ҚазТрансОйл АҚ-ның өндірістік-шаруашылық қызметі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

3
1 БӨЛІМ. «ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ.НЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

5
1.1 Кәсіпорынның құрылу тарихы және қызметінің негізі түрлері ... ... ... ... 5

1.2 Кәсіпорынның құрамы мен орталық аппаратының құрылымы ... ... ... ...
8

1.3 Кәсіпорынның тарифтік саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.4 Кәсіпорынның топтық басқару жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
15

17



2 БӨЛІМ. «ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ.НЫҢ ӨНДІРІСТІК.ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .


25
2.1 «ҚазТрансОйл» АҚ қызметінің қаржылық.экономикалық анализі ... ... ...
25
2.2 Кәсіпорынның магистральды мұнай құбырлары жүйесіне баға беру ... ... .
31
2.3 Кәсіпорынның ақпараттық қауіпсіздік жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.4 «ҚазТрансОйл» АҚ әлеуметтiк саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 35

40

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .


46
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

48
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына жолдауында Елбасы мықты бизнес болған жағдайда ғана мықты мемлекет болуы мүмкін екендігін айтты. Нұрсұлтан Әбішұлы отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға шақырды, ол заманауи және тиімді технологияларға негізделуі тиіс. Бүгінгі күні республикадағы көптеген кәсіпорындар мен компаниялар осы қағидатты басшылыққа алып жұмыс істеуде. Өз қызметін олар еліміздің экономикалық та әлеуметтік те үлгісінің дамуына үлкен күш береді. Осындай кәсіпорындардың бірі отандық аса ірі мұнай құбыры компаниясы – «ҚазТрансОйл» АҚ.
Бүгінгі күні «ҚазТрансОйл» АҚ компаниясы экспортқа және республиканың ішкі нарығына Қазақстанда өндірілетін барлық мұнайдың 57%-ын тасымалдайды. 2010 жылы компания өзінің магистральды мұнай құбыры жүйелерімен 52,5 млн. тоннадан артық көмірсутек шикізатын тасымалдады. Мұнайдың жүк айналымы 2010 жылы 34 млрд. 223 млн. тонна км деңгейге жетті, бұл алдыңғы жылдың осындай көрсеткішінен 710 миллион км артық.
Басты өндірістік көрсеткіштердің осындай өсуі, біріншіден, мұнай өндіруші компаниялардың (негізінен «Теңізшевройл» ЖШС және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг БВ») мұнай өндіру және жеткізу көлемдерін арттыруы, сондай-ақ мұнай жеткізу бағыттарын өзгерту бойынша жүргізілген жұмыстардың арқасы. «Мұнайтас» СБҚК» АҚ Кеңқияқ-Атырау, «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС Атасу-Алашаңқай және Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбырларымен мұнай жеткізуді, Батуми мұнай терминалы арқылы мұнайды және мұнай өнімдерін ауыстырып құюды ескергенде «ҚазТрансОйл» АҚ шоғырландырылған тасымалдау көлемі 65 825 мың тоннаны құрады.
Өндірістік көрсеткіштердің өсуі нәтижесінде компания 2010 жылға жоспарланған инвестициялық бағдарламаны іс жүзінде толық орындай алды және өз табыстарын 13%-ға арттырды.
«ҚазТрансОйл» АҚ негізгі қызметі құбырмен «қара алтын» тасымалдаумен бірге Астрахань-Маңғышлақ су құбыры бойынша Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына су жеткізуді де жүзеге асырады. Су құбырларын суық күндерге дайындау үшін компания қажырлы жұмыстар жүргізeді. Атап айтсақ, құбыр қақпақтары бітелді, тастанды ысырмалар мен құдықтар тексеріліп, тазаланды, суды тазартуға арналған қажетті химиялық реагенттер қоры дайындалды. Жасалған жұмыстар Батыс аймағының барлық тұтынушыларын кез келген ауа райында сапалы тұщы сумен іркіліссіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл компанияның әлеуметтік жауапкершілігін жете сезініп, сөзбен емес іспен дәлелдеуінің кезекті көрінісі екені анық.
1. Положение АО «КазТрансОйл» от
2. Устав АО «КазТрансОйл» от 17 марта, 2008 года.
3. Учетная политика группы компаний АО «КазТрансОйл» от от «12» февраля 2009 г. № 1/2009 г.
4. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2010 – 2014 жылдарғы кадр саясаты, астана 2010 ж.
5. «ҚазТрансОйл» АҚ топтық басқару кодексi, Астана 2010 ж.
6. «ҚазТрансОйл» АҚ-ның тариф саясаты;
7. «ҚазТрансОйл» АҚ әлеуметтiк саясаты, Астана 2009 ж.
8. Консолидированная финансовая отчетность по МСФО
АО «КазТрансОйл» за 2007-2011 гг.
9. «Kazenergy» информационно-аналитический журнал, № 3-4 (39-40) 2010 год;
10. «Kazenergy» информационно-аналитический журнал, № 5-6 (60-67) 2010 год;
11. PETROLEUM. Аналитический журнал. Интернет источник: http://www.petroleumjournal.kz//index.php?outlang=17.
12. EXCLUSIVE обзорно аналитический журнал. Интернет источник: http://exclusive.kz/

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
1 БӨЛІМ. ҚАЗТРАНСОЙЛ АҚ-НЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.1 Кәсіпорынның құрылу тарихы және қызметінің негізі түрлері ... ... ... ... 5

1.2 Кәсіпорынның құрамы мен орталық аппаратының құрылымы ... ... ... ... 8

1.3 Кәсіпорынның тарифтік саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 15

1.4 Кәсіпорынның топтық басқару жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 17


2 БӨЛІМ. ҚАЗТРАНСОЙЛ АҚ-НЫҢ ӨНДІРІСТІК-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
25
2.1 ҚазТрансОйл АҚ қызметінің қаржылық-экономикалық анализі ... ... ... 25
2.2 Кәсіпорынның магистральды мұнай құбырлары жүйесіне баға беру ... ... . 31
2.3 Кәсіпорынның ақпараттық қауіпсіздік жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

2.4 ҚазТрансОйл АҚ әлеуметтiк саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 40

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
46
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
48

КІРІСПЕ

Болашақтың іргесін бірге қалаймыз! атты Қазақстан халқына жолдауында
Елбасы мықты бизнес болған жағдайда ғана мықты мемлекет болуы мүмкін
екендігін айтты. Нұрсұлтан Әбішұлы отандық экономиканың бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға шақырды, ол заманауи және тиімді технологияларға
негізделуі тиіс. Бүгінгі күні республикадағы көптеген кәсіпорындар мен
компаниялар осы қағидатты басшылыққа алып жұмыс істеуде. Өз қызметін олар
еліміздің экономикалық та әлеуметтік те үлгісінің дамуына үлкен күш береді.
Осындай кәсіпорындардың бірі отандық аса ірі мұнай құбыры компаниясы –
ҚазТрансОйл АҚ.
Бүгінгі күні ҚазТрансОйл АҚ компаниясы экспортқа және республиканың
ішкі нарығына Қазақстанда өндірілетін барлық мұнайдың 57%-ын тасымалдайды.
2010 жылы компания өзінің магистральды мұнай құбыры жүйелерімен 52,5 млн.
тоннадан артық көмірсутек шикізатын тасымалдады. Мұнайдың жүк айналымы 2010
жылы 34 млрд. 223 млн. тонна км деңгейге жетті, бұл алдыңғы жылдың осындай
көрсеткішінен 710 миллион км артық.
Басты өндірістік көрсеткіштердің осындай өсуі, біріншіден, мұнай
өндіруші компаниялардың (негізінен Теңізшевройл ЖШС және Қарашығанақ
Петролеум Оперейтинг БВ) мұнай өндіру және жеткізу көлемдерін арттыруы,
сондай-ақ мұнай жеткізу бағыттарын өзгерту бойынша жүргізілген жұмыстардың
арқасы. Мұнайтас СБҚК АҚ Кеңқияқ-Атырау, Қазақстан-Қытай құбыры ЖШС
Атасу-Алашаңқай және Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбырларымен мұнай жеткізуді,
Батуми мұнай терминалы арқылы мұнайды және мұнай өнімдерін ауыстырып құюды
ескергенде ҚазТрансОйл АҚ шоғырландырылған тасымалдау көлемі 65 825 мың
тоннаны құрады.
Өндірістік көрсеткіштердің өсуі нәтижесінде компания 2010 жылға
жоспарланған инвестициялық бағдарламаны іс жүзінде толық орындай алды және
өз табыстарын 13%-ға арттырды.
ҚазТрансОйл АҚ негізгі қызметі құбырмен қара алтын тасымалдаумен
бірге Астрахань-Маңғышлақ су құбыры бойынша Атырау және Маңғыстау
облыстарының тұтынушыларына су жеткізуді де жүзеге асырады. Су құбырларын
суық күндерге дайындау үшін компания қажырлы жұмыстар жүргізeді. Атап
айтсақ, құбыр қақпақтары бітелді, тастанды ысырмалар мен құдықтар
тексеріліп, тазаланды, суды тазартуға арналған қажетті химиялық реагенттер
қоры дайындалды. Жасалған жұмыстар Батыс аймағының барлық тұтынушыларын кез
келген ауа райында сапалы тұщы сумен іркіліссіз қамтамасыз етуге мүмкіндік
береді. Бұл компанияның әлеуметтік жауапкершілігін жете сезініп, сөзбен
емес іспен дәлелдеуінің кезекті көрінісі екені анық.
Жыл сайын ҚазТрансОйл АҚ өзінің техникалық қарулануын кеңейтіп жаңа
деңгейге шығаруда. Бұл магистралды мұнай құбырларының жылдың барлық
маусымында сенімді жұмыс істеуін және жоспарланбаған шығындарға жол бермеу
мақсатын көздеуде. Ал Қазақстан бойынша тартылған қара алтын тасымалдауға
арналған магистралды құбырлар жүйесін қысқа дайындау өнімді өндірістік
көрсеткіштердің кепілі болып қала бермек.
Мұнай өндірумен қатар мұнай көлігі жүйесінің тиімді жұмысы әлемдік
энергетика нарығының елеулі факторы екендігін назарға алсақ, ҚазТрансОйл
АҚ-ның табысы мен жетістікері тұтас алғанда Қазақстан экономикасының
бәсекелестік қабілетінің артуына да тікелей әсер етеді. Кәсіпорынның
технологиялық дамуы жөніндегі айқын жоспарларын басшылыққа алып, компания
жұмыстың заманауи әдістемелерін және күрделі техникалық үрдістерді
басқаруды тұрақты түрде енгізіп отырады. Жоспарлау және инвестициялау
мәселелеріндегі жоғары қаржылық тәртіп арқасында ҚазТрансОйл АҚ 2010 жылы
өзінің күрделі қаржы жұмсалымы бағдарламасын орындады. Сондай-ақ компания
қызметінің көрнекі мысалы ретінде алдыңғы жылмен салыстырғанда
республиканың ішкі нарығына мұнай тасымалдау көлемінің артқандығын атап
өтуге болады.
Компанияның әлеуметтік саладағы жұмысын да назардан тыс қалдыруға
болмайды. ҚазТрансОйл АҚ былтырғы жылы өзіне қабылдаған барлық әлеуметтік
міндеттемелерді орындады. Компанияның халықтың әлеуметтік қорғалмаған
қатарын қолдау бағдарламасы республиканың көптеген ірі кәсіпорындары үшін
қызмет үлгісі бола алады. Бүгінгі күні ҚазТрансОйл АҚ басшылығы
компанияның экономикалық та, әлеуметтік те саладағы жетістіктері туралы
айта отырып, олар өз еліміздің жеңістерімен және жасампаздықтарымен тығыз
байланысты екендігін көрсетеді.

1 БӨЛІМ. ҚАЗТРАНСОЙЛ АҚ-НЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ

1.1 Кәсіпорынның құрылу тарихы және қызметінің негізі түрлері

Мұнай тасымалдау, мұнай және мұнай өнімдерінің экспорты мен импорты
мәселелерінде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау мақсатында
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 2 сәуірдегі №461 қаулысымен
мемлекет жарғылық қорына 100 пайыз қатысатын ҚазТрансОйл мұнай тасымалдау
жөніндегі ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі –
ҚазТрансОйл МТҰК ЖАҚ) құрылды.
2001 жылы ҚазТрансОйл МТҰК ЖАҚ акцияларының мемлекеттік пакеті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 мамырдағы №591 қаулысына
сәйкес құрылған Мұнай және Газ көлігі ұлттық компаниясы жабық акционерлік
қоғамының жарғылық қорына берілді.
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігінің 2001 жылғы 22 маусымдағы №159 бұйрығына сай ҚазТрансОйл
МТҰК ЖАҚ ҚазТрансОйл жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҚазТрансОйл
ЖАҚ болып қайта аталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы №811
Жарлығымен Қазақойл ұлттық мұнай-газ компаниясы мен Мұнай және Газ
көлігі ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамдарының бірігу жолымен
қайта құрылуы негізінде ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы жабық акционерлік
қоғамы құрылды, ол ҚазТрансОйл ЖАҚ-тың бірден-бір акционері. 2004 жылғы
31 мамырда ҚазТрансОйл ЖАҚ ҚазТрансОйл АҚ болып қайта аталды.
Компанияға Қазақстанның қазіргі бар барлық магистральды мұнай құбырлары
мен суағызғылары берілді. ҚазТрансОйл АҚ құрылған кезде Қазақстан
аумағынан 6 мың шақырымға жуық магистральды мұнай құбырлары өтетін.
Республикада қалыптасқан құбыр жүйесі Қазақстан Республикасының
экономикалық мүдделеріне толық көлемде жауап бере алмағандықтан жаңадан
құрылған кәсіпорынның жұмысы отандық мұнай құбыры көлігін жақсарту, нығайту
және дамыту жөніндегі жедел шараларды талап етті.
Компанияның топ-менеджерлері өте қысқа мерзім ішінде компанияны
басқарудың бірыңғай жүйесін әзірледі және құрды, іс-әрекеттің тиімділігін
арттыру, шетелдік компаниялар тәжірибесінен таңдаулысын алу және енгізу,
сондай-ақ құбыр көлігі мамандарын дайындауға арналған отандық негіз жасау
мақсатында қызметшілерді оқытудың кеңейтілген бағдарламасы жүргізілді.
Сонымен қатар қазіргі бар құбыр жүйесін жақсарту және жаңғырту жөнінде
кешенді шаралар жүргізілді, соның нәтижесінде мұнай құбырларының қызмет ету
қабілеті сақталды, көрсетілетін қызметтердің тиімділігі, олардың
қауіпсіздігі мен сенімділігі артты.
Жаңа мұнай тасымалдау объектілерінің құрылысы, тасымалдау схемаларын
ұйымдастыру жөніндегі күрделі жұмыстарды жүргізу басталды. Қысқа мерзім
ішінде тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында қазіргі бар мұнай
құбыры жүйесі шеңберінде тұтынушыларға кең қызмет аясын көрсету, экспорттық
бағыттардың әзірленуін ескере отырып, мұнай көлігі бағытын әртараптандыру
қамтамасыз етілді.
Компанияның ағымдағы қызметін қаржыландырудың жеткілікті көлемін
қамтамасыз ету үшін, пайдаланылатын капиталды жалпы арзандату және
акционерлік капиталға тұрақты және орынды қайтарылуын қамтамасыз ету үшін
Компанияның қаржылық құрылымын тұрақтандыру және оңтайландыру жөніндегі іс-
шаралар ойдағыдай аяқталды.
АСПиР баға саясаты комитеті 1998 жылғы 5 маусымда ҚазТрансОйл ЖАҚ
жүйесімен мұнай тасымалдауға арналған тарифтерді есептеу әдістемесін
бекітті, ол мұнай тасымалдауға арналған бағаларды белгілеудің
транспаренттік механизмін айқындаудың алғашқы қадамы болды. Жаңа әдістеме
жалпыға бірдей қағидатта және баға қалыптастырудың икемді ұстанымын
қамтамасыз ете отырып, тұтынушылардың мүмкіндіктері мен талаптарын егжей-
тегжей ескере отырып, қазіргі бар құбыр жүйесін мейлінше пайдалануға жағдай
тудыра отырып жасалды.
Қазақстандық құбырлар жүйесін қалпына келтіру және жаңғырту жөнінде
жүргізілген жұмыстардың басты нәтижесі деп оның жұмыс қабілеті мен
сенімділігін сақтауды, көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттыруды
айтуға болады.
1998 жылдың өзінде ҚТО-да 24 104 мың тонна мұнай тасымалданды. Мұнай
тасымалдау көлемінің артуы жүйе бойынша жүк айналымының 15 337 млн. тонна-
шақырымға артуына қол жеткізуге мүмкіндік берді. 1998 жылдан бастап қазіргі
бар магистральды құбырлар жүйесімен мұнай тасымалдау тұрақты түрде артуда.
1998 жылы ҚазТрансОйл ЖАҚ бюджетке 2 998 млн. теңге төледі. ҚТО-ның
даму серпіні жұмыстың жаңа бағыттарын игеру қажеттігін және осы заманғы
өркен жайған инфрақұрылымы әрі қуатты қаржылық қамтамасыз етілген Холдинг
құру қажеттілігін көрсетті. Осы экономикалық құрылым көмірсутек шикізатын
тасымалдау, оның экспорты мен импорты мәселелерінде Қазақстан
Республикасының экономикалық мүдделерін нығайтуға бағытталған жаңа
стратегиялық міндеттер мен басымдылықтарды шешуге тиіс.
Қазіргі бар жүйелерді жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобаларды іске
жарату мен көлемді бағдарламаларды жүзеге асыру жобалық қаржыландыру
түрінде, сондай-ақ еурооблигациялар шығару арқылы ұзақ мерзімді
инвестициялардың елеулі көлемін тартуды талап етеді.
2001 жылы ҚазТрансОйл АҚ жалпы сомасы 150 миллион АҚШ долларына 2006
жылы өтеу мерзімімен еурооблигацияларды шығару және орналастыру жолымен
әлемдік нарыққа шықты. Осы шығарылым Компанияның бағалы қағаздар
шығарылымының басы және халықаралық капитал нарығында қазақстандық
компаниялардың арасында топтық облигациялар шығарылымының алғашқысы болды.
Бір жыл бұрын 30 миллион АҚШ доллары сомасына 3 жыл мерзіммен ішкі
облигациялар шығарылды (банк кредитіне қарағанда неғұрлым арзан
қаржыландыпруды тарту мақсатында). Қаражат жалпы топтық мақсатқа жұмсалды.
Компанияның 1998 – 2001 жылдарға арналған индикативті даму жоспарына
сәйкес қойылған барлық басым міндетті Компания іс жүзінде мерзімінен бұрын
озық орындауға қол жеткізді, бұл 2000 жылдың өзінде Үкіметтің қаулысымен
бекітілген жаңа 2000 – 2005 жылдарға арналған индикативті жоспар әзірлеуге
мүмкіндік берді.
Ағымдағы және келешек қызметті қаржыландырудың жеткілікті көлемі үшін
қаржылық құрылымды тұрақтандыру және оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар
ойдағыдай аяқталды.
Осындай нәтижелер негізінен ең алдымен Компания менеджменті деңгейінде
күшті қайта бөлу, барлық ұжымның үйлесімді жұмысы, Компанияны басқару
әдісіндегі оң өзгерістер, жаңаша ойлайтын, жан-жақты тәжірибесі және білімі
бар мамандарды тарту арқылы мүмкін болды. Сыртқы жағдайдың да оң
өзгерістерінің маңызы зор.
Акционерлік қоғамдар туралы 2004 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес ҚазТрансОйл компаниясының ұйымдық-құқықтық
нысанын акционерлік қоғам етіп қайта тіркеу жүзеге асырылды.
Компания міндеті
Қоғамның магистральды мұнай құбырлары жүйесіне барлық жүк
тасымалдаушының тең қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, мұнайды іркіліссіз
тасымалдау, ауыстырып құю және сақтау бойынша сапалы, уақытылы және бағасы
жөнінен бәсекеге қабілетті тасымалдау қызметтерін көрсету.
Компания келешегі
ҚазТрансОйл АҚ – тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті және қазіргі
заманға сай әртараптандырылған мұнай құбыры инфрақұрылымы бар, табысты
мұнай тасымалдау компаниясы.
ҚазТрансОйл АҚ стратегиялық мақсаттары және даму міндеттері
1 Мақсат – Ағымдығы және болашақ пайданы сақтап көбейту
2 Мақсат – Шығындарды оңтайландыру
3 Мақсат – Капитал салымдарының (инвестициялардың) тиімділігін арттыру
4 Мақсат – Бар мұнай құбырларының жүйесін дамыту және жаңа экспорттық мұнай
құбырларын пайдалануға және олардың құрылысына қатысу.
5 Мақсат – Тиімділігі жоғары мұнай құбыры компаниясын құру
6 Мақсат – Еңбекті ұйымдастырудың қазіргі бар жүйесін және кадрлар әлеуетін
дамытуды жетілдіру
7 Мақсат – Қоршаған ортаны сақтауды және өндірістің экологиялық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Қызметтің негізгі түрлері
Бүгінгі таңда ҚазТрансОйл АҚ магистральды мұнай құбырларының қуатты
тармақталған жүйесі бар, олармен мұнай тасымалдауды және су жеткізуді
қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының аса ірі мұнай тасымалдаушы
компаниясы болып табылады.
Сондай-ақ Қоғамның қызметінің негізгі түрлері – жылу энергиясын өндіру,
беру және тарату, электр энергиясын беру және тарату, Қазақстан
Республикасының тұтынушылары үшін таратушы құбырлармен табиғи газ
тасымалдау, өзге заңды тұлғаларға тиесілі магистральды құбырларды пайдалану
және оларға техникалық қызмет көрсету.

1.2 Кәсіпорынның құрамы мен орталық аппаратының құрылымы

ҚазТрансОйл акционерлік қоғамы Батыс филиалының негізгі міндеттері:
- Батыс Қазақстан кеніштерінен мұнайды Қаламқас – Қаражанбас –
Ақтау, Өзен – Атырау – Самара магистральды мұнай құбырлары арқылы
Атырау МӨЗ-ге және экспортқа тасымалдау;
- Атырау МАС темір жол қотару-құю құярлықтары және Ақтау МАС
қотару құярлығы арқылы мұнай жеткізу, Кеңқияқ – Атырау мұнай
құбыры, Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбыры және КҚК-Қ АҚ жүйесі
арқылы мұнайды ауыстырып құю;
- Ақтау қаласы теңіз кемежайы арқылы танкерлерге құю;
- Атырау және Маңғыстау облыстарының, соның ішінде Құлсары, Жаңаөзен
қалаларының мұнай, өнеркәсіптік кәсіпорындары мен бюджеттік
ұйымдарының халқы үшін Еділ өзенінің Қиғаш саласынан техникалық және
ауыз су дайындау және жеткізу.
ҚазТрансОйл акционерлік қоғамы Шығыс филиалының негізгі қызметі мен
міндеттері:
Шығыс филиалы Қазақстанның солтүстігінен оңтүстігіне, елдің орталық
өңірінен шығысқа (ҚХР) тартылған жалпы ұзындығы 4298,6 км мұнай құбырларын
пайдаланады.
ҚазТрансОйл АҚ Шығыс филиалы Омбы ҚТП-де қабылданатын Батыс Сібір
мұнайын, Құмкөл, Ақшабұлақ, Торғай-Петролеум ҚТП-де, Атасу құю
эстакадасында қабылданатын Қазақстан мұнайын және Кеңқияқ-Құмкөл ММҚ
бойынша Қазақстанның батыс аймақтарынан келетін мұнайды қабылдау,
тасымалдау, сол секілді Ресей мұнайын ТОН-2 ММҚ арқылы тасымалдау бойынша
қызмет көрсетеді.
Жүк жөнелтушілер мұнайы Павлодар мұнай-химия зауыты АҚ-на, Шымкент
мұнай өңдеу зауытына (Петро Қазақстан Ойл Продактс ЖШС), Атасу –
Алашанькоу экспорттық мұнай құбырымен (Қазақстан – Қытай құбыры ЖШС)
Қытайға тасымалданады.
Сонымен қатар, Шағыр мұнай құю пунктінде және Атасу ТҚЭ жақын және
алыс шетелдерге темір жолмен тасымалдау үшін темір мұнай жол вагондарына
тиеледі.
ҚазТрансОйл АҚ Ұжымдық пайдалану есептеу орталығы филиалының негізгі
міндеттері:
- технологиялық және басқару үдерістерін автоматтардыру,
телекоммуникация желілерін жаңғырту және ақпараттық технологияларды
дамыту.
ҚазТрансОйл АҚ Ұжымдық пайдалану есептеу орталығы филиалының негізгі
қызметі:
• ақпараттық жүйелерді енгізу, жаңғырту және техникалық сүйемелдеу:
o электронды құжат айналымы жүйесі (ЭҚЖ);
o SAP R3 ERP-жүйелері;
o топтық кірігу тұғырнамасы (КТ);
o техникалық жай-күйді және жөндеуді бақылау мен басқару
• автоматтандырылған жүйелері (ТЖКжәнеЖБ менБАЖ);
o топтық геоақпараттық жүйе (ТГАЖ);
o топтық ақпараттық экологиялық жүйе (ТАЭЖ);
o Ақтау БМҚС экологиялық мониторингі (ЭМ);
o Басқа жүйелер;
• техникалақ қолдау көрсету және сенімді жұмысты қамтамасыз ету:
o технологиялық және кеңселік бағдарламалық жасақтау;
o серверлер мен жұмыс стансалары;
• көмекші жүйелер:
▪ іркіліссіз және кепілді электрмен жабдықтау;
▪ кіруді басқару және бақылау;
▪ бейне бақылау;
▪ белсенді өрт сөндіру және өрт сөндіру дабылы;
▪ дәлдікпен салқындату.
ҚазТрансОйл АҚ Ғылыми-техникалық орталығының негізгі мақсаты:
• Жаңа технологиялар мен техникалық шешімдер әзірлеп, оларды одан әрі
Қазақстан магистральды мұнай құбырлары жүйесіне енгізуге бағытталған
ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және инжинирингтік жұмыстар
жүргізу
ҚазТрансОйл АҚ Ғылыми-техникалық орталығының бүгінгі күнгі негізгі
қызметі:
• Қазақстан мұнайын тасымалдау режимін оңтайландыру мақсатында оның
геологиялық сипаттамасын зерттеу;
• Қазақстан шикізат ресурстары негізінде әзірленген жаңа импорт
алмастырушы депрессанттарды және ингибаторларды енгізу;
• құбыр көлігі және экология саласындағы жоба-смета құжаттамасын және
нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу;
• инновациялық технологияны енгізу жолымен мұнай тасымалдау үдерістерін
жетілдіру.

Еншілес және бірлескен бақылаудағы компаниялар

Мекеме Қоғамның Еншілес және бірлескен Үлес,
үлесі бақылаудағы компаниялар %
Мұнайтас Солтүстік-Батыс
құбыр компаниясы АҚ 51% — —
Қазақстан-Қытай құбыры ЖШС50% KCP Finance B.V.
100%
АО КазТрансОйл-Сервис 100% ТОО ММЦ Мейрим 100%
Batumi Capital Partners 50%
Batumi Industrial Holdings 100% LTD
Limited
Port Capital Partners LTD 100%
Batumi Terminals LTD 38,12%
Batumi Services LTD 100%

Қоғам еншілес және бірлескен бақылаудағы ұйымдардың тиімді топтық
басқару тетіктеріне негізделген теңгерімді дамуына ұмтылады. Акционер
ретіндегі өз құқықтарын іске асыру мақсатында Қоғам еншілес және бірлескен
бақылаудағы ұйымдармен өзара қарым-қатынастарды заңнаманың, Жарғының және
Қоғам ішкі құжаттарының, еншілес және бірлесіп бақыланатын ұйымдар
Жарғыларының талаптарына сай жүзеге асырады[1].

1.4 Кәсіпорынның тарифтік саясаты

Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес ҚазТрансОйл АҚ (бұдан әрі – Қоғам)
ҚазТрансОйл АҚ мына қызметтер түрі бойынша Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің 1998 жылғы 4
желтоқсандағы №30-НҚ бұйрығымен бекітілген табиғи монополия субъектілері
мемлекеттік тізіліміні187; республикалық бөліміне кіргізілген:
• мұнайды магистральды құбырлармен тасымалдау;
• су шаруашылығы жүйелерінің қызметтері;
• газды бөлу құбырларымен тасымалдау;
• жылу энергиясын өндіру;
• электр және (немесе) жылу энергиясын беру және (немесе) бөлу.
Қоғам барлығы 68 реттелетін қызмет көрсетеді.
Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес табиғи монополия субъектісінің реттелетін
қызметтеріне арналған тарифтер реттелетін қызметтер көрсету үшін қажетті
шығындар құнынан төмен болмауға және субъектінің тиімді қызметін қамтамасыз
ететін пайда алу мүмкіндігі ескерілуге тиіс. Реттелетін қызметтерге
тарифтерді уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) бекітеді.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген Магистральды құбырлармен мұнай
тасымалдау жөніндегі қызметтерге арналған тарифтерді есептеу әдістемесі
Агенттіктің 2007 жылғы 27 шілдедегі №202-НҚ бұйрығымен бекітілген. Осы
Әдімтемеге сәйкес учаскелер бойынша мұнай айдауға арналған тарифтер меншік
тариф, яғни 1 тонна мұнайды 1000 км-ге айдауға арналған тариф негізінде
есептеледі. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына жүктемені жетілдіру
мақсатында тариф деңгейін есептеу кезінде экспорттық бағыттар мен
транзиттік мұнайды тасымалдау есебінен ішкі нарық бағыттарын субсидиялауға
жол беріледі.
Сонымен бірге Агенттіктің 2004 жылғы 5 шілдедегі №304-НҚ бұйрығымен
Магистралдық труба құбырлары арқылы мұнай тасымалдау бойынша қызметтер
көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің
реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулық бекітілді.
2010 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚазТрансОйл АҚ магистральды құбырлары
жүйесімен мұнай тасымалдау жөніндегі мына қызметтерге жаңа тарифтер
енгізілді:
• магистральды құбырлар жүйесімен экспортқа мұнай айдау жөніндегі
қызметтерге 1000 км-ге 1 тонна үшін ҚҚС есебінсіз 3331 теңге
деңгейінде бекітілді. Бұл ретте магистральды құбырлар жүйесімен ішкі
нарыққа мұнай айдау жөніндегі қызметтерге арналған тариф 1000 км-ге 1
тонна үшін ҚҚС есебінсіз 1303 теңге бұрынғы деңгейінде сақталып қалды;
• мұнайды сұйыққоймаларда сақтау жөніндегі қызметтерге арналған тариф 1
тонна мұнайды сақтау үшін айына ҚҚС есебінсіз 223,42 теңге мөлшерінде;
• мұнайды Мақат МАС-та Кеңқияқ – Атырау мұнай құбырына ауыстырып құю
жөніндегі қызметтерге арналған тариф 1 тонна үшін ҚҚС есебінсіз 425
теңге мөлшерінде.
Бұдан басқа Атырау МАС-та мұнайды темір жол шандарына құю жөніндегі
қызметтерге арналған, 1 тонна үшін ҚҚС есебінсіз 304,18 теңге мөлшерінде
белгіленген тәртіпте бекітілген тариф 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап
қолданысқа енгізілетін болды.
Кеңқияқ ЖӨДС-та мұнайды ауыстырып құю жөніндегі қызметтерге арналған, 1
тонна үшін ҚҚС есебінсіз 20,24 теңге мөлшерінде оңайлатылған тәртіпте
бекітілген жаңа тариф 2009 жылғы 17 қарашадан бастап қолданысқа
енгізілді[2].

1.5 Кәсіпорынның топтық басқару жүйесі

ҚазТрансОйл АҚ (бұдан әрі - Қоғам) тәуекелдерін басқару жүйесінің
мақсаттары:
• Жалғыз акционер - ҚазМұнайГаз ҰК АҚ - тың мүддесін қорғау;
• Қоғамның стратегиялық және оперативтік тұрақтылығын қамтамасыз ету;
• Қолайсыз жағдайлар туындаған кезде Қоғамның шығынын азайту.
Қоғамда 2011 жылғы наурызда бекітілген ҚазТрансОйл АҚ тәуекелдерді
басқару саясаты қабылданды, ол тәуекелдерді басқару мақсаттарын, негізгі
қағидаттарын белгілейді және тәуекелдерді басқару жүйесінің құрылымын әрі
тәуекелдерді басқару үдерісі қатысушыларының қызметтерін айқындайды.
Қоғам Басқармасының консультациялық-кеңесші органы болатын және Қоғам
мен оның еншілес және бірлескен-бақылаудағы ұйымдарының тәуекелдерді
басқару мәселелерін алдын ала қарайтын және Қоғам Басқармасының қажетті
шешім қабылдауы үшін ұсыныстар дайындауды жүзеге асыратын тәуекелдер
Комитеті құрылды.
Қазақстандық мұнайды сыртқы нарыққа тасымалдау мәселесін қозғайтын
болсақ, экспорттық саясатында біздің ҚазТрансОйл АҚ көпвекторлық
принципті ұстанады. Осы орайда, Қазақстан үшін сату нарығының неғұрлым
тиімді жақтарын қамту мүмкіндігін туғызатын ауқымды жобалар туралы тақырып
жиі көтеріліп отырады. Егер қолданыстағы бағыттарға қарайтын болсақ,
негізгі жобалар РФ-нан және ҚХР-нан серіктестермен жүзеге асырылады.
Географиялық жағынан орналасуына және өзара мүдделілікке байланысты, бұл
басым бағыттар деп атауға болады.
Сонымен қатар, компания жаңа бағыттар іздеу мүмкіндігін қарастырады
және компания жүзеге асырылып жатқан жобаларды дамытуға барлық назарын
аударады. Каспийдегі ең ірі жобаларды игеру процессі жақындап келе жатыр.
Аталмыш көрініске еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым ерекше
назар аударады. 2009 жылы ҚазТрансОйл АҚ-ның Қытай
серіктестерімен тепе-теңдік бастамаларымен құрылған Қазақстан-Қытай
құбыры ЖШС Кенқияқ-Құмкөл мұнай құбырының құрылысы және қолданысқа беру –
ірі инвестициялық жобасын жүзеге асырды. Осы жағдай бүкіл ел үшін маңызды
оқиғаға айналды, себебі, Қазақстан-Қытай экспорттық мұнай құбыры құрылысы
екінші кезеңінің бірінші кезегі мезгілінен бұрын тапсырылды. 2013 жылдан
бастап Қазақстан-Қытай мұнай
құбырының өткізу қабілеттілігін жылына 20 млн. тоннаға жеткізу жоспарланып
отыр.
ҚазТрансОйл АҚ 2009 жылы ТЭН өндіруді қамтамасыз еткен басқа ірі
инвестициялық жоба Ескене-Құрық мұнай құбырының құрылысы болып табылады.
Бүгінгі күні оны жүзеге асыру жөніндегі өкілеттік КМГ-Транскаспий ЖШС
басқаруында. Өз жағынан КазТрансОйл мұнай тасымалдаушы активтерді жобалау
және құрудағы құнсыз әлеуетке және тәжірибеге ие бола отырып, аталмыш
жобаны дамытуда тікелей қатысуға дайын.
Қазақстандық мұнайды Әзірбайжан территориясы арқылы тасымалдау да
айтарлықтай перспективті болып көрінеді. Аталмыш бағыт, мен атап кеткендей,
алдағы Каспийдегі жұмыс шеңберінде өте тиімді. 2008 жылы ҚазТрансОйл
Батумдық мұнай терминалын (БМТ) сатып алу және Батумдық теңіз кемежайын
(БТК) басқарудағы эксклюзивті құқықты иемдену жөніндегі процессті аяқтады.
Аталмыш активтерді сатып алудағы стратегиялық мақсат ҚТО-ның бәсеке
қабілеттігін жоғары деңгейге жеткізу болып табылады. Каспий шельфіндегі
перспективті кен орындарын өндіру жөніндегі еліміздің жоспарларын ескере
отырып, бүгін компанияда БМТ дамыту жөніндегі жоспар жасап шығарылған, ол
болашақта үлкен қазақстандық мұнайды тасымалдау құқығы үшін күрестегі
тиімді құралға айналдыру үшін терминалдың ауқымды жаңаруын қарастырады.
Одан басқа, бүгін Қазақстан Баку – Қара теңіз, Самсун – Джейхан, Бургас –
Алексан-друполис, Констанца–Триест паневропалық мұнай құбыры сияқты мұнай
құбырларын құру жөніндегі бірнеше ірі жобаларға қатысуға деген
қызығушылығын білдіріп отыр. Аталмыш жобаларды жүзеге асырудағы осы
бағыттардағы маңызды нүкте ретіндегі БМТ-ның маңызы айтарлықтай артуда.
Компания неғұрлым тиімді бағыттар бойынша жұмыс істейді. Және де
ҚазТрансОйлдың экспорттық саясатын белгілі деңгейде агрессияшыл деп атауға
болады, бұл компанияның озат жұмыс атқарғысы келетіндігіне қатысты
айтылған.
Бүгін компания болашақтағы тұрақты даму үшін жеткілікті қаражатқа ие
болып отыр. ҚТО-дың ағымдағы шығындарды, капиталдық салымдарды және
болашақтағы инвестициялық жобларды жоспарлаудағы қаржылық тәртібі жоғары
деңгейде. өткен жыл ішіндегі компаниямыздың табысы 107 млрд. Теңгені
құрады, бұл 2008 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 6 пайызға артық. Таза
пайда 24.4 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 2 есе артық.
Дағдарыс бәрімізді үнемдеуге және ресурстарды дұрыс бөлуге үйретті. Былтыр
өндірістік өзіндік құны, компаниямыздың жалпы және әкімшілік шығындары 62,9
млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 7 пайызға
төмен. Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығының қаржылық қорытындылары да
жақсы өсімді көрсетіп отыр. Алдын ала көрсеткіштер бойынша компанияның таза
табысы, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген 1000 кв м 1 тоннасын 3
331 теңге көлеміндегі экспортқа деген меншікті тарифке және мұнай тасымалы
ауқымдарының артуы нәтижесінде 67 пайызға өсті. Бірінші жарты жылдықтағы
табыстың осындай өсімінің нәтижесінде біз шығындарымызды 10 пайызға
төмендете алғандығымызды ерекше атап өткім келеді. 2009 жылы ҚазТрансОйл
халықаралық рейтингтік агенттіктерден несиелік рейтингтердің жоғары
деңгейіне иемденді.
Осылайша, Fitch Ratings ҚазТрансОйлдың несиелік рейтингін Қазақстан
Республикасының егеменді рейтингіне дейін, ВВВ -, Тұрақты рейтингіне
дейін өсірді, ал Standart&Poors компания BB+ Тұрақты деген рейтинг қойды.
Moody`s International берген несиелік рейтинг те Baa2 деңгейінде, ол
Қазақстан Республикасының егеменді рейтингіне тең.
Өз қызметінде кез-келген компания, кез-келген кәсіпорын қиындықтарға тап
болады. Бұл – табиғи процесс. Кей кездері мәселелерді үкіметтік деңгейге
шығаруға тура келеді. Біздің ең маңызды мәселеміз – мұнай құбырларына
заңсыз ойып орнату проблемасы. ҚазТрансОйл жыл сайын құбырларды қорғауға
және заңсыз ойып орнатылған құбырлардан қорғанудың жаңашыл жүйелерін
енгізуге қомақты қаражат жұмсайды. Аталмыш жоғалту шараларынсыз КТО өте
үлкен болар еді. Құбырларға қылмыстық ойып орнату санының өсуі мұнайға
деген сұраныстың және оның бағасының өсуінің күннен-күнге артып келуімен,
қылмысты ұйымдастыруға азғантай ақша бөліп, тез арада үлкен табысқа жетумен
байланысты. Ең бастысы – мұнайды ұрлау үшін жазаның көлемі қылмыскерлердің
көретін пайдасымен салыстыруға да келмейді. Сондықтан ҚазТрансОйл АҚ
біріншіден, заңсыз ойып орнатқаны үшін қатаң жаза қолдануға, екіншіден,
қылмыстық кодекске және әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне Мұнайды заңсыз
тасымалдау, сақтау немесе өндіру және Мұнайды заңсыз тасымалдау, табу,
сату, сақтау немесе өндіру сияқты жаңа баптарды енгізуді қарастыруға
бағытталған заң жобасын жасап, алға шығарды. Жаңа заң жобасы құбырларды
әдейі және байқаусыз бүлдіру немесе бұзу үшін қылмыстық құрамға шек қоюға
мақсатталған. Бұл құбырларды әдейі бүлдіргені үшін қатаңдау шаралар дегенді
білдіреді.
Сонымен қатар, қылмыстық мұнай бизнесін тоқтату мақсатында біз осы заң
жобасында Қазақстан Республикасының Мұнай өнімдерінің бөлек түрлерінің
өндірісін және айналымын мемлекеттік бақылау туралы Заңына толықтырулар
енгізуді қарастырдық. Олар бойынша мұнай өнімдерін өндірушілеріне өндіру
үшін заңды құжаты жоқ жеткізушілерден мұнай қабылдауға тыйым салынады.
Осындай шаралардың арқасында ғана мұнай және мұнай өнімдері айналымы
саласында қылмыстардың санын азайтуға болады.
Компанияның көрсеткіштерінің тұрақты өсуі, жаңа технологияларды енгізуі
және дамуының жарқын келешегі көп нәрсені көрсетеді. Қазақстанның көптеген
салалары үшін кадрлық мәселе өзекті. Бұл мәселе жақында Елбасы жанындағы
Шетел инвесторлары кеңесінің 23-ші отырысында талқыланды.
Осы тұрғыда, – ҚазТрансОйл АҚ еліміздің әртүрлі аймақтарында 7 мыңнан
астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Ертеңін ойлайтын компания
ретінде ол кадрлық саясатқа және мамандардың кәсіби даярлығына баса назар
аударады. Атап айтқанда, компанияның кәсіпорындарында еліміздің және шетел
жоғары оқу орындарында, профильдік колледждерде және компанияның оқу-
курстық комбинатында (ОКК) арнайы дайындықтан өткен жүздеген жоғары білікті
мамандар еңбек етеді. Аталмыш оқу орны мұнай-газ секторы мамандарын қайта
дайындауды жүзеге асыратын таңдаулы профильдік мекемелерінің бірі. Оның
негізгі мақсаты – ұжымның қайта дайындау процесін және біліктілігін
арттыруды қамтамасыз ету.
Бүгінгі таңда ОКК материалдық базасы жылына 2,5 мың маманды қабылдауға
мүмкіндік береді. Ұжымға бөлінетін осындай көңілдің арқасында
ҚазТрансОйл АҚ-нда балалары өз ата-аналарының жолын қуып, компанияның
гүлденуі үшін солардың ісін жалғастыратын көптеген еңбек династиялары
құрылды. Мұнай құбыры компаниясының өндіріс нысандарында ондаған жылдар
бойы жетекші мамандар қызмет етіп келеді. Олардың еңбегі компания
деңгейінде ғана емес, Қазақстан өкіметі деңгейінде де атап өтілген.
Компанияға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында оқитын үздік
студенттердің қатарынан жас, келешегі бар мамандарды тарту үшін КТО өткен
жылдың өзінде оқу-өндірістік тәжірибеге 95 студентті қабылдады. Сондай-ақ,
соңғы жылдары Қазақстан-Британ техникалық университеті, Қ.И.Сәтбаев
атындағы Қазақстан ұлттық техникалық университеті, Ш.Есенов атындағы Ақтау
мемлекеттік университеті және Атырау мұнай және газ институты РМУ сияқты
профильді қазақстандық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық шарттарына қол
қойылды. Егер компания ұжымының дамуы туралы тұтастай айтсақ, 2010-2014
жылдарға арналған Компанияның кадрлық саясатын жасады. Оның басты
мақсаттары – жоғары кәсіби қызметкерлерді тарту, дамыту, ұстап қалу және
ұжымды басқаруға алдынғы қатарлы әдістерді енгізу. Компанияда бос орынды
лауазымдарға конкурстық
іріктеу жүйесі бар.
Сонымен қатар, компания 2010 жылдың басында кадрлық резерв, қатаң
конкурстық іріктеуден өткен 50 келешегі бар қызметкерден арнайы тізім
құрды. Компанияда өз қызметкерлерінің денсаулығын қорғауға, еңбек ету үшін
барынша жағдай жасауға және салауатты өмір салтын ұстануға, сондай-ақ
зейнеткерлер мен ардагерлерді әлеуметтік қолдауға бағытталған Әлеуметтік
жауапкершілік кодексі бекітілді.
Магистралдық мұнай құбырларын, өндірістік объектілерді салу мен дамыту
жөніндегі аса ірі жобаларды және тұтастай алғанда – компанияның
стратегиясын әзірлеушілер мен алға жылжытушылар нақ солар болды.
Қазақстанның құбыр салудағы аңызға айналған қайраткерлері туралы,
ҚазТрансОйл компаниясының көрсетілетін қызметтің сапасы, еңбекті қорғау,
қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық жоғары стандарттарға қол
жеткізу жолдары туралы ҚазТрансОйл АҚ Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін
елімізде өз жүйеміздің және құбырмен тасымалдауды басқару құрылымының
болмағанын түсінуіміз керек. Бұрын басқару бір орталықтан –
Мәскеуден, Басмұнайтасымалдан жүзеге асырылды, ал 1990-жылдары мұнай
құбырларын басқарудың бірыңғай жүйесі жаңа мемлекеттердің дербес
кәсіпорындары болып бөлініп кетті. Ал бұл мұнай құбырлары жүйесін
басқарудың жаңа технологиялық жүйесін ғана емес, сонымен бірге ТМД
елдерінің мұнай құбырлары кәсіпорындарының арасындағы өзара қатынас жүйесін
жаңадан құруды да қажет етті. ҚазТрансОйл компаниясы 1997 жылы
нақ осы үшін құрылған болатын, ол 6,5 мың км. жуық мұнай құбырларын және 2
мың км. астам су ағарларды мұраға алды. Сол кезде компанияның алдына
көптеген міндеттер қойылды, оларды шешу бізге мұнай құбырларының бүкіл
магистралдық жүйесінің жұмыс қабілеті мен сенімділігін сақтап қалуға
мүмкіндік туғызды.
20 ғасырдың техникалық прогресінің озық шешімдерін енгізу есебінен
жүйенің сенімділігін қамтамасыз етуге қол жеткізілді. Бұл бәсекеге
қабілеттілікті сақтау үшін қажет болды. Компания басқа елдердің тәжірибесін
зерттеді. Осы кезде басқарудың автоматтандырылған жүйесін (БАЖ) техникалық
және бағдарламалық қамтамасыз ету зор қарқынмен дамыды, диагностиканың
жаңа, жоғары дәлдік құралдары, осы заманғы, эргономикалық жабдықтар
жасалды.
2001-2009 жылдар аралығында жүргізілген мұнай құбырларының
технологиялық объектілеріне БАЖ енгізу мен жаңғырту тұтастай бір дәуір
болды. Осындай жұмыстың арқасында мұнай құбырларының бүкіл магистралдық
жүйесі бойынша мұнай айдаудың технологиялық режиміне бақылау жасау бір
орталықтан – Астана қаласында орналасқан Бас диспетчерлік басқару
орталығынан жүргізіледі. Жалпы алғанда объектілерді бақылау және ақпаратты
жедел түрде беру мәселесі ең маңыздылардың бірінен саналады. Кім ақпаратқа
ие болса, соның бес қаруы сай дейді ғой. Сондықтан компания кезінде осы
бағытта орасан зор жұмыстар жүргізді.
Осы заманғы автоматтандырылған жүйелердің тиімді жұмысы көбіне
талшықты-оптикалық байланыс желілері (ТОБЖ) арқылы қамтамасыз етіледі. 8
жыл ішінде компания өзінің өндірістік объектілерінің қапталынан 3 810 км
ТОБЖ жүргізді. Осылайша, ҚазТрансОйл Қазақстанда аса ірі ведомстволық
телекоммуникациялық жобаны жүзеге асырды.
Қазіргі кезде ТОБЖ бен цифрлық радиорелейлік жоғары технологиялық
байланыс желілері 10 мұнай құбырын басқаруды, 42 мұнай айдау станцияларын
(СПН-ді қоса алғанда), 200-ден астам желілік пункттерді өзара біріктіреді.
Бұл біздің мұнай құбыры қапталында кез келген ақпаратты беру
мүмкіндігімізді кеңейтті, объектілерді осы заманғы технологияларды
пайдалана отырып басқарға мүмкіндік туғызды.
Өндірістік компанияның даму деңгейі туралы бірінші кезекте оның
қызметкерлерінің өнеркәсіп жарақатынан қорғалу және қоршаған ортаға әсерді
барынша азайту дәрежесіне қарай бағаланатыны белгілі. Өз қызметкерлерінің
өндірісте денсаулығын қорғау саласында ҚазТрансОйл АҚ қызметкерлердің
өмірі мен денсаулығына өндірістік факторлардың зиянды әсері тиюіне жол
бермеуді өз жұмысының ең басты қағидаттарының бірі деп санайды. Сондықтан
өз қызметінде компания Қазақстан Республикасының нормативтік және
заңнамалық актілерін, сондай-ақ осы саладағы халықаралық стандарттарды
басшылыққа алады. Персоналмен жұмысқа көп көңіл бөлінеді. Жұмысқа қабылдау
кезінде барлық қызметкерлер, оның ішінде басшылар үшін кіру нұсқамасы
жүргізіледі. Одан әрі қызметкерлер кәсіп түрлері бойынша тиісті нұсқаманың
барлық түрлерінен өтетіндігін атап көрсеткен жөн.
Инженер-техникалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру және
қызметкерлерге өндіріс қауіпсіздігінің әдістерін оқыту жарақатты азайтудың
негізгі іс-шаралары болып қала береді. Осы мақсатта команияның Оқыту-
курстық комбинатында өндірістік буындағы мамандар, инженерлік-техникалық
мамандар даярлау мен қайта даярлаудан жүйелі негізде өтіп отырады.
Жекелеген мамандықтар бойынша оқыту таяу және алыс шетелдердегі оқу
орындарында жүргізіледі. Мәселен, 2009 жылы компанияның үш мыңнан астам
қызметкерлері оқудан өтті, оның 700-і инженерлік-техникалық мамандар.
Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында қауіпті объектілерге қызмет
көрсететін мыңнан астам қызметкерлер, сондай-ақ 354 басшылар мен мамандар
өздерінің білім деңгейін көтерді.
ҚТО бас директорының басшылығымен еңбек қорғаудың, өрт қауіпсіздігінің
және қоршаған ортаны қорғаудың жай-күйі мәселелері бойынша филиалдармен
және мұнай құбырлары басқармаларымен ай сайын селекторлық кеңес өткізіледі.
Оларда қауіпсіздік пен еңбек қорғау саласында белгілі бір кезең ішінде
жүргізілген жұмыстар қарастырылады, жұмыс бағыты айқындалады, орындалуына
жауапты адамдарды тағайындай отырып, шешім қабылданады.
Бұдан басқа, компания қолданыстағы жабдықтарды тұрақты түрде
жетілдіріп отырады және техникалық жағынан неғұрлым жетілдірілген жаңа
технологиялар енгізеді, бұл өндірістік процестің тиімділігін арттырумен
қатар, жұмыстың қауіпсіздігіне де оң әсерін тигізеді. Еңбекті қорғау мен
техника қауіпсіздігі мәселесіне жан-жақты бақылау жасау мен жіті назар
аудару арқасында 2008 жылы ҚазТрансОйл АҚ қызметі OHSAS 18001:2007
менеджмент жүйесінің стандартына сәйкес келеді деп танылды.
Компания еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі қызметін ұдайы
жетілдіре беруге ұмтылады. Осы мақсатпен компания еңбек қорғауды басқару
жүйесін реформалауды жоспарлап отырады, бұл өндірістегі жазатайым
жағдайлардың санын мейлінше қысқартуға, құрылымдық бөлімшелердің барлық
деңгейдегі басшыларының қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау
мәселелерінде жауапкершіліктерін арттыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Компанияның болжамдалып отырған құрылымы жобасының Қазақстанның және ТМД
елдерінің кәсіпорындарында қолданылып жүрген еңбек қорғауды басқару
жөніндегі жалпыға ортақ жүйеден едәуір айырмашылығы бар. Оның тиімділігі
мойындалған жағдайда қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау
бөлігіндегі комания қызметінің деңгейін арттыруда үлкен қадам жасалады.
Өндіріс саласында қызмет ететін компанияның даму деңгейі туралы оның
экологияға әсер ету дәрежесі бойынша бағаланатыны мәлім. Мұнайды
тасымалдау, әсіресе осы процесте пайда болатын қалдықтар қоршаған ортаға
үлкен қауіп қатер тудырады. Қазіргі таңда экологияға компанияның өндірістік
бөлімдерінің әсер етуі жөнінде ҚазТрансОйл АҚ туған жер табиғатының
ахуалына, экологиялық таза қоршаған ортаға деген өз жауапкершілігін жете
түсінеді. Бүгінгі таңда бизнестің экологиялық қауіпсіздігі ҚазТрансОйл АҚ-
ның тиімді қызметі үшін маңызды көрсеткіштерінің бірі. Әрине, мұнай тарту
процесі шынында қиын технологиялық процесс. Мұнайды ондаған және жүздеген
шақырымдық құбырлар арқылы тарту үшін насостар үлкен қысым тудырады. Жалпы
көлемі 1 миллион текше метрден асатын алып резервуарлық парктердің болуы
резервуарларды техникалық пайдалану ережелерін және әсіресе өрт
қауіпсіздігі ережелерін сақтауды талап етеді. Насостық станциялармен қатар
тасымалданатын мұнайды жылыту үшін жылыту пештері де осындай ауқымды
көлемде қолданылады. Hысандардағы өндірістік қауіпсіздік қаншалықты маңызды
екенін түсіну үшін осы факторлардың өзі жеткілікті.
Осыған орай компания өзінің барлық бөлімшелерінде қауіпсіздік
техникасын қамтамасыз етуге ғана емес, сондай-ақ мұнайды тасымалдау
процесінен қоршаған ортаға тиетін кері әсерді барынша азайту мәселелеріне
де баса назар аударады. Жаңа технологияларды енгізу де комания ұжымы мен
құралдарға ғана емес, сонымен бірге экологияға деген қамқорлықты
айғақтайды. SCADA жобасы барлық мұнай құбырлары желілерін басқаруды бір
тұтасқа біріктіріп, апаттық жағдайларды азайтуға мүмкіндік берді. Біз
энергия және ресурстарды үнемдеу, барлық технологиялық құрылымның
қызметінің тиімділігін арттыру саласында оң нәтижелерге қол жеткізуге
мүмкіндік беретін жаңа техника мен технология енгізуге әрқашан баса назар
аударып келеміз. Атап айтқанда, өткен жылы компанияның қаражатын барынша
тиімді, әрі орынды пайдалану үшін құрастырылған Шығыстарды басқару
бағдарламасын жүзеге асыру аясында елсіз, аз елді технологияға өтуді есепке
ала отырып, мұнай құбырлары және сутартқы нысандарын техникалық қайта
құралдандыруды қарастыратын ресурстарды үнемдейтін технологиялар енгізу
жоспарлануда. Енгізілетін жаңашылдықтар мен құралдар электр және жылу
энергиясын пайдалануды барынша азайтуға, мұнай тасымалдау және су жеткізу
процестерінің тиімділігін жақсартуға, негізгі және қосалқы құралдарды
жөндеу жұмыстарына шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Яғни жоғарыда
айтылғандарды қорыта келгенде, шаралардың бүкіл жүйесі әрбір бөлімшенің
болсын, ҚазТрансОйл АҚ-ның болсын жұмысының тиімділігін арттыруға
бағытталған. Бұл өз кезегінде, компанияның табиғатты қорғау қызметіне оң
әсер етеді.
Сонымен қатар, компанияда Кешенді экологиялық бағдарлама (КЭБ) жасалды
және іске асырылуда. Басында бағдарламалыққұжат 2007-2010 жылдарға арналған
болатын. Оған үлкен кешенді табиғатты қорғау шаралары кірді. Ол біріншіден,
Қазақстанның табиғи ресурстарын үнемдеуге және экологиялық зардапты
азайтуға бағытталған болатын, екіншіден, компанияның шығындарын азайтты.
КЭБ қызметінің нәтижелері мұнай тасымалы көлемінің жыл сайын өсуі және жаңа
өндірістік нысандарды пайдалануға берілуіне қарамастан олардың қызметінен
сыртқа шығатын қалдықтардың нақты көлемі бекітілген нормативтен төмен болып
отыр.
Дегенмен, компанияның табиғатты қорғау бағдарламасы техникалық
процестермен қатар алға басып келетін икемді құжат болып табылады.
Компанияда бүгінгі күні 2010-2014 жылдарға арналған Кешенді экологиялық
бағдарлама жасалды және бекітілді. Алдындағы құжатпен салыстырғанда ол жаңа
энергия үнемдегіш құралды енгізуді және жыл сайын қатаңдатылатын табиғатты
қорғау заңнамасын ескере отырып құрастырылды. КЭБ-да қарастырылған шаралар
ИСО 14001 халықаралық стандартының талаптарына
сәйкес құрастырылған үлкен экологиялық аспектерді азайтуға бағытталған.
Сонымен қатар, негізгі табиғатты қорғау шараларынан басқа жаңа
пунктердің бірі Киото хаттамасының парникті газдарды сыртқа шығаруды
басқару жөніндегі тетіктерін жүзеге асыру болып табылады. Оның аясында
атмосфераға ластайтын заттар қалдықтарының көздерін жыл сайын түгендеу және
оларды азайту жөнінде тиісті шараларды қолға алу қарастырылуда.
Kомпанияның алдынғы қатарлы халықаралық стандарттарға жауап беретін
қызметінің жоғары деңгейі жетекші сертификациялық органдармен дәлелденді.
ҚазТрансОйл АҚ Қазақстан аумағында орналасқан өндіріске халықаралық
стандарттың менеджмент жүйесіне деген талаптарын ойдағыдай енгізген үздік
компаниялардың қатарына кіреді. Компанияда соңғы бірнеше жылда
сертификациялық және өзін жақсы көрсете білген ISО 9001:2000, ISО
14001:2004 және OHSAS 18001:2007 халықаралық стандаттарының талаптарына сай
келетін сапа, экология, денсаулық және қауіпсіздік менеджменті жүйесі жұмыс
істейді.
Сондай-ақ 2008 жылы ҚазТрансОйл АҚ Қазақстан Республикасы
Президентінің Сапа саласындағы жетістіктері үшін байқауының Ірі
кәсіпкерлік субъекті санаты бойынша Қызмет көрсететін ең үздік кәсіпорын
аталымында жеңімпаз атанды

2 БӨЛІМ. ҚАЗТРАНСОЙЛ АҚ-НЫҢ ӨНДІРІСТІК-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ

2.1 ҚазТрансОйл АҚ қызметінің қаржылық-экономикалық анализі

ҚазТрансойл АҚ қордалары

01.01.2010 ж. жағдай бойынша
Қоғам бойынша барлығы:
магистральды құбырлар, км: 7 464,5
оның ішінде:
– магистральды мұнай құбырлары, км
– магистральды суағызғылар, км
5 309,7
2 154,8
сұйыққоймалар жиыны, мың м3: 1 353,9
оның ішінде:
– мұнай үшін, мың м3
– су үшін, мың м3
1 199
154,9
мұнай айдау стансалары, дана 34
мұнай қыздыру стансаларыпункттері, дана 7
қыздыру пештері, дана 65
қотару-құю аспақұярлықтары, дана 4
бас тазарту құрылыстары, дана 1
су сорап стансалары, дана 3
су тазарту құрылыстары, дана 1
 
Шығыс филиалда:
магистральды мұнай құбырлары, км: 2 576,9
мұнайға арналған сұйыққоймалар жиыны, мың м3: 466,0
қыздыру пештері, дана: 7
 
Батыс филиалда:
магистральды құбырлар, км: 4 816,1
оның ішінде:
– магистральды мұнай құбырлары, км 2 661,1
– магистральды суағызғылар, км 2 154,8
сұйыққоймалар жиыны, мың м3: 887,9
оның ішінде:
– мұнай үшін, көлемі мың м3
– су үшін, көлемі мың м3 733,0
154,9
қыздыру пештері, дана 58
 
Самара ҚТП:
Магистральды мұнай құбырлары, км: 71,7

Кесте 1 - "ҚазТрансОйл" АҚ-ның негізгі өндірістік-шаруашылық
көрсеткіштері

№ Көрсеткіштер Өлшем 2010 2011 Ауытқу
бірлігі жыл жыл
%
Жалпы табыс 35002923 37218441 61251731 50860748 55834310
Таза табыс 10530026 14180031 20058062 24409820 19618301
(пайда)

2006-2010 жж. аралығында Қоғамның негізгі қызметінен түскен жалпы табыс
және таза пайда көлемі артты. Бұның негізгі себептері:
- өнімді өткізуден түскен табыс көлемінің 5 жылдар динамикасында 21
млрд. теңге көлемінде артуы;
- ағымдағы активтер көлемінің 45 млн.тг-ден (01.01.07) 76 млн.тг-ге
(01.01.11) дейін өсуі;
- басқа қаржылық активтер, аванстар мен банктік депозиттер көлемінің әр
жыл сайын ұлғаюы; (Қосымша 1,2)
- жеке капитал қорының шамамен 155 млн.тг көлемінде артуы;
- Қоғамның нетто-балансының анализі 20102009 жж. және 20112010 жж.
қатынасында ағымдағы активтер көрсеткіштерінің оң өсімін көрсетуі (306 мың
тг, 512 мың тг) (Қосымша 3,4);
Диаграмма 1
Диаграмма 2

Диаграмма 3
ҚазТрансОйл АҚ-ның нетто-балансының негізінде орындалған тік
анализдің нәтижесінде мекеме балансының құрылымы, атап айтқанда,
активтерінің және пассивтерінің баланстағы пайыздық үлесі есептелді.
2011 жылдың 1 қаңтарына сәйкес Қоғам активтерінің 19%-н ағымдағы
активтер, оның ішінде: ақша қаражаттары, тауарлы-материалды қор, дебиторлық
міндеттемелер мен басқа да қаржы активтер құрады. Ал 81%-н ұзақ мерзімді
активтер, оның ішінде: материалдық емес активтер, негізгі құралдар мен
басқа да ұзақ мерзімді активтер құрады. Жалпы баланстың қомақты үлесі
негізгі құралдарға тиесілі (79,6%). Бұл қоғам қызметінің ұзақ уақыт бойы
өндірістік және өндірістік емес салаларында еңбек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның ағымдағы шығындарының құрамы мен құрылымын анықтау және соны тиімді басқаруды, оның өзіндік құнын төмендету жолдарын теориялық жағынан қарастыру және оны талдау
ҚазТрансОйл-дың жылдық есебі
Қазақстан Республикасында ұлттық компаниялардың дамуын басқару
Компанияның инвестициялық портфелін ұйымдастыру
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
ҚАЗТРАНСОЙЛ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
Негізгі құралдардың аудиті
Қаржылық менеджмент туралы ақпарат
Инвестициялық жоба объектілері
ҚазТрансОйл АҚ тарифтік, әлеуметтік саясаты мен даму стратегиясын талдау
Пәндер