалды. Шетелдіктерге ұсынар төл өнімдеріміз аз болса, ІТ нарық тек қағаз
жүзінде дамып жатқан болар деген ой қылаң береді.
БАҚ–тың желідегі нұсқаларын, дәлірек айтсақ, интернет – БАҚ-ты
қарастырдық, онда радиожурналистика және тележурналистика сынды
журналистиканың тағы бір саласы ретінде интернет-журналистика ұғымы пайда
болады. Жалпы журналистика – қоғамдағы өзекті мәселелер жөніндегі
ақпараттарды жинау, сараптау және бұқаралық коммуникация құралдары арқылы
(баспасөз, радио, телевидение, кино т.б.) мерзімді тарату; үгіт-насихат
жүргізудегі таптырмас бірден-бір пішін болып табылады. Ақпарат аудитория
үшін ағымдағы мәселелер, орын алып отырған құбылыстар, процестер мен
тенденцияларға түсініктеме берумен қатар, қоғамның экономикалық, әлеуметтік-
саяси, рухани-идеологиялық өміріне бағыт-бағдар беретіндей қоғамдық пікір
мен көзқарас тудыруы қажет. Осыдан интернет-журналистика ұғымына былайша
анықтама беруге болар: Интернет-журналистика – қоғамдағы өзекті
ақпараттарды жинау, сараптау және бұқаралық коммуникация құралдарының бірі
интернет арқылы мерзімді тарату болып табылатын қоғамдық қызмет түрі.
Баспа станогын ойлап тапқанға дейін мәтіндер қолмен көшіріліп отырды.
Әрине, қателер жібермей көшіру де мүмкін емес еді. Түпнұсқадан көшіру де
біраз уақытты алды. Баспа станогын ойлап тапқан Гутенберг матрица арқылы
көшірмені жасауға кететін уақытты азайтты. Интернет – осы жолдағы келесі
қадам. Желі жадындағы ақпарат – мәтін емес ардайым мәтін құрастыратын
электронды пішіндегі матрица. Браузер жолындағы құжат – сервердегі сұраным
арқылы іздеген HTLM-құжаттың өзі емес, сіздің браузеріңізге интернет
арқылы жіберілген оның көшірмесі. Баспадан негізгі артықшылығы осы
қасиетіне байланысты. Өнімді көбейту, яғни тиражы біріншіден, тұтынушының
сұранымы арқылы жүзеге асады, екіншіден, жаңа көшірмені тіркеуді қажет
етпейді. Желідегі ақпараттар цифрлық пішінде сақталғандықтан, байттардың
жиынтығы мәтін, графика немесе дыбыс, бейне түрінде көрініс таба алады.
Осыған байланысты ақпараттарды өңдеуде жеңілдік туады. Ақпараттарды
өңдеуде жеңілдік төмендегідей нәрселерді береді:
– ақпаратты таратудың бағасы анағұрлым арзан, яғни ақпараттарды
орналастырудағы көмекші құралдардың бағасы салыстырмалы түрде алғанда
арзан. Интернетте ақпарат, дәлірек айтсақ матрица арнайы құрылғыны талап
етпейді (телебағдарламаларды дайындаудағы қажет құрылғылармен салыстырғанда
компьютерді арнайы құрылғыға жатқызуға болмас).
– ақпараттың тиражына қатысты мәселе, сондай-ақ артық экземплярдың
мүлдем болмауы. Газет-журналдарда аудиторияның ауқымдылығы кеңейсе,
басылымның тиражы көбейеді. Демек, шығын пропорционалды түрде артады. Ал,
желіде тираж тұтынушының қалауына байланысты. Жалпы интернетте құжат тиражы
ұғымы мүлдем жоқ. Құжат бір жерде орналасқан, тек құжаттың мекен-жайы ғана
таратылады.
– ақпаратты өңдеу ұтымдылығы. Құжат электронды нұсқада болғандықтан,
ақпарат таратушыларға да, тұтынушыларға да ақпаратты өңдеуге қолайлы.
– көлемнің шексіздігі. Баспасөз құралдары тұрақты қабылданған көлемге
тәуелді. Ал, ақпараттық өнімнің көлемі қоғамдағы өзгерістерге байланысты
(төтенше жағдайлар, қақтығыстар т.б.) тұрақсыз. Осындай кездерде маңызды
материалдар шамадан тыс көбейіп кетеді. Оларды қысқарту қажет болады немесе
нөмірден мүлдем алып тастайды. Керісінше болуы да мүмкін: ақпараттық
аштық кезінде ақпараттар тапшылығынан эфир уақыты мен беттерді немен
толтыруды білмей жатады. Желіде журналист мақалалары газет-журналдардың
көлеміне тәуелді емес. Бұл желілік журналисттің тәуелсіздігі қанша жазса,
сонша желіге орналастырып, көпшілік назарына ұсынады. [19].
– территория таңдамайды, яғни таралу аймағы шексіз (location-
independence). Газет-журналдар сияқты таратып әуреленбейді. Кез келген
интернет-сайтқа кез келген интернет бар жерде емін-еркін кіре аласыз. Бұл
Маршал Маклюэннің жаһандық ауыл идеясын еске түсіреді.
Интернет ғалымдардың бірігіп зерттеулер жүргізу құралы ретінде
пайдаланылды, яғни many-to-many үлгісі бойынша жұмыс істеу мақсатымен іске
қосылды. Интернет – орталықтандырылмаған, иерархиялық құрылым емес,
желідегі барлық серверлер тең.
– ақпарат нарығындағы еркіндік, ақпарат таратудағы монополияның
болмауы. Әр тұтынушы желіде өз web-бетін ұсына алады. Бұл үшін мәтінді
гипермәтіндік форматқа ауыстырып, құжатты кез келген сайтқа орналастырады.
Мыңдаған серверлер тегін орналастыруға орын береді. Сөз жүзінде сіздің web-
бетінізді желідегі барлық тұтынушылар оқи алады, ал іс жүзінде тек мекен-
жайды ғана білетіндер оқиды.
Мультимедиа – ақпарат тарату құралдарының артықшылықтарын пайдалану
мәселен, дыбыс, бейне, фотосуреттер т.б. БАҚ-тың негізгі ерекшеліктері –
ақпарат тарату құралының ерекшелігі. Баспасөз құралдарында – мәтін мен
графикалық ақпарат, телевидениеде – бейнеқатар мен дыбыс, радиода – дыбыс.
Интернеттің негізгі ерекшелігі мультимедиалық орта болып табылады. Желіде
мәтіннен бейнеге дейінгі медианың жиынтығын пайдалана аламыз.
Интернет өзге масс-медиа құралдарының артықшылықтарын пайдалана
алғанмен, ол мәселен телевидениені алмастырады деген сөз емес. Біріншіден,
телевизиялық сигналды радиотолқындар арқылы таратудың бағасы арзан
болғандықтан, интернеттен телевидениенің баламасын іздеп, әуре-сарсаңға
түсудің қажеті жоқ. Екіншіден, интернет медианың кез келген жиынтығын
пайдаланғанменен де, интернеттің негізгі функциясына кірмейді. Желідегі
негізгі медиа – гипермәтін, ал қалғандары гипермәтіннің қосымша бөлшектері
(гипермедиа) болып табылады.
– интернетте өзге масс-медианың артықшылықтарын пайдалану мүмкіндігі
шексіз.
Желідегі сайт – бұл гипермәтіндік құжаттардың жиынтығы ғана емес.
Сервердегі бағдарламалық қамтамасыз ету жиынтығын пайдалана отыра,
тұтынушының сайтқа әсер етуін жүзеге асыруға болады, яғни сайт интерактивті
болады. Интерактивтілік тұтынушының ақпарат ретін өзгертумен қатар,
сайттағы ақпараттың өзіне (контент) араласу мүмкіндігін береді. Мысалы,
барлық тұтынушылар форумдарда, қонақ кітапшаларында өз пікірлерін білдіре
алады. Бұл теориялық әдебиеттерде автоматтылық (автоматизация) деп аталады.
Автоматтылық желілік БАҚ-қа дәстүрлі БАҚ қол жеткізе алмай жүрген
оқырмандармен байланыс орнату мүмкіндігін тудырды. Автоматизация
тұтынушыларға веб-қызметкерлер сервис деп атайтын бірнеше қызмет түрлерін
ұсынады: сайттағы іздеу шаралары, электрондық пошта арқылы жаңалықтарға
жазылудан бастап қаржы бағамына дейін, ауа-райы жөніндегі және өзге де
ақпараттар.
Бұқаралық ақпарат құралдарын нақты уақыт режимінде (режим реального
времени) жұмыс істейтін (ТВ, радио) және кешігіп (баспасөз) жұмыс істейтін
деп бөліп қарастыруға болады. Алғашқылары оперативтілігімен ұтады, оқиға
мен оның БАҚ-та көрініс табуы аралығында бірнеше секунд уақыт өтуі мүмкін
(тікелей эфир), ал соңғылары оқырман тарапынан қажеттілік туған жағдайда
оларға көмекке келе алады. Интернет қос режимда жұмыс істейді: нақты
уақыт режимі (live) жәненемесе мұрағат режимі (time-shifted). Құжатты
сайтқа орналастырған сәтте ақпарат бірден мұрағатқа енгізіледі. Нақты уақыт
режимі – бұл тірі бейне немесе тірі дыбыс деп аталатын ағымдағы медиа
(streamingmedia). Ағымдағы медиа оқиғаны болған уақытында трансляциялайды
және ол бірден сайтта сақталып, мұрағатқа түседі. Нақты уақыт режимі желіде
техникалық жағынан кедергілер туындайтындықтан сирек қолданылады.
Телевидение екеуі де бос емес принципі бойынша жұмыс істейді. Егер
ақпарат қабылдаушы (көрермен) ақпарат таратушы оның сүйікті бағдарламасын
эфирге жіберген уақытта телевизорды қоспаған болса, ол сол санын көре
алмайды. Баспасөз құралдары біреуі бос емес – басқасы бос принципі
бойынша жұмыс істейді. Газеттің кезекті санын дайындау барысында редакция
бос емес, ал өнім дайын болған жағдайда оқырман бос емес. Интернет те
біреуі бос емес – басқасы бос принципі негізінде жұмыс істейді: тұтынушы
сайттан құжатқа сұрау салады, яғни сервер бос емес, құжат көшірмесін
алғаннан кейін тұтынушы бос емес. Интернет баспасөз құралдары сияқты
біреуі бос емес – басқасы бос принципі негізінде жұмыс істегенменен де,
баспасөз құралдарынан оперативтілігімен ұтады. Баспасөз құралдарында
мақала дайын болғанмен, газеттің келесі санын күтуге тура келеді, ал
күнделікті газет болса, тәулік өтеді. Жаңалықтар шығарылымы жиі
болғандықтан, телевидение де оперативті. Интернетте жаңалық бірден көрініс
табады. Ірі жаңалық сайттарында (CNN.com) күніне бірнеше рет жаңартылып
отырады. [20].
2008 жылы Маусымның 24-iнде Алматыда Интернет-Альтернатива 2008 атты
халықаралық конференция болып өттi. ТМД-да тұңғыш рет өткiзiлiп отырған бұл
конференцияның мақсаты – ақпараттық технологиялардың соңғы жетiстiктерiнiң
бiрi болып саналатын интернетке халықтың қолын жеткiзудiң оңай жолдарын
қарастыру, интернет жүйесiн жетiлдiру және осы салада жұмыс атқарып жүрген
үкiметтiк емес ұйымдар мен билiк арасындағы ашық диалогты қолдау. Сондай-
ақ, халықаралық деп үкiлеген конференцияға көбiне мәскеулiк мамандар
қатысты. Олар Ресейдегi интернет желiсiнiң тарауы жайында сөз қозғай
отырып, өз тәжiрибелерiмен бөлiстi.
Алғашқы секция жұмысы Мемлекет және интернет деп аталды. Бұл
секциядан ұққанымыз Қазақстандағы интернет жүйесi толығымен билiктiң жұмса
жұдырығында, ашса алақанында көрiнедi. Демек, бiздегi заңдық-нормативтiк
құжаттар бойынша, интернеттегi кез-келген жазба қатаң қадағаланады. Яғни,
жекелеген блогтар БАҚ ретiнде тiркелмесе де, оны жүргiзушi әрбiр адам
заңдық шеңберден шықпауы қажет. Егер, бұл шеңбердi жазатайым аттайтын
болса, елiмiздiң заңдары бойынша жауапқа тартылады екен. Көптеген
сарапшылар дәл бұған көз жұма қарауға болмайтындығын айтады. Яғни,
интернеттi пайдаланушылардың бiр бөлiгi - осы блоггерлер екендiгiнде дау
жоқ. Және олар қазақ тiлiндегi интернет кеңiстiктiң дамуына зор үлес қосып
келе жатқаны да белгiлi. Егер, ондағы әрбiр жазба билiктiң цензурасына
iлiгетiн болса, онсыз да қалт-құлт етiп отырған сөз бостандығына тағы да
сызат түстi дей берiңiз. Қазiргi есеп бойынша, Қазақстанның интернет
кеңiстiгiнде 4500-5000-дай сайт жұмыс iстейдi екен. Ақпараттандыру және
байланыс агенттiгiнiң төрағасының орынбасарының айтуына қарағанда, олардың
тек 2-5 пайызы ғана қазақ тiлiнде ақпарат таратады. Қазiр заң бойынша,
үкiметте жасалынып жатқан әрбiр мекеменiң сайтының мiндеттi түрде қазақша
нұсқасы болуға тиiс. Бiрақ, соған қарамастан, мемлекеттiк тiлдiң
интернеттегi үлес салмағы сын көтермейтiн халде.
Конференцияға Қазақтелеком АҚ-ның бас коммерциялық директоры,
Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi төрағасының орынбасарлары қатысты.
Бiздiңше, бұл адамдарды ресми билiктiң өкiлдерi ретiнде қабылдауға болатын-
сынды. Алайда, олардың арасында мемлекеттiк тiлдегi сауалдарымызға жауап
беруге ынта бiлдiргенi тек Ерлан Дүрмағамбетов мырза ғана болды. Мәскеулiк
әрiптестерiмiздiң бiрi абайсызда қазақ интернетi деген тiркестi айтып
қалып едi, залдағылар оны қазақстандық деп түзеттi. Бiздегi проблеманың
өзi осы. Қоғам әлi күнге дейiн қазақтық құндылықтарға мойынсұнғысы
келмейдi. Қазақстандық сөзiнiң соңында, орыстiлдiлер деген тiркес
жасырын тұратын сынды. Сол себептi де қазақ этнонимiн өзге түгiлi,
Қазақстанды уысынан шығарғысы келмей отырған Ресейдiң өзi мойындап
отырғанда, бiз оған әлi жатырқай қараймыз.
Сонымен, Қазақстан билiгi интернет аудиториясын кеңейтуге күш салып
жатқандығын танытуға тырысты. Қазiргi ресми есепке жүгiнсек, елдегi
халықтың тек 10-15%-ы ғана компьютерлiк сауаты бар және интернеттi
пайдалана алады екен. Ал, Асқар Бишигаев Ақпараттандыру және байланыс
агенттiгiнде Қазнет тұжырымдамасы жасалғандығын айтады. [3].
- Осы тұжырымдама бойынша бағдарлама дайындап жатырмыз. Ол 2008-2011
жылдарға арналған. Басты мақсатымыз осы уақыт аралығында, интернеттiң
нормативтiк-құқықтық базасын жетiлдiру, -дейдi ол.
Ал Ерлан Дүрмағамбетов аталған агенттiкте 2006 жылдың қазан айында
бекiтiлген Ақпараттық теңсiздiктi төмендету деген бағдарлама бар
екендiгiн айтады. Оның басты мақсаты - халықтың интернеттегi сауаттылығын
арттыру. Осы бағдарлама бойынша, 2009 жылы жалпы халықтың 20%-ын
интернетпен қамтамасыз ету көзделген.
Демек, бiздегi интернет-сфераның дамуы тым баяу. Ал, ресейлiктер бұл
салада көш iлгерi кеткен екен. Gallup Russia медиа зерттеу компаниясы
директорының орынбасары Михаил Раибманның айтуына қарағанда, Мәскеу
тұрғындарының 60%-ы интернеттi пайдаланады екен, ал 100 мың және одан көп
тұрғыны бар қалаларда жүргiзiлген сауалнама қорытындысы бойынша, жалпы
Ресей халқының 40%-ы интернетпен етене жақын көрiнедi. Сол себептi де жыл
өткен сайын интернетте жарнама беретiн компаниялар саны көбейiп келедi.
Мәселен, Ресейдегi барлық жарнаманың жартысы телевизия арқылы жүзеге асса,
қазiр интернет арқылы берiлетiн жарнама көбейіп көрiнедi. Ал 2012 жылғы
болжам бойынша, интернеттегi жарнаманың деңгейi 6%-ға өседi деп
есептелiнген. Тек былтырғы жылдың өзiнде Ресейде 29 миллион рубльдiң
жарнамасы интернет арқылы жүзеге асқан. Ал, Қазақстанда интернет жарнаманың
0%-дан көп аспай отырғандығын айтады сарапшылар. Сол секiлдi Қазақстан
халқының жалпы қанша пайызы интернет қызметiн пайдаланатындығы да әлi анық
емес екен. Оны конференцияға қатысушылардың әртүрлi сан-цифрды көлденең
тартуынан байқауға болады.
Сондай-ақ, Ресейде интернет-телевизияның да өзiндiк орны бар көрiнедi.
Вести телеарнасы директорының орынбасары Асқар Туғанбаев видео
хостингтердiң Ресей телеарнасында маңызды рөл атқаратындығын сөз еттi:
- 2006 жылы Ресейде видео-хостингтер маңызға ие бола бастады. Яғни,
әуесқойлар түсiрген видео-роликтерiн (видео камера, телефон тағы басқа
құралдармен түсiрген) интернетке қойып, жұртты қызықтыра бастады. Осы кезде
Ресейде rutobe.ru атты сайт өмiрге келдi. Мен осы сайттың баламасын
Қазақстанда да ашуға атсалыспақ ниеттемiн. Интернет телевизия болашақта
кәсiби телевизиямен де бәсекелестiкке түсетiн болады. Бiз Вести
телеарнасында арнайы видео-хостинг жаңалықтарын орнататын жоба дайындадық.
Егер, әуесқойлардың сюжетi бiздiң көңiлiмiзден шығып, теле эфирден
көрсетiлетiн болса, олар телеоператорлармен бiрдей деңгейде қаламақы алады.
Бұл видеохостингтердiң дамуына түрткi болып отыр, – дейдi ол.
Қазақстанда қазақ тiлiнде видео-хостингтердi интернетке қою үрдiсi ендi
ғана қолға алына бастаған екен. Аллажар қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы
Б. Бөтеев Қазақ интернетi әлеуметтiк жобасының негiзiнде жұмыс iстеп
жатқан Қазақ интернет газетiнде бейне-роликтердi ойнатуға мүмкiндiктер
жасап жатқанын айтады. Бұл – тек талпыныс ғана.
Конференция жұмысының соңына қарай, Қазақ тiлi интернетте атты секция
жұмыс iстедi. Секцияда екi мәселе сөз болды. Бiрi – билiктiң қазақ тiлiн
интернетке енгiзуде жасап жатқан қадамдары жайында, екiншiсiнде қарапайым
халықтың қазақтiлдi интернетке қосып жатқан үлесi талқыланды. Мәдениет және
ақпарат министрлiгi Тiл комитетiнiң тапсырмасымен til.gov.kz атты
мемлекеттiк тiлдiң порталы жайында әңгiмелеген Ақпараттандыру академиясының
академигi, Бимаш компаниясының бас директоры Еркiн Сүлейменов бұл
порталдың мемлекеттiк тiлдiң интернетте дамуына қосатын үлесi жайында
айтты. Оның айтуынша, аталған сайт 2007 жылы Тiл комитетiнiң тапсыруымен
жасалған. миллиард теңге жұмсалған екен.
Аталған сайттағы ең көңiлге қонымдысы – қазақ – орыс – ағылшын
тiлдерiнiң сөздiгi жасалғандығы. Онда тiптi мәтiндi аударуға болады екен.
Демек, интернеттегi қазақ тiлiнiң қолданысын кеңейтуге Тiл комитетi
тарапынан жасалған шаруа осы.
Ал, төменнен жасалып жатқан шара туралы Жас қазақ газетiнiң жауапты
хатшысы қызметін атқарған, Мінбер журналистерді қолдау орталығының жаңа
медианы зерттеу тобының жетекшісі, Neweurasia.net блогының қазақ тiлдегi
нұсқасының редакторы Асхат Еркiмбай қазақ сайтының осы салада iстеп жатқан
iстерi жайында әңгiмеледi. Ең алдымен қазақ блогшылары бiрлесiп wordpress.
com платформасын қазақша аударған. Демек, онда өз блогын бастағысы келетiн
кез-келген адамға қазақ тiлiнде нұсқаулар бар. Және бұл қадамдардың барлығы
өздерiнiң бастамасымен, ешкiмнiң нұсқауынсыз жүзеге асып жатыр. 2008
жылдары қазақ тiлiнде Massagan.com порталы аса жоғары сұранысқа ие болды.
Сондай-ақ, qazaq.kz және tanym.kz блогтары да бiршама қолдауға ие болып
еді. Қазiр қазақ тiлiнде 500-ге жуық блог бар екен. Олардың көпшiлiгi
ұлттық мәселелердi сөз етуге арналған. Атап айтар болсақ, qogam,
minber, masa, azattik және т.б. Егер, ертең қазақтiлдi электронды
үкiмет жасақталатын болса, оның қыры мен сырын түсiнiп, қолдап кететiн
тұтынушылар да баршылық. Бiрақ, бұл халықтың барлығы дерлiк интернет тiлiн
игерiп, оны ары қарай алып кетедi дегендi бiлдiрмесе керек.
Филология ғылымдарының докторы Бауыржан Омардың Менің пірім –
интернет... (Тележурналистикадағы ақпарат алу және пайдалану тәжірибелері
жөнінде бірер сөз) мақаласында айтқан интернет журналистика жайлы ойлары:
...Интернеттің иіріміне де баспен қойып кеттік. Ата-бабамыз ғасырлар
бойы компьютермен балық аулап, интернетпен мал баққандай ұлы көшке еркін
ілесе жөнелдік. Сөйтіп, қазір интернет дегенің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интернет - бүкіләлемдік желі
LPWAN желілерінің технологияларын салыстырмалы талдау
Қазақ интернеті
Заттар интернеті және ол біздің өмірімізді қалай өзгертеді
Жол қозғалысы мен қоғамдық көлікті басқару жүйелері сияқты ақылды қала инфрақұрылымы
Спутник байланыс желісіндегі ақпаратты қорғаудың маңыздылығы
Web парақша беттерінде сурет орналастыру
Цифрлық экономика жағдайындағы ауыл шаруашылығы
Қазақ контентінің дамуы
Агроөнеркәсіптік бизнесті дамыту Қазақстанның экономикалық өсу драйвері ретінде
Пәндер