Банктердің несиелік ресурстары



Кіріспе

1. Банктердің несиелік ресурстарды
қалыптастырудың теориялық негізі

1.1. Несие ресурстарының ұғымы және қызметі
1.2. Несие жүйесінің түсінігі, рөлі мен маңызы және оның құрылымы

1.3. Банктік меншікті капиталының көздері мен қызметтері

1.4. Тартылған қаражат көздері

2. ҚР Екінші деңгейлі банктердің несиелік ресурстарын қалыптастыру тәжірибесін АТФ банк мәліметтері негізінде талдау

2.1. Несиелеу түрлері

2.2. Депозиттік ресурстарын талдау

3.Коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын қалыптастыруды жетілдіру жолдары

3.1. Меншікті капиталдың ұлғаюы және несие жүйесін дамыту

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстандық банктердің өсу қарқыны көңіл толарлықтай. Бұл, әрине, сырттай қарағанда ғана. Банк жүйесінің дамуында сапалы өзгерістер болып та жатыр. Несие беретін ұйымдар клиенттерге ашық та жариялы түрде қызмет көрсетуге ұмты¬лу¬да. Бизнес-үлгілер, жаңа банктік тех¬нологиялар, несиелеудің әр¬түр¬лі түрлері енгізілді.
Банк жүйесі дамуының соң¬ғы жылдардағы қорытындысына қа¬рап отырып, елімізде дамыған на¬рық¬тық экономикасы бар елдердегі принциптер бойынша құрылған банк жүйесінің қа¬лып¬тасқанын байқаймыз. Ол ай¬тар-лықтай қуатты қаржы инс¬ти¬ту¬тына айналып, қоғам мен эко¬но¬миканы қайта құрудың күр¬делі процестерінде маңызды рөл атқарып келеді. Банктердің ка-пи¬талы да өсті, материалдық ба¬за¬сы да құрылып, халықаралық тех-нологиялар мен стандарттар ен¬діріліп, кәсіби жағынан шебер мамандар даярланды. Жетіс¬тік¬терді тілге тиек ете отырып, Ұлт¬тық және коммерциялық банк¬терге ортақ проблемаларға тоқ¬та¬лып, банктер қызметін жетіл¬дірудегі өзекті проблемаларды, жал¬пы, банк жүйесін дамытудың маңызды жолдарын талқылап, оңымыз бен солымызды ажы¬ра¬тып отыру керек деп ойлаймын.
Ғалымдар бүгінгі таңда экономика ғылымының алдында бір жағынан теориялық талдау қорытындыларын белсендірек жүргізіп, екінші жағынан банк ісін дамытып, жетілдірудің керек екенін айтуда.
Нарықтық қатынастарға өту барысында банк ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттарды жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.
Несие – ақша сияқты тарихи экономикалық категория болып табылады. «Несие» деген сөз, «қарыз», «кредит» деген «kredo» - сенемім деген мағына беретін латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық категория ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары және т.б.) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.
1. Егемен Қазақстан. 1993. 13 қараша.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттык Банк Басқармасының 2001 жылы 3 наурыздағы каулысымен колма-кол ақша белгісі — тиын акща айналымынан алынды. (Қараныз: Егемен Қазакстан. 2001. 29 наурыз).
3. Ақша айналымы дегеніміз елдегі тарихи калыптасқан және ұлттық заңнамамен бекітілген ақшаның жүзеге асуының ұйымдастыру нысаны болып табылады. Қараңыз: Хусбяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Алматы: Жеті жарғы, 1955.
4. «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы. 30.08.1995.
5. Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың жалпы ред. — Алматы: Экономика, 2001.
6. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктердің операциялары. — Алматы: Қазақ университеті, 2002
7. Брокеры и регистраторы на рынке ценных бумаг. Учебное пособие. — Алматы: Ирбис, 2000.
8. Гвоздев Б.З. Факторинг. — М.: Ассоциация авторов и изда¬телей, Тандем, Экмос, 2000.
9. Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың жалпы ред. — Алматы: Экономика, 2001.
10. Деньги, кредит, банки / Под ред. Лаврушина О.И. — М.: Финансы и статистика, 1999.
11. Шеденов О. Жалпы экономикалық теория. Алматы, Экономика 2005. – 680 б
12. Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары. «Елорда» - 2002 ж 159 – 161 б

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе

1. Банктердің несиелік ресурстарды
қалыптастырудың теориялық негізі

1.1. Несие ресурстарының ұғымы және қызметі
1.2. Несие жүйесінің түсінігі, рөлі мен маңызы және оның құрылымы

1.3. Банктік меншікті капиталының көздері мен қызметтері

1.4. Тартылған қаражат көздері

2. ҚР Екінші деңгейлі банктердің несиелік ресурстарын қалыптастыру
тәжірибесін АТФ банк мәліметтері негізінде талдау

2.1. Несиелеу түрлері

2.2. Депозиттік ресурстарын талдау

3.Коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын қалыптастыруды жетілдіру
жолдары

3.1. Меншікті капиталдың ұлғаюы және несие жүйесін дамыту

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Қазақстандық банктердің өсу қарқыны көңіл толарлықтай. Бұл, әрине,
сырттай қарағанда ғана. Банк жүйесінің дамуында сапалы өзгерістер болып та
жатыр. Несие беретін ұйымдар клиенттерге ашық та жариялы түрде қызмет
көрсетуге ұмтылуда. Бизнес-үлгілер, жаңа банктік технологиялар, несиелеудің
әртүрлі түрлері енгізілді.
Банк жүйесі дамуының соңғы жылдардағы қорытындысына қарап отырып,
елімізде дамыған нарықтық экономикасы бар елдердегі принциптер бойынша
құрылған банк жүйесінің қалыптасқанын байқаймыз. Ол айтарлықтай қуатты
қаржы институтына айналып, қоғам мен экономиканы қайта құрудың күрделі
процестерінде маңызды рөл атқарып келеді. Банктердің капиталы да өсті,
материалдық базасы да құрылып, халықаралық технологиялар мен стандарттар
ендіріліп, кәсіби жағынан шебер мамандар даярланды. Жетістіктерді тілге
тиек ете отырып, Ұлттық және коммерциялық банктерге ортақ проблемаларға
тоқталып, банктер қызметін жетілдірудегі өзекті проблемаларды, жалпы, банк
жүйесін дамытудың маңызды жолдарын талқылап, оңымыз бен солымызды ажыратып
отыру керек деп ойлаймын.
Ғалымдар бүгінгі таңда экономика ғылымының алдында бір жағынан
теориялық талдау қорытындыларын белсендірек жүргізіп, екінші жағынан банк
ісін дамытып, жетілдірудің керек екенін айтуда.
Нарықтық қатынастарға өту барысында банк ресурстарының құрылымында
біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден,
коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты
қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттарды жаңа түріне: Ұлттық банктен
және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің,
корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды
сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін
алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.
Несие – ақша сияқты тарихи экономикалық категория болып табылады.
Несие деген сөз, қарыз, кредит деген kredo - сенемім деген мағына
беретін латынша kreditum деген сөзден шығады. Ол экономикалық категория
ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің
пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей
қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму
үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары
және т.б.) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге
тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша
қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.
Несиені зерттеу барысында таным әдісі ретіндегі теорияның рөлі ерекше.
Несие туралы ғылым әлі жас. Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда
болды. Несиенің ұдайы өндіріс процесімен, құндылықтың қайта айналымының
және айналысының Маркстік тұрғыдан талдануы несиенің қажеттігін түсінудің
демеушісі, қоғамдық несиелік қатынастардың туындауын, несиенің табиғаты мен
мәнінің айрықша экономикалық категория екендігін түсінудің қуат көзі болып
табылады.
Экономикалық әдебиеттерде несиенің мәніне, қызметтерімен заңына
қатысты саясат орын алуда. Несиенің мәнін зерттеуде натуралистік және
капиталдық жасампаздық теориясы қатаң қадағалатындығы байқалады.
Несиелік ресурстарды қалыптастыру теориясы сонау XVIII ғасырдың екінші
жартысынан пайда болып, қазіргі кезде ол даму үстінде. Екінші деңгейлі
банктердің несие қаражаттарына төмендегілер жатады, олар:
- банктің өзінің капиталы
- Ұлттық банктің берген несиелік ақшасы
- басқа банктердегі борыштар
- тартылған қаражаттар (депозиттер және депозиттік емес ресурстар).
Несие капиталының басқа да аса маңызды, бірақ қымбат көзі халықтың
жинақ ақшалары мен табыстары болады. Олардың бірсыпыра бөлігін банкке –
табыс тауып, пайызды өсіріп алу үшін еркін түрде уақытша пайдалануға
береді. Бұл қаражаттар депозит пен жинақ ақша шоттардың есебінен алынады.
Қазіргі уақытта мұндай қаражаттар Қазақстанда жылдан жылға 300,0 млрд теңге
есебімен өсіп отыр.
Қаржы нарығының бірі ретіндегі несие капиталының нарығын несие
капиталының ауыспалы айналымы қамтамасыз ету процестерімен байланысты
қаржылық қарым-қытынастың ерекше саласы ретінде анықтауға болады.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Коммерциялық
банктердің сыртқы қарыздарының бүгінгі ахуалы. Сырттан қарыз тартуға деген
либералдық валюта саясаты алыпсатарлық операциялар жүргізуге немесе
өтімділікке қолдау көрсетуге бағытталған. Нәтижесінде мұндай беталыс елдің
қаржы жүйесінің тұрақтылығына кері әсер етпей қоймайды. Сонымен, өткен жылы
Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы екі есеге өсіп, 43,4 миллиардтан 73,4
миллиард долларға дейін өсті. Оның тең жартысына жуығы банктер мен қаржы
ұйымдарының қарызы. Осындай жағдайға дейін жіберіп алып, еліміздің реттеуші
органдары – Ұлттық банк пен Үкімет не істеп отыр? Мұндай сұрақтың қойылуы
әбден заңды. Ұлттық банктің алтын-валюта резервтерінің сыртқы қарыз
көлемінің артуы – елдің экономикалық қауіпсіздігіне бұлт үйіріле бастауының
белгісі емес пе? 1990 жылдардың соңында Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде
болған валюталық саланың экономикаға қандай залал әкелгендігінен сабақ
алуға болады. Өз еліміздің де осы тұрғыда басынан өткерген жағдайын естен
шығарып алудамыз. 1999 жылы елдің экспорттық өнімінің бағасы түсіп кеткен
кезде ұлттық валютамыз екі есеге төмендеп кетпеп пе еді?
Қазақстанның несие нарығына тоқталып кетейік, несие резервтерін қалай
ұлғайтуға, банк пен қарапайым азаматтың қарым-қатынасын жеңіл, әрі зиянсыз
етуге бағытталған. Ақша-несие саясатының саралымдары әр түрлі деңгейде
екенін, несиелеу әлі де толық жетілмеген, сондай-ақ ол енді-енді қалыптасып
келе жатқанын атауға болады. Мысалы, Қазақстанда ақша және капитал
нарығының саралымы елдегі өндірістік және жеке қорланымның және банк
жүйесінің жақсы дамымағанына байланысты едәуір жетілуде.

Жұмыстың мақсаты:
– экономикада қаржылық делдалдықтың тиімділігін арттыру,
Қазақстанның барлық территориясында банк несиесінің
қолжетімді болуын қамтамасыз ету,
– ұлттық тауар өндірушілерге, сонымен қатар экономикалық
субъектілерге қаржылай қолдау көрсету,
– экономиканы құрылымдық жағынан қайта құруға ықпал жасау,
негізгі қорларды жаңарту, жоғары технологиялы өндірістерді
несиелеу көлемін ұлғайту,
– ауылда ипотекалық несие көлемін кеңейту,
Зерттеу обьектісі:
- алғашқы инвесторлар, яғни уақытша бос ақша ресурстарының иелері:
уақытша бос ресурстары бар заңды және жеке тұлғалар, мемлекет;
- уақытша бос ресурстарды шоғырландыратын несие-қаржы институттары
ретіндегі тұлғалық мамандандырылған делдалдар;
- қаржы ресурстарына уақытша мұқтаж қарыз алушы – заңды және жеке
тұлғалар, сондай-ақ мемлекет.

1. Банктердің несиелік ресурстарды
қалыптастырудың теориялық негізі

1.1. Несие ресурстарының ұғымы және қызметі

Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша
бос қаражаттарынтартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен
кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы
мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялар негізінде оның
қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
Банк ресурстары – бұл банктің пассивтік операциялары негізінде
қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін
қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын
банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Нарықтық қатынастарға өту барысында банк ресурстарының құрылымында
біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден,
коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резевтік қоры, сол сияқты
қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттарды жаңа түріне: Ұлттық банктен
және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің,
корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды
сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін
алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.
Коммерциялық банктер ресурстарының құрылымы олардың мамандануы,
әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
- Банктің меншікті капиталы
- Банктің заемдық және тартылған қаражаттары
Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған
қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан қаражаттарға деген
қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған
қаражаттардың үлесіне тиеді.
Несиені зерттеу барысында таным әдісі ретіндегі теорияның рөлі ерекше.
Несие туралы ғылым әлі жас. Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда
болды. Несиенің ұдайы өндіріс процесімен, құндылықтың қайта айналымының
және айналысының Маркстік тұрғыдан талдануы несиенің қажеттігін түсінудің
демеушісі, қоғамдық несиелік қатынастардың туындауын, несиенің табиғаты мен
мәнінің айрықша экономикалық категория екендігін түсінудің қуат көзі болып
табылады.
Ғалымдар бүгінгі таңда экономика ғылымының алдында бір жағынан
теориялық талдау қорытындыларын белсендірек жүргізіп, екінші жағынан банк
ісін дамытып, жетілдірудің керек екенін айтуда.
Теорияны тәжрибеден оқшау қарастырмау керек екені түсінікті. Барлық
теоретикалық проблемалардың соңы тек тәжрибелік әдістермен шешілетіні
кездейсоқтық емес. Теория мен тәжірибе арасында диалектикалық бірлік бар.
Экономикалық әдебиеттерде несиенің мәніне, қызметтерімен заңына
қатысты саясат орын алуда. Несиенің мәнін зерттеуде натуралистік және
капиталдық жасампаздық теориясы қатаң қадағалатындығы байқалады.
Несиелік ресурстарды қалыптастыру теориясы сонау XVIII ғасырдың екінші
жартысынан пайда болып, қазіргі кезде ол даму үстінде. Екінші деңгейлі
банктердің несие қаражаттарына төмендегілер жатады, олар:
- банктің өзінің капиталы
- Ұлттық банктің берген несиелік ақшасы
- басқа банктердегі борыштар
- тартылған қаражаттар (депозиттер және депозиттік емес ресурстар).
Несие капиталы қалыптасуының маңызды шығу көзі – ауыспалы айналымнан
босаған ақшалай қаражаттар болып табылады:
- құнын шығарылатын тауарларға амортизация түрінде бірнеше бөліктерге
бөліп ауыстыру барысында жинақталып негізгі қорды қалпына келтіруге
арналған қаражаттар;
- тауарларды сату және шикізаттарды, жанар-жағармайды және
материалдарды сатып алу уақытының сәйкес келмеуінен оларды өндіру
мен еңбекақы төлеуге қажетті айналым капиталының ақшалай түрдегі
бөлігі;
- жаңа жобаларды іске асыруға бағытталған белгіленген шамаға дейін
қорланатын (жиналатын) пайданың бөлігі;
- нақты бөлінуі мен пайдалануына дейін қайта бөлінген пайда бөлігі.
Жоғарыда аталған қаражаттардың барлығы шаруашылық жүргізуші
субъектілерге қызмет көрсететін банктердің есепшоттарында жиналады.
Сондықтан, жоғарыда қарастырылған қаражаттар есеп айырысу түрінің қолма-қол
ақшасыз жүруіне байланысты несие мекемелерінде жинақталып, несие
капиталының қоры немесе олардың несиелік қоры болып саналады. Несие
капиталының аталмыш көзінің ерекше тартымдылығы сол – ол банк үшін
есепшоттағы бар қаражатты пайдалануға есеп айырысу шоты иесінің келісімін
алу қажеттілігінің жоқтығымен, сондай-ақ бұл қаражаттардың арзандығымен,
яғни осы ресурстардың банк үшін нақты тегін болуымен анықталады.
Несие капиталының басқа да аса маңызды, бірақ қымбат көзі халықтың
жинақ ақшалары мен табыстары болады. Олардың бірсыпыра бөлігін банкке –
табыс тауып, пайызды өсіріп алу үшін еркін түрде уақытша пайдалануға
береді. Бұл қаражаттар депозит пен жинақ ақша шоттардың есебінен алынады.
Қазіргі уақытта мұндай қаражаттар Қазақстанда жылдан жылға 300,0 млрд теңге
есебімен өсіп отыр.
Несие капиталының үшінші көзі – мемлекеттің ақшалай қорланымы. Оның
шамасы үкіметтің барлық қызмет түрінен, мәселен, мемлекеттік меншікті жалға
беруден, акция пакеттерін сатудан, мемлекеттік меншікті жекешелендіруден
және т.б. алатын мемлекеттік меншіктің ауқымы бойынша келіп түсетін
табысымен көбейеді.
Несие – ақша сияқты тарихи экономикалық категория болып табылады.
Несие деген сөз, қарыз, кредит деген kredo - сенемім деген мағына
беретін латынша kreditum деген сөзден шығады. Ол экономикалық категория
ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің
пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей
қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму
үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары
және т.б.) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге
тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша
қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.
Ақшалай қаражаттың уақытша босауы және оларға деген қажеттілік тек
материалдық өндіріс саласы мен айналымда ғана туындамайды. Ол мемлекетте,
бюджеттік және қоғамдық ұйымдарда, сондай-ақ халықта да болуы мүмкін.
Мысалы, бюджетке салықтардың келіп түсуі мен оларды жұмсау уақыттары, ұзақ
пайдаланатын заттарды сатып алумен халықтың ақша қоры бірдей сәйкес
келмейді.
Несие беруші мен қарызға алушының арасында мүдделік бірдей болған
кезде,бір жағынан, несиеге ақшалай қаражатты ұсынуда, екінші жағынан – оны
алуда несиелік қарым-қатынастар туындайды.
Осылайша, экономикалық негізбен (капиталдың бірдей болмауы) пайда болу
талаптарының жиынтығы несиенің объективті қажеттілігін анықтап және оның
эволюциясын түсіндіріп береді.
Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді
ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін
көрсетуі керек:
- несие келісі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек. Егер бір
келісімде несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін
жоғалтатынын білдіреді;
- несиенің мәнін талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын,
несиенің негізін қарастырған жөн.
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйт – құрылым. Өзге
экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бірімен өзара әрекетке
түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік
қатынастың барлық субъектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл
субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және
бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің
мәнін анықтауға болады.
Несие беруші – несиелік келісімнің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске
асыру үшін онда ақшалайқаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша
өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін. Қазіргі
кезде несие ұсынушы болып банктер және банктік емес ұйымдар (ломбардтар,
сақтандыру компаниялары, қор биржалары, шағын несиелік ұйымдар және т.б.)
қызметін атқаруда.
Қарыз алушы – несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды
қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы
туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай
қарыз алушылар кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер
болуы мүмкін. Қайтарылу кезінде қарызға алынған ақшаны, яғни несиені
пайдаланғаны үшін өсімақы (пайыздық ставқа бойынша, шартта көрсетіледі)
төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.
Дәстүрлі түрде несие капиталы экономикалық теорияда қайтару талабымен
пайыз түрінде белгіленген төлем мөлшерінде несиеге берілетін ақша
капиталының жиынтығы ретінде қарастырылады көрсететін капиталдың айрықша
формасы.
Несие капиталының нарығы қызмет көрсетудің көзқарасы тұрғысынан бұл
қайта өндірудің қажеттілігін несиемен қамтамасыз ету мақсатымен ақша
капиталын жинақтауға және қайта бөлуге мүмкіндік беретін экономикалық
қатынастар жүйесі.
Институционалды көзқарас тұрғысынан – бұл несие капиталының қозғалысы
олар арқылы жүзеге асатын несие-қаржы мекемелерінің және қор биржаларының
жиынтығы.
Несие капиталының экономикалық рөлі экономиканы дамыту мүддесімен
ұсақ, шашыраңқы, ақшалай қаражаттарды біріктіру қабілетімен анықталады.
Несие капиталының мәнін анықтау үшін ең алдымен оның өнеркәсіп және тауар
капиталынан ерекшеленетін айрықша сипаттарын анықтап алу керек.
Несие капиталының өзіндік ерекшелігі қарыз алушыдан қарыз алушыға
несиені беру және оны қайтару процестерінде көрініс табады:
- несие капиталы – бұл несие берушінің қарыз алушыға уақытша
пайдалануы үшін сататын жеке меншігі;
- несие капиталы – бұл өзіндік өзгешілігі бар тауар. Оның тұтыну құны
қарыз алушының қабілетімен, яғни оны тиімді пайдаланумен және
белгілі бір табыс, пайда алумен өлшенеді;
- несие капиталы – шеттелудің өзіндік ерекшелігіне ие. Қарама-қарсы
бағытта бір мезгілде тауар мен ақшаның сату-сатып алу процесінде
бірдей орын алатыны, ал несие мәмілесінде несие берушінің қарыз
алушыға – несиені беруі, ал оны өтеуде – қарыз алушының несие
берушіге пайызбен төлеуі, яғни несие капиталының қозғалысы уақыт
бойынша бөлінеді.
Кредит мекемелерінде шоғырландырылған:
- банктің өзінің капиталы
- Ұлттық банктің берген несиелік ақшасы
- басқа банктердегі борыштар
- тартылған қаражаттар (депозиттер және депозиттік емес ресурстар)
қаражаттардың жиынтығы банктің несие ресурстары ретінде ұсынылатын
мемлекеттің несие қорын құрайды.
Осындай бос ресурстардың қалыптасуы мне оның пайдалануының нәтижесінде
несие капиталының нарығы пайда болып дамыды.
Қаржы нарығының бірі ретіндегі несие капиталының нарығын несие
капиталының ауыспалы айналымы қамтамасыз ету процестерімен байланысты
қаржылық қарым-қытынастың ерекше саласы ретінде анықтауға болады.
Бұл нарықтың негізгі қатысушылары мыналар:
- алғашқы инвесторлар, яғни уақытша бос ақша ресурстарының иелері:
уақытша бос ресурстары бар заңды және жеке тұлғалар, мемлекет;
- уақытша бос ресурстарды шоғырландыратын несие-қаржы институттары
ретіндегі тұлғалық мамандандырылған делдалдар;
- қаржы ресурстарына уақытша мұқтаж қарыз алушы – заңды және жеке
тұлғалар, сондай-ақ мемлекет.
Несие капиталының нарығы төменде көрсетілгендерге сараланады:
- ақша нарығы – айналым қаражаттарының қозғалысына қызмет көрсететін
қысқа мерзімді несиелердің (1 жылға дейін) жиынтығы;
- капитал нарығы – орташа мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін)
несиелердің жиынтығы;
- қор нарығы – бағалы қағаздармен байланысты несие операцияларының
жиынтығы;
- ипотека нарығы – жылжымайтын мүлікпен байланысты несие
операцияларының жиынтығы.
Несие капиталы нарығының даму деңгейіне: ел экономикасының дамуы,
елдегі өндірістік және қаражат қорланымының және халықтың әл-ауқат деңгейі,
соған сәйкес оның жинақ ақшасы тікелей әсер етеді.
Әлемде экономикалық дамудың үш орталығы бар, олар: АҚШ, Батыс Еуропа,
Жапония.
Төртінші орталық болып – Шығыс Азия қатарға қосылып келеді.
Бұл орталықтарды несие капиталының қуатты нарықтары бар. АҚШ-тың несие
капиталдар олардың ең қуаттысы болып есептеледі. Ол барлық төрт саралымның
тармақталуымен және дамығандығымен ерекшеленеді және әлемдік капитал
нарығына маңызды әсер етеді.
Батыс және Еуропаның 24-тен астам дамыған елдерін қамтитын Еуропа
Одағы АҚШ-тан капитал қорланымының кіші көлемімен және несие нарығының жеке
саралым операцияларының жеткілікті дамымауымен ерекшеленеді. Мұндай
тенденциялар Жапонияның несие капиталы нарығына да тән.
Егер Қазақстанның несие нарығына тоқталатын болсақ, онда оның
саралымдары әр түрлі деңгейде екенін, срндай-ақ ол енді-енді қалыптасып
келе жатқанын атауға болады. Мысалы, Қазақстанда ақша және капитал
нарығының саралымы елдегі өндірістік және жеке қорланымның және банк
жүйесінің жақсы дамымағанына байланысты едәуір жетілді.
Ипотека нарығы алғашқы даму сатысында, оның инфрақұрылымы мен заңдық
базасы жасалуда. Бірақ, бұл нарықты әзірге даму сатысында деп айтуға
болмайды, ол ипотекалық несиелеудің Батыс үлгісінен алшақ жатыр.
Қор нарығы кенжелеп қалған. Оның заңдық базалары мен инфрақұрылымы
әлдеқашан әзірленіп, биліктің ынтасы болса да, ол әлі даму тұрғысынан енді-
енді оянып келе жатыр. Егер мемлекеттік бағалы қағаздар қалыпты дамыса, ал
корпорациялық бағалы қағаздар түрлі объективті себептерге байланысты мүлде
дамымаған.
Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске
асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру
қағидаттары және тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм
көмегімен жүзеге асырылады.
Несиелік саясат – банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және
несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттарын білдіреді.
Кең мағынасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз
алушылар тұрғысынан қарастыруға болады.
Тар мағынасында, несиелік саясат – бұл несиелік процесті ұйымдастыру
барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.
Несиелік саясат мынадай сипатта болуға тиіс:
- нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;
- несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік
береді;
- нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;
- оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулықтарды
қамтитын құжаттардан тұрады.
Несиелік саясат банктің стратегиясын, оның тәуекелді басқару
облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады. Несиелік саясат несиелік
қызметтің төмендегідей негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:
- несиенің берілуіне жіне несиелік портфельді басқаруға жауап беретін
банк қызметкерлері жетекшілікке алатын объективтік стандарттар мен
критерийлерін;
- несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын
тұлғалардың басты іс-әрекеттерін;
- сыртқы аудит қызметтерінің жұмысын және банктегі несиелік қызметтің
сапалығын;
- ішкі бақылау қағидаларын.
Несиелік саясат банк қызметін фиверсификациялаудағы іс-әрекеттердің
тізбектелуін қамтамасыз етуүшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды
міндеттерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясатты іске асырудың белгілі бір
тәртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ережелерін тәжірибеге енгізу мүмкін
емес. Сондықтан да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске
асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процесті жүргізудің негізін
құрайды.
Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге
болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ, несие беру
мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа
факторлар мен қарызқарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін
таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ, несиелік саясат банктің
бүгінгі иелігіндегі немесе ертең енгізуді дұрыс санайтын несиелік
өнімдермен анықталады. Мысалға, кәсіпорындарға қысқа мерзімді несиелер
(айналым қаражаттарын толықтыруға) және ұзақ мерзімді инвестициялық
несиелер (өндірісті кеңейтуге, жаңартуға, техникалық жағынан қайта
қаруландыруға, ғылыми-техникалық инновацияларды енгізуге) берген қолайлы.
Несиелік саясаттың маңызды элементі банктегі бақылауды ұйымдастыру
болып табылады (потенциалды қарыз алушыны несиелеу мүмкіндігі туралы
сұрақты шешу барысында несиелік стандартты дұрыс қолдануға бақылау жасау;
жекелеген несиелік қызметкерлердің құзыретін сақтауға бақылау жасау;
банктің несиелік портфелінің жағдайына және оның ішінде проблемалық
несиелерге қойылатын жалпы бақылау).
Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын
қалыптастыруды және бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен
стратегиялық мақсаттарымен қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді.
Несиелеу мақсаттары анықталғаннан соң, соның негізінде банк
қызметкерлерінің қажетті несиелік операцияларды атқаруына мүмкіндік беретін
банктің несиелік саясатын және оған қоса несиелеу стандарты мен несиелік
нұсқаулықтары жасалады.
Несиелік стандарттар мен нұсқаулықтарды жасаудың бастапқы кезеңі
аяқталуына байланысты, бұл құжаттардың бірінші редакциясы тәжірибелі
қызметкерлерге сараптауға берілуі тиіс. Сараптаушылардың талдауы және
ұсыныстары енгізілгеннен кейін несиелік саясат бойынша комитет (немесе
директорлар кеңесі, несиелік комитет) саясатты және соған сәйкес
нұсқаулықтарды бекітеді.
Несиелік саясат несиелеу лимидттерін, тәртібін, кейде несиелеу бойынша
жекелеген ережелерді де қамтиды. Мысалы: несиелік саясатта бір қарыз
алушыға келетін тәуекел лимиті анықталады. Сонымен қатар, несиелік саясатта
барлық несиелердің несиелік құжаттар көздерген мақсаттарға сай біреуді де
қарастырылуы мүмкін.
Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ереже де қамтылады. Несиелік
комитет несие беру барысында қорытынды жасап, несиені беруге байланысты
мәселелерді қамтиды.
Отандық банктер тәжірибесіндегі несиелік комитеттің шешетін мәселелері
мынадай:
- несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің
несие беру туралы қортындысын қарайды;
- несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
- несиелік тәекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
- несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
- несие қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;
- несиелеу шартын бектеді (несиелік лимит, несиелік желі);
- берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
- банктің несиелік стратегиясын жасайды;
- несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
- несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды және
хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.
Несиелік саясатта қарыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты
тәуекелдігі жоғары операцияларды немесе жобаларды қаржыландыру үшін
тағайындалатын несиелер туралы да айтылуға тиіс.
Несиелік саясатпен банк қызметкерлерін таныстыру, оларды соған сай
келетін ережелермен және нұсқаулықтарға үйрету, банкте несиелік саясатты
енгізудің негізгі элементі болып табылады.
Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды,
өз кезегінде, несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі
ретінде тұжырымдауға болады. Несиелік саясатта төмендегідей элеметтер
көрсетілуге тиіс:
- несиелік қызметті ұйымдастыру;
- несиелік портфельді басқару;
- несиелеге бақылау жасау;
- құзіретті бөлу қағидаттары;
- несиелеуді таңдаудың жалпы критерийлері;
- несиелеудің жекелеген бағыттары бойынша шектеулер;
- несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардың қағидаттары;
- несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау.
Іс жүзінде несиелік саясатты іске асыру тәсілдері мен әдістерін
белгілі бір формада, яғни соған сай келетін төмендегідей үш құжат түрінде
көруге болады:
1) несиелеу саясаты;
2) несиелеу стандарты;
3) несиелеу нұсқаулықтары.
Сондай-ақ аталған үш құжат ерекше бір құжатта – “Несиелік саясат
бойынша жетекшілік ету” біріктіріледі.
Несиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер
жұмыскерлерінің қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу
стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.
Несиелеу стандарты – бұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын
барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.
Несиелеу стандартында мынадай сұрақтар қарастырылады:
- қарыз алушының қаржылық ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;
- несиенің кепілхаттар және кепілдемелермен қамтамасыз етілуіне
қойылатын талаптар;
- әкішілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;
- қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәртібі;
- құжаттардың толтырылуына қойылатын талаптар;
- несиелеудің айрықша түрлері бойынша ережелер (мысалға, ипотекалық
немесетұтыну несиелері бойынша).
Барлық банктер бойынша құжаттар айналымын стандарттау мақсатында
несиелеу стандарттарына әр түрлі құжаттар үлгілері жатуға тиіс. Ондай
құжаттарға: несиелік келісімшарт, кепіл туралы шарт, кепілдеме туралы шарт
және т.б. жатады.
Несиелік нұсқаулық – несиелеу процедураларын іске асырудың жалпы
алгоритімін бекітетін кезектіліктің қадамдарын суреттеуді білдіреді.
Басқаша айтқанда, ол несиелік қызметтің нақты бір бағыттарына жатады.
Жалпы, несиелік саясатта қарыз алушы туралы қажетті ақпаоатты жинау
және несиелік қабілетіне талдацдан бастап, несиелік талдау және аудит,
ссудалар бойынша мүмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік процестің
барлық кезеңдері көрсетіледі.
Несиелік саясат мынадай қызметтерді атқарады:
- банктегі несиелеу поцесін ұйымдастыруға бақылау жасауға
негізретінде болу ;
- несиелеудің жүзеге асыратын бөлімдердің қызметкерлері үшін
анықтама материал және нұсқаулық ретінде болу;
- несиелік бөлімдердің жетекшілері үшін несиелік нұсқаулықтардың
талаптарының орндалуына бақылау жасау құралы;
- несиелік талдыу және аудит бөлімі жұмыскерлерінің тексеруді жүзеге
асыруына негіз болатын талаптарды анықтау.
Коммерциялық банктің несиелік саясатын іске асыру процесінде
проблемалық ссудалармен жасалатын жұмысқа ерекше көңіл бөлініп және қосымша
бақылау жасауға тиіс.
Функция (қызмет) деген сөз латынның functio - дегені ол атқару
жүзеге асыру деген мағынаны білдіреді. Несиенің қызметін айтқанда, әдетте
оның мәнінің арнайы көрінісі ұғылады. Қызмет несиенің мәнімен өзара тығыз
байланысты; қызметтің атқаруындағы қарым-қатынастардың мәнінсіз ол өмір
сүре алмайды. Қызметтің несие мәні сияқты объективті сипаты бар. Әрбір
сәттегі өзінің өрістеу барысында несие барлық қызметінің мәнін емес, бір
немесе бірнеше қызметтерімен ғана көрінеді. Қызмет – қатып қалған емес,
өзгеріп тұратын құбылыс. Несие мәнінің өзгеруімен қатар, оның көрініс
танытуды да өзгеріп отырады. Қызмет бүтіндей процесс ретінде өзінің арнайы
көрінісін байқатады, яғни қызмет несиелік қатынасқа бүтіндей қатысты. Несие
қызметі оның барлық формалары мен түрлері өзіндік ерекшелігімен көрініс
танытуын сипаттайды.
Несиенің ұдайы өндіріс процесінде алатын орны жайлы біркелкі
ғалымдардың пікірлері жоқ. Кейбір ғалымдар оны айналым белгісіне жатқызса,
басқалары бөлу белгісіне жатқызады. В.М.Тарасов несиелі ұлттық табысты
(несиемен қарыз алушыға және керісінше) қайта бөлу процесіне
қатысатындықтан бөлу категорясына жатқызады. Және де соған қарамастан,
несиенің айырбас қатынастарына тән ерекшеліктері мен мүмкіндіктері бар.
Айырбас фазасында бөлу (өндіріс нәтижелерін бөлу) қатынастарының сәтін
айрықшалап көрсетуге мүмкін болғандықтан, несиелік қатынастарды да дәл
осыған жатқызуға болады. Сондықтан несие бөлу категорясы бола отырып,
айырбас белгісіне де жатады, немесе екі жақтылық ерекшелікке де ие. Мұның
өзі несиенің қызметіне тән екендігін көрсетеді.
Несие туралы теорияда, оның атқаратын қызметінің саны мен мазмұны
жайлы орныққан біркелкі көзқарас жоқ. Біреулер екі (қайта бөлумен
айналымның несиелік құралдарын жасау), басқалар үш түрлі (осы аталған
екеуінен бөтен бақылауды қосады), үшіншілер – төрт (және капиталды
шоғырландыру мен орталықтандыруды бөліп көрсетеді) қарастарды атайды. Ал,
жекелеген авторлар несиенің қызметін: айналымдағы шығындарды үнемдеп,
экономиканы ретке келтіру, уақытша бос қаражаттарды жинастыру т.б. деп
түсіндіреді.
Несиенің бақылау қызметі дегенге: ол – ақша, қаржы сияқты басқа да
категорияларға тән екендігін айтқан дұрыс. Ал, шындығында бақылауды несие
емес, банк жүзеге асырады.несие өндірістік қорлар айналымның құралы деп
қарасақ, онда оның бұл қызметі ақшаларға да, бюджетке, пайдаға қаржыға да
тән – бұл біріншіден, екіншіден – несие қорлар айналымдардың құндылық
категорияларының мазмұнына да енеді.
Экономиканы ретке келтіру қызметі жайлы айтатын болсақ, ол несиенің
көмегімен ғана емес, баға, бюджет сияқты құндылық категориялары арқылы да
жүзеге асырылады.
Қорларды ынталандыру жайлы да осылай деуге болады.
Осыған қарай отырып, жекелеген ғалымдардың несие дербес қызмет атқара
алады дегендерінің негізі жеткіліксіз. Қызмет – қарап отырған экономикалық
категорияның өзгешілік мәнін таныту болып табылады.
Айналымның құралы түрдегі қызметі, бақылаумен ынталандыру, экономиканы
ретке келтіру тек несиеге ғана емес, баға, қаржы, еңбекақы, бюджет, табыс
және т.б. құндылық категоряларына да тән.
Көптеген пікірлердің орын алып отырғанына қарамастан, несиенің барлық
формалары мен түрлерінде мәнін ашып көрсететін оның үш түрлі қызметін бөліп
көрсеткім келеді. Олар – қайта бөлу, нақты ақшаны айналымдағы несие
құралдарымен ауыстыру және капиталды шоғырландыру мен орталықтандыруды
жеделдету.
Несие заңдарын білу және соның негізінде тиімді несие механизмін ретке
келтіру өндіріс қорларының айналыстары мен айналымдардың біркелкі
еместігіне байланысты бос тұрған қаржыларды орынды пайдалануға береді.
Несие заңдарына ең алдымен Несие заңының пайда болуы жатады. Ол несие
қатынастардың пайда болуы капитал айналыстары мен айналымдарының біркелкі
еместігінен туындайды да, объективті, қажетті және нақты сипаттарға ие
болады. Қарыз беру қорының құрылуы жайында да осыны айтуға болады. Несиелік
қатынастар пайда болғаннан кейін, қарыз беру қоры да объективті, қажетті
және аса маңызды сипатқа ие болады. Несиелік қорлар ұдайы өндірістің
барысында уақытша бос тұратын қаржылардың негізінде құрылып, қосымша
қаржыларды қажет ететін дұрыс талаптарды қанағаттандыруға жұмсалуы тиіс.
Мұның өзі несиенің белгілі бір шегін сақтап, соған сәйкес сол шекараның
бұзылуына жол бермейтін механизм (яғни, несиені падалану бағытын негізсіз
кеңейтіп немесе тарылтып) құру қажет екенін көрсетеді.
Несиенің пайда болу заңының экономикадағы тауар-ақша қатынастарының
дұрыс жұмыс істеу жағдайында ғана әрекеттік күші бар. Нақты несие
қатынастары шаруашылық байланыстары баламалық және тепе-теңдік қатынастарға
негізделген экономика салаларына ғана туындайды.
Егер шаруашылық субъектісінің өзі атқарып отырған жұмысының нәтижесі
үшін нақты материалдық жауапкершілігі болмаса, несиелік қатынастардың дұрыс
жұмыс істеуінің, несиенің қайтарылып келетіндігінің кепілдігі болмайды.
Несиенің пайда болу Заңының бұзылуы экономикадағы қарама-қайшылыққа және
инфляцияға әкеп соқтырады.
Несие заңдарының басқа да экономикалық заңдар сияқты жалпыламалық,
объективтік, қажеттілік, өте маңыздылық, нақтылылық сипаты бар.
Несие заңдары өзінің қозғалыс заңдары іспеттес көрініс табады.
Жоғарыда анықтағанымыздан, несиелік қатынастар тартылған құндылықтар несие
берушіден қарыз алушыға өтіп, қайта қайтқанда пайда болады, яғни несие
тұрақты түрде қозғалыс үстінде болады. Егер ол бір буында тоқтап тұрып
қалса, өзінің мәнін жоғалтып, несие болудан қалады. Сондықтан несиенің
қозғалысы объективті, қажетті, маңызды, жалпыламалы, нақты дүние. Яғни,
несиенің қозғалысы оның аса маңызды сипаты, өмір сүруінің заңы.
Тек несие заңына тән Заң – оның иесіне қайта айналыпкелу заңы. Несиені
басқа экономикалық құндылық категорияларынан бөлектеп тұратын белгісі мен
ерекшелігі – оның өз иесіне қайта айналып келуі. Егер несиеленген құндылық
бастапқы субъект – несие берушіге қайта айналып келмейтін болса, онда
өзінің мәнін жоғалтып, жеке экономикалық категория ретіндегі несие болып
аталудан қалады.
Несиеленген құндылық өзі шыққан пунктке қайта оралып келу үшін белгілі
бір жұмыс істейді, яғни ұдайы өндіріс процесіне қатынасады, пайызын өсіру
үшін уақытша пайдалануға берілген бастапқы мөлшерін қайта қайтаруға
(қаржыларды босатады) өзіндік мүмкіндіктер жасайды. Бұл процесте:
объективтілік, қажеттілік, жалпыламалық және т.б. экономикалық талаптардың
барлық белгілері бар. Осы аталған Заңмен тікелей байланысты несие заңы –
несиеленген құнның сақталу заңы. Несиеленген құн несие берушіден оны алуға
дейінгі жолда өзінің тұтынушылық ерекшеліктерін (өндіріс құралдарына
қарағанда), сондай-ақ құндылығын жоғалтпайды да, өзінің айналымдарында
бастапқы тепе-теңдік түрін сақтап, жаңа айналымға түсуге дайын қалпында
бастапқы пунктке (несие берушіге) қайта оралады. Және бұл ретте өзінің
бастапқы сапасын, әрі жоғары мүмкіндіктерін жоғалтпайды.
Несиенің қарастырылған заңдары мен олардың ерекшеліктерін танып
білудің тәжірибелік маңызы бар. Олардың бұзылуы: ақша айналысын
тұрақсыздандыру, экономикадағы ақша массасының ұлғаюы сияқты аса күрделі
экономикалық құндылықтарға ұшыратады. Ұлттық валютаның сатып алушылық
құндылығын кемітеді, инфляцияға әкеп соқтырады және т.б.
Несиенің рөлін несиелік қатынастартардың жұмыс істеуіне әкеліп
соқтыратын нәтижесімен анықтауға болады. Несие өзінің қызметі арқылы ұдайы
өндіріс процесіне әсер етеді. Жоғарыда аталып өткендей, несиенің өз қызмет
саласы бар, ол қозғалыстың барлық құндылықтарымен емес, шаруашылық
айналымда пайдаланылмай тұрған, қайта айналып құйылудың бастапқы кезінде
қайта бөлінуі мүмкін бөлігімен ғана байланысты. Несиенің көмегімен
шешілетін міндеттер қоғамдық дамудың әр түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыруы
мүмкін.
Экономика дамуының сатысына қарамастан, несиенің арқасында қарыз беру
капиталы құрылып, оның өнім өндіруге пайдалануы қамтамасыз етіледі. Несие
ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігі мен тездетілуіне қызмет етеді.
Уақытша бос материалдық және ақшалай қаржыларды қайтарымдық және төлемдік
негізде қайта бөлуді қамтамасыз етуші несие кез келген экономикалық субъект
бойынша ағымдағы өндірістік шығындар мен табыстардың арасында, өндірістің
маусымдық сипаты мен экономика салаларында тауарларды сатып реттеудің
арасында, капиталдың жұмсауға қажетті көлемі мен қолда бар жиынтықтардың
арасында болатын қарама-қайшылықтарды шешіп отырады. Ұдайы өндіріс процесін
несие арқылы түзету ең алдымен қоғамдық өндірістің үздіксіздігін қуаттап
отырудың арқасында қамтамасыз етіледі. Жоғарыда көрсеткеніміздей, қорлар
айналасының біркелкілік жүрмеуіне байланысты бір полюсте тұрған қаржылар
пайда болады, екіншісінде оларға деген тапшылық орын алады. Уақытша
қаржылық қиыншылықтарға ұшыраған кәсіпорындарға берілетін несие оларға
ұдайы өндіріс процесін жалғастыруға ТМҚ үшін ақы төлеуді қамтамасыз етуге,
еңбекақы төлеуге және т.б. мүмкіндіктер тудырады.
Жаңа өндіріс ашу мен оларды кеңейту ісінде де несиенің атқаратын рөлі
зор. Несиенің көмегімен айтарлықтай қаржы ресурстарын шоырландыру мен
орталықтандыру жаңа өндірістердің ірі жобаларын іске асыруға, жаңа
техниканы ендіруге, жоғары қосымша құны бар өнімдерді өндіруді қайта
жарақтауға байланысты салынатын мол салымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік
береді.
Қазақстанда экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, жоғары дамыған
өңдеу секторын құру мақсатын көздейтін ҚР-ның 2003 – 2015 жылдарға арналған
индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы жүзеге асуда. Бұл ретте өзінің
несиелік қаржыларын осы Бағдарламаны жүзеге асыруға бағыттайтын несие
жүйесіне үлкен үміттер артылуда. Несиені капиталдық салымдар есебінде
пайдаланудың бюджеттік қайта айналымы қаржыландырумен айтарлықтай маңызды
артықшылықтары бар. Ол капиталдық шығынның тиімділігін осы шаралардың пайда
есебінен қарызды өтеудің мүмкіндіктерін анықтаумен әрі несие шараларының
өтелу мерзімі шегінде қарызды өтеудің мерзімін белгілеумен жүйелі бақылауға
мүмкіндік береді.
Несиенің ақша айналымы саласында да алатын орны айрықша. Ол ақша
айналымының үнемделуімен көрінеді. Несие өзінің қызметі – айналыс құралын
құруға байланысты:
- бріншіден, ақша белгілерін дайындау, шығару, есеп жүргізу мен
сақтау шығындарын қысқартады;
- екіншіден, несие бос ақша қаржыларын сан рет пайдалана отырып,
қолма-қол ақшасыз есептесулерді жылдамдатып, айналым шығындарын
азайтады;
- үшіншіден, қосымша ресурстарға маусымдық сұраныстардың өскендігімен
резервтік қорлардың кемуіне байланысты айналым шығындары қысқарады.
Кәсіпорындар мен халықтың қаржыларын банктердің есепшотында сақтау
ақша есептерін банкінің есебінде жазу арқылы, яғни қолдағы бар ақшаның
қатысуынсыз жасауға мүмкіндік береді. Қолма-қол ақшасыз есеп экономикадағы
есептесулерді тездетіп, айналымның шығындарын азайтады, мемлекеттік қарыз
беру қорын арттырады.
Қолдағы ақшалардың айналымға түсуі және оларды айналымнан шығару
несиелік негізде жүргізіледі, мұның өзі айналыстағы ақша көлемін реттеп
және оларды басқаруға, дәлірек айтқанда валюта мен инфляцияның тұрақтылығын
ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Экономиканың төмендеп, инфляцияның өрлеген кезінде мемлекет ұтыстық
пайызды көтеру арқылы айналымдағы ақша көлемін қысу үшін экономикадағы
несиелік салымның көлемін қысқартады. Ал, экономикалық өрлеу кезінде
экономиканы жандандырып, әрі өсіру үшін несие экспансия саясаты
қолданылады, яғни пайыздық ұтыстарды кеміту арқылы несие тасқыны көбейіп,
ақша көлемі ұлғаяды. Осылайша ақша айналымы ретке келтіріледі. Қазақстанда
1993 – 1997 жылдары несиелердің шектелуі, ал 1998 жылдан бастап несие
экспансиясы саясаты жүргізілді.
Несиенің (ипотекалық тұтыну несиесі) арқасында тұрғын үй құрылысы,
пәтерлер, автокөлік және басқа да тұрмыстық машиналар мен аппараттар алу
мен шаруашылықты қалыптастыру сияқты қоғамдағы көптеген әлеуметтік
мәселелерді шешуге қол жетіп отыр.
Несиенің көмегімен басқа мемлекеттермен байланыстар нығайып, әлемдік
экономикаға араласуға мүмкіндіктер туып келеді.
Сонымен, жекелеген шаруашылықпен айналысушы экономикалық
субъектілердің өмір сүруі мен жалпы халықшаруашылығыныңдамуына да,
микродеңгейіне байланыстардың дамуында, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын
көтеруде несиенің атқаратын рөлі өте зор екен.
Міне, осыған байланысты несиені пайдаланудың шегі қайсысы деген мәселе
туындайды. Үйлесімді деңгейлерде ғана несиенің экономикаға салынуы пайда
бере алады. Несиенің дамуына, оның рөлінің күшеюін экономикаға несие
салымының артуымен байланыстыруына болмайды. Мұның өзі несиені
пайдаланудағы сапалық емес, сандық өзгерістерді көрсеткен болар еді. Несие
салымдарының ұлғайғаны жайлы мәліметтер мен қаржылардың қайнар көздеріндегі
несиенің үлесі экономиканың дамуында оның рөлінің артқандығы осы
процестердің несие обьектілерінің кеңеюімен, жаңа өнімдер шығару үшін жаңа
да, сапалы жобаларды игерумен байланысты болғанда да белгілі болады. Бұл
жағдайда несиелік қатынастардың дамуы, жаңа салалардың пайда болуы,
капиталдың бір саладан екінші салаға ауысып қайта құйылатындығы жүзеге
асатындықтан, несие рөлінің артқандығы туралы айтуға болады.
Әңгіме бұл жерде несие шектерінің сапасы мен саны жайлы. Несиелеудің
көптігі экономиканың даму процесіне, ақша айналымына кері әсерін тигізеді.
Ол қарыз алушылардың қаржыларды үнемдеп пайдалануға деген ықыласын
бәсеңдетеді.
Ал, несие саласын мейілінше тарылтудың да кері әсері бар, себебі төлем
қаржыларының жеткіліксіздігінен шаруашылық субьектілерді ТМҚ-ны,
жабдықтарды сатып ала алмайды, өзінің қызметкерлеріне еңбекақы төлей
алмайды, негізгі қорларды жалға ала алмайды және т.б. Сайып келгенде мұның
бәрі өндірісте, тауарларды сатып-таратуда өз көрінісін байқатпай қоймайды.
Несиенің шектерін негіздеп анықтау мен сақтаудың сұраныс пен
ұсыныстың, айналымдағы тауар мен ақша көлемдерінің, өндіріс пен тауарларды
сатып – таратудың араларындағы үлесімді тепе-теңдіктерді сақтап тұру үшін
маңызы зор.
Несиенің сандық шегі несиелік қаржыларды сандық жағынан шектеумен
байланысты. Шектеулердің әдісі әр түрлі, тура әдіс – Ұлттық банк міндетті
қор көздерінің мөлшерін арттырып, соның нәтижесінде несие көздерінің
көлемін азайтады, экономикалық әдіс – пайыздық мөлшерлемені көтерудің
нәтижесінде несиелеу процесіне тежейді. Сапалық шектері – бұл жағдайда
несие тар көлемдік деңгейде де, кем көлемдік деңгейде де кері әсер етуі
мүмкін.
Несиенің экономика циклінің тиісті кезеңіне байланысты кең көлемді
деңгейде оң немесе теріс түрде қалай әсер ететіндігі жоғарыда атап
көрсетілді.
Несиенің пайдаланылуы мен оның тар көлем деңгейінде әсер етуі көп
факторларға, ең бірінші несиелік қатынастарға қатысушы жақтардың ықыластары
мен мүмкіндіктеріне байланысты, атап айтқанда:
- қарыз алушылардың қарыз қаржыларына деген мұқтаждығы мен несие және
пайыздық мөлшерлемелерді қайтаруға байланысты шығындарды азайтуға
олардың ықыласты болуы;
- банкілердің өз табыстарын ұлғайту масатымен несие салымдарын
кеңейтуге ықыластылығы.
Екі жақтың несиелік тынымдарға ықыластары жасалғаны несиелік
келісімдерде көрсетіледі.
Несие формасы – бұл несие қатынасының сырттай нақты көрініс табуы. Ол
несие қатынасының мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Несие қатынасының
формасы мен маөмұны ажырағысыз әрі диалектикалық жағынан біртұтас болады.
Несие қатынасының формасы оның мазмұны мен дамуына сәйкесуі керек.
Таңдап алынған жіктеу өлшеміне қарай несиенің мынадай ең маңызды
формаларын бөліп көрсетуге болады (сурет 1.1.):

Сурет 1.1. Несие үлгісінің сызбасы

- қызмет ету салаларына қарай – ұлттық және халықаралық несие;
- несие мәмілесінің объектісіне қарай – ақшалай және тауарлық несие;
- несие қатынасының субъектісіне қарай – банктік, коммерциялық,
халықаралық, тұтынушылық несиелер.
Несиенің тауарлық формасы тарихи жағынан алып қарағанда оның ақшалай
формасынан бұрын пайда болған. Ежелгі тарихтан білетініміздей, адамдар
тұтынуға қажетті артық өнімдерін (астық, мал, тері және т.б.) бір-біріне
өсім алумен қарызға берген.
Несиенің тауарлық формасы осы заманғы іс-тәжірибеде төлемдерінің
мерзімін ұзартумен тауарды сатуда, машина мен құрал-жабдық, тұрмыстық
тауарлар, саймандар лизингісінде қолданылады. Қазақстанда тауарлық несие
фермерлер мен шаруа қожалықтарына көктемде тұқым түрінде беріледі. Тұқым
түрінде берілетін бұл несиені фермерлер мен шаруа қожалықтары күзде астықты
жиғаннан кейін қайтарып отырады.
Несиенің тауарлы формасының негізінде ақшалай несие формасы пайда
болып, дамиды. Ол осы заманғы нарықтық астықты жиғаннан шаруашылықта
артықшылықтарға ие, типтік форма болып табылады. Бұл түсінікті де, өйткені
ақша айналыспен төлемнің жалпыға тән баламалы, әмбебап құралы болып
табылады. Несиенің бұл формасы ұлттық және халықаралық экономикалық
айналымдардың шегінде пайдаланылады.
Несиенің тауарлық және ақшалай формаларымен қатар олардың аралас
формасы да қолданылады.
Жоғарыда қарастырылған несие формаларының көптеген түрлері болады.
Несие түрлері – бұл оның несиелерді жіктеу үшін пайдаланатын, экономикалық-
ұйымдастырушылық белгілері бойынша ең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несиелік ресурстар ақшалай ресурстардың бір формасы
Банкттің таратылған қаржылары
Коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру және банк ресурстарының қалыптасуы
НЕСИЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Банктегі несие жүйесі
Банктің меншік капиталы
Банк жүйесінің маңызды элементі
Банктердің пассивтік операцияларын талдау
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Қарыз капиталы жөнінде түсінік, коммерциялық банктердің ресурстарының кұрылымы
Пәндер