Құқық теориясы



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I. ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ. ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6.17
1.1. Құқықтың тұсінігі, оның мемлекетпен бірлестігі ... ... ... ... ... 6
1.2. Құқық туралы негізгі теориялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.3. Құқықтың құндылығы және функциялары ... ... ... ... ... ... ..15

I I. ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ НЫСАНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18.25
2.1. Құқық нысанының түсінігі, оның белгілері ... ... ... ... ... ... ...18
2.2. Құқық нысанының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.3. Мемлекеттік аппараттың нормативтік актілері ... ... ... ... ... ...22


ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Алғашкы қауымдық қоғам - адамдардың пайда болып, жер жүзінде өмір сүре бастағанына екі миллиондай жыл болды. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес адамдардың өздерінің дене құрылысы да, миы да, тәжірибесі де, пайдаланатын құралдары да дамып отырды. Соның нәтижесінде шамамен осыдан 40 мың жыл бұрын қазіргі типті адамдар (хомо сапиенс) қалыптасты.
Адамдардың дене құрылысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрылысы, тәжірибесі басында бәсең, кейін қарқынды түрде дами бастады. Бүл процесс бірте-бірте алғашқы қауымдық қоғамды өмірге әкелді. Қоғамның дамуы екі бағытта жүріп отырды: адамдардың өмірлік тәжірибесінің дамуы және соған сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгеріп, прогрестің жаңаруы. Бірақ бұл процесс басында өте бәсең дамыды.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, қүры-лымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып оты-рады. Бұл объективтік даму процестің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс - б.з.д. 10-15 мың жылдықтарда болған. Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажар-ланған тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі өсіп, молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы, Бүның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісін асыр-ды.
1. Казақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995 ж.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі.
3. Алексеев С.С. Теория права. М.: БЕК, 1993.
4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1994.
5. Ливщиц Р.З. Теория права. М.: БЕК, 1994.
6. Общая теория права и государство /Под ред. Лазарева В.В. М., 1994.
7. Общая теория права. Курс лекций /Под ред. Бабаева В.К. Нижний Новгород, 1994.
8. Хропанюк В.Н. Теория государства и права М., 1995, 1996.
9. Хутыз М.Х., Сергейко П.Н. Энциклопедия права М., 1995.
10. Общая теория права. /Под ред. Пиголкина А.С. М., 1993.
11. Бабаев В.К. Теория современного советского права. Фрагменты лекций и схемы. Н. Новгород, 1991.
12. Иванов Ю.В. Теория государства и права. Определения и схемы. Красноярск, 1989.
13. Права человека. Сборник международных документов М., 1991.
14. Бейсенова А., Біржанова К. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
15. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права Казахстана. Алматы, 1994
16. Сапаргалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .3

I. Тарау. ҚұҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ. ҚұҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАЗМұНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6-1 7
1.1. Құқықтың тұсінігі, оның мемлекетпен бірлестігі ... ... ... ... ... 6
1.2. Құқық туралы негізгі теориялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.3. Құқықтың құндылығы және функциялары ... ... ... ... ... ... ..15

I I. Тарау. ҚұҚЫҚ НЫСАНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18-25
2.1. Құқық нысанының түсінігі, оның белгілері ... ... ... ... ... ... ...18
2.2. Құқық нысанының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.3. Мемлекеттік аппараттың нормативтік актілері ... ... ... ... ... ...22

ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Кiрiспе

Алғашкы қауымдық қоғам - адамдардың пайда болып, жер жүзінде өмір сүре бастағанына екі миллиондай жыл болды. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес адамдардың өздерінің дене құрылысы да, миы да, тәжірибесі де, пайдаланатын құралдары да дамып отырды. Соның нәтижесінде шамамен осыдан 40 мың жыл бұрын қазіргі типті адамдар (хомо сапиенс) қалыптасты.
Адамдардың дене құрылысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрылысы, тәжірибесі басында бәсең, кейін қарқынды түрде дами бастады. Бүл процесс бірте-бірте алғашқы қауымдық қоғамды өмірге әкелді. Қоғамның дамуы екі бағытта жүріп отырды: адамдардың өмірлік тәжірибесінің дамуы және соған сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгеріп, прогрестің жаңаруы. Бірақ бұл процесс басында өте бәсең дамыды.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, қүры-лымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып оты-рады. Бұл объективтік даму процестің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс - б.з.д. 10-15 мың жылдықтарда болған. Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажар-ланған тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі өсіп, молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы, Бүның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісін асыр-ды.
Қоғамдық байлық қалыптаса бастады,оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қай-шылықтарды өмірге әкелді. 5-4 мың жылдықтарда сол қайшы-лықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекет пайда болды. Мемлекет және құқық тарихы туынды - қоғамның антагонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады.
Құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объективтік зандары:
қосымша өнімнің пайда болуы;
жеке меншіктің қалыптасуы;
таптар мен топтардың арасында кұрестің басталуы;
қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін қүқық пен мемлекеттің өмірге келуі.
Қүқықгың дамуы - адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі объективтік заңдылықтарының бірі әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым - қатынастарды реттеп, басқаруы. Әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстұр, мораль, діни нормалары) қоғамныңдаму процесінде бірте-бірте құқықтықнор-маларға айналуы. Совдықган құқық мемлекеттен аз да болса бүрын қалыптасты деуге болады. Алғашқы қоғамда мемлекеттік кезеңнің басталуынан бері қарай құқық қарым-қатынастардың басым көпшілігін реттеп, басқаратын нормаға айналды. Қоғамда мемлекеттің өзі қабьшдаған, бекіткен қүқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді актілер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.
Құқьіқ екі жолмен дамыды. Біріншісі — мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық - діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңы, мүсылман елдеріндегі Құран заңы; екіншісі — жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік орган-ньщ өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқару.
Таптық қоғамда, қанаушылық, әділетсіздік басым болған мем-лекетте қүқық - үстем таптың заңға айналдырған мұддесі болады. Бүл мүддені заңға айналдырушы және зандардың орындалуын ұдайы қадағалап отырушы - үстем тап қолындағы мемлекеттік аппарат. Қүқық үстем таптың мүдцесін қорғаумен бірге қоғамдық мақсатты да реттеп, басқарып отырады.
Қүқықтың таптық мәні, қоғамдағы рөлі, мазмүны мен нысаны, сайып келгенде қоғамның экономикалық саяси, әлеуметтік сипа-тына және мәдени өсу дәрежесіне байланысты. Мысалы, К.Маркс "Гота программасына сын еңбегінде: "Қүқық ешуақыт-та да экономикалық қүрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуынан жоғары бола алмақ емес1 деген. Қүқықтың нор-малары қоғам дамуының саяси, әлеуметтік, мәдени т.б. мұқтаж-дарына неғұрлым сай келсе, соғұрлым пайдалы әсері мол болмақ.
Құқық - мемлекет шығарған немесе бекіткен, мемлекеттік ап-параттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.

I. Тарау. ҚұҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ. ҚұҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАЗМұНЫ

1.1. Құқықтың тұсінігі, оның мемлекетпен бірлестігі.

Қоғамның тарихи объективтік даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі пікір бар: біріншісі - қоғамның дамуын басқарып, реттеп отырушы негізгі әлеуметтік факторлардың бірі құқық. Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырап әлдеқашан ақыр заман болар еді. Бұл пікірді - завды көзқарас деп айтады. Екіншісі - бірінші пікірге қарсы пікір. Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай ролі, маңызы жоқ деп түсіндіреді. Бұл пікірді заңды ни­гилизм деп айтады. Нигилизм қоғамда қабылдаған, букіл адамға пайдалы нормаларды, жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау.
Заңды көзқарас көне дәуірден қалыптасып құқықтың қоғам даму процесіндегі рөлін, маңызын жанжақты зерттеп, бірнеше ғылыми қорытынды тұжырымдар жасалды. Құқық қоғаммен бірге эволюциялық прогрестік жолмен дамып, ХІХ-ХХ ғасырларда өзінің тарихи процесте құндылығын дәлелдеп, қазіргі заманда құқық мемлекетпен бірге қоғам дамуын басқарып, реттеуші негізгі әлеуметтік факторлардың бірі екеніне ешкім күмән келтірмейді.
Қоғамның объективтік тарихи даму процесі құқықтың ма­ңызы меи рөлі тұралы заңды көзқарас пікірінің дұрыс екенін дәлелдеп отыр. Завды нигилизм пікірін қазір ешкім қолдамайды.
Құқық философиялық. категория. Сондықтан оның мазмұнын, өмірге келуін, дамуын түсінуде әртүрлі пікірлер бар. Бірақ, құқықтық нормаларды пайдалануда. сол арқылы қарым-қатынастарды реттеуде, мүдде-мақсаттарды іске асыруда, орындауда адамдардың, бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың іс-әрекетінде, жұмысында ғажап бірлестік бар. Мұның себебі адамдардын, ұйымдардын іс-әрекетінің, жұмыстарының құқық арқылы басталуы.
Құқық арқылы дамуы, құқық арқылы орындалуы. Құқықтың мазмұиын түсінуде қоғам көлемінде нақты бірліктің болуы. Бұл бірлестіктің анықтылығы қоғамдық тәртіптің дұрыс қалыптасуы, қарым-қатынастардың жақсы реттеліп, орындалуы. Құқытың күнділігі қоғамдық масштабта барлық құбылыстардың шешуші негізі болуында. Бұл ғылыми қорытынды пікірді барлық мемлекеттердің және адам қоғамының миллиондаған жылдар тарихы толық дәлелдеп отыр.
Заң ғылымында "құқық" термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, "құқық" деген ресми түрде таңылған жеке және заңды түлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы. азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы; Заңды ғұлғалардың (мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың) да құқықтық мүмкіндіктері болады. Бұл көрсетілген жағдайларда "құқық" түсінігі субъективтік мағынада қолданылады.
Екіншіден, "құқық" деген құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, олардың қалыптасуы, жүзеге асырылуы диалектикалық процес арқы­лы жүріп жатады. Мысалы, қазақстанда мемлекеттік құқығы туралы Конституцияның 4-бабында былай делінген: қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының, соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік-кұқықтық" актілері болып табылады.
Үшіншіден, "құқық" терминi оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Мысалы, конституциялық құқық, әкімшілік құқық, азамапық құқық, еңбек құқығы, қылмыстық құқық, отбасы құқығы т.б.
Төртіншіден, "құқық" терминi субъективтік құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. Мы­салы, құқық жүйелері мен құқықтық жүйе.
Сонымен "құқық" терминінің көптеген мәні бар, оны зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып,бір текті болады деп айтуға болмайды. Негізінен, құқықты таптық және жалпы әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ғылымда кең орын алып келді. Марксистік ілім құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді. Ал оркениеттік тұрғыдағы ілім бойынша құқық қоғамдағы барлық, адамдардың еркін білдіріп мүдделерің қорғайтын құрал болып саналады. Өйткені адам тарихында болған қоғамдардың бәріңде де таптық мүддеге қоса құқық жалпы қоғамдық мүдде-мақсатты да реттеп, басқарып отырды.
Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Казақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы елеуметтік тұрғыдан қарау шындыққа сай келеді десек қателеспейміз.
Қоғамның диалектикалық даму процесiнде қарым-қатынастарды дұрыс реттеп, басқарып, дағдарысқа ұшыратпау үшін мемлекет пен құқық объективтік жолмен өмірге келді. Бұл қоғамның прогрестік жолмен дамуының нәтижесі. құқық адамдардың, үйымдардың іс-әрекетімен тығыз байланысты, олардың бостаңдығының шеңберін, мүдде-мақсаттарьшың орындалу шеңберін анықтап, рет­теп басқарып отырады. Құқықтық норманың қалыптасуы үш кезеңнен тұрады: мүдде, қатынас, норма. Құқықың негізгі үш тірегі бар: имандылық, қоғамның әлеуметтік-экономикалық жащайы және мемлекет. Құқық имаңдылықтан нәр алады, неғұрлым құқықтың нормалары имандылық шарттарына сәйкес келсе, соғұрлым олардың сапасы да, абыройы да жоғары болады.
Құқықтың таптық мәні, қоғамдағы рөлі, мазмұны мен нысаны, сайып келгенде қоғамның экономикалық, рухани, мәдени сыйпатына байланысты. Құқықтың дамуына күресімен бірге саяси-әлеумітiк, ұлттық қатынастар, идеология, қоғамның мәдени өсу дәрежесі де үлкен әсер етеді. К. Маркс "Гота программасына сын" деген еңбегінде: "Құқық ешуақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуынан жоғары бола алмақ емес"2 деген. Құқықтың нормалары қоғам дамуының экономикалық мұқтаждарына неғұрлым сай келсе, соғұрлым пайдалы әсері мол болмақ. Қоғам өмірін құқық арқылы реттеу процесінде әр түрлі құқықтық қатынастар туады, яғни қоғам мүшелері, мемлеқеттік ұйымдар мен мекемелер құқықтық нормалардың талаптарын іс жүзіне асыру үшін өзара қарым-қатынастарға түсіп, занда көрсетілген міндеттерді орындауға тиісті бо­лады.
Құқық - мемлекет шығарған немесе бекіткен, орындалуы мемлекеттік апараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреуақ.
- құқықтың мазмұнының негізгі элементтері:
- қоғаммың және адамдардың мүдде-мақсаттын қорғау, орындау;
- қарым-қатынастарды реттеп, басқару;
- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытыи дамытып, нығайту;
- мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың құзырегін, арақатынасын реттеп, басқарып отыру;
- халықаралық қатынастарды реттеп, басқару.
Құқықтың екі түрлі ғылыми түсінігі болады: біріншісі - құқықтың объективтік түсінігі қоғамның объективтік дамуына сәйкес жана қатынастардың қалыптасуы; екіншісі - құқықтың субъективтік түсінігі объективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап, бекіту.
Құқықтың негізгі қағидалары:
1. Қоғамдағы әртұрлі мүдде-мақсаттарды нормативтік жүйемен реттеп, басқару;
2. Адамдардың, ұйымдардың бостандығының іс-әрекетінің деңгейін, шеңберін норма арқылы анықтап отыру;
3. Аламдардың, ұйымдардың арақатынасындағы келіспеушілікті шешудің, реттеудің негізгі түрлерін белгілен отыру;
4. Мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен нормативтік актілерінін орындалуын бақылап отыру.
Құқықтың мазмұны дегеніміз - қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқарып отыратын нормативтік актілердің ішкі құрылысы.
Құқықтық теңдiк жалпылама турде айтылады, іс жүзінде қатынастардыа субъектілері нақты белгілі болмағандықтан тендік нормалар да абстракты түрде жазылады. Құқықты дұрыс орындамаса кінәлі субъектілер жауапқа тартылуы керек. Міне осы кезеңнен бастап заңның кезеңі,мемлекеттің жұмысы басталады.
Құқық-үстем таптың және қоғамның заңға айналдарылған мүддесі. Бұл мүддені заңға айналдырушы және оны орындаушы мемлекеттік аппарат.
Мемлекет құқық арқылы өзінің жоғарғы және жергілікті органдарының жүйесін, құзырын, озара қарым-қатынастарын бекітпей ішкі және сыртқы міндеттерін іске асыруы мүмкін емес. Miнe осы мәселелерді мемлекет құқық арқылы, нормаға сүйене отырып іске асырады. Мемлекетке қажетті қоғамдық қатынастар құқық негізінде ғана орнай алады. Бұл мемлекет пен құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі көздейтін басты мақсаты. Сойтiп құқық нормалары мемлекеттің күшіне сүйеніп, жүзеге асырылады. Кұқықтың тірегі, оның күшқуаты, абыройы мемлекет. Құқық нормалары адамға бостандық беріп қана қоймай, сол бостандықты қамтамасыз ететін күшке сүйенеді.

1.2. Құқық туралы негізгі теориялар.

Құқық, мемлекет сияқты қоғамныи объективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келеді. Алғашқы қоғамдағы нормалар (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль діни нормалар) бірте-бірте екінші қатардағы нормаға айнала бастап, құқық негізгі әлеуметтік нормаға айналды. Қоғамның диалектикалық даму пропесіне сәйкес құқық туралы көзқарас та, пікірлер де әр түрлі болды. Құқық туралы негізгі теориялар:
1. Табиғи теория - бұл теорияның мазмұны көне дәуірде қалыптасқан. Мазмұны-қоғамда мемлекеттік құқықтан басқа адамдардың табиғи құқығы болады: бостандығы, теңдігі, еңбек жасауы, қоғам жұмысына қатысуы т.б.). Цицерон табиғи заңға қарсы келетін мемлекеттік заң болуға тиіс емес деген. Табиғи теорияны Локк. Руссо, Монтескье, Гольбах, Радищев т.б. дамытқан. Дамыған елдерде табиғи әлеуметтік норма мен мемлекеттік құқықты бір-біріне қарсы қоюдың негізі жоқ. Олар қоғамды қарым-қатынасты бірігіп реттеп басқарады.
2. Тарихи теория - бұл теорияның өкілдері құқық. адамдардың рухани сана-сезімнің даму процесінен өмірге келіп, қалыптасады деп түсіндіреді. Оған мемлекеттің қатынасы жоқ - деп уағыздаған. Адамдар субъективтік жолмен өздерінің ойынан заң шығара алмайды, тек қоғамның объективтік даму процесінен
Қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормалардың шығуын тездету керек деп түсінген. Бұл теорняның өкілдері: Гу­став Гуго. Карл Савинын, Фридрих Пухта, Штиль т.б.
3. Реалистик теория - құқықтың дамуы өзінің эволюциялық ішкі себептері арқылы өзгеріп, ескіріп, жаңарып жатады. Оның дамуына сыртқы жағдайлардыи, әсері мол болады - деп уағыздаған. Бұл теорияны құрастырған неміс ғалымы Рудольф Йеринг, Бұл теория құқықтың бірлігін, дамуын, оның мемлекетпен байланысын, субъектілердің құқығының міндеттері болатынын және мемлекеттің бақылауын қостайды.
4. Социологиялық (әлеуметтік) теория - XX ғасырда қалыптасқан теория. Бұл теория құқықтық қатынасты адамдардың құқықтық тәртібін жанжақты ғылыми тұрғыдан зерттеуді жақтайды. Окілдері Эрлих. Леон Дюги, С.М. Муромцев, Г.Н. Шершеневич, Р. Паунд. Кұқықтың әлеуметтік мазмұнын зерттеуге көп көңіл бөледі, құқықтық мемлекетті жақтайды.
5. Нормативтік теория - құқық әлеуметтік өмірдің сыртқы қарым-қатынасын реттеп, басқарып, адамдардың мүдде-мақсатын орындау деп тусінеді. Заң ғылымы құқықтың жеке өзін саясат пен идеологияға қоспай зерттеуді жақтайды. Құқықтың белгі-нышандарын жақсы зерітеуді, құқықтық. мемлекетті жақтады. Нормативтік актілерді жоғарыдан төмен қарай сатылап зерттеуді, бақылауды ұсынады. Бұл теорияның, өкілдері: Р. Штаммлер, Г. Кельзен, П.И. Новгородцев.
6. Психологиялық теория - XX ғасырдың басында жақсы дамыған теория. Теорияның негізгі мазмұны: құқық адамдардың психикасының ішкі құрылысында қалыптасып олардың сыртқы іс-әрекетіне, жұмысына әсер етуі. Адамның ішкі сана-сезімі мен сыртқы тәртібінің, мінезінің, іс-әрекетінің байланысын Петржицкий этикалық сана деп атайды. Бұл теория құқықты екі түрге бөледі: жеке тұлғалық (автономдық) және оң жағымды (позитивтік). Жеке тұлғалық құқық-жеке адамның ішкі ұятынан қалыптасатын елегізу, қатты қиналу. Оң жағымды (позитивтік) құқық - басқа адамның беделіне, абройына сенушіліктен қалып­тасатын психикалық көзқарас.
7. Материалистік теория - құқық саяси-экономикалық үстемдік жүргізетін таптың мүдде-мақсатын қорғайтын нормативтік актілердің жиыитығы. Құқықтың мазмұны екі элементтен тұрады - деп түсіндіреді: экономикалық базис пен үстемдік таптың муддесі.
Бұл теорияның тарихи даму процесін үш кезеңге бөлуге болады: Бірінші кезеңі - Марксизмнің құқықтың мазмұнын түсінуі және оның қоғам дамуындағы маңызы; екiнші кезеңі - құқықтың болашағына марксизмнің көзқарасы; үшінші кезеңі - марксистік көзқарасты бұрмалау.
Бірінші кезеңде марксизмнің құқықтың мазмұнын түсінуі дұрыс еді - құқықтың экономикалық базиспен және таптық күреспен тығыз байланысты болуы. Екінші кезеңде - буржуазиялық мемлекет пен құқық теориясының, мазмұнын біржақты зерттеп, оның прогрестік рөлін, маңызын дұрыс түсінбеді. Коғамның болашағын құқықтық мемлекетпен байланыстырмады. Үшінші кезеңде кеңес одағының басшылары марксизмнің мазмұнын сорақы түрде бұрмалап өздерінің әкімшілік-әміршілік, тоталитарлық саясатын қорғау үшін пайдаланды.
Сонымен марксизм жай теория қалпында қалмай оны социалистік мемлекеттердің басшылары субъективтік жолмен оылаған жылдар социализм моделіне айналдыруға тырысып бақты. Бірақ. одан ешқандай нэтиже болмады.
Жоғарыда көрсетілген құқық теорияларының жеке алғанда дұрысы да, бұрысы да баршылық. Бірақ, барлығының мазмұнын біріктіргенде бірнеше дұрыс қорытынды тұжырымдар шығаруға болады:
- құқық әлеуметтік құбылыс, онсыз дамыған қоғам болашак емсс;
- құқық қоғамдық және жеке адамдардың мүдде-мақсатын қорғайтын негізгі құрал;
- құқық жеке адамның меншігін қорғайтын негізгі қүш; - құқық мемлекетті қалыптастырған және оның бақылауыим дағы, қоғамдық тәртіпті қорғайтын құрал
Сонымен құқық жеке түлғалардың экономикалық, саяси, леуметтік т.б. бостандығын, теңдігін қорғайтын негізгі құрал. Құқық қоғамның объективтік дамуын қамтамасыз етіп, өндіріс пен сұраныстың ара қатынасын реттейтін негізгі күш-құрал. Құқықтың негізгі белгі-нышандары:
1. Құқықтық нормаларды мемлекеттік органдар ресми түрде
қалыптастырады; әлеуметтік нормалардың басқа түрлсрі қоғамдық ұйымдар қабылдайды, мемлекеттің оған қатысы жоқ.
2. Құкықтық нормалардың мемлекеттің барлық аумағына, барлық халықтарына міндетті күші бар басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясы пәні
Мемлекет және құқық теориясының түсінігі әдістері
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі және оқу пәндеріндегі мемлекет және құқық теориясы
Мемлекет және құқық теориясының пәні
Мемлекет және құқық теориясының пәнінің ерекшеліктері
Мемлекет құқық теориясының пайда болуы
Мемлекет және құқық теориясы қоғамдық
Мемлекет пен құқық теориясы пәні және функциясы мен әдісі
Мемлекет және құқық теориясының әдістері
Мемлекет және құқық теориясының зерттеу объектісі
Пәндер