Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары жайлы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының негіздері ... ... 5
1.1. Банктік депозиттік операциялардың экономикалық мәні, түрлері ... ..5
1. 2. Банктік ресурстарды қалыптастырудағы депозиттің қызметі ... ... ... .10
1.3. Шетел тәжірибесіндегі көрсетілетін банктің депозиттік қызметтері ... 14

2. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің депозиттік нарығын талдау(Қазақстан Халық Банкі тәжірибесінде) ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.1. Екінші деңгейлі банктердің депозиттік нарығын талдау ... ... ... ... ...19
2.2 (Қазақстан Халық Банкінің депозиттік портфелінің құрылымын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

3.Қазақстан Республикасындағы банктердің депозиттік операцияларын дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
3.1. Депозиттік портфельді басқару және ондағы тәуекелдерді азайту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
3.2. Қазақстан Республикасындағы депозиттерді сақтандыру жүйесінің даму келешегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..46

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .56
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..65
ҚР Президентінің 2008 жылғы 7 ақпандағы халыққа жолдауында банк секторының бәсекелестік қабылеттігі мен тұрақтылығын арттыру міндетін белгілей отырып, банктерге мемлекеттік қолдаудың біржақты бола алмайтындығын, яғни тәуекелдердің өздеріне тиесілі бөлігін алуға тиістігін, сондай-ақ банктердің акционерлері өздерін дамытуы үшін қосымша ресурстар тартқысы келмесе немесе оған қабылетсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті шаралар қолдануға дайын болу керектігін басып айтты/1/.
Мемлекет басшысының алға қойған мақсаттарын орындау – Үкіметтің басты міндеті. Оны іске асыру үшін 200-2010 жылдарға арналған Үкімет бағдарламасы жасалып бекітілді. Бұл бағдарлама бойынша резиденттердің депозиттері 1654 млрд. теңгеден 2008 жылы 3525 млрд теңгеге өсуі жоспарлануда.
Банктің депозиттік қызметі – қазіргі нарық жағдайында өте үлкен мәнге ие болып отыр. Себебі, мұндай қызметтің дамуы халық үшін, тіпті жалпы экономикалық қатынастар үшін оң әсерін тигізеді. Сондықтан, диплом жұмыстың мақсаты – коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын қарастырып, талдау жүргізу, депозиттік операциялардың даму жолдарын белгілеу болып табылады.
Бұл жұмыстың міндеттеріне келетін болсақ келесідей міндеттерді белгілеуге болады :
1. Банктік депозиттік операциялардың мәні мен түрлерін анықтау;
2. Банктік ресурстардың құрамындағы ең арзан ресурс-депозитті қарастыру;
3. Дамыған шет мемлекеттердің банктік тәжірибесіндегі депозиттік операцияларды қарастыру;
4. Қазақстан Республикасының депозиттік нарығына талдау жасап, коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің құрылымына талдау жүргізу;
5. Депозиттік портфельдегі тәуекелдерді азайту жолдарына қатысты және жеке тұлғалардың депозиттерін сақтандыру жүйесіне қатысты ұсыныстарды белгілеу.
Жалпы “банктік қызмет” біздің өмірімізбен үздіксіз байланыста болып тұрады. Оның әртүрлі болуы халық үшін, оың ішінде бұл қызметтерді таңдауда және банк үшін, ол қызметтерді ұсынуда өзара тиімді болу керек. Себебі, банк өзінің клиенттерге ұсынылатын қызметтер ауқымын кеңейтеді, ал біз, тұтынушылар ретінде, өздеріміздің мүмкіндігімізге және ниетімізге сәйкес сол қызметтерді тұтынамыз. Яғни, банктер өздерінің операцияларының ауқымын және клиенттерге көрсетілетін қызметтер ауқымын кеңейту арқылы банктер өздерінің табыстылық базасын ұлғайтып, рентабельділігін және бәсекелестік қабілеттілігін өсіреді.Сондай-ақ бұл жерде, банктік қызметтер ұсынылған кезде банктер үшін ол минималды шығындарды қарастыруы қажет.
1. ҚР Президентінің 2008 жылғы 7 ақпандағы халыққа жолдауы
2. “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” ҚР заңы.31.08.1995 жыл.
3. “Жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) кепілдендіру (сақтандыру)” Қорының Ережелері.
4. Ақша, несие, банктер /Оқулық/ жалпы редакциясын басқараған Ғ.С. Сейтқасымов- Алматы Экономика 2005-466 бет
5. Банк ісі / Мақыш С.Б. Алматы Издат Маркет 2007ж.
6. Ақша айналысы және несие / Мақыш С.Б. –Алматы: “Қазақ Университеті”,2000жыл.
7. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары /Көшенова Б.А.: Алматы: Экономика , 2000 жыл.
8. Банковское Дело /Под ред. Сейткасымова Г.С.- Алматы : Қаржы-қаражат , 1998 год.
9. Банковское Дело /Под ред. Лаврушина О.И.- Москва: Финансы и статистика, 2000 год.
10. Банковский менеджмент / Питер С. Роуз (перевод с английского)– Москва : Дело, 2001 год.
11. Банктік тәуекелдер /Шаяхметова К.О.- Алматы : “Қазақ Университеті”, 2004жыл.
12. Банковский маркетинг /Тулембаева А.Н.- Алматы, “Қазақ Университеті”,2005 год.
13. Банки и банковские операции /Под ред. Жукова Е.Ф.- Москва: 2006год.
14. “Банковский маркетинг”/Спицын И.О. ,Спицын Я.О. –Москва: 2005год.
15. Введение в банковское дело/Под ред. Асхауера Г.(перевод с немецкого)-Москва :2006 год.
16. Коммерциялық банктер операциялары / Мақыш С.Б. –Алматы : Издат-Маркет, 2004 жыл.
17. Мишкин Ф. Экономическая теория денег, банковского дела и финансовых рынков. М., Аспент-пресс, 2006г.
18. Максимо В. Энг, Фрэнсис А. Лис, Лоуренс Дж. Мауэр, 2007г.
19. Операции коммерческих банков./ Ширинская Е.Б. Москва: Финансы и статистика. 2006год.
20. Основы современного банковского дела/Мадиярова Д.М., Марчевский В.С.: Алматы: Экономика ,2006 год.
21. Роджер Л. Миллер, Дэвид Д. Ван Хуз. Современные деньги и банковское дело, Москва, Инфра –М, 2007г..
22. Современный коммерческий банк:управление и операции /Усоскин В.М.-Москва :Антидор, 2006год.
23. Деловая неделя № 29 (607) 30 июля 200г. 4 ст. “Кредитные бюро узаконили”.
24. «Бизнес Путеводитель» № 45., мақала – «Рынок кредитов для населения Казахстана»;
25. Банки Казахстана №2 2005г. стр. 10-13 Сагындыкова М.О. “Применение скоринга в банковской практике”;
26. Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарын және қаржы нарығын реттеу және қадағалау Агенттіктің Пресс – релиз № 66 2007 жылдың 1 қаңтарға – «Қаржылық нарығы және қаржылық ұйымдардың жағдайы туралы»;

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының негіздері ... ... 5
1.1. Банктік депозиттік операциялардың экономикалық мәні, түрлері ... ..5
1. 2. Банктік ресурстарды қалыптастырудағы депозиттің
қызметі ... ... ... .10
1.3. Шетел тәжірибесіндегі көрсетілетін банктің депозиттік қызметтері ...
14

2. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің депозиттік нарығын
талдау(Қазақстан Халық Банкі
тәжірибесінде) ... ... ... ... ... . ... ... ..19

2.1. Екінші деңгейлі банктердің депозиттік нарығын талдау ... ... ... ... ...19

2.2 (Қазақстан Халық Банкінің депозиттік портфелінің құрылымын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

3.Қазақстан Республикасындағы банктердің депозиттік операцияларын
дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .38
3.1. Депозиттік портфельді басқару және ондағы тәуекелдерді азайту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
3.2. Қазақстан Республикасындағы депозиттерді сақтандыру жүйесінің даму
келешегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . .46

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 65

Кіріспе

ҚР Президентінің 2008 жылғы 7 ақпандағы халыққа жолдауында банк секторының
бәсекелестік қабылеттігі мен тұрақтылығын арттыру міндетін белгілей отырып,
банктерге мемлекеттік қолдаудың біржақты бола алмайтындығын, яғни
тәуекелдердің өздеріне тиесілі бөлігін алуға тиістігін, сондай-ақ
банктердің акционерлері өздерін дамытуы үшін қосымша ресурстар тартқысы
келмесе немесе оған қабылетсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті шаралар
қолдануға дайын болу керектігін басып айтты1.

Мемлекет басшысының алға қойған мақсаттарын орындау – Үкіметтің басты
міндеті. Оны іске асыру үшін 200-2010 жылдарға арналған Үкімет бағдарламасы
жасалып бекітілді. Бұл бағдарлама бойынша резиденттердің депозиттері 1654
млрд. теңгеден 2008 жылы 3525 млрд теңгеге өсуі жоспарлануда.
Банктің депозиттік қызметі – қазіргі нарық жағдайында өте үлкен мәнге
ие болып отыр. Себебі, мұндай қызметтің дамуы халық үшін, тіпті жалпы
экономикалық қатынастар үшін оң әсерін тигізеді. Сондықтан, диплом жұмыстың
мақсаты – коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын қарастырып,
талдау жүргізу, депозиттік операциялардың даму жолдарын белгілеу болып
табылады.
Бұл жұмыстың міндеттеріне келетін болсақ келесідей міндеттерді
белгілеуге болады :
1. Банктік депозиттік операциялардың мәні мен түрлерін анықтау;
2. Банктік ресурстардың құрамындағы ең арзан ресурс-депозитті қарастыру;
3. Дамыған шет мемлекеттердің банктік тәжірибесіндегі депозиттік
операцияларды қарастыру;
4. Қазақстан Республикасының депозиттік нарығына талдау жасап, коммерциялық
банктердің депозиттік портфелінің құрылымына талдау жүргізу;
5. Депозиттік портфельдегі тәуекелдерді азайту жолдарына қатысты және жеке
тұлғалардың депозиттерін сақтандыру жүйесіне қатысты ұсыныстарды
белгілеу.
Жалпы “банктік қызмет” біздің өмірімізбен үздіксіз байланыста болып
тұрады. Оның әртүрлі болуы халық үшін, оың ішінде бұл қызметтерді таңдауда
және банк үшін, ол қызметтерді ұсынуда өзара тиімді болу керек. Себебі,
банк өзінің клиенттерге ұсынылатын қызметтер ауқымын кеңейтеді, ал біз,
тұтынушылар ретінде, өздеріміздің мүмкіндігімізге және ниетімізге сәйкес
сол қызметтерді тұтынамыз. Яғни, банктер өздерінің операцияларының ауқымын
және клиенттерге көрсетілетін қызметтер ауқымын кеңейту арқылы банктер
өздерінің табыстылық базасын ұлғайтып, рентабельділігін және бәсекелестік
қабілеттілігін өсіреді.Сондай-ақ бұл жерде, банктік қызметтер ұсынылған
кезде банктер үшін ол минималды шығындарды қарастыруы қажет.
Банктік қызметтер нарығында бәсекелестік өте үлкен орынға ие. Ал ол өз
кезегінде қызмет көрсетудің сандық және сапалық сипатына әсер етеді. Яғни,
бұны маркетингтік зерттеулер нәтижесінде анықтайды.Себебі, бәрімізге
белгілі, маркетингтік зерттеу банктің бүкіл операцияларына қатысты
зерттеулерді жүргізп, банктің артықшылықтары мен кемшіліктері анықталады.
Халыққа көрсетілетін дәстүрлі (спецификалық) қызметтерді көрсетумен
қатар – депозиттерге халықтың уақытша бос ақшалай қаражаттарын тарту,
несиелер беру және есеп-айырысу – кассалық операцияларын жүргізумен қатар,
қазіргі кездегі коммерциялық банктеріміз электронды қызметтерді,
клиенттердің өтінішіне байланысты маркетингтік зерттеулер жүргізу,
валюталық операцияларды, сондай-ақ басқа да қаржылық қызметтерді ұсынып
отыр .
Бұл диплом жұмысы 3 негізгі тарау, кіріспе және қорытындыдан тұрады.

1. Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының негіздері
1.1. Банктік депозиттік операциялардың экономикалық мәні
Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті
депозиттік операциялар - банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа
корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар.
Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз
бөлігін алады.
Пассивті депозиттік операциялар – бұл клиенттердің уақытша бос ақша
қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты
операциялар. Бул операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының
көп бөлігін алады жэне банктік ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі..
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес
ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы
бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын
қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын
банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
- талап етуіне дейінгі депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар.
Сондай-ақ, оларды төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
- мерзімдеріне қарай;
- салым иелерініц категоршларына қарай;
- қаражаттарды салу және кайтарып алу шартына қарай;
- пайыз төлеу тәсіліне қарай;
- банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай;
басқа.
Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай
түрлерге бөлінеді:
- жеке тұлғалардың шоттарына;
- кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;
- жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;
- қаржылық мекемелердің шоттарына;
- шетелдік азаматтарының шоттарына.
Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерініц бастапқы талап етуіне
байланысты әр түрлі төлем кұжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр
түрлі шоттардагы қаражаттар.
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар
жатады:
- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын
коммерциялық қүрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
- әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың каражаттары;
- есеп айырысудағы қаражаттар;
- жергілікті бюджеттер қаражаттары жэне олардың шоттарындағы қаражаттар;
- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін
жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік
шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге
асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.
Ал кемшілігі - бүл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама
төменгі мөлшерде төленеді. Міне осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың
төмендегідей өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
- ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге
асырылады;
- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе
коммиссиондық ақы алып отырады;
- банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін
өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
- талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық банкте
сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.
Мерзімді депозит – бұл банктерде белгілі бір мерзімге жэне пайыз төлеу
шартында орналастырылган клиенттердің уакытша бос ақша каражаттары.
Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы
мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылымайды, бірақ қолма-
қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады. Егер
мерзімге дейін бүл салымды алатын болса, онда шот иесі айып-пұл төлеуге
міндетті.
Бүл салымның ерекшелігі - талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда, оларға
міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.
Депозиттін бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен
кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға
болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.
Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
- меншікті-мерзімді депозиттер;
- алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.
Меншікті-мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі: ;
- 30 күнге дейінгі;
- 30-90 күнге дейінгі;
- 90-180 күнге дейінгі;
- 180 күннен 360 күнге дейінгі;
- 360 күннен жоғары.
Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті
бойынша міндетті түрде өтінішін талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала
келісіледі жэне депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгеленеді. Әдетте,
алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді.
Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады:
- есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп
айырысу құжаттары толтырылмайды;
- шоттағы қаражат баяу айналады;
- тұрақты пайыз төленеді;
- пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Ұлттық банкі тарапынан реттеліп
отырады;
- ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;
- бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер
белгіленеді.
Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі - жинақ салымдары. Олардың
белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның
жоғары шегі шектелген, ақшаны салу жэне алу кезінде жинақ кітапшасын
көрсетуі қажет.
Банктер үшін мүндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны
ресімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі
жақты тіркеу енгізу қажет және т.б. Компьютердің көмегімен жасалған жеке
бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинак салымдарымен басқа салымдарды
ауыстыруға мүмкіншілігі бар.
Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың біршама
тұрақты бөлігін білдіреді.
Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бүл салымдардың түрі бойынша,
мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ
салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.
Жинақ салымдарының төмендегідей ерекшеліктері болады:
- ақшалай қаражаттар сақтауда түрақты мерзімі болмайды;
- шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап
етілмейді;
- ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай
қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.
Отандық банктік тәжірибеде жинақ шоттары тек жеке тұлғаларға ғана ашылады.
Ал, шетел тәжірибесінде мүндай шоттар коммерциялық емес ұйымдарға және
іскер фирмаларға ашыла береді.
Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары салым
операцияларының мерзіміне жэне мазмұнына қарай төмендегідей түрлерге
бөлінеді:
- мерзімді жинақ салымдары;
- қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
- ұтыс салымдары;
- ақшалай-заттай ұтыс салымдары
- мақсатты және ағымдық салымдар;
- алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
- валюталық салымдар.
Мерзімді жинақ салымдарға түрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім
өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа
жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.
Қосымша жарна қосатын салымдар - бұл шоттағы каражатқа алдын ала келісілген
уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын салымды
білдіреді. Бүл шотта жинақталынған соманы белгілі бір күнде (жаңа жылдық
салым, бойжеткен кезде және т.с.с) толық төленеді.
Ағымдық жинақ салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді
төлеу үшін жинақталатын жэне пайдаланылатын қаражаттарды білдіреді. Мұндай
салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.
Мерзімді депозиттер мен лшнақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ
сертификаттарын жатқызуға болады.
Депозиттік және жинақ сертификаты - бұл салым иесіне белгілі мерзім өткен
соң, тиісті каражатты және оған есептелетін пайызды алуға кұкық беретін
және оның шотындагы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын банк-
эмитенттің жазбаша куәлігі.
Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып
келеді:
- атаулы сертификаттар;
- мәлімдеуші сертификаттар.
Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына
толтырылып беріледі. Ал, мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні
көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және көрсетілген
қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін
атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада шығарылатындықтан
да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.
Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі
бар: аударылатын; аударылмайтын.
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып,
уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.
Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші нарықта
сатып алу-сату арқылы өтеді.
Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ сертификатының
мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын кұрайды. Жинақ сертификаты
тек жеке тұлғаларға ғана беріледі.
Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын төлеуге
ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатғы сатып алады, бірақ
төменгі мөлшерде пайыз төлейді. Коммерциялық банктер үшін бұл сертификат
ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге
түсуін сипаттайды.
Отандық банктер тәжірибесінде халық салымдарының бірнеше
түрлері қолданылады. Айталық, Қазақстан Халық Банкі мынадай салымдардың
түрлерін жеке тұлғаларға ұсынады:
"НАРОДНЫЙ" салымы - жоғары сыйақы мөлшерлемесі бар және оны мерзімнің
соңында төлейтін, мерзімді салым. Төменгі сомасы - 2000 теңге не 50 АҚШ
доллары немесе 50 еуро. Мерзімі: 3,6,12 және 24 ай.
"СЕНІМ-ПЛЮС" салымы - ай сайын пайыз төленетін мерзімді салым. Төменгі
сомасы - 1000 теңге не 50 АҚШ доллары немесе 50 еуро. Мерзімі: 3,6,12 және
24 ай.
"НАКОПИТЕЛЬНЫЙ ПЛЮС" салымы - қорлану мерзімі 1жыл, 3 жыл және 5 жылдық
қорлану салымдары. Төменгі сомасы - 2000 теңге не 50 АҚШ доллары немесе 50
еуро. Мерзімі: 1 жыл, 3 жыл және 5 жыл. -
"ПРОЦЕНТЫ ВПЕРЕД" салымы - салымды ашқан күні пайызды төлейтін мерзімді
салым. Төменгі сомасы - 1000 теңге не 100 АҚШ доллары немесе 100 еуро.
Мерзімі: 3 және 6 ай
"ПРЕМИАЛЬНЫЙ" салымы - сыйлық ақы мөлшерлемесі бар әмбебеп талап етуге
дейін салым. Төменгі сома - 500 теңге.
"ЗОЛОТОЙ ВОЗРАСТ" салымы - 50 жасқа толған адамдар мен зейнеткерлерге
арналған арнайы салым. Төменгі салым - 100 теңге. Мерзімі: 90 күн.
"АҚ БОТА " салымы - арнайы балаларға арналған салым. Төменгі салым -500
тенге не 5 АҚШ доллары. Мерзімі: 5 жыл.
"ИНТЕРНЕТ" салымы - Интернет-Банкинг жүйесінде ашылған салым. Төменгі салым
10000 теңге не 100 АҚШ доллары. Мерзімі: 30 күн, 90 күн, 180 күн, 270 күн,
360 күн.
Депозиттік нарық еліміздегі қаржы нарығының бірден бір дамып
отырған сегментіне жатады.
Депозиттік нарықтың тұрақты дамуына әр түрлі факторлар, соның ішінде халық
табыстарының өсуі, теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюы, халықтың
салымдарының ұжымдық кепілдендіру жүйесінің қызмет етуі және жалпы соңғы
жылдардағы экономикалық өсу ықпал етуде.
Осындай жағдайда, коммерциялық банктердің активтік операцияларын
қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды
жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде
жүргізе отырып, депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі. Депозиттік
операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін
сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс:
- депозиттік ресурстардың каржыландыратын активтік операциялардың
мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
- депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу
үшін жүмыс жасауға тиіс;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен
мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;
- салым иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін
ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.
1. 2. Банктік ресурстарды қалыптастырудағы депозиттің қызметі
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік
емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы
бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер
топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша
бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Талап етілетін депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы
өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етілетін депозиттік шоттарға
қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы
барысында түседі жэне пайдаланылады.
Ал, кемшілігі бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі
мөлшерде төленеді. Міне осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың
төмендегідей өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
- ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге
асырылады;
- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе
комиссиондық ақы алып отырады;
- банктер талап етілетін шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте
төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
- талап етілетін депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық банкте
сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.
Қазақстандық көптеген коммерциялық банктерде талап етілетін депозиттердің
үлесі тартылған қаражаттар құрылымында өте жоғары болып келеді. Бүл өте
арзан ресурс болғанымен банктерде оларды үзақ мерзімге орналастыруға
байланысты қиындықтар туындайды. Халықаралық банктік тәжірибеде оларды ұзақ
мерзімді активтерге айналдыруда депозиттік базаны сандық талдау әдісі
қолданылады. Мүнда депозиттік базаны сипаттайтын көрееткіштер есептелінеді:
1. Талданатын мерзім ішінде ресурстық базаның өсімін көрсететін
қаражаттардың (талап етілетін депозиттердің) шоғырлану деңгейі. Оны
пайыздық қатынаста мынадай формуламен есептейді:
Шд = (Қс - Қб) Т
мұндағы, Шд - қаражаттың шоғырлану деңгейі;
Қс - мерзімнің соңындағы қаражат қалдығы;
Қб - мерзімнің басындағы қаражат қалдығы;
Т - мерзім ішіндегі қаражат түсімдері.
1. Орташа сақталу мерзімі. Талап етілетін депозиттерде сақталатын
қаражаттардың орта күнінің санын көрсетін көрсеткіш, сол арқылы тартылған
қаражаттарды мерзімді активтерге айналдыру мерзімін мынадай формуламен
анықтауға болады:
М = ҚО*КА
мұндағы, М- орташа сақталу мерзімі;
Қ0 - мерзім ішіндегі орташа қаражат қалдығы;
К - қарастырылатын мерзім ішіндегі күндер саны.
А - мерзім ішіндегі алынатын немесе аударылатын қаражаттар сомасы. -
2. Талап етілетін депозиттердің азаймайтын (түрақты) қалдығы немесе олардың
табысты активтерге оналастыруға болатын қаражаттарының бір бөлігі:
Ақ = Қ0 Т
мұндағы, Ақ - азаймайтын қаражат қалдығы;
Қ0 - мерзімі ішіндегі орташа қаражат қалдығы;
Т - мерзім ішіндегі қаражат түсімдері
Б9л көрсеткіштер банк қызметкерлеріне қандай да бір күнге немесе мерзімге
қатысты депозиттік қоржынының жағдайын нақты бағалауға және соның негізінде
депозиттік қоржынның сапасы туралы қорытынды жасауға және оны ықшамдау
бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, депозиттік қоржынның сапасын бағалауда депозиттердің орташа
мөлшері көрсеткішін пайдалану қажет. Оның формуласы мынадай:
О = ЖДК
мүлдағы О - депозиттің орташа мөлшері;
Жд - депозиттің жалпы сомасы;
К - жасалған депозиттік келісімшарттардың саны.
Мерзімді депозит – бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу
шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.
Бүл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы
мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ қолма-
қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады. Егер
мерзімге дейін бүл салымды алатын болса, онда шот иесі айып-пұл төлеуге
міндетті.
Бүл салымның ерекшелігі талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда, оларға
міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.
Депозиттің бүл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен
кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға
болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.
Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
- меншікті-мерзімді депозиттер;
- алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.
Меншікті-мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:
- 30 күнге дейінгі;
- 30-90 күнге дейінгі;
- 90-180 күнге дейінгі;
- 180 күннен 360 күнге дейінгі;
- 360 күннен жоғары.
Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті
бойынша міндетті түрде өтінішін талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала
келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді. Әдетте,
алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді.
Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады: есеп айырысу үшін
пайдаланылмайды, әрі мүндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары
толтырылмайды; шоттағы қаражат баяу айналады; тұрақты пайыз төленеді; пайыз
мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Ұлттық банкі тарапынан реттеліп отырады;
ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі; бұл
шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.
Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі - жинақ салымдары. Олардың
белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның
жоғарғы шегі шектелген. ақшаны салу және алу кезінде жинак кітапшасын
көрсетуі қажет.
Банктер үшін мұндай-шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны
рәсімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі
жақты тіркеу енгізу қажет және т.б. Компьютердің көмегімен жасалған жеке
бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдарымен басқа салымдарды
ауыстыруға мүмкіншілігі бар.
Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың біршама
тұрақты бөлігін білдіреді.
Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша,
мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ
салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.
Жинақ салымдарының төмендегідей ерекшеліктері болады:
- ақшалай қаражаттар сақтауда түрақты мерзімі болмайды;
- шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап
етілмейді;
- ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай
қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.
Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары салым
операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай төмендегідей түрлерге
бөлінеді:
- мерзімді жинақ салымдары;
- қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
- үлыс салымдары;
- ақшалай-заттай үтыс салымдары
- мақсатты және ағымдық салымдар;
- алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
- валюталық салымдар.
Мерзімді жинақ салымдарға түрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім
өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа
жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.
Қосымша жарна қосатын салымдар — бүл шоттағы қаражатқа алдын ала келісілген
уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын салымды
білдіреді. Бұл шотта жинақталынған соманы белгілі бір күнде (жаңа жылдық
салым, бойжеткен кезде және т.с.с) толық төленеді.
Ағымдық жинақ салымдар негізінен жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді
төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды білдіреді. Мүндай
салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.
Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ
сертификаттарын жатқызуға болады.
Депозиттік сертификат - заңды тұлғаның банкке салған қаражатын
куәландыратын жэне оған салым мерзімінің өтуіне қарай банктен немесе оның
филиалдарынан салған салым сомасы мен пайыз мөлшерлемесін алуға құқық
беретін бағалы қағаз.
Жинақ сертификаты - жеке тұлғаның банкке салған қаражатын куэландыратын
жэне оған салзьім мерзімінің өтуіне қарай банктен немесе оның филиалдарынан
салған салым сомасы мен пайыз мөлшерлемесін алуға қүқық беретін бағалы
қағаз.
Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып
келеді:
атаулы сертификаттар; мәлімдеуші сертификаттар.
Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына
толтырылып беріледі. Ал, мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні
көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.
Депозиттік жэне жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және көрсетілген
қызметтер үшін төлеуге болатын төлем қүралы немесе есеп айырысу қызметін
атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада шығарылатындықтан
да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.
Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі
бар: аударылатын жэне аударылмайтын.
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып,
уақыты жеткен соң банкке ұсынылады. Аударылатын депозиттік
сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу-сату арқылы
өтеді.
Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ сертификатының
мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды. Жинақ сертификаты
тек жеке тұлғаларға ғана беріледі.
Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын төлеуге
ұсынылуы мүмкін. Мүлдай жағдайда банк сертификатты сатып алады, бірақ
төменгі мөлшерде пайыз төлейді.
Коммерциялық банктер үшін бүл сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен,
яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге түсуін сипаттайды.
Осындай жағдайда, коммерциялық банктердің активтік операцияларын
қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды
жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде
жүргізе отырып, депозиттік операцияларды үлғайту талап етіледі.
Депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс
өтімділігін сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс:
- депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың
мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
- депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу
үшін жұмыс жасауға тиіс;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен
мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;
- салым иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін
ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.

1.3. Шетел тәжірибесіндегі көрсетілетін банктің депозиттік қызметтері
Батыс Еуропа және Солтүстік Америка мемлекеттерінде барлық несиелік
институттар – универсалды коммерциялық банктерден (мысалы, Германияда)
арнайы жинақ институттарына (АҚШ-тағы ссуда – жинақтаушы ассоциациялар және
басқа да мемлекеттердегі жинақ банктеріне) дейін, - жекелеген немесе кез
келген клиентке барлық мүмкін болатын қызметтерді көрсетеді және банктік
өнімдердің әр түрлі түрлерін ұсынады.
Сөйтіп, шетел мемлекеттеріндегі дамыған ең негізгі жинақ операцияларын
қарастырайық.
Дамыған мемлекеттеріндегі әйгілі банктік жинақ шоттары:
1. Капитал нарығының жинақ шоттары ( capital market saving accounts )
нарық экономикасы дамыған коммерциялық банктер тәжірибесінде кең тараған
және клиенттің ақша қаражаттарын ұзақ мерзімге сақтауды қарастырады,
сонымен бірге клиентке кез- келген уақытта шоттан алуға мүмкіндігін береді.
Мемлекеттік облигациялар бойынша төленетін орташа пайызына сәйкес, бұл шот
бойынша пайыздық ставкасының деңгейі бекітілген (яғни 3 жылдан 10 жылға
дейінгі мерзімді облигациялар). Батыс коммерциялық банктердің тәжірибесі
бойынша бұл клиенттердің банктерге деген сенімділігін арттыруда және
берілген шоттарға уақытша бос ақшалай қаражаттарын белсенді орналастыруды
ынталандырады.
2. Автоматты жинақ шоттары, оларды дамыған мемлекеттердің коммерциялық
банктері тек осы банктегі ағымдағы ( есеп айырысу ) шоты бар жеке
тұлғаларға ашылады. Олар мерзімді депозиттерге ұқсас, яғни оларға клиент
тапсырмасы бойынша күнделікті (автоматты түрде) банк оның есеп айырысу
шотынан ақша сомаларын аударуды жургізеді, ал оның қалдығы бойынша,
ағымдағы шотқақарағанда жоғарырақ пайыз төленеді. Клиенттің ақшасын
қабылдау белгілі бір күндерде айына 3-4 рет жүргізіледі.
Бұл шотқа ұқсас 1978 жылы “Мерилл Линг” фирмасы ұсынған банктік
қызметтің ерекше түрін – қолма-қол ақшаны басқару шоты – СМА (cash
management account ) атауға болады. Бұл шотты ашқан кезде қызметтердің кең
пакеті ұсынылады ( чек жазуға мүмкіндігі, белгілі бір сомаға несие беру,
дебеттік карточкалар, брокерлік қызметтер және т.б.). Бірақ басқа
қызметтерге қарағанда ерекше новаторлық сипатымен бөлінген қызмет – бұл СМА
шотына дивиденд және пайыз түрінде түскен ақшалай қаражаттар автоматты
түрде пайыздық табыс әкелетін шотқа аударылады.
Сол 1978 жылы банктер ATS – шоттарын (automatic transfer service)- ақша
қаражаттарын автоматты түрде аудару шоттарын қолдана бастады. ATS – шоттары
бойынша салымшылар пайыз алған. Ал чектік шоттағы сәйкес қалдықты ұстау
немесе овердрафтты жабу қажеттілігі туындаған кезде клиенттің келісімімен
ATS – шотынан ақшалай қаражаттарын автоматты түрде талап етуге дейінгі
салымға аударады. Осыған байланысты ATS – шоттары клиентура арасында кең
сұранысқа ие болды, өйткені олар салымшыға чектік шоттағы минималды
қалдықты ұстап тұрғанда, бір кезде өзінің ATS – шоты бойынша пайыз түрінде
табыс алуына мүмкіндігін береді.
Мұндай шоттар отандық банктер тәжірибесінде де қолданылуы мүмкін,
өйткені клиенттер жоғары табыс алу үшін өзінің шотында қалдықты үнемі
жоғарлатып отыруға тырысады.
3. “Бай” клиенттер үшін жинақ шоттары (fortune saving accounts) батыс
банктерінің тәжірибесінде жылжымайтын мүлікке және бағалы қағаздарға
ақшалай қаражаттарын инвестицияланған клиенттер үшін қолданылады. Бұл
шоттың қолдану режимі келесіні көздейді: бұл шотты ашу үшін алғашқы жарнасы
жоғары болады, ал үлкен ақшалай сомаларды алу кезінде комиссиясы төмен
болады. Сондай- ақ, клиент жылжымайтын мүлікті сатып алса немесе бағалы
қағаздарға салса банк ешқандай комиссиондық ақы алмайды.
4. Асыл металдарды сатып алу үшін шоттар (precious metals accounts)
дамыған мемлекеттердегі коммерциялық банктерінде, әр түрлі асыл металдарды
(алтын, күміс, платина, палладий және т.б.), сондай- ақ олардан жасалған
бұйымдарды сату- сатып алумен айналысатын клиенттерге қатысты кең
қолданылады. Банкте мұндай шоттарды ашқан клиенттер күн сайын құймаларды,
платиналарды, монеталарды, медальондарды және т.с.с. сату және сатып алу
мүмкіндігіне ие болады.
Депозиттік қызметтер нарығындағы өскен бәсекелестік чектік
депозиттердің көптеген жаңа түрлерінің пайда болуына әсер етті, яғни бұл
шоттар бойынша салымшылар төлемдер жүргізу үшін чектер жазуы мүмкін,
сонымен қатар мұндай шоттың иесі мұндай шоттан кез- келген уақытта қолма-
қол ақша алуы мүмкін.
Чектік депозиттердің көп таралған формалары талап етуге дейінгі
депозиттер және NOW – шоттары болып табылады. NOW – шоттары (negotiable
order of withdrawal)- айналыстағы алынып тасталу туралы шығарылатын
бұйрықтарға қарсы шоттар, яғни бұл пайыз төленетін чектік депозиттер. Олар
Батыс коммерциялық банктерінде 80- шы жылдары таралған. Басында олар жинақ
салымдары ретінде жіктелінген, ал 1981 жылдан – чектік депозиттер ретінде.
Алғашқы кезде NOW – шоттары пайыз төленетін жинақ салымдарының типіне
жатқызылған. Мұндай салымдарға қарсы клиент тратталар жазуына мүмкіндігі
болған (үшінші жақтың пайдасына ақшаны төлеу туралы бұйрығы), оларды
айналыстағы алынып тастау туралы бұйрықтары деп атады. Осыған байланысты
NOW – шоттарды чектік депозиттер категориясына жатқызды.
Кейбір кезде NOW – шоттарын пайыздық және ағымдағы шоттардың қосындысы
(гибриді) деп атаған. 1986 жылға дейін пайыз көлемі 5,25%- бен шектелді,
кейін бұл шектеу алынып тасталды (бірақ, негізінен пайыз ставкасы бұл
көлемнен жоғары көтерілген жоқ). Коммерциялық банктер клиенттен белгілі бір
көлемде, бұл шот бойынша қызмет көрсету үшін және жүргізілген әрбір
операция үшін ақы алып отырды. Пайыздық төлемдердің көлемі, әдеттегідей,
шоттағы минималды немесе орташа қалдыққа байланысты анықталатын.
1983 жылда дамыған мемлекеттердің коммерциялық банктері NOW-шоттарға
ұқсас “Super now”- шоттарын ұсынды. Олар бойынша екі деңгейлі пайыздық
ставкалар есептелінді. Егер шоттағы минималды қалдық болса, яғни 1500 АҚШ
доллары, онда оған 5,25% есептелінетін және осы шот бойынша жүргізілген
әрбір операция бойынша белгілі бір ақы алынған. Егер де қалдық сомасы 1500
АҚШ долларынан асатын болса, банк ақша нарығындағы пайызға сәйкес
есептеген. Super now – шотының енгізілуі банктерге брокерлік үйлерден ақша
қаражаттарының қозғалысына әсер етті. Сонымен қатар, бұл банк пассивінің,
оның ішінде жеке салымшылардың депозиттерінің өсуіне әкелді.
Сөйтіп, банктік тәжірибеге NOW – шоттарының енгізілуі, бірте- бірте ATS
– шоттарын нарықтан шығаруына әкелді.
Соңғы кездерде банктер ресурстарды тарту формалары мен жаңа әдістерін
қолдану арқылы салымдар ағымын кеңейтуге тырысады. Мәселен, Ұлыбританияда,
Францияда және басқа мемлекеттерде, сонымен қатар халықаралық ақша
нарығында депозиттік сертификаттар, отандық банктермен де қолданылады .
Кейбір мемлекеттерде салымдарға халықтың жинақтарын тартудың
ерекшеліктерін қарастырайық .
Ұлыбритания. Маманданған банктермен қатар барлық несие – қаржылық
бағыттағы мекемелер халықтың жинақтарын тартумен айналысады . Оларға
коммерциялық және клирингтік банктер , сақтандыру компаниялары, зейнетақы
қорлары , трасталық компаниялар және т.б.
Соңғы жылдарда ағымдағы шоттар бойынша барлық операциялардың
ақысыздығын сақтай отырып пайыздарды есептеу бойынша банктер жағынан
біршама шаралар жүргізілген . Мұндай стратегияның оң жақтары , пайыздық
ставканың төмен деңгейіне (2 – 5%) қарамастан көп болды. Сондай-ақ , басқа
мемлекеттердің азаматтарының , яғни бейрезиденттердің шоттары фискалдық
иммунитетке ие болды – яғни салықтан босатылды, ал бұл шетел клиенттерін
тартуда оң нәтижесін берді.
Халыққа салымдардың классикалық түрлерін ұсынумен , негізінен ,
Ұлыбритания Ұлттық жинақ банкі айналысады, оның ішінде екі шот түрінде –
қарапайым және инвестициялық (1966 жылдан бастап) . Қарапайым шот ұсақ
жинақтарын аккумуляциялауға арналған және бірінші 70 фунт стерлинг сомасына
салық салынбайды. Сонымен бірге , 25 пенсті салып ашқан шоты бар, бірақ
оларға тек 250 фунт стерлингке дейін жеткенде ғана пайыз есептелінеді ,
оларды жинақ салымдары деп атайды .
Ал трасталық жинақ банктері өздерінің салымшыларына табысты олардың
салған салымының көлеміне байланысты төлейді. Банктің мұндай стратегиясы
негізінен – трасталық жинақ банктері өздерінің салымшыларының қаражаттарын
басқа банктерге және жоғары пайызбен салуына негізделеді.
Франция. Бұл мемлекетте жинақтарды тарту саясаты мемлекеттің пайыз
ставкасының жоғарғы шектерін анықтауына және регламентациялануына
негізделеді.
Мемлекеттік реттеу салымдар мен боналар бойынша шекті пайыз көлемін
бекіту арқылы көрінеді.
Бірақ шектеулерге қарамастан француздардың 50% - Француз жинақ
банкісінің салымшылары болып табылады, сонымен бірге 28 % жанұялық
салымдары бар.
Негізгі ұйымдастырушылық депозиттік формалары: есеп айырысу кітапшалары
“А” типті ; мерзімді депозиттік шоттар; жинақ сертификаттары; чектік
шоттар; тұрғын үйге алған ссудаларды өтеу үшін жинақ шоттары; бағалы
қағаздарға инвестицияланатын жинақтар және т.б. болып табылады .
Бүкіл Европа мемлекеттері арасында француз банктері банктік
технологияны, оның ішінде несиелік (төлем) карточкаларын таратуда,
қолдануда және қаржыландыруда алда келе жатыр.
Италия. 1991 жылы Италияда 83 жинақ кассалары суперхолдингтік
компанияға бірікті. Мұндай жинақ кассалар стратегиясының қажеттілігі –
Италия ссудалық капиталының нарығындағы жоғарғы бәсекелестігінен туындады.
Италия банктерінің тәжірибесіндегі жинақ шоттары негізінен банктік
құжаттарының формаларына байланысты бөлінеді, олардың түрлері: қарапайым
жинақ кітапшасы (ағымдағы шотқа ұқсас) оның пайыздық ставкасы 5 %- ға
дейін; мерзімді жинақ кітапшасы; мәлімдеушіге жинақ кітапшасы және т. б.
Германия. Халықтың жинақтарын салымдарға тарту Германияның барлық
несиелік мекемелері айналысады (жинақ, коммуналдық және жер
банкілері,несиелік қоғамдар және т. б.).
Ең көп таралған салымдар; мерзімді салымдар (екі түрлі);жинақ
келісімді(екі түрлі)салымдары; ағымдағы шоттары табылады. Талап етуге
дейінгі салымдар – бұл классикалық пайызсыз депозиттер . Мерзімді салымдар
бекітілген мерзімді салымдарға және алудың икемді режимі бар салымдарға
(30-80 күн ;90-179 күн; 180-359 күн; 360 күн және жоғары) бөлінеді.
Мерзімді салымдар бойынша пайыздар салымның сомасына және мерзіміне
байланысты бекітіледі.
Европаның басқа да жинақ және универсалды коммерциялық банктері
сияқты Германия банктері де халықтың бағалы қағаздармен жасалатын
операцияларына да бағытталады . Осыған байланысты клиенттерге қаржылық
қызметінің кең ассортименті ұсынылады.
АҚШ. Еуропаның дамыған мемлекеттеріне қарағанда АҚШ-та халықтың
жинақтарын тартумен негізінен жинақ институттары айналысады , олар – жинақ
банктерінен; ссуда –жинақ ассоциацияларынан және несиелік кеңестерден
тұрады. Сондай-ақ , мұндай функция инвестициондық коммерциялық банктерге,
брокерлік үйлерге , сақтандыру, зейнетақы және басқа да қаржылық
компанияларға да тән.
Негізгі депозиттер талап етуге дейінгі салымдарға , жинақ және
мерзімді салымдарға бөлінеді. Талап етуге дейінгі салымдары мен NOW –
шоттарын,жоғарыда аталып өткендегідей , чектік салымдар деп атайды. АҚШ –та
талап етуге дейінгі салымдарды салымшының өзі шоттан алуы мүмкін немесе
банкті алдын ала хабарлауынсыз кез келген уақытта басқа тұлғаға
аударылуы мүмкін. Банктік депозиттердің бұл категориясы ең өтімді болып
табылады, өйткені олар есеп айырысу - төлем операцияларына тікелей
қатысады. Сөйтіп, АҚШ –та чектер көмегімен алынатын талап етуге салымдар
бүкіл ақша массасының (М1) 70 % - ын құрайды. Бәрімізге белгілі, АҚШ -тағы
төлем айналымының 90 % чектер арқылы жүреді.
АҚШ – та NOW – шоттарын ашудағы салымшылардың кейбір категориялары
үшін шектеулер сақталған .Мәселен, жеке тұлғалар (азаматтар) өздерінің ақша
қаражаттарын қарапайым пайызсыз шоттарда (талап етуге дейінгі
салымдарда), банктердің барлық категорияларындағы NOW – шоттарында да
сақтауы мүмкін. Ал заңды тұлғаларда тек пайызсыз чектік шоттар ғана болуы
керек, өйткені банк заңдылығы бойынша оларға өздерінің ақша қаражаттарын
NOW – шоттарында сақтауға тиым салынған.

2. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің депозиттік
нарығын талдау .
2.1. Екінші деңгейлі банктердің депозиттік нарығын талдау
ҚР-ғы депозиттік нарық еліміздегі қаржы нарығының бірден бір дамып отырған
сегментіне жатады. Депозиттік нарықтағы өзгерістерді 1-кестеден -байқауға
болады.
Кесте 1. Депозиттік нарықтағы өзгерістер

Көрсеткіштер 2000ж 2001ж 2002ж 2003ж 2004ж 2005ж 2006ж 2007ж*
ЕДБ-дің 290,6 444,8 610,0 733,2 1270,81653.5 3076,73480,7
депозиттері, млрд
теңге
Шетел валютасындағы50 64 39 48 47 62 54 58,1
депозиттердің
үлесі, %
Жеке тұлғалардың 31 42 43 46 34 23,7 24 21,9
депозиттерінің
үлесі , %
Заңды тұлғалардың 69 58 57 54 66 76,3 76 78,1
үлесі. %
Жеке тұлғалардың депозиттері бойынша орташа пайыз мөлшерлемесі, %
Шетел валютасындағы8,6 7,3 6,9 5,9 5,6 6,2 7,1 7,5
депозиттер бойынша
Теңгедегі 15,6 12,8 11,0 10,9 9,2 9,4 і 0.2 1 1 .3
депозиттер бойынша

Ескертпе - ҚҰБ-нің № 7 (92) 2002 жылғы шілдедегі жэне №5 (150) 2007 жылғы
мамырдағы статистикалық бюллетеңінен алынған сандық мэліметтер негізінде

Талдау мерзімдері ішінде банктің депозиттік ресурстарының өскендігін
көреміз. Барлық депозиттер 2000 жылы 290,0 млрд теңгені құраса, 2007 жылы
оның көлемі 3480,7млрд теңгеге дейін 3 есеге көтерілген.
Оның ішінде жеке тұлғалардың депозиттерінің үлесі 2000 жылы 31% қүраса,
2007 жылы оның көлемі 21,9 % дейін кеміген.
Керісінше депозиттік ресурстар қүрылымында заңды түлғалардың салымдарының
үлесі, яғни 2000 жылы 69 % қүраса, 2007 жылы оның көлемі 78,1 % дейін
өскен.
Тартылған қаржаттардың құрылымында заңды тұлғалардың салымдарының өсуіне,
олардың өтімді қаражаттарының өсуі себеп болуда.
Депозиттік ресурстар құрылымында шетел валютасындағы депозиттердің үлесінің
біртіндеп азаюы байқалады.
Сонымен, депозиттік нарықтағы ұлттық валютадағы депозиттердің артуына ҚР
Ұлттық банкінің ақша-несие саясаты шегінде АҚШ долларына қарсы саясат
қолдануы да ықпал етті.
Депозиттердің түрлері бойынша орташа өлшемді мөлшерлемелері де валюта
түрлеріне өзгерістерге үшыраған.
2007 жылы банктердің депозиттік ресурстарының құрылымында заңды тұлғалардың
депозиттері үлесі - 78,1%, (1 -сурет).

1-сурет. Депозиттік ресурстар құрылымында заңды тұлғалардың депозиттерінің
үлесі, %
Қай мерзімде бомасын заңды түлғалардың депозиттерінің үлесі жеке
түлғалардың депозиттерінен артық. Бүл өз кезегінде халықтың әлауқатының әлі
де болса жеткіліксіз деңгейде қалуын сипаттайды.
Банктердің депозиттерінің құрылымын ішінара, оның түрлеріне байланысты
талдауда келесі беттегі 2-кесте мәліметтерін пайдаланамыз.
2-кесте. ЕДБ-дің депозиттік ресурстарының серпіні мен құрылымы.
кезеңнің басына
Банктің депозиттік 2004ж 2005ж 2006ж 2007ж Өсімі, %
ресурстарының құрылымы, млрд 2006 2007
теңге
Барлық депозиттер, о.і.: 972,0 1 607,82523,1 4714,9 86,9
Заңды тұлғалардың депозитері, 628,8 1 159,81926,2 3680,7 91,1
о.і.:
үлесі, % 64,7 72,1 76,3 78,1
Клиенттердің ағымдағы және 406,2 756,7 1319,5 2 334,476,9
карт-шоттары
үлесі, % 64,5 65,2 68,5 63,4
Талап етілетін депозиттер 2,7 5,0 7,3 6,4 -12,3
үлесі, % 0,4 0,4 0,4 0,2 123,9
Мерзімді депозиттер 218,7 396,5 597,0 1 336,637,5
үлесі, % 34,8 34,1 31,0 36,3
Шартты салымдар 1,2 1,6 2,4 3,3 37,5
үлесі, % 0,3 0,3 од 0,1
Жеке тұлғалардың салымдары, 343,2 448,0 596,9 1 034,273,3
о.і.;
үлесі, % 35,3 27,9 23,7 21,9
Клиенттердің ағымдағы және 45,3 60,3 83,7 132,6 58,4
карт-шоттары
үлесі, % 13,1 13,4 14,0 12,8
Талап етілетін депоиттер 14,5 16,7 19,7 30,6 55,3
үлесі, % 4,2 3,7 Зо ,-э 3,0
Мерзімді депозиттер 282,9 360,3 492,7 870,0 76,6
үлесі, % 82,4 80,4 82,5 84,1
Шартты салымдар 0,5 10,7 0,8 1,0 25,0
үлесі, % 0,3 2,5 0,2 0,1

Соңғы 4 жыл ішінде банктің депозиттік ресурстарының көздері өскендігін
көреміз. Барлық депозиттер 2004 жылдың 1 қаңтарына 972,0 млрд теңгені
құраса, 2007 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 2 740,2 млрд теңгеге дейін 3
есеге көтерілген.
Оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері 2004 жылдың 1 қаңтарына 628,8
млрд теңгені құраса, 2007 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 2 395,8 млрд дейін
өскен.
Заңды тұлғалардың депозиттерінің құрамында ағымдағы және карт-шоттары
бойынша қаражат қалдықтары 2004 жылдың 1 қаңтарына 406,2 млрд теңгені
кұраса, 2007 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 1 755,7 млрд теңге дейін өскен.
Заңды тұлғалардың депозиттерінің құрамында талап етілетін депозиттер
бойынша қаражат қалдықтарының көлемі 2004 жылдың 1 қаңтарына 2,7 млрд
теңгені құраса, 2007 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 6,4 млрд теңгеге дейін
немесе 3 есе өскен.
Заңды тұлғалардың депозиттерінің қүрамында мерзімді депозиттер мөлшері 2004
жылдың 1 қаңтарына 218,7 млрд теңгені құраса, 2007 жылы 1 қаңтарында оның
көлемі 1 336,6 млрд теңгеге дейін немесе 6 есеге артқан.
Заңды тұлғалардың депозиттерінің құрамында шартты депозиттер мөлшері 2004
жылдың 1 қаңтарына 1,2 млрд теңгені құраса, 200,7 жылы 1 қаңтарында оның
көлемі 3,3 млрд теңгеге дейін ұлғайған.
Депозиттік ресурстар құрылымында жеке тұлғалардың салымдары 2004 жылдың 1
қаңтарына 343,2 млрд теңгені құраса, 2007 жылы 1 қаңтарында оның көлемі
1034,2 млрд дейін немесе 3 есеге өскен.
Жеке тұлғалардың салымдарының құрамында ағымдағы және карт-шоттары бойынша
қаражат қалдықтары 2004 жылдың 1 қаңтарына 45,3 млрд теңгені кұраса, 2007
жылы 1 қаңтарында оның көлемі 132,6 млрд теңге дейін өскен. Жеке
тұлғалардың салымдарының құрамында талап етілетін салымдары бойынша қаражат
қалдықтарының көлемі 2004 жылдың 1 қаңтарына 14,5 млрд теңгені құраса, 2007
жылы 1 қаңтарында оның көлемі 30,6 млрд теңгеге дейін немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктердің дамуы
Банктің активтік операциялары
Банктің есеп айырысу - кассалық операциялары
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары туралы
Банктің бухгалтерлік балансының құрылымын талдау
Банктің пассивтік операциялары
Банктердің пассивті операцияларының мәні
Коммерциялық банктің табысы және шығысы
Банктік операциялардың мәліметтер қорын құруды теориялық негіздеу
Пәндер