7 -арна: кәсіби деңгейі мен шығармашылық шеберлігі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
I ТАРАУ.Қазақ тележ урналистикасындағы жаңашыл бағыт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1. Отандық телевизияның бүгінгі келбеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Қазақстандық телеарналарға шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
IIТАРАУ . 7.арнадағы журналистік позиция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1. 7.арнаның ақпарат тарату тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. 7.арнадағы кәсіби шеберлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Әр түрлі ғылым салаларының өзіне тән негізгі ұғымдары болады. Мәселен, әдебиет теориясында –«образ», экономикалық тұрғыда - «тауар», психологоияда - «жан»,зоологияда – «жануар», астрономияда- «жұлдыз», т.б негізгі ұғымдарының алатын орны орасан зор. Ал Журналистика теориясында сондай негізгі ұғым «бұқаралық ақпарат» ұғымы . «Informatio» - латын сөзі, қазақша мағынасы – «мағлұмат беру, хабарлау» болып келеді.
Журналистика – әлемдік мәдениеттің және қоғамдық қозғалыстың бір бөлігі,өркениеттің маңызды көріністерінің бірі. Журналистиканың маңызы күн санап артып келеді. Бүгінгі күні журналистика мықты идеологиялық күшке айналды. Журналистиканың қоғамдық ойдың қалыптасуына ықпал ететін, тіпті экономиканың дамуына әсер ететіні де жоққа шығаруға болмайды, рухани және материалдық мәдениетке ықпалы жоғары. Себебі, журналистика мәдениеттің бір бөлшегі болып отыр.
Адамдардың топтасуына, қауымның қалыптасуына жеке тұлғалардың өзара экономикалық, саяси, әлеуметтік және ақпараттық тұрғыдағы қарым-қатынасы әсер етеді. Ақпаратқа деген қажеттілік адамзатпен бірге туып, бір жасасып келеді.
Ақпараттық байланыс- қоғамдағы маңызды қарым-қатынастың бір түрі. Себебі, ақпарат адамдар бірлестігінің мақсат-мүддесін анықтауға, олардың өзара түсінісуіне және ортақ іс-әрекетке жұмылуларына әсерін тигізеді. Сондықтан да ақпараттың қоғамдағы ролі ерекше.
Қазақ журналистикасының қалыптасып, дамуына іс жүзінде де, сөз жүйесімен де үлкен үлес қосқан тұлға Ахмет Байтұрсынов «Қазақ» газетінің 1913 жылғы шыққан алғашқы нөмірінде : «Әуелі газета – халықтың көзі, құлағы, һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, газета сондай керек. Газетасы жоқ жұрт, басқа жұрттың қасында, көзі соқыр, құлағы керең, тілі жоқ мылқау секілді. Дүниеде не болып жатқанын көру, есту жоқ, өз пікірін айту жоқ» - деп ашып жазыпты. Сондағы Байтұрсынов айтқан ой – ақпаратты иемденген жұрт қана білімді, парасатты, көзі ашық, білікті болмақ.[1].
Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңындағы» «Жалпы ережелер» деп аталатын I-тарауда біз сөз етіп отырған мәселе жайында мынадай түсінік бар: «бұқаралық ақпарат-тұлғалардың шектеусіз аумағына арналған баспа, аудиовизуальды және басқадай хабарламалар мен материалдар». Яғни, «бұқаралық ақпарат» ұғымын – журналисттік қызметтің негізгі жемісі деп қарауға болады. «Бұқаралық ақпарат» ұғымының мағынасын былайша таратып айтқан жөн:
1. Әбдіжәділқызы Ж. Тікелей эфир табиғаты: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті.- 2003.-141б.
2. Жақып.Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары.Генезис, эволюция, поэтика.- Алматы: «Білім» баспасы.2004. 368бет.
3. Назарбаев Н.Ә. БАҚ туралы // Егемен Қазақстан.-2001.20 наурыз.
4. Қазақ журналистикасы. 3 томдық.1-т.: Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2008.-352бет.
5. Барманқұлов М. Телевидение: Деньги или власть? – Алматы. Санат 1997. стр.268.
6. Бораш Қ. БАҚ халыққа жақ болуы тиіс. //Егемен Қазақстан. 2005. 30 мамыр. 1 бет.
7. Масғұтов С. Көгілдір экран - өмір айнасы. Алматы. 1975. 37 бет.
8. «Айқын» республикалық-қоғамдық саяси газет.
9. «Литер» республикалық-қоғамдық газеті.
10. Рамазан.А. Шетел журналистикасының тарихы: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2006.- 154 бет.
11. Цвик.В.Л. Журналист с микрофоном.-М., 2000
12. Ким.М.Н. Жанры современной журналистики.
13. Қазақстан журналистерінің тәжірибесінен: Тәжірибелік нұсқаулық.- Алматы. 2008.
14. Горохов.В.М. Основы журналисткого мастерства.-М., 1989.
15. Кузнецов Г.В. Так работают журналисты ТВ.2001.
16. Бойков Г.С. Тележурналистика . Теория и практика.-М., 1989.
17. Омашев Н. Қазақ радиожурналистикасы.
18. Свитич Л.Б., Ширяева А.А. Професиональная развитие будущего журналиста, - М., 1989.
19. Барлыбаева С. Телевидение Казахстана.
20. www.aykin.kz
21. www.khabar.kz
22. www.7tv.kz
23. www.ntk.kz
24. www.google.kz
25. www.abai.kz
26. www.bbc.co.uk
27. www.mail.ru
28. www.medianet.kz

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖУРНАЛИСТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

Телевизия және радиожурналистика кафедрасы

Бітіру жұмысы

7 -арна: кәсіби деңгейі мен шығармашылық шеберлігі

Орындаған 4 курс

студенті ______________ Бозанбаева А.

Ғылыми жетекшісі ____________ ф.ғ.к., доцент Әбдіжәділқызы Ж.

Комиссия хатшысы _____________ф.ғ.к., доцент Шыңғысова Н.Т.

Қорғауға жіберілді

21 сәуір 2011 жыл

№21 хаттама__________________ с.ғ.д., доцент Сұлтанбаева Г.С

Алматы, 2011

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .
I ТАРАУ.Қазақ тележ урналистикасындағы жаңашыл
бағыт ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Отандық телевизияның бүгінгі
келбеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2. Қазақстандық телеарналарға
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
IIТАРАУ . 7-арнадағы журналистік
позиция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1. 7-арнаның ақпарат тарату
тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. 7-арнадағы кәсіби
шеберлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Әр түрлі ғылым салаларының өзіне тән негізгі ұғымдары болады. Мәселен,
әдебиет теориясында –образ, экономикалық тұрғыда - тауар,
психологоияда - жан,зоологияда – жануар, астрономияда- жұлдыз, т.б
негізгі ұғымдарының алатын орны орасан зор. Ал Журналистика теориясында
сондай негізгі ұғым бұқаралық ақпарат ұғымы . Informatio - латын сөзі,
қазақша мағынасы – мағлұмат беру, хабарлау болып келеді.
Журналистика – әлемдік мәдениеттің және қоғамдық қозғалыстың бір
бөлігі,өркениеттің маңызды көріністерінің бірі. Журналистиканың маңызы күн
санап артып келеді. Бүгінгі күні журналистика мықты идеологиялық күшке
айналды. Журналистиканың қоғамдық ойдың қалыптасуына ықпал ететін, тіпті
экономиканың дамуына әсер ететіні де жоққа шығаруға болмайды, рухани және
материалдық мәдениетке ықпалы жоғары. Себебі, журналистика мәдениеттің бір
бөлшегі болып отыр.
Адамдардың топтасуына, қауымның қалыптасуына жеке тұлғалардың өзара
экономикалық, саяси, әлеуметтік және ақпараттық тұрғыдағы қарым-қатынасы
әсер етеді. Ақпаратқа деген қажеттілік адамзатпен бірге туып, бір жасасып
келеді.
Ақпараттық байланыс- қоғамдағы маңызды қарым-қатынастың бір түрі.
Себебі, ақпарат адамдар бірлестігінің мақсат-мүддесін анықтауға, олардың
өзара түсінісуіне және ортақ іс-әрекетке жұмылуларына әсерін тигізеді.
Сондықтан да ақпараттың қоғамдағы ролі ерекше.
Қазақ журналистикасының қалыптасып, дамуына іс жүзінде де, сөз
жүйесімен де үлкен үлес қосқан тұлға Ахмет Байтұрсынов Қазақ газетінің
1913 жылғы шыққан алғашқы нөмірінде : Әуелі газета – халықтың көзі,
құлағы, һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, газета сондай
керек. Газетасы жоқ жұрт, басқа жұрттың қасында, көзі соқыр, құлағы керең,
тілі жоқ мылқау секілді. Дүниеде не болып жатқанын көру, есту жоқ, өз
пікірін айту жоқ - деп ашып жазыпты. Сондағы Байтұрсынов айтқан ой –
ақпаратты иемденген жұрт қана білімді, парасатты, көзі ашық, білікті
болмақ.[1].
Қазақстан Республикасының Бұқаралық ақпарат құралдары туралы
Заңындағы Жалпы ережелер деп аталатын I-тарауда біз сөз етіп отырған
мәселе жайында мынадай түсінік бар: бұқаралық ақпарат-тұлғалардың
шектеусіз аумағына арналған баспа, аудиовизуальды және басқадай
хабарламалар мен материалдар. Яғни, бұқаралық ақпарат ұғымын –
журналисттік қызметтің негізгі жемісі деп қарауға болады. Бұқаралық
ақпарат ұғымының мағынасын былайша таратып айтқан жөн:
1. Ақпарат бұқараға бағытталады (яғни, қоғамға, халыққа, аймаққа, кәсіп
иелеріне т.б)
2. Қоғамдық өмірдің әртүрлі саласындағы көпшілікке қажетті, оардың
ойларындағы көкейтесті мәселелерге сәйкес келетін ақпарат болуы керек.

3. Жалпы адамзаттық биік мұраттарға ұмтылдыратын мәселелер бойынша
жұртшылықтың біртұтас көзқарасын қалыптастыру қажет.
4. Бұқараның ақпаратқа қол жеткізуіне тиімді жағдай жасалуы (яғни тегін
немесе аз ғана төлемақыға ақпарат тарату, жаңалықтарды жеткізудің
қарапайым түрлерін пайдалану ).
5. Аудиторияның бір мезгілде ақпарат алуын қамтамасыз ету мүмкіндігі.
Яғни, ақпаратты үздіксіз, тұрақты және мерзімді түрде
жеткізу.Теледидар мен радиода тұрақты уақытта хабарлар беріп отыру, ал
газетте айдарлар мен циклдардың, беттердің реттілігін қадағалау.
6. Бұқаралық ақпарат құралдарына барлық қатысқысы келген азаматтарға ашық
мүмкіндік беру.[2].
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Біз бітіру жұмысымыздың тақырыбын 7 арнаның
кәсіби деңгейі мен шығармашылық шеберлігімен байланыстырылып алдық. Қазіргі
таңда көрермендер арасында дау туғызып тұрған телеарналарды, олардың
бүгінгі таңдағы іс-әрекеті мен өз аудиториясына ұсынып жатқан материалдарын
талқыға сала отырып зерттейміз.
Тақырыптың өзектілігі. Елге қажет ақпараттты ұсынып отырған 7-арна әлі де
зерттеле қоймаған тың тақырыптардың бірі, және оның үйретері де көңілді
күйретері де мол. Халық кейбір бағдарламаларын жақсы қабылдап жатса, енді
бірін Ресейдің үлгісімен түсірілген деп кейіп те қалатын кездер де
баршылық. Ал өзектілігі бағдарламалардың қай деңгейде екенін анықтауда, оны
аудитория қалай қабылдап жатыр немесе көрермен талғамына сай бағдарламалар
жеткілікті ме деген сұрақтардың жауабын білуде және оны халыққа ұсынуда
болып отыр. Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жетінші арна құрылған сәттен
бастап, алдына қойған мақсаттарына жол салып келеді. 2011 жылдың қаңтарында
Жетінші арна өз аудиториясын кеңейту және отандық ойын-сауық
бағдарламаларын, телехикаялардың жаңа қойылымдарын, көпшілікке танымал теле-
және кинофильмдерді дамыту жағына баса көңіл аудару жөнінде шешім
қабылдады.  Телеарна тіпті, өзінің логотипі мен фирмалық стилін жаңалады.
Оның жаңартылған слоганы: Жетінші арнамен бірге, өзгеретін уақыт келді,
деп аталады.
Осы үрдістің қалай жүзеге асырылып жатқанын білу. Жаңа стратегияда,
әсіресе, сапалы телехабарлар таратудың әлемдік стандарттары бойынша
шығарылған эксклюзивтік ұлттық контент хабарын таратуға аса үлкен назар
аударылған, сол стратегияның нәтижесі қандай екенін анықтау.  
Ел алдында жауыр болған тақырыптарды төңіректей беру де журналист үшін
мәртебе емес екені бәсенеден белгілі, сондықтан да әлі де ресрубликаның
тукпір-түкпіріндегі көрермендерге өз материалдарын жеткізіп үлгермеген
сөйте тұра басқа да арналардан оқ бойы озық келе жатқан жас арна жайлы
деректерге қанығу, оның артықшылығын үлгі етіп, кемшілігін ашып көрсету.
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы әдеттегідей мазмұнынан басталады.
Тақырыптың ауқымдылығына байланысты біздің зерттеу жұмысымыз Қазақ
тележурналистикасындағы жаңашыл бағыт және 7-арнадағы журналистік
позиция деген үлкен екі тарауға бөлдік. Ол тараулардың өзі мазмұнына қарай
шағын тараушаларға бөлінеді. Сондай-ақ зерттеу жұмысында пайдаланған
әдебиеттер тізімі мен сілтемелер схема түрінде беріледі. 
  Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Біз, тақырыпты 7 арнаның кәсіби
деңгейі мен шығармашылық шеберлігі деп алуымызда үлкен себеп бар.
Телевидение саласында арнайы зерттей қоймаған тың саланы алуды жөн
санадық. 7-арнаның кешегісі мен бүгінгі жағдайын және болашаққа деген
жоспарларын саралаймыз. Мақсатымыз отандық телеарналардың хабарларын
салыстырмалы түрде сипаттап, 2 жылдық даму кезеңі бар, жаңадан
көрермендердің көзайымы болып келе жатқан арнаның эфирінде көрсетіліп
жатқан әрбір бағдарламаның деңгейі қандай, эфирде әрбір журналист немесе
тілші өзін қалай ұстайды, қалай дамытады деген сауалдарға жауап іздей
отырып, зерттеу нысаны ретінде көрермен көзімен баға беру.
Жұмыстың деңгейі. Телевидение саласындағы тікелей эфир хабарының  орны мен
рөлі ерекше. Отандық телеарналардың барлығында дерлік тікелей эфирде
тарайтын хабарлар бар. Бірақ осы қорғау жұмысында біз көпшілік арасында зор
беделге ие, бұқараның  басым бөлігі көретін Хабар арнасындағы Таразы,
Арнайы репортаж, Серпін, Бетпе-бет бағдарламасын, КТК
телеарнасындағы Портрет недели, Астарлы ақиқат ақпараттық- сараптамалық
бағдарламаларын бағдарламаларын мысалға ала отырып, талдауды жөн көрдік. 
Зерттеудің дерек көздері. Телевидение саласына қалам тербеп жүрген
зерттеушілер некен-саяқ. Бітіру жұмысын жазу барысында біз Қ.Тұрсын мен 
Ж.Нұсқабайұлының Теледидар сөздігі-тележурналист анықтамалығы оқу
құралынан, Қазақ журналистикасы 3 томдық кітабынан, Қ.Тұрсынның Көгілдір
экран құпиясы, кітабінан және Ж.Әбдіжәділқызының Тікелей эфир
ерекшеліктері кітабінан, Н.Омашевтың Жол үстінде- журналист атты
зерттеулерден, қажет ақпараттарды алдық. Телеарналардан шығып жатқан жаңа
жобалар мен бағдарламаларға бей-жай қарамайтын Айқын газетінің Дидар TV
қосымшасының да көмегі көп тиді. Сондай-ақ, зерттеу жұмысымыз тікелей
теледидарға қатысты болғандықтан Қазақстан ұлттық телеарнасы, Хабар
агенттігі, Еларна телеарнасы, КТК, Жетінші телеарналарының
мұрағаттарынан да қажет материалдарымызды таптық.
Жұмыстың жаңашылдығы. Бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде ең кенжесі
болып саналатын телевидение саласында зерттелмеген тың тақырыптар көп.
Зерттеу жұмысын жазу барысында біз қазақ тележурналистикасындағы
өзгерістерді талдай отырып, сол сияқты отандық телеарналарда қазір тікелей
эфирде шығып жатқан хабарларға сын пікір де айтамыз. Ал жұмыстың
жаңашылдығы телевидение саласында әлі ешкім зерттемеген тың тақырыптың
алынуы.

I ТАРАУ
Қазақ тележурналистикасындағы жаңашыл бағыт.

Жиырма бірінші ғасырға адамзат баласы түрлі қиындықтардан өтіп, соның
нәтижесінде үлкен жетістіктермен келгені барлығымызға белгілі.Өмір-
тіршіліктің барлық саласында алға басу, даму үрдісі айрықша көрініс тапты.
Сондай-ақ журналистиканың да жаңа даму сатысына көтерілген дәуірі болғанына
сөз жоқ. Басталған жиырма бірінші ғасыр -ақпараттар ғасыры болды. Бүгінгі
журналистика барынша даму жолмен өрістеп келгені жұртшылыққа жақсы белгілі.
Уақыт өте келе, қоғам өмірінде тың өзгерістер бола бастады. Ақпарат
таратудың жаңа түрлері дүние есігін ашты.Бұқаралық ақпарат құралдары
жылдап, айлап емес, күн санап тың өзгерістерге түсіп, қарқында әрі қарбалас
ізденістер мен жаңа заманға лайық жаңашыл бағытпен жаңа ұмтылыс жасады.
Саясат, ғылым, мідениет, экономика – бәрі де баспасөз, радио, телевидение
арқылы өзінің прогрестік мәнін бүкіл әлемне жайып отыр. Демек,
журналистика дамуында шек жоқ және шекараны білмейтін сала. Осындай
қындығы мен қызыға да мол аталмыш саланың жетістігі мен кемшілігін саралау
оңай емес. Профессор, филология ғылымдарының докторы Намазалы Омашев Жол
үстінде - журналист атты зерттеулері қазіргі заманғы журналистиканың
ілгершіл бағыт-бағдарын пайымдайып, ғалымның бұл еңбегі үлкен ойға
жетелейді.
Шын мәнінде журналистиканың әлеуметтік қызметтің ерекше саласы
ретіндегі мәні бұқаралық ақпарат жинақтауымен, өңдеуімен, дайындауымен және
таратуымен айқындалады. Журналистиканың негізгі күші – оның ақпаратты
иемденетігінде. Ақпарат журналистика мен аудитория арасындағы дәнекерлік
рөлді де атқарады. Сондай-ақ, журналистика жүйесінің алдындағы сан-салалы
міндеттерді шешуге қолданылатын қуатты құрал да – осы ақпарат. Ал оның
қоғамдық пікір қалыптастырудағы маңызы - радио мен теледидардың, газет-
журналдардың тарататын ақпарат, мағлұматтары бұқараға, қалың көпшілікке
арналады. Журналистиканың Бұқаралық ақпарат құралдары деп аталуының
себебі де содан шығады.Бұқаралық ақпарат журналистер мен оқырманды,
көрерменді, тыңдаушыны байланыстыратын алтын көпір іспеттес.
Бүкіл әлемде болып жатқан қазіргі заманғы зор өзгерістерге байланысты
журналистика да жаңа көзқарасты, жаңа ұғымды, жаңаша ойлауды, жаңашыл
бағытты қажет етеді. Уақыт өткен сайын, ішкі-сыртқы саясат радио мен
тележурналистиканың алдына тың міндеттер қояды. Ондай міндеттерді орындау
үшін бүкіл ұжым болып ізденістер жасау арқылы, жұмыс істеу керек. Әсіресе
бұл салада халықаралық тәжірибелерге ерекше назар аударып отыру да қажет.
Мәселен, дамыған шетелдерде бүгінгі ақпарат құралдары қалай жұмыс істейді,
соған аса қатты мән беру керек деп ойлаймын.Әрбір ақпарат құралдары өз
тәжірибесіне қоса, халықаралық журналистика тәжірибесін біліп, зерттеп,
одан әрі даму жолында пайдалы істерін үйреніп, жүзеге асырса артық
болмайды. Әсіресе қазір жер жүзі журналистикасында орны бар, дамыған елдер-
Америкати Құрама Штаттарының және Еуропаның Ұлыбританияның, Франция,
Германия мен Ресей сияқты басқа да елдердің тәжірибелік жұмыстары назар
аудартады.
Қазіргі таңда ақпарат беру әдісі бұрынғы әдістен тым алыс, мүлдем
жаңаша сипатқа ие болып отыр.Бұл қазіргі заманғы ақпараттың уақыт
кеңістігін еркін әрі батыл, шапшаңдықпен билеп алуына байланысты. Осы
тұрғыдан алғанда, барлық ақпарат құралдарымен салыстырғанда радионың
бірінші кезекке шығатыны айдан анық. Әр кезеңнің өз талабы болады,
радиодағы тікелей эфир өзінің тура мағынасындағы уақыт үні сияқты. Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың БАҚ халықтың үні ретінде сөйлейтін болсын, халыққа
жақ, санаға сақ болсын деген тұжырымы журналистиканың жаңаша жұмыс
тәсіліндегі негізгі қағидаға ұласты. [3].
Жылдар бойы қатып-семіп қалған енжар ережелерді бүгінгі күннің тыныс-
тікелей эфирдің табиғаты – кәсіби- шығармашылық процесс, құрылымы күрделі
психологиялық құбылыс, уақытқа және техникаға тәуелді тәсіл, ешнәрсені
түзетуге болмайтын, сол күйінде, қаз-қалпында айналымға түсетін
қайталанбайтын әрекет, алып-қосары жоқ шынайы дүние.
Радио мен телевидениенің тез дамитынын өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Осыдан 20-30 жыл бұрын ғана теледидардың пайдалануы бүгінгідей дәрежеге
жетеді деп ешкім ойламаған еді. Әрине, мұның қоғамның әлеуметтік
қажеттілігінен туатыны бәрімізге белгілі.
Француз сыншысы Андре Дилижан жазғандай ол өмірге ентелей кіріп,
әлемді түгелдей дерлік жаулап алды. Шын мәнінде де солай. Жетпіс жылдың
ішінде ол газетің мен радиоңнан, театрың мен киноңнан оқ бойы озық шығып,
жеке дара көш бастауда. Оның көрермендері миллиардтармен есептелінеді.
Көгілдір экранның құдірет-қарымы әлемдегі кез-келген қуатты елдің әскери
күшінен әлденеше есе артық. Сондықтан да оған аса сақтықпен қараған орынды.

Теледидар-тек хабар таратушы құрал ғана емес, ағартушылық, насихаттық та
құрал. Зерттеуші Құдайберген Тұрсын теледидар әсерлілігіне мынадай анықтама
береді: Теледидар әсерлілігі өзіне 3 негізгі бағытты қамтитын, әлеуметтік
ақпарат тұжырымдамасын жүзеге асырады: Ағартушылық білім жөнінде негізгі
ақпарат болып табылатын хабарламаны таратады; Танымдық логикалық және
прагматикалық ақпарат негізінде алынған өзіндік білім туралы ұғымды
қалыптастырады; болжаулық болашаққа баға беріп, ол туралы ұғымды
қалыптастырып, ол туралы деректі таратады; ұлттық мәселе төңірегіндегі
өткір проблемаларда қоғамды топтастыруға қызмет етеді. Біздің күнделікті
өміріміз, тіршілігіміз, бізді қоршаған орта туралы шынайы көріністі
бейнелейді, ой-өрісімізді түрлі ақпараттармен кеңейтіп, сезімімізді
қалыптастыруға, әдеттеріміздің жақсы жаққа қарай өзгеруіне әрекет жасайды.
Аса мәнді әлеуметтік проблемаларға көпшіліктің көңілін аударады,
экологиялық этика, қоғамның әрбір мүшесінің өмірлік позициясын айқындауға,
сан миллиондық аудиториямен жылдам кері байланыстың орнығуына, бұл
байланыстардың қоғам санасын қалыптастыруға әсерлілігін арттыруға, қоғамның
жан-жақты және үйлесімді дамуына көмектесу, байланыстың кезеңмен дамуын
сезінуге жағдай туғызады. Қоғамдық мінбеге айналу, орталық және аймақтық,
заң шығарушы және орындаушы тұтқалардың халқы алдында есеп беруі, өз
саясатын түсіндіру, өз қатарына халықтың қалың тобын тартуға, қоғамның
әлеуметтік ақпараттануына басты мәселені шешуі, психологиялық құқықтық
қоғамға тиімді бағытталуына жағдай туғызу, сезімталдық, логикалық және
прагматикалық  ақпаратты негізге алуға; ең бастысы-хабардың соңғы
нәтижесінің тиімділігін сезінуге; телекөрерменнің әрқайсысына сол сәтте
өзімен бірге миллиондаған адамның сол хабарды көріп отырғандығын сезінуі,
әрі телеэкрандағы пікірді өзіне қарата отырып ұғынуына; телекөрерменге
қарама-қарсы пікірдегі ойлардың да айтылмайтынын сезінулеріне; табар ақша
қатынасындағы өзгерістер, экономикалық ақпараттың шыншыл және ашықтығы,
коммерциялық тақырыптардың ауқымын ұлғайту, табар және қызмет, фирма және
компания, ертеде талдау мен сынауға жабық болған тақырыптар тағы сол сияқты
олардың әрқайсысына шыншыл, жылдам әрі орнықты баға беру, теледидар
хабарының әрқайсысының міндет.[4].
Бүгінде телевидение бүкіл әлемде өтпелі кезеңді бастан кешіріп отыр. Ақ-
қара түсті телевизордың орнына қазір түрлі түсті телевизорды пайдалану
көбейді. Ал мұның өзі телехабарларды беруді жаңа бір сатыға көтеріп отыр.
Түрлі түсті телевидениені айтқанда, қазір бүкіл әлемде бұл орайда радио мен
телевидение жүйесінде үлкен өзгерістер болып жатқанын айту керек.
Телехабарларды түсіру мен беруде сандық техника мен технологияны қолдану
үрдісі пайда болы. Бұл да үлкен жетістік. Сонымен бірге жаңадан жер серігі
(спутниктік) және кабельдік телевидениенің жүзеге асуы соның айғағы.
Совет Масғұтов Көгілдір экран-өмір айнасы (1976 ж.) кітабінда сиқырлы
көк сандыққа осылай анықтама берген. Қазақ тілі тағы салмақты да, салиқалы
сөзбен толықтырылды. Көгілдір экран-өмір айнасы, расында да өмірімізге
ентелей енген теледидар индустриясы газет пен радионы ақпараттар айдынынан
сәл ығыстырғандай. 1958 жылдан 6О жылдардың соңына дейін қазақ
теледидарының қалыптасу кезеңі десек, тек ақпараттық, концертік
бағдарламалардың сценарийлік негізінде телеқойылымдар, күрделі көркем
телепублицистикалық хабарлар үлкен дайындықпен, телетехникалық
жетістіктермен журналистік ой-толғауларды бір бағытқа бағдарлап, әрбір
сюжет пен телеочерк, қойылымдардың мақсатын айқындап алу талабы қосылды.
Бұл жерде қазақстандық телеарналардың көшбасшысы бұрынғы Қазақ теледидарына
ерекше тоқталған жөн. Қазақ теледидары  - бүгінде 100 ден аса
телекомпаниялардың көшбасшысы. 53 жылдық тарихтың қиын да қызықты жолында
ол араласпаған оқиға, бармаған жер, көтермеген мәселелері кемде-кем. Тарихы
мен халық жады, ұрпақ тәрбиесі мен білім-ғылым саласы, мәдениеті мен
дәстүрі, экономикасы мен саясаты, өндірісі мен шаруашылығы оның күнделікті
хабарына арқау болды.   1958 жылдың 8 наурызында Алматыда алғаш рет
көгілдір экран жарқ етіп ашылғанда сол телеарна басында қазақ телеөнерінің
балапан қанатын қатайтып, биікке самғауы үшін білімдері мен біліктерін
аямаған Ғ.Жанысбаев, Л.Ғалымжанова, С.Шәріпов сяиықты телередакторлар мен
телережиссерлер тұрды. Статистикада сақталған тарихи цифр бойынша, сол
кезде Алматы және облыстағы 4 100  телевизиялық қабылдағыш Қазақ
телевизиясының алғашқы бағдарламасының трансляциясын тұтқан. Алматыдан
кейін көгілдір экран Қарағанды мен Өскеменде, Жезқазған мен Балқашта,
Ақтөбе мен Семейде көрсете бастады. Қазақ теледидарының алтын ғасырына
баланған 70-90 жылдар шын мәнінде көгілдір айнамыздың жан-жақты кемелденіп,
шарықтаған кезеңі болды. Сол бір жылдары 13 бас редакция жыл сайын түрлі
салаларға арнап 130-150 топтама бағдарламалар жасап отырды.   Қазақстандық
телеарналардың ішіндегі тәжірибесі жағынан толысқан, тарихы бай, мұрағаты
мол Қазақстан ұлттық телеарнасы ескі мен жаңаны қосып тұрған көпір сияқты.
Бұрынғы қазақ теледидары қазіргі бірегей телеарна қай деңгейде? Көкірегі
ояу, көзі ашық көрерменнің әрбірін мазалайтын орынды сұрақ.
Біздің заманымызда телерадио арналары арқылы берілетін бағдарламаларда
бәрінен де ең көп берілетіні, сондай-ақ бүкіл әлем халықтарының күтетіні
күнделікті берілетін жаңалық хабарлар. Бұл қай елдің радиосы мен
телевидениесін алсақ та анық байқалатын тенденция. Сондықтан БАҚ-та жаңалық
хабарлар айту және шетелдерде, сондай-ақ өзімізде қалай беріліп жүргені
кезек күттірмейтін мәселе болып табылады. Адам баласы еш уақытта өмірде,
планетамызда болып жатқан оқиғалардан, жаңалықтардан құр қалмауы тиіс. Бұл
өмір тудырып отырған қажеттілік.
Ал спутниктік және кабельдік телевидение арқылы хабар жанрларын беру
алдағы уақытта бірнеше еселеп артатыны белгілі болып отыр. Бұл салада қай
елдерде айтарлықтай әрі тәжірибесі мол арналар жұмыс істемек? Мәселен,
тәулік бойы жұмыс істейтін АҚШ телекомпаниясы Си-Эн-Эн тек жаңалықтар
беруімен әлемге аты жайылып отыр. Сондай-ақ Жапонияның телекомпаниясы Эн-
Эич-Кей атымен белгілі. Ал Ұлыбританияның, Францияның, Германияның және
басқа елдердің телехабарлары көбіне осы жаңалықтар туралы беруге өте құштар
екені сөзсіз.
Тіпті бұл біздің республикамызда Қазақстан мен Ресейде де солай.
Ресейде демократия мен нарықтық қоғамға енуге байланысты әр түрлі
формадағы телерадио арналары пайда болды. Мысалы, мемлекеттік, қоғамдық,
аймақтық, акционерлік, жеке меншік және т.б. Телерадио арналары олардың
қандай түрде болғанына қарамастан және жеке меншік иесі кім болса да, бәрі
бірдей тең құқықты әрі жауапкершіліктері де қатарлас болып есептеледі.
Сондай-ақ заңдылықтары да ортақ болып келеді.
Қазақстанда да телерадио арналары тең құқық пен заңдылықтар аясында іс-
әрекет танытады. Мұнда да жеке меншік түрлері бар.Сонымен бірге баспасөз
де осы типтес рөл атқарады. Демократияға орай сөз бостандығы бар. Сөз
бостандығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылған.5.
Еліміз тәуелсіздік алған тұстан бастап жеке меншік телеарналар ашыла
бастады. Әуел баста эфирді немен толтырам деп қам жеп, аяқтарынан қалт-құлт
тұрған тәуелді, тәуелсізі бар телеарналар қазір қоғамда өзінің орнын
тапқан. Телеарналар арсындағы нағыз бәсекенің ауылы алыс болғанымен,
бүгінгі күннен бастап оның қабырғасы қалануда. Әр телеарна көпшілік
арасында рейтингісін көтеру үшін күннен күнге түрлі хабарлар ұсынып жатыр.
Барлығы бірдей дерлік сәтті шықпаса да, арасынан саңылау тауып, халықтың
көзайымына айналғандары қаншама. Бұрынғыдай емес, арналар арасында бәсеке
пайда болды. Заман талабына сай енді телеарналарға жаңа, өткен ғасыр
техникасынан анағұрлым қуатты, мүмкіндігі мол техникалар қажет болды.
Сөйтіп, цифрлі технология өмірімізге ентелей енді. Цифрлық технологиялар -
бейне коммуникациялық хабарламаның жетілуі нәтижесінде дәстүрлі өндірістік
әдістерді сақтауда, таратуда және қабылдауда технологиялық өзгерістер белең
алуда.

1.2.Отандық телевизияның бүгінгі келбеті.

Қазіргі қоғам өмірін телевизиясыз елестетудің өзі мүмкін болмай
қалды. Әлемде қалыптасқан бұл үрдістен отандық телеиндустрия да қалып
отырған жоқ. Мемлекеттік телевизия ұйымдарының сыртында жекеменшік
телеарналардың саны да үнемі өсу бағытында келеді. Белгілі бір саланың
дамуы ондағы мамандардың сапалық өсіміне байланысты болатыны айқын.
Қазіргі Қазақстандық журналистикадағы үлкен проблема деп, оның қазақ
және орыс тілді болып екіге бөлінуін айтар едім. Бір мемлекет болғандықтан,
ондай жіктің қажеттілігі болмаса игі  еді. Тілдік жікке, өкінішке қарай,
біреулер бөліп қарағылары келетіндігі және бірін асқақтатып, екіншісін
кемсітуді місе тұтатын болды. Соның  салдарынан қазақ журналистикасының
деңгейі  төмен, орыс тілді журналистика одан озып тұр деген сыңаржақ 
пікір қалыптасып отыр.
БАҚ-тың өзекті мәселесі,ол мейлі, телевизия, радио, мерзімді басылым
болсын, үлкен күш ретінде қалыптасты, қоғамда бір шешуші рөл атқарып отыр
деп айта алмауымызда. Оның бірнеше себептері бар. Бізде заң бойынша, сөз
бостандығы бар, яғни цензураға тыйым салынған делінгенмен, көп нәрсе
жабулы күйде қала береді. Шынайы ақпаратқа қол жеткізу оңайлықпен жүзеге
аспайды. Ол жазылмаған қағида. Олай дейтініміз, қай БАҚ-та болсын, тапқан
ақпараттарын кедергісіз таратуға, өз көзқарасы мен ойын еркін жазатын,
айтатын журналистер мен телеарналар кемде-кем.
Телевизия туралы жеке айтатын болсақ, соңғы жылдары жаңадан ашылып
жатқан арналар көп. Дегенмен, әлі де олардың сапасы мықты деп айту қиын.
Әсіресе, қазақ тіліндегі бағдарламалар жоқтың қасы. Өйткені кез-келген
хабар қаражатты талап етеді.
Қоғам өмірінде сан-салалы әрі өзекті проблемалар да шашетектен. Бірер
телеарна қоғам өмірін жан-жақты көрсетуге тырысса, көбі белгілі бір бағытты
ұстанатыны белгілі. Хабар агенттігі мен Қазақстан ұлттық арнасының
мүмкіндігі мен күш-қуаты өзге телеарналарға қарағанда әлдеқайда басым
болғандықтан көбінесе өмірді әр тарапынан көрсетуге толық жағдайы бар.
Дегенмен, көп жылдар бойы тек мадақтауды алға шығарғандықтан халық арасында
аталмыш арналар жайында теледидарда көрсетілетін Қазақстанда тұрғым
келеді дегендей әзіл әңгіме де тараған. Орынсыз мақтаудың өзі кейде
көрерменін мезі етіп қана қоймай әрі-беріден соң ашу-ызасын тудыратынын да
ұмытпаған жөн сияқты. Мысалы, Астана және Алматы телеарналары өз
бағдарламаларын бір қаланың өмірімен шектеп отырған жоқ. Керісінше, ел
көрермендерінің бәріне ортақ тақырыптарды қамтуды көздеуде. Алайда, қоғам
өмірін белгілі бір телеарна түгелдей қамтып, толыққанды көрсетіп отыруы
мүмкін болмасы хақ. Ең бастысы, қазіргі заман ауанын, саясатын,
экономикалық және әлеуметтік өзекті мәселелерді түйіндеп көрсетіп отырса
жетіп жатыр. Осы себептен еліміздегі оншақты телеарнаны жалпылама түрде
қоғамдық-саяси негізгі ақпарат құралдары ретінде тануға болады. Алайда, бұл
жерде қоғам өмірінің белгілі бір саласына басымдық берген телеарналардың
тар шеңберде қалып қоюын құптауға болмайды. Керісінше, сол бір ғана
тақырыптың аясының өзінде қоғамдық, әлеуметтік күрделі мәселелер өмір
көріністерімен астасып жатуы мүмкін. Айталық, Алматы арнасының тарихи-
танымдық бағдарламалары, Астана арнасының арнайы репортаждары ел
тұрғындарының барлығына ортақ мәселелерді эфирге шығару арқылы аудиториясын
кеңейте түсетіндігімен ерекшеленеді.
Белгілі бір мәселемен тікелей шұғылданып, оған арнайы бағдарлама
жасап көрермендер арасында сонысымен танымал болған телехабарлар да
болады. Мысалы, Хабар агенттігінің Бармысың, бауырым! бағдарламасы бір-
бірінен көз жазып қалған туыстарды табыстыруды мақсат етсе, Қазақстан
ұлттық арнасының Ілік септігі көрсетілімі тарихи танымдық мағлұмат беруді
көздейді. Халыққа көрсетілген осы сапалы қызметтерінің арқасында  аталмыш
телехабарлар тартымдылығымен көрермендердің ықыласына бөленіп отыр. Сонымен
қатар Бармысың, бауырым! бағдарламасының басылымдық нұсқасы да пайда
болып, Айқын, Литер газеттерінде жарыққа шығарылып келеді.[6].
Ақпараттық саясатты құрайтын тағы бір фактор әртүрлі саяси науқандарға
арналған тақырыптық бағдарламалар болып табылады. Мысалы, сайлау, заң
жобаларын талқылау, халықаралық айтулы оқиғалар немесе даталы мерекелерге
арналған арнайы телехабарлар жасалып, сол көріністің мәнін, маңыздылығын,
тарихын халыққа түсіндіреді. 2009, 2010 жылдары Қазақстанның ЕҚЫҰ-на
төрағалық етуі мен тұңғыш Президенттің 70 жылдығына арналған деректі
телефильмдер мен арнайы бағдарламалар эфирге көптеп шығарылды. Мұндағы
негізгі саясат елдің ішкі-сыртқы жағымды имиджін қалыптастыру, халықаралық
аренадағы абыройын арттыруда жатса керек. Ал, өткен жылдың соңы мен жаңа
жылдың бастапқы айында телеарналар заңсыз екенін біле тұра референдуммен
қатты ауырып барып, таяуда ғана айыққандай болды.
Белгілі бір ақпараттық саясатты жүзеге асыру барысында телеарна үшін
өзекті мәселенің бірі тақырыпты өрге сүйрейтін материалдарды жоспарлау,
дайындау, эфирге шығаруды қамтамасыз ету болмақ. Сонымен бірге телеарнаның
аудиториямын қарым-қатынасы, көрермен қауыммен кері байланыс орнату да
маңызы зор мәселелер болып табылады.

Дегенмен, қазақ телевизиясы бағдарламаларының дені белгілі  бір
оқиғаға, көріністер мен деректерге жағымды баға берген бағытта көрініс
табатындығын аңғаруға болады. Әсіресе, мұндай жайтты Нұр Отан саяси
партиясы ұйымдастырған іс шаралар жайындағы репортаждар мен телехабарлардан
көреміз. Жасалған жұмыстың мазмұны жағымды әсер қалдырса, оны неге
мақтамасқа. Алайда, оны жаппай мадаққа бөлеп, бос ұранға негізделген
даңғаза шуға айналдырып жіберетін болса, істің мазмұнын төмендетіп жіберуі
ықтимал. Сондықтан, әрбір іс шараға шынайы әділдікпен қарау, барды бар,
жоқты жоқ күйінде көрсету маңызды. Қажет болса, іскерлік әрі шын сыннан тыс
тұрмағанымыз абзал.
Хабар телеарнасында қазір Таразы, Арнайы репортаж сияқты өзекті
мәселелерді көтеретін бағдарламалар да бар. Олардың әр санында қоғамда бар
түйткілді жайттар міндетті түрде қозғалып отырады. Әрине, жеңіл-желпі
тақырыптарға арналған ток-шоулар да шығып жатыр. Олардың барлығының сапасы
керемет деп бірден айтуға келмейді. Дәл бүгінгі сәтте, рухани азық беретін
интеллектуалды хабарлардың жетіспей тұрғаны анық байқалады.
Сондай-ақ, ақпараттық-сараптама  СерпінПрорыв бағдарламасының әр
шығарылымында журналист жеке бір тақырыпты қозғайды. Мәселенің Қазақстанда
және әлемде қандай деңгейде екендігі, маңыздылығы, мәселені шешу жолдары,
тәжірибе (отандық және шетелдік), билік өкілдерінің, тиісті министрліктер
мен құрылымдардың, мамандар мен сарапшылар, бизнес өкілдерінің
түсініктемесі т.б. Бұл бағдарламаның мақсаты - ел экономикасының әр
саласындағы жүзеге асырылып жатқан жаңа жобаларға (өндіріс, ауыл
шаруашылығы, ғылым, заң, әлеуметтік сала, экология, мәдениет т.б) халықтың
назарын аударту. Бетпе-бет бағдарламасы танымал саясаткер, мемлекеттік
және қоғам қайраткері, парламент депутаты сынды танымал тұлғалардың бір
өкілімен ең өзекті мәселені талқыға салады.
Шындықтың өзін пікірсайыс арқылы тануға болатындығын ескерсек,
тележүргізуші үшін ешкімді жақтамай және алаламай бәрін тыңдай отырып,
ортақ мүддені қатаң ұстана отырып, дәйекті тұжырым жасауы қажет болады.
Кейде тұжырым жасамай, журналист субьективтік көзқарасына сүйенбей-ақ
проблеманы көптің талқысына тастап, көрерменге ой салатын тұстары да
практикада кездеседі. Айталық, Хабар агенттігінің Таразы бағдарламасы
жоғарыдағыдай үрдісті сәтті қалыптастырып келеді. Қалай болғанда да
пікірсайыс барысында айтылған сынның да ұсыныстың да негізі өзекті
мәселенің түйінін шешуге, мәнін айқындап, мәселені оңтайлы жаққа қарай
бұруға бағыттаған абзал. Пікірсайыстың сынмен үндестігі де, іскерлік сипаты
мен нәтижесінің пайдалы болатындығы да осында болса керек. Сондықтан, қоғам
өміріндегі ең маңызды әрі халықты толғандырып отырған өткір мәселе ғана
таңдалып алынуға тиіс.

Қазақстан Ұлттық телеарнасын, Қазақ радиосын және аймақтық телерадио-
компанияларды біріктіретін "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы
еліміздің электронды бұқаралық ақпарат құралдары арасында ерекше орын
алады. Бұл мекеме өзінің қалыптасуында бай тарихқа ие және Қазақстанның
теле-радиожурналистикасының үздік дәстүрін мұра етіп келеді. Мұның
бастауында 1922 жылы негізі қаланған Қазақ радиосы мен 1958 жылы құрылған
республикалық бірінші телеарна тұр.

1958-жылы телевизия Қазақстанда пайда болды. Сол кездегі республика
астанасы – Алматының тұрғындары 8-наурыз күні тұңғыш рет өз экрандарында
Қазақ теледидарының алғашқы дикторлары: Зұлхия Жұматова мен Нейля
Омарованың дидарын көрді. Олар көпшілікті Алматыда теледидар хабарларының
басталуымен, ал әйелдер қауымын мерекелермен құттықтап, жылы лебіз
білдірді. Бірер жылдан кейін еліміздің басқа да қалаларында телестудиялар
ашылып, Қазақ теледидарының хабар тарататын аумағы кеңейе түсті.
60-жылдары футбол матчтарынан, концерттерден, мерекелік іс-шаралардан
тікелей эфирдегі репортаждар жүргізіле бастады. КТ-6 деп аталатын
камералардың салмағы 60 киллограммға дейін жететін.
1958-жылдың желтоқсанында Алматы студиясы Бүкілодақтық экранға бес
сағаттық бағдарламамен шықты. Бұл тұста қазақ әдебиеті мен өнерінің он
күндігі жүріп жатқан болатын. Сол жылдардағы қиындықтарға қарамастан 1959-
жылдың сәуіріне дейін Қазақ теледидары 333 бағдарлама дайындап, 497
кинофильм мен киножурнал дайыдап үлгерді.

Корпорацияның хабар тарату саясаты:
✓ Ақпараттық, ағартушылық , ойын-сауықтық бағыттағы ақпарат беру;
✓ Ұлттық және әлемдік мәдениеттің құндылықтарын насихаттау;
✓ Қазақстан халықтары арасындағы достықтың даңқын арттыру;
✓ Жас мемлекетіміздің әрбір тұрғынына дұрыс бағдар беру;
✓ Туған жерге деген махаббат сезімдерін қалыптастастыруға ықпал ету;
✓ Ел азаматтары арасында ертеңгі күнге деген сенімділік пен оптимизм
орнықтыру;
✓ Өзінің азаматтық ұстанымын таңдауға көмектесу.

Корпорация ұжымы қазіргі заманға сай ойлайтын шығармашылық
қызметкерлерге және инженерлік-техникалық құралдар кешеніне ие болып
отырған ұлттық арна. Мұның бәрі қарқынды дамып келе жатқан қоғамның
ерекшеліктерін және көрермендер мен тыңдармандардың ақпараттық-
ағартушылық қажеттіліктерін ескере отырып,ұжымның жоғары сапалы
эфирлік өнім өндіруіне кепілдік береді.

Қазақстан ұлттық арнасында жаңадан хабарлар циклі, қызықты да
тартымды ток-шоулар пайда болып, көрермендер мен тыңдармандардың талғамы
артты. Қазіргі заманға сай және қарқынды түрде дами отырып,
телерадиокорпорацияның жаңа бет-бейнесі пайда болды.
Қазақстан респубикасының 75 % аумағын қамтып, 10 миллионға жуық
талғампаз көрерменіне әртүрлі жанрдағы бағдарламалары мен фильмдерін
тәулігіне 18 сағат бойы ұсынып отырған арна - Еларна телеарнасы. 2000
жылы Ұлыстың ұлы күнінде жаңа үмітпен жаңа арнаның ашылу салтанаты өтті.
Хабар-2 Ел Арна деген атаумен алмастырылды. Арнаның жаңа атқа ие болуы
оның Хабардың көлеңкесі ғана емес, өзіндік ерекшелігі бар жеке арна
екенін тағы бір дәлелдей түсті.

Еларнаның алға қойған мақсаттары:
✓ Қазақ халқының тарихы мен мәдени жәдігерлерін ұлықтау;

✓ Еліміздегі әлеуметтік мәселелерге көңіл бөлу;

✓ Жастар саясатын дамыту.

Сол күні ең алғаш жаңа арнаның тікелей эфирінен Тарих пен таным
бағдарламасы көрерменімен қауышты. Бұдан кейін арнаның эфирі мемлекеттік
тілдегі жобалармен толыға түсті. Қазақ тілді бағдарламаларға сусап отырған
халық арнаның алғашқы қадамдарын ыстық ықыласымен қабылдады.
Ел арнаның ең алғашқы бағдарламалары әлі күнге дейін ел аузында.
Ошақтың отын өшірмей, Қара өлең, Заң мен заман Дін мен діл, Мың
бір мақал, Қазақтар, Ой көкпар, Қарапайым қағидалар сияқты хабарлар
елді елең еткізер мәселелерді қозғады. Ал қазақ әнін, музыка өнерін
насихаттаған Саз сандық, Кертолғау, Ұлы дала сазы, Ауылдың алты
ауызы сияқты бағдарламалар көрерменнің жүрегін бірден жаулап алды.
Қазақ қай жерде жүрсе де қазақтығын сақтап қалған. Соны айқындайтын
арнадағы ауқымды тележобалардың бірі – Қазақтар. Тұңғиық терең
тарихымызды парақтап, салт-дәстүрімізбен сабақтастырып қазақты өзгеге де,
өзіне де таныта білген бұл бағдарлама көрерменнің санасын дүр сілкіндірді.
Тек Қазақстандағы қазақтарды ғана емес, сонымен қатар алыс-жақын шетелдегі
қандастарымыздың өмірінен де сыр шертті.Сонымен қатар, Ел Арнада
Алтыбақан, Біздің көшенің тұрғындары, Бірінші байлық, Таразы,
Шекара, Жәдігер, Әзілің жарасса, Теңбіл доп, Өлең сөздің патшасы
сияқты жаңа жобалардың тұсауы кесілді. Қайнап жатқан шығармашылық қазанында
шыңдап шыныққан тәжірбиелі мамандар ең қызықты кейіпкерлерді жинап, ең
көркем видеоларды таңдап, қайталанбас бағдарламалар тудырды.
2008 жылы Ел Арнаға Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ерекше
назар аударып, мәдениет, спорт және жастар арнасы етіп қайта құруды
тапсырады. Осы сәттен кейін Ел Арна эфиріне елеулі өзгерістер енді.
Отбасының әрбір мүшесіне қызықты, әр түрлі әлеуметтік топтарды қамтыған
жаңа жобалар телевизия айдынында көріне түсті.
✓ Спорт әлеміндегі айтулы оқиғалар (Олимпиада ойындары, бокстан әлем
чемпионаты);
✓ Футбол жанкүйерлері үшін үздік матчтар;
✓ Спорт әлеміндегі жаңалықтар жайлы журналдар дайындалды;
✓ Әлемге әйгілі киностудиялар мен телекомпаниялардың ең үздік
фильмдері киносүйер қауымның көңілінен шықты;
✓ Әрбір жанұя тағатсыздана күтіп көретін кешкі телехикаялар да Ел
Арнадан ғана көрсетілетінін ел анық біледі;
✓ Ар намысы бар жастар Азамат бағдарламасында азаматтық ұстанымын
дәлелдейді. Азаматтан үзінді Ел рухын асқақтатар әдемі әңгімеге
куә болғыңыз келсе, Рухани әңгімеге құлақ түріңіз.
✓ Өмірді сүйетін жандардың тағдыры Өмірге құштарлық бағдарламасы
сиқты жаңа хағдарламаларды тудырды.

2009 жылы Ел арнаның жаңа форматы қарқынды дами бастады, арна осы
уақыттан бастап спорт және жастар жағына қарай басымдық берді.
Арнаның негізгі міндеті – тұрақты жастар аудиториясын қалыптастыру және де
отбасы аудиториясына да негізделген.
2009 жылы Ел арнаның спорттық және жастар арнасы ретінде атқарған басты
жетістіктері тоқталатын болсам:
• Тұрақты аудиторияның қалыптасуы.
• Әйгілі бренд ретінде танылу.
• Жастардың санасында патриоттық, салауатты өмірге құштарлық сезімін
ұялату.
• Қазақстандық телекөрерменнің эстетикалық талғамын кеңейту мақсатында -
мәдениеттілік, рухани-адамгершілік құндылықтарын интерактивті жанрда
қалыптастыру.
• Жаңа да жеңіл жанр негізінде жастар аудиториясын кеңейту.
• Экранның жаңа, танымал Қазақстан болашағына зор еңбек атқаратын
образдарын және қаһармандарын жасау.
• Жалпылама спортты дамыту.
Арнаның жаңа стандарттарына сай бағдарламалар шыға бастады, ол –
отбасылық-танымдық Формула семьи бағдарламасы, Спокойствие, только
спокойствие ток-шоуы, балалар-танымдық Хочу быть бағдарламасы. Танымал
Қазақстандық КВН командасының қатысуымен Қызықстан жобасы, адамгершілік
тақырыбында Самопознание, Өзін өзі тану бағдарламалары. Деректі топтама
Линия судьбы, жас аналарға арналған Аружан Сайынның Мамина школа
бағдарламасы және тағы басқалары.
Сонымен қатар Ел арнада көрермендердің жүрегін жаулаған танымал Корея,
Түркия сериалдары таратыла бастады.2010 жылдың басталуымен Еларна арансы
хабар тарату мақсат-мүдделерін өзгерткен жоқ:
• Жаңашыл ұсыным, юмор, көз тартарлық динамика.
• Отбасы, әдет-ғұрып қарым-қатынасының заманауи салауатты өмір сүруге
үгіт-насихат жүргізу.
• Түсінікті тілде тілдесу.
• Жүргізушілер – Қазақстан эстрадасы жұлдыздары.
• Әр түрлі бағыттағы музыкалық бағдарламалар.
2010 жыл Еларна үшін көп жаңа жобаларға толы жыл болды, олар – таңғы
жастар бағдарламасы Ашық пошта, танымал әнші Мақпал Исабекованың
жүргізуімен музыкалы-сауықтық бағдарлама Сүйінші, екі тілде жүргізілетін
аспаздық бағдарлама Берекелі дастархан, толық циклдық бағдарлама Что
наша жизнь - Өмірде болған, арнайы жоба Телевизиялық Лига КВН, Бәрі
есімде , реалити-шоу Шіркін, life!.
Ел арна телеарнасы өзінің телекөрермендері секілді, қазіргі заманға
лайықты алға қадам басып келеді.Ұжымның басты мақсаты- телекөрермендерге
қуаныш пен қызықты сәттер сыйлау болып табылады. Арнаның ұраны – БІЗ СІЗБЕН
БІРГЕМІЗ!
КТК телеарнасында тұңғыш қазақ тіліндегі ақпараттық бағдарлама Бір
күн деген атпен 1998 жылдың тамыз айында шыққан. Бір айдан кейін
Күндерек деп аталды. 2000 жылдан бастап Күндеректің сапасы арта түсіп,
телекеңістікке жаңадан Шарайна ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы келіп
қосылды. Бұл хабардың сол кезде жаппай шығып жатқан апталық сараптамалық
телебағдарламалар арасында өзіндік ерекшелігі болды. 
КТК телеарнасының бағыты:
✓ Еліміздің рухани дамуына, саяси тұрақтылығын нығайтып, әлеуметтік
жағынан жетілуне үлес қосу;
✓ Ұлтаралық ынтымақтастықтың бекуіне ықпал ету;
✓ Басқа елдердің мәдениетінен хабардар бола отырып;
✓ Ұлт мәдениетінің өркендеуіне жол ашу.
2002 жылы тамыз айында арнада апталық-сараптамалық Ел-жұрт шыға
бастады. Ерекшелігі - халық өз жағдайын өз аузымен еш боямасыз айтып беруге
мүмкіндік алды. Ал 2003 жылдың наурыз айынан Ел-жұртты Оразәлі Баймұрат
жүргізе бастады. Хабар 2006 жылы Алтын жұлдыз сыйлығын иеленді. Бұл
бағдарлама 2007 жылдың сәуіріне дейін тұрақты түрде шығып тұрды.
Сонымен қатар, Қоғамдық қабылдау, Қылмыс-ақпарат, Алақан хабарлары
да көрерменнің ерекше ықыласына бөленді. 
Миллион кімге бұйырады? хабары арқылы танымал болған Ескендір Сіргебаев
түнгі Шамшырақ бағдарламасын жүргізді. Қазіргі тележұлдыз Нұрлан
Қоянбаевтың қатысуымен Қызық радио әзіл-сықақ хабары шығып тұрды. Одан
кейін Қазақстан КВН одағының президенті Есен Елеукен J-club, Анда-санда
әзіл-сықақ бағдарламаларын шығарды. 
2007 жылғы жаңа телемаусымда Срайыл Смайылдың жетекшілігімен жаңа
бағдарламалар: Алаң жұрт ақпараттық-сараптамалық, Өз сөзім авторлық
хабары шықты. 
2008 жылдың наурыз айында бірегей жоба – Репортер жарық көрді.
Бағдарлама жүргізушілері – Гүлмира Әбіқай және Асқар Махмұтұлы 2008 жылы
Қазақстан Журналистер одағының сыйлығына ие болды. 

Күндерек ақпараттық бағдарламасы 2009 жылдың басынан бастап
Жаңалықтар деп атала бастады.
КТК-ның бірнеше жыл қатарынан Жыл телеарнасы атануына қазақ
хабарларының қосқан үлесі мол. 
КТК телеарнасының ұраны:
Ел дегенде езіліп, Жұрт дегенде жұмылып істе

Ал Жаңалықтар: Астарлы ақиқат - апталық ақпарат алаңы.
Бағдарламада бүгінгі болмыс бұқпасыз, боямасыз баяндалады. Түйіткілді
тіршілік, қайшыкес көзқарас, айшықты апта – астары ақтарылады деген сөз.
Бағдарламаның жүргізуші–редакторы - Дина Төлепбергенова.
Сондай-ақ арна бірқатар жаңа жобалар шығарды. Солардың бірі – еліміздің
танымал тұлғаларын көрермен қауымға жаңа қырынан таныстыру мақсатымен
дайындалған Жүрекжарды. Бағдарламаны қарымды журналист Жадыра Сейдеш
жүргізеді, ал идея авторы Ақмарал Әбжани жобаға жетекшілік етеді.
Адам баласының алмайтын қамалы, жеңбейтін қиындығы мен шықпайтын белесі
жоқ. Әр заманның өз батыры бар, олар арамызда жүр. Журналист Гүлмира
Әбіқайдың тұрақты зерттеулерінен құралған Кейіпкер бағдарламасы да қысқа
уақыт аралығында өзінің тұрақты көрермендерін жинап алды. 
Жүрекке жылу беретін, жаныңа шуақ құятын - Кейіпкер сіздің жаныңызда
жүр. Олардың есімі, тағдыры, тұрмысы әрқилы болғанымен, ұстанымы ортақ -
өмір сүруге деген құштарлық.
Ал Қыз қылығы бағдарламасында байлықты жаны сүйетін, жігіт десе ат-
тонын ала қашатын, онша-мұншаны менсінбей, талғаммен ғана жүретін еркетотай
қыздардың қылығына куә боласыздар. 
Мәссаған атты әзіл-сықақ жобасы дағдарысқа қарсы шоу-бағдарлама.
Жобаның теленұсқасы да жоғары рейтингке ие. Ұйымдастырылған Көктебе -
2009 атты жаңа фестиваль да халық көңiлiнен шығып, мерейлерi үстем болды.
Бұл бағдарламада театр тарландары мен КВН ойыншылары, сондай-ақ, эстрада
әншiлерi мен әртүрлi би ұйымдары бiр сахнада қауышады. 
КТК телеарнасындағы жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті
қалыптастыруға жол ашатын Алтын белбеу жобасы. Сыр өңірінде соңғы
уақытта ұйымдастырылған ірі сайыс. Іріктеу кезінде боз кілемге шыққан 30
мыңнан астам балуан жас ерекшелігіне қарай үш топқа бөлініп белдесті. Соның
ішінен жауырыны жерге тимеген 100 шақтысы ғана ақтық сынға жолдама
алды."Алтын белбеу" ұлттық идея төңірегінде салауатты өмір салтын
насихаттауға арналған бағдарлама. 

КТК телеарнасындағы Портрет недели ақпараттық- сараптамалық
бағдарламасын – әдемі өмір сүретіндер емес, керісінше, көмекке мұқтаж
жандардың шынайы өмірі қызықтырады.Сондықтан да Портрет недели
бағдарламасынының рейтингі жоғары. ТМД мемлекеттерінің арасында Портрет
недели бағдарламасы бірінші рет 46 пайыз көрермені бар кең аудиторияға
айналып отыр.Бұл көрсеткіш бағдарламаның шынайылығын көрсетсе керек.[7].
Қазақтың ұлттық билерiнiң iшiндегі бояуы қанық, шоқтығы биiк Қаражорға биін
ең алғашқы болып КТК арнасы халық арасында кеңінен насихаттауды қолға алды.
Алатау баурайында КТК журналистерімен бірге кино, театр жұлдыздары, спорт
саңлақтары мен басқа да танымал азаматтар ән шырқап, буын биін биледі.
Билеушілер қатарына 300-ден астам студенттер де қосылды. Болашақта КТК
телеарнасы болашақта да ұлттық бағдармаларға әсерлі рең беріп,
көрермендерін қуанта бермек.
Бүгінгі КТК - кинокорсетілімде, төл бағдарламалары мен киноөнімдерін
жасауда, ақпарат таратуда алдыңғы орында тұрған жедел дамушы телкомпания.
Коммерциялық телеарна ең алғаш эфирге 1991 жылы ақпан айында шықты. Осы
уақыт ішінде КТК ұлттық хабар таратушы мәртебесіне дейін көтеріліп,
еліміздің телевизия нарығындағы көшбасшыға айналды.
31 арна- Қазақстандағы танымал әрі ең беделді телеарналардың бірі.
Бүгінде аталмыш арна отандық масс-медиа өндірісінде көшбасшы болып келді.
Сондықтан Сондықтан 31 арнаның әзірлеп отырған жобалары талғамы жоғары
көрермендер тарапынан үлкен бағаға ие болып жататын сәттері жиі кездесіп
жатады. Оның себебі айтпаса да баршаға түсінікті болар. 31арна техникалық
жағынан жақсы жасақталған, сапасы жоғары және тың өнімдер жасауға бар ынта-
жігерін салып қызмет етеді. Жалпы 31-дің аудиториясы 6 жастан, 54 жасқа
дейінгі өмірге деген құлшынысы жоғары, белсенді көрермендерден құралған.
Олар жас ерекшеліктеріне еш шектеу қоймастан, көңіл қалауындағы кез-келген
бағдарламасы мен фильмдерін көре алады. 1992 жылы 31арна ТРК-ның негізі
қаланды. Журналистика саласындағы жыл сайын өтетін "Алтын Жұлдыз"
жүлдесіне "Информбюро" жаңалықтары (үздік ақпараттық бағдарлама есебінде)
ие болды.

Балапан арнасының дүниеге келуі көптен күткен жаңалық болды. Енді
одан шығатын хабарлар мен мультфильмдердің мән-мағыналық сипаты мен ұлттық
келбеті айқын бола түсуі тиіс. Қазақ ертегілерінің кейіпкерлері, батыр, би,
хандарымыз, шешендеріміз, ұлт қайраткерлері туралы танымдық-тағылымдық
хабарлар көп дайындалуы қажет. Телеарна тарапынан экран алдындағы кішкентай
бүлдіршін көрермендер үшін жаңа жобалар, балаларға арналған кызықты
бағдарламалар жүзеге асырылып жатса, онда телеарнаның Қазақстандағы
балаларға арналған өзіндік ерекшелігі бар жеке арна екенін тағы бір
дәлелдей түседі.

НТК телеарнасы - Қазақстанның барлық қалалары мен аудан орталықтарына
тәулігіне 19 сағат хабар тарататын бірінші көңілашар арна. Арнаның
бағдарламалық стратегиясы – сатиралық көңілашар және танымдық
бағдарламалар. Телеарнаның жанрлық құрылымын фильмдер, сериалдар,
шынайылығыменен ерекшеленетін, жоғары техникалық талаптарға жауап беретін
әзіл-ысқақ және ойын пішіндері. НТК телеарнасы өз уақытын дұрыс әрі
тиімді пайдалана алатын тұлғаларға арналған еліміздегі бірінші көңілашар
арнасы болып табылады.
Еліміздегі телевизия туралы айтқанда бір ойланатын мәселе бар деп
санаймын. Қай арнаны болмасын қарасаңыз, негізінен оны не басқа ұлт өкілі,
немесе мемлекеттік тілді менсіне қоймайтын азаматтар басқарып отыр. Тым
болмаса оған қаржы беріп отырғандардың арасынан мемлекеттік тілге шынайы
жанашыр болатын, ұлтжанды әрі ана тілін жетік білумен қатар оны қастерлей
білетін жандарды таба алмаймыз. Мұндайда қазақ бабаларымыздың айтып кеткен
жаны ашымастың жанында басың ауырмасын деген ақиқат сөзі еріксіз еске
түседі.
Республикалық Айқын газетінің (26.06.2006 жылы) сайтында журналист
Жігер Сәрсеновтың Отандық телевизияның олқылығы қайсы? атты мақаласы
жарыққа шыққан болатын. Бұл мақалада Отандық телевизия қандай деңгейде
тұр?... деген сауалға жауап берген журналистер былай деген:
Берік УӘЛИ, Хабар телеарнасындағы Бетпе-бет бағдарламасының
жүргізушісі:
– Өкінішке қарай, даму үстінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хабар арнасындағы тележүргізушілер мектебі
Экрандағы бейне мен сөздің үйлесімі, телеарналар ерекшелігі
Телебағдарламадағы журналистің позициясы
Электронды бақ және мәдени хабарлар
Тіл халықтың жаны
Қазақстан ұлттық телеарнасы мен тәуелсіз КТК, НТК, 31 телеарналарындағы бағдарламалардың өзіндік ерекшеліктері
Қызылорда облысы және Жамбыл облыстық аймақтық арналары Qyzylorda телеарнасы, Zhambyl арнасы
Телевизиялық жаңалықтар қызметі: жылдамдық және шынайылық
Таңшолпан бағдарламасы
ҚAЗAҚСТAН ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕAРНAСЫНДAҒЫ РЕКРЕAТИВТІК БAҒДAРЛAМAЛAРДЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер