Нарықтық қатынастар жағдайында ҚР-сы салық жүйесінің дамуы



І. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі
2.2. Нарықтық экономикада салықтың алатын орны.
2.3. Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Салық – кез-келген өркениетті мемлекеттің негізгі табыс көзі.
Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі мемлекеттің қаржылық-кредиттік механизмінің негізі, экономиканы ретке келтіруші маңызды құралы болып табылады. Салық жүйесі қаншалықты дұрыс құрылса, шаруашылық қызметінің тиімділігі соған байланысты дамиды.
Батыс елдерінде салық салу мәселелеріне Қазақстанның тәуелсіз салық жүйесінің дәл бүгінгі шынайы жағдайына бейімделген теориялық тұжырымдар мен салық теориясын түпкілікті зерттеген отандық ғалымдар қатары аз.
Салықтардың маңыздылығы жөнінде классик ғалымдар: «салықтар қоғамның кластарға бөлініп, мемлекеттердің қалыптасуына қатысты пада болған бұқара билікті қамтамасыз ету үшін төленетін азаматтардың төлемдері» екендігін атап өткені бізге тарихтан мәлім. Бұл тұжырымнан байқағанымыздай қоғамның даму тарихында бір де бір мемлекет салықсыз қызмет еткен емес, себебі ұжымдық қажеттіліктерді өтеу барысындағы өз қызметін жүзеге асыру үшін мемлекетке белгілі ақша қоры қажет. Осыдан келіп, салық ауыртпалығының аз мөлшері мемлекеттің белгілі бір қызмет түрлерін жүзеге асыруда шығарған шығынын өтеумен анықталады. Айталық, мемлекеттік басқару, қорғаныс, сот, қоғамдық тәртіпті сақтау сияқты мемлекеттік қызмет түрлері көбейген сайын, салықтар түрі де көбеюі тиіс.
«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
Экономикалық жағынан салық жүйесі мемлекеттің, аймақтардың және муниципалды құрылымдардың қызметін қаржылай қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі мемлекеттер, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы, әр түрлі салық төлеушілер арасындағы, сондай-ақ оған тікелей қатысушы заңды және жеке тұлғалар арасындағы күрделі өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығын құрайды.
1.Салық салу жүйесі. Бекболсынова А.С. Астана,2003 жыл
2.Салық және салық салу. Алматы-Экономика,2006 жыл.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қалалық Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

ОӨЖ
Тақырыбы: Нарықтық қатынастар жағдайында ҚР-сы салық жүйесінің дамуы

Топ: ГУ-307
Тексерген: Акишева Д.М.
Орындаған: Жанбаева А.Н.

Семей, 2015
ЖОСПАР

І. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі
2.2. Нарықтық экономикада салықтың алатын орны.
2.3. Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе
Салық - кез-келген өркениетті мемлекеттің негізгі табыс көзі.
Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі мемлекеттің қаржылық-кредиттік механизмінің негізі, экономиканы ретке келтіруші маңызды құралы болып табылады. Салық жүйесі қаншалықты дұрыс құрылса, шаруашылық қызметінің тиімділігі соған байланысты дамиды.
Батыс елдерінде салық салу мәселелеріне Қазақстанның тәуелсіз салық жүйесінің дәл бүгінгі шынайы жағдайына бейімделген теориялық тұжырымдар мен салық теориясын түпкілікті зерттеген отандық ғалымдар қатары аз.
Салықтардың маңыздылығы жөнінде классик ғалымдар: салықтар қоғамның кластарға бөлініп, мемлекеттердің қалыптасуына қатысты пада болған бұқара билікті қамтамасыз ету үшін төленетін азаматтардың төлемдері екендігін атап өткені бізге тарихтан мәлім. Бұл тұжырымнан байқағанымыздай қоғамның даму тарихында бір де бір мемлекет салықсыз қызмет еткен емес, себебі ұжымдық қажеттіліктерді өтеу барысындағы өз қызметін жүзеге асыру үшін мемлекетке белгілі ақша қоры қажет. Осыдан келіп, салық ауыртпалығының аз мөлшері мемлекеттің белгілі бір қызмет түрлерін жүзеге асыруда шығарған шығынын өтеумен анықталады. Айталық, мемлекеттік басқару, қорғаныс, сот, қоғамдық тәртіпті сақтау сияқты мемлекеттік қызмет түрлері көбейген сайын, салықтар түрі де көбеюі тиіс.
Салық ұғымымен салық жүйесі ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
Экономикалық жағынан салық жүйесі мемлекеттің, аймақтардың және муниципалды құрылымдардың қызметін қаржылай қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі мемлекеттер, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы, әр түрлі салық төлеушілер арасындағы, сондай-ақ оған тікелей қатысушы заңды және жеке тұлғалар арасындағы күрделі өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығын құрайды.

2.1 Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі
ҚР Президентінің Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заң күші бар жарлығы салық жүйесіне оңтайлы өзгерістер енгізді.
Олардың қатарына қолданылып келген салықтар мен салықтар мен алымдар санының 46-дан 11-ге қысқартылуы, салық салу принциптерінің дүниежүзілік тәжірибеге сай өзгертілуі, халықаралық салық салу тәртібінің енгізілуі, салықтардың нышанына, белгілеріне қарай топталуы, сонымен қатар бұл құжаттың көптеген заңдармен тығыз байланыстылығы, салықтық әкімшіліктің жаңа ережелерінің енгізілуі салық жүйесіндегі басқа да түбегейлі өзгерістер жатады. Әрине мемлекттің нарықтық экономикалық қатынас талабына сай дамуы жағдайында салық жүйесінің бір орында, өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Алайда қысқа уақыт аралығында қабылданған шексіз өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі нәтижесі оның әлі де болса жетілмегендігін көрсетеді.
Бүгінгі күні республикада салық заңдарының барлық негізгі кемшіліктері ескерілген, әрі жетілдірілген жаңа Салық кодексі дайындалып, 2001 жылдың 12 маусымында қабылданды.
Уақыт ағымының әсеріне, заман талабына сай қабылданған Салық кодексінде келесідей мәселелерді шешуге басты назар аударылған.
Біріншіден , барлық шаруашылық субъектілеріне салықтандырудың тең жағдайын жасау.
Екіншіден , кейбір жекелеген категориядағы салық төлеушілерге берілген жеңілдіктерді жою арқылы салық жүктемесін жеңілдету.
Үшіншіден , салық заңдылығы жөніндегі барлық ережелер мен нормаларды тікелей қызмет ететін заң мөлшерінде біріктіру.
Төртіншіден, салық заңдылығының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Әрине, салық заңдылығында өзгерістер мен толықтырулар болашақта да жүргізіліп отырылады. Өйткені экономикалық қарым-қатынастар бір орында тұрып қалмайды, ол жаңа даму сатысына көшкен сайын салық заңдылығының да сол экономикалық саясатқа сай өзгертіліп отыруы керек.
Сондықтан өзгерістің енгізілуі де заңды. Бірақ,кодекс бойынша енді жаңадан енгізілген өзгерістер жылына бір рет енгізілуі тиіс. Енгізілген өзгерістер келесі жаңа жылдың басынан бастап күшіне енеді.
Бұл ереже біржағынан салық төлеушілерге жаңа енгізулерге алдын ала дайындалып, операциялар мен қаржы шешімдерін жоспарлауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан салық қызметкерлерінің жұмысын жеделдетуге және жеңілдетуге көп әсерін тигізеді.Салық кодексі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.
Ол салық салудың ойластырылған құқықтық негізін құрудың түпкілікті міндетін шешуге бағытталған.
2.2.Нарықтық экономикада салықтың алатын орны.
Ұйымдық - құқықтық жағынан салықтар - бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер. Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі - ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік - экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцйяларымен айқындалады.
Белгілі философ Френсис Бэкон ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС НАҚТЫЛЫ БАНКТІК
Жергілікті бюджеттердің құрылымы
ҚР Қаржы министрлігі: оның мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны
Салықтардың экономикалық мазмұны
Сақтандырудың экономикалық мәні мен ролі
Қазақстан Республикасының банк реформасы
Нарықтық экономикадағы қаржы жүйесі
Халықаралық валюта қатынастары және валюта курсы
Халықаралық сауда саясатының мәні мен рөлі
Шағын кәсіпкерліктің даму кезеңдері
Пәндер