Бала-бақша МҚБЖ-н құру



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. Мәліметтер қоры туралы түсінік
1.1 Мәліметтер қорының жалпы құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Delphi.де қолданылатын мәліметтер қорының түрлері ... ... ... ... ..6
1.3 TQuery компонентімен жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
II. Косымша құрылған орта туралы түсінік
2.1 DELPHI программалау ортасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2 DELPHI интегралды ортасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
III. Қосымшаны сипаттау
3.1 Бала.бақша МҚБЖ.н құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Қосымша.
Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде өндіріс қызметінде барлық республикалық мекемелерде қолданылады. Кәсіби мамандардың компьютер және интернеттегі жұмысы іс құжаттарын автоматтандыруға және іс жүргізуін, яғни есеп беруді, мәліметтер қорымен жұмысын жеңілдетуге арналған.
Өнеркәсіптегі ақпараттандырылған білім ақпараттық ресурстың қомақты саны жинақталуы тек қана қажетті жұмыс пен нақты мекемелерде ғана емес, сонымен бірге барлық өндіріс саласына пайдалы. Өндірістік мәліметтер қорын, есеп беруді, әртүрлі есептеулерді өндіріс мамандары өздері құрады және пайдаланады. Электрондық форма өндірістік практикада қолданылады. Әрі қарай даму өндіріс қызметінің жаңа форма алуы көптеген жаңа ақпаратты технологияға негізделген, соның ішінде бірінші кезекке ауқымды желі (интернет немесе коорпаративті) арқылы мәлімет алмасу жатады.
Компьютерлік ендіруде және телекомуникациялық технологияда маңызды біріктіру республикалық өнеркәсіп жүйесінің байланыс таратуы өндірістегі кәсіби мамандар контингентінің жаңа моделі болды. Мәліметтер қорымен жұмыс жасау және есеп беруді жеңілдету әдет пен дағды негізінде ақпараттық процестер комплексін автоматтандыруда арнайы программалық әдістемемен қамту жиі қолданылады.
Ақпаратты технологияны кең арнада қолдану қазір республика бойынша көптеген салаларда ұйымдастыру-басқару қызметі болып табылады.
Курстық жобаның негізгі мақсаты бала-бақша қызметкерерінің жұмысын жеңілдету және қағазбен байланысты жұмыстарды қысқартатын бағдарламалық жабдықты құру болып табылады. Сонымен қатар, құрылған бағдарлама пайдаланушыға түсінікті және ыңғайлы түрде берілуі қажет. Осыған байланысты «Бала-бақша МҚБЖ-н құру» бағдарламасы құрылды. Бұл құрылған бағдарлама бойынша пайдаланушы, яғни бала-бақша қызметкері келген баланы қабылдап, оны тиесілі тобына орналастырады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері :
1. Болашақта автоматтандырылған жұмыс орнын пайдалануды кеңінен қолданылуына жол ашу, маңыздылығын анықтауға өз үлесімді қосу;
2. Автоматтандырылған жұмыс орнына қойылатын талаптарды қарастыру, зерттеу;
3. Бала-бақша қызметкерінің жұмысын жеңілдету, келген балаларды қабылдап, бала туралы мәліметтерді енгізу, қағаз түрінде сақталатын ақпараттарды азайту. Уақытында және дұрыс, дәл қорытынды есеп беруді шығару;
4. Автоматтандырылған жұмыс орнын құруға қолданылған инструментальды құрылымдарға сипаттама беру
1. Бидайбеков Е.Ы., Григорьев С.Г., Гриншкун В.В. Создание и использование образовательных электронных изданий и ресурсов. // Учебно – методическое пособие. Алматы: КазНПУ, – 2006, – 136 с.
2. Федорова Е.Ф., КПН, Москва, Академия труда и социальных отношений "Системный подход: принципы создания интернет-орентированных ресурсов для образовательных целей", статья в 5-ти стр.
3. www.triada-web.ru , Межвузовская коллекция рефератов, "Использование функционально-стоимостного анализа в создании стоимости нового товара".
4. А.Хомоненко, В.Гофман, Е.Мещеряков, В.Никифоров «DELPHI7», Санкт-Петербург, «БХВ-Петербург», 2006.
5. А.Я.Архангельский, Программирование в Delphi7.- М.:ООО<Бином-Пресс>, 2003г. – 1152с.:ил.
6. www.исходники.ru, Alistair Keys , "GDI: графика в Delphi".
7. Козлов М. В., Разработка локальных баз данных в Delphi. – Уральск: Западно – Казахстанский ЦНТИ, 2006г. – 98с.
8. Шекербекова Ш. Т. М 42 Мәліметтер қорын жобалау. Оқу - әдістемелік құрал. – Алматы, Абай атындағы ҚазҰПУ, 2004ж. – 135б

Мазмұны:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. Мәліметтер қоры туралы түсінік
1.1 Мәліметтер қорының жалпы
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Delphi-де қолданылатын мәліметтер қорының
түрлері ... ... ... ... ..6
1.3 TQuery компонентімен
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 10
II. Косымша құрылған орта туралы түсінік
2.1 DELPHI программалау ортасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2 DELPHI интегралды
ортасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .18
III. Қосымшаны сипаттау
3.1 Бала-бақша МҚБЖ-н құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...30
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Қосымша.

КІРІСПЕ

Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде өндіріс қызметінде
барлық республикалық мекемелерде қолданылады. Кәсіби мамандардың компьютер
және интернеттегі жұмысы іс құжаттарын автоматтандыруға және іс жүргізуін,
яғни есеп беруді, мәліметтер қорымен жұмысын жеңілдетуге арналған.
Өнеркәсіптегі ақпараттандырылған білім ақпараттық ресурстың қомақты
саны жинақталуы тек қана қажетті жұмыс пен нақты мекемелерде ғана емес,
сонымен бірге барлық өндіріс саласына пайдалы. Өндірістік мәліметтер қорын,
есеп беруді, әртүрлі есептеулерді өндіріс мамандары өздері құрады және
пайдаланады. Электрондық форма өндірістік практикада қолданылады. Әрі
қарай даму өндіріс қызметінің жаңа форма алуы көптеген жаңа ақпаратты
технологияға негізделген, соның ішінде бірінші кезекке ауқымды желі
(интернет немесе коорпаративті) арқылы мәлімет алмасу жатады.
Компьютерлік ендіруде және телекомуникациялық технологияда маңызды
біріктіру республикалық өнеркәсіп жүйесінің байланыс таратуы өндірістегі
кәсіби мамандар контингентінің жаңа моделі болды. Мәліметтер қорымен жұмыс
жасау және есеп беруді жеңілдету әдет пен дағды негізінде ақпараттық
процестер комплексін автоматтандыруда арнайы программалық әдістемемен қамту
жиі қолданылады.
Ақпаратты технологияны кең арнада қолдану қазір республика бойынша
көптеген салаларда ұйымдастыру-басқару қызметі болып табылады.
Курстық жобаның негізгі мақсаты бала-бақша қызметкерерінің жұмысын
жеңілдету және қағазбен байланысты жұмыстарды қысқартатын бағдарламалық
жабдықты құру болып табылады. Сонымен қатар, құрылған бағдарлама
пайдаланушыға түсінікті және ыңғайлы түрде берілуі қажет. Осыған байланысты
Бала-бақша МҚБЖ-н құру бағдарламасы құрылды. Бұл құрылған бағдарлама
бойынша пайдаланушы, яғни бала-бақша қызметкері келген баланы қабылдап, оны
тиесілі тобына орналастырады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері :
1. Болашақта автоматтандырылған жұмыс орнын пайдалануды кеңінен
қолданылуына жол ашу, маңыздылығын анықтауға өз үлесімді қосу;
2. Автоматтандырылған жұмыс орнына қойылатын талаптарды қарастыру,
зерттеу;
3. Бала-бақша қызметкерінің жұмысын жеңілдету, келген балаларды қабылдап,
бала туралы мәліметтерді енгізу, қағаз түрінде сақталатын ақпараттарды
азайту. Уақытында және дұрыс, дәл қорытынды есеп беруді шығару;
4. Автоматтандырылған жұмыс орнын құруға қолданылған инструментальды
құрылымдарға сипаттама беру

І. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

1.1. Мәліметтер қорының жалпы құрылымы

Мәліметтер қоры – бұл алдымен кестелер жиынтығы. Мәліметтер қорында
процедуралар және объектілер кіреді.
Кестені қандай да бір жиын атрибуттары бар екі өлшемді кесте
ретінде елестетуге болады. Кестенің аты идентификатор болады, ол арқылы
оған сілтеме жүреді. Кестенің бағандары сол немесе басқа объектілердің
характеристикаларына сәйкес келеді, яғни өрістерге сәйкес келеді. Әрбір
өріс сақталған мәліметтердің аты мен типі арқылы сипатталады. Өрістің аты –
идентификатор. Ол әр түрлі программадағы мәліметтерді манипуляциялау үшін
қолданылады. Өрістің аты латын әрпімен жазылады. Өрістің типі мәліметтер
өрісінде сақталғандардың типін сипаттайды. Ол жол, сан, үлкен тексттер, әр
түрлі кескіндер болуы мүмкін.
Әрбір кестенің жолы берілген кестеде сипатталған объектілердің
біреуіне сәйкес келеді, оны жазба деп атайды және оның құрамына берілген
объектіні сипаттайтын барлық өрістердің мәні кіреді. Мәліметтер қорын
құрған кезде информациялардың қарама-қайшылықсыз болуын қамтамасыз ету
маңызды. Әдетте бұл әрбір жазбаның қайталанбауын қамтамасыз ететін кілттік
өрісті енгізумен іске асады. Кілттік өріс бір немесе бірнеше болуы мүмкін.
Өрістердің мәнін қолданушы өзі енгізеді және ол мәліметтер қорында
сақталады. Бұл өрістерден басқа кейбір жүйелерде есептелінетін өрістерді
енгізуге болады. Мұндай өрістердің мәнін қолданушы енгізбейді, ол автоматты
түрде басқа жазба өрістерінің мәні негізінде есептелінеді.
Кестемен жұмыс кезінде қолданушы немесе программа курсормен
жазбалардың бойымен жылжитын сияқты. Әрбір уақыт мезгілінде ағымдағы жазба
бар және онымен жұмыс жасалады. Мәліметтер қорын құратын және оларға
сұрауды өңдейтін мәліметтер қорын басқару жүйесі МҚБЖ. Дербес МҚБЖ бір
компьютерде орындалатын жеке мәліметтер қорын құруды қамтамасыз етеді. Жеке
МҚБЖ – Paradox, dBase, Access, FoxPro.
Мәліметтер қоры – қоғамның қандай да бір саласындағы немесе оның
бөліміндегі нақты объектілер туралы мәліметтер жиынтығы.
Комплекстік мәліметтер қорын бірнеше әдістермен құруға болады:
• Программалаудың алгоритмдік тілдері – Паскаль, Бейсик.
• Программалау ортасының көмегімен – Visual Basic, Delphi.
• Мәліметтер қорын басқару жүйесі деп аталатын арнайы программалық
жабдық көмегімен - Access, FoxPro.
Дербес МҚБЖ бір компьютерде орындалатын жеке мәліметтер қорын
құруды қамтамасыз етеді. Жеке МҚБЖ - Paradox, dBase, Access, FoxPro. Жалпы
МҚБЖ Клиент-Сервер архитектурасымен жұмыс істейтін информациялық
жүйелерді құруды қамтамасыз етеді. Мысалы, Oracle, Ms SQL, Interbase.
Мәліметтер қорын басқару жүйесінің тілдік құрылғыларының
құрамына мыналар жатады:
• Мәліметтерді сипаттау тілі – мәліметтердің логикалық құрылымын
сипаттауға арналған.
• Мәліметтерді игеру тілі – мәліметтерді енгізу, таңдау, модификациялау
операцияларын орындайды.
• SQL – құрылымды программалау сұраулар тілі, мәліметтер құрылымын
басқаруға, игеруге және қашықтықтағы мәліметтер қорына енуге арналған
стандартты құрылғы.

Мәліметтер қоры төмендегідей талаптарды қанағаттандырады:
1. Мәліметтер тәуелсіздігі – бұл принципті екі жақты анықтауға болады.
а) Мәліметтер өзгертілгенде осы мәліметтерге қолданылған
программа
өзгертілуі мүмкін емес.
ә) Мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын барлық программа басқа

программадағы өзгертілуден оқшауланған болуы тиіс.
2. Мәліметтер қорында мәліметтер мүмкіндігінше қайталанбауы тиіс, яғни
артық мәлімет болмайтыедай етіп, сақтауды ұйымдастыру.
3. Жан – жақты байланысты орнату және қолдау. Мұндай байланыстар қандай
да бір файылды әр түрлі қолданбалы программалардан шақыруды
ұйымдастырады.
4. Үзіліссіз дамытылуы, яғни, барлық уақытта мәліметтер өзгертіліп және
кеңейтіліп отыру мүмкіндігі бар.
5. Мейлінше аз шығындану, яғни жадыдан көп орын алмау.
Мәліметтер қоры негізінде үш белгісі бойынша жіктеледі.
Бірінші белгісі – сақталынған информацияның сипатына қарай
мәліметтер қоры фактографиялық және құжаттық болып бөлінеді. Фактографиялық
мәліметтер қоры қатаң анықталған пішімде ұсынылған, жазылған обьектілердің
қысқаша мәліметтерінен тұрады. Мысалы, кітапханадағы кітаптар қорының
мәліметтер қорына әрбір кітап туралы деректер библиографиялық түрде
сақталады: шығарылған жылы, вторы және т.б. Кітаптың мәтіні мәліметтер
қорына сақталмайды. Яғни, фактографиялық мәліметтер қоры – картотекалар.
Құжаттық мәліметтер қоры әр түрлі типтегі: мәтіндік, графикалық,
дыбыстық, мультимедиялық кең көлемдегі информациялардан тұрады. Мысалы,
заңдық актілердің құжаттық мәліметтер қоры – бұл архив.
Екінші белгісі – информацияларды сақтау әдісі бойынша мәліметтер
қоры орталықтандырылған және бөліктелген болып бөлінеді. Орталықтандырылған
мәліметтер қорында барлық информациялар бір компьютерде сақталады.
Бөліктелген мәліметтер қоры компьютердің жергілікті және ауқымды
желілерінде қолданылады және информацияның әрбір бөліктері бөлек
компьютерлерде сақталуы мүмкін.
Үшінші белгісі – информацияны ұйымдастыру құрылымы реляциялық,
иерархиялық және желілік болып бөлінеді.

1.2. Delphi-де қолданылатын мәліметтер қорының түрлері

Локалдік вариантта мәліметтермен жұмыс істеу бір пайдаланушы режимінде
болады. Бұл вариант корпоративтік жұмыста іс жүзінде кездеспейді, себебі
бір мезгілде мәліметтермен жұмыс істеп отырған пайдаланушы саны мен
мәліметтер қоры қөшірмесінің саны тең болатындай бірнеше мәліметтер қор
қөшірмесінің құрамын синхрондау қиын.
Файл-Сервер
Локальдік машина МҚ
МҚ
Желі
BDE

Бағдарлама BDE BDE
...
... ...
Бағдарлама
Бағдарлама

Клиент

Файл – сервер мәліметтер қорында мәліметтер желілік файл – серверде
орналасады, ол бір мезгілде бірнеше пайдаланушы жұмыс істей алады,
сондықтан мұндай мәліметтер қорында қөп пайдаланушы режимінде пайдалануы
мүмкін. Мәліметтер қорында ғы мәліметтердің жалғыз ғана сақталады, әрбір
клиент әр уақыт мезетінде осы мәліметтердің локалдік қөшірмесімен жұмыс
істейді, мәліметтерді басқару түгелімен клиент бағдарламасына
жүктеледі.Олар әрбір клиент орнындағы мәліметтердің локалдік қөшірмесін
негізгі мәліметтер қоры құрамымен синхрондауды жүргізуі тиіс.
Екеуінде де BDE клиент машинасында болады, және бағдарламамен бірігіп
локалдік мәліметтер қорын басқару жүйесін құрады, мұнда қөшірме саны мен
пайдаланушы саны тең болады.Бұл жүйеде қашықтағы орналасқан компьютерлермен
INTERNET желісіне шығуға болады. BDE локалдік және клиент – серверлік
мәліметтер қорын төмендегідей пайдалануды қамтамасыз ететін PLL- библиотека
жиынын білдіреді. Ол Delphi – де жазылған мәліметтер қорымен жұмыс істеу
үшін қолданылатын қосымшаларды пайдаланатын әрбір компьютерге қондырылады.
Клиент – серверлік мәліметтер қоры.
Клиент – сервер архитектурасында BDE мен мәліметтер қоры арасында
мәліметтер қор сервері (арнайы бағдарлама, мәліметтер қоры басқарады) –
деген маңызды аралық звено пайда болады.
Клиент – серверге реляциялық мәліметтер қоры (бір – бірімен байланысы
бар кестелерден тұратын мәліметтер қоры) үшін өндірістін стандарт болатын
SQL(Structured Query Language – құрылымдық сұраныс тілі) сұраныс тілінде
сұраныс құрады. SQL сервер сұраныс интерпретациясын қамтамасыз етеді, оны
орындайды, нәтижесін құрады және оны клиентке жібереді. Мұнда клиент
компьютері сұранысты физикалық орындауға қатыспайды, ол тек қана сұранысты
мәліметтер қоры серверіне жібереді және нәтижені алады, содан кейін оны
керекті түрге келтіреді және пайдаланушыға береді. Клиенттің қосымшасына
тек қана сұранысты орындау нәтижесі жіберіледі, ал желімен тек қана
клиентке қажет мәліметтер беріледі. Қорытындысында желіге жүктеме азаяды.
Сондай- ақ SQL-сервер алынған сұранысты тез арада орындау үшін тиімді
жағдайларды қарастырады. Мұның бәрі жүйенің орындалу әрекетін күшейтеді
және сұраныс нәтижесін күту уақытын азайтады.
SQL сервердің қолдануымен транзакцияның қуатты аппараты бір мезгілде
бірнеше пайдаланушының бір мәліметті өзгертуіне мүмкіндік бермейді және
өзгеріс енгізудұрыс аяқталмаса бастапқы мәніне қайтып келуге мүмкіндік
жасайды.
Мәліметтер қоры серверінде мәліметтер физикалық тұрғыдан бір үлкен файл
түрінде дискіде сақталады, жұмыс істеу үшін әрбір пайдаланушыға пароль
беріледі, бұл әдейі бұзу мен ұрлаудан қорғауды күшейтеді.
Сервер қосымшасымен біріккен архитектура.
Клиент – сервер архитектурасын дамыту идеясы (ойы) мәліметтер қорын
ашық пайдаланудың үш звенолы архитектурасының пайда болуына әкелді.(N-tier
немесе multi-tier архитектурасы)
Клиент – сервер архитектурасы екі звенолы: бірінші звено клиент
бағдараламасы, ал мәліметтер қор сервері мен мәліметтер қоры екінші звено
болады.
Үш звенолы архитектурада қосымша бағдарлама құрылады, онда бұрын клиент
қосымшасының меншігі болып есептелетін барлық мәліметті теру компонеттері,
сондай – ақ қосымша компонеттер TDatabase және TSession кіреді. Содан кейін
бағдарлама COM немесе CORBA сервері ретінде тіркеледі, ары қарай сервер
қосымшасы болады. Клиент машинасында BDE болмауы мүмкін. Серверлік
мәліметті пайдалану үшін олар сервер қосымшасына жүгінеді, ол қажетті
мәлімет алмасуды өткізеді.
Клиент қосымшасы BDE – мен жабдықталған кез келген желілік машинада
болуы мүмкін.Бұл кезде ол орналасқан каталогке басқа желілік машиналар
онымен ашық пайдалануға мүмкімдік жасалуы тиіс, ал машина сервер қосымшасы
тұрған мәлімет серверімен жұмыс істеу периоды кезінде қосылуы тиіс.
Сондай – ақ мұнда мәліметті орналастырудың файл – сервер вариантын
қолдануға болады (суретте оң жағында) Мұнда дұрыс емес мәліметтерді сервер
қосымшасы кері қайтарады, мәліметтер қоры серверіне жіберілмейді.
Клиент бағдараламасында мәліметтер қорының мәліметтер бөлігінің
көшірмесін білдіретін клиенттік мәліметтер теру орналасады. Барлық
өзгерістер осы көшірмені өзгертеді, қажет уақытқа дейін мәліметтер қорына
жіберілмейді. Сондай – ақ үлкен кестелермен жұмыс істегенде сервер
қосымшасынан бір мезгілде клиент экранында орналаса алатындай порциямен
локалді теруді алуға талап қоюға болады. Бұның бәрі желі жүктемесін
азайтады, сұраныс нәтижесін күту уақытын азайтады.

Delphi-де МҚ байланысты ұйымдастыру

Delphi-де мәліметтер қорымен жұмыс істеуінің негізі Borland Database
Engine (BDE)-Borlandфирмасы мәліметтер қорының процессоры болып
табылады.BDE мәліметтер қоры мен қосымша арасында делдал қызметін
атқарады.Ол мәліметтер қорын реализациялауда қолданушыға мүмкіндік
береді.Осыған байланысты мәліметтер қоры реализациясын ауыстырғанда
қосымшаны өзгертуге болады.Delphi қосымшасы ешқашан да мәліметтер қорымен
тікелей жұмыс істемей, BDE арқылы ғана жұмыс істейді.
Delphi қосымшасы мәліметтер қорымен байланысар кезде BDE-ге барады да,
мәліметтер қорының псевдонимін және ондағы қажет кестені хабарлайды.BDE
динамикалық тіркестірілген кітапханалар Dle түрінде ұйымдастырылған.Олар,
басқа кітапханалар сияқты IDAPI (Integerated Database Application Program
Interface) деп аталатын API-мен Application Program Interface-қолданбалы
программалар интерфейсімен қамтамасыз етілген.Бұл қосымша пайдаланатын
мәліметтер қорымен жұмыс істеу процедуралар мен функциялар тізімі.
Delphi қосымшасы

Borland Database
Engine(BDE)

Paradox Paradox ODBC ODBC- ті
Драйвері Драйвері Драйвері интерфейс

Мәліметтер Мәліметтер Мәліметтер SQL
Қоры қоры қоры
сервері

Кесте Кесте кесте кесте
Мәліметтер қоры

кесте кесте
BDE псевдоним арқылы көрсетілген мәліметтер қорына сәйкес драйвер
табады.Драйвер – бұл қандай да бір анықталған типті мәліметтер қорымен
қалай хабарласу керек екенін көрсететін көмекші программа.Егер BDE-ның
мәліметтер қорын басқару жүйесіне сәйкес келетін өзінің драйвері бар болса,
онда BDE мәліметтер қорымен және ондағы қажет кестемен байланысады,
қолданушы сұранысын өңдейді және қосымшаға өңдеу нәтижесін хабарлайды.BDE
Microsoft Access, Fox Pro, Paradox, dBase сияқты мәліметтер қорына
өздігінен ене алады.
Егер BDE-нің өзінде қажет мәліметтер қорын басқару жүйесінің драйвері
болмаса, онда ODBC драйвері қолданылады.ODBC (Open Database Connectivity)-
бұл BDE функцияларына аналогты DLL, бірақ Microsoft өзінің офистік
өнімдеріне ODBC қолдануын қосқан соң және ODBC үшін барлық мәліметтер қорын
басқару жүйесі драйверлер қосылғандықтан, Borland фирмасы ODBC-ты қолдануға
мүмкіндік беретін BDE қосты.Шындығында ODBC арқылы жұмыс жасау BDE-ге
қосылған мәліметтер қорын басқару жүйесінің өз драйверіне қарағанда жәй
жүргізіледі.Бірақ ODBC-пен қатынасқа байланысты Delphi масштабы үлкейіп,
қазір Delphi кез-келген мәліметтер қорын басқару жүйесімен жұмыс жасай
алады.
BDE SQL- сұраныстардың стандарт тілін қолдайды, ол Sybase, Microsoft
SQL, Oracle, InterBase сияқты SQL- серверімен мәліметтер алмасуға мүмкіндік
береді.Бұл мүмкіндік клиентсервер платформасында жұмыс кезінде кеңінен
қолданылады.

1.3. TQuery компонентімен жұмыс

TQuery компоненті қасиетінің ерекшелігі реляциялық мәліметтер қорымен
жұмыс істеуге арналған арнайы тіл SQL-ді пайдалану болып табылады. Бұл тіл
көмегімен программа SQL-сұраныстарды құрады, оны TQuery мәліметтер қоры
машинасы BDE-ге береді.Машинада SQL құрылған интерпретаторы болады, ол
сұраныста сипатталған іс-әрекеттерді орындайды.
Егер сұраныс BDE көмегімен құрылған қажет мәліметтерді мәліметтер
қорынан алуды талап етсе, мәліметтер программаны іске қосу каталогінің
уақытша файлы түрінде желілік кестеге салынады да, TQuery осы кестенің
үстінен қарайтын болады.Уақытша кестедегі мәліметтер TDataSource делдал-
компанент арқылы визуальді компаненттерге беріледі де, оларды TTable
компанентінен алынған сияқты көрсетіледі.Бірақ TTable-ден айырмашылығы
қолданушы оларды өзгерте алады, себебі олар анық мәліметтердің тек
көшірмесі болады. Мәліметтер қорында сақталып тұрған информацияларды
өзгерту үшін TQuery BDE-ге беретін арнайы сұраныстар қалыптасады. Бұл
жағдайда BDE жаңаларын қалыптастырмайды, және алдында құрылған уақытша
кестелерді пайдаланбайды да, тек сұраныста орындап, программаға оның
нәтижесін хабарлайды. Демек мәліметтер жүйесінің модификациясы жағдайында
сұраныстың программалық өзгеруін талап ету TQuery-дің TTable-ден
өзгешілігін көрсетеді.
SQL-сұранысқа кейбір шектеулер қойғанда TQuery ”тірі” мәліметтер
жүйесін құруы мүмкін, яғни оған енгізілген BDE өзгертулері мәліметтер қоры
кестесінде TTable компоненті жасайтындай көрсетіледі.
Желілік немесе файл-серверлік мәліметтер қорымен жұмыс кезінде TQuery-
дің мәліметтерге ену жылдамдығы жалпы жағдайда, TTable-ге қарағанда аз
болады, себебі TQuery өзімен жұмыс кезінде уақытша кестелер құрады. Бір
жағынан SQL-дің қуатты мүмкіндіктері TQuery көмегімен TTable көмегімен
алынбайтын мәліметтер жүйесін қамтамасыз етеді (мысалға, мәліметтер
жүйесінде мәліметтер қорының бірнеше кестелерін біріктіру). Серверлі
мәліметтер қорымен жұмыс кезінде TTable-дің қажеттілігі төмендейді, себебі
бұл жағдайда ол төменгі мәліметтер қорының барлық серверлердің желілік
көшірмесі болатын уақытша кесте құрады, содан соң барып одан қажет
мәліметтер қорын құрады. Үлкен жергілікті кестелерді құруда уақыттың көп
кетуі мен күрделі мәліметтер қорын алуға қатысты TTable-дің аз
мүмкіндіктері оның клиент-сервер қосымшаларымен жұмыс істеуін алып
тастайды.

II. КОСЫМША ҚҰРЫЛҒАН ОРТА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

2.1. DELPHI программалау ортасы

Delphi программалау тілі – кез келген қосымшаны дайындауға болатын
жылдамдығы тез, қуатты тіл. Delphi – дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа
шығып, кейінгі жылдары оның бірте бірте кеңейтілген 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 –
жарық көрді. Бесінші – алтыншы нұсқалардың бір – бірінен айырмашылығы жоқ
деуге болады, екеуі де Windows32 операциялық жүйесінің негізінде
дайындалған. Delphi-де интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі
кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс істеуде өзгешеліктер енгізілген.

Delphi – дің негізгі ерекшелігі – онда қосымша құруда компоненттік
және объектілік тәсілдер пайдаланылады.

DELPHI-де қосымшалар құру

Delphi-де қосымшаны ќұру 2 этаптан тұрады:
1) қосымшаның интерфейсін құру.
Қосымша интерфейсін компоненттер құрайды. Компоненттер визуалды және
визуалды емес болып бөлінеді. Визуалды компоненттерге: батырмалар,
тізімдер, ажыратқыштар форма тағы басқалар жатады. Визуалды емес
компоненттерге қосымша әрекеттерді орындайтын компоненттер жатады.
2) Қосымша функционалдығын анықтау.
Интерфейсі құрылғаннан кейін мүнда қойылған компоненттердің әрқайсысының
қолданушының әрекетіне қарай (батырманы таңдау, тышқанның оң жақ, сол жақ
тетігімен сілтеу) атқаруға тиісті функцияларын анықтау болып табылады.
Әр қосымша арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттерден
жинақталады. Ол жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме
программа құрылады. Компоненттер визуальді компоненттер кітапханасында
(VCL) жинақталған.
Delphi-де программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа
процестерін ұйымдастыру, Ole технологиясын пайдаланып, басқа офистік
қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т.б іс - әрекеттерді
орындауға болады. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты.
Бірақ мұнда программалауды үйрену үшін объект, оқиға, қасиет, әдіс, класс
ұғымдарымен еркін танысып, компоненттерді пайдалану және түрлі
командалардың жазылу түрлерін білу қажет.

DELPHI ортасы
Delphi ортасы программист жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм.
Delphi-де қолданбалы программаларды құру, интегралдық ортада өңдеу
программистпен ара қатынасты ұйымдастырады және ол әртүрлі басқару
элементтерінен құралатын бірнеше терезелерден тұрады.
Delphi-дегі интегралдық ортада өңдеу арқылы программаны проектілеуге,
сонымен бірге программа кодын жазуға және оны басқару элементімен
байланыстыруға болады. Delphi-де интегралды ортада өңдеу көп терезелі
жүйені көрсетеді.
Delphi жүктелгеннен кейін Delphi интерфейсі 4 терезеден тұрады:
Басты терезе (Delphi6 Project1)

Объект инспекторы терезесі
(Object inspector)

3. Форманыњ конструкторы терезесі (Form1)

4. Код редакторы терезесі (Unit1.pas)

Басты терезеде: Басты меню, құрал-саймандар панелі, палитра компоненттері
бар.
Басты менюде: Delphi функцияларымен жұмыс істейтін командалар тізімі
келтірілген.
Ќұрал-саймандар панелінде: басты менюде жиі қолданылатын командалардың
15 батырмасы бар.
Осы панельде 5 құрал-сайман бар. Олар: Стандарт, қарап шығу, жақтау,
қолданушы және жұмыс үстелі.
Палитра компоненттері – басты менюдің оң жақ бөлігінде орналасқан.
Палитра компонентінің диалогты терезесі арқылы компоненттерді қосуға,
өшіруге, қайтадан жаңа ат қоюға, компонеттерді жоғары жазуға,
компоненттерді төмен жазуға және компоненттерді жасыруға болады.
Форманыњ конструкторы терезесі. Форманыњ конструкторы терезесі
ортасында Form1 атты терезе болады. Онда терезені проектілеу орындалады.
Формаға палитра компоненттерінен керекті элементтерді орналастырады.
Форманыњ конструкторын форма деп те атай береді.
Код редакторы терезесі. Код редакторы терезесі (Unit1.Pas) форманың
артында орналасады. Бұл терезе өңделген қосымшаның бастапқы текст
модульдерінен тұрады. Код редакторы терезесі текстік редакторды білдіреді,
ол арқылы модуль текстін редакторлеуге болады. Әрбір өңделетін файл
редактор терезесінің бөлек бетінде орналасады. Керек файлды жарлыққа шерту
арқылы аламыз. Форма терезесінен редактор терезеесіне F12 пернесін басу
арқылы көшуге болады және кері жағдайда да солай.
Сілтеуіш коды терезесі. Сілтеуіш коды терезесі редактор терезесінің
сол жағында орналасқан. Сілтеуіште ағаш тәрізді форманың барлық модуль
объектілері көрініп тұрады.
Объект инспекторы терезесі. Объект инспекторы терезесі жүктелген соң
басты терезенің сол жағында орналасады және ағымда Form1 формасының
қасиеті мен жағдайларын көрсетеді. Объект инспекторы терезесі 2 беттен
тұрады: ќасиеті және оқиғалар.
Delphi-де құрылған қосымша проектке біріккен бірнеше элементтерден тұрады.
Проект құрамына: проект коды, форманың жазылуы, форма модулі,
модульдер, проект параметрі және ресурстер жазылуы элементтері кіреді.
Delphi жүктелгенде автоматты түрде жаңа проект құрылады. Бұл проект
құрамында Form1 формасы бар проект файлдары бір каталогта орналасады.
Программалар мен қосымшалар Delphi-дің IDE (Integrated Devalopment
Environment) интегралданған жетілдіру ортасында орындалады. IDE басқару
элементтерінен құралған бірнеше терезелерден тұрады. IDE жабдықтарының
көмегімен программист қосымшаның интерфейстік бөлігін құрумен қатар,
программалық код жазып, оны басқарушы элементтермен байланыстыра алады. Бұл
жағдайда қосымшаны жасаудағы жұмыстың барлығы IDE-де орындалады. Delphi 6-
нің интегралданған жетілдіру ортасы көп терезелі жүйені білдіреді.
Интегралданған жетілдіру ортасының (интерфейс) түрлері, оның келтірілуіне
байланысты бөлінеді.
Экранда басқада терезелер орналасуы мүмкін, қажетті жағдайда терезе көлемін
өзгертуге, орнын ауыстыруға, экраннан алып тастауға болады. Delphi көп
терезеден тұрса да, бір құжатты орта болып табылады, ол бір мезгілде бір
ғана қосымшамен (қосымша проектісімен) жұмыс істейді.
Компонентер төменндегідей жапсырма беттерде мағнасына қарай топтастырылып
орналастырылған:
Standart - Стандарттық
Additional- Қосымша
Win32- 32 разрядты Windows интерфейсі
System- Жүйелік функцияларға ену мүмкіндігі
Data Access – BDE көмегімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың белсенді әдістері
Мәліметтер қоры жайлы жалпы мағлұматтар
Ипотекалық несие беру деректер базасын жобалау
Microsoft Access мәліметтер қорының басқару жүйесінің обьектілері
Балабақша деректер қоры
Халыққа қызмет көрсету орталығының деректер қорын жобалау
Кинопарк 7 Ақтөбе деректер қорына навигациялық тәсілдерді қолдану
«Интернет ресурстары» мәліметтер қорын құру
Мәліметтер қорының қасиеттері
Есік-терезе жасау цехының тапсырыс қабылдау жұмысын автоматтандыру
Пәндер