Интеллектуалдық капитал



КІРІСПЕ 3
1 ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КАПИТАЛДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
6
1.1 Интеллектуалдық капиталдың мәні, құрылымы, нысандары
6
1.2 Әлем экономикасының жаһандану жағдайындағы интеллектуалдық капиталдың рөлі 15
2 ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КАПИТАЛ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ТАЛАПТАР
20
2.1 Интеллектуалдық капиталды бағалау әдістері мен бағыттары 20
2.2 Инновациялық экономиканың ресурстық жүйесіндегі интеллектуалдық капитал
27
3 ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БЕЛСЕНДІЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘСЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
33
3.1 Қазақстанда экономикалық өсудің инновациялық типін қалыптастыру және дамыту 33
3.2 Жоғары оқу орнының интеллектуалды ұлт қалыптастырудағы міндеттері
40
3.3 Білімге негізделген экономика: мәселелері және шешу жолдары
48
ҚОРЫТЫНДЫ 56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 59
ҚОСЫМШАЛАР
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. XX ғасырдың аяғы ақпараттық революциямен есте қалып, ақпараттық қоғамның негізін салды. Бұл қоғамда ақпарат пен білім қоғамдық өндірістің басты құралы және объектісіне айналады. Сонымен бірге олар дамуды айқындайтын факторға айналып, еңбекті қосымша құнның жаңа көзі ретінде алмастырады. Ақпарат және білімді қамтитын интеллектуалдық капитал жеке кәсіпорынның да, бүкіл ұлттық экономикалардың да бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын болады. Интеллектуалдық капиталды (зияткерлік капитал) өндіру, пайдалану және арттыру қабілеті – бұл мемлекеттің экономикалық қуатының, оның халқының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасының іргесі.
Экономиканың интеллектуалдық капиталды өндіріп, оны тиімді түрде қолдана білу қабілеті ұлттың экономикалық қуаты, оның тұрмысының жасампаздық деңгейін уақыт өткен сайын көбірек айқындауда. Қоғамның түрлі білім, ой және ақпаратты импорттауға дайындығы, экономиканың оларды өнімді түрде өңдеуге қабілеттілігіне кез келген мемлекеттің сәтті әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуы тәуелді.
Заманауи фирма – бұл тек тауар өндірушісі емес, сонымен бірге білім өндірушісі де. Көптеген ұйымдарда алынған нәтижелер арнайы білім, персоналды кеңінен оқыту және серіктестер мен контрагенттермен жұмыс істеудің көрсеткіші. Интеллектуалдық капитал физикалық активтер мен қаржы капиталына қарағанда әлдеқайда тұрақты бәсекеге қабілетті артықшылыққа айналып жатыр.
Мәселенің ғылыми зерттелу деңгейі. Интеллектуалдық капиталдың экономикалық прогрестегі үлкен рөлі оны тиімді қолдану жолдарын іздеуге бағытталған зерттеулерді өзекті ете түседі. Бұл мәселеге біздің заманымыздың көптеген белгілі экономистер назарын аударды. Берілген категория мәнін анықтауға Э. Брукинг, В. Гейц, Дж. Гэлбрейт, М. Кастельс, Э. Тоффлер, В. Иноземцев, Б. Леонтьев, Л. Мельник және т.б. өз еңбектерін арнады. Олар интеллектуалдық капиталдың категориялық негізін жасап, құрылымын анықтап, оның жалпы және әр құраушы элементінің қазіргі таңдағы рөлі ашылды. Аталған еңбектер теоретико-методологиялық бағыт ұстанғанымен ерекшеленеді және көбінесе макроэкономика тұрғысынан бұл мәселені қарастырады, ал жеке кәсіпорынмен байланысты мәселелер өзінің толық зерттелуін әлі күтуде. Кейбір басылымдарда кәсіпорын мен шаруашылық жүйелердің интеллектуалдық капиталын пайдалану мен бағалаудың қолданбалы аспектілері қарастырылғанымен, бұл шектеулі түре ғана жасалынған. Осының салдарынан берілген түсініктің құрылымын және оны бағалау тәсілдерін әртүрлі тұрғыдан талдау интеллектуалдық капиталды басқаруды қиындатып, шынайы жағдайға сай келмейтін стратегияны таңдауға алып келеді. Осы мәселелердің шешілуі кәсіпорынның интеллектуалдық капиталын оның даму факторы ретінде қалыптастырып, менеджментті оңтайландырып, тәуекел деңгейін төмендетіп, бәсекеге қабілетті және тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық шешімдердің негізділігі мен жылдамдығын көтеруге мүмкіндік беретін болады.
1. Андрусенко Т., Измерение интеллектуального капитала //Корпоративные системы. – 2006. – №3. – 3-18 с.
2. Брукинг Э. Интеллектуальный капитал: ключ к успеху в новом тысячелетии / Пер. с англ, под ред. Л. Н. Ковачин. – Питер: «Измерение», 2001 - 288 с.
3. Иноземцев В. Л. За пределами экономического общества - М.: «Academia»- «Наука», 1998 - 640с.
4. Леонтьев Б. Б. Цена интеллекта. Интеллектуальный капитал в российском бизнесе. - М.: Издательский центр "Акционер", 2002 - 200 с.
5. Голубкин В. Н., Клеева Л. П., Патока Л. В. Интеллектуальный капитал в эпоху глобализации мировой экономики// Креативная экономика. – 2008. - №7. – 7-15 с.
6. Эскиндаров М. А. Развитие корпоративных отношении в современной российской экономике. - М.: «Республика», 1999.-368 с.
7. Гэлбрейт Д. Экономические теории и цели общества / Под ред. акад. Н. Н. Иноземцева. - М.: «Прогресс», 1979. - 406 с.
8. В. И. Вернадский. «Научная мысль как планетарное явление. М., «Наука», - 1991 – 280 с.
9. Васильев П. П., Сергиенко В. В. О роли интеллектуального капитала на современном этапе общества // Менеджмент в России и за рубежом – 2007. – №3. – 8 -11 с.
10. Шарипов Ю. В. Роль интеллектуального капитала в формировании стоимости компании//в кн: Материалы международного форума «Инновационные технологии и системы»: — Минск: ГУ «БелИСА», 2006. — 156 с.
11. Ефремов В. С. Бизнес-системы постиндустриального общества // Менеджмент в России и за рубежом – 2005. – №5. – 7-16 с.
12. Назарбаев Н. Н. Казахстан в посткризисном мире: интеллектуальный прорыв в будущее // Литер. – 2009. – 15 октябрь. - 3-7 с.
13. Стюарт Т. Интеллектуальный капитал. Новый источник богатства организаций // Новая постиндустриальная волна на Западе / Под редакцией В.Л. Иноземцева. М.: «Academia», 1999 – 275 с.
14. Гапоненко А. Л. Интеллектуальный капитал // в кн: Интеллектуальный капитал: состояние, проблемы, перспективы. // Сборник материалов Научной конференции «Интел-лектуальный капитал организации - ключ к развитию и росту экономики». Сост. и научный редактор Т.М. Орлова. - М.: ЦЭМИ РАН, 2004.-144с. (Рус.)
15. Бендиков М. А., Джамай Е. В. Интеллектуальный капитал развивающейся фирмы: проблемы идентификации и измерения. // Менеджмент в России и за рубежом – 2001. – №4. – 12-22 с.
16. Тілеуберген Д. Стимулирование инновационного роста национальной экономики //Экономика и статистика. – 2008. - №2. - 31-35 с.
17. Әубәкіров Я. Ә., Байжұмаев Б. Б., Жақыпова Ф. Н., Табеев Т. Н. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы: «Қазақ Университеті», 1989 – 280 б.
18. Колотухин В. А. Коммерциализация инноваций – фактор экономического роста // в кн: Материалы международного форума «Инновационные технологии и системы»: — Минск: ГУ «БелИСА», 2006. — 156 б.
19. Қазақстан Республикасы. ҚР Сауда және индустрия Министрлігінің Бұйрығы. Қазақстан Республикасында аймақтық технопарктерді дамыту үлгісі. – Астана. - Мамыр, 2005.
20. Қазақстан Республикасы. ҚР ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана. - Маусым, 2007.
21. Назханов Т. Қазақстандағы бизнес-инкубаторлар әзірге атына сай іс жасай алмай отыр // Егемен Қазақстан. – 2009. - №3. - 5-6 б.
22. Швецов Д.Е. Сравнительный анализ государственной инновационной политики стран мировой "триады". Наука РФ: Статистический сборник. – М., февраль, 2001. – 260 с.
23. Ідрісов А. Интеллектуальная элита сыграет решающую роль в посткризисном развитии страны www.bolashak.kz
24. UIS Fact Sheet. – October, 2009. – №2 (ЮНЕСКО Статистика Институтының ресми сайты) http://Uis.unesco.org
25. Жұмағұлов Б. Право быть первым // Наука и образование Казахстана. . – 2009. - №4. - 8-13 б
26. Момынқұлов Ж. Б. Қазақстандық жоғары оқу орындарының ғаламдану жағдайындағы бәсекеге қабілеттілігі // Высшее образование – стратегический ресурс формирования интеллектуальной нации: Материалы XXXX научно-методической конференции профессорско-преподавательского состава КазНУ им. әл-Фараби. Т. II. – Алматы: Қазақ Университеті, 2010 – 180 б.
27. Қайрбаева Р. С. Жоғары оқу орындарындағы бәсекелестік үрдісі // Высшее образование – стратегический ресурс формирования интеллектуальной нации: Материалы XXXX научно-методической конференции профессорско-преподавательского состава КазНУ им. әл-Фараби. Т. II. – Алматы: «Қазақ Университеті», 2010 – 180 б.
28. Сәбден О., Глазьев С. Ю. Интеллектуальная экономика– технологические вызовы XXI века. – Алматы: «Эксклюзив», 2009. – 172 б.
29. Гапоненко А. Л. Экономика, основанная на знаниях: Учебное пособие. - М.: Изд-во РАГС, 2006. – 352 с.
30. Қазақстан Республикасы. ҚР ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана. - Маусым, 2007.
31. ҚР Индустрия және Сауда Министрінің № 93 бұйрығы. ҚР технопарктар жүйесін қалыптастыру тұжырымдамасы. – Астана. – Сәуір, 2004.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1 ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КАПИТАЛДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ 6
1.1 Интеллектуалдық капиталдың мәні, құрылымы, нысандары 6
1.2 Әлем экономикасының жаһандану жағдайындағы интеллектуалдық 15
капиталдың рөлі
2 ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КАПИТАЛ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ТАЛАПТАР 20
2.1 Интеллектуалдық капиталды бағалау әдістері мен бағыттары 20
2.2 Инновациялық экономиканың ресурстық жүйесіндегі 27
интеллектуалдық капитал
3 ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БЕЛСЕНДІЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘСЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ 33
РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Қазақстанда экономикалық өсудің инновациялық типін 33
қалыптастыру және дамыту
3.2 Жоғары оқу орнының интеллектуалды ұлт қалыптастырудағы 40
міндеттері
3.3 Білімге негізделген экономика: мәселелері және шешу жолдары48

ҚОРЫТЫНДЫ 56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 59
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. XX ғасырдың аяғы ақпараттық
революциямен есте қалып, ақпараттық қоғамның негізін салды. Бұл қоғамда
ақпарат пен білім қоғамдық өндірістің басты құралы және объектісіне
айналады. Сонымен бірге олар дамуды айқындайтын факторға айналып, еңбекті
қосымша құнның жаңа көзі ретінде алмастырады. Ақпарат және білімді қамтитын
интеллектуалдық капитал жеке кәсіпорынның да, бүкіл ұлттық экономикалардың
да бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын болады. Интеллектуалдық капиталды
(зияткерлік капитал) өндіру, пайдалану және арттыру қабілеті – бұл
мемлекеттің экономикалық қуатының, оның халқының әл-ауқаты мен өмір сүру
сапасының іргесі.
Экономиканың интеллектуалдық капиталды өндіріп, оны тиімді түрде
қолдана білу қабілеті ұлттың экономикалық қуаты, оның тұрмысының
жасампаздық деңгейін уақыт өткен сайын көбірек айқындауда. Қоғамның түрлі
білім, ой және ақпаратты импорттауға дайындығы, экономиканың оларды өнімді
түрде өңдеуге қабілеттілігіне кез келген мемлекеттің сәтті әлеуметтік-
экономикалық, саяси дамуы тәуелді.
Заманауи фирма – бұл тек тауар өндірушісі емес, сонымен бірге білім
өндірушісі де. Көптеген ұйымдарда алынған нәтижелер арнайы білім,
персоналды кеңінен оқыту және серіктестер мен контрагенттермен жұмыс
істеудің көрсеткіші. Интеллектуалдық капитал физикалық активтер мен қаржы
капиталына қарағанда әлдеқайда тұрақты бәсекеге қабілетті артықшылыққа
айналып жатыр.
Мәселенің ғылыми зерттелу деңгейі. Интеллектуалдық капиталдың
экономикалық прогрестегі үлкен рөлі оны тиімді қолдану жолдарын іздеуге
бағытталған зерттеулерді өзекті ете түседі. Бұл мәселеге біздің
заманымыздың көптеген белгілі экономистер назарын аударды. Берілген
категория мәнін анықтауға Э. Брукинг, В. Гейц, Дж. Гэлбрейт, М. Кастельс,
Э. Тоффлер, В. Иноземцев, Б. Леонтьев, Л. Мельник және т.б. өз еңбектерін
арнады. Олар интеллектуалдық капиталдың категориялық негізін жасап,
құрылымын анықтап, оның жалпы және әр құраушы элементінің қазіргі таңдағы
рөлі ашылды. Аталған еңбектер теоретико-методологиялық бағыт ұстанғанымен
ерекшеленеді және көбінесе макроэкономика тұрғысынан бұл мәселені
қарастырады, ал жеке кәсіпорынмен байланысты мәселелер өзінің толық
зерттелуін әлі күтуде. Кейбір басылымдарда кәсіпорын мен шаруашылық
жүйелердің интеллектуалдық капиталын пайдалану мен бағалаудың қолданбалы
аспектілері қарастырылғанымен, бұл шектеулі түре ғана жасалынған. Осының
салдарынан берілген түсініктің құрылымын және оны бағалау тәсілдерін
әртүрлі тұрғыдан талдау интеллектуалдық капиталды басқаруды қиындатып,
шынайы жағдайға сай келмейтін стратегияны таңдауға алып келеді. Осы
мәселелердің шешілуі кәсіпорынның интеллектуалдық капиталын оның даму
факторы ретінде қалыптастырып, менеджментті оңтайландырып, тәуекел деңгейін
төмендетіп, бәсекеге қабілетті және тұрақты дамуды қамтамасыз етуге
бағытталған басқарушылық шешімдердің негізділігі мен жылдамдығын көтеруге
мүмкіндік беретін болады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың басты мақсаты — дүние жүзінің
ақпараттық қоғамға өту жағдайында еліміздің интеллектуалдық әлеуетін талдау
арқылы интеллектуалдық капиталымызды арттыру жолдарын ашып көрсету.
Дипломдық жұмыстың міндеттері: интеллектуалдық капиталдың мәнін, құрылымын,
нысандарын және ғаламдану жағдайындағы рөлін анықтап, көрсету; қазіргі
қоғамдағы ақпараттану үрдістерін, елдің экономикасының өсуі мен
интеллектуалдық капиталды арттыру арасындағы тікелей байланысты ашып
көрсету.
Жұмыстың пәні – Қазақстанда интеллектуалдық капиталды арттыру және
экономикалық өсудің инновациялық типін қалыптастыр мәселелерін талдау.
Зерттеу объектісі – Қазақстан Республикасының интеллектуалдық әлеуеті және
оны жүзеге асыру тетіктері.
Жұмыстың ғылыми-әдістемелік негізі. Дипломдық танымал отандық және
шетел экономист ғалымдарының зерттеу нысаны болып отырған мәселенің түрлі
қырларын қарастырған еңбектері пайдаланылды. Сондай-ақ зерттеу жұмысында
нақты тарихи, жүйелі және салыстырмалы түрдегі талдаулар мен зияткерлік
капиталды одан әрі арттыруға бағытталған зерттеушілердің пікір-түйіндері,
тұжырымдары мен пайымдаулары ескеріле отырып, басшылыққа алынған.
Тәжірибелік маңыздылығы. Диплом жұмысы интеллектуалдық капитал
категориясының мәнін анықтау тәсілдерінің жүйелі анализіне, кәсіпорынның
интеллектуалдық капиталының мазмұны мен құрылымын анықтауға, оны бағалаудың
әдіснамалық негіздерін жасауға бағытталған. Жұмыста Қазақстан
Республикасының инновациялық экономика құрудың алғышарттары зерттеліп,
нақты шаралар мен қадамдар ұсынылды. Қоғамның ақпараттануы жағдайында
білімге негізделген экономика құрудың өзектілігі және интеллектуалды ұлт
қалыптастырудағы ЖОО рөлі көрсетілді.
Диплом жұмысында интеллектуалдық капиталдың әлеуметтік, экономикалық
және саяси маңызы туралы тұжырымдалған экономикалық тұрғыдағы талдаулар мен
нақты тәжірибелік іс-әрекет нәтижелері негізінде жасалған ұсыныстардың
ерекше тәжірибелік маңызға ие екендігі көрсетілген. Сондықтан да, дипломдық
жұмыс қоғамның қазіргі даму барысындағы көкейтестілігі мен өзектілігі артып
отырған әлеуметтік шындық кұбылыстарын ғылыми тұрғыдан талдап,
қорытындылауға үлес қосады. Соңдай-ақ, интеллектуалдық капитал теориясы мен
практикасында, экономика дамуында зерттеу жұмысы нәтижелерінің теориялық
және әдіснамалық маңызы зор.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы үш тараудан тұрады: 1, 2-тарау
екі бөлімнен, 3-тарау 3 бөлімнен құралған. 1-тарауда интеллектуалдық
капиталдың экономикалық мазмұны: интеллектуалдық капиталдың мәні, құрылымы,
нысандары және әлем экономикасының жаһандану жағдайындағы интеллектуалдық
капиталдың рөлі. Интеллектуалдық капитал – құнның жаңа өлшемі ретінде
қарастырылған. 2-тарауда интеллектуалдық капитал және заманауи талаптар:
интеллектуалдық капиталды өлшеу әдістері мен бағыттары және инновациялық
экономиканың ресурстық жүйесіндегі интеллектуалдық капитал қарастырылған. 3-
тарауда интеллектуалды белсенділіктің экономикалық әсері және оны реттеу
мәселелері: Қазақстанда экономикалық өсудің инновациялық типін
қалыптастыру, жоғары оқу орнының интеллектуалды ұлт қалыптастырудағы
міндеттері және білімге негізделген экономика: мәселелері және шешу
жолдары көрсетілген.
Сондай-ақ, жұмыстың негізгі қорытындысы жасалып, пайдаланылған
әдебиеттер тізімі берілді.

1 ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КАПИТАЛДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

1.1 Интеллектуалдық капиталдың мәні, құрылымы, нысандары

Капитал табиғаты, оның мәні экономикалық ойдың назарын өзіне ғасырлар
бойы тартып жүр. Өндірістік күштер, өндірістік қарым-қатынастардың даму
деңгейіне байланысты адамдар Капитал деген не? деген сұраққа әр түрлі
жауап беріп келді. Капитал категориясының даму кезеңдерін (1-сурет)
қарастырайық:

1-сурет. Капитал дамуының тарихи аспектісі [1, 3 б.]

Осылайша, капитал белгілі бір экономикалық жүйені қалыптастыру, дамыту
үшін қажет материалды-заттай, ақпараттық, ақшалай, еңбек факторларының
жиынтығы бойынша пайда болатын меншік қарым-қатынастарын білдіреді. Аталған
элементтердің бір жүйеге бірігуі олардың әрқайсысының табиғатын өзгертеді:
олар капиталдың органикалық құрылымына айналады.
Капитал қатынастары өндірістік факторларды рационалды қолдану жөнінде
үнемі қосылып, жүзеге асырылып және қайта жаңартылып отырады. Капиталды
қайта өндіру барысында оның субъектілерінің түрлі мүдделері
қанағаттандырылады: кәсіпкердің, жұмысшылардың, жергілікті атқару
билігінің, мемлекет және т.с.с. Субъектілердің жеке мүдделерінің
қанағаттандырылуы меншікті иелену, басқару және қолдану негізінде жүзеге
асырылады.
Қоғам мен ғылым дамыған сайын, экономикалық белсенділіктің үлкен
әлеуетіне ие капиталдың жаңа, күрделірек нысандары пайда болады. Олар
дамудың өзіндік бір бағдары болып шығады.
Капиталдың қуаты оның түрлі нысандарының бірлігінде, тоқтамайтын тиімді
өндірісте шоғырланған.
Осылайша, капитал экономикалық категория ретінде меншік субъектілерінің
арасындағы материалды және материалды емес өндіріс факторлары, жұмыс күші,
қызметкерлердің интеллектуалдық потенциалы, қаржы капиталының жиынтығын
рационалды қолдану жөніндегі қарым-қатынасты білдіреді. Қазіргі таңда және
жақын арадағы келешекте өзінің дамуы сандық-сапалық параметрлер, сондай-ақ
уақыт парамтерлері бойынша кең ресурсқа ие бір ғана фактор – бұл адам
капиталы.
Адам капиталы және интеллектуалдық капитал экономикалық
категориялары адамның экономикалық жүйедегі орны мен қызметі, оның еңбекке
деген қабілетіне негізделеді, сондықтан да олардың ортақ нәрселері көп [1].
Алайда, бұл екі түсінікті айыра білу қажет.
Интеллектуалдық капитал категориясын анықтауға және зерттеуге қазіргі
рыноктық экономика кезеңінде ғалымдар үлкен мән беруде. Бұл Э. Брукинг, Т.
Бьюзен, Г. Минс, Д. Шнайдер, Ричард Р. Нельсон и Сидней Дж. Уинтер, А. Сли-
вотски, Д. Моррисон сияқты шетел авторларының кеңінен танымал зерттеулері.
Ресей рыногындағы осы категорияның негізін салушылар деп Л. С. Шаховская,
Б. Б. Леонтьева, В. Л. Иноземцева, С. А. Ленскаяларды айтуға болады.
Қазіргі белгілі көзқарастарды қысқаша қарастыра кетейік. Мысалы,
Э. Брукинг оны кәсіпорынның тіршілік ету және бәсекелік артықшылықтарына
тірек болатын материалды емес активтеріне балайды. Түйінді құраушыларға
адами активтер (білім, тәжірибе, шығармашылық қабілеттер және т.б.),
зияткерлік (интеллектуалдық) меншік, инфрақұрылымдық және рыноктық активтер
жатады. Адами капитал деп кәсіпорын қызметкерлерінің ұжымдық білімі,
олардың шығармашылық қабілеттері, мәселені шеше білуі, көшбасшылық
қасиеттері, кәсіпкерлік және басқарушылық дағдылары түсініледі [2, 31 б.].
Мұндай баға іс жүзінде бағалауға және басқаруға келетін материалды емес
активтерді өзінің шығармашылық әрекетінде кеңінен қолданып жүрген практик
тұрғысынан берілген.
Л. Мельник интеллектуалдық капиталды кеңірек мағынада: адамдардың ақыл-
ой қабілетімен қоса олар жасаған және интеллектуалдық еңбек үрдісінде
қолданылатын материалды және материалды емес активтер деп қарастырады;
осылайша, интеллектуалдық капиталдың құрамына материалды емес активтермен
қатар материалды активтер де енді.
В. Л. Иноземцев пен Б. Б. Леонтьевтің Л. Эдвинсонның құраған
анықтамасына негізделген көзқарастары өте ұқсас.
В. Иноземцевтің анықтамасы бойынша, өндірістік процеске қатысу нысаны
және өзінің табиғаты бойынша ерекшеленетін білім мен ақпарат фирма ішінде
интеллектуалдық капиталға айналады. Бұл ғалымның тұжырымы бойынша,
интеллектуалдық капитал – бұл кәсіпорынның жинақталған тәжірибесін,
зияткерлік (интеллектуалдық) меншікті, ұйымдық құрылым, ақпараттық жүйе,
имидж және қызметкерлердің білімін жинақтайтын ұжым миы рөлін атқаратын
ақпарат пен білім [3, 340 б.].
В. Иноземцевтің пікірінше, интеллектуалдық капиталдың құраушы
элементтеріне, біріншіден – компания қызметкерлерінің тәжірибесі, білім,
дағды, жаңашылыққа деген қабілеті, сондай-ақ, фирманың философиясы, ортақ
мәдениеті, оның ішкі құндылықтары ретіндегі адами капиталы; екіншіден –
құрылымдық капитал, оған патенттер, лицензия, сауда маркалары, ұйымдық
құрылым, мәліметтер базасы, электронды жүйелер жатады [3, 342 б.].
Б. Леонтьев белгілі бір субъектінің интеллектуалдық капиталы деп оның
қолында бар барлық интеллектуалдық активтер құндарының қосындысын айтады.
Оған зияткерлік меншік, табиғи және жүре пайда болған ақыл-ой қабілеті мен
дағдылар, сондай-ақ, жинақталған білім базасы мен өзге де субъектілермен
орнатылған пайдалы қарым-қатынастар: мысалы, брэнд, клиентура, фирма атауы,
өткізу каналдары, лицензиялық және өзге де келісімдер жатады [4, 101 б.].
Интеллектуалдық капитал субъектісінің құнды-лығы оның интеллектуалдық
қызметінен күтілетін шынайы нәтижелерімен қатынаста қарастырылып және
осының негізінде сәйкесінше құнмен сипатталу керек. Интеллектуалдық капитал
қазіргі рыноктық экономикада жетекші капитал болып табылады және кез келген
кәсіпорынның негізін құрайды [1].
Тауар, қызмет, ақпарат ағымдарының енуі, адам және идеямен алмасудың
тереңдігі мен қарқыны экономикалық жүйелердің бір-біріне деген
тәуелділігінің артуына әкеледі. Әлемдік экономикаға бұл жүйелердің
интеграциясының нәтижесінде ұлттық өндірушілер шетел тұтынушыларымен тығыз
байланысты бола бастайды. Сәйкесінше, ішкі рыноктарда да шетелдік
экономикалық субъектілермен бәсеке ұлғая түседі. Осылайша, қарым-қатынастың
сандық өсуінің орнына сапалық өсу келеді. Ғаламдық экономикалық дамудың осы
жаңа кезеңіне өтуі бүгін, ХХI-ғасырда, дамыған елдердің материалдық және
қаржы инвестицияларының басыңқы бағыттары интеллектуалдық капитал бола
бастағандығымен есте қалады. Интеллектуалдық капитал қоғамдық игіліктерді
жасаудың әлеуметтік маңыздылығының артуы арқасында капитал нысанына ие
болуда. Әр капитал түрінің қозғалысы өзінің ерекше құрылымын
қалыптастырады, міне сондықтан да Ресей мен шетелде интеллектуалдық капитал
түсінігіне түрлі мағына беріледі. Ресей әдебиеттерінде интеллектуалдық
капитал деп интеллектуалдық активтер жиынтығы түсініледі. Оларға келесілер
жатқызылуы мүмкін:
• Рыноктық активтер (рыноктық операциялармен байланысты материалды емес
активтер);
• Актив ретіндегі зияткерлік меншік (патенттер, авторлық құқықтар,
тауар мен қызметтердің сауда белгілері, ноу-хау, сауда құпиялары,
т.б.);
• Адами активтер (кәсіпорын қызметкерлерінің ұжымдың білімі, олардың
шығармашылық қабілеттерінің жиынтығы және жеке тұлғалардың түрлі
жағдайлардағы мінез-құлқы жайындағы мәліметтер мен психометриялық
ақпарат);
• Инфрақұрылымдық активтер (кәсіпорын жұмысына жағдай жасайтын
технология, әдістер мен үрдістер).
Алайда, интеллектуалдық капиталдың басқа да анықтамалары белгілі.
1969 жылы Дж. К. Гэлбрейт бұл терминді адамның таза интеллектісінен
едәуір үлкенірек нәрсе және ол интеллектуалдық қызметті қамтиды деп
анықтаған. Бұл терминнің қазіргі заманауи талқылауы менеджмент
тәжірибесінен бастау алған. Осы терминді Fortune журналының редакторы
Томас Стюарт әйгілі етті. Оның Ми шабуылы атты мақаласы интеллектуалдық
капитал тақырыбын менеджменттің теоретиктері мен практиктерінің
қабылдауындағы катализаторы болды. Содан бері интеллектуалдық капитал
анықтамасы көп рет дұрысталып, толықтырылды. Қазіргі таңда ондай
анықтамалардың бірнешеуі бар. Тәжірибеде кеңінен қолданылатындары
интеллектуалдық капитал – компанияның қаржылық құжаттарында көрініс
таппайтын, бірақ кодталған, бағаланған және компаниямен басқарыла алатын
материалды емес (немесе сезілмейтін) активтері деген анықтамаға сайып
келеді. Материалды емес активтер термині компаниялардың жылдық
есептерінде компанияны сатып алу кезінде және баланстарда есептелуге
жататын патент, сауда белгісі мен брэндті белгілеу үшін қолданылады.
Есептерде бұл сезілмейтін активтердің құны амортизацияны есепке алумен
қатар көрсетіледі.
Осы анықтаманың өзге түрлері мәселенің түрлі аспектілеріне негізделген
тәсілдерге байланысты беріледі: заңгерлер, журналистер, экономистер мен
менеджерлер бұл терминге түрлі мазмұн береді. Кәсіпқой емес адамға
интеллектуалдық капитал термині белгілі бір білім мен дағдыларға ие, және
сондықтан да компанияға пайдалы индивидтердің құндылылығын білдіреді. Адам
интеллектісі интеллектуалдық капиталды өсірудегі басты рөлге ие болғанымен
де, соңғысы тек одан ғана құралмаған.
Іскерлік прессада интеллектуалдық капитал деп патенттер, үрдістер,
басқарушылық дағдылар, технология, тәжірибе және тұтынушылар мен
мердігерлер жайындағы ақпарат түсініледі Экономистер үшін интеллектуалдық
капитал Тобиннің q-индексімен анықталады. Ол компанияның нарықтық бағасын
оның нақты активтерін (ғимарат, құрылыс, құрал-жабдық және қорлар)
алмастырудың бағасына қатынасына тең.
Осылайша, интеллектуалдық капиталды құрайтын салалар өте көп: ірі
фармацевтикалық компанияның патенттерінен бастап жедел жәрдем ауруханасының
медбикесінің дағдыларына дейін.
Интеллектуалдық капитал түсінігіне берілген кеңінен таралған
анықтамалар:
Стивен Уоллман, АҚШ-тың қауіпсіздік және айырбас жөніндегі комиссия
өкілі (1995):
...Интеллектуалдық капитал – бұл баланстық есеп бойынша құны нөлге тең
активтер [5, 7 б.].
Томас Стюарт, Fortune журналының редакторы (1991):
... патенттер, үрдістер, басқарушылық дағдылар, технология, тәжірибе
және тұтынушылар мен мердігерлер жайындағы ақпарат. Осылар бірігіп
интеллектуалдық капиталды құрайды [5, 7 б.].
Дж. К. Гэлбрейт, экономист (1969):
Интеллектуалдық капитал — бұл интеллектуалдық қызмет [5, 7 б.].
Кит Брадли, Ашық университетінің бизнес Мектебінің халықаралық
менеджмент кафедрасының профессорі (1996):
Интеллектуалдық капитал — бұл жеке индивидуумдар, фирма және бүкіл
ұлтқа бәсекелестік артықшылық беретін пайдалы ресурстарға білім мен
сезілмейтін активтердің айналуы [5, 8 б.].
Энни Брукинг, The Technology Broker консультациялық компаниясының
бастығы (1997):
Біз сезілмейтін активтердің төрт категориясын анықтадық: адами
ресурстар, зияткерлік меншікке құқық, инфрақұрылым және рыноктағы орналасу
жағдайы. Бұлар, жалпы айтқанда, интеллектуалдық капитал терминімен
аталады [5, 8 б.].
Губерт Сент-Ондж, Canadian Imperial Bank of Commerce банкі (1996):
Интеллектуалдық капиталға үш элемент кіреді: адам капиталы,
тұтынушылық капитал және құрылымдық капитал [5, 8 б.].
Іс жүзінде компания басқарушылары өздерінің акционерлері мен
қызметкерлеріне интеллектуалдық капиталдың жоғарыда аталған жалпы
анықтамаларынан әлдеқайда толығырақ сипаттамаларын беруге ұмтылады.
Skandia, Dow Chemical сияқты компаниялар және Canadian Imperial Bank
of Commerce жақын арадан бері интеллектуалдық капиталдарының құнын
бағалауды дәстүрлі қаржылық көрсеткіштермен қатар жылдық есептерінде
қосымша көрсете бастады, сондай-ақ, олардың қызметінің ерекшеліктеріне
сәйкес келетін интеллектуалдық капиталдың сипаттамалары қолданылатын, іштей
пайдалануға арналған есептерінде де көрсете бастады. Booz-Allen &
Hamilton, Price Waterhouse, KPMG және The Technology Broker сияқты
консультациялық компаниялар интеллектуалдық капитал концепциясын олардың
материалды емес активтерінің жасырын құрылымын клиенттерге түсіндіру құралы
ретінде қолданады. Олар, әсіресе, белгілі бір саладағы табыстылықтың
түйінді факторларымен байланысты активтерді көрсетуге тырысады. Сондықтан
да, интеллектуалдық капиталдың анықтамасы көбінесе талдаудың мақсаттарына
тәуелді. Нәтижесінде, көріп отырғанымыздай, интеллектуалдық капиталдың дәл
анықтамасын табу қиын болып отыр. Кең мағынада бұл термин компанияның
бәсекеге қабілеттілігіне және табыстылығына шешуші әсер ететін сезілмейтін
активтерді білдіру үшін қолданылады. Осыған байланысты оларды компанияның
жылдық есебінде көрсету қажеттігі жылдан жылға өсуде [5].
Жоғарыда аталған анықтамалар мен көзқарастарды талдай келе, біз
келесідей қорытынды жасай аламыз: интеллектуалдық капитал – бұл
экономикалық субъектіге бәсекелік артықшылық беретін және интеллектуалдық
қызмет нәтижесінде пайда болған барлық материалды және материалды емес
активтер жиынтығы.
Интеллектуалдық капиталдың экономикалық категория ретіндегі мәнін
анықтасақ, ол – түрлі экономикалық субъектілердің жеке экономикалық
мүдделері негізінде белгілі бір тауар, қызмет, табысты өндіру, өмір сүру
деңгейін көтеру, аймақтық және әлемдік даму теңсіздігі мәселесін шешу
мақсатымен ғылымның қарқынды дамуының арқасындағы оны рационалды, тұрақты
өндіру жөніндегі қатынастар жүйесі [6, 188 б.].
Б. Леонтьев Л. Эдвинсон берген анықтамаға негізделе отырып,
интеллектуалдық капиталдың құрамында келесідей үш құрауышты атайды (ол
құрауыштардың әрқайсысы жеке меншік ретінде немесе қарыз түрінде болуы
мүмкін):
- Адам капиталы (білім, дағды, тәжірибе, ноу-хау, шығармашылық
қабілеттер, ойлаудың креативті әдісі, рухани құндылықтар, еңбек
мәдениеті, т.б.) Бұл капитал оның иесінен ажыратылмайды.
- Ұйымдық капитал немесе құрылымдық капитал – қызметкерлер үйлеріне
қайтып кеткен кезде кәсіпорында қалатын, оның интеллектуалдық
потенциалымен байланысты барлық заттар (патенттер, лицензиялар, ноу-
хау, бағдарламалар, тауар белгілері, өндірістік үлгілер, техникалық
және бағдарламалық қамтамасыз ету, ұжымдық құрылым, ұжым мәдениеті,
т.б.).
- Тұтынушылық капитал. Бұл тұтынушы, клиенттермен орнатылған екіжақты
пайдалы, берік және сенімді қарым-қатынастар жүйесі. Кейбір
ғалымдардың пікірінше, оны кеңірек, яғни интерфейстік капитал деп
қарастырған жөн. Оған экономикалық контрагенттермен (мердігерлер,
тұтынушылар) байланыс, осы контрагенттер жайындағы ақпарат, олармен
байланыс тарихы, тауар белгісі (брэнд) жатады. Жалпы айтқанда, бұл
кешенді әрі күрделі материалды емес актив. Оған, сондай-ақ,
клиентура, фирма атауы, өткізу каналдары, лицензиялық және өзге де
келісімдер жатады [1].
Сонымен, интеллектуалдық капитал адам, құрылымдық және тұтынушылық
капиталдан тұрады (2-суретті қара).

2-сурет. Интеллектуалдық капитал құрылымы [1, 5 б.]
Көріп отырғанымыздай, ноу-хау адами капиталмен қатар ұйымдық капиталға
да жатады. Кейбір мамандар білім техникалық құжаттауда жүйеленетінін және
адамнан адамға тікелей берілетінін, сондай-ақ, жұмыс әдісін, қабілеттерді
өзгеше қабылдау мүмкін еместігін қарастырмай, ноу-хауды тек соңғысына
жатқызады.
Алайда, аталған құрылым негізінен интеллектуалдық капиталдың тек бір
жағын ғана қарастырады – ресурстық жағын, яғни потенциал, ал екінші жағын –
оны нәтижелі түрде жүзеге асыру мүмкіндігін және қабілетін қарастырмайды.
Бірақ, бұл жағы өте маңызды. Шынымен-ақ, отандық кәсіпорындар мен
экономиканың интеллектуалдық капиталын қарастырғанда оның әлі де өте
жоғары екенін аңғару қиын емес. Дегенмен, интеллектуалдық капиталы біршама
тең елдермен салыстырғанда біздің экономикамыздың дамуы әлдеқайда төмен.
Яғни интеллектуалдық әлеуеттің болуы (яғни ресурстық жағынан алғанда) ғана
жеткіліксіз, сонымен бірге оны белсенді түрде жүзеге асыра білу керек.
Адами, ұйымдық және тұтынушылық капитал бір-бірімен тығыз байланысты.
Әрқайсысына бөлек-бөлек инвестиция құю жеткіліксіз. Олар синергетикалық
эффект жасай отыра бірін-бірі демеу керек, сонда материалды емес
активтердің бір түрі екіншісіне қиылыса әсер етеді.
Капитал термині интеллектуалдық капитал терминінде кездесуі жайдан
жай емес. Интеллектуалдық капитал физикалық капитал секілді белгілі бір қор
ретінде болады. Капиталдың екі түрі де ресурстарды (ақша, материалды
қаражаттар, білім, квалификация) салу нәтижесінде пайда болады. Капиталдың
екі түрі де өз иесіне табыс әкеледі. Ол екеуі де рухани тозуға ұшырайды,
әсіресе, интеллектуалдық капитал (бағдарламалық қамтамасыз ету және өзге де
білім түрі уақыт өте құнсыздана түседі). Екеуі де жөндеуді қажет етеді,
яғни өзін күту үшін қаражатты керек етеді. Сонымен бірге олардың арасында
айырмашылықтар да бар.
Физикалық капитал материалдық нысанға ие, оны қолмен ұстап, көзбен
көруге болады. Интеллектуалдық капитал болса, материалды емес табиғатта,
сондықтан да оны кейде көрінбейтін актив деп те атайды.
Интеллектуалдық капиталдың физикалық капиталдан айырмашылығы оның өз
мөлшерін қолдану барысында жоғалтпайтығында (яғни ол амортизацияланбайды).
Қайта керісінше, ол қолданылмаған кезде өзінің құнын жоғалтады.
Физикалық капитал – бұрын жасалған әрекеттің нәтижесі. Интел-лектуалдық
капитал да бұрын болған инвестициялардың нәтижесі болып табылады, алайда,
ол болашаққа көбірек бағытталады. Физикалық капиталды бағалаудың негізі
ретінде әлбетте жасалынып қойған шығындар алынады. Интеллектуалдық
капиталды бағалаудың негізі – оны келешекте қолдану кезіндегі жасалынатын
құн.
Физикалық капитал көбінесе құндық көрсеткіштердің көмегімен бағаланса,
интеллектуалдық капитал – құндық және құндық емес көрсет-кіштермен де
бағалана алады.
Компаниялар мен ұйымдар интеллектуалдық капиталға толық иелік ете
алмайды. Олар оған деген иелікті жалдамалы жұмысшылар (адам капиталы болса)
және тұтынушылар мен өзге де контрагенттермен бірге жүргізеді.
Интеллектуалдық капиталдың элементтері ерекше белгілерге ие.
Жұмысшылардың біліктілігі мен қабілеттерінде жинақталған интеллектуалдық
капитал уақыт өте өсе келеді. Патенттер болса, керісінше, өзінің
құндылылығын тез жоғалтады, егер олар өнімдерде материализацияланбаса
немесе уақытында лицензияланбаған болса. Тұтынушылық капитал да өзінің
құнын тез жоғалтатын қасиетке ие. Тұтынушы белгілі бір себептермен
бәсекелестің өнімдері мен қызмет көрсетулеріне тез өтіп кетуі мүмкін [1].
Интеллектуалдық капиталдың басты функциясы – кәсіпорынға қажетті білім
жүйесін, заттарды және оның жоғары нәтижелі шаруашылық әрекетін қамтамасыз
ететін қарым-қатынастарды қалыптастыру және жүзеге асырудың арқасында пайда
массасының өсуін едәуір жылдамдату. Мәселен, кәсіпорынның интеллектуалдық
капиталы оны басқару жүйесінің сапасын анықтайды [4, 102 б.].
Негізінен, интеллектуалдық капитал өндірістің технологиясы мен оның
өнімін жаңартудың сипаты мен қарқынын анықтайды. Интеллектуалдық капитал
– бұл рыноктағы фирма не компания капиталының тұрақты интеллектуалдық
артықшылықтарының жүйесі [4, 115 б.].
Интеллектуалдық капиталға бізге белгілі капиталдың функционалды
нысандарымен салыстырғанда едәуір жоғары даму сатысы тән. Оның критериі
болып қоғамның экономикалық өсуінің тұрақты деңгейі, оның құрылымының
тиімділігі табылады. Оған дейін пайда болған капитал нысандарының негізінде
дами отыра, интеллектуалдық капитал олардың негізгі қасиеттерін өзіне
алумен қатар бір мезгілде өзінің жеке құрамына да ие. Бұл құрамы оның
функцияларының ерекшелігімен анықталады:
• Интеллектуалдық меншіктің болуы және қарқынды дамуы;
• Әрбір экономикалық жүйедегі қайта өндірудің негізгі модельдері мен
олардың жиынтығын құрайтын және жүзеге асыратын басқару персоналы,
ғылыми қызметкерлері, кәсіпкерлер мен қызметкерлердің креативті ойлау
типінің қалыптаса бастауы;
• Берілген капитал жүйесінде интеллектуалдық орталықтың қалыптасуы.
Бұл орталық өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну факторларының бүкіл
жиынтығын бірте-бірте қамти бастайды [1].
Интеллектуалдық капитал материализициялануының қазіргі нысандары (3-
сурет) өндіріс пен еңбектің материалдық факторлары болып табылады. Олар –
қоғамның және оның субъектілерінің тіршілігінің барлық сфераларында
қолданыс табатын жоба, патент, лицензия, ноу-хау, үлгілер, бағдарламалар
және т.с.с.
Интеллектуалдық капитал жұмыс күшінің сапалық қасиеттерімен тығыз
байланысты. Интеллектуалдық капиталдың пайда болуы үшін тек қана
шығармашылық потенциал жеткіліксіз. Оның қалыптасу базасы келесідей жұмыс
күшінің сипаттамалары болып табылады: табиғи сапалар (денсаулық,
психофизиологиялық тұрақтылық және т.б.), өзін-өзі дамыта отырып, үлкен
ынтамен еңбектенуге деген құлшыныс беретін сәйкесінше тәрбие; кәсіби
дайындық, оны үнемі жақсартумен байланысты жүретін біліктілік деңгейі, жаңа
шешімдер ізденісі, білім мен ойлау шекарасын кеңейтетін мәдениет деңгейін
үнемі арттыру, басқарушы сезімі. Жалпы алғанда, бұл интеллектуалдық
капиталдың ажырамас қозғаушы бөлігі болып табылатын шығармашылық, креативті
менталитетті қалыптастырады.

Корпорация меншігі

ИК базасы
Қысметкер меншігі

3-сурет. Интеллектуалды капиталдың негізгі нысандары [7, 43 б.]

Қазіргі таңда интеллектуалдық капитал шығармашылық ойлау қабілеті бар
кез келген кәсіп иесінде болуы мүмкін, себебі олардың төтенше іс-
әрекеттері олардың капиталына айналады. Бірақ, ғылыми не өзге де
интеллектуалдық қызметке олар бұдан қарапайым жұмыс күшін тасушылардың
пайдасынан асатын, ақшалай не рухани-психологиялық пайда күтетін кезде ғана
бет бұруы мүмкін.
Интеллектуалдық капиталдың тасушылары деп ерекше және орнын алмастыру
қиынға соғатын қабілеттерге ие кәсіпқойларды айта аламыз. Олардың қоғамдағы
маңызы, әсіресе, рынок жағдайында жақсы бағаланады.
Интеллектуалдық капитал экономикалық категория ретінде тек рыноктық
экономика кезінде ғана пайда болып, тіршілік етуі мүмкін. Себебі рынок
жағдайында, еңбекке деген қабілет тауарға айналған кезде, интеллектуалдық
капитал капиталдың басқа нысандары сияқты тек құн емес, сонымен бірге
қосымша құн да әкеледі. Біз білетіндей, рынок тек құны бар нәрсе үшін
төлейді. Дәл рыноктық қоғамда адамдардың интеллектуалдық қабілеттеріндегі
теңсіздік ерекше айқын байқала бастайды.
Дж. Гэлбрейт: Адамның интеллектісіне салынған әрбір доллар темір
жолдарына, су бөгеттері, машина және өзге де капиталдық игіліктерге
салынған әр долларға қарағанда ұлттық табыстың әлдеқайда үлкен өсуіне алып
келеді. Білім беру капитал салымдарының жоғары өнімді нысанына айнала
бастады [7, 49 б.].
Бүгінгі таңда интеллектуалдық капитал байлықтың негізіне айналуда. Ол
экономикалық жүйелердің бәсекеге қабілеттілігін анықтайды, олардың дамуының
түйінді ресурсына айналады.
Экономиканың интеллектуалдық капиталды жасау және тиімді пайдалану
қабілеті ұлттық экономикалың қуаттылығын, оның әл-аухатын анықтайтын
факторға айналуда. Қоғамның білім, идея және ақпаратты импорттауға
дайындығы, экономиканың оларды өнімді түрде өндіру – міне, осыларға кез
келген елдің табысты әлеуметтік-экономикалық дамуы тәуелді.

1.2 Әлем экономикасының жаһандану жағдайындағы интеллектуалдық капиталдың
рөлі

ХХ-ғасырдың екінші жартысында әлемдік экономикалық жүйе өзінің дамуының
жаңа кезеңіне көшті. Бұл тарихтың маңызды кезеңі шаруашылық жүйелердің
трансформация, аймақтану, интеграция және ғаламдануына толы болды және
ресурстарды тиімді және үйлесімді қолдануды талап етті. Оның айрықша сипаты
қоғамдық өндіру үдерісіне қатысатын факторлар рөлінің өзгеруі болды. Бұл
рыноктық экономика жағдайында сәйкес капитал нысандарын қабылдайтын, өзіне
адами, техникалық, табиғи, институционалды, ұйымдық, ақпараттық, табиғи
факторларды қосып алатын табиғат-адам-қоғам жүйесіндегі негізгі
қатынастармен байланысты. Ғаламдану заманында еңбек заты да өзгереді:
адамзат қызметінің екпіні табиғатты өзгертуден сананы өзгертуге түсуде.
Кезінде академик В. И. Вернадский жорамалдағандай, келешектегі адамзат
прогресі білім мен сана сферасында жүріп жатады. Бұл сфераны ол ноосфера
деп атаған және келесідей деп айтқан: Ғылыми ой алғаш рет ноосфераны
құрайтын стихиялық үдеріс сипатындағы күшке айналуда [8, 64 б.].
Бүгінгі таңда әлем бойынша заманауи ақпараттық революция әсерінен
өндірістік күштер құрылымында және әлеуметтік құрылымда түбегейлі
өзгерістер жүріп жатыр. Ендігі кезде адам басты өндірістік күшке айналып,
оның интеллектуалдық потенциалы капиталға айналуда. Адамның білімі мен
тәжірибесін машиналық бағдарламаларға айналдыратын ақпараттық-
телекоммуникациялық технологиялар кеңінен қолданылып, дамытылуда.
Ғасырлар тоғысуында интеллектуалдық капитал және интеллектуалдық меншік
шаруашылықты тиімді жүргізу, меншік қатынастарының құрылымдық өзгерістері
туралы жаңа ғылыми білімді тұрғузуға жағдай жасайтын экономикалық теория
категорияларына айналуда.
Интеллектуалдық капитал теориясы жаңа болып саналғанымен (XX-ғасырдың
90-жж.), ол компания акцияларының рыноктық құнының оның таза активтерінің
құнына қатынасында байқалмай бар болып келді. Бұрын бұл айырмашылық жаңа
тауарлар туралы құпия ақпарат, компания перспективаларын интуитивті
деңгейде көре білу, т.б. сияқты субъективті факторлармен түсіндіріліп
келді. Осы айырмашылық нормадан уақытша ауытқу, еңбек өнімділігінің және
табыстың өсуі арқылы көрінетін эмпирикалық емес қосымша құн деп
есептелінді.
Алайда, соңғы кезде бұндай көзқарастардың қате екендігі анықталды.
Заманауи бизнес қаржылық және қаржылық емес құраушылары арасында тепе-
теңдік орнатуды қажет етеді. Бизнестің қаржылық емес бөлігі интеллектуалдық
капитал деп аталады. Ол байлықтың жаңа көзіне айналуда.
Интеллектуалдық капиталды зерттеудің атақты пионерлері Л. Эдвинссон мен
М. Мэлоунның пікірінше, ағымдағы онжылдықтың соңына дейін және одан кейін
де дүние жүзі бойынша жүз мыңдаған ірі және шағын компаниялар өздерінің
активтерінің шынайы құндылығын өлшеу, нақтылау және көрсету құралы қылып
интеллектуалдық капитал теориясын алады. Олар бұны келесі себеппен жасайды:
интеллектуалдық капиталға негізделген бухгалтерлік есеп қазіргі жоғары
технологиялық виртуалды корпорациялардың экономикасын есептеу мүмкін бола
алмайған барлық нәрсені қолдануға мүмкіндік береді. Ғалымдардың пікірінше,
қазір қаржылық революция жүріп жатыр.
Интеллектуалдық капиталды қолдану құрылымдық, тұтынушылық және адами
капиталдың құндық көрсеткіштерін талдау кезінде қатаң есептің жүргізілуін
білдіреді. Яғни, интеллектуалдық капитал ұжымдық қызметтің кез келген
түрінің нәтижелерін бағалауға, кез келген кәсіпорын түрінің құндық
көрсеткіштерінің динамикасын салыстыруға нақты мүмкіндіктер жасайды.
Экономикалық дамыған мемлекеттерде кәсіпорын активтерінің бағасы оның
құны, компания меншігінің ақшалай нысаны болып табылады. Бұл жерде
активтердің екі тобы байқалады. Біріншісі – нақты және өлшеуге жататын:
ағымдық активтер мен инвестициялар. Екінші топ активтері сезілмейді. Олар
физикалық сипатта жоқ болғанымен де, компаниялар үшін үлкен құндылыққа ие.
Бұл активтер ұзақ мерзімді және нақты бағалауға жатпайтын болып келеді.
Осылайша, активтердің бұл тобына сезілетін активтерге жатпайтын барлық,
тіпті, қысқа мерзімділері де жатқызылады. Сезілмейтін активтердің бар болуы
олардың иелеріне бәсекелестік артықшылықпен қатар пайданың өсуіне әкелетін
тағы бір маңызды қосымшаның бар екіндігін мойындатады. Жаңа ғылыми-
техникалық шешім не технологиялық үдерісті жасауға қаржы салудың өзі
компания құнының өсуіне әкеледі. Кейбір компанияларда олар сезілетін
активтерге айналады. Мысалы, сауда белгісі, авторлық құқық, патент, т.б.
Қарқынды техникалық прогресс және қатаң бәсекелестік жағдай
өндірушілер, тұтынушылар және мердігерлер, т.б. арасында мүлдем жаңа қарым-
қатынас түрінің пайда болуына әкелетін болады. Тек шынайы артықшылықтар мен
құндылықтар ғана компанияларға рынокта аман қалып, гүлденуге мүмкіндік
береді. Бұл жерде жақын арада компания меншігін бағалаудың ең бір маңызды
критерийіне айналатын интеллектуалдық капитал үлкен рөлге ие. Тек
интеллектуалдық капитал ғана кәсіпорын рентабельділігі мен тұрақтылығының
динамикасын көрсетіп, компанияның шынайы құнын оның қызметкерлерінің
таланты мен шығармашылығы, олар қолданатын еңбек құралдарының сапасы
бойынша бағалауға жағдай жасайды. Енді бізде құнның жаңа өлшемі бар – бұл
интеллектуалдық капитал және оны бағалаудың құралдары. Бұл өзгерістің
жүйесі объектілердің кең шеңберін қамтиды: ол тек коммерциалық
кәсіпорындарға ғана емес, сонымен қатар өкіметтік және коммерциалық емес
ұйымдарға да қолданымды [9, 11 б.].
Интеллектуалдық капиталды қолдану құндық көрсеткіштердің анализі
кезінде тек қаржылық емес, сонымен бірге адами және құрылымдық факторлардың
да есепке алынуын білдіреді... Қазіргі таңда біздің қолымызда кез келген
кәсіпорын түрінің құндық көрсеткіштерінің динамикасын салыстыру және
бағалаудың әмбебап критерийі бар [9, 9 б.].
Кейбір ғалымдар, мысалы, П. Дракердің пікірінше, білім ресурстардың
жай ғана бір түрі емес, басты түріне айналды... Ол экономикалық және
әлеуметтік дамудың жаңа қозғаушы күштерін жасайды [9, 9 б.]. Тарихта білім
рөлінің артуының үш кезеңі белгілі: өндірістік революция, еңбек
өнімділігіндегі революция және басқарудағы революция. Бұл кезеңдер білімнің
және оның мәнісінің түбегейлі өзгеруінің негізінде орын алды. Адамзат
қоғамы білімнің жалпы түрінен білімнің көптеген салаларына дейін жетті.
Егер бұрында білім жалпы сипатқа ие болса, бүгінгі таңда ол өте қатты
маманданған. Қазір білім іскерлік құндылыққа ие және адамнан тыс қоғам мен
экономикада көрініс табатын нақты нәтижелерді алу үшін қызмет ететін
ақпарат ретінде шығады.
Т. Сакайяның ойынша, заманауи қоғамға тән сипат білімнің кең
таралуында емес, ол оның қоғамда жасалынып жатқан игіліктерге тікелей
айналып, осылайша экономика білім айырбасы мен олардың бағалауына
негізделіп қызмет ететін (яғни интеллектуалдық меншік негізінде қызмет
ететін) жүйеге айналуында [9, 10 б.].
Осылайша, интеллектуалдық капиталдың рөлін баршаның мойындауы
кәсіпорынды басқару және ұйымдастырудың қазіргі әдістеріне маңызды
өзгерістер енгізуде [9].
Қазіргі фирмалар мен корпорациялардың түйінді ресурсы ретіндегі
интеллектуалдық капитал туралы айту 1993 және 1994 жылдары Скандия
фирмасының компанияның шынайы құнын анықтайтын факторлар жөніндегі есебін
жариялаудан кейін пайда болды, ал 1996 – 1998 жж. Интеллектуалдық капитал
атауымен бірнеше кітап жарық көрді. Бұл тақырып бойынша зерттеулер мен
тәжірибелер АҚШ-та кеңінен жүргізілуде. Бұл, ең алдымен, адвалорлық салық
салудың ерекшеліктерімен (меншікке салынатын салықтың көлемін анықтау үшін
материалды емес активтер құны компанияның жалпы құнынан шегеріледі) және
азаматтық құқықпен (бәсекелестіктен бас тарту заң дефинициясының болуы)
байланысты. Ресейде бұл мәселеге деген қызығушылық көбінесе теоретикалық.
Ал Қазақстанда болса, бұл өте жаңа категориялардың бірі.
Бұл құбылыстың ауқымын ұғыну үшін мәмілер бойынша ресми статистикаға
қараған жеткілікті (Қосымша А). Айта кететін жайт, бұл жердегі компания
құнының (FV) активтердің баланстық құнынан (BV) жоғары болуын толығымен
интеллектуалдық капитал есебіне жатқызуға болмайды, себебі бұл жерде
активтердің рыноктық және баланстық құнындағы айырмашылық сияқты т.б.
факторлардың әсері орын алуы мүмкін. Дегенмен, аталған айырмашылық шамасы
тек осы факторлардың болуымен түсіндіріле алмайды, сондықтан да FVBV
қатынасын интеллектуалдық капиталдың индикаторы деп айта аламыз. Аймақтар
бойынша алынған FVBV мәндерінің үлкен ұқсазсыздығы ең алдымен,
бухгалтерлік және салықтық есеп пен бизнес активтерінің баланста
көрсетілуінің ерекшеліктерімен байланысты [10].
Сауда белгілерін қорғау Британия институтының мәліметтері бойынша, 1980
жылдан 2000 жыл аралығында Ұлыбритания мен АҚШ-та компанияның баланстық
құнының оның рыноктық құнына қатынасы 5 есе азайды. Мәселен, Англияда
компанияның рыноктық құнының 30% ғана баланста көрініс табады да, ал
қалғаны негізінен сауда белгісі мен брэндтен тұратын материалды емес
активтердің есебіне келеді. Мысалы, British Petroleum үшін бұл қатынас
29: 71, ал Coca-Cola үшін – 4: 96. Баршамызға белгілідей, Coca-Cola
брэнді әлемдегі ең қымбат брэнд болып табылады [1].

Сурет 4. Lotus және Netscape корпорацияларының материалды активтер құны
мен рыноктық құнының қатынасы (млн. долларда) [11, 9 б.]
Интеллектуалдық капиталдың маңызды ерекшелігі – жалпыға бірдейлігі және
барлық жерге өте алу қабілеті. Интеллектуалдық капитал кәсіпорынның
материалдық та, қаржылық та, еңбек капиталына да еніп кетеді. Бұл ену терең
болған сайын бизнес үшін интеллектуалдық капитал субъектілерінің рөлі де
арта түседі. Бүгінгі таңда оларды әртүрлі атпен атайды: интеллектуалдық
қызметкерлер (knowledge workers), жоғары білікті мамандар, ғалымдар немесе
ғылыми қызметкерлер, алтын жағалылар. Оларды қалай атасақ та, ендігі
кезекте олардың тек кәсіпорынның қарапайым жұмысшылары ғана емес, сонымен
бірге кәсіпкерлер және өз бетінше инвесторлар екендігі айқын. Жоғары
кәсіпқойлық және білім осы қызметкерлер категориясына өндірістік үдерістегі
кәсіби қызметімен қатар сол кәсіпорынды басқару және иеленуге мүмкіндік
жасайды. Кейде олар бір жердегі жалдамалы жұмысымен бірге өздерінің жеке
кәсіпкерлігін де алып жүреді.
Бұл жерде қоғамның қай бөлігі туралы сөз болып жатыр? деген сұрақ
туындауы мүмкін. Р. И. Цвылевтың пікірінше, қазіргі кезде интеллектуалдық
капитал субъектілері деп дамыған елдердің еңбекке қабілетті халқысының
шамамен 40%-ын санауға болады. Қазіргі корпорациялардағы осы субъектілердің
маңызды рөлінің дәлелі ретінде осы корпорациялардың материалды активтері
мен рыноктық құнын бағалаудағы айырмашылық бола алады (4-сурет) [11].
Тәжірибеде интеллектуалдық капиталдың шамасын бағалаудың және оның
кәсіпорын, фирма қызметіндегі рөлін анықтаудың түрлі әдістері бар.
Интеллектуалдық капиталға бір ерекшелік тән: ол қаржылық талдаудың дәстүрлі
үлгілеріне сай келмейді және меншіктің екі жақты нысанына ие. Адам капиталы
ретінде ол – иесінің меншігі, құрылымдық капитал ретінде ол – комп-ания
меншігіне тиесілі [9]. Интеллектуалдық капиталдың мәні мен рөлі Қазақстан
үшін өте үлкен. Оның сәтті дамуы және қолданылуы жағдайында ғана
постиндустриалдық қоғам құру мүмкін болады.

2 ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КАПИТАЛ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ТАЛАПТАР

2.1 Интеллектуалдық капиталды бағалау әдістері мен бағыттары

Бухгалтерлік есеп қағидаларына негізделетін экономикалық бағалау мен
өлшеудің дәстүрлі әдістері заман ағымына сай келмей қалуда. Өйткені, оның
қағидалары Қайта Өркендеу дәуірінде (15-16-ғғ. Еуропада ғылым мен өнердің
қайта өркендеген дәуірі) жасалынған болатын, ал бұл кезде постиндустриалдық
үрдістер жайында сол дәуірдің озық ойшылдары да бейхабар болды.
Жаңа уақыт өндірістің экономикалық факторларын өлшеудің жаңа тәсілдері
мен әдістерін талап етеді. Экономикалық бағалаудың ескі әдістері заманауи
тәжірибемен қайшылыққа келді.
Мысалы, дәстүрлі бухгалтерлік тәжірибе сауда белгісін материалды емес
актив ретінде қарастырады. Ол материалды актив сияқты оны қолдану барысында
өзінің құнын жоғалтады және оны өндірілген өнімге бөлшектеп тасиды
(ауыстырады). Осыған байланысты материалды емес активтер материалды
активтер есептелінетін ережелер бойынша есептелінеді, оларға амортизация
нормалары қолданылып, олар өндірістен алынып тасталады. Алайда, сауда
белгісі не брэнд оларды қолданған сайын құнын жоғалтудың орнына, керісінше,
көп жағдайда өз құнын өсіреді.
Сондай-ақ, интеллектуалдық капиталдың патент, лицензия және т.б. сияқты
элементтері бухгалтерлік құжаттарда олардың шынайы құны бойынша емес,
оларды тіркеумен байланысты шығындармен ғана есептелінеді.
Инвестициялар мен ағымдық шығындарға бөлу де шынайы өмірдегіден алыс.
Мәселен, тренингтер, персоналды үйрету, жарнамалық кампанияларға кеткен
шығындар ағымдық болып түсініледі, бірақ та, олар көбінесе ұзақ мерзімді
инвестициялар табиғатына ие болатыны назардан таса қалады.
Ұйымның жиынтық капиталының көптеген элементтері бухгалтерлік
баланстарда мүлдем көрініс таппайды, солардың ішінде тұтынушылармен
байланыс, персонал біліктілігі, білім базасы, жұмыстың жүйелі нысандары.
Жаңа экономиканың кейбір құбылыстары барлық шамалардың аддитивтілігі
презумпциясына негізделетін бухгалтерлік есептің дәстүрлі әдістерімен
есептелуге келмейді. Басқаша айтқанда, бухгалтерлік есепке сәйкес
шығындардың барлығы қосылады, осылайша түрлі шығыстардың жалпы нәтижесін
олардың қосындысымен есептеуге болады. Ал бұл кезде интеллектуалдық
капиталдың кейбір элементтері аддитивті (бір-біріне қосыла алатын) емес,
сондықтан да оларға бухгалтерлік есептің стандартты тәсілдерін қолдану
мүмкін емес. Дәл осы себептен интеллектуалдық капиталдың барлық
құраушыларын бухгалтерлік есептің дәстүрлі әдістерімен есептеу әрекеттері
сәтсіздік көрді.
Карл Эрик Свейби (Karl-Erik Sveiby) және Том Ллойдтың (Tom Lloyd)
жүргізген зерттеулеріне сүйене отырып, білімді басқару саласындағы эксперт
Дэвид Скирм (David Skyrme) мынадай мысал келтіреді: 1987 жылы Saatchi and
Saatchi жарнамалық агенттігінің жұмысын зерттей келе, Свайби мен Ллойд
компанияның акциялары қымбаттай бастаса да, оның интеллектуалдық
капиталының көптеген көрсеткіштері (мысалы, шығармашылық қызметкерлер саны,
түйінді мәмілелер саны, клиенттерге қызмет көрсету сапасы) төмендей
бастағанын байқайды. Көп ұзамай компанияның қаржылық жағдайы да айтарлықтай
нашарлап кетті [1]. Осы мысалдан біз компанияның интел-лектуалдық жағдайын
зерттеу арқылы оның болашағын жорамалдай алатынымыз айқын. Ал бұл
зерттеулер жеңіл болуы үшін сол компанияның материалдық емес
(интеллектуалдық) активтерінің есебі қолымызда болғаны абзал. Материалдық
емес активтердің есебін жүргізудің бұдан басқа да бірнеше себебі бар, олар:
- Бұл компания құнын баламалы көрсетеді;
- Өлшеу үрдісі тереңге қарауға– кәсіпорын өнімділігін қамтамасыз ететін
қозғаушы күштерді байқауға мүмкіндік береді;
- Материалдық емес активтерді тиімді басқаруға деген талаптар жан-
жақтан өсуде, мәселен, компания басқарушыларымен қатар өзге де
мүдделі жақтардан, олардың ішінде мемлекет пен қоғамнан да;
- Егер есеп беру жүйесі қазіргі және болашақ инвесторларды компания
жайында толығырақ мәліметпен қамтамасыз етсе, кәсіпорынға салынатын
инвестициялар көлемі ұлғая түседі [1].
Интеллектуалдық капитал бағаланатын көрсеткіштерді интегралды сандық
қаржылық көрсеткіштер (олардың арасында – Тобин коэфициенті) және
интеллектуалдық капиталдың құраушыларын сипаттайтын көрсеткіштер деп бөлуге
болады. Интеллектуалдық капиталдың адами, ұйымдық және тұтынушылық капитал
сияқты бөлек құраушыларының көрсеткіштерін бағалау сандық және сапалық
сипатқа ие болуы мүмкін [1].
Интеллектуалдық капиталды өлшеудің негізгі тәсілдері. Дэвид Скирм
атайтындай, бұндай өлшеулердің негізгі қиындығы бұл жерде екі де екі
әрдайым төртке тең еместігінде, тіпті, кейде өлшеу сөзінің түсінігі
үйреншікті математикалық есептеулерге сай келе бермейді.
Біз бірнеше негізгі тәсілдерді атай аламыз:
Сезілмейтін құндылықтарды анықтаймыз. Бұған EVA (Economic Value-
Added) әдістемесі жатады. Бұл жерде адамдар құн жағынан емес, актив ретінде
қарастырылады. Бұл әдістеме сезілмейтін құндылықтарды анықтауда тиімді
болғанымен, ол бұл құндылықтар қалай жасалып, дамитынына жауап бермейді.
Алдымен көрсеткіштер, кейіннен – өлшеуіштер. Бұл әдістер тобы
интеллектуалдық капиталдың түрлі көрсектіштерін қарастыруға негізделеді.
Бұл көрсеткіштер негізінде өлшеуіштер жасалынады.
Бұл тәсілдің мысалы болып 1994 жылдан бері интеллектуалдық капиталды
өлшеу бойынша іс жүзіндегі жұмыстарды жүргізіп келе жатқан Skandia швед
сақтандыру компаниясының Navigator  әдісі шыға алады. Бұл жерде
интеллектуалдық капиталдың бірнеше категориясы бөлініп шығады: адам
капиталы (білім, білік, тәжірибе, ноу-хау, т.б.), құрылымдық капитал (кем
дегенде ұйымдық үрдістер, ақпараттық жүйелер, мәліметтер базасын қамтиды),
қарым-қатынас капиталы (клиенттік капитал мен стейкхолдерлер капиталы).
Интеллектуалдық капиталдың ең белгілі нысаны – сауда белгісін, патент,
лицензияны, т.б. қамтитын зияткерлік меншік.
Бұл топтың тағы бір мысалы – Свейбидің Сезілмейтін активтер мониторы
Intangible Assets Monitor (Sveiby, 1997) әдісі. Бұл әдіс сезілмейтін
активтерді сыртқы құрылым, ішкі құрылым және адамдар құзырлылығына бөледі.
Өлшеу үшін қажет етілетін көрсеткіштер ұйымдық стратегияға байланысты
болады. Бұл құралғыны қолданудың ең маңызды аймақтары өсужаңару, тиімділік
және тұрақтылық болып саналады. Осы әдістеменің негізінде көптеген
компаниялар өздерінің көрсеткіштерін жасайды.
Балансталған шоттар. Бұл әдістер өздігінен өздері интеллектуалдық
капиталды анықтамайды. Ең алдымен олар корпоративті стратегиямен
байланысады. Осы корпоративті стратегия негізінде қаржылық және қаржылық
емес (инновациялар, оқыту және түрлі ұйымдық деңгейлерге - бизнес-
бөлімшеден жеке индивидтерге дейін қолданбалы т.б.) көрсеткіштердің
балансталған көптігі жасалынады. Сонымен қатар, Нортон және Капланның
Көрсеткіштердің балансталған жүйесі (Balanced Scorecard) әдісінде оқыту мен
өсу негізіндегі білімді басқару жалпы ұйым тиімділігінің бөлек құраушысы
ретінде анықталып, өлшенеді.
Әдістердің жаңа желісі (поколение). Әдістердің бөлек тобы
интеллектуалдық капиталды өлшеудің үшінші желісін сипаттайды. Білім
деңгейін сипаттаумен қатар, олар оны дамытуға мүмкіндік беретін тура
белсенділік (мысалы, оқу күндерінің саны) пен өзгертуші (преобразующая)
белсенділікті (адам білімі негізіндегі байқалмайтын ең жақсы тәжірибелерді
қабылдау) де ескереді. Осындай әдістер қатарына — ИК индекс (IC Index) те
жатады. Бұл әдіс интеллектуалдық капиталдың негізгі төрт категориясын
(қарым-қатынас, адамдар, инфрақұрылым, инновациялар) айқындайды және оларды
иерархиялық құрылым түрінде береді. Бұл топқа сондай-ақ ИК рейтингі (IC
Rating) әдісі кіреді. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестицияның ұғымы, түрлері және жіктелуі
Компанияның әрекетінің нәтижелерін құндық бағалау
Инновацияның рөлі мен функциялары
Инвестициялық қызметтің халықаралық және ұлттық құқықпен реттелуі
Азаматтық құқық объектілері туралы
Жарғылық капитал
ТМД шеңберіндегі инвестицияларды халықаралық құқықтық реттеу
Инвестициялық есебі
Білім беру социологиясы
ҚР-на шетелдік инвестицияны тарту және оны қолдану мәселелері
Пәндер