Қызылорда облысының экономикалық потенциалы



1.1 Қызылорда облысының инвестициялық саясаты
1.2 Қызылорда облысының жеңіл және ауыр өнеркәсібі
1.3 Қызылорда облысының шаруашылығы
1.1 Негізгі капиталға инвестиция салу. 2010 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында негізгі капиталға меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар 70900,0 млн. теңгенің күрделі қаржысын салды, бұл өткен жылғымен 123,1 пайызды құрайды.
Инвестицияның 3321,3 млн.теңгесі республикалық бюджет, 1642,5 млн.теңгесі жергілікті бюджет, 62865,2 млн.теңгесі кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы, 1965,9 млн.теңгесі шетел инвестициясының, 1105,1 млн.теңгесі қарыз алынған қаржы есебінен игерілді. Республикалық бюджет қаржысы есебінен бірқатар жобаларды жүзеге асыру жалғасуда. «Тасбөгет қыстағының су құбырлары мен канализация желілерін кеңейту және қайта құру» бойынша 384,3 млн.теңге қаржы бөлініп, 382,7 млн.теңге игерілді. Бүгінгі күнге 1 су жинау қоймасы, ұзындығы 11,3 км ауыз су жүйесі және 13,4 км кәріз су жүйесі салынды. «Қызылорда қаласының су құбырлары мен кәріздік желілерін қайта жаңғырту және кеңейту» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаны жалғастыруға 523,6 млн.теңге қаржы бөлініп, 489,8 млн.теңгесі игерілді. №13 КНС-тен биологиялық тазалау станциясына дейін 13,5 км кәріз жүйелері, №37-№36 КНС-тер аралығы, №14-№6 КНС-тер аралығы, №25-№26 КНС-тер аралығы, №26-№7 КНС-тер аралықтарындағы 6,2 км кәріз су жүйелері қайта жаңғыртылды. «Қызылорда қаласының сарқынды суларды биологиялық тазарту станциясына баратын қысымды коллекторларын және кәріздік насос станцияларының құрылысын салу және қайта жаңғырту» жобасын аяқтауға 200,0 млн.теңге бөлініп, №1 КНС-тен және №12 КНС–тен биологиялық тазарту станциясына дейін ұзындығы 9,6 км қысымды коллекторлардың құрылысы салынды. Жаңадан салынып жатқан көпқабатты және жеке тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын дамытуға республикалық бюджеттен 1115,0 млн.теңге бөлінген қаржының 1052,9 млн.теңгесі игеріліп, төмендегідей жұмыстар атқарылды. Сәулет, Жібек жолы, Сырдария мөлтек аудандарында, КБИ, Ипподром, Жаңа ауыл аудандарында 17 дана сыртқы трансформаторлық қондырғы (КТПН) және ұзындығы 21,9 км электр желілерінің құрылысы салынды. Сәулет, Саяхат, Арай мөлтек аудандарында, Әл-Фараби, СПМК-70, Жаңа ауыл аудандарында ұзындығы 1,0 км асфальт және 20 км тас жол құрылысы салынды. Сәулет, Саяхат мөлтек аудандарында, Жаңа ауыл, КБИ, Әл-Фараби, Рисмаш аудандары, Титов қыстағында, орталық стадион ауданында 3 дана ұңғыма және ұзындығы 16,7 км су құбырлары құрылысы жүргізілді. Сырдария мөлтек ауданында инженерлік жүйелердің құрылысы жүргізілді: ұзындығы 9,62 км қысымды канализация жүйесі, 300 м аула аралық су жүйесі, 2,65 км ішкі және сыртқы аяқ су жүйесі, 324 м аула аралық кәріз су жүйесі, 1,13 км электр желісі, 2,1 км ПС 35/10 кВт электр желісі, 585м телефон желісі, 11,2 мың шаршы метр аула аралық және сыртқы айналма жол жүргізілді. Сырдария мөлтек ауданындағы жаңа 1248 орындық мектеп құрылысына 100,0 млн.теңге, Қызылжарма ауылдық округіндегі 1200 орындық мектеп құрылысына 423,5 млн.теңге қаржы бөлініп, құрылыстары басталды.
Интернет желісі
1.www.economakmola.gov.kz
2.kaztrk.k/news

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық
Университеті


Басқару
факультеті
Экономиканы мемлекеттік реттеу кафедрасы
Аймақтық эканомика пәні бойынша

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қызылорда облысының экономикалық потенциалы

Орындаған: Абдувалиева А.Е.

3 курс, әлеуметтік жұмыс мамандығы

301 тобының студенті

Тексерген: Тоқтасынов С.У.

Жоспар:
1. Қызылорда облысының инвестициялық саясаты
2. Қызылорда облысының жеңіл және ауыр өнеркәсібі
3. Қызылорда облысының шаруашылығы

1.1 Негізгі капиталға инвестиция салу. 2010 жылдың қаңтар – желтоқсан
айларында негізгі капиталға меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен
ұйымдар 70900,0 млн. теңгенің күрделі қаржысын салды, бұл өткен жылғымен
123,1 пайызды құрайды.
Инвестицияның 3321,3 млн.теңгесі республикалық бюджет, 1642,5 млн.теңгесі
жергілікті бюджет, 62865,2 млн.теңгесі кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы,
1965,9 млн.теңгесі шетел инвестициясының, 1105,1 млн.теңгесі қарыз алынған
қаржы есебінен игерілді. Республикалық бюджет қаржысы есебінен бірқатар
жобаларды жүзеге асыру жалғасуда. Тасбөгет қыстағының су құбырлары мен
канализация желілерін кеңейту және қайта құру бойынша 384,3 млн.теңге
қаржы бөлініп, 382,7 млн.теңге игерілді. Бүгінгі күнге 1 су жинау қоймасы,
ұзындығы 11,3 км ауыз су жүйесі және 13,4 км кәріз су жүйесі салынды.
Қызылорда қаласының су құбырлары мен кәріздік желілерін қайта жаңғырту
және кеңейту жобасы жүзеге асырылуда. Жобаны жалғастыруға 523,6 млн.теңге
қаржы бөлініп, 489,8 млн.теңгесі игерілді. №13 КНС-тен биологиялық тазалау
станциясына дейін 13,5 км кәріз жүйелері, №37-№36 КНС-тер аралығы, №14-№6
КНС-тер аралығы, №25-№26 КНС-тер аралығы, №26-№7 КНС-тер аралықтарындағы
6,2 км кәріз су жүйелері қайта жаңғыртылды. Қызылорда қаласының сарқынды
суларды биологиялық тазарту станциясына баратын қысымды коллекторларын және
кәріздік насос станцияларының құрылысын салу және қайта жаңғырту жобасын
аяқтауға 200,0 млн.теңге бөлініп, №1 КНС-тен және №12 КНС–тен биологиялық
тазарту станциясына дейін ұзындығы 9,6 км қысымды коллекторлардың құрылысы
салынды. Жаңадан салынып жатқан көпқабатты және жеке тұрғын үйлердің
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын дамытуға республикалық
бюджеттен 1115,0 млн.теңге бөлінген қаржының 1052,9 млн.теңгесі игеріліп,
төмендегідей жұмыстар атқарылды. Сәулет, Жібек жолы, Сырдария мөлтек
аудандарында, КБИ, Ипподром, Жаңа ауыл аудандарында 17 дана сыртқы
трансформаторлық қондырғы (КТПН) және ұзындығы 21,9 км электр желілерінің
құрылысы салынды. Сәулет, Саяхат, Арай мөлтек аудандарында, Әл-Фараби, СПМК-
70, Жаңа ауыл аудандарында ұзындығы 1,0 км асфальт және 20 км тас жол
құрылысы салынды. Сәулет, Саяхат мөлтек аудандарында, Жаңа ауыл, КБИ, Әл-
Фараби, Рисмаш аудандары, Титов қыстағында, орталық стадион ауданында 3
дана ұңғыма және ұзындығы 16,7 км су құбырлары құрылысы жүргізілді.
Сырдария мөлтек ауданында инженерлік жүйелердің құрылысы жүргізілді:
ұзындығы 9,62 км қысымды канализация жүйесі, 300 м аула аралық су жүйесі,
2,65 км ішкі және сыртқы аяқ су жүйесі, 324 м аула аралық кәріз су жүйесі,
1,13 км электр желісі, 2,1 км ПС 3510 кВт электр желісі, 585м телефон
желісі, 11,2 мың шаршы метр аула аралық және сыртқы айналма жол жүргізілді.
Сырдария мөлтек ауданындағы жаңа 1248 орындық мектеп құрылысына 100,0
млн.теңге, Қызылжарма ауылдық округіндегі 1200 орындық мектеп құрылысына
423,5 млн.теңге қаржы бөлініп, құрылыстары басталды. Әл-Фараби көшесінде
салынып жатқан 624 орындық мектеп құрылысын аяқтауға 292,5 млн.теңге
бөлініп, іске қосылды. Облыстық бюджет қаржысы есебінен Талсуат ауыл
округіндегі 150 орындық мектеп құрылысын аяқтауға 142,1 млн.теңге қаржы
бөлініп, желтоқсан айында іске қосылды. 2008 жылдың 1 қаңтарына жалпы
көлемі 140,4 мың шаршы метр 1163 тұрғын үй, оның ішінде 120,7 мың шаршы
метр жеке тұрғындар және кәсіпорындардың қаржысы есебінен іске қосылды.
Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына сәйкес қалада 3 ипотекалық (1 үй – 60
пәтерлік, 1 үй – 40 пәтерлік, 1 үй – 30 пәтерлік) және бір 60 пәтерлік
коммуналдық тұрғын үйлердің құрылысы аяқталды. Жергілікті бюджет қаржысы
есебінен ауылдық жерлерде жас мамандарға арнап тұрғын үйлер салу жалғасуда.
2007 жылы Қызылөзек ауылында 1 үй, Қызылжармада 2 үй, Қарауылтөбеде 2 үй,
Қосшыңырауда 1 үй, Ақсуатта – 2 үй, Ақжармада – 2 үй, барлығы 10 тұрғын
үйдің құрылысы аяқталды.
Қызылорда облысында өткен жылы  "Жол картасы" бойынша республикалық
және жергілікті бюджеттерден барлығы 8,4 млрд. теңге қаржы қаралып, 231
инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде 11 мыңға жуық жаңа жұмыс
орны ашылды, 3 мыңнан астам адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты.
Жастар тәжірибесі бойынша 2 мыңға жуық адам жұмысқа тартылды. Мамандарды
кәсіби даярлау және қайта даярлау бағыты бойынша 4 мыңнан аса адам
дайындалды. Өткен жылы облыс бюджетінің өз кірістері 2,2 есеге, шығысы 2
есеге жуық ұлғайып, 107 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіп саласы аталған
кезеңде 587 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Осы орайда облыста өнеркәсіптің
тау-кен саласына тәуелді болмай, өңдеу саласы бойынша инвестициялық жобалар
әзірленіп, жүзеге асырылды. Нәтижеде өткен жылдың басынан бері жалпы құны
30 млрд. теңгені құрайтын 9 жаңа өндіріс іске қосылып, 775 жаңа жұмыс орны
ашылды. Өңдеу өнеркәсібінің нәтижелері бойынша облыс республикада алдыңғы
қатарға шықты. Сондай-ақ аймақта инфляцияны тежеп, тұтыну рыногында
бағалардың өсуін баяулату барысында жемісті жұмыстар атқарылып, бұл бағытта
да облыс республикада тәуір көрсеткіштерге қол жеткізді.

1.2 Өнеркәсіп. 2009 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында қаланың
өнеркәсіп кәсіпорындары 615522,1 млн.теңгенің өнеркәсіп тауарларын өндіріп,
өнім көлемі өткен жылғыдан 3,3 пайызға өсті.
Кен өндіру өнеркәсібінде өнім көлемі 601434,6 млн.теңгенің өнімін өндіріп,
өткен жылғыдан 3,1 пайызға артты. Бұл жалпы өнеркәсіп өнімінің 97,7 пайызын
құрайды. Барлығы 11729,8 мың тонна мұнай, 1142,4 млн.текше метр газ
өндіріліп, өткен жылғыдан мұнай өндіру 2,1 пайызға, газ өндіру 11,0 пайызға
артты. Өңдеуші өнеркәсіп саласының өнім көлемі 7844,7 млн.теңгені немесе
салыстырмалы кезеңмен 101,3 пайызды құрады. Бұл барлық өнімнің 1,3 пайызын
құрайды. Тамақ өнімдерін өндіру 17,5 пайызға, тоқыма және тігін өнімдері –
24,9 пайызға, ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдарды шығару-28,8
пайызға, қағаз, картон өнеркәсібі, баспа ісінде-38,7 пайызға, резеңке және
пластмасса өнімдерін өндіру- 57,0 пайызға, машина және құрал-жабдықтар
өндіру – 9,2 пайызға артты. Электр қуатын, суды және газды өндіру және
тарату саласында өнім көлемі 6242,8 млн.теңге болып, өткен жылғымен 115,1
пайызды құрады. Бұл жалпы өнімнің 1,0 пайызын құрайды. Электр қуатын өндіру
және тарату 15,2 пайызға, газ өндіру және тарату-30,3 пайызға, жылу және
ыстық сумен қамтамасыз ету-10,0 пайызға, суды жинау, тазалау және тарату
-8,6 пайызға артты.
2010 жылдың 1 тоқсанында қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 196980,3
млн.теңгенің өнеркәсіп тауарларын өндіріп, өнім көлемі өткен жылдың
салыстырмалы кезеңімен 98,9 пайызды құрады.
Кен өндіру өнеркәсібінде өнім көлемі 192658,0 млн.теңгенің өнімін өндіріп,
өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 98,2 пайызды құрады. Бұл жалпы
өнеркәсіп өнімінің 97,8 пайызын құрайды. Барлығы 2774,6 мың тонна мұнай
өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 97,7 пайызды құрады. Өңдеуші
өнеркәсіп саласының өнім көлемі 1841,7 млн.теңгені құрап, салыстырмалы
кезеңнен 14,9 пайызға артты. Бұл барлық өнімнің 0,9 пайызын құрайды. Тамақ
өнімдерін өндіру 68,8 пайызға, ағаш өнімдерін өңдеу-29,3 пайызға, целлюлоза-
қағаз өнеркәсібі, баспа өндірісі- 38,2 пайызға, машина жасау – 15,5
пайызға, өнеркәсіптің басқа салалары – 74,4 пайызға артты. Электр қуатын,
суды және газды өндіру және тарату саласында өнім көлемі 2480,6 млн.теңге
болып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 113,8 пайызды құрады. Бұл жалпы
өнімнің 1,3 пайызын құрайды. Электр қуатын өндіру және тарату 12 пайызға,
газ өндіру және тарату-16,1 пайызға, жылумен қамтамасыз ету-12,8 пайызға,
суды жинау, тазалау және тарату-34,8 пайызға артты.

1.3 Қызылорда облысының агроөнеркәсіп кешенінің дамуы
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімі облыс бойынша 2006 жылы 17,6 млрд.
теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 103,9 %-ға артты.
Егіс көлемі
2007 жылы облыс бойынша 153,7 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылдығы
дақылдары орналастырылады. Оның 84,9 мың гектары дәнді дақылдар осының
ішінде күріш егісінің үлесі 73,2 мың гектар болып отыр.
  Тұқым шаруашылығы соңғы жылдары облыста сорт жаңалау, сорталмастыру
жүйесі қалыптасып келеді.
Облыс бойынша 2- бастапқы (бірегей), 3- элита, және 7- І-ІІІ- репродукциялы
тұқым өндіретін тұқым шаруашылықтар жұмыс істейді. 2007 жылы тұқым
шаруашылықтарын қолдауға 22,1 млн теңге субсидия бөлініп, оның 18,2 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл аумақтарының мәселелерін шешу жолдары және дамыту
Оңтүстік Қазақыстаның физикалық географиясы пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Елді мекен жерлердің ұғымы
Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағының экономикалық географиялық жағдайы
Инвестиция-жедел экономикалық даму факторы ретінде
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЙМАҚТАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫН БАҒАЛАУ
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шетел инвестицияларын сақтандыру
Құбыр көлік инфрақұрылымы
Қазақстандағы туризм индустриясының қазіргі жағдайы
Пәндер