География туралы ұғым (дәрістер)



География – грекше гео – «жер», графо – «сипаттап жазу» деген сөз. Жалпы, жер беті табиғаты туралы, халықтар мен олардың шаруашылық іс – әрекеті туралы жазатын ғылым. География ғылымы бірнеше ғылыми тараулардан тұрады:
– жаратылыстану география ғылымдары: физикалық география, Жердің географиялық қабықтарын тану ғылымы, топырақтану, климатология, гляциология, гидрология, океанология, палеография, географиялық қабықтың ежелгісін тану және т.б.
– қоғамдық географиялық ғылымдар: әлеуметтік – экономикалық география, тарихи география т.б.
– алғашқы екі топты біріктіріп оқытатын ғылым салалары: әскери география, елтану, өлкетану, картография, топонимика т.б.
Алғашқы географиялық ашылулар ежелгі адамдар еншісіне тиеді: аң аулауда, жеміс дәндері мен тамырларын теруде ол адамдарда жергілікті жердің «ойша карталары», сөйтіп бағдарлау құралы да қалыптаса бастады. Жер бетіне адамдардың таралуы арқасында жаңа географиялық білімдер дамып жетілуде. Одан мынадай ежелгі мемлекеттер ерекше орын алады: Египет, Месопотамия, Парсы, Финикия, Үндістан, Қытай.
Ежелгі грек ғалымдары география туралы білімдерді жинақтап қорытып, жүйелеген. Біздің дәуірімізге дейінгі V – VІ ғасырларда грек ойшылы Аристотель Жердің шар тәрізді екендігі туралы алғаш пікір айтқан. Біздің дәуірімізге дейінгі III — II ғасырларда грек ғалымы Эратосфен географиялық координаталар жүйесін ойлап тапқан, Жер өлшемін меридиан арқылы анықтаған. Сөйтіп география сөзі оның «Географика» еңбегі арқылы пайда болды. Ал ежелгі Рим оқымыстыларының белгілісі – Клавдий Птоломей. Ерте орта ғасыр кезеңінде арабтар географияның математикалық бағытын ойластырған, дайындаған. Ұлы географиялық ашылулар дәуірі екі кезеңге бөлінеді:
1. ХV – ХVІ ғасырлар ортасында испан және портутал саяхатшыларының Африканы, Американы, Азияны ашулары. Бұл нәтиже мына саяхатшылардың жетісгігі: X. Колумб, Васко да Гама, Ф. Магеллан.
2. ХVІ – ХVІІ ғасырлар ортасында орыс саяхатшылары Азияның солтүстігіне жорыққа аттанса, ағылшындар мен француздар Солтүстік Американы, голландықтар Аустралия мен Мұхиттық аралдарды ашты.
ХVІІ – ХІХ ғасырларда құрлықтардың ішкі жағы белсенді түрде зерттеле бастады.
XX ғасырдың басында Арктика мен Антарктикаға экспедициялар ұйымдастырылды.

§2. Жергілікті жердің планы

Жер бетінің қағазға кішірейтіліп түсірілген нұсқасын план деп атайды. Латынша «планус» – жалпақ, тегіс деген мағына береді. Планға қарап, жер бетінің жалпы сипатын, ондағы заттардың орнын, бір – бірінен арақашықтығын дәл анықтауға болады. Планда заттардың пішіні оның төбесінен қарағандағымен бірдей болады. Сондықтан онда бір, екі және одан да көп қабатты үйлер бірдей болып шығады, өйткені қағазға олардың тек қана алып жатқан орны сызылады.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 194 бет
Таңдаулыға:   
§1. География туралы ұғым

География – грекше гео – жер, графо – сипаттап жазу деген сөз.
Жалпы, жер беті табиғаты туралы, халықтар мен олардың шаруашылық іс –
әрекеті туралы жазатын ғылым. География ғылымы бірнеше ғылыми тараулардан
тұрады:
– жаратылыстану география ғылымдары: физикалық география, Жердің
географиялық қабықтарын тану ғылымы, топырақтану, климатология,
гляциология, гидрология, океанология, палеография, географиялық қабықтың
ежелгісін тану және т.б.
– қоғамдық географиялық ғылымдар: әлеуметтік – экономикалық география,
тарихи география т.б.
– алғашқы екі топты біріктіріп оқытатын ғылым салалары: әскери
география, елтану, өлкетану, картография, топонимика т.б.
Алғашқы географиялық ашылулар ежелгі адамдар еншісіне тиеді: аң
аулауда, жеміс дәндері мен тамырларын теруде ол адамдарда жергілікті жердің
ойша карталары, сөйтіп бағдарлау құралы да қалыптаса бастады. Жер бетіне
адамдардың таралуы арқасында жаңа географиялық білімдер дамып жетілуде.
Одан мынадай ежелгі мемлекеттер ерекше орын алады: Египет, Месопотамия,
Парсы, Финикия, Үндістан, Қытай.
Ежелгі грек ғалымдары география туралы білімдерді жинақтап қорытып,
жүйелеген. Біздің дәуірімізге дейінгі V – VІ ғасырларда грек ойшылы
Аристотель Жердің шар тәрізді екендігі туралы алғаш пікір айтқан. Біздің
дәуірімізге дейінгі III — II ғасырларда грек ғалымы Эратосфен географиялық
координаталар жүйесін ойлап тапқан, Жер өлшемін меридиан арқылы анықтаған.
Сөйтіп география сөзі оның Географика еңбегі арқылы пайда болды. Ал
ежелгі Рим оқымыстыларының белгілісі – Клавдий Птоломей. Ерте орта ғасыр
кезеңінде арабтар географияның математикалық бағытын ойластырған,
дайындаған. Ұлы географиялық ашылулар дәуірі екі кезеңге бөлінеді:
1. ХV – ХVІ ғасырлар ортасында испан және портутал саяхатшыларының
Африканы, Американы, Азияны ашулары. Бұл нәтиже мына саяхатшылардың
жетісгігі: X. Колумб, Васко да Гама, Ф. Магеллан.
2. ХVІ – ХVІІ ғасырлар ортасында орыс саяхатшылары Азияның солтүстігіне
жорыққа аттанса, ағылшындар мен француздар Солтүстік Американы,
голландықтар Аустралия мен Мұхиттық аралдарды ашты.
ХVІІ – ХІХ ғасырларда құрлықтардың ішкі жағы белсенді түрде зерттеле
бастады.
XX ғасырдың басында Арктика мен Антарктикаға экспедициялар
ұйымдастырылды.

§2. Жергілікті жердің планы

Жер бетінің қағазға кішірейтіліп түсірілген нұсқасын план деп атайды.
Латынша планус – жалпақ, тегіс деген мағына береді. Планға қарап, жер
бетінің жалпы сипатын, ондағы заттардың орнын, бір – бірінен арақашықтығын
дәл анықтауға болады. Планда заттардың пішіні оның төбесінен қарағандағымен
бірдей болады. Сондықтан онда бір, екі және одан да көп қабатты үйлер
бірдей болып шығады, өйткені қағазға олардың тек қана алып жатқан орны
сызылады.

Шартты белгілер

Пландағы заттарды бір – бірінен ажыратып тану үшін, олардың үстіне
жазып қою қажеттігі туады. Бірақ онда бүкіл сызбаны жазу басып кетер еді
де, мұндай сызбаны түсініп оқу өте қиын болар еді. Сондықтан пландағы жер
бетінің сипатын оңай елестету үшін оған шартты белгілер қолданылады. Шартты
белгілердің суреті немесе түсі көп жағдайда планда бейнеленетін заттардың
ерекшелігін көрсетеді. Мәселен, жеке – дара ағаштың, жел диірменнің, жол
көрсеткішінің және басқа да сол сияқты көптеген заттардың белгілері олардың
нақты кескінін елестетеді. Жер бетін бірыңғай жауып жататын немесе бір –
бірімен тығыз байланысты объектілер тобы бірыңғай бояу арқылы көрсетіледі.
Мәселен, су айдындары – көгілдір, орман – жасыл, бұта өсімдігі қаулап өскен
жер үстіне белгі қойылған – солғын жасыл т.с.с. бояумен боялады.

Абсолюттік және салыстырмалы биіктіктер

Планда жер бедерін бейнелеу үшін жер бетіндегі нүктелердің биіктіктерін
білу қажет. Жер бетінде таулар, қыраттар, ойпаттар бар. Олардың қаншалықты
биік немесе аласа екендігін бірдей деңгейден есептеп қана білуге болады.
Ондай бастапқы деңгей ретінде мұхит немесе оның бөлігі болып табылатын
теңіз беті алынады. Жер бетіндегі нүктенің мұхит немесе теңіз деңгейінен
бастап есептелінетін биіктігі абсолюттік биіктік деп аталады. Латынша
абсолют – толық, сөзсіз деген мағына береді. Бұрынғы Кеңес Одағы
аумағында жер бетінің абсолюттік биіктігі Балтық теңізі деңгейінен бастап
есептелінген. Ол жерде биіктік 0 м – ге тең. Теңіз деңгейінен жоғары жатқан
нүктелердің биіктігі оң (+), төмен жатқандарынікі теріс ( – ) деп
есептелінеді. Жер бетіндегі кез келген нүктенің басқа бір нүктеден биіктік
айырмасы салыстырмалы биіктік деп аталады. Мәселен, төбенің басы етегінен
20 м биік десек, бұл салыстырмалы биіктік болады. Жер бетінде салыстырмалы
биіктіктер деңгейлегіш құралдың көмегімен анықталады.

Горизонтальдар

Жергілікті жердің планында және топографиялық картада жер бетінің ой –
қыры горизонталь сызықтармен бейнеленеді. Грекше горизонт – шектеуші
деген мағына береді. Горизонтальдар деп биіктіктері бірдей нүктелерді
қосатын қисық сызықтарды айтады. Жер бедерінің сипатын анықтауды оңайлату
үшін картада кейбір горизонтальдардың және нүктелердің биіктігі жазылады.
Цифрдың жоғарғы жағы әрқашанда өрге, аяғы ылдиға қарап тұрады. Сонымен
бірге ылдидың бағытын горизонтальдарға кесе – көлденең қойылған сызықша
бергштрих көрсетеді. Немісше берг – тау, штрих – сызық деген мағынада.
Горизонтальдар топографиялық картада белгілі бір биіктік сайын жүргізіледі
(1 м, 2,5 м, 5 мт.с.с).
Жер бетінің кейбір горизонтальдармен түсіруге келмейтін бедері
(жарқабақ, жырат.с.с.) қосымша шартты белгілерді қолдану арқылы
бейнеленеді.
План маңызы. План күнделікті өмірде өте қажет. Кез келген ірі құрылысты
(зауыт, фабрика және су электр станциялары) салудан бұрын, сол жерлердің
планын сызады. Жол салу, ғимараттар тұрғызу үшін де план керек. Ауыл
шаруашылық маманы егісті планға қарап жоспарлайды. Туристік жорық, саяхат
кездерінде жол тауып жүруге планның көмегі тиеді. Сондықтан планды ажыратып
оқудың, қажетті жағдайда оны түсіндіре білудің үлкен пайдасы бар.

Жер бетін бейнелеу

§3. Географиялық карта

План және карта

Географиялық карта – кішірейтілген шартты белгілер көмегімен жер бетін
кең көлемде бейнелеу. Территорияларды бейнелеуде кішірейту дәрежесі
масштабпен анықталады. Мысалы, 1:500000 масштабында сызықтық өлшем бірлігі
500000 есе кішірейтілгендігін білдіреді. Кең көлемділік картографиялық
бейнелеумен байланысты, өйткені картаға бейнелеу кезінде барлық
картографиялық объектілер түсе бермейді. Тек қана сол территориядағы басты
объектілер түседі. Жалпылау дәрежесінде де масштабпен анықталады: масштаб
ірі болса, онда территорияны бейнелеу дәлірек болады. Географиялық картаның
глобустан айырмашылығы, картада жер беті тегіс, жазық бетте орындалады.
Соған байланысты жер беті шар тәрізділігін жоғалтып, жазық бетте
бұрмалануға ұшырайды. Сурет пен аэрофотосуреттен географиялық картаның
айырмашылығы – шартты белгілердің болуы. Мысалы, өзендер – көк сызықтармен,
ауылды мекендер – әр түрлі шеңбершелермен, орташа айлық температуралар –
изотермамен т.с.с. белгіленеді. Жергілікті жер сұлба – сын бейнелеуде
кішірейту, жалпылау және шартты белгілерді пайдалану қолданылады. Ал жалпы
сұлбада аса үлкен емес жер үлескілері бейнеленеді. Ол ірі масштабты
пайдалануға мүмкіндік береді (1:500), сол арқылы картаға қарағанда
территорияны бейнелеу көбірек дәлдікпен орындалады. Картадан сұлбаның
сапалы айырмашылығы мынаған байланысты: біріншіден, жер шары бетінің
көлбеулігі еске алынады, екіншіден, картографиялық бейнелеу белгілі бір
математикалық зандылыққа сүйенеді. Осылай жасалған көрініс картада градус
торы болады, оның көмегімен бағыттар анықталады. Жалпы сұлбада градус торы
болмайды, оның орнына бағыттар қолданылады: С – О; Б – Ш деген.

Масштаб

Масштаб бойынша карталардың реттелуі. Кез келген территорияны бір парақ
қағазға берілген күйінде бейнелеу мүмкін емес. Ол үшін міндетті түрде
кішірейту қажет, яғни масштаб қолдану керек.
Масштаб бөлшек сан, яғни территорияны планға немесе картаға бейнелеуде
неше есе кішірейтілгенін көрсетеді. Мысалы, картада 1:200000 масштабы
берілсе, ол 200000 есе кішірейтілді дегенді білдіреді. Ал 1:1000000
берілсе, картада миллион есе кішірейтілгенін білдіреді.

Масштаб мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Сандық масштаб – 1:200000;
2. Атаулық масштаб – 1 см – 2 км;
3. Сызықтық масштаб

Сызықтық масштаб көбіне физикалық карталарда қолданылады. Масштаб
көмегімен карталарда кез келген арақашықтықты өлшеуге болады.
Масштабына қарай карталар ірі, орта және ұсақ масштабты болып 3 топқа
бөлінеді. Масштабы 1:100000 және одан ірілері – ірі масштабты, 1:200000 –
нан 1:1000000 – ға дейін – орта масштабты, 1:1000000 масштабтан ұсақтары
ұсақ масштабты карталарға жатады. Ірі масштабты карталар – топографиялық,
орта масштабтылары – топографиялық шолу, ұсақ масштабтылары шолу карталары
деп аталады.

Топографиялық карталар 1:100000, 1:50000, 1:25000, 1:10000 масштабтарда
жасалады. Жер бетінің одан ірі масштабта жасалатын сызбасы план деп
аталады. Пландардың масштабы 1:5000, 1:2000, 1:1000 және одан да ірі болып
келеді.
Көптеген мектеп атластары ұсақ масштабты карталарға жатады.

Градус торының негізгі элементтері. Географиялық координаталар

Кез келген карта жасау үшін градус торын құру қажет. Оның негізгі
элементтері мыналар: полюс, экватор, параллельдер, меридиандар.
Солтүстік және оңтүстік полюстер – Жер білігінің жер бетіне шығатын
орны. Жер білігіне перпендикуляр етіп кеңістікті орналастырып, оны екі
полюстен тең етіп орналастырса, шеңбер пайда болады. Ол шеңбердің аты –
экватор. Экватор жер шарын солтүстік және оңтүстік жарты шарларға бөледі.
Оның ұзындығы жобамен 40000 км. Ал экваторға параллель жүргізілген
шеңберлер параллель деп аталады. Параллельдер ұзындығы экватордан
полюстерге қарай қысқарады. Кез келген карталарда параллельдер батыс және
шығыс бағыттарына ие болады.

Меридиандар – солтүстік және оңтүстік полюстерді қосатын сызықтар.
Барлық меридиандар өзара полюстерде түйіседі. Меридиандар ұзындығы
барлығында да бірдей болады, жобамен экватор ұзындығына тең. Ал олардың
бағыты тек оңтүстік пен солтүстік бағытқа ие.
Кез келген жер беті нүктесі арқылы бір ғана параллель, бір ғана
меридиан жүргізе аламыз. Глобуста барлық параллельдер мен меридиандар
шеңбер түрінде болады да, тік бұрыш жасай қиылысады. Градус торының түрі
оның картографиялық проекцияларымен анықталады. Ондай проекция кезінде
параллель және меридиан сызықтары тура, доғал, шеңбер түрінде болады да,
картаның әр үлескісінде бұрыштар қиылысуы әр түрлі болады.
Картографиялық проекцияда бұрмалану тұрқы да анықталады. Бұрмаланудың 4
түрі болады: ұзындық, бұрыш, пішін, көлем.
Градус торы көмегімен картада географиялық координаталарды анықтау
мүмкіндігі туады. Географиялық координаталар жер бетіндегі керек нүктені
табуда дәлдік туғыза алады.

Географиялық ендік – меридиан доғасының экватор мен полюстің арасындағы
ұзындығы. Меридиан доғасының мұндай ұзындығы 90° – қа тең, яғни
географиялық ендіктің өзгеруі 0° пен 90° арасында өзгереді. Егер нүкте
экватор мен солтүстік полюс арасына жетсе, онда ол солтүстік ендік деп
есептеледі. Егер нүкте экватор мен оңтүстік полюс арасына жетсе, онда оны
оңтүстік ендік деп атайды. Географиялық бойлық деп параллель доғасы
ұзындығының бастапқы меридианмен берілген нүкте аралығын айтады.
Географиялық бойлық 0° пен 180" аралығында болады. Егер нүкте батыс
жарты шарда жатса, онда батыс бойлық деп аталады. Егер нүкте шығыс жарты
шарда жатса, онда шығыс бойлық деп аталады. Градус торы көмегімен әр түрлі
объектілердің параллельдер мен меридиандар бойындағы арақашықтықтарын
табуға болады. Ол үшін 1 ° – тық доға ұзындығын білу қажет.
Оны мынадай тәсілмен анықтаймыз (40000 км: 360°): 1°= 111 км – ге тең
болады. Мысалы, экватор маңында Африка материгінің ұзындығы
34°. 34° х 111 = 3774 км.
Ал параллельдердің полюс бағытында өзгеруін естен шығармау қажет.
Географиялық картада градус торының болуы басқа жергілікті бейнелеулерден
өзіндік айырмашылығы бар. Оларға жататындар: сұлба бейнесі, сурет,
аэрофотосурет, космостан суретке түсіру.

Картаның маңызы

Адамның шаруашылық іс – әрекетінде сұлба мен картаның өте үлкен маңызы
бар. Карта арқылы көптеген территориялар әр түрлі мақсатқа жұмылдырылады:
оқып – үйрету, рекреациялық құрылыста, әскери жағдайда т.б. Ерекше
синоптикалық карталар көмегімен алдын ала ауа райы да болжалынады. Арнайы
карталар су және әуе көліктерінің жұмыстарына қолданылады. Географ ғалымдар
сандық және сапалы карталарды объектілер мен құбылыстар туралы мағлұмат алу
үшін пайдаланады. Осындай әдістер мен тәсілдерді пайдалану – картографиялық
деген атқа ие. Соңғы кездегі ғылым мен техниканың дамуына байланысты
картамен қоса аэрофотосурет пен космостан түсірген Жер туралы суреттер де
пайдаланылуда.

§4. Жер – күн жүйесінің планетасы

Жердің жалпы ерекшеліктері

Біздің Жер планетасы қайталанбас және әмбебап, ғажайып. Күн жүйесінің
басқа планеталары сияқты Жер де әр түрлі жұлдыздардың шаңы мен газдарынан
құралған, жасалған. Жердің геологиялық жасы 4,5 – 5 млрд жыл деп
есептеледі. Алғашқы геологиялық сатыдан бастап жер беті материктік
көтерілулер мен мұхиттық ойпаңдарға бөлінген.
Жер қыртысында ерекше граниттік – метаморфты қабат қалыптасқан.
Мантиядан бөлінген газдар арқылы алғашқы атмосфера мен гидросфера пайда
болған. Жер бетінде табиғи алғашқы жағдайлардың қолайлы болғаны сонша,
планеталар қалыптасқан соң миллиардтаған жылдардан кейін өмір, тіршілік
пайда болды. Жер бетінде өмірдің пайда болуы тек қана Жер планетасының болу
ерекшелігімен ғана емес, сонымен бірге Күн көзінен қолайлы арақашықтықтың
да маңызы бар (150 млн км – ге жуык). Себебі Күн көзіне планеталар жақын
орналасса, онда жылу мен жарық мөлшері көп болады да, кез келген жамылғы
(жер беті) судың қайнау температурасынан жоғары болады. Ал Күн көзінен өте
алыс орналасқан планеталар жылуды аз қабылдайды да, өте қатты суынып
кетеді.
Көптеген планеталар массаларының Жерге қарағанда азырақ болуына
байланысты, тартылыс күші де кем болады да, тығыз да әлді атмосфера қабатын
ұстап тұруды қамтамасыз ете алмайды. Планета өмір сүру уақытында оның
табиғаты бірнеше рет өзгеріске ұшыраған. Әр кезеңдерде тектоникалық іс –
әрекет белсенді көріністер берген: құрлықтар мен мұхиттардың көлемі мен
келбеті өзгерген, Жер планетасына космостық денелер құлаған, бірнеше рет
мұз жамылғылары пайда болып, жоғалып кетіп отырған. Бұл өзгерістер
органикалық дүниенің дамуына түпкілікті әсер ете қоймаған.
Географиялық қабықтың құрамына мына қабықтар кіреді: литосфера,
гңдросфера, атмосфера және биосфера. Бақылауға мүмкін, космостық кеңістікте
Жерге ұқсайтын басқа аспан денелері дәл қазірге дейін байқалмайды.

Жердің пішіні мен өлшемі

Күн жүйесінің ішінде Жер планетасы да шар тәріздес пішінге ие. Жердің
шар тәріздес екендігі туралы алғаш айтқандар қатарында грек ойшылы Пифагор
болды. Ал Аристотель Айдың тұтылуына бақылау жасау арқылы Жер көлеңкесінің
Айға түсуінен қорытынды шығарған, яғни Жер шар тәріздес деп айтқан. Келе –
келе бұл ойлар, болжамдар, есептеулер арқылы да дәлелденген. XVII ғасырда
И. Ньютон мынадай жобалау жасаған: Жер өз білігінен айналуына байланысты
полюсте арақашықтық кішірейіп, сығылады. Сөйтіп, ғалым Жер шар тәріздес
пішінде деп қорытынды шығарған. XVIII ғасырдың ортасында полюс пен
экваторға жақын жатқан меридиандарды өлшеуде бірдей еместігін дәлелдеген.
Онда экваторлық радиус полюстік радиустан 21 км – ге ұзын екендігі
анықталған. Бұдан біздің Жер дәл шарға емес, эллипстік түрге ие екендігін
көреміз. Ертедегі саяхатшылар да Жер шарын айналу саяхаттарында Жер шар
тәріздес деген ойлар айта бастаған. Олар оны теңіздің жағасынан алыстаған
сайын көкжиектің алыстан көрінуімен байланыстырады. Жердің шар тәрізділігін
ғылыми түрде космостан түсірген суреттер, Жер бетін геодезиялық өлшеулер,
Ай тұтылулары дәлелдеген. Әр түрлі тәсілдермен өлшеу Жердің негізгі мынадай
өлшемдерін нақтылап берді:
орташа радиус – 6371 км;
экватор радиусы – 6378 км;
поляр радиусы – 6357 км;
экватор ұзындығы – 40076 км;
Жер салмағы – 5976 х 1021 кг;
Жер беті көлемі – 510 млн км2.
Күннен алыс жатқан үшінші планета – Жер, көлемі бойынша 5 – орында, Жер
орбитасы эллипстік пішінге ие. Жер мен Күн арасының максималды арақашықтығы
152 млн км, ал минималды арақашықтығы 147 млн км.

Жердің тәуліктік және жылдық қозғалысы

Жер бірнеше қозғалыс түріне қатысады. Олар: өз білігінен айналуы, Күн
жүйесін басқа планеталармен қосылып айналуы, Күн жүйесімен қосылып
Галактика орталығын айналуы. Жер табиғаты үшін ең қажеттісі – Жердің өз
білігінен айналуы және Күн көзін айналуы – Жердің өз білігінен айналуын
біліктік айналу деп атайды. Жер өз білігінен айналуы батыстан шығысқа қарай
жүреді. Оны солтүсгік полюстен қарасаңыз, онда ол сағат тіліне қарсы жүреді
деген сөз. Біліктік айналу 24 сағатқа тең, ол бір тәулік болады. Осыған
байланысты біліктік айналу тәуліктік деп аталады. Жердің өз білігінен
айналуы 4 түрлі минимумдық өзгеріс береді:
1. Жер пішіні,
2. күн мен түннің ауысуы,
3. Кориолис күшінің пайда болуы,
4. судың қайтуы мен толысуы.
Жердің өз білігінен айналу нәтижесінде полярлық сығылысулар туады, ал
ол эллипстік түрге әкеледі. Жер өз білігін айналу нәтижесінде Күн көзіне
бір жарты шарын, содан кейін келесі екінші жарты шарды тосады. Сөйтіп,
жарық түскен жағы күн болады да, жарық түспеген жағы түн болады. Әр
ендіктегі күн мен түн ұзақтығы Жердің орбитадағы орналасуына байланысты.
Күн мен түннің ауысуына байланысты тәуліктік ырғақ байқалады, яғни ол тірі
табиғат объектілерінде өте анық көрінеді. Жердің айналуы қозғалған
денелердің алғашқы бағытынан ауытқуына әкеп соқтырады. Мұндай жер
айналуындағы ауытқу күші Кориолис күші деп аталады. Бұған мысал ретіңде ауа
массалары бағыттарының ауытқуын алуға болады. Ай мен Күн тартылуы Жердің өз
білігінен айналуы арқылы толысу құбылыстарын туғызады. Толысу толқыны
тәулігіне жер бетінде екі рет өтіп тұрады. Толысу мен қайту – жер бетіндегі
барлық геосфераға тән қасиет, соның ішінде гидросферада анық көрініп, жақсы
байқалады. Жер орбитасының эллипсті пішінде болуына байланысты Жер мен Күн
арақашықтығы бірдей емес. Жазда шілде айында Жердің Күн көзінен алшақ жатуы
152 млн км, сол себепті орбита қозғалысы бәсендейді. Осының әсерінен
солтүстік жарты шар жылуды көп қабылдайды, оңтүстік жарты шарда жылу
азаяды. Қаңтар кезінде Жер мен Күн арақашықтығы азаяды (147млн км).
Жер Күнді орбита бойымен 365 тәулік 6 сағатта 1 рет айналып шығады. Жыл
есебін оңайлату үшін 1 жылда 365 күн бар деп есептелінеді. Жыл сайын есепке
қосылмай қалып отыратын 6 сағат 4 жылда 24 сағат немесе 1 тәулік құрайды.
Жиналған 1 тәулік әрбір 4 жыл 366 күннен тұрады. 366 күннен түратын жыл
кібісе жылы деп аталады. Ақпан бұл жылы 29 күнмен, ал қалған 3 жылда 28
күнмен бітеді.

Жердің орбиталық қозғалысының мәні.

Жыл мезгілдерінің ауысуы

Жер орбитасында бірнеше нақты нүктелер бар, олар Күннің теңелуі мен Күн
көзінің тұруына сәйкес келеді. 22 маусым – жазғы Күн көзінің тұру нүктесі.
Бұл күні Жер Күн көзіне солтүстік жарты шарды бұрып төсеп тұрғандай, сол
себепті осы жарты шарда жаз деп есептеледі. Күн сәулелері солтүстік
тропикте тікбұрыш жасай түседі. Сондықтан солтүстік полярда поляр күні,
оңтүстік полярда поляр түні болады. 22 желтоқсан – қысқы Күн көзінің тұру
күні. Бұл кезде Жер Күн көзі екінші оңтүстік жарты шарды төсеп тұр деп
ойлаймыз. Күн мен түн теңелген уақытта екі жарты шар да (оңтүстік,
солтүстік) Күн көзінен бірдей жарық қабылдайды. Күн сәулелері экваторға
тікбұрыш жасап түседі. Бүкіл жер бетінде күн мен түн ұзақтығы сағатпен
шаққанда – 12 сағаттан бөліп алды деген сөз. Тек полюстерде поляр түні мен
күні ауысады. Тропиктер – бұлар ерекше параллельдер, яғни жылына бір рет
Күн көзі зенитте тұрады. Ал тропиктер аралығында және экватордың Күн көзі
зенитте жылына екі рет болады. Күн көзі солтүстік және оңтүстік
тропиктерден әрі асып зенитте тұра алмайды.

Поляр шеңберлері – бұлар да ерекше параллельдер, поляр түні мен күні аз
ұзақтыққа ие, бір тәулік қана. Поляр түні мен күннің ең ұзақ болуы – 6 ай
(нақты полюс үстінде ғана болады). Мурманск қаласы маңында поляр шеңберінде
поляр күні мен түннің айырма жасауы 3 аптаға дейін созылады да, қалған
уақытында тәуліктік күн мен түн болып тұрады. Тропик пен поляр шеңбері
сызықтары – жарық түсу белдеулерінің шекаралары. Екі тропик аралығын ең
ыстық белдеу экватор алып жатыр. Тропиктер мен поляр шеңберлері аралығында
қоңыржай белдеуі. Поляр белдеуі поляр шеңберінің ішінде жатыр.

§5. Литосфера және жер бедері

Жер шарының ішкі құрылысы

Жердің ең жоғарғы қабатын жер қыртысы деп атаймыз. Планетамыздың сыртқы
және қатты қабаты, мұнда адамның өмірі мен шаруашылық іс – әрекеттері өтеді
(пайдалы қазбаларды өндіру, құрылыс т.б.). Жер қыртысын әр тұрлі минералды
заттар мен тау жыныстары құрайды. Химиялық элементтерден ең көп тарағандары
кремний мен алюминий. Жер қыртысы мен мантия алып жатқан аралық Мохоровичич
тегістігі деп аталады. Мантия қалыңдығы 2900 км – ге дейін жетеді. Оның
еншісіне планетамыздың 45 бөлігі келеді. Ғалымдардың айтуынша, мантия,
негізінен, магний мен темір силикатынан (қыш) тұрады. Мантиядағы
температура 1000°С пен 3500°С аралығында болатындығы анықталған. Кейінгі
кезде ғалымдар 150 км – лік терендікте ерекше кабық астеносфера болатынын,
онда жыныстар жартылай еріген күйде болатындығын айтады. Астеносфера қабаты
көрші қабаттарына өте қолайлы жағдай туғызып тұрады. Жер қыртысы мен
үстіңгі мантияның бөліктерінен тұратын қабық литосфера (грекше литос –
тас, сфера – қабық) деп аталады.
Жердің ішкі бөлігін ядро алып жатыр. Ол жобамен планетаның 13
массасына тең. Ядроға өте жоғары температура (6000°С) мен ең үлкен қысым
тән (1 – 3 млн атмосфералық қысым). Ядроның сыртқы жағы балқыған күйде, ал
ішкі жағы қатты заттан тұрады. Ядро сұйықтығы үлкен тығыздыққа ие. Ядроның
химиялық құрамы туралы ғалымдар әлі бір мәмілеге келе алмай отыр: бір
болжау бойынша темір мен никельден тұрса, ендігі болжау бойынша темір
сутегісі деп береді. Ядро сұйықтығының басқа сұйықтармен араласу нәтижесі
жер бетінде магниттік өріс тудырады, ол жер бетін космостық сәулелерден
қорғайды.

Жер қыртысын құрайтын тау жыныстары

Жер қыртысы тау жыныстарынан тұрады. Тау жынысы – табиғи бірлестік,
яғни бірнеше минералдық бірігуден құралған жыныс. Әр тау жынысы белгілі бір
табиғи жағдайға байланысты қалыптасады.

Тау жыныстары үлкен 3 топқа бөлінеді:
1. магмалық тау жыныстары,
2. шөгінді тау жыныстары,
3. метаморфтық тау жыныстары.

1. Магмалың тау жыныстары. Жер астынан балқып шыққан заттардан пайда
болған тау жыныстары магмалық тау жыныстары деп аталады. Магма (грекшеден
аударылғанда – былғама, қойыртпақ) – Жердің терең қойнауында жоғары
температура мен үлкен қысым жағдайында түзілетін газға бай, балқыған отты
қоймалжың зат. Ол жер қыртысының астында немесе мантияның жоғарғы қабатында
орналасады. Үстіңгі тау жыныстарының қабаттары оған ғаламат қысым түсіреді.
Сондықтан жер қыртысында жарық пайда болған жағдайда, магма жоғары
ұмтылады. Сөйтіп, ол жер бетіне шығып төгіледі немесе жақындап келіп,
кептеліп қатады. Үстіңгі қабаттардағы шөгінді тау жыныстарын жел мен судың
алып кегуінің нәтижесінде, кептелген магмалық жыныстар да ашылып, жер
бетіне шығып қалады. Жер қыртысы, негізінен, магмалық тау жыныстарынан
тұрады. 15 – 20 км тереңдікте олардың үлесіне бүкіл тау жыныстарының 95% –
ы тиеді. Одан әрі үлкен терендіктегі жыныстар – түгелдей дерлік магмалық
жыныстар. Магмалық жыныстардың ішінде базальт пен гранит өте көп таралған.
Магмалық тау жыныстары интрузивті және эффузивті болып бөлінеді.

2. Шөгінді тау жыныстары. Жер қыртысының бетінде су, жел, мұздық т.б.
сыртқы күштер әсерінен пайда болған жыныстар шөгінді тау жыныстары деп
аталады. Олар кесек, химиялық және органикалық түрлерге бөлінеді. Жер
қыртысы алғашқы қатайып құрылған кезден бастап, оны құраушы магмалық
жыныстар температураның, желдің және судың әсерінен өзгеріске ұшыраған.
Үгітілген кесектер сумен ағып немесе желмен ұшып, көл, теңіз т.б. су түбіне
жиналған. Мұндай тұнба жыныстар кесек шөгінділер деп аталады. Суға түрлі
заттар араласып, ериді. Теңіз немесе көл тартылғанда олар тұнып, жер
қабатына қосылады (мысалы, тұз т.б.). Мұндай жолмен химиялық шөгінділер
пайда болады. Судағы және құрлықтағы өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары
органикалық шөгінділер құрайды. Мысалы, өсімдіктердің шірімей және көміліп
қалған қалдықтарынан шымтезек пен тас көмір, теңіздің өте майда
жәндіктерінің қалдықтарынан бор құралады. Әр түрлі жолдармен пайда
болғанына қарамастан, шөгінді жыныстардың бәріне тән екі түрлі ерекшелік
бар. Біріншіден, тұну арқылы түзілгендіктен, олардың бәрі де қат –
қабаттанып жатады. Екіншіден, шөгінді жыныстардың арасынан жануарлар мен
өсімдіктердің қалдықтары немесе таңбалары ұшырасады. Мысалға, тас көмір
қабаттарының арасынан ағаштың тасқа айналған қалдығы немесе жапырағының
таңбасы жиі кездеседі. Шөгінді жыныстар жер қыртысының беткі қабатында
таралған. Олар мұндағы барлық тау жыныстарының 75% – ын құрайды, қалған 25%
– ы магмалық және метаморфтық жыныстардың үлесіне тиеді. Шөгінді тау
жыныстары ұзақуақыт жатып тығыздалса, қатты жыныстарға айналады. Осындай
жолмен құмнан – құмтас, саздан – сазды тақтатас, бордан – әктас түзіледі.

3. Метаморфтың тау жыныстары. Жердің терең қабатына батқан магмалық
және шөгінді жыныстар үстіңгі тау жыныстарының қысымына және жоғары
температураның әсеріне ұшырайды. Олар магманың ыстық лебінен қайта балқиды.
Шөгінді тау жыныстарын су ерітінділері біріктіріп қатырады. Осы
айтылғандардың әсерінен тау жыныстары өзінің бастапқы қалпынан айырылады,
олардың құрамы өзгереді. Осындай өзгерістердің нәтижесінде пайда болған тау
жыныстары метаморфтық деп аталады (грекше метаморфоза – өзгеру).
Метаморфозаның әсерінен әктас мәрмәрға, сазды тақтатас кристалдық
тақтатасқа, құмтас кварцитке айналады. Метаморфтық жыныстардың ерекшелігі,
көп жағдайда олардың жаншылып, тақталанған немесе магманың ыстық лебіне
ұшыраған өзгерістері байқалып тұрады. Мысалы, кристалды тақтатастың
тақталанған белгісімен қатар, ішіндегі кесек қиыршықтардың метаморфдам
әсерінен кристалдық түйіршіктерге айналғаны көрінеді.

Мұхиттың жер қыртысы қабаттары:
1.габбро,
2. базальт,
3. шөгінді жыныстар.
Материктік тақталарды ылғи да мұхиттық тақталар қоршап, серіктес боп
орналасады. Тақталар өзара салыстырғанда әдетте жылына 1 см – ден 6 см – ге
дейінгі жылдамдықпен орнын ауыстырады, бір – бірінен қашықтайды немесе
бірінен – біріне сырғиды. Егер біреуінің мұхиттық, ал екіншісінің
материктік жер қыртысы бар тақталар өзара жақындасатын болса, онда теңіз
астындағы плита иіліп, континенттің астына қарай сүңгігендей болады.
Мысалы, Курил науасы, Жапон аралдары, Анд таулары. Материктің жер қыртысы
бар екі плитасы жақындасқанда, олардың жиектері бетінде жиналған барлық
шөгінді жыныстармен қоса сығылып, қатпарларға айналады. Литосфералық
тақталар теориясына сәйкес жер бетінде бір кезде айналасын мұхит қоршаған
бір материк болған. Уақыт өте келе онда терең жарықтар түзіліп, оңтүстік
жарты шарда Гондвана, солтүстік жарты шарда Лавразия континенттері пайда
болды, оларды жаңадан қалыптасқан мұхит бөліп тұрған. Кейін бұл
материктерді де жаңадан түзілген жарықтар бірнеше бөлікке бөледі. Сөйтіп,
қазірге континенттер мен жаңа Атлант және Үнді мұхиттары пайда болды.
Қазіргі материктердің жер қыртысының ең ежелгі біршама тұрақты әрі тегіс
үлескілері – платформалар, яғни Жердің ертедегі геологиялық тарихында пайда
болған плиталар құрайды.

Жер кыртысының негізгі элементтері

Құрлық пен мұхит шұңғымаларының орасан зор кеңістігі, олардың ұлан –
байтақ жазықтары мен тау жоталары, жанартаулардың асқаралы конустары,
шатқалдардың терең аңғарлары, төбелер мен жыралар жер бетіне алуан түрлі
көрініс береді. Көлемі, шығу тегі және жасы жөнінен өзара айырмашылықтары
болатын ойлы – қырлы жер бетін жер бедері деп атайды. Жер бедері
табиғаттағы барлық компоненттердің пайда болуына, дамуы мен орналасуына
айтарлықтай әсер етеді. Ішкі және сыртқы күштердің өзара әсері – жер
бедерінің алуан түрлілігінің негізгі себебі. Ішкі және сыртқы күштердің бір
мезгілде әсер етуінен жер бедері үнемі өзгеріп отырады. Ішкі күштердің әсер
етуі мантиядағы заттардың қозғалуына байланысты. Бұл күштерді литосфераның
қозғалу процестерінен, мантия заттарының Жер қыртысына енуінен немесе оның
жер бетіне шығып төгілуінен байқауға болады. Литосфераның қозғалуы тау
жыныстарының қабаттарын қозғалысқа келтіреді, жер қыртысының құрылысын,
демек оның жер бедерін өзгертеді. Қозғалудың екі түрі белгілі: барлық жерде
байқалатын тік қозғалу және ең бастылары литосфера тақталарының қозғалуы
болып табылатын горизонталь қозғалу. Тақталардың қозғалуы нәтижесінде жер
бедерінің ең ірі формалары материктердің шығыңқы бөліктері мен мұхит
шұңғымалары пайда болады. Оларды бірінші қатардағы жер бедері формаларына
жатқызады. Құрлық пен мұхит түбіндегі ұлан – байтақ жазықтар мен тау
белдеулерін екінші қатардағы жер бедері формаларына жатқызады. Сыртқы
күштер Жер бетіне әсер етеді. Олардың әсер етуі Күн энергиясына, ауырлық
күші мен ағзалардың тіршілік әрекеттерінің ықпалына байланысты. Сыртқы
күштер тау жыныстарын бұзады және бұзылу өнімдерін жер бетінің едәуір биік
бір үлескісінен екінші үлескісіне жеткізеді, олардың осында шөгуінен
борпылдақ материал жиналады. Құрлықтағы жер бедерінің бұзылуы мен
тегістелуінде үгілу үлкен орын алады. Сыртқы және ішкі күштердің әсер етуі
нәтижесінде таулар мен жазықтардың жер бедері күрделене түсіп, едәуір ұсақ
формаларға айналады. Бұлар: ойыстар, кішігірім жоталар, төбелер, өзен
аңғарлары, жыралар, таңқаларлық пішінді жартастар және т.б. Олар сыртқы
күштердің бір мезгілде әсер етуінен жер жартысының қозғалуы нәтижесінде
пайда болады. Егер осымен бір мезгілде ішкі күштер де әсер ететін болса,
онда сыртқы күштердің ықпалы арта түседі. Мысалы, өзен ағып өтетін
территория ішкі күштердің әсерінен баяу көтеріле бастаса, онда өзеннің
жұмысы күшейе түседі. Терең шатқалдар осылайша пайда болады. Материктердің
шығыңқы бөліктері мен оларды бөліп тұратын мұхит шұңғымаларының аралығында
өтпелі аймақтар болады. Жер бедері едәуір жайпақ материктік қайраң (шельф)
мен шатқалдар тілімдеген материктік беткейді осындай өтпелі аймақтарға
жатқызады. Мұхит түбі жер бедерінің алуан түрлілігі жөнінен жер бетінен
ешбір кем түспейді. Жалпы ұзындығы 60 мың км – ден асатын мұхит ортасындағы
жоталардың біртұтас жүйесінің болуы – мұхит түбі жер бедерінің ерекшелігі.
Мұхиттардың шет аймақтарына құрлықта кездеспейтін терең сулы шұңғымалар
шоғырланған. Мұхит түбі материктің етегі мен мұхит ортасындағы жоталар
арасындағы үлескілері жайпақ төбелі, тегіс болып келеді. Бұлар – мұхит
жазықтары. Сонымен бірге ішкі күштер, негізінен алғанда, жер бедерінің ірі
формаларын түзетін болса, сыртқы күштер, негізінен, оларды бұзып, көлемі
кішігірім жаңа формалар түзеді. Ішкі және сыртқы күштер бір мезгілде әсер
етеді. Сондықтан жер бедері үздіксіз өзгеріске ұшыраумен болады. Жер
бедерінің ірі формаларының орналасуында белгілі бір зандылықтар болады.
Материктің шығыңқы беліктері материктік жер қыртысына сәйкес келеді, ал
мұхиттық жер қыртысы таралған аймақтарда мұхит суына толы шұңғымалар
жатады. Үлкен жазықтар литосфера тақталарының ертедегі үлескілері
платформаларға сәйкес келеді. Таулы қатпарлы аймақтар мұхит түбіндегі терең
сулы науалар литрсфера тақталарының шекараларына орналасқан.

§6. Атмосфера және жердегі климат

Атмосфера туралы ұғым

Жер шарын жан – жағынан атмосфера деп аталатын ауа қабығы қоршап жатыр.
Ол – Жердің ең сыртқы қабығы, Жермен бірге айналып тұрады. Атмосфераның ең
жоғарғы шекарасын 150 – 200 км деп салыстырмалы түрде белгілеген.

Ауа дегеніміз – әр түрлі газдар қосындысы. Олардың ішінде ең көп орынды
азот (78%) пен оттегі (21%) алады. Сонымен бірге ауада инертті газдар
(аргон, неон, гелий т.б.), көмірқышқыл газы, су буы, басқа да заттар (шаң –
тозаң, тұздар) бар. Ауаның жұқа қабаты түссіз болады. Атмосфера қабаттардан
тұрады. Ауаның құрамы, температурасы, тығыздығы т.б. бір жерден екінші бір
жерге барғанда биіктік бойынша өзгереді.
Атмосфера үш қабатқа бөлінеді:
1. тропосфера,
2. стратосфера,
3. атмосфераның жоғарғы қабаты.

1. Атмосфераның Жер бетіне таяу орналасқан ең төменгі қабаты –
тропосфера (грекше тропос – бұрылыс, өзгеріс, сфера – қабық). Онда
температура биіктік бойынша шамамен бір қалыпты төмендейді. Экваторда
тропосфера қалындығы 20 км – ге, ал полюстерде 10 км – ге жетеді.
Тропосфера қабатында ауаның ең тығыз және көп мөлшері (45 бөлігі)
орналасқан. Тропосферада су буы да түгелдей дерлік осында, бұлт үйіріліп,
жауын – шашын жауады, жел тұрады, ауа райы түзіледі. Ауа қозғалысының тік
және көлбеу қозғалыстары да осы қабатта болады.

2. Стратосфера (грекше стратум – қабатталған) қабаты тропосфераның
үстінде жатады. Оның төменгі бөлігінде біраз биіктікке дейін температура
біршама тұрақты, ал жоғарғы жағында айтарлықтай тез өседі. Температураның
жоғарылауы осы қабатта шоғырланған озон газы қабатының күн сәулелерін
сүзуіне байланысты. Стратосферадағы ауа өте құрғақ болуымен ерекшеленеді.
Атмосфераның бұл қабаты 50 – 55 км биіктікке дейін барады.

3. Атмосфераның жоғарғы қабаты бірнеше концентрациялық қабықтардан
тұрады. Ол ауаның аз тығыздығы мен жоғары дәрежелі ионданған ауаларға
басым. Бұл бөлікте ауаның температурасы алдымен 80 – 90 км биіктікке дейін
қайтадан төмендейді. Одан әрі температура тез көтеріліп, 10000 – 2000°С –
қа дейін өседі. Мұнда күннен атмосфераның төменгі қабаттарына дейін
жетпейтін ерекше зарядтар таралады да, газ бөлшектерін электрлендіреді.
Олар күн сәулелерін жақсы жұтып алатындықтан, қатты қызады. Күннен
таралатын электр зарядтары атмосфераның биік қабаттарында поляр шұғыласы
құбылысын тудырады. Атмосфераның ең сыртқы қабатынан газ бөлшектері Жер
төңірегіндегі әлемдік кеңістікке шашырап кетіп жатады. Жердегі табиғат үшін
атмосфераның үлкен маңызы бар. Жер бетінде өтіп жататын түрлі құбылыстар,
өзгерістер, тіршіліктер атаулы ауамен байланысты. Ауа қабығы болмаса, жер
беті температурасы Айдағы сияқты күн мен түннің арасында өте үлкен мөлшерде
ауытқып тұрар еді. Күндізгі ыстық тек өзендер мен көлдерді ғана емес, тіпті
теңіздерді де түгелдей буландырып, құрғатып жіберер еді. Керісінше түндегі
суық – 100°С – тан асып кетер еді. Демек жер бетін құлазыған шөл алып жатар
еді. Атмосфера күн сәулелерін шашыратып, жайып тарататындықтан, күндіз жер
беті өте қызып кетпейді. Жерге әлемдік кеңістіктен метеориттер үздіксіз
ұшып келіп жатады. Бірақ олардың көпшілігі ауаға ысылып, жанып кетеді.
Атмосфера болмаса, метеориттер Жерді үздіксіз соққылап жатар еді.
Атмосфераның көмегімен құрлық пен мұхит арасында жылу мен ылғал алмасуы
тоқтаусыз жүріп жатады. Адамзат іс – әрекетімен атмосфераға қолайсыз,
жайсыз жағдайлар туғызады. Атмосфераны қорғау қажет. Оған кешенді шаралар
пайдалану дамыған елдерде жүргізілуде.

Ауа температурасы

Жер бетіңдегі жылудың негізгі көзі – Күн. Бірақ күн сәулелері ауадан
кідіріссіз өтіп кетеді де, оны тікелей қыздырмайды. Күн сәулелері алдымен
жер бетін қыздырады, содан кейін ғана жылу ауаға тарайды. Сондықтан ауаның
жер бетіне таяу қабаты көбірек жылынады да, биіктеген сайын температура
төмендей береді. Тропосфера қабатында температураның биіктік бойынша
төмендеуі содан. Әрбір 100 м биікке көтерілгеңде, температура орта есеппен
0,6°С – ка төмендейді. Күн сәулесінің жарық пен жылу беру жиынтығы Күн
радиациясы деп аталады. Радиация екіге бөлінеді: тура және шашыранды. Тура
және шашыранды радиациялар жиынтығы жиынтық Күн радиациясы деп аталады.
Тропосферадағы ауа өзінің мөлдірлігіне байланысты тура Күн сәулелерінен
жыли алмайды. Ауа температурасына сондай – ақ жер беті жамылғысы да әсер
етеді. Яғни әр ендікте температура әр түрлі болады. Температураның тәулік
ішіндегі өзгерісі Жердің өз білігінен айналуына, соған сәйкес Күн
сәулесінің түсу мөлшерінің өзгеруіне байланысты.
Тәулік ішіндегі осы ең жоғарғы және төменгі температуралардың айырмасын
температураның тәуліктік амплитудасы (латынша амплитуда – кендік,
жайылушылық) деп атайды. Температураның жыл ішіндегі өзгерісі Жердің Күнді
айналу жолындағы орнына байланысты.
Ауа температурасының жылдық амплитудасы географиялық ендіктерге тәуелді
болады: экваторда амплитуда 2° – 4° шамасында болса, солтүстік жарты
шардағы қоңыржай ендікте 60° – қа барады. Атмосферадағы ауа температурасы
ылғалдылық пен қысымға тығыз байланысты.

Атмосфералық қысым

Ауаның Жер бетіне түсірген салмағы атмосфералық қысым деп аталады.
Бүкіл ауа қабаты жер бетінің әрбір 1 см2 – не 1 кг 33 г салмақ түсіреді.
Орта бойлы адам денесінің үсті шамамен 1500 см2 болады. Сонда оған түсетін
қысым 15000 кг немесе 15 тоннадан астам болады. Адамның алақаны шамамен 150
см2, ауа оған 150 кг салмақ қысым түсіреді. Біз мұндай қысымды сезбейміз,
өйткені біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымымен тепе – тең
келеді. Атмосфералық қысымды өлшеу үшін сынап бағанасы қолданылады.
Атмосфералық қысымның өлшем бірлігі ретінде мм – ді қолдану бекітілген. Жер
беті мен биіктік бойынша қысым өзгеріп отырады. Жер бетінің түрлі
аймақтарындағы және түрлі бшкгіктегі атмосфералық қысымды бір – бірімен
салыстыру үшін 45° ендіктегі теңіз деңгейіндегі қысым алынады. Сынап
бағанасының 760 мм биіктігіне тең осы қысым қалыпты атмосфералық қысым деп
аталады. Атмосфераның жер бетіне таяу қабатында әрбір 10 м биіктікке
көтерілгенде қысым шамамен 1 мм – ге төмендейді. Атмосфералық қысым тек
биіктік бойынша ғана емес, сонымен бірге ауа райы жағдайына байланысты да
өзгереді. Ауа жылынғанда көлемін ұлғайтатындықтан, жоғары көтеріліп
сирейді. Соған сәйкес оның қысымы да азаяды.
Керісінше, ауа салқындағанда тығыздала түседі де, қысым артады. Жер
бетіндегі қысым осылайша бөлініп реттеледі.

Жел

Жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге
ауысуын жел деп атайды. Желдің пайда болу себебі – ауа қысымының жер
бетінде әркелкі таралуы. Өз кезегінде қысым айырмасы жер бетінің әркелкі
жылынуынан туады.

Желдің пайда болу сызбасы

Желдің жылдамдығы мен күші болады. Жел жылдамдығы секундына метр
есебімен (мс), жел күші жылдамдығы балмен есептеледі. Ол 0 – ден 12 балға
дейін белгіленген. Жел бағыты көкжиектің қай жағынан соқса, сол бағыттың
атымен аталады: солтүстік желі, оңтүстік желі, батыс желі, оңтүстік – шығыс
желі т.с.с. Жер шарының кейбір аймақтарында тұрақты түрде жергілікті желдер
соғып тұрады. Олардың ішінде негізгілері – бриздер мен муссондар.

Бриз (французша жеңіл жел) – теңіз жағалауында соғатын жел. Құрлық пен
судың үстіндегі ауаның әр түрлі жылынуына байланысты ол бағытын тәулік
ішінде екі рет өзгертіп тұрады. Күндіз күн сәулесінен құрлық теңізге
қарағанда көбірек жылынады. Жылы ауа жоғары көтеріліп жан – жаққа
таралатындықтан сирейді. Сондықтан құрлық үстіндегі салқын әрі тығыз ауа
қысымы көп жақтан аз жаққа қарай ығысады, яғни жел соғады. Бұл – күндізгі
бриз. Түнде, керісінше, кұрлық суынады. Бұл кезде су күндізгі жылуын әлі
бойында ұстайды. Құрлық үстіңдегі ауа су бегіндегіге қарағанда салқын және
тығыз болады. Ауа қысымы күндізгіге керісінше құрлықтың үстінде жоғары,
теңіздің үстінде төмен жағдайға келеді. Құрлықтан теңізге қарай түнгі бриз
соғады. Бриз желі жағалаудан құрлықтың және теңіздің ішіне қарай ондаған км
– ге барады. Ол ірі көлдердің жағасында да байқалады.

Муссон (арабша маусым) – бриз сияқты құрлық пен теңіздің арасында
тұрақты соғатын жел. Бірақ муссон желдері бағытын бриз сияқты тәулік ішінде
емес, жыл ішінде ауыстырады. Бұл желдердің бағыты қыс пен жазда құрлық пен
теңіздің әр түрлі жылынуына байланысты өзгереді. Қыста құрлық қатты
салқындайды да, оның үсгінде ауа жылы, қысым төмен болады. Қысымның осылай
таралуына сәйкес қыста құрлыстан теңізге қарай суық әрі құрғақ жел соғады.
Жазда, керісінше, құрлыққа қарағанда теңіздің үстінде жоғары қысым орнайды.
Бұл кезде теңізден құрлыққа қарай ылғалды жел соғады. Муссон желі
Еуразияның Тынық мұхитпен жапсарлас өңіріне тән.

Пассат желі деп тропиктер мен экватор бағытында соққан желді айтады.

Циклон – атмосфералық ауаның үлкен көлемде төменгі қысыммен орталыққа
бағытталуы. Циклон кезінде жауын – шашынды, салқын ауа райы қалыптасады.

Антициклон кезіңде ауа қысымы орталықта жоғары болады да, ауаның
таралуы жан – жаққа бағыт алады. Бұл кезде құрғақ және ыстық ауа райы
қалыптасады.

Ауадағы су буы

Су агрегаттық үш күйге ие: қатты, сұйық газ (су буы). Температураның
өзгеруіне байланысты су бір күйден екінші күйге оңай етеді. Ауа сияқты
түссіз болғандықтан, су буы көзге көрінбейді. Кез келген ауада белгілі бір
мөлшерде бу күйіндегі су бар. Жер бетіндегі ылғалды топырақтан, батпақтан,
өзендер мен көлдерден, мұхиттар мен теңіздерден буланған су ұдайы
атмосферага қосылып жатады. Судың басым кепшілігі мұхиттар мен теңіздерден
келеді. Табиғатта су буы тынымсыз айналыста жүреді. Ауа ағындары оларды
ілестіріп, басқа жаққа айдап алып кетеді. Бу салқындаған кезде бұлтқа
айналады. Одан жауын – шашын түрінде жер бетіне қайтып оралады. Ауадағы су
буының мөлшері буланатын беттің жағдайына және температураға байланысты.
Ауадағы су буы мұхит үстінде мол, ал құрлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Физикалық географияның бастауыш курсын оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытудың мақсаттары
«Қазіргі жаратылыстану концепциялары» курсы бойынша дәрістер
Экологиялық тәрбие
Қашықтықтан оқытудың технологиялары
Педагогикадағы оқыту процесі және принциптері
XXI ҒАСЫР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбиенің маңызы
Туристік кадрларды даярлаудың алғышарттары
Жалпы білім беретін мектептерде өлкетану материалдарының географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардағы ғылыми – педагогикалық негіздерін айқындау
Қазақстанның физикалық география курсында экологиялық білім мен тәрбие беру
Пәндер