Туризм саласындағы мамандарды даярлау



КІРІСПЕ
1 ТУРИЗМНІҢ ЖӘНЕ ТУРИСТІК САЛАНЫҢ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ СИПАТЫ
1.1 Туризм түсінігі, мәні мен сипаты
1.2 Әлем бойынша туризм мамандарының пайда болу тарихы
1.3 Туристік саладағы мамандар классификациясы мен атқаратын негізгі қызметтері
2 ШЕТЕЛДІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ БАҒЫТТАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Еуропа мен Ресей Федерациясындағы туризм саласының кәсіби мамандар даярлау әдістері
2.2 Қазақстан Республикасының туристік кадрлар жағдайы мен туризм саласы үшін мамандар даярлаумен айналысатын оқу орындарының сипаттамасы
3 ТУРИЗМ САЛАСЫ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУДАҒЫ КЕЗДЕСЕТІН ПРОБЛЕМАЛАР МЕН ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫНА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫСТАР
3.1 Бүгінгі туризм мамандарын даярлаудағы кемшіліктер мен негізгі проблемалар
3.2 Туристік маман дайындауға деген көзқарастар мен ұсыныстар
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Туризм – демалыспен, бос уақытпен, спортпен, сондай-ақ мәдениетпен және табиғатпен тілдесумен тікелей байланысты, және ұжымдық толық жетілудің жолы ретінде жоспарлануы және тәжірибеге енгізілуі тиіс қызмет.
Туризмнің қазірігі индустриясы табысы жоғары және серпімді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. Туризімнің табысы, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейінгі тұрақты үшінші орынды иеленедіі. Әлемдік туристік нарықтың дәстүрлі аудандары өзінің реакциялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстан әлемдік туристік нарықта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты, мұның өзі адамдардың дем алуға және бос уақытын өткізуге деген негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар мен халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторларына айналады.
Туризм – бұл әлемдік экономиканың құлдырауы болмайтын саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сұрыпты бидайды әлемдік нарыққа шығару керек екен. Бұл ретте шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істеуді. Шетелдік эконмистердің есебі бойынша100 000 турист қалада орташа есепппен екі сағат болған кезде кемінде 350 000 доллар немесе адам басына 1 сағатта 17,5 доллар жұмсайды екен. Сөйтіп шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризімді дамыту – ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.
Туризм тек қана экономикалық емес, сонымен бірген әлеуметтік-мәдени маңызға ие. Себебі ол елдер арасындағы мемлекетаралық байланыстардың және мәдени айырбастаудың дамуына ықпалын тигізеді, аймақаралық байланыс көлемін арттырады, халықтың танымдық деңгейін көрсетеді.
Қазіргі таңда туризм – құлдырауды білмейтін, әлемдік экономиканың саласы. Туризмнің дамуы - өнімді сатудан айырмашылығы ұзаққа созылатын, экономикалық тиімді келешегі бар сала.
1. Қазақ энциклопедиясы 8 том
2. Моргунов Б.П. Туризм. Учеб. Пособие для студентовпед. ин-тов. – М.: «Просвещение», 1978 – 167 с.
3. Квартальнов В.А.. Туризм. М., 2001г.
4. Гуляев В.Г. Туризм: Экономика и социальное развитие.- М.: Финансы и статистика, 2003.- 304с.
5. Сенин В.С.. Введение в туризм. М.,1993г.
6. Алтынбаев Б.А., Смыкова М.Р. Экономика и организация туризма: Учеб.пособ.- Алматы: КазГаУ, 1999.- 97с.
7. Квартальнов В. А. Теория и практика туризма. М.: Финансы и статистика, 2003.
8. Грицкевич В.П. «История туризма в древности»
Изд. Дом Герда, 2005г.
9. Романов А.В.П. «История туризма в древности»
Изд. Дом Герда, 2005г.
10. Вуколов В.Т. Международный туризм. - М., 1986 г.
11. Биржаков М.Б. Индустрия туризма. - М., 2001 г.
12. ГОСТ Р 50644-94. Туристско-экскурсионное обслуживание. Требования по обеспечению безопасности туристов и экскурсантов.
13. Вуколов В.Н. История и теория международного туризма. Универсальный учебно-метод. комплекс для вузов по специальности «Туризм».- Алматы, 2002.- 221с.
14. Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
15. Рынок труда: Учебник / Под ред. Буланова В.С. и Волгина Н.А. М.: Экзамен, 2007.
16. Под ред. Чудновского. Гостиничный и туристический бизнес. 1999г.
17. Дуракова И.Б. Управление персоналом: отбор и найм. Исследование зарубежного опыта. – М.: Центр, 1998г.
18. Котлер Ф. Маркетинг: гостеприимство и туризм. М.,1998г.
19. www.ucheba.ru/prof-article/6194.html&h=207&w
20. Жукова М.А. Индустрия туризма: менеджмент организации. 2003г.
21. http://www.bfm.ru/news/216457?doctype=article
22. Михайлова М. Н. Основы туристской деятельности. Конспект лекций. Псков, 2008.-46-88c.
23. http://www.svastour.ru/instruktor.htm
24. http://www.kavkaz-uzel.ru/articles/216550/
25. Кравченко К.А. Поиск и отбор персонала: История и современность.// Управление персоналом. –1998г. -№12 –С. 39-42.
26. Шекшня С.В. Управление персоналом современной организации. Учебно-практическое пособие. Издание 3-е, переработанное и дополненное. – М.: ЗАО «Бизнес-школа «Интел-Синтез», 1998.-48-50c.
27. www.select-a-room.com
28. Татарников А.А. Управление кадрами в корпорациях США, Японии, Германии. - М.: ИНЭ. 2010.-255c.
29. Травин В.В., Дятлов ВА. Основы кадрового менеджмента. - М.: Дело Лтд., 2007.-98c.
30. www.acae.edu.au/schools/asthm/‎
31. www.santpol.edu.es/en/‎
32. Федеральный закон "Об образовании" от 10.07.1992 № 3266-1 (ред. от 17.06.2010).-8c.
33. Рынок труда: Учебник / Под ред. Буланова В.С. и Волгина Н.А. М.: Экзамен, 2007.-47-49c.
34. Квартальнов В.А. Туристика – научная основа профессионально-квалификационной структуры кадров в сфере туристской деятельности. Актуальные проблемы туризма: Сборник научных трудов. 1996-1997гг. – М.: РМТА,1997. – Вып.1.
35. Божук С. Г. Маркетинговые исследования, основные концепции и методы. СПб.: Вектор, 2007.-4-18c.
36. Официальный сайт Всемирной туристской организации. URL: http://www.unwto.org
37. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
38. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт агенттігінің төраға міндетін атқарушының 2004 жылғы 12 наурыздағы N 06-2-2/89"Туристік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, оларды аттестаттау және қоғамдық туристік кадрлардың әртүрлі санаттарын даярлау ережесі
39. Вуколов В.Н. К вопросу о движущих факторах и периодизации истории туризма // Теория и методика физической культуры, 2000, №2, с. 31-36.
40. Вуколов В.Н. История и теория международного туризма. Универсальный учебно-метод. комплекс для вузов по специальности «Туризм».- Алматы, 2002.- 221с
41. http://massaget.kz/bilim/bilim-ordalary/2858
42. Қазақ Ұлттық университетінің ресми сайты: http://www.kaznu.kz/43.
43. «Тұран» университетінің ресми сайты:
http://turan.kz/index.php/2011-03-22-17-06-57/kafit/turizm-servis.html
44. Қазақ спорт және туризм академиясының ресми сайты: http://www.kazacademsport.kz/pages/65.html
45. Евгений Никитинский Катализатор процесса совершенствования подготовки туристских кадров http://www.mirp.kz/rus/articles/7/82
46. Хомутов В. хроническая безработица: предпосылки и последствия
/ Человеческие ресурсы. 1998. № 4.
47. Щурова А., Кантарбаева Ж., Саурамбаев О. Рынок туристических
услуг в Казахстане // Альпари 2000 г., №2,с.17.
48. "Қазақстан Бүгін" агенттігі http://www.kt.kz/index.php?lang=rus&uin=1233119077&chapter=1233119263
49. Маханбет Ержан Тайбағарұлы Студенттерді туристік іс-әрекетке даярлаудың педагогикалық шарттары
www.kaznpu.kz/docs/autorefer/poslaxmet.doc‎
50. kk.convdocs.org/docs/index-24834.html?page=3‎

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Туризм – демалыспен, бос уақытпен, спортпен, сондай-ақ мәдениетпен және
табиғатпен тілдесумен тікелей байланысты, және ұжымдық толық жетілудің жолы
ретінде жоспарлануы және тәжірибеге енгізілуі тиіс қызмет.
Туризмнің қазірігі индустриясы табысы жоғары және серпімді дамып келе
жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып
табылады. Туризімнің табысы, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының
табысынан кейінгі тұрақты үшінші орынды иеленедіі. Әлемдік туристік
нарықтың дәстүрлі аудандары өзінің реакциялық сыйымдылығының шегіне іс
жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар
есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстан әлемдік
туристік нарықта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына
шығуымен байланысты, мұның өзі адамдардың дем алуға және бос уақытын
өткізуге деген негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар
мен халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторларына айналады.

Туризм – бұл әлемдік экономиканың құлдырауы болмайтын саласы.
Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін
табысын алу үшін оған шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай
немесе 2 тонна жоғары сұрыпты бидайды әлемдік нарыққа шығару керек екен.
Бұл ретте шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс
таусылмайтын ресурстармен жұмыс істеуді. Шетелдік эконмистердің есебі
бойынша100 000 турист қалада орташа есепппен екі сағат болған кезде кемінде
350 000 доллар немесе адам басына 1 сағатта 17,5 доллар жұмсайды екен.
Сөйтіп шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал
туризімді дамыту – ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.
Туризм тек қана экономикалық емес, сонымен бірген әлеуметтік-мәдени
маңызға ие. Себебі ол елдер арасындағы мемлекетаралық байланыстардың және
мәдени айырбастаудың дамуына ықпалын тигізеді, аймақаралық байланыс көлемін
арттырады, халықтың танымдық деңгейін көрсетеді.
Қазіргі таңда туризм – құлдырауды білмейтін, әлемдік экономиканың
саласы. Туризмнің дамуы - өнімді сатудан айырмашылығы ұзаққа созылатын,
экономикалық тиімді келешегі бар сала.
Жалпы туризмді дамытып, оның ел экономикасына, ел қазынасына табыс
әкелуін қолға алу үшін туризм саласында кәсіби және білікті мамандардың
қажеттілігі бәрімізге аян. Кадрлар дайындау, туризм қызметкерлерінің
біліктілігін арттыру жүйесі және туризм саласын ғылыми-әдістемелік
қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан мен диплом жұмысымның тақырыбын
Туризм саласындағы мамандарды даярлау деп анықтадым.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі: туризм саласындағы мамандарды
даярлау қызметтерінің қыр-сырлары мен әдіс-тәсілдері.
Диплом жұмысының мақсаты – туристік салаға қажетті білікті мамандарды
даярлау барысындағы қиыншылықтары, қолданылатын әдістерді, бағыттарды
қарастырып, оларды талдау.
Диплом жұмысының міндеттері. Кәсіби дайындау және мамандарды
аттестациялау кезіндегі кеткен қателіктер, білім алу деңгейіне, кәсіби
даярлауына, көптеген жұмысы жоқ мамандардың ахуалына кері әсер тигізетінін
білеміз. Сондықтан менің диплом жұмысым осы қателіктерді қарастырып қана
қоймай, жан-жақты талдауды, зерттеуді және оларды алдын алуды міндеттейді.
Диплом жұмысымның тақырыбының өзектілігі. Тақырып мамандарды дұрыс
дайындау, мамандардың біліктілігін арттыруға қажетті теориялық білім
берудегі негізгі әдістер мен тәжірибелік білім беру кезіндегі тәсілдерді
қалай қолдану сияқты өзекті мәселелерді қамтиды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен логикасы зерттеудің мақсаттары және
тапсырмалары негізінде анықталған. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ТУРИЗМНІҢ ЖӘНЕ ТУРИСТІК САЛАНЫҢ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ СИПАТЫ

1.1 Туризм түсінігі, мәні мен сипаты

Туризм (франц. tourіsme, tour – серуендеу, жол жүру) – адамның бос
уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі. Туризм – халықтың
рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына
келтіру, тағы басқалар) қанағаттандырудың ең тиімді жолы. Туризм адамдардың
қарым-қатынасын, танымдық қабілетін арттырып, мәдениет пен өнердің дамуына,
ел экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, ел мәртебесін әлемге
танытуға мүмкіндік туғызады[1].
Туризм - барлығымызға белгілі құбылыс. Туризм мағынасына бір ғана
жауаппен тоқталуға болмайды. Ол үлкен және жан-жақты ұғым. Туризмді
кейбіреулер палаткалармен орман, тауларға шығу деп түсінсе, екіншілері -
тарихи жерлерге саяхат, ал басқалары - шетелдерге саяхат жасау деп
түсінеді. Осының барлығы дұрыс ұғым, себебі туризм әр түлі болып келеді.
Туризм дегеніміз - адамдардың табыс табу мақсатында емес, демалу,
емделу, сауығу, қонаққа бару, танымдық немесе қызмет мақсатымен мақсатымен
өздерінің тұрақты жерінен кетіп, басқа жерде немесе басқа елде уақытша
орналасуын айтамыз[2].
Берлиннің туризмді зерттеу институтының журналында Archiv fur
Fremdenverkehr (1930-1931) атты мақаланың алғы сөзінде ресми түрде ғылыми
әдебиетте туризм деген түсінік ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында пайда болды.
Туризм деген өте кең түсінік, әдебиеттерде оған берілген әр түрлі
анықтамаларды кездестіруге болады. В. Унцикер туризм деп тек табыс табуға
арналмаған тұрақты жерден тыс жердегі барлық саяхат пен қысқа мерзімдік
сапардағы құбылыс пен қатынастардың жиынтығын атады. Кейбір авторлар әр
түрлі мақсаттағы спорттық жарыстарды туризмге жатқызады. КСРО-да бірінші
болып 1952-ші жылы В.В. Добкович туризмге қазіргі уақытқа лайықтап анықтама
берді: Туристтік саяхат деп каникул және ұзақ уақытты демалыс кезендерінде
біздің еліміздің әр түрлі аудандарында болып, сол елдің халықтарының
өмірімен және мәдениетімен танысу, Социалистік құрылысымен, табиғи
байлықтарымен, тарихи, әскери және революциялық ескерткіштерімен танысуды
айтамыз - дейді.
ХХ ғасырдың 30-шы жылдары поляк географы С. Лещицкий туризм туралы
түсінікті толықтап, туристік – сауықтыру қозғалысына байланысты теориялық,
шаруашылық, географмиялық, статистикалық, құқықтық, мәдени және әлеуметтік
сұрақтардың жиындысы деп анықтама берді.
Туризм географиясы облысына еңбегі сіңген, атағы шыққан В.С.
Преображенскийдің айтуынша, туризм термині арқылы мынадай негізгі
түсініктер беріледі:
1. демография мен халық географиясы және әділет ғылыми оқитын халық
қозғалысының ерекше түрі;
2. экономика саласы, экономика мен экономикалық географиямен айналысатын
халықтың әлеуметтік-мәдени қажеттілігін өтейтін салаларының біреуі;
3. социология мен рекреациялық география айналысатын тұрақты жерден тыс
жерлерге бос уақытты өткізудің түрі.
Қазір туризм анықтамасы екі топқа біріктіруге болады: жұмыстық және
концептуалдық. Біріншісінің экономикалық, әлеуметтік, құқықтақ және басқа
да туризмнің аспектілеріне ғана қатысы бар. Екіншісі, концептуалды немесе
мәнін көрсететін анықтама, пәнді бүтіндей қамтиды, туризмнің ішкі сырын
ашады.
Тарихи даму процестерінде туризм мен турист деген түсінікке біраз
өгерістер еңгізілді. Практикалық жағынан туризмнен гөрі турист деген
түсінік анықтамасы жағынан анығырақ болғанын қажет етеді. Ең алғашқы турист
деген анықтаманы Ұлттар Лигасының статистика жөніндегі сұрыптау Комитеті
берді (1937ж.). Ол халықаралық түсініске ие болды және азғантай түзетулер
мен біздерге де жетті. Соңғы жылдары турист ұғымының анықтамалары ресми
халықаралық туристтік ұйымдар одағының жиындарында (Дублин, 1950; Лондон,
1957), БҰҰ-ның халықаралық туризм және саяхаттар туралы конференциясында
(Рим, 1963), туризм туралы парламентаралық конференцияның конгресінде
(Гаага, 1989) талқыланды. Бұл оның теориялық және практикалық жағынан
маңызының зор екендігінің және оған берілетін анықтаманың толық та дәлірек
болу керектігін көрсетеді.
Қазіргі кезде халықаралық тәжіребиеде кең қолданылып жүрген анықтама
1963-ші жылы Рим конференциясында еңгізілген және бүкіл Дүниежүзілік
Туристтік Ұйым қолдаған келесі анықтама: туристер – бұлар өзінің тұрақты
елі емес, ақша табатын іс-әрекеттермен айналыспайтын, басқа бір елге қандай
да бір болмасын бір мақсатпен келуші адамдар.
Туризм саласы жалпы алтын жұмырқа тасушы тауық болып саналады. Барлық
туристік орталықтар мен аудандар туризм арқылы пайда тауып қана қоймай,
туризмнің дамуына оның ішкі және сыртқы елдер нарығында дамуы үшін туристік
индустрия мен туристік тауарға көптеген қорлар бөлуде туризмнің дамуы үшін
бөлінген қорлар өз өтемдерін өтейді және олар сол мемлекетке одан да көп
пайда әкеледі[3].
Расында, экономиканың қарыштап дамуында туризмнің алар орны айрықша.
Оған ешкім шәк келтірмейді. Дүниежүзілік туристік ұйымның соңғы кездегі
таратқан мәліметтеріне қарағанда, осы саламен айналысатын мемлекеттер
қазынасына сырттан түсетін инвестицияның 10 пайызға жуығы тек біз сөз етіп
отырған табыс көзінің еншісіне тиесілі екен. Сондықтан да туризмнен түскен
кіріс дүние жүзі бойынша әлі күнге дейін мұнай экспорты мен көлік сатудан
кейінгі үшінші орынды иеленіп келеді.
Туризм түсінігіне жай ғана бір сөзбен жауап беру мүмкін емес. Біреулердің
түсінігінше, туризм қолдарына қол шатыр алып, түнгі шоқ ошақ басында ән
айтып, адам аяғы баспаған жерлермен жүрілген киллометрлер болса, ал енді
біреулер үшін тарихи жерлерде саяхаттану, олардың болмысы мен тарихын
зерттеу, үшінші біреулер үшін шет елдерге саяхаттанумен түсіндіріледі.
Әрине, олардың әрқайсысы да дұрыс пікірде, өйткені, туризм саласы сан-қилы,
жан-жақты құбылыс.
Бір көзге қарағанда туризм түсінігі кез келген адамға түсінікті
термин, өйткені біз бәрімізде бөтен жерлерге сапар кештік, туризм туралы
бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп, мақалалар оқыдық, саяхаттар туралы
әртүрлі телебағдарламаларды тамашаладық, өз еңбек демалысымызды жоспарлай
отырып, туристік агенттіктердің кеңестері мен қызметтерін пайдаландық.
Алайда, ғылым және білім саласында халықшаруашылығының ажырамас бір бөлігі
ретінде туризмнің құрамдық элементтерінің қатынасын айқындап алғанның
маңызы зор[4].
Туризм түсінігін айқындағанда мынадай келесі көрсеткіштерді ескерген
жөн: 
1. Орын өзгерту. Бұл жағдайда іс-әрекет күнделікті ортадана тыс жерге орын
ауыстыру арқылы жүзеге асады. Алайда өз үйі мен жұмыс орнына немесе оқу
орнына бару арқылы орынын өзгерткен тұлғаны турист ретінде қарастыру мүлдем
теріс түсінік. 
2. Өзге жерге келу. Бұл жағдайдың басты мақсаты: өзге келген жер тұлғаның
үнемі немесе ұзақ мерзімді өмір сүру ортасына айналмауы тиіс. Сонымен қатар
бұл еңбек қызметімен де байланысты (жолаушының еңбекақысы мен іс-сапар
ақысын төлеу) болмауы керек. Тағы да бір ерекшелігі саяхаттанушылар жаңадан
келген ортасында 12 ай бойы немесе одан да ұзақ мерзімде тұрақтамауы
тиісті. Нақты бір өзге ортада бір немесе одан да ұзақ мерзімде болған
немесе болуды жоспарлаған адам туризмнің критерийлері бойынша саяхаттанушы
(турист) болып саналмайды. 
3. Жаңадан келген орта еңбек ақы төлеудің негізгі ортасы. Бұл жағдайда
саяхаттың немесе жолсапардың негізгі мақсаты жаңадан келген ортада арнайы
бір қызмет етіп, пайда табуды көздеу болмауы тиіс. Қызметтік іссапар,
сондай-ақ бос уақытын өткізу мақсатындағы саяхат - бұл күнделікті өмір сүру
және қызмет ету ортасынан тыс жерге орын ауыстыру. Егер қала тұрғыны сол
қаладан сауда-саттық қызметі мақсатында орын ауыстырса, ол саяхаттанушы
болып есептелмейді. Өйткені ол өзінің негізгі ортасын тастап кетпейді. 
Бұл үш критерий туризм түсінігінің негізін қалайтын басты элементтер
болып табылады[5].
Қазіргі кезде адам қызметінің әр түрлі формалары бар, олар жалпы жағдай
жасауға және әлемді тануға бағытталған. Халық тұрмысының жақсаруы жаңа
әлемді ашуға адамның қажеттілігін, соның ішінде саяхатқа құштарлығын
арттырады. Саяхат дегеніміз – туризм. Туризм тек орын ауыстыру емес, ол
көптеген экономикалық және әлеуметтік аспектілерді құрайды. Соңғы он жылда
туризм мықты дербес индустрияға айналды.
Туризм түсінігіне теориялық және практикалық тұрғыдан нақты анықтама
берілуі керек.
Көптеген авторлар туризмге толық анықтама беруге тырысты. Әр пікір
өзгеше болып табылады және бұл терминнің көптеген өлшемін көрсетеді. Алайда
туризмнің әр түрлі түсіндірмесін жинақтап қорыту, белгілі бір оптимум
таңдау өте қиын[6].
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді.
Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс
істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени, медициналық
қызмет көрсетуді дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы
басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым
пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.
Туризм жеке және ұжымдық жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы және
тәжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен, бос уақытты өткізумен, спортпен,
мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай
жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және халықтар мен
олардың әр түрлі мәдениеттерінің арасындағы олардың өзгешеліктерін танып-
білудің бірден бір факторы болып табылады.
Туризм саласы ұлттарды жақындастырады, елдерді табыстырады. Қазіргі
жаһандану дәуірінде ғаламдық ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің
орнауында туризмнің ықпалы айрықша. Демек, халықаралық туризм саласының
дамуына бәрінің мүдделі болуы керек[7].

1.2 Әлем бойынша туризм мамандарының пайда болу тарихы

Туризм терең тарихи тамыр алып жатқан сала. Алғашқы ұйымдастырылатын
сапарлар көне заманнан бастап, ХІХ ғасырдың басына дейін болды. Бұл
сапарлардың мақсаттары мен мотивтері негізінен сол кездегі қажеттіліктер
мен мүмкіндіктерге  байланысты болды.  Нақтырақ айтсақ,  қажылық, емделу,
сауда, емделу, сауда және білім мақсаттарында болды. Сапарларға  шығуға тек
қана қоғамда жоғары дәрежесі бар адамдардың ғана мүмкіндіктері болды. Сол
кездегі туризмнің  ерекше сипаты элитарлық және өзінділік болды.  Туризм
саласындағы әйгілі  ағылшын мамандары былай деп тұжырымдаған: емделу
мақсатындағы сапарлар туризмге бастау болды және  алғашқы туристік ұйымдар
білім сипатын алды.
Туризм қоғамдық, шаруашылық және кеңістіктік құбылыс ретінде ежелгі
замандарға терең кең тамыр жайған мол дәстүрге ие. Туристтік әдебиеттерде
туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу жайында көптеп айтылады. Әсіресе,
В.Унцикер мен Дж.Мариотти секілді ғалымдардың ортақ еңбегінде.
Бұл еңбекте К.Пшеславскийдің (1973) бөлген кезеңдері келтірілген, оның
келесідей кезеңдері бар:
1. ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм:
А) ежелдегі туризм;
Б) орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм;
В) ХVІІ және ХVІІІ ғасырдағы туризм;
2. ХІХ және ХХ ғасырлардағы – екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі туризм;
3. Қазіргі заманғы туризм.
Әр кезеңге тән туризмнің алғашқы қызметкерлері мен мамандары пайда
болды. Туризм саласы қаншалықты жандана түссе, туризмнің дамуына үлес
қосатын мамандарда қарқынды түрде пайда бола бастады.
Ертеректе туристтік саяхаттар қалаларды көріп, жасанды көлдер, шипалы
бұлақтарға барумен байланысты болды. Кейініректе жиелеп салына бастаған
пирамидалар саяхаттаушылардың назарын аудара бастады. Алайда, жақсы дамыған
жол торлары мен сапалы түнеу үйлері және арзан асханалардың тек қана ежелгі
Греция мен Римде пайда болуы бұл саяхаттарды белгілі мөлшерде тежеді.
Туризмнің ол көздері ешқандай табыс көзін әкелмеді.
Сондай-ақ ойын-сауық бизнесі жақсы дамыды. Олимпиадаға қарсы үлкен
жәрмеңке ұйымдастырылып, ол үшін арнайы сауда қатарлары орнатылды.
Туристер көне храмдарды тамашалап, қалағандар қосымша ақы үшін гидтің
аузынан әр түрлі аңыздарды естуге мүмкіншілік алды. Егер туризм индустриясы
жайында кең мағынада әңгіме қозғар болсақ, ежелгі Рим дәуіріне
жүгінеміз. Римдік жолдар инженерлік өнердің барлық ережелеріне байланысты
салынып отырды. Олардың құрылысы біздің заманның 312 жылы император
Константиннің билігі кезінде басталды. Әрбір жол үшін алдын ала жоспар
құрып, содан соң оны таспен толтырған. Саяхаттарды жол бойына орналасқан
жақсы ұйымдастырылған және керуен сарайлар торы қолайлы етіп отырды.Бұл
керуен сарайлар кейде бір бірінен 5 км қашықта орналысып, өзінің заманына
қарай үлкен шеберлікпен салынып, өте жайлы болып келді.
Ежелгі Римде жолкөрсеткіштер болып оларды тек қана белгілі бір желі
көрсетіліп қоймай, сонымен қатар жолда кездесетін көрікті жерлермен қонақ
үйлер белгіленіп бағалар көрсетілген. Бордодан Иерусалимге саяхаттайтын
табынушылар үшін ІV ғасырда жолкөрсеткіш дайындағаны белгілі. Біздің
заманға дейін І ғасырда пайда болған туристік бюролар қалағандарды
жолкөрсеткіштер мен анықтама кітаптарымен жабдықтаған.
Туристік саяхаттардың ерекше формасы емдік жерлерге сапар шегу болды.
Алғашында қалада тұратын бай гректер мен  римдіктер қала сыртындағы ауылды
мекендерге шығып отырса, кейініректе бұл саяхаттардың географиялық
шектеулері кеңейе түсті. Минералды бұлақтармен храмдардың қасында қазіргі
санаторияларға ұқсас объектілер салына бастады, ал емдік жерлер жоғары
комфортты жағдайлары мен ойын-сауықтың көптүрлілігімен әйгілі болды.
Ауруларына шипа іздеушілер осындай емдік орталықтарды іздеп, жердің әр
бұрышынан ағыла бастады. Мұндай емдік орталықтардың өз емшілері мен
тәуіптері, сондай-ақ тұтынушыларды қабылдайтын арнайы қызметшілер тобы да
болды[8].
Ежелгі туризмнің дамуына үлес қосқан алғашқы туристік мамандар ретінде
жолсеріктер, жол бойларында орналасқан түнеу және керуен сарайларының
қызметкерлері, олимпиада мен жәрмеңке ұйымдастырушылары, саудагерлер мен
саяхатшылардың аудармашылары, гидтер болып саналды.
Орта ғасырларда туристік қозғалыс бәсендей түсті. Ішкі жағдайлары
тұрақсыз көптеген жаңа мемлекеттердің құрылуы бұрын-сонды болмаған саяси
кедергілерге әкеп соқты. Бұл кезеңде туристік қозғалыстың ауқымды бөлігін
діни табыну мен университеттік орталықтар құрады. Онымен қоса қайта өрлеу
кезеңінде көпестер мен ұсталардың саяхаттарының маңызы арта бастады, алайда
олардың бір бөлігін ғана туристік саяхаттарға жатқызуға болады. Туристік
саяхатқа шығушылар жолай түнеу мен тамақтандыру орындарының қызметтерін
пайдалана бастады[9].
Орта ғасырларда адамдар көптеп саяхаттай бастады, сөйтіп, жолшыбай
керуен сарайлардың саны күрт өседі. Алдында қарапайым қонақ үйлік
объектілер ХІV ғасырдың өзінде-ақ сол заман үшін өте жайлы түнеу орындарына
айналды. Қонақ үй кәсібінің дамуы, кейбір қалаларда ХІV ғасырдың өзінде
қонақ үйлердің қожайындары өзіндік цехтарға бірігіп, өз уставтарын құруына
әкеп соқты. Осындай ең бірінші цех 1356 жылы Венецияда құрылды. Осы секілді
цехтар ХІV ғасырда Римде, Сиякада, Флоренцияда да құрылды. Қонақ үй кәсібін
кәсіп етушілер, қонақ үй маңында тамақтандыру орталықтарын, жуынатын
моншалар мен хауыздар ашып сол заманның саяхатшыларына өз қызметтерін
ұсынып отырды. Қонақ үй ауқымы ұлғайған сайын қонақ үй қожайындары қызмет
көрсететін жалдамалы жұмысшылар жалдай бастады.
ХVІ ғасырдың екінші жартысында танымдық сипаты бар саяхаттар жасала
бастады, ал ең қалаулы ел Италия болды. Мұнда көбіне Испания, Франция және
Германиядан шетелдіктер келіп отырды.
ХVІ ғасырдың соңынан Англияда гранд-тур әйгілі бола бастады-бұл
ауқатты адамдардың континетке саяхаты, гранд-турдың арқасында адамдар оқуын
бітіріп, Жерорта теңізін көріп, өркениеттің шығу тегін көріп, сауаттанып
қайтуына мүмніндіктер туды. Әлеуметтік құбылыс сияқты туризмнің дүниеге
қайта келуі XVII ғасырдың соңы мен ХVІІІ ғасырдың басына жатады. Бұл
кезеңде  бай адамдар ғана  саяхаттай алу мүмкіндігі болған соң элитарлық
туризмнің кезеңі ретінде сипатталады. Бұл кезеңде сонымен бірге,  жаппай
туризмнің қалыптасуының негізі қаланды.
ХІХ ғасырдың басында пароход, паровоз сияқты көлік құралдарының  пайда
болғандығынан бастап және жол желістерінің кеңеюінен туризм кең масштаб ала
бастады. Осылай жаппай туризмнің өскіндері пайда болды.
Жаппай туризмді дамытудың алғышарттар мыналар болып табылады:
-қоғам жағдайының өсуі;
-алдымен ақысы төленбейтін демалыстың одан соң ақысы  төленетін
демалыстардың пайда болуы;
-ғылыми-техникалық прогресс, ол тек көліктің дамуына себепкер ғана емес,
сонымен оның арзандауына да себепші болды.
Алғашқы ұйымдастырған турды 1841 жылы ағылшындық Томас Кук ұйымдастырды.
Ол тур әлеуметтік мақсаттарға көзделген. Сөйтіп, Томас Кук  ұйымдасқан
туризмді дамытудың негізін қалаушысына айналды. Ол туризмнің көмегімен
ағылшындардың бос уақыттарын өткізуді ұйымдастырды. Томас Куктың алғашқы
жолдамасы Франциядағы көрмеге бағытталды. Жолдаманың құны 14 шиллингті
құрады. Бірақта Томас Кук  бұл кезде туризмді пайда табу үшін қолдануға
болатынын  білмеді.

Сурет 1. Туризм саласының тұңғыш менеджері, алғашқы маркетологы

1855 жылы алғашқы саяхат бюросын құрды. Бұл бюро алғашқы турларды
қалыптастырып, оларды тұтынушыға өткізді. Турларды дайындап, ұсынатын
арнайы мамандар тобы жасақталды. Бұл кезең  үшін өзіндік  туризмнен басқа
туризмнің  ұйымдасқан түрлерінің пайда болуы тән. Томас Кук алғаш рет  1856
жылы  туристік агенттік  ұйымдастырды. Агенттікке сауатты және білімді
қызметкерлер жұмысқа алына бастады. Олар арнайы дайындық курстарынан өтіп,
туризм саласының мамандарына айналды. 1870 жылы өзінде Томас Кук
фирмасының 500 мыңға жуық тұтынушылары болған. Бұл компанияның
клиенттерінің арасында әйгілі адамдар да болған. Мысалы, Марк Твен – ол
өзінің саяхатын толық жазып отырған. Томас Кук  сонымен бірге жерді айналып
шығу саяхатын ұсынған алғашқы адам болған. Ол турисерге жол чектерін
қолдануды да ұсынған. Яғни, қауіпсіздік мақсатында қолма-қол ақшаларды
өзімен тасымас үшін. 1882 жылы Томас Кук қоғамы алғашқы жерді айналып
шығу турын ұйымдастырды. Томас Кук 1892 жылы қайтыс болды. Оның ісін ұлы
мен серіктестері жалғастырды. Қазіргі кезде Томас Кук компаниясының
әлемнің барлық елдерінде 12 000 туристік фирмасы бар және 20 млн туристерге
қызмет көрсетеді.  Томас Кук қазіргі заманғы туризмнің негізін қалаушы,
бірінші туризм менеджері және туризмнің алғашқы маркетологы болып танылып,
саяхатшылардың ұйымдастырылған бұқаралық қозғалыстарының тиімділігі мен
мәнін ең бірінші болып түсінген адам болып саналады[10].
Германия, Швейцария, Франция, Италия, Чехияда халықаралық туризм
орталығына айналып отыр. XVIII ғасырдың аяғында, басқа елдерге барып, әр
түрлі мақсаттармен саяхат жасап жүрген адамдарды туристер деп атай бастады.
Ал туристерге қызмет көрсетуші топты туристік саланың мамандары деп атады.
Әлемде бірінші біріккен әуесқой тау саяхатшылары – Англиялық альпі
клубы – 1857 жылы Лонданда пайда болды. Артынша, 1862 жылы Австриялық альпі
клубы Туринде құрылды да, кейінірек Италиялық болып аталынды. 1863 жылы
Швейцар клубы бекітілді. Альпілік клубтың құрылуынан бастап туризмде
альпинизм түсінігі пайда болды. Альпинизм - биік тау шыңдарына шығумен
байланысты спорт түрі. Алғаш 1786 жылы швейцарлық Мишель Габриэль Паккар
мен Жак Бальма Альпі тауындағы Монблан шыңына (биіктігі 4807 м) көтерілді.
Жак Бальма туризм тарихында алғашқы тау жолнұсқаушысы болып саналады.
Жоғарыдағы альпілік клубтарда альпинистер мектебі ашылып, тұңғыш кәсіби
альпинистер дайындалды[11].
XX ғасырдың бірінші жартысында халықаралық және ұлттық туризм өз
шеңберіне  басқа да елдерді тартып, онан әрі дами түседі. Туристік сапар
желісіне жиі тарихи орындар мен мәдени ескерткіштер енгізілінеді.
Халықаралық туристік қозғалыстың басым көпшілігі бұл кезеңде Еуропаға
келеді. Мәдени мен тарихи орындармен танысуға келген туристер үшін, оларға
жетешілік ететін туристік саланың мамандары ретінде экскурсоводтар мен
гидтер пайда бола бастады. Экскурсовод - бұл процесстiң жетекшiсi,
бiлiктi маманы болып табылады, иемденушi кәсiби ұста. Ұқсас
мамандықтар: гид, тарихшы, мәдениет танушы, этнограф және мұражай
қызметкері. Осы маман иелері география, тарих және мәдени еттен хабардар
болулары керек.
XX ғасырдың 20-шы жылдарының басында туризм мен экскурсияға деген
қызығушылық арта бастады. Экскурсияларға, сапарлар мен саяхаттарға мыңдаған
жұмысшылар қамтыла бастады. Солайша, Ресейлік Наркомпростың тек бір
экскурсиялық секциясы 1921 жылы ай сайын 400-ден астам топтық
экскурсияларды өткізіп отырды. 1923 жылдың өзінде Наркомпрос және мектептен
тыс жұмыс әдістерінің Институты туристік топтардың (2,5 мың)оқытушы топ
жүргізушілерін оқытты. Білім беру жүйесінің басқа қаладағы жұмысшыларының
10 күндік семинарларын өткізді. Наркомпростың орталық үйіндегі экскурсиялық
үйірмелері мен семинарында және оның Мәскеудегі аудандық үйлерінде
мұғалімдер мен  комсомолдық белсенділер біліктілігін арттырды. Олар,
негізінде, кеңестік туризмдегі ең 1-ші кәсіптенген кадрлар болып
саналды[12].
1927 жылы бұқаралық туризмнің Орталық бюросы алғаш рет еңбекшілерге
елдің алты аймағы бойынша 39 маршрутты ұсыну арқылы туризм мен
экскурсиялардың географиясын кеңейте түсті. Бұл алты аймақ мыналар:
солтүстік-батыс, Орталық өнеркәсіптік, Орта-Волгалық, Уралдық, Кырымдық,
Кавказдық.
Пионер лагерлерінің ішінде әйгілісі 1925 жылы құрылған Артек болды.
1930 жылдары Кеңес одағында туристтік қозғалыспен жылына екі миллионнан
артық адам қамтылды, олардың көбісі Кырым мен Кавказға барды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында туристтік – экскурсиялық іс-әрекет түгелімен
тоқтатылды. Соғыс аяқталғаннан кейін күйреген халық шаруашылығымен қатар,
туристтік-экскурсиялық мекемелер жүйесі де қалпына келтіріле бастады. 1950
жылы Мәскеулік туризм клубы ашылып, кейіннен елдің саяхатын өз күшімен
ұйымдастыратын туристердің орталығы болды. 1960-шы жылдары елімізде
туризмді халыққа қызмет ететін үлкен бір салаға айналдыруға мүмкіншіліктер
туды. Туристік саяхаттар кеңестік тұрғындардың ең сүйікті демалыс түріне
айналды. 1965 жылы барлық одақтың республикаларында және көптеген
автономдық республикаларда, өлкелер мен облыстарды туризм мен экскурсиялар
бойынша кеңестер ұйымыдастырылып, жаңа туристтік маршруттар құрастырылып,
игерілді. Туристік саланың мамандары қайта біліктіліктерін арнайы дайындық
курстары арқылы арытып, туризм саласына оралды[13].
80-шы жылдары туризм жүйесінің кемелденуі жалғасады. Оның 1990 жылға
дейін кемелденуінің басты сызбасының негізі жасалды. Бұл әрине, материалдық
- техникалық базаның қайта жаңартылуын да қарастырды және туристтік-
экскурсиялық мекемелер торының ары қарай құрылымдық кеңеюі мен кадрларды
дайындау, сонымен қатар туризм мен экскурсиялардың нәтижелілігін арттыру да
маңызды мәселенің біріне айналды. Туризм шынымен де бұқаралық cипатқа ие
болды. 80-90 жылдар аралығында КСРО-ның территориясында 800 туристік
клубтар, 40 мыңнан астам қоғамдық комиссия іс-әрекет етіп, олардың жұмысына
700 мыңдай туристер қатысты.
1990 жылы КСРО туристі белгісі 250 мың туристке, туризм бойынша
спорттық разрядтар 80 мың туристке, спорт шебері атауы 124 туристке
берілді. Миллионнан астам оқушы туристік жорықтарға қатысты.
КСРО -ның басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да туризм екпінді түрде
дами бастады. Қазақстанда туризмнің дамуы XX ғасырда жергілікті немесе
аймақтардан келген әуесқой адамдар жалғыз басына немесе топ түрінде
экскурсияларды, жорықтарды және көрікті жерлерге серуендерді өткізе
бастады. Ал ондай көрікті жерлер Қазақстанның таулы аумақтарында көп болды.

XX ғасырдың басында-ақ Верный қаласында Орыс тау қоғамының бөлімшесі
ашылып, 1927 жылға дейін іс-әрекет аясына болды. Жетісудің ең бірінші
туристі деп казак А.В. Хорошхинді айтуға болады, ол Іле-Алатауының тау
бөктерлерімен көп саяхат етіп, 1875 жылы оның ең биік шыңы Талғарды
бағындыруға әрекет жасады. Алайда, ол тек 4 мың метрлік биіктікке шыға
алды. Таулар Верный қаласының көптеген тұрғындарын өзіне тартты, бұл ұғымда
оқушы жастар мен интеллегенция үлесі көп болды. Мұндай жорықтарға Верныйда
тұрған Лев Толстойдың немересі Михаил Сухотин де қатысты. Тау инженері К.И.
Богданович оқушылармен жергілікті шатқалдарға экскурсиялар ұйымдастырды.
Олармен бірге Мүшкетовтың баласы да барып отырды. Верныйдың әйгілі ағаш
ұстасы П. Зенков Алма-Арасаннан Жусалы, Кезең асуы арқылы Үлкен Алматы
көліне дейін өтті.
Әліби Жангелдин 1910-1912 жылдары таяу жер дүниесін айналып өтетін
саяхатын жүзеге асырды. Бұл саяхаттың мақсаты - өзінің білімін арттыру,
әуесқой адамның басқа елдермен танысуға ұмтылысы болды.
Ең алғашқы КСРО нұсқаушылардың бірі Г.И. Белоглазов  болатын. 1925
жылдың жазында ол әскерге шақырылатын жігіттермен Алматыдан Ыстық көлге
дейін жаяу жорық шекті. Ол басқарған жас туристер тобы Озерный, Ақсу
асуларын аты. Чон-Ақсу өзені бойымен Сазановкаға дейін түсті. Г.И.
Белоглазов Алматының №10 мектебінде дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс
істеген. Өзінің оқушыларымен ол жақын жатқан шатқалға жиілеп шығып отырды.
1926 жылы жазғы демалысында ол қайтадан оқушылармен Ыстық көл жағалауларына
сапар шекті. Біртіндеп секция жалпы қалалық масштабқа ие болды.
1931 жылы республикамыздың астанасында Жетісу губерниялық мұражайы
жанынан Пролетарлық туризм мен экскурсиялардың бүкілодақтық қоғамының
бастауыш ұйымы ашылды. Оның құрамында 10 адам енді. Оның белсенділері
арасында Г.И. Белоглазов, В.Д. Городецкий, Н.Н. Дублицкий және тағы
басқалар болды. Олардың бастауымен Қазақтық Өлкетану Кеңесі құрылды.
Өлкетану – белгілі бір өңірдің табиғатын, халқын, шаруашылығын,
тарихын, мәдениетін зерттеумен шұғылданатын ғылым мен мәдениет саласы;
шағын аумақтың табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын және мәдениетін,
елді мекендерін олардың таяу төңірегімен қоса зерттеу. Салалық өлкетану
(тарихи, этнографиялық, топонимиялық және т.б.), табиғи және әлеуметтік
құбылыстардың өзара байланысын зерттейтін кешендік географиялық өлкетану
болып бөлінеді. Өлкетанудың негізгі әдісі - аумақ туралы ақпаратты, табиғи
үлгілерді (геологиялық, топырақ, биологиялық, зоологиялық), материалдық
мәдениет заттарын және т.б. деректерді жинау және жүйелеу. Туриз мен
өлкетану арасындағы байланыс бір-бірімен тығыз байланыста. Өлкетану пәні
туризмнің кандай түрін қай жерде дамытуға болады деген сұрақтарға тікелей
жауап қататын пән. Ал өлкетанушылар жоғарыда көрсетілген зерттеу
жұмыстарымен айналысатын мамандар.
Қазақстан Өлкетануында Қ.И. Сәтбаев, Ә.Х. Марғұлан секілді қазақ
ғалымдары қомақты еңбектер атқарды. Бірқатар тұрақты және маусымдық
экспедициялар Қазақстанның жер қойнауын, өсімдік, жануарларын, жалпы
табиғатын кешенді зерттеу және тарихи-археологиялық қазба жұмыстарын
жүргізумен қатар жергілікті халықтың мәдениетін, тілін, өнерін, ауыз
әдебиеті үлгілерін жинастырумен де айналысты. 1973 жылы Кеңес Одағы
жергілікті халықтар өлкесінің тарихын, экономикасын, мәдениетін, табиғатын
зерттеп білуге қатысты арнайы Бүкілодақтық туристік экспедициялар
ұйымдастырылды. Туристік-өлкетану үйірмелері жұмыс жасады. Өлкетанудың
жергілікті орталықтары ретінде тарихи-өлкетану мұражайлары, мәдениет
үйлері, түрлі үйірмелер құрылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері
жергілікті жерлердегі Өлкетану мекемелерінің ісін жандандыру, бұрынғы жер-
су атауларының шығу тегін зерттеп, қалпына келтіру, халыққа көп танымал
емес бай мұраны жинастыру, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауға алу ісі
қолға алынды. Жергілікті жерлерде облыс, аудан Өлкетану мұражайлары жұмыс
істейді. Қазақстанның әр өлкесіне арнайы ғылыми-зерттеу экспедицияларын
ұйымдастыру да ілгері дамуда[14].
Елдің бас қаласы Алматы: туризм қарқынды түрде дамыды. 1959 жылы
облыста Алматы турбазасы ашылып, қаланың сыртында орналасты. 1972 жылы
Алматыға жақын жерде Талғар ауданының Горный садовод ауылынан жоғарырақта
Алматау турбазасы ашылды. 1970 жылдан бастап Алматылық автобаза қаланың
және облыстық туристтік ұйымдарына  қызмет көрсетіп келеді. 1975 жылы
биіктаулы мұз айдыны Медеу салынғалы Медеу және Алатау атты туристтік
қонақ үйлер де салына бастады. Алайда, мұның барлығы әлі де жеткіліксіз
еді. 1979 жылы Алматылық туристердің қалалық клубының мәліметтері бойынша,
қалада 100 шақты туристік секциялар, 7 туристік клубы жұмыс істеді.
Туризммен айналысатындардың саны 213 мың адамнан асты. Турбазалардың біразы
туристік сала мамандарымен қамтамасыз етіле бастады. Олар: жолнұсқаушылар,
экскурсоводтар, гид-аудармашылар, көлік жүргізушілері болды[15].
Туризм саласының ажырамас бір бөлігі қонақ үй шаруашылығы екенін жақсы
білеміз. Қонақ үй қызметкерлеріде туристік саланың мамандары болып
табылады. Себебі қонақ үй персоналын туризм оқу орындары мен туризм
мамандығы дайындайды. Соңғы жылдары қонақ үй саласында бізге атаулары жат
мамандар пайда болуда. Олар: консьерждер, супервайзерлер.
Консьерж (французша – жабдықтаушы) – қонақ үйдің қонақтарын қажет
заттарымен қамтамасыз ететін, комфортты жағдай жасайтын қызметкер.
Алғашында консьерждің қызметіне сарай шамдарын жағу ғана кірген. Кейін келе
басқада қызметтер атқаратын болған. Консьерж қызметі алғаш рет ХХ ғасырда
Гранд қонақ үйлер желілерінде пайда болған. Бұл қызмет тұтынушылармен
мақұлданып, әлемнің басқа да қонақ үйлеріне тарай бастады.
Супервайзер (ағылшынша supervisor - бақылаушы) – әртүрлі бизнес
саласында әкімшілік қызмет атқаратын тұлға. Тікелей менеджерге бағынады.
Супервайзер бағынушыларына тапсырма беруге, олардың жұмыстарын сырттай
бақылауға құқылы. Жәнеде бағынушыларының атқарған жұмыс нәтижелеріне жауап
береді. Қонақ үй саласында супервайзерлер ХХ ғасырдың ортасында пайда
болды[16].
Туризм саласындағы мамандар туризмнің дамуымен қатар пайда болды.
Туризмнің әрбір кезеңі туристік салаға қажет мамандарды ойлап тауып,
туристік салаға ұсынып отырды.

1.3 Туристік саладағы мамандар классификациясы мен атқаратын негізгі
қызметтері

Туризм саласы өте ауқымды және кең. Себебі туризм дегенімізде
бәріміздің көз алдымызға ұшақ, аэропорт, такси, қонақ үй, мейрамхана,
теңіз, көңіл көтеру орталықтары , демалатын, ем алатын орталықтардың
елестейтіні сөзсіз. Міне осы жоғарыдағы және басқа да қызметтер түрлерін
осы туризм саласы қамтиды. Қызметтердің түрлері көп болған сайын бұл салада
қызмет жасайтын мамандардың да түрі мен саны көп. Сондықтан туризм
саласының мамандары бірнеше топтарға жіктеледі. Олар:
1. қоғамға қандай туристік өнім қажет, туристердің сұрауы көбіне неге ауады
секілді сұрақтарға жауап беретін туристік жетекшілер мен маркетологтар;
2. туристік өнімді жасап шығарушы туристік оператор және туристік өнімді
таратушы туристік агенттік менеджерлері;
3. кейбір туристер шетелге немесе басқа елдерге барғанда қажет ететін гид-
аудармашылар;
4. экскурсия қызметін пайдаланғанда қажет экскурсоводтар;
5. белсенді туризммен айналысқанда, мысалы: тау, су, спорттық туризмде
бағыт-бағдар беретін, жол көрсететін туризм нұсқаушылары;
6. туристер жиі қолданатын қонақ үй, курорттық мекеме, көңіл көтеру және
мейрамхана кәсіпорындарының қызметкерлері: қонақ үй әкімшілігі,
менеджерлер, консьерждер, супервайзерлар, аниматорлар және тағы
басқалар[17].
Қызмет көрсету сферасының маркетингі қажетті жерде, қажетті уақытта
және өткізуді ынталандыруда қажетті бағамен тұтынушыларды қызметтермен
қамтамасыз етуге бағытталған. Қызметтер маркетингі клиенттердің
қажеттіліктерін қанағаттандыру мен анықтауға арналған қызметтерді
орналастыру, жылжыту және өңдеу кезеңдерінен тұрады. Ол екі мақсатқа жету
үшін бағытталған: қызметтер өндірушілерді бағалау және таңдауда
тұтынушыларға көмек көрсету және тұтынушыларды толық қанағаттандыру арқылы
қызметтер рентабельдігін қамтамасыз ету.
Дәстүрлі маркетинг пен қызметтер саласындағы маркетингтің ортақ
принциптеріне келесілер жатады:
• Не өткізе аламыз, соны өндіру;
• Жаңа тауар (қызмет) шығара отырып, тұтынушыларды ынталандыру;
• Тиімділік пен пайдалылық принципі.
Маркетолог – күнделікті нарық жағдайы мен тұтынушылардың қандай
тауарға деген сұранысы бар екендігін зерттейтін және болжап отыратын
туристік саланың негізі мамандары[18].

Сурет 2. Туризм маркетологтары жұмыс барысында[19].

Маркетингтік үрдістің барлык кезеңдерінде әлеуметтік факторды ескеру.
Бірақ қызметтер сферасында басты орынды әлеуметтік факторды ескеру
қажеттілігі алады. Өйткені, біріншіден, қызметтер өндірушілер тікелей
әлеуметтік ортаны құрайды. Екіншіден, қызметтер маркетингі әлеуметтік
жұмыстың ерекше түрі ретінде қарастырылады.
Маркетологтардың негізгі міндеті: нарыққа жаңа қызметтерді жылжыту мен
ескірген қызметтерді есепке ала отырып, қызметтерді өткізу және өндіру
бойынша кешенді қызметтi ұйымдастыру. Бұл міндеттің шешімі келесі
маркетингтің арнайы қызметтерімен толықтырылады:
• Қызметтер рыногын зерттеу және зерттеу нәтижелеріне талдау жасау;
• Қызметтерге деген тұгынушылардың сұраныстарын және әлуетті сұраныстарын
анықтау;
• Қызметтерді өткізу және өндірісті жоспарлау;
• Баға саясатын жасау;
• Қызметтер саласындағы кәсiпорынның имиджiн қалыптастыру.
Қызметтерді жобалауда маркетологтар келесі факторларды ескеруі қажет:
• негізінен қызмет көрсететін кәсіпорынның орналасуы тұтынушылардың
орналасуына байланысты анықталады;
• клиенттердің қажеттілігі мен қалауы әдетте тиімділікті ойлаудан бұрын
болуы мүмкін;
• жұмысты календарлық жоспарлау негізінен тұтынушыға байланысты;
• қызметтердің сапасын анықтау және өлшеу қиындыққа соқтырады;
• жұмысшылар тұтынушылармен тіл табыса алуы керек;
• өндірістік күштер әдетте тұтынушылардың жоғары сұранысы арқылы
есептеледі;
• жұмысшылардың еңбек тиімділігін өлшеу қиын, өйткені төменгі өнімділік
қызметкерлердің жаман жұмысы салдарынан емес, тұтынушылық
сұраныстың болмауынан болуы мүмкін;
• қызмет көрсету аясында істейтін кәсіпорындар бірдей болмайды
(авиакомпниялардан басқасы);
• кейде қызметтер аясында маркетинг пен өндірісті бөлу қиындыққа
соқтырады[18].
Туризм менеджері (ағылшынша manager – басқарушы) – жалдамалы
басқарушы, өндірісті ұйымдастырушы маман. Менеджер жан-жақты сауатты болып,
ішкі және сыртқы рынокты жақсы білуі керек. Ол үшін рынокқа
қандай тауар қажет, көпшілік сұранымына сәйкес қандай өнімдер керек, қай
жерде қандай тауарлар өтімді, тауарлар мен өнімді сатып
алушы клиенттердің мүмкіндігі мен қаржы жағдайы қандай деген мәселелерді
анықтап отырады.
Менеджер-ең көп тараған кәсіптің бірі. Бұл-басқарумен, экономикамен
шұғылданатын, заң және басқа да мәселелерді жақсы білетін кез келген адам.
Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез келген адам да менеджер.
Барлық менеджерлер үшін, олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ қызмет
міндеті болады.
Біріншіден, менеджер іскер кәсіпорынның мақсатын орындайды, сол
мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ойластырады, адамдарға нақты
міндеттер жүктей отырып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Екіншіден, менеджер ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды жүйелеп, бөледі,
қажетті ұйымдық құрылымды құрады, басшы жұмыскерлердің тиісті құрамын
іріктейді т.б.
Үшіншіден, менеджер көтермелеу шараларын қамтамасыз етіп, адамдармен
тығыз байланыс орнатады. Ол ұжымды (коллективті) өз ісіне жауапкершілікпен
қарайтын адамдармен құрады: бұл үшін қолда бар барлық мүмкіндікті-сыйлық
беру, наградтау, жоғары қызметке тағайындау шараларын пайдаланады. Менеджер
ұжымдағы барлық адамдармен тіл табысып, тұрақты байланыс орнатады.
Төртіншіден, менеджер ұйымның іс-әрекетін талдайды, нормалауды
белгілейді, кәсіпорында жұмыс істейтін барлық адамдардың жұмысын бағалайды.
Бесіншіден, менеджер адамдардың қызмет жағынан кемелденіп, жоғарылауын
қамтамасыз етеді. Адамдардың мамандығының жетілдірілуі де, қызмет жағынан
жоғарылап, не төмендеуі де, ұжым бірлігінің нығаюы, не берекесізденуі де
менеджер жұмысына байланысты[20].
Туристік саланың менеджерлері туристік оператор және туристік агенттік
менеджерлері болып екіге бөлінеді.
Туристік операторлық компанияларда жұмыс iстейтiн менеджерлер келесідей
қызметтер атқарады:
- турлар және маршруттар өндейдi;
- көңiл көтеру шараларын, экскурсиялық бағдарламалар және жоспарларды
құрайды;
- қонақ үйлерде орын брондайды;
- әуе бағыттарына жиі билет сатып алады және чартерлік рейстер
ұйымдастырады;
- туристерді қабылдаушы жақпен келiссөздер жүргiзедi;
- сақтандыру және виза рәсiмдеумен шұғылданады;
- туристік пакеттер құрастырады;
- туристік агенттіктермен келiсiм-шартқа отырады;
- жарнамалау науқандарының өткiзу шараларына қатысады;
- туристерді қабылдаушы жақта даулы жағдайлар пайда болған кезде, сол
жақтың өкiлдермен байланысып, клиенттiң пайдасына қарай әрекет жасап, дауды
шешуге тырысады.
Туристік операторлық компанияда әр қызметкер белгiлi бiр жұмыс
түрлеріне жауап бередi. Мысалы: виза рәсiмдеу, қонақ үйлерде орындар мен
әуе билеттерін брондау, сақтандыру полистерін рәсімдеу секілді басқада
бірнеше қызметтер.
Көптеген аймақтарда туристік агенттіктердің менеджерлерінің атқаратын
қызметтері мен міндеттеріне дайын туристік өнімді сату және клиенттерді
өзіне қарай тарту мен олардың санын көбейтіп, ұстап қалу жатады. Туристiк
агенттiктiң менеджерлерi – клиенттер мен туристік оператор арасын
байланыстырып тұратын негізгі түйін. Туристік агенттіктің менеджерлеріне
тұтынушылар хабарласу арқылы өздеріне қажет барлық мәліметтеріне және
сұрақтарына жауап алады. Туристiк агенттiктiң менеджерлерінің міндеттеріне
жататындар:
- телефон қоңырауларына жауап беру;
- клиенттерге кеңес беру, жекеше және телефон арқылы;
- нарықты зерттей отырып, тұтынушылардың сұраныстарына қарай
туроператорлардан турөнім таңдау;
- туроператорлық компаниялардың менеджерлерiмен қарым-қатынас жасай отырып,
әрекеттесу;
- тұтынушылармен келісім-шарт рәсiмдеу.
Кейбiр туристiк компаниялар агенттiк және операторлық функцияларды
қоса атқарады. Алғашында көптеген туристік фирмалар туристік агенттік
ретінде құрылған болатын. Кейін келе өз өнімдерін өңдеп, шығара бастады.
Осылай нарықта және агенттік, және операторлық туристік компаниялар пайда
болды. Аймақтық туристік агенттіктерінің көпшiлiгі 4-7 қызметкерлерді
құрайтын шағын кәсiпорындар. Мұндай агенттiктердегi қызметкерлер туризм
саласының барлық қызметтер түрлермен шұғылданады. Мұндағы менеджерлер
туристік өнімді білуден бөлек, туристік саланың барлық ресми бөлшектерін:
әуе тарифтерін санай, билеттерді рәсімдей, тұтынушыларды тани, интернет
арқылы брондауды білу, автоматтандырылған басқару жүйелерімен жұмыс iстеуге
икемді болу керек. Туристік агенттіктің жетiстiктерінің негізгі бөлігі –
клиенттерiмен жақсы қарым-қатынаста болудан басталады. Яғни, телефон
қоңырауларына мәдениетті және сауатты түрде жауап беру, агенттікке келген
клиенттерді жылы қарсы алу, саяхатқа барып келген тұтынушылардың қалай
демалғандарын қоңырау шалу арқылы біліп, оларға тағы да өз қызметтерімізді
көрсетуге дайын екенімізді білдіру секілді әрекеттер.

Сурет 3. Туризм менеджері тұтынушыларға телефон арқылы кеңес беруде[21]

Туристік өнімді сату келесi кезеңдерден тұрады:
- клиентпен кездесу;
- клиенттердiң қажеттiлiктерiн iздеп табу;
- туристiк ұсынысты презентациялау;
- клиенттердiң қарсылықтарымен жұмыс, оны көндіру;
- туристік өнімді сату;
- келiсiм қатынастарының рәсiмделуі [22].
Гид (гид-аудармашы) - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік
ресурстармен таныстыру жөнінде туристерге экскурсиялық-ақпараттық,
ұйымдастырушылық қызмет көрсететін, кәсіби даярлықтан өткен жеке тұлға.
Кейбір гидтер бірнеше тілді меңгерген маманадар болып табылады.
Сондықтан көп жағдайда гидтер шетелдік туристер үшін аудармашылық
қызметтерді де ұсынады. Гид-аудармашы туристік және экскурсиялық топқа
жетекшілік етеді. Экскурсанттарды экскурсия болатын жерге жеткізу секілді
қызметтерді атқарады. Туристік орталық жайлы барлық мәліметтерді гидтерден
сұрап білуге болады.
Гидтің бойында басқарушылық және ұйымдастырушылық қасиеттер болуы тиіс.
Себебі гид туристік топтың уақытша басқарушысы. Топты өз айтқандарына
тыңдатып, топта тәртіптің болуын қадағалау сияқты әрекеттер гидтің мойнына
жүктеледі. Гидтің ұйымдастырушылық қасиеті оның топты уақытлы жинау,
экскурсия алаңына уақытында апару, топтан ешкімнің қалып қалмауын
қадағалап, топ қай уақытта, қай жерде, қаншада жиналады секілді
ақпараттармен қамтамасыз етіп отыру сияқты істердің нәтижесінде байқалады.
Гид әр түрлі адамдармен жұмыс жасағандықтан, әрқайсысының көңілінен
шыға білу керек. Туристік топ арасындағы келіспеушіліктер мен конфликтерді
шеше білуі тиіс. Экскурсия немесе ұзақ жол барысында шаршаған туристерге
қызықты оқиғалар мен қалжыңдар айтып беріп отырса, туристердің көңілін бір
сейілтер еді. Сондықтан көп туристер көңілді және мінездері ашық гидтерді
таңдап жататын кездері бар.
Экскурсовод - бұл процесстiң жетекшiсi, бiлiктi маманы болып табылады,
иемденушi кәсiби ұста. Экскурсоводтар бiр-бiрiнен бiлiмдерінің нақтылы
мамандық салалары бойынша айырмашылығы болады және сол уақытта олардың
барлығы мұндай сұрақтарда бірдей, экскурсиялардың жүргiзу әдiстемесiнiң
бiлiмі сияқты, педагогикалық ұста және таныстыру процессте топқа басшылық
ету. Экскурсоводтың биiк ұстасының негiзi дағдылар, дербес сапалар, абырой
мамандықпен маубастанған өнер-бiлiм болып табылады. Махаббатсыз өз iсiне,
сайланған мамандыққа құрметi шынайы ұста мүмкiн емес. Экскурсоводтың кәсiби
ұстасының әбден жетiлдiруiн процессі шексiз. Ондағы маңызды орын
экскурсиялық теорияның зерттеуi бойынша экскурсоводтың жұмыстарында
орналасады,экскурсияның мәнiнiң түсiнуiне тым тереңiректерi; сезгiштiктiң
дамытуы; оның қолдануының дағдыларын тiлдiң сөндiруi және меңгеру.
Кез келген экскурсиялық мекеменiң маңызды жұмыс шептерi
экскурсоводтардың кәсiби ұстасының тұрақты әбден жетiлдiруi болып табылады.
Осы мақсатпен табыстар үшiн әр түрлi жолдар ұсынылады:
1. оның барлық буындарының әдiстемелiк жұмысты ұйымының жақсартуы:
әдiстемелiк бөлiм, экскурсоводтардың әдiстемелiк секциясының әдiсшiсі,
менеджерлерi, әдiстемелiк кабинет және әдiстемелiк кеңес;
2. сапалы әдiстемелiк құжаттаманың әзiрленуi, дер кезiнде экскурсияның
бақылау мәтiнiне қосымшалар және өзгерiстер енгiзу, экскурсиялық маршруттың
түзетуi қажеттi;
3. ерекшелiктердiң есепке алуымен әңгiме және көрсетудiң әдiстемелiк
қабылдауларын технологияны дамыту сол экскурсиялық тақырып бойынша; 4.
экскурсияның жүргiзу техниканың жан-жақты зерттелуi және ұйымдастыру
сұрақтары;
5. психология, педагогика және логиканың негiздерiмен иелiкпен анықталатын
экскурсияның ұзақтылығы бойынша экскурсоводпен және экскурсанттардың
арасындағы байланысуларды анықтау және сақтау.
Экскурсоводтың кәсiби ұстасы - бұл өнердiң ерекше түрi, белсендi
қолдану қолынан келетiн көрсету және әңгiменiң тiркесiнде құрастырылған;
экскурсовод, экскурсант және экскурсиялық объект мұндай компоненттердiң
өзара әрекеттесудiң қабылдаулары процесске араласу; экскурсияның
жүргiзулерi әдiстемелiк қабылдауларды қолдану; ерекше бiлу және осы
мамандыққа тән дағдылармен иелік ету. Бұл ұстаға практикалық тәжiрибе
қасында тәжiрибелi мамандардан астам, өздерiнiң өзiнде жүрiсте оқиды.
Экскурсоводтың бiлiмдарлығы. Экскурсоводтан ол бiлiмдердiң барлық
салаларына арналған дайындалу және кез келген сұраққа жауап бере алу үшiн
керек болмайды. Білімдарлық экскурсовод деп, 2-3 экскурсия бойынша терең
білімі бар және соның негізі бойынша эквкурсанттардың әр түрлі
категориялары бойынша экскурсия нұсқаларын дайындау, өзінің тақырыбы
бойынша дәріс оқу, тақырыпшаға енетін бір сұрағы бойынша реферат жазу.
Мұндай экскурсоводтар мамандық бойынша әдебиет туралы хабарға қаныққан.
Экскурсоводтың ұстасы иелiктің ажырамастылығы және экскурсиялық теорияның
негiзгi ережелерiн тұрақты қолдануынан тұрады. Экскурсоводтың
бас функциясы - топқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм саласындағы мамандарды даярлаудың теориялық аспектасы
Қазақстан Республикасының туристік кластерін дамытудағы кадр мәселесі
Туризм – бұл халықтың рекрациялық қажеттіліктерін тиімді түрде қанағаттандыратын экономиканың өндірістік емес саласы
Туристік сала мамандарын даярлау тарихы
Қызмет көрсету нарығы
Туризм негіздері - педагогикалық бағыт
Оқыту технологиясы нені қарастырады
Туризмдегі қызмет көрсету мәдениеті
Астананың туристік имиджін дамыту
Қазақстанда ғылыми-техникалық кадрларды дайындау саясаты
Пәндер