Қазақстанда спорт және дене тәрбиенің дамуы



Кіріспе

1.1 Қазақстанда спорт және дене тәрбиенің дамуы
1.2 Қазақстан Республикасында спорт дамуы
1.3 Қазақстанда бокс дамуы
1.4 Олимпиада чемпиондары. бокс: Ермахан Ибраев, Бахтияр Артаев тағы басқа алтын медальдарына жеткен чемпиондар
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қазақстанда спорт түрлерінің ішінде бокс жақсы дамыған. Бокс жақсы дамуына байланысты жастарға көп көңіл бөлінеді. Тараз қаласында және де басқа қалаларда бокстан жаңадан спорт кешендері соғылып ашылды, осыған байланысты түрлі-түрлі жарыстар өткізіледі. Бокс спорты дамуына байланысты керекті қаражаттар уақыттылы бөлініп тұрады. Сол себепті шет елдерге барып жаттығуға мүмкіндіктері бар. Қазақстан елінде жүлделі болған спортшыларға құрмет көрсетіледі, ақшалай сыйлық беріп, материалдық жағынан көмектеседі. Автокөлік, пәтерлер беріледі және де басқа жағдайлары ескеріліп тұрады. Қазақстанда бокс спортының дамуына көп көңіл бөлінеді. Алға қойған мақсаттарыда көп.
Қазақ халқы арасында спорттың дамуына әр ұлт өкiлдерiмен арадағы қарым-қатынастың нығаюы көп әсер еттi. Мұндай жағдай, әсiресе, Қазан төңкерiсiнен кейiн берiк қалыптасты. Алғашқы кезеңде спорт пен дене тәрбиесi еңбекшiлердiң денсаулығын нығайту, жалпы гигиеналық мәселелер, әскери шынықтыру даярлығын жақсарту мақсатында жүргiзiлдi. 1918 жылдың 1-жартысында жұмысшылар клубтарында гимнастикамен айналысатын үйiрмелер ұйымдастырыла бастады. Халық ағарту органдары мен комсомол ұйымдары қыруар жұмыстар атқарып, жастар күшiмен спорт алаңдарын, әскери даярлық iсiне жаттығу өткiзетiн орындар жасады.
Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы бокс дамуын анықтау.
1. Дегтярев И.П. Тренированность боксеров.-Киев: 1985.
2. Клевенко В.М. Быстрота в боксе.- М., 1968.
3. Кун Л. Всеобщая история физической культуры и спорта.- М., 1982.
4. Морозов Г.М. Уроки профессионального бокса; - М., 1992.
5. Никифоров Ю.Б. Эффективность тренировки боксеров. - М., 1987.
6. Романенко М.И. Бокиев. – Киев. 1978.
7. Средства и методы совершенствования технического мастерства боксеров/ Под обще редакцией Таймазова В.А. - Л., 1987.
8. Шатков Г.И. Спортивные сооружения для занятий, организации и проведения соревнований по боксу - Л., 1987.
9. Ширяев А.Г. и др. Знакомьтесь: бокс! - Л., 1986.
10. Ширяев А. Г. Хочешь стать боксером ? - М., 1986.
11. Штейнбах В. Последний раунд. - М., 1990.
12. Добрыхин В. Ангел на ринге // - М., Физкультура и спорт. 1999.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1. Қазақстанда спорт және дене тәрбиенің дамуы
2. Қазақстан Республикасында спорт дамуы
3. Қазақстанда бокс дамуы
4. Олимпиада чемпиондары- бокс: Ермахан Ибраев, Бахтияр Артаев тағы басқа
алтын медальдарына жеткен чемпиондар
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазақстанда спорт түрлерінің ішінде бокс жақсы дамыған.
Бокс жақсы дамуына байланысты жастарға көп көңіл бөлінеді. Тараз
қаласында және де басқа қалаларда бокстан жаңадан спорт кешендері
соғылып ашылды, осыған байланысты түрлі-түрлі жарыстар өткізіледі.
Бокс спорты дамуына байланысты керекті қаражаттар уақыттылы бөлініп
тұрады. Сол себепті шет елдерге барып жаттығуға мүмкіндіктері бар.
Қазақстан елінде жүлделі болған спортшыларға құрмет көрсетіледі,
ақшалай сыйлық беріп, материалдық жағынан көмектеседі. Автокөлік,
пәтерлер беріледі және де басқа жағдайлары ескеріліп тұрады.
Қазақстанда бокс спортының дамуына көп көңіл бөлінеді. Алға қойған
мақсаттарыда көп.
Қазақ халқы арасында спорттың дамуына әр ұлт өкiлдерiмен арадағы қарым-
қатынастың нығаюы көп әсер еттi. Мұндай жағдай, әсiресе, Қазан төңкерiсiнен
кейiн берiк қалыптасты. Алғашқы кезеңде спорт пен дене тәрбиесi
еңбекшiлердiң денсаулығын нығайту, жалпы гигиеналық мәселелер, әскери
шынықтыру даярлығын жақсарту мақсатында жүргiзiлдi. 1918 жылдың 1-
жартысында жұмысшылар клубтарында гимнастикамен айналысатын үйiрмелер
ұйымдастырыла бастады. Халық ағарту органдары мен комсомол ұйымдары қыруар
жұмыстар атқарып, жастар күшiмен спорт алаңдарын, әскери даярлық iсiне
жаттығу өткiзетiн орындар жасады.
Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы бокс дамуын анықтау.

1.1 Қазақстан Республикасы, спорт және дене тәрбиесі
    Спорт және дене тәрбиесi. Қазақ халқының дене тәрбиесiне, оны
шынықтыруға, ептiлiкке, денсаулықты, көңiл-күйдi көтеруге арналған осы
кездегi дене тәрбиесi мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кәдесiне
жарағандығын кейбiр археол. Деректер дәлелдейдi. 1970 ж. Оңт. Қазақстан обл-
нда б.з.б. 4 — 3 ғ-ларда тоғызқұмалақ тастары табылды. Сол жылы Тараз қ-нан
30 км жерде археологтар тоғызқұмалақ тақтасының тасқа қашап салынған
суретiн кездестiрдi. Түрiк қағандығы дәуiрiнде Қазақстан жерiнде көптеген
қалалар салынып, мәдени орталықтар бой көтердi. Көне Таразда әншi-күйшiлер,
шабандоздар, садақ тартушылар, балуандар, басқа да күш өнерiн көрсетушiлер
бас қосып отырған. 7 ғ-да Орта Азия мен Қазақстан жерiн жаулап алған Араб
халифаты ислам дiнiн уағыздаумен қатар, шахмат (шатрандж) ойынының
таралуына, оның дамуына айтарлықтай ықпал еттi. Сөйтiп, көшпендi деп аталып
келген қазақ халқы дене тәрбиесiн, оның iшiнде спортты дамытуға көңiл
бөлгенi байқалады. Ежелден садақ лимп, бәйге, сайыс, күрес, аударыспақ
сияқты спорт түрлерiмен айналысқан қазақ халқы басқа да спорт түрлерiмен
айналысу арқылы өздерiнiң рухани байлықтарын жетiлдiрiп, толықтырып
отырған. Халық өзiне лайықты деп санаған ұлттық спорт түрлерiн, әр түрлi
дене жаттығуларын үнемi жетiлдiрiп келген. Әр рудың, әр жүздiң, әрбiр хан
мен бай-манаптың, болыс-бектiң өз балуаны, өз мергенi, өз сәйгүлiгi болған.
Олар бәйге-жарыстарда iрi рулардың намысын қорғаған
Қазақ халқы арасында спорттың дамуына әр ұлт өкiлдерiмен арадағы қарым-
қатынастың нығаюы көп әсер еттi. Мұндай жағдай, әсiресе, Қазан төңкерiсiнен
кейiн берiк қалыптасты. Алғашқы кезеңде спорт пен дене тәрбиесi
еңбекшiлердiң денсаулығын нығайту, жалпы гигиеналық мәселелер, әскери
шынықтыру даярлығын жақсарту мақсатында жүргiзiлдi. 1918 жылдың 1-
жартысында жұмысшылар клубтарында гимнастикамен айналысатын үйiрмелер
ұйымдастырыла бастады. Халық ағарту органдары мен комсомол ұйымдары қыруар
жұмыстар атқарып, жастар күшiмен спорт алаңдарын, әскери даярлық iсiне
жаттығу өткiзетiн орындар жасады. 1920 ж. 1 қазанда Қазақстанның сол
кездегi астанасы Орынбор қ-нда дене тәрбиесi нұсқаушылары және
ұйымдастырушыларымен әскерге баратын жастарды спортқа баулуға арналған
курстар ұйымдастырылды. Оған жүзден астам кiсi қатысты. Оның тең жартысынан
көбi қазақ жастары болатын. Мұнан соң Ақтөбе, Гурьев (қазiргi Атырау),
Орал, Верный (қазiргi Алматы), Орынбор, Петропавл, Қызылорда, Семей қ-
ларында iрi спорттық орталықтар құрылды. Сол жылдары Семей, Қостанай,
Жетiсу губернияларында спартакиадалар өте бастады. Әйелдер арасында дене
тәрбиесiн дамыту мақсатында 1925 ж. Семей қ-нда арнаулы спартакиада өттi.
Дәл осындай әйелдер арасында спартакиадалар Орал, Петропавл, Алматы қ-
ларында да ұйымдастырылды. 1928 ж. Петропавл қ-нда Бүкiлқазақстандық 1-
спартакиада өз жалауын көтердi. Оған қатысушылар футбол, жеңiл атлетика,
қалашық (городки), қазақша күрес, баскетбол және нысана көздеуден сынға
түстi. Қазақстанда дене тәрбиесi мен спортты дамытуда 1931 ж. енгiзiлген
“КСРО-ны қорғауға, еңбек етуге дайын бол” (ГТО) деп аталған бәсекелердiң
маңызы зор болды. Бұл жастардың спортқа тұрақты түрде қатысуына мүмкiндiк
бердi. Дене тәрбиесiнен ұлттық кадрлар даярлауға көңiл бөлiне бастады. 1932
ж. Алматыда дене тәрбиесi техникумы ашылды. 1934 ж. респ. Ведомствоаралық 1-
спартакиада, Орта Азия мен Қазақстан спортшылары арасындағы 1-спартакиада
және мектеп оқушылары арасында бүкiлқазақстандық 1-спартакиада өттi.
Қазақстан К(б)П-нiң 1937 ж. өткен 1 съезi дене тәрбиесi мен спорт және
бұқаралық қорғаныс жұмыстарын кеңейте түсудi атап көрсеттi. 2-дүниежүз.
Соғыс қарсаңында Қазақстан спортшыларының саны 150 мыңға жеттi, оның iшiнде
30 мыңнан астамы қазақ жастары болатын. Соғыс жылдарында әскери-спорт
кадрларын даярлауда көп жұмыс атқарылып, елiмiзде 1,5 миллионға жуық әскери-
спорт мамандары тәрбиелендi. 1945 — 56 ж. Қазақстанда дене тәрбиесi
ұйымдары нығайып, спорт кадрлары өсiп шықты. 1945 ж. Алматыда дене тәрбиесi
ин-ты (Қазақ физкультура ин-ты) ашылды. 1946 ж. Шоқыр Бөлтекұлы “Спартак”
қоғамы бойынша бокстан КСРО чемпионы атанып, қазақ жастары арасында бiрiншi
болып спорт шеберi деген дәрежеге жеттi. 1950 ж. Қазақстан спорт ұйымдары
құрылды. 1959 ж. бұл ұйымдар спорт федерациясы болып өзгертiлдi. 1951 ж.
“Колхозшы” спорт қоғамы құрылды. 1956 жылдан бастап “Қайрат” деп аталды.
1956 ж. Мәскеуде КСРО халықтарының 1-спартакиадасы өттi. Қазақстан
спортшылары 1956 жылдан олимпиялық ойындарға да қатыса бастады. Тау
шаңғышысы А.Артеменко 1956 ж. Италияның Кортина Д’Ампеццо қаласында өткен 7-
қысқы лимпия ойындарында, ал Е.Кадяйкин Мельбурнда (Австралия) өткен жазғы
16-олимпиялық ойындарда 3000 м-ге тосқауылдар арқылы жүгiруден сынға түстi.
Қазақ жастары арасынан шыққан жеңiл атлет Ғ.Қосанов 1960 10 м-лiк
эстафеташылар жарысында күмiс(ж. Римде өткен 17-олимпиялық ойындарда 4
жүлденi иемдендi.
    Елiмiзде қысқы спорттың дамуына 1951 ж. ашылған әйгiлi Медеу мұз айдыны
(қ. Медеу спорт кешенi) үлкен ықпал еттi. Мұнда көптеген дүниежүз. Және
құрлықтық рекордтар жаңарды. 1960 жылдардың басында Қазақстанда спорт
клубтары (АДК “Шахтер”, “Болат”, “Динамо”, т.б.) құрыла бастады.
    Қазақстан спортшылары Кеңес Одағы тұсында айтарлықтай спорттық дәрежеге
қол жеткiздi. Көгалдағы хоккейшiлер, допты хоккейшiлер, “Буревестник”, АДК
волейболшылары, “Динамо” су добы командасы КСРО, Еуропа және дүние жүзi
чемпиондары атанды. Аталмыш командалар құрамында М.Жексенбеков,
С.Шаймерденов, С.Қалымбаев, Е.Құмарғалиев, С.Сексенбаев, Ю.Варзин,
В.Бочков, В.Агуреев, О.Жарылғапов, М.Мәденов, З.Жәркешов, Ж.Сауранбаев,
В.Кравченко, Е.Чебукина, О.Кривошеева, Н.Меңдiғалиев, Е.Аяпбергенов,
А.Оразалинов, С.Котенко сынды спортшылар өнер көрсеттi.

2. Қазақстан Республикасында спорт дамуы

Денешынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы аясында келесі мәселелерді шешу қарастырылады:

нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;
халықаралық талаптарға жауап беретін спорт инфрақұрылымын дамыту;
білікті мамандармен қамтамасыз ету;
спорт ғылымын дамыту;
денешынықтыру және спорт құралдары арқылы халықтың салауатты өмір салтын
қалыптастыру;
спорт резерві, халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлау жүйесін
жетілдіру.
мен спортты дамыту қызметінің басты бағыты саланың нормативтік-құқықтық
базасын дамыту болып табылады.
Заңды жетілдіру үшін мемлекеттік органдарда Денешынықтыру және спорт ҚР
заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңының жобасы
жасалды.
Елдегі материалдық-техникалық базаны дамыту екі бағытта жүзеге асуы тиіс –
бұқаралық спорт мен жоғары дәрежелі спорт үшін.
Бүгінгі күні ауылды жерлерде спортты дамыту проблемасы өзекті болып отыр,
әсіресе материалдық-техникалық базаның болмауы. 4069 спорт залдарының
ауылдық жерлерде 3639-ы жалпы білім беретін мектептерде орналасқан және тек
пән сабақтарын өткізу үшін пайдаланылады.
Республиканың әрбір аудан орталығында және қалаларда типтік денешынықтыру-
сауықтыру кешендерінің, сонымен қатар елдегі әртүрлі аймақтарында
халықаралық стандарттарға жауап беретін және елдің құрама командасының
сұранысын қанағаттандыратын ететін заманауи спорт ғимараттарының құрылысын
қамтамасыз ету мақсаты тұр.
Бұл мәселені шешу үшін ҚР ТСМ болашақтағы жобалау мен салуға пайдалануға
қажетті типтік денешынықтыру-сауықтыру кешенінің ең үздік эскизді жобасына
шығармашылық байқау жариялады.

Саланың дамуына әсер ететін басты факторлардың бірі білікті мамандар болып
табылады. Осыған орай, ҚР Туризм және спорт министрлігі келесі қадамдарды
қабылдап отыр:
Олимпиада, Азия ойындарында жоғары спорт нәтижесін көрсетуге қабілетті
жаттықтырушылар мен спортшылармен келісім-шарт жасалды;
жекелеген спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командамен жұмыс істеуге
шетелдік жаттықтырушылар мен мамандар шақырылды;
Олимпиада ойындарында спортшылардың көрсеткен сәтті нәтижесін материалды
түрде ынталандыру арттыойын көрсетуіувеличено материальное стимулирование
за успешное выступление спортсменов на Олимпийских играх;
спорт түрлері бойынша ұлттық құрама жаттықтырушы-оқытушылары мен
республикалық спорт ұйымдарының басшыларының жалақылары көбейтілді.
Денешынықтыру және спорт саласы мамандарына арналған біліктілігін арттыру
орталықтары;
жоғары деңгейлі спорт проблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу институты;
бокс, күрес, велоспорт және ауыр атлетика бойынша 4 мамандандырылған
олимпиадалық дайындау орталықтарын ашу мәселесі қарастырылуда.

Министрліктің бұқаралық спортын көтеру мақсатында денешнықтыру және
спорттың жүйелі жаттығуларына халықты жаппай жұмылдыруды қамтамасыз ететін,
ведомстволық ерікті қоғамдар құру көзделіп отыр. Ұлттық спорт түрлерін
дамыту мәселесіне айрықша назар аударылатын болады.
Орта жалпы білім беретін мектептердегі мектеп жасындағы балаларды
денешынықтыруға тәрбиелеуді жетілдіру үшін орта арнайы және жоғары оқу
орындарында денешынықтыруға аптасына үш, төрт сағат бөлінеді.
Министрлік, Алматы қаласының әкімдігі мен Қазақстан Республикасының ҰОК,
Азияның Олимпиадалық Кеңесінің шешімімен 2011 жылы Алматы қаласында 7-ші
қысқы Азия ойындарын өткізу туралы шешім қабылданды. Азиа - 2011 өткізу
Қазақстанның тек имиджіне әсер ететін емес, елдегі қысқы спорт түрлерінің
инфрақұрылымын құруға әсер етуші саяси шешім болып табылады.
Халықаралық Олимпиада комитеті мен Азиялық Олимпиада Кеңесінің талаптарына
сәйкес, Алматы қаласында спорттың 12 түрі бойынша сайыс өткізу үшін
төмендегідей спорт ғимараттарын тұрғызу қажеттігі туындайды:

15-20 мың көрермендік орынға арналған бірегей Мұз сарайы;
8 мың орындық қуаттылығы К-120 және К-90 трамплин;
5 мың орындық биатлон стадионы;
8 мың орындық шаңғы стадионы;
24 мың орындық Кумбель таушаңғы базасы;
Олимпиадалық ауыл;
Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы мен Медеу биіктаулы мұз айдынын қайта
жөндеу.

Ең маңызды мақсаттың бірі қазақстандық атлеттердің Пекиндегі Олимпиада
ойындарында сәтті ойын көрсетуі болып табылады. ҚР ТСМ иен ҚХР Мемлекеттік
Бас Спорт Басқармасы спорт саласындағы Әріптестік бағдарламасына қол қойды.
Аталмыш құжат 2008 жылғы Пекинде өтетін Олимпиада ойындарының ашылуы
қарсаңында спорт мекемелері арасындағы тікелей байланыс құруға жағдай жасау
мен дамыту бойынша екі жақтың мақсаттары мен міндеттерін анықтайды. Соның
ішінде, спорт түрлері бойынша құрама команда спортшыларының тестілеу және
акклиматизациялық жарыстарға қатысуы, қазақстандық спортшыларды Қытайдың
табиғи-климаттық жағдайына үйрету бойынша спорт шараларын өткізу, сонымен
қатар спорт ғылымы мен спорттық медицина саласындағы әріпестік бойынша
байланыс орнату.
Халық денсаулығын қорғау, әсіресе өскелең ұрпақтың денсаулығын қорғау
сау генофонд, халықтың демократиялық өсуіне әсер ететін, ел экономикасын
көтеру мен қорғаудағы басыңқы мақсат болып табылады.

Ұлттық намыс
 
 
Италияның Милан қаласында өткен бокстан әлем чемпионатының нәтижесi елге
мәлiм. Жалғыз қола медальге шүкiрлiк еткен қазақстандық жанкүйер бүгiнде
бұл сәтсiздiктiң себебiн сан-саққа жүгiртуде. Бiткен iске сыншы көп
дермiз, бұл – спорт, спортта жеңiс те, жеңiлiс те қатар жүредi деп те
айтармыз. Алайда, ешкiм де жеңiлiс үшiн даярланып, қыруар қаржы
жұмсамайтынын ескергенiмiз жөн.
 
 Сегiз жыл сайынғы сәтсiздiк
 
Елiмiздiң былғары қолғап шеберлерi үшiн бұл соңғы сегiз жылдағы ең сәтсiз
чемпионат болды. Үлкен үмiт артқан боксшыларымыз, тiптi жартылай финалға
шыққан боксшылар саны бойынша  алғашқы ондыққа да кiре алмады. Ал,
чемпионат қорытындысы бойынша Ресей, Куба, Өзбекстан өкiлдерiнен ғана емес,
бокста беймәлiмдеу Пуэрто-Рико елiнен көш кейiн қалдық. Миланда 3 алтын, 4
күмiс, 2 қола медальдi жеңiп алған Ресей командасы бiрiншi орынға
көтерiлсе, ринг иесi Италия (2 алтын) командасы екiншi, Куба мен Өзбекстан
(1-1-2)  үшiншi орынға ие болды. Қазақстан құрамасы Үндiстан, Белорусь,
Оңтүстiк Корея, Грузия, Венгрия, Ирландия, Мексика, Венесуэла сынды
мемлекеттермен бiрге 14-22 орындарды бөлiстi. Аталған мемлекеттердiң
барлығының еншiсiнде жалғыз қола медаль.
Аппенин түбегiне аттанған 11 боксшының төртеуi – Әдiлет Қапезов (48 кг),
Ғани Жайлауов (60 кг), Азамат Белгiбаев (75 кг), Данияр Үстембаев (81 кг)
бiрiншi кездесуде-ақ жеңiлдi. Ал, Ержан  Мүсәпiров (57 кг), Василий Левит
(91 кг), Иван Дычко (+91 кг), Олжас Сәттiбаев (51 кг) екiншi кездесуден соң
көрермендер қатарына қосылды. Ширек финалға шыққан үш боксшымыздың екеуi
жүлдеге жете алмады. Қанат Әбутәлiпов (54 кг) кубалық Янкел Леон Аларконнан
0:2 есебiмен ұтылса, Рустам Сыбаев (64 кг) венгриялық Дюле Категе есе
жiбердi, есеп – 9:14. Әлем чемпионатының екi дүркiн жеңiмпазы Серiк Сапиев
Милан рингiнде бес кездесу өткiздi. Бiрiншi кездесуде габондық Хьюге Миенко
екiншi ранудта-ақ жеңiлгенiн мойындады. Әзiрбайжан елiнiң боксшысы Эмиль
Махарамов та Серiкке қарсылық көрсете алмай, төрешiлер бәсекенi мерзiмiнен
бұрын аяқтады.  Қарқыны қатты қазақ боксшысын украиндық Тарас Шелестюк 
тоқтатуға тырысты. Алайда, Серiк оған мүмкiндiк бермедi. Ширек финалда
қырғыз боксшысы Асаболла Баймұрадовқа бiрiншi раундта бесiншi бұрышты
iздеткен С.Сәпиевтiң ақтық айқасқа шығатынына сенiм мол болатын. Өйткенi,
жартылай финалдағы қарсыласы ресейлiк Андрей Земковой аса танымал боксшы
емес едi. Дегенмен, дәл осы А.Земковой әлем чемпионатында С. Сәпиевпен
болатын кездесуге айлар бойы тыңғылықты дайындалып келiптi. Оның
жаттықтырушысы Ф.Гелюс бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында:
Осыдан жыл бұрын, ал ол кезде Андрей өз салмағында Ресей құрамасының
бiрiншi нөмiрi емес едi, екi елдiң бiрлескен жаттығулары өткiзiлдi. Сонда
Сәпиевтiң жаттықтырушысы Андрейден Серiкпен рингте бiрге жаттығуын сұранды.
Бiз ол кезде мұндай сәттi армандамаған да едiк. Сол жолы бес рет
спаррингтiк жаттығу өткiздiк. Сәпиев - әлемдегi ең мықты боксшылардың бiрi
және бiз барлық жаттығу жиындарында дәл сонымен кездесуге дайындалдық, деп
ағынан жарылыпты. Ресейлiк боксшының Серiктi әбден зерттегенi көрiнiп
тұрды. Бұл да бiздiң жаттықтырушыларымыз бен боксшыларымызға сабақ болар
нәрсе. Сөйтiп, ресейлiк жас перiден шеберлiгiн асыра алмаған С.Сәпиев қола
медальдi қанағат тұтты.
Көпшiлiк куә болған жәйттердi қайталап отырғанымыздың себебi де жоқ емес.
Жанкүйер қауым жоғарыда аталған есiмдердi есте сақтағаны жөн. Өйткенi,
Миланға барғандардың Қанат пен Серiктен басқасы мұндай деңгейдегi
жарыстарда тәжiрибесi жоқ  өрiмдей жастар. Яғни, ертеңiнен мол үмiт
күттiретiндер. Бiрақ, әлем чемпионаты тәжiрибе жинақтайтын, жастарды
шыңдайтын сайыс емес, нәтиже көрсететiн жарыс екенi аян. Ал, тәжiрибе
жинақтау үшiн халықаралық деңгейдегi жарыстар, турнирлер бар. Бүгiнгi таңда
сәтсiздiктiң себебiн чемпионатқа тым жастардың баруымен түсiндiретiндер
табылады. Сондай-ақ, төрешiлердiң әдiлетсiздiгi де сәтсiздiктiң бiр себебi
ретiнде айтылуда. Бұл орайда Ғани Жайлауов пен Василий Левиттiң жеңiлуiне
төрешiлердiң көмектескенi көзге көрiнiп тұрды. Төрешiлер тарапынан
кездесетiн әдiлетсiздiк бiр бұл емес. Сондықтан, боксшылар олардың бүйрегi
қарсыласына бұрмайтындай айқын басымдық танытуы тиiс едi. Жас боксшылардың
бұл сында барын салғаны анық.  Дегенмен, жанкүйерлердiң есiнде болса,
осыдан төрт жыл бұрын Миньянгте алтын медальдi жеңiп алған С.Сәпиев пен
Е.Жаңабергенов те жас болатын. Ал, Қытайдан қола әкелген Бiржан Жақыпов пен
Мират Сәрсембаев үшiн де сол жарыс ең алғашқы жауапты сын едi. Демек,
биылғы сынға түскен жастардың шеберлiгi әлем чемпионатына түсетiндей
деңгейде болмағаны ғой. Бейжiңдегi олимпиадалық ойындардан соң түрлi
себептермен Олимпиаданың екi чемпионы  - Бақыт Сәрсекбаев пен Бахтияр
Артаев, 2005 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегерi Мират Сәрсембаев
ұлттық құрама сапынан шықты. Бейжiң Олимпиадасының қола жүлдегерi Еркебұлан
Шыналиев ұзақ демалыстан бабына келе алмады. Яғни, бiр қарағанда Миланға
барған команда құрамынан мықты жоқ секiлдi көрiнген. Алайда, мамандар
мықтыларды таңдауда ұлттық құраманың бас бапкерi Д.Буданбековтiң бiрқатар
қателiктерге жол бергенiн айтуда. Мысалы, бұл жолы 48 келi салмақта ел
намысын астаналық Әдiлет Қапезов қорғады. Ал, шындығында бұл салмақта
шымкенттiк Бiржан Жақып одан әлдеқайда мықты едi. Бiржанның орны әлемдiк
рейтингте де жоғары. Кешегi әлем чемпионатында топ жарған моңғол Пуревдорж
Сердамба Бiржаннан талай таяқ жеген боксшының бiрi. Ресейлiк Давид
Айрапетян да Бiржанның алдында тiзе бүккен. 2005 жылы әлем чемпионатының
қола жүлдегерi атанған Бiржанның алдын содан берi ешкiм ораған жоқ-ты.
Ендеше әлем бiрiншiлiгiнде Б.Жақып неге қатыспады деген сұрақтың туындауы
заңды нәрсе. Құрама қатарына жарақатына байланысты алынбағаны ресми жауап
ретiнде айтылуда. Алайда, олай емес сияқты. Рас, Бiржан Олимпиада
ойындарынан соң да демалмады. Әлем Кубогы үшiн бәсекеде қола жүлденi алды.
Сол жарыста ғой моңғолиялық Пуревдорж Сердамбаға сан соқтырды. Дегенмен,
Азия чемпионатында моңғол боксшысы Тугстогут Ниямбарға ұтылған соң, ұлттық
құрама бапкерлерi оған салқын қабақ таныта бастады. Шаршады дедi,
жарақаты бар дедi, әйтеуiр елде қалдырып кеттi. Бүгiнде Бiржанның елде
қалуына спорттан тыс мүдде әсер еткенiн айтушылар көп. Сондай пиғылдың
әсерiнен ұлттық құрамадан Әдiлбек Ниязымбетов пен Мiржан Рақымжановтың
шеттетiлгенiн айтушылар да аз емес.
Жалпы, соңғы кездерi елiмiздiң боксшылары Азия бiрiншiлiгiнде де жақсы
өнер көрсете алмай жүргенiнен жанкүйер қауым хабардар. Қаржы жағынан кенде
болмаған қазақ боксы неге жылдан-жылға нашарлап келедi? Азия бiрiншiлiгiнен
соң ұлттық құраманың бас бапкерi сол бiрiншiлiкке қатысқан алты бiрдей
боксшыны Миланға апармады. Яғни, жаттықтырушылар жылдың екi iрi турнирiнде
бүгiнде елiмiздiң ең мықты боксшылары саналатын спортшыларды сынақтан
өткiздi. Нәтижесi қандай? Әрине, мақтан етерлiктей емес. Сондай-ақ, ел
чемпионатында бас жүлде алғандардың ұлттық құрама сапына алынғанымен,
жауапты жарыстарда ел намысын қорғайтынына кепiлдiк жоқ. Жарысқа кiм
баратынын бас бапкер немесе бапкерлер кеңесi шешедi. Ал, ол кеңестiң
құрамына сараптау жүргiзiп, бағалап жатқан ешiкiм жоқ секiлдi. Бүгiнде
ұлттық құрама жасақтауда ортақ жүйенiң жоқтығы айтылып жүр.
Жасөспiрiм боксшылар да жанкүйерлерiн қуанта алмай келедi. Соңғы екi әлем
чемпионатында қазақстандық жасөспiрiм боксшылар бiрде-бiр алтынға қол
жеткiзе алмады. Яғни, қазақ боксы өз деңгейiнен төмендей бастады. Ал, ала
тақиялы көршiлерiмiздiң қарқынын жыл сайын үдетiп келе жатқаны түрлi
жарыстардан байқалып жүр. Бiз мұны салыстырмалы түрде айтып отырмыз.
Қазақстан құрамасының бұған дейiн қатысқан сегiз бiрдей әлем
бiрiншiлiгiнiң нәтижесiне көз жүгiртсек, 1993 жылы Тампереде жалғыз қола
медальдi жеңiп алыппыз. В.Жиров әкелген сол жалғыз медальмен Қазақстан
бiрқатар мемлекеттермен 15-23 орындарды бөлiскен екен. 1995 жылы Берлинде
Болат Жұмадiлов күмiс, Василий Жиров қола медальге ие болды.
Жалпыкомандалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтыру және спорт педагогикасы
Дене шынықтыру және спорт саласындағы оқыту әдістері дәріс
ЖОО-да оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми әдістемелік негіздері
Қазақтардың дәстүрлі мәдениетіндегі спорт өнерінің қалыптасуы
Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Дене шынықтыру педагогикасы пәні бойынша дәрістер кешені
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ, ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары
Тәрбиенің түрлері
Пәндер