Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлер одағы қызметiнiң негiзгi бағыттары және проблемалары



Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2


1. Казақстан Республикасындағы кәсiпкерлiк қызмет және
кәсiпкерлiктi дамытудың түсiнiгi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

2. Кәсiпкерлiк қызметтiң нарықтық экономика
жағдайындағы маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

3. Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлер
одағы қызметiнiң негiзгi бағыттары және проблемалары ... ... .. 17

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 36


Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
Тәуелсiздiк алған он жылда елiмiздiң экономикасы жоспарлы жүйеден бас тартып, өтпелi кезеңдi басып өтiп, нарықтық қатынастарға бет бұрды. Осы мерзiмде елдiң халықшаруашылығында түрлi шаруашылық, меншiк түрлерi қалыптасты. Көптеген кәсiпорындар жұмысын тоқтату, бөлшектену, тiптi қайта құрылу және т.б. секiлдi құрылымдық өзгерiстерге ұшырады. Мұның бәрiнiң себебi нарықтың қатаң талабы болды. Тозған құрал-жабдық, шығыны көп икемсiз өндiрiс, тиiмсiз басқару, сын көтермес қаржылық жағдай және осы сынды т.б. мәселелер олардың аяғына шырмауық болып оралды. Демек нарықтық өрлеп, өркендеуi кәсiпкерлердiң кызметтерiне айтарлықтай дәрежеде тәуелдi болады. Бұл кезеңде кәсiпкерлiк бiз үшiн жаңа, бүгiнгi таңда экономикалық және теориялық тұрғыдан әлi де болса айтарлықтай, толығымен қамтамасыз етiле қоймаған өте тың құбылыс болып табылады.
Оның өзектi проблемалары әлi де болса жеткiлiктi денгейде зерттелмеген. Сонымен бiрге, кәсiпкерлiк қызметтi реттейтiн заңдардын даму мен жетiлдiрiлуiне арналған зерттеулердiң де жоқтың қасы екенiн бiлемiз. Бүгiнде республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып жандандыру оны мемлекеттiк реттеу әдiстерiн жетiлдiру күн тәртiбiндегi мәселелер бойынша бiрiншi кезекке қойылып отыр. Оған куә ретiнде Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметi тарапынан жасалынып жаткан кәсiпкерлiктi қолдау оны жандандырып нығайту туралы шараларды, сондай-ақ осы шараларды материалдық және құқықтық жағынан камтамасыз ету жөнiнде қабылданған экономикалық маңызы бар нормативтiк актiлердi атап өтуге болады. Сондықтан бiз кәсiпкерлiктi елiмiздiң шаруашылық кызметiнiн жандандырғыш күштерi деп бiлуiмiз кажет. Осыған орай айта кететiн бiр жәйт мемлекетiмiзде көсiпкерлiктiң жан-жақты қолдау табуын тек кәсiпкерлiктi дамьпу үшiн ғана деп түсiнбей сонымен бiрге оның нарықтық экономиканы дамытуға қосар үлесiнiң де қомақты екенiн естен шығармауға тиiстiлмiз.
Мен өзiмнiң осы курстық жұмысымда бүгiнгi жағдайдағы шағын кәсiпкерлiкке қатысты экономикалық және теориялық мәселелердi және де Қазақстан кәсiпкерлер одағы қызметiнiң негiзгi бағыттары мен оған қатысты проблемалар жайлы қарастырып кетпекпiн.
1.Қазақстан Республикасының “Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы” заңы 19 маусым 1997 жылы.
2.Казақ ҚСР-ының 1990 жылы 11 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы шаруашылық қызмет еркiндiгi және кәсiпкерлiктi дамыту туралы Заңы;
3.Казақ КСР-iнiң 1990 жылғы 15 желтоқсандағы "Меншiк туралы" Заңы; /Бұл заңға 1993 жылы 9 сәуiрде қабылданған Заң арқылы өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген болатын/;
4.Казақ КСР-iнiң 1991 жылғы 13 ақпандағы "Кәсiпорындар туралы" Заңы /Бұл Занға да 2 марте 1992 жылғы 23 желтоқсанда және 1993 жылғы 14 сәуiрде қабылданған Заңдарға сәйкес өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген болатын/;
5.Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 4 шiлдедегi "Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау тұралы" Заң;
6. Казақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 2 мамырдағы "Шаруашылық серiктестiгi туралы" заң күшi бар Жарлығы;
7.Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 5 қазандағы "өндiрiстiк кооператив туралы" заң күшi бар Жарлығы;
8.Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамыр "Акционерлiк қоғамдар туралы" Заңы.
9. Әшiмахун Ахмет Әшiмахұнұлы. Отандық кәсiпорындарды дамытуда инновацияның қосатын үлесi. Саясат. №2. 2001.
10.Битемiров К.Т. ҚР кәсiпкерлiк қызметтiң даму жолдары. Алматы, 1998
11.Б. Исабеков. Кәсiпкерлiктi мемелкеттiк қолдау және дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру концепциялары Аль-Пари. №4-5. 2002.
12. Сулейменов М.К., Жакенов В.А. Предпринимательство в Республику Казахстан. Алматы, Жетi Жарғы, 1994
13.Сабденов О. Экономическая политика а на рубеже XXI века. Алматы, Казахстан, 1997
14. Бусыгин А.В. Предпринимательство. М., 1997
15. Мартемьянов В.С. Хозяйственное право. БЕК, 1994
16. Климкин С.И. Предпринимательство в Республике Казахстан.- Алматы, Баспа, 1997.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып: “Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлер одағы қызметiнiң негiзгi бағыттары және проблемалары”

ЖОСПАР

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 2

1. Казақстан Республикасындағы кәсiпкерлiк қызмет және
кәсiпкерлiктi дамытудың түсiнiгi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

2. Кәсiпкерлiк қызметтiң нарықтық экономика
жағдайындағы маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 13

3. Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлер
одағы қызметiнiң негiзгi бағыттары және проблемалары ... ... .. 17

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 36

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38

Кiрiспе

Тәуелсiздiк алған он жылда елiмiздiң экономикасы жоспарлы жүйеден бас тартып, өтпелi кезеңдi басып өтiп, нарықтық қатынастарға бет бұрды. Осы мерзiмде елдiң халықшаруашылығында түрлi шаруашылық, меншiк түрлерi қалыптасты. Көптеген кәсiпорындар жұмысын тоқтату, бөлшектену, тiптi қайта құрылу және т.б. секiлдi құрылымдық өзгерiстерге ұшырады. Мұның бәрiнiң себебi нарықтың қатаң талабы болды. Тозған құрал-жабдық, шығыны көп икемсiз өндiрiс, тиiмсiз басқару, сын көтермес қаржылық жағдай және осы сынды т.б. мәселелер олардың аяғына шырмауық болып оралды. Демек нарықтық өрлеп, өркендеуi кәсiпкерлердiң кызметтерiне айтарлықтай дәрежеде тәуелдi болады. Бұл кезеңде кәсiпкерлiк бiз үшiн жаңа, бүгiнгi таңда экономикалық және теориялық тұрғыдан әлi де болса айтарлықтай, толығымен қамтамасыз етiле қоймаған өте тың құбылыс болып табылады.
Оның өзектi проблемалары әлi де болса жеткiлiктi денгейде зерттелмеген. Сонымен бiрге, кәсiпкерлiк қызметтi реттейтiн заңдардын даму мен жетiлдiрiлуiне арналған зерттеулердiң де жоқтың қасы екенiн бiлемiз. Бүгiнде республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып жандандыру оны мемлекеттiк реттеу әдiстерiн жетiлдiру күн тәртiбiндегi мәселелер бойынша бiрiншi кезекке қойылып отыр. Оған куә ретiнде Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметi тарапынан жасалынып жаткан кәсiпкерлiктi қолдау оны жандандырып нығайту туралы шараларды, сондай-ақ осы шараларды материалдық және құқықтық жағынан камтамасыз ету жөнiнде қабылданған экономикалық маңызы бар нормативтiк актiлердi атап өтуге болады. Сондықтан бiз кәсiпкерлiктi елiмiздiң шаруашылық кызметiнiн жандандырғыш күштерi деп бiлуiмiз кажет. Осыған орай айта кететiн бiр жәйт мемлекетiмiзде көсiпкерлiктiң жан-жақты қолдау табуын тек кәсiпкерлiктi дамьпу үшiн ғана деп түсiнбей сонымен бiрге оның нарықтық экономиканы дамытуға қосар үлесiнiң де қомақты екенiн естен шығармауға тиiстiлмiз.
Мен өзiмнiң осы курстық жұмысымда бүгiнгi жағдайдағы шағын кәсiпкерлiкке қатысты экономикалық және теориялық мәселелердi және де Қазақстан кәсiпкерлер одағы қызметiнiң негiзгi бағыттары мен оған қатысты проблемалар жайлы қарастырып кетпекпiн.

1. Казақстан Республикасындағы кәсiпкерлiк қызмет және кәсiпкерлiктi дамытудың түсiнiгi
Кәсiпкерлiк қызметтiң қандайы болмасын мемлекеттiң экономикасы аясынан өзiне тиiстi орнын, дәреже-деңгейiн тапқаны бүгiнде баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда Қазақстандағы шағын кәсiпкерлiктiң туындап, дамуы жүргiзiлiп жатқан экономикалық реформалардың өзегi ретiнде көрiнiс табуда. Өйткенi, нарық экономикасына көшудiң бiрден-бiр жолы мемлекет құрылымынадағы әртүрлi аяда қызмет атқаратын өндiрiс, кәсiпорындармен тайталаса және бәсекелесе алатын, айтарлықтай дәрежесi бар кәсiпкерлiк құрылымдарын құру, дамьпу болып табылады. Демек, бұл кәсiпкерлiк құрылымдардың материалдық базасы жекеменшiк инвестициялар болып табылумен қатар, олардың басқару бастауында (бастамасында) бiлiктi жөне қайратты кәсiпкер тұруы кажет. Осыған орай, мемлекетiмiздiң бiрнеше жыл көлемiнде жүргiзiлiп жатқан жекешелендiру саясаты қандайда болмасын аядағы мемлекеттiк меншiкке нсеiзделген монополизмдi жойып мемлекеттiк емес коммерциялық құрылымдардың дамып, өркендеуiне бағытталған деп айта аламыз.
Жалпы кәсiпкерлiк деп, өзара пайдалы нәтижеге жету және табыс табу мақсатында қатысушыларының өз қарамағындағы мүлiктерi мен қаражаттары, сондай-ақ дамытуға берiлетiн несиелер есебiнен, ағымдағы заңдардың көлемiнде (шегiнде) жүзеге асырылатын (мүдделi) шаруашылық және басқа да коммерциялық қызметтi айтамыз. Кәсiпкерлiк халыққа қажеттi тауарлар, өнеркәсiп өнiмдерiн және басқа қызметтер жөнiндегi қоғамдағы, мемлекетiмiздегi сұраныстар мен ұсыныстар есепке ала отырып жүзеге асырылатын қызмет болғандықтан ол тек кәсiпкерге ғана емес халыққа да тиiмдi болып табылады.
Осы жайлардың айғағы ретiнде қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасы Елбасының тарапынан көрсетiлiп жатқан жәрдем, қамкорлықтарды айтуға болады. Бiрақ бұл жерде айта кететiн бiр жай кәсiпкерлiк қызмет жөнiндегi бiрнеше заңдар мен басқа да заңға сәйкес актiлердiң қабылдануына және өркениеттi жекешелендiру саясатының бiрқалыпты жүргiзiлуiне қарамастан кәсiпкерлiктiң, әсiресе өндiрiс, өнеркәсiп аясындағы кәсiпкерлiктiң ойдағыдай дамымай отырғаны белгiлi.
Себебi бюрократиялық аппараттың әлi де азаймауы, мемлекет, қоғам мүддесiн көздейтiн жекешелендiру саясатын жергiлiктi және басқа деңгейде айтарлықтай жүзеге асырмауы, сондай-ақ салық салмақтарының кемiмеуi.
Қазақстанда шағын кәсiпкерлiк қызметтiң субъектiлерi заң жүзiнде белгiленген. Олар: Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары, сондай-ақ шетелдiк жеке және заңды тұлға резидентгер болып табылады. Шағын кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлға-азамат заңды тұлға құрып немесе құрмай айналыса беруiне болады. Ал ұжымдық кәсiпкорындар, кооперативтер немесе әкiмшiлiк-аумақтың кәсiпкерлiк қызметтерi өз меншiктерiнiң негiзiнде заңды тұлға құру арқылы кәсiпкерлiкпен айналысады. Ендi аздап осы кәсiпкерлiктiң мәнi мен маңызына тоқталайык, Бұл жөнiнде бұрыннан қалыптасқан дәстүрлi көзқарастардан бөлек келешегi бар концепцияда адамның мынадай iс-қимыл-әрекетi өзiнiң сипатына байланыста мынадай екi негiзгi типке: бастапқы базистiк еркiн-ерiктi қызметке және қондырма ерiксiз қызметке бөлiнедi делiнген.
Сол бiрiншi ерiктi қызмет кәсiпкерлiкке жатады, өйткенi ол қызметтi жүзеге асырушы тұлғаның мүддесiне, жүзеге асыру жолдары мен әдiстерiн таңдау еркше, мақсат еткен нәтижесiне жетуiне, өзiнiң қаражат-мүлкiне негiзделген. Бiрақ қанша ерiктi қызмет болғанымен заңда бөлiненген шектен шықпаулары қажет. Өйткенi мемлекет мүддесiне, яғни ұйымдасқан қоғам мүддесiне зиян келуi мүмкiн.
Мемлекет тарапында жүзеге асырылатын қызметтерге тұлғаның жұмысқа кiруi ерiктi сипатта болғанымен, басқару қызметi басқарушы органның мүддесiне соған жету жолында жүзеге асыратын фукнцияларына, әдiстерiне және т.б. негiзделгендiктен қызмет iстеу ерiксiз болып табылады.
Кәсiпкерлiк мемлекеттiң экономикасының басты элементi болып есептелiнедi, себебi ол өндiрiс аясындағы экономикалық кызмет ретiнде басқарушы қызметтен ерекшеленедi, мемлекеттiң өзi саяси билiктiң субъектi және мемлекеттiк меншiк иесi болғандықтан тiкелей шаруашылық кәсiпкерлiк (коммерциялық) қызметтерге араласпайды, ол тек әзiрше (мүмкiндiгiнше толығымен жекешелендiрiлген) жұмыс атқарып, қызмет көрсетiп жатқан мемлекеттiк кәсiпорындар, шаруашьшық ұйымдары арқылы кәсiпкерлiк қызметке араласады.
Бұл турасында ҚР Азаматтық Кодексiнiң 10-бабында дәл айтылған сияқты1. "Кәсiпкерлiк-меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңдар тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, кызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызмет". Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекелiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады. Осыған орай кәсiпкерiнiң кiм екенi жөнiнде түсiнiк бере кету қажет. Кәсiпкер деп өз атынан және өз қаражаттары (меншiктi немесе қарызға алған) есебiнен тауарлар мен өнiмдердi өндiру, сату немесе сатып алу жөнiндегi жұмыстарды орындау және кызмет көрсету арқылы пайда табу мақсатындағы қызметтi (кәсiпкерлiк кызметтi) ұдайы (тұрақты) негiзде жүзеге асыратын азаматты немесе заңды тұлғаны айтамыз2.
Мемлекет тарапынан кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне кепiлдiк берiлген, кәсiпкерлiктi қолдау мен қорғауды мемлекет, мемлекет атынан өкiлеттi органдар қамтамасыз етедi.
Кәсiпкерлiк қызметте әрбiр жасалатын өрекет (iс-қимыл) жөнiнде
арнайы нормативтiк-құқықтық экономикалық маңызы бар акт қабылдау арқылы оны реттеу қажет.
Кәсiпкерлiктiң дамуына мол сенiм, мемлекет тарапынан кепiл, экономикалық негiз ретiнде-жеке меншiк нысаны, құқықтық негiзгi
ретiнде-заңдар бар.
Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар заңды тұлға құрмай-ақ осы қызметпен айналысуға патент алған кезден бастап
кұқылы. Патент бiр мезгiлде азаматтық кәсiпкер ретiнде тiркелгенi жөнiндегi куәлiк және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқық
беретiн лицензия болып табылады.
Ал шаруа (фермер) қожалығы құрамында; мердiгерлiк шарт және өзге
де азаматтық-кұқықтық шартгар негiзiнде бiр жолғы жұмыс атқаратын; көтерме және бөлшек сауда желiсiнен басқа өздерiне тиесiлi мүлiктi, сондай-ақ өндiрiлген, өнделген, сатып алынған өнiмдердi, оған қоса импорттық өнеркәсiптiк және азық-түлiк тауарларын сол үшiн арнайы бөлiнген жерлерде немесе комиссиялық дүкендер арқылы сатумен айналысатын азаматтар: жұмыс iстеп, қызмет көрсетудiң түсiмi жылына ең төменгi жиырма жалақы жиынтығынан аспайтын азаматтар мемлекеттiк тiркеуден босатылады, яғни кызметтерiн заңды тұлға құрмай жүзге асырады.
Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде пайда келтiрудi көздейтiн (коммерциялық) үқйым заңды тұлға болып табылады.
Кәсiпкерлiк кызметi жүзеге асыратын заңды тұлғаларға мемлекеттiк кәсiпорындар, толық серiктестiктер, (коммандитiк) сенiм серiктестiктерi, жауапкерпiлiгi шектеулi серiктестiктер, қосымша жауапкершiлiгi бар ерiктестiктер, өндiрiстiк кооперативтер жатады.
Сонымен Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлiк қызмет екi түрлi бөлiнедi деп айта аламыз. Оны шағын және орта кәсiпкерлiк, яғни жеке кәсiпкерлiк сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпкерлiкке бөлу кәсiпкерлiктiң экономикалық негiзiнiң заңды маңызын бiлуге және реттеуге себiн тигiзедi. Кәсiпкерлiктiң түрлерi заңдар арқылы белгiленедi, сондықтан олар оның құқықтық негiзi болып табылады.
Мысалы, заң жүзiнде кәсiпкерлiктiң түсiнiгi берiлген және жоғарыда аталған субъектiлерден басқа да қызмет түрлерi мен субъектiлер туралы айтылған қызмет түрлергне мыналар жатады: инновациялық қызмет; ойын бизнесi; шоу-бизнес; венчурлiк фирмалар; шағын кәсiпкерлiк инфракұрылымы3.
Субъектiлер: заңды тұлға құрайтын жеке адамдар және қызметкерлердiң орташа жылдық саны 100 адамнан аспайтын және активтерiнiң жалпы кұны орта есеппен бiр жыл iшiнде алпыс мың еселенген есептiк көрсеткiштен аспайтын, кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалар болып табылады.
Мемлекеттiк кәсiпкерлiктiң бiр түрi ретiнде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң меншiгi негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi айтуға болады.
Тоқсан сөздiң тобықтай түйiнi болады дегендей. Белгiлi ғалым М.К.Сүлейменовтың айтуы бойынша, ешқандай меншiк нысаны болмайды, тек меншiктiң түсiнiгi және меншiк құқығы ғана бар. Бiздiң құқықтық теория бойынша меншiк құқығы мүлiктi өз ұйғарымы бойынша пайдалану.
Сонда дәстүрлi қалыптасқан түсiнiк бойынша меншiк нысаны үшке бөлiнедi: мемлекеттiк (республикалық және коммуналдық); ұжымдық (кооперативтiк, арендалық, акционерлiк, қоғамдық ұйымдар және т.б.); азаматтардың (өзiндiк және жеке меншiк)4. Казiргi кезде меншiктiң екi тұрi көрсетiлген: мемлекеттiк және жеке меншiк (мемлекеттiк емес меншiк). Жеке меншiк азаматтардың, мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың және олардың бiрлестiктерiнiң меншiгi болып табылады. Ал коғамдық ұйымдар мен дiни бiрлестiктерiнiң меншiктерiн қайда қосуға болады деген сауалға, жеке меншiкке деп айта аламыз.
Ал егер аралас жеке меншiк, мемлекеттiк меншiкке негоделген кәсiпкерлiк болса бақылау пакетi мемлекеттiк емес құрылымның қолында болған жағдайда ғана қызмет кәсiпкерлiк болып есептелiнедi.
Сонымен, кәсiпкерлiк қызметтiң басты көрiнiсi оның жеке меншiкке негiзделе отырса ерiктi және еркiн сипатта жүзеге асырылуы. Бiрақ кәсiпкер ретiнде мемлекет аумағында жұмыс атқаруына байланысты өз азаматымыз, шетел азаматы, азаматтығы жоқ тұлға болсын, сондай-ақ кандай да заңды тұлға болмасын өздерiнiң жүрiс-тұрыстарын реттейтiн заңдарға мойын ұсынулары қажет және олар сол заңмен белгiленген шеңберден шықпауға тиiстi. Ендi кәсiпкерлерге берiлген кейбiр құқықтар жөнiнде тоқтала кетейiн:
1. ҚР Заңдарына қайшы келмейтiн кәсiпорындар мен ұйымдардын кандай-да болмасын түрлерiн құру;
2. Өздерiнiң мүлiгiмен және заңды негiзде алынған мүлiктермен өзге шаруашылық субъектiлерiнiң қызметтерiне қатысу;
3. Екi жақтың келiсiмi бойына заңды тұлғалар мен азаматгардың мүлiктерiн пайдалану;
4. ҚР Заңдарына қайшы келмейтiндей контракт немесе езге де шарттар негiзiнде қандай-да болмасын мөлшерде жұмыскерлердi жалдау немесе жұмыстан босату;
5. Банк мекемелерiнде өз ақша каражаттарын сақтау үшiн шоттар ашу, есеп айырысу, несиелеу және кассалық операцияларының барлық түрлерiн жүзеге асыру;
6. Жұмыскерлерiнiң еңбектерiне ақы төлеу нысандарын, жүйесiн, және мөлшерiн сондай-ақ олардың басқа да табыстарын белгiлеу;
7. Шаруашылық қызметтерiнiң бағдарламасын қалыптастыру, шығарылған өнiмдi (жұмысты, кызметтi) тұтынушылар мен алып жеткiзушiлердi (сатушыларды) таңдау және шарт негiзiнде мемлекеттiк мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшiн жұмыстарды және жеткiзу қызметтерiн орындау;
8. Заңды тiкелей көрсетiлген жағдайлардан басқа кездерде өз тауарларының (жұмыс, қызметтерiнiң) тарифтерiн, бағасын расценкаларын өз бетiнен белгiлеу;
9 Өздерiнiң меншiк нысандарына негiзделiнген мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлiктерiн толығымен немесе жартылай сатып алу, өзге де мүлiктердi алу және оларға байланысты мүлiктiк құқықтарды иелену;
10. Салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден қалған кәсiпкерлiк қызметтiң табыстарын, пайдаларын еркiн пайдалану;
11. Мөлшерлерi бойынша шектелмеген табыс алу (табу);
12. Сыртқы экономикалық қатынастардың қатысушысы болу және валюталық операцияларды жүзеге асыру;
13. Әлеуметтiк сақтандыру және әлеуметтiк қамсыздандыру жүйелерiн өз беттсрiмен таңдап алу арқылы қолдану.
Негiзiнде кәсiпкерлiк қызмет, оның iшiнде шағын және орта кәсiпкерлiк бәсекелесу рыногының өте маңызды өрi таптырмас факторы болып саналады. Бұл кәсiпкерләктiң, әсiресе шағын кәсiпкерлiктiң басты сипаты кандай да болмасын бағыттағы рынок сұраныстарына өте икемдi түрде ат салысуға қабiлеттiлiгiнiң болуы.
Бұл жерде бiрден айта кететiн жәйт, кәсiпкерлiктiң негiзгi қағидасы: "мұқтаждықты сұраныс арқылы табу және оны өнiм шығару немесе қызмет көрсету арқылы қанағаттандыру" тек шағын кәсiпкерлiктiң арқасында айтарлықтай дәрежеде жүргiзiледi. Оның себебi, бiрiншiден, рыноктардың қажеттi бөлiктерiнде әрекетенедi; екiншiден, олар әрқашанда тұтынушыларға жақын тұрады; үшiншiден сұраныстарды қанағаттандыруға өте бейiмделген; төртiншiден, олардын тұрғылықы халықты жұмыспен қамтамасыз етуi; бесiншiден, бұл кәсiпкерлiк түрi тiкелей кәсiпкердiң басқаруымен қызметiн жүргiзе бередi (басқа басқарушы кадрларды кажет қылмайды).
Бiрақ экономика аумағында, халық шаруашылығында осындай бiр сарынмен жүре беруге тағы болмайды. Демек бұл жағдай шағын, орта және iрi кәсiпорындарды ұтымды ұштастыруды қажет қылады. Осыған орай алға қойылатын мақсат - қазiргi кезеңде кәсiпорынның орташа көлемiн төмендету және жаңа типтегi шаруашылық кешенiн құру арқылы өте икемдi, ұсақ (сериялы) өнiмдердi шығаруға бейiмделген өндiрiстi аз шығынмен көп өнiм шығаруға бiрте-бiрте ауыстыру. Осы жоғарыда көрсетiлген ерекшелiктердi бiрiктiру мүмкiндiгi тек iшкi фирмалық кәсiпкерлiк құрылымдарды, яғни шағын, айтарлықтай ерекшеленген толық немесе жартылай құрылған функциялары бар бөлiкелер құру жолымен және өндiрiстi үзбей жаңартып отыру арқасында туындайды.
Шағын кәсiпкерлiктi дамытудың құқыктық базасы ҚР азаматтық кодексi сондай-ақ тағы басқа ҚР Заңдары, Заңға сәйкес нормативтiк актерiлерi болып табылады.
Кәсiпкерлiктi дамыту проблемаларын шешу жолдары Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан-2030" көпжылдық бағдарламасында көрiнiс тапқан болатын. Мысалы, Н.А. Назарбаев: "үкiметтiң әлi де орын алып отырған сауда мен өндiрiске әкiмгершiлiк араласуын жоюға; жылжымайтын мүлiктi, қалған ұсақ және орта кәсiпорындар мен агроөнеркәсiп кешенiн қоса алғанда, жекешелендiру процесiн аяқтауға тиiспiз..."5, "ең алдымен фермерлер мен нағыз жеке
шаруашылықтар үшiн кредиттерi арзандатамыз; ... шағын және орта бизнестi дамытамыз; ... қызмет көрсету саласын, әсiресе туризмдi белсендi дамытамыз деп стратегиялық бағыттарды атап көрсеткен болатын6".

2. Кәсiпкерлiк қызметтiң нарықтық экономика жағдайындағы маңызы
Меншiкке экономиқалық және заңдық категория ретiнде ғылыми тұрғыдан талдау жасау кәсiпкерлiктi рыноқтық шаруашылықтың ажырамас элементi екендiгiн дәлелдеп отыр. Жалпы кәсiпкерлiктiң тарихы талай ғасырларды қамтиды, дегенмен қазiргi түсiнiктiң орын алуы капитализмнiң қалыптасу және даму кезеңiне сай келедi.
Буржуазиялық саяси экономияда "кәсiпкерлiк" түсiнiгi XVIII ғасырда пайда болды да, "меншiк иесi" деген түсiнiкпен қатар орын алды. Мысалы, А. Смит кәсiпкердi өзiнiң коммерциялық идеясын өткiзiп, пайда табу мақсатымен экономикалық тәуекелге бас ұрған меншiк иесi деп сипаттады. Ол өндiрiстi өзi ұйымдастырады, оның нәтижесiне иелiк етедi. Алайда, меншiк иесi мен кәсiпкердiң бiрiгуi несиенiң пайда болуымен байланысты өзгередi. Кез келген коммерциялық банк айналысқа жiберген бүкiл капиталға иелiк ете алмайды. Меншiк иесiнiң үлесi тек құрылу қорына (уставной фонд) ғана таралады, ал оның көлемi салыстырмалы алғаңда шағын, әрi шектеулi.
Несиенiң дамуымен байланысты капитал иесiнiң қызмет етушi капиталдан бөлiнуi орын алды, ол өз кезеңiнде кәсiпкерлiкке iрi қозғалыс бердi. Сондықтан XVIII ғасырдың аяғы XIX ғасырдың басында өмiр сүрген әйгiлi француз экономисi Ж. Б. Сэй кәсiпкерлiктi А. Смитпен салыстырғанда кеңiнен сипаттады. Кәсiпкерлiкқе шаруашылық тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатымен өндiрiс факторларын байланыстырушы экономикалық агент ретiнде анықтама бердi. К. Маркс те меншiк иесi мен кәсiпкерлiк арасында тiкелей ұқсастық айтқан жоқ, алайда соңғысын меншiк иесiнiң қызметi ретiнде қарастырды.
Кәсiпкерлiктiң меншiк иесiнен ажырасуы акционерлiк қоғамда анық көрiнiс алды. Акционерлiк кооперативтiк экономика жағдайында меншiк заңды факт ретiнде өзiнiң бөлу қызметiнен айрылады. Өндiрiстегi өкiмет меншiктен ұйымдастыруға ауысады, сөйтiп меншiк пассивтi рөл атқаратын болады. Дәстүрлi меншiк түсiнiгiмен қатынасты нақты физикалық заттар орнына, акционер қағаз бумасымен, меншiктiң титулымен шектеледi. Акция иесi кәсiпорындарға шартты бақылау ғана жасай алады.
Корпорация қызметiнде жауапкершiлiк менеджерлерге ауысады. Сөйтiп капитал, меншiктi капитал және қызмет атқарушы капитал болып бөлiнедi де, ал меншiкке нақты бақылау жасайтын менеджерлер жалған меншiк иесi көрiнiс қабылдайды. Несие қатынасының дамуы және ұлттық байлықтың жеке меншiк формасынан корпорациялар меншiгiнiң формасына көшуi нәтижесiнде меншiк кәсiпкерлiктен бөлiнiп қалады. Батыстың экономика ғылымы мен социология саласындағы көптеген өкiлдерi мұндай құбылыс арқылы меншiк мәселесiн екiншi кезекке ығыстырып, өндiрiс пен өндiрген өнiмдердi бөлуге бақылауды бiрiншi кезекке шығарды.
30-жылдардың өзiнде американдық ғалымдар А. Берли мен Г. Минз, меншiкке бақылау орнату мүмкiндiгiнiң бiрнеше түрлерiн ұсынды:
1. Толық меншiк арқылы бақылау. Барлық шығарылған акциялар бiр адамның немесе азын аулақ топтың қолында болғанда жүргiзiлетiн бақылау. Мұндай компанияда меншiк пен басқару бiр адамның қол астына шоғырланады.
2. Көпшiлiк акция арқылы бақылау. Мұндай жағдайда шығарылған акцияларға меншiк үлесi 51 процент болады, алайда iрi компанияларда бұл сирек кездесетiн жағдай.
3. Бiрлесiп бағыну тетiгi арқылы бақылау. Көпшiлiк ақцияларға бiр корпорация иелiк ету пирамида көрiнiсiн алады да, өз кезегiнде басқа компаниялар акциясының бақылау пакетiне ие болу, соңғысына да бақылау жасау мүмкiн болады, мұндай жайлар бiрнеше рет қайталануы ықтимал.
4. Акцияның өз бөлiгiне бақылау. Бақылаудың бүл түрiн жеқе адам немесе азын-аулақ топ корпорацияда өктемдiк жүргiзетiн жеткiлiктi акция процентiне иелiк етедi.
5. Басқару тарапынан бақылау. Ол жеке бiр адамның меншiгi көзге iлiнгiсiз жағдайда орын алады. Мұндай жағдайда менеджмент меншәктегә үлесi аз болса да қысым көрсете алатын күшке айналады.
А. Берли мен М. Минз өз қорытындыларында мынаған сүйенедi. Бақылаусыз байлыққа меншiк, менiшк иелiгiнсiз байлыққа бақылау жасаумен пара-пар, корпоративтi дамудың логикалық нәтижесi болып табылады. Сонымен меншiк пен кәсiпкерлiк арасында қатты бағыныштылық болмағанымен кәсiпкерлiктi дамытудың шарттары туралы сұрақ туындайды.
Бiрiншiден, кәсiпкерлiктiң қажеттi шарты мен белгiсi, субъектiнiң белгiлi бiр дәрежеде еркiндiгi мен құқы болуы шарт. Ол шаруашылық қызметiнiң бағытын таңдау, өндiрiстiк бағдарламаны анықтау, қаржыландыру көзiн таңдау, өнiмдердi өткiзу, оларға баға белгiлеу, пайдаға өз жарлығын жүргiзу т. б. Басқаша айтқанда, кәсiпкер шаруашылықты жүргiзудiң экономикалық жағынан оқшауланған субъектiсi болуы керек.
Екiншiден, кәсiпкерлiк қабылданатын шешiмдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдiлiктi қажет етедi. Қабылдаған шешiмдерге деген жауапкершiлiк болмайтын болса, ол кәсiпкерлiк болмағаны, жәй тапсырма бойынша жарлық ету болғаны. Тәуекелдiк тура шешiм туралы ерекше айту керек. Кәсiпкерлiктiң қандай түрiмен айналысушылардың басым көпшiлiгi кепiлдi табыс пен жсғары жалақыға есеп жасайды. Алайда кәсiпкерлiк және рыноктың дамуы тек жоғарғы табыс пен жалақыдан тұрмайтыны, оның көлеңкелi жақтары да аз емес екендiгi белгiлi. Осыдан да болар ауыз екi сөзде тәуекел тас жарады, тас жармаса бас жарады деген де бар.
Үшiншiден, кәсiпкерлiк қызметiнiң белгiлi коммерциялық табысқа жетуге, пайда табуға бағдар ұстауы, мұның өзi экономиканың қажеттi рыноктық құрылымын орнатумен байланысты. Әлемдiк тәжiрибеде көрсеткендей, кәсiпкерлiктiң жан-жақты дамуына оның құқылық базасы жеткiлiксiз, оған сай әлеуметтiк-экономиқалық шарт қалануы кажет. Олай дейтiнiмiз рынок пен кәсiпкерлiк кенеттен пайда болып тез дамымайтыны кiм-кiмге де түсiнiктi Олар бұйрықпен, үкiмет шешiмдерiмен, мiндеттеу жолымен жеке қосылмайды. Өйткенi ақшасыз, тауарсыз, капиталссыз, ең басты реттеушi — құн заңынсыз, қозғаушы күшi бәсекесiз олар дами алмайды.
Төртiншi шарты жоғарыда атап өткендерден туындайды. Еркiн кәсiепкерлiк меншiктiң әр қилы формада, түрде, типте болуын қалайды, олай болса иемденудi де қамтиды. Өз кезегiнде көптүрлiлiк объективтi құбылыс, өйткенi ол өндiрiстiк қызмет көрсету iсiнiң дамуының нәтижесi. Қазiргi әлемде дәрежесi мен сипаты бойынша әр қилы өндiргiш күштердiң, таңғажайып қабысуын байқауға бола-ды. Қоғамдық, жалпы мемлекеттiк мақсатқа пайдаланатын өндiргiш күштер бар, сонымен қатар ұжымдық, топтық және жеке дара мақсатта қолданатын өндiргiш күштер де бар. Осыған сәйкес меншiк пен кәсiпкерлiктiң әр қилы формалары даму алады. Осының негiзiнде аралас типтегi рыноктық экономиканы құрайтын көп субъектiлi нақты экономикалық қатынастар орын алды. Кәсiпкерлiк қызметтiң ерекше бiр түрi ғана емес. Бұл тағы да бiр белгiлi стиль және тәртiптiң типi, жинақтап айтқанда үлкен бастама, дәстүрден тыс шешiмдердi iздестiру, кең көлемдi тәуекелге бел байлау, iскерлiк. Белгiлi Австриялық экономист И. Шумпетер айтқандай, кәсiпкерлiк-жұмыстың бiр түрi емес, тұнып тұрған ақыл-ой, тұла бойы қасиет. "Ерекше бiр көрiпкелдiк қасиет болуы рутина қысымына әрдайым қарсылық жасай бiлуi шартты мәселе. Жаңалықты таба бiлетiн, оның нәтижесiн пайдалана бiлуi керек. Хас тәуекелге бел байлап, қорқуды, үрейдi жеңе бiлу, болып жатқан құбылыстарға еш байланыссыз өз шешiмiн анықтау".
Мұнда кәсiпкерлiк азаматтар мен бiрлестiктердiң жеке дара бастамасы, iс-қимылы, ол пайда алу мақсатын көздейдi, тәуекелдiлiк көрсетедi, өзгерiстерге деген жауапкершiлiгi бар деп анықтама берiлген7.
3. Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлер одағы қызметiнiң негiзгi бағыттары және проблемалары

Мен курстық жұмысымның бұл бөлiмiнде Қазақстан кәсiпкерлер одағы қызметiнiң негiзгi бағыттары мен оған қатысты проблемалар жайлы қарастырып кетпекпiн. Осы орайда айта кету керек Қазақстанда кәсiпкерлер одағы жұмыс жасағалы берi он жылға таяу уақыт болды , негiзнен бұл құрылымның, яғни кәсiпкерлер Одақтың мақсаты ол елiмiздегi барлық кәсiпкерлердiң мүдделерiн ұймдасқан түрде мемлекеттiк органдар алдында қорғау болып табылады. Өзiнiң құқықтық статусы тұрғысынан бұл ұйым қоғамдық бiрелестiк болып табылады және оған мүше болып кез-келген Қазақстандық жеке тұлға кәсiпкер табылады. Бұл Одақтың қазiргi кезде атқаратын ролi орасан зор деп айтуға болады өйткенi егер кәсiпкерлердiң әрқайысы өз құқықтары мен мүдделерiн жүзеге асыруды және оларды қорғауды жеке жеке жүзеге асырса бұл жағдайда олар үшiн бұл өте қиынға соғар едi.
Қазақстан кәсiпкерлер одағы қызметiнiң негiзгi бағыттары мен оған қатысты проблемалар жайлы айтар болсақ әрине бұл салада әлiде айтарлықтай мәселлер өте көп деп айтуға болады. Елiмiдiң нарықтық қатынасқа көшкен уақытынан бepi бiздiң мемлекетiмiздiң экономикалық өмiрiнен жаңаша бip құбылыс кәсiпкерлiк орын ала бастаған болатын. Содан бepi өткен жылдарға көз салсақ кiсiпкерлiктiң ауадай қажет екенiн және оның тек нарықтық қатынастар яғни еркiн экономика аясында ғана дамып, өpic алатынын байқадық. Кiсiпкерлiктiң дамуы, оны қолдау және қорғау мәселелерi жалпы саяси және әлеуметтiк - экономикалық сипаттағы негiздерiмен тығыз байланысты.
Қазақстандық ғалым Покровский Б. кәсiпкерлiктi дамытудың мiндеттi түрдегi 5 шарты бар деп түсндiредi. Даму барысында, яғни нарықтық экономиканың айтарлықтай дамып кәсiпкерлiктiң нығайған кезiнде бұл шарттардың кейбiрiнiң жойылуы мүмкiн, ал кейбiреулерiне баса назар аудару кажет болады. Бұл салады Қазақстан кәсiпкерлер одағының атаратын қызметтiң негiзгi бағыттары мынаған келiп саяды, ендi сол мiндеттi қарастырып (жайларды) көрейiк8.
Қазақстан кәсiпкерлер одағы қызметiнiң негiзгi бағыттары ол жалпы кәсiпкерлiктi соның iшiнде жеке кәсiпкерлiктi толығымен оның қызметiне қол сұғудан қорғалу болып табылады. Олардың қызмет бағытарына шектеу қойылмауы, межеленбеуi тиic. Бұл жерде мына "заңмен тыйым салынғаннан басқасы кәсiпкерлiкке рұқсат етiлген" деген принцип жүзеге асырылса жеке кәсiпкерлiктiң жұмысы жемiстi болатыны cөзсiз. Кәсiпкерлiк аясында белгiлi бip келенсiз оқиғалар туындататын чиновниктер бар екенi бслгiлi. Осы чиновниктер мемлекет тарапынан белгiленген корғау, қолдау шараларын кәсiпкерлiкке арналған шектеу шаралары деп түciнедi. Кәсiпкерлiкке шектеу қоюды ешқандай мемлекеттiк басқару органдар және мемлекеттiк чиновниктер емес, тек қана ҚР Парламентi жүзеге асыруы тиiстi.
Сондай-ақ Қазақстан кәсiпкерлер одағы қызметiнiң негiзгi бағыттары ретiнде Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға негiзделген, дамыған экономикасы бар демократиялық мемлекет құруға бағытталған саяси курсы нарықтық қатынастарды терендете түрлендiруге және кәсiпкерлiктiң айтарлықтай дамуын барынша ықпал жасу болып табылады. Парламент қабылдаған көптеген нарықтық бағыттағы заңдар елiмiздегi кәсiпкерлiк қызметтiң құқықтық негiзiн құру жөнiндегi алғашқы қадамдар болып табылған едi. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен басқа да тиicтi заңдарда мемлекет зкономикасының әралуан меншiк нысандарына негiзделгенi бекiлген. Жекеменшiктiң экономикадан орын алуы кәсiпкерлiктiң дамуының өте маңызды шарты ретiнде көpiнic тапты. Сонымен, мемлекет аумағында кәсiпкерлiк eкi нысанда дамиды. Алайда, аса көңiл бөлiнетiн кәсiпкерлiк нысан жеке меншiкке негiзделген экономикалық кызмет болып табылатыны туралы жоғарыда айтып кеткенбiз.
Қазақстан кәсiпкерлер одағы қызметiнiң негiзгi бағыттары сонымен шағын кәсiпкерлiк және орта кәсiпкерлiктi дамыту, қолдау және қорғау бүгiнгi осы одақтың алдындағы кезектi мәселенiң бipi болып табылады. Бұл аяда мемлекеттiк емес меншiк нысаны басты рөл атқарады. Осы бағытгағы кәсiпкерлiктi дамыту қызметi тек мемлекеттiк кәсiпорындарды жекешелендiру негiзiнде ғана емес, сонымен бipre жаңадан құрылған кәсiпкерлiк құрылымдар есебiнен жүзеге асырылуға тиiстi.
Шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi саясат аумақтық әлеуметтiк-экономикалық саясатты қалыптастыру және дамыту этаптарына қосыла отырып жүргiзiлуге нысалануы қажет. Бұл жерде бipiншi кезекте назар аударылатын жайлар Қазақстан кәсiпкерлер одағының болжауы бойынша төмендегiдей болып келедi:
1. шағын кәсiпкерлiктiң орны мен атқаратын pөлiн айқындау және шағын кәсiпкерлiкке мемлекеттiк заказды қалыптастыру;
2. шағын кәсiпкерлiктiң концепциясын әзiрлеу;
3. шағын кәсiпкерлiктi дамытудың республикалық бағдарламасын әзiрлеу;
4. шағын кәсiпкерлiктi өзiндiк басқару жүйесiн құру;
5. шағын кәсiпкерлiктi республика аумағында басқару және реттеудiң ұйымдастырушысы құрылымының жүйесiн құру;
6. шағын кәсiпкерлiкке жергiлiктi әкiмшiлiк тарапынан тигiзiлетiн басқарушы ықпалдың нысандары мен әдiстерiнiң жүйесiн қолдану;
7. шағын кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасын және бизнес жоспарларды қалыптастыру9. Мысалы, ipi қалаларда құрылған кәсiпкерлiктi басқарудың негiзгi қағидаттары мына келесiдей болады:
1. кәсiпкерлiктi оның нысанына қарамастан дамыту үшiн қажеттi жағдай жасау;
2. кәсiпкерлiк қызметтiң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік
Қазақстанда кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы және даму перспективасы
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы
Шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайын талдау
Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiктің даму проблемалары және шешу жолдары
Қаржы қатынастары мен саясаты
ҚР-да кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуына талдау
Нарықтық экономиканы құрудағы ұсақ бизнестiң ролi
Мемлекеттік мекеменің қызметі туралы қысқаша ақпарат
Қазақстандағы шағын бизнестің даму жағдайын талдау
Пәндер