Курск доғасы шайқасындағы Қазақстандықтардың ерлігі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4.8

І.Тарау. КУРСК ДОҒАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9.20

1.1. Курск доғасындағы шайқас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9.20


ІІ.ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ
ЖЫЛДАРЫНДА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21.31

2.1. Курск шайқасындағы Қазақстандықтардың ерлігі ... ... ... ...21.23

2.2.ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰРАМАЛАРДЫҢ ЖЕҢІСПЕН ӨТКЕН ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24.26

2.3. МАЙДАНГЕР ЖАУЫНГЕРЛЕРДІҢ ЕРЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26.31

ІІІ.ТАРАУ. ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЫЛ ЕҢБЕГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32.53

3.1. ӨНЕРКӘСІП ПЕН ТРАНСПОРТ МАЙДАН
ҚЫЗМЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32.53


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54.56

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57.61
1943 ж. жазда өткен әйгілі Курск шайқасында жеңіске жеткен Қызыл Армия бөлімдері жаппай шабуылға шығып, Украина мен Белорусьті азат етуге кірісті (к. Курск шайқасы). Германияның негізгі күші шығыс майданда болғанын пайдаланған одақтастар 1943 ж. жазда Сицилияны басып алып, Апенин түбегіне беттеді. Одақтастардың шабуылы мен антифашистік қозғалыстың күшеюі нәтижесінде шілденің аяғында Италияда Муссолини үкіметі қүлап, П.Бадальо бастаған жаңа үкімет 3 кыркүйекте АҚШ-пен, Ұлыбританиямен уақытша бітім жасасты. Алайда гитлершілер қосымша күш жіберіп, Италия армиясын қарусыздандырып, елді толығымен басып алды. 1943 ж. өткен Каир және Тегеран конференцияларында ағылшын-американ үкіметтері 1944 ж. мамыр айында Бат. Еуропада екінші майдан ашуға келісті, ал Кеңес Одагы Германиямен соғыс аяқталғаннан кейін Жапониямен соғысуға міндеттенді. Соғыстың 4-кезеңі (1944 ж. 1 қаңтар — 1945 ж. 8 мамыр). Одақтастар барлық майданда жаппай шабуылға шықты. 1944 ж. қысқы және көктемгі шабуыл нәтижесінде Қызыл Армия Румыния жеріне өтті. Жазғы және күзгі шабуылдардан кейін 19 қыркүйекте Финляндия Мәскеуде уақытша бітім жасасты. Кеңес армиясы Польша және Шығ. Пруссияға келіп кірді. Оларға поляк армиясы көмектесті. АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері 1944 ж. 6 маусымда солт.-батыс Францияда екінші майдан ашты. Одақтастар армиясы француз партизандарының көмегімен герман әскерлерін Франциядан ығыстырып шығарды. 1944 ж. шілде — караша айларында Қызыл армия Балтык бойын, Румынияны азат етіп, Болгария шекарасына келіп жетті. Жаңадан қүрылған румын және болгар үкіметтері Германияға соғыс жариялады. 20 қыркүйекте чехословак әскери бөлімдері кеңес армиясының көмегімен Чехословакияны азат ете бастады. Қызыл Армия бөлімдері Югославия халық-азаттық армиясының және болгар әскерлерінің көмегімен Югославияны, казан айынан бастап, Венгрияны азат етуге кірісті.
1943 ж. жазда өткен әйгілі Курск шайқасында жеңіске жеткен Қызыл Армия бөлімдері жаппай шабуылға шығып, Украина мен Белорусьті азат етуге кірісті (к. Курск шайқасы). Германияның негізгі күші шығыс майданда болғанын пайдаланған одақтастар 1943 ж. жазда Сицилияны басып алып, Апенин түбегіне беттеді. Одақтастардың шабуылы мен антифашистік қозғалыстың күшеюі нәтижесінде шілденің аяғында Италияда Муссолини үкіметі қүлап, П.Бадальо бастаған жаңа үкімет 3 кыркүйекте АҚШ-пен, Ұлыбританиямен уақытша бітім жасасты. Алайда гитлершілер қосымша күш жіберіп, Италия армиясын қарусыздандырып, елді толығымен басып алды.
1. Айтуғанова А. Сол күндердiң өшпес даңқы: Курск шайқасына - 60 жыл // Орт. Қазақстан.- 2003.- 26 тамыз.-2 б.
2. Ақсұңқарұлы С. Қасiрет пен қасиет: Ұлы Жеңiске-55 жыл // Орт. Қазақстан.- 2000.-6 мамыр
3. Ақынов Ә. Ұлы Отан соғысы тарихындағы Қарқаралы беттерi // Қарқаралы.- 2001.-5 мамыр
4. Алдашева Р. Даламның иiсi бұрқырап: Ешкiм де ұмытылмайды // Темiртау.- 2004.- 6 мамыр
5. Алдашева Р. Сұрапыл соғыста медсанбаттың сарбазы болған. Жеңiстi жақындатқандар // Темiртау.- 2003.- 8 мамыр
6. Алпысұлы С. Әкесiн алпыс жыл iздеген азамат: Ұлы Отан соғысында Қарағанды облысынан 45 мың жас жiгiт майданға аттанып, олардың 18 мыңы оралмаған // Орт. Қазақстан.- 2002.- 14 желтоқсан.-13 б.
7. Алпысұлы С. Ерлiкке өрiлген өмiр: [Ұлы Отан соғысының мүгедегi, филология ғылымының кандидаты, доцент Қ.Лекеров туралы]// Орт. Қазақстан.- 2000.-19 сәуiр
8. Алпысұлы С. Зұлматты алғаш көргендердiң бiрiмiн // Орт. Қазақстан.- 2003.- 21 маусым.-9 б.
9. Алтайбаева С. Ерлiк ешқашан ұмытылмайды: Ұлы Жеңiстiң 60 жылдығына // Темiртау.- 2004.- 16 желтоқсан.-2 б.
10. Аманбаев Қ.Ә. Соғыстың соңғы солдаттары: Жеңiс күнi қарсаңында // Орт. Қазақстан.- 2004.- 1 мамыр.-5 б.
11. Аманжолов Қ. Бүгiн майдың отыз бiрi: [Жауынгер дәптерiнен]// Орт. Қазақстан.- 2001.-8 қыркүйек, Қарқаралы.- 2001.-8 қыркүйек
12. Аманжолов Қ. Естен қалмас бiр оқиға: [Жауынгер дәптерiнен]// Орт. Қазақстан.- 2001.-8 кыркүйек
13. Ахметжанов Қ. Отан үшiн от кешкен // Қарқаралы.- 2002.- 9 мамыр
14. Әбдiразақов Т. Қиянат пiкiрге халық сенбейдi: Ұлы Отан соғысы тарихын бұрмалаушылар туралы// Орт. Қазақстан.- 2000.-6 мамыр
15. Әбеу Б. Жауынгердiң жүрегi ақ сөйлейдi: [Соғыс және еңбек ардагерi Ж.Ранов туралы]// Орт. Қазақстан.- 2000.-22 наурыз
16. Әбеу Б. Партизан: [Қаппас Әлиакпаров туралы]// Орт. Қазақстан.- 2000.-15 сәуiр
17. Әбiлда Қ. Асылдың сынығы: Ардагерлер арамызда // Орт. Қазақстан.- 2004.- 8 мамыр.-7 б.
18. Әбiлдин Қ. Бұғанамыз бекiген сұрапыл жылдар// Орт. Қазақстан.- 2001.-9 мамыр
19. Әбiлдин Қ. От ортасынан оралған немесе сұрапыл соғыстың сонғы сарбаздарының бiрi Тұрмысбаев туралы бiр үзiк сыр // Орт. Қазақстан.- 2003.- 9 мамыр.-8, 9 б.
20. Әденұлы Р. Соғыс жылдарындағы соқпақтар: Ұлы Жеңiске - 57 жыл // Ұлытау өңірi.- 2002.- 9 мамыр
21. Әзиев Ә. Майдан сарбаздары - Бауыржан мен Әзiлхан: Естелiк// Орт. Қазақстан.- 2000.-26, 29 сәуiр
22. Әлiмбаева Г. От кешкен // Абай-Ақиқат.- Абай, 2002.- 27 сәуiр
23. Әлiұлы С. Қаражалдың қадiрлi қарты: Ардагерлер арамызда // Орт. Қазақстан.- 2004.- 27 сәуiр.-12 б.
24. Базарбай М. Қарқаралы қыраны немесе аяулы Ахметбек пен "Азалы ана"// Қарқаралы.- 2000.-6 мамыр
25. Байболсынұлы М. Балатон шайқасы: Майдангер естелiгiнен // Сарыарқа.- Жезқазған, 2004.- 8 мамыр
26. Байсерiкұлы С. Есiмде менiң сол жылдар: Ұлы Отан соғысына - 60 жыл// Қарқаралы.- 2001.-30 маусым
27. Байтұрсын Т. Жөргекте қалған нәресте әкесi жерленген бауырластар қорымына барып қайтпақ // Орт. Қазақстан.- 2003.- 21 маусым.-8 б.
28. Барманқұлов Ш. Отты жылдар естелiгi: Соғыс ардагерi Ш.О.Барманқұловпен әңгiме /Әңгiмелескен А.Асылханұлы// Қарқаралы.- 2000.-22 сәуiр
29. Башар Ж. Ұлтым үшiн қуандым: [Шет ауданының құрметтi азаматы Ж.Құтжанов туралы]// Орт. Қазақстан.- 2000.-3 мамыр
30. Бейсеұлы Е. Елге еңбегi сiңген ардагер: [Соғыс және еңбек ардагерi М.Қожабергенов туралы]// Орт. Қазақстан.- 2002.-27 наурыз
31. Бек М.М. Майданнан келген соңғы хат // Ұлытау өңiрi.- 2002.- 9 мамыр
32. Бекенов Қ. Бұл шешушi күрес едi: ҰОС ардагерi Қ.Бекеновпен әңгiме / Әңгiмелескен С.Жанысбай // Орт. Қазақстан.-2004.- 6 шiлде.-9 б.
33. Бекмаханұлы И. Майданға екi рет барып қайтқан соғыс ардагерi Төлеген Сансызбаевтың басынан кешкен жорық жолдары // Сарыарқа.- Жезқазған, 2004.- 21 сәуiр
34. Боздақтар. 1941-45 ж.Ұлы Отан соғысы жеңiсiнiң 50 жылдығына арналады / Бас ред. Р.Н.Нұрғалиев.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1994.- 496 бет.
35. Бөкенбаев Н. Болашақ үшiн күрестiк: Майдангер лебiзi // Сарыарқа.- Жезқазған, 2001.-9 мамыр
36. Бiләлқызы Ә. Ескiрмейтiн естелiк // Орт.Қазақстан.- 2004.- 8 мамыр.-9 б.
37. Бiлгiшбайқызы Ш. Майдан командирiнiң соқпақ жолы // Нұра.- Киевка, 2001.-5 мамыр
38. Досжан Д. Тәуелсiздiк – тәттi сөз емес... // Орт. Қазақстан.- 2001.- 7 сәуiр
39. Еңсебаев К. Жауынгер өткен жол // Сарыарқа.- Жезқазған, 2001.-9 мамыр
40. Есеева Б. Адам тағдыры: [Соғыс ардагерi С.Сейiлов туралы] // Абай хабаршысы.- 2000.-6 мамыр
41. Жанғожин А. Елу бес жылға созылған "iссапар": [В.Г.Саламатов туралы]// Орт. Қазақстан.- 2000.-2 желт.
42. Жанғожин А. Ерлiк даңқы өшпейдi: Ұлы Жеңiске-55 жыл// Орт. Қазақстан.- 2000.-10 мамыр
43. Жанғожин А. Қарағандылықтар Отан үшiн шайқаста: Қазыналы қарашаңырақ / Е.Лұқпан// Орт. Қазақстан.- 2003.- 30 желтоқсан.-8 б.
44. Жанысбаев З. Өшпес ерлiк өнегелi ғұмыр: Майдангер ұрпағы сыр шертедi // Сарыарқа.-Жезқазан 2003.- 9 мамыр
45. Жанысбай С. Солдат сәлемi: 9 мамыр - Жеңiс күнi // Орт. Қазақстан.- 2003.- 9 мамыр.-16 б.
46. Жанысбай С. Шығыс майдан жауынгерi: [Д.Ысқақұлы туралы]// Орт. Қазақстан.- 2000.-3 мамыр
47. Жармағанбетұлы М. Ағайындылар: Соғыс жаңғырығы // Мысты өңiр.- Жезқазған, 2003.- 9 мамыр.-5 б.
48. Жәбекұлы Т. Батырдың ұрпағы //Қарқаралы.- 2004.- 15 мамыр
49. Жұмасұлтанов Ә. Соғыс жылдарында: Мемуар // Орт.Қазақстан.- 2004.- 8 мамыр.-10 б.
50. Жүнiсұлы О. Ұлы Жеңiс - тарихтың парақтары // Орт. Қазақстан.- 2004.- 13 мамыр.-3 б
51. Зинчук Д. Әйгiлi Кожедубтың механигi // Орт. Қазақстан.- 2002.- 1 мамыр
52. Зинчук Д. Ғұмыр бойы алдыңғы қатарда: Ұлы Жеңiске- 60 жыл// Орт. Қазақстан.- 2004.- 25 желтоқсан.-4 б.
53. Иманғалиұлы Қ. Марқасқасы қаламыздың Қалекең: Қарағанды қаласына - 70 жыл // Азия Транзит.- 2004.-N2.-30-31 б.
54. Имаш Е. Батырлықтың бағасын халқы бередi: [Соғыс және еңбек ардагерi Е.Шайымов туралы]// Орт.Қазақстан.- 2000.-11 наурыз
55. Исин С. Қарт майдангер: Хаттар сөйлегенде// Сарыарқа.- Ульяновка, 2000.-22 сәуiр
56. Кәкiмжанұлы Ж. Олар Отан үшiн күрестi// Орт. Қазақстан.- 2000.-13 мамыр
57. Қабдоллақызы Т. Қос бәйтерек: Ардагерлер арамызда // Орт. Қазақстан.- 2004.- 29 қаңтар.-4 б.
58. Қабирахманова А. Ел басына төнген жыл едi // Сарыарқа.- Ботақара, 2002.- 9 мамыр
59. Қаһарман қарағандылықтар. Герои- карагандинцы. – Қарағанды: Болашақ- Баспа, 2000.- 146 б.
60. Қарабалин Ұ. Қара түндей қасiрет: Новелла // Орт. Қазақстан.- 2002.-8 мамыр
61. Қасенов М. Елдiң шегi - шекараны күзеттiм: Естелiк // Орт. Қазақстан.- 2000.-26 сәуiр
62. Қасымжанов Е. Сұрапыл жылдар ойраны // Қарқаралы.- 2001.-5 мамыр
63. Қауысов Б. Батыстан балдақпен қайтқан жауынгер: Ұлы Жеңiске-55 жыл // Орт. Қазақстан.- 2000.-19 сәуiр
64. Қауысов Б. Елi үшiн жалғыздар да жауға шапқан: Соғыс ардагерi А.Бекешин туралы// Орт. Қазақстан.- 2000.- 22 сәуiр
65. Қауысов Б. Өлiм мен өмiр арасы // Орт. Қазақстан.- 2003.- 23 тамыз.-4 б.
66. Қожабергенов М. Ақ жарқын достың бейнесi: Жақсының аты өшпейдi // Орт. Қазақстан.- 2004.- 8 мамыр.-5 б.
67. Қойбағаров Х. Есiмi елдiң есiнде: Ұлы Отан соғысының партизаны Ғ.Омаров туралы// Қарқаралы.- 2000.-29 сәуiр
68. Қойбағаров Х. Днепр батыры: Ұлы Жеңiстiң 58 жылдығы қарсаңында // Қарқаралы.- 2003.- 26 сәуiр
69. Қырықбайқызы Б. Қаһарлы күндер // Абай-Ақиқат.- 2003.- 8 ақпан
70. Лұқпан Е. Әскери дәрiгер: Р.Көшкiмбаева туралы // Орт. Қазақстан.- 2000.- 3 мамыр
71. Лұқпан Е. Берлин үшін шайқас // Орт. Қазақстан.-2005.-13 қаңтар.- 10 б.
72. Лұқпан Е. Дос туралы сыр: Жаңа кiтап // Орт. Қазақстан.- 2003.- 14 тамыз.-8
73. Лұқпан Е. Европаны азат ету //Орт. Қазақстан.- 2005.-6 қаңтар- 10 б.
74. Лұқпан Е. Курск иiнiнде: Ұлы Жеңiстiң 60 жылдығы қарсаңында // Орт. Қазақстан.- 2004.- 4 желтоқсан.-6 б.
75. Лұқпан Е. Күркiреп күндей өттi ғой соғыс..: Ұлы Жеңiстiң 60 жылдығы қарсаңында // Орт. Қазақстан.- 2004.- 19 қазан.-5 б.
76. Лұқпан Е. Ленинград қоршауын бұзу: Ұлы Жеңiстiң 60 жылдығы қарсаңында // Орт. Қазақстан.- 2004.- 23 желтоқсан.-6 б.
77. Лұқпан Е. Москва үшiн шайқас: Ұлы Жеңiстiң 60 жылдығы қарсаңында // Орт. Қазақстан.- 2004.- 13 қараша.-7 б.
78. Лұқпан Е. Өмiр өткелдерi: [соғыс ардагерi М.Б.Қожабергенов туралы]// Азия Транзит.- 2004.-N10.-10-13 б.
79. Лұқпан Е. Солдаттың үшбу хаттары: Күркiреп күндей өттi ғой соғыс // Орт. Қазақстан.- 2004.- 8 мамыр.-6 б.
80. Лұқпан Е. Панфиловшылардың соңғы тұяғы: Майдангер Мүтәш Қожабергеновтың балалық шағынан // Орт. Қазақстан.- 2003.- 30 қыркүйек.-4,
81. Лұқпан Е. Порт-Артурдан келген хат// Орт. Қазақстан.- 2001.-4 қазан
82. Мағзұмұлы Қ. Он үш жасында орден алған: [Р.Шамжанова туралы] // Орт. Қазақстан.- 2002.-8 мамыр
83. Мақаш Д. Тоқсаннан асқан ақсақал: Қарағандының кешегi тiрлiгiнiң тiрi шежiресi // Орт. Қазақстан.- 2004.- 12 аєпан.-7 б.
84. Мекей Б. Үзiлмеген үмiт: Новелла // Абай-Ақиқат.- 2001.- 21 сәуiр
85. Орайханұлы С. Тыртық: 9 мамыр - Жеңiс күнi // Азия Транзит.- 2003.- N5.-8
86. Сағынтай С. Қаһарлы "Катюшаның" командирi // Орт. Қазақстан.- 2004.- 8 мамыр.-4 б.
87. Сағынтай С. Сүмблiленiң шоқ жұлдызы: Эссе // Орт. Қазақстан.- 2003.- 9 мамыр.-9 б.
88. Сәдуақасұлы Е. Қан кешу жылдары: Ұлы Жеңiске-55 жыл// Орт. Қазақстан.- 2000.- 10 мамыр
89. Сексенұлы С. Бес жыл мұз жастанып, от кешкен 18 майдангер // Орт. Қазақстан.- 2002.- 8 мамыр
90. Сексенұлы С. Жарқылдап өткен ғұмыр: М.Рымжанұлының - 80 жылдығына // Орт. Қазақстан.- 2000.- 6 желтоқсан
91. Сексенұлы С. Сарғайған бiр жапырақ қағаздың сыры // Орт. Қазақстан.- 2001.- 12 мамыр
92. Сексенұлы С. Сегiз жыл солдат болған майдангер // Орт. Қазақстан.- 2003.- 9 мамыр.-8, 9 б.
93. Смағұлов Ғ. Жалынды жылдар жылнамасы: Жаңа кiтап // Орт. Қазақстан.- 2004.- 8 мамыр.-16 б.
94. Смағұлов Ғ. Есiнде отты жылдар белестерi // Орт. Қазақстан.- 2004.- 8 мамыр.-5 б.
95. Смағұлов Ғ. Отан үшiн от кешкен // Орт. Қазақстан.- 2003.- 9 мамыр.-7 б.
96. Соболев А.Н. Ерлiкке тағзым ете беремiз: Курск иiнiндегi шайқасқа - 60 жыл // Сарыарқа.- Жезқазған, 2003.- 8 тамыз
97. Тайтөлеу Ж. Аруағыңа бас иемiз, аяулы аға!.: Соғыс майдангерi Ы.Халықбергенов туралы // Орт. Қазақстан.-2000.- 13 мамыраз)
98. Ташенов И. Жеңiс үшiн айқастық // Қарқаралы.- 2004.- 15 мамыр
99. Тұңқатарұлы К. Сағыныш назы: 9 мамыр - Жеңiс күнi // Азия Транзит.- 2003.- N5.-6 б.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті

Курск доғасы шайқасындағы Қазақстандықтардың ерлігі.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

050104- мамандығы – Бастапқы әскери дайындық

Алматы- 2011
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті

Қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі п.ғ.к.,доцент ___________ Тастанов А.Ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

Курск доғасы шайқасындағы Қазақстандықтардың ерлігі.

050104- мамандығы бойынша – Бастапқы әскери дайындық

Орындаған: Джайнақов Медет.

Ғылыми жетекшісі:мед.ғ.к. доцент. Балғынбеков Ш.А.

Әдіскер: Құлатаев Қ.Ә.

Алматы- 2011
МАЗМҰНЫ.

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. 4-8

І.Тарау. КУРСК
ДОҒАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
-20

1.1. Курск доғасындағы
шайқас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9-20

ІІ-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ
ЖЫЛДАРЫНДА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 21-31

2.1. Курск шайқасындағы Қазақстандықтардың ерлігі ... ... ... ...21-23

2.2.ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰРАМАЛАРДЫҢ ЖЕҢІСПЕН ӨТКЕН
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24-26

2.3. МАЙДАНГЕР ЖАУЫНГЕРЛЕРДІҢ
ЕРЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 26-31

ІІІ-ТАРАУ. ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЫЛ
ЕҢБЕГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32-53

3.1. ӨНЕРКӘСІП ПЕН ТРАНСПОРТ МАЙДАН
ҚЫЗМЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .32-53

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...54-56

ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57-61

КІРІСПЕ.

1943 ж. жазда өткен әйгілі Курск шайқасында жеңіске жеткен Қызыл
Армия бөлімдері жаппай шабуылға шығып, Украина мен Белорусьті азат етуге
кірісті (к. Курск шайқасы). Германияның негізгі күші шығыс майданда
болғанын пайдаланған одақтастар 1943 ж. жазда Сицилияны басып алып, Апенин
түбегіне беттеді. Одақтастардың шабуылы мен антифашистік қозғалыстың күшеюі
нәтижесінде шілденің аяғында Италияда Муссолини үкіметі қүлап, П.Бадальо
бастаған жаңа үкімет 3 кыркүйекте АҚШ-пен, Ұлыбританиямен уақытша бітім
жасасты. Алайда гитлершілер қосымша күш жіберіп, Италия армиясын
қарусыздандырып, елді толығымен басып алды. 1943 ж. өткен Каир және Тегеран
конференцияларында ағылшын-американ үкіметтері 1944 ж. мамыр айында Бат.
Еуропада екінші майдан ашуға келісті, ал Кеңес Одагы Германиямен соғыс
аяқталғаннан кейін Жапониямен соғысуға міндеттенді. Соғыстың 4-кезеңі (1944
ж. 1 қаңтар — 1945 ж. 8 мамыр). Одақтастар барлық майданда жаппай шабуылға
шықты. 1944 ж. қысқы және көктемгі шабуыл нәтижесінде Қызыл Армия Румыния
жеріне өтті. Жазғы және күзгі шабуылдардан кейін 19 қыркүйекте Финляндия
Мәскеуде уақытша бітім жасасты. Кеңес армиясы Польша және Шығ. Пруссияға
келіп кірді. Оларға поляк армиясы көмектесті. АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері
1944 ж. 6 маусымда солт.-батыс Францияда екінші майдан ашты. Одақтастар
армиясы француз партизандарының көмегімен герман әскерлерін Франциядан
ығыстырып шығарды. 1944 ж. шілде — караша айларында Қызыл армия Балтык
бойын, Румынияны азат етіп, Болгария шекарасына келіп жетті. Жаңадан
қүрылған румын және болгар үкіметтері Германияға соғыс жариялады. 20
қыркүйекте чехословак әскери бөлімдері кеңес армиясының көмегімен
Чехословакияны азат ете бастады. Қызыл Армия бөлімдері Югославия халық-
азаттық армиясының және болгар әскерлерінің көмегімен Югославияны, казан
айынан бастап, Венгрияны азат етуге кірісті.
1943 ж. жазда өткен әйгілі Курск шайқасында жеңіске жеткен Қызыл
Армия бөлімдері жаппай шабуылға шығып, Украина мен Белорусьті азат етуге
кірісті (к. Курск шайқасы). Германияның негізгі күші шығыс майданда
болғанын пайдаланған одақтастар 1943 ж. жазда Сицилияны басып алып, Апенин
түбегіне беттеді. Одақтастардың шабуылы мен антифашистік қозғалыстың күшеюі
нәтижесінде шілденің аяғында Италияда Муссолини үкіметі қүлап, П.Бадальо
бастаған жаңа үкімет 3 кыркүйекте АҚШ-пен, Ұлыбританиямен уақытша бітім
жасасты. Алайда гитлершілер қосымша күш жіберіп, Италия армиясын
қарусыздандырып, елді толығымен басып алды. 1943 ж. өткен Каир және Тегеран
конференция ларында ағылшын — американ үкіметтері 1944 ж. мамыр айында Бат.
Еуропада екінші майдан ашуға келісті, ал Кеңес Одагы Германиямен соғыс
аяқталғаннан кейін Жапониямен соғысуға міндеттенді. Соғыстың 4-кезеңі (1944
ж. 1 қаңтар — 1945 ж. 8 мамыр). Одақтастар барлық майданда жаппай шабуылға
шықты.
1944 ж. қысқы және көктемгі шабуыл нәтижесінде Қызыл Армия Румыния
жеріне өтті. Жазғы және күзгі шабуылдардан кейін 19 қыркүйекте Финляндия
Мәскеуде уақытша бітім жасасты. Кеңес армиясы Польша және Шығ. Пруссияға
келіп кірді. Оларға поляк армиясы көмектесті. АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері
1944 ж. 6 маусымда солт.-батыс Францияда екінші майдан ашты. Одақтастар
армиясы француз партизандарының көмегімен герман әскерлерін Франциядан
ығыстырып шығарды. 1944 ж. шілде — караша айларында Қызыл армия Балтык
бойын, Румынияны азат етіп, Болгария шекарасына келіп жетті. Жаңадан
қүрылған румын және болгар үкіметтері Германияға соғыс жариялады. 20
қыркүйекте чехословак әскери бөлімдері кеңес армиясының көмегімен
Чехословакияны азат ете бастады. Қызыл Армия бөлімдері Югославия халық-
азаттық армиясының және болгар әскерлерінің көмегімен Югославияны, казан
айынан бастап, Венгрияны азат етуге кірісті.
Курск шайқасының 65 жылдығына арналған ағымдағы жаздың осы күндері
Курск доғасындағы тарихи шайқасқа 65 жыл толғаны белгілі. Осы ұрыс Екінші
дүниежүзілік соғысының танкті шайқасы деп аталған ең ірі шайқас.
Прохоровка төңірегінде болған танкті шайқас фашистік Германияның жойылуының
басы болды. Ұрысқа қатысқан екі жақтың адам саны 4 миллионды құрайды, ал
техника жағынан 69 мың қару жарақ пен миномет, 13 мыңнан астам танкілер, 12
мыңға жуық жауынгерлік ұшақ пайдаланылды. Сол кезде кеңес майдан
әрекеттерін үйлестірумен айналысқан Совет Одағының Маршалы Г.К.Жуковтың
пікірі бойынша Курск, Орел және Белгород аймақтарындағы шайқас Ұлы Отан
соғысы мен жалпы екінші дүниежүзілік соғысының ең зор оқиғасы. Курск
төңірегінде көрсеткен батырлық пен қаһармандықтары үшін жүз мыңнан астам
Қызыл әскердің генералдары, офицерлері мен сарбаздары орден және
медальдармен марапатталды, ерекше ерлігімен көзге түскен 180 жауынгер Совет
Одағының батыры атағына ие болды.
Курск доғасының шайқасына 65 жыл толуына орай, сол шайқаста қаза
тапқандар мен соғыстан оралмаған сарбаздарды еске алу және Ұлы Отан соғысы
ардагерлер құрметі үшін, сол кездегі оқиғалар туралы қатысқандар аузынан
есту, солармен сұхбаттасу мақсатымен Әуезов ауданы әкімінің Баспасөз
қызметінің жұмысшылары Курск шайқасына қатысқандармен кездесті. Біз Омар
Самиғұла Жақсыбайұлының үйінде болдық және Соколов Анатолий Михайловичпен
де әңгімелестік.Омар Самиғұла Жақсыбайұлы – лейтенант-полковник, 1924 жылы
5 желтоқсанда Орал қаласында дүниеге келген. Украина 1 және 2 - фронтында
болып, Курск шайқасына қатысып, Киев, Житомир, Львов, Будапешт, Братислав,
Вена, Чехославакия жерлерін жаудан азат еткен. Қызыл жұлдыз, Ұлы Отан
соғысының II дәрежелі ордендермен және За отвагу, За боевые заслуги
тағы басқа да 25-тен астам медальдардың иегері болған. Биылғы жылы
Астананың 10 жылдығы мерекелік медалімен марапатталды. Құдай қосқан
жарымен 60 жылдан аса бірге өмір сүріп, бүгінігі күнге дейін екі ұл және
бірнеше немере, шөберелер тәрбилеп отыр. 1941 жылы менің жасым 16-да
болатын. Ол кезде мен ауылдық кеңестің хатшысы едім. Маған 6 адамды
Мәскеуге жіберу керек деген, алтыншысы өзім болдым. Біз 8-ші гвардия
дивизиясына түстік. Ол кезде олар менің 17-ге толмағанымды біліп қойып,
қасыма адам қосып, ауылыма қайтарып жіберді. 1942 жылы, жасым 17-ден
асқанда, Одессаның жаяу әскери училищесіне жіберді. Екі айдан кейін, оны
бітірместен, Целиноградқа апарды.Сіз, Курск шайқасына қатысыпсыз. Ол
жайында бізге айтып бере аласыз ба? Курск шайқасы – Ұлы Отан соғысы
жылдарындағы ең ірі шайқастардың бірі. Бұл Мәскеу түбіндегі және Сталинград
үшін жауға қарсы шабуылдың үшінші кезеңі, нақтылап айтқанда, Үшінші рейх
пен Кеңес Одағы арасындағы ең шешуші, ақтық кезеңдердің бірі еді. Бұл
соғыстың өзі 50 күнге, 5 шілдеден 23 тамызға дейін созылды. Сол мерзімге үш
бірдей ірі шайқас жатады: Курск қорғанысы – 5 шілдеден 23-іне дейінгі,
Орловск 12 шілдеден 18 тамызға дейін және Белгород-Харьковті – 3 тамыздан
23-іне дейін жалғасты.
Неміс шабуылын 5 шілде күні кеңестік атқыштары бастады. Неміс
басқыншыларының, орналасқан жерін нақтылап білгеннен кейін, біздің
атқыштарымыз олардың үстінен оқ жаудырып, бір жарым екі сағатқа дейін
тынбай соғысты. Кеңестік команданың шешімі - қорғаныс шабуылын титықтатып,
қиын- қыстау кезіндегі дұшпанның бетін қайтару. Самиғұла Жақсыбайұлы, Сіз
Курск доғасына қалай тап болдыңыз? Мен Уфа қаласындағы 4 атқыштар полкін
бітіргеннен кейін, 1943 жылы Воронеж облысындағы Россош қаласына эшолонмен
келдім. Одан кейін бізді екінші байланысқа атыс үшін, соғысқа
бейімділігімізді қалыптастыруға жіберді. Одан кейін әр қайсымызды әр жаққа
аттандырды. Мен Ольховка селосындағы танк бөліміне түстім. Ол жерде әр
сержантке 6 автоматшыдан құрастырылған бөлімнен берді, біз сол жерде
танкімен түрлі жаттығулар жасап үйрендік. Атап айтқанда: жерге қазуды, оны
жаудан қорғауды және басқа да жаттығулар. Біз соғысқа қашан кірісеміз деп,
командирдің мазасын алдық. Олар жалтармалы жауап беретін, ал осы күні
замполит: Алдымызда үлкен ұрыс күтіп тұр.
Осы жолы Отанымыздың тағдыры шешіледі. Кеңес армиясын ұятқа
қалдырмауымыз керек, - деді.5 шілдеде біз алғы шепке жақындап қалдық.
Замполит: Жақында танкпен соғысамыз, мықты болыңдар! - деді. Біз өз
позициямызбен шабуылға шықтық, көп ұзамай сол жақтан 10-ыншы Прохоровка
жол станцасына жеттік. Бұл ең қауіпті бағыт болды. Неміс танкілері мен жаяу
әскерлер Курск цитаделінің жүрегіне ұмтылды. Біз танкті қорғау үшін екіге
бөліндік. Бір бөлігі тікелей танктің қасында қалды да, қалғандары ППТ
автоматымен жау жақты атқылады, жау жақтан да оқ қарша борады. Сағат онның
кезінде бір солдатымыз оққа ұшты, ұлты башқұрт болатын, екіншісі жараланды,
оның орнына екі солдат берді. Осылай соғыс сағат 12-ге дейін созылды. Мен
өзім екі рет жараландым. Мені және қатардағы Каштанов Иванды егіс
даласындағы госпитальға аттандырды. Сонымен, біз үшін шайқас аяқталды,
дегенмен, көз алдыма салмағы 50 тонналық танкілер бір-бірімен темір
сомбалға шыққаны әлі күнге дейін көрінеді. Ол кездерде, әрине, біз жас
едік. Қазір қаптаған машиналар шиқылдап келіп, қасыңнан өте шыққанда,
Курскідегі танктің айқасы есіме түседі. Бұл екінші дүниежүзілік соғыстағы
танкілер айқасының ең ауыры кезеңі болған еді.
- Сіздің ойыңызша, Кеңес Армиясының Цитатель операциясында жеңіске
жеткеніне не әсер етті? Курск шайқасындағы жеңіс Цитатель операциясының
жоспарында болды. Ұқыпты дайындық пен дұрыс стратегияның арқасында жеңіске
жеттік. Фашистердің Мәскеуді жаулап аламыз ба деген үмітін өшірдік.
Курскідегі айқас 1943 жылы 23 тамызда аяқталды. Жеңістің құрметіне салют
берілді.
Сталинград, Курс шайқасы, Мәскеу түбіндегі ұрыс – мұның барлығы
Қызыл Әскерді Берлинге жақындатты... 1941 жылы қараша айында Мәскеу
түбіндегі айқаста біздің әскерлерімізде Қызыл Армия жеңіске жетеді деген
күдік болған жоқ, Сталинград соғысынан кейін барша әлем кеңес армиясы тас-
талқанын шығарған соққыға да мүмкіншілгі бар екеніне көз жеткізді. Курск
доғасындағы 1943 жылы алған соққылардан кейін неміс әскері тыңаймады. Бұл
жеңістер – ұлы Жеңіске жеткізетін қадамдар, кеңес әскерлерін күн сайын өз
даңқының шыңына көтеретін баспалдақтар. Мен госпитальдан кейін, 9 кластық
білімім болғандықтан әскери байланыс бөлімшесіне, 23-атқыштар бөліміне
жіберіліп, одан соң Братиславскийге ауыстым. Соғыстан соң, әскери
училищесін тамамдап, 30 жыл Кеңес Армиясына қызмет етіп, кейін полковник
дәрежесінде демалысқа шықтым.Соколов Анатолий Михайлович Ұлы Отан соғысы
тарихында 1941 жылдың 5 шілдесінде басталып, 23 тамызға дейін созылған
Курск шайқасы, Германияны ынталандырмаған бұрылу пункті болды. Біздің
бүгінгі сұхбатымыз осы соғыстың басты куәгері Соколов Анатолий
Михайловичпен жалғаспақ. Соколов Анатолий Михайлович 1921 жылы 12 наурызда
дүниеге келген.
Мәскеу түбіндегі шайқасқа, Курск шайқасына, Киев түбіндегі,
Прикаптьедегі, Закарптьедегі, Варшавадағы соғыстарға қатысқан. Сонымен
қатар Берлинге шабуыл кезіндегі соғысқа да қатысқан. Отан алдындағы
ерліктері мен еңбектері үшін берілген ордендері: Отан соғысы, Еңбек
ерлігі, Тыңға 50 жыл, Астананың 10 жылдығы; оған қоса Жауынгерлік
еңбегі үшін, Ерлігі үшін және тағы басқа да медальдармен марапатталған.
- Біздің танкіге қарсы атқыштар артиллерия гвардиясының дивизия капитаны
Лещинның басшылығымен, соғыс қимылдарына әзірлік жүргізу мақсатында, 1943
жылдың сәуір айынан бастап, Курск облысының Белград түбінде 76 калибрлі
жаңа әскери техниканы оқып, меңгеруге жіберілген едік.
Курск шайқасы туралы аздап әңгімелеп бересіз бе? Әлі есімде, 1941
жылғы шілденің 20-нан 21-іне қараған түні әскери дабыл соғылып, біз бәріміз
Понари елді мекенге, тұрғындар орналасқан жаққа бет алдық, фашистердің
танкті колоннасын тежеу үшін, оларға қарай оқ жаудыруға кірістік. Танкіге
қарсы құралдан 94 ең қуатты қару мен миномет болды. Кеңес командасы,
немістердің бет алысын анықтап алғаннан кейін, танкіге қарсы артиллерияның
басым бөлігін сонда жұмсады. Таңғы 4.00-де зымранмен белгі беріліп,
артиллерия дайындығы 30 минутқа созылды. Неміс танкісі Т-4 Пантера, Т-6
Тигр, Фердинанд моторлы қаруы және басқа артиллерия минометтерімен
жалпы саны 60-тан асатын қару түрлерімен бізге қарай жұлқына ұмтылды.
Арпалыс басталып кетті. Біздің әскерлер фашистің 13 танкісінің көзін жойды,
12 зеңбірек неміс танкісінің шынжыр табанының астында қалды. Сол кездегі
әскери күш пен техника ара қатынасы қандай еді?
Әскери техника мен күштің ара қатынасы совет армиясының пайдасына шешілген
еді. Шайқастың басында Германияның 900 мың сарбазына кеңестің 1 336 мың
сарбазы шықты. Кеңестер тобында 19 мыңнан астам қару жарақ пен миномет
болса, немістерде небары 10 мың ғана еді. Кеңестің 3 444 танкісіне Германия
өзінің 2 733 танкісін ғана іске қосты. - Аға лейтенант Алексей Азаров,
жаудың 9 танкісін қиратып, Кеңес Одағының Батыры деген ең жоғарғы атағын
алды. Екінші батарея командирі, гвардия лейтенанты Кардыбайло жаудың 4
танкісін жарып, Ленин Орденіне ие болды.Бұл сұм соғыста мен рация
дивизионының бастығы болып, басшылар мен батарея байланысын қамтамасыз
еттім. Дивизия басшыларының бұйрығы бойынша біз түнде далада сынып қалған
танкілерді, өлген, жараланған жауынгерлерді шығардық. Осы ерліктер үшін
аман қалғандары да, өлгендері де жоғарғы Үкімет сыйлығымен марапатталды.
Курск шайқасы туралы пікіріңізді айтыңызшы.Курск шайқасын ұттық.
Неміс армиясы шабуыл жасауға ең қолайлы жерде фашистердің брондалған
дивизиясын талқандау мақсатында қақпандар орнатылды. Жеңіс туралы күмәніміз
болмады, кеңес әскерінің басшылары қорғаныс ұрыстары басталмай-ақ былайғы
шабуылын жоспарлады. Осындай ауыр соғыста Сіз бірнеше жарақат алдыңыз,
бірақ, тыңайып алған соң, Отан қорғау сапына оралып отырдыңыз. Соғыстан
кейін немен айналыстыңыз? Соғыстан соң, денсаулықтың, алға қойған арман-
мақсаттарымның арқасында, қызметім өсіп отырды. Белсенді түрде қалалық
ардагерлер кеңесінің қозғалысына қатыстым. Әуезов ауданындағы ардагерлер
Кеңесінің бірінші орынбасары болдым. 1999 жылдан бастап, қалалық ардагерлер
бірлестігі мен Берлинді жаулап алу кезіндегі шабуылға қатысқандарға
жетекшілік еттім. Қазіргі уақытта Бостандық ауданының әскери
коммисариатында қызмет істеймін.Өмір мен өлімге, үміт пен күдікке толы елу
күн. Осының алдындағы Ленинград, Сталинград майдандарында неміс
фашистерінің пәрменін тойтарған кеңес әскерлерінің жау алдында айбынын
асырған, соғыс даласынан елеңдей хабар күткен тылдағы елге еңсе тіктеткен
елу тәулік. Төрт жыл ішінде дүниенің жартысын жайпаған Ұлы Отан соғысындағы
шешуші кезең - Курск майданы осынша уақытқа созылды.
Жылдар жылжыған сайын сынық сүйем жерді қанымен қорғаған ерлердің қатары
азайып, сұрапыл соғыстың әр күнінің, тіпті әр саға­тының салмағы артып
келеді.Бірақ Курск майданы қара тырнағына дейін қаруланған жаудың тізе
бүгуінің басы болды. Фашистік Германияның саяси һәм әскери жетекшілері
жасақтаған Цитадель операциясы бойынша Мәскеуге Курск бұғазы арқылы
жасалған шабуылда неміс басқыншылары ойсырай жеңілді.
Біз бүгін Ол күндердің өшпес даңқы айдары аясында Курск доғасы атты
материалды оқырман назарына ұсынып отырмыз
І.Тарау. КУРСК ДОҒАСЫ.

1.1. Курск доғасындағы шайқас.

1943 жылдың 13 наурызы күні Адольф Гитлер кезекті бұйрыққа қол
қойды. Цитадель операциясын бастауға негіз болған № 5 бұйрықта Осы
шабуылға баса мән беріледі. Соққы тез әрі жеңіс әкелетіндей болуы керек, ол
үшін әскери техниканың соңғы үлгісін пайдаланамыз. Курск доғасындағы жеңіс
бүкіл майдан шырағына айналуы керек делінген еді.
Ленинград пен Сталинград майданында басы тасқа тиген жау Мәскеуге
Курск доғасы арқылы шабуыл жасауға тыңғылықты әзірленді. Әскерінің осыдан 6
ай бұрынғы қарқыны бәсеңсіп қалғанын бағамдаған Гитлер Курскіге Франция мен
Германиядан, неміс оккупациясындағы мемлекеттерден 50 дивизия жеткізді.
Олардың 16-сы құрлықтағы соғыста теңдессіз күш саналған Тигр, Пантера,
Ферди­надттарға мінген Адольф Гитлер, Жансыз бас, Райх, Викинг
танк дивизиялары еді. Люфтваффе оларға әуеден қолдау жасауға тиіс болды.
Орталық және Оңтүстік армия күштерін біріктіру арқылы басталуға тиіс Курск
майданы үшін Шығыс майдандағы Ржев, Демянск және Тамань жартыаралындағы
күштер де тартылды.
Бірақ Гитлердің жаңа майданды едел-жедел бастауына осы кезеңде өршіп
тұрған партизандық қозғалыстар қатты кедергі болды. Оның үстіне барынша
жетілдірілген жаңа әскери техникалардан да ақау табылып, Курск түбінен
басталар шабуыл кешіктіріле берді. Тарихшылардың айтуынша, 1943 жылдың
көктемінде бұғазға жеткізілген 200 неміс танкісінің 80 пайызы майданға
кірмей жатып бұзылады.Осылайша белгіленген мерзімнен кешіккен Цитадель
операциясы бойынша немістердің Орталық армиясы 75, ал фельдмаршал Э.
Манштейн басшылық жасаған Оңтүстік армия 125 шақырымға дендей енуі керек
болды. Немістер кеңес әскерлерінің Воронеж майданындағы күшін бұзып-жарып
өтіп, Оңтүстік-Батыс майданының ту сыртынан шығу жоспарын қызу талқылап
жатты. Егер бұл жоспар ойдағыдай орындалғанда келесі күш Мәскеуді алуға
жұмылдырылар еді.Шешуші майданға дайындық дүлей дауыл алдындағы тыныштықты
елестетті.
1943 жылдың наурызы мен шілдесі аралығында майдан даласында
айтарлықтай ұрыстар жүріп жатпағанымен екі жақтың да қарсы барлау қызметі
қауырт жұмыс істеді. Дәл осы кезеңде кеңес әскери қолбасшылары арасында да
соғыс қимылдарын жүргізу туралы талас жүріп жатқан еді. Соғыс тактикасын
талқылау кезінде генерал Ватутин ерекше белсенділік танытты, ол әуелі
өзінің әріптесі генерал Василевскийге, сосын бас қолбасшы Сталинге
немістерге қарсы шабуыл жасау қажеттігін дәлелдеп бағады. Оның пікіріне ден
қойған Сталин Рокоссовский мен Малиновскийлерге осы ұсынысты зерттеуге
тапсырма бергенмен Жуков пен Василевский жау әскерін Курск түбінде қарсы
алу жайлы позицияларынан айнымайды. Айналып келгенде бәрі осы байламға
тоқтағанымен генерал Ватутиннің ұрыс кезінде қорғана отырып, қарсы
шабуылдау тәсілін тиімді пайдаланғаны белгілі.

Айтпақшы, осы шешуші ұрыста нақты шешім қабылдау арқылы көзге түскен
Константин Рокоссовский туралы тарата айта кетейік. Соғыс стратегиясын жете
меңгергендігі үшін екі мәрте Совет Одағының батыры атанған Рокоссовскийдің
ұлты поляк.
Курск шайқасынан кейін ол генерал-полковник шенін иеленсе, арада 3
ай өткенде армия генералы атанады. 37-ші жылдың оқпанына жұ­тылып кете
жаздаған жерінен ғайыптан тайып аман қалған Рокоссовскийдің соғысқа
айыптылар батальонын бастап кіргені кейінгі кезде ғана айтылып жүр. Мықты
стратегке 1944 жылы Совет Одағының маршалы атағы берілді, арада 5 жыл
өткенде ол Польша мемлекетінің де маршалы атанды.Осы шайқаста Рокоссовский
мен Ватутин бастаған солдаттар қорғаныста жатып-ақ дүркін-дүркін шабуылдап
жау әскерінің қатарын сиретті. Төрт жылдық соғыстың шешуші майданына
айналған Курск шайқасына немістерден 900 мың жаяу әскер, 10 мың қару-жарақ,
2 мың 700 танк және 2 мыңнан астам әскери ұшақ дайындалды. Ал бұл уақытта
стратегиялық басымдыққа ие болып үлгерген Кеңес Армиясынан майданға түсер 1
млн. 300 мың сарбаз, 19 мың қару-жарақ, 3 мың 400 танк және 2 мың 900 ұшақ
әзір тұр еді.Шайқасқа Орлов, Воронеж, Курск, Сумск және Харьков
аумақтарынан жұмылдырылған күштер тыңғылықты әзірлік жұмыстарын жүргізді.
1943 жылдың сәуірінде қорғанысты бекемдеуге 100 мың адам, маусым
айында 300 мың адам жұмыс істеді.Кеңестік барлау қызметінің дерегі де дәл
келді. Ол бойынша шайқас шілденің 3-6 аралығында басталуы тиіс еді.
Әсіресе, тіс­қаққан барлаушы, кейін Кеңес Одағының батыры атанған Николой
Кузнецов қателеспепті, Курск түбіндегі дүркін-дүркін атылған зеңбірек
дауысы 5 шілде күнгі таңғы сағат 3-те естілді. Бұл неміс шабуылының алдын
алуға бағытталған кеңес қаруларының үні еді. Аяқ астынан басталған атыс
осының алдында ғана Гитлердің жалынды сөзін тыңдап шыққан фашистерді
састырып тастады. Әп-сәтте мыңдаған сарбазы мен бірнеше жүз техникасынан
айырылып қалған фашистер шабуылы кешікті. Кейін вермахт коман­дованиесінің
мәлімдемесінде бұл туралы Қарсыластар біз ұрыс бастар мезгілді жақсы
білді, сондықтан да оларды тұтқиылдан басып қалудың реті келмеді делінгені
белгілі. Есін жиғанша біраз уақыт ұттырып алған немістер таң ата Ольховатка
бағытына қарай үдере көтерілді. Жау жасағы Малоархангельск пен Гнилец
тарапына да аттанды.Сол кездің көрінісін былайша суреттеуге болар еді.
Арасынан адам әзер өтетін саңылау қалдырып қатар жылжыған 500 танк.
Олар­­дың артында атақты шмайссер автоматын асынған жаяу әскерлер. Зеңгір
көкте таңғы ауаны дар-дар айырған жүздеген жау ұшағы.Екпіні тау жығардай
жау әскерін алғаш генерал-лейтенант Н.Пухов басқаратын 13-армия күтіп алды.
Осы жолы қалайда Мәскеуге жетіп жығыларына сенімді болған фашистер әуелі
мина көмілген алқапқа ұрынды. Осылайша алғашқы күні-ақ жүздеген техникасы
ұрыс даласында қалды. Жау танкісі мен жаяу әскерін беттетпеген біздің
сарбаздар төбеден төпей бомбылаған ұшақтарға ғана қайран жасай алмады. Көп
ұзамай 16 әуе армиясының қолбасшысы генерал-лейтенант С. Руденконың
бұйрығымен әуеге 200 кеңес ұшағы көтерілді.
Бұл кезде Ольховатко бағытында 15 және 81 атқыштар дивизиялары жау
жасағымен жан берісіп, жан алысып арпалысып жатыр еді. Тарихқа отты доға
деген атпен енген шайқастың алғашқы күні-ақ 276 гвардиялық артиллерия
пол­кынан лейтенант С.Подгайнов бастаған батарея ерлігі аңыз болып тарады.
Лейтенанттың өзі бақылау пунктінен жаудың 6 танкісін құртып, немістер
қыспаққа ала бастағанда қоршауды бұзып-жарып өтіп кетті. Понырев
бағытындағы ұрыста 540 артиллерия полкынан сержант Сапунов 7 танкті жойды.
Жалғыз қалса да окопты паналап, граната жаудырған Сапуновты жау әскері атып
өлтірді. Неміс танкілеріне майор В.Голубев басқаратын әуе эскадрильясы
төбеден шүйілді, 20 минуттың ішінде 6 кеңес ұшағы 18 танкінің көзін жойды.
Шайқастың алғашқы күні жау 100 танкісінен айырылды.Осы күні 2 әуе армиясы
ұшақтары мыңға жуық ұшулар жасап, немістің 100 ұшағын атып түсірді.
Әсіресе, әуедегі шайқастарда кіші лейтенант И. Кожедуб пен гвардия
лейтенанты А.Горовец көзге түсті. Жаудың 9 ұшағын жойып барып, жанған ұшақ
ішінде жарылған Горовецтің көрсеткішін одан кейін ешкім де қайталай алған
жоқ. Ал Кожедуб кейінірек авиация маршалы, үш мәрте Совет Одағының батыры
атанды. Осы ұрыста денсаулығына қарамай ұшақ штурвалына отырған атақты
Маресьев 3 неміс самолетін атып түсірді. Осының алдында екі аяғынан
айырылған Маресьевтің бұл ерлігі өзгелерге үлгі болды.Осылайша Ольховатко
түбінде жеңіске жетерінен күдер үзген фашистер енді Понырев бағытындағы
шайқасқа барынша күш салды. Гитлер фельдмаршал Э.Манштейн басқаратын
Орталық армияға кемінде 10 шақырым дендей ену жөнінде жеке тапсырма
жүктеді. Алғашқы сәтте-ақ 22 танкісінен айырылған немістер тек 7 шілде күні
ғана Поныревтің солтүстік-шығыс бөлігін бұзып өте алды. Бірақ 2 күн бойына
біздің бекіністі әрі қарай бір қадам да аттай алмаған фашистер 9 шілде күні
кері шегінді.Тастүйін қорғаныстың осы бөлігі арқылы Мәскеуге өтуден
үміттенген неміс генералы Модель бұл шайқасқа 13 жаяу және 8 танк
дивизиясын салды. Әсіресе, Самодуровка селосы маңында біздің әскерлер
күніне жаудың 13-16 шабуылын тойтарып отырды.
Селоға апарар жолдағы қыратты қазақстандықтар қорғады. Капитан
Георгий Игишев басқарған жасақ санының аздығына қарамастан 19 танк пен 150
жаудың көзін жойды. Осы шайқаста қаза тапқан Ақмола облысының тумасы
Георгий Игишевке кейін Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Оның батареясы
шайқасқан аумақта ескерткіш бой көтеріп, Самодуровка селосы тұр­ғындар
өтінішімен Игишев атын иеленді
Курск шайқасында қазақстандық ұшқыштар да ғаламат ерлік үлгісін
көрсетті. Олардың арасында алматылық Алексей Писаенко, семейлік Федор
Пересыпкин бар, ал За Советский Казахстан ПЕ- 2 самолетінің экипажында
болған Байтұрсын Есіркепов, штурман Кадес Имашов, атқыш-радист Тілеген
Тәшиев, Сергей Луганский болды. Кейінірек Сергей Луганский Совет Одағының
батыры атағын 2 мәрте иеленді.Қазақстанда жасақталған 72 және 73-гвардиялық
дивизиялар неміс фашистерімен аянбай шайқасты. Курск доғасындағы ерліктері
үшін З.Хусайнов, А.Дәулетбеков, Ізқұтты Айтықов, Сергей Белобородов пен
Алексей Булатовтардың омырауына Алтын Жұлдыз тағылды.
Майдан даласындағы қарбалас сәт санап көбейіп, біздің қорғаныстан
шабуылға көшер сәтіміз де жақындап қалды. Кейін тарихшылар Курск
доғасындағы шайқасты екі кезеңге бөліп қарағаны белгілі. 1943 жылдың 5-12
шілдесі кеңес әскерлері тастүйін қорғанса, Прохоровка селосы маңындағы
ұрыстан кейін жау әскерін жан-жақтан қыспаққа ала бастады. Прохоровка
селосы маңындағы үлкен шабуыл Курск майданының тағдырын шешіп кетті.
Тарихшылар дерегінше село маңайында болған ұрысқа екі тараптан 1200 танк,
жүздеген ұшақ, 69 мыңдай зеңбірек, 4 миллион адам қатысты. Ұлы Отан
соғысындағы ең ірі танк шайқасы Прохоровка алабын шиырлап жатты, екі жақтан
да адам қаны судай ақты.Бір аптаға созылған шайқастан кейін немістер ұрыс
даласына 300-ден астам танкі мен техникаларын қалдырып, кері шегінді.
Прохоровка селосы маңындағы 13 шілдедегі біздің шабуыл Ұлы Отан соғысындағы
жеңістің кімнің жағында болатынын көрсетті.Орлов-Курск, Белгород-Курск
бағытындағы ұрыстардың бәрінен жеңіліс тапқан немістің ауыр қолы күннен-
күнге кері шегіне берді. Олардың Адольф Гитлер, Райх, Викинг, Жансыз
бас атты мақтаулы дивизиялары кеңес әскерінің қарқынына төтеп бере алмады.
Олар осы шайқаста жарты миллион әскерінен, 1,5 мың танкісі мен 3700 әскери
ұшағынан айырылып, одақтастары алдында масқара болды. 1943 жылдың 5 тамызы
күні Белгород пен Орел азат етілді. Осы жеңіске жеткізген Орталық және
Батыс армия құрметіне арнап Мәскеу қаласында Ұлы Отан соғысындағы алғашқы
салют атылды. Арада 17 күн өткенде немістер Курс доғасындағы соңғы тірегі -
Харьков қаласын тастап шықты.Отанын қорғаған кеңес әскерлерінің ғаламат
күшін паш еткен 50 күндік шайқас алабы 600 шақырымға созылды.Бар-жоғы 50
күн. Күнделікті қарбаласта зырлап өтер қас-қағым ғана сәт. Бірақ осы елу
тәулік Отанды жау тырнағынан сақтап қалды. Сенім мен секем кезек алмасқан
алмағайып кезеңде жерін қорғаған ерлер жеңіске жетті, елдің рухы сынбады.
Сондықтан да 1943 жылдың 5 шілдесі мен 23 тамызы аралығының тарихи маңызы
біз үшін ғасырдан да салмақты.
1943 ж. жазда өткен әйгілі Курск шайқасында жеңіске жеткен Қызыл
Армия бөлімдері жаппай шабуылға шығып, Украина мен Белорусьті азат етуге
кірісті (к. Курск шайқасы). Германияның негізгі күші шығыс майданда
болғанын пайдаланған одақтастар 1943 ж. жазда Сицилияны басып алып, Апенин
түбегіне беттеді. Одақтастардың шабуылы мен антифашистік қозғалыстың күшеюі
нәтижесінде шілденің аяғында Италияда Муссолини үкіметі қүлап, П.Бадальо
бастаған жаңа үкімет 3 кыркүйекте АҚШ-пен, Ұлыбританиямен уақытша бітім
жасасты. Алайда гитлершілер қосымша күш жіберіп, Италия армиясын
қарусыздандырып, елді толығымен басып алды. 1943 ж. өткен Каир және Тегеран
конференцияларында ағылшын-американ үкіметтері 1944 ж. мамыр айында Бат.
Еуропада екінші майдан ашуға келісті, ал Кеңес Одагы Германиямен соғыс
аяқталғаннан кейін Жапониямен соғысуға міндеттенді. Соғыстың 4-кезеңі (1944
ж. 1 қаңтар — 1945 ж. 8 мамыр). Одақтастар барлық майданда жаппай шабуылға
шықты. 1944 ж. қысқы және көктемгі шабуыл нәтижесінде Қызыл Армия Румыния
жеріне өтті. Жазғы және күзгі шабуылдардан кейін 19 қыркүйекте Финляндия
Мәскеуде уақытша бітім жасасты. Кеңес армиясы Польша және Шығ. Пруссияға
келіп кірді. Оларға поляк армиясы көмектесті. АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері
1944 ж. 6 маусымда солт.-батыс Францияда екінші майдан ашты. Одақтастар
армиясы француз партизандарының көмегімен герман әскерлерін Франциядан
ығыстырып шығарды. 1944 ж. шілде — караша айларында Қызыл армия Балтык
бойын, Румынияны азат етіп, Болгария шекарасына келіп жетті. Жаңадан
қүрылған румын және болгар үкіметтері Германияға соғыс жариялады. 20
қыркүйекте чехословак әскери бөлімдері кеңес армиясының көмегімен
Чехословакияны азат ете бастады. Қызыл Армия бөлімдері Югославия халық-
азаттық армиясының және болгар әскерлерінің көмегімен Югославияны, казан
айынан бастап, Венгрияны азат етуге кірісті.
1943 ж. жазда өткен әйгілі Курск шайқасында жеңіске жеткен Қызыл
Армия бөлімдері жаппай шабуылға шығып, Украина мен Белорусьті азат етуге
кірісті (к. Курск шайқасы). Германияның негізгі күші шығыс майданда
болғанын пайдаланған одақтастар 1943 ж. жазда Сицилияны басып алып, Апенин
түбегіне беттеді. Одақтастардың шабуылы мен антифашистік қозғалыстың күшеюі
нәтижесінде шілденің аяғында Италияда Муссолини үкіметі қүлап, П.Бадальо
бастаған жаңа үкімет 3 кыркүйекте АҚШ-пен, Ұлыбританиямен уақытша бітім
жасасты. Алайда гитлершілер қосымша күш жіберіп, Италия армиясын
қарусыздандырып, елді толығымен басып алды. 1943 ж. өткен Каир
және Тегеран конференция ларында ағылшын — американ үкіметтері 1944 ж.
мамыр айында Бат. Еуропада екінші майдан ашуға келісті, ал Кеңес Одагы
Германиямен соғыс аяқталғаннан кейін Жапониямен соғысуға міндеттенді.
Соғыстың 4-кезеңі (1944 ж. 1 қаңтар — 1945 ж. 8 мамыр). Одақтастар барлық
майданда жаппай шабуылға шықты. 1944 ж. қысқы және көктемгі шабуыл
нәтижесінде Қызыл Армия Румыния жеріне өтті. Жазғы және күзгі шабуылдардан
кейін 19 қыркүйекте Финляндия Мәскеуде уақытша бітім жасасты. Кеңес армиясы
Польша және Шығ. Пруссияға келіп кірді. Оларға поляк армиясы көмектесті.
АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері 1944 ж. 6 маусымда солт.-батыс Францияда екінші
майдан ашты. Одақтастар армиясы француз партизандарының көмегімен герман
әскерлерін Франциядан ығыстырып шығарды. 1944 ж. шілде — караша айларында
Қызыл армия Балтык бойын, Румынияны азат етіп, Болгария шекарасына келіп
жетті. Жаңадан қүрылған румын және болгар үкіметтері Германияға соғыс
жариялады. 20 қыркүйекте чехословак әскери бөлімдері кеңес армиясының
көмегімен Чехословакияны азат ете бастады. Қызыл Армия бөлімдері Югославия
халық-азаттық армиясының және болгар әскерлерінің көмегімен Югославияны,
казан айынан бастап, Венгрияны азат етуге кірісті.
Ағымдағы жаздың осы күндері Курск доғасындағы тарихи шайқасқа 65 жыл
толғаны белгілі. Осы ұрыс Екінші дүниежүзілік соғысының танкті шайқасы
деп аталған ең ірі шайқас. Прохоровка төңірегінде болған танкті шайқас
фашистік Германияның жойылуының басы болды. Ұрысқа қатысқан екі жақтың адам
саны 4 миллионды құрайды, ал техника жағынан 69 мың қару жарақ пен миномет,
13 мыңнан астам танкілер, 12 мыңға жуық жауынгерлік ұшақ пайдаланылды. Сол
кезде кеңес майдан әрекеттерін үйлестірумен айналысқан Совет Одағының
Маршалы Г.К.Жуковтың пікірі бойынша Курск, Орел және Белгород
аймақтарындағы шайқас Ұлы Отан соғысы мен жалпы екінші дүниежүзілік
соғысының ең зор оқиғасы. Курск төңірегінде көрсеткен батырлық пен
қаһармандықтары үшін жүз мыңнан астам Қызыл әскердің генералдары,
офицерлері мен сарбаздары орден және медальдармен марапатталды, ерекше
ерлігімен көзге түскен 180 жауынгер Совет Одағының батыры атағына ие болды.
Курск доғасының шайқасына 65 жыл толуына орай, сол шайқаста қаза тапқандар
мен соғыстан оралмаған сарбаздарды еске алу және Ұлы Отан соғысы ардагерлер
құрметі үшін, сол кездегі оқиғалар туралы қатысқандар аузынан есту,
солармен сұхбаттасу мақсатымен Әуезов ауданы әкімінің Баспасөз қызметінің
жұмысшылары Курск шайқасына қатысқандармен кездесті. Біз Омар Самиғұла
Жақсыбайұлының үйінде болдық және Соколов Анатолий Михайловичпен де
әңгімелестік. Курск шайқасы – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ең ірі
шайқастардың бірі. Бұл Мәскеу түбіндегі және Сталинград үшін жауға қарсы
шабуылдың үшінші кезеңі, нақтылап айтқанда, Үшінші рейх пен Кеңес Одағы
арасындағы ең шешуші, ақтық кезеңдердің бірі еді. Бұл соғыстың өзі 50
күнге, 5 шілдеден 23 тамызға дейін созылды. Сол мерзімге үш бірдей ірі
шайқас жатады: Курск қорғанысы – 5 шілдеден 23-іне дейінгі, Орловск 12
шілдеден 18 тамызға дейін және Белгород-Харьковті – 3 тамыздан 23-іне дейін
жалғасты. Неміс шабуылын 5 шілде күні кеңестік атқыштары бастады. Неміс
басқыншыларының, орналасқан жерін нақтылап білгеннен кейін, біздің
атқыштарымыз олардың үстінен оқ жаудырып, бір жарым екі сағатқа дейін
тынбай соғысты. Кеңестік команданың шешімі - қорғаныс шабуылын титықтатып,
қиын- қыстау кезіндегі дұшпанның бетін қайтару.
- Курск шайқасындағы жеңіс Цитатель операциясының жоспарында
болды. Ұқыпты дайындық пен дұрыс стратегияның арқасында жеңіске жеттік.
Фашистердің Мәскеуді жаулап аламыз ба деген үмітін өшірдік. Курскідегі
айқас 1943 жылы 23 тамызда аяқталды. Жеңістің құрметіне салют берілді.
Сталинград, Курс шайқасы, Мәскеу түбіндегі ұрыс – мұның барлығы
Қызыл Әскерді Берлинге жақындатты... 1941 жылы қараша айында Мәскеу
түбіндегі айқаста біздің әскерлерімізде Қызыл Армия жеңіске жетеді деген
күдік болған жоқ, Сталинград соғысынан кейін барша әлем кеңес армиясы тас-
талқанын шығарған соққыға да мүмкіншілгі бар екеніне көз жеткізді.
Курск доғасындағы 1943 жылы алған соққылардан кейін неміс әскері тыңаймады.
Бұл жеңістер – ұлы Жеңіске жеткізетін қадамдар, кеңес әскерлерін күн сайын
өз даңқының шыңына көтеретін баспалдақтар. Әскери техника мен күштің ара
қатынасы совет армиясының пайдасына шешілген еді. Шайқастың басында
Германияның 900 мың сарбазына кеңестің 1 336 мың сарбазы шықты. Кеңестер
тобында 19 мыңнан астам қару жарақ пен миномет болса, немістерде небары 10
мың ғана еді. Кеңестің 3 444 танкісіне Германия өзінің 2 733 танкісін ғана
іске қосты. Аға лейтенант Алексей Азаров, жаудың 9 танкісін қиратып, Кеңес
Одағының Батыры деген ең жоғарғы атағын алды. Екінші батарея командирі,
гвардия лейтенанты Кардыбайло жаудың 4 танкісін жарып, Ленин Орденіне ие
болды.
Курск шайқасын ұттық. Неміс армиясы шабуыл жасауға ең қолайлы жерде
фашистердің брондалған дивизиясын талқандау мақсатында қақпандар орнатылды.
Жеңіс туралы күмәніміз болмады, кеңес әскерінің басшылары қорғаныс ұрыстары
басталмай-ақ былайғы шабуылын жоспарлады.
Өмір мен өлімге, үміт пен күдікке толы елу күн. Осының алдындағы
Ленинград, Сталинград майдандарында неміс фашистерінің пәрменін тойтарған
кеңес әскерлерінің жау алдында айбынын асырған, соғыс даласынан елеңдей
хабар күткен тылдағы елге еңсе тіктеткен елу тәулік. Төрт жыл ішінде
дүниенің жартысын жайпаған Ұлы Отан соғысындағы шешуші кезең - Курск
майданы осынша уақытқа созылды.Жылдар жылжыған сайын сынық сүйем жерді
қанымен қорғаған ерлердің қатары азайып, сұрапыл соғыстың әр күнінің, тіпті
әр саға­тының салмағы артып келеді. Бірақ Курск майданы қара тырнағына
дейін қаруланған жаудың тізе бүгуінің басы болды. Фашистік Германияның
саяси һәм әскери жетекшілері жасақтаған Цитадель операциясы бойынша
Мәскеуге Курск бұғазы арқылы жасалған шабуылда неміс басқыншылары ойсырай
жеңілді.Осылайша Ольховатко түбінде жеңіске жетерінен күдер үзген фашистер
енді Понырев бағытындағы шайқасқа барынша күш салды. Гитлер фельдмаршал
Э.Манштейн басқаратын Орталық армияға кемінде 10 шақырым дендей ену жөнінде
жеке тапсырма жүктеді. Алғашқы сәтте-ақ 22 танкісінен айырылған немістер
тек 7 шілде күні ғана Поныревтің солтүстік-шығыс бөлігін бұзып өте алды.
Бірақ 2 күн бойына біздің бекіністі әрі қарай бір қадам да аттай алмаған
фашистер 9 шілде күні кері шегінді.Тастүйін қорғаныстың осы бөлігі арқылы
Мәскеуге өтуден үміттенген неміс генералы Модель бұл шайқасқа 13 жаяу және
8 танк дивизиясын салды. Әсіресе, Самодуровка селосы маңында біздің
әскерлер күніне жаудың 13-16 шабуылын тойтарып отырды.
Селоға апарар жолдағы қыратты қазақстандықтар қорғады. Капитан
Георгий Игишев басқарған жасақ санының аздығына қарамастан 19 танк пен 150
жаудың көзін жойды. Осы шайқаста қаза тапқан Ақмола облысының тумасы
Георгий Игишевке кейін Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Оның батареясы
шайқасқан аумақта ескерткіш бой көтеріп, Самодуровка селосы тұр­ғындар
өтінішімен Игишев атын иеленді.
Қазақстанда жасақталған 72 және 73-гвардиялық дивизиялар неміс
фашистерімен аянбай шайқасты. Курск доғасындағы ерліктері үшін З.Хусайнов,
А.Дәулетбеков, Ізқұтты Айтықов, Сергей Белобородов пен Алексей
Булатовтардың омырауына Алтын Жұлдыз тағылды.
Майдан даласындағы қарбалас сәт санап көбейіп, біздің қорғаныстан шабуылға
көшер сәтіміз де жақындап қалды. Кейін тарихшылар Курск доғасындағы
шайқасты екі кезеңге бөліп қарағаны белгілі. 1943 жылдың 5-12 шілдесі кеңес
әскерлері тастүйін қорғанса, Прохоровка селосы маңындағы ұрыстан кейін жау
әскерін жан-жақтан қыспаққа ала бастады.
Прохоровка селосы маңындағы үлкен шабуыл Курск майданының тағдырын
шешіп кетті. Тарихшылар дерегінше село маңайында болған ұрысқа екі тараптан
1200 танк, жүздеген ұшақ, 69 мыңдай зеңбірек, 4 миллион адам қатысты. Ұлы
Отан соғысындағы ең ірі танк шайқасы Прохоровка алабын шиырлап жатты, екі
жақтан да адам қаны судай ақты.Бір аптаға созылған шайқастан кейін немістер
ұрыс даласына 300-ден астам танкі мен техникаларын қалдырып, кері шегінді.
Прохоровка селосы маңындағы 13 шілдедегі біздің шабуыл Ұлы Отан соғысындағы
жеңістің кімнің жағында болатынын көрсетті.Орлов-Курск, Белгород-Курск
бағытындағы ұрыстардың бәрінен жеңіліс тапқан немістің ауыр қолы күннен-
күнге кері шегіне берді. Олардың Адольф Гитлер, Райх, Викинг, Жансыз
бас атты мақтаулы дивизиялары кеңес әскерінің қарқынына төтеп бере алмады.
Олар осы шайқаста жарты миллион әскерінен, 1,5 мың танкісі мен 3700 әскери
ұшағынан айырылып, одақтастары алдында масқара болды. 1943 жылдың 5 тамызы
күні Белгород пен Орел азат етілді. Осы жеңіске жеткізген Орталық және
Батыс армия құрметіне арнап Мәскеу қаласында Ұлы Отан соғысындағы алғашқы
салют атылды. Арада 17 күн өткенде немістер Курс доғасындағы соңғы тірегі -
Харьков қаласын тастап шықты.Қазақстандықтар соғыстың алғашқы минутында
батыс шекарада жаумен шайқасқа қатысқандардың арасында да , Берлинге
Рейхстаг үйіне шабуыл жасағандардың арасында да бар еді. Соғыстың алғашқы
айларында ауыр жеңіліске ұшырауымыздың себебі көп еді. Біріншіден, 12
мемлекеті басып алған және 14 одақтасы болған жаудың күші басым еді. Бүкіл
шетелдік Европаның экономикасы Вермахтқа жұмыс істеді, ол батыстағы жедел
жеңістердің барысында қазіргі заманғы соғысты жүргізудің тәжірибесін алды
және өзінің жеңілмейтіндігіне сендірді.
Алайда 1941ж. Жеңілістің себебі жаудың күші ғана емес, сонымен бірге
кеңес басшылыгының есебінен жаңылуында да болды. КСРО-ның жау қолында
қалған аудандарында соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ партизандар
қозғалысы пайда болды. Ол бұқаралық сипат алуы, ұйымшылдығы, өз жопарларын
кеңес армиясы қолбасшылығының міндеттеріне бағындырып отырулары арқасында
статегиялық маңыз алды. Оған Қазақстандықтар да қатысты. Ленинград
облысында 220, Смоленск жерінде 270-тен астам, Украина мен Беларусияда 3000
дай Қазақстандық болды. 300-дей Қазақстандық қарсыласу қозғалысына
қатысты.1941ж. жазғы ұрыстарға шығын мен жеңілістерге қарамай кеңес
әскерлері Гитлершілердің Блицкриг жоспарын іске асыртпай тастады, ал
Мәскеу түбіндегі жеңіс соғыстың барысында түбірлі бетбұрыс жасаудың
бастамасын қалады. Еділдегі , Курск иіндегі
және Днепрдің жағасындағы шайқастарда ол алынбас қорғаныс қамалдарын
жасауды және жаудың мұндай қамалдарын талқандауды, жау әскерлерінің ірі
топтарын қоршап алып, жойып жіберуді үйренді.Ұлы отан соғысындағы ерліктері
үшін 11600 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, олардың 497-і
Қазақстандық, соның 97-сі қазақ. Қазақстандықтардың ішінен бірінші болып,
1941ж. 22 шілдеде Кеңес Одағының Батыры Атағы 19 танк девизиясының
командирі генерал – майор К.А. Семенченкоға берілді. Ең соңында 1990ж. 11
желтоқсанда мұндай атақ панфиловшы, аға лейтенант Б. Момышұлына берілді.
Ол 1941ж. Мәскеу түбіндегі ұрыстарда өз баталенымен жау қоршауын 3 рет
бұзып шықты. Соғыстың Б. Момышұлы полковник атағымен, 9- гвардиялық
атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады.Республика кеңес
армиясының оның территориясында құрастырылған бөлімшелері мен құрамаларының
жауынгерлік істерін мақтан етеді.1941ж. Маусымдағы шайқасқа Литваның Шауляй
қаласының оңтүстігіне таман 219-шы атқыштар полкі қатысты, бұл полк 1919ж.
қазанда Қостанайда Қызыл Армия қатарына өз еркімен келген шарулардан
жасақталған болатын. 1941ж. қыркүйекте Свирь өзенінің жағасында
Петропавлдық 314 атқыштар дивизиясы, Волховда 318 Ақмола дивизиясы, қазан-
желтоқсан айларында Мәскеу түбінде 312, 316, 238, 391, 387 атқыштар
дивизиялары, 39 атқыштар, 74, 75 теңіз атқыштар бригадалары ұрысқа кірді.
Қазақстандық қалған дивизиялар, бригадалар мен полктер майдандағы армия
қатарына 1942ж. кіргізілді. Жапонияның тізе бүгуімен Кеңес Одағының Ұлы
Отан соғысы және екінші дүние жүзілік соғыс аяқталды. Адамзат фашистік-
милитаристік диктатураның дүние жүзіне үстемдік жүргізу қауіпінен сақталып
қалды.Агроссорлардың герман- италия- жапон одғын талқандау анти фашистік
одақ халықтарының аса зор күш-жігер жұмсауы және шығын беруі арқасында
мүмкін болды.
КСРО ең көп шығынға ұшырады-27 млн. астам адам мерт болды. Шамамен
олардың 410 мыңы қазақстандықтар. Соғыстың тарихынан алған сабақтар мен
қорытындылар ешқашан ұмытылмауға тиіс. Соғыстардың ішіндегі ең ауыр соғыс
жылдары және ең Ұлы адамзаттың онан кейінгі дамуына ықпалын тигізіп келеді.
Барбаросса жоспары өнімді нәтижелер бермегендіктен Гитлер 6 қыркүйекте
Москваны басып алу (Тайфун операциясы) жөнінде жаңа шешім қабылдады.
Арада он күн өткен соң Орталық армиялар тобы шабуыл жасау туралы бұйрық
алды. Гитлершілдер бұл үшін жағадай әбден қолайлы деп есептеді. Олар Совет
Қарулы күштері неміс әскерлерінің Ленинград, Смоленск және Киев түбінде
берген соққысынан есін жиып үлгерген жоқ деп ойлады. Фашистік
командованиеге Москваны алса болды, - соғыстың саяси мақсаты орындалғандай
болып көрінді!Өзінің жеңетініне анық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1941-1945 жылдардағы ұлы отан соғысы жайлы
Фашизммен соғысты жеңіспен аяқтаған Қазақстан жауынгерлері
Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы - қазақстандық тарихнаманың кейінге қалған саласы
Қазақстандықтардың партизандық ерліктері
Қазақстандық майдангерлердің ерліктері мен соғысқа қосқан үлесі
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерен ерлігі
. Қазақстандықтардың майданға аттануы және олардың қаһарман ерліктері
Қазақстан ұлы отан соғысы жылдары кезеңінде
Қазақстан екінші дүниежүзілік жəне ұлы отан соғысы жылдарында
Пәндер