Мемлекеттік қаржы экономикалық категория ретінде



КІРІСПЕ
1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
1.1 Қаржының мәні мен объективтік қажеттігі
1.2 Қаржы қатынастары және қаржы жүйесінің қалыптасуы
1.3 Мемлекеттік қаржы және оны басқару
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫНЫҢ РӨЛІ
2.1 Қазақстан қаржы жүйесінің тұрақтылығына аналитикалық талдау
2.2 Алматы қаласының әлеуметтік экономикалық дамуында мемлекеттік қаржының орны
2.3 Алматы қаласы 2010 жылғы бюджетінің орындалуына талдау
3 МЕЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ПРОЦЕСТЕРIН ЖЕТIЛДIРУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Қазiрiгi кездегi бюджеттi жоспарлауды жетiлдiру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Біздің еліміз осынау есею жылдары ішінде кездескен көптеген сынақтарға лайықты шыдамдылық көрсете білді. Одақ ыдырағаннан кейін Қазақстанға тиген басты мұра ауқымы жағынан көз көріп-білмеген жүйелі дағдарыс болды. Біздің еншімізге бәсекеге қабілетсіз экономика, басқарудың ескілікті жүйесі және қол-аяғы құрсаулы мемлекеттік аппарат тиді. Бұл біз бастан өткерген алғашқы ең ауыр да созылмалы дағдарыс болды. Сол кезде бізге қиыншылықтарға төтеп беріп қана қоймай, сонымен бірге макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттар құру үшін негіз қалауға жағдай жасаған бетбұрыстық сипаттағы реформаларды жүргізудің сәті түсті. Реформалардың шапшаңдығының, батылдығы мен тереңдігінің арқасында Қазақстан 1998 жылғы азиялық қаржы дағдарысы туғызған екінші сынақтан да салыстырмалы түрде алғанда ауыртпалықтарсыз өтіп, тез бой түзеп кете алды. Біз одан жап-жақсы сабақ алдық, сөйтіп сол кезден бастап қиын күндерге қаржы қалдыра отырып, елдің қаржылық әлеуетін үнемі нығайтумен болдық. Елдің жалпы алтын-валюта резерві, Ұлттық қордың қаржысын қоса алғанда, 40 миллиард долларға жақындады. Біз мемлекеттік қаржылар мен жеке меншік банк жүйесі сыртқы сілкіністерге тұрақты болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Және онымыз босқа кеткен жоқ. Екі сынақты бастан өткерген біздің экономикамыз бүгінде АҚШ-тың ипотекалық секторындағы қиыншылықтар салдарынан бүкіл әлемге тараған жаңа дағдарыстың ықпалын сезінуде. Батыстағы кейбір ірі қаржы институттары дефолтқа, тіпті банкротқа ұшыраған жағдайларда, қазақстандық қаржы жүйесі өзін тұрақты әрі тиімді жұмыс істеп тұрған жүйе ретінде көрсете білді. Дегенмен, халықаралық қаржы рыногындағы шиеленісті ахуал қазақстандық банктер үшін сыртқы қорландыру тапшылығын туғызуда. Экономикамыздың тұрақты әрі қарқынды өсуі өндіріс пен тұтыну көлемінің артуына жағдай жасауда. Ол өз кезегінде экономиканың инвестицияларға деген сұранысын ұлғайтады.
Бүтіндей алғанда, дұрыс экономикалық стратегияның, алтын-валюта резервінде жасалған қордың және Ұлттық қордың арқасында біз аса үлкен күш-жігер жұмсамай-ақ әлемдік экономиканың циклдық құлдырауларына қарсы тұрып және жігін жатқызып, ел экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ете аламыз. Мен бұл мысалдарды елді тұрақты және табандылықпен нығайтудың, оны модернизациялаудағы күш-жігерді босаңсытпаудың қаншалықты маңызды екенін көрсету үшін келтіріп отырмын.
1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. –Алматы: Юрист,2004 ж
2. Салық кодексі – “Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жөнінде” ҚР Заңы. – Алматы: Юрист, 2003 ж.
3. Указ Президента Республики Казахстан “Об утверждении Положения о Счетном комитете по контролю за исполнением республиканского бюджета” от 05.08.2002 г. №917.
4. Бюджетная система Российской Федерации:Учебник/ М.В.Романовский и др.; Под редакцией М.В.Романовского, О.В.Врублевской.–2-е изд., исп.и перераб.- М.: Юрайт, 2000.-300-615 с.
5. Годин А.М., Подпорина И.В.Бюджет и бюджетная система Российской Федерации Учебное пособие.- М. Дашков и К,2002- 203-340 с.
6. Зейнелгабдин А.Б. Финансовая система экономическое содержание и механизм использования.-Алматы Қаржы- Қаражат, 1995.- 26-124 с.
7. Иванова Г.Г., Маковник Т.Д. Казначейская система исполнения бюджетов.- СПб: Питер, 2001.- 92-208 с.
8. Ильясов К.К., Саткалиева В.А. и др. Государственный бюджет: Учебник.- Алматы: РИК, 1994.-115-268 с.
9. Кулекеев Ж.А., Султангазин А.Ж. и др. Государственный финансовый контроль в Республике Казахстан: Сборник нормативных правовых актов.- Астана: 2002.- 132 с.
10. Кулекеев Ж.А., Султангазин А.Ж. и др. Проблемы эффективности использования средств государственного бюджета Республики Казахстан в условиях развития рыночных отношений /Под общей ред.д.э.н. Серикбаева А.С. – Астана: Академия государственной службы при Президенте Республики Казахстан, 2003. – 36-194 с.
11. Ілиясов Қ. Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2005. – 552 бет.
12. Мельников В.Д., Ли В.Д. Қаржының жалпы курсы: Учебник.-Алматы, 2005 ж – 25-70 с.
13. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. – Алматы: Қаржы-қаражат, 2001 ж – 104-311 с.
14. Рудый К.В. Финансово-кредитные системы зарубежных стран: Учебное пособие. – М.:Новое знание, 2003. –98-301 с.
15. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005 ж. – 208-416 бб.
16. Өтебаев Б.С. Мемлекеттік бюджет: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2008 ж. – 6-45 бб.
17. Комментарии к Стандартам внешнего и внутреннего контроля исполнения республиканского и местных бюджетов: Счетный комитет по контролю исполнения республиканского бюджета – Астана: 2003 г – 24 с.
18. Положение о Комитете Казначейства Министерства финансов Республики Казахстан. Постановление Правительства Республики Казахстан от 24.05.1999 г. №626
19. Положение о Комитете финансового контроля Министерства финансов Республики Казахстан. Постановление Правительства Республики Казахстан от 19.05.2002 г. №674
20. О среднесрочной фискальной политике Правительства Республики Казахстан на 2005-2009 гг. Постановление Правительства Республики Казахстан от 31.08.2004 г. №918
21. Правила разработки проектов республиканского и местных бюджетов, утвержденные постановлением Правительства Республики Казахстан от 29.05.2002 г. №592
22. Правила исполнения республиканского и местных бюджетов, утвержденные постановлением Правительства Республики Казахстан от 05.02.2005 г. №110
23. Большаков C. В. Финансовая политика и финансовое регулирование экономики переходного периода // Финансы. 2000г. № 11.
24. Игнатьев Д. Налоговой политике нужны четкие приоритеты // Финансовые известия. № 13. 2000.
25. "Фискальный перераспределительный механизм межбюджетных отношений в Республике Казахстан". Сб. научных трудов КазГАУ "Экономические реформы: особенности переходного периода". Часть! - Алматы, "Экономика", 2000г., 0,3 п.л.
26. "О проблемах и критериях классификации налогов". Журнал "Каржы-Каражат", №7, 2000г., 0,3 п.л.
27. Налоги/под ред. Д.Г. Черника. - М., 2002.
28. Налоговые системы зарубежных стран. — М., 2001.
29. Богачева О.Б. Проблемы укрепления бюджета //Финансы. 2004. №8.
30. Ильясов К.К., Зейнельгабдин А.Б., Саткалиева В.А. Государственный бюджет. – Алматы: РИК, 2000
31. Орешин В.П. Государственное регулирование национальной экономики (в вопросах и ответах) М.: ИНФРА-М, 2000.
32. Чепурин М.Н., Киселева Е.А. Курс экономической теории: Учебное пособие. – А.: Университет «Кайнар», 2001.
33. Финансы/Под ред. М.В.Романовского, О.В.Врублевской, Б.М.Сабанти. – М.: «Перспектива, 2000.
34. Г.И. Әбдикеримова. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2010ж
35. Дәуренбекова Ә.Н. Өндірісті ұйымдастыру: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2009ж
36. Қ.Қ.Ілиясов, С. Құлпыбаев. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2005 ж.
37. Есқараев Ө.Қ. Қазақстан Республикасының нарығын реттеу: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2009ж
38. Ихданов Ж., Сансызбаева Ғ.Н., Есенжігітова Р.Ғ. Мемлекеттік басқару теориясы: Оқу құралы./ – Алматы: Экономика, 2009ж
39. Төрегожина М.Б. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Лекциялар курсы. – Алматы: Экономика, 2010ж
40. Экономикалық саясат: Лекциялар./ Д.Қ.Қабдиев және басқалар. – Алматы: Экономика, 2002 ж
41. Ихданов Ж., Орманбеков Ә. О.Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері: Оқұ құралы – Алматы: Экономика, 2002 ж
42. Ниязбекова Р.Қ., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы / – Алматы: Экономика, 2010ж
43. Өтебаев Б.С. мемлекеттік бюджет: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2008 ж

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Біздің еліміз осынау есею жылдары ішінде кездескен көптеген сынақтарға
лайықты шыдамдылық көрсете білді. Одақ ыдырағаннан кейін Қазақстанға тиген
басты мұра ауқымы жағынан көз көріп-білмеген жүйелі дағдарыс болды. Біздің
еншімізге бәсекеге қабілетсіз экономика, басқарудың ескілікті жүйесі және
қол-аяғы құрсаулы мемлекеттік аппарат тиді. Бұл біз бастан өткерген алғашқы
ең ауыр да созылмалы дағдарыс болды. Сол кезде бізге қиыншылықтарға төтеп
беріп қана қоймай, сонымен бірге макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз
етіп, ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттар құру үшін негіз қалауға жағдай
жасаған бетбұрыстық сипаттағы реформаларды жүргізудің сәті түсті.
Реформалардың шапшаңдығының, батылдығы мен тереңдігінің арқасында Қазақстан
1998 жылғы азиялық қаржы дағдарысы туғызған екінші сынақтан да салыстырмалы
түрде алғанда ауыртпалықтарсыз өтіп, тез бой түзеп кете алды. Біз одан жап-
жақсы сабақ алдық, сөйтіп сол кезден бастап қиын күндерге қаржы қалдыра
отырып, елдің қаржылық әлеуетін үнемі нығайтумен болдық. Елдің жалпы алтын-
валюта резерві, Ұлттық қордың қаржысын қоса алғанда, 40 миллиард долларға
жақындады. Біз мемлекеттік қаржылар мен жеке меншік банк жүйесі сыртқы
сілкіністерге тұрақты болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Және
онымыз босқа кеткен жоқ. Екі сынақты бастан өткерген біздің экономикамыз
бүгінде АҚШ-тың ипотекалық секторындағы қиыншылықтар салдарынан бүкіл
әлемге тараған жаңа дағдарыстың ықпалын сезінуде. Батыстағы кейбір ірі
қаржы институттары дефолтқа, тіпті банкротқа ұшыраған жағдайларда,
қазақстандық қаржы жүйесі өзін тұрақты әрі тиімді жұмыс істеп тұрған жүйе
ретінде көрсете білді. Дегенмен, халықаралық қаржы рыногындағы шиеленісті
ахуал қазақстандық банктер үшін сыртқы қорландыру тапшылығын туғызуда.
Экономикамыздың тұрақты әрі қарқынды өсуі өндіріс пен тұтыну көлемінің
артуына жағдай жасауда. Ол өз кезегінде экономиканың инвестицияларға деген
сұранысын ұлғайтады.
Бүтіндей алғанда, дұрыс экономикалық стратегияның, алтын-валюта
резервінде жасалған қордың және Ұлттық қордың арқасында біз аса үлкен күш-
жігер жұмсамай-ақ әлемдік экономиканың циклдық құлдырауларына қарсы тұрып
және жігін жатқызып, ел экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ете аламыз.
Мен бұл мысалдарды елді тұрақты және табандылықпен нығайтудың, оны
модернизациялаудағы күш-жігерді босаңсытпаудың қаншалықты маңызды екенін
көрсету үшін келтіріп отырмын.
Осы жылдар ішінде біздің негізгі мақсатымыз әлеуметтік бағдарланған
экономика құру, азаматтардың экономикалық игілігі болды. Және бізге адам
әлеуетін дамытудың тиімді моделін қалыптастырып, өмір сапасының
қазақстандық ұлттық стандартының негізін қалауға қол жеткізу мүмкіндігі
туды. Бүгінде біз Қазақстан – өзінің азаматтары үшін бойына жауапкершілік
алатын, ал олар өз кезегінде өздеріне ортақ құндылықтар мен қоғам мүддесі
үшін жауапкершілік жүктейтін мемлекет деп сенімді түрде мәлімдей аламыз.
Бұл ел – игілікті өмір құру үшін әркімнің мүмкіндігі бар ел. Бұл ел – бар
нәрсенің басында адам, оның білім алуы, денсаулығы мен әлеуметтік қорғалуы
тұратын ел. Тек соңғы 10 жылда ғана адам капиталының әлеуетін айқындайтын
салаларға – білім беруге, ғылымға, мәдениетке, денсаулық сақтау мен
тұрғындарды әлеуметтік қорғауға мемлекеттің шығыны 8,7 есе өсті. Әлемде
әлеуметтік-гуманитарлық саланың даму қарқыны осындай деңгейге көтерілген
мемлекеттер өте аз.
Біздің тұрғындарды әлеуметтік қорғау саласындағы табыстарымыз да
талассыз. 1997 жылдан бергі кезеңде еңбекақының ең төменгі өлшемі 4,5
еседен астамға өсті, орташа айлық номиналды еңбекақы 8,5 мың теңгеден 50
мың 800 теңгеге дейін – 6 есеге жуық артты. Барлық соңғы жылдар бойында
орташа еңбекақы деңгейі жөнінен Қазақстан ТМД-да көшбасшы елдердің бірі
болып табылады. 2002 жылдан бастап реформалау жүзеге асырылып, бюджет
саласы қызметкерлерінің еңбекақысын өсіру үдерісі қалыптасып келеді. Оның
деңгейін жүйелі арттырудың арқасында 2009 жылы бюджетшілердің еңбекақысы
2,5 еседен астамға артты. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа көлемі
1998 жылдан бері 3 есеге жуық өсті. Бүгінде 630 мыңдай адам мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақы алады. Олар – мүгедектер немесе асыраушысынан
айырылған адамдар. Біз зейнетақы жүйесін реформалауды табысты жүргіздік.
Базалық зейнетақы төлемдерін есепке алғанда, ең төменгі зейнетақы көлемі
1998 жылдан бері 4,3 есе, ал зейнетақы төлемдерінің орташа көлемі 3,3 есе
көбейді. 1,6 миллионнан астам адам мемлекеттік зейнетақыны республикалық
бюджеттен алады. 2012 жылға қарай зейнетақының орташа көлемі тағы да 2,5
есеге ұлғайтылатын болады. Кедейшілік деңгейін төмендету әлеуметтік
саясаттың басты бағыттарының бірі болып келді және осылай болып қала
береді. 2000 жылдан бері біз кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрестің екі
бірдей бағдарламасын табысты жүзеге асырып үлгердік. Қазіргі таңда елімізде
табыстары өмір сүру себетінен төмен тұрғындардың үлесі 3,6 есеге азайды.
Кедейшілік шегінен төмен табыстары бар тұрғындардың үлесі 2002 жылғы 8
пайыздан 6 есеге жуық азайып, жалпы тұрғындар санының 1,4 пайызын құрап
отыр. Демографиялық жағдайды жақсарту мәселелеріне де үлкен назар
аударылуда. 2003 жылдан бері бала туумен байланысты төленетін бір реттік
мемлекеттік жәрдемақы бір айлық есептік көрсеткіштің 15 еселенген көлемінде
төленіп келе жатқаны белгілі. Болжам бойынша, 2010 жылы 315 мыңнан астам
әйел бала туғаны үшін 35 мың теңге көлеміндегі бір реттік жәрдемақы алмақ.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерін, сондай-ақ оларға
теңестірілген адамдарды және тұрғындардың әлжуаз топтарын әлеуметтік қолдау
мақсатында оларға арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Республиканың
барлық өңірлерінде соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне тегін санаторийлік-
курорттық емделуге мүмкіндік туғызылады. 2002 жылдан бастап мүгедектерді
оңалтудың екінші бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. 2010 жылы 400 мың
мүгедекке әлеуметтік төлемдер бойынша 52 миллиард 700 миллион теңге
қарастырылса, қосымша әлеуметтік қызметке 11 миллиардтан астам теңге
көзделіп отыр. Тұтастай алғанда, 90-шы жылдардың аяғымен
салыстырғанда әлеуметтік қамсыздандыруға шығындар 3 еседен астамға
өсті және ол 2010 жылы 545 миллиард теңгеге жетеді. Сіздер қазіргі таңда
тарихи отанына оралғысы келетін отандастарын қорғаудың арнайы бағдарламасы
аздаған елдерде ғана бар екенін білесіздер. Тәуелсіздіктің алғашқы
жылдарынан бері мемлекеттің қолдауымен тұрақты тұру үшін Қазақстанға
шамамен 650 мың отандасымыз оралды. Өз беттерінше көшіп келушілерді
есептегенде бұл миллион адамнан асады. Қайта қоныстандыру және оралмандарды
әлеуметтік қорғау үшін біз жылына 11 миллиард теңге бөлеміз. Оралмандарды
бейімдейтін үш арнайы орталық жұмыс істейді. Тағы бір маңызды бағыт
тұрғындарды еңбекпен қамтуды жоғарылату саясаты болып табылады. Жыл сайын
елімізде шамамен 230 мың жұмыс орны құрылады. Бүгінде бізде тіпті түрлі
мамандықтағы білікті жұмысшылар жетіспеушілігі проблемасы туындап отыр.
Еліміздің барлық өңірлеріндегі кәсіпорындарда дамыған мемлекеттерде кеңінен
қолданылатын қауіпсіздікті басқару мен еңбекті қорғаудың халықаралық
стандарттар жүйесі енгізілуде. Осылайша, экономиканың әлеуметтік бағдары
қағидатын дәйектілікпен жүзеге асыра отырып, Қазақстан бүгінде әлеуметтік
жауапкершілікті мемлекет атағына лайық. Таяу жылдары біз әлеуметтік салада
жаңа және бұрынғыдан да жоғары белеске көтерілуге тиіспіз. Біз Қазақстанның
бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіретіндігі туралы айтқанда, бұл
өзіндік мақсат болып табылмайды. Біз адамдарымыздың өмірін де осындай
деңгейде жақсартқанды қалаймыз. Және мен бұған қол жеткізетінімізге
сенімдімін. Бірақ біз, барлық қазақстандықтар бұған экономиканың өсімі үшін
жанкештілікпен еңбек еткенде ғана қол жеткізе алатынымызды түсінуге
тиіспіз. Біз әлеуметтік қажеттіліктерге еңбекпен тапқандарымызды ғана
жұмсай аламыз. Және мұны барлығымыздың ескергеніміз жөн.
Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына
байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-
қатынастың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы
ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық
курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне
жету осы қарым-қатынастардың ахуалына тәуелді.
Қаржы қатынастарының теориясын зерделейтін қаржының мақсаты қаржы
категорияларын, ұғымдарын, терминдерін ұғып алуда олардың сыныптамасын
әлеуметтік экономикалық процестердегі маңызы мен формасын, орнын біліп алу
теориялық және практикалық жағынан қамтамасыз ету; сонымен бірге қаржыны
ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс әрекетін және оның
қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуының нақтылы жағдайларындағы
қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу міндеті болып табылады.
Қазақстанда жүргізіліп отырған бюджеттік реформа бюджетті басқарудағы
міндетті қайта бөлуге, бюджет жүйесінің әрбір элементінің: мемлекеттік
бюджет, мемлекет субъектілерінің территориялық бюджеттері мен жергілікті
бюджеттің рөлі мен маңызын арттыруға бағытталды. Қазақстандық экономиканың
жаңа моделін жасау, оның ауыр жағдайы, бюджетаралық қатынастарға байланысты
мәселелердің шиеленісе түсуі, тіпті көптеген территорияларға қажетті ең аз
мөлшердегі шығынның баланс жасалмауы бюджеттік реттеу жүйесінің өзгеріске
түсуі, экономикалық және әлеуметтік процестерге әсер ету тәсілдері мен
амалдарын жетілдіруі керек дегенді білдіреді. Сондықтан да мен жүргізген
зерттеулер теориялық тұрғыдан да, сонымен қатар оларды практикалық шешу
жағынан да өзекті деп санаймыз.
Қазақстандық экономиканың жұмыс істеп кетуінің басты шарты –
территориалдық дамуды тиімді реттеумен қамтамасыз ету. Мемлекеттік реттеу
субъектілерінің әлеуметтік және экономикалық проблемаларды шешуге
байланысты жаңа концептуалдық тәсілі – негізін бюджет құрайтын олардың
қаржы потенциалын қалыптастыру механизмін қайта қарау болып табылады.
Әлеуметтік – экономикалық жүйені өзгермелі өмірге қарай тұрақтандыру немесе
бейімдеуді іске асыруда мемлекеттік бюджеттің негізгі құралға айналатынын
жаһандық тәжірибе көрсетіп отыр. Қазақстан–2030 стратегиялық
бағдарламасында көрсетілгендей, нарықтық экономика мемлекет тарапынан
тікелей араласуды, нұсқауды көтермейді. Үкіметтің, жергілікті билік
органдарының барлық деңгейлерінің бюджеттері, кейбір елдерде бюджеттен тыс
қорлар тұтастай мемлекеттік қаржыны құрай отырып, дамыған елдерде
шаруашылық механизмінің негізгі бөлігіне айналды. Тек осы тетік арқылы
Үкімет өндіру мен бөлу процестеріне әсер ете алады.
Жұмыстың ауқымы мен құрылымы зерттеудің алға қойған мақсаттары мен
міндеттеріне қарай белгіленген. Диплом кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан, қолданылған әдебиетердің тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда қаржының, мемлекеттік қаражының қалыптастырудың
теориялық аспектілері: қаржының мәні мен обьективтік қажеттігі, мемлекеттік
қаржының ұғымы, маңызы, құрылымы ерекшелігі; екінші тарауда мемлекеттік
қаражының мемлекет дамуындағы орны, Алматы қаласының әлеуметтік-
экономикалық жағдайна талдау ал үшінші тарауда республикалық және
жергілікті бюджет процестерінің мәселелері және оны шешу жолдары
қарастырылған.

1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ

1.1 Қаржының мәні мен объективтік қажеттігі

Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша
қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы
ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық
қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық
категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі
тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің
және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау
қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап"
деген жүмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы") алғашқы
авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.
Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның
"Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысында баяндалған.
Қаржының мәні, оның даму зандылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту
сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіңдегі рөлі қоғамның экономикалық
құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады (11, 6-
10 (.
Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы
негізінен мына себептерге байланысты:
• әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы
сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына
қайта бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке
алады;
• кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың
мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
• өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады.
Мәселен, құл иеленуші және феодалдық формацияларға натуралдық
қатынастар сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе
натуралдық сипатта болды, Капиталистік шаруашьшық тауар-ақша
шаруашылығы болып табылады. Тиісінше мемлекеттің табысы да ақша
нысанында қалыптасады;
• егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік
қатынастардың ұдайы өңдірісі мен таптық құрылыстың міндеттеріне қызмет
ететін болса, оңда бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.
Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің
ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешілік рөлімен
айқындалады. Қаржының құндық бөлу стадиясыңда жұмыс істейтін басқа
экономикалық категориялардан — кредиттен, жалақынан және бағадан
айтарлықтай айырмашылығы бар.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен
ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.
Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық
оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады.
Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық-заттай факторларының айырмашылығы,
олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті
ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен
өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін
өлшеудің қажырлы еңбектің және жұмсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың
өлшемін ескере алатын айрықша механизмнің объективті қажеттігі туады.
Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасып жататын белгілі өндіру,
бөлу, айырбастау және тұтыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар
қатынастарының болуын айқындайды, өйткені өңдірілген өнімдер сатыпалу-
сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау
және бөлу стадияларынан өтеді. Сонымен бірге материалдық өндіріс
қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының
қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс. Осыған орай олар
мамандандырылған еңбектің, орындалатын қызметтердің нәтижелерімен, әр түрлі
өндірілетін игіліктермен олардың саны мен сапасына сәйкес айырбасталуы
тиіс. Тек өңдірілген еңбек өнімдері айырбасталғанда, оларды белгілі бір
ақшалай баламамен өткізгенде өндірушілердің ақшалай түсімі жасалады.
Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемі мен жалпыга ортақ
балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. Сондықтан материалдық және
материалдық емес игіліклер, қызметтердің өндірілген массасы - қоғамдық
өнімнің — натуралдық-заттай көрінісімен бірге оның ақшалай көрінісі де
болады. Қозғалыстың құндық нысаны натуралдық-заттай нысандағы өнімнің
қозғалысын ортақтастыратын белгілі бір ақша қорларын тудырады. Басқаша
айтқанда, өнімнің өндірістен тұтынуға өтуі тек тиісті ақша қорларын жасау,
бөлу және пайдалану арқылы болады. Осы кезде пайда болатын ақша,
экономикалық қатынастар қаржының ұғымын құрады. Қаржы тауар қатынастарынан
тыс өмір суре алмайды (13, 15-20 (.
Қоғамдық өнімнің нақтылы іске асырылуының екі нысанының болуы қоғамдық
өндірістің әрбір қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес оны түпкілікті
тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық категориялар - ақша,
баға, қаржы, еңбекақы, кредит және басқалары пайдаланылады.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда
болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша
қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр
түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар
бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-
бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; негізгі капиталға
жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты (пайданы) бөлу және
кәсіпорындарда, фирмаларда ішкішаруашылық арналымның қорларын қалыптастыру;
мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық
қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу
және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп
айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады.
Осының барлығында және осыған ұқсас қаржы операцияларында ақша
қатынастарының қозғалысы болып жатады.
"Қаржы" ұғымы ақша нысаныңдағы қоғамдық бөлумен байланысты болатын
экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының
жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында
қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын — ақша ағынын
бейнелеп көрсетеді.
Қаржы — ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол
әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі
субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша
қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық
қатынастарда ақша қатынастарының қаңдай орын алатындығына байланысты.
Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу
процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға
жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып
табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі-оның тұлғалануының ақша нысаны
және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек,
қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы
қозғалысымен аңғартып отырады.
Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дұрыс
болмас еді. Ақша қатынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның
аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің
жасалатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша
қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап
айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша
қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып
кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық
түрлерін ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндірілген өнімді ақша
нысанында өлшеу, өзіндік құнды калькуляциялау және өнімнің бағасын анықтау,
ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары
кірмейді. Сауда жүйесі арқылы тауарларды сатып алу және сату кезінде пайда
болатын ақша қатынастарын да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебі мемлекет
бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық-құқықтық әдіспен реттеп отырады. Ақша
қатынастарымен бірігіп кеткен субъектілердің бұл әдіске тән өзгеше нышан
болып табылады. Сонымен бірге қалыптасатын ақша қатынастарының өзіндік
қаржылық емес өзгешелігі болады. Кез келген ақша қатынастары қаржы
қатынастарын білдіре бермейді.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да
айырмашылығы бар. Ақша-бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің
еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы — жалпы ішкі өнім
мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша
қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге
және тұтынуга ықпал жасайды және объективті сипатта болады.
Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық
категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.
Ақшаның нақтылы қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші
стадияларында - бөлуде және айырбастауда болады.
Екінші стадияда ақша нысанындағы құнның қозғалысы тауарлардың
қозғалысынан оқшауланады және оның шеттелуімен немесе құнның әр бөлігінің
мақсатты оқшаулануымен сипатталады. Үшінші стадияда болінген кұн тауар
нысанына айырбасталады. Бұл жерде құнның өзінің шегтетілуі болмайды.
Сөйтіп, ұдайы өндірістің екінші стадиясында құнның ақша нысанының бір жақты
қозғалысының орны болады, ал үшінші стадияда құндардың екі жақты қозғалысы
болады, оның бірі ақша нысанында, ал басқасы тауар нысанында болады.
Ұдайы өндіріс процесінің өндіру мен тұтыну стадияларында мұндай
қозғалыстың болмауы олардың қаржының пайда болуының орны еместігін
дәлелдейді. Бөлінген құн тауар нысанымен айырбасталатын, яғни сатып алу -
сату актілері жасалатын айырбастауда да қаржыға орын жоқ. Ұдайы өндіріс
процесінің құн стадиясында тек баға құралын қажет ететін өнбойы жасалатын
айырбас операциялары болып жататындықтан, мұнда басқа экономикалық
категорияның механизмі — баға жұмыс істейді.
Қаржының іс-әрекет етуінің жиынтық қоғамдық өнімді бөлу стадиясығада
асқан дәрежеде көрінетіндігі қаржы үшін көпшілікке танылған болып саналады.
Сонымен қаржы мен қаржы қатынастарының пайда болып, іс-әрекет ететін орны
ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндіріс процесінің бөлу стадиясы
болып табылады. Мұнда жалпы қоғамдық өнімнің қүны және оның маңызды бөлігі
- үлттық табыс алгашқы бөлу* процесіне ұшырап, мақсатты арналым мен
субъектілер бойынша бөлінеді. Бұл процестің нәтижесінде құн оны құрайтын
микроэлементтерге - с, V, және т
* Алғашқы бөлу деп өткізілген құнды бөлшектеу процесі мен тауар
бағасының элементтеріне сәйкес келетін оның құрамындағы бастапқы табыстарды
мүшелеуді айтады; ал бөлінгенді одан өрі бөлумен байланыстының барлығы
қайта бөлуге жатады.
т*-ге ыдырайды: өндіріске жұмсалынған өндіріс қүралдары қүнының (с)
орны толтырылады, қызметкерлердің жалақысы (V ) төленеді және қосымша өнім
(т) алынады. Қаржы қатынастарының қаржы талшығы мен басты өңдіріс
сферасында қосымша өнімді жасау мен оны кейінгі бөлу болып табылады. Тап
осы қосымша өнім немесе қоғамның таза табысын құрайтын қайта жасалынған
қоғамдық өнімнің бұл бөлігі қаржы қатынастарының мәнін және қаржы
функцияларының бастауын құрайды. Сөйтіп, оңдірістің алдын ала шарттасылған
сипаты кезінде сатылатын өнімді "с", 'V және " т "-ге сәйкес элеменггерге
бөлудің үйлесімдері қалыптасады және оларға сәйкес ақшалай табыстар мен
ақша қорланымдары жасалынады. Шаруашылық жүргізуші субъекгілер арасында
құнды одан әрі бөлу және оны мақсатгы пайдалануды нақтыландыру да қаржының
негізінде жүзеге асырылады. Нәтижесінде өнімнің бір бөлігі жаңа толық
айналымға түседі, ал бір бөлігі тұтынылады. Сөйтіп, жалпы қоғамдық өнімнің
құны мақсатты арналымдар мен субъекгілер бойынша бөлініп, олардың әрқайсысы
өндірілген өнімдегі өзінің үлесін алуы тиіс. Қаржының қатысуынсыз қоғамдық
өнімнің жеке бөлікгерге бөлінуі мүмкін емес. Қаржы қоғамдық өнімді жасау
мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын болып табылады (11, 35-40 (.
Қарастырылған процестер қаржы қатынастарының күрделі тоқайласуын,
олардың басқа экономикалық қатынастармен өзара іс-әрекетін шарттастырады
және олардың экономиканың тиімділігіне,
с — өндірістің материалдық шығындары;
V — қажетгі өнімнің құны;
т — қосымша онімнің құны. Шет елдін оқулык әдебиеттерінде экономиканың
даму ауқымының өлшем көрсеткіші — кірістер мен шығыстар бойынша анықталатын
жалпы ұлттық өнім пайдаланылады. Кірістер бойынша ЖҰӨ мына элементтерді
жинақтаумен жасалынады: тұтынылған капиталдың көлемі; бизнеске салынатын
жанама салықтар; жалдамалы қызметкердің жалақысы; ренталық төлемдер;
пайыздар; меншіктен түсетін табыстар; корпорациялардың пайдасы. Шығыстар
бойынша ЖҮӨ мыналарды қамтиды: үй шаруашылығының, яғни елдің бүкіл халқының
тұтыну шығыстарының көлемі — С; жалпы жекеше ішкі инвестициялар — І;
тауарлар мен қызметтер көрсетуді үкіметтің сатып алуы — С; Хп — таза
экспорт. ЖҰӨ сомасы = С+Іе+О+Хп. Бұл көрсеткіш қоғамдық өндірістің ақырғы
нәтижесін сипаттайды, ол айналым қорларының елеулі бөлігі болып келетін
аралық өнімнің құнын камтымайды. Сондықтан бұл жалпықоғамдық өнімнің
Р=с+у+т дәстүрлі формуласы алынды және үлкейтілген түрде экономикадағы
құнның қозғалысын оның осы негізгі элементтері бойынша бақылап отыруға
болады.
Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып табылады.
Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөліктерінде және
шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде қоғамдық өнім құнын қайта бөлудің
сан алуан процестері жүзеге асады. Бөлу процесі натуралдық-заттай нысанда
да — өндіріс құралдары мен тұтыну предметтерінің қорларын жасаумен де,
сондай-ақ ақша нысанында да - еңбектің аталған өнімдерін сатып алуға
арналған ақша қорларының қозғалысы арқылы да болып жатады. Қаржы
қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде олардың
айрықша белгісі болып табылады.
Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса
маңызды белгілері болып табылады, бірақ оның ақтық белгілері емес, өйткені
бұл белгілер бағағада, еңбекке ақы төлеуге де, кредитке де ортақ.
Қаржының нақтылы жұмсауға арналған түрлі мақсатты ақша қорларының
қозгалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша
қорлары, істің шын мәнінде, қаржы қатынастарының объектілері болып
табылады.
Ақша-қаржы қорлары қоғамдық өндіріс қатысушыларының барлығыңда,
өңдірістік емес сферада қаржылық әдістердің көмегімен жасалады. Әдістер,
қаржы қатынастарындағы іс-қимылдың амалдары ретінде директивалық, яғни
қажетті, сөзсіз болатын, міндетті сипатты игеріп алады, мұның өзі
экономиканы реттеудің қажеттігімен және қоғамдық дамудың мақсаттарына ақша
ресурстарының көлемі мен оның бағыттарын алдын ала қарастыру қажеттігімен
байланысты болады.
Ақша экономикалық өмірде, әдеттегідей, баламалы, яғни тауар және ақша
нысандарындағы құнның тең қозғалысы негізінде пайдаланылады. Баламалылық
белгісі басқа экономикалық категориялардың - бағаның, еңбекақының,
кредиттің іс-әрекетіне тән. Ақша қорларының бүкіл ақша қаражаттарынан
бөлініп тұратын ерекшелігі сол, олар экономиканы басқарудың барлық
дсңгейлерінде ақша нысанындағы құнның бір жақты қозғалысының негізінде
жасалады. Кез келген қаржы операциясы осындай ерекшелікпен, яғни
баламасыздықпен сипатталады. Салалық қаржыларда қорлардағы ақшаның
ішкішаруашылықтық мақсатты оқшаулануының ұқсас қағидаты қолданылады.
Жоғарыда айтылғандардың негізіңде қаржының қысқаша анықтамасын былайша
тұжырымдауға болады: қаржы - бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде және
мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен
бірге оларды ұдайы ұлгаймалы өндіріске, қоғамның әлеуметтік және басқа
қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық
өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу
процесінде пайда болатын ақша қатынастары.
Қаржының жұмыс істеуінің шарты — ақшаның болуы, ал қаржының пайда
болуының себебі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қызметін
қамтамасыз ететін олардың ресурстарға қажеттілігі болып табылады.
Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай
қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы және экономикалық
заңдардың іс-әрекеті болып табылады.
Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан — тауар-ақша қатынастарының
болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Мемлекет қаржы
ресурстарының объективті қажеттігін ескере отырып, оларды пайдаланудың әр
түрлі нысандарын жасай алады: төлемдердің әр түрлі түрлерін енгізеді немесе
күшін жояды, қаржы ресурстарының нысандарын өзгертеді және т.б. Шаруашылық
жүргізу сферасыңда үнемі өзгеріп отыратын ұдайы өндірістік қажетіліктерді
қамтамасыз ете отырып, қаржы өндіріс үйлесімдерін тұтынудың қажеттеріне
бейімдеуге мүмкіндік беруі үшін қажет. Бұл мақсатты арналымның ақша
қорларын қалыптастыру арқылы болады. Қаржының басты арналымы — табыстар мен
ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып
отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау. Қоғамдық
қажеттіліктердің дамуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында
жасалатын ақша ресурстарының құрамы мен құрылымының өзгеруіне жеткізеді.
Қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмі арқылы барлық жағдайға ықпал
етудің кең мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, мемлекет өзінің ішкі және
сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік-экономикалық
бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі функцияларын қамтамасыз
ете алмайды.
Мемлекет, дәстүрлі функциялардан басқа, шаруашылық процестерді реттеу
жөнінде едәуір экономикалық функцияларды орындайды, сондықтан мемлекеттің
қарамағына қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі айтарлықтай жоғары —
мемлекеттік бюджет арқылы қазір жалпы ішкі өнімнің 20 пайыздан астамы және
жиынтық қоғамдық өнімнің 10 пайыздайы бөлінеді. Мемлекет қаржысының
көмегімен салалық және аумақтық аспектілерде қоғамдық өндірістің ауқымы
реттелінеді, басқа қоғамдық қажеттіліктер қанағаттандырылады.
Қаржысыз кеңейтілген негізде өндірістік капиталдардың жеке және
қоғамдық толық айналымын қамтамасыз ету, экономиканың салалық және аумақтық
құрылымын реттеу, ғылыми-техникалық сфера жүргізудің төменгі буындарының
арасында ұтымды, ғылыми негізде бөлінген кезде ғана жоғары қайтарымы және
пайдаланылатын қаражаттардың үлкен көлемде жаңғыруы болуы мүмкін.
Мемлекеттік сектордың қызметімен байланысты қаржы қатынастары елеулі
дәрежеде "қоғамдық, тауарлар" деп аталынатындарды — мемлекет
қаржыландыратын және бірлесіп тұтынылатын материалдық, сонымен бірге
материалдық емес сипаттағы игілікгер мен қызметтер көрсетуді өндіру мен
бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған. Бұған қалалар мен елді мекендердегі
абаттандыру объектілері, жол торабы, мемлекеттік билікгің, басқарудың,
құқықтық тәртіпті қорғаудың, қорғаныстың, қоршаған ортаны қорғаудың
органдары мен мекемелері, ішінара халықты әлеуметтік қорғау, білім беру
және денсаулық сақтау жатады.
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын
көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес,
сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды
да талап етеді.
Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын,
мәннің іс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялары кескінінің
айрықшалықты әдістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы
қамтып көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады.
Қаржы басқа тым жалпы категориядан - ақшадан туындайтын айрықшалықты
экономикалық категория болып табылатындықтан және бұл экономикалық
категорияның іс-қимылының шегін сызып қоюдың мүмкін еместігіне, оның
қоғамдық, саяси және экономикалық өмірдің барлық сферасына терең дендеп
енуіне байланысты қаржы функциясы туралы мәселе ғалым-теоретиктер арасында
осы күнге дейін пікірталас тудыруда.
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі
тұжырымдамасы танылып отыр. Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы
қоғамдық өндірістің екінші стадиясында - ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің
құнын бөлу процесінде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-
әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес
қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау.
Бөлгіштік қатынастардың ерекше сферасы ретінде қаржынын, мәні ең
алдымен бөлгіштік функцияның көмегі арқылы көрінеді. Тап осы функция арқылы
қаржының қоғамдық арналымы — шаруашылық жүргізудің әрбір субъектісін оған
қажет арнаулы мақсатты ақша қорлары нысанында пайдаланылатын қаржы
ресурстарымен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Жалпы қоғамдық өнімнің құны, сонымен бірге ақша нысанында тұлғаланатын
ұлттық байлықтың бір бөлігі қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекетінің
объектілері болып табылады.
Қарамағында мақсатты арналымның қорлары қалыптасатын ұдайы өндірістік
процестің қатысушылары болып табылатын заңи және жеке тұлғалар қаржылық
бөлуде субъектілер болып келеді.
Қаржының көмегімен бөлгіштік процесс қоғамдық өмірдің барлық
сфераларында — материалдық өндірісте, айналыс және тұтыну сфераларында
өтеді. Бөлудің қаржылық әдістері экономиканы басқарудың түрлі деңгейлерін:
жалпыұлттық, аумақтық, жергілікті деңгейлерді қамтиды. Қаржылық бөлініске
бөлінудің әр түрлі түрлерін — ішкішаруашылық, ішкісалалық, салааралық,
аумақаралық бөліністі тудыратын көпсатылық тән.
Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса
маңызды бөлігі — ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін
бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді. Бұл функцияны
қаржы өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада емес, қаржы тек жасалған
өнімді бөлуді ғана ортақтастырып, жүзеге асырады деп түсіну керек. Былай
деп айтқан дұрыс: өнімнің натураддық-заттай құрамын бөлу ақша қорларын бөлу
арқылы жасалады. Мемлекет, кәсіпорын, фирма және халық арасында ақша
қорларын бөлуге сәйкес жасалған натуралдық өнім де бөлінеді.
Қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекеті оның мәнінен: жиынтық
қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты бөлумен және қайта
болумен байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден; табыстар мен
қорланымдарды қалыптастырудан; ақша қорларын жасаудан туындайды.
Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі, немесе қайта болу болып
ажыратылады.
Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын
толтыру қоры шығарып тасталады және жаңадан жасалған құн — ұлттық табысты
бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның және халықтың алғашқы
табыстары қалыптасады, олар бөлудің және қайта бөлудің күрделі процестеріне
ұшырайды, бұл процестерде маңызды рөлді қаржы атқарады. Қоғамдық өнім мен
ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде қаржы еңбекке ақы төлеу және баға
сияқты экономикалық категорияларымен тығыз байланыста дамиды.
Қайта бөлу салалық, сондай-ақ аумақтық тұрғыдағы шаруашылық жүргізуші
субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан процесін қамтиды.
Мұның нәтижесінде натуралдық - заттай нысандағы өнімді түпкілікті тұтынуды
қамтамасыз ету үшін ұдайы өндіріс қатысушыларының ақшаға деген әр түрлі
қажеттіліктері қанағаттандырылып отырады. Бұл орайда қатысушылардың бәрінің
табыстары басқалардың шығыстары есебінен қалыптасады және ұлттық табыс
қорлану қоры мен тұтыну қорына ие болады. Бірінші жағдайда қаражаттар
өндірісті кеңейту үшін немесе материалдық сфера капиталынан, әлеуметтік
инфрақұрылымның өндірістік смес қорларынан болатын өндірістік қорлардың
(капиталдың) өсімі үшін, резервтер мен сақтық қорларын жасау үшін
пайдаланылады. Тұтыну қорын бүкіл халықтың оның ұдайы толықтырылуы үшін
пайдаланылатын түпкілікті табыстарын, әлеуметтік сфераның мекемелерін
ұстауга, ғылымға, мәдениетке, басқаруға, елдің қорғанысына арналған
ресурстар құрайды (6, 25 (.
Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге
асырылады:
қаржылық - бюджеттік әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және
бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;
несиелік - банктік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды
және қайтарымдылық негізде кредиттер беруді білдіреді.
Қоғамдық өнімді құндық бөлудің процесі мемлекет белгілеген қаржы
құралдарының — нормалардың, мөлшерлемелердің, тарифтердің, аударымдардың
және т.б. көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұлттық табысты қаржы көмегімсн қайта бөлудің негізгі мақсаттары мыналар
болып табылады:
өндірістік емес саланы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; бұл салада
ұлттық табыс жасалмайтыны белгілі;
елдің жеке экономикалық аймақтары арасында қаржы ресурстарын мақсатты
бөлу;
қаржы ресурстарын маңызы зор прогрессивті салалардың айырықша дамуын
қамтамасыз ететін басым түрде салааралық бөлу;
қаржы ресурстарын ұтымды түрде сала ішінде бөлу, ол кәсіпорындардың әр
түрлі рентабелділігімен және күрделі жұмсалықдардың құбылмалы тиімділігімен
ынталандырылып отырады.
Сөйтіп, ұлттық табысты қаржы көмегімен бөлу және қайта бөлу қоғам мен
кәсіпорынның, фирманың материал және ақша ресурстарының ұдайы өндірістегі
қажетті мөлшерлестігін қамтамасыз етеді.
Қаржының қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу процесіне қатысуы бірдей
емес. Алғашқы бөлу кезінде, жоғарыда атап өтілгендей, қаржы басқа
экономикалық категориялармен — бағамен, еңбекақымен өзара іс-қимыл жасайды.
Қаржыны қолданудың негізгі сферасы - қайта бөлу, мұңда ол тектес
экономикалық категориямен — кредитпен өзара іс-қимыл жасайды. Қаржының
бөлгіштік функциясы аумақаралық, салааралық, ішкісалалық, ішкішаруашылықтық
бөліністі қамтиды. Аумақаралық және салааралық қайта бөлу мемлекеттік
бюджет арқылы жүзеге асырылады, бұл кезде ақша қаражаттары шаруашылық
жүргізуші субъектілердің бірінен алынып, қаржы ресурстарының
жетіспеуіпілігін басынан кешіріп отырған әкімшілік-аумақтық бірліктер мен
салаларға беріледі. Қайта бөлудің бұл түрлерінің арқасында бүкіл
экономиканың үйлесімді дамуына қол жетеді, бұл Қазақстан жағдайында
түпкілікті салалардағы өндірістің дамуы үшін, сондай-ақ артта қалған
аймақтарда экономика мен әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды өрлету үшін
өте-мете көкейтесті болып табылады. Ішкісалалық және ішкішаруашылықтық
қайта бөлу сферасы экономиканы қайта құрудың барысында шаруашылық жүргізуші
субъектісінің тапқан қаражаттарын пайдалануды қажет ететін коммерциялық
есеп пен өзін-өзі қаржыландыру әдістерінің енгізілуімен байланысты
біртіндеп тарылып келеді.
Демек, қаржы бөлгіштік функция арқылы ақшалай табыстарды қальштастыру
және қаражаттарды жұмсау жолымен мемлекеттің, экономикалық агенттердің
экономикалық мүдделерін қамтып көрсететін белгілі бір қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандырады. Сөйтіп, бөлгіштік функция арқылы бөлу
категориясы ретінде қаржының мәні ашылады, ақша нысанындағы жиынтық
қоғамдық өнімнің, оның құрамды элементтерінің қозғалысымен байланысты
болатын экономикалық қатынастар айшықталады және сатып алу-сату арқылы
натуралдық-заттай нысандағы қоғамдық өнімді өткізу үшін жағдайлар жасалады.
Қорытындысында қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының нақтылы еңбек
үлесі мен қоғамдық өндіріске қатысу дәрежесі ескеріле отырып, олардың
экономикалық мүдделері қанағаттандырылуы тиіс.
Қаржы ұлттық табыс құрамындағы бастапқы табыстарды да, түпкілікті
табыстарды да қалыптастыру мен пайдалануды ортақтастырып, жүзеге асырады.
Қаржының бөлгіштік функциясының жақтаушылары бөлу арқылы қаржы ұдайы
өндірістің басқа стадияларына — өндіруге, айырбастауға, тұтынуға белсенді
ықпал етеді деп жорамалдайды. Мысалы, қаржы өндіріске қалыптастырылатын
ақша қорларының мөлшері арқылы санмен әсер етеді: бұл қорлардың көлемін
өзгерте отырып, өндіріске қалаған бағытта ықпал жасауға болады, не қолайлы
қаржы жағдайларын жасау жолымен экономиканың жеке құрылымдық бөлімшелерінің
дамуын тездетуге болады, не бұл өсудің қарқынын баяулатуға болады. Басқа
жағынан, егер көтермелеу қорларының көлемін өндірістің белгілі бір сапалық
көрсеткіштерінің: еңбек өнімділігінің, ресурстарды үнемдеудің, қор
қайтарымының және т.б. жетістіктерімен ұштастырса өндіріске сапалық әсер
етуге жетуге болады. Қаржы көмегімен ұдайы өндірістің басқа сатыларына да
осылайша әсер етуге болады. Сөйтіп, бөлгіштік функция арқылы қаржының ұдайы
өндірістің барлық процестерімен байланысы және бұл категорияның өндірістің
барлық стадияларына белсенді әсер етуі бақыланып отырылады (9, 132 (.
Қаржының бөлгіштік функциясы тұжырымдамасының жақтаушылары
айқындамасындағы осал мезеті категорияның функциясы тап осы категорияның
өзіндік ерекшелігін қамтып көрсетуі тиіс деген қағида болып табылады.
Қарастырылып отырған функция бөлуге қатысушы басқа экономикалық
категорияларға да — бағаға да, еңбекақыға да, кредитке де тән.
Ұдайы өндірістік тұжырымдамасының жақтаушылары қаржы — бір стадияның
емес, жалпы алғанда ұдайы өндірістің категориясы деп санайды, өйткені,
олардың пікірінше:
қоғамдық ұдайы өндірістің барлық стадиялары бір-бірімен тығыз
байланысқан;
қаржы қоғам қызметінің бүкіл сферасына — материалдық өндіріске, айналыс
пен тұтыну сферасына ене отырып, ұдайы өндірістің бір стадиясына ғана емес,
жалпы бүкіл бұл процеске қызмет көрсетеді;
қаржы қоғамдық өндіріс қозғалысының барлық стадияларында пайдаланылатын
бақылаудың әмбебапты құралы болып табылады.
Қаржының табиғатын ақшаның қозғалысында анықтайтын қаржының бөлгіштік
тұжырымдамасынан айырмашылығы ұдайы өндірістік түжырымдамасы бұл табиғатты
ақша нысанындағы құн қозғалысында анықтайды. Мұндай ұстанымда қаржының іс-
әрекет сферасы айтарлықтай кеңиді.
Ұдайы өндірістік тұжырымдамасы жақтаушыларының қаржының мәнін осылай
кеңінен ұғынуына сәйкес олар қаржыға мына функцияларды береді:
1) ақшалай табыстар мен қорларды жасау;
2) ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану;
3) бақылау функциясы.
Қаржы көмегімен мемпекет өзінің иелігіне материалдық өндіріс сферасында
жасалған қоғамдық жиынтық өнім құнынының бір бөлігін алады. Бұл процесс
қаржының бірінші функциясың - ақша қорларын жасау арқылы жүзеге асады, бұл
езінің нақты түрдегі практикалық көрінісін, ең алдымен, мемлекеттің салық
саясатында табады. Нәтижесінде қоғамда дәйскті түрде сан алуан ақша қорлары
— орталықтандырылған, орталықтаңдырылмаған, мақсатты қорлар және т.б.
жасалады.
Бұл ақша қорларын нақтылы пайдалану қаржының екінші фунщиясы арқылы
жүзсге асады, оның заттық мазмұны негізінен мемлекеттің шығыстары саясатын
жүргізгенде көрінеді. Ақша қорларының қаражаты қайта бөлу жолымен
мемлекеттік аппаратты ұстауға, қоғамдық өндірістің ұтымды әрі тиімді
құрылымын жасап, қолдауға, материалдық жағынан аз қамтылғандарды қолдауды
қамтамасыз етуге және т.с.с. бағытталады. Сөйтіп, бөлу процесі ақша
қорларын қалыптастыру және пайдалану түрінде жүзсге асады. Қоғамдық өнімді
ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану арқылы бөлу экономикалық
қатынастардың пайда болуына себепші болады.
Коммерциялық есеп пен маркетинг операцияяарын жүзегс асыруға байланысты
болатын қаржының бақылау функциясын барлық ғылыми тұжырымдамалардың
өкілдері мойындайды. Қаржының бұл функциясы экономикалық категория
ретіндсгі қаржыға тән қасиет және қаржының не бірінші, не екінші
функциясымен бір мезгілде жүзеге асады. Бақылау функциясы мазмұнының
нақтылы көрінісі мемлекеттің қаржы саясатын жүргізетін қаржы органдары
қызметінің барысында іске асады. Бақылау функциясы қаржының бөлгіштік
функциясынан туындайды және жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және
таза табысты тиісті ақша қорлары бойынша бөлуге жәнс оларды мақсатты
жүмсауға бақылау жасаудан көрінеді. Егер қаржының мәні, табиғаты және
мазмұны, бір жағынан, жиынтық қоғамдық өнімнің, ең алдымен, таза табыстың
бір бөлігінің қозғалысымен, оны бөлумен, ақша қорларын жасаумен және
материалдық өндіріс процесінде ұлғаймалы ұдайы өндіріске бағыттаумен және
басқа жағынан, мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын жасаумен
байланысты болса, қаржының бақылау функциясы да тиісті түрде материалдық
өндірістің бүкіл ұдайы өндірістік процесіне де, сондай-ақ мемлекеттің ақша
ресурстарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру және пайдалану
процесіне де қызмет етеді. Қаржының екі функциясының диалектикалық бірлігі
мен өзара байланыстығы осында.
Бақылау функциясы қаржылық бақылауда — жалпы ішкі өнімді тиісті
қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жұмсауға бақылау
жасауда көрінеді.
Бақылау функциясы сандық түрде қаржы ресурстарының қозғалысы арқылы
жиынтық қоғамдық өнімді бөлумен және қайта бөлумсн байланысты болатын
экономикалық процестерді бейнелейді. Сонымен бірге нақты нысандағы қаржы
ресурстарының қозғалысы жиынтық қоғамдық өнімді құндық болу процесіне
мемлекет тарапынан бақылау жасаудың негізі болып таылады. Мұндай бақылаусыз
экономиканың теңгерімді дамуының қамтамасыз етілуі мүмкін емес.
Қаржының бақылау функциясының экономикалық мағынасы кәсіпорынның,
фирманың шаруашылық - қаржы қызметіне теңгемен бақылау жүргізу. Бұл бақылау
матсриал, еңбек және ақша ресурстарын өнімсіз әрі тиімсіз пайдалануды
анықтап қана қоймай, сонымен бірге кәсіпорындарда, фирмаларда өндіріс
рентабелділігін арттырудың резервтерін ашуға, өндірістік емес шығындарды
болдырмауға мүмкіндік береді.
Қаржы мәселесі жөніндегі заңнамалардың бұлжымай сақталуын, мемлекеттік
бюджет, банк алдындағы қаржылық міндсттемелердің, сондай-ақ шаруашылық
жүргізуші субъектілердің есептесу және төлемдер жөніндегі өзара
міндеттемелерінің дер кезінде және толық орындалуын тексеру қаржылық
бақылаудың аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Қаржының бақылау функциясын жүзеге асырудың нысаны қаржылық
көрсеткіштерді білдіретін қаржы ақпараты болып табылады. Шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің түрлі жақтарын
жинақталған түрде қамтып көрсететін түсім-ақша, табыс (пайда),
рентабслділік, өтінімділік, айналымдылық, төлем қабілеттілігі, қор
қайтарымы және басқалары сияқты талдап көрсетілген қаржылық көрсеткіштер
арқылы белгіленген нормалар мен нормативтерді қолдануды, макродеңгейде де,
микродеңгейде де экономикалық процестердің тиімділігі мен нәтижелігін
бақылауға болады (10, 36 (.
Ұдайы өндіріс процесіндегі қаржының бақылау функциясының рөлі қаржылық
тәртіп арқылы жүзеге асуымсн және оның жай-күйімен, белгіленген нормадар
мен нормативтердің сақталуымен, қаржылық міндеттемелердің орындалуымен
байланысты болуы мүмкін.
Қаржылық тәртіп оны бұзушыларға қаржы санкцияларын қолдана отырып
мемлекеттік парызды сақтауға негізделген.
Қаржының бақылау функциясы қаржы органдарының сан қырлы қызметі арқылы
жүзеге асырылады. Қаржы жүйесі мен салық службасы қызметкерлері қаржылық
бақылауды қаржыны жоспарлау процесінде, бюджст жүйесінің кіріс және шығыс
бөлігінің атқарылуы кезінде жүзеге асырады.
Нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында бақылау жұмысының бағыттары,
қаржылық бақылаудың нысандары мен әдістері айтарлықтай өзгерді.
Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай түрлерін ажыратады:
• қаржылық-шаруашылық бақылау. Оны фирмалардың, кәсіпорындардың,
бірлестіктердің, министрліктер мен ведомстволардың қаржы органдары
ақша қорларын бөлу жолымен жүргізеді. Ұдйы өндірістің бүкіл барысына:
өнімді шығару мен өткізудің ауқымына, өзіндік құн мен рентабелділікке,
сңбекке ақы төлеуге осылайша ықпал жасалады. Қаржылық бақылаудың бұл
түрі өндіріс тиімділігін жүйелі арттырып отыруға бағытталған;
• қаржылық-бюджеттік бақылау. Ол кәсіпорындар табысының бір бөлігін
мемлекеттік бюджеткс алу арқылы, сондай-ақ кәсіпорындар мен
құрылыстарды қаржыландыру арқылы жүзегс асырылады. Осылайша қаржы
жүйссі белгіленген төлемдсрдің бюджетке дер кезінде түсуін, сондай-ақ
бюджет қаражаттарының бизнес-жоспардың немесе құрылыс қарқынының
орындалуына қарай берілуін бақылайды;
• кредиттік-банктік бақылау. Ол фирмалар мен кәсіпорындарды несиелеу
арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда қаржының бақылау функциясы несие
берудің мезгілдігі, қайтарымдылығы, ақылығы қағидаттарынан көрінеді.
Бақылаудың бұл түрі банк арқылы өтетін ақшалай есептесудің жүйесі
арқылы жүргізіледі.
Қаржы қоғамдық ұдайы өндірістің бөлу стадиясының құралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-ның қаржы жүйесі және дүниежүзілік практика
Мемлмкеттік бюджеттің экономикалық мазмұны
Шет мемлекеттердің қаржы жүйесі
Мемлекеттік бюджет экономикалық мәні, қызметтері
Қаржылардың жалпы түсінігі
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы мен рөлі
Мемлекеттік бюджеттің қалыптасу жүйесі
Қаржы қатынастарының объектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қорлары
Қаржының мәні мен қызметі. Қаржылық жүйе
Ұдайы өндірістік тұжырымдамасын жақтаушылар
Пәндер