Әдебиет жанрлары



I. Шығарма жанры
II. Көркем әдебиет және көсемсөз
III. Көркем әдебиет пен көсемсөз жанрлары
IV. Әдебиет тектерінің бір.бірімен байланысы
V. Бейнелеу өнері
VI. Бейнелеу өнерінің жанрлары
Шығарма жанры дәстүрлі түрде мынадай негізгі белгісі бойынша анықталады - бір жанрдағы шығармаларды біріктіретін және айтарлықтай тұрақты, әрі тарихи қайталанатын сипаттағы мазмұнына, құрылысы мен түріне қарай.
Көркем шығарманы кеңінен танып білу жанрлар сериясын тудырады. Атап айтар болсақ, тарихи, отбасылық-тұрмыстық, детективтік, ғылыми-фантастикалық және т.б. келтіруге болады. Мұның барлығы көркем шығарманы кеңінен таңып білудің жемісі. Шығарманың танымдық мазмұны көбінесе романның, повестің және әңгіменің немесе пьеса мен көріністің, өлеңнің жеке немесе топтық портреттің жанрлық ерекшеліктерін айқындайды. Суреткердің идеялық-психологиялық бағалау ұстанымы апологиялық және сырттай объективті, ирониялық болуы мүмкін болғандықтан, бірқатар жанр түрлері туындайды. Оларға тоқталар болсақ, әдебиеттегі ода – баллада – эпиграмма – памфлет осының нәтижесі. Сонымен қатар, олардың әрқайсысында өнердің басқа түрлеріне қарағанда жанрлық мүшелену қатынасында өзгешелік бар, яғни өнердің түрі (мысалы, фольклорлық поэзия және әдебиет, поэзия және проза) мен тегіне (мысалы, әдебиеттегі эпос, лирика, драма) қарай бөлінісінде. Көркем шығарма дифференциясындағы олардың қарым-қатынасын зерделеу тұйыққа тірелуде. Өйткені, «Жанр», «Түр», «Тек», «Әр түрлілік» терминдері осыған байланысты нақты анықтамасын тапқан жоқ. Осының салдарынан, оларды қолданыста бірінің орнына бірін пайдалану жалғасуда.
Қайта өрлеу дәуірі тұсындағы өнер жанрлар арасындағы нақты демаркациялық шекара жоқ; XVII – XVIII ғасырлардағы классицизм эстетикасы жалпы иерархиялық жанрлар жүйесіндегі әр жанрдың тазалығын қамтамасыз ететін қатаң тәртіп орнатты. Сол уақытта Францияда «жанр» ұғымы қолданысқа енді; XIX ғасырда жанрлардың өзара әрекеттестік процесі қайта оралды. Олардың қосылып кетуі, тоғысуы, қатаң белгіленген шекараның бұзылуы басталды. Кейбір қазіргі заманғы теоретиктер жанр дифференциясы тіптен ескірген деп жанр мәселесін алға қоюдың қажеті жоқ деп есептейді.
Шығарманы сипаттау үшін оның мазмұнының жанрлық ерекшеліктері маңызды. Бұған байланысты ұғымдар Г. Гегельдің «Эстетика» еңбегінде, А.Н. Веселовскидің «Исторической поэтике» шығармасында және басқа да ғалымдардың еңбектерінде қамтылды. Эпикалық, драматургиялық, лирикалық және лиро-эпикалық сияқты жанрлық топтар ерекшеленген. Осындай топтардың әрқайсысының шегінде шығарма әдеби тегі, өлеңдік және прозалық формасы және соңғысы, өзінің көлемі бойынша ажыратыла алады. Көне әдебиеттің жанрлық жүйесі күрделілігімен және көп тармақтылығымен ерекшеленеді. Жаңа заман әдебиетімен салыстырып қарар болсақ, тұрақтылығымен сипатталады.
1. З.Қабдолов., Сөз өнері, Алматы 1992
2. Н.Дмитриева., Өнер тарихы, М.,1979
3. Т.Амандосов., Газет жанрлары, Алматы 1964
4. Ш.Елеукенов., Кітаптану негіздері, Алматы 1997
5. Х. Бекхожин., Қазақ баспасөзі тарихының очеркі, Алматы 1981
6. Б.Жақып., Публицистикалық шығармашылық негіздері, Алматы 2005

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Шығарма жанры

II. Көркем әдебиет және көсемсөз

III. Көркем әдебиет пен көсемсөз жанрлары

IV. Әдебиет тектерінің бір-бірімен байланысы

V. Бейнелеу өнері

VI. Бейнелеу өнерінің жанрлары

Шығарма жанры
Шығарма жанры дәстүрлі түрде мынадай  негізгі белгісі бойынша
анықталады -   бір жанрдағы шығармаларды біріктіретін және айтарлықтай
тұрақты, әрі тарихи қайталанатын сипаттағы мазмұнына, құрылысы мен түріне
қарай.
Көркем шығарманы кеңінен танып білу жанрлар сериясын тудырады. Атап
айтар болсақ,  тарихи, отбасылық-тұрмыстық,  детективтік, ғылыми-
фантастикалық және т.б. келтіруге болады.  Мұның барлығы көркем шығарманы
кеңінен таңып білудің жемісі. Шығарманың танымдық мазмұны көбінесе
романның,  повестің және әңгіменің немесе пьеса мен көріністің, өлеңнің
жеке немесе топтық портреттің жанрлық ерекшеліктерін айқындайды.
Суреткердің  идеялық-психологиялық бағалау ұстанымы апологиялық және
сырттай объективті, ирониялық болуы мүмкін болғандықтан,  бірқатар жанр
түрлері туындайды.  Оларға тоқталар болсақ, әдебиеттегі ода – баллада –
эпиграмма – памфлет осының нәтижесі.  Сонымен қатар,   олардың әрқайсысында
өнердің басқа түрлеріне қарағанда  жанрлық мүшелену қатынасында өзгешелік
бар, яғни өнердің түрі (мысалы, фольклорлық поэзия және әдебиет, поэзия
және проза) мен тегіне (мысалы, әдебиеттегі эпос, лирика, драма) қарай
бөлінісінде.  Көркем шығарма дифференциясындағы  олардың  қарым-қатынасын
зерделеу тұйыққа тірелуде.  Өйткені, Жанр, Түр, Тек, Әр түрлілік
терминдері осыған байланысты нақты анықтамасын тапқан жоқ. Осының
салдарынан, оларды қолданыста бірінің орнына бірін пайдалану жалғасуда.
Қайта өрлеу дәуірі тұсындағы өнер жанрлар арасындағы  нақты
демаркациялық шекара жоқ; XVII – XVIII ғасырлардағы классицизм эстетикасы
жалпы иерархиялық жанрлар жүйесіндегі әр жанрдың тазалығын қамтамасыз
ететін қатаң тәртіп орнатты. Сол уақытта  Францияда жанр ұғымы қолданысқа
енді; XIX ғасырда жанрлардың өзара әрекеттестік процесі қайта оралды. 
Олардың қосылып кетуі, тоғысуы,  қатаң белгіленген шекараның бұзылуы
басталды.  Кейбір қазіргі заманғы теоретиктер жанр дифференциясы тіптен
ескірген деп жанр мәселесін алға қоюдың қажеті жоқ деп есептейді.
Шығарманы сипаттау үшін оның мазмұнының жанрлық ерекшеліктері
маңызды.  Бұған байланысты ұғымдар  Г. Гегельдің Эстетика еңбегінде, А.Н.
Веселовскидің  Исторической поэтике шығармасында және  басқа да
ғалымдардың еңбектерінде қамтылды. Эпикалық,  драматургиялық, лирикалық
және лиро-эпикалық сияқты  жанрлық топтар ерекшеленген.  Осындай топтардың
әрқайсысының шегінде шығарма  әдеби тегі, өлеңдік және прозалық формасы
және соңғысы,  өзінің көлемі бойынша ажыратыла алады. Көне әдебиеттің
жанрлық жүйесі  күрделілігімен және  көп тармақтылығымен ерекшеленеді. Жаңа
заман әдебиетімен салыстырып қарар болсақ,  тұрақтылығымен сипатталады.
Кешірек,  қоғамның дамуы, өзінің жанрларымен бірге әдебиеттің де дамуы
жылдамырақ бола бастады. Әдеби бағыттың туындауымен бірге жанр жүйесі 
белсенді түрде теориялық мағына мен негіздеме берудің  нысанасына айналды.
Осылайша, классицизм поэтикасы болып жоғарғы, ортаңғы және төменгі жанрлар
ерекшеленді. Жанр жазушылар немесе ақындар міндетті түрде сақтауы керек 
регламенттелген жалғыз норма сияқты ұғынылды. Бұдан әрі классицизм
жанрларының  рационалистік жүйесін   сентименталистер мен романтиктер
бұзды.  Олар шығармашылық бостандығын  тәртіптерден  жоғары бағалап,
қарсы шықты. Романтизм классицизмге керағар жанрлар тудырды.  Ол адамның
ішкі көңіл-күйін, сезімін тереңірек ашып алдыңғы қатарға шығарды.
Классицизм  дәуірінде  орын алмаған адамның ішкі сыры, терең сезімі, жеке
тұлғаның ішкі уайым-қайғысы, қуанышы, яки адами қасиеттер сентиментализм
тұсында алдыңғы орынға шықты. Сентименталистер  шығармалары  классицистік
мадақ жырын, батырлық поэмаларды,  трагедия, поэмаларды ысырып, ішкі сырды
бейнелейтін эллегия, баллада, лиро-эпикалық романтикалық поэмаларға жол
ашты.  Әр автор жанр түрлерін  әр түрлі жүйелендірді.
Әдебиеттану ғылымында біз әдетте, әр автордың қаламының ұшқырлығы,
жазу шеберлігі өзінше дара, өркештеніп тұрады, бір-біріне ұқсамайтын
өзіндік жазу ерекшелігі болады дейміз.   Өйткені, әдебиеттану сөз өнері
болғандықтан сөз – алтын жіп, жыр – кесте демекші, сөздің
құдыреттілігімен түрліше өріледі. Алайда, көп ғасырлық даму тарихы бар 
әдебиеттану ғылымы типологиялық ұқсастықтар бар. Осылайша, типологиялық
ұқсастығы мен негізгі қырлары бойынша олар нақты бірнеше топтар мен
тектерге бөлінеді. Бұл тектік бөлініс әдебиеттану ғылымы дүниееге келген
кезден бастап туындады. Бұл көне гректер мен римдіктерге белгілі болды.
Әдебиеттегі тек пен жанр түрлерінің теориясының негізін  тұңғыш рет
Аристотель қалады. Аристотель өзінің Поэтика еңбегінде әдебиетті сөзбен
өрілген өмір дейді. Солай деп айта келе ұлы философ оның үш түріне
тоқталады. Оқиғаға автордың өзі қатыспай сырттай бейнелеуі  эпикалық
тәсіл деп айта келе ол бұған мысал ретінде Гомер шығармаларын келтіреді.
Екінші тәсіл – бұл әдеби тәсіл. Яғни,  шығарманың негізі нысанасы - 
автордың жан толғанысы, ішкі сезімі, лирикалық көңіл-күйі.  Енді ең
соңғысына келер болсақ, ол – драмалық, ал тектің өзімі драма деп аталады.
Драмада жазушының бейнелеген кейіпкерлері айтайын деген ойын өзінің іс
қимылы, дауыс ырғағы, интонациясы арқылы сахнада береді.
Неміс философы Гегель әдебиеттің тегі туралы мәселемен ден қоя
айналысқан.  Бұл ретте ол өзі ғылымының негізі етіп философиялфқ ұғымдарды
алады. Яғни, объект, субъект ұғымдарын пайдаланады.  Әдебиеттің  әдеби
тектерінің негізін ол өзінің диалектикалық идеяларының негізінде
қарастырды.  Субъект дегеніміз ақынның өзі,  эпос - баяндаушы жанр дей
келе,  лириканың түрлеріне мадақ жырын, элегияны,  лирикалық жолдауды, 
өлеңді,  эпиграмма мен сонетті жатқызады. Драмаға драма мен трагедияны
жатқызады.
Сөйтіп, бір елде ерте, бір елде кеш  тарап,  жанр атаулары қанатын
кеңінен жайды, сонымен қатар осы процесс істінде  олар әртүрлі
ассоциацияларға ие болып, басқа да мағыналарды жүктеді. Мысалы, Италияда
новелла сөзі  басында әртүрлі жанрдағы прозалық шығармаларды, рыцарлық
романдарды,  антикалық дәуірдің батырлық мифтерін, тарихи туындылар мен
мысалдарды білдірумен қатар, тұрмыстық күлкілі әңгімелерді де  білдірді. Ал
Ресейде повестерді новелла деп атады. Жазушылар өздерінің шығармаларына 
қоғамның санасында қалыптасатын  жанрлық атауын белгілейді. Авторлар кейде
жанама ассоциациялардың жетегінде кетіп, қателесуі де мүмкін.
Әдебиеттанушыларға автор пікіріне қарсы шығу қиындық тудырады.
Әртүрлі жанрдағы шығармалар кейде бір атаумен айтылса, енді бірде бір
жанр әртүрлі елдерде  түрлі атауға ие. Мысалы романдардың тарихи және
қазіргі заманғы немесе, екінші жағынан,  саяси және философиялық бөлінуін
есепке алудың қажеті жоқ.  Көркем шығармалардағы тарих пен қазіргі заман
олардың тақырыбы саласына жатады. Ал автор мен кейіпкерлердің  саяси және
философиялық мүдделері оның проблематикасы саласына жатады. Шығарманың
компазициялық мотивациясын оның жанрлық ерекшелігіне жатқызуға болмайды.
Айталық, лирикадағы арнау жанрға жатпайды.
Жанр - бұл тарихи құбылыс емес, типологиялық құбылысқа жатады. Олардың
құрылысы мүлдем басқаша болғанымен, нақты жанр туындысы болады.  Роман,
комедия, элегиялардың жанрлық ортақтығы неде?  Оны шығарманың өң бойынан
іздеген дұрыс болар деп ойлаймыз.  Яғни, шығарма авторының өз ойын беру
әдісі жанрлық тұтастықты құрайды. Жоғарыда айтқан Аристотель мен Гегель
философиясы осының айқын дәлелі болып табылады.  Көп құрылымды көркем
шығарманың мазмұынынан оның жанрлық аспектісі болып табылатын,  тарихи
қайталанатын аспектісін, жанр және оның түрлілігінің негізі жататын  қырын
табу керек.
Көркем әдебиет және көсемсөз

Әдебиет (араб. асыл сөз) – сөз өнері, әлеуметтік, мәні бар шығармалар
жиынтығы. Мазмұнына қарай саяси, ғылыми,техникалық, көркем әдебиет болып
бөлінеді. Әдебиет атауы көбінесе, көркем әдебиет мағынасында қолданыл ады.
А.Байтұрсынов оған бір нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен
келістіріп айту өнері , Сөз өнері деп баға берген. Әдебиет – жалпы
өнердің бір саласы. Бірақ ол қоғамдық сананың ерекше түрі есебінде шындықты
логикалық ойлау жүйесімен емес, көркем тіл арқылы, сөз өнерінің күшімен
суреттеп көрсетеді. Көркем бейненің сыртқы сұлбасымен бірге ішкі мазмұнын,
сырын оқырман тұшынып сезіне алатындай етіп ашады, адамның жан дүниесі мен
ішкі сезім байлығын көзге елестету арқылы қоғамдық санаға әсер етеді. Оның
өнер атаулының ең қиыны және күрделісі (Бальзак) , Өнердің ең жоғарғы
түрі (В.Белинский) болатыны да осыдан. Қазақ та Өнер алды – қызыл тіл
деп тегін айтпаған.

Көсемсөз, публицистика (лат.publicus – қоғамдық) – әдебиет пен
журналистиканың қоғамдағы көкейкесті, өткір мәселелерді қозғайтын саласы.
Көсемсөздің мақсаты – саяси, экономикалық, әлеуметтік өзекті мәселелерді
көтере отырып, қоғамдық ой-пікір қалыптастыру. Көсемсөздің осы мақсатқа
орай қалыптасқан өзгеше стилі болады, оған айтыс рухы, сендіру, иландыру,
ұйытуға бағытталған тәсілдер тән. Көсемсөздің озық үлгілерінен шешендік
сөздердің ізі аңдалатыны да содан. Көсемсөз мақсатына сай халық назарын
көкейкесті мәселеге аудара отырып, көздеген нысаны жайлы көпшілікке
түсінікті тілде – мерзімді баспасөз бетіндегі көптеген жанрларда жазылуы
мүмкін. Сондықтан көсемсөзшілердің (публицистер) айтпақ ойы, оны жеткізу
ыңғайына қарай памфлет, фельетон түрінде де жазылады. Қазақ тіліне көсем
сөз атауын А.Байтұрсынов енгізіп, Әдебиет танытқыш атты еңбегінде
теориялық тұрғыда негіздеген. Қазақ Ұлттық көсем сөзінің алғашқы үлгілері
XIX ғасырдың 2-жартысы мен XX ғасырдың басындағы қазақ баспасөзінде
көрінді. Бұл салада көрнекті қоғам қайраткерлері А.Байтұрсынов,
Ә.Бөкейханов, М.Шоқай, С.Сейфуллин, Б.Майлин, Н.Төреқұлов, М.Дулатов,
С.Сәдуақасов, С.Мұқанов және тағы да басқа қаламгерлер жазған. Көсемсөзге
тән белгі –ұлттық, мемлекеттік, басқа да қоғамдық мүдделерден туындайтын
өзекті мәселеге автордың нақтылы көзқарасы, пікірі талдау, сараптама
ретінде жазылып, кейде астарлай меңзеу түрінде көрінеді. Көсемсөз
үлгілерінен замана тынысы, көзқарас қайшылығы, айтыс-тартыс бағыты айқын
белгі береді.

Көркем әдебиет және көсемсөз жанрлары

Әдеби жанр (французша genre -тек,түр) термин ретінде шартты, екі
мағынада қолданылады: 1) әдебиеттің тектері – эпос, лирика, драма; 2) әдеби
шығарманың түрлері – әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия және
тағы да басқалары.

Жанр мәселесінің маңында шартты пікірлер көп. Әрбір әдеби туындының
жанрлық табиғаты әр алуан : көлемді эпикалық шығармада өмірдің күрделі
шындығы нақты көркем тұлғаларға жинақталып, олардың өзара қарым-
қатынастарынан туған қат-қабат оқиғалар арқылы ашылса, лирикада адамның
жеке басына тән көңіл-күйі , нәзік және терең психологиялық тебіреністер
суреттеледі. Ал драмалық шығарма көбіне адамдардың қимыл-әрекетіне,
қақтығыстарына – түрліше таырлар тартын құрылатыны мәлім.

Жанр –нақты тарихи түр. Бұл, сайып келгенде, әлеуметтік-экономикалық
факторларға да тәуелді. Қазақ эпосы бір кезде батырлар жыры түрінде
көрінсе, кейн аралық сипаттағы лиро-эпосқа көшті; одан келе жанрлық
табиғатын мүлде жаңартқан жаңа сападағы поэмаларға ауысты. Бұл тегін емес.

Әдебиет, яғни сөз өнері эпос, лирика, драма дейтін негізгі үш салаға
жіктеледі. Бұлар әдеби жанрлар мен түрлердің тегі деп аталады және олардың
әрқайсысы мазмұны және суреттеу, баяндау тәсіліне қарай өз тарапынан жүйе
құрып, жанрлық түрлерге бөлінеді. Бөлінгенімен, ішкі байланыстарын үзбей,
бояулары бір-біріне кіріксе де, өздеріне тән ерекшеліктерін сақтап қалады.

Эпос (грекше epos – баяндау, әңгімелеу, тарихтар айту) – көркем
әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда, өмір
шындығын мейлінше мол қамтып кең суреттейтін, адам мінезін мүмкіндігінше
терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр.
Эпос –жан-жақты жанр: эпикалық шығармада адамның өмір жолы кеңінен
баяндалады, оның басынан кешкен тағдыр мен тіршілік толық жинақталады, ол
қатысқан оқиғалар молынан суреттеледі, ол жасаған іс-әрекеттер тұтас
бейнеленеді, сайып келгенде, адамдар арасындағы қарым-қатынастар әр қырынан
айқын көрсетіледі.

Өмір шындығын қамту, адам мінезін ашу мүмкіндіктеріне қарай эпикалық
жанр үш түрге бөлінеді :1) шағын көлемді эпикалық түр; 2) орта көлемді
эпикалық түр; 3) кең көлемді эпикалық түр. Қандай эпостық шығарма болсын,
бәрібір, осынау үш түрдің біріне жатады.

Эпостық шығармада оқиға өз бетінше автордың еркінен тыс жүріп жатқандай
әсер береді. Мұнда оқиғаны суреттеу тәсілінің бір ерекшелігі – сюжет
желісінің тежелетіндігі. Эпостық жанрдағы шығармаларда негізгі әңгімеге
қатыссыз бөгде бір нәрселер бейнеленетін секілді. Шын мәнінде бұл –
эпостың өзінің жанрлық мақсатына жету үшін қолданатын тәсілдерінің бірі.
Эпос тұтастықты көксейді, шындық дүниені қалайда кең көлемде өрету
қалайды. Нәтижеде қомақты, өркешті, кең тынысты шығарма туады. Эпостық
шығармалар тарихы сонау қадым заманнан басталады. Аңыз, ертегі, дастан,
жырлар – біздің баға жетпес ұлттық мұрамыз.

Үш текті әдебиет жанрларының бірі – лирика, адамның көңіл-күйін шертеді.
Бұл жанрда ақын адамның ішкі ғаламы мен тысқы ғаламы түйіседі
(А.Байтұрсынов). Адамның сырттан алған әсері көңіл көрігінде балқып, нәзік
сәулелі сезімге айналады. Жалт өткен сезім жарқ етіп ақын жүрегін дөп
сөзбен жарып шықса, міне, бұл - лирика.

Лирика - алдымен сезімнің гүлі,гүлдің хош иісі, көз жауын алған көркі.
Мұнда субъектілік басым. Эпоста автор оқиға көлеңкесінде қалса, лирикада
алға шығады, өзі өлең мазмұнына айналады. Және өз қалпын бетін
өзгертпейді(Аристотель). Өлеңнің лирикалық кейіпкері көбіне автордың өзіне
тартады. Лирикалық кейіпкер – жүрегін от сезімге ораған ой адамының
бейнесі. Лирикалық өлеңдегі сұрапыл тебіреніс, толғаныстар, қызу қанды
қарбалас әсерлер соқыр сезім емес, ой көзді сезім. Абай : Өмірде ойға
түсіп кем-кетігің, Тулағыш мінезің бар, жүрек, сенің десе, бұл – лирик
ақын бейнесі. Ой мен сезім лирикада ғашықтардай табысады, сол махаббат
ләззатынан көркемсөз атты перзент туады. Қуатты ойдан бас құрап, еркеленіп
шығар сөз деп Абай тегін айтпаған. Өлең қолдан жасалмайтынын, ой, қайрат,
жүрек тұнығынан қайнап шығатынын ескерткен. Лирикалық жанр түрлері қазақ
ауыз әдебиетінде терме, толғау нысанында қалыптасты. Әлемдік әдебиетте
ертеден өріс алған элегия, ода, эпиграмма, эпитафия, сонет сыршыл,
композициясы белгілі нормамен жазылатын өлең секілді түрлері қазақ
поэзиясында берік орын тепті. Саяси-әлеуметтік лирика түрлері де дамыды.
Тақырыбы мәңгілік саналатын махаббат лирикасы, табиғат лирикасы түрлерінен
қазақ поэзиясы әлемдік поэзияның қай-қайсысымен де иық теңестіретін
шығармалар тудырды.

Әдебиеттің үшінші тегі – драма. Мұнда оқиға көз алдында өтіп жатады.
Кейіпкерлер бастарынан шиыршық атқан шым-шытырық оқиға кешеді. Бәрі әрекет
үстінде. Жәй әрекет емес, тайталасқан күрес, айтыс-тартыс, қырқыс. Айлаға
қарсы айла, әрекетке қарсы әрекет. Оны істейтін кейіпкерлердің характері.
Бәрі соған байланысты: жақсылық та, жамандық та. Характер, мінезділік –
адамның өзегі, алтын арқауы. Атом бөлшектенгенде орасан зор энергия пйда
болатыны мәлім. Характер ядро іспетті. Драманың ойдағыдай шығуы сол
ядроның қуатын қалай босата алғанына , яғни кейіпкердің мінезін қалай аша
білгендігіне байланысты. Оның тәсілі сан алуан. Характер қақтығыста,
тартысқа көрінбек. Ішінде бүккен сырлары, әлеуметтік-саяси көзқарасы, өзге
де адамгершілік, құлықтылық, ар-инабаттылық қасиеттері жан алып, жан берген
күрес, шайқастарда ашыла түспек.

Әдебиет тектері мен түрлерінің жіктелуінде белгілі шарттылық бар.
Эпос, лирика, драма іштей бір-бірімен байланысты. Бір әдебиет көзінен
тарайтын бұлақтар. Үш тектің үшеуі де қазақ көркем сөзінің фольклор, дара
ақындар әдебиеті, жазба әдебиеті тармақтарының бәрінде бір сапада ойға
азық, жанға сусын бола білді. Үшеуі де даму барысында біріне-бірі демеп,
әсер етіп, ашып, толықтырып отырады. Мысалы, жаңа эпос-роман жанры
психологизм, драматизм құралдарын барынша пайдаланады. Демек, лирика, драма
жанрларынан өзіне керекті нәр алып отырады екен. Роман жанры бірден бүгінгі
кемеліне келе қойған жоқ. Оның ілкі өркендері ертеректе, фольклор
қойнауларында шым-шымдап өсіп жетіледі. Соңғы жылдары фольклортану ғылымы
дастан эпосының қайсыбір белгілерінен новелла, роман жанрларының нышандарын
тауып, зерттеп жүргені тегін емес. Ертегілік дастандармен қатар,
новеллалық, романдық дастандар дейтін түрлер ғылыми айналымға енгізілді.
Жанрлық ауыс-күйіс – әдебиет дамуындағы табиғм процесс. Әдебиеттің үш текті
жанрларға жіктелуі күллі көркемсөз дүниесіне қатысты заңдылық. Міне, осы
ортақ заңдылықтан фольклор, дара ақындық ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті
салаларын бір-біріне қарсы қоймай, араларына өтпес ор қазбай, қайта оларды
бір-бірімен тығыз байланыста тұтас өнер жүйесі ретінде қарап зерттеу
қажеттігі туындайды. [1.12-24]

   Кеңес дәуіріндегі публицистиканың дамуы  

Бағыттары, типологиясы деген бөлімшеде 1917-1990 жыддар аралығын-дағы
қазак публшистикасының өсу, өркендеу жолдары зерттелді.
Кеңестік дәуірде газет-журналдардың көбеюімен бірге қазақ публицистикасынъщ
өрісі кеңейіп, дамудын жаңа сатысына көшті. Бүл кезендегі публицистикаға
кеңестік кезеңнің саясаты, орыс публицистикасыньщ дамуы ерекше әсер етті.
Соның нәтижесінде публицистикадағы пішіндік, жанрлык жаңашылдық белгілер
айқын керініс бере бастады.
Кеңестік дөуірдің 20-шы, 30-шы жылдарындағы қазак публицис-тикасы жаңа
даму жолына түсті. Бүл кезенде Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы саяси
өзгерістер, экономикалық моселелер, рухани жайттар шығарма езегіне айналды.
Жетістіктер де, кемшіліктер де публицистика айнасынан ақикат керініс тапты.
Соғыс жылдарындағы қазақ әскери публицистикасы — елдің букіл сана-сезім,
куш-жігерін ортақ жауды жеқуге жумылдырды. Бүл кездегі публицистикалык
шығармалар авторлары жогары патетикалык, пафосты, шешен тілді, ха,іық
даналыгын өз ойларына өзек етіп қолданды. Қазақтың әскери публицистикасы
ауыз әдебиетінің бай қазынасымен суарылып, тарихи аңыздардан, айтыстар мен
мақал-мәтелдерден, жыраулық поэзия үлгілері мен шешендік сөздерден тамыр
тартты. Және сол бай рухани мұра майдандағы және тылдағы деректі
фактілермен, ақиқат окиғалармен, баяндаудың қуатты мәнері-мен астасып
жатты. Соның нәтижесінде өткір тіл, ойды қысқа және дөл жеткізуге күрылған
ғажайып публицистикалық шығармалар туды. Соғыс жылдарында халықтың күшін
бір ойға біріктіретін публицис-тика түрлері мен жанрлары орнықты. Мәселен
ундеу, памфлет, күнде-лік, хат, очерк, мақала, публицистик&шқ қуаты бай
өлеңдердің тууы соның дәлелі.
Соғыстан кейінгі жылдары бүкіл ел халык. шаруашылыгын қайта қалпына келтіру
ісіне жүмылдырылды. 1945 жылы "Республикалык, өлкелік жөне облыстык
газеттердің сапасын арттыру және көлемін үлғайту туралы" қаулы
қабылдануының баспасөзді, публицистиканы дамытуға есер, ыклаіы зор болды.
"Соғыстан кейінгі жылдары республика газеттерінің мазмүны өзгерді, олар
жергілікті емірді жан-жақты жазатын болды, экономика мен мәдениет
мәселелеріне баса назар аударылды. Газет бетгерінде очерк пен фельетон,
баспасөзге шол7 жанрлары жиі көрінді. Сөйтіп баспасөз өзінің жүмысын
бейбіт дәуірге бейімдеп қайта қүра бастады" [5,49 б.]. Сөз жок баспасездің
бейбіт өмірге бейімделуімен бірге, қазақ публицистикасы да күнделікті еңбек
ырғағының айнасына айналды.
60, 70-ші жылдардағы қазак, публицистикасы шүрайлы тілмен көркейе түсті.
Бүл әсіресе сол кездері мол жазылған публицистика-лык лепті мақалалар мен
көркем очерктерде көрініс тапты. Осы кезең туралы сөз еткенде, академик
С.Қирабаев: "Қазақтың көркем әңгімелерімен жалғас, көсемсөз, очерк, ой
толғанысы, емірді бейнелі жолмен тануға үмтылған публицистика да бүл
дәуірде едәуір өркендеді" [6.166 б.], - деп атап көрсетгі. Десек те, 60-шы,
70-ші жылдарда жарык көрген шығармалардағы әсіреқызыл, жасанды суреттеу,
асыра мақтау, мадақтау, жалаң үраншылдык сияқты заман туғызған кемшіліктер
де болды.
80-ші жылдары қазақ публицистикасының дамуында зерттеу-шілік, тарихи-
танымдык, багыт анық орнықты. Түтас ізденіс негізін-де, журналистік
зерттеулер нәтижесінде тарих қойнауында жасырын жатқан деректердің беті
ашыла бастады. Кеңестік дәуірде қазақ публицистикасы тектік, түрлік,
жанрлық, стильдік тұрғыдан қалыптасьш, дамыды. Публицистиканың өз алдына
дербес теориясы да жасадды. Осы өзгерістерге орыс публицистикасы-ның
теориясы мен төжірибесі орасан зор ықпал етті. Егер алғашқы газет
"Туркістан уалаятаның газеті" бетінде акпараттык жанрлардағы публиііистика
қалыптаскан болса, "Дала уалаятының газеті", "Ай-қап", "Қазақстан",
"Қазақ", "Үран", "Алаш", "Сарыарқа", "Абай", "Ақжол", "Шолпан", "Таң"
басылымдарының бетінде талдамалы жанрлардағы публицистика қалыптасты. Ал
кеңестік дәуірде публицистиканың бай жанрлық палитрасы көрініс тауып,
өркендеді.
Қазақ публицистикасының кеңестік дәуірдегі даму жолындағы негізгі
бағыттарды біз талдап-таразылаған жарияланымдардың мазмұндық және турлік
жағынан біртұтас бірлікте қарастыра отырып айқывдауға тырыстык,. Олар:
қогамдық-саяси багыт, көркемдік багыт, сыншыідық-сатиралык, баеыт,
поэтикалық-философиялык, багыт, улттык, психологиялық-көркемдік багыт,
проблемалық-аналитикалық багыт, зерттеушілік, тарихи-танымдық багыт болып
табылады. Бұл мерзімдегі публицистика ерекшеліктері С.Сейфуллин,
Ж.Аймауытов, Б.Майлин, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Б.Бүлқышев,
М.Иманжанов, Ә.Нұршайықов, С.Төлешов, Б.Қыдырбекұлы, Ә.Нұрпейісов,
З.Қабдолов, Н.Ғабдуллин, Ғ.Қайырбеков, Ш.Мұртаза, Қ.Найманбаев,
Т.Жанүзақов, О.Бөкеев, А.Сейдімбек, Ж.Елшібеков, М.Қабанбаев, Ж.Аупбаев
шығармашылықтары арқылы ашылды.
1917-1990 жылдардағы публицистикалық шығармаларды талдап, таразылай келе,
кеңестік дәуірдегі казақ публицистикасын тегіне, туріне қарап бөлу
жөніндегі мынадай тұжырымдарға келдік:
1. Публицистиканың тектік түрғыдан алғандағы жүйелерін үш топқа жіктеуге
болады: а) Ақпараттық-оқигаІШ публицистика; ә)Талдамалы публицистика; б)
Көркем публицистика.
2. Публицистиканың түрлік жағынан алғандағы типологиясы: а) қогамдық-саяси
публицистика; ә) экономикалык, публицистика; б) мо-рсьіьдық-этикалық
публицистика; в) әдеби публицистика; г) сыни пуб-лицистика; г) гылыми-
танымдық публицистика; д) әскери публицистика.
3. Жанрлык тұрғыдан алғанда, акпараттық-окиғалы публицистика тобына:
заметка, есеп, репортаж, сухбат; талдамалы публицистика тобына:
корреспонденция, мақала, шолу, рецензия, баспасөзге шолу, хат (эпистолярлық
жанр ретінде), тусіндірме (комментарий); көркем публицистика тобына:
суреттеме, очерк, фелъетон, памфлет жанрларын кіріктіруге болады.
4. Публицистикалық шығармаларды стильдік түрғыдан: а) полеми-кишқ
(қақпайіы) публицистика; ә) угітшыік публіщистика; б) насихат-шььшқ
публицистика; в) сатираііык, публицистика; г) эпистолярлык, публицистика;
г) талдамалы-сыни публицистика; д) деректі публицистика; е) іскерлік
публицистика, - деп жіктей аламыз.
5. Бүқаралық ақпарат қүралдарында көрініс табуына орай: а) газет
публицистикасы немесе баспасөздегі публицистика; ә) радиопублицис-
тика; б) телепублицистика; в) фотопублицистика; г) кинопублицис-тика, -
болып жіктеледі.
6. Сондай-ақ кеңестік дәуірдегі қазақ публицистикасы агартушы-лық,
угітшілік, насихатшылық, уйымдастырушылык,, әшкерелеушшк, анықтамшіық,
жарнамалық, танымдық функцияларды атқарды.
Біз қарастырған кенестік дәуір кезендерінде қазак публицистика-сының әр
жанры әр түрлі деңгейде баспасөзден орын алып отырды. 20, 30-шы жылдары
заметка, хат, мақаланың проблемалық түрі, фельетон сияқты публицистика
жанрлары көбірек көрініс тапты. 40-шы жылдары публицистикалық мақала,
памфлет, үндеу, рух көтеруге бағытталған хаттар түріндегі публицистика
ерекше дамыды. 50, 60, 70-ші жылдары очерк өз дамуының биігіне жетті.
Очерктің физиологиялық, социологиялық, экономикалық, проблемалық-анали-
тикалық, портреттік, сапарнама, психологиялық, лирикалық, т.б. түр-лері
бірінен соң бірі жарқырап көрінді. Осы жылдары публицистика-лық мақаланың
"өлеңмен жазылған қарасөз" түрлері ерекше ынта-ықылас туғызды. Фельетон
жанры қайта өрлеу жолына түсті. 80-ші жылдары сүхбат жанры мен репортаж кең
қолданылды. Сүхбаттың диалог түріне қоса, сүхбат-монолог, сүхбат-хабар,
сұхбат-суреттеме, сүхбат-пікір, сүхбаттың анкета түрі, дөңгелек стол
басындағы әңгіме, баспасөз конференциясы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сын және әдебиет
Дандай Ысқақұлының әдеби сын тарихы
Фольклор және әдебиет
Семиотикалық сын туралы түсінік
Көркем деректі жанр түрлері
Ауыз әдебиеті жанрларының функциясы
Стиль – жазушының өзіне тән ерекшеліктер
Шығарманың жанры мен құрылымы
ӘДЕБИ ЖАНРЛАР АНЫҚТАМАСЫ
Жасақталған сайттардағы мәтін ерекшелігі
Пәндер