Сот сараптамасы бойынша есептер



Сот сараптаманың азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқық саласында пайдаланудың маңыздылығы жыл сайын өсуде. Әсіресе сот сараптамасы қылмыстық құқық саласында, қылмыстық істерді тергеу және ашу кезінде арнаулы білімді қолданудың қажеттілігі туындағанда орын алады. ҚР «Сот сараптамасы туралы» Заңы ең алғаш рет 1997 ж қабылданған, кейін 2010 ж. 20 қаңтарда бірқатар өзгерістері мен толықтырулары бар «Сараптамалық қызмет туралы» Заңы қабылданды. Аталған заң және бірқатар құқықтық нормативті актілер сот-сараптамалық қызметтің қатынастарын реттейді.
«Сот сараптама» пәні, ең алдымен арнайы білімнің сот сараптама нысанында сотөндірісінде қолданудың негізгі жағдайларын, оның ішінде, сот сараптаманың класстары мен түрлерін, ҚР сот сараптама органдары, сараптаманы тағайындаудың тәртібі мен заңды негіздерін және сарапшы қорытындыларының дәлелдеу процесіндегі орны сияқты мәселелерді студенттерге оқытуды мақсат етеді.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін, студенттердің арнайы білімді қолдануға қатысты тәжірбиелік дағдыларын жетілдіру қажет. Ол үшін студенттер әр түрлі сараптамаларды тағайындау туралы қаулыларды толтыру, сарапшылардың қорытындыларын анализдеу және берілген фабулаларға сәйкес, есептерді шығару қажет.
Аталған оқу әдістемесі келесі схема бойынша құрастырылған: ең алдымен жеке сараптамалар бойынша, сабақтардың мақсаты мен жоспарлары берілген, сол сияқты, бақылау сұрақтары және фабулаларға қатысты есептер құрастырылған. Бұл есептер бойынша, студенттер қаулы немесе ұйғарым толтыру қажет. Бірнеше есепті алдын-ала ауызша шығарып, фабуланы қарастыру кезінде соттың, прокурордың және тергеушінің болжауларын тексеріп, қандай сараптаманы тағайындау қажеттілігін, қандай сұрақтарды қаулы немесе ұйғарымда көрсету және қандай материалдарды сараптамаға жіберу керектілігін анықтау болып табылады.
Есептерді оқу процессінде лабораториялық және СӨЖ сабақтарында қолдануға болады.
Сонымен қатар, оқу әдістемесінде сот сараптамасын тағайындау туралы қаулылар мен ұйғарымдардың үлгілері көрсетілген. Студенттерге тапсырма ретінде, аталған процесуалды құжаттардың ҚР ҚІЖК 242,245,246 баптары, ҚР АІЖК 91бабына, Сот сараптамалық қызмет туралы Заңға және әр сот сараптамасының түрі бойынша әдістемелік талаптарға сәйкес жасалғандығын тексеру қажеттілігін тапсырма ретінде ұсынып отырмыз.
Оқу әдістемесі, студенттердің сарапшының қорытындысын анализдеу тапсырмасымен аяқталады.
Барлық аталған тапсырмаларды жазбаша орындау дұрысырақ, өйткені процесуалды құжаттарды дайындаудың дағдыларын меңгеру қажет.
1. Қазакстан Республикасынын Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл
2. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы
3. Қазақстан Республикасындағы Заңы Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметi туралы , 20.01.2010 жыл
4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi N 167 Кодексi
5. Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексi Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N 206 Кодексi
6. Сот сараптамасы қызметiн лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 18 маусымдағы N 504 Қаулысы
7. Сот сарапшысы бiлiктiлiгiн беру үшiн бiлiктiлiк емтиханын тапсыру ережесiн, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi аттестациялық комиссиясының сот сарапшыларын аттестациялау ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң 2005 жылғы 5 тамыздағы N 214 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2005 жылғы 11 тамызда тiркелдi. Тiркеу N 3784 "Заң газетi" 2005 жыл 16 қараша N 148(772)
8. Исаев А.А. Теоретические и правовые проблемы применения специальных познаний для квалификации преступлений. Алматы: «Жеті жарғы», 1999.-240с.
9. Бычкова С.Ф. Организация назначения и производства суд.экспертиз. Алматы: «Жеті жарғы» 1999
10. Шакиров К.Н. Судебная экспертиза.Учебно-практическое пособие в схемах.Алматы: ВШП «Эділет», 1998.-48с.
11. Бычкова С.Ф., Бычкова Е.С., Калимова А.С. Сот экспертологиясы. Алматы Жеті Жарғы 2006

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 144 бет
Таңдаулыға:   
Тапалова Р.Б. Мергембаева Н.Б.

СОТ САРАПТАМАСЫ БОЙЫНША ЕСЕПТЕР

Алматы 2012 ж.
Кіріспе

Сот сараптаманың азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқық саласында
пайдаланудың маңыздылығы жыл сайын өсуде. Әсіресе сот сараптамасы қылмыстық
құқық саласында, қылмыстық істерді тергеу және ашу кезінде арнаулы білімді
қолданудың қажеттілігі туындағанда орын алады. ҚР Сот сараптамасы туралы
Заңы ең алғаш рет 1997 ж қабылданған, кейін 2010 ж. 20 қаңтарда бірқатар
өзгерістері мен толықтырулары бар Сараптамалық қызмет туралы Заңы
қабылданды. Аталған заң және бірқатар құқықтық нормативті актілер сот-
сараптамалық қызметтің қатынастарын реттейді.
Сот сараптама пәні, ең алдымен арнайы білімнің сот сараптама
нысанында сотөндірісінде қолданудың негізгі жағдайларын, оның ішінде, сот
сараптаманың класстары мен түрлерін, ҚР сот сараптама органдары,
сараптаманы тағайындаудың тәртібі мен заңды негіздерін және сарапшы
қорытындыларының дәлелдеу процесіндегі орны сияқты мәселелерді студенттерге
оқытуды мақсат етеді.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін, студенттердің
арнайы білімді қолдануға қатысты тәжірбиелік дағдыларын жетілдіру қажет. Ол
үшін студенттер әр түрлі сараптамаларды тағайындау туралы қаулыларды
толтыру, сарапшылардың қорытындыларын анализдеу және берілген фабулаларға
сәйкес, есептерді шығару қажет.
Аталған оқу әдістемесі келесі схема бойынша құрастырылған: ең алдымен
жеке сараптамалар бойынша, сабақтардың мақсаты мен жоспарлары берілген,
сол сияқты, бақылау сұрақтары және фабулаларға қатысты есептер
құрастырылған. Бұл есептер бойынша, студенттер қаулы немесе ұйғарым толтыру
қажет. Бірнеше есепті алдын-ала ауызша шығарып, фабуланы қарастыру кезінде
соттың, прокурордың және тергеушінің болжауларын тексеріп, қандай
сараптаманы тағайындау қажеттілігін, қандай сұрақтарды қаулы немесе
ұйғарымда көрсету және қандай материалдарды сараптамаға жіберу керектілігін
анықтау болып табылады.
Есептерді оқу процессінде лабораториялық және СӨЖ сабақтарында
қолдануға болады.
Сонымен қатар, оқу әдістемесінде сот сараптамасын тағайындау туралы
қаулылар мен ұйғарымдардың үлгілері көрсетілген. Студенттерге тапсырма
ретінде, аталған процесуалды құжаттардың ҚР ҚІЖК 242,245,246 баптары, ҚР
АІЖК 91бабына, Сот сараптамалық қызмет туралы Заңға және әр сот
сараптамасының түрі бойынша әдістемелік талаптарға сәйкес жасалғандығын
тексеру қажеттілігін тапсырма ретінде ұсынып отырмыз.
Оқу әдістемесі, студенттердің сарапшының қорытындысын анализдеу
тапсырмасымен аяқталады.
Барлық аталған тапсырмаларды жазбаша орындау дұрысырақ, өйткені
процесуалды құжаттарды дайындаудың дағдыларын меңгеру қажет.

Модуль 2. Ерекше бөлімі.

Модуль 2. Сараптамалардың жеке түрлерін материалдарды дәлелдеу, тағайындау,
дайындау кезіндегі мүмкіндіктері.

Тақырып: Қолжазбатану сараптамасы.
Сабақтың мақсаты:
• Сот-қолжазбатану сараптамасын тағайындаудың негізгі жағдайларының
теориясы мен тәжірбиесін түсіну мен бекіту.
• Сот-қолжазбатану сараптамасын тағайындау кезінде, қаулылар мен
ұйғарымдарды құрастыру дағдыларын меңгеру.
• Сот-қолжазбатану сараптамасының көмегімен мән-жайларды анықтауға
қатысты, болжаулар құрастыру мен тергеу жағдайларын анализдеуге
қатысты дағдыларды меңгеру.
• Сот-қолжазбатану сараптамасын тағайындауға материалдарды дайындау
дағдысын меңгеру (азаматтық және қылмыстық істер).

Сабақтың жоспары:
1. қолжазбатану сарапшы нәтижелерінің нысанына және сот- қолжазбатану
сараптамасының мүмкіндіктерінің теориялық білім негіздерін бекіту –
сұрау жүргізу.
2. сот-қолжазбатану сараптамасын тағайындау мен материалдарды дайындаудың
теориялық білім негіздерін бекіту – сұрау жүргізу.
3. сот-қолжазбатану сараптамасының мұрағаттағы қорытындыларымен танысу,
олардың мазмұның анализдеу және сарапшы қорытындысын бағалау (10
сарапшы қорытындысынан кем емес).
4. сот-қолжазбатану сараптамасын тағайындаудың тәжірбиелік және
процесуалды сұрақтарын талқылау.
5. тапсырмаларды жазбаша орындау – қаулы толтыру (10 есептен кем емес).

Бақылау сұрақтары:
1. криминалистикалық техника саласындағы сот қолжазбатану және сот-
қолжазбатану сараптамасының қандай өзара байланысы бар;
2. қолжазбатануда және сот-қолжазбатану сараптамасында қандай объектілер
зерттеледі;
3. сот- қолжазбатану сараптамасының ғылыми негізін не құрайды;
4. қолжазбаның жекелігіне (индивидуальность) және жазудың өзгеруіне қандай
факторлар әсер етеді;
5. сот- қолжазбатану сараптамасының қандай мүмкіндіктері бар;
6. қандай каегориялы істер бойынша сот- қолжазбатану сараптамасы, әдетте
тағайындалады;
7. сарапшының алдына қойылатын идентификациялық сұрақтар;
8. сарапшының алдына қойылатын идентификациялық емес сұрақтар;
9. идентификациялық сараптама тағайындалған кезде жіберілетін материалдар;
10. идентификациялық емес сараптама тағайындалған кезде жіберілетін
материалдар;
11. еркін, салыстырмалы және шартты-еркін үлгілердің ұғымын не құрайды;
12. еркін үлгілерді алудың тәртібі, оларды азаматтық және қылмыстық істер
бойынша алудағы ерекшеліктері бар ма (процесуалдық айырмашылығын
атаңыздар);
13. салыстырмалы үлгілерді алудың тәртібі, оларды азаматтық және қылмыстық
істер бойынша алудағы ерекшеліктері бар ма (процесуалдық айырмашылығын
атаңыздар);
14. сараптамаға жіберілетін үлгілерге қандай талаптар қойылады;
15. үлгілердің қайсысы жоқ болған жағдайда, сарапшы сараптама жүргізуден
бас тарта алады;
16. кім және қандай мәліметтер туралы сарапшыға хабарлау қажет;
17. қолжазбатану сарапшы қорытындысының ғылыми негізділігі мен толықтылығы
нені білдіреді;
18. зерттеу барысының нәтижесінде сарапшымен қандай нәтиже беріледі;
19. сарапшының қандай нәтижесі іс бойынша дәләлдемелік маңызға ие;
20. қайталама және қосымша сараптаманы тағайындау үшін қажетті негіздер.

Тексеру үшін тестер.
1. Қолжазбатану сараптамасының объектілерін көрсетіңіздер
a) тазалау белгілері бар құжаттар
b) қолмен жазылған жазбалар
c) принтер арқылы басылған жазбалар
d) құжаттардың көшірмесі
e) құжаттардың бланкілері
2. Қолжазбатану сараптамасының объектілерін көрсетіңіздер
a) құжат
b) қолмен жазылған жазбалар, әріптердің басылуы
c) принтер арқылы басылған мәтін
d) ойып жасалған қалып (клише)
e) ақшалай белгілер
3. Қолжазбатану сараптамасының объектілерін көрсетіңіздер
a) техникалық құжат
b) қарт адаммен жазылған қолжазбалар
c) жарылғыш заттар
d) жаппай өндіріс бұйымдары
e) құжаттардың бланкілері
4. Қолжазбатану сараптамасының объектілерін көрсетіңіздер
a) қағаздар
b) принтер арқылы басылған мәтін
c) мөр таңба
d) қол қою таңбасы
e) өңделу (травления) белгілерімен жазылған құжат
5. Қолжазбатану сараптамасының объектілерін көрсетіңіздер
a) қосылып басылған белгілері бар құжаттар
b) психикалық ауыру адаммен жазылған қолжазбалар
c) сия, паста
d) көшірмелеуіш аппарат (ксерокстер)
e) кассалық чектер
6. Қолжазбатану сараптамасының объектілерін көрсетіңіздер
a) өңделу (травления ) белгілерімен жазылған құжат
b) қол қою таңбасы
c) кітаптар
d) қалам, қарандаш
e) құжаттардың бланкілері
7. Төменде көрсетілген сараптамалардың қайсысында ауыру адамның қолы
зерттеледі
a) сот-авторлық
b) сот-баллистикалық
c) сот-тауарлық
d) сот-қолжазбатану
e) трасологиялық
8. Сұрақтардың қайсысы қолжазбатану сарапшының құзыреттілігіне жатпайды
a) Бүгін... деген қолжазба А. мен немесе басқа тұлғалармен жазылған ба ?
b) А. азаматынын атынан қолхатта қол қою азамат А. мен немесе басқа
тұлғалармен жазылған ба ?
c) кіммен оң жеті мың... деген жазба өсиетте басылған ?
d) кұжаттағы 2561789 деген сандық жазбаны азамат К. немесе басқа біреу
орындады ма ?
e) Өтінемін... жазуы бар қолхат сезікті К-ның оң немесе сол қолымен
жазылған ба ?
9. Сұрақтардың қайсысы қолжазбатану сарапшының құзыреттілігіне жатады
a) Акбаровтың атынан жазылған қолхаттағы қол қою таңбасы Акбаровтың өзімен
немесе басқа тұлғалармен орындалған ба ?
b) Акбаров А. немесе басқа тұлғалар құжаттың мәтінің құрастырды ма ?
c) құжаттар бір әдіспен жасалған ба ?
d) құжаттың бланкісі қандай әдіспен жасалған ?
e) бір принтер арқылы құжаттың мәтіні шығарылған ба ?
10. Сұрақтардың қайсысы қолжазбатану сарапшының құзыреттілігіне жатпайды
a) сезіктінің пәтерінде алынған құжат жалған ба ?
b) қол қою таңбасы әдейі өзгертіліп орындалған жоқ па ?
c) қолжазба белгілі бір тұлғаның жазуына ұқсатылып жазылған жоқ па ?
d) өсиеттегі қол қою таңбасы әдеттегі емес жағдайда орындалған жоқ па ?
e) қолхат ауыру, мас немесе наркотикалық затты қабылдау күйінде жасалған
жоқ па ?
11. Сұрақтардың қайсысы қолжазбатану сарапшының құзыреттілігіне жатпайды
a) қолжазудың мәтіні орындаған тұлғаны теңдестіру үшін сараптама жүргізуге
жарамды ма ?
b) берілген мәтінің сөздері мен сандары басқа тұлғамен орындалған жоқ па ?
c) зерттеліп отырған құжаттың мәтіні немесе қол таңбасын орындаған адамның
жынысы қандай ?
d) қолжазбаны (қол қоюды) орындаған тұлға қандай күйде болды ?
e) азамат К-ның ар-намысына, ар-ожданына нұқсан келтіретін сөйлемдер
мәтінде бар ма ?
12. Сұрақтардың қайсысы қолжазбатану сарапшының құзыреттілігіне жатады
a) мәтін оң немесе сол қолмен орындалған ба
b) құжаттағы жазбалар өзгертілген жоқ па
c) берілген мекеменің мөрімен құжатта мөрдің баспа таңбасы қойылған ба
d) құжаттың бланкісінде қол саусақ іздері қалған ба
e) құжатта фотосурет қайта жабыстырылған ба
13. Қолжазбаларды зерттеу үшін қолжазбатану сараптамасына қандай
маериалдардар жіберу қажет
a) зерттеліп отырған құжат
b) қолжазбаның салыстырмалы үлгілері
c) зерттеліп отырған құжат, қолжазбаның салыстырмалы және еркін үлгілер
d) құжат, қол қою таңбасының еркін және салыстырмалы үлгілері
e) қолжазбаның еркін үлгілері
14. Сезіктінің қол қоюын зерттеу үшін қолжазбатану сараптамасына қандай
маериалдарды жіберу қажет
a) зерттелетін құжат
b) қолжазбаның салыстырмалы үлгілері
c) құжат, қолжазбаның еркін және салыстырмалы үлгілері
d) құжат және қолжазбаның еркін үлгілері
15. Өлудің алдында жазылған қолхатты зерттеу үшін қолжазбатану
сараптамасына қандай материалдарды жіберу қажет
a) зерттелетін қолхат
b) жәбірленушінің қолжазбасының салыстырмалы үлгілері
c) қолхат, жәбірленушінің қолжазбасының еркін және салыстырмалы үлгілері
d) қолхат, жәбірленуші қолының еркін және салыстырмалы үлгілері
e) зерттелетін құжат, қолдың еркін үлгілері

Есептер.
Төменде көрсетілген есептер бойынша студенттер қаулы немесе ұйғарым
толтырыңыздар. Бірнеше есепті алдын-ала ауызша шығарыңыз. Фабуланы
қарастыру кезінде соттың, прокурордың және тергеушінің қандай болжауларын
тексеру мақсатында қолжазбатану сараптамасын тағайындау қажет, қандай
сұрақтарды қаулы немесе ұйғарымда көрсету керек және қандай материалдарды
сараптамаға жіберу қажет, қандай қосымша материалдар мен ақпараттар керек,
кешенді сараптама жүргізу қажет па және қандай сарапшылардың қатысуымен
берілген сұрақтар шешіледі.

1 Есеп.
Азамат Ахметова тұратын Брусиловский 6 мекен-жайындағы пәтерге ұрлық
жасалды. Ұрлық кезінде 25 млн. тенге көлемінде материалдық құндылықтар
ұрланды. Тергеу барысында, ұрлықты бір топ адамдар жасағандығы:
ТезекбаевА.,Чупиев К., Арбатов М., анықталды. Қылмыс бойынша жетектеуші
(наводчица) Шаяхметова А., болған. Шаяхметова А., А. Ахметованың пәтерінде
қонақта болған және А. Тезекбаевтың туысы болып келеді. А. Тезекбаевтың
пәтеріне тінту жүргізген кезде Брусиловский көшесі 6 үй) деген қолхат
табылды.
1. Қандай сараптама және қандай сұрақтарды шешу үшін тағайындалуы қажет ?
2. Сараптаманы тағайындау кезінде қандай материалдар сараптамаға жіберілуі
қажет ? Қандай сұрақтар сараптаманың алдына қоюлуы керек?
3. Қандай тергеу әрекеттері арқылы субъектілердің қолжазбаларын теңдестіру
үшін еркін үлгілер алынады ?
4. Субъектілердің қолжазбаларын теңдестіру үшін салыстырмалы үлгілердің
алу тәртібі қандай ?
5. Қандай үлгілер болмаса сараптама жүргізілмейді ?

2 Есеп.
Азаматша Лобанова Ф. өзінің пәтерінде дарға асылу күйінде табылды.
Мәіттің қасында көк сиямен жазылған қолхат табылды, оның мазмұны мынадай:
Менің өлімімде ешкімді .... Оқиға болған жерді қарау кезінде, ешқандай
жазу құралдары табылған жоқ.
1. Қандай сарапатама және қандай болжауларды тексеру үшін тағайындалуы
қажет ?
2. Аталған жағдайға қатысты сараптама тағайындау барысында қандай
материалдар сарапшыға жіберілуі керек ?
3. Сарапшының алдына қандай сұрақтар қоюлуы қажет ?

3 Есеп.
Азамат Бероевтың пәтерін тінту кезінде, басқа заттай дәлелдемелермен
қатар бүгілген қолхат табылды, қолхатта: Сіздер мені білесіздер... деген
сөзбен басталып, ... мылжырамай сақ болыңыздар деген сөзбен аяқталады.
Қолхат қара сиямен жазылған. Бероев кәсіпкер М.Кулиев пен П.Сулейменовадан
ақшаны қорқытып алу қылмысы бойынша айыпталған.
1. Қандай сарапатама және қандай мән-жайларды тексеру үшін тағайындалуы
қажет ?
2. Сараптаманы тағайындау кезінде қандай материалдар сараптамаға жіберілуі
қажет ? Қандай сұрақтар сараптаманың алдына қоюлу керек ?
3. Азамат Бероевтың қолжазбасының салыстырмалы үлгісін алудың тәртібі
қандай ?
4. Берілген фабулаға сәйкес теңдестірілу объектісін анықтауға қатысты
қандай сараптама тағайындалу қажет ?

4 Есеп.
Қылмыскерлер Г. Ломов пен К.Бутыринге кәсіпкерлер К.Никитин мен
М.Егоровтың 5 млн. АҚШ доллар мөлшерінде несие алу туралы ақпарат белгілі
болды. Несиенің мақсаты Екатеринбург ұн комбинатына Қазақстаннан ірі
партиялы бидай сатып алуға бағытталған. Қылмыскерлер Қостанай облысының
элеваторының директоры К., бухгалтер Л., технолог М., алдын-ала қылмыстық
сөз байласты. Келген кәсіпкерлер К.Никитин мен М.Егоровке Г.Ломов пен
К.Бутырин №2 элеватордың әкімшілігінің өкілі ретінде танысты. Оларға
бидайдың сапасын көрсетіп, кәсіпкерлермен 5млн. АҚШ соммасына сатып және
сатып алу шартына отырды. К.Никитин мен М.Егоров ештенеге күдік келтірмей
2,5 млн. сомманы алдын-ала төлеп ешқандай бидайды алмайды. Тергеу
әрекеттері мен жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру кезінде, №2
элеватордың технологы Л. Штернді ұстайды, ол өзіне мәлім болған барлық
белгілі мән-жайларды айтып береді. Қылмыскерлер Г. Ломов пен К.Бутыринді
тергеу органдары ұстайды, бірақ қылмысқа қатысушылар директоры К. өзінің
отбасымен АҚШ-қа сапар шегіп, ал бухгалтер Л. өз жан-ұясымен Германия
мемлекетіне кетіп қалады.
1. Қандай сарапатама және қандай мән-жайларды тексеру үшін тағайындалуы
қажет ?
2. Сараптаманы тағайындау кезінде қандай материалдар сараптамаға
жіберілуі қажет ? Қандай сұрақтар және қандай субъектілерге қатысты
сараптаманың алдына қоюлу керек ?
3. Қандай тергеу әрекеттері арқылы субъектілердің қолжазбаларын теңдестіру
үшін еркін үлгілер алынады ?
4. Қандай тергеу әрекеттері арқылы субъектілердің қолжазбаларын теңдестіру
үшін салыстырмалы үлгілер алынады ?

5 Есеп.
К.А.Махмутова сотқа сатып-сатып алу шартын заңсыз деп тануға қатысты
талап арызын берді. Өз талап арызын талапкер өзінің анасының №48142
жекешелендіру шартының негізінде Байзаков 183 көшесінде орналасқан пәтерге
үлестік құқығы бар болуымен негіздейді. Басқа үлесі Р.А.Итыбаеваға, апайы
К.А.Махмутоваға жатады. 1996 жылы анасының өсиеті бойынша өз үлесін
К.А.Махмутоваға қалдырады. К.А.Махмутова РМК Жылжымайтын мүлік
орталығына келгенде 21 қыркүйекте 2001 жылы К.А.Махмутованың анасы пәтерді
Р.А.Итыбаеваға сатты. 2001 жылдың басында анасы инсульт ауруына
шалдықандықтан өзінің пәтерге үлесін сата алмады және сатып алу шартына өзі
қол қоя алмады.
Шарт қазіргі уақытта Р.А.Итыбаеваның апайысында, ол К.А.Махмутованы анасына
жолатпайды.
1. Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы
қажет ?
2. Сараптама тағайындау кезінде қандай құжаттар мен материалдар сарапшыға
жіберілуі қажет ?
3. Қандай сот әрекеттері арқылы субъектілердің қолжазбаларын теңдестіру
үшін еркін үлгілер алынады ?
4. Азаматтық іс жүргізу заңына сәйкес, субъектілердің қолжазбаларын
теңдестіру үшін салыстырмалы үлгілер алыну тәртібі қандай ?
5. Сараптамаға қажетті материалдар мен қолжазбаның еркін үлгілерін беруден
бас тарту тәртібі азаматтық іс жүргізу заңына сәйкес қалай реттеледі ?

6 Есеп.
Азаматша С. Раимова П.Кирилловтен 250 мың тенгені алу туралы сотқа
талап арызын береді. Өзінің арызын Раимова жауапкердің қарызды қайтару
қолхатымен және куәгер Абишовадан жауап алу сұранысын қанағаттандырумен
негіздейді. Жауапкер қолхатты жазғандығын мойындаған жоқ, өйткені қолхат
жазылған мерзімде өндірісте екі саусағының фалангісін сыңдырып алғандығы
туралы қалалық аурухананың трамватологиялық бөлімінің хирургінің анықтамасы
бар болуымен дәлелдейді.
1. Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы
қажет ?
2. Сараптама тағайындау кезінде қандай құжаттар мен материалдар
сарапшыға жіберілуі қажет ? Қандай сұрақтар және қандай субъектілерге
қатысты сараптаманың алдына қоюлу керек ?
3. Қандай сот әрекеттері арқылы субъектілердің қолжазбаларын теңдестіру
үшін еркін үлгілер алынады ?
4. Қандай тәртіппен субъектілердің қолжазбаларын теңдестіру үшін
салыстырмалы үлгілер алынады ?
5. Сараптамаға қажетті материалдар мен қолжазбаның еркін үлгілерін беруден
бас тарту тәртібі азаматтық іс жүргізу заңына сәйкес қалай реттеледі ?

7 Есеп.
Азаматша А.Г.Полуянова нотариус М.Икрамоваға жекешелендіру шартын
заңсыз деп тану арызымен сотқа шағымданды. Арыздың мазмұны келесіде:
Барибаева 15 көшесінде орналасқан 2 пәтерді жекешелендіру кезінде ол
Г.И.Полянованың пайдасына жекешелендіруден бас тартқан жоқ,
жекешелендіруден бас тарту арызында және нотариустың тіркеу журналына
А.Г.Полуянов қол таңбасын қойған жоқтығын айтты.
1. Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы
қажет ?
2. Сараптама тағайындау кезінде қандай құжаттар мен материалдар
сарапшыға жіберілуі қажет ? Қандай сұрақтар және қандай субъектілерге
қатысты сараптаманың алдына қоюлу керек ?
3. Қандай сот әрекеттері арқылы субъектілердің қолжазбаларын теңдестіру
үшін еркін үлгілер алынады ?
4. Қандай тәртіппен субъектілердің қолжазбаларын теңдестіру үшін
салыстырмалы үлгілер алынады ?
5. Сараптамаға қажетті материалдар мен қолжазбаның еркін үлгілерін беруден
бас тарту тәртібі азаматтық іс жүргізу заңына сәйкес қалай реттеледі?

8 Есеп.
ҚР Жоғарғы сотының қадағалау алқасы К.Малахованың талап арызы бойынша,
бұрынғы шешілген сот шешімін өзгертті. Қадағалау алқасының қаулысы бойынша,
бірінші сатылы және аппеляциялық сот қайталама сараптама тағайындау
мүмкіндігін ескерген жоқ. Бірінші сатылы сот талқылауы кезінде,
К.Малахованың талап арызы бойынша, оның апасы С.П.Бурканованың өсиеті
заңсыз, сондықтан қолжазбатану сараптамасы тағайындалды. Сот сараптама
жүргізу барысында, сарапшы Р., алдына түскен материалдарды қарау кезінде
зерттелетін қол таңбасы және С.П.Бурканованың үлгідегі қолының таңбасының
белгілерін бағалау мүмкін еместігін айтты. Сотта сарапшыдан шығарған
қорытындыға қатысты жауап алу кезінде сарапшы зерттеу жүргізу үшін үлгілер
жеткіліксіздігін және сол сарапшының қорытындысына әсерін тигізгендігін
атады.
1. Қандай жағдайларда қайталама сараптама тағайындалады және нақты жағдайда
ол қажет па?
2. Нақты жағдайда сарапшы, қосымша материалдарды талап етуге құқығы болды
ма?
3. Сараптамаға қажетті материалдар мен қолжазбаның еркін үлгілерін беруден
бас тарту тәртібі азаматтық іс жүргізу заңына сәйкес қалай реттеледі?
4. Қайталама сараптама тағайындау кезінде қандай материалдар мен құжаттар
сараптамаға жіберілуі қажет ? қайталама сараптаманың алдына қандай
сұрақтар қоюлуы керек ?
5. Қайталама сараптама тағайындаудың тәртібі қандай ?

9 Есеп.
Алма-Арасан үңгірінде белгісіз мәйітті табу фактісіне қатысты
қылмыстық іс қозғалды. Мәйіт бетімен төмен қарап жатты, аяғы созылған, екі
қолы арқасына қарай байланған. Мәйіттің қасында жаңылған оттың күлдері
қалған. Күлдің арасында қолмен жазылған қолхаттың жаңған бөліктері табылды.
Жан жағында қолмен жазылған жыртылған қағаздар жатты.
Мәйіттің жеке басын тану мүмкіндігі болған жоқ, өйткені мәйіттің беті
бас сүйегі көрінгенге дейін жанып кетті. Дактилоскопиялық тіркеу бойынша
тексеріс ешқандай нәтиже берген жоқ. Бірақ, жәбірленуші сыртқы белгілері
және киім-кешектері бойынша криминалистік тіркеуде тұрған хабар-ошарсыз
кеткен тұлғаларға ұқсас болды. Ата-аналары олардың ұлы К. дачадан келген
жоқтығы туралы арызы болды.
Жәбірленушінің киімі жақсы сақталған, киім-кешегінің қалтасында А-4
форматты төртке бүктелген қолхат табылды.
Оқиға болған жерде табылған қолхаттың бөлшектерінде және
жәбірленушінің қалтасынан табылған қолжазбалардың белгілері бірдей және
бірдей сиямен жазылған.
Ата-аналары ұлдарының қолжазбасын, киімін және денесінің құрылымын
таныды. Тергеу кезінде, бір топ тұлғалардың қылмысқа қатыстылығы туралы
болжаулар жасалды. Олар: С.Михеева, С.Цой, Д.Куприна. Аталған тұлғалардың
пәтеріне тінту жүргізген кезде киімдері, аяқ киімдері қаралды. С.Михеваның
аяқ киімінің табанында қолжазбасы бар қағаздың бөлшегі табылды, қолжазбаның
белгілері және сияның түсі оқиға болған жерде табылғандағыдай. Мөлшері 3,2
см.-4,21 см., қолмен жазылған қолхатты қарау кезінде, тергеуші орыс
алфавиттің барлық әріптері көрініс тапқандығын анықтады.
1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін қолжазбатану сараптамасын тағайындау
қажет ?
2. Сараптама тағайындау кезінде қандай материалдар сарапшыға
жіберілуі қажет ? Қандай сұрақтар сараптаманың алдына қоюлу керек
3. Қандай тергеу әрекеттері арқылы субъектілердің қолжазбаларын теңдестіру
үшін еркін үлгілер алынады ?
4. Қандай сараптама фабула бойынша жыртылған беттерге қатысты
тағайындалады ?

10 Есеп.
Азамат В.Зайцев Джумалиева көшесі, 148, №4 пәтері бойынша жасалған
сатып алу мәмлесін заңсыз деп тануға қатысты сотқа талап арызын берді.
Талап арызында, оның жұбайысы Р.Кошекованы аталған мәмілені белгісіз азамат
И.Пакпен жасауға мәжбүрлеуімен негіздейді. Кейін оның жұбайысы аталған
мәміленің мән-жайлары туралы айтып береді. Мәміле кезінде болған және
олардың пәтерінде уақытша тұрған А.Маметов қорқыта бастады. Қорқыту олардың
ата-анасыз қалған немерелеріне қатысты болды. Р.Кошекова стресс күінде
мәміленің салдарын ойламай нотариус К.Солбаеваның қатысуымен сатып алу
шартына қол таңбасын қояды.
1. Қандай мән-жайларды анықтау үшін қолжазбатану сараптамасын тағайындау
қажет ?
2. Сараптама тағайындау кезінде қандай материалдар сарапшыға
жіберілуі қажет ? Қандай сұрақтар сараптаманың алдына қоюлуы керек ?
3. Қандай сот әрекеттері арқылы Р.Кошекованың қолжазбаларының еркін
үлгілері алынады ?
4. Қандай тәртіппен Р.Кошекованың қолжазбаларының салыстырмалы үлгілері
алынады ?

11 Есеп.
Алатау ауданының өрт бөлімінің инспекторы азамат А. ішкі қызметінің л-
нті Г.Маркушин №142 мектептің директоры М.С.Туякованың өрт туралы жалған
мәлімет беруін 2.03.200... ж. әкімшілік хаттамаға бекітті. КСК Алма
электригіне С.Котовағада ұқсас хаттама тіркеді. Аталған хаттамалардың
негізінде өрт қадағалау мемлекеттік аға инспекторы ішкі қызмет
подполковнигі М.Б.Сыроедов жоғарда көрсетілген тұлғаларды ҚР ӘҚБК-нің 312
б.1б. қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарды. Бірақ,
М.С.Тұяқова оған қатысты хаттама толтыру фактісін мойындаған жоқ және
хаттамадағы қол таңбасын мойындаған жоқ. Азамат С.Котов КСК Алма
штатында тіркелмеген.
1. Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындау қажет
?
2. Сараптама тағайындау кезінде қандай материалдар сарапшыға
жіберілуі қажет ? Қандай сұрақтар сараптаманың алдына қоюлу керек ?

Тақырып: Құжаттардың сот-техникалық сараптамасы (құжаттардың технико-
криминалистикалық сараптамасы).
Сабақтың мақсаты:
• Құжаттардың сот-техникалық сараптамасын тағайындаудың негізгі
жағдайларының теориясы мен тәжірбиесін түсіну мен бекіту.
• Құжаттардың сот-техникалық сараптамасының көмегімен мән-жайларды
анықтауға қатысты, болжаулар құрастыру мен тергеу жағдайларын
анализдеуге қатысты дағдыларды меңгеру.
• Құжаттардың сот-техникалық сараптамасын тағайындау кезінде, қаулылар
мен ұйғарымдарды құрастыру дағдыларын меңгеру.
• Құжаттардың сот-техникалық сараптамасын тағайындауға материалдарды
идентификациялық және идентификациялық емес сұрақтарды шешу үшін
дайындау дағдысын меңгеру (азаматтық және қылмыстық істер).

Сабақтың жоспары:
1. құжаттардың сот-техникалық сарапшының нәтижелерінің нысанына және
құжаттардың сот-техникалық сараптамасының мүмкіндіктерінің теориялық
білім негіздерін бекіту – сұрау жүргізу.
2. құжаттардың сот-техникалық сараптамасын тағайындау мен материалдарды
дайындаудың теориялық білім негіздерін бекіту – сұрау жүргізу.
3. құжаттардың сот-техникалық сараптамасының мұрағаттағы қорытындыларымен
танысу, олардың мазмұның анализдеу және сарапшы қорытындысын бағалау
(10 сарапшы қорытындысынан кем емес).
4. құжаттардың сот-техникалық сараптамасын тағайындаудың тәжірбиелік және
процесуалды сұрақтарын талқылау.
5. тапсырмаларды жазбаша орындау – қаулы толтыру (15 есептен кем емес).

Бақылау сұрақтары:
1. криминалистикалық техника саласындағы құжаттарды сот-техникалық
зерттеу және құжаттарды сот-техникалық сараптамасының қандай
өзара байланысы бар;
2. аталған криминалистикалық салада және құжаттарды сот-техникалық
сараптамасында қандай объектілер зерттеледі;
3. құжаттың реквизиттеріне және материалдарына не жатады;
4. қандай техникалық құралдар құжаттарды сот-техникалық сараптамасының
объектілеріне жатады;
5. қандай құжаттар қатаң есептегі құжаттарға жатады және оларға қойылатын
талаптар;
6. құжаттарды сот-техникалық сараптамасының мүмкіндіктері қандай және
сараптама арқылы шешілетін мән-жайлары қандай топтарға бөлінеді;
7. қандай категориялы істер бойынша құжаттарды сот-техникалық
сараптамасы тағайындалады;
8. реквизиттерді, құжат материалдарын және техникалық құралдарды зерттеу
кезінде идентификациялық мазмұндағы қандай сұрақтар қоюға болады;
9. реквизиттерді, құжат материалдарын және техникалық құралдарды зерттеу
кезінде идентификациялық емес мазмұндағы қандай сұрақтар қоюға
болады;
10. құжаттар бойынша қандай сұрақтар сарапшының құзыреттілігіне жатпайды;
11. құжаттарды дайындау тәсіліне және құжаттардың реквизиттерін өзгерту
мүмкіндігіне қатысты идентификациялық емес сұрақтарды қою кезінде
қандай материалдар сараптамаға жіберіледі (мәтін, қол таңбасы, мөр-
таңбалар, фотосуреттер, құжаттың бланкілері);
12. құжаттардың реквизиттерін дайындау мүмкіндігіне қатысты
идентификациялық сұрақтарды қою кезінде қандай материалдар
сараптамаға жіберіледі (мәтін, қол таңбасы, мөр-таңбалар,
фотосуреттер, құжаттың бланкілері);
13. идентификациялық сұрақтарды қою кезінде үлгілерді алудың тәртібі,
қылмыстық және азаматтық істер бойынша оларды алудың айырмашылығы
қандай;
14. құжаттарды оған сәйкес материалдар (қағаз, бояу, клей) және техникалық
құралдарды (қалам, мөр, принтер т.с.с.) , үлгілерді табу, алу, бекіту
үшін қандай тергеу әрекеттерін жүргізу қажет;
15. құжаттар-заттай дәлелдемелерді қолданудың ережелері қандай;
16. сараптамаға жіберілетін үлгілерге (мөрлер, ойып жасалған қалып, әр
түрлі материалдар) қандай талаптар қойылады;
17. сарапшы қандай жағдайларда сараптама жүргізуден бас тарта алады;
18. идентификациялық сұрақтарды қою кезінде кім және қандай мәліметтерді
сарапшыға хабарлау қажет;
19. сарапшы қорытындысының толықтылығы, ғылыми негізділігі нені білдіреді;
20. зерттеу барысында сарапшымен қандай нәтижелер берілуі мүмкін;
21. сарапшының қандай нәтижесі іс бойынша дәләлдемелік маңызға ие;
22. сарапшының қандай нәтижелері іс бойынша дәлелдеме бола алады;
23. құжаттардың сот-техникалық қайталама сараптама тағайындау үшін қандай
негіздер қажет;
24. құжаттардың сот-техникалық сараптаманың қандай сұрақтарын шешу
барысында кешенді сараптама тағайындалады және қандай сарапшыларды
қатыстырады.

Құжаттардың сот-техникалық сараптама бойынша тестер
1. Құжаттардың сот-техникалық сараптама объектілерінің дұрыс жиынтығын
атаңыз
a) реквизиттер, құжаттардың материалдары
b) құжаттарды дайындау үшін қолданатын реквизиттер, құжаттардың
материалдары, техникалық құралдар
c) құжат, қол таңбалар, жазбалар
d) құжат реквизиттері
e) мөрлер, таңбалар
2. Құжаттардың сот-техникалық сараптама реквизиттерінің дұрыс жиынтығын
атаңыз
a) құжат
b) құжаттың бланкілері, оның мәтіні, мөрдің баспа таңбасы, мөртаңбалар,
қол таңбалары, фотосуреттер
c) қол таңбалары, мәтіні
d) құжаттың бланкісі, қағаз, сия, мөрлер, мөртаңбалар
e) қолмен жазылған жазбалар және қолтаңбалар
3. Құжаттардың сот-техникалық сараптама материалдарының дұрыс жиынтығын
атаңыз
a) құжат реквизиттері
b) бланкінің қағазы, сия, бояу, бланкінің сыртына арналған картон т.с.с.
c) қол таңбалары, жазбалары
d) ойып жасалған қалып (клише), ұяқалып
e) кассалық аппараттар, нөмераторлар, принтерлер
4. Құжаттардың сот-техникалық сараптама техникалық құралдарының дұрыс
жиынтығын атаңыз
a) құжаттарды дайындау үшін қолданылатын реквизиттер, құжаттың
материалдары, құралдар
b) сия, типогрфиялық бояу
c) қалам, басу агрегаты
d) қалам, мөрлер, таңбалар, компьютерлер, ойып жасалған қалып (клише),
ксерокс, принтерлер т.с.с.
e) мәтін, мөрдің баспа таңбалары, мөртаңбалар, фотосуреттер
5. Құжаттардың сот-техникалық сараптамамен зерттелмейтін объектілерді
көрсетіңіздер
a) чектік кітапшалар, аккредитивтер, ақшалай таңбалар
b) төлқұжат, жеке куәлік
c) басу станогі, мөрдің баспа таңбалары
d) тоқымадағы негізгі және қосымша іздер т.с.с.
e) картон, тоқыма жазбалар т.с.с.
6. Құжаттардың сот-техникалық сараптама объектілеріне жатпайтын
объектілерді көрсетіңіздер
a) қағаздар, бояулар
b) клей
c) құжаттың мәтіні
d) жазу машінке
e) папиллярлық өрнектер
7. Құжаттың реквизитіне жататын объектіні көрсетіңіздер
a) картон
b) сиялар
c) қаламдар
d) мөрдің баспа таңбасы
e) кассалық аппарат
8. Құжаттың реквизитін көрсетіңіз
a) типографиялық бояу
b) лауазымды тұлғаның қол таңбасы
c) жазу машінкесі
d) компьютер, принтер
e) құстың жүнінен жасалған қалам
9. Құжаттардың сот-техникалық сараптама объектілеріне жатады
a) қолдың іздері
b) мөрлер, мөртаңбалар
c) гильза
d) гипстік құйма
e) топырақ
10. Құжаттардың сот-техникалық сараптама объектілеріне жатады
a) ақшалай таңбалар
b) құлыптар, пломбілер
c) бұзу құралдары
d) жарылғыш заттар
e) жәбірленуші киімінің талшықтары
11. Құжаттардың сот-техникалық сараптама объектілеріне жатпайтын
объектіні көрсетіңіздер
a) куәландыратын құжаттар
b) тіркеу регистірлері
c) қағаздар, тиографиялық бояулар
d) суық қарулар
e) төлем қағаздары
12. Құжаттардың сот-техникалық сараптама объектілеріне жатпайтын
объектіні көрсетіңіздер
a) таңба нысандары
b) қолжазбалары бар темекінің қорабы
c) патрон
d) сиялар, қаламдар
e) ойып жасалған қалып
13. Құжаттардың сот-техникалық сараптаманың пәніне жатпайтын сұрақтарды
көрсетіңіздер
a) куәліктің бланкісі қандай әдіспен жасалған ?
b) сезіктінің пәтерінен алынған қағаз кепілдік хаттың бланкісін жасау
үшін қолданылды ма ?
c) таңбаның баспа таңбасы қандай әдіспен басылған ?
d) құжаттағы жазбаларды орындаған тұлғаның жынысы?
e) құжаттың мәтінінде өзгерістер бар ма ?
14. Құжаттардың сот-техникалық сараптама пәніне жатпайтын сұрақты алып
тастаңыздар
a) құжаттағы қолды қою кезінде арнайы техникалық құралдар қолданылған жоқ
па ?
b) құжаттағы жазбалар химиялық әдіспен өңделген жоқ па ?
c) шартағы Калижанның қол таңбасы К. өзі немесе басқа адамдармен
қойылған ба ?
d) қызметтік куәлікте фотосурет ауыстырылып жабыстырылған жоқ па ?
e) құжаттың мәтінінде жазбалар қосылып жазылған жоқ па ?
15. Құжаттардың сот-техникалық сараптама пәніне жатпайтын сұрақты алып
тастаңыздар
a) құжаттың беттері ауыстырылған жоқ па ?
b) бір ойып жасалған қалып (клише) құжаттың беттері орындалған ба ?
c) құжаттың мәтінінде өзгерістер бар ма, бар болса оның алғашқы мазмұны
қандай ?
d) сезіктіден алынған металлдан бытыра жасалған ба ?
e) құжаттағы жазбалар қосылып басылған жоқ па ?
16. Құжаттардың сот-техникалық сараптама пәніне жатпайтын сұрақты алып
тастаңыздар
a) бейнепленкаға жазылған дауыс кімге арналған ?
b) жыртылған қағаздың бөлшектері бір бүтінді құрайды ма ?
c) әр түрлі құжаттарда орындалған баспа таңбасы бір мөрмен басылған ба ?
d) ақшалай купюра бір мөр нысанымен басылған ба ?
e) бланкінің жасалу тәсілі қандай ?
17. Құжаттардың сот-техникалық сараптама пәніне жатпайтын сұрақты алып
тастаңыздар
a) сезіктіден алынған бояу 10000 тенгелік купюраны жасауға қолданылды
ма ?
b) сезіктіден алынған кесетін зат кукланы жасауға қолданылған жоқ па ?
c) бояумен жағылған мәтінің мазмұны қандай ?
d) рельеф ретіндегі мәтінің мазмұны қандай ?
e) құжаттың бланкісінде қолдың іздері бар ма ?
18. Өшкен мәтінді анықтау қандай сараптаманың түріне жатады
a) құжаттардың техникалық сараптамасы
b) фототехникалық сараптама
c) қолжазбатану сараптамасы
d) баллистикалық сараптама
e) фоноскопиялық сараптама
19. Жаңдырылған құжаттың бөлшектерінде сақталған мәтіндердің мазмұның
анықтау қандай сараптаманың түріне жатады
a) фоноскопиялық сараптама
b) трасологиялық сараптама
c) биологиялық сараптама
d) құжаттардың техникалық сараптамасы
e) өрт-техникалық сараптама
20. Құжаттардың сот-техникалық сараптама пәніне жатпайтын сұрақты алып
тастаңыздар
a) қандай тәсілмен мөр жасалған ?
b) бөтен кілтпен немесе желбезекпен құлып ашылған ба ?
c) жазбаны жою үшін қандай зат қолданылды ?
d) құжаттағы қолдар бір сиямен жазылған ба ?
e) құжатқа мөрдің баспа таңбасы сол мекеменің мөрімен қойылған ба ?
21. Қандай сараптаманың алдына алғашқы мәтінге қосылып басылған немесе
қосылып жазылған туралы сұрақтар қойылады
a) сот-автортану
b) сот-тауарлық
c) өрт-техникалық
d) құжаттардың техникалық сараптамасы
e) сот-қолжазбатану сараптамасы
22. Құжаттың мәтінің химиялық әдіспен өңделген (травления) косып жазу,
қосып басу сұрақтарын шешу үшін сараптамаға қандай материалдар
жібереді
a) зерттелетін құжат және қаулы (ұйғарым)
b) жазбаның үлгілері және қаулы (ұйғарым)
c) мөрдің баспа таңбасы және қаулы (ұйғарым)
d) қағаз және қаулы (ұйғарым)
e) зерттелетін құжат және жазбаның үлгілері
23. Қолжазбаның штрихін теңдестіру үшін қандай материалдар сараптамаға
жіберіледі
a) қол таңбасының үлгісі
b) сезіктіден алынған қалам, сия және құжаттар
c) жазу машенкісі және зерттелетін құжаттар
d) мөр және зерттелетін құжаттар
e) сезіктіден алынған компьютер, принтер
24. Мөрді теңдестіру үшін сараптамаға қандай материалдар жіберілуі керек
a) зерттелетін құжаттың реквизиттері
b) сезіктіден алынған және түпнұсқалық мөр баспа таңбасы және мөрдің
үлгілері бар зерттелетін құжаттар
c) қаламсап, линолеум т.с.с. тінту кезінде алынған материалдар
d) тінту кезінде алынған мөрдің үлгілері,
e) зерттелетін құжат
25. Қылмыскермен жасалған жалған мөрді дайындау фактісін анықтау үшін
сарапшыға қандай материалдар жіберіледі
a) зерттелетін құжат
b) тінту кезінде алынған мөрдің үлгілері
c) мекеменің мөрінің баспа таңбасы құжаттың үлгілері
d) тінту кезінде алынған мөрлер, құрал-жабдықтар, материалдар
e) тінту кезінде алынған зерттелетін құжаттар мен мөрлер, тінту кезінде
алынған құрал-жабдықтар, материалдар
26. Қылмыскермен қатаң есептегі бланкілер жасалуға қатысты қандай
материалдар сараптамаға жіберіледі
a) зерттелетін құжаттар
b) зерттелетін құжаттар, тінту кезінде алынатын қағаз, мөр нысандары,
бояулар т.с.с.
c) зерттелетін құжаттар, мекеменің тұпнұсқалық мөрі
d) ұстау кезінде алынған құжаттар және түпнұсқалық құжаттардың үлгілері
e) зерттелетін құжат, тінтуде алынған қағаз, мөрдің нысаны, бояулар
т.с.с., түпнұсқалық құжаттардың үлгілері
27. Қылмыскермен құжатта мөрдің баспа таңбасы жалған жасауы туралы
сұрақты шешу үшін сараптамаға қандай материалдар жіберіледі
a) зерттелетін құжат
b) зерттелетін құжат, тінтуде алынған қағаз, мөрдің нысаны, бояулар
т.с.с.
c) зерттелетін құжат, мекеменің түпнұсқалық мөрлері
d) ұстау кезінде алынған құжаттар және түпнұсқалық құжаттардың үлгілері
e) зерттелетін құжат, тінтуде алынған қағаздар,мөрдің нысаны, бояулар
т.с.с. және түпнұсқалық құжаттардың үлгілері

Есептер.
Төменде көрсетілген есептер бойынша студенттер қаулы немесе ұйғарым
толтырыңыздар. Бірнеше есепті алдын-ала ауызша шығарыңыз. Фабуланы
қарастыру кезінде соттың, прокурордың және тергеушінің қандай болжауларын
тексеру мақсатында қандай сараптаманы тағайындау қажет, қандай сұрақтарды
қаулы немесе ұйғарымда көрсету керек және қандай материалдарды сараптамаға
жіберу қажет, қандай қосымша материалдар мен ақпараттар керек, кешенді
сараптама жүргізу қажет па және қандай сарапшылардың қатысуымен берілген
сұрақтар шешіледі.

1 Есеп.
Белгісіз еркек адамның мәйітін қарау кезінде, тергеуші күртешенің
кеуделік қалтасынан нашар көрінетін жазбалары бар бір түйір қағазды тапты.
Табылған қағаз қанмен былғанған. Тергеуші аталған құжатты арнайы
криминалистикалық құралдарды қолдана отырып қарады. Олар – жарық фильтірлер
және электронды-оптикалық көрсеткіштер. Электронды-оптикалық көрсеткіштер
арқылы тергеуші қанмен былғанған жазбаларды көріп оқыды. Табылған қағаз
Уют қонақ жайының түбіртегі болып шықты, онда күні, жылы, қабаттың және
бөлменің нөмері көрсетілген.
Қараудың нәтижесі қарау хаттамасында бекітілді.
Тергеуші өзінің берген нәтижесін айқын деп, технико-криминалистік
сараптама тағайындаудың қажеттілігі жоқ санады.
1. Аталған мән-жайларға қатысты сараптама тағайындаудың қажеттілігі бар ма,
бар болса қандай сараптаманы тағайындау қажет?
2. Сараптама тағайындау кезінде қандай материалдар сараптамаға жіберілуі
керек ?
3. Сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы қажет ?

2 Есеп.
Қоқым-соқым жиналатын жерде ақ жастыққаптыққа (наволочка) оралған жаңа
туылған сәби табылған. Тергеуші ақ қаптықты қарау барысында, онда тігілген
белгіні байқап қалды, бірақ қатты және көп рет жуылудың нәтижесінен ол
белгі қаптықтың басқа бетінен ажыратылған жоқ.
Көрінбейтін ақ қаптықтағы белгіні жедел көру мақсатында тергеуші
криминалистикалық техниканы - электронды-оптикалық көрсеткіштер мен
ультрафиолеттік жарықтықты қолданды. Нәтижесінде, көрінбейтін белгі
орнында бес саннан тұратын жазуды байқайды, бірақ олар қандай сандар
екендігі анықталмайды.
1. Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы
қажет ?
2. Сараптама тағайындау кезінде қандай материалдар сараптамаға жіберілуі
керек ?
3. Сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы қажет ?

3 Есеп.
ЖШС Альтаир мүлкін ұрлауға қатысты қылмыстық істі тергеу барысында
Галантерея дүкеніне жіберілген тоқыма бұйымдардың саны есептік құжатта
бекітілген санның мөлшерінен тым асады, ал есепте тіркелмеген бұйымдарды
сатудан пайда көретін ақшалар ЖШС-ң қызметкерлері мен дүкеннің
қызметкерлеріне беріледі. Ұрлау фактісін жасыру мақсатында бухгалтерия
қызметкерлері құжаттарды жалған ауыстыру (подлог), яғни алғашқы
рәсімделген көліктік жүк құжат тауардың аз мөлшері көрсетілген құжаттармен
алмастырумен айналысқан.
Бухгалтер Нокиннің кабинетіне тінту жүргізу кезінде, қоқсық салатын
шелектен майда бөлшектерге жыртылған құжаттар табылды.
1. Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы
қажет ?
2. Сараптама тағайындау кезінде қандай материалдар сараптамаға жіберілуі
керек ?
3. Сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы қажет ?
4. Қандай тағы да сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін
тағайындалады

4 Есеп.
ЖШС Строймеханизация кассирі Е.Танибергенова ұрлық үшін қылмыстық
жауапкершілікке тартылған. Анықталған жетіспеушілікті азайту мақсатында
кассир тергеушіге келесі құжаттарды ұсынады: К.Машановке қол хат негізінде
350 мың сомма көлеміндегі ақшаны беру туралы К.Симоненко бас бухгалтерінің
бұйрығы (распоряжение), аталған сомманы алу туралы К.Машановтың қол хаты.
К.Машановтың айтуы бойынша, ол шынымен Е.Танибергеновадан аталған
сомманы 2001 жылы емес, ал өткен жылы алғандығын мойындады.
Е.Танибергенованың пәтеріне тінту жүргізілген кезде, К.Машановтың
атынан қойылған қол таңбасы бар төлем құжаты және Центркредитбанктің бас
бухгалтерінің қол таңбасы бар таза бланкісі алынды. Төлем құжаты көк сиямен
орындалған және алдын-ала қаламмен жазылған.
1. Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы
қажет ?
2. Сараптама тағайындау кезінде қандай құжаттар сараптамаға жіберілуі керек
?
3. Бас бухгалтердің бұйрығын (распоряжение), Машановтың қол хатын, төлем
құжаты мен таза бланкіні зерттеу барысында сараптаманың алдына қандай
сұрақтар қойылуы қажет ?
4. Қандай тағы да сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін
тағайындалады

5 Есеп.
К.Нестерук С.Козыревамен отырған шартқа қатысты Алматы қаласында
орналасқан С.Козыреваның пәтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге міндетті.
Сметаға сәйкес, жасалатын жұмыстың соммасы 1 млн. 830 мың тенгені құрайды.
Козерова аталған сомманы төлеуден бас тартты, сол себептен, Нестерук сотқа
талап арызын береді.
Алмалы ауданының соты аталған талапты жартылай қанағаттандырады:
К.Нестеруктың пайдасына 1 млн. 080 мың тенгені өндіріп алды. Сот өзінің
шешімін К.Нестеруктың сапасы төмен құрылыс материалдарын қолданғанымен
негіздейді. Аталған факт куалардың жауабымен айқындалды (С.Козыреваның
туысы). Бірақ, сотта К.Нестерук құрылыс материалдарын сатып алған
дүкендердің чектерін ұсынды. Сонымен қатар, К.Нестерук құрғақ құрылыс
құймаларын сатқан фирмамен отырған шартын ұсынады. Аталған шартта құрылыс
құймаларын жасаудың тәсілі, саны, сапасы туралы мәліметтер көрсетілген.
Құжаттарды қарау барысында, соммасы мен күні жазылған жердің жалған
екендігіне күдік туындады.
1. Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы
қажет ?
2. Сараптама тағайындау кезінде қандай құжаттар сараптамаға жіберілуі керек
?
3. Шарт мен чекті зерттеу кезінде сараптаманың алдына қандай сұрақтар
қойылуы керек ?

6 Есеп.
Джамул коммерциялық банкінің басқару төрағасы Б.Н. Нахманович өзінің
кызметкерлеріне №0535 несиелік авизоны және 3 млрд. 830 млн. 400 мың сомма
көлеміндегі 11.05.1992 жылы №224 бұйрықты (распоряжение) дайындау туралы
тапсырма берді. Мәскеу қаласында Столичный банкінің жетекшісі
А.Я.Смоленский №224 бұйрықты (распоряжение) есепке ала отырып, Ресей
Центробанктің есеп-кассалық бөліміне авизоны жолдады.
Ресей Центробанк Столичный банкісінің корреспондеттік шотына 3 млрд.
830 млн. 400 мың сомма аударды.
Аталған сомма АҚШ долларына конвертацияланып, Б.Н.Нахмановичпен және
А.Я.Смоленскимен өз қалаулары бойынша пайдаланылған.
Джамул коммерциялық банкінің ақшалай қаражатын ұрлауға қатысты
қылмыстық іс қозғалды. Тергеуші, Джамул коммерциялық банкінің құжаттарын
алып, Столичный банкіге сұрау жібереді, Ресей Центробанкісі алынған
құжаттарға қатысты зерттеу үшін үлгілерді сараптамаға жіберді.
1. Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы
қажет ?
2. Сараптама тағайындау кезінде қандай құжаттар сараптамаға жіберілуі керек

3. Нұсқау (распоряжение) мен авизоны зерттеу үшін сараптаманың алдына
қандай сұрақтар жіберіледі ?
4. Қандай тағы да сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін
тағайындалады

7 Есеп.
Сәуір айында 199... Лондон қаласының белгілі бір коммерциялық банкіге
Қазақстан Республикасының екі азаматы П.мен К. жолданды. Олар ҚР Ұлттық
банкісінің кепілдік хатын ұсына отырып, оларға 1,2 млрд. фунт көлемінде
несие беруін сұрады. Бірақ, аталған алаяқтық әрекет бірнеше себептер мен
мән-жайларға қатысты орын алған жоқ. Факс арқылы ҚР Ұлттық банкінен
азаматтар П.мен К. жіберілген растауды қылмыстың қатысушысына емес, ал
басқа лауазымды тұлғаға түсті. Нәтижесінде, қылмыскерлер ұсталынып,
кепілдік хат алынды. П.мен К. пәтеріне тінту жүргізгенде, гербтік мөр мен
Ұлттық Банктің реквизиттері бар таза бланкілер табылды. Ұлттық Банктің
қызметкерлері мен сезіктілерден жауап алынған кезде, алаяқтық әрекеттердің
орын алуына лауазымды тұлғалардың немқұрайлығы себеп болды. Аталған
немқұрайлық лауазымды тұлғалардың ҚР Ұлттық банкінің қатаң есептегі
бланкілер мен гербтік мөрлердің жойылуына бақылау жүргізілмеуінде жатыр.
1. Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы
қажет ?
2. Сараптама тағайындау кезінде қандай құжаттар мен материалдар сараптамаға
жіберілуі керек
3. ҚР Ұлттық банктің кепілдік хаты мен таза бланкілерді және гербтік
мөрлерді зерттеу үшін сараптаманың алдына қандай сұрақтар жіберіледі ?
4. Қандай тағы да сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін
тағайындалады

8 Есеп.
Алматы қаласының белгілі бір базарында сатып алған тауары үшін 10000
тенге купюрасын төлеу барысында азамат К. ұсталынды. Азамат К. ұстау
кезінде, алынған 5 купюрасы номиналы 10000 тенге түсті принтер арқылы
басылғандығы сараптама арқылы анықталды. К. пәтеріне тінту жүргізген кезде,
ешқандай техникалық құралдар мен матералдар табылмады. Азамат К. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық істер бойынша жазбаша дәлелдемелер
Азаматтық процесстегі сот дәлелдемелері
Сот тауартану сараптамасы
Салық консалтингі
Сот сараптамасы туралы криминалистік ілімнің рөлі мен маңызы және оны тағайындау, жүргізу және бағалаудың тактикалық ерекшеліктері
ҚР сот сараптамасы пәнінен лекциялар
Сараптама зерттеулерін қолдану мен жүзеге асыру
Сот сараптамасынын объектілері
Экономикалық қылмыстар және заңсыз банктік қызмет қылмысының жалпы түсінігі мен сипаттамасы
Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдемелер
Пәндер