Коммерциялық банктерде қарыз алушы клиенттің несиелік қабілетін талдау тәжірбиесі («Қазақстан халық банкі» ақ-ның мәліметтеріне сүйене отырып)



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4

1. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың
теориялық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5 1.1. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың маңызы
мен қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5 1.2. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау әдістемесі ... ... ... ... ... ... ..7

2. Коммерциялық банктерде қарыз алушы клиенттің несиелік қабілетін
талдау тәжірбиесі («Қазақстан Халық банкі» АҚ.ның мәліметтеріне
сүйене отырып) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.1. Клиенттерге несие беру процесін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 16
2.2. Қарыз алушы жеке тұлғаның несиелік қабілетін талдаудың
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.3. Қарыз алушы заңды тұлғаның несиелік қабілетін талдау ... ... ... ... ... ...35

3. Қарыз алушы клиенттің несиелік қабілетін бағалауды жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53
3.1. Клиенттің несиелік қабілетін бағалаудың шетелдік тәжірбиелері ... ... ..53
3.2. Несиелік бюро . қарыз алушының несиелік қабілетін талдаудың
жетілдіру құралы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
3.3. Қазақстан Республикасында несиелік бюроның банк клиенттерінің
несиелік қабілітін бағалаудағы ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...66

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..76

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 78
КІРІСПЕ

“Қазақстан бүгінгі таңда әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттедің қатарына қарай қадам басқалы тұр. Себебі, біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделген ел болуын қалаймыз. Сондай-ақ Қазақстан көп тарапты халықаралық экономкалық жобаларға белсене қатыса алады, катысуға тиіс те”. Міне, осы аталған ғаламат процестерге Қазақстан экономикасы саласының жетекші буыны болғандықтан, коммерциялық банктер ықпал етуге міндетті.
Бүгінгі таңда Коммерциялық банктер несиелеу процесінде, нарық қатынасытарының қалыптасуына, қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің экономикасы мен қаржылық жағдайын нығыйтуға, айналымда ақша массасының негізсіз өсуін шектеуге, инфляция процесін болдырмауға және ұлттық валютаны (теңге) нығаюытуға міндетті. Коммерциялық банктер несиелерді өндірістің тиімділігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа сапасы жоғары түрлерін шығаруды ынталандыруға, тұрғындарға әр түрлі қызмет көрсетуге, тауарларды халық және экспортқа өндіруге байланысты мақсаттар мен шаралар үшін береді. Несие – бұл белгілі мерзімге пайызбен қоса қайтару шартымен ақшалай қаржы беру , ол несиенің өтеу мерзімін ұзарту және қарыз алушының несие міндеттемесін сатып алу түрінде беріледі.
Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделділік, тиімділік қағидаларын қатаң сақтай отырып, несиелерді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді. Кез келген банк қызметінің табыстылығы сол банк берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондақтан да банктер несиелік тәуекелдерді басқару шараларымен уақытылы айналысып отыру тиіс.
Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша негізгі қарызын немесе оған есептелген сыйақысын өз уқытында қайтара алмауына байланысты банкнің зиян шегуін сипаттайды. Сондықтанда банк қарыз алушыларға несие бермес бұрын оның несиелік қабілетн анықтап алу қажет. Қарыз алушылардың несиелік қабілетін анықтау – ол әр банктің өзінің несиелік саясатына және банктің клиентурасына байланысты болып келеді.
Қарыз алушының несие қабілеті – қарыз алушының алған несиесі бойынша қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен сиптталады. Несиені қайтара алмау тәулекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банк өтімділігіне ықпал етеді.
Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынандай факторлар есепке алынады:
1. Несиеге қатысты қабілеттілігі. Қарыз алушыға несиені бере отырып, қарыз алушының атынан шығытын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқауымен танысуға тиіс;
2. Қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сандай-ақ келісімшартқа байланысты міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі;
3. Табыс алу қабілеті. Банк қарыз алушының несиені қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.
Қарыз алушының табыс алу қабілетін анықтау барысында сату көлеміне баға шығындарына, шығыстарына әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл факторларға: қарыз алушы кәсіпорынның орналасқан жері, оның тауарлары мен қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлерінің біліктілігі жатады Несиелеудегі шетелдік тәжірибеде бұл факторларға қоса жарнамалау тиімділігі, бәсеке сияқты факторлар ескеріледі.
Жоғарыда айтылғандардан кейін, берілген тақырыптың актуальдылығы болып банктердің негізгі қызметтерінің бірі несиелік операция болып табылатындықтан, ал несиелік ресурстарға қазіргі кезде қатты сұраныс өскендіктен, банктерге несиелік тәуекелдерден сақтану және төмендету мақсатында міндетті түрде қарыз алушының несиелік қабілетінің әдістемелерін жаңарту қажет.
Берілген тақырыпты зерттеу мақсаты болып қарыз алушының несие қабілетін талдаудың теориялық және тәжірибелік негізін оқып үйрену болып табылады.
Қойылған мақсатқа байланысты мәселелерді келесі кезендермен шешу қажет:
1) қарыз алушының несие қабілетін бағалаудың қажетті және маңызды сұрақтарды қарастыру;
2) қарыз алушының қаржылық жағдайын талдаудың әдістерін зерттеу;
3) Қазақстан Республикасында және шетелдерде пайдаланылатын қарыз алушының несие қабілітін бағалау әдістерін қарастыру;
4) қарыз алушының несие қабілетін бағалау бойынша жобаларды қарастыру;
5) шетелдердегі несие бюроларын құру әдістерін зерттеу және оның Қазақстан Республикасында бейімделу мүмкіндігі.
Қарыз алушының несие қаблетін талдау бойынша зерттеу объектісі болып “Қазақстан Халық Банкі”АҚ-ның қызметі болып табылады. Зерттеу тақырыбы несиелендіру процесінде туындалатын қарыз алушы мен банк арасындағы экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады.
Диплом жұмысын жазудың методологиялық негізі болып Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің нормативтік нұсқаулары, “Қазақстан Халық Банкі” АҚ-ның несиелік саясаты мен ережелері, Қазақстан Республикасының статистика бойынша агенттігінің мәліметтері.Теориялық негізі болып несиелендіруді ұйымдастыру сұрақтары бойынша шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми еңбектері табылады.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспені, үш тарауды, қорытындыны, қолданылған әдебиеттердің тізімі және қосымшаларды қамтиды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. «Салық және басқа да бюжетке төленетін міндетті төлемдер туралы» № 2235 2005 ж.
2. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы Қазақстан Республикасының заңы 19 шілде, 2003 ж.
3. «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР-сы заңы № 281-1 10.06.98 ж. №415-2 13.05.2003ж.
4. «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР-сының заңы. №276 24.12.2004ж.
5. «Несиелік бюролар және несиелік тарихты қалыптастыру туралы» ҚР-сының заңы №573-2 06.07.2004ж.
6. «Банкротық туралы» ҚР-сының заңы №427-2 03.06.2003ж.
7. «Ұлттық банк туралы» ҚР-сы Президентінің Заң күші бар Жарлығы, 1995 жыл 30 наурыздағы № 2155
8. «Банктер және банктік қызмет туралы» ҚР-сы Президентінің Заң күші бар Жарлығы, № 2444 01.12.2005ж.
9. «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы»№ 213 қаулысы 03.06.02ж.
10. «Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелді басқару және ішкі басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар туралы» № 434 06.12.03ж
11. Правила предоставления займов физическим лицам в АО «Народный банк Казахстана» №389 15.09.2005 г. 13.01.2006 г.
12. Банковсое дело / Под ред. Белоглазовой Г.Н., Кроливецкой Л.Н. – СПб.: Питер, 2002.
13. Банковсое дело / Под ред. Колесникова В.И. – М.: Финансы истатистика, 2000.
14. Банковсое дело / Под ред. Коробовой Г.Г. – М.: Финасы и статистика, 2000.
15. Банковсое дело / Под ред. Лаврушин О.И. – М.: Финансы и статистика, 2000.
16. Банковсое дело / Под ред. Сейткасымова Г.С. – Алматы: Қаржы-Қаражат, 1998.
17. Давлетов М.Т. Кредитная деятельность банков в Казахстана. Алматы: Қаржы-Қаражат, 2000.
18. Давлетов М.Ш:, Төлегенов Э.Т., Жұмағалиев Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. А.: Экономика, 2001.
29. Калиев Г.Т. Кредитная деятельность банков в Казахстана. Алматы: Қаржы-Қаражат, 2000.
20. Көшенова Б.А. Ақша, Несие, Банктер, Валюталық қатынастар. – Алматы: Экономика, 2000.
21. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. – Алматы: ИздатМаркет, 2004.
22. Панова Г.С. Кредитная политика коммерческого банка. – М.: ИКЦ ДИС, 1997.
23. Тоқсанбай С.Р. Толық экономикалық орысша-қазақша сөздік. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2004.
24. Воронин Д.В. Устойчивость банковской систем, роль кредитных бюро. // Банковсое дело,№ 10, 2005г.
25. Куштуев А.А. Использование показателей финансовой устойчивости при анализе кредитоспособноти клиентов банка. // Деньги и кредит, № 1, 2005.
26. Кредитное бюро – мост между кредиторами и заемщиками, интеью с Анваром Ахмедовым, Натальей Пирожковой и Владимиром Ивлевым // Рынок ценных бумаг Казахстана, № 14, 2005г.
27. Напольских М.А. Скоринговый метод оценки кредитоспособности частных лиц. // Банки Казахстана, № 4, 2005.
28. Рамазанов С. Скоринговое кредитование в Казахстане. // Банки Казахстана, № 5, 2004.
29. Кредитная политика АО «Народный Банк Казахстана»
30. www.halykbank.kz.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3-4

1. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың
теориялық
негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .5 1.1. Қарыз алушының несиелік қабілетін
бағалаудың маңызы
мен қажеттілігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...5 1.2. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . .7

2. Коммерциялық банктерде қарыз алушы клиенттің несиелік қабілетін
талдау тәжірбиесі (Қазақстан Халық банкі АҚ-ның мәліметтеріне
сүйене
отырып) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...16
2.1. Клиенттерге несие беру процесін
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 16
2.2. Қарыз алушы жеке тұлғаның несиелік қабілетін талдаудың

әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.3. Қарыз алушы заңды тұлғаның несиелік қабілетін
талдау ... ... ... ... ... ...35

3. Қарыз алушы клиенттің несиелік қабілетін бағалауды жетілдіру

жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53
3.1. Клиенттің несиелік қабілетін бағалаудың шетелдік
тәжірбиелері ... ... ..53
3.2. Несиелік бюро – қарыз алушының несиелік қабілетін талдаудың
жетілдіру құралы
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..60
3.3. Қазақстан Республикасында несиелік бюроның банк клиенттерінің
несиелік қабілітін бағалаудағы
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 76

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..78

Кіріспе

“Қазақстан бүгінгі таңда әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі
серпінді дамып келе жатқан мемлекеттедің қатарына қарай қадам басқалы тұр.
Себебі, біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрістерге сәйкес дамып келе
жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына
сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын
иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделген ел болуын
қалаймыз. Сондай-ақ Қазақстан көп тарапты халықаралық экономкалық жобаларға
белсене қатыса алады, катысуға тиіс те”. Міне, осы аталған ғаламат
процестерге Қазақстан экономикасы саласының жетекші буыны болғандықтан,
коммерциялық банктер ықпал етуге міндетті.
Бүгінгі таңда Коммерциялық банктер несиелеу процесінде, нарық
қатынасытарының қалыптасуына, қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге,
Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің экономикасы мен қаржылық
жағдайын нығыйтуға, айналымда ақша массасының негізсіз өсуін шектеуге,
инфляция процесін болдырмауға және ұлттық валютаны (теңге) нығаюытуға
міндетті. Коммерциялық банктер несиелерді өндірістің тиімділігін, оның
ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа сапасы жоғары түрлерін
шығаруды ынталандыруға, тұрғындарға әр түрлі қызмет көрсетуге, тауарларды
халық және экспортқа өндіруге байланысты мақсаттар мен шаралар үшін береді.
Несие – бұл белгілі мерзімге пайызбен қоса қайтару шартымен ақшалай қаржы
беру , ол несиенің өтеу мерзімін ұзарту және қарыз алушының несие
міндеттемесін сатып алу түрінде беріледі.
Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделділік, тиімділік қағидаларын қатаң
сақтай отырып, несиелерді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және
екі жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді. Кез келген банк
қызметінің табыстылығы сол банк берген несиелерінің сапасына, яғни оның
қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақытылы қайтарылмауы
банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондақтан да банктер несиелік
тәуекелдерді басқару шараларымен уақытылы айналысып отыру тиіс.
Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша
негізгі қарызын немесе оған есептелген сыйақысын өз уқытында қайтара
алмауына байланысты банкнің зиян шегуін сипаттайды. Сондықтанда банк қарыз
алушыларға несие бермес бұрын оның несиелік қабілетн анықтап алу қажет.
Қарыз алушылардың несиелік қабілетін анықтау – ол әр банктің өзінің
несиелік саясатына және банктің клиентурасына байланысты болып келеді.
Қарыз алушының несие қабілеті – қарыз алушының алған несиесі бойынша
қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен
сиптталады. Несиені қайтара алмау тәулекелі көптеген факторлардың әсерінен
болуы мүмкін, сондықтан да банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан
бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банк өтімділігіне
ықпал етеді.
Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынандай
факторлар есепке алынады:
1. Несиеге қатысты қабілеттілігі. Қарыз алушыға несиені бере отырып, қарыз
алушының атынан шығытын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және
нұсқауымен танысуға тиіс;
2. Қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп
қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сандай-ақ
келісімшартқа байланысты міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі;
3. Табыс алу қабілеті. Банк қарыз алушының несиені қайтаруға жеткілікті
қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.
Қарыз алушының табыс алу қабілетін анықтау барысында сату көлеміне баға
шығындарына, шығыстарына әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл
факторларға: қарыз алушы кәсіпорынның орналасқан жері, оның тауарлары мен
қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлерінің біліктілігі жатады
Несиелеудегі шетелдік тәжірибеде бұл факторларға қоса жарнамалау
тиімділігі, бәсеке сияқты факторлар ескеріледі.
Жоғарыда айтылғандардан кейін, берілген тақырыптың актуальдылығы болып
банктердің негізгі қызметтерінің бірі несиелік операция болып
табылатындықтан, ал несиелік ресурстарға қазіргі кезде қатты сұраныс
өскендіктен, банктерге несиелік тәуекелдерден сақтану және төмендету
мақсатында міндетті түрде қарыз алушының несиелік қабілетінің әдістемелерін
жаңарту қажет.
Берілген тақырыпты зерттеу мақсаты болып қарыз алушының несие қабілетін
талдаудың теориялық және тәжірибелік негізін оқып үйрену болып табылады.
Қойылған мақсатқа байланысты мәселелерді келесі кезендермен шешу қажет:
1) қарыз алушының несие қабілетін бағалаудың қажетті және маңызды
сұрақтарды қарастыру;
2) қарыз алушының қаржылық жағдайын талдаудың әдістерін зерттеу;
3) Қазақстан Республикасында және шетелдерде пайдаланылатын қарыз алушының
несие қабілітін бағалау әдістерін қарастыру;
4) қарыз алушының несие қабілетін бағалау бойынша жобаларды қарастыру;
5) шетелдердегі несие бюроларын құру әдістерін зерттеу және оның Қазақстан
Республикасында бейімделу мүмкіндігі.
Қарыз алушының несие қаблетін талдау бойынша зерттеу объектісі болып
“Қазақстан Халық Банкі”АҚ-ның қызметі болып табылады. Зерттеу тақырыбы
несиелендіру процесінде туындалатын қарыз алушы мен банк арасындағы
экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады.
Диплом жұмысын жазудың методологиялық негізі болып Қазақстан
Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің
нормативтік нұсқаулары, “Қазақстан Халық Банкі” АҚ-ның несиелік саясаты мен
ережелері, Қазақстан Республикасының статистика бойынша агенттігінің
мәліметтері.Теориялық негізі болып несиелендіруді ұйымдастыру сұрақтары
бойынша шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми еңбектері табылады.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспені, үш тарауды, қорытындыны,
қолданылған әдебиеттердің тізімі және қосымшаларды қамтиды.
1. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негіздері

1. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың мазмұны мен
қажеттілігі

Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау
әдістеріне негізделеді. Айта кету керек,қарыз алушының несиелік қабілеті –
бұл коммерциялық банк балансаның өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуына
себепкер болатын көптеген факторлардың іс-әрекетімен байланысты болып
келеді. Сандықтан да, банк несиесінің берілуі алдын ала ықпал ететін
факторларды оқып үйренуге жағдай жасайды.
Қарыз алушының несиелік қабілеті – бұл қарыз алушының өзінің қаржылық
міндеттемелері бойынша толық және уақытылы есеп айырысу қабілеті.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің оның төлем қабілеттілігінен бір
айырмашылығы – онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі
төлемсіздікті есепке алмайды, ал жақын болашақтағы қарызды өтеу қабілетін
болжайды. Егер де қарыз алушының негізгі қарызы мерзімі өткен қарыз болып,
ал балансындағы өтімді және меншікті капиталдың мөлшері жеткілікті болса,
онда банкке өткен уақыттағы төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің
несиелік қабілетсіздігі туралы қорытындыға негіз болып табылады. Несиелік
қабілеті бар клиенттер банкке, жабдықтаушыға, бюджетке ұзақ уақыт төлем
жүргізбеуді жібермейді.
Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі банктің нақты қарыз алушыға
беретін нақты несиесімен байланысты (жеке) тәуекелдерінің дәрежесін
көрсетеді.
Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және несиелік
операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке
несиелік ресурстарды тиімді басқару және пайда табуға мүмкіндік береді.
Әлемдік және отандық тәжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетінің
мынандай критерийлерін бөліп қарайды:
- қарыз алушының мінездемесі;
- қаражаттықарызға алу қабілеті;
- ағымдағы қызметі барысында қарызды өтеу үшін қажетті қаратты табу
қабілеті (қаржылық мүмкіндігі);
- капиталы;
- несиенің қамтамасыз етілуі;
- несиелік мәміле жасалатын жағдай;
- бақалау(қарыз алушы қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты
мен қадағалау ұйымдарына несиенің сипатының дәл келуі).
Қарыз алушының мінездемесі деп оның заңды тұлға ретіндегі беделі және
менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілі және несие
мақсатының банктің несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі.
Қарыз алушының заңды тұлға ретіндегі беделі оның сол аяда ұзақ уақыт
қызмет етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге
сай келуінен, оның несиелік тарихынан,оның серіктестерінің
(жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлемдегі
беделінен тұрады. Менеджерлерінің беделі олардың кәсіби жарамдылығына
(білімі, жұмыс тәжірибесі), моральдық сапасына, жеке қаржылық және
отбасылық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-
қатынастар нәтижесіне байланысты негізделеді.
Қаражатты қарызға алу қабілеті қарыз алушының несиеге өтініш беруге,
несиелік келісімшартқа қол қоюға немесе келіссөздер жүргізуге құқының
болуын, яғни кәсіпорынның несесе фирманың өкілдеріне бегілі бір
өкілділіктерінің болуын білдіреді.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі критерийлерінің бірі –
оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілу барысында қаражат табу
қабілеті болып табылады.
Қарыз алушының капиталы оның несиелік қабілетінің біршама маңызды
критерийі болып саналады. Оны бағалауда мынандай екі шарттың маңызы зор :
- оның жеткіліктілігі, яғни Орталық банк тарапынан жарғылық қордың
(акционерлік капиталдың) ең төменгі мөлшеріне қойылатын талабы
және қаржы левередж коэффициенті негізінде талданады;
- несиеленетін опрацияларға меншікті капиталды жұмсау дәрежесі,
яғни ол банк пен қарыз алушының арасында тәуекелдің болуын
куәландырады. Неғұрлым меншікті капитал жұмсаламы көбірек болса,
соғұрлым қарыз алушының несиелік тәуекеліне ықпал ететін
факторларды қадағалап отыруға мүмкіндік туады.
Несиенің қамтамасыз етілуі – қарыз алушының активтерінің құны мен
несиелік келісімшартта көрсетілетін қарызды өтеуде екінші қосымша көздердің
(кепіл, кепілхат, кепілдеме және сақтандыру қағаздарының) болуы.Мұндағы
қосымша көздер қарыз алушының басына қаржылық қиындықтар туу барысында,
олардың банк алдындағы міндеттемелерін уақытылы орындауына кепілдік береді.
Кепілдік сапасы, кепілхат беруші, кепілдемеші мен сақтандырушының тұрақты
болуы, қарыз алушының ақшалай қаражаттарының жеткіліксіздігі жағдайында аса
маңызды.
Несиелік операциялардың жасалу жағдайына елдегі, аймақтағы, салалардағы
ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл
жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.
Соңғы критерий – бақылау, бұл мынандай сұрақтарды ескереді: қарыз
алушының қызмет етуі және несиелік шаралардың жүзеге асырылуы үшін заңды
және нормативтік негіз бар ма? Заңдағы күтілетін өзгерістер (мысалы: салық
заңы мен кодексі) қарыз алушының қызмет нәтижесіне қалай әсер етеді?
Несиелік өтініште көрсетілген қарыз алушы және несие туралы мәліметтер,
банктің несиелік саясаты туралы құжатта белгіленген банктің стандартына,
сол сияқты, несиелердің сапалылығын бақылай отырып, банктік қадағалау
ұйымдарының стандарттарына қаншалықты сәйкес келеді?

1.2. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалалаудың әдістемесі

Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі және кең
көлемде жасалады. Заңды тұлға- кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын
талдау үшін негізгі көздер ретінде Қаржы министрлігі бекіткен мынандай
жылдық бухгалтерлік есеп формалары қызмет етеді: Кәсіпорын балансы (№1
форма); Қаржы нәтижелері мен оларды пайдалану туралы есебі (№2форма);
Кәсіпорын балнасына қосымша бет (№3форма);сондай-ақ ҚР-сы статистикалық
есеп формасы – Кәсіпорынның (ұйымның) қаржылық қызметінің негізгі
көрсеткіштері туралы есебі (№1-Ф-мерзімді-тоқсандық-жылдық формалары) мен
Кәсіпорынның(ұйымның,мекеменің) өнімнің (жұмыстар, қызметтер) кеткен
шығындары туралы есебі (№5-Ф-мерзімді-тоқсандық- жылдық формалары).
Банк клиенттерінің несиелік қабілетін бағалау критерийлері несиелік
қабіліттіліктібағалау тәсілдерінің мазмұнын анықтайды.Ондай тәсілдер
қатарына жататындар:
- қаржылық коэффициенттерді бағалау;
- ақша ағынын талдау;
- іскерлік тәуекелді бағалау;
- менеджментті бағалау;
- қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын бағалау;
- қарыз алушы туралы ақпараттар жинау;
- орналасқан жеріне бару арқылы қарыз алушының жұмысын қадағалап отыру.
Қаржылық коэффициенттерді бағалау арқылы орта бизнес субъектілерінің,
ақша ағынын талдау арқылы ірі бизнес субъектілерінің, іскерлік тәуекелді
бағалау арқылы шағын бизнес субъектілерінің несиелік қабілеті анықталады.
Халықаралық және Қазақстандық банктік тәжірибеде заңды тұлға ретіндегі
клиенттің несиелік қабілетін бағалау үшін әр түрлі қаржылық коэффициенттер
қолданылады. Оларды таңдау үшін біріншіден, банк клиентурасының
ерекшелігін, екіншіден, қаржылық қиындықтар себептерінің мүмкіндігін,
үшіншіден, банктің несиелік саясатын анықтаумен байланысты болып келеді.
Барлық пайдаланылатын коэффициенттерді бес топқа бөлуге болады:
- өтімділік коэфициенті;
- тиімділік немесе айналымдылық коэфициенті;
- қаржы левередж коэфициенті;
- пайдалылық коэфициенті;
- борышты өтеуге қызмет көрсету коэфициенті.
Өтімділік деп кәсіпорынның барлық төлемдері бойынша өз міндеттемелерін
орындай алу қабілетін түсіндіреді. Өтімділік жалпы қарызға байланысты болып
келеді. Баланс өтімділігі актив баптарында ақшалай қаражаттарға айналу
мүмкіндігіне байланысты топтастырылған қаражаттарды пассив баптарында төлеу
мерзіміне қарай топтастырылған міндеттемелермен салыстыру арқылы
анықталады.
Баланс активтерінің баптары олардың өтімділік дәрежесіне қарай үш топқа
бөлінеді:
- ақшалай қаражаттар (есеп айырылысу шоттарындағы және банктегі
басқа да шоттардағы қаражаттар қалдығы; касса; басқа да ақшалай
қаражаттар; күрделі қаржы жұмсалымдарына пайдаланылмаған
қаражаттар қалдығы);
- өтімді (төлейтін мерзімі жетпеген, жөнелтілген тауарлар мен
тапсырылған жұмыстар; берешектермен есеп айырылысулар; өзінің
жүйесіндегі кәсіпорындардан оларға қаржылай көмек ретінде
берілген қаражаттар бойынша есеп айырылысу; банк несиелері мен
кәсіпорынның арнайы қорларынан берілген несиелер бойынша
жұмысшылармен және қызметкерлермен есеп айырылысу). өтімді
талаптар қатарына мерзімінде төленбеген жөнелтілген тауарлар мен
тапсырылған жүмыстар жатпайды.
Берешектермен есеп айырысу құрамына үш айға дейінгі қарыздар есепке
алынбайды. Мұнда өзінің жүйесіндегі кәіпорындармен оларға көмек көрсету
ретінде берілген қаражаттар бойынша есеп айырылысу бабында жақын арадағы
үш ай ішінде қайтарылатын қарыздар есепке алынады.
өтімді тауарлы-материалдық құндылықтар (арзан бағалы тез тозатын
заттарды шегеріп тастағандағы өндірістік қорлар; аяқталмаған өндіріс;
алдағы уақыт шығыстары; дайын өнім; басқа да айналым қаражаттары).
Қарыз алушының салалық ерекшеліктеріне байланысты өтімділік
коэффициентінің біршама оңтайлы мәні 1,2 мен 1,5 аралығын құрайды.
Көрсеткіш мәнінің 1- ден төмен болуы жағымсыз болып саналады. Өтімділік
коэффициенті қарыз алушының қарызды өтеу үшін жедел түрде шаруашылық
айналымынан ақшалай қаражаттарды босатуын сипаттайды. Неғұрлым бұл
коэффициенттің мәні жоғары болса, соғұрлым қарыз алушы тұрақты болып
саналады. Бірақ та алашақ қарыздың сипатын ескеру керек.
Өтімділік көэффициенттің талдау барысында мынандай факторларды есепке
алу қажет:
- қызметтің көлемі (қаншалықты өндіріс және өнімді сату
көлемі үлкен болса, соғұрлым
тауарлы-материалдық құндылықтар қоры көп болады);
- өнеркәсіп және өндіріс саласы (өнімге сұраныс және оны сатудан
түсетін төлемдердің жылдамдығы);
- өндіріс циклының ұзақтығы (аяқталмаған өндіріс көлемі);
- материалдар қорын жаңарту үшін қажетті уақыт (өтімді қаражаттардың
айналысы);
- жұмыстың маусымдылығы.
Өтімді қаражаттардың артық болғаны қажет емес. Егер де ол артық болса,
онда айналым активтерінің жұмыс тиімділігі азаяды. Өтімді қаражаттардың
артық болу себептері: күрделі қаржы жұмсалымдарын кеңейтпей-ақ пайданың
жинақталуы, амортизацияланатын объектілердің ауыстырылмауының нәтижесінде
амортизацияның жиналып қалуы.
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (Ка.ө.)ағымдағы активтердің (баланс
активтерінің бөлімі) ағымдағы міндеттемелерге (алдағы кезең табыстарын алып
тастағандағы баланс пассивінің 3 бөлімі) қатынасымен анықталады. Ағымдағы
өтімділік коэффициенті кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүргізу және
ағымдағы міндеттемелерді уақытында жабу үшін айналым қаражаттарымен жалпы
қамтамасыз етілуін сипаттайды.
Ағымдық активтердің қанша есе ағымдағы міндеттемелерді өтейтіндігін
анықтауға мүмкіндік береді және кәсіпорынның тек дебиторлары мен уақытылы
есеп айырысу мен дайын өнімді өткізуде ғана емес, сонымен қатар, қажет
болған жағдайда материалдық айналым қаражаттарын сату жағдайындағы төлем
мүмкіндігін көрсетеді. Ол өнімді қаражаттардың ағымдағы міндеттемелерін
жабатындығын анықтауға мүмкіндік береді, сол арқылы баланс құрылымының
тұрақты деңгейін ғана емес, кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелер бойынша тез
есеп айырысу қабілеттілігін көрсетеді.

Өтімді активтер
Ка.ө. = ----------------------------------- ---
Ағымдағы міндеттемелер

Тез (оперативті) өтімділік коэффициенті (Кш.ө.) - өтімді активтер
ағымдығы міндеттемелердің тек қана қайсысы қарызды өтеу үшін дайын қолма
қол ақшаға тез арада айналатын бөлігін көрсетеді. Өтімділік активтерге
әлемдік банктік тәжірибеде ақшалай қаражаттар мен дебиторлық берешектерді
жатқызуға болады,ал Қазақстанда жылдам өткізілетін босалқы қор бөлігін
жатқызады.

Ағымдағы активтер
Кш.ө. = ----------------------------------- -

Ағымдағы міндеттемелер

Тез өтімді коэффициентін тағайындау – бұл несие алушы қабілетін
болжауға және оның айналымдағы қаражатынан банк қарызын өз уақытында өтеу
үшін ақшаларды жылдам шығаруды білдіреді.
Тиімділік (айналымдылық) коэффициенттер тобын, яғни өтімділік
көрсеткіштерді толықтырады және неғұрлым дәлелді қорытынды жасауға
мүмкіндік береді. Мысалы, егер өтімділік коэффициенттерінің өсуі дебиторлық
қарыздың көбеюі арасында болса және босалқы қордың құны бір уақытта
баяуласа,онда қарыз алушының несиелік сыныбын жоғарлатуға
болмайды.Тиімділік коэффициенттер тобына жататында:
Босалқы қордың айналымдылылығы:
а) кезең ішіндегі босалқы қордың орташа қалдықтары бір күндік
өткізуден түскен түсім * айналым күнінің ұзақтығы;
б) кезең ішіндегі өткізуден түскен түсім кезең ішіндегі босалқы
қордың орташа қалдықтары * кезең ішіндегі айналымның саны;
Күндік дебиторлық қарыздың айналымдылығы:
кезең ішіндегі қарыздың орташа қалдықтары бір күндік өткізуден түскен
түсім;
Негізгі капиталдың айналымдылығы (нақты активтер):
өткізуден түскен түсім кезең ішіндегі негізгі қордың орташа
қалдықтары құны;
Активтердің айналымдылығы:
өткізуден түскен түсім кезең ішіндегі активтердің орташа мөлшері;
Тиімділік коэффициенті динамика негізінде талданып, бәсекелесуші
фирманың коэффициенттері мен орташа салалық көрсеткіштерімен салыстырылады.
Қаржы левередж көрсеткіштері қарыз алушының меншікті капиталмен
қамтамасыз етілу деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткіш қарыз және меншікті
капитал арасындағы қатынас арқылы сипатталады. Оның деңгейіне кәсіпорынның
қаржылық тәуекел дәрежесі және пайдасына, яғни қаржылық тұрақтылығына тура
пропорционалды әсер етеді. Қаржылық левередж деңгейі неғұрлым жоғары болса,
соғұрлым тартылған қаражаттарға көбірек тәуелді, соғұрлым кәсіпорынның
қарыздарға кететін шығыны көп болады да, кәсіпорын тұрақтылығы азаяды.
Пайдалылық коэффициенті барлық капиталды, снымен қатар оның тартылған
бөлігін қоса есептегенде барлық капиталдың диімді қолданылуын сипаттайды.
Несиелік қабілеттілікті сипаттау үшін келесідей пайдалылық коэффициентері
қолданылады:
Пайдалылық нормасының коэффициенті:
- пайызбен салықты төлегенге дейінгі жалпы пайда өткізуден түскен
түсім;
- таза операциондық пайда (пайызды төлегеннен кейінгі,бірақ салыққа
дейінгі пайда) өткізуден түскен түсім;
- пайызбен салықты төлегеннен кейінгі таза пайда өткізуден түскен
түсім;
Рентабельділік коэффициенті:
- пайызбен салықты төлегенге дейінгі пайда активтер немесе меншікті
капитал;
- пайызды төлегеннен кейінгі,бірақ салыққа дейінгі пайда активтер
немесе меншікті капитал;
- таза пайда (пайызбен салықты төлегеннен кейінгі пайда) активтер
немесе меншікті капитал.
Үш түрлі рентабельділік коэффициенттерін салыстыру арқылы салық пен
пайыздың фирманың рентабельділік деңгейіне әсерін көрсетеді.
Акция пайдасының нормалық коэффициенті:
- акция табысы * жай акциялар бойынша дивидендтер жай акциялардың
орташа мөлшері;
- дивидендтік табыс (%) * бір акцияның жылдық дивидендті * 100 бір
акцияның орташа нарықтық құны.
Борышты өтеуге қызмет көрсету коэфициенті (нарықтық коэффициент)
пайданың қай бөлігі пайыздық және нақты төлемдерге жұтынатындығын
көрсетеді. Олардың есеп айырысудағы жалпы сомасын келесіден көрінеді:
- пайызды өтеу коэффициенті * кезең аралық пайда кезең аралық
пайыздық төлемдер;
- пайыздық төлемдерді өтеу коэффициенті * кезең аралық пайда пайыз +
лизингтік төлемдер + артықшылығы бар акция бойынша дивидендтер +
басқа да нақты төлемдер.
Несиелік тәуекулді бағалаудың статистикалық әдістері. Соңғы он
жылдықтарда батыстың ірі банктерінде әр түрлі статистикалық модельдер
көмегімен қарыз алушының сапасының потенциалын бағалау әдістері әзірленеді.

Банкроттықтың ықшамдығын бағалаудың ең жиі қолданылатын әдісі
белгілі американ экономисі Э.Аьтман ұсынған Z модельдері.
Осы модельдердің ішіндегі ең қарапайымы екі факторлы модель болып
табылады. Ол негізгі екі көрсеткішке негізделеді. Э.Альтман ның пікірі
бойынша банкроттықтың ықтималдығы: кәсіпорынның жалпы жабу коэффициенті
(Кж.ж.) немесе ағымдағы өтімділік (Ка.ө.), яғни тұлғалар активтерінің
өтімділігін сипаттайтын қаржылық тәуекелділік коэффициентіне байланысты
болып келеді. Эмперикалық жолмен табылған бұл көрсеткіштер
коэффициенттердің салмақтылық мағынасына көбейтіліп, нәтижелері белгілі бір
өлшеммен қосылады ол да тәжірибелік-статистикалық тәсілмен табылады. Егер
нәтиже (Z) теріс болса, банкроттық ықтималдылық үлкен емес. Ал егер Z мәні
оң болатын болса, онда ол банкроттық ықтималдылықтың жоғары екендігін
көрсетеді.
Э.Альтманның көп факторлы үлгіні кеңнен қолданылады. 1968 жылы ол
болжам жасаудың бес моделін ұсынған. Осы үлгілерді жасаған кезде
өнеокәсіптің 66 кәсіпорынын қарау тексерген. Оның жартысы банкротқа ұшырап,
жартысы жақсы жұмыс істеген. Ол мүмкін болатын банкроттықты болжау үшін
ұтымды болып келетін 22 талдау коэффициентін зерттеген. Банкрот болған
Америка фирмаларының қаржылық жығдайын гүлденіп өсіп келе жатқан
кәсіпорындар көрсеткішімен салыстыра отырып, олардың банкроттық
ықтималдылығына байланысты дәрежесін және салмақтылық коэффициентін
анықтап, бес негізгі көрсеткішті шығарған Э.Альтманның Жалпы түрдегі моделі
(несие қабілеттілік индексі) мына түрде көрсетіледі:

Z=1,2+К1+1,4*К2+3,3*К3+0,6*К4+0,1*К 5

Мұндағы:К1 – К5 келесі түрде есептеледі:
К1= меншікті айналым қаражаты барлық активтер
К2= Бөлінбеген табыс барлық активтер
К3= Пайыз бен салық төлегенге дейінгі табыс барлық

активтер
К4= Меншікті (акционерлік) капиталдың нарықтық бағасы
(жай және артықшылықты акциялар) қатыстырылған капитал (баланс бойынша
қарыз қаражатының сомасы)
К5 = Өткізуден түскен табыс барлық активтер

Э.Альтманның есептеуінше Z индексінің оңтайлы мәні - 2,675 болды.Осы
өлшеммен нақты кәсіпорын үшін есептелген несие қабілеттілік ирдексінің мәні
салыстырылады.

1-кесте. Банкроттық ықтималдылық дәрежесі

Z – есептің мәні Банкроттық ықтималдылық
1,81 және одан төмен өте жоғары 90 %
1,81-ден 2,70 дейін жғары 70%
2,71-ден 2,90 дейін сәйкес мүмкіндігі 40%
3,0 және одан жоғары өте төмен 20%
Ескерту – автормен құрастырылған: Альмагамбетова Г.А. Роль-Z прогнозных
моделей в факторном анализе кредитоспособности заемщика Банки
Казахстана - №6, 2005 г.

Америка экономисі Чессердің коммерциялық несиелерді бағалау моделінің
6 айнымалыларын ұсынған:
Х1 – кассадағы қолма қол ақшалар мен нарықтық бағалы қағаздардың актив
сомасына қатынасы;
Х2 – таза сату сомасының кассадағы қалма қол ақшаға және нарықтық
бағалы қағаздардың актив сомасына қатынасы;
Х3 – табыстың салықты және пайызды төлегенге дейінгі активтер сомасына
қатынасы ;
Х4 – жалпы қарыздың активтер сомасына қатынасы;
Х5 – негізгі капиталдың акционерлік капиталға қатынасы;
Х6 – айналым капиталының таза сату сомасына қатынасы.
Чессер қатар банктердің мәліметтерін, яғни 37 қанағаттандырылған және
37 қанағаттандырылмаған несиелер бойынша мәліметтерді пайдаланып, әрі
есеп жүргізу үшін қарыз алушы фирмалардан 1 жылдық баланс көрсеткіштері
алынған. Есеп көрсеткіштерінің моделін келісімшарт бұзылуының
ықтималдылығы формуласына қойып, Чессер зерттеп жатқан төрт жағдайдың
ішінде үшеуі дұрыс екендігін анықтап білген.
Батыс банктерінде ең көп пайдаланылатын әдістердің бірі – несиелік
скоринг (credit scoring). Скоринг әдісінің басты ерекшелігі негізінен жеке
тұлғаларды несиелеумен, яғни тұтыну несиесімен қамтамасыз етілмеген
несиелерді және қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау үшін қолданылады.
Шетелдік банктер жеке тұлғалардың несиелік қабілетін анықтаудың екі түрлі
өзара байланысқан әдістерін пайдаланылады. Біріншісі логикалық, яғни қарыз
алушының өзіндік қасиеттері мен қаржылық жағдайы туралы талдауды
таразылауды шамалау мен сараптық бағалауын болжауға сүйеніп отырады.
Сараптық бағалау бір көрсеткіштердің басқа көрсеткіштерден айырмашылығын
сипаттайды. Бар ақпаратты пайдалану арқылы банк маманы несиелік өтініш
берушінің жалпы бейнесін құруға және оны әр түрлі несиелік тәуекел
деңгейімен ассоциацияланған стандартты қарыз алушылармен салыстыруды
жүргізеді. Төлем қабілетін анықтаудың логикалық әдісі ,әдетте, мониторинг
желісінің дамуына байланысты тіркелініп, қарыз экономикасы дамыған елдердің
банктері несиелік бюролардың ақпараттық қызметтерін пайдаланып, сол арқылы
үнемі потенциалды қарыз алушылардың мүліктік және қаржылық жағдайы туралы
ақпараттарын шоғырландырып, қорытынды жасайды. Сөйтіп, АҚШ-тың 2000 астам
жеке ұйымдары көптеген мәліметтермен, яғни бір кездері қарыз алушы несиені
алғаны туралы, несиені өтеу тарихы туралы жәненесиелік рейтингісі туралы
жеке тұлғалардың ақпаратымен қамтамасыз етілген. Несиелік бюро келесі
мәліметтер түрімен қамтылған:
әлеуметтік-демографиялық мінездемелер;
соттық шешімдер (соттың талап етуімен байланысты несие бойынша қарыздық
жұмыстарын өткізеді);
банкроттық туралы ақпараттар;
жеке қарыз алушы туралы мәліметтерін несиелік ұйымдарынан сен-маған,
мен-сағанқағидасымен , яғни бір банк басқа банкке қарыз алушы туралы
ақпараттарды беріп, орынына басқа ақпараттарды алып отырса деген мағынаны
білдіреді.
Екінші бір қарыз алушылардың несиелік қабілетін анықтаудың кең тараған
әдістерінің бірі несиелік өтініштерді таңдап алудың скорингтік жүйесі.
Алғаш рет бұл әдісті 1941 жылы американ экономисі Дэвид Дюрон бұл жүйедегі
жинақталған мәліметтер базасын қадағалау кезінде жақсы және нашар
несиелер топтары бойынша пайдалануды ұсынды. Бұл несиелерді қайтару кезінде
Қаржылық, экономикалық, мотивациялық факторлардың әсер ету көлемін тауып
және бағалауға мүмкіндік береді. Әрбір шешуші фактор (көрсеткіш) балдық
негізде тәуекелділік деңгейіне сәйкес сандық мөлшерді алып отырады. Мұндай
саралаудың нәтижесінде факторлар бойынша топтастырылған үлкен балдық шкала
түріндегі кесте құрастырылады. Олардың мәліметтерін көрсеткіштермен
салыстыру жолымен несие бойынша өтініш беруді сипаттап, оның несие
қабілеттілігін бағалайды. Дағдарыс деңгейінен жоғары балл жинаған үміткерге
және атына кір келтіруші ақпараттар болған жағдайда, онда несие алу бойынша
өтініш қабылданбайды. Бұл скоринг әдісінің кешілігін көрсетіп, яғни егер де
қарыз алушы нашар несие тарихымен байланысты топқа жақын болатын болса,
онда оған несие берілмейді.Сондықтан да скоринг жүйесінің ең жоғарғы
автоматтандырылған деңгейі пайдаланылса да, субъективті араласу жағдайынан,
яғни несие инспекторының қосамша ақпарат көздері арқылы қарыз алушының
сенімсіз, күмәнді екендігін, алшын жағдайда жақсы немесе керісінше
болатындығын дәлелдейді. Сөйтіп, скоринг келесі сипаттамаларды қарыз
алушының сенімді немесе сенімсіз жағдайлармен байланысын көрсетеді.
Сонымен қатар, скоринг әдісінің тағы да бір құрылуының ерекшелігі – ол
негізгі үлгіде қолданылмауы тиіс, тек жеке әр банктің өзіндік
ерекшеліктерімен, яғни өзіне тән клиентурасына, мемлекеттің дәстүрін есепке
алу арқылы әлеуметтік-экономикалық шарттардың өзгеруіне байланысты
адамдардың мінез-құлқына әсер етуін әзірлеу керек. Скорингті енгізбес
бұрын, алдымен, әрбір банк қолданып жатқан үлгілердің тиімділігін талдауы
және несие алушылар мінездемелерінің және олардың шкалалық сандық бағаларын
түрлендіру қажеттігі негізінде жүргізуі қажет. Скоринг бойынша жеке қарыз
алушының несиелік қабілетін анықтауға мысал ретінде неміс банкінің моделін
келтіруге болады. Соның ішінде клиенттердің балдарын рейтинг үшін санау 12
көрсеткіш негізінде жүргізіліді:
1. Ақпарат. Егер клиенттің несие- сұрау бюросында қолайсыз ақпараттары
бjлмаса, онда ол 10 балл алады.
2. Қарызды өтеу қабілеттілігі: 60%-ке дейін - 0 балл , 61-ден 80% - ке
дейін 10 балл, 81-ден 100% -ке дейін - 20балл.
3. Қамтамасыз етудің болуы: 0- ден 25%-ке дейін - 1 балл, 25-тен 50 %
-ке дейін – 4 балл, 51-ден 75%-ке дейін 7 балл, 76-дан 100% ға дейін -12
балл, 100% аса - 20 балл.
4. Мүліктің болуы. Қолма қол мүліктің не қозғалмайтын, не бағалы
қағаздар, не болмаса банк салымдары үшін клиент – 10 балл алады.
5. Банктен бұрын алған несиелер. Егер клиент берілген несиелерді дұрыс
пайдаланылмаса, онда оны 5 балл бойынша бағалайды. Егер бұрын алынған несие
өз мерзімінде немесе ағымдағы шарт бойынша өтелген болса, онда ол 15 балл
алады. Кейде нашар тәуекелдер бойынша клиенттерді жатқызып, олар өте ерте
несиені қайтарса, онда банк олар үшін ешқандай табыс ала алмайды.
6. Біліктілігі: біліктілігі жоқ – 0 балл, көмекші қызметкерлер – 2,
мамандар – 3, қызметшілер – 9, зейнеткерлер – 13, басқарушы жұмысшылар – 13
балл.
7. Соңғы жалдаушының еңбек қызметі: бір жылға дейін – 0 балл, екі жылға
дейін -3, үш жылға дейін - 5, бес жылға дейін -8, бес жылдан көп -12,
зейнеткерлер – 0 балл.
8.Жұмыспен қамтылу саласы: мемлекеттік қызмет – 10 балл, басқа да сала
– 6 балл, зейнеткерлер -0 балл.
9.Өтініш берушінің жасы: жиырма жасқа дейін – 0 балл, жиырма бес жасқа
дейін – 2,отызға дейін -4, отыз беске дейін -8, елуге дейін -9, алпысқа
дейін – 11, алпыс жастан асқандар -16 балл.
10.Отбасылық жағдайы:үйленбеген – 8балл, үйленген -14, үйленген,бірақ
бөлек тұрады – 6, ажырасқан – 8, бойдақ – 8 балл.
11.Тұрғын үйді жалдау тәсілі.Үйі жоқ – 0 балл, үйді жалдап тұратындар –
5, меншікті үйі бар -0 балл.
12. Асыраудағы жандар саны: жоқтар – 0 балл, біреу -7, екеу – 5, үшеу –
2,үштен көп -0 балл.
Несиелеу мүмкіндігі туралы соңғы технологияның шешімі мынада: үміткер
81 балдық сома жинаса, экономист өзі оң шешім қабылдайды, ал 61 – ден 80
балға дейін жинаса, онда жоғары тұрған менеджердің рұқсатын сұрайды.
Рейтингісі 60 балдан төмен болса клиенттің несие өтініші қабылданбайды.
Басқа да жеке тұлғалардың несие қабілетін бағалау сапасының скорингтік
тәсілі француз банкі Credit Agricol қолданылады:
- несиенің мақсаты (ақшалай қарызды беруде 0 балдан көлік сатып алу
үшін 100 балға дейін);
- мәмілені қаржыландыруда кленттің қатысуы ( қолма қол ақшамен 10%
төлеген жағдайда - 0 балл, 10-45% ға дейін – 30, 45% дан жоғары –
50балл);
- отбасылық жағдайы (ажырасқан жұбайлар үшін 0 балдан, балаларының
саны үшеуден көп 60 балға дейін);
- жасы (25 жастан төмендерге 0 балдан, 65 жастан жоғарыларға 100 балға
дейін);
- мамандығы (студенттер үшін 0 балдан,мемлекеттік қызметкерлер үшін
100 балға дейін);
- -жұмыспен қамтылғандар (бір жылға дейінгілер 0 балдан, ал төрт
жылдан жоғары 100 балдан);
- таза жылдық табыс (9 000 евроға дейін 0 балдан, 25 000 евродан
жоғары 100 балл);
- қозғалмайтын мүлікті иелену (үйді жалдап тұру – 0 балл, жеке үйлері
барлар - 80 балл);
- несие мерзімі (бір жылдан төмен 140 балдан жоғары, екі жылдан жоғары
0 балл);
- банк шатындағы сомасы (800 евродан төмен қалдық үшін 0 балл,7 500
евродан көп қалдық үшін 150 балға дейін);
Егер потенциалды қарыз алушы 510 балдан жоғары жинаса, онда банк несие
беру өшінішін қанағаттандырады, 380-509 балдар үшін несиелеу шарттарын
қосымша талдау жүргізіледі (сомасы, несие мерзімі, кепілдіктер), 380
балдан төмен жинаса, онда несие берудегі қолдаулардан бас тартады.

2. Коммерциялық банктерде қарыз алушының несиелік қабілетін талдау
тәжірибесі ( Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның мәліметтеріне сүйене
отырып)

2.1. Клиенттерге несие беру процесін ұйымдастыру

Қазақстан халық банкінде жеке тұлғаларды несиелендіру кезеңдері:
1-кезең – кеңес беру және алдын ала біліктілігін көтеру
өтініш беруші келген кезде несиелік маман:
- қарызда қандай бағытта және мақсатта пайдалануды жоспарлап
отырғандығын, қарыздың сұралған мерзімі мен сомасы, болжанған
қамтамасыз ету;
- өтініш беруші ұсынған мәліметтер негізінде бағдарламаны анықтайды.
Қазақстан халық банкінде жеке тұлғаларды несиелендірудің
мынандай бағдарламалары бар:
Халық бағдарламасы
Банк салымының кепілдігімен деген бағдарлама
Кезек күттірмейтін мұқтаждықтар үшін - lights бағдарлама
Іске қосылуға дайын тұрған жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін
деген бағдарлама;
Салынып жатқан жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін деген
бағдарламасы;
Авто lights деген бағдарламасы;
Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін деген бағдарлама;
Жеке құрылыс салу және тұрғын үйді жөндеу үшін деген
бағдарлама;
Дербес құрылыс және тұрғын үйді жөндеу бағдарламасы;
Білім алуға ақы төлеу үшін берілетін қарыз деген бағдарлама;
Заңды тұлға кепілдемесімен деген бағдарлама;
Банктің жалақы жобасына қатыспайтын жеке тұлғаның
кепілдемесімен деген бағдарлама;
Ипотека lights бағдарламасы;
Кезек күттірмейтін мұқтаждықтар үшін деген бағдарлама.
- қарызды ұсыну тәртіптері мен шарттарын таныстарады және банктің
қарыз алушыға (кепілгер)талаптарын және қарыз алушыға қажет
құжаттармен таныстырады;
- табыс өтініш беруші, кепілгер міндеттемелері, оның статусы,
Банктің жалақы жобасына қатысуына және табыстар мен ұсынылған
қамтамасыз ету туралы ақпаратты құжаттық дәлелдеу мүмкіндігіне
қатысты өтініш беруші мен кепілдердің алғашқы ( ауызша және
жазбаша) ақпараттары негізінде оның алдын ала біліктілігін
жүргізу.
2-кезең - құжаттарды қабылдау, яғни өтініш берішінің алдын ала
біліктілігі нәтижесі оң болған кезде несиелік маман 1-кестеде көрсетілген
құжаттарды сұрастырады. Бұл несиелік құжаттарды қабылдау кезеңінің бірінші
сатысы. Кезеңінің екінші сатысы қажетті құжаттардың түпкілікті тізімі
бағдарламалармен анықталады. Бұл аталған құжаттар несие алу үшін стандартты
түрде бекітілген тізім емес.

2-кесте. Несиелік маман өтініш берушіден қабылдайтын стандартты құжаттар
тізімі

№ Жалақы Жалақы жобасына қатысушы емес
жобасына
қатысушы
1. Өтініш беруші ұсынатын құжаттар
1.1.Өтініш - анкета
1.2.Жеке бас куәлігінің көшірмесі және оны салысрыру үшін түпнұсқа
1.3. Өтініш берушінің РНН
1.4.Қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын мүліктік құжаттардың көшірмесі мен
түпнұсқасы
1.5 Қосымшасы бар мөр мен қол арқылы расталған соңғы 6 айлық
табыс туралы анықтама:
қол және мөрмен расталған өтініш беруші ИПС-тен
көшірілім;
МЗТО зейнетақы туралы ақпарат алғаны үшін коммисиялық ақы
төлегендігін дәлелдейтін түпнұсқаның көшірмесі
6. Негізгі немесе қосымша қамтамасыз ету ретінде ұсынылған ақша
қаражаттарының туралы ағымдағы шоттан көшірілім.
7. Белгіленген тәртіп бойынша несиелік бюродан қарыз алушы туралы
ақпараттар алуға келісім.
1.8.Берілген тәртіпте несиелік есеп беруге қарыз алушының келісімі.
2. Егер қарыз алушының (кепілгердің) табысын құжаттық растау қажет болған
жағжайда, несиелік маманның толақтыратын құжаты
2.1.Соңғы 6 Өтініш беруші абыстар туралы ғана анықтама терген
айға жағдайда, зейнетақы аударымарынрастайтын құжаттар
картшот
немесе
ағымдағы
шоттан
түбіртек
Ескерту – автормен құрастырылған: 13.01.2006ж. №384 Қазақстан Халық
Банкі АҚ-ның Жеке тұлғаларға несие беруді ұйымдастыру ережесі
мәліметтері негізінде жасалған

Өтініш берушіден барлық құжаттарды алғаннан кейін несиелік маман:
1. Қабылданған құжаттардың толық және дұрыс толтырылғандығын тексереді:
1. Өтініш беруші анкетасының толық бейнеленгендігі;
2. Анкетада берілеген мәліметтер нақты тіркелген және өмір сүріп жатқан
орны көрсетілгендігі.
1. Өтініш беруші, кепілгер, кепіл берушінің құқықтық статусын тексеру
жүргізіледі:
1. Жеке бас куәлігінің нақтылығын(құжаттың түпнұсқасында су белгілерінің
және мемлекеттік белгілеулер бар екендігін ультрофиолет арқылы
тексереді,құжат көшірмесін оның түпнұсқасымен салыстырады). Тексеріс
нәтижесі бойынша жеке бас куәлігінің көшірмесінде тексеріс жүргізген
қызметкердің мәліметтері мен қол таңбасының бейнесі бар “Ультрофиолет
арқылы тексерілді” деген белгі қойылады.
2. Қарыз алушы мен кепілгердің Ереженің жалпы баптарына жасының сәйкес
келуін тексереді.
2. Біреуі өтініш берушіге берілетін одан қабылданған құжаттар тізімдемесін
екі данада құрастырады.
3. Несиелік өтініш есеп журналына несиелік өтінішті тіркейді. Өтініш тіркеу
күні және тіркеу нөмері бейнеленеді.
4. Тізімде өтініш берушілердің мәліметтерінің барылығы мен тексеріс
нәтижесі жоба бойынша резюмеде бейнеленетін несиелік өтініште белгі
жасайды.
5. Мәліметтер базасы боған жағдайда несиелік тарихтың бар екендігіне алдын
ала тексеріс жасайды.
6. Егер өтініш беруші немесе кепілгер жалақы жобасына қатысушысы болып
табылса, онда несиелік маман Банк филиалының бөлімшесіне сәйкес ағымдағы
және карт шоттан көшірілім ұсыну туралы электрондық сұрау жасайды.
7. Өтініш беруші немее кепілгердің Банкпен ерекше қатынаста байланысы бар
тұлғалар қатарына кірмейтіндігін тексеру;
8. Орындаушы қол таңбасын қоя отырып, анкетаның келесі жағына бақылаушы
қоңырау шалу нәтижесі мен күнін көрсетіп, анкетада берілген телефон
нөмірлеріне қоңырау шалады.
3-кезең - өтініш берушінің андеррайтингі, яғни несиелік өтініш
тіркелгеннен кейін, несиелік маман қтініш беруші мен кепілгердің
андеррайтингін жүзеге асырады. Демек, олардың несиелік және төлем қабілетін
анықтайды. Бұл туралы 2.2.бөлімінде толық қарастырылған.
Андеррайтинг нәтижесінде несиелік маман қарыз ұсыну мүмкіндіктері
туралы резюме қарастырады. Резюмеде ұсынылытын сома мен қарызды ұсыну
шарттары көрсетіледі.
4-кезең – шешім қабылдау, яғни несиелік маман несиелік пакет құрастыра
отырып, Банк еесе Банк филиалының уәкілетті органына несиелік өтінішті
қарастыруға береді. Уәкілетті органның жоба бойынша келесі шешімдердің
бірін қабылдауға құқығы бар:
- қарызды ұсыну (қарыздың сомасын өшіру мерзімін және сыйақы
мөлшерлемесіннің көлемінкөрсете отырып);
- қарызды ұсынудан бас тарту;
- банк немесе оның филиалының уәкілетті органына қарастыуға беру.
Банк, не банк филиалдары уәкілетті органның жоба бойынша шешімін
қабылдауы олар қабылдаған шешімді сол шешімге сәйкес жазбаша түрінде
тікелей жоба бойынша резюме құжатында бейнелеу жолымен жүргізіледі.
Банк, не онын филиалының уәкілетті органы қарыз ұсынудан бас тарту
туралы шешім қабылдаған жағдайда несие маманы:
- өтініш берушінің талабы бойынша өтініш берушіге жазбаша хабарлайды;
- несиелік өтініш журналында сәйкес келетін белгі жасалады;
- өтініш берушінің несиелік өтінішін қоспағанда, оның несие алу үшін
ұсынған құжаттарын қайтарады.
Өтініш беруші банктен жоба бойынша оң шешім қабылдағаннан кейін,
меншік қаражаттарымен ол иемденетін мүлік құнына алғашқы төлем жүргізеді.
Алғашқы төлем тікелей мүлік сатушыға қолма-қол немесе қолма-қолсыз
нысанда жүргізіледі.
5-кезең – қарыз келісімін рәсімдеу, яғни банк, не оның филиалдары
қарызды ұсыну туралы шешім қабылдаған жағдайда және заң кеңісшісінің
ескертуін жойған кезде, несие маманы:
- банктік екі немесе үш жақты келісімшарттының екі немесе үш данасын
даярлайды;
- қарызды өшіру кестесінде қарастырылған көлемде шоттан ақша қаражатын
аударуға ұзақ мерзімді тапсырыстың екі данасын құрастырады;
- жеке немесе заңды тұлғаның кепілділігінің екі данасын немесе ұсынылған
қамтамасыз ету түрлері бойынша екі немесе үш ( егер кепіл беруші
ретінде үшінші тұлға шықса) жақты келісімшарттың екі немесе үш
(тіркеуші органында мүлік кепілі туралы келісімшартын тіркеу қажет
болса) дана көшірмесін өткізеді.
Несие алу үшін қарыз алушы банкке несиенің мақсаты, бағыты, сомасы,
пайдалану мерзімі, өтеудің нақты мерзімі, сонымен қатар несиеленетін
шаралардың қысқаша сипаттамасы және оны жүзеге асырудың экономикалық
тиімділігі көрсетіліп, негізделген жазбаша арызбен немесе өтінішпен (3 дана
толтырылады) барады.Сол кезде ол банкке несие шоттарын ашу үшін қажет арыз-
мінездеме береді. Несие шоттары банкке есеп айырысу шотын ашу арқылы
ашылады.
Несие алу үшін қарыз алушы оны пайдалану мерзіміне тәуелсіз банкке
құжаттарды өткізеді:
- несиеленетін шаралардың жоспарланған шығындары,несие өтелетін айналым
активтерінің және күтілген түсімдер қозғалысының есебі бар техникалық-
экономикалық негіздемелері;
- қарыз алушының қаржылық жағдайың, несие өтелетін айналым аквитерінің
және күтілген тісімдер қозғалысың есебі бар техникалық-экономикалық
негіздемелері;
- банк тәжірибесінде қабылданған нысандар бойынша несиені өз уақытында
қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер (жедел міндеттемелер,
кепіл міндеттемелері, кепілдемелер, кепілдікке алу, сақтандыру куәлігі
және басқалар).
Қажет болған жағдайда банк сол орында алдын ала тексеру жүргізуі және
қарыз алушының қаржы-экономикалық қызметі туралы аудиторлық ұйымның
қорытындысын талап етуі мүмкін.
Қарыз алушының несиелік қабіліті туралы ақпарат көздері болып
келесілер табылады:
- қарыз алушымен келіссөз жүргізу;
- орындағы инспекция;
- қарыз алушының анкетасын және қаржы есебін талдау;
- жабдықтаушылар мен сатып алушылар жөніндегі банктің
міндеттемелері;
- ҚР-сы ҰБ-нің несиелік тіркеліміндегі ақпаратты қоса есептегенде басқа
да сыртқы көздерде.
Несиелік келісімшарт жасауға дейін қарыз алушыдан арыз және қажет
құжаттарды алған кезде, банк кәсіпорынның өзінің қарыз міндеттемелері
бойынша толық және бекітілген уақытта есепке алынады және жаңа несие алу
алушының несиеге қабілітін талдау қажет. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның
несиеге қабілеттілігі, несие алу құқы және мүмкіндігі талданады. Ол алдыңғы
несиелер бойынша есептесу кезіндегі ұқыптылығы, ағымдағы қаржы жағдайы және
қажет болған кезде ақша қаражаттарының әр түрлі көздерін жұмылдыра алу
мүмкіндігімен сапатталады.
Несиелік қабілетті талдаудың мақсаты – банкпен несиелеу мүмкіндігі
және шарттары туралы мәселені шешу алдында анықталатын қарыз алушыға
сапалық баға беру, клиенттің қарызға алған қаржыны несие шарттарының
баптарына сәйкес қайтаруға қабілеттілігі меннесиелік салымдарының мақсатқа
сайлығын және банк пен қарыз алушы арасындағы несиелеу тұрғысындағы алдағы
қатынастың негізділігін және дұрыстығын бағалау ( несиелеуді жалғастыру,
тоқтату,ұқыпсыз қарыз алушыға санкцияларды қолдану).
Кәсіпорынның қызметіне талдау жүргізбестен бұрын банк төмендегідей
жұмыстарды жүргізуі керек:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау
Тұтыну несиесі жайлы
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің тұрғындарды несиелеуі, несие жүйесіндегі мәселелері және даму жолдары
Тұтыну несиесінің экономикалық мәні
Тұтыну несиесі жайлы мәлімет
Коммерциялық банктерде тұтыну несиелерін беру тәртібі
Тұтыну несиелері
Тұтыну несиесінің негізгі мақсаты - халыққа тұтыну тауарларын сатуды ынталандыру
Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалаудың экономикалық негізі
Коммерциялық банктердің несие саясаты туралы
Пәндер