Жетібай кенорнында қабат қысымын ұстау жүйесіндегі су айдау жұмыстары



КІРІСПЕ
ІТЕХНИКА.ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Кен орны жөніндегі жалпы мағлұматтар
1.2 Алаңның геология . геофизикалық зерттеу тарихы
1.3 Стратиграфия
1.4 Мұнайгаздылық
1.6 Жетібай кен орнының ағымдағы игеру жағдайын талдау
1.7 Қабат қысымын ұстау жүйесінің жағдайы
1.8 Су айдау тәсілі
1.9 Су айдау жүйелері
1.10 Қабат қысымын ұстауда жылулық эдістерді пайдалану
2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
2.1. Жетібаймұнайгаз мұнайгаз өндіру басқармасы ұйымдастыру сипаттамасы
2.2. Негізгі және қосалқы өндірісті ұйымдастыру
2.3 Материалдық . техникалық жабдықтауды ұйымдастыру
2.4 Кәсіпорын транспортын ұйымдастыру
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасы үшін ең басты экономикалық мәселе материалдық - техникалық базаны жасаудан маңызды роль ауыр индустрияға тиесілі, және оның ішінде алдымен энергетика, қара металлургия, мұнай, газ, химия және мұнайхимия өнеркәіптері, машина жасау.
Қазіргі кезде материалдық өндірістің бірде - бір саласы мұнай мен газ өнеркәібінің өнімін пайдаланбай дами алмайды.
Мұнай мен газдың мұнайхимия өндірістерінде шикізат ретінде қолданудың өсуіне байланысты мұнай мен газ өнеркәсібін ары қарай жетілдіру қарастырылған.
Жетібай кенорнында мұнай өндіру тиімділігін жоғарлатуға рационалды игеру жүйелерін қолдану, бұрғылау жүмыстарының технологиясын жетілдіру, олардың техникалық жабдықталуын жақсарту, қабаттар мү_най бергіштігін арттырудың қазіргі жаңа эдістерін кеңінен еңгізу және прогрессивтік технологиялық процестерді пайдалану арқылы қол жеткізуге болады.
Қазіргі кезде су айдау - мұнай кен орындарын пайдаланғанда қолданылатын қабат қысымын үстаудың негізгі эдісі. Су айдаудың эртүрлі эдістері болады, бірақ олардың эрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Жобалау кезінде су айдау жүйесін таңдау толығымен кеніштің күрылысына байланысты.
1. Оркин К.Г., ЮризновА.И., «Расчеты по технологии и технике добычи нефти» Москва «Недра» 1979г.
1. Бленц А.Д., Тищенко В.Б., Ястремская В., Малышев Ю.М., и др. «Организация планирования и уравнение предприятиеми нефтянной промышленности» Москва.
2. Калабаев Х.А. Методические указания и организационно -экономической части дипломных проектов студентов специальности 09.07 «Технология и комплексная механизация разработки нефтянных и газовых месторождений» Алматы КазПТИ, 1982г.
3. Справочное руководство по проектированию разработки и эксуатации нефтяных месторождений. Проектирование разработки. Под общей редакцией Гиматудинова Ш.К. 1983 г.
4. Нұрсұлтанов F.M., Абайылданов Қ.Н. «Мұнай мен газды өндіріп өңдеу» Алматы: Альманах 1999 жыл.
5. Нұрбекова К.С. «Газ және газды конденсатты кен орындарды игеру» Алматы 2004 жыл.

Пән: Тау-кен ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы үшін ең басты экономикалық мәселе материалдық
- техникалық базаны жасаудан маңызды роль ауыр индустрияға тиесілі, және
оның ішінде алдымен энергетика, қара металлургия, мұнай, газ, химия және
мұнайхимия өнеркәіптері, машина жасау.
Қазіргі кезде материалдық өндірістің бірде - бір саласы мұнай мен газ
өнеркәібінің өнімін пайдаланбай дами алмайды.
Мұнай мен газдың мұнайхимия өндірістерінде шикізат ретінде қолданудың
өсуіне байланысты мұнай мен газ өнеркәсібін ары қарай жетілдіру
қарастырылған.
Жетібай кенорнында мұнай өндіру тиімділігін жоғарлатуға рационалды
игеру жүйелерін қолдану, бұрғылау жүмыстарының технологиясын жетілдіру,
олардың техникалық жабдықталуын жақсарту, қабаттар мү_най бергіштігін
арттырудың қазіргі жаңа эдістерін кеңінен еңгізу және прогрессивтік
технологиялық процестерді пайдалану арқылы қол жеткізуге болады.
Қазіргі кезде су айдау - мұнай кен орындарын пайдаланғанда қолданылатын
қабат қысымын үстаудың негізгі эдісі. Су айдаудың эртүрлі эдістері болады,
бірақ олардың эрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Жобалау
кезінде су айдау жүйесін таңдау толығымен кеніштің күрылысына байланысты.
3
ІТЕХНИКА-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Кен орны жөніндегі жалпы мағлұматтар
Оңтүстік Жетібай кен орны экімшілік жағынан Қазақстан Республикасы,
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданына қарайды. Ол Жетібай және Жаңа Жетібай
елді мекендерінің маңында орналасқан. Жақын елді мекендер болып Ақтау
қаласы 80 км, Жаңа Өзен қаласы 75 км, Құрық ауылы 65 км. Бүл елді мекендер
Оңтүстік Жетібай кен орнымен асфалыталған автомобиль жолдарымен, сонымен
қатар темір жолмен байланысады.
Кен орны аймағы үсақ төбелі жазықтық болып келеді, абсолюттік биіктік
белгілері +165-+139 м. Арасында өзгеріп отырады. Аудан
климаты шұғыл континентальды, өзінің ерекше қүрғақтылығымен ерекшеленеді.
Жылдық жауын-шашын мөлшері 140 мм-ге дейін жетеді. Абсолюттік ең жоғаргы
температура +47°С,ал ең төменгі температура -35°С. Ауаның орташа жылдық
температурасы +10°С. Күшті жел мен шаңды дауылдар жиі көтеріліп тұрады,
соғатын желдің негізгі бағыты солтүстік- шығыс болып табылады. Қыстың
күндері 1 м тереңдікке дейін тоң қатады.
Кен орындарының өндірістік мұнай-газдылығы 1961 жылы анықталды. Кен орны
мұнай өндіруші мекеме - "Маңғыстаумұнайгаз" өндіріс бірлестігінің "Жетібай
мұнай" мұнай-газ өндіру басқармасы, ал бұрғылау жүмыстарын жүргізуші осы
өндірістік бірлестіктің Жетібай бұрғылау жүмыстары басқармасы. Кен орны
үстімен Ақтау-Жетібай-Өзен-Макат-Атырау темір жолы өтеді. Өндірілген мұнай
жолайғы қыздыру пунктері арқылы Өзен- Атырау -Самара және Өзен-Жетібай-
Ақтау мұнай күбырларымен тасымалданады. Бүнымен қоса Ақтау
қаласындағы
аймақтан танкерлерге күйылып, басқа мемлекеттерге аттандырады. Көп қабатты
кен орны Жетібайдан 1969 жылдан бері мұнай өндірілуде.
Ауданды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Сауысқам-Өзен-Жетібай және Ақтау-
Жетібай су қүбырлары тартылған. Ал өндірістік қажеттерге жүмсалатын
техникалық су арнайы үңғылардан алынады.
1.2 Алаңның геология - геофизикалық зерттеу тарихы
1951-1953 жылы Маңғыстаудың ойы мен үстірті үстінде 1-500 000 масштабымен
аймақтық гравитациялық түсіру жүргізілді. Осы түсірумен Жетібай дөңі де
қамтылды, бірақ картада ол ауырлық күштерінің локальдақ түйық ауытқуы
ретінде емес, белгісіз пішінді гравитациялық шығыңқы жер болып шықты.
1955 жылы Маңгыстау түбегінің тереңдік қүрылымын
h
БГБҒЗИ аймақтық-сейсмикалық зерттеулермен анықтады. Жетібай қүдықтарымен
өткен бір сейсмикалық тілмеден сейсмикалық тірек қабатының элсіз иілуі
байқалады. Осы сейсмикалық профильдің негізінде Б. Динов пен О. Черепанов
қабаттардың иілген жерінде күрылымның бар екендігі жайлы болжам жасап, оны
күдықтардың атына сай - Жетібай деп атады.

1957-1958 жылдары БГБҒЗИ-мен Жетібайда Оңтүстік Маңғыстау жағдайларында
антиклинальдық күрылымдарды анықтау мақсатын көздеген жоғарғы дэлдікті
гравиметрияны қолданған гравитациялық түсіру болды. Бірақ бұл тэсіл көп
таратылмады.
1958 жылы сейсмикалық түсірулер тағы да жүргізіледі де нэтижесінде
көтерілімнің тереңдік қүрылысы зерттеледі және нокан қабаты табанының 3
шағылыстырғыш қабатының қүрылымдық картасы жасалады.
1959 жылы Маңғышылақмұнайбарлау тресті іздеу-барлау үңғыларын бұрғылап
бастайды. 1961 жылы №2 үңғыдан III және IV кабаттарды сынау кезінде
өндірістік маңызы бар екндігі анықталды, ал сэл кейін №6 үңғыдан XII
қабаттан күшті мұнай-газ, су фонтаны атқылады. ¥ңғы дебиті шамамен 300
м3тэулік болған, бүның ішінде 60-65 % мұнай, 35-40 % газ болды.
Мұнайдың өндірістік ағыны алынған соң 1962 жылы Юра жүйесінің 14 қабатын
игеруге барлау және айқындауды көздеген өндірістік барлау жобасы жасалды.
Қабылданған жобаға сэйкес 130-дан аса қүм қабаттары мен аралықтарынан
түратын қалыңдығы 900 метрдей бүкіл өнімді қабатты қалың үш барлау қатарына
бөледі. Бірінші қатарға I-VI қабаттар, екінші қатарға VI-X қабаттар, үшінші
қатарға XI-XIV қабаттар жатқызылады. Барлаудың эрбір қатары жеке бөлек
ұңғылар торы бойынша бұрғыланады, үңғылар арасы 1 -2 км болды. Қабаттарды
сынау жоғарыдан төмен жүргізіледі. ¥ңғыда 12 объектіге дейін сыналды.
1974-1975 жылдары Жетібайда 16 көрсеткіштік ұңғыма бұрғыланды, оның 14-ін
Маңғыстаумұнай өндірістік бірлестігі бұрғылады. 1976-1980
жылдары Оңтүстік Маңғыстауда оныншы және одан арғы бесжылдықтарға іздеу-
барлау жүмыстарының майданын дайындау максатында ірі мұнай-газ қорларын
аньщтау және зерттеу жүмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар осы қорлардың ірі
тектоникалық элементтермен қатынасы дэлелденді.
1973 жылдан бері карай кен орнын игеру қабат қысымын көтермелеп ұстау
арқылы жүзеге асып келеді. Бүның өз ішінде XII кабат айдаушы үңғылар
қатарымен блокты қию тэсілімен игерілсе, VIII, X, XI қабаттарды игеруге
контур ішілік суландыру тэсілі қолданылады.
1.3 Стратиграфия
Жетібай кен орнында терең барлау үңғыларымен жоғарғы триастан неоген-төрті
жастағы шөгінді жыныстардың шамамен үш километрлік қалыңдығы ашылған және
олардың Юра жүйесіндегі щөгінділері өнеркәіптік-мұнайлы болып табылады.
Мезазойлық дэуір
Триастық жүйе. Жоғарғы бөлім (Т3)

Ұңғылармен 18,28,33,63,66,71,73,92; НВО-2708 метр тереңдікте кезектесіп
құмтастармен, алевро қабатшалары бар алевролиттермен; саз балшықтар мен
аргелиттермен көрсетілген жоғарғы триастың шөгінділері ашылған. Қү_м тастар
тығыз, сұр ү_сақ, түйірлі, саз балшықты алевролитті. Құмтастардың құрамы
кварциттің едэуір қоспасы бар кварцты-полевошпаттық, мускавит және
эффузивті жыныстардан құралған. Құмтастар мен алевролиттер негізінен
базальтті және қуысты типті сазды-карбонаттық, сонымен қатар саз балшықты-
хлораттық цементпен цементтеліп кеткен.Аргелиттер күкірт-сұрлы,
алевролитті; каолит гидроқабатшалы. Тік жарықшақтар кальцитпен көрсетілген.
Ашылған қалыңдығы 253 метр.
1.4 Мұнайгаздылық
Жетібай кен орны субендікті жазықтықты ірі антиклиналдық қатпарға үйлескен.
Юра горизонтының құрылымдық бет бойынша оның өлшемдері 22x6 километр
көтерілу амплитудасы 65 метр болған кезде. Құрылым айтарлықтай жатық, құлау
бұрышы тереңдік бойынша 2қ-тан 5қ-ққа дейін өседі.
Терең барлау ұңғыларымен кен орнында жоғары триастықтан бастап төртік жасқа
дейінгі шөгінді тау жыныстарының үш километрлік қалыңдығы, олардың ішіндегі
юра жүйесінің шөгінділері өнеркәіптік мұнайлы болып табылады.
Газ бөлігінің қуыстық көлемі Мпор=0,82; 5,8x1,2 километр және кеніштікі
13,6x3,5 километр, Мпор=0,6 кеніштігі 12,5x4,0 километр.
Б-бумасының Бң, Б2+Б3ң қабатына екі мұнайгазды кеніне байланысты. Олардың
өлшемдері сэйкесінше газдық бөріктікі ПХ,1,75 километр және кеніштікі
17,2x5 километр, Мпор=0,16 газдық бөліктік 3;8х1,4 километр және кеніштікі
16x4,2 километр Мпор=0,02.
VIII горизонт жоғарыда жатқан горизонттан қалыңдығы шамамен 4-17 метр
болатын сазды бөліммен бөлінген.
Горизонт, жалпы қалыңдығы 150-160 метр болатын гоизонт бағынышты мәнге ие,
қуаты аз өткізбейтін ерекшеліктері бар бір текті тұтас қалыңдықтықтағы
кұмтасты-алевролиттік жыныстармен көрсетілген. Коллектор қима бойынша да
және аудан бойынша да жақсы ұсталған, күнделікті тараумен сипатталады.
Кейін қабаттық, төбелі, табан суы бар мұнайгаздылығы. Газ бөлігінің 6,2x2
километр, мүлайлы бөлігі 7,5x3,2 километр, Мпор=0,38
Горизонт астының тиімді қуаттылығы едэуір кең ауқымда толқиды 3,6-дан 20м
дейінгі аралықта және орташа алғанда 8, м-ге тең. Горизонт асты VIII а+б
қабаттың, төбелі шекті суары бар мұнайгаздылы кенішті білдіреді.
Көтерілудің төбе алдындағы бөлігі солтүстік-батыстан, оңтүстік-шығысқа
қарай шығыңқы бұрыштармен күрделенген, олардың екеуі негізгі төбе келеді.
Нақтылы корреляциямен кеніштің нүсқа сыртындағы аумағындағы батыс күшклинал
(655 үңғы) және оңтүстік қанат (68 ұңғы) ауданында VIII а+б горизонт
тастының жоғарыда жатқан УП горизонтымен бірігіп кеткендігінің екі онша
үлкен емес аймақтары белгілі болған. Сонымен қатар, кеніне шегінде
горизогтасты
1.5 Сулылығы
Гидрохимия мен гидродинамика бойынша материалдардың негізінде Жетібай кен
орнының қимасындағы геологиялық күрылым мен мұнайлылықтың мәндерін есепке
алғанда екі гидрогеологиялық сатыға бөлуге болады: юра және бор.
Юра шөгінділерінің сулары бор шөгінділерінің суларынан ерекшеленеді.Бүлар
тығыздығы бойынша (1109-1110 кгмг) үлкен және минералдылығы 140-160 гл
хлоркальцийлі типті түздьщтар.

Скважинаның орташа шығымы 50 м7тэу құрайды. Юра қабат суларының химиялық
құрамы біркелкі.
XII горизонттық табан суы №6 скважинаның ашық фонтандауы мұнаймен бірге
алынды. Оның жалпы сұйықтағы мөлшері 35-40 %.
Бор шөгінділері тең, апт және баррем горизонттарының суларың тығыздығы 1102
кгм-ті құрайды. Төменгі бор сулары тоғыз горизонттан алынды, олардың
шығымы 0,2-ден 903,7 мтэу дейін жетті. Бүл горизонттардың суларының
тығыздығы 1018-1020 кгм3 құрайды. Барлық сулар сульфатты-натрийлі типті.
Тек қана готерив ярусының суы хлор-кальцийлі. Құмтастар мен алевролиттер су
араластырғыш жыныстар және саздар мен аргиллиттер су тірегіш жыныстар болып
табылады.
Жетібай ауданындағы сормат шөгінділерінің сулары тұздылау, арынсыз,
тереңдігі 30 метрге жететін шығымы аз кұдықтар. Құдықтардан алынатын судың
шығымы шамамен 260-330 м7тэу. Ңақты талдаулардың мәндері бойынша Жетібай
кен орнының юра және бор горизонттары үшін корреляционды гидрохимиялық
графиктер тұрғызылды.
Графиктер бойынша иодтың концентрациясы 6-8 мгл эдетте кездеспейді.
Жетібай үшін көбінесе иодтың құрамы 10-11 мгл, бірақ 15 мглитрден
аспайды. Жетібайдың өнімді горизонттарының (VIII-XI горизонттар) төменгі
қабатында иод мөлшерінің үлғаюына беталыс қатты байкалмайды. Ортаңғы юра
кешеніндегі суларда аммоний 60-тан 130 мглитрге дейін мөлшерде кездеседі.
Әсіресе төменгі шегі тэн.
Бор ортаңғы юра кешеніндегі сулардың барлық сынамаларынан тадылды. Оның
концентрациясы 20-52 мглитр шегінен аспайды. Көбіне жиі кездесетін бор
концентрациясы шамамен 30-40 мгл.бор концентрациясы шамамен 30-40 мгл.

Сгрукрая карга Ш гариэонге шоррш Жетыбай
Мәшіаб 1:25000

IB
1.6 Жетібай кен орнының ағымдағы игеру жағдайын талдау
1. кесте - Жетібай кенорнын игерудің технологиялық көрсеткіштерінің
негізгі динамикасы
№№ JXXJT ?5СӨЬ Ж#,ядар]
пп &££% JUEtcPj

І.ӨНДІРУШІ ҰҢҒЫМАЛАР
Бұрғыланғаны 1285
Онын ішінде :
Пайдалануда 529
Оның :
Фонтан 0
ШГН 529
Газлифт 0
Винтовые сораптар 0
Жұмыс істемейтін кор 385
Жабылған 158
Консервацияда 0
2. АЙДАУ ҰҢҒЫМАЛАР
Бұрғыланғаны 215
Оның ішінде :
Пайдалануда 107
Жұмыс істемейтін кор 215
Жабылған 96
Консервацияда 0
З.АРНАЙЫ ҰҢҒЫМАЛАР
Бакылау 10
Су алушы 0
БАРЛЫҒЫ 1329
Оның ішінде: .
өндіруші 944
айдау 385
Жетібай кенорнындағы скважиналардың түбіндегі бос газ, парафин мен тұздың
түзілуі, мұнайдың құбырларда коюланып, қатуы штангілі тереңдік сораптарының
жұмыс жасауына қиын жағдай туғызып отыр. Сонымен қатар жөндеу аралық кезең
және пайдалану коэффициенті өте төмен. Штангілік терең сорапты
скважиналардың 70%-і сұйық бойынша 10-15 тоннтэулігіне, мұнай бойынша 5-7
ттэу дебитпен жү_мыс жасайды. Жетібай кенорнында терең сораптық
скважиналар негізінен диаметрі 44, 56, 68 мм, алмалы - салмалы сораптармен
жабдықталған, олар 73 мм сораптьщ компрессорлық құбырларда орнатылған.
Жобада штангалы терең сорапты скважиналарды тербелмелі қондырғыларда, яғни
көтеру күші 8, 12тоналық 7СК-8, 7CK-12 орнатылу қарастырылған.

1.7 кесте - Айдау ұңғымаларының су қабылдауы бойынша 01.01.2004 ж. жағдайы
Объект Айдау
ұңгы
саны Орташа қабылдауы 20-дан аз 20-30 30-50 50-100 100-200 200-ден
көп Va6 61 186,4 0 0 1 3 5 9 Vb+VI 36 161,1 3 0 0 3 7
8 VIII 98 116,7 4 2 2 7 12 5 IX 28 103,3 3 0 0 7 2 3
X 68 108,3 5 1 1 2 3 5 XI 6 75,0 0 0 1 0 1 0 XII
27 175,6 0 1 0 0 2 2 1.8 кесте - Өндіру үңғымаларының сулану
деңгейі бойынша 01.01.2004 ж. жағдайы
Жыл Ұнгы саны Мұнай дебиті Сулану,
% 5-10 10-20 20-30 30-40 40-50 50-60 60-70 70-80 80-90 90
01.01.00 915 4,3 51,0 36 84 25 7 22 4 12 28 25 21 01.01.01
914 5,8 47,5 29 81 26 14 18 6 11 26 32 14 01.01.02 914
5,2 47,8 83 110 27 17 22 5 29 29 41 35 01.01.03 914 5,0
47,6 69 154 35 20 26 6 26 40 48 73 01.01.04 914 5,7 52,9
73 118 43 30 39 10 25 45 44 93

Карта гекущих огборов ІІІІ горгага месгоровдения Жегыбай
на 01.012005 г.
Масштаб 1:25000

1.7 Қабат қысымын ұстау жүйесінің жағдайы
Қабат қысымын ұстау жүйесі негізінен кен орнында 60 жылдардың аяғы 70 - ші
жылдардың басында қүрылған. Бастапқы қабатқа су айдау 1969 ж басталып,
кенорының өнімді қабаттарына 1,8 млн м3 альбсеноман суы айдалды. 1970
жылдары "Ақтау - Жетібай" су күбыры салынған кейін, қабатқа теңіз суын
айдау қолданылды. Бүдан да басқа, ығыстыру агентіне ілеспе өндірілетін
қабат суын пайдаланады. Жетібай кенорнында алғашқы қабат температурасын
ұстап түру үшін және қабат мұнайының ерекше касиеті бар болғандықтан,
қабатқа ыссы су айдалынады. Қабат температурасының алғашқы мөлшерінің
төмендеуі, мұнайдан парафиннің түзілуіне қолайлы жағдай туғызады.
Технологиялық қажетті су айдау көлемі қабатты жағдайдағы сүйық өндіруден
1,2 есе болу керек, бірақ су айдаудың анық көлемі өндірілетін сүйықтан 1,1
есе артық.
Қабатқа айдаланатын судың көп шығынға үшырауының және тиімді
пайдаланбауының негізгі себебі, қабат қысымын үхтау жүйесінің техниқалық
жағдайының қанағатанарлықсызынан, яғни магистралдық қүбырдың су айдайтын
скважинаға дейін жарамсыз болуынан.
Қабатқа айдауға пайдаланатын су өте жоғары агресивтігімен сипатталады. Бұ_л
біріншіден сапалы су дайындалмағанын, екіншіеден теңіз суы мен қабат суының
араласпайтындығы, яғни, олардың қүрамындағы оттегі мен активтік
компонентердің жоғары болуынан.
Қабат қысымын үстау жйесіне таза су айдауды бақылау төмендегіні көрсетті:
1 .Механикалық косымшалары жоғары мөлшерлі - 11 - ден 62 гл орташа мөлшері
29 гл (жобада мөлшері 0.04 гл), тазаланбаған суды пайдаланғанан,
күрамында механикалық қосымшалардан басқа оттегі болғандықтан қондырғылар
(сораптар, жерасты жабдықтары, қүбырлар) қарқынды тозып, коррозиялық бүліну
болуда.
2.Бұралқы судың қабатқа айдайтын қүрамында жоғары мұнай өнімдерінің мөлшері
0.038 - ден 1.44 гл қүраиды, орташа мөлшері 0.45 гл. (жобадағы мөлшері
О.ОІгл ). Осы мұнай өнімдері айдалатын су мен бірге БШНС (БКНС) - тен
басқа, су айдайтын скважиналарға барады. Бүданда басқа бұралқы су
көмірсутегі газымен қаныққан, оның судан бөлінуі, жер асты, үсті
қондырғылармен жүмыс жасағанда қауіпті жағдай туғызады.
Қабатқа айдайтын судың механикалық қоспалардан тазаланбауынан, су айдайтын
скважиналардың түбінде шөгінді пайда болып, қабаттың өтімділігін азайтады
және қабылдауын төмендетеді.Осылардың әсерінен су айдайтын скважиналарды
қайта қалпына келтіру жүмыстары жүргізіледі.
Су айдау қысымының төмен болуы 8.6-9.5 МПа, технологиялық қажет қысымы 10 -
15 МПа болғандықтан айдайтын скважинаның қабылдауы азайып, негізінен төмен
өтімді учаскілерінде, тіпті түрып қалуға дейін барады.
1.8 Су айдау тәсілі
Алғашқы кезде біздің елде су айдау негізінен сыртқы мұнайлылық нүсқада
орналасқан, су айдайтын скважиналар арқылы жүзеге асты. Нұсқаның сырты
арқылы су айдау тйімді болады ішкі нұсқа мен су айдауды салыстырғанды,
себебі мұнай үйлессімді қабат суымен бірге ығыстырылады. Бірақ тэжірйбе
сыртқы нұсқамен су айдаудың кейбір кемшіліктерін көрсетті. Қабат құрлысының
сыртқы нұсқа аумағындағы күрделігі және мұнай түтқырлығының жоғары болуы
қосымша скважиналар қазуды қажет етті. Ірі кенорындары сыртқы нүсқа мен су
айдауды пайдалану мұнай қорының белгілі бөлігін кенорынның орталық
бөлігінде тоқтатып қоюуға мәжібұр етті. Нүсқаның сыртымен су айдау көп
судың қайтуымен сйпатталады (40 - тан 70% дейін су көлемі сыртқы мұнайлық
нұсқаға айдалып, жоғалды).
Нұсқаның сыртымен су айдаудың дамуы нұсқа ішімен су айдаудың жүйесін қүруға
жол ашты. Бү_л жағдайда кенорын қатар су айдайтын скважиналар, блоктар
немесе жеке игеру алаңдарына бөлінеді.
Мұнай кенорындарын игеру тәжірибесі көрсетті, блокты су айдау жүйесі
тиімді, егер кеніштің ені 4 - 5 км көп немесе ені аз, бірақ коллектордың
өткізгіштігі төмен, мұнайдың түтқырлығы жоғары болғанда.
1.9 Су айдау жүйелері
Мұнай кен орындарын игеру барысында жасанды су айдаудың келесі түрлері
қолданылады :
а)нүсқа сыртынан;
э)нүсқадан;
б)нүсқа ішінен (ортадан, яғни айдау скважинасын кеніштің өсі бойына
орналастыру арқылы су айдау, аудандап, блоктап және т.б.).
Мұнай кенішінің алып жатқан ауданы (яғни, өлшемі-размері) үлкен болмаса
(яғни олардың ені 5км-ге дейін болса), онда нүсқа сыртынан су айдау
эдісін қолданады. Бүл жағдайда суды, мұнайлылықтың сыртқы
нүсқасынан тысқары орналасқан (бірнеше жүз метрге дейінгі) айдау
скважиналарының қатарлары арқылы қабатқа айдайды. Гидродинамикалық есептер
нэтижесі көрсеткендей, яғни нүсқа сыртынан су айдау кезінде скважиналардың
бірнеше қатары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзен кен орнында қолданылатын қабаттардың мұнай бергіштігін көтеру әдістері
Кен орынды игеру жүйесі. Кен орнының геологиялық құрылымының сипаттамасы
Жетібай кен орнында қолданылатын жинау жүйесі
Өзенде бұрғылау шебері
Жетібай кен орны
Еріген газ режимі
Қабат мұнайының орташа көрсеткіштері
«№1 МГӨБ бойынша электроортадан тепкіш сораптық қондырғының қышқылмен өңдеу тиімділігі
Кен орынды игеру жүйесі. Мұнай және газ өндіру техникасы мен технологиясы
Өндіру ұнғыларын бұрғылаудан
Пәндер