Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру құқығы түсінігі



Жоспар

I Кіріспе

II Негізгі бөлім:

2.1 Қ. Р. зейнетақымен қамсыздандыру құқығы түсінігі.

2.2 Еңбек стажы

III Қорытынды

IV Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе

Зейнетақы – азаматтарды әлеуметтік қамсыздандырудың бір түрі және орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандырылу
құқығын пайдаланады;
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен жыл сайын жүргізіледі.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Жұмағұлов Ғ, Ахметов А, Ахметова Г “Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы” оқу құралы. Алматы: “ Заң әдебиеті” 2005 жыл.
2. www. Google. Kz.
3. “Егеменді Қазақстан” газеті, 26 сәуір 2005 жыл.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I Кіріспе

II Негізгі бөлім:

2.1 Қ. Р. зейнетақымен қамсыздандыру құқығы түсінігі.

2.2 Еңбек стажы

III Қорытынды

IV Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Зейнетақы – азаматтарды әлеуметтік қамсыздандырудың бір түрі және
орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы
төлемдерінің жиынтығы болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер
мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және
халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының
азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандырылу
құқығын пайдаланады;
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен жыл сайын
жүргізіледі.

Қ. Р. Зейнетақымен қамсыздандыру құқығы түсінігі

Қ. Р – ның “Қазақстан Республикасында зейетақымен қамсыздандыру
туралы” 20.06.1997 жылғы заңынан өзге де құқықтық нормативтік кесімдер бар.
Осы нормативтік құқықтық кесім төмендегі құқықтық қатынастарды:
1. Қ. Р. Азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және
әлеуметтік негіздерін белгілеуді;
2. Мемлекеттік органдардың, меншік нысандарына қарамастан, жеке және
заңды тұлғалардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын
іске асыруға қатысуын;
3. Қ. Р – ның азаматтары Қ. Р. Заңдарында белгіленген тәртіппен
зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығын;
4. Қ. Р – ның аумағында тұрақты тұратын шетелдігі мен азаматтығы
жоқ адамдар, егер Қ. Р. Заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше
көзделмесе, Қ. Р. Азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын
пайдалануды да реттейді.
Зейнетақымен қамсыздандырудың басты қағидаттары:
- дербес зейнетақылық жинақтау қағидаты;
- зейнетақы жүйесін мемлекеттік реттеу;
- азаматтардың зейнетақылық қорланудың мемлекеттік немесе мемлекеттік емес
зейнетақылық қорларында жүзеге асырылуын таңдау құқығын қамтамасыз ету;
- азаматтардың ең төмеңгі зейнетақы алу кепілдігі;
- әр азаматтың еңбеккежарамды жасында зейнетақылық қор жинақтауға қатысу
міндеттілігі;
- еңбекке жарамды азаматтың өзін жасы ұлғайған кезіндегі жеке
жауапкершілігі;
- азаматтың ерікті түрдегі қосымша зейнетақымен қамсыздану құқығы
қағидаттары болып табылады.
Аталған құқықтық қатынастармен қатар зейнетақы туралы заңнама, азаматтарға
зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттің кепілдігін айқындайды.
1 – ден мемлекет 1998 жылдың 1 – қаңтарына дейін зейнеткерлікке шыққан
азаматтарды зейнетақы төлемдерінің белгіленген мөдшерін сақтай отырып, 1999
ж. 1 сәуірге дейін зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі кепілдікберілген.
2 - ден, 2005 жылдың 1 шілдесінен зейнеткерлерге мемлекеттік базалық
зейнеақы төлеміне кепілдік береді. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлеміне
орталықтан және жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемін, сондай –
ақ мүгідектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуына қарамастан
төленеді.
3 – ден, орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру Қ. Р.
Үкіметі белгілегентәртіппен жыл сайын жүргізілуіне мемлекет кепілдік
береді.
4 – ден, мемлекет еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы алуға құқығы бар
және осы құқығын зейнетақы тағайындайтын және оны төлеуді жүзеге асыратын
органдарда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген азаматтарды зейнетақымен
қамсыздандыруға кепілдік береді, бұл жағдайда оларға қызметтен кеткеннен
кейін төленеді.
5 – ден, жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуына кепілдік (заңның 6
бабы).
Қ. Р. Жасына сай зейнетақы тағайындаудың мүлдем жаңа механизмі көзделген
және зейнетақы жүйесі мына тәсілдермен жүзеге асырылады:
1) 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін зейнеткерлікке шыққан азаматтарға
бұрын белгіленген зейнетақы мөлшерін сақтай отырып зейнетақы төлеу;
2) 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейін заңнамаға сәйкес зейнетақы алуға
құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан
зейнетақы төлеу;
3) Жинақтаушы зейнетақы қорлаоынан зейнетақымен қамсыздандыру;
1. Толық мөлшерде зейнетақы тағайындау еркектерге – 63 жасқа,
әйелдер – 58 жасқа толғанда, еңбек стажы 1998 жылдың 1 қаңтарында
еркектерде – 25, әйелдерге – 20 жыл б.т.
2. Төменше және барынша радиоциялық өңірлерде тұратындарға
3. 5 одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген
әйелдер 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы алуға құқылы.

Еңбек стажы
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін толық көлемде есептеу орташа
айлық кірістің 60 пайызын есептеп, ал 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі қажетті
еңбек стажынан тыс жұмысынан істеген әрбір толық жыл сайын зейнетақы
төлемдерінің мөлшері 1 пайызға өсіріледі, бірақ ол табыстың 75 пайызынан
аспауы тиіс.
Еңбек стажына енетін жұмыс кезеңдері:
1) Еңбек шарты бойынша жеке және заңды тұлғалар ақы төлейтін жұмыс;
2) Әскери қызмет;
3) Құқық қорғау органдарындағы қызмет;
4) Мемлекеттік қызмет;
5) Кәсіпкерлік қызмет
6) 1 – топтағы жалғызілікті мүгедекке және өзгенің жәрдем көрсетуіне
мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сондай – ақ 80 жасқа толған қарт
адамдарға жасаған уақыт;
7) Атом сынақтары, экологиялық апаттар салдарынан зардап шеккен не
иммундық тапшылық вирусын жұқтырған не ж.қ.т.б – мен ауыратындарға, 16
жасқа дейінгі мүгедекке күтім жасаған уақыт;
8) Жұмыс істемейтін анасының жас баларды бағып - күткен, бірақ әрбір
баласы 3 жасқа толғаннан аспайтын жалпы жиынтығы 12 жыл ішіндегі уақыт
және т.б. Қ.Р. “Зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Заңының 11 бабының
бірінші тармағындағы 19 – 16 бөліктерінде көрсетілгендер зейнетақы
тағайындау кезінде есепке алынады.
Стаж – еңбек қызметінің іс жүзіндегі ұзақтығымен, яғни қызметкер
жұмысқа алынған күннен бастап жұмыстан босатылған күніне дейін
есептелінеді. Алайда, заңдар стаждың жеңілдетілген жағдайда да
есептілінетін кездері көзделген (заңның 2 тармағы) Мысалы; Семей сынақ
полигонына жапсарлар жатқан аудандардағы 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963
5 шілдегі дейінгі кезеңде жұмыс істеп, әскери қызмет атқару – үш есе
мөлщерде тағайындалады.
Еңбек стажын растау. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезекте
орталықтан зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек стажы еңбек кітапшасымен
расталады. Еңбек кітапшасы жоқ және онда тиісті жазбалар болмаған кезде
еңбек стажы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекке құқық қабілеттілігі
Зейнетақы қорланымының жалпы түсінігі, заңы, есептелу жүйесі
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері
Қазақстан Республикасының тұрғындарының қорғау құқығы
Жинақтаушы зейнетақы қорлаоынан зейнетақымен қамсыздандыру
Зейнетақы нарығы
«Қосымша зейнетақыны» сақтандыру мен ерекшіліктері
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы және жәрдемақы түсінігі мен түрлері
Зейнетақы жүйесінің дамуы
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығында еңбек стажы
Пәндер