Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі туралы ақпарат



1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) биологиялық әртүрлілік - бір түр аясында, түрлер арасындағы және экологиялық жүйелердегі жануарлар мен өсімдіктер дүниесі объектілерінің әртүрлілігі;
2) биологиялық ресурстар - генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөліктері, популяциялар немесе экологиялық жүйелердің адамзат үшін нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар кез келген басқа да биотикалық компоненттері;
3) генетикалық түрлендірілген организмдер - өсімін молайтуға немесе тұқым қуалайтын генетикалық материалды беруге қабілетті, табиғи организмдерден ерекше, гендік инженерия әдістері қолданыла отырып алынған және құрамында гендік-инженерлік материал (гендер, олардың фрагменттері немесе гендер комбинациясы) бар организмдер;
4) генетикалық түрлендірілген өнімдер - гендік инженерия әдістері пайдаланыла отырып алынған, құрамында жансыз генетикалық түрлендірілген организмдер немесе солардың компоненттері бар өсімдіктен және (немесе) жануарлардан алынатын өнімдер;
5) ең озық қолжетімді технологиялар - пайдаланылатын және жоспарланатын салалық технологиялар, шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерінің деңгейін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері қамтамасыз етілетіндей деңгейге дейін азайтуға бағытталған, ұйымдастыру және басқару шараларын қамтамасыз ететін техника және жабдық;
6) инертті қалдықтар - елеулі физикалық, химиялық немесе биологиялық өзгерістерге ұшырамайтын әрі қоршаған ортаға және адамның денсаулығына қолайсыз әсер етпейтін қалдықтар;
7) коммуналдық қалдықтар - елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы және жиналу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндіріс қалдықтары;
8) қалдықтар сыныптауышы - қалдықтарды сыныптау нәтижелері қамтылған, қолданбалы сипаттағы ақпараттық-анықтамалық құжат;
9) қалдықтарды есепке алу - қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамалары және олармен жұмыс істеу тәсілдері туралы ақпаратты жинау және беру жүйесі;
10) қалдықтарды жою - қалдықтарды көму және жою жөніндегі операциялар;
11) қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою;
12) қалдықтарды кәдеге жарату - қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретінде пайдалану;
13) қалдықтарды көму - қалдықтарды шектеусіз мерзім ішінде қауіпсіз сақтау үшін арнайы белгіленген орындарға жинап қою;
14) қалдықтарды өңдеу - қалдықтардың көлемін немесе қауіпті қасиеттерін азайту үшін олардың сипатын өзгертетін, олармен жұмыс істеуді жеңілдететін немесе оларды кәдеге жаратуды жақсартатын сұрыптауды қоса алғанда, физикалық, жылу, химиялық немесе биологиялық процестер;
15) қауіпті қалдықтар паспорты - қалдықтардың шығу көзі бойынша пайда болу процестерінің, олардың сандық және сапалық көрсеткіштерінің, мұндай қалдықтармен жұмыс істеу ережелерінің, оларды бақылау әдістерінің, бұл қалдықтардың қоршаған ортаға, адам денсаулығына және (немесе) тұлғалар мүлкіне зиянды әсер ету түрлерінің стандартталған сипаттамасы, қалдықтарды шығарушылар, меншігінде қалдықтар бар өзге де тұлғалар туралы мәліметтер қамтылған құжат;
16) қалдықтарды орналастыру - өндіріс және тұтыну қалдықтарын сақтау немесе көму;
17) қалдықтарды сақтау - қалдықтарды кейіннен қауіпсіз жою мақсатында оларды арнайы бөлінген жерлерде жинап қою;
18) қалдықтарды сыныптау - қалдықтардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауіптілігіне сәйкес оларды жіктеуге жатқызу тәртібі;
19) қалдықтардың түрі - шығу көзіне, қасиеттеріне және жұмыс істеу технологиясына сәйкес жалпы белгілері бар, қалдықтар жіктеуіші негізінде айқындалатын қалдықтар жиынтығы;

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКСІ
2007 жылғы 9 қантар, № 212-III
(2007.27.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

ЖАЛПЫ БӨЛІМ
 
1-Бөлім. Жалпы ережелер
 
1-тарау. Негізгі ережелер
 
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) биологиялық әртүрлілік - бір түр аясында, түрлер арасындағы және
экологиялық жүйелердегі жануарлар мен өсімдіктер дүниесі объектілерінің
әртүрлілігі;
2) биологиялық ресурстар - генетикалық ресурстар, организмдер немесе
олардың бөліктері, популяциялар немесе экологиялық жүйелердің адамзат үшін
нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар кез келген басқа да
биотикалық компоненттері;
3) генетикалық түрлендірілген организмдер - өсімін молайтуға немесе
тұқым қуалайтын генетикалық материалды беруге қабілетті, табиғи
организмдерден ерекше, гендік инженерия әдістері қолданыла отырып алынған
және құрамында гендік-инженерлік материал (гендер, олардың фрагменттері
немесе гендер комбинациясы) бар организмдер;
4) генетикалық түрлендірілген өнімдер - гендік инженерия әдістері
пайдаланыла отырып алынған, құрамында жансыз генетикалық түрлендірілген
организмдер немесе солардың компоненттері бар өсімдіктен және (немесе)
жануарлардан алынатын өнімдер;
5) ең озық қолжетімді технологиялар - пайдаланылатын және жоспарланатын
салалық технологиялар, шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерінің
деңгейін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері қамтамасыз
етілетіндей деңгейге дейін азайтуға бағытталған, ұйымдастыру және басқару
шараларын қамтамасыз ететін техника және жабдық;
6) инертті қалдықтар - елеулі физикалық, химиялық немесе биологиялық
өзгерістерге ұшырамайтын әрі қоршаған ортаға және адамның денсаулығына
қолайсыз әсер етпейтін қалдықтар;
7) коммуналдық қалдықтар - елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік
әрекеті нәтижесінде пайда болған тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы және
жиналу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндіріс қалдықтары;
8) қалдықтар сыныптауышы - қалдықтарды сыныптау нәтижелері қамтылған,
қолданбалы сипаттағы ақпараттық-анықтамалық құжат;
9) қалдықтарды есепке алу - қалдықтардың сандық және сапалық
сипаттамалары және олармен жұмыс істеу тәсілдері туралы ақпаратты жинау
және беру жүйесі;
10) қалдықтарды жою - қалдықтарды көму және жою жөніндегі операциялар;
11) қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық немесе
биологиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауіпті қасиеттерін азайту немесе
жою;
12) қалдықтарды кәдеге жарату - қалдықтарды қайталама материалдық немесе
энергетикалық ресурстар ретінде пайдалану;
13) қалдықтарды көму - қалдықтарды шектеусіз мерзім ішінде қауіпсіз
сақтау үшін арнайы белгіленген орындарға жинап қою;
14) қалдықтарды өңдеу - қалдықтардың көлемін немесе қауіпті қасиеттерін
азайту үшін олардың сипатын өзгертетін, олармен жұмыс істеуді жеңілдететін
немесе оларды кәдеге жаратуды жақсартатын сұрыптауды қоса алғанда,
физикалық, жылу, химиялық немесе биологиялық процестер;
15) қауіпті қалдықтар паспорты - қалдықтардың шығу көзі бойынша пайда
болу процестерінің, олардың сандық және сапалық көрсеткіштерінің, мұндай
қалдықтармен жұмыс істеу ережелерінің, оларды бақылау әдістерінің, бұл
қалдықтардың қоршаған ортаға, адам денсаулығына және (немесе) тұлғалар
мүлкіне зиянды әсер ету түрлерінің стандартталған сипаттамасы, қалдықтарды
шығарушылар, меншігінде қалдықтар бар өзге де тұлғалар туралы мәліметтер
қамтылған құжат;
16) қалдықтарды орналастыру - өндіріс және тұтыну қалдықтарын сақтау
немесе көму;
17) қалдықтарды сақтау - қалдықтарды кейіннен қауіпсіз жою мақсатында
оларды арнайы бөлінген жерлерде жинап қою;
18) қалдықтарды сыныптау - қалдықтардың қоршаған ортаға және адам
денсаулығына қауіптілігіне сәйкес оларды жіктеуге жатқызу тәртібі;
19) қалдықтардың түрі - шығу көзіне, қасиеттеріне және жұмыс істеу
технологиясына сәйкес жалпы белгілері бар, қалдықтар жіктеуіші негізінде
айқындалатын қалдықтар жиынтығы;
20) қалдықтармен жұмыс істеу - қалдықтардың пайда болуының алдын алуды
және оларды азайтуды, есепке алу мен бақылауды, қалдықтардың жиналып
қалуын, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, өңдеуді, кәдеге жаратуды,
залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (жинап қоюды) және жоюды қоса
алғанда, қалдықтармен байланысты қызмет түрлері;
21) қауіпті қалдықтар - құрамында қауіпті қасиеттері (уыттылығы, жарылыс
қаупі, радиоактивтілігі, өрт қаупі, жоғары реакциялық қабілеті) бар зиянды
заттар болатын, дербес немесе басқа заттармен байланысқа түскен кезде
қоршаған ортаға және адам денсаулығына тікелей немесе ықтимал қауіп
төндіретін қалдықтар;
22) қауіпті емес қалдықтар - қауіпті және инертті қалдықтарға жатпайтын
қалдықтар;
23) қолайлы қоршаған орта - жай-күйі экологиялық қауіпсіздікті және
халықтың денсаулығын сақтауды, биоәртүрлілікті сақтауды, ластануды
болғызбауды, экологиялық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін, табиғи
ресурстарды молықтыруды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін қоршаған
орта;
24) қоршаған орта - атмосфералық ауаны, Жердің озон қабатын, жер
бетіндегі және жер астындағы суларды, жерді, жер қойнауын, жануарлар мен
өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ осылардың өзара әрекетінен туындайтын
климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектілердің жиынтығы;
25) қоршаған ортаға келтірілетін залал - табиғи ресурстардың жұтаңдауы
мен сарқылуын немесе тірі организмдердің қырылуын туындатып немесе
туындататындай етіп қоршаған ортаны ластау немесе табиғи ресурстарды
белгіленген нормативтерден артық алу;
26) қоршаған ортаға эмиссиялар - ластағыш заттардың шығарындылары,
төгінділері, қоршаған ортада өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру,
зиянды физикалық әсер ету;
27) қоршаған ортаға эмиссияларға арналған квота - нақты табиғат
пайдаланушыға белгілі бір мерзімге бөлінген қоршаған ортаға эмиссияларға
арналған лимиттің бір бөлігі;
28) қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттер - белгілі бір
мерзімге арнап белгіленетін қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтік
көлемі;
29) қоршаған орта сапасының нормативтері - қоршаған ортаның және табиғи
ресурстардың адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы жай-күйін сипаттайтын
көрсеткіштер;
30) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері - қоршаған ортаның
сапасын біртіндеп жақсарту қажеттігі ескеріле отырып, қоршаған ортаның
белгілі бір уақыт кезеңіне арнап нормаланатын параметрлерінің шекті
деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер;
31) қоршаған ортаны қорғау - қоршаған ортаны сақтау мен қалпына
келтіруге, шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерін
болғызбауға және оның зардаптарын жоюға бағытталған мемлекеттік және
қоғамдық шаралар жүйесі;
32) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган - қоршаған ортаны
қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен
іске асыру мәселелері бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге
асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ оның аумақтық органдары;
33) қоршаған ортаның авариялық ластануы - жеке және (немесе) заңды
тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін
жүзеге асыруы кезінде болған авариядан туындаған және зиянды заттарды
атмосфераға шығару және (немесе) суға ағызу салдары немесе жер беті
учаскесінде, жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ түріндегі ластағыш
заттардың жайылуы немесе иістің, шудың, тербелістің, радиацияның пайда
болуы немесе сол уақыттағы жол берілетін деңгейден асатын электромагниттік,
температуралық әсер ету, жарықтың әсері немесе өзге де физикалық, химиялық,
биологиялық зиянды әсер ету арқылы қоршаған ортаны кенеттен абайсызда
ластауы;
34) қоршаған ортаны ластау - қоршаған ортаға ластағыш заттардың,
радиоактивті материалдардың, өндіріс және тұтыну қалдықтарының түсуі,
сондай-ақ шудың, тербелістердің, магнит өрістерінің және өзге де зиянды
физикалық әсерлердің қоршаған ортаға ықпалы;
35) қоршаған ортаның ластану учаскелері - жер бетінің және су
объектілерінің қауіпті химиялық заттармен белгіленген нормативтерден артық
ластанған шектеулі учаскелері;
36) қоршаған ортаның сапасы - қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерінің
сипаттамасы;
37) тіршілік ету ортасы - қандай да бір организмнің немесе популяцияның
табиғи мекендейтін жерінің типі немесе орны;
38) мемлекеттік экологиялық бақылау - қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкілетті органның Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының,
қоршаған орта сапасы нормативтерінің және экологиялық талаптардың сақталуын
бақылау жөніндегі қызметі;
39) өндіріс және тұтыну қалдықтары (қалдықтар) - шикізаттың,
материалдардың, өзге де бұйымдар мен өнімдердің өндіріс немесе тұтыну
процесінде пайда болған қалдықтары, сондай-ақ өзінің тұтынушылық
қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер);
40) өндіріс пен тұтынудың тұрақты моделі - қайта жаңартылмайтын
ресурстарды тұтынуды азайту, қайта жаңартылатын ресурстарды қалпына келтіру
және қоршаған ортаның антропогендік ластануын азайту кезінде өндірістің
өсуімен сипатталатын әлеуметтік-экономикалық модель;
41) радиоактивті қалдықтар - мөлшері мен шоғырлануы Қазақстан
Республикасының атом энергиясын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген
радиоактивті заттар үшін регламенттелген мәндерден асатын радиоактивті
заттары бар қалдықтар;
42) сараптама объектісін іске асыру - жоспарлау алдындағы, жобалау
алдындағы және жобалау құжаттамасында көзделген шешімдерге сәйкес
өнеркәсіптік және өзге де объектілерді салу, пайдалану, жою, қызметтер
көрсету, бұйымдар мен технологиялардың шаруашылық айналымға түсуі жөніндегі
жұмыстардың басталуы мен барысы, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актінің
қолданысқа енгізілуі, сараптама объектісінің өзге де нақты жүзеге асырылуы;
43) сарқынды сулар - адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде немесе
ластанған аумақта пайда болатын, табиғи немесе жасанды су объектілеріне
немесе жергілікті жер рельефіне ағызылатын сулар;
44) су объектілері - құрлық бетінің рельефінде және жер қойнауында
шоғырланған, шекаралары, көлемі мен су режимі бар сулар;
45) сұйық қалдықтар - сарқынды суларды қоспағанда, сұйық түрдегі кез
келген қалдықтар;
46) табиғат пайдаланушы - табиғи ресурстарды пайдалануды және (немесе)
қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
47) табиғи объектілер - шекарасы, көлемі және тіршілік режимі бар табиғи
объектілер;
48) табиғи ресурстар - тұтыну құндылығы бар табиғи объектілер: жер, жер
қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі;
49) табиғи ресурстарды қорғау - табиғи ресурстардың әрбір түрін олардың
тұтыну қасиеттерін жоғалтуға әкеп соғатын тиімсіз пайдаланудан, құрып
кетуден, жұтаңдаудан қорғауға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар
жүйесі;
50) табиғи ресурстардың сарқылуы - табиғи ресурстар қорларының сандық
сипаттамаларының ішінара немесе толық жоғалуы;
51) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрі -
нәтижесінде қоршаған орта авариялық ластанатын немесе ластануы мүмкін
болатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қызметі;
52) экологиялық ағарту ісі - қоғамда экологиялық мәдениет негіздерін
қалыптастыру мақсатында экологиялық білім, қоршаған ортаның, табиғи
ресурстардың жай-күйі, экологиялық қауіпсіздік туралы ақпарат тарату;
53) экологиялық аудит - аудиттелетін субъектілердің шаруашылық және өзге
де қызметін экологиялық тәуекелдерді анықтау мен бағалау және олардың
қызметінің экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру жөнінде ұсынымдар
әзірлеу бағытында тәуелсіз тексеру;
54) экологиялық білім беру - жеке адамның қоршаған ортаның жай-күйі үшін
экологиялық жауапкершілігін қамтамасыз ететін білім мен дағды жүйесін,
құндылық бағдарларды, имандылық-эстетикалық қатынастарды қалыптастыруға
бағытталған, жеке адамды тәрбиелеудің, оқытудың, оның өз білімін көтеруінің
және дамуының үздіксіз процесі;
55) экологиялық жүйе (экожүйе) - бірыңғай функционалдық тұтастық ретінде
өзара әрекетте болатын организмдердің және солар мекендейтін жансыз ортаның
өзара байланысты жиынтығы;
56) экологиялық қауіп - антропогендік және табиғи әсерлер ықпалынан,
соның ішінде дүлей зілзалаларды қоса алғанда, зілзалалар мен апаттар
салдарынан қоршаған ортаның жай-күйі бұзылуының, өзгеруінің болуымен немесе
ықтималдығымен сипатталатын, жеке адам мен қоғамның өмірлік маңызы бар
мүдделеріне қауіп төндіретін жай-күй;
57) экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің
өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік
және табиғи әсер ету нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалуының жай-
күйі;
58) экологиялық қауіпті объект - салынуы және қызметі адамдар денсаулығы
мен қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуі мүмкін немесе зиянды әсерін
тигізетін шаруашылық объектісі және өзге де объект;
59) экологиялық менеджмент - қоршаған ортаны қорғауды әкімшілік басқару,
ол кәсіпорынның экологиялық саясатын әзірлеуге, енгізуге, орындауға,
талдауға және қолдауға арналған ұйымдастыру құрылымын, жоспарлауды,
жауапкершілікті, әдістерді, рәсімдерді, процестер мен ресурстарды қамтиды;
60) экологиялық мониторинг - қоршаған ортаның жай-күйін және оған әсер
етуді жүйелі түрде байқау мен бағалау;
61) экологиялық нормалау - ережелердің (нормалардың) және олардағы
қоршаған орта жай-күйінің және оған әсер ету дәрежесінің сандық және
сапалық көрсеткіштердің (нормативтердің) жүйесі;
62) экологиялық рұқсат - жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға
эмиссияларды жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжат;
63) экологиялық сараптама - көзделіп отырған шаруашылық және өзге де
қызметтің қоршаған орта сапасының нормативтері мен экологиялық талаптарға
сәйкестігін белгілеу, сондай-ақ осы қызметтің қоршаған ортаға тигізуі
мүмкін қолайсыз әсерлерінің және солармен байланысты әлеуметтік
зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектісін іске қосуға жол
берілуін айқындау;
64) экологиялық таза өнім белгісі - таңбаланған өнімнің экологиялық таза
өнім стандарттарына сәйкестігін растайтын тіркелген белгі;
65) экологиялық талаптар - осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге
де нормативтік құқықтық актілері мен нормативтік-техникалық құжаттарында
қамтылған, қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына теріс ықпал жасайтын
шаруашылық және өзге де қызметті шектеу және оларға тыйым салу;
66) экологиялық таңбалау - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу
туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестігі растаудан өткен өнімге
экологиялық таза өнім белгісін беру;
67) экологиялық тәуекел - белгілі бір факторлардың ықпалы салдарынан
қоршаған орта және (немесе) табиғи объектілер жай-күйінің қолайсыз
өзгерістерге ұшырау ықтималдығы;
68) эмиссиялар нормативтері - қоршаған орта сапасы нормативтерінің
сақталуы қамтамасыз етілетін жол берілетін эмиссиялар көрсеткіштері;
69) эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері - қоршаған ортаға
эмиссиялардың уақыт бірлігіне немесе шығарылатын өнім бірлігіне немесе
басқа да көрсеткіштердегі, еліміздің экономикасы үшін қолдануға болатын
шығындар кезінде оларды нақты техникалық құралдармен қамтамасыз ету
мүмкіндігі негізінде айқындалатын шамалары.
2. Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының осы бапта
көрсетілмеген арнаулы ұғымдары осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалатын
мәндерінде пайдаланылады.
 
2-бап. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы Қазақстан
Республикасының Конституциясына нег ізделеді және осы Кодекс пен Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы
Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың
ережелері қолданылады.
3. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау
саласындағы қатынастарды реттейтін нормалары бар өзге де заңдарының
арасында қайшылық болған жағдайда, осы Кодекстің ережелері қолданылады.
4. Қоршаған орта объектілерін қорғау мен пайдалану және ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастар осы Кодексте реттелмеген
бөлігінде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледі.
 
3-бап. Осы Кодексте реттелетін қатынастар
1. Осы Кодексте Қазақстан Республикасы аумағының шегінде табиғи
ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер етуге байланысты шаруашылық
және өзге де қызметті жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаны қорғау, қалпына
келтіру және сақтау, табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтыру саласындағы
қатынастар реттеледі.
2. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау
саласында мемлекеттік реттеуді және табиғи ресурстарды пайдалану саласында
мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар осы Кодексте
реттелетін қатынастардың қатысушылары болып табылады.
 
4-бап. Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық негіздерi
Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық негіздері:
1) адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету
жөніндегі мақсатқа мемлекеттің қол жеткізуі;
2) қоршаған ортаны қорғау және биоәртүрлілікті сақтау;
3) Қазақстан Республикасының өз табиғи ресурстарын өндіруге құқықтарын
қамтамасыз ету мен іске асыру және табиғи ресурстарды пайдалану мен
қоршаған ортаға әсер ету мәселелерінде ұлттық мүдделерді қорғау;
4) қазіргі және болашақ ұрпақтардың сұранысын әділ қанағаттандыру;
5) өндіріс пен тұтынудың орнықты үлгілерін дамыту;
6) қоршаған ортаның жай-күйін есепке ала отырып, экологиялық нормалаудың
әлеуметтік және экономикалық даму талаптарына сай келуі;
7) әрбір адамның экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығын сақтау және
жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму мәселелерін шешуге жан-
жақты қатысуы;
8) қоршаған ортаны қорғау саласында қабылданатын шаралардың жариялылығын
қамтамасыз ету;
9) Жердің экожүйесінің салауатты жай-күйі мен тұтастығын сақтау, қорғау
мен қалпына келтіру мақсатындағы жаhандық әріптестік;
10) қоршаған ортаға залал келтіргені үшін жауаптылыққа қатысты
халықаралық құқықтың дамуына жәрдемдесу;
11) қоршаған ортаға елеулі залал келтіретін немесе адам денсаулығы үшін
зиянды деп есептелетін қызмет пен заттардың кез келген түрлерін басқа
мемлекеттерге көшіру мен ауыстыруды тежеу, болдырмау, сондай-ақ қоршаған
ортаға елеулі немесе орны толмайтын залал қатері төнген жағдайларда
сақтандыру шараларын қолдану болып табылады.
 
5-бап. Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негізгі
принциптерi
Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негізгі принциптері:
1) Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету;
2) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3) экологиялық қатынастарды реттеу кезіндегі экожүйелі көзқарас;
4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу және табиғи
ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару;
5) қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде залал
келтіруді болдырмау жөнінде алдын алу шараларының міндеттілігі;
6) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін
жауаптылықтан бұлтартпау;
7) қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу міндеттілігі;
8) қоршаған ортаға әсер етудің ақылы болу және оған рұқсат алу тәртібі;
9) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезінде
неғұрлым экологиялық таза және ресурс үнемдеуші технологияларды қолдану;
10) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің
өзара әрекеттестігі, үйлесімділігі мен жариялылығы;
11) табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды болдырмауға,
азайтуға және оны жоюға, қалдықтарды кемітуге ынталандыру;
12) экологиялық ақпараттың қолжетімділігі;
13) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезінде
ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету;
14) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының халықаралық құқық
принциптерімен және нормаларымен үйлесуі;
15) жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық
қауіптілігі презумпциясы және оны жүзеге асыру туралы шешімдер қабылдаған
кезде қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін бағалау
міндеттілігі болып табылады.
 
6-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеудің және
табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгi
ережелерi
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті лицензиялауды;
2) экологиялық нормалауды;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеуді;
4) мемлекеттік экологиялық сараптаманы;
5) экологиялық рұқсаттар беруді;
6) мемлекеттік экологиялық бақылауды;
7) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеу жүйесін, неғұрлым
экологиялық таза технологияларды енгізуді ынталандыруды, табиғат қорғау іс-
шараларын қаржыландыру жүйесін;
8) мемлекеттік экологиялық мониторингті;
9) табиғат пайдаланушыларды, қоршаған ортаны ластау көздері мен
учаскелерін мемлекеттік есепке алуды;
10) экологиялық білім беру мен ағарту ісін қамтиды.
2. Табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару:
1) табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік жоспарлауды;
2) табиғи ресурстарды қорғауға, пайдалануға және молықтыруға мемлекеттік
бақылау жасауды;
3) табиғи ресурстарды пайдалану құқығына лицензиялар, рұқсаттар беруді
және шарттар (келісімшарттар) жасасуды;
4) табиғи ресурстарды қалпына келтіру мен молықтыруды, ресурс үнемдейтін
технологияларды енгізуді ұйымдастыруды;
5) табиғи ресурстардың мониторингі мен кадастрларын жүргізуді;
6) табиғи ресурстарды пайдалануға лимиттер белгілеу мен квоталар бөлуді;
7) табиғи ресурстарды пайдалануды, қалпына келтіру мен молықтыруды
жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды;
8) табиғи ресурстарды қорғауды ұйымдастыруды қамтиды.
 
7-бап. Қоршаған ортаны қорғау объектілерi
1. Жер, жер қойнауы, жер үсті және жер асты сулары; атмосфералық ауа;
ормандар мен өзге де өсімдіктер; жануарлар дүниесі, тірі организмдердің
гендік қоры; табиғи экологиялық жүйелер, климат және Жердің озон қабаты
жойылудан, тозудан, зақымданудан, ластанудан және өзге де зиянды әсерден
қорғалуға тиіс.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және мемлекеттік табиғи-қорық
қорының объектілері айрықша қорғалуға тиіс.
 
8-бап. Мемлекеттік табиғи-қорық қоры
1. Мемлекеттік табиғи-қорық қоры - табиғат эталондары, уникумдар және
реликттер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, ағарту, білім беру,
туризм мен рекреация нысанасы ретінде экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени
және рекреациялық жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған
қоршаған орта объектілерінің жиынтығы.
2. Мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері Ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді .
3. Мемлекеттік табиғи-қорық қорын қорғау ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар құру жолымен, сондай-ақ қоршаған ортаның экологиялық, ғылыми,
тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды объектілерін
пайдалануға тыйым салу мен шектеулер белгілеу арқылы қамтамасыз етіледі.
 
9-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ - ерекше қорғау режимі белгіленген
мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілері бар жер,
су объектілерінің және олардың үстіндегі әуе кеңістігінің учаскелері.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері, құру тәртібі, қорғау
режимінің түрі, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген
түрлерінің қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері Ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
 
10-бап. Табиғат пайдалану ұғымы және оның түрлерi
1. Адамның күнделікті өмірінде, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық
және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы және (немесе)
қоршаған ортаға әсер етуі табиғат пайдалану болып табылады.
2. Табиғат пайдалану жалпы және арнайы болып бөлінеді.
3. Жалпы табиғат пайдалану тұрақты болып табылады және халықтың өмірлік
қажетті сұраныстарын қанағаттандыру үшін және табиғи ресурстар пайдалануға
берілмей, тегін жүзеге асырылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, табиғатты жалпы
пайдалануды шектеуге жол беріледі.
4. Арнайы табиғат пайдалану - осы Кодексте және Қазақстан
Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды
ақылы негізде пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге
асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғаның қызметі.
5. Табиғат пайдалану түрлеріне:
1) жерді пайдалану;
2) суды пайдалану;
3) орманды пайдалану;
4) жер қойнауын пайдалану;
5) жануарлар дүниесін пайдалану;
6) өсімдіктер дүниесін пайдалану;
7) қоршаған ортаға эмиссиялар;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін өзге де табиғат
пайдалану түрлері жатады.
6. Табиғат пайдалану түрлері бойынша арнайы табиғат пайдалану құқығының
туындау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
7. Арнайы табиғат пайдалану табиғат пайдаланудың бір түрін не олардың
бірнеше түрінің жиынтығын қамтуы мүмкін.
 
11-бап. Табиғат пайдаланушылар
1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын
жеке және заңды тұлғалар табиғат пайдаланушылар болуы мүмкін.
2. Табиғат пайдаланушылар:
1) тұрақты (табиғат пайдалану құқығы мерзімі шектелмейтін сипатта
болады) және уақытша (табиғат пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен
шектелген);
2) бастапқы (табиғат пайдалану құқығы мемлекеттен не басқа да бастапқы
табиғат пайдаланушылардан сол құқықтан айыру немесе әмбебап құқық
мирасқорлығы тәртібімен алынған) және кейінгі (табиғатты уақытша пайдалану
құқығы бұл мәртебені өзінде сақтап қалатын бастапқы табиғат пайдаланушыдан
шарт негізінде алынған) болуы мүмкін.
3. Табиғат пайдаланушылар осы Кодексте және Қазақстан Республикасының
өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды сақтауға
міндетті.
 
12-бап. Арнайы табиғат пайдалану құқығының туындау негіздері және оны
жүзеге асыру шарттары
1. Арнайы табиғат пайдалану құқығы:
1) табиғи ресурстарды пайдалану мен алуға және қоршаған ортаны қорғау
саласында жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар және
(немесе) рұқсаттар;
2) табиғи ресурстарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
тәртіппен табиғат пайдалануға беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімдері;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген
тәртіппен жасалатын табиғат пайдалануға арналған шарттар (келісімшарттар)
негізінде туындайды.
2. Арнайы табиғат пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілерінде көзделген тәртіппен, осы баптың 1-тармағында көрсетілген бір,
екі не барлық актілер негізінде туындауы мүмкін.
3. Қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат
пайдаланушылардың арнайы табиғат пайдалану құқығын жүзеге асыруына
экологиялық рұқсаттар болған кезде жол беріледі.
4. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы жеке және (немесе) заңды
тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес беріледі.
5. Арнайы табиғат пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар,
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда,
оларға билік ете алмайды.
6. Арнайы табиғат пайдалану құқығы мемлекет қауіпсіздігін және қоршаған
ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес шектелуі немесе оған тыйым салынуы мүмкін.
 
2-тарау. Жеке тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктердің және
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтары мен
міндеттерi
 
13-бап. Жеке тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары
мен міндеттерi
1. Жеке тұлғалардың:
1) өздерінің өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға;
2) қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру жөніндегі шараларды жүзеге
асыруға;
3) қоршаған ортаны қорғау қоғамдық бірлестіктері мен қорларын құруға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
мемлекеттік органдардың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдер
қабылдау процесіне қатысуға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау
саласындағы жиналыстарға, митингілерге, пикеттерге, шерулер мен
демонстрацияларға, референдумдарға қатысуға;
6) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қоршаған ортаны қорғау мәселелері
бойынша хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды қарауды
талап етуге;
7) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан уақтылы, толық және дұрыс
экологиялық ақпарат алуға;
8) қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық
актілер жобаларын әзірлеу кезеңінде оларды талқылауға қатысуға және
әзірлеушілерге өз ескертпелерін ұсынуға;
9) қоршаған ортаға байланысты жоспарлар мен бағдарламаларды дайындау
процесіне қатысуға;
10) қоғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы ұсыныс жасап, оған
қатысуға;
11) кәсіпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан қауіпті өзге де
объектілерді орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру
туралы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қоршаған орта мен адам
денсаулығына теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметін шектеу мен
тоқтату туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібімен күшін жоюды
талап етуге;
12) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуы салдарынан
өздерінің денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянның өтелуі туралы сотқа
талап-арыз беруге құқығы бар.
2. Жеке тұлғалар:
1) қоршаған ортаны сақтауға, табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға;
2) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға және
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске
асыруға жәрдемдесуге;
3) өз кінәсінен экологиялық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатерді
болдырмауға;
4) өз қызметін Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес
жүзеге асыруға міндетті.
3. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
өзге де құқықтары мен міндеттері болады.
 
14-бап. Қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы
құқықтары мен міндеттерi
1. Қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласында өз қызметін
жүзеге асыру кезінде:
1) экологиялық бағдарламаларды әзірлеуге және насихаттауға, азаматтардың
құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оларды қоршаған ортаны қорғау
саласындағы белсенді қызметке ерікті негізде тартуға;
2) қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды ұтымды
пайдалану мен молықтыру жөніндегі жұмыстарды орындауға, экологиялық,
ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды қоршаған орта
объектілерін қорғауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметіне
қатысуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
мемлекеттік органдардың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдер
қабылдау процесіне қатысуға;
4) экологиялық білім беру мен ағарту жұмыстарын орындауға, қоршаған
ортаны қорғау саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге;
5) қоғамдық экологиялық сараптамаға және қоғамдық тыңдаулар өткізуге
бастамашылық жасауға және оларды ұйымдастыруға;
6) қоғамдық экологиялық бақылауды жүзеге асыруға;
7) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан уақтылы, толық және дұрыс
экологиялық ақпарат алуға;
8) қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік органдармен және
халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуға және өзара іс-қимыл жасауға, олармен
келісімдер жасауға, олар үшін шарттар бойынша Қазақстан Республикасы
заңнамасында көзделген белгілі бір жұмыстарды орындауға;
9) қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық
актілер жобаларын әзірлеу кезеңінде оларды талқылауға қатысуға және
әзірлеушілерге өз ескертпелерін ұсынуға;
10) қоршаған ортаға байланысты жоспарлар мен бағдарламаларды дайындау
процесіне қатысуға;
11) жеке және (немесе) заңды тұлғаларды жауапқа тарту туралы мәселелер
қоюға, Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуы салдарынан
азаматтардың денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянның өтелуі
туралы сотқа талап-арыз беруге;
12) кәсіпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан қауіпті өзге де
объектілерді орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру
туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібімен күшін жоюды, сондай-ақ
жеке және заңды тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс әсер
ететін шаруашылық және өзге де қызметін шектеу, тоқтата тұру және тоқтату
туралы шешім шығаруды талап етуге;
13) қоршаған ортаны қорғау қорларын құруға құқығы бар.
2. Қоғамдық бірлестіктер қоршаған ортаны қорғау саласындағы өз қызметін
жүзеге асыру кезінде:
1) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға және
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске
асыруға жәрдемдесуге;
2) өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге
асыруға міндетті.
3. Қоғамдық бірлестіктердің Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген өзге де құқықтары мен міндеттері болады.
 
15-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау
және табиғат пайдалану саласындағы өкілеттіктерi
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау мен
табиғат пайдалану саласындағы өкілеттіктеріне:
1) елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру жөніндегі жұмыстарды
ұйымдастыру;
2) елді мекендерді санитарлық тазартуды қамтамасыз ету жөніндегі
жұмыстарды ұйымдастыру;
3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын сақтау мен көму орындарын күтіп
ұстау;
4) жергілікті атқарушы органдарға, тарихи-мәдени мұраны қорғау мен
пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға экологиялық, ғылыми,
тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар табиғи және басқа да
объектілерді тарих немесе мәдениет ескерткіштері деп жариялау туралы
ұсыныстар енгізу жатады.
 
3-тарау. Мемлекеттік органдардың қоршаған ортаны қорғау және
табиғат пайдалану саласындағы құзыретi
 
16-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі қоршаған ортаны қорғау және табиғат
пайдалану саласында:
1) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану,
қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі
бағыттарын, оларды жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық шараларды әзірлейді;
2) мемлекеттік экологиялық бағдарламаларды және табиғат пайдаланудың
түрлі бағыттары бойынша, сондай-ақ климатты және Жердің озон қабатын қорғау
саласындағы бағдарламаларды әзірлейді;
3) табиғат пайдаланудың әралуан түрлері бойынша тұжырымдамаларды
мақұлдайды;
4) табиғи ресурстарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
тәртіппен табиғат пайдалануға беру туралы шешімдер қабылдайды;
5) республикалық деңгейде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламаларды бекітеді;
6) табиғи ресурстардың әрбір түрінің мемлекеттік есебін, мемлекеттік
кадастрлары мен мемлекеттік мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды;
7) мыналарды:
қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерді;
ең озық қолжетімді технологиялар тізбесін;
эмиссиялар нормативтері белгіленетін және қоршаған ортаға эмиссиялар
үшін ақы алынатын ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесін;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне
қойылатын біліктілік талаптарын;
қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға арналған квоталар мен
міндеттемелерді сату тәртібін;
ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін;
қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының базалық және шекті
ставкаларын;
қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау
ережелерін бекітеді;
8) мыналарды:
шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің
тізбесін;
айрықша экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар қоршаған ортаны
қорғау объектілерінің тізбесін;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу
тәртібін;
сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті
қалдықтарды басқару тәртібін;
қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру тәртібін
айқындайды;
9) мыналарды:
қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау тәртібін;
кешенді экологиялық рұқсаттар беру тәртібін және қоршаған ортаға
эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешенді экологиялық рұқсаттар алу мүмкін
болатын өнеркәсіп объектілері үлгілерінің тізбесін;
парниктік газдарды атмосфераға шығаруды шектеудің, тоқтата тұрудың
немесе азайтудың тәртібін;
озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды
импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып
жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды
жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру тәртібін;
парниктік газдарды атмосфераға шығаруды және озон қабатын бұзатын
заттарды тұтыну көздерін мемлекеттік есепке алу тәртібін;
аумақтардың экологиялық жағдайын бағалау критерийлерін;
жерді бағалаудың экологиялық критерийлерін;
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағының
шекарасын;
қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу тәртібін белгілейді;
10) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
11) аумақты төтенше экологиялық жағдай аймағы деп жариялайды және
төтенше экологиялық жағдай аймағы құқықтық режимінің қолданысын тоқтату
туралы шешім қабылдайды.
 
17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi органның құзыретi
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган:
1) біртұтас мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізеді және қоршаған
ортаны қорғау саласындағы бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады;
2) өз құзыреті шегінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың
қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыру бөлігіндегі қызметін үйлестіреді;
3) климатты және Жердің озон қабатын қорғау саласында мемлекеттік
басқаруды жүзеге асырады;
4) жеке және заңды тұлғалардың климатты және Жердің озон қабатын қорғау,
биоәртүрлілікті сақтау, жердің шөлейттенуі мен жұтаңдауы саласындағы
қызметін үйлестіруді өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
5) өз құзыреті шегінде шаруашылық және өзге де қызмет бойынша
экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды бекітеді немесе
келіседі;
6) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері бағдарламаларын
әзірлейді;
7) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өңірлік бағдарламалар мен іс-шаралар
жоспарларын келіседі;
8) экологиялық рұқсаттар береді, оларда қоршаған ортаға арналған
эмиссияларға лимиттер белгілейді;
9) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады;
10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және
қызметтер көрсетуге лицензиялар беруді жүзеге асырады;
11) табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы лицензияларды, рұқсаттарды,
шарттарды (келісімшарттарды) өз құзыреті шегінде келіседі;
12) өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді,
сондай-ақ Қазақстан Республикасында экологиялық сараптаманы жүзеге асыру
жөніндегі қызметті үйлестіреді және оған әдістемелік басшылықты жүзеге
асырады;
13) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы бұзылған жағдайда
мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын кері қайтарып алу және оны
жою құқығымен, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының
мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қызметіне
бақылауды жүзеге асырады;
14) міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы шешім қабылдайды және
міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы қорытындының нысанын бекітеді;
15) қоршаған орта жай-күйінің мемлекеттік мониторингін және
мониторингтің жекелеген арнайы түрлерін жүргізуді ұйымдастырады, сондай-ақ
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік
жүйесін жүргізуді үйлестіреді;
16) Табиғи ресурстар кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізеді;
17) Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізуді
ұйымдастырады;
18) Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды
суларды жер қойнауына жіберудің мемлекеттік кадастрын жүргізуді
ұйымдастырады және оны жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды
бекітеді;
19) қоршаған ортаның ластану учаскелерін мемлекеттік есепке алуды
ұйымдастырады;
20) Парниктік газдардың мемлекеттік кадастрын және Озон қабатын бұзатын
заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;
21) озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды
импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып
жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды
жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат береді;
22) Табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны ластау көздерінің
мемлекеттік тізілімін жүргізеді және оларды есепке алу тәртібін белгілейді;
23) Экологиялық ақпараттың мемлекеттік қорын жүргізуді ұйымдастырады,
қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және белгіленіп отырған шаруашылық
және өзге де қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысты экологиялық
ақпаратқа қол жеткізу мерзімдері мен тәртібін белгілейді;
24) ең озық қолжетімді технологиялар тізбесін әзірлейді және олардың
тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
25) әр түрлі дәрежедегі полигондарда орналастыру үшін қалдықтар тізбесін
айқындайды;
26) қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерді
әзірлейді;
27) мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты
құжаттардың нысандарын әзірлейді және бекітеді;
28) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу тәртібін қоса алғанда,
қоршаған ортаға әсерді бағалау және мемлекеттік экологиялық сараптама
жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
29) мыналарды:
қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін айқындау әдістемесін;
қалдықтар сыныптамасын;
қауіпті қалдықтар бойынша есеп беру нысанын;
табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін
рұқсаттарға енгізу тәртібін, қоршаған ортаны эмиссияларға рұқсат беру
мәселелері бойынша құжаттардың нысандарын және оларды толтыру тәртібін;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесін;
қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақыны есептеу әдістемесін;
жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының экологиялық
сараптама саласындағы қызметіне бақылауды жүзеге асыру ережесін;
мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының нысанын;
техникалық реттеу саласындағы сараптама кеңесінің құрамын және оның
ережесін;
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік
жүйесін жүргізу жөнінде ақпарат алмасудың тізбелерін, нысандарын және
мерзімін;
топырақтағы химиялық заттардың жол берілетін шекті шоғырлануын;
өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын келісу тәртібін бекітеді
және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері жөніндегі есептілікке
қойылатын талаптарды белгілейді;
30) мыналарды:
қоғамдық тыңдау өткізу тәртібін;
парниктік газдар шығарудың және озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың
шекті нормативтерін әзірлеу мен бекіту тәртібін;
парниктік газдар шығарындыларын және озон қабатын бұзатын заттарды
түгендеу тәртібін;
31) мемлекеттік экологиялық бақылау органдары жүйесіндегі зертханалық-
талдамалық бақылау қызметтерінің жұмысын жетілдіреді;
32) су объектілерін кешенді пайдалану мен қорғаудың бассейндік
схемаларын келісуге, бассейндік келісімдерді дайындауға, су объектілерін
пайдалану, молықтыру және қорғау жөніндегі мемлекеттік (өңірлік және
бассейндік) бағдарламалар әзірлеуге, сондай-ақ өз құзыреті шегінде су
ресурстарын басқарудың бассейндік принципін іске асыруға қатысады;
33) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты
жүзеге асырады;
34) қоршаған ортаны қорғау саласында келісімдер, меморандумдар жасасады;
35) Ұлттық экологиялық атласты әзірлеуді және жариялауды ұйымдастырады;
36) мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен нормативтік құқықтық
актілер жобаларының тізілімін жүргізеді;
37) осы Кодексте көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
 
18-бап. Арнайы уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыретi
1. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және
пайдалану саласындағы арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар мыналар болып
табылады:
1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік
орган;
2) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган;
3) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
4) жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы
уәкілетті мемлекеттік орган;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік
орган;
6) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік
орган;
7) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы
уәкілетті мемлекеттік орган;
8) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы
уәкілетті мемлекеттік орган;
9) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
10) өсімдіктерді қорғау мен олардың карантині саласындағы уәкілетті
мемлекеттік орган;
11) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган.
2. Арнайы уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті Қазақстан
Республикасының Жер, Су  және Орман  кодекстерінде, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану
туралы, мұнай туралы, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану
туралы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, азаматтардың денсаулығын
сақтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялы қ салауаттылығы, табиғи және
техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, қауіпті өндірістік
oбъектілердегі өнеркәсіптік
қауіпсіздік, ветеринария, өсімдікте рді қорғау мен олардың карантині, атом
энергиясын пайдалану және радиациялық туралы заңдарында белгіленеді.
 
19-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
жергілікті өкілді органдарының қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыретi
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті
өкілді органдары (бұдан әрі - жергілікті өкілді органдар) қоршаған ортаны
қорғау саласында:
1) тиісті аумақтардағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану
жөніндегі бағдарламаларды, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру
жөніндегі шығыстарды бекітеді;
2) өз құзыреті шегінде қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаларды
бекітеді;
3) өз құзыреті шегінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін
бекітеді;
4) жергілікті атқарушы органдар мен заңды тұлғалар басшыларының қоршаған
ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың жай-күйі туралы есептерін тыңдайды;
5) өз құзыреті шегінде табиғат пайдалану ережелерін қабылдайды, оны
бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделеді;
6) қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын белгілейді.
 
20-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
жергілікті атқарушы органдарының қоршаған ортаны қopғaу саласындағы
құзыретi
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті
атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) қоршаған
ортаны қорғау саласында:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген
қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану жөніндегі іс-шаралар және
олардың тиісті аумақтарда іске асырылуы көзделетін бағдарламалар мен өзге
де құжаттар әзірлеуді ұйымдастырады;
2) мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық
сараптамалардың қорытындылары негізінде өз құзыреті шегінде кәсіпорындарды,
құрылыстар мен өзге де объектілерді салуға немесе реконструкциялауға тыйым
салады немесе рұқсат береді;
3) өз құзыреті шегінде шаруашылық қызмет объектілерінің мемлекеттік
экологиялық сараптамасын ұйымдастырады және жүргізеді;
4) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде қоғамдық тыңдау
ұйымдастырады;
5) қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар әзірлеу жөнінде ұсыныстар
енгізеді, мұндай құжаттардың бастамашылық жобаларын қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкілетті органның қарауына береді;
6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және
қызметтер көрсетуге лицензиясы бар штаттан тыс сарапшыларды (жеке және
заңды тұлғаларды) сараптамалық жұмыстар жүргізуге тартады;
7) өз құзыреті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтар мен қоғамдык бірлестіктердің коршаған ортаны қорғауға қатысуын реттейтін заңдардың кағидалары
ХАЛЫҚТЫҢ САНИТАРЛЫҚ - ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САЛАУАТТЫЛЫҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Табиғатты пайдалану құқығы: құқықтық сипаттамасы
Міндетті экологиялық аудитті жүргізу
Республикасының экологиялық жағдай
Мониторинг түсінігі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Қазақстан Республикасының Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль Хаттамасына қосылуы туралы
Экологиялық құқықтық қатынастардың түсінігі,объектілері, субъектілері және мазмұны.
Пәндер