Күлтегін жазбасы және фольклорлық дәстүр



Мазмұны

КІРІСПЕ

І ТАРАУ
1.1. Күлтегін жазбасындағы эпикалық дәстүр көрінісі
1.2. Орхон ескерткіштерінің фольклорлық тұрғыдан зерттелуі

ІІ ТАРАУ
2.1. Күлтегін жазбасының шағын фольклорлық жанрлармен байланысы
2.2. Көркемдік тәсілдеріндегі ортақ қолданыстар

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқы – дүниенің төрт бұрышын адамзат баласының ең озық өркениетке жеткен ұрпақтарымен терезесі тең, телегейдей тарихы бар, тебірентер мәдениеті бар ел. Қазақтың ілкі ата-бабалары – түркілер, ғұндар, сақтар. Солар жасаған мәдениетке ортақпыз. Өз алдына қазақ хандығы құрылғанға дейінгі (ХҮғ.) дәуірлерде бізді жалпы атпен түріктер деп атаған. Көк Тәңіріне табынып, Көк бөріден тарағандықтан, Көк түріктер атанғанбыз.
Шамамен ҮІ ғасырдың орта кезінде, Жетісу, Алтай, Орталық Азияны мекен еткен түрлі ру-тайпалар бірігіп, Түрік қағанаты деп аталатын мемлекет құрғаны тарихтан бізге мәлім.
Міне, сол ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби, мәдени өмірін жыр еткен ғажайып жыр-дастандар бар. Бұлар – “Күлтегін”, “Тоныкөк”, “Білге қаған” жырлары. Бұл тарихи ескерткіштер бұдан 1250 жыл бұрын тасқа қашалып жазылған әдеби мұра. Осы ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік шеберлік тұрғысынан да күні бүгінге дейін өз оқушысын таңдандырып, тамсандырып келеді. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін оқу, басқа тілдерге аударма жасау және ғылыми текстін дайындау ісіне В.В.Радлов, В.В.Томсен, Ю.Немет, Х.Н.Оркун, т.б. орыс және шетел ғалымдары қыруар мол үлес қосты. Әсіресе көрнекті ғалым С.Е.Малов көне түркі жазуындағы тексттердің орыс тіліне дұрыс тәржіма жасалу жағына көбірек назар аударды.
Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілін қазіргі қазақ тілі фактілерімен салыстыра отырып, зерттеуші бір топ ғалымдар Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк құрметіне жазылған жыр жолдарының тілі дыбыстық жағынан да, лексикалық және морфологиялық тұрғыдан да қазақ тіліне жақын деген ғылыми пікірді айтқан. Мәселен, С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, Ғ.Айдаров, А.Аманжолов, Е.Ағманов, А.Есенғұлов, Қ.Өмірәлиев, т.б. бірқатар лингвист- ғалымдар осы пікірді әрқайсысы түрлі қырынан келіп дәлелдеп, аса құнды пікір әрқайсысы түрлі қырынан келіп дәлелдеп, аса құнды ғылыми еңбектер жариялады.
Аталмыш ескерткіштер сол дәуірдің өзіне тән поэзиялық дәстүрімен жазылған әдебиет үлгілері деген түйін жасаймыз.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Көне түркі жазба ескерткіштерін әдебиеттің басқа жанрларымен салыстыра отырып қазақ ауыз әдебиетінің мұраларымен, оның ішінде батырлық жырлармен байланысын, ұқсастығын айқындау, тілдік ерекшеліктерін, құрылымын, қолданысын көрсету диплом жұмысының басты мақсаты мен міндеті болып табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Жұмыс барысында көне түрік жәдігерліктерін зерделей отырып, Күлтегін жазбасының шағын фольклорлық жанрлармен байланысы, көркемдік тәсілдеріндегі ортақ қолданыстары, Күлтегін жазбасындағы эпикалық дәстүр көрінісі, Орхон ескерткіштерінің фольклорлық тұрғыдан зерттелуі идея мен композициялық құрылымын ашуға жіті көңіл бөлінді.
Тақырыбы пен көркемдік шешімі және де шеберлік мәселелелері туралы кеңінен сөз қозғалды.
Диплом жұмысының практикалық маңызы: Зерттеу жұмысын мектеп оқушыларына, филологтарға көне түркі жазба ескерткіштері жөнінде сабақ барысында қосымша әдебиет ретінде ұсынуға болады. Зерттеудегі ашылған мәселелерге сай, алынған нәтижелерді жоғары немесе арнайы орта оқу орындарында филология факультеттерінде өтілетін арнайы курстар мен семинар сабақтарында пайдалануға болады.
Диплом жұмысының дерек көздері: Жұмыста әртүрлі дерек көздері қолданылды. Негізгі деректердің бөлігі Қаржаубай С. Орхон мұралары. Астана-2003ж, Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Алматы, “Мектеп” 1986ж, Әдебиет тарихының мәселелері. Алматы 1958ж, Жолдасбеков М. Тастар сөйлейді, Батырлар жыры ІІ том. Алматы, “Жазушы” 2000ж. Батырлар жыры, “Бөген батыр” Алматы. 2000ж, Қыраубаева А. ІІ кітап. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы. “Ана тілі”, 1991ж, Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы. “Ана тілі” 1991ж, Керімұлы Ә. Ескі түркі ескерткіштері тіліндегі сөз жасайтын жұрнақтар. Түркістан 2005ж, Дүйсен Сержан, Яван Кенан. Түркі тілінің толық жүйеленген ережелері жинағы жазба ескерткіші (ХІІІ-ХҮғ.ғ) Түркістан 2004ж, Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Қазақ университеті. Алматы, 1992ж еңбектері негіз болды.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе бөлімнен және екі тараудан, сонымен бірге қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Әдебиет тарихының мәселелері. Алматы 1958ж.
2. Батырлар жыры ІІ том. Алматы, “Жазушы” 2000ж.
3. Батырлар жыры, “Бөген батыр” Алматы. 2000ж.
4. Дүйсен Сержан, Яван Кенан. Түркі тілінің толық жүйеленген ережелері жинағы жазба ескерткіші (ХІІІ-ХҮғ.ғ) Түркістан 2004
5. Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары., А., “Рауан” 1995ж.
6. Егеубай А. М.Қашқари. Диуани лұғат-ит-Түрік. І, ІІ, ІІІ,. А., “Хант”, 1997-1998.
7. Жолдасбеков М. Асыл арналар. Әдеби мақалалар. Алматы “Жазушы” 1990ж.
8. Жолдасбеков М. Тастар сөйлейді.
9. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Алматы, “Мектеп” 1986ж.
10. Келімбетов Н. Ежелгі әдеби жәдігерліктер. Астана. “Фолиант” 2004
11. Керімұлы Ә. Ескі түркі ескерткіштері тіліндегі сөз жасайтын жұрнақтар. Түркістан 2005
12. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің бастаулары. Алматы. “Ана тілі” 1998
13. Қаржаубай С. Орхон мұралары. Астана-2003ж.
14. Қыраубаева А. ІІ кітап. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы. “Ана тілі”, 1991ж.
15. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы. “Ана тілі” 1991ж.
16. Құрышжанұлы Ә. Ескі түркі жазба ескерткіштері. Алматы, 2001
17. Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. Алматы. “Мектеп” 1988ж.
18. Қыраубайқызы А. Ежелгі әдебиет. Астана “Елорда” 2001ж.
19. Қоңыратбаев Т., Қоңыратбаев Ә. Көне мәдениет жазбалары., А., 1992.
20. Махмұд Қашқари. Түбі бір түркі тілі. Алматы. “Ана тілі” 1993
21. Орхон-Енисей Бижимелдериниң турискяялдары. Новосибирск. “Наука” 2003
22. Сүйіншіәлиев Х. VIII-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті., А., “Мектеп”., 1989.ж.
24. Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Қазақ университеті. Алматы, 1992
25. Хрестоматия Ежелгі дәуір әдебиеті ІІ кітап. Алматы. “”Ана тілі 1991ж.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Қазақ әдебиеті кафедрасы

Жұмыс қорғауға
жіберілді

_________________________

__
______________ 20__ жыл.

Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Күлтегін жазбасы және фольклорлық дәстүр

Мазмұны

КІРІСПЕ

І ТАРАУ

1. Күлтегін жазбасындағы эпикалық дәстүр көрінісі
2. Орхон ескерткіштерінің фольклорлық тұрғыдан зерттелуі

ІІ ТАРАУ

2.1. Күлтегін жазбасының шағын фольклорлық жанрлармен байланысы
2.2. Көркемдік тәсілдеріндегі ортақ қолданыстар

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқы – дүниенің төрт бұрышын адамзат
баласының ең озық өркениетке жеткен ұрпақтарымен терезесі тең, телегейдей
тарихы бар, тебірентер мәдениеті бар ел. Қазақтың ілкі ата-бабалары –
түркілер, ғұндар, сақтар. Солар жасаған мәдениетке ортақпыз. Өз алдына
қазақ хандығы құрылғанға дейінгі (ХҮғ.) дәуірлерде бізді жалпы атпен
түріктер деп атаған. Көк Тәңіріне табынып, Көк бөріден тарағандықтан, Көк
түріктер атанғанбыз.
Шамамен ҮІ ғасырдың орта кезінде, Жетісу, Алтай, Орталық Азияны мекен
еткен түрлі ру-тайпалар бірігіп, Түрік қағанаты деп аталатын мемлекет
құрғаны тарихтан бізге мәлім.
Міне, сол ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби, мәдени өмірін жыр еткен
ғажайып жыр-дастандар бар. Бұлар – “Күлтегін”, “Тоныкөк”, “Білге қаған”
жырлары. Бұл тарихи ескерткіштер бұдан 1250 жыл бұрын тасқа қашалып
жазылған әдеби мұра. Осы ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік
шеберлік тұрғысынан да күні бүгінге дейін өз оқушысын таңдандырып,
тамсандырып келеді. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін оқу, басқа тілдерге
аударма жасау және ғылыми текстін дайындау ісіне В.В.Радлов, В.В.Томсен,
Ю.Немет, Х.Н.Оркун, т.б. орыс және шетел ғалымдары қыруар мол үлес қосты.
Әсіресе көрнекті ғалым С.Е.Малов көне түркі жазуындағы тексттердің орыс
тіліне дұрыс тәржіма жасалу жағына көбірек назар аударды.
Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілін қазіргі қазақ тілі фактілерімен
салыстыра отырып, зерттеуші бір топ ғалымдар Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк
құрметіне жазылған жыр жолдарының тілі дыбыстық жағынан да, лексикалық
және морфологиялық тұрғыдан да қазақ тіліне жақын деген ғылыми пікірді
айтқан. Мәселен, С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, Ғ.Айдаров, А.Аманжолов,
Е.Ағманов, А.Есенғұлов, Қ.Өмірәлиев, т.б. бірқатар лингвист- ғалымдар осы
пікірді әрқайсысы түрлі қырынан келіп дәлелдеп, аса құнды пікір әрқайсысы
түрлі қырынан келіп дәлелдеп, аса құнды ғылыми еңбектер жариялады.
Аталмыш ескерткіштер сол дәуірдің өзіне тән поэзиялық дәстүрімен жазылған
әдебиет үлгілері деген түйін жасаймыз.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Көне түркі жазба
ескерткіштерін әдебиеттің басқа жанрларымен салыстыра отырып қазақ ауыз
әдебиетінің мұраларымен, оның ішінде батырлық жырлармен байланысын,
ұқсастығын айқындау, тілдік ерекшеліктерін, құрылымын, қолданысын көрсету
диплом жұмысының басты мақсаты мен міндеті болып табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Жұмыс барысында көне түрік
жәдігерліктерін зерделей отырып, Күлтегін жазбасының шағын фольклорлық
жанрлармен байланысы, көркемдік тәсілдеріндегі ортақ қолданыстары, Күлтегін
жазбасындағы эпикалық дәстүр көрінісі, Орхон ескерткіштерінің фольклорлық
тұрғыдан зерттелуі идея мен композициялық құрылымын ашуға жіті көңіл
бөлінді.
Тақырыбы пен көркемдік шешімі және де шеберлік мәселелелері
туралы кеңінен сөз қозғалды.
Диплом жұмысының практикалық маңызы: Зерттеу жұмысын мектеп
оқушыларына, филологтарға көне түркі жазба ескерткіштері жөнінде сабақ
барысында қосымша әдебиет ретінде ұсынуға болады. Зерттеудегі ашылған
мәселелерге сай, алынған нәтижелерді жоғары немесе арнайы орта оқу
орындарында филология факультеттерінде өтілетін арнайы курстар мен семинар
сабақтарында пайдалануға болады.
Диплом жұмысының дерек көздері: Жұмыста әртүрлі дерек көздері
қолданылды. Негізгі деректердің бөлігі Қаржаубай С. Орхон мұралары. Астана-
2003ж, Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Алматы, “Мектеп”
1986ж, Әдебиет тарихының мәселелері. Алматы 1958ж, Жолдасбеков М. Тастар
сөйлейді, Батырлар жыры ІІ том. Алматы, “Жазушы” 2000ж. Батырлар жыры,
“Бөген батыр” Алматы. 2000ж, Қыраубаева А. ІІ кітап. Ежелгі дәуір әдебиеті.
Алматы. “Ана тілі”, 1991ж, Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы.
Алматы. “Ана тілі” 1991ж, Керімұлы Ә. Ескі түркі ескерткіштері тіліндегі
сөз жасайтын жұрнақтар. Түркістан 2005ж, Дүйсен Сержан, Яван Кенан. Түркі
тілінің толық жүйеленген ережелері жинағы жазба ескерткіші (ХІІІ-ХҮғ.ғ)
Түркістан 2004ж, Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.
Қазақ университеті. Алматы, 1992ж еңбектері негіз болды.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе бөлімнен және
екі тараудан, сонымен бірге қорытынды және пайдаланған әдебиеттер
тізімінен тұрады.

І Тарау

1.1. Күлтегін жазбаларындағы эпикалық дәстүр

“Күлтегін жырындағы эпикалық дәстүрді қарастыру мақсатында Көне
түркілердің шынайы көне тарихы мен тасқа қашап жазылған дастандарды өзара
салыстыра отырып, Күлтегін жәдігерліктер жылнамасы емес, сол дәуірдің өзіне
тән поэзиялық дәстүрімен жазылған әдеби үлгілер деген түйін жасаймыз”(1,51(
Н.Келімбетов. Осындай ойдан кейін мына пікір соның дәлелі шынын айтқанда, -
деп жазды А.Н.Веселовский, батырлардың ерлігін жазған эпостар халықтың
қалыптасуымен қатар туа бастаған. Тарихи кезеңдердің елеулі тұлғалар
төңірегінде неше түрлі өлеңдер құрастырылып, солардың негізінде бүтін цикл
жасалған деп атап көрсеткен. Бұл көрсетілген циклдар бойынша топтаманы
түрколог ғалым Н.Келімбетов үш циклға бөліп көрсетеді.
Қазақ эпосының тууы жайында академик Қ.Жұмашевтің мынандай пікірін
келтірейік: “Қай елдің эпосы болмасын, белгілі бір оқиғаның ізін баса
туғанға ұқсайды және ол бір жылдың бір күннің жемісі емес, халықтың басынан
өткен талай заман, талай ғасыр, талай тартыстың нәтижесі” (2,10(.
Қазақтың осы күнгі рулық құрылысы кезінде: үйсін, қаңлы, қоңырат,
керей, қыпшақ заманында әр рудың өз істерін ерлікке айналдырып жыр еткен
қысқа көлемді жырлар екені сөзсіз.
Демек, А.Веселовский айтқандай, ерлік жырлары халықтың қалыптасуымен
бірге қатар туған болса, “Күлтегінге арналған жыр, дәл осылай түрік
халқының қалыптасу кезінде жазылған. ҮІ-ҮІІІ ғасырлардың түрік қағанаты
астына топтасқан үйсін, керей, қаңлы, найман, жалайыр, алшын руларының
мұралары еді деген тұжырым жасайды”- М.Жолдасбеков (3,48(.
Сол себепті біз қазақ эпостарының әдепкі арналары түрік қағанатының
кезінен басталады дейміз. Қырғыз әдебиетіне қатысты бұл пікірді академик
М.Әуезов баяғыдан-ақ айтқан болатын.
“Түрік рулары мен қағанатының тілсіз таста қалдырған осынау жорықтары
қырғыздың сол кезіндегі эпостық аңыздарының тууына ықпал жасаған. Егер
мұндай ескерткіштер қара тастан ойылып, қашалып тұрып жазылған болса, сол
жырлардың ауызша айтылып таралған әрі бұдан да толық нұсқалары болуы
мүмкін. Егер мұндай жыр аңыздарды оғыздар, түргештер және басқа да тайпалар
шығара алмаған болса, сондай аңыздарды сол дәуірде, тіпті ІХ ғасырда емес,
ҮІ-ҮІІІ ғасырда соншалықты бұғауда болған, халықты қорғаушы батырға
әсіресе, ділгір болған қырғыздар қайтіп шығармайды? ...Эпостың туу дәуірін
айқындап, анықтағанда осындай жәйттерді ескерту қажет” деп атап көрсетті
М.Әуезов “Уақыт және әдебиет” атты еңбегінде. Бұл пкірге біздің жылдардың
берер бағасы құнды.
Осы айтылғандардың бәрі де тегі бір түрік тілдес халықтар эпосының,
оның ішінде қазақ эпосының тууына қатысты екені сөзсіз. Түрік руларындағы
Азман атты Күлтегін, қыпшақтағы Тайбурылды Қобыланды, Қоңыраттағы
Байшұбарлы Алпамыс жалпы түркі халықтарының М.Әуезов айтып отырғандай
қаһарманы еді (5,41( М.Жолдасбеков. “Тастар сөйлейді” атты еңбегінде “Сөз
тапқанға қолқа жоқ” деп, қашанда тұрлаулы сөздің мінін тосып оған төрелік
беретін, өлмес-өшпес мол жырлар тудырған қазақ халқы ежелден-ақ шешен
сөйлеген.
Халқымыздың осы жыршылық, шешендік қасиетін ғалымдардың көбі тамсана
жазған еді. Соның бірі академик В.Радлов былай дейді: “Қазақ, қырғыз шешен
болған, олар түркі тектес басқа халықтардың қай-қайсысынан басым сөзге ұста
келеді. Сөйлей тұрғанда кідіру, күрмелу дегенді білмейді... Көп уақытта
қазақ, қырғыздың сөзі өлең жыр тәрізді болып келеді; сөздері ырғақты,
ұйқасты шығады.
Қазақ, қырғыз халқы шешен, өткір көркем сөзді сүйеді. Поэзияны
қадірлейді. Сондықтан оларда халық поэзиясы мейілінше өркендеген. Қазақ-
қырғыздың мақал-мәтелі болсын, айтыстары мен билік сөздері болсын бәрі де
өлең, жыр болып келеді” В.Радлов айтқан пікір біз үшін құнды.
Орхон ескерткішінің жанрлық ерекшеліктері туралы соңғы кезге дейін
өзара қарама-қайшы екі түрлі көзқарас орын алып келді. Бірі – Күлтегін,
білге Қаған, және Тоныкөк ескерткіштері көркем әдебиетке, соның ішінде
поэзияға ешбір қатысы жоқ. Түрік қағанатының дәлме-дәл жазылған тарихы деп
қарады. Екіншісі – руна жазуындағы бұл ескерткішті поэзиялық туындыға
қатысты барлық белгілер бар, ежелгі түркілердің әдеби дәстүріне негізделген
көркем туынды деп таныды.
Бұл екі түрлі көзқарас ұзақ жылдар бойы әдебиетшілер, тілшілер,
тарихшылар т.б. арыснда түрлі пікір таластар тудырып келеді. Ал, қазір
Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк жырлары эпикалық дәстүрдегі көркем
туынды екені сөзсіз (7,39( Н.Келімбетов
Орхон ескерткішін, поэзия, ерлік жыры деп алғаш бағалаған М.Әуезов руна
жазуындағы ескерткіштердің мазмұны мен сипаты туралы айта келіп Күлтегін
жырларындағы жеңілуді білмейтін батыр болғандығы баяндалады. Ол жазуларда
хронологиялық тәртіптер де бар. Күлтегіннің 16 жастан 47 жасына дейін, яғни
өлгенге дейінгі өмірдегі ерлік қимылдары баян етіледі. Мұнда батырдың жас
шағынан бастап, өмірінің ақырына дейінгі ерліктерін жырлайтын батырлық
дастандардың сюжеттік құрылысында ұқсастық барын атап көрсетті.
Бұл жазба жәдігерліктер өзінің мазмұны мен пішіні жағынан ғана емес,
ырғаққа, яки ритмге – үннің жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануына
негізделуі тұрғысынан да поэзиялық сипатқа ие екенін тұңғыш рет совет
ғалымы дәлелдеп шыққан болатын И.В.Стеблева. Ол Орхон ескерткіштерінің
өлшемі әрі буын әрі екпін екенін, ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ – сол
буын мен екпінге негізделеді деген пікір айтты. Мұндай пікірлердің
теориялық және практикалық мәні зор еді.
Көне түрік жырының дыбыстық құрылысы қалай болғанын айқынырақ танып-
білу үшін осы орхон ескерткіштерінің бірін айталық, Күлтегіннің үлкен және
кіші жазуларына әдеби талдау жасап көрейік.
Өлеңде бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталанып қиысуы, жырдағы
үндестікті, мәнерлікті күшейте түсетін ежелгі түрік сөз зергерлері жақсы
түсініп, жақсы меңгергені анық. Күлтегін жырындағы әдеби тілге дауыс ырғағы
түгіл, тіпті дыбыс қайталаулар арқылы әжептәуір ажар береді.

Қырық, құрықан, отуз татар,
Қытай, тотабу коп йағы ерміс.
Қоңым қаған бунча...
Қырық артук кіті йолы сүлеміс (КТҰ. 14,15(

Аудармасы
Қырғыз, құрықан отыз татар,
Қытай, тотабы – бәрі жау еді.
Әкем қаған осынша (жауға)
Қырық жеті рет аттанды.

Мұндай жыр жолдары қазақ жырауларында да жиі кездеседі. Доспамбет жырау
(ХҮІ-ғасыр).
Тоғай, тоғай, тоғай су,
Тоғай қондым, өкінбен.
Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым өкінбен.
Тобыршыға биік жай салып,
Дұшпан аттым өкінбен.
Күлтегін жырында бірыңғай дауыссыз дыбыстары қатар тұратын қайталанатын
екі сөз өлең жолының басында да, ортасында да соңында да тұрып қиыса
береді. Мысалы, Күлтегін ескерткішінің кіші жазуында мынандай жыр жолдары
жиі кезедеседі:
Сучіг сабын, йумшақ ағын ағып... (КТК5)
(Шырын сөз, асыл қазынасын беріп)
немесе Күлтегін ескерткішінің үлкен жазуында былай делінген:
Қоңун қаған сусі бөрі тек ерміс (Ктү,12)
(Әкем қағанның әскері бөрідей бопты)
Дауыссыз дыбыстары қайталанып, қиысатын екі сөз өлең жолының ортасында
тұруы да мүмкін:
Осыған ұқсас жыр дәстүрін ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген жауынгер-жырау
Ақтамберді де кезінде өз жырларында кеңінен қолданылған:
Балпаң, балпаң, кім баспас,
Басарға батыр шыдамас.
Батырмын деп кім айтпас,
Барарға жүрек шыдамас.

Орхон ескерткіштеріндегі ұйқастың өзіндік ерекшеліктері бар.
Қалай болған күнде де өлеңге қойылатын негізгі шарттардың бірі- тармақтағы
сөз соңының үндестігі, дыбыстас естілуі болып табылады. Ежелгі жырындағы
ұйқас ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген даңқты жырау, Абылай ханның ақылшысы
Бұхардың жырларынан айқын сезіледі.
Ай болар күннен соң,
Күн не болар айдан соң,
Құлпырып тұрған бәйшешек
Қурай болар солған соң.
Немесе
Қара арғымақ арыса,
Қарға алдын жер мұң болар.
Есіл көзден нұр тойса,
Бір көруге зар болар.

Тоныкөк жырының авторы құбылтудың гипербола, яки ұлғайту әдісін шебер
қолдану арқылы сөздегі суретті түрлендіріп жібереді.

Табғаш, оғыз, қутан –
Бұл үшеуі бірге қалса, біз
Өз іші-тысымызды ұстап қона қаламыз.

Ежелгі түркі поэзиясындағы кейбір сөз тіркестері перифраз секілді болып
келеді. Мәселен, Күлтегін жырында автор адамдар деп айтудың орнына ел-
жұрт, адамзат ұлдары деген сөз тіркестерін қолданылады.
Жоғарыда тәңірі баспаса,
Төменде жер айырылмаса
Ежелгі түркі поэзиясының біз әңгіме етіп отырған үлгілерінде
метонимия да, антитеза да, эпитет те кеңінен қолданылады. Мәселен, мынандай
тұрақты эпитет сөздер жиі ұшырайды: мәңгі жас, пәк қыздар, көрер
көзім, қасиетті жер-су (Отан деген мағынада), көк тәңірі, қара жер,
шырын сөз, қызыл қан, т.б. Енді әдеттегі қарапайым эпитетке мысал
келтірейік: боз ат, торы ат, жалтақ кісі, білгір қаған, т.б. [
]
Сөйтіп, Күлтегін жырындағы шығарманың басты қаһармандарының
бірі ретінде батырдың жорыққа мінетін сәйгүлік аттары бейнеленген. Күлтегін
соғысқа мінген Торы ат, Алып Шаншы мен Арғымақтар туралы Иоллығ-тегін
сүйсіне жырлайды.
Түрік қағанатының әскери қолбасшысы мінген сан түрлі сәйгүліктер
туралы оқи отырып, қазақтың батырлық жырындағы, әр аяғы келідей, он екі
құлаш “Шұбар” тұлпарды, бір өзі он екі биені еміп өскен ат шапқанда бір
төбенің шаңын бір төбеге қосатын “Тайбурылды” бір күн шапса, айшылық жолды
алатын. Байшұбарды еске түсіреміз. Күлтегін жырындағы сияқты қазақтың
батырлық жырларында жорыққа мінетін сәйгүліктің түр-түсіне, сыртқы сипатына
ерекше мән беріліп отырады.
Мысалы, “Қамбар батыр” жырында Қосай батыр мінетін Сары аттың түр-түсі
егжей-тегжейлі бейнеленген. Сары атқа тіл бітіп, Қосай батырға ақыл-кеңес
беріп отырады. Бұл жырда сары ат мейілінше мадақталады.
Астындағы сары аттың
Көкте екенін білмеді,
Жерде екенін білмеді
Қос қанатын салады (75( (Батырлар
жыры А, Жазушы ІІ том. 2000 75-б)
Қазақтың ежелгі жауларымен сан рет шайқасқа шыққан Бөген батырдың
астында жер тепкілеп тұрған “он екі құлаш Шұбар атты” көреміз. “Бөген
батыр” жырында да “Қарсақ жартас”, “Қара ойдан”, “түлкі жортпас түлейден”
желдей ағып өтетін қос қанатты Шұбар ат тек Бөген сияқты алып батырға ғана
лайықты болып көрінеді.
Шұбар аттың бауыры
Қырық кездей созылды,
Шапқан жерін қарасақ,
Жер ошақ болып қазылды. (-9( Батырлар
жыры А, Жазушы 2000
Сонымен Орхон жазба жәдігерліктері мен қазақтың батырлық жырлары
арасындағы дәстүр жалғастығы екеніне дау жоқ.
Эпостық батырдың бойынан табылатын асқақ қасиеттер: батылдық, адалдық,
алыптық сияқты болып келетіні мәлім:
Күлтегін ақбоз (аты) Азманға мініп,
Шабуылға ұмтылды
(Жаудың) алты батырын шаншып
Жекпе-жекте жетіншісін қылыштады
(Ктү, 45)
Немесе Күлтегін туралы
Күлтегін боз ат мініп шапты,
Ол ат сонда өлді.
Ерттеулі торы атын мініп шапты,
Ол ат сонда өлді. (КТү, 32-33(
“Күлтегін” жырының ерлікті, елдікті мадақтаған дәстүр қазақтың батырлық
жырында өз жалғасн тапты. Батырлық жыр мен шешендік толғаулар соның дәлелі.

Айдын шалқар өзені –
Мұз болып тастай қатқаны.
Қара жердің өлгені –
Қар астында жатқаны.
Өлмегенде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді –
деп айтқан Абылдың (ХҮІІІ ғасыр) сияқты Бұхар жыраудың толғауларын
естіген В.Радловтың таңдана жоғары баға беруі де заңды еді. Енді бұған
халық арасында туған есепсіз даналық сөздерді қоссақ, онда байтақ қазақ
даласының ән қалықтап, күй төгілген, жыр ағылған аңыздай келбетін елестету
қиын болмас еді.
Қазақ халқы осындай ақындық қабілет-дарынды өзінің ата-тегі байырғы
түрік тайпаларынан мұра тұтқан.
Олай дейтініміз, соншалықты ерте туғанына қарамастан, Орхон
ескерткіштерінде шешендік арнаудың, келісімді ырғақтың, ойлы мақалдың,
азалы жоқтаудың, жойқын соғыс суретінің сан үлгілері ұшырасады. Солардың
қай-қайсысының да дамыған, жетілген түрлерін әдебиетіміздің әр саласынан
қиналмай-ақ тауып жатамыз.
“Тәңірдей, тәңірдей жаралған,
Түрік білге қаған,
Бұл шақта отырдың (таққа),
Сөзімді түгел естіңдер!” (10-5(
Хрест А.Қыраубаева Еж дәуір әдебиеті
немесе
“Тоғыз ағыз бектері, халқы!
Бұл сөзімді мұқият тыңда, терең
ұқ” (11,6(
деген жолдарды қазақ әдебиетінде ерекше дамыған шешендік сөздердің
жоралғысын танимыз. Риторикалық сұраққа негізделген шешендік арнаудың
мұндай түрлері Орхон ескерткіштерінде көп-ақ. Тағы мысал:
Түрк халқы тыңдаңдар!
Көктен тәңірі баспаса,
Төменде жер айырылмаса,
Ел-жұртыңды кім қорлайды?! (12,9(
(Сонда хрестоматия тексінде)
О, қасиетті Өтүкен қойнауының
халқы!
Біресе ілгері шаптың,
Біресе кері шаптың,
Барған жерден не пайда таптың?
(КТү)
Осының бәрі де кейде адасып, быт-шыт болған, кейде ес жиып іргелі ел
болған түрк халқына, оның ерлігіне арналған.
Осындай арнау түрінде жазылғандығына байланысты Орхон ескерткіштерін
ерлік жырына жатқызғандығының өзінде үндеу, үгіттеу мақсатында туған деп
есептейміз. Бұл олардың эпостық құнын төмендете алмайды. Өйткені қазақ
эпостары да негізінен арнаумен байланысты туған.
“Халық арасында әлдебір батырдың қоштасуы және жоқтауға байланысты өлең
жырда алғашқыда бір ақын жинап, басын құрауы, сөйтіп тұңғыш эпостық
дастанның тууына негіз қалауы ықтимал”-деген еді. М.Әуезов өз зерттеуінде
(Уақыт және қаламгер. 35- бет)
Дүние салған кісіні жыл бойына ас бергенге дейін жоқтау салты қазақта
ежелден бар. әдетте жоқтау өлеңдерде өлген адамның жанкүйер жақындары
шығарады да, ол өлеңдерде әлгі кісінің қадір-қасиеті, тіршілігі ардақталып,
қазасының орны толмас өкініш, ауыр қайғы екендігі егіле айтылады. Ал ел
арасында кең тараған даңқты ерлер жайындағы жоқтауларды сол тұстың атақты
ақын-жыраулары шығарып отырған емес пе еді?
Міне, халықтың сондайлық аяулы батырының қазасына арналған, олардың
тіршілікте істеген ерлігін баян еткен жұрт жорасы, ел шері – ежелгі жоқтау
өлеңдерінде М.Әуезов айтқандай, бертінде қазақ эпостарының негізгі қазақ
болғаны даусыз Орхон жырларындағы сондай жоқтау өлеңдерінің бір үлгісін
алайық.
Жырда Күлтегін жасаған жорықтар мен оның айқастары суреттеліп келеді де
былай дейді.
Інім Күлтегін қаза болды,
Өзім қайғырдым
Көрер көзім көрместей,
Білгір ақылын білместей болды.
Өзім қайғырдым
Тағдырды тәңір жасар,
Адам баласының бәрі өлгелі туған.
Қайғырғанын соншама,
Көзге (ыстық) жас келер,
Көңілге ауыр шер келер.
Тағы да ойландым,
Қатты қайғырдым.
Екі шад, бүкіл жеткіншектерімнің,
Ұландарым, бектерімнің, халқымның,
Қасы-көзі әз болар деп қайғырдым”
Осы жолдар:
“Қосабаның жолында,
Құс қонбас құла жапанда,
Жылай-жылай бір жалғыз,
Дүниеден өтті дегейсің”,
-деп қапылыста мерт болып, әуелеп ұшқан қаздан ата-ана, іні-қарындасқа
сәлем жолдаған аяулы Төлегеннің ащы зарымен әдемі үндесіп жатады. Бүгінгі
ұрпақ сол Төлеген сәлемінен әділетсіз заманның жалғаса алмай, үзіліп қалған
жас арманын қимас арманын ұғынады.
Немесе Орхон ескерткіштеріндегі:
Көрер көзім көрместей болды,
Білгір ақылым білместей болды.
Жылай-жылай жұртымның
Қасы-көзі әз болар деп қайғырдым”
(24( (Хрест, Еж.дәу. әд)
деген жолдар мен “Қобыландыдағы”
Жайықтың суы лай-ай,
Көр болды көзім жылай-ай
секілді Аналық зарының арасында “Алпамыстағы”:
“Көретін көзім көр болды,
Бір перзентке асық боп
Аққан жасын тия алмай,
Көзімнің жасы төгіліп,
Жылап-еңіреп, егіліп,
Арасында шеңгелдің”- (166(
(Ә.Қоңыратбаев Қаз фольк. тарихы)
деп ботадай боздап келе жатқан Байбөрі қасіретінің арасында қаншалықты
алшақтық бар?
Біз келтірген үзіндінің бәрі де қаһармандардың ауыр шерін баяндайды:
Халық сенген аяулы ерден, туған інісінен айырылған Білге қаған ақылынан
адасып, бүкіл түрк халқының көзінің жасы көл болуы.
Сондайлық батырды зарыққан ата менен ананың ғана тақсіреті емес, апат
соғыстардан титықтап, әбден қалжыраған, сөйтіп, өзіне қорғаныш іздеген,
іздегенде Алпамыстай, Қобыландыдай батырды минут сайын, секунд сайын
ыждағатсыз, тағатсыз асығып күткен халықтың аңсаулы арманы.
Осы тәрізді перзентке зар болу, сол батырдың өлсе қазасын жоқтау –
қазақ эпостарындағы негізгі мотивтерден саналады.
Осындай жоқтау эпостарындағы негізгі өлеңдерін, шешендік арнау сөздерді
қазақ әдебиетінің ең көне түрлерінің бірі деп есептесек, сол үлгілерді
Орхон жырларының қазақ халқына қатысты туынды екендігін тағы дәлелдей
түседі.
Халқымыздың ең көне эпикалық мұрасы – Күлтегін мен Тоныкөк жырларын
ерлік жанрына жатқызудың тағы бір себебі мынада: Қазақтың батырлар жырына
тән бұлжытпас ортақ қасиеттердің денін біз Орхон жырларынан да табамыз.
Ол ортақ қасиеттер қандай еді?
Біріншіден, Орхон ескерткіштерінің де, қазақ эпосының да негізгі идеясы
бір. Ол - өз елін, өз жерін шет басқыншылардан, сыртқы жаулардан қорғау
идеясы.
Екіншіден, солардың қай-қайсысында да әлеуметтік сарын басым. Ат жалын
тартып, қолына қару алған жас батыр елінің намысы үшін сыртқы жауға қарсы
аттанып, есепсіз қиындықтардан өтіп, ақыры жеңіспен оралады. Батырдың
ерлігі қырғын қантөгісте көрінеді.
Біздіңше, батырға ел атағын – лақап атын осындай жауапты айқастарда
көрсеткен ерлігі үшін беретін болу керек.
Үшіншіден, эпикалық жырларда жеңілуді білмейтін ежелгі батырлардың жас
шағынан өмірінің ақырына дейін ерлік әрекеттері түгел, тұтас жырланады:
Қобыланды мен Алпамыс батырлардың дүниеге келуінен бастап суреттелсе, Орхон
жырларында Күлтегіннің он алты жастан қырық жеті жасына дейінгі өмірдегі
істері баяндалады.
Мұның себебі неде? Біріншіден, біз алдыңғы екі жырдың әуелде қандай
үлгіде туындағанын білмейміз. Бізге олардың талай жыраулардың қолынан өтіп,
талай ғасырларды аттап, алғашқы нұсқасынан өзгеріп, толығып жетіп
отырғандығы белгілі.
Екіншіден, “Күлтегін” тасқа басылған жыр десек, М.Әуезов айтпақшы, оның
ауызша одан да толық варианттарының халық арасында таралмауы мүмкін бе?
Тіпті Күлтегіннің мол жорықтарының өзі қазақтың төл жырларының
кейбіреулеріне арқау болады ма екен?
Төртіншіден, эпостарда батырлардың астындағы ұшса – қанат, сенімді
қанатты тұлпар серіктеріне ерекше мән беріледі. Олар: Қобыландының
Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Қамбардың Қарақасқасы.
Ал, Орхон жырында бір Күлтегіннің астына мұндай сәйгүлік, желаяқ
аттарының талайын көреміз. Бір өзгешелігі, батырдың жойқын айқастарына
шыдай алмай, олардың біразы оққа да ұшып жатады.
Әйткенмен, солардың ішінде Күлтегін шыдағандай, оған айнымас серік
болғандай: Алып Шолық ақ айғыр, Азман ақ, Қаракер, жетімек тәрізді батырдың
даңқына сай тұлпарлар бөлек көрінеді.
Қазақ жырларының басқа халықтар эпосынан бір айырмашылығы да осы ер
қанаты аса бір махаббатпен, эпикалық деңгейде, ерекше ықыласпен
суреттеуінде.
Бесіншіден, Орхон жырларында да, қазақ эпостарында дәстүрлі қайталаулар
жиі ұшырасып отырады.
Мысалы, “Қобыландыдағы”:
Түтікпенен су берген,
Түтікпенен күн берген
немесе
Жасы құрдас менімен,
Мұңы мұңдас менімен
деген тіркестер: “Алпамыстағы”:
Қаланың аузын қан қылды,
Қақпаның алдын шаң қылды.-
тәрізді жырлар. Орхон жырларындағы:
“Бастыны еңкейтті,
Тізеліні бүктірді”
яки
“Азды көп қылдым
Кедейді бай қылдым,
Тату елге жақсылық қылдым”
секілді жолдар жырдың лейтмотивіндей, шығарманың басынан аяғына дейін
үнемі қайталанып отырады.
Бір ғана бұл айтқандар емес, Күлтегін, Тоныкөк жырлары мен қазақ
эпостарының арасында басқа да толып жатқан сәйкестіктер бар, сондай-ақ,
эпостағы көне элементтерінің бірі ұлан ғайыр жорықтар, айбынды айқастар
суреті десек, олардағы жоғарыдағы аталған жырлардың күлесінде ерекше
шабытпен әрі өте ұқсас жырланады.
Көршілес оғыздарға, қырғыздарға, табғаштарға қарсы аттанып, жауының
“Елдігін жойып, хандығын қиратып” жүрген Күлтегіннің әрекеттері Тайбурылды
шиыршық аттырған Қобыландының, күллі қалмақты үрейлендірген Алпамыстың
ересен қимылдарына ұқсамай ма?
Бірде найзаласқан, бірде қылыштасқан қанды айқастар кескінін бұл жерде
тізіп жатудың қажеті бола қояр ма екен? Оны жоғарыда келтірілген жыр
нұсқасынан анық көруге болады.
Салыстырып отырған “Күлтегін”, “Алпамыс”, “Қобыланды” жырларынан бір-
бірінің көршісіндей, егіз, туысты көріністерді қиналмай табуға болады.
Батырлар жасаған ерлік көріністерінің соншалықты ұқсастығына бірер
мысал келтірейік:
“Күлтегінде”:
“Түнде ұйықтамадым,
Күндіз отырмадым”.
“Қобыландыда”
“Түн ұйқыны бөлгендей
Қай шаһарға барасың?”
“Алпамыста”
“Күннен күнге түн қатып”
Бұл жолдардан біз өз халқының тәуелсіздігі, намысы үшін түн ұйқысын
төрт бөлген ерлердің үрдіс қимылын, дамылсыз жортуларын көрер едік.
Тағы бір мысал. “Қобыланды батыр” мен “Алпамыс батыр” жырларындағы
сөзбе-сөз келетін мына бір:
Қаланың аузын қан қылды,
Қақпаның аузын шаң қылды,
Айдарлысын құл қылды,
Тұлымдысын күң қылды”
-деген шумақты “Күлтегіндегі” мына жолдармен салыстырып қараңыз:
Бастыны еңкейтті,
Тізеліні бүктірді.
Бек ұлдары құл болды,
Пәк қыздары күң болды”.
Осындағы құл, күң сөздерінің бәрінде де бірдей мағынада қолданылуына
әрі жоғарыда келтірілген басқа да көптеген ұқсастықтарды қарап, Күлтегін,
Алпамыс, Қобыланды жайындағы эпостарды әр дәуірдің, бір әдеби дәстүрдің
жалғасыт туындылары деп есептеуге болар еді.
Дәлірек айтқанда, олардың бәрі де ерте дәуірдегі ерлікті дәріптеген
эпикалық дәстүрдің мұралары. Айырмашылығы тек “Күлтегін” жырының тасқа
басылып, ондағы шығармаға қатысты нақтылы тарихи деректердің өзгеріссіз
сақталып қалғандығында.
Алпамыс эпосының Орхон дәуіріне жалғасты шыққандығының айқын бір
дәлелін жырдың өз ішінен табамыз:
“Шаң астына қараса,
Ашықты ала ту көрді.
Ту астына қараса,
Жер қайысқан қол көрді.

Қол астына қараса,
Жер қайықан қол көрді.
Қол астына қараса,
Ақ шатыр мен көк шатыр.

Баратын тура жол көрді.
Аяғының астында,
Тақтай тастың бетінде
Жазылған таста хат жатыр.

Хатқа бала қараса,
Іші толған тамаша,
Талай-талай кеп жатыр,
Түсінбеген түсінсін,
Болмаған бұрын сөз жатыр (9,246( (Қазақ эпосы)
Көріп отырсыздар, тас бетіндегі жазудың дерегі “Алпамыс” та беріп отыр.
Бұл сөз жоқ, эпостың шығу дәуірін анықтауға септігін тигізетін құнды пікір.
Оның үстіне тақтай тастың бетіндегі жазудың:
“Іші толған тамаша,
Талай-талай кеп жатыр.
Түсінбеген түсінсін,
Болмаған бұрын сөз жатыр”-
дейтін жолдары бізді ойландыруы керек. Себебі, жырдың көне жолдарының
бірі осылар деп есептейміз. (10,83-84(. (М.Жолдасбеков)
Жалпы ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырдан-ғасырға ауызша тараған әдебиет
үлгілерінің тағдыры осындай. Жылдар өткен сайын ауызекі таралатын жырлар әр
жыраудың тұсында өзгеріске ұшырай береді.
Біз салыстырып отырған жырдың бәрінде де бірдей жау – қойға, батыр –
бөріге теңеледі.
“Күлтегіндегі”:
Әкем қағанның қосыны бөрідей,
Жаулары қойдай болыпты”
-деген жолдардың “Алпамыс” деп “Қобыландыдан” дамытылған, жетілген
түрін көреміз:
“Қойға тиген қасқырдай,
Сайып кетіп барады”,
(“Қобыланды”)
“Қойға шапқан бөрідей,
Талқандап қуып бөледі”
(“Алпамыс”).
Ұнамды кейіпкерлермен бірге теңеу түрк халқы бөріден тараған аңыздан
шықса керек. Өзінің түп тегі санаған халық бөріні ерекше қастерлеген.
Түрк руының батырлары жорыққа аттанғанда өз туларының ұшына қасқырдың
бас терісін байлап шығатыны жайында сол дәуір деректерінде жиі кездеседі.
Эпостарда шайқастар да соншалықты ұқсас беріледі.
Мысалы:
Қаны судай ақты,
Сүйегі таудай үйіліп жатты”
(“Күлтегін”)

Майданнан аққан қызыл қан,
Сарқырып ақты судай боп.
Өліктері төбе боп,
Төскейде шапқан қырдай боп”.
(“Алпамыс”)
(Қазақ эпосы, 302 бет)
Қанды - аққан суға, өлікті – үйілген төбеге әйтпесе тауға теңеу –
эпикалық жырдың тілі, әсіресе ондағы теңеулер үнемі тұрақты болады”
дейтін А.Веселовскийдің пікірін толық растап отыр.
Жеңілген елге ханды, бекті батырдың өзі сайлауы жырларымыздан бастап-ақ
желісін үзбей келе жатқан жалғасты дәстүр екенін аңғарамыз.
Мысалы, Орхон жырларында Білге қаған, Күлтегін өздері жеңген елдерге
шод, бек тағайындайтын болса, Алпамыс қалмаққа Кейқуатты патша етеді.
“Патша болды Кейқуат
Қалмақтың қалың еліне”
Жырларда осындай маңызды мәселе де ерекше орын алады.
Табғаштардың “тәтті сөз, асыл дүниесіне алданған”, өз арасында іріткі
шығып, бағынбай, бағытсыз кеткен түрк халқы жайында “Күлтегін” жыры.
Аштықта, тоқтықты түсінбейсің,
Бір тойсаң аштықты түсінбейсің.
Сандығың үшін алдандың,
Ханның тілін алмадың.
Жер-жерге бардың (сандалдың)
Аштықтан әбден арыдың”-
деп ашына әрі оларды жазғыра жазады.
Әйелі – күң, ері – құл болып, осылай тозып кеткен халықты ата-мекеніне
қайта жинап қоныстандыратын – Күлтегін.
Күлтегіннің ерлігінің арқасында түрк халқының:
“Кедей бай болды,
Азы көп болды,
Құл құлды болды,
Күң күңді болды”.
Сөйтіп, ешкімге кіріптар болмай, бейбіт өмір сүрді. Осындай жайттарды
“Қобыланды”, “Алпамыс” жырларынан да кездестіреміз.
Қобыландының жырақта жүргенін пайдаланып, “Алшағыр оның елін шауып
алады. Қалмақты құрсауынан босатып, ызғыған қыпшаққа берекені қайта
дарытатын – Қобыландының өзі.
“Қалмақ, қыпшақ жағалай
Қараспан тауға қоныпты.
Кемшілік көріп кәпірден
Пенде болып байланған.

Жылаған қыпшақ баласы
Бұрынғыдан екі есе
Бақ дәулетке жолықты.
Қалмақтан алған көп олжа

Бөліп берді еліне,
Пақыр, кедей кеміне,
Кедей байға теңеліп,
Риза болды бәрі де”
(“Қазақ
эпосы”, 181-бет)
Орхон, “Қобыланды” жырларындағы жағдайды “Алпамыстан” да көреміз.
Байбөрінің қателігінен Қоңырат елі ыдырап, тозып кетеді. Неше түрлі
азап қиындықты басынан кешіріп, ұзақ сапардан Алпамыс батыр еліне қайта
оралғанда: Ұлтан құлы бек болған: бабасы жалшы, әкесі – құл, анасы мен
қарындасы күң болған; жәдігерлерді додаға, жесірі саудаға түскен ақыр
заманға тап болады.
Осыншама мехнаттан, бұғаудан халқын құтқарып, жұртын қайта түзейтін
тағы сол ел батыры – Алпамыс.
“Жиылған халық жылады,
Тозып кеткен ел-жұртын
Тегіс жиып алады,
Тектегі мен телісін
Түзетіп жөнге салады”
(“Қазақ
эпосы”, 327-бет.)
тағы бір ерекше айта кететін нәрсе – Орхон, “Алпамыс” жырларында жеті
санның жиі қайталануы жайлы. Бірнеше мысал келтірейік.
1. “Әкем қаған он жеті ер жетіпті.
2. Жиылып жетпіс ер бопты
3. Қосыны жеті жүз ер бопты
4. Қырық жеті рет аттанды,
Жиырма шайқас жасады.
5. Әкем өлгенде Күлтегін жеті жаста қалды
6. Күлтегін қай жылы он жетінші күні дүниеден ұшты. Тоғызыншы айдың
жиырма жетісінде жерледік. Мазарын, өрнегін, жазба тасын мешін жылы
жетінші айдың жиырма жетісінде тегіс аяқтадық.
Күлтегін өлгенде жиырма жеті жаста еді.
“Алпамыста”:
1. “Жеті жыл жаттым мен деймін,
Жеті мың қалмақ өлтірмей,
Сірә да кезек бермеймін”.
2. Жеті жылдың ішінде
Көрінбейді кісіге.
3. Енділігі жеті кез,
Темір үйді салдырып.
4. Жеті күн мен жеті түн
Қолыма менің бер”,-дедім.
5. Отырған орны жер болып,
Жеті күн ұдай түнедім”.
Бұл туралы толып жатқан пікірлер бар. Қазақтың жеті өткізу, жеті атадан
бері санауы да қызық.
Бірақ бізге керегі әзірге ол емес. Бізді қызықтыратын ҮІІ ғасыр мұрасы
– “Күлтегін”, “Алпамыс” эпосында өсімтал (7-70-700-7000) жұмбақ жеті санның
қайталануы.
Мұның өзі бір жағынан “Алпамыстың” көнелігін дәлелдесе, екінші жағынан,
“Алпамыс” пен Орхон жырларының шыққан уақытының жалғас, іргелес екендігін,
бір дәстүрдің мұрасы екендігін тағы да растайды.
Қорыта айтқанда, түркі елінің ҮІ-ҮІІІ ғасырдағы қоғамдық-әлеуметтік
өмірін, түрлі түркі тайпаларының әдет-ғұрпын, наным-сенімін, өзіндік
поэзиясын, тілін т.б. танып-білуде Орхон ескерткіштерінің мәні аса зор.
Әсіресе, жазба әдебиеттің өсіп-өркендеу процесін, халықтық эпостың
табиғатын, сөз өнерінің түп-тамырын зерттеп білуде. Руналық жазба
ескерткіштер түркі халықтары үшін аса құнды ғылым екені сөзсіз.
Тоныкөк ескерткіші – ежелгі түркі поэзиясына тән әдеби дәстүрде,
көріктеу құралдары, тілі, композициясы т.б. жағынан зор шеберлікпен
жазылған жыр-дастан болып табылады.
Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк ескерткіштері – мазмұны мен формасы
жағынан да, өлең құрылысы мен композициясы жағынан да ежелгі түркі
поэзиясының нағыз классикалық үлгілері болып табылады.

1.2. Орхон ескерткішінің фольклорлық тұрғыда зерттелуі

Орхон ескерткіштері тіл, тарих мұрасы ретінде толық тексерілгенімен,
жанры әлі тиянақты айтылған жоқ. Бұл мақсат маңызды мәселені шешу
түркологияның қазіргі таңдағы кезек күттірмейтін жауапты міндетінің бірінен
саналады.
Орхон жазбаларынан әдебиеттің белгісін танып, оның фольклорлық өлеңдік
қасиетіне мән берген ғалымдардың бағалы сөздері ертеде шыққан кітаптардан
да кездеседі.
Мәселен, түрік халықтары өлеңінің құрылысын алғаш жете зерттеген
ғалымдардың бірі, Ф.Караш өзінің "Древнейший народный стих турецких племен"
(СПБ, 1909) деген әйгілі еңбегінде Орхон жазулары мен түрік халықтары
өлеңінің арасындағы ырғақ сәйкестігіне назар аударған еді.
Зерттеуші Фалеев: халық эпосы шығармаларын Орхон жазуларымен салыстыру
әбден орынды деген өте құнды пікір айтады.
Күлтегінге арнаған ескерткішті өлең тексіне алғаш жатқызған кісінің
бірі – А.Бернштон. Ғалым өлең деп тануын танымағанмен, өз ойын нақты
дәлелдей алмаған да, соның алдарынан үміт сәулесіндей осы бір құнды пікір
кезінде түркологтар қолдау таппаған.
Ескерткішті тек лингвистикалық тұрғыдан зерттеген П.Мелиоранский мен
С.Малов секілді көрнекті ғалымдар өз еңбектерінде руналық жазулардың
тілінде баяндау стилінде өзгеше жатықтық бар дегенді айтады.
Міне 1950 жылдардың ортасына дейінгі Орхон ескерткіштерінің сипаты,
жанры жайындағы ой-пікірлер осындай болатын.
Орхон жазуларының жанрлық табиғаты туралы түркологияда қазір қарама-
қайшылық екі түрлі көзқарас қалыптасып келеді. Оның бірі А.Щербактың,
екіншісі И.Стеблевоның есімімен байланысты.
А.Щербак былай деп жазады: "Өзінің сипаты жағынан да бұл жазцларды
ақындық шығармаға жатқызуға болмайды" Басқаша айтқанда, Щербак Орхон
ескерткіштерін әдебиет үлгісіне үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, түрік
қағанатының қысқаша, дәл тарихи деректер жиынтығы деп қарайды.
Осы айтылған пікірді тарихшы Л.Гумилев қуаттайды: И.В.Стеблева
моногрофиясында Күлтегін мен Тоныкөктің құрметіне арналған жазуларды өлеңге
жатқызып және оны тарихи поэма ретінде дәлелдеуге әрекеттенген. Автордың
сонысына қарамастан, біз одан өлеңге ең қажетті нәрсе – ырғақты таба
алмадық. Сол себептен де "сипаты жағынан бұл жазуларды ақындық шығармаға
жатқызуға болмайды" деген А.Щербактың тұжырымына қосыламыз дейді зерттеуші
Л.Н.Гумилев.
Қазақ әдебиетінде өзге халықтар творчествосында кездесе бермейтін
шешендік сөздер деп аталатын қызық жанр бар. Соның қай үлгісін алсаң да
өмірдің шындығына құрылған, ешкім өзгерте алмайтындай асыл жолдарды
көресің. Тыңдайсың да, халық жасаған ғажап өнерге ғашық боласың.
Шынында да, Орхон жазулары әдеби мұра ма? Болса, оның қай үлгісіне
жатпақ? И.Стеблеваның пікірінде қаншалықты қисындылық бар? Міне, бұл
сауалдарға жауап берудің жалпы түрк халықтары әдебиеті үшін, оның ішінде
қазақ әдебиеті үшін үлкен мәні бар.
Егер халқымыздың ерлік дәстүрлерін көркем образдарға ұластырған қазақ
жастары мен Орхон жазуларының арасындағы табиғи туыстық айқындай алсақ,
онда заты қазақ өленінің ең әдепкі үлгілері хақында нақтылы сөз етудің
мүмкіндігі туатыны да ақиқат.[2-76].
VI-VIII ғасырлардағы халық фольклорында эпостық поэзияның Орхон
ескерткіштерінде жазылып қалған ең ертедегі ақындық тәсілдері мен
дәстүрлері белгілене бастаған. Бұл поэзияның Орхон ескерткіштерінде
Күлтегін мен Білге ханның басындағы құлыптастарына жазулардан көруге
болады. Бұл жазулардың тексті эпостық әңгіме стильнде жазылған. [3-117].
Ғалымның Орхон ескерткіштерінен ақындық тәсілдері де, дәстүрді тауып,
оларды жанры жағынан ерлік жырына жатқызып отырғанын осы мысалдан көруге
болады.
Заманымыздың әйгілі жазушысы, ойшыл академик М.Әуезов ХХ ғасырдың
түркологтары бас қосқан мәслихатта мынандай құнды пікір айтады.
Орхон жазулары деген не?
Бұл күні бүгінге дейін оларды тіл ескерткіші ретінде зерттеп жүр. Соған
қоса фольклордың мейлінше көне үлгілерінің де ескерткіштері емес пе? Сол
жазулар да эпостық аңыздардың шағын да ықпал ықшам желістері бар ғой. [4-
143].
Ғалым дәл осы жерде Күлтегін мен Тонкөкке арналған руналық ерлік
жырының белгілерін айқын тауып отырған жоқ па?
Орхон мұраларын зерттеуші ғалымдардың оның әдеби сипатына ерекше мән
берге М.Стеблеваның жоғарыда келтірген тұжырымдарын ескермеуі өте өкінішті-
ақ. Біздің ғасырымыздың елуінші жылдарына дейін түркологияда Орхон
ескерткіштерінің табиғатына жақын пікір айтқан бірде-бір зерттеуші болған
жоқ. Жүздеген жылдар бойы тек тілдік, тарихи мұра ретінде зерттеліп келген
Орхон жазуларынан әдебиет сипатын тану, сөз жоқ, ғылым әлемінде үлкен
жаңалық еді.
Сондықтан да Орхон ескерткіші жанры туралы мәселені күн тәртібіне алғаш
қойған ғалымдар.
Демек, Л.Гумилев ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күлтегін жырының көркемдік ерекшелігі
Оғыз қаған тарихи жұрт
Қазақ әдебиттану ғылымында көне түркі ескерткіштерінің әдеби тұрғыдан зерттелуі
Қайырымды қалаға теріс қалалар
Күлтегін жазба ескерткіштерінің көркемдік ерекшеліктері
Түрік мифологиясының құдайлары
Күлтегін жазбалары- түркі халықтарының баға жетпес байлығы
Түркі жазуларының зерттеу барысы
Қазақ публицистикасының өткені мен бүгіні
Ежелгі дәуір әдебиетінің қазақ әдебиетінде алатын орнын анықтау
Пәндер