Ақтау қаласының туристік-рекреациялық ресурстары



КІРІСПЕ
1 АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК.РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
1.1 Табиғи рекреациялық ресурстар
1.2 Әлеуметтік.рекреациялық ресурстар
2 АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИЗМ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Ақтау қаласының туризм инфрақұрылымы
2.2 Ақтау қаласының тарихи.мәдени нысандары
2.3 Ақтау қаласы бойынша шолу экскурсия
3 АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЖАҒДАЙЫ
3.1 Туристік жобалардың анализі
2.3 Ақтау қаласында дамытуға негізделген туризм түрлері
3.3 Каспий теңізі бойынша туризмді дамыту
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасынның туризмді көтеру мәселесі өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осыған байланысты елімізде қазақстандық және шетелдік азаматтардың әр түрлі туристік қызметтерге деген сұраныстарын қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы аса тиімді және бәсекеге қабілетті туристік кешенді іске асыру мақсатында және ұлттық туристік өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін әр ауданда туризмді дамыту бағдарламалары жасалған. Бұл тұрғыда Маңғыстау облысының 2008-2011 жылдарға арналған туризмді дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген. Осы бағдарламаны толықтыру барысында қазіргі уақытта IPK International халықаралық компаниясы мамандарының қатысуымен Маңғыстау облысында 2015 жылға дейін туристік кластер құру мен дамыту мастер-жоспары қолға алынып жатыр. Аталған қаулыда Маңғыстау облысында туристік кластерді дамыту бойынша 17 сервистік нүкте кіргізілген болатын. Бағдарламада ұсынылған 17 сервистік нүктенің бірі болып Ақтау қаласы таңдалған. Яғни, мұнда болашақтағы әлеуметтік, экономикалық, мәдени және туристік дамуды алға қоя отырып, қаланың жаңа заман талабына сай абаттандырудың өзіндік бір қолтанбасын құру. Сонымен қатар, қалалық ғимараттардың басты белгісі болып табылатын мықты денсаулық, жайлылық және экономикалық дамуды көздейтін сапалы өмір сүрудің жаңа дәуренін ұсынатын Ақтау-Cити қалашығының құрлысын жүргізумен бірге Ақтау қаласында 5*-2* қонақ үйлер, Каспий теңізі бойына конгресстік және жаңа гольф-орталықтарын орналастыру, Маңғыстау мұражайын салу мен Каспий теңізі бойынша туризмді дамыту бағыттары ұсынылған болатын. Соған байланысты жұмыстың бірінші бөлімінде толығымен Ақтау қаласының табиғи рекреациялық және әлеуметтік-экономикалық ресурстары туралы қарастырылған. Ал, әлеуметтік-рекреациялық ресурстарына Ақтаудың тарихы мен экономикалық жағдайы, халқы кіргізілген. Сонымен қатар екінші бөлімінде Ақтау қаласынның туризм жағдайы, яғни туризм инфрақұрылымы, мәдени-тарихи нысандар мен таңқалдырар көзтартарлық жерлерін пайдалана отырып қала бойынша шолу экскурсиясын жасап, картаға түсіру. Ал үшінші бөлімінде Ақтау қаласының туризмді дамыту жағыдайын қолға ала отырып, ұсынылған жобалар бойынша анализ жасау, туризмнің түрлерін дамытуға ыңғайлылығы сипаттау, Каспий теңізі бойынша туризмді дамыту қажеттіліктерін қарастыру.
Жұмыстың мақсаты: Ақтау қаласының туристік жағдайы мен болашағы мүмкіндіктерін ашып көрсету.
Міндеттері:
- Ақтау қаласынның туристік-рекреациялық ресурстарын көрсету;
- Ақтау қаласынның туризм жағдайын сипаттау;
- Ақтау қаласының туризмді дамыту жағдайымен таныстыру ;
1 Бесімбаев Е.Б., Маңғыстау облысының физикалық географиясы. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті. – Алматы, 2000. – Б. 7
2 Жамалбеков Е., Түлеген түбек. – Алматы: Қазақстан, 1973. – Б. 23, 25, 68
3 Қондыбай С. Маңғыстау географиясы. – Алматы: Арыс, 2008. – Б. 76
4 Кекілбаев Ә., Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы.-Жаңаөзен: Кең дала қоғамдық бірлестігі, 2009. – Б 39
5 http://www.aqtau.narod.ru/skazka.htm
6 Көшербаев Қ.Е., Аяған Б.Т., Маңғыстау энциклопедиясы. – Алматы: Сардар баспа үйі, 2009. – Б 5
7 Шалабаев С., Өмірбаев Е., Маңғыстау. – Алматы: Қазақстан, 1973. – Б 33, 51
8 Қазақстан Ұлттық энциклопедисы Т 1 Алматы: 1998. – Б 213-215
9 http://www.caspiy.kz/
10 БеловВ.И., Мангышлак - солнечная земля. – М.: Политиздат, 1981. – 127 с.
11 Есенберлин І., Маңғыстау Майданы. – Алматы: 1978. – Б 24
12 Кривов А.С., Левин М.И., Шевченко. Архитектура нового города. – Алма-Ата: Қазақстан, 1982. – С 4-5
13 Куидина Ю., Узбаханов Н., Дуюмбаева А., Шевченко. – Алма-Ата: Жалын, 1979. – Б 5,6
14 Гарнуша А.Ф., Кожагулова А.С., Утебаева М.М., Актау 1963-2003. – Алматы: Өлке, 2003. – Б 3
15 http://aqtau.kz/entertainment/photo/index.php?PAGE_NAME=section&SECTION_ID=12#photo150888
16 http://www.elmedia.kz/kz/?p=2329
17 Қыдыр А. Қазақстанның теңіз қақпасы // Маңғыстау. – 2002. – №11 – Б 3
18 Әріп Ғ. Ақтау халықаралық әуежайы: самғаудың жаңа кезеңінде // Маңғыстау. – 2006. – №14. – Б. 3
19 Шермаханов А. Не останавливаясь на достигнутом // Магистраль. – 2005. –№ 14. – Б 48
20 Материалы. Управление спорта и туризма Мангистауской области.
21 МАЭК. Мангистаумунайгаз // Рынок ценных бумаг Казахстана. 2007. – № 7-8. –.Б 25-26
22 «МАЭК – Казатомпром» // Kazakhstan.- 2005.- №1. – Б 78-80
23 Состояние и перспективы использования физико-химических метотдов по повышению нефтеотдачи на местрождениях АО «Мангистаумунайгаз».- Гл. ред. К.К.Кенжебаев; Гл. ред. К.К.Кенжебаев; Гл. ред. К.К.Кенжебаев; Гл. ред. К.К.Кенжебаев; Гл. ред. К.К.Кенжебаев; // Научно-технологическое развитие нефтегазового комплекса: Докл. пятых междунар. науч. Надировских чтений/ Гл. ред. К.К.Кенжебаев. – Алматы-Актобе, 2007. –.67-71 с.
24 http://www.mts.gov.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=86&Itemid=17&lang=kk
25 Аманниязов К.Н. Отчий край: К истории геогр. и этнокультурных исслед. Мангистауской.обл. – Алматы, 2002. – Б 25
26 www.mangystau.kzk
27 www.kazpravda.kz/index
28 www.Renaissance.com
29 www.RenaissanceAktau.com
30 http://www.awww. http:/ /www.komandirovka.ru/hotels/aktau/
31 aktau-business.com/2007/01/14/shagala.html
32 http:/ /www.komandirovka.ru/sport/aktau/
33 http://www.aktau-site.ru/index.php?nma=kino&fla=index&id=2
34 Попова Н. Жизнь не стоит на месте // Огни Мангистау. – 2006. – №2. – С 6
35 http://yvision.kz/community/Актау(7292)/45319.html
36 Азанова А. Ақтаудағы ескерткіштер // Маңғыстау. – 2003 – №16. – Б 3
37 Бейсенов Т. Мыңбаевқа ескерткіш қойылды // Айқын. – 2007. –№3. – Б 5
38 http://www.unesco.kz/heritagenet/kz/participant/museum/mangystau_mus/first.htm
39 http://aqtau.kz/b2b/entertainment/culture/151200/
40 Алмабетов Р.К. Ақтау көрікті де үлкен қала болады//Маңғыстау.– 2004.- №6. – Б 2
41 Емельянов Б.В. Экскурсоведение учебник. – Москва: Советский спорт, 2002. – С 15
42 http://www.aktau-business.com/2009/05/07/kolledzh-turizma-budet-otkryt-v-sentyabre.html
43 http://www.aktau-site.ru/index.php?nma=karta_goroda_aktau&fla=index
44 Мастер-план создание и развития туристского калстера Мангистауской области до 2015 года.М Актау: 2008 – С 68
45 Қыдыр А. «Ақтау-Ситиге» жол басталды // Маңғыстау. – 2008 – №26. – 1 б.
46 www.aktau-site.ru.
47 Кондыбай C., Эстетика ландшафтов Мангистау: перспективы для развития туризма: – Алматы: Арыс, 2005. – С 59
48 www.aktau-tourist.com.
49 Мацкевич О., Мангышлак – полуостров сокровищ. – Алма-Ата: 1963. – С 7

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасынның туризмді көтеру мәселесі
өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осыған байланысты елімізде
қазақстандық және шетелдік азаматтардың әр түрлі туристік қызметтерге деген
сұраныстарын қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін
қазіргі заманғы аса тиімді және бәсекеге қабілетті туристік кешенді іске
асыру мақсатында және ұлттық туристік өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін
әр ауданда туризмді дамыту бағдарламалары жасалған. Бұл тұрғыда Маңғыстау
облысының 2008-2011 жылдарға арналған туризмді дамыту бағдарламасын іске
асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген. Осы бағдарламаны толықтыру
барысында қазіргі уақытта IPK International халықаралық компаниясы
мамандарының қатысуымен Маңғыстау облысында 2015 жылға дейін туристік
кластер құру мен дамыту мастер-жоспары қолға алынып жатыр. Аталған қаулыда
Маңғыстау облысында туристік кластерді дамыту бойынша 17 сервистік нүкте
кіргізілген болатын. Бағдарламада ұсынылған 17 сервистік нүктенің бірі
болып Ақтау қаласы таңдалған. Яғни, мұнда болашақтағы әлеуметтік,
экономикалық, мәдени және туристік дамуды алға қоя отырып, қаланың жаңа
заман талабына сай абаттандырудың өзіндік бір қолтанбасын құру. Сонымен
қатар, қалалық ғимараттардың басты белгісі болып табылатын мықты денсаулық,
жайлылық және экономикалық дамуды көздейтін сапалы өмір сүрудің жаңа
дәуренін ұсынатын Ақтау-Cити қалашығының құрлысын жүргізумен бірге Ақтау
қаласында 5*-2* қонақ үйлер, Каспий теңізі бойына конгресстік және жаңа
гольф-орталықтарын орналастыру, Маңғыстау мұражайын салу мен Каспий теңізі
бойынша туризмді дамыту бағыттары ұсынылған болатын. Соған байланысты
жұмыстың бірінші бөлімінде толығымен Ақтау қаласының табиғи рекреациялық
және әлеуметтік-экономикалық ресурстары туралы қарастырылған. Ал,
әлеуметтік-рекреациялық ресурстарына Ақтаудың тарихы мен экономикалық
жағдайы, халқы кіргізілген. Сонымен қатар екінші бөлімінде Ақтау қаласынның
туризм жағдайы, яғни туризм инфрақұрылымы, мәдени-тарихи нысандар мен
таңқалдырар көзтартарлық жерлерін пайдалана отырып қала бойынша шолу
экскурсиясын жасап, картаға түсіру. Ал үшінші бөлімінде Ақтау қаласының
туризмді дамыту жағыдайын қолға ала отырып, ұсынылған жобалар бойынша
анализ жасау, туризмнің түрлерін дамытуға ыңғайлылығы сипаттау, Каспий
теңізі бойынша туризмді дамыту қажеттіліктерін қарастыру.
Жұмыстың мақсаты: Ақтау қаласының туристік жағдайы мен болашағы
мүмкіндіктерін ашып көрсету.
Міндеттері:
- Ақтау қаласынның туристік-рекреациялық ресурстарын көрсету;
- Ақтау қаласынның туризм жағдайын сипаттау;
- Ақтау қаласының туризмді дамыту жағдайымен таныстыру ;
- Ақтау қаласынның тамаша тарихи-мәдени нысандары бойынша қалаға шолу
экскурсия жасау;
- Каспий теңізі бойынша круиз құру.
Өзектілігі: Маңғыстау обылысын туристік потенциалды аймаққа
айналдыру барысында 2015 жылға арналған туризмді дамыту бас жоспары бойынша
Ақтау қаласынның алдыңғы қырынан көрінуі негізгі өзектілігі.
Тәжірибелік маңызы: жұмыста Ақтау қаласынның географиялық орыны мен
табиғи-климаттық ресурстары, қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен
туристік инфрақұрылымы талданып, келешектегі туризм жағдайына талдау
жасалынды, тарихи-мәдени нысандар бойынша Ақтау қаласына шолу экскурсия
құрылды.
Ғылыми-әдістемелік маңызы: дипломдық жұмыста Ақтау қаласынның туризм
инфрақұрылымы мен тарихи-мәдени нысандары анықталды. Осы бойынша Ақтау
қаласына шолу экскурсия құрылып карта жасалынды.
Жұмысты орындау барысында пайдаланылған әдістер: картографиялық,
статистикалық, библиографиялық.
Жұмыс құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім мен
қорытындыдан тұрады. Құрылымы 60 беттен, 1 кесте, 9 суреттен құралған.
Диплом жұмысын жазу барысында 50 әдебиет пайдаландыылып, қосымша
ақпараттары қосылды.
Зерттеу нысаны, пәні: Ақтау қаласының туристік жағдайы, туризмді
дамытудағы маңызды рөл атқаратын туристік объектілер болып табылады.
Зерттеудің негізгі теоретикалық және методологиялық базасы болып жергілікті
және шетелдік авторлардың анықтамалық кітаптары мен Маңғыстау статистикалық
мәліметтер болып табылады.
:

1 АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ

1.1 Табиғи рекреациялық ресурстар

Ақтау (қазақ тілінде ақ тау дегенді білдіреді) қаласы Маңғыстау
облысының орталығы, Каспий теңізі мен шөл арасында, Қазақстаның оңтүстік-
батысында орналасқан. Қала территориясының оңтүстік жағы мен Каспий
теңізінің жағалауын Қаракөл қорықшасы алып жатыр. Жер көлемі 14 мың км².
Қаланың табиғатына ерекше көрініс беретін Маңғыстаудың жербедерін айқара
ашып қарайтын болсақ таңқалдырар жерде баршылық. Себебі, Ақтау қаласы
Маңғыстау түбегінің ажырамас қайнар бұлағы. Облыстың көзге көрінер жерінің
барлығы қаланың да келбетін құрайды. Сондықтан, олар өздерінің орналасумен,
пайда болу тарихымен айрықша әсер береді. Яғни, Каспий мен Арал, Жем мен
Бегдашы аралығын алып жатқан байтақ дала бір-біріне ұқсамайтын шөл далаға
тән қандай көрініс болатын болса, оларды көпсінбестен айқара ашылған
құшағына рет-ретімен сыйғызып, табиғатқа тән өсімдікпен орналастырылған
ұлан-ғайыр кеңістік Маңғыстау жері [1].
Маңғыстау облысының батысы мен терістігінен орала қоршаған Каспий
теңізі, оңтүстігінде Түркіменстан, оңтүстік-шығысында Қарақалпақстанмен,
солт. мен солтүстік-шығысында Атырау, Ақтөбе облыстарымен шектеседі. Сондай-
ақ, ол өзінің әр түрлі таулы жазықтарымен, қайталанбас табиғат құрлымымен
ерекшеленеді. Сонау солтүстігін керемет Желтау (221 м), Мыңсуалмас (148 м)
және құм алқабы (Қарақұм,Сам басқалары), көлемді сор (Өліқолтық, Қайдақ,
Қаратүлей, Қаракешу) және Бозашы түбегі орналасқан Каспий жағалауы алып
жатыр. Орталық бөлігін Маңғыстау (Ақтау, Қаратау 556 м) таулары, Маңғыстау
үстірті және ТМД дағы ең терен ойпат (-132 м) Қарақия орналасқан Маңғыстау
түбегі алып жатыр. Оңтүстік батысында Кендірлі-Қаясан үстірті орналасқан,
оңтүстігінде – Қарынжарық ойпаты. Облыстың шығысы Үстірт шоқысымен
қоршалған [2].
Сонымен қатар, Маңғыстау облысының жері өзінің рельефтік
ерекшеліктеріне қарай бірнеше аймақтарға бөлінеді. Бозащы түбегі. Бұған
Бозащы жарты аралы түгелімен кіреді. Бұл жарты аралдың орта жоны бір
қалыпты қоңырлы, құмды, бұйратты жазықтық болады да, теңізге қарай ойысқан
етегі сортаң, сор мен ащылы сораңды кебіртең, кейбір жері қайраңды тегістік
болып келеді. Жарты аралдың шығысы теңіз деңгейінен – 26 м төмен жатқан
Қайдақ сорымен көмкеріле келіп, оңтүстігінде теңіз деңгейінен – 24 м төмен
жатқан Қаракешу, содан батысқа қарай – 19 м белгідегі Қошақ сорымен
жалғасады. Ал терістік батысы мен терістігі теңіз деңгейінен – 19-27 м
төмен жатқан Каспий теңізімен қоршалған. Орталық таулы Маңғыстау. Бұған
батыс және шығыс Қаратау жоталары мен оңтүстік және солтүстік Ақтау
тізбектері кіреді. Бұл өңір өзінің жербедері жағынан тектонико-эорзиялық
және аридті-дендуациялық (судан, желден, мұздан беті тегістеліп кеткен)
аласа таулар тіркесіне жатады. Бұл ауданның жербедері сан алуан биік
шоқылар, таулар, жоталар, адырлар мен аңғарлар, бөктерлер, жекелеген
төрткілер, эрозиялық өңірлер және су ағатын сайлардан құралады. Таулы
Маңғыстау ұзындығы - 117 км, ені 10-15 км-ге созылған батыс және шығыс
Қаратаумен оған жарыса жатқан оңтүстік және солтүстік Ақтаулардан тұрады.
Орташа биіктігі 300-400 м, биіктігі 532-556 м-ге жететін Отман, Бесшоқы
Қаратаудың ең биік тау-шоқыларының санатына жатады. Қаратау сілімдері тек
Шығыс Қаратаумен бітпейді, ол одан әрі жалғасып Бесоқты тауы, Қарашық,
Қармая, Кендірлі сілімдерімен ұштасып жалпы ұзындығы 300 км-ге дейін
созылады. Сол сияқты солтүстік және оңтүстік Ақтауларда батыс басын Таушық,
Дәніспан маңынан бастап тұмсығын Үстірт шыңына тіреп, терістік беті
Күйекжол арқылы Тұзбайыр тауына жетіп жығылса, екінші беті Алаешкі,
Жабайұшқан таулары арқылы жалғаса Бекет ата шыңына үңіле Үкінің ойынан
таусылады. Солтүстік Ақтаудың орташа биіктігі 300-327 м болады. Тау
жоталары терістікке қарай қоңырлақ бурай, ірілі-уақыты сала болып Бозащы
жазығына жалғасып кетеді. Ал оңтүстік Ақтау солтүстік Ақтауларға қарағанда
аласа болып келеді де, оңтүстік және оңтүстік батысқа қарай аласарып, бірте-
бірте оңтүстік Маңғыстау жазығына жалғасады. Батыс аймақ – Түпқараған
түбегі. Түбек солтүстік және батыс беті Каспий теңізімен қоршала келіп
үстінгі беті бір тегіс жазықтық бола биіктігі 140-200 м теңізге үңілген
жағалық шыңдар сілемін құрайды. Шың жағалауында солтүстіктен оңтүстікке
қарай әр түрлі ұзындықта орналасқан және бірнеше бұтақтарға тарамдалған
ірілі-уақты, сулы, сулы алқаптар, тұйық сайлар кездеседі. Түпқараған
түбегінің оңтүстік беті солтүстігіне қарағанда аласалау: 200 м-ден 70 м-ге
дейін, кей жерлері 30 м-ге аласырып сай-салалары адырлы алқаптарға
айналады. Бұлардың ішіндегі ең ірілері Саура, Түлкілі, Сақа Құдық, Қарлыбас
алқапты аңғарлары Түпқараған дөнінен басталып теңізге барып тіреледі.
Алқаптың аяқталар жерлерінде азды-көпті су көздері бар.Оңтүстік батыс
адырлы аймақ. Таулы Маңғыстаудың оңтүстік бетіндегі Ақтаулар оңтүстік-
батысқа қарай аласара түседі де бірқатар жері тегістікке ұштаса бірқатар
жері жыра, сай, әр түрлі салалармен жинақталып келіп, сусыз үлкен аңғар-
алқап құрайды. Батыс жағының ені 5-6 км-дей болып Шақырған, Сартаған,
Қарақыздан басталған алқап Құйылысқа келіп жинақталып, одан әрі оңтүстікке
қарай Ұзынбас сайымен ұштаса Байқасқа тауының астымен Қарақия ойпатына
құлайды. Қарақия сорын Қарақия тауы қоршап жатыр. Сордың батысы Боржақты
адыры арқылы Исан түбегіне жалғасып одан әрі құмды мүйіс арқылы теңізге
сұғына бітеді. Сордың жалпы көлемі 27000 га. Қарақия ойпаты теңіз
деңгейінен 132 м төменде жатыр. Қарақия сорының теңіз беті бір тегіс 0,30 м-
лік белгідегі қоңырлық болып келеді де арасында табиғи деңгейі төмен,
ұзындығы 20 км-ге жуық ағысты алқаптар кездеседі. Оның теңіз деңгейімен
салыстарғанда кей жері – 8, орта жері – 20, ал теңіз жағасына жақындаған
сайын – 28 м-ге төмендейтін жерлері кездеседі. Шығыс құмдық аймақ. Шығыс
құмдық аймақ жербедері мен өсімдік құрамына сәйкес жоғарыда айтылған 4
ауданға қарағанда өз ерекшеліктерімен көзге түсіп оқшауланады. Шығыс құмдық
ауданға кіретін Мырзайыр, Басқұдық, Итқара құмы, Тышқан құм, Сеңгір құм,
Бостан құм, Сенек, Аққұдық, Қарынжарық құмдары бірі жақын, бірі алыс әр
түрлі биіктіктегі шын тауларымен қоршалған. Құмдық аудандардың тау слемдері
қойнауына орналасқан аралық сор, одан әрі құмға ауысып бұталы болып келуі
өзіндік микроклиматтың ерекшеліктерімен Маңғыстаудың шаруамен айналысатын
тұрғындары үшін ең қолайлы қыстақ орын болып есептеледі. Шығыс құмдық
ауданның жалпы жер көлемі 220 мың га-ға жуық. Оңтүстік Маңғыстау жазығы.
Оңтүстік Маңғыстау жазығы терістігін Өзен, Жетібай дөңінен бастап
оңтүстікке қарай бірте-бірте аласарып, оңтүстік-батыс беті Каспий теңізін
жағалай Бегдашыға тірелсе, оңтүстік шығысқа Тайғыр, Көкімбай дөңі арқылы
Сақсорқа, Қарынжарық құмдарын жағалай Шағала сорға барып тіреледі. Жалпы
көлемі бүкіл Маңғыстау жерінің жетіден біріне жуығын алып жатқан бұл
тегістік өзінің жер бедері, топырақ және климаттық ерекшеліктерімен өз
алдына бөлек, бір аймақ болып есептеледі. Оңтүстік Маңғыстау жазығының ең
бірінші ерекшелігі мұнда су көздері өте тапшы, бар суның өзі ащы болып
келеді. Топырағы оңтүстікке жүрген сайын ащы-карбонатты қопраңқы, бос
көпіршік атып қабыршықтанып жатады. Жаңбыр, қар сулары топраққа тез сіңіп
кетеді, сондықтан бұл жазықтықта сай сала, су ағар жыра сирек кездеседі.
Керсінше ойдым-ойдым қазаншұңқырлар, ортасы сор (Қуанды, Жазыгүрлі) немесе
әр түрлі формадағы жан-жағы түрткіл қыраттармен көмкерілген терең шұңқыр,
астау ойлар, шөпті-шөпсіз төбелер, бір-біріне тіресе қатар түзген
қаражалдар, адырлар болып келіп, шыңға жақындағанда топырағы қатайып,
қабыршық тас араласып, соған сәйкес жер бедері, өсімдіктер дүниесі өзгере
бастайды [3].
Үстірт жоны немесе Оңтүстік Үстірт. Үстірт жоның Маңғыстаудың
Қаройынан Күйкенің тұмсығынан басталатын Ақшабас, Қаратүйе, Кертті, Аққуыс,
Жосалы, Қараған-Босаға, Көксем, Кендірлі, Елшібек, Сүйірші сияқты жағалай
ұшпа шыңдар мен жар қабақты таулар бөліп тұрады. Солтүстіктегі Бейнеу мен
Ақжігіттен шыға басталып, оңтүстіктегі түркімен жеріне сұғына кіріп,
Қырықсегіз теппеден аяқталатын, ал батысы Қараған-Босағадан шығып,
қарқалпақтын қасқа жолына тірелетін ұлан-ғайыр дала Үстірт жоны болып
табылады. Оңтүстігінде Қожантай, Ботақан, Алтынтапқан, Түзелбай, Жаңбыршы
құдықтарының үстімен Қара елді мекеніне қарай орналасқан. Үстірт жонына
Қаратүлей, Есенқазақ, Елтеже, Шылпық, Ақсексеуіл, Белсексеуілдің түйелері
алып жатыр. Түлейдің өзі және оны маңайлаған жердің топрағы бос, сортан
тартып, соған сәйкес шөбі де бұталы күйректеу келеді. Оңтүстік шығыс
Үстіртке қарай есептегенде 50-70 км-ге дейінгі Қарнау деп аталатын жердің
жайылысы құнарлы болып келеді. Оңтүстік Үстірт жоны мен солтүстік Үстірт
жоны Сам және Матай құмдары бөліп жатыр(сурет 1). Сам және Матай құмдарының
терістігінен басталатын солтүстік Үстірт жоны батысында Қарақұм, Жем ойпаты
мен терістігінде шалқар, шығысында Борсықтың құмы мен Арал теңізіне
тіреледі [4].

Сурет 1. Үстірт таулары [5]

Қарағия ойпаты. Қарағия ұзындығы 85 км, 10-25 ені. Шығыс беткейлі
тұсында ойыстың түбін бойлай солтүстік батыстан, оңтүстік. шығысқа қарай
жазда қарасуларға бөлініп қалатын Ащыағар өзені өтеді. Маңғышылақ жазығының
шығыс бөлігі, Ақтау қаласынан 50 км жерде, солтүстік-батыстан оңтүстік-
шығысқа созылған дүние жүзіндегі мұхиттан 132 м төмен жатқан ойпаты.
Қарағия - түрік атауы, аударғанда Қара құлама. Көлікпен пластмасса
заводының, Маңғышылақ аулынынан төмен түсе бергенде Жетібай және Жаңаөзен
аулына дейін созылған тамаша шөлді пейзажды көруге болады. Маңғышылақ
қарауылдары Қара құлама түспей түсуге асықпай жолдан тамашалауды ұсынды.
Маңғышлақтын басқа жерінде өтпейтін, ойпатта көктемде шампиньон
саңырауқұлағы жиналады. Қазір бұл жерде әдемілігмен тамаша қоян, түлкі,
қарсақ; зорко муфлоны айналада не болып аңдып жүргендей. Ерте кезде Батыр
Батыл Жауынгер атауымен көл болған деген аңыздар бар. Одан кейін ойпаты
құрылған. Ұзындығы – 40км, ені – 10 км.
Қарақия-Қаракөл қорықшасы 1986 жылы Маңғыстау облысы, Ералиев ауданында
орналасқан. Жерінің аумағы 137.5 мың га. Қорықшаны құруда,ы мақсат Қарақия
ойпатында сирек кездесетін жануарлар түрлерін сақтау. Қорықша аумағында 9
бұлақ, 3 атпалы су көздері бар. Бор таулар. Ақтау қаласынан 29 шағынаудан
жағына, Қаламқас және Форт-Шевченкоға апаратын солтүстік-батыстағы жолға
бұрылып Ақшұқыр аулынан Тельман бағытына жүреміз. Тіке жолға түсіп
солтүстік-шығысқа бұрыламыз, бұл кезде ланшафт күрт өзгереді. Бірнеше
шақырымнан кейін Ақтау тауына, одан кейін ақ аласа оңтүстік Ақтау тауына
жетеміз. Солтүстік Ақтау тауына келгенде автотұрақ орналасқан, яғни осы
жерге Борлы тау атауы берілген. Айналасы ақ қардай шағылысады. Бұл таулар
ақ глиан мен әкпен құрылған. Жаңбыр болған кезде бұл жерде сел болып, жолды
жапқан ағыннан бағала тастар мен акула тістерін тауып алуға болады. Ақтау
Бозащы қорықшасы. Географиялық жағдайы. Ақтау Бозащы қорықшасының жер
көлемі 170000 га, Бозащы түбегінің аяғында оңтүстік батысқа қарай және
Солтүстік Ақтау тауының батысына құлаған, солтүстіктен теңіз жазығамен
Каспий теңізіндегі Қошақ бұғазында орналасқан. Қорықша территориясының
ұзындығы солтүстік тен батысқа, оңтүстіктен шығысқа 74 км тен. Қорықша
шекарасы Ақтұмсық бұғазынан, Торлүн ауылы арқылы, Түщещағыл құдығы, Құм
моласынан Шевченко – Қаржанбас тас жолына шығады. Тас жолдан ары қарай
Солтүстік Ақтаудың оңтүстік беткейіне және ол арқылы Шақбақтас үңгірі
арқылы теңіз жазығына кіреді. Түбектін табиғаты соншалықты әдемілігіне
дүниедегі ешбір ғажайып ұқсамайды [6]. Өсімдіктер мен жануарлары.
Маңғыстауға табиғатың сыйға тартқан тамаша өсімдіктері мен жануарлары
туралы айтпау мүмкін емес. Облыстың өсімдіктер жамылғысы Қазақстанның басқа
шөлді мекендерінен айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл жерде жабайы аңдардың,
құстардың, балықтардың неше алуан түрлері шоғырланған. Мысалы, сүт
қоректілердің 51, құстардың 350-ге жақын түрі, ал Каспий теңізіндегі
балықтардың 130-ға жуық түрі кездеседі. Басқа өңірлермен салыстырғанда
Маңғыстауда өте сирек кездесетін, Қызыл кітапқа енгізілген хайуанаттардың
түрлері айтарлақтай көп. Оларға Үстірт жабайы тау қойы, қарақұйрық, құлан,
қарақал, итаю, мәлін, шұбар, күзен, ала тертесер, кірпі, сабаншы, шағыл
мысығы кіреді. Қызыл кітапқа енгізілген 26 түрі кездеседі, олардың ішінде
ақсұңқар, ителгі, лашын, үкі, сыңқылдақ аққу, кіші аққу, қоқиқаз, жорға
дуадақ, дуадақ, бүркіт, аққұйрықты және кезқұйрықты субүркіт, қызғылт және
бұйра бірқазан және т.б. бар. Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың ішінде
ең көбі қарақұйрық, олардың бас саны шамамен 1500-1700, одан кейінгі Үстірт
жабайы тау қойының бас саны 700-1000-ға жуық, құланның бас саны 80-130-ға
жуық, ал аулауға тиым салынған киіктер саны 1000-1200-ге жуық. Бұлардың
көбісінің шоғырланған жерлері Маңғыстаудың Бозащы түбегі, үстірт Қаратау
бөктерлері және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар. Олардан басқа облыс
аумағында кәсіптік маңызы бар аң-құстар да мекендейді: жабайы доңыз – 200,
қасқыр – 3000, түлкі – 4700, шибөрі – 300, қарсақ – 2800, қоян – 17000,
сасық күзен – 100, қаз – 6000, үйрек – 185000, кекілік – 80000, бөдене –
37500 бас шамасында. Жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтап қалу үшін облыс
көлемінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында орман және аңшылық
шаруашылығы аумақтық басқармасымен қатар Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы
(көлемі 223,3 мың га), Ақтау-Бозащы мемлекеттік зоологиялық қаумалы (137,5
мың га), Қарақия-Қаракөл мемлекеттік зоологилық қаумалы (137,2 мың га),
Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағы (1231 мың га), Маңғышылақ
эксперименталды ботаникалық бағы жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда Маңғыстау
облысында жаңа аң шаруашылықтары ашылды: Қаржанбас (56,7 мың га), Қияқты
(165,2 мың га), Қаратау (88,5 мың га), Голубая бухта (68,7 мың га) және
т.б. Сонымен қатар облыста өсімдіктердің 622 түрі өседі. Олардың 40 түрі
облыстық Қызыл кітапқа, ал 7 түрі Республикалық қызыл кітапқа енгізілген
[6].
Маңғышылақтың емдік сулары. Маңғыстау облысының жерасты суларынның бір
бөлігін арасан (минералды) және ыстық (термалды) сулар құрайды. Арасан мен
ыстық сулар емдік қасиетке ие жерасты сулары. Олардың осындай қасиетті
температурасы мен химиялық құрамына байланысты. Арасан су деп құрамындағы
қатты заттардың мөлшері 1гл асатын немесе көмірқышқыл газы, басқада
пайдалы микроэлементтерге ие, температурасы +200 С-тан жоғары суды айтады.
Қазіргі кезде облыс аумағынан көптеген араспан сулар табылып отыр.
Облыстағы осындай емдік сулардың тұңғышы Құрық суы әзірге пайдаланылып
отырған жалғыз су көзі. Құм температурасы 69,70С, 1км-ге жуық терендіктен
шығады. Соңғы кезде геологиялық ізденістер нәтижесінде Шетпе маңында
Көгез минералды суы, сондай ақ осындай жерасты суларының Қорғанбай,
Жоласқан-Еспілісай, Дөңге, Солтүстік Үстірттегі Арыстан, Қарақұдық, Терең,
Құялы, Арнаса топ тары табылып отыр. Сонымен қатар оңтүстік Бозащы мен
Қарақия арасан су көздері іздестірілуде Маңғышылақ көптеген емдік суларды
өзінен ағызады: хлоридты, бромдық, натриевты. Маңғышылақ емдік қайнар
көздердін тобын ашты. Құмды мысынынан созылған даласында қайнар көз
орналасқан. Бұл жердегі емдік базалар осы жердің суын түрлі жағдайларға
пайдаланады. Демалу базасы, жылы жағажай мен Қаракөл өзенінде емдік суларды
қолдану негізгі болып табылыды. Живописті әдемі өзеннің жағасы бұталамен
қаптап өскен. Мұнда көп жылдар бойы фламинго ұшып келеді, оларды күзде де
көруге болады, бұл өзен тіпті қатты қыста да қатпайды. Көпірден өтіп ыстық
қайнар көзге баруғада болады. Сондай-ақ, Маңғыстау жер асты суларыменде
ерекшеленеді. Бұл жерден зерттеушілер таза престі су тауып алып, ол жерге:
техникалық, емдік, ыстық суларды өндіретін құрылғылар орнатқан.
Географиялық орналасуына, геологиялық құрылымына қарай ерекше жаратылған
Қарамая тауы мен Көкесем шатқалдары – басқа еш жерде қайталанбайтын
құбылыстар. Көкесем шатқалдары-қорық аумағындағы тұщы су көздері бар,
табиғаты әсем, ерекше түзілімді мекен атауы. Үстірт жонының батысқа
еңкіштей құлаған, қатты тілімденген шатқал сайлары – тау табиғатын
ажарландырып тұр. Шың етегінде Көкесем тұщы сулы бұлағы және шың басында
Көкесем құдығы бар. Суының дәмділігіне байланысты Ойда Талақ, қырда
Көкесем деп айтылатын және осыған байланысты шыққан аңыз ауыз екі тілде
ұмытылмай келеді [7].
Каспий маңы атрезиан алабы. Каспий теңізінің солтүстігінде
орналасқан дүние жүзіндегі ең терен ойысты алып жатқан сулы алқап. Жалпы
ауданы 700 мың км2. Құрылымы палеозойға дейінгі түзілімдерден бастап
қазіргі шөгінділерге дейінгі үздіксіз жиналған қабаттардан тұрады. Құмды-
құмтасты шөгінділерде шөғырланған артезиандық су қабаттарынның тереңдігі
алаптың орталығында 20-23 км-ге дейін жетеді. Жер бетінен төмен деген сайын
әр қабаттың су өнімділігі кеміп, минералдары арта түседі. Ойыстың шығыс,
оңт.- шығысында жер бетіне жақын жатқан қабаттарда көбінесе, бор кезеңінің
құмтасты шөгінділеріндегі судың минералдылығы 1-3 гл болса, ойыстың
орталығындағы тереңде жатқан сулы қабаттарда 350-550 гл болады. Су
құрамында бром, бор, стронций, йод, рубидий, цезий сияқы құнды микро
элементтер бар [3].
Өнере – Маңғыстаудың оңтүстік-шығысында, оңтүстіктен солтүстікке қарай
ағып жатқан, ұзындығы 7,5-8 шақырымдай бұлақ атауы. Өнере атауы түрікмен
тілінде өскен, көбейген деген мағынаны береді. Өнере бұлағының негізгі
қорегі – жер асты суы. Су арнасының кеңдігі 1-1,5 м, тереңдігі 0,8-1 м.
Өзен алабының кеңдігі 8-10 м. Суы ащы, мөлдір. Суда балық немесе басқалай
ірі тіршілік иелері байқалмаған. Ұсақ су жәндіктері көптеп кездеседі.
Жағасында қамыс, қоға-ши, жыңғыл сарсазан, сораң түрлері, кермек өседі.
Топырағы сазды-карбоналды, тастақ. Топырақ құрамындағы минерал-тұздар
кристалданып, слюда қабыршақтарын құраған. Өсімдік жамылғысы сирек,
шашыранды орналасқан. Бұйырғын, сораң шөптер қырға қарай біртіндеп сораңды-
жусанды далаға айнала бастайды. Жануарлары – қарақұйрық, қасқыр, түлкі және
осы маңайда Қызыл кітапқа тіркелген ерекше. Көгілдір бухта. Маңғышылақ
аралы жүздеген км тасты каспий жағалауы, шексіз көлемді көлдер, сондай-ақ
алтын құмды жағалаулар. Осындай маржанның бірі – Көгілдір бухта. Жылы құмда
жатып теңіздің қалай ауысатындығын тамашалауға болады. Қазір ғана көк
болса, 1-2 минуттан кейін жасыл, сосын сұр түске айналып, қайтадан көкке
ауысады [8].
Каспий теңізі – әлемдегі ең үлкен көлі деп есептеліп теңіз атағына ие.
Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл.
Каспий аумағы – 371000 км2, ең терең орны – 1025 м. Теңіз кескіні S әрпіне
тәріздес. Қазақстан жеріне оның солтүстігі мен солтүстік-шығысы кіреді.
Каспий теңізінің деңгейі мұхит денгейінен 28 м төмен. Жеріміздегі теңіздің
жағалауы 2340 км. Теңіз бассейнінің су қоры 3,5 млн км2 құрайды. Көлдегі
су деңгейінің жоғары көтерілу кезі сәуірден шілдеге дейін, төмендеуі қыста.
Су бетінің орташа температурасы 24-26 дейін көтеріледі. Сондай-ақ балық
кәсіпшілігінің 80% құрайды. Каспий теңізінің негізгі түбектері: Ағрахан,
Абшерон – Каспийдің батыс жағында, Әзірбайжанда орналасқан және Бозашы.
Орташа ені 400 шақырымдық, солтүстіктен оңтүстікке 1200 шақырымға созыла
отырып, ол бес тәуелсіз мемлекеттің жағалауын жуып өтеді және өзара екі ірі
құрлық – Еуропа мен Азияны байланыстырады. Каспийдің жағалау сызығының
ұзындығы 7 мың шақырым, жалпы ауданы шамамен 400 мың шаршы шақырымды
құрайды, ол Балтық, Адриат, Ақ теңіздер сияқты Дүниежүзілік мұхиттың
бірнеше теңіздерінің аумағынан біршама асып түседі. Каспий теңізінің
қазіргі өсімдіктер дүниесі қарапайым кіші организмдерден бастап қалыптасқан
өсімдіктерге дейінгі саны 728 түрге жетеді. Онда өмір сүретін теңіз флорасы
бірнеше қайтара тұздану мен тұщыланудың әсерімен түбегейлі өзгерістерге
ұшырады, соның нәтижесінде тұщы суда өмір сүретін түрлері көбейді және
теңіз флорасы барынша азайып кетті. Каспий теңізін жануарлардың 1809
түрлері мекендейді. Каспий теңізі – флора мен фауна, соның ішінде бұрын
дүниежүзілік кәсіпшілік өндірудің сексен пайызынан артығын қамтамасыз еткен
бекіре тұқымдас балықтардың дүниежүзілік табынын бізге көненің көзіндей
етіп жеткізген табиғаттың ғажап жаратылысы. Каспийді мекендеушілердің
біреуіне ерекше тоқталсақ. Ол – Каспий итбалығы. Ғалымдар солтүстікті
мекендеушінің қалайша жылы теңізге келгендігіне жауап таба алмауда. Бүгінде
Каспий итбалығының қаңқаларын біздің теңіз Дүниежүзілік мұхиттың бір бөлігі
болған ерте кездегі ежелгі геологиялық шөгінділерінен табылған. Итбалық –
сүтқоректілер мен олардың ежелгі арғы тегі құрлықта, алғашқы дәуірдің
ормандарында аң аулаған. Сондықтан жергілікті қазақтар оны дәлме-дәл
итбалық деп атаған. Каспий итбалығының толық жойылып кету қаупі бар.
Ересек итбалықтар да, олардың балалары кәсіпшілік аулаудың объектісі болып
отыр. 1944 жылы 290 мың итбалық ауланған, содан кейін итбалықтың қауымдасу
саны төмендей бастағандығы туралы мәліметтер бар. Аңдарды аулауға тиым
салында. Итбалықтардың қауымдасуы қайта қалпына келтірілді және кейбір
деректер бойынша 600 мың басқа жеткен. Құпияға бөленген Гиркан теңізі оның
жауынгерлері сияқты халықтың есінде қол жетпейтін құм дөңдерде жоғалып
кетіп, қиялын жаулап алған аңызбен қалды [9].
Климаты. Шұғыл континенталды және құрғақ. Қаңтарда орташа температура
4–9о, шілдеде +27о дейін. Қысы қатты, желді және аз қарлы. Көктем тәртібі
бойынша қысқа, құрғақ, желді болып келеді, жазы ыстық, бұлтсыз, тамаша
құбылыс, ал күз болса жалғастырушы және жылы осыған байланысты ойламаған
жерден ауаның температурасының тербелуі мезгілдік және күнаралық болады.
Облыстың барлық территориясы қоңыржай ендікте жатыр. Мұнда климат облыстың
еуразия материгінің ішінде орналасуымен, мұхиттардан алыс жатқандығының
сипаты. Қазақстан территориясындағыдай түбек климатына негізгі үш фактор
әсерінен құбылып тұрады: космостық және күн радиациясы, планеталық немесе
атмосфералық циркулияция, географиялық немесе жоғарлылық төселген. Каспий
теңізінің жақын орналасуына байланысты қала территориясының климаты әртүрлі
сипатталады. Жағалаудан 5-6 км жерде, жағалау бөлігінде жылдам мезгілдік
тербеліс және күнделікті ауа температурасы белгілі осыған байланысты жылдақ
амплитудасы тербелісінен ауа температурасы көтеріліп тұрады. Орта жылдық
ауа температурасы +110. Ең ыстық айы шілде орташа ауа темерптурасымен
+28+30о эквадор ауасына сәйкес келеді. Ең суық айы қаңтар орташа
температурамен 4о-5о. Мұнда әлсіз ылғалдылық байқалады, жазғы ауа
температурасы мен жылдық төменгі ауа тербеліп тұрады. Абсолютті жылдық
минимум температура 26-34о, ал максимум 43-450, ал топырақ беті 60-70 ке
дейін ысиды. Ең ыстық шілде мен тамыз айлары. Күздік аяз қарашаның аяғында
басталады. Температураның жылдық абсолюттік минимумы 26-300 шамасы, ал
максимумы 34-350 . Ауа температурасының жылдық амплитудасы 70-750. Жылдық
температура 4300-46000 жылыққа жеттеді, жерден ұшатын ылғал жылына 1500 мм
жетеді. Жылына ашық күндер 250. Жазды күндері бұлт көп байқалмайды
Жылдық жауын-шашын. Орташа жылдық ауа ылғалдылығы 66%, жазда 50-60%,
күзде 48%. Жылдық жауын-шашын мөлшері 100-150. Солтүстік жағалауға ылғал
көп түседі, яғни Маңғыстау таулары солтүстік-батыс ылғалды желдері үшін
тосқауыл. Оңтүстік-шығыс бөлігі аз көлемде жауын-шашынмен шөлді дала болып
келеді және ылғалдылық төмен. Жыл бойына ылғалдылық кебір кезде брдей
болады: көктемде – 36 мм, күзде – 33 мм, қыста – 43 мм. Қар жамылғысы 5-10
см. Қар тұрақсыз, қаңтарға дейін жоғалып кетеді, наурыз айына дейін кей
кездерде шыдамайды. Ең алғашқы қар қазанда тіркелген болса, соңғысы ақпанда
болады [10].
Облыс территориясында жыл ішінде негізгі үш ауа массасы келеді:
арктикалық, қоңыржай континенталды, тропикалық. Солтүстікте қыста соққан
жел солтүстік-шығыс болса, оңтүстікте қыста оңтүстік-шығыс, жазда
солтүстік-батыс жел соғады. Маңғыстауда қысқы уақытта Сібір антициклоны
әсер етеді. Қыста облыстың көп бөлігіне Солтүстік Мұзды мұхитының салқы ауа
массалары енсе, жазда оңтүстіктен тропикалық ауа массалары соғады, шөлді
Орта Азиядан құрғақ пен шөлді әкеледі. Амплитуданың тербелу кезінде ауа
температурасы 20о болса 15-20 мсек қатты жел пайда болады, желдің ең
жоғарғы жылдамдығы 34 мсек. Жылына тыныш желсіз ауа райы 60-10%, 15мсек
жылдамдықпен жел соқса шаңды болып келеді. Каспий жағалауында сәуірден
тамызға дейін бриз желі соғады, бұл облыстың жағалауындағы микроклиматты
анықтап, жазғы кезеңдегі ыстықты жұмсартады.

1.2 Әлеуметтік-рекреациялық ресурстар

Тарихы. Кеңес одағы кезінде Қазақстаның геологиялық картасын жасауда
қазақ ғылыми аспананың темірқазығы, аса дарынды ғалым Қ.Сатпаев еңбегі
бұрынғы Одақ көлемінде еленіп, бағаланған жұртшылық хабардар. Табиғаты
қатал, сырт қарағанда құлазыған шөлді аймақ – жарты арал Сатпаев көзіне
боталауы жақын, ыңыранып тұрған аруана тәрізді болып көрінер. Жалпы көлемі
170 мың-ға км-ге жуық, сор мен құм, тау мен тас қоршаған жердің асты адам
айтса нанғысыз байлық болатынды. Оны зерделеп ойша алғаш танығанда қазақтың
ұлағатты ұлы Қ.Сатпаев десек артық айтқанды болмаспыз. Мұнай, газ,
таскөмір, мыс, жез, марганец минералдар қазына қоры тұнып жатты [11].
Өткен ғасырдың 60-шы жылдарының басында Кеңес Үкіметі Маңғыстау өлкесін
Түркімен КСРО-ы құрамына бермекші болғаның жұрттың біреуі білседе, біреуі
білмес. Бірақ жағдайды уақытында білген Қ.Сатпаев Н.С.Хрущев қабылдануда
болып, 3 күн бойы ғылыми құжаттарды көрсете келе, олай істеуге
болмайтындығын дәлелдеп тоқтаттырған. Осылайша, бүкіл өлкедегі бүгінгі және
ертенгі ұрпақ пен жер тағдыры таразыға түскенде мәселе оң шешіліп,
қазіргідей жаймашуақ заманға жетті. Мұны айтып кетуімнің өзіндік себебі
бар, осындай өлкенің тартқан тауқметімен бірге Ақтау қаласыда бой көтерген
болатын. Әрине, ару – Ақтау осылай бола қойған жоқ. Оның өзіндік ерекшелеу
тарихы бар. Мұқият дайындықтардан кейін, 1958 жылы В.Карапивин деген
партияның бас инженері орынбасарының басшылығымен, кеншілердің бірінші
бригадасы құрылып, осы жерде уран қорының бар екендігі анықталды. Осыған
байланысты, КСРО Министрлер кеңесінің қаулысымен Маңғыстауда 1959 жылы
қаңтар айында Кен байыту комбинатын салу шешімі дүниеге келді. Сөйтіп орта
машина жасау министірлігінің аталған комбинат дирекциясын құру туралы
бұйрығы шықты [12].
1964 жылы әлемде бірінші болып, Ақтауда шапшаң нейтронды атом
электорстанциясы құрлысы басталды. Мұның негізгі атқаратын қызметі – теңіз
суын тұщыту, энергиямен қамтамасыз ету еді. Бұл адам тарихында теңдесі жоқ
ғылыми жетістік, ерлік іс. Сонымен қатар, 1973 жыл Маңғыстау өңірі үшін
оның ішінде Ақтау қаласы үшін де айрықша кезең болды. Біріккен ұйымдар
арқасында қаланың адам танымастай өзгеруі басталды. Экономика, мәдениет,
денсаулық сақтау істеріне түбегейлі өзгерістер енді. Соның ішінде кадрлар
дайындауға Ақтау қаласынан институт, мұнайшылар факултетін ашу туралы
қадамдар іске асырылды. Жылдар өте Ақтау қаласында бірнешеленген типтік
мектептер мен бала бақшалары салынды. Ақтау қаласында республика бойынша
бірінші болып типтік мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты іске қосылды.
Уақыт өте келе жер үйлерде тұратындарға жан-жақты қамтылған үйлер беріле
бастады. Осы қадамдардан кейін Ақтау Маңғышылақ қазына және мың жыл түбегі
деп шындыққа сай аталса, оның астанасына берілген керемет атаулар мен
сипаттамалар одан кем түспейді. Ақтау аймақтың орталығы ғана емес, оның
қуат беретін жүрегі. Ғалымдардың құрлысшылардың, химиктер мен ботаниктердің
шындықа айналған арман қаласы. Өткен ғасырдың 70 жылдарында оны XXI
ғасырдың қаласы деп атаған. 1978 жылы Ақтау қаласында құрлыс салу жобасын
Халықаралық Сәулетшілер Қауымдастығын алтын медальмен марапаттап, Патрик
Аберкромби сыйлығын берген. Жоба қолайсыз табиғи ортаның адамның тіршілік
етуіне беймдей алғаны үшін марапатталды. Құрлысшылар бұл жұмысты өте қысқа
мерзімде бітірді. Болашақ қаланың орнында алғашқы шатырлар 1956 жылы
көктемде пайда болды. Бұлар барлау жұмыстарын жүргізіп жатқан Кольцов
саяхатының геологтары. Олар анықтаған уран рудалары кен орындарының қоры,
оны өндіру мен одан әрі өнеркәсіптік игеру алдымен жұмысшы кентінің, ал
кейіннен қаланың да тағдырын алдын-ала анықтаған [13].
Ендігі кезек осындау өтпелі кезеңнің қорытындысы ретінде Ақтау
қаласының басқалар мен салыстырғандағы негізгі ерекшелігі: тамаша
ерекшелігі қолайсыз табиғи ортаны адамдардың өмір сүруіне жаратқандығы.
Сондай-ақ, Ақтау қаласында басқалардағыдай көше жоқ. Бір жағынан қарасан
қызық көше бар, бірақ оның атаулары жоқ. Қала толығымен шағынаудандардын
тұрады. 1-ші шағынауданнан бастап 30 шағынауданға дейін барады (қалаға
өзгерістер енгізілуіне байланысты шағынаудандар қосылу үстінде). Бірақ
ішінде 16-21 ші шағынаудандар жоқ. Шағынаудандардың нөмірі олардың салыну
уақытымен суреттеледі, ең ескісі 3 ші, одан кейін 1, 2, 3-А, Б
шағынаудандары салына бастаған. Тұрғын үйдің үстінде маяк орналасқан
әлемдегі екі қаланың бірі осы – Ақтау қаласы. Негізгі ерекшелігі Ақтау
қаласының салыну формасы. Яғни, салыну барысында қатысты барлық титтей
нүктесіне дейін қаралып, зерттеу жұмыстарынан өткен секілді. Олай деуімнің
себебі, Ақтау өте ыстық және құрғақ, желді қала. Осындай факторларды
ескеріп, сәйкестендіріп салынған болатын. Демек, барлық тетіктері терең
оймен терілген деп айтсақ қателеспеген болармыз.
Шежіре шыр шертеді демекші Ақтау қаласының құрылуындағы ерекше жылдарды
ашып кетпеу мүмкін емес. Олай болса:1959 жылы Қазақ КСРО Жоғары Кеңесінің
Қаулысымен Ақтау елді мекені Ақтау поселкісі атанды. 1963 жылы Қазақ КСРО
Жоғары Кеңесінің қаулысымен Ақтау поселкісі Батыс өлкесіне бағынышты Ақтау
қаласы болды. 1964 жылы Қазақ КСРО Жоғары кеңесінің 1 шілдедегі қаулысымен
ақтау қаласының аты Шевченко болды (Алғашқы қазақ жеріндегі украин жазушысы
Г.Шевченко құрметіне арнап).1964 жылы Ақтау қонақ үйі пайдалануға
берілді. 1972 жылы Шевченко қаласы Халықаралық архитекторлар
ассоциациясының Патрико Абрекомби атындағы сыйлығын алды.1985 жылы
Мәңгілік алау мемориалы ашылды. 1991 жылы Қазақ КСРО Жоғары Кеңесі
Президиумының 13 қыркүйектегі қаулысымен қалаға бұрынғы Ақтау атауы
қайтарылды. 1993 жылы Ақтау мемлекеттік университеті ашылды. 1997 жылы
елбасымыздың қатысуымен Ақтау теңіз сауда портының алғашқы іргетасын
қалады. 2003 жылы Ақтауда Бекет Ата мешіті ашылды және қазақ драма театры
ашалып жұмыс істей бастады. 2005 жылы Қазақстанның теңіз флотының қарлығашы
Астана танкерінің тұсауын Елбас кесіп, ол Ақтау-Баку-Ақтау бағытында жүзе
бастады (сурет 2). 2008 жылы Көрнекті мемлекетқайраткері Жайлау Мыңбаевтың
ескерткіші ашылды, қалалық әкімдік алдындағы алаңға Астана алаңы атауы
берілді. Бұл жылдар жас қаламыз үшін өте ерекше із қалдырар кезең болып
табылады. Түбектің Каспийге кесілген жері әйел адамның бейнесін еске
түсіреді. Академик Қ. Сатпаев осы жерді Ұйқыдаға аруға тенеген [14].

Сурет 2. Ақтау қаласының түнгі көрінісі [15]

Экономикасы. Өсу, өрлеу, өркендеу үстінде әлемге таныла бастаған,
өңірге өң берген керемет көрікті шаһар жас қала – Ақтаудың экономикалық
жағдайы шарықтау үстінде. Қазіргі таңда қала Қазақстанның теңіз қақпасы.
Соның ішінде Ақтау теңіз порты Каспий және Қара теңіз, Волга, Волга-Дон
және Ақтеңіз-Балтық каналдарымен, сонымен қатар Иран бағытында Қазақстан
мен Еуропа-Азия арасындағы транспорттық жолдың негізгі кілті. Баку-Ақтау-
Поти порттары арқылы өтетін ТРАСЕКА маршруты кіргізілді. Ақтау порты кен
өнімдері мен мұнай, астық бағалы өнімдерді сыртқа шығаруда маңыздылығы
жоғары. Осы бағытта қалада айтарлықтай жобалар қолға алынып жатыр. Яғни,
Жер-Теңіз-Аспан инвестициялық жобасы бойынша транспорттық-коммуникациялық
инфрақұрылымды дамыту жоспарына келесі міндеттерді шешу кіргізіледі: ортақ
қолданудағы автокөлік жолдарының құрлысын толығымен қалпына келтіру;
транзиттік саясатты және инфрақұрылымға сәйкес сервисті жүзеге асыру; Ақтау
сауда портын одан әрі дамыту. АЭЗ Теңізпорт Ақтау территориясын кеңейту,
теңіз портының құрлысы, халықаралық Ақтау аэропортын жөндеу жолымен
транспорттық инфрақұрылымды дамыту, АЭС құрлысы және энергиялық жүйені
дамыту, Ш.Есенов атындағы Каспий техникалық университеті мен туризмді
дамыту [16].
Инвестициялық саясаттың маңызды бағыты АЭЗ Теңізпорт Актау дамыту.
227,1 ден 982,3 ға ені кеңейтілді АЭЗ Теңізпорт Актау территориясын
кеңейтудің негізгі мақсаты барлық аймақтардың мүмкіншіліктерін қолдана
отырып, экономиканың шикізат секторына инвестицияны тарту жолымен экономика
диверсипекациясы болады. Субзона территориясының 200 га офис мекемелерінің
құрлысы, әр түрлі бағыттағы теміржол тармағы, ауыр жүк тасмалдау
машиналарына тұрақтар, кеден ұйымдары, жүктерді ашық және жабық өндеу
алаңдары, сақтау бөлімдері жоспарланып отыр. Жанында ТЛО алаңында 100 га
кедендік төлемсіз халықаралық көтерме тауар айырбастау үшін, халық сұранысы
бойынша тауар импорттайтын шекаралық сауда орталығы (СТО) Aktau Free
Trade орналастырылады. ЭСЗ Теңізпорт Ақтау территориясында тұрбалар
Ақтау заводы (ЖШС АӘҚЗ) мен теңіз металл конструкциясын шығаратын завод
(ЖШС Kepple Kazakhstan) болады. Жоба бастамасы: мұнай тұрбалырын шығару
заводна (АҚ Мұнайгазтұрба жоба бағасы – 32,8 млн доллор және қуаттылығы 60
мың т әр түрлі диаметрде), құрлыс заводы – 1кезең (ЖШС Kepple Kazakhstan,
бағасы 40 млн.$, металл конструкция қуаттылығы 7 мың т). 924 жұмыс орын
құру жоспарланып отыр [17].
Халықаралық деңгейде дамуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі
халықаралық әуежай жұмыс жасайды. Сонымен қатар, Ақтау өзінің Қазақстан
бойынша екінші орында тұрған Халықаралық аэропортымен танымал. Облыста әуе
көлігі Ақтау халықаралық әукежайы АҚ болып белгіленген. Ақтау халықаралық
әуежайы барлық типті әуе кемелерін қабылдау және шығаруға жабдықталған,
Батыс Еуропаны Орталық жән Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерімен
байланыстыратын әуе маршруттар қиылысында оңтайлы орналасқан,
әукекомпаниясы кемелері Қазақстан Респукбликасы, ТМД және алыс шетел
желілері бойынша ұшуды орындауда, жердегі қызмет көрсетуді ұсынады. Қазіргі
таңда саладағы тасымал көлемінің өсуі байқалып отыр. Онда бірі
жолаушылардың әуе тасымалы болып табылады. Облыс орталығында 2008 жылы ішкі
және сыртқы бағыттар бойынша 232,6 мың адам, немесе алдыңғы жылғы
көрсеткіштен 33% артық жөнелтілген. Облыс аумағындағы жұмыс жасайтын
халықаралық әуежай халықаралық әуе тасымалына шыға алады. Ақтау қаласы
әуежайынан ТМД мен алыс шетелдің 14 қаласын тұрақты рейспен ұшуға болады.
Әуежайдың 2007 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша халықаралық желілер бойынша
82,6 мың адам тасымалданды немесе 2006 жылғыдан 22 мың адамға артық.
Жобалар мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде іске асырылатын болады. 2007
жылдың желтоқсанында ашық конкурс нәтижесі негізінде концессионер – Group
Uluslararasi Havalimani Yatirim ve Isletme Ltd.Sti ЖШС анықталды. Екі жоба
бойынша инвестиция көлемі 9,4 млрд. теңгені (78 млн. долл) құрады. Саланың
әрі қарай дамуы әуе көлігі инфрақұрылымы объектілерін өткізу қабілеті
кеңейтумен, соның ішінде Ақтау қаласы әуежайын қалпына келтірумен
байланысты [18].
Автокөлік. Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының
ұзындығы аяқталмаған Ақтау-Маңғыстау автомобиль жолы құрылысы, ұзындығы
9,1 км қосқанда 1251,1 км құрайды. Олардың ішінде қатты жабаны бары –
1084,1 км. Қазіргі таңда автомобиль жүк және жолаушылар тасымалы облыстың
ішкі нарығында бейімделген. Қазіргі таңда жоғарыда айтылғанды сараптай
отырып Ақтау қаласындағы көлікпен қызмет көрсету деңгейін (3 cуреттен)
төменнен байқауға болады [19].

Сурет 3. Ақтау қаласының 2009 жылғы көлік құралдарымен қызмет
көрсетілген келушілер саны [20].

Бұл диаграммада 2009 жылы Ақтау қаласында туризм түрлері бойынша көлік
құралдарымен қызмет көрсетілген келушілер саны берілген. Кіру туризмінде
әуе көлігімен 465 адам болса, шығу туризмі бойынша 2010 адамға жеткен, ал
ішкі туризм бағытында 295 адамға төмендеп кеткен. Енді, шығу туризмі
бойынша темір жол мен автобуспен келушілер жоқтын қасы, ал су көлігімен 974
адамды құрады. Соңғысы ішкі туризм барысында байқалатыны әуе көлігімен 295
ке жетсе, темір жолмен келушілер саны 107 болды, автобуспен жүрушілер 258
адамға қызмет көрсетілген. Қорыта келгенде көлік құралдары бойынша
салыстырып қарасақ әуе көлігі барлық түрінен асып түсті. Екінші, шығу
туризмі бойынша су көлігімен қызмет көрсетушілер саны жоғары. Ал ішкі
туризм бойынша автобустан кейін теміржол құралымен қызмет көрсетілген.
Мұнда бірқалыпты даму сатысы сипатталған.
Энергетика. Энергетика барлық облыс аумағының шаруашылық қызметінің
айқындайтын маңызды буыны болып саналады. Электр қуатын, газ бен суды
тарату қызметіндегі ең ірі кәсіпорын - "МАЭК-Казатомпром" ЖШС. Электр
қуатын таратумен 2 компания айналысады: "Маңғыстау электржелілік тарату
компаниясы" АҚ және "Ақтау электр желілерін басқару" МҚК. "МАЭК-
Казатомпром" ЖШС - облыс тұтынушыларының 90%-дан жоғары бөлігін қуат
көзімен қамтамасыз етіп отырған энергия шығаратын бірден-бір мекеме. 1999
жылдың сәуір айында жылдам нейтронды БН-350 тәжірибелік-өндірістік
реакторды падаланудан шығарғаннан кейін "МАЭК-Казатомпром" ЖШС толықтай
табиғи газбен жұмыс істей бастады. Қазіргі таңда облыс аумағында 200
өнеркәсіптік кәсіпорын қызмет етеді, олардың үштен екісі Ақтау қаласында
орналасқан. Өңір эконмикасының шикізатық бағыты даму жағдайына экономиканың
басқа да секторлары тікелей байланысты болатын тау-кен өндірісі
өнеркәсібінің (жалпы санының 9 %) басымдығын айқындап берді. Қазіргі кезде
мұнай-газ өндіру секторы республика экономиакысның облыстағы
мамандандырылған басым бағыттарының бірі болып табылады [21].
Облыста жалпы республикалық көлемнің 30% шикі мұнай және газ
конденсаты өндіріледі. Жыл сайынғы мұнай өндіру көлемінің өсу қарқыны
сақталуда. Маңғыстау облысы көмірсутегін экспортқа шығарушылардың бірі.
Есептік кезеңде облыста 18,2 млн. тонна мұнай өндіріліді. Немесе бұл 2008
жылға 102,7% көп.Табиғи газ өндіру 2,6 млрд.м 3 өсіп, 2006 жылмен
салыстырғанда 4,4% асып түсті. Электр энергиясын, газды және суды өндіруде
және таратуда өнім көлемі 27,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылғыдан
105,7% көп. Осы көрсеткіштерге байланысты Ақтау қаласының өндірістік
потенциялын кенейту мақсатында бас жоспарымен салынған жаңа мұнайгаз және
сирек кездесетін металдардың күрт дамуына, сонымен қаланың ерекше бейнемен
дамуы бір уақытта тамаша ірі өндіріс орындарымен қызымет көрсету
нысандарының құрылуында десек болады [22].
Ақтау қаласы негізігі көтерме-бөлшектік сауда орталығы болып табылады.
Сауданың жеке дамуы біріншіден экономикадағы белсенді инвестицияның және
халықтың кіріс көлеміне байланысты. 2005-2009 жылдар арасында бөлшектік
тауар айналымы халық жанына шаққанда орта есеппен 25% болса, көтерме тауар
айналымы 4 есеге өсті. Ақтау қаласы сонымен қатар негізгі қызмет орталығы,
яғни облыстағы көрсетілген қызмет көлемі 90%. Өткен жылдар арасында бизнес-
cектор, үй құрлыстары мен қаржылық іс әрекеттердің қызметтерінен түскен
пайда көрсеткішінің жоғарғы екендігі байқалған. Ендігі сауда мен
қызметтердің дамуы көтерме сауданы кеңейту, транспорттық саланы дамыту,
сондай-ақ, халықтың кірісі мен туризмді дамыту. Аймақтағы әлеуметтік-
экономикалық жағдайдың тұрақтылығы қалада шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін
айтарлықтай әсер етіп отыр.2008 жылы шағын кәсіпкерлікте 4685 немесе 86%
шаруашылық субьектісін құраған. Тауар, қызмет көлемінен түскен кіріс 8,27
млрд., салықтан 10млрд көрсеткішін берген. Шағын бизнес қаланың маңызды
көзі болып отыр, 32,3 мың немесе 36,4% адамды жұмыспен қамтып отыр. Қала
бюджеті әлеуметтік бағытта, яғни бірінші орында жалақыға төленетін шығын,
коммуналдық қызмет төлемі, мекемелерді материалды-техникалық базасын
қатайту. Қала бюджетінің шығындары 99,5%, 1,88 млрд тенгені құрды.
Инвестициялық жобалар мен бағдарламалар 494 млн тенге шықты [23].
Ақтау қаласының негізгі экономикалық іс әрекеті қазіргі таңда мұнай
газ және өнделген химиялық кешен, сонымен Республикадағы жалғыз Маңғыстау
энергокомбинат ауданның барлық жерін барлық энергия түрлерімен, сумен
қамтып отыр. Қазіргі таңда халықтың айтарлықтай бөлігі мұнай шығару
саласында, газ өндеу кәсіпорындарында қызмет етуде. Осы қырды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маңғыстау облысы ресурстарының рекреациялық әлеуеті
Туризмді дамытуға барынша қолайлы аудандар шығыс аймақта
Батыс Қазақстан ауданы
Қазақстандағы туристік өнім
ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстандағы туризм саласы
Қазақсттаның негізгі туристік игерілетін аймақтары
Туристік рекреациялық ресурстар және олардың таралуы
Қазақстанның көрікті жерлерінің - туризм саласындағы сапа менеджмент жүйесінің ерекшіліктері
Құмдақ ортагумусты қара топырақтар
Пәндер