Солтүстік Каспийдегі бұзаубас балықтардың асқорыту жүйесіндегі морфофункциональді ерекшеліктері



Кіріспе
1. Әдебиетке шолу 5
Бұзаубас балықтардың систематикасы, таралуы, биологиясы мен экологиясы 5
Бұзаубас балықтардың асқорыту жүйесінін анатомиялық және гистологиялық ерекшеліктері 6
2. Материал мен әдістер 11
3. Зерттеу нәтижелері және оны талқындау 14
Қорытынды 20
Қолданған әдебиеттін тізімі 21
Бузаубас балықтардың (Gobiidae) өкілдерінің көбі теңізбен байланысты. Олардың көп түрлері қоңыржай және тропикалық зоналарда мекен етеді.
Осы тұқымдастың туысы мен түрлері яғни өкілдерінің біршамалары ғана шұщы су қоймаларында және өзендерде кездеседі. Қазақстанда көбіне Солтүстік Каспий мен Жайық өзенінде кездеседі /1/.
Бұзаубас балықтардың балық шаруашылық маңызы жоқ, бірақ су қоймалардағы ихтиоценоздарда маңызды құрам болып табылады. Бұзаубас балықтар басқа балықтардың және тюлендердың қорегі болып келеді. Сонымен қатар олар биоалуантүрлілігінің өкілдерін көрсетеді.
Бұзаубас балықтардың асқорту жүйесін зертеген жұмыстар көп емес. Бұзаубас балықтарының көпшілігінің қарны анатомиялық тұрғыдан қарағанда жекеленген. Бірақ гисталогиялық анализге сүйенсек кейбір бұзаубас балықтардың каудальді бөліміндегі алдынғы ішек қарын бездері онша жекеленбеген. Бірақ олардын даму денгейі бірдей емес. Янковскийдің /2/ айтуы бойынша жұмыр бұзаубас балығы Neogobios melanostomus және құмдауыт бұзаубас балығы Neogobius fluviatilis қарны жойылған, ал зеленчак (N. ophioctphflus) және мартовик (N. batrachocephalus) осы екеуінің сыртынан қарағанда қарны өте айқын көрінеді /2/.
Кульчицкийдың /3/ айтуы бойынша травяник, мартовик және жұмырбасбұзаубас балығының қарны ұқсас, бірақ травяник пен жұмырбасбұзаубастың қарнының бұшық ет қабырғалары өте жұка және мартовикке қарағанда онша жекеленбеген.
Көбегенова, Джумалиевтың /4/ мақаласында бұзаубас балықтың 6 түрінін асқорыту түтігі зерттелген.
Көбінесе басқа бұзаубас балықтардың түрлерінің асқорту жүйесі зерттелмеген. Біздің жұмысымыздың мақсаты 3 түрдің:
4. Knipowitschia longicaudaja (Kessler) –ұзын құйрықты бұзаубас
5. Bentophilus macrocephalus (Pallas) – үлкенбасты пуголовка
6. Neogobius kessleri (Gunther) - головач бұзаубас
анатомиялық және гистологиялық асқорыту жүйесін зерттеу.
Міндеттері:
- анатомиялық құрлысын зерттеу,
- өңеш, қарын, ішектің гистологиялық сипатын беру,
- асқорыту жүйесінің ерекшеліктерін балықтардың экологиясымен байланыстыру.
1. Домбровский Б.А. Основы сравнительной морфологии животных. - Алма-Ата: Казгосуниверситет. - 1961. - 195 с.
2. Кобегенова С.С. К вопросу о возможной причине редукции желудка у некоторых костистых рыб. //Вопр. ихтиол. - 1988. - Т. 28. - Вып. 6. - С. 983-992.
3. Уголев А.М. Эволюция пищеварения и принципы эволюции функций. - Л.: Наука. - 1985. - 544 с.
4. Кобегенова С.С. Сравнительная морфология и морфогенез пищеварительной системы некоторых хрящевых и костистых рыб. - Дис. … канд. Биол. наук. 1991. -217 с.
5. Москалькова К.И. Анатомо-гистологические и функциональные особенности развития кишечника у бычка-кругляка Neogobius melenostomus, рыбы с прямым типом развития. //Вопр. ихтиол. - 1988. - Т. 28. - Вып. 5. - С. 812-827.
6. Шубич Г.М., Могильная Г.М. Гистохимия желудка позвоночных в таксономическом и эволюционном аспекте. //Ж. Общ. биол. - 1981. - Т. 42. - № 2. - С. 276-288.
7. Янковский Б.А. Некоторые особенности строения органов пищеварения азово-черноморских бычков и связь их с питанием. //Вопр. рыбохозяйственного освоения и санитарно-биол. режима водоемов Украины. Мат. Докл. 11 Респ. Конф. Укр. Филиала Всес. Гидробиол. Об-ва (май 1970). Ч. 11. - Киев: Наукова думка. - 1970. - С.
8. Богачик Т.А. Морфологические адаптации челюстно-глоточного аппарата бычков (Gobiidae). //Вопр. ихтиол. - 1967. Т. 7. - Вып. - С.Богачик Т.А., Ремез З.М.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Биология факультеті
Зоология және гистология кафедрасы

Курстық жұмыс

Солтүстік Каспийдегі бұзаубас балықтардың асқорыту жүйесіндегі
морфофункциональді ерекшеліктері

Орындаған 4 курс студенті: Есенова Мақпал

Ғылыми жетекшісі:___________Көбегенова С.С.
____ _________2007ж.

Норма бақылаушы:___________Қожабаева Э.Б.
____ _________2007ж.

Қорғауға жіберілді, кафедра меңгерушісі,
профессор :___________________ Нуртазин С.Т.
_____ ________ 2007 ж.

Алматы 2007 ж.
Мазмұны
Кіріспе
1. Әдебиетке шолу
5
1. Бұзаубас балықтардың систематикасы, таралуы, биологиясы мен
экологиясы
5
2. Бұзаубас балықтардың асқорыту жүйесінін анатомиялық және
гистологиялық ерекшеліктері
6
2. Материал мен әдістер
11
3. Зерттеу нәтижелері және оны талқындау
14
Қорытынды
20
Қолданған әдебиеттін тізімі
21

РЕФЕРАТ

Курстық жұмыстың тақырыбы: Солтүстік Каспийдегі бұзаубас (Gobidae)
балықтарының асқорыту жүйесіндегі морфо-функциональді ерекшелітері.
Курстық жұмыс 19 беттен, 1 кестеден, 6 суреттен, 14 әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Кілттік сөздер:Каспийдің бұзаубас балықтары, асқорыту жүйесінің
гистологиясы, өңеш, қарын,ішек,эпителий, энтороцит.
Жұмыстың мақсаты: орыс бекіресінің көбею жүйесінің дамуын және
гистологиялық құрылысын Каспий эко-токсикологиялық жағдайымен салыстыра
отырып зертте.
. Біздің жұмысымыздың мақсаты 3 түрдің:
1. Knipowitschia longicaudaja (Kessler) –ұзын құйрықты бұзаубас
2. Bentophilus macrocephalus (Pallas) – үлкенбасты пуголовка
3. Neogobius kessleri (Gunther) - головач бұзаубас
анатомиялық және гистологиялық асқорыту жүйесін зерттеу.
Міндеттері:
- анатомиялық құрлысын зерттеу,
- өңеш, қарын, ішектің гистологиялық сипатын беру,
асқорыту жүйесінің ерекшеліктерін балықтардың экологиясымен байланыстыру.

КІРІСПЕ
Бузаубас балықтардың (Gobiidae) өкілдерінің көбі теңізбен байланысты.
Олардың көп түрлері қоңыржай және тропикалық зоналарда мекен етеді.
Осы тұқымдастың туысы мен түрлері яғни өкілдерінің біршамалары ғана шұщы су
қоймаларында және өзендерде кездеседі. Қазақстанда көбіне Солтүстік Каспий
мен Жайық өзенінде кездеседі 1.
Бұзаубас балықтардың балық шаруашылық маңызы жоқ, бірақ су қоймалардағы
ихтиоценоздарда маңызды құрам болып табылады. Бұзаубас балықтар басқа
балықтардың және тюлендердың қорегі болып келеді. Сонымен қатар олар
биоалуантүрлілігінің өкілдерін көрсетеді.
Бұзаубас балықтардың асқорту жүйесін зертеген жұмыстар көп емес. Бұзаубас
балықтарының көпшілігінің қарны анатомиялық тұрғыдан қарағанда жекеленген.
Бірақ гисталогиялық анализге сүйенсек кейбір бұзаубас балықтардың каудальді
бөліміндегі алдынғы ішек қарын бездері онша жекеленбеген. Бірақ олардын
даму денгейі бірдей емес. Янковскийдің 2 айтуы бойынша жұмыр бұзаубас
балығы Neogobios melanostomus және құмдауыт бұзаубас балығы Neogobius
fluviatilis қарны жойылған, ал зеленчак (N. ophioctphflus) және мартовик
(N. batrachocephalus) осы екеуінің сыртынан қарағанда қарны өте айқын
көрінеді 2.
Кульчицкийдың 3 айтуы бойынша травяник, мартовик және жұмырбасбұзаубас
балығының қарны ұқсас, бірақ травяник пен жұмырбасбұзаубастың қарнының
бұшық ет қабырғалары өте жұка және мартовикке қарағанда онша жекеленбеген.
Көбегенова, Джумалиевтың 4 мақаласында бұзаубас балықтың 6 түрінін
асқорыту түтігі зерттелген.
Көбінесе басқа бұзаубас балықтардың түрлерінің асқорту жүйесі зерттелмеген.
Біздің жұмысымыздың мақсаты 3 түрдің:
4. Knipowitschia longicaudaja (Kessler) –ұзын құйрықты бұзаубас
5. Bentophilus macrocephalus (Pallas) – үлкенбасты пуголовка
6. Neogobius kessleri (Gunther) - головач бұзаубас
анатомиялық және гистологиялық асқорыту жүйесін зерттеу.
Міндеттері:
- анатомиялық құрлысын зерттеу,
- өңеш, қарын, ішектің гистологиялық сипатын беру,
- асқорыту жүйесінің ерекшеліктерін балықтардың экологиясымен
байланыстыру.

1. ӘДЕБИЕТЕРГЕ ШОЛУ
1.1. Бұзаубас балықтардың систематикасы, таралуы, биологиясы мен
экологиясы
Класстар: Actinopterygii-Сәуле қанатты балықтар
Отряд: үсті Percoforpha-Перкоидтар
Отряд: Perciformes-Алабұға тәрізділер
Отррядтармағы: Gobiodei- Бұзаубас тектес балықтар
Тұқымдас:Gobiidae-Бұзаубас тектес балықтар
Туыс: Knipowitschia Iljin -
1.Түр: Knipowitshia longicaudata(Kessler) - ұзын құйрықты бұзаубас
Туыс: Benthophilus Eichwalp - пуголовка
2.Түр: Benthophilus macrocephalus (Pallas) – үлкен басты пуголовка
Туыс: Niogobios Iljin -
3. Түр: Neogobios kessleri gorlap Ilgin-Каспий бұзаубасы головач
немесе горлап

Отряд тармағы өкілдерінің ерекшелігі құрсақ қанаттары бір-бірімен қосылып
сорғыш қанатқа айналған. Осы тұқымдастың өкілдерінің көбі теңізбен
байланысты. Олар көбіне қоңыржай және тропикалық зоналарда мекен етеді.
Осы тұқымдастың туысы мен түрлері, яғни өкілдерінің біразы тұщы су
қоймаларда және өзендерде тіршілік етеді. Қазақстанда көбіне солтүстік
Каспийде және Орал өзенінде кездеседі. Жерсіндіру нәтежесінде осы
балықтардың 6-7 түрлері Арал теңізінде кездескен және олар осы теңіздегі
биоценозды өзгерткен. Осы жерсіндірілген бұзаубастардың биологиясымен
саны жақсы зерттелген. Каспийдегі бұзаубас балықтарының 34 түрі , Жайық
бассейінінде тіршілік ететін түрлері Аралға да жерсіндірілген . Тұжырым
бойынша Аралда жерсіндірілген барлық бұзаубас балықтар Красновод
шығанағынан ауланған. Осы жағдайды тұжырымдасақ Аралда тіршілік ететін
бұзаубас балықтар ихтиоценоз құрайды немесе барлығы бірге олар Каспийде
тіршілік етеді. Осы тұқымдас балықтары басынының скилетінің құрылымымен
ерекшеленеді. Басында бүйір сызығы болады,ол гинипор деп аталады және
шырышты каналы мен тесіктері болады.

1.Түр: Үлкен басты пуголовка-Benthophilus macrocephalus (pallas)

Таралуы- Каспий теңізінде кеңінен тараған, Волга өзенінде кездеседі және
Жайық өзенінің бастауында, алАрал теңізінде тіркелмеген.

Сипаттамасы- Денесі мен басы майда сүйекті тікенектермен қапталған,
соның арасында үлкен жұлдызша тәрізді пластинкалар болады. Артқы жағында
23-25 пластинка қатары орналасқан. Денесінің түсі сүр болып келеді және
дақтары болмайды. Аталықтары дамығанан кейін сүйекті тікенектері жойылып
кетеді.
Биологиясы - Мамыр маусым айларында дамиды. Уылдырығын порциялап
шашады.Уылдырығы ірі болып келген. Дене ұзындығы 130 мм дейін, ал салмағы
35 грамм. Шаянтәрізділермен, балықпен, нереиспен, моллюскамен
қоректенеді.
Маңызы- кәсіптік маңызы жоқ, аз зерттелген түр.

2.Ұзын құйрықты бұзаубас-Knipowitshia longicaudata (Kessler)
Таралуы: Қара теңізде, Азов және Каспий теңізінде тараған, өзеннің
төменгі ағысында тіршілік етеді. Қазақстанда Жайық өзенінде таралған.
Сипаттамасы- Қабыршағының көлденең қатары 36-45. Құйрық қанаты
симетриялы емес. Д және А қанаттарының қатарларында күңгірт дақтары
болады. С қанатының басталатын жерінде қара дақтары бар. Аталықтарында
көбею кезінде қосымша қанаттары болады. Аталықтарының ұзындығы 50 мм-ге
дейін, аналықтарында 35 мм-ге дейін.
Биологиясы- Уылдырықтарын мамыр және маусым айларында 313-380
көлемінде шашады. Шабақтары Волга өзенінің дельтасында кездеседі.

3.Каспий бұзаубасы головач немесе горлап

Таралуы: Ағысы қатты өзендерде кездеседі. Арал бассейінінде кеңінен
таралған,ал жайықта кездеспейді.
Сипаттамасы- Қабыршағының көлденең қатары 61-71.Денесінің түсі-
қызғылт, сүрлау немесе жасылдау және сарғыштау және қара дақтары
болады.Құйрық қанатының бас жағында ұшбұрышты қара дағы болады. Басында
домалақ ақшыл дағы болады және қара авадогы болады. Жүзгіш қанаттарында
қара дақтары бар. Дене ұзындығы 200 мм –ге дейін болады, ал дене салмағы
60 грамм.
Биологиясы- Уылдырықтарын сәуір айынан маусым айына дейін
салады.Уылдырығын тасты жерлерге және су түбіндегі заттарға салады.
Өрістеуі порция-порциялап салады. Орташа тұқымдылығы щамамен 1500
уылдырық. Аталықтары кеш дамиды, көбіне балықтармен қоректенеді. Ал
шаянтәрізділермен моллюскалармен аз қоректенеді.
Саны мен шаруашылық маңызы-Аралда бұзаубас балықтарының саны онша көп
емес.Шаруашылық маңызы жоқ . Бұл түр аз зерттелген.
1.2. Каспий теңізінің қысқаша физика-географиялық сипаттамасы

Каспий теңізі (ескі тарихи атаулары: Гиркан, Хвалын, Хазар т,б)-
Еуразия орталығында, оқшау жатқан тұиық су алабы. Дүние жүзіндегі ең ірі
тұиық су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атайды.
Каспий теңізінде балық аулау кәсібі жақсы дамыған. Теңізден бекіре
тұқымдасы, майшабақ, табан, торта, көксерке, сазан, килька көптеп ауланады.
Каспий теңізі қара уылдырық өндіретін су айдындары арасында дүнйе жүзі
бойынша алдыңғы орындардың бірінде.
Каспий теңізінің қалыптасуы ұзақ мерзімде өтті. Осы уақыт ішінде теңіз
суы бірде жағалауды басты, бірде суы кеиін қайтып отырды.
Каспий теңізінің ауданы 376000км. Меридиан бағытында 1200км-ге
созылған, орташа ені 300км. Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340км (Солтүстік
жағалауының басым бөлігі және Шығыс жағалауының Солтүстік жартысыы). Беті
мұхит деңгеиінен 28м төменде жатыр. Ең терең жері 1025м, орташа тереңдігі
180м. Ірі шығанақтары: Маңғыстау, Қазақ, Қарабұғазкөл, т.б. 50-ге тарта
аралдар бар(ірілері: Құлалы, Шешен, Артем,т.б.).
Судың беткі қабаты жаз айларында солтүстігінде 24-26°С, оңтүстігінде
27-28°С-ға дейін жылынады. Қыста Солтүстік тайыз бөлігі қатады,
Оңтүстігінде судың температурасы 10°С-ға жуық болады.1

1.1.2.Гидролого-гидрохимиялық режимі

Қазіргі кезде Каспий теңізінің деңгейінің өзгеруіне климаттық және
антропогендік факторлар әсер етеді. Соңғы кездері ең жоғарғы деңгейі 19ғ-
дың басында(+22,5м), ең төменгі деңгейі (-29,0м) 1977жылы байқалған.
1978жылдан (20ғ-дың соңына қарай) теңіз деңгейі 2-2,7м-ге көтерілді.
Каспийдің шекарасы және түпкі бедері жөнінен 3 бөлікке бөлінеді.
Құрлықтық қайраңда орналасқан Солтүстік бөлігі тайыз(10-20м). Орта
тұсындағы ойпаңда тереңдігі 788м. Оңтүстік бөлігі терең ойпаң (1025м).
Каспий теңізіне 130-дай өзен құяды. Ағынсу көлемінің 80%-ін Еділ, 5%-ке
жуығын Жайық өзендері берсе, Терек, Сулак, Самур өзендері 5%-тен астам,
Кура өзені 6%-ін береді. Жалпы жер беті суының теңізге келіп құятын ең көп
және ең аз жылдың айырмасы 100жыл ішінде 260км-ді құрады. Теңіз суы бетіне
шаққанда өзен ағынының мұндай өзгеруі Каспий теңізі деңгеиін 67см-ге
өзгертеді. Теңізге түсетін атмосфералық жауын-шашын мөлшері тым аз. Ол
теңіз суының деңгеиін 1см-ге ғана көтереді.
Каспий теңізінде мұнай-газ өндіру және мұнай өңдеу кешендерінің
дамуына байланысты Қазақстанның Батыс өңірінде қалыптасқан табиғи,
әлеуметтік, экономикалық, экологиялық жағдай. Каспий теңізінің су деңгейі
мөлшерінің өзгеруі 1930-1990жылдар аралығында анықталған. 1929-1941жылдары
су деңгейі 2м-ге төмендесе, 1977жылы бұл көрсеткіш ең төменгі абсолюттік
мөлшеріне жетті. 1979-1995жылдары су деңгеиі 2,35м-ге көтеріліп, 1995жылы
бұл көрсеткіш -26,66м болды. Су деңгеиінің тұрақсыздығы климаттың
өзгеруінен теңіз суының молаюына байланысты болып табылады. Судың тұздылығы
0-12. Каспий теңізінің морфологиялық жағдайына байланысты Солтүстік Каспий,
Орталық Каспий, Оңтүстік Каспий болып бөлінеді. Оңтүстік және Орталық
Каспийге қарағанда таяз Солтүстік Каспий аумағы-80мың км. Оған құятын
өзендер жалпы Каспий теңізіне құятын өзендердің 88%-ін құрайды.
Теңіз суының ең ауыр ластаушысы-ыдырамайтын ауыр металдар(мыс, мырыш,
барий). Судағы мыс пен мырыштың мөлшері 20мкгл (рұқсат етілген шектен 2есе
артық), ал барийдікі-50мкгл (бұл 5есе артық), 1
Солтүстік Каспийде жүргізілген мониторингтің мақсаты бұзаубас балығының түр
құрамын, абсолюттік санын және кәсіптік маңызы бар балықтар мен ит
балықтарының негізгі қорегінің қорын,бұзаубас балықтарының қоректену
ерекшеліктерін анықтау болып табылады.

1.3. Солтүстік Каспийдегі бұзаубас балығының түрлерінің саны мен қоректену
ерекшеліктері.

Солтүстік Каспийде жүргізілген мониторингтің мақсаты бұзаубас балығының түр
құрамын, абсолюттік санын және кәсіптік маңызы бар балықтар мен ит
балықтарының негізгі қорегінің қорын,бұзаубас балықтарының қоректену
ерекшеліктерін анықтау болып табылады.
Зерттеу жұмысын жүргізуге керек материалдарды 2004 жылы Солтүстік
Каспийдің кіші су зонасынан маусым айында жиналды,бұл зерттеу жұмысын 1999-
2003 жылдары жүргізілген жұмыстармен салыстырмалы түрде жүзеге асырылды.
Бұзаубас балықтарының түр құрамы абсолюттік саны 1-ші кестеде көрсетілген.

Кесте 1. солтүстік Каспидегі таяз су зоналарындағы бұзаубас балықтарының
түр құрамы мен саны (2004 ж.)

№ Бұзаубас балықтардың Солтүстік Каспий
түрлері
Шығыс бөлімі Батыс бөлімі
1 Neogobius fluviatilis 85.1 96.8
құмдауыт
2 Бұзаубастар 94,7 99,9
3 N.melanostomus-кругляк 80,3 0,2
4 N.igini-головач 1,2 2,9
5 N.gumnotrachelus-гонец 0,1 -
6 Пуголовки 5,3 0,1
7 Benthophilus 4,3 0,1
macrocephalus-каспийлік
8 B.granulosus-зернистая 0,2 -
9 B.mahmudbegovi-Махмудбаева 0,8 -
Барлық таксондар 7 4
Жалпы аулау экз.трал. 6174 3150
Орташа аулау экзтрал. 363 137
Абсолюттік саны,млн экз. 355,7 181,5

Солтүстік Каспий кіші су зонасынан 2004 жылы маусым айында бұзаубас
балығының 7 түрі анықталған,соның ішінде 7-еуі шығыс аумағынан және 4-еуі
батысынан.Шығыс аумағында пугаловкидің (Benthophilus туысы) алуан түрлілігі
және Neogobius туысының өкілдері көп.Сонымен қатар ауланған балықтар ішінде
эврибионтты түр –құмдауыт бұзаубас балығы көп кездескен,шығыс аумағында бұл
көрсеткіш 85% тең,ал батысында шамамен 97% құрайды.Шығыс аумағында ауланған
балықтардың мөлшері бойынша бычок кругляк алды,ал батысында бычок головач.
Сонымен шығыс аумағында кездескен бұзаубас балықтарының құрамында
эвригалинді түрлері мен қатар стеногалинді түрлері де кездеседі.Бұл батыс
аудандарымен салыстырғанда тұздылығы жоғары түсіндіреді,Волга ағынының
әсерінен көптеген концентрациялық бұзаубас балықтары Новинск
ауданында,Волга,Орал өзендерінде кездеседі.Мұндағы бұзаубас балығының
концентрациясы 200-1000 экз.трал.тең.Жалпы ауланған бұзаубас балықтарының
мөлшері шығыс аумағында батысына қарағанда 2 есе жоғары.
Шығыс аумағындағы құмдауыт балықтарының қорегінің негізгін
моллюскалар( 29,78%) және хирономидтер(24,50%) құрайды.2-ші дәрежелі қорек
құрамына шаянтәрізділерден мизидалар және құрттар кіреді.

Орталық аумағында қоректік маңызы бойынша 2-ші орынды
құрттар,шығысында моллюскалар алды.Құрттардан амфаретидтер,моллюскалардан
абра және дресиналардың кездесу жиілігі басым. Құмдауыт балықтарының
популяцияда қоректенуіндегі алынған мәліметтер салыстырмалы түрде батыс
аудандарында өрістейтін балықтарды 3-6 метр, сонымен қатар 1999 жылы
маусым айында құмдауыттың жақсы көретін обьектілері болып: нереис және
кумацеи және жұмсақ бентос болып табылады. Қорегінде ішектің толысу
индексі бұл жоғары калориялық және жақсы қоректері жоғары емес,ол 45,06
құрайды.
2004 жылы маусымда құмдауыттың қорек спектрі кеңейді және ол 1999
жылға қарсы 9 компонентті құрады. Оның құрамында жергілікті емес
моллюкалар доминантты болған. Бір уақытта шаянтәрізділерді қажет ету 2
есе төмендеді,ал құрттар 2,5 есе төмендейді. 2004 жылы 3-6 метр тереңдікте
құмдауыт бұзаубасының қорегінде нереис болмаған, ал кумацеи қажет ету 7 рет
қысқарған, хирономидті қабылдау 9 есеге өскен. Белгілі қорек санының
жетіспеуінен және қорегі аз құмдауыт моллюскамен қоректенуге мәжбүр
болды.2001-2002 жылы шаянтәрізділер рационының жартысынан көбін құраған,ал
2004 жылы оларды қабылдау 39% төмендеген. Оның қысқаруы рационында кумацей
және гаммаридттің әсерінен болды. Сол уақытта оның ингредиентері мынадай
болды:дресеналар,монодакналар және кардиумдар,ал
құрттартардан;амфаретидтердің қжеті өсті,ал нереистердің саны азайды.
1999-2003 жылдар аралығында Солтүстік каспийдің батыс аудандарында
құмдауыт балығының қоректік организмдер тобы мынадай:құрттар, моллюскалар,
шаянтәрізділер,хирономидтер осылар әдеттегі сүйіп жейтін қорегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каспий бұзаубас балықтарының (perciformes, gobiidae) асқорыту жүйесінің морфо-функциональді ерекшеліктері
Бекіре тұқымдастардың жалпы сипаттамасы
Экологиялық факторлардың балықтарға әсері
Каспий теңізін қорғау
Каспий теңізінің экологиясы туралы
Жангелді ауданындағы балықтардың биоалуантүрлілігі ерттеу, экологиялық ерекшеліктерін анықтау
Бадам өзенінде жойылып бара жатқан балықтардың түрлерін сақтап қалу
Қапшағай суқоймасының ихтиофаунасы
Көксеркенің өсуі және көбеюі
Омыртқалылар тип тармағы
Пәндер