Функционалды-семантикалық өріс проблемасы



КІРІСПЕ 3.6
1. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есімдердің зерттелуі мен сөз табы ретіндегі ерекшеліктері

1.1 Қазақ тіліндегі сын есім категориясы қалыптасуының диахронды.синхронды сипаты 7.14
1.2 Түр.түс атауларының сөзге тән белгілері 15.20
1.3 Функционалды бағыттағы зерттеулер мен функционалды.семантикалық өріс құрылымы 20
1.3.1 Түр.түсті білдіретін сөздердің функционалдық сипаты 20.26
1.3.2 Функционалды.семантикалық өріс туралы зерттеулер және өріс типтері 27.44
1.4 Түр.түс атауларының функционалды семантикасын қалыптастырушы факторлар 44
1.4.1 Зат есім мен сын есімдердің семантикалық тарихи ұқсастықтары мен айырмашылықтарының жұрнақтар арқылы көрінуіндегі мәнмәтіннің рөлі
44.49
1.5 Түр.түсті білдіретін сөздердің функционалды.семантикалық өрісінің жалпы сипаттамасы 49.64
1.6 Түр.түсті білдіретін сөздердің өзара мағыналық байланысы мен қарым.қатынасы 64.77
1.7 Интенсивтіліктің функционалды.семантикалық өріс аясында қарастырылуы 77.83
2 Түр.түс атауларының тұлғалық ерекшеліктері мен ауыспалы мағыналары арқылы функционалды.семантикалық құрылымының қалыптасуы
2.1 Түр.түс атауларындағы сапалық белгілердің өзектенуі 84.96
2.2 Түр.түсті білдіретін сөздердің тіркесімдері мен мағыналық қырлары 96.107
2.3 Түр.түс атауларының функционалды.лексикалық сипатының дәстүрлі танымға негізделуі 108.120
Қорытынды 121.124
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 125.129
Қазақ тіл білімі түркі тілдерінің ішінде теориялық жақтан зерттелген, тұжырымдары жетілген тілдер санатына енеді. Алайда қазақ тілінің функционалды сипатын зерттеу арқылы тілдің және тілдік бірліктердің ішкі семантикалық құрылымын, қызметтік қырларын терең түсінуге болады. Функционалды грамматиканы зерттеу қазақ тілінде енді қолға алына бастағанмен, жалпы тіл білімінде функционалды грамматиканың теориялық іргетасы ХІХ-ХХ ғғ. қаланып, тілдің функционалды құрылымын кешенді түрде зерттеу осы ғасырларда қолға алынды. Сөйлеу тілі мен тілдік жүйе заңдылықтарын түсіндіруде де қолданылатын функционалдың термині екі түрлі мағынамен жұмсалады. Функционалды граамматикада бұл терминнің қызмет мәні ғана емес, тілдік бірлік арқылы жеткізілетін ойдың мәнін анықтайтын мағынасы ашылады.
Функционалды грамматиканың негізгі бағыты тілдік тұлғалардың бір-бірімен өзара байланысып жатқан терең ішкі қарым-қатынасын мазмұннан - формаға, қызметтен - тілдік құралдарға принципімен анықтайтын кешенді зерттеуден тұрады. Осы бағыт ұстанымы бойынша тілдегі негізгі грамматикалық категорияларды тірек етіп құралатын функционалды-семантикалық өрістегі тілдік бірліктердің ойды өз мән-мағынасымен қалай жеткізіп тұрғанын анықтау көзделеді.
Қазіргі қазақ тілінде, жалпы барлық түркі тілдеріндегі сияқты, грамматикалық және лексика-смантикалық жағынан ерекше бөлініп жатқан сөз табы – сын есім. «Затсыз сындық ұғым тумақ емес дейтін қағида заттың сынын да, сапасын да, түсін де, белгісін де, көлемін де, сипатын да білдіретін сын есімдерді сынын білдіріп тұрған затпен, объектімен тікелей байланыстырады. Сын есім сөйлем ішінде зат есімдермен тіркесе келіп, оның түрлі қасиеттерін, оның ішінде түсін де білдіреді. Зат есім мен сын есім категорияларының арасындағы бірлік - ертеден келе жатқан тарихи құбылыс. Өйткені затты айтпай, тек сынды білдіретін сөздердің өзін айтсақ, ол сапа қай заттікі екені мәлімсіз болғандықтан, ой тиянақсыз болып қалады, Тек зат атауымен тіркестіріп барып қолданғанда, ой нақтыланады, тиянақталады. Сондықтан жұмыстың негізгі мақсаты сын есімдердің тіркесімдері арқылы сөйлемде, сөз тіркестері құрамында тұрып білдіретін мағыналық өрістерін, семантикасын анықтау, түр-түсті білдіретін сын есімдердің семантикалық, грамматикалық ерекшеліктері олардың тұлғалық құрамына, жасалу тәсіліне байланысты екенін көрсету.
1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы, 1988,-177-178-бб.
2. А.Байтұрсынов.Тіл тағылымы.-Алматы:Ана тілі,1992, 446 б. -217-б
3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.- Алматы: Ғылым, 1966.-362 б.
4. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары, Алматы,1951.
5. Төлеуов Ә. Сөз таптары. - Алматы,1979.
6. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология.-Алматы,1991.-277 б.
7. Қазақ тілінің грамматикасы. - 1-бөлім.- Алматы, 1954.
8. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары. – Алматы,1951. – 11-15 бб.
9. Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Лекциялардың текстері. – Алматы,1973.-89 б.- 76-77 бб.
10. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. -Алматы: Рауан,1998.-303 б. – 140-б.
11. Шакенов Ж. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы. -Алматы, 1961.-28, 30-б.
12. Современный казахский язык.Фонетика и морфология. – Алматы, 1962.-207 б.
13. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. –Алматы,1991.-385 б.-184-189 бб.
14. Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырамлы грамматикасы. Алматы: Мектеп,1992.-122-б.
15. Колшанскийй Г.В. Объективная картина мира в познании и языке. – Москва:Наука,1990.-107 стр.-24-25 б.
16. Комаров А.П. Актуальные проблемы общего языкознания. – Алматы: МИзд.КазГУМЯ,1995. – 82 с.-13 б.
17. Момынова Б. Қазақ тіліндегі жаңа бағыттар және типтік қатынастар. – Алматы:Арыс,2009.-110 б. – 15-б.
18. Бондарко А.В. Функциональная грамматика.-Л.,1984.
19. Ахметжанова З. Принципы сопоставительного функционального исследования казахского и русского языков. Автореф. дисс. докт.филол. наук. - Алматы,1989; Функционально-семантические поля русского и казахского языков. - Алма-Ата,1989.
20. Кунанбаева С. Темпоральные отношения в казахском художественном тексте. Автореф.дисс. докт.филол.наук. - Алматы, 1991.
21. Жакупов А. Қазақ тілі функционалды синтаксисі. – Филол. ғыл. док.дисс.-Алматы,1999.
22. Рысалды Қ. Функционалды грамматиканың көкейтесті мәселелері туралы// КазГУМО хабаршысы. – Алматы, 2001№3, 175б.
23. Салқынбай А. Функциональды грамматика очерктері. - Алматы:Қазақ университеті,2003.-119
24. Құлманов С. Қазақ тіліндегі мүмкіндік модалділігінің функционалды-семантикалық өрісі.-Алматы,2006. – 154 б.
25. Комаров А.П.Система средств выражения причинно-следственных отношений в современном немецком языке. Автореф. Дисс. Доктора филол. наук. – Москва,1973,156-157 бб.
26. Бондарко А.В. К теории поля в грамматике//Теория методических категории.Л.,1976.
27. Гулыга Е.В., Шендельс Е.И. Грамматико-лексические поля в современном немецком языке.М.,1969.С.10.
28. Гухман М. Грамматическая категория и структура парадигм //Исследования по общей теории грамматики. - М.,1968.
29. Адмони В.Г. Грамматический строй как система построения и общая теория грамматики. - Л.,1988, с.28.
30. Павлов В.М. Полевые структуры в строе языка. - СПб, 1996 г.; Принцип поля в грамматическом исследовании и идея противоречия//Исследования по языкознанию. - СПб, 2001;Павлов В.М. Полевой подход и континуальность языковой системы// Общее языкознание и теория грамматики:Материалы чтений, посвященных 90-летию со дня рождения С.Д.Кацнельсона. - СПб, 1998.
31. Ченки А. Семантика в когнитивной лингвистике // Фундаментальные направления современной американской лингвистике: Сб. обзоров. - М., 1997, 341 с.
32. Жанпейісова Ж. Ақ-қара сөздерінің оппозициясы.-Филол.ғыл,канд. автореф.-Алматы,2007.-23 б.
33. Бондарко А.В. Проблемы функциональной грамматики. Полевые структуры. - С-Петербург,Наука,2005, С.17.478 стр.
34. Бондарко А.В. Теория морфологических категорий. Л.,1976,204-244 стр.;
35. Бондарко А.В. Функциональная грамматика. - Л.,1984,58-70 стр.; Теория значения в системе функциональной грамматики: на материале русского языка.-М.,2002, 289-661стр.
36. Бондарко А.В. Грамматическая форма и контекст (О поятиях «частное значениең, «функция грамматической формы» и «категориальная ситуация//Русский язык. Функционирование грамматических категорий. – Москва,1984).
37. Бондарко А.В. Грамматическая форма и контекст (О понятиях «частное значениең, «функция грамматической формың и «категориальная ситуация) //Русский язык. Функционирование грамматических категорий. - М.,1984.
38. Ахметжанова З.К. Сопоставительное языкознание: казахский и русский язык. - Алматы, 2005.
39. Жолшаева М. Қазақ тіліндегі аспектуалды семантика: форма және мазмұн.–филол.ғыл. докт, дисс. Автореф. Алматы,2009.–48б.–15 б.
40. Теория функциональной грамматики: Введение. Аспектуальность. Времменая локализованность. Таксис. – Ленинград: Наука, 1987. -347 б..11 б.
41. Севортян Э.В. Аффиксы именного словообразования в азербайджанском языке. – Москва,1966, 21-б.
42. Дмитриев Н.К. Грамматика башкирского языка. М.-Л., 1948, 69-б.
43. Қайдаров Ә.Т., Өмірбеков Б., Ахтамбердиева З.Т. Сырға толы түр мен түс. – Алматы, 1986.
44. ДТС., Ленинград,1969,48-б.
45. Шмелев Д.М. Проблемы семантического анализа лексики. – Москва,1973.
46. Татаринцев Б.И. Смысловые связи и отношения слов в тувинском языке. – Наука.М. Главная редакция восточной литературы. Москва,1987. – с.3].
47. Амосова Н.Н. Основы английской фразеологии. - Л.,1963.
48. Абақан Е. Тілдің мәдени философиясы. – Алматы: Айкос, 2000.
49. Кенжеғалиев С. Қазақ тіліндені ділдік лексиконның берілу жолдары. – филол.ғыл. канд. дисс. – Астана,2009-135 б.
50. Березин Ф.М., Головин В.Н. Общее языкознание.- Москва,1979.
51. Тұрғынбаев Ә., Нұсқабаева Л. Тіл аралық байланыстар мен қатынастар диалектикасы. – Алматы:Білім,2005.-216 б.
52. Комаров А.П.Актуальные проблемы общего языкознания. – Алматы:Изд.КазГУМЯ,1995.
53. Хасанов Ғ. Қазақ тілінің лексикалық синтагматикасы. Докт. дисс. қолжазб. – Алматы,2009.- 350 б.
54. Новиков Л.А. Семантика русского языка. – Москва:Высшая школа,1982.
55. Реформатский А.А. Принципы синхронного описания языка. О соотношении синхронного анализа и исторического изучения языков. – М., 1960.
56. Пауль Г. Принципы истории языка. – Москва,1960.
57. Ф де Соссюр. Труды по языкознанию. - Москва,1977.
58. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. Семантикалық аспект. Филол.ғ.докт. қолж. – Алматы,1999.-284 б.
59. Момынова Б. Қоғамдық-саяси лексика: әлеуметтік-бағалауыштық, сөзжасам.-Алматы: Қазақ университеті, 2005.-112 б.
60. Шмелев Д.Н. Проблемы семантического анализа лексики. – Москва:Наука,1973.-280 с.
61. Кубрякова Е.С. Эволюция лингвистических идей во второй половине ХХ века (опыт парадигмального анализа) //Язык и наука конца ХХ века. - Москва,1995.
62. Гулыга Е.В., Шендельс Е.И. Грамматико-лексические поля в современнолм немецком языке. – Москва,1969.
63. Абай тілінің сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған фил. ғыл. докторы А.Ысқақов. – Алматы,1968).
64. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. І том, А-Ә. - Алматы, 1974, 126-137-б.
65. Ақбердиева А. Лексико-фразеологиялық жүйедегі мифтік құрылымдар//филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация Қолжазбасы. – Алматы, 2000.
66. Айтова Н. Қазақ тіліндегі түр - түс атауларының когнитивтік семантикасы, кандидаттық диссертацияның қолжазбасы. - Алматы, 2005.
67. Черемисина И.В., Новикова Н.С., Черемисина Н.В. Многомерие в реалиии: общая типология языковых картин мира// Филологические науки,№1,2000.
68. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. - Алматы,1975.
69. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 6-том.Қ. - Алматы,1972.
70. Қайдаров Ә.Т., Өмірбеков Б., Ахтамбердиева З.Т. - Сырға толы түр мен түс. – Алматы:Қазақстан. - 1986.
71. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. ІІ том. - Алматы, 1961.
72. Абай тілінің сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған филология ғылымының докторы А.Ысқақов.- Алматы, 1968.
73. Караулов Ю.Н. Русский язык и языковая личность.- Москва: Наука, 1987. – 263 с.
74. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 6-том. Қ. - Алматы,1972,36-55 б.
75. Қашқари М. Девану луғат-ит түрк. 2-том. - Ташкент,1963. – 284 б.
76. Бекежанов О. Мифтің қоғамдық санадағы мәні мен қызметі. – Алматы,1999. – 186 б.-62-б.).
77. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы.-Алматы: Рауан, 1991.-212 б.
78. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті.-Алматы:Ана тілі,1991.-264 б.
79. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. -Алматы, 1974.
80. Жанпейісов Е. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі.-Алматы, 1976.
81. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. Алматы. - 1994.
82. Кононов А.Н. Семантика цветообозначений в тюркских языках. – Москва:Прогресс,1975. – 149 стр.
83. Қасқабасов С.Қазақтың халық құпиясы //Жұлдыз.- Алматы, 2000, 165 б.
84. Бияров Б. Өр Алтай оронимдері.-Алматы: 2000.-165 б.- 84-б.
85. Әбдірахманов А. Топонимика және этимология. - Алматы, 1975.
86. 86. Мусабаев Г. Современный казахский язык.-Алма-Ата:АНКаз ССР, 1959. – Ч.1.-138 с.
87. Момынова Б.Саткенова Ж. Қазақ тілінің морфологиясы.Есімдер. –Алматы:Арыс,2007. – 115 б.
88. Шмелев Д.Н. Современный русский язык.-Москва,1978. – 355стр.
89. Аханов К. Тіл білімінің негіздері.-Алматы:Санат, 1993.-496 б.т-86-б.
90. Шанский Л.Н. Современный русский язык.-Москва,1964.-406 с.
91. Щербак А.М.Очерки по сравнительной морфологии тюркских языках. - Ленинград,1977. - 191 с.
92. Потебня А.А.Из записок по русской грамматике. – Москва, 1958.-Т.1. –ІІ.-374 с.
93. Бондарко А.А. Грамматическое значение и смысл. – Ленинград, 1978.-282 стр.
94. Қашқари М. Девану луғат-ит түр. - 2 том. – Ташкент,1963. – 284 б.
95. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – 5-том. – Алматы: Ғылым, 1980. - 640 б.
96. Сейдімбеков А. Күңгір-күңгір күмбезде. – Алматы: Жалын, 1981.-293 б.
97. Сейітова Ш. Өсімдікке байланысты тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаты. – Алматы, 1999. – 196 б.
98. Панзарбекова Р. Қазақ тіліндегі жануарлар төлінің ұлттық атауы. – Алматы,1998.-145 б.
99. Тілепин Б. Түркі тілдеріндегі мал атауларының қазақ тілінде қолданылуы мен этнолингвистикалық табиғаты (қой-ешкі атаулары негізінде). – филол. ғыл. канд. диссертациясы. – Алматы,2004.-127б.
100. Уәлиев Н. Көне сөздердің құпиясы//Қазақстан әйелдері. – 1982. №3.
101. Номинханов Ц.Д. Термины животноводства в тюркских и монгольских языках//Труды сектора востоковедения т.1. - Изд. АН Каз ССР.-Алматы,1959.
102. Мүсірепов Ғ. Таңдамалы. Үш томдық. Романдар және поэма. - 1т.– Алматы: Жазушы,1980.- 349 б.
103. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. 2-басылым. – Алматы:Жазушы, 1985. – 560 б.
104. Колшанский Г.В. Контекстная семантика. – Москва: Наука, 1980. –154 с.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 137 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘОЖ

Қолжазба құқығында

Шанбаева Лаура Рзабайқызы

Функционалды-семантикалық өріс проблемасы

(түр – түс материалдары негізінде)

Мамандығы 10.02.02 – қазақ тілі

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертация

Ғылыми жетекші –

Филология ғылымдарының докторы,
профессор Б.Қ. Момынова

Қазақстан Республикасы

Алматы,2009

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3-6
1. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есімдердің зерттелуі мен сөз
табы ретіндегі ерекшеліктері
1.1 Қазақ тіліндегі сын есім категориясы қалыптасуының 7-14
диахронды-синхронды сипаты
1.2 Түр-түс атауларының сөзге тән белгілері 15-20
1.3 Функционалды бағыттағы зерттеулер мен 20
функционалды-семантикалық өріс құрылымы
1.3.1 Түр-түсті білдіретін сөздердің функционалдық сипаты 20-26
1.3.2 Функционалды-семантикалық өріс туралы зерттеулер және 27-44
өріс типтері
1.4 Түр-түс атауларының функционалды семантикасын 44
қалыптастырушы факторлар
1.4.1 Зат есім мен сын есімдердің семантикалық тарихи 44-49
ұқсастықтары мен айырмашылықтарының жұрнақтар арқылы
көрінуіндегі мәнмәтіннің рөлі
1.5 Түр-түсті білдіретін сөздердің функционалды-семантикалық49-64
өрісінің жалпы сипаттамасы
1.6 Түр-түсті білдіретін сөздердің өзара мағыналық байланысы64-77
мен қарым-қатынасы
1.7 Интенсивтіліктің функционалды-семантикалық өріс аясында 77-83
қарастырылуы
2 Түр-түс атауларының тұлғалық ерекшеліктері мен ауыспалы
мағыналары арқылы функционалды-семантикалық құрылымының
қалыптасуы
2.1 Түр-түс атауларындағы сапалық белгілердің өзектенуі 84-96
2.2 Түр-түсті білдіретін сөздердің тіркесімдері мен 96-107
мағыналық қырлары
2.3 Түр-түс атауларының функционалды-лексикалық сипатының 108-120
дәстүрлі танымға негізделуі
Қорытынды 121-124
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 125-129
К І Р І С П Е

Қазақ тіл білімі түркі тілдерінің ішінде теориялық жақтан зерттелген,
тұжырымдары жетілген тілдер санатына енеді. Алайда қазақ тілінің
функционалды сипатын зерттеу арқылы тілдің және тілдік бірліктердің ішкі
семантикалық құрылымын, қызметтік қырларын терең түсінуге болады.
Функционалды грамматиканы зерттеу қазақ тілінде енді қолға алына
бастағанмен, жалпы тіл білімінде функционалды грамматиканың теориялық
іргетасы ХІХ-ХХ ғғ. қаланып, тілдің функционалды құрылымын кешенді түрде
зерттеу осы ғасырларда қолға алынды. Сөйлеу тілі мен тілдік жүйе
заңдылықтарын түсіндіруде де қолданылатын функционалдың термині екі түрлі
мағынамен жұмсалады. Функционалды граамматикада бұл терминнің қызмет мәні
ғана емес, тілдік бірлік арқылы жеткізілетін ойдың мәнін анықтайтын
мағынасы ашылады.
Функционалды грамматиканың негізгі бағыты тілдік тұлғалардың бір-
бірімен өзара байланысып жатқан терең ішкі қарым-қатынасын мазмұннан -
формаға, қызметтен - тілдік құралдарға принципімен анықтайтын кешенді
зерттеуден тұрады. Осы бағыт ұстанымы бойынша тілдегі негізгі грамматикалық
категорияларды тірек етіп құралатын функционалды-семантикалық өрістегі
тілдік бірліктердің ойды өз мән-мағынасымен қалай жеткізіп тұрғанын анықтау
көзделеді.
Қазіргі қазақ тілінде, жалпы барлық түркі тілдеріндегі сияқты,
грамматикалық және лексика-смантикалық жағынан ерекше бөлініп жатқан сөз
табы – сын есім. Затсыз сындық ұғым тумақ емес дейтін қағида заттың сынын
да, сапасын да, түсін де, белгісін де, көлемін де, сипатын да білдіретін
сын есімдерді сынын білдіріп тұрған затпен, объектімен тікелей
байланыстырады. Сын есім сөйлем ішінде зат есімдермен тіркесе келіп, оның
түрлі қасиеттерін, оның ішінде түсін де білдіреді. Зат есім мен сын есім
категорияларының арасындағы бірлік - ертеден келе жатқан тарихи құбылыс.
Өйткені затты айтпай, тек сынды білдіретін сөздердің өзін айтсақ, ол сапа
қай заттікі екені мәлімсіз болғандықтан, ой тиянақсыз болып қалады, Тек зат
атауымен тіркестіріп барып қолданғанда, ой нақтыланады, тиянақталады.
Сондықтан жұмыстың негізгі мақсаты сын есімдердің тіркесімдері арқылы
сөйлемде, сөз тіркестері құрамында тұрып білдіретін мағыналық өрістерін,
семантикасын анықтау, түр-түсті білдіретін сын есімдердің семантикалық,
грамматикалық ерекшеліктері олардың тұлғалық құрамына, жасалу тәсіліне
байланысты екенін көрсету.
Түр-түс әлемін ғылыми жолмен тану, әрине, осы құбылысты зерттеуге
қатысты ғылым салаларының дамуына байланысты болса, дәстүрлі тану белгілі
бір қауымның ұзақ дәуір бойындағы өмір тәжірибесіне сүйенеді. Хронологиялық
жағынан алып қарасақ, әрине, дәстүрлі тану ғылыми танудан бұрын тұруы
керек. Тану нысаны – табиғаттағы түр-түстер болғандықтан, бұл екі жолдың
екеуі де қажет және олар бір-бірімен байланысатын, бірін-бірі толықтыратын
тәсілдер. Дәстүрлік зерттеулер барысында түр-түстердің жалпы қасиетін,
көзге көрінетін негізгі белгілерін байқасақ, ғылыми-теориялық зерттеу
нәтижесінде олардың жай көзге көріне бермейтін негізгі және нәзік реңктері
анықталады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Ұлттың рухани дүниесінің тілдегі
бейнесі түр-түс атауларының семантикасы мен қазақ тіліндегі түр-түс
атауларының түрлі сөздіктердегі қамтылу дәрежесін, функционалды-
семантикалық өрісін, мағынасының халыққа түсініктілігін, жаңа бағытта
зерттелуін қарастыру қашан да қажет. Сондықтан зерттеліп отырған мәселе
жұмыстың өзектілігін білдіреді.
Хроматты түр-түс атаулары көне жазбалардан, көне мұралардан бүгінге
жетіп, сақталған ежелгі тілдік бірліктер болып табылады. Түр-түсті
білдіретін сөздерде синкреттілік құбылысы анық байқалатын бірді-екілі
мысалдардың өзі қара, ақ, көк сөздерінің тіркесімімен берілуі бұл сөздердің
көне тілдік бірлік екенін; тілдің белгілі бір даму сатысының айғағы
болатынын; есім-етістік синкреттілігін, синкреттіліктің кейіннен сөз
таптарының жеке-дара бөлініп шығуының тарихи баспалдағын көрсететін;
аксиомалық тұжырымға айналған тарихи омоним құбылысының пайда болуы мен түр-
түсті білдіретін сөздердің функционалды-семантикалық өрісінің түзілуіне
әсер барын дәлелдеу өзекті болып табылады.
Зерттеу нысаны: Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының функционалды-
семантикалық өрісі.
Зерттеу жұмысын орындау барысындағы мақсат түр мен түсті білдіретін
сөздердің сөздіктерде берілуін, көркем әдебиеттегі қолданысын келтіре
отырып, функционалды-семантикалық өрісін ішкі құрылымдық мағыналық
ортақтықтары арқылы анықтау болып табылады.
Ол үшін жұмысты жазу барысында мынадай міндеттерді шешу қажет болды:
-түр-түс атауларының диахрондық, тарихи негізін ашып көрсету;
-түр-түс атауларының ұлттық танымдағы негізгі атауларды құрайтынын
дәлелдеу;
-түр-түс атауларының ассоциативті тезаурусын түзудегі ерекшеліктерді
көрету;
- түр-түсті білдіретін сөздердің тіркесімдерін анықтау және олардың
тіркесімділік қабілетін сөз қоршауы мен парадигматикасы негізінде түзілетін
функционалды-семантикалық өрісі арқылы көрсету;
- функционалды-семантикалық өрістегі түр-түсті білдіретін сөздердің
интенсивтілігін көрсету;
Жұмыстың жаңалығы:
- түр-түсті білдіретін сөздердің функционалды-семантикалық
өрістерінің белгілері диахронды-синхронды жағынан айқындалды;
- түр-түс атауларының тіркесімділік қабілеті тіркесім жасаудың
тілдік заңдалықтары негізінде танымдық тұрғыдан айқындалды;
- түр мен түс атауларының түрлі семантикалық реңктері, ауыс
мағыналары, өрістегі интенсивтілігі анықталды;
- түр-түсті білдіретін сөздердің қазақ халқының дүниетанымдық,
этностық сипатын жеткізудегі қызметі айқындалды;
- мифтік түр мен түс символдарының тегі, мифтік танымға байланысты
символдық мәндері мен семантикалық мағыналық қырлары анықталды;
Зерттеу жұмысының зерттеу материалдары ретінде түркі тілдерінің
этимологиялық, салыстырмалы, көне түркі тілдері сөздіктері, жалпы тіл
біліміндегі салыстырмалы-тарихи зерттеулердің материалдары, қазақ тілінің
көп томдық түсіндірме сөздігі, фразеологиялық сөздік, диалектологиялық
сөздіктерден жинақталған материалдар, сондай-ақ фольклорлық шығармалар мен
көркем әдебиеттен жинастырылып, іріктелген тілдік деректер пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Түркі тілдері, оның ішінде қазақ
тілі лексикасының баю жолдарын, даму заңдылықтарын анықтау мақсатында жазба
ескерткіштердің деректерін, қазіргі қазақ тілі фактілерін, сөздің мағыналық
қырларын семантикалық жақтан зерттеу, сын есімдердің тілдік сипатын
функционалды тұрғыдан саралау тұрғысынан маңызды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы лексикология, этнолингвистика,
лингвомәдениеттану мен функционалды бағыттағы пәндер мен курстарды оқытуда,
семантикаға арналған арнаулы курстарды өткізуде қолдануға, жинақталған
материалдарды пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- Түр-түс атаулары мен олардың ұғымдары, тілдік бірліктер танымдық
семантикасына сәйкес этникалық тілдік бейне жасауға қатысады;
- түр-түсті білдіретін сөздердің функционалды-семантикалық өрісінің
құрылымы бар және оның орталықтары, басты белгілері мен өлшемдері болады;
- түр-түс атауларының функционалды-семантикалық өрісі бірнеше
орталықтан құралады, әр орталықтан таралатын өріс микроөрістерден,
микроөрістер мәндес басқа өрістермен шектеседі;
- түр-түсті білдіретін сөздердің тіркесімділік қабілеті зор, соған орай
мағыналық реңктері мен семантикасы да сан алуан;
- түр-түсті білдіретін сөздер арқылы қалыптасқан фразеологиялық
бірліктер, тұрақты тіркестер, метафоралар қазақ ұлтының эстетикалық
талғамын, дүниетанымын көрсететін концептуалдық жүйе бірліктері бола
алады.
Жұмысты жазу барысында қазақ тіл білімінің өкілдері А.Ысқақов,
М.Томанов, Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, З.Ахметжанова, Ш.Жарқынбекова,
А.Салқынбай, Н.Айтова, С.Құлманов, М.Жолшаева, О.Жұбаева, А.Ноғаев т.б.
және орыс тіл білімі өкілдері Н.Б.Бахилина, А.В.Бондарко, Н.Г.Ахметьянов,
т.б. ғылыми еңбектері мен көзқарастары басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының әдістері. Жұмысты орындау барысында тарихи-
салыстырмалы, диахронды-синхронды, тарихи-семантикалық, этимологиялық,
баяндау мен пікірлерді қорыту әдістері пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының жарияланымы: Диссертацияның негізгі түйіндері мен
тұжырымдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. Хабаршы №4-2005
Қара сын есімді сөз тіркестері (Семантикалық аспект); Қазіргі таңдағы
ғылым мен білім Халықаралық ғылыми тәжірбиелік конференция материалдары.-
Шымкент, 2005ж, Қара сын есімінің мағыналық қырлары; Қ.А.Ясауи ат.
Халықаралық қазақ-түрік университеті. Хабаршы, 2005ж. Қыркүйек - қазан;
Функционалды-семантика бағытындағы қара сын есімді сөз тіркестерінің
жүйесі; А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Тілтаным
журналы.-Алматы,2005ж. Тілдегі функционалды-семантикалық өрістің қара
сөзі арқылы көріністенуі; Тіл және жаһандану; бүгіні мен болашағы. -
Халықаралық ғылыми – теориялық конференция. Алматы-2008 (27- 28-қараша)
Интенсивтіліктің функционалды – семантикалық өріс аясында қарастырылуы;
Жастардың патратизмі мен азаматтылығын қалыптастыруда тәрбие жүйесін іске
асыру: тәжірибе, проблемалар, перспективалар атты Халықаралық ғылыми –
практикалық конференция, Тараз-2009ж. Түр-түске байланысты сөздердің
мағыналық байланысы мен қарым қатынасы; әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетіндегі Қазақ филологиясы кафедрасында ғылыми - әдістемелік
семинарда баяндама жасалды.
Сонымен бірге зерттеудің ғылыми нәтижелері ҚР ЖАҚ-ы шешімімен
бекітілген республикалық 3 басылымда ғылыми мақала түрінде жарық көрді.
Жұмыс кіріспеден, негізгі екі тарау мен қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есімдердің зерттелуі мен сөз табы
ретіндегі ерекшеліктері

1.1.Қазақ тіліндегі сын есім категориясы қалыптасуының диахронды-
синхронды сипаты
Қазіргі қазақ тілінде, жалпы барлық түркі тіліндегі сияқты,
грамматикалық және лексика-семантикалық жағынан ерекше бөлініп жатқан сөз
табы – сын есім. Сын есімдердің дербес грамматикалық класс ретінде
қалыптасуын әр кезде, әр түрлі ғалымдар өзінше түсіндіріп келеді. Бірақ
тілдегі бұл құбылыстың зат есіммен тікелей байланысты екенін бәрі де
мойындайды. Яғни затсыз сындық ұғым тумақ емес делінеді. Заттың сынын да,
сапасын да, түсін де, белгісін де, көлемін де, сипатын да білдіретін сын
есімдерді оның сынын білдіріп тұрған затпен, объектімен тікелей
байланыстырады.
Қазақ тіліндегі сын есімнің жеке грамматикалық класс ретінде айқындалып
тұрған арнайы морфологиялық көрсеткішінің болмауы (мәселен, орыс
тіліндегідей) оны мағыналық және морфологиялық жағынан ажырата түсуді
қиындатады. Мәселен, жақсы бала және жақсы оқиды деген тіркестердегі
етістіктің алдында тұрған сын есім (жақсы оқиды) үстеу қызметін атқарып
тұрғандай көрінгенмен, оны, мәселен, орыс тіл біліміндегідей үстеу деп
қарамай, сын есім деп ажыратады. Бұл қазақ (түркі) тіліндегі сын есімнің
басты ерекшелігі. Осылайша жақсы бала жақсы оқиды дегенде екі жақсы сөзінің
екеуін де лексика-семантикалық және грамматикалық ерекшеліктеріне қарап,
сын есімге жатқызатын болсақ, ал осы сияқты қарт сөзін сөйлем ішінде алып
қарасақ, оның да екі түрлі қызмет атқаратынын көреміз. Қарт келеді десек,
мұндағы қарт сөзі – субстантивтену арқылы сындық мағынадан заттық мағынаға
ауысып, сөйлемнің бастауышы болып тұрса, үйге қарт кісі келді десек, онда
ол сөз - өз мағынасында (қарт-сын есім) қолданылып, сөйлемнің анықтауышы
болып тұр. Бірақ мұнан сын есім зат есімнен бөлінбеген категория деп
қарауға болмайды. Сын есімнің кейбір жалпылық жақтарын (қайшылықтарын)
былай қойғанда, өзіне тән семантикалық, морфологиялық және синтаксистік
белгілері – мұны басқа сөз таптарынан (зат есім мен үстеуден) ажыратып,
бөліп жатады.
Сын есім сөйлем ішінде зат есімдермен тіркесе келіп, оның сынын,
қасиетін, түсін көрсетеді. Бұл екі категорияның арасындағы бірлік – ертеден
келе жатқан тарихи тіркес арқылы қалыптасқан. Мысалы, үлкен сөзінің соңына
үй, кітап не тағы басқа осы сияқты сөздердің бірі тіркесу арқылы ол
сөздің мағынасы түсінікті болады. Үлкен деген сын есім мағыналық жағынан
тиянақты емес, ол зат есіммен тіркесе келіп, заттың сынын, сапасын,
сипатын, көлемін көрсету арқылы оның мағынасын анықтайды. Егер затты
айтпай, тек сынды білдіретін сөздердің өзін айтсақ, ол сапа қай заттікі
екені мәлімсіз болғандықтан, мағыналық айқындық болмайды. Ойды, мағынаны
тиянақтау үшін зат есіммен тіркестіру керек: сезгіш адам, төзімді жан,
тапқыр жігіт, ашық күн, ыстық күн, жаңбырлы күн, әдемі бөлме, жылы үй,
жарық бөлме, т.б.
Зат есіммен салыстырғанда көптелу, септелу, тәуелдену категорияларының
сын есімге тән болмауы – оның басты морфологиялық ерекшелігі. Егер сын есім
белгілі бір сөйлемнің құрамында тұрып тәуелденсе, көптелсе, септелсе, онда
ол субстантивтеніп, заттық мағынаға ауысып кетеді. Мысалы: Жаманымыз
жолаушы кетіп еді немесе Жаманға сөз өтпейді дегенде жаманымыз, жаманға
сөздері – жаман баламыз, жаман адамға деген мағынада жұмсалып тұр. Мұнда
сын есімнің негізгі мағынасына қосымша мағына тудырушы морфемалар тәуелдік
жалғауы –ымыз және барыс жалғауының көрсеткіші – ға. Демек, сын есімді
заттық мағынаға айналдырып тұрған тәуелдік және септік қосымшалары. Оны
тағы да мына мысалдардан да көруге болады:
Жақсының басына іс түссе, бір тулар да басылар. Өз білмегеніңді кісіден
сұра, үлкен жоқ болса, кішіден сұра (Мақалдар).
Алғашқы кезекте зат есімдердің пайда болғанын, яғни олардың
біріншілігін, ал сын есімдердің одан кейін ғана пайда болғанын М.Томанов
былай деп көрсетеді: Сын есімдердің грамматикалық класс ретінде қалыптасуы
зат есімдермен байланысты құбылыс. Зат есімдер зат жайлы ұғыммен бірге
сын, сапа ұғымдарын да бойына жинаған грамматикалық класс болды. Бүгінгі
тіл білімі тұрғысынан синкретикалық ұғым мен қызметтегі бұл зат есімдер
сөз, сөйлем құрамында субъект пен объектіні ғана білдірмей, атрибуттық та
мән туғызып, сондай қызмет атқарады. Анықтауыш деп аталатын синтаксистік
категория осылай, зат есімдердің сөйлем, сөз құрамындағы қызметінің бір
түрі ретінде қалыптасты. Ал анықтауыш қызметінде зат есімдердің қолданылуы,
сөйтіп анықтауыш категориясының қалыптасуы бір затты екінші зат арқылы
ұғынуға негізделеді. Екінші сөзбен айтқанда, заттарды өзара салыстыру артық-
кемдігін байқау арқылы жүрді. Сонда тіл құрамында алғаш рет сын, сапаны
білдіргендер зат мағыналы сөздер басқа бір сондай сөздермен салыстырғанда
белгілі бір затқа не заттар тобына тән қасиет пен белгіні айқынырақ,
анығырақ білдіретін болады [1Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы.
– А.,1988,177-178-бб.]. Ғалым бұл ойын дәлелдей түсу үшін мынадай мысал
келтіреді: Айталық, қатты нәрсені, затты таспен теңестіруден барып тас
жер, жұмсақ, сусыма жерді құммен теңестіруден барып құм жер, т.б. сөз
тіркестері немесе анықтауыш қызметіндегі сөздердің тобы қалыптасады.
Синтаксистік анықтауыш категориясы осы тәрізді сөз мағынасын кең түсінуге
негізделген қолданыстан басталды. Мұндай қолданыстың барысында бірсыпыра
сөздер лексикалық шектеліске түсті: сөз әрі зат ұғымында, әрі сын, сапа
ұғымында тұрақтады. Қазақ тіліндегі ақ, көк, қара тәрізді сөздер сондай
жіктелістің нәтижесі: ақ әрі зат атауы (ағарған сөзімен синонимдес), әрі
түстің атауы, көк – зат есім (аспан мәні), әрі түстің атауы, қара – зат
есім (кісі, көрінетін жанды зат – көпшілігінде мал), түстің атауы
[1Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – А.,1988,177-178-бб.].
Сонда сын есімдердің дербес сөз табы, грамматикалық класс болып
қалыптасуы – олардың лексикалық және синтаксистік қолданысқа түсуінен
пайда болғанын аңғару - қиын емес.
Сын есімдердің арғы негізі ең алдымен есім синкретизмінен басталды,
етістіктің есім тұлғаларымен толықты. Соның барысында сын есім жасайтын
біршама аффиксация (қосымшалар) жүйесі қалыптасты. Қосымшалардың пайда
болуы сын есімдерді өзінше ерекшелендіретін грамматикалық класс ретінде
танып, жеке қарастыруға мүмкіндік берді. Зат есімдермен, етістіктермен
салыстырғанда о баста айқын морфологиялық сипаты болмаған, тілдің даму
барысында пайда болған сын есімдер, міне, осылайша жеке грамматикалық
класқа айналды.
Сын есімдер табында зат есімнен кейін өз алдына жеке сөз табы ретінде
қарастырылып, басқа сөз таптарынан құрылымдық, жүйелілік сипатымен
ерекшеленеді.
Түркі тілдеріндегі, оның ішінде алтай, ұйғыр, қырғыз тілдеріндегі сын
есім, оның тұлғасы, шырай категориясы, жасалуы туралы біршама құнды
мағлұматтары қазақ тіл біліміндегі сын есімдерді сөз табы ретінде жеке алып
қарастыруға негіз болғандығын ғалым Ж.Шакенов атап өтеді. Жалпы алғанда,
қазақ және түркі тілдеріндегі сын есім категориясының зерттелу тарихында
сын есімді алғаш сөз еткен М.Терентьев еді, ол “Грамматика турецкая,
персидская, киргизская и узбекская” (СПб,1878) атты еңбегінде сын есім
туралы пікірін білдірген. Ал П.М.Мелиоранскийдің қазақ тіліндегі сын есім
туралы айтқан пікірі кейінгі көзқарастарға үлкен әсерін тигізгені анық. Ол
сын есімнің сырт қарағанда зат есімнен еш айырмашылығы жоқтығын айтқанымен,
оның негізгі және туынды түрлері барлығын, туынды түрі жұрнақтар арқылы
жасалатындығын көрсетіп, олардың мағынасын ашу бағытында біраз еңбектенген.
В.В.Катаринский еңбегінде сын есімдер сапалық және қатыстық сын есімдер деп
екіге бөлінеді, бірақ мағыналық жақтан саралауда, жіктеуде ара жігін толық
ашып көрсете алмаған.
Дәл бүгінгідей нақтыланып, қырланып, айырым-жіктері ашылмағанымен,
аталмыш еңбектер сын есімнің категория ретінде қаралуына, жеке дербес сөз
табы ретінде әрі қарай зерттелуіне кең жол ашты, сондықтан сын есім туралы
ғылыми көзқарастардың алғашқы соқпағы сол тұстарда салынғанын мойындау
керек.
А.Байтұрсынов сын есімді тек сыны және сыр сыны деп екіге бөледі.
Тек сыны нәрсенің тегін көрсетеді де (ағаш аяқ, күміс қасық, алтын жүзік
т.б.) сын сыны нәрсенің ішкі, тысқы сырын, реңін, яғни түрін, түсін,
тұлғасын, жайын, күйін білдіреді (арық, аласа, жуан, шебер, аш, ақ, қара,
т.б.).
Сыр сынында үш шырай: жай шырай, талғаулы шырай, таңдаулы шырай бар дей
келіп, жай шырай нәрсенің сыйқын (қасиетін) жай көрсететінін (жақсы аттар,
тентек бала, биік ағаш), талғаулы шырай нәрсе сиқының бірінен-бірі артық-
кемдігін (зерек-зерегірек, семіз-семізірек), таңдаулы шырай нәрсенің сиқы
өте артық екенін көрсетеді (тым қорқақ, ең жақсы, бек нәзік, қас батыр, нақ
шешен) деп түйіндейді [2, А.Байтұрсынов.Тіл тағылымы. – Алматы:Ана
тілі,1992,-446 б.-217-б.].
Қ.Жұбанов Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер еңбегінде шырайға
төмендегідей сипаттама береді: Есімнің бірқатары есімнің өзін емес, заттың
не істің тұрғылықты белгісін көрсетеді. Мұның өзі екі түрлі – сан белгі,
сипат белгі. Осыған қарай бірін сан есім, бірін сын есім дейміз. Сын
морфологияда – рақ, -рек, -лау, -леу қосымшалары, қосақты қосар буынды
өзіне ерте алады: қызыл – қызылырақ, қызылдау, қып-қызыл... [3,Жұбанов Қ.
Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы:Ғылым,1966.-362 б.].
Қазақ тіл білімінде сын есімнің ең негізгі, тек осыған ғана тән
грамматикалық категориясы шырай категориясын жеке-дара алып қарастырып,
зерттеу нысаны еткен ғалым Ғ.Мұсабаев болды. Ол осы зерттеу нысаны
негізінде Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары [3] деген еңбегін жазып,
сын есімнің өз алдына сөз табы болуының негізгі әрі басты белгілерін атап-
атап көрсетеді. Олбелгілерге:
1. Лексикалық мағынасының болуы;
2. Шырай жұрнағын қабылдауы, жалғай алуы;
3. Зат есімге тән қосымшалардың тікелей қосылмайтындығы;
4. Сөйлемде анықтауыш қызметін
атқаруын жатқызуға болады.
Қазақ тілі морфологиясын зерттеген ғалым Ә.Төлеуов: Заттың сынын,
сапасын, түсін, белгісін, көлемін, сипатын білдіретін сөз табы сын есім,-
деп атайды [4], ал ғалым А.Ысқақов: Заттың сапасын, сипатын, көлемін,
салмағын, түсін және басқа сол сияқты сыр-сипатын білдіретін сөз табын сын
есім,- деп атайды [5,5]. Екі ғалымның көзқарасында айта қаларлықтай
айырмашылықтың жоқ екені байқалып тұр.
Ал Қазақ тілінің грамматикасы (1-бөлім) еңбегінде: Сын есімді
семантика-грамматикалық мағынасы, морфологиялық ерекшеліктері мен сөз
тудыру, сөз өзгерту амалының жүйесі, синтаксистік қызметі мен қолданылуы
жақтарынан қазіргі қазақ тіліндегі өзіне тән ерекшеліктері бар сөз табының
бірі,- деп аталып көрсетілген [6,109].
Қ.Жұбанов аталған еңбегінде шырай түрлерін: жай шырай, кесімді
араластырмалы шырай (бірі тура күйде, бірі шығыс жалғаулы күйінде),
салыстырмалы шағын шырай (-рақ, -рек, -лау, -леу үстеулері қосылатындар),
жалаң шағын шырай (қызғылт, қаралтым, көтеріңкі), талғаулы шырай, дәйек
қосылыңқы (өте қысқа), қосақты (қып-қысқа), үстеулі (ұзын-ақ), орта шырай
(бір қос, бірсыпыра, бір жөн, бір дәуір, едәуір сөздері қосылады...), -
көрсетеді [3, Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –
Алматы:Ғылым,1966.-362 б.].
Ғ.Мұсабаев шырайдың бес түрін: салыстырмалы (-рақ, -рек), бәсең (-дау,
-деу), шағын (-шыл, -шіл,-ғыл, -ғылт, -ғыш, -ылдыр), күшейтпелі (күшейту
буынымен), үдетпелі (аса, тым, өте) атап көрсетеді [7, Мұсабаев Ғ. Қазақ
тіліндегі сын есімнің шырайлары. – Алматы,1951. – 11-15 бб.].
Ғ.Мұсабаев –рақ-лау, -леу формаларын екіге бөліп, ажыратқанмен,
кейінгі еңбектерінде олар біріктіріліп қарастырылған. Ал –шыл, -шіл, -ғыл,
-ғылт тұлғасымен жүретін сын есімдерді шағын шырайға жатқызады. Шағын
шырайдың халық әдебиетінде кездеспейтінін, Абай өлеңдері мен совет
әдебиетінде жиі қолданылатынын айтады [7, 11-15 бб.].
Ы.Маманов сынның белгісін білдіретін жұрнақтарды сөз тудырушы
жұрнақтарға жатқызу керек пе, әлде шырай категориясында қарала ма деген
мәселе бойынша және жай шырайдың шырай парадигмасының құрамына ене ме, яғни
шырайдың бір түрі ретінде грамматикалық қатардың мүшесі бола ала ма, яғни
граммемаға жата ма деген мәселе бойынша шырайға көңіл бөледі.
Нөлдік форма туралы сөз ете отырып, жай шырай, негізгі етіс деп аталып
жүрген түрлердің болмайтынын Ы.Маманов былайша жеткізеді: Түркі
тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде, кейбір грамматикалық формалар
сөйлемде грамматикалық көрсеткішсіз-ақ нольдік формада қолданыла береді.
Қазақ тілінде нольдік форма, көбінесе, түбір сөздермен тұлғалас болып
келеді. Соның салдарынан қазақ тілі грамматикаларында түбір сөздер мен
нольдік форманың аражігін айыруда ғылыми-теориялық анықтамалар жеткіліксіз.
Қазақ тіл білімі жөнінде жазылған еңбектерде зат есімнің жекеше түрі, атау
септік, жай шырай, негізгі етіс деген терминдер грамматикалық форманың
атауы ретінде қолданылады. Бұлардың ешқайсысының өзіне тән арнайы
грамматикалық көрсеткіші жоқ. Олай болса, бұлар нольдік формада емес. ...
Қазақ тілінде әрбір грамматикалық форма сөзге арнайы форма тудырушы
қосымша жалғану арқылы жасалады. Былайша айтқанда, түбір сөз грамматикалық
форма емес, ол грамматикалық формаларға негіз болып жұмсалады. Зат есімнің
жекеше түрі, жай шырай, негізгі етіс делініп жүргендер де көптік, шырай
және етіс формаларына негіз болып қолданылатын түбір сөздер. Өйткені
бұлардың арнайы грамматикалық көрсеткіші жоқ [8,Қазіргі қазақ тілі.
Лекциялардың текстері. – Алматы,1973.-89 б.- 76-77 бб.].
С.Исаев өз пікірінде Ы.Мамановтың көзқарасын қолдайтынын былайша
білдіреді: ...Грамматикалық оқу құралдарында шырай түрлерін жасауға негіз
болатын тұлға деп көрсетілетін жай шырай түрін жеке шырай деп бөліп
көрсетеді. Тек шырай түрлеріне негіз болатын, ал өзі шырай түрлеріне
мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан да оппозициялық қатар құрай
алмайтын, сөйтіп, басқа түрлермен тепе-тең парадигмалық жүйе жасай алмайтын
тұлға ол категорияның ішіне, шеңберіне кіре алмайды. ...Сөйтіп, бұл сапалық
сын есім тұлғасы мен жай шырай деген ұғым бір болса, ол бір ұғымды,
біріншіден, екі түрлі атағаннан не ұтамыз? Екіншіден, категориялық түрлену
формасына негіз болатын тұлға да ол категорияға (шырай түріне) енбейді.
Мысалы, тәуелдік категориясына негіз болатын тұлға – зат есімнің түбірі.
Бірақ зат есімнің түбірі тәуелдіктің ішінде бір түрі болып саналмайды
[9,Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. –
Алматы:Рауан,1998.-303 б. – 140-б.].
Сын есімдерді еңбектерінде терең қарастырған Ж.Шакенов шырай түрлерін
Ғ.Мұсабаев көзқарасы негізінде топтайды. Тек Ғ.Мұсабаевтың үдетпелі шырай
терминінің орнына таңдаулы шырай терминін қолданып, ал шағын шырайды өз
алдына жеке, бөлек шырай жасайды деп көрсетеді. Шырай туралы айта келіп,
шырай жұрнақтары жөнінде: Шырайдың білдіретіні бірен-саран ғана сөздердің
басына тән жеке қасиеттер болады. Мәселен, -рақ, -рек, -лау, -леу сапа
сындарының барлығынан шырай тудырады, күшейткіш буындар да, өте, тым, аса
сияқты күшейткіш үстеулер де солай. Ал –ғыш,-ғылт тәріздес жұрнақтарға
келсек, олар құнарсыз, көпшілігі заттың түсін білдіретін сөзге ғана
жалғанады. Соның өзінде де барлығына емес, екі-үш түске ғана. Бұлар
жалғанған сөздер әдеттегі сапа сындары тәрізді белгілі жұрнақтар арқылы
етістікке айналып етеді. Мысалы, көгілдірленіп, сұрғылттанып, қуаңдана т.б.
бұдан кейін сұрғылт, ақшыл тәрізді сындар күрделі сындардың құрамына енеді.
Мысалы, Бір сәт қызғылт сары аш бүркіт осы тастарға қарай бездіріп қоян
қуады (М.Әуезов). Ақшыл сарғылт жүзіне енді қайтадан қан жүгіре бастады
(М.Әуезов.). Ал шырай жұрнақтары қосылған сөздерден бұл кездеспейді. Олай
болса, -ғыл, -ғылт, -ғыш, -аң, -қай, -ілдір, -шыл, -шіл тәріздес жұрнақтар
шырайлық емес, сапаның толымсыздығын білдіретін формалар болады, - дейді
[10,Шакенов Ж. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы.-Алматы,1961.-
28, 30-б.].
Көпшіліктің көңілін аударып, дау тудырып жүрген бұл жұрнақтардың шырай
формасына жататыны туралы: Данная степень образуется посредством
специфических только для качественых придагательных, называющих цвет,
суффиксов: -ғылт, -ғылтым, -ғыш, -ілдір, -ілжім. Эти суффиксы,
присоединяясь к качественным прилагательным обозначающим цвета, выражают
преуменшительное, приблизительное значение т.е. неполноту качества: сары
(желтый), сарғылт (чуть пожелтевший), ақ (белый), ақшыл (чуть побелевший)
т.е. имеет цвет чуть белый, но не совсем белый [11,Современный казахский
язык. Фонетика и морфология. – Алматы,1962.-207 б.]. Шынында да бұл
жұрнақтар бірді-екілі сөздерге ғана жалғанатыны белгілі.
1967 жылғы Қазақ тілінің грамматикасы кітабында шырайдың: 1.
салыстырмалы шырай; 2. бәсең я шағын шырай; 3. күшейтпелі шырай; 4.
асырмалы-үдетпелі шырай деген түрлері аталады. Бұл еңбекте –ғылт, -ғылтым,
-ғыш, -ілдір, -ілжім қосымшалары шағын шырай формалары ретінде көрсетіледі.
Бірақ олар тек түсті білдіретін сапалық сын есімдерге жалғанып, түстің
солғындығын, қанық еместігін ғана білдіретін формалар ретінде аталады. Ал
мектеп оқулықтарында –қыл, -ғыл, -қылт, -тым, -шыл, -шіл, -ғыш, -гіш
жұрнақтары салыстырмалы шырай құрамында беріледі.
А.Ысқақов шырай түрлерін жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі
шырай, асырмалы шырай деп бөледі де, -ғыл (-қыл),-ғылт, - ғылтым (-қылтым),
-ғыш қосымшаларын заттың сындық белгілерінің бәсеңдік, солғындық реңдері
мен мәндерін білдіретін формаларға жатқызады. Бұл қосымшалардың сөз тудыру
қызметтерінің болымсыздығын айта келіп, өнімсіз жұрнақтар деп, олардың
бірінің үстіне бірі үстеліп жалғанатын қасиетіне тоқталады [12, Ысқақов А.
Қазіргі қазақ тілі. Морфология. –Алматы,1991.-385 б.-184-189 бб.].
М.Томанов бұл қосымшаларды шырай формаларын тудыратын қосымшалар деп
санайды [13,Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.
Алматы:Мектеп,1992.-122-б.].
Басқа да ғалымдардың шырай түрлеріне, сын есімнің жекелеген
қосымшаларына келгенде әрқилы көзқарасты ұстанғаны байқалады. Шырай түрлері
туралы сөз болғанда С.Кеңесбаев Грамматика казахского языка (1947 ж.)
еңбегінде талғаулы, таңдаулы шырай түрлерін атаса, Н.Сауранбаев, С.Бегалиев
Грамматика казахского языка (1944 ж.) деген еңбекте салыстырмалы,
таңдаулы, шағын шырай түрлерін, сонымен қатар С.Аманжолов жәй, шағын,
салыстырмалы, таңдаулы шырай түрлерін өз зерттеулерінде көрсетеді.
А.Ысқақовтың оқулығында (жоғарыда көрсетілген еңбек) шырайдың төрт
түрі жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай түрі
берілген. Осы көзқарастардың біріне де ұқсамайтын сын есімге байланысты
пікірін С.Исаев шырай категориясы тек сапалық сын есімдердің категориясы
дейтін көзқарас арқылы жеткізіп кетті.
Сонда бүгінгі таңда белгілі болып отырған шындық - жоғары аталған
жұрнақтар мен шырай түрлеріне байланысты екі ұдай көзқарастың бар екені.
Қазақ тіліндегі шырай категориясының зерттелуіне біраз ғалымдар үлес
қосты. Көптеген пікірлер мен көзқарастарды жинақтай келе төмендегілей
қорытынды жасауға болады:
а) шырайдың грамматикалық топтарын бөлуге келгенде бірізділіктің
жоқтығы байқалады;
ә) мектеп оқулықтары мен жоғары оқу орындарының оқулықтарында, сондай-
ақ, ғылыми еңбектерде шырай түрлері әртүрлі көрсетілген (үш және төрт
түрі).
б) қазақ тілінің тарихында шырай түрлерініңалты-жеті түрге бөлінуі орын
алған;
в) өзгелерге ұқсамайтын пікір бойынша шырай категориясы (екі түрі бар)
және ол жалпы сынды білдіретін сөздерге (сөз табы ретінде сын есімге) ортақ
әрі міндетті грамматикалық категория емес, тек сапалық сындардың ғана
түрлене алатын категориясы екені жөнінде көзқарастар бар.
Тілдегі сын есімдердің түр-түсті білдіретін лексика-семантикалық тобы
сын есімнің грамматикалық негізнде түрлі жағдайлармен қолданысқа түседі.
Бірақ олар ең алдымен, тілдік бірліктер, олардың бойында сөзге тән белгілер
қалыптасқан. Енді сол белгілерге тоқталып өту керек.

1.2 Түр-түс атауларының сөзге тән белгілері
Грамматикалық құрылым да, сөздік құрам да жеке-жеке алынғанда тілді
құрай алмайтыны белгілі. Бірінсіз бірі жоқ болғандықтан байланыс қажет
болады. Байланыс тілдік жүйенің, жүйелі қатынастардың қалыптасуына негіз
салады. Бұл байланыс олар үшін өте-мөте маңызды.
Ал тілдегі сөз өз мағынасына өмірлік тәжірибемен тығыз байланыста ғана
ие бола алады. Сын есімге байланысты, сын есімнің жеке грамматикалық класс
ретіндегі қалыптасу жолы мен сөз табы ретіндегі грамматикалық
категорияларының проблемалық мәселелері тілдік категорияның зерттелуіндегі
алғашқы, бірақ негізгі сатылары, сондықтан келесі зерттеулерге алғышарт,
таяныш болады.
Сын есімге арналған зерттеулердің ой, ұғым, сана, іс-әрекетпен
сабақтастырыла, тамырластырыла қарастырылуы сөз мағынасы, сөз мазмұнына
қатысты категориалды ұғымдардың қалыптасуын, түр-түсті білдіретін сөздердің
өрісін кеңінен ашып шынайылықпен сипаттауға мүмкіндік тудырады. Бұл
тұрғыдан Ғ.Мұсабаев материалдық іс-әрекет, материалдық қарым-қатынасты тіл
формасымен байланыстыра келіп, былайша түсіндіреді: Демек ой мазмұны тіл
формасында берілсе, онда ұғымдар сөздерге бекітілген болады [86,9-б.].
Шынында да, ойдың формасын емес, мазмұнын, тілдің мазмұнын емес, формасын
бір-біріне жұптастыру арқылы сөз бар жерде ұғым болатынын, оның түрлі
қызметі мен семантикалық қырлары болатынын ғалымның айтқысы келгені көрініп
тұр. Ал түр-түс атауларының бойынан сөздік қасиеттің барлық белгілері анық
көрінетіні сөзсіз. Тілдегі сөз семнтикасына байланысты толымды пікірлері
бар М.Оразов сөздердің мынадай белгілерін атап өтеді:
1.Сөз тұлғасы жағынан тұрақты;
2.Сөздің тұлғалық тұрақтылығымен байланысты оның екінші белгісі –
сөйлеу кезінде жалпы тізбектен (поток – М.О.) жеке сөздердің бөлініп, өз
дербестігін сақтап айтылуы;
3. Сөздің таңбалық сипаты;
4.Сөздің бойындағы лексикалық және грамматикалық мағыналары;
5.Мағына мен сөздердің тұлғалық тұрақтылығы.
Сөз мағынасы материалдық дүниемен астасып келетіні айқын. Сонда түр-
түсті білдіретін, сөздер бір заттың түр-түсін білдіреді, бірақ олар
деректене ме, түсті қолмен ұстауға келе ме?
Түр-түсті білдіретін сөздер арқылы пайда болатын ұғымдарды көзбен
көруге болады, бірақ қолмен зат қана ұсталады, нақты бір түсті қолмен
ұстауға келмейді. Сондықтан түсті білдіретін сөздердегі лексикалық мағына
материалдық зат немесе құбылыстармен астасып кетеді де, сөз мағынасының
материалдық сипаты болатынын түсіндіруге болады.
Адам санасындағы түр-түске байланысты ұғымдар әлсіремейді және
күшеймейді, түр-түс атаулары тұрақтылығын сақтайды. Бұл тұжырымды, яғни ең
негізгісі, бір түсті, түрді білдіретін ұғымның екінші бір түр мен түсті
білдіретін ұғымға ауыпайтынымен түсіндіруге болады. Айталық, қызыл түстің
сары түсті білдіруге, қараның ақты, көктің сарыны білдіруі, ауысуы жүрмейді
және бұл сөзге байланысты өлшемдердің арасындағы тұрақтылық белгісінің
сақталуын көрсетеді, бірақ уақыт өте келе түр-түсті білдіретін сөздердің
тобы жаңа түр-түсті білдіретін ұғымдармен көбейіп отырады. Өйткені адамның
дүниетанымы, айналасын тануы, табиғатты білуі, түсінуі тереңдеген сайын түр-
түске байланысты ұғымдар көбейеді. Оған дәлел ретінде, соңғы кездерде сәнге
айнала бастаған ультратүстерді, атап айтқанда:
ультракүлгін, ультрақызыл, ультрасары, ультражасыл, ультракөк т.б.;
одан бұрынғы:
күлгін, сарғыш, сарғылтым, көкшіл, көкшілтім, ақшылтым, бозаң,
бозғылт, сұрғылт, қызғылтым, қызғыш, көгілжім, т.б.;
заттық негіздегі:
далаптай (қып-қызыл мағынасындағы), күйедей (қап-қара), мейіздей
(қатып-семген, жаратылған және қоңыр түс), қардай, қанттай (кіршіксіздікті
және аппақ түсті), өттей (қошқыл сары, сап-сары), өрттей (қып-қызыл),
алмадай (екі бетінің ұшы алмадай қызарып кетті дегендегі, бірақ алма мойын
қызыл түсті білдірмейді (Алма мойын аруды ат к...е салған күн), қарақаттай
(қап-қара), шиедей (қып-қызыл), ауызекі тілде айтыла беретін помидордай
(қып-қызыл, бірақ қызанақтай деп айтылмайды), т.б. түр-түс атауларының да,
олар арқылы жететін ұғымдардың да, бір жағынан, көбейіп келе жатқанын,
көрсететінін айтуға болады. Екіншіден, мазмұн болмаса, сөз болмайтынын,
яғни түр-түстер туралы санада ұғым болмаса, түр-түсті білдіретін сөздердің
өзі де болмайтындығының ақиқаттығын білдіреді.
Түр-түсті білдіретін сапалық сын есімдер бірінен кейін бірі тіркесіп
келсе, олар бірін-бірі анықтамайды, олардың әрқайсысы зат есімнің түрлі
сапалық қасиеттерін жеке-жеке анықтайды [87,90-б.]. Яғни түр-түс сөздері
тұрақтылық сипатты грамматикалық байланыс кезінде де сақтайды.
Түр-түсті білдіретін сөздер, тұтас алғанда сын есімдер біртұтастығы бар
және бөлшектерге (сегменттерге) бөліне алатын сипаты бар сөздер. Сөзге
берілетін анықтаушы белгінің осы түрі бұл сөздердің бойынан табылады.
Түр–түсті білдіретін сөздер белгілі бір дыбыстар тіркесінен (сегменттерден)
тұрады, ұғымның атауы болып табылады, өйткені сөз болуы үшін ұғымның атауы
болуы тиіс. Сөз бен ұғым туралы Д.Н.Шмелев пікірі де осы ойды бекітеді:
Слово является номинативной единицей, единицей наименования [88,53-б.].
Сөз бен ұғымның арақатынасын К.Аханов былайша жеткізеді: Бізді
қоршаған дүниедегі заттармен құбылыстар адам санасына, оның ойлауына
сәулесін түсіріп, бейнеленеді, Олар туралы ұғым пайда болады. Ұғым заттың
не құбылыстың жай ғана бейнесі емес, олардың басты белгілерінің ойда
қорытылып, топшыланған бейнесі. Ұғым тілде сөз арқылы айтылады, сөз
мағынасына тіркеледі, бекітіледі. Осы мағынада сөз шындық болмысты
бейнелейді [89,86-б.]. Заттар мен құбылыстар деп айтып отырғандардың
қатарына қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын немесе көзбен көруге
болғанмен, қолмен ұстауға келмейтін жартылай деректілерді де (біздіңше,
түр-түсті білдіретін сөздер, сын есімдердің басқа лексика-семантикалық
топтары да жатады деп ойлаймыз) кіргізетін болсақ, бұл анықтаманың сөз бен
ұғымның арақатынасын толық қамтыған анықтама болып табылатыны рас.
Түр-түсті білдіретін сөздер мен олардың ұғымдарын түсіндіргенде, екі
әдіс типінің, яғни индукциялық немесе дедукциялық әдістің қайсысын
қолданған қолайлы болатынын ашып алу керек. Адам санасында ұғымның пайда
болуын шындық дүниені оның бес анализаторы (тіл, көз, құлақ, мұрын, тері)
арқылы түйсініп, қабылдануымен байланыстырған дұрыс. Белгілі бір дәм туралы
ұғымдар тіл арқылы түйсінудің, дыбыстар туралы ұғымдар құлақ арқылы
түйсінудің, әр алуан бейнелер мен түр-түстер көз арқылы түйсінудің, т.б.
нәтижесінде пайда болады. Сонда сөз осындай ұғымдардың атауы ретінде
қызмет етуі керек, түр-түсті білдіретін сөздерде осы қасиеттер кездеседі,
мысалы, тәтті, үлкен, қызыл, сары, көк, тау, өзен т.б. сөздер түйсіну мен
қабылдаудың тікелей нәтижесінде пайда болатын ұғымдардың атауы ретінде
тілде қызмет атқарады.
Түр-түс атаулары номинативтік қызмет атқарады, өзге сөздермен, өзге де
түстермен тіркесу барысында жаңа түс-түр реңктерін бере алады. Олардың
статикалық күйін сақтап, тіркес күйінде тұрып қана ұғымды білдіруі шарт
деген түсінік жоқ, олар бір-бірімен байланыса алады, байланысу барысында
күрделі ұғымдарды, яғни түр-түстің қосынды түрлерін, түрлі реңктерді
білдіреді. Қызыл мен қып-қызыл, ақ пен аппақ, ақ пен ақ боз, күрең мен
қызыл күрең, қара мен мақпал қара, қазанның түп күйесіндей қара - бәрі
бірдей емес. Құрылымы жағынан жалаң ұғым мен күрделі ұғымдарды атау
барысында түр-түс атаулары бір-бірімен тіркесіп келіп, яғни жалаң және
күрделі сөз түрінде (ақ, ақ боз, тарғыл ала, аспан көк, т.б. - құрылысы
жағынан жалаң және күрделі) пайымдауды құрайды.
Пайымдау категориясының заңдылығы бойынша бір ұғым мен екінші ұғымның
адам санасында бір-бірімен байланысы ескерілетіні анық. Мысалы, қазанның
түп күйесіндей түс шығуы үшін қазан, от, от жағу, от жағатын материал,
жалын, жалынның қазанның түбін күйдіруі, күйе, күйелену, т.б. мен күйенің
өзінің ассоциативті бейнесі басқа бір нәрсеге ұқсауы, т.б. ұғымдар туралы
мида қажетті ақпараттар болуы, олардың бір-бірімен сәйкестенуі және оларға
анализ жасалуы, пайымдалуы тиіс. Сондықтан түр-түстің әртүрлі түрлерінің
пайда болуы - пайымдаудың нәтижесі.
Түр-түсті білдіретін сөздер өзге сөздермен байланыса алады, сөйтіп
басқа түсініктер туындайды, мағынаның ауысуы мен кеңуі, тарылуы,
трансформациялану үдерісі жүреді. Өйткені түр-түсті білдіретін сөздер
динамикалы, ол сөздер қолданысқа түсіп, тілдік қатынаста белгілі бір
қызметтерді атқара алады. Яғни сын есімдер заттана, үстеулене, етістіктене
алады.
Түр-түсті білдіретін сөздердің бәріне ортақ қасиет объективті сипаттың
басым болуымен, объективті дүниемен байланыстың күштілігімен ерекшеленеді.
Айталық, адамның түрінің бозаруы немесе қызаруы субъектіге тән болғанмен,
оның еркінен тыс жүре отырып, орындалатын объективтік құбылыс. Ал оны
тілмен жеткізу субъектінің еркінде болса да, ол объективті сипатты
жеткізуші ғана болып қалады. Қызару мен бозару, ақшыл тарту мен қуарып
кету, күреңдену мен түтігу, алқызылдану мен гүл-гүл жайнау, т.б. ақиқат
дүниедегі болған құбылыстың сырын тілмен жеткізудегі ұмтылыс болып табылады
және бұл белгілер түр-түсті білдіретін сөздердің ұғымдық сипатына қатысты
туындайды.
Сөзге тән белгілерді толық қамтыған анықтама Н.М.Шанскийдің еңбегінде
кездеседі. Оның айтуынша, лингвистикалық бірлік ретіндегі сөздің сипаты
мынадай болып тұруы керек:
Фонетикалық тұтастық;
Семантикалық валенттілік;
Тұтастық (непроницаемость;
Бір екпінділік (недвуударность);
Лексика-грамматикалық шарттылық;
Дыбысталуы мен мағынасының тұрақтылығы және үздіксіздігі;
Сөз тудыру қабілеттілігі;
Бүтіндік және біртұтастық;
Сөз тіркестерінде дара қолданылуы;
Оңашалығы;
Атауыштығы;
Тұрақты тіркестілігі [90,10-б.].
Осы белгілердің ішіндегі ең минималды белгілерінің фонетикалық
тұтастық, семантикалық валенттілік, бір екпінділік, лексика-грамматикалық
шарттылық және тұтастық (араларына сөз кіріктірмеу) екенін аталған
еңбегінде бөліп көрсетеді.
Түр-түсті білдіретін сөздер бұл критерийлердің бәріне жауап бере алады.
Тек күшейтпелі мағынаны жеткізетін шырай формаларындағы сөзалды күшейтпелі
буындарының (қып-, қап-, ап-, т.б.) сын есімдердің біртұтастығы мен
бүтіндігіне байланысты күмән тудыруы ықтимал. Бірақ бұл сөздердің өзі де
түрленген кезде біртұтастықпен түрленетінін (заттану, етістіктену
(вербалдану) барысында) ескертуге болады. Мысалы: қып-қызыл, қып-қызылдың,
қып-қызылға, т.б. Мен қып-қызылмын, ұяттан өртенуге шақпын, т.б.
Морфемалық құрылымы айқын қазақ тіліндегі сөзалды қосымшаның яки
тұлғаның (қып-, ап-, қап-, сап-, жап-, боп-, тап-, қоп- (қоп-қошқыл), қоп-
(қоп-қоңыр) т.б., бірақ ап-алтын, күп-күміс, дап-далап, өп-өттей болып
айтылмайды, соған қарамастан өп-өткір бар) тұруы түркі сөздерінің бинарлық
құрылымына қайшы келетіні рас. Бұл туралы А.М.Щербак: В любом тюркском
слове наблюдается строгое бинарное распределение входящих в него
структурных элементов: слева: - корневая морфема (префиксы отсутствуют,
небольшое количество их встречается лишь в заимствованных словах), справа –
аффиксальные или суффиксальные морфемы. Фузионные процессы на границе
корневых и аффиксальных морфем развиты слабо, хотя отдельных диалектах
отмечаются значительные сдвиги в этом отношении (91,21-б.), - деп пікір
білдірді. А.М.Щербактың грамматикалық мағынаның берілуі тәсілі деп
түсіндіретін сапалық сын есімдердің алдынан келетін тұлға туралы: Другой
способ выражение грамматических значений – повторение основ, полное и
неполное. Полное повторение наблюдается часто в пределах любой части речи.
...һаrі - һаrі совершенно желтый. ...Неполное повоторение с усечением
одного из компонентов и присоединением к нему согласного р (б), м
характерно, главным образом, для прилагательных. Этим способом образуется
форма интенсива, выражающая высшую степень насыщенности признака: др.-тюрк,
ар-раk совершенно белый [91, 17-б.], – деп айтқан пікірі қазақ ғалымдары
тарапынан құпталды. С.Исаев бұл формалардың таза лексикалық емес, лексика-
грамматикалық мағына тудырып тұрғанын былайша көрсетеді: ...ал үп-үлкен,
сап-сары, жап-жас үлкеннен, сарыдан, жастан бөлек сындар, түстер емес, сол
сындардың күшейтілген түрі ғана [9,140-б].
Түр-түсті білдіретін сөздердің ұғымды білдіруі сөз ретіндегі басты
өлшемі болып саналады. Бұл сөздердің қолданыстағы қызметі мен мағыналары
көптеген құрамдас бөліктердің бірлесуінен құралады және түр-түс сөздері
арқылы тіл мазмұнының универсалды және идиоэтникалық сипатының арақатынасы,
тілдік құрылымның универсалды компоненттерін жасауға қатысуы, тілдегі
идиоэтникалық категорияларды, жасырын категорияларды, түпкі семантикалық
құрылым мен оның синтаксистік көрінуін, формалық және мазмұндық ұғымға
қатысты мағыналарды білдіруі, т.б. қызметтері фнукционалды-семантикалық
өрісте көрінеді. Бұл мәселелер зерттеу жұмысы барысында рет-ретімен сөз
болады.
Қорыта айтқанда, сын есімдерді, сын есімдердің лексика-семантикалық
тобына жататын түр-түсті білдіретін сын есімдерді топқа бөлу сын есімдердің
тарихымен, зерттелуімен байланысты. Ал осы сөздерге тән негізгі сөздік
белгілер олардың толық мағыналы сөз болуымен, атауыштық сипатымен,
синтаксистік қызмет атқаруымен түсіндіріледі.

1.3. Функционалды бағыттағы зерттеулер мен функционалды-семантикалық
өріс құрылымы

1.3.1 Түр-түсті білдіретін сөздердің функционалдық сипаты. Сын
есімдердің лексика-семантикалыөқ тобын құрайтын түр-түсті білдіретін
сөздердің тілдік сипаты олардың функционалдығымен тығыз байланысты
қалыптасады. Өйткені, түр-түс атаулары тілдік бірлік ретінде өздерін
қоршаған ортамен ұштасады, екінші жағынан олардың бойынан функционалдық
қабілет, функция атқарушылық, функционалдық талдау ұғымдарымен байланыс
табылады. Осы тұрғыда түр-түсті білдіретін сөздердің қызмет ету аясы
қарастырылады. Бұл сөздердің функционалдығы тілдік жүйедегі концептуалдық
түсінігімен, функционалды грамматиканың концептуалдық жүйесімен
байланысады,сөйтіп барып қазақ тіліндегі түр-түсті білдіретін сөздердің
мағыналары, формалары, функционалдық ерекшеліктері олардың функционалды-
семантикалық өрісін құрайды.
Бұл жерде түр-түсті білдіретін сөздердің мағыналары өрісте доминант
қызметін атқарады, өйткені мағына - функцияның да, форманың да келіп
тірелетін, екеуінің тоғысатын нүктесі. Сондықтан түр-түс атауларының
мағынасы жүйедегі сөйлеу мазмұнына және әлемнің тілдік бейнесіне қосатын
үлесі тұрғысынан жұмыстың өн бойында сөз болып, талданады. Талдаулар
барысында бұл сөздердің қоршауын, ерекшеліктерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрақты сөз тіркестері
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі сын есімдердің қолданылу ерекшелігі
Aғылшын және қaзaқ тілдеріндегі келер шaқ
Функционалды грамматикадағы шақ көрсеткіштерінің семантикалық ерекшеліктері
Қазақ тіліндегі белгілілік функционалды-семантикалық категориясы
Орта мектепте оқыту процесінде көптілділікті дамыту мәселелері
Қазақ тіліндегі сыпайылық семантикасы
Модельдер және мәліметтер құрылысы
НАҚ ОСЫ ШАҚ СУБКАТЕГОРИЯСЫНЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақ тіліндегі шақтық локалдылық/шақтық бейлокалдылықтың функционалды-семантикалық категориясы
Пәндер