Велосипед туризмінің теориялық негіздері



КІРІСПЕ 3
1 ВЕЛОСИПЕД ТУРИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Велосипед туризмінің мәні және ерекшеліктері 5
1.2 Велосипед туризмінің даму тарихы 12
1.3 Велосипед туризмінің дамуы үшін материалдық.техникалық жабдықтау
17
1.4 Әлемдік велотуризм орталықтары 19
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ВЕЛОСИПЕД ТУРИЗМІ 25
2.1 Велосипед туризмі дамуы үшін рекреациялық мүмкіндіктері 25
2.2 Велотур ұйымдастырудың ерекшеліктері 27
2.3 Қазақстанда велосипед туризмінің маңызы 28
3 ҚАЗАҚСТАНДА ВЕЛОСИПЕД ТУРИЗМІНІҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ 32
3.1 Алматы қаласында велосипед туризмінің дамуы 32
3.2 Қазақстан бойынша велосипед маршруттарын әзірлеу 47
3.3 Қазақстанда велосипед туризмі даму мәселесі мен болашағы 59
Қорытынды 68
Әдебиеттер тізімі 70
Соңғы жылдары велосипед туризмі аса танымал демалыс түріне айналып барады. Қазіргі таңда жалпы әлемде салауатты өмір салтына қызығушылықтың артуымен, рекреациялық туризмге, велотуризмге сұраныс өсуде. Велотуризм тақырыбы түрлі авторлар тарапынан көптеген басылымдарда сарапталғанымен Қазақстанда бұл тақырып толығымен жүйелі қарастырылмаған, сонымен қатар республикамызда, Алматы қаласы ішінде жан-жақты қамтитын велосипед маршруттары құрылмаған. Велотуризм ең экологиялық таза және денсаулыққа пайдалы туризм түрі, ол жылдамдықты, еркіндікті сезіндіруімен катар, қызықты саяхаттарымен және де табиғатта толықтай демалу мүмкіндігімен қызықтырады. Бүгінгі таңда елімізде велотуризм тек қана туризм индустриясы субъектілерімен ғана дамытылып қоймай, сонымен қатар мемлекеттік саясатта бағытты қолдау алып отыр. Қазақстанда велосипед туризмінің дамуына рекреациялық мүмкіндіктер бар, соңғы жылдары елімізде велотурлар, велосайыс пен жарыстар көп өткізілуде. Аумақтың үлкендігі, тұрғындары аз шоғырланған аудандардың көптігі, ландшафт пен климат зонасының сан алуандығы, табиғат және тарихи-мәдени әсем жерлердің көптігі Қазақстанда велосипед туризмінің дамуына ықпал етеді. Жоғарыда аталғанның барлығы - Қазақстандағы велотуризмнің мәселелері мен даму болашығын анықтау тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Зерттеу мақсаты: Қазақстандағы велотуризмінің даму мәселелері мен даму болашағын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1 Қазақстанда велосипед туризмінің дамуы үшін рекреациялық мүмкіндіктерін талдау.
2 Қазақстанда велотур ұйымдастырудың ерекшеліктерін айқындау.
3 Велосипед туризмінің Қазақстандағы маңызын анықтау.
4 Алматы қаласында велосипед туризмінің дамуын қарастыру.
5 Қазақстан бойынша велосипед маршруттарын әзірлеу
6 Қазақстанда велотуризмнің даму мәселесі мен болашағын анықтау
Зерттеу пәні: Қазақстандағы велосипед туризмінің дамуы
Зерттеу нысаны: велосипед туризмі.
Зерттеу кезінде келесі зерттеу әдістері қолданылды:
- қарастырылатын тақырып бойынша дерекнамалық қорды талдау (ғылыми талдау әдісі);
- дерекнамалық қорда келтірілген көзқарастарды жалпылау және жинақтау (ғылыми синтез бен жалпылау әдісі);
- алға қойылған тақырыпты ашу кезінде авторлық көзқарастың негізінде алынған мәліметтерді модельдеу (модельдеу тәсілі).
Велосипед туризмі мәселесінің ғылыми зерттелу деңгейін сипаттай келе, бұл тақырып Булгаков А.А., Лебедев В.И., Антипов В.В., Тарас А.Е. мен Сельченок К.В., Пельцман Л.А., Онучин А. мен Попов Ю., Тим Постон мен Иэн Стюарт, тағы басқа авторлар тарапынан түрлі басылымдарда: оқулықтарда, монографияларда, мерзімді басылымдарда және ғаламторда қарастырылғанын ескере кету керек. Дегенмен, әдебиеттер мен дерекнамаларды зерттей келе аталмыш тақырыпта толық және айқын зертеммелердің жеткілікті жүргізілмегендігі анықталды.
1 Булгаков А.А. Велосипедный туризм /А.А. Булгаков. М.: Ключ, 2008. – 624 б.
2 Алиева, Ж.Н. Туризмология негіздері / оқу құралы. Алматы : Қазақ ун-ті, 2004. - 172 б.
3 Лебедев В.И. Экстремальная психология. М.: Наука, 2008. - 350 б.
4 Вуколов, В.Н. Основы техники и тактики активных видов туризма: Учеб. пособие для вузов по спец. «Туризм» / РК, Каз. Акад. Спорта и туризма. - Изд. 2-е, испр. и доп. Алматы, 2005.- 224 б.
5 Гуляев В.Г. Организация туристической деятельности. М.: Нолидж, 2008. - 312 б.
6 Антипов В.В. Психологическая адаптация к экстремальным ситуациям. М.: ВЛАДОС-ПРЕСС, 2002. - 176 б.
7 Короленко Ц.П. Психофизиология человека в экстремальных условиях. Л.: Красное Знамя, 1978. - 258 б.
8 Пельцман Л.А. Спорт, Стресс, Экстрим. М.: БЕК, 2001. - 287 б.
9 Власов А.А. Велосипедный туризм / А.А. Власов.- М, 1954. - 243 б.
10 http://www.vinmag.info/?id=96&t=p / Классификация современных велосипедов. Как выбрать хороший велосипед.
11 Абуков А.Х. Туризм на новом этапе: социальные аспекты развития туризма в СССР. М.: Профиздат, 1983. - 277 б.
12 Онучин А., Попов Ю. Велосипедные маршруты по Казахстану. А-А.: Казахстан, 1979. – 120 б.
13 http://news.headline.kz/society/v_kazahstane_sozdan_obschestvennyiy _fond_razvitiya_veloturizma.html / В Казахстане создан общественный фонд развития велотуризма.
14 Робертс Т. Велоспорт: базовое руководство по снаряжению и технике езды - Москва, 2007. – 160 б.
15 Вяткин Л.А., Сидорчук Е.В., Немытов Д.Н. Туризм и спортивное ориентирование: Учебное пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений. М.: Издательский центр «Академия», 2001. – 208 б.
16 Федотов Ю.Н.., Востоков И.Е. Спортивно-оздоровительный туризм: Учебник/ Под общ. Ред. Ю.Н. Федотова. М: Советский спорт, 2003. – 328 б.
17 Лебедев В.И. Личность в экстремальных ситуациях. М.: Наука, 2008. - 303 б.
18 http://shop.biz365.ru/shop/shossejnye-velosipedy/ Тур-де-Франс
19 http://bnews.kz/kk/news/post/55914/ Жақында «Семей – Алматы -Астана» бағытында қазақстандық-норвегиялық велосипед жарысы өтті.
20 http://velo.kazakh.ru/velo/731.php / Спортивные секции по велоспорту г.Алматы.
21 Тарас А.Е., Сельченок К.В. Психология экстремальных ситуаций. Серия: библиотека практической психологии. М.: ХАРВЕСТ, 2003. - 217 б.
22 Тим Постон, Иэн Стюарт. Секреты выживания в экстремальных ситуациях. - М.: Мир, 2000. - 307 б.
23 http://veloalmaty.kz/?p=316 / Письмо в правительство по поводу поправок в ПДД РК
24 http://veloalmaty.kz/?p=275 / Новые велопарковки.
25 http://today.kz/news/kazakhstan/2013-08-17/92479/ В Алматы состоял-ся приуроченный ко Дню города велопробег.
26 http://yvision.kz/post/489561 / Первый в 2015 году велопробег в Алматы.
27 http://www.kazpravda.kz/news/view/veloalmaty-2015 / Сезон велопро-бегов стартует в выходные в Алматы.
28 http://veloalmaty.kz/?p=357 / Протоколы «Джейран Трофи 2015».
29 http://m.zakon.kz/4654869-tret-almatincev-predpochitajut.html / Треть алматинцев предпочитают автомобилям велосипеды - опрос.
30 http://i-news.kz/news/2015/04/14/7985174-_almaty_nachali_kursirovat_ velorikshi.html / В Алматы начали курсировать велорикши.
31 Медовый В.В. Методические рекомендации по организации пла-новых велосипедных маршрутов - Москва, 1988. - 43 б.
32 http://astanafans.com/velogonka-kubok-astany-2011.html / Велогонка “Кубок Астаны”
33 http://www.turistu.kz/blog/gremsi/tri-ekologicheskikh-velotura-podder-zhku-expo-2017 / Три экологических велотура в поддержку EXPO-2017
34 http://inform.kz/kaz/article/2566966 / ЭКСПО-2017: Саяхатшылар күн көзінен қуат алатын велосипедпен Франциядан Астанаға бет алды.
35 http://tengrinews.kz/tv/blogi/1400 / Туристы из Казахстана объехали Юго-Восточную Азию.
36 .http://radiotochka.kz/3140-.html/ Bike The Earth: 5 тысяч километров позади.
37 http://www.sports.kz/news/bauyirjan-djanseitov-k-2017-godu-v-astane-zaplanirovano-stroitelstvo-60-kilometrov-velodorog / Бауыржан Джансеитов: «К 2017 году в Астане запланировано строительство 60 километров велодорог»

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
1 ВЕЛОСИПЕД ТУРИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Велосипед туризмінің мәні және ерекшеліктері 5
1.2 Велосипед туризмінің даму тарихы 12
1.3 Велосипед туризмінің дамуы үшін материалдық-техникалық
жабдықтау 17
1.4 Әлемдік велотуризм орталықтары 19
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ВЕЛОСИПЕД ТУРИЗМІ 25
2.1 Велосипед туризмі дамуы үшін рекреациялық мүмкіндіктері 25
2.2 Велотур ұйымдастырудың ерекшеліктері 27
2.3 Қазақстанда велосипед туризмінің маңызы 28
3 Қазақстанда велосипед туризмінің даму деңгейі 32
3.1 Алматы қаласында велосипед туризмінің дамуы 32
3.2 Қазақстан бойынша велосипед маршруттарын әзірлеу 47
3.3 Қазақстанда велосипед туризмі даму мәселесі мен болашағы 59
Қорытынды 68
Әдебиеттер тізімі 70

Кіріспе

Соңғы жылдары велосипед туризмі аса танымал демалыс түріне айналып
барады. Қазіргі таңда жалпы әлемде салауатты өмір салтына қызығушылықтың
артуымен, рекреациялық туризмге, велотуризмге сұраныс өсуде. Велотуризм
тақырыбы түрлі авторлар тарапынан көптеген басылымдарда сарапталғанымен
Қазақстанда бұл тақырып толығымен жүйелі қарастырылмаған, сонымен қатар
республикамызда, Алматы қаласы ішінде жан-жақты қамтитын велосипед
маршруттары құрылмаған. Велотуризм ең экологиялық таза және денсаулыққа
пайдалы туризм түрі, ол жылдамдықты, еркіндікті сезіндіруімен катар,
қызықты саяхаттарымен және де табиғатта толықтай демалу мүмкіндігімен
қызықтырады. Бүгінгі таңда елімізде велотуризм тек қана туризм индустриясы
субъектілерімен ғана дамытылып қоймай, сонымен қатар мемлекеттік саясатта
бағытты қолдау алып отыр. Қазақстанда велосипед туризмінің дамуына
рекреациялық мүмкіндіктер бар, соңғы жылдары елімізде велотурлар, велосайыс
пен жарыстар көп өткізілуде. Аумақтың үлкендігі, тұрғындары аз шоғырланған
аудандардың көптігі, ландшафт пен климат зонасының сан алуандығы, табиғат
және тарихи-мәдени әсем жерлердің көптігі Қазақстанда велосипед туризмінің
дамуына ықпал етеді. Жоғарыда аталғанның барлығы - Қазақстандағы
велотуризмнің мәселелері мен даму болашығын анықтау тақырыбының өзектілігін
көрсетеді.
Зерттеу мақсаты: Қазақстандағы велотуризмінің даму мәселелері мен даму
болашағын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1 Қазақстанда велосипед туризмінің дамуы үшін рекреациялық
мүмкіндіктерін талдау.
2 Қазақстанда велотур ұйымдастырудың ерекшеліктерін айқындау.
3 Велосипед туризмінің Қазақстандағы маңызын анықтау.
4 Алматы қаласында велосипед туризмінің дамуын қарастыру.
5 Қазақстан бойынша велосипед маршруттарын әзірлеу
6 Қазақстанда велотуризмнің даму мәселесі мен болашағын анықтау
Зерттеу пәні: Қазақстандағы велосипед туризмінің дамуы
Зерттеу нысаны: велосипед туризмі.
Зерттеу кезінде келесі зерттеу әдістері қолданылды:
- қарастырылатын тақырып бойынша дерекнамалық қорды талдау (ғылыми
талдау әдісі);
- дерекнамалық қорда келтірілген көзқарастарды жалпылау және жинақтау
(ғылыми синтез бен жалпылау әдісі);
- алға қойылған тақырыпты ашу кезінде авторлық көзқарастың негізінде
алынған мәліметтерді модельдеу (модельдеу тәсілі).
Велосипед туризмі мәселесінің ғылыми зерттелу деңгейін сипаттай келе,
бұл тақырып Булгаков А.А., Лебедев В.И., Антипов В.В., Тарас А.Е. мен
Сельченок К.В., Пельцман Л.А., Онучин А. мен Попов Ю., Тим Постон мен Иэн
Стюарт, тағы басқа авторлар тарапынан түрлі басылымдарда: оқулықтарда,
монографияларда, мерзімді басылымдарда және ғаламторда қарастырылғанын
ескере кету керек. Дегенмен, әдебиеттер мен дерекнамаларды зерттей келе
аталмыш тақырыпта толық және айқын зертеммелердің жеткілікті
жүргізілмегендігі анықталды.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық қорын дерекнаманың төрт тобы құрайды.
Алғашқы топқа - зерттеу тақырыбы бойынша авторлық басылымдар кіреді,
екіншісіне - оқу әдебиеті (оқулықтар және оқу құралдары, анықтамалық және
энциклопедиялық әдебиет, заңнамаға берілген түсініктемелер), үшіншісіне -
мерзімді басылымдардағы зерттеу тақырыбына жазылған ғылыми мақалалар,
төртіншісіне - ғаламтордағы арнайы мамандандырылған сайттары жатады.
Еңбегіміздің ғылыми маңызы зерттелетін тақырыптың ғылыми-әдіснамалық қорын
оңтайландыру мен реттеуден құралады. Эмпирикалық қорды Қазақстандағы
велосипед туризмін дамытуға қатысты практикалық мәліметтер құрайды.
Тақырыптың практикалық мәні - велосипедтік туризмді Қазақстанда дамыту
мәселесін сараптау. Қарастырылып отырған тақырып бойынша жасалған жұмыстың
нәтижелері келешектегі зерттеулер үшін пайдаланылып және тәжірибе жүзінде
қолданыла алады, біздің Қазақстан бойынша әзірлеген велосипед
маршруттарымыз туризм саласында, турфирмалар қызметінде қолданылуы мүмкін.

Дипломдық жұмыс 3 тараудан, 71 беттен, 5 кесте, 2 диаграммадан және 17
суреттен тұрады. Бірінші тарауда велосипед туризмінің теориялық негіздері,
мәні және ерекшеліктері, оның даму тарихы, велотуризмнің дамуы үшін
материалдық-техникалық жабдықтаулары, сонымен қатар әлемдік велотуризм
орталықтары қарастырылған. Екінші тарауда Қазақстан туризмі, оның ішінде
велосипед туризмі даму үшін рекреациялық мүмкіндіктері, велотур
ұйымдастырудың ерекшеліктері мен велосипед туризмінің маңызы анықталған.
Үшінші тарауда Қазақстанда велосипед туризмінің даму деңгейін анықтау үшін
Алматы қаласы бойынша велотурлар, Қазақстан бойынша велосипед маршруттарын
әзірлеу, Қазақстанда велосипед туризмі даму мәселесі мен болашағы
қарастырылған.

1 Велосипед туризмінің теориялық негіздері

1. Велосипед туризмінің мәні және ерекшеліктері

Велосипед туризмі – ұзақ қашықтықтағы, көптеген километрге (1100 км
дейін) созылатын, транспорттық құралы велосипед болып табылатын, арнайы
дайындықты талап ететін, жорық кезіндегі өзіндік кедергілері бар (жолсыз
жерлер, орман-тоғайлар, жыралар т.б.), шағын туристік топ құрамынан
құралатын спорттық туризмнің бір түрі. Велосипед туризмі, белсенді
туризмнің ең танымал түрі, оған велосипедпен болатын саяхаттар мен жорықтар
жатады [1].
Туризмнің классификациясында велотуризм сауықтыру туризміне жатады.
Туризм арқылы сауықтыру – шаршаған адамның хал-күйін қалпына келтіру
әдістерінің бірі. Демалысты дұрыс ұйымдастыру, белсенді демалыс түрлерін
(жаяу жорықтар, қайық, велосипед тебу сияқты) пайдалану адам организмін
жақсы шынықтырады, сыртқы орта әсерлеріне төзімді қылады. Сауықтыру-
спорттық туризм адам ағзасының функцияларын қалпына келтіреді, еңбек
қабілетін арттырады. Ол үшін серуен, жорық, экскурсиялар, көңіл көтеру
шаралары, таза ауа, күнге күйю, шомылу сияқты шаралар қолданылады. Өсіп
келе жатқан жастар үшін спорттық және сауықтыру түрлерінің маңызы зор,
онсыз жұмыс істейтін адамдардың қоғамдық және еңбек іскерлігін көтеру де
мүмкін емес [2].
Сауықтыру-спорттық туризміне жататын велосипед туризмінің өзіндік
ерекшеліктері мен басқа спорт түрлеріне ұқсас тұстары бар. Мәселен,
велосипед туризмінде өзге спорт түрлеріндегідей спорттық разрядтар мен
атақтар беріледі, түрлі дәрежелі жарыстар ұйымдастырылады. Велосипед
туризмі, ең алдымен, жылдамдық пен физикалық күшті талап ететін экстремалды
спорт түрі бола отырып, сонымен қатар тұлғаның үйлесімді дамуына әсер
ететін, яғни, достармен араласу, алау басында кештер өткізу, табиғаттың
керемет көріністерін бақылау секілді сауықтыру іс-әрекеттерін қамтитын
белсенді демалыс түрі.
Жалпы айтқанда спорттық туризм туризмнің қымбат түріне жатады. Онда
қолданылатын құрал-жабдықтар қаражат қажет етеді. Және де мұндай туристің
белгілі бір білімдері, дағдылары мен ептілігі болуы қажет. Осыған орай, бір
жағынан спорттық туризмді элита туризміне жатқызуға болады [2]. Күрделілік
деңгейін анықтайтын бағыттың ұзындығы мен ұзақтығы, бөгет жиынтығы, топ
құрамы және тағы басқа спецификалық факторларына байланысты велосипед
туризмі міндетті түрде ережеге сай болуы тиіс. Бұл өз кезегінде бағыт
күрделілігінің деңгейін айқындайтын бағытты жылдам қарқында жүріп өтуге,
жоғары моральдық-еріктік қасиетті көрсетіп және қиындықтарды жеңу ептілігін
қолдануға ұмтылдырады.
Велосипед туризміне - кішігірім серуендер мен экскурсиялар және
күрделі велосипед саяхаттары жатады. Велосипед туризмінің бағыттары
(маршруттары) түрлі аймақтар арқылы өтеді: соқпақ жолдар мен қарапайым
тегіс жерлер, жазықтар мен тау асулары арқылы, тіпті онымен құмды жерлерді
де, терең орларды да, өзенді де кесіп өтуге болады. Негізінен велосипед
туризмі үшін арнайы құрылғылар (конструкциялар) дайындалады. Күніне
қозғалыс қарқынына, ауа райына, жол жағдайы мен оны жеңіп өтуіне байланысты
велотуристер 40-тан 120 км-ге дейін (арттан соққан жел кезінде 45-тен 140
км-ге дейін) жолды жүріп өтеді. Саяхатта велотурист жүкті өзі алып
жүрмейді, барлық жүкті велосипедке тиейді. Экологиялық жағынан велосипед
таза көлік түрі.
Веложорықтардың бірнеше түрлері бар:
- Біркүндік веложорық - түнеуі болмайтын веложорық. Әдетте жолға шығу
таңертең, қайтып келуі сол күннің кешінде болады.
- Демалыс күннің жорығы (ПВД) - бір түнеуі бар веложорық, яғни, жолға
шығу сенбі күні таңертең, ал қайтып келуі жексенбі күні кеште жүзеге
асырылады.
- Көпкүнді веложорық - бірнеше күнге созылған түнеуі бар веложорық
болып табылады.
- Спорттық веложорық - туризмнің басқа түрлері сияқты арнайы
органдармен бақыланады.
Жалпы веложорықтардың түрлерін анықтап зерттей келе кесте құрдық.

1-кесте
Демалыс күнгі веложорықтардың сипаттамасы

Жорық түрі Ұзақтығы км Қозғалыс Аялдау орнын Аялдау
жылдамдығы ұйымдастыру ұзақтығы,
кмсағ. сағ.
Серуендеу 50 -ге дейін 15-ке дейін От жағу керек 0,5 – 1
емес
Дене 50 - 100 10 - 20 От жағу керек 1,5-4
сауықтыру
Жаттықтыру 60 - 160 20 - 30 От жағу керек 1,5-4
Спорттық 160-тан көп 30-дан көп Шешімге байл-ы 1 - 3
(жүйріктік) тұрақ, от жағу
Спорттық
(жарыстық) Шектеу жоқ (жарыс ұйымдастыруға байланысты)

*автормен құрастырылған
Көріп отрығанымыздай веложорықтардың түрлері сан-алуан, әр адам өз
қызығушылығына қарай веложорық түрін таңдай алады.
Велосипед туризмін зерттеушілердің айтуынша бұл туризм түрінің
кемшілігінен артықшылықтары көп [3].
Біріншіден, велосипед туризмі сапар кезінде ұзақ қашықтықтарды игеруге
мүмкіндік береді. Тек қана автомототуризмде ғана аса үлкен қашықтықтарды
өтуге болады, алайда бұл жағдайда көлік құралының мүмкіндіктері саяхатшыға
жол таңдауда шектеу қояды, әрі табиғатпен байланыста болудан ажыратады. Ал
велосипедтегі саяхат жолдың әр өткен метрін, самал желдің әр лебін сезінуге
кедергі келтірмей, әсердің жылдам өзгеруімен тамсануға және кең аумақты
көруге мүмкіндік береді.
Екіншіден, жоғарыда атап өтілгендей, велотуризмнің жоғары жылдамдығы
алған әсердің жылдам өзгеріп отыруын қамтамасыз етеді. Веложорыққа қатысушы
алғашқы күні асқар бөктерде қарды кешіп өтсе, келесі күні жылы теңіз
жағасында күнге қыздырына алады, сонан соң қалың орманда көптеген
өткелдерден, ал екі күннен соң кең далаға дейін еш ағаш кездеспейтін құрғақ
шөлейттен өтеді. Жаяу жүрушілер мен тауды игеруші туристер велотурист-
терді біз көрген жерлерді көре алмайсыңдар деп сөгуі мүмкін. Бірақ бұл
дұрыс емес, діттеген жерге дейін велосипедпен барып, ал велосипедпен жүре
алмайтын жерді бір-екі күн жаяу жүруге ештеңе кедергі келтірмейді. Осылайша
тіпті Эльбрусқа да жетуге болады. Сондықтан, велотуристтің кез-келген
бағытта жол таңдауға кең мүмкіншіліктері бар. Жолдың нашарлығынан көлікпен
жүруге, ал қашықтығы үлкен болғандықтан жаяу жүріп өтуге мүмкіндік
бермейтін жерлерге велосаяхатшы жете алады [1].
Үшіншіден, егер туризмнің басқа түрлері ауданды таңдауда шектеулі
болса (тау саяхатына жазық жерде баруға болмайды, судағы серуенге шөл
далада бару мүмкін емес), ал велотуризм үшін барлық аудандар қол жетерлік:
Памир мен Чукотка, Кавказ бен Орта Азия шөлдері, коль тундралары мен моңғол
далалары. Сонымен қатар, велотуризм мезгіл талғамайтын туризм түрі.
Велосипед сапарына қыс пен жазда, көктемде де күзде де шығуға болады.
Таймыр мен Балтық жағалауы аймағында өте қызықты қысқы маршруттар өтеді.
Көктемде жайқалған шөлейтке барып, ал күзде Алатаудың керемет табиғатында
рақаттана аласыз.
Төртіншіден, велосипедті көліктің барлық түрінде алып жүруге жеңіл.
Бұл туристердің тұратын жерлерінен алыс жерлерге саяхаттауына және
маршруттың кейбір бөліктерінде теміржол, автомобиль, өзен немесе теңіз
көлігін қолдануға мүмкіндік береді. Жақсы жетілдірілген жолдар бойынша
өтетін маршруттарда 1,25 л күштіліктегі Д-5 типті велосипед двигателін
қолдануға мүмкіндік береді. Ол жинақы, қарапайым, 35-45 кмсағ. жылдамдықта
жүре алады; оның жол жылдамдығы 15-25 км. Жанармайға арналған багы 2,3 л,
бір толтырғанда 150-160 км жолға жетеді (20 кмсағ. жылдамдықта, әрі жол
сапасына байланысты). Велосипед туризмі қазіргі таңда өте жақсы дамыған
белсенді туризмнің түрі болып табылады.
Велосипед туризмі басқа туризм түрлерімен салыстырғанда бірнеше
ерекшеліктерге ие. Бұл ең бастысы, қозғалыстың жоғары қарқындылығы, сол
себепті велотурист жаяу немесе таудағы жүргіншіге қарағанда көп нәрсені
көре алады. Велотурист саяхат үшін әлдеқайда қиын техника – велосипедті
қолданады, ал велосипед тобы және оның әр мүшесі жеке алғанда жол
қозғалысының қатысушысы болып табылады, және жол қозғалыс ережесіне
бағынуға тиіс [4].
Велосаяхатшыға ауыр рюкзактарды арқалау керек емес, олар үшін
велосипед бар. Велотурлар тұрғылықты пункттер аралығындағы жолдарда
жасалады, мұндай маршруттар қауіпсіз болады [1].
Велосипед туристерге аз ғана уақыт аралығында бірнеше туристік-
экскурсиялық объектілермен танысуға мүмкіндік береді. Велотуризмге ең
ыңғайлы спорттық- туристік велосипедтерге Харьков велозаводынан шыққан
Турист және Спорт велосипедтері жатады. Шетелден шығатын
велосипедтердің ішінен Қазақстанда тауға арналған Краузер велосипеді кең
тараған. Велосипедті таңдаған кезде оның комплекстілігіне (жүк салғышына,
қоңырауына, құрал-саймандар сөмкесіне) көңіл аудару қажет. Тәжірибе
көрсеткендей велотуристерге рюкзакты арқаға асуға болмайды, бұл тез
шаршауға әкеледі. Сондықтанда велосипедтердің жүк салғышы кең және ауыр
салмақты көтеруге жарамды болуы тиіс [5].
Жалпы алғанда велотуризмнің келесідей спецификалык ерекшеліктері бар:
Біріншіден, турист үшін бұлай уақыт өткізу кешенді болып табылады,
өйткені танымдық қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, сонымен қоса
дене шынықтыру үшін қолайлы іс;
Екіншіден, велотуризм - саяхаттың ең қарапайым, арзан және тиімді
тәсілі, велосипед маршруттары әдетте, елеулі қаржы шығындарын, сондай-ақ
мамандандырылған оқуды талап етпейді;
Үшінші ерекшелігі, велотуризм – туризмнің ішіндегі экологиялық таза
түрі, қоршаған ортаға зиян келтірмейді және көп шу шығармайды;
Төртіншіден, медициналық жағынан алғанда велосипед айдау - жүріс пен
балансты үйлестіретін вестибулярлық аппаратты жақсы жаттықтырады, сондай-ақ
үлкен аэробты жүктеме болатын жаттығу түрі;
Бесінші ерекшелігі, велотуризм барлық маусымда айналысуға болатын
туризм түрі, велосипед сапарларына жазда және көктемде ғана емес, күзде
және қыста баруға болады;
Алтыншыдан, велотуризммен айналысатын адамдар мобильді және кез келген
жерге жету мүмкіншілігіне ие болады.

Велосипед туризмі – жалпытуристік және велотуризмге тән кедергілері
бар маршруттан велосипедпен өтуден тұратын спорттық туризмнің бір түрі.
Велосипед туризмінде сапардың алты қиындық дәрежесі көрсетіледі. Бірінші
санаты – ең оңайы, алтыншысы – өте күрделісі. Қиындық дәрежесі велосипед
сапарларын категорияларға бөлу әдістемесімен анықталады.

Бірінші қиындық дәрежесіндегі велосипед сапарының минимальды ұзақтығы
300 км құрайды, алтыншы қиындық дәрежелі велосипед сапарының ұзақтығы 800
км-ге дейін жетеді. Велосипед туризмінде сапардың қиындық санатын талдау
арқылы келесі кестені құрдық.

2-кесте
Веложорықтардың қиындық дәрежелері

ДәрежеҰзақтығыЖазықтық кедергілері Таулы жерлердегі Қатысушылар
кедергілер ға талаптар
1-қ.д.300 км –Шектеу жоқ Шектеу жоқ Барлық
6 күн қалаушылар
(+1 күн)
2-қ.д.400 км -150 км-ден кем емес. Тау 75 км-ден кем 1 қ.д.
8 күн жолдары болмаса 800км-ге емес өткендер
(+1-2 дейін
күн)
3-қ.д.500 км -200 км-ден кем емес, 100 км-ден кем 2 қ.д.
10 күн жазық және орман емес өткендер
(+2 күн)соқпақтары. Кедергі
болмаса 1000 км-ге дейін.
4-қ.д.600 км -300 км-ден кем емес, 150 км-ден кем 3 қ.д.
13 күн жазық және орман емес өткендер
(+2-3 соқпақтары. Кедергі
күн) болмаса 1200 км-ге дейін
5-қ.д.700 км -400 км-ден кем емес, 200 км-ден кем 4 қ.д.
16 күн құмды және батпақ емес өткендер
(+3 күн)аудандардан өту,
өзен-сулар арқылы, жол
жоқ жерлермен өту
6-қ.д.800 км -500 км-ден кем емес, 250 км-ден кем 5 қ.д.
20 күн құмды және батпақ емес, тау асуларыөткендер
(+4 күн)аудандардан өту, арқылы өту
өзен-сулар арқылы, жол
жоқ орман жолдарымен,
асулар арқылы өту

*автормен құрастырылған

Қозғалу үшін тек адамның білек күшін қажет ететін спорттық туризмнің
ішінде, велосипед туризмі қозғалыс жылдамдығы мен маршрут ұзақтығы бойынша
көшбасшы болып табылады. Алайда велосипед туризмімен дұрыс түрде айналысу
керек. Бұл ретте жаттығуға көп көңіл бөлген дұрыс.

Велосипед туризмін ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктерін қарастырып
өтейік:
Алғашқы ерекшелік сапардың спорттық стилімен, уақытты үнемдеу және
маршрут пен лагерьдегі жұмыстың тәртіппен ұйымдастырылуымен байланысты.
Қозғалыс кезінде командирдің рұқсатынсыз қандай да аялдауға тиым салынған,
таңғы ас әзірлену кезінде қатысушылардың шатырлары мен заттары жиналады; ас
дайын болған кезде барлық заттар жиналып бітуі тиіс. Қозғалыс тәртібі басқа
спорт туризмдеріндегі секілді: 50 минуттық қозғалыс пен 10 минуттың демалу.
Үшінші өткелден соң түскі ас. Түскі ас басқа туризмдегідей ешқашан ыстық
болмайды, әдетте, ірімшік пен шұжықтан жасалған бутерброд желініп, мөлдір
бұлақ суы ішіледі. Әр аялдау кезінде кептірілген жеміс, ал әр 50 км сайын
және өткелдерде шоколад беріледі.
Екінші ерекшелігі, маршруттар жаяу жүргінші аумақтарын қамтымайтын
етіп жоспарлануы тиіс. Егер де жаяу жүргінші аумағы кездесетін болса, оның
орынды себебі (мысалы, екі қызықты ауданды біріктіреді) болуы керек. Біз
велосипед туризмі велосипедте жасалуы керек деп ойлаймыз. Алайда,
велосипедпен жету мүмкін болмаған жерлерді көргің келеді. Сондықтан
велосипед туризмі тактикасының ерекшелігі радиал жаяу жолдар немесе бос
велосипедпен радиалдар болып табылады. Бұл аз уақыт жұмсай отырып көрікті
жерлерді қарап шығуға мүмкіндік береді.
Үшінші ерекшелігі - велосипед маршруттары барынша жоғары қарқында өтуі
тиіс. Бұл көп жерлерді көруге мүмкіндік береді, ал егер де барлығы жоспар
бойынша жүріп жатса, маршрут кезінде қызықты нысандарды тамашалауға болады.
Сонымен қатар жылдам қарқын спорт жағынан маршрутты қызықты ете түседі.
Төртінші ерекшелігі болып табиғатқа қамқорлық болып табылады. Әр
сапарда кезекші эколог сайланады, ол тұрақтан кетпес бұрын сол жерді
қажетті қалыпқа келтіреді. Маршрут тобы қалдырған барлық қоқысты кешке отқа
жағу үшін жинастырады [6].
Сапарға тек жылдың жылы мезгілінде баратыныңызға қарамастан, жыл бойы
жүйелі түрде жаттығуға тиіссіз. Қыста бұл шаңғы тебу, конькимен сырғанау,
жеңіл атлетикамен айналысу болуы мүмкін. Жаттығуда азғана үзіліс болса да,
төзімділік процесінің дамуы бұзылады да, барлығын басынан бастауға тура
келеді.
Жүкті біртіндеп арттыру, жаттығу сабақтарын қиындату – міне
жаттыққандықтың дұрыс дамуының кепілі осы.
Бұл жерде спортшының рационалды күн тәртібі өте маңызды: түнгі
жеткілікті ұйқы, дұрыс тамақтану, таза ауадағы демалыс пен спорттық ойын-
сауықтар, таңғы жаттығуды жүйелі түрде жасау және т.б. Жаттығу кезеңінен
сәтті өткендер велосипед сапарына қорықпай шыға берсе болады [7].
Ал үлкен велосипед жарыстарына әлі қатыспаған адамға бірден ұзақ
саяхатқа шықпағаны дұрыс, алғашында бірнеше кішкентай серуендерге барғаны
жөн. 9-10 жасар балаларға 5 км асатын сапар жолын таңдамаған дұрыс, 11-12
жастағылардың алғашқы сапары 10 км-ден аспауы керек. 13-14 жастағы
жасөспірімдер алғашқысында ұзағырақ яғни 25 км дейінгі қашықтыққа, 15-16
жастағылар 35 км, 17-18 жастағылар 40 км дейін жол жүре алады. Бұл қашықтық
бір күндік сапардың жартысын құрайды. Келесі сапарларда бір күндік жүрістің
алғашында 60, 70 сонан соң 80 мен 90% құрайтындай етіп қашықтықты біртіндеп
көбейтуге болады. Асфальт жолмен сағатына 15 км және сүрлеу жолмен сағатына
10 км аспайтын жылдамдықпен жүруге, және де әр 5 км сайын 10 минут дем
алуға кеңес беріледі. Әрине, әр велосипедші көше қозғалысы мен велосипед
айдау ережелерін үйреніп, нақты білуі тиіс.
Топтың қозғалысы кезінде сапарға қатысушылардың ішінен таңдалған
бағдарлаушы алдыңғы қатарда, ал соңында – тұйықтаушы жүреді, ол әдетте топ
басшысы болып келеді. Велосипедшілердің бір-бірінен қашықтығы 3-5 м, ал
қиын аймақтарда 10 және одан да көп метр құрауы керек. Демалу кезінде бой
жазып (бірнеше жаттығулар), велосипедті, жүкті тексеріп; отырып не жатып
демалады.
Велосипед туризмімен бір жылдан астам айналысатын 13-14 жастағы
жасөспірімдер үшін маршрутты күніне 30 км дейін көбейтуге болады. Жолдың
осындай ұзындығында қозғалыс тәртібі мынадай болу керек: алғашқы 10 км соң
30 минуттық демалыс, жолдың ортасында – 3-4 сағаттық үлкен демалу, осы
демалу кезінде велосипедшілер демалады, тамақтанады, шомылады, көзге
түсетін әдемі жерлерді, мұражайларды тамашалайды, машиналарды келесі
өткелге дайындайды және т.б.
Шаршататын жолдан соң өзенде шомылып сергіп алған жақсы. Шомылғаннан
соң шаршау тез басылады да, велосипедші өзін сергек сезінеді. Алайда жолдан
соң қызып тұрып суға түсуге болмайтынын есте сақтау керек. Жағада шамалы
отырып демалып, суынып алған дұрыс [8].
Турист-велосипедшіге белгілі тамақтану тәртібі де заң секілді болуы
керек. Жолға шығар алдында тоя тамақтануға болмайды. Тамақтану мен
қозғалыс басталған аралық 1,5 сағаттан кем болмауы тиіс. Жол жүріп біткен
соң тамақты аздаған демалыстан соң жеу ұсынылады (демалуға тоқтағаннан соң
1 сағаттан кейін).
Бағдарлама дәрежесіне қарай: бiркүндiк велосаяхаттар немесе өз күшін
бағалауға, жаттығуға және маңызды сынақтарға дайындалуға мүмкіндік беретін
демалыс күндік сапарлардан, 7-10 күнге дейін созылатын көп күндiк
сапарларға дейiн түрлі болып келеді. Бағыттың ұзындығы 80-100 км-ден 500 км-
ге дейiн созылады, ал біркүндік арақашықтығы 30 км-ден бастап 50 км-ге
дейін құрайды. Әр түрлі елдердегі 2014 жылғы велотур бағаларын қарастыра
отырып келесі кестені құрдық.

3-кесте
Вело бағыттың салыстырмалы бағасы (7 күнге дейін)
№ Мемлекет Велотур бағасы
1 Голландия 173 000 Т.
2 Франция 150 000 Т.
3 Чехия 101 150 Т.
4 Литва 90 000 Т.
5 Қазақстан 56 000 Т.

*автормен құрастырылған
Бұл кестеде әр елдің велотур бағасын салыстырғанда, ең төмен баға
Қазақстан мемлекетінде, 7 күнге – 56000 теңге (жабдығы және азығы, сонымен
қатар сақтандыруы кіреді), ал ең жоғары баға Голландияда - 173 000 теңге
деген қорытындыға келдік.
Жоғарыдағы аталған ережелердің барлығын сақтау велосипедшінің
ағзасының дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі, ал велосипедпен жүретін
туристік сапарлардың қатысушысы күш, төзімділік жинап, жалпы дене дамуын
жақсартады.
Сонымен, қорыта келе, велосипед туризміне түрлі бөгеттерге толы жылдам
серпінді сапарлар, әсердің жиі өзгерісі мен ұзақ жолды қамтитын қашықтықтар
тән екен. Велосипедтік жорықты кез-келген аумақта және жылдың кез-келген
мезгілінде өтуге болады. Велосипед жорығы басқа да көлік түрімен немесе
жаяу жете алмайтын қашық жерлерге жетуге мүмкіндік береді. Велосипед
туризмімен әдетте қызба мінезді адамдардың айналысады, велосипед сапарлары
көңілді әрі белсенді өтеді.

2. Велосипед туризмінің даму тарихы

Велосипед туризмінің тарихы ғасырлар қойнауында жатыр. Алғашқы
туристтерге ат, есек, қашыр мен түйеге мініп жолға шығуға мәжбүр болған
саяхатшыларды жатқызуға болады. Ғасырлар өте, гуманизм мен жануарлар құқығы
үшін күрес, ғылым мен техниканың дамуының арқасында адамдар қалыпты екі
дөңгелекті құрылғыға ауысуға мүмкіндік алды. Бұл әуестік жалпы халықтық
болып және өркениетті қалыпқа түскенше, тағы 100 жылдан астам жыл өтті [1].

Біздің эрамыздың 190 жылы Ежелгі Римде император сарайында өздігінен
жүретін колесница (екі аяқты күйме арба) жасалған деген дәлелдер бар, тісті
беріліс арқылы жұмыс істейтін механизм сол жерде жасырылған құлдар арқылы
жүргізілетін, бұлар қазіргі велорикшалардың арғы атасы болып табылады.
Мұндай өзі жүретін арбалар кейінірек те жасалған болатын. Мысалы, 1649 жылы
Германияда палуандар тартып жүретін арба жасалған болатын. Адамдардың
көмегімен жүргізілетін жеңіл арбалардың жобасын XIII ғасырда ағылшын ғалымы
әрі философы Р.Бекон мен Леонардо да Винчи ұсынған болатын. XVI ғасырдың
суретшісі әрі графигі Альбрехт Дюрердің өздігінен жүретін колесница
өрнектері сақталған. XVIII ғасырда Ресейде Леонтий Шамшуренков пен Иван
Купибин өздігінен жүретін жеңіл арба жасады [9].
Ал қазіргі түсініктегі екі дөңгелекті велосипедке келер болсақ, оны
алғаш ойлап тапқан адам Төменгі Тагильдің басыбайлы шебері Е.Артамонов деп
есептеледі. Тұтастай металлдан жасалған, алдыңғы дөңгелегіндегі білігінде
тепкісі бар, үлкен алдыңғы және кішкентай артқы дөңгелектерден құралған
құрылғысымен ол Төменгі Тагильден Петерборға, ал ол жақтан Мәскеуге саяхат
жасаған болатын. Тарихи деректер бойынша 1800 жылы өздігінен үйренген
шебер, басыбайлы Артамонов алғаш рет велосипед, немесе шебердің өзі
атағандай самокат жасады. 1801 жылы өнертапқыш өзінің самокат-
велосипедінде сол кездегі таңқаларлық саяхатын жасады. Ол Александр 1-ге
тәж кигізу салтанатына жол тартып, өз машинасымен Верхотурье ауылынан
(Жайықта) Мәскеуге 2500 км. қашықтықты өтіп, сосын сол жолмен кейін қайтқан
болатын. Алайда, кей зерттеушілер мұндай саяхаттың орын алғанына, тіпті
өнертапқыштың өзінің бар болғандығына күмәнмен қарайды, дегенмен қайсар әрі
қажырлы дарын туралы және оның саяхаты туралы аңыз әлі де сақталған, ол
велосипедті туризмнің атрибуты ретінде қабылдатты, ал бұл біз үшін ең
бастысы. Әрі қарай велосипед ойлап табу бастамасы ұзақ уақытқа Еуропа
елдерінде қалып қойды, Франция мен Германияда екі дөңгелекті велосипед-
самокаттар пайда болды (1-cурет)

Cурет 1. Алғашқы екі дөңгелекті велосипедтер [10]

Екі дөңгелекті велосипед-самокаттар алғашында меңгеріксіз кейіннен
меңгерігі бар аяқпен жерден серпіліс алып осылайша әжептеуір велосипедтің
жылдамдығын арттыра түсетін. 1817 жылы ақпарат өкілдері неміс бароны Карн
Драйздың Карлсруэден Кельнге дейін 70 км қашықтықты небәрі 4 сағатта жүріп
өткенін хабарлайды.
Өткен ғасырдың 50-ші жылдары неміс Ф.М.Фишер мен француз ағайынды
Мишолардың талпынысы арқасында велосипед алдыңғы дөңгелегінде тепкісі және
тежеуіші бар өздігінен қозғалатын жеңіл көлікке айналды. Бірақ ағаш
дөңгелекті және металл бүкпелі бұл велосипедтің амортизаторлары болмады,
сол себепті сүйек селкілдеткіш деп аталып кетті. 1867 жылы жасалған
осындай сүйек селкілдеткіштің бірін Петродворецтің мұражайынан көруге
болады. Алпысыншы жылдары велосипедшілер жиі-жиі ресейлік астаналардың
көшелері мен басқа ірі қалаларда көріне бастады, бұл халықтың түрлі сезімін
оятты, ал басылымдарда тіпті осындай шебер шабандоздар көшедегі адамдарға
қауіп тудыратындығы туралы абыржушылық көп талқыланды [11].
1869 жылы Парижде алғашқы ағаш сүйек селкілдеткіштерде 120 км
қашықтыққа жарыс ұйымдастырылды, бұл жарыста жеңімпаздың орташа жылдамдығы
сағатына 11 км жетті.
Ресейде ХХ ғасырдың жетпісінші, сексенінші жылдардың қарсаңында
велосипед иелерінің арасында барлық икемсіз жеңіл арба иегерлерін
біріктіретін өз қоғамын құру ойы пайда болды. Сол кезде бицикл деп аталатын
құрылғыны айдайтын батылдар саны жыл өте көбейді. 1880 жылы Петербор
қалалық басқармасы шамамен жүздеген велосипедшіні тіркеуге алды
(петерборлықтар ең алғашқы болып Блок мырзаны атап көрсетті). Дәл осы жылы
жарғы жасалып, өкіметке қабылдауға ұсынылды. Сонымен Ресейде алғашқы
туристік клуб Петерборда 19-ғасырдың соңында пайда болды, оның жетекші
тобын велосипедпен серуендеуге әуесқой топ құрады.
1882 жылы Ресейде велосипедшілер тобының ең алғашқы үлкен жарысы өтті:
Петербор қоғамының жеті мүшесі Петербордан 270 км шақырымда жатқан Иматра
сарқырамасына жол тартты. Осы саяхатты Ресейде ұйымдастырылған
велотуризмнің бастапқы кезеңі деп есептесе де болатын шығар [1].
Ал 1883 жылдың 24 шілдесінде Мәскеуде алғашқы жарыстар болып өтті,
небәрі жеті спортшы қатысқанына қарамастан, бұл Ресейдегі велосипед
спортының туылған күні болып есептеледі. Ол Ходынск даласындағы бәйге
ипподромында өтті. Мұнда 1,5 және 7,5 шақырым қашықтықтың екеуін де
Ұлыбританияның тумасы мәскеулік Ю.Блок жеңіп алды, ол сәйкесінше жолды 3
мин. 38 сек және 22 мин. 34 сек. жүріп өтті. Ю.Блоктың 80-ші жылдардың
басында Ресейде велосипедтің танымал болуына көп үлес қосқанын атап өту
керек. Мәскеуде 1882 жылы жарық көрген өзінің Велосипед атты кітабында
шамамен жүздеген мәскеулік пен петерборлықтарды велосипед тебуге үйреткенін
жазады. Осы кітаптың велосипед тақырыбындағы ең алғашқы еңбек екеніне де
күмән жоқ.
Орыстың әскери ұшқышы, бірінші әлемдік соғыстың батыры Анисим
Панкратов бұдан да ғажайып саяхат – велосипедпен жер шарын 1911 жылдың
маусым айынан бастап 1913 жылдың шілде айына дейін толығымен айналып өткен.
Екі жылға созылған саяхатта Панкратов 48000 км жол жүріп өтті! Оның сапары
тек қана жол мен жазық арқылы емес, сонымен қатар Альпы тауының қарлы
асулары арқылы да өткен – ал бұл тіптен де жетілген көлікте емес.
Республикамызда велосипедпен саяхаттау бұрыннан халық арасында кең
таралған. Көп күндік велосаяхат алғаш рет 1934 жылы маусымның 18-нде
өткізілді. Қазақстанның ішінде өткен бұл жорыққа 14 адам қатысты. Маршрут
ұзақтығы 4134 километрге созылды, Семей, Петропавл, Қостанай қалаларында
басталып Ақтөбе қаласында аяқталды. Бұл веложорықтың мақсаты Кеңес одағының
Пенза маркасындағы алғашқы велосипедтерін сынақтан өткізу, шыдамдығын
тексеру болды. Топты дене шынықтыру техникумының директоры В.Зимин
басқарды. Топ құрамына А.Васильев, В.Васильев, К.Суханов, Г.Каймашников,
К.Гусев, С.Мурсалимов, Ж.Қонақбаев, Д.Николаев, В.Дырдин, Н.Пустовой,
Б.Лобанов, С.Киркин және Н.Бояркин кірді.
1936 жылы жаз айында Мантейфель басқарған Қарағанды шахтерлары
велосипедпен Мәскеуге дейін жол жүріп өтті. 1937 жылы 9 мамырда Қарсақпай
мыс-балқыту комбинатының бір топ велотуристері - Парфенов, Телеляев,
Прокопьев, Провоторов, Цицельский – Қарсақпай – Атбасар – Ақмола -
Қарағанды – Қарсақпай маршруты бойынша велосипедпен аралап шықты. Сол жылы
маусымның 25-де Целиноград облысының Балкашино ауылының 9 мұғалімі Алматы
қаласына қарай велосипедпен жүріп өтті. 1937 жылдың жазында Клаусевич,
Ильин, Пастухов, Симанков, Поцелуев, Тоқбергенов және Тундыкпаевтың
қатысуымен Балхаш - Алма-ата – Семипалатинск – Петропавловск – Қарағанды –
Балхаш маршрутымен веложорық өтті [12].
Кеңес Одағында, Қазақстанда жаңарған туризм түрлері Ұлы Отан соғысы
кезінде дамуы тоқталып, соның ішінде велотуризм соғыстан кейінгі жылдары
қиын әрі ұзақ жанданды.
Велотуризмның жаңа тарихы 1958 жылы Ленинградтық туристтер клубының
(ЛТК) құрылуынан бастау алады, мұнда велосипед туризмімен қатар сол кездегі
туризм түрлерінің барлығы секция бойынша жинақталды. Велотуристік
белсенділік шыңы 70-ші жылдардың екінші жартысы мен 80-ші жылдарға,
ленинградттық велотуристтердің бір тобы аса қиын саяхаттарды Кавказ, Памир,
Тянь-Шань, Алтай аймақтарына жасаған кезге тура келеді. Туристтер клубы 60-
шы жылдары КСРО-ның шамамен 150 қаласында өз жұмысын қайта бастағанымен,
бірақ барлығында велосипед секциясы бола қойған жоқ [11].
Алпысыншы жылдары велотуристтік секциялар мен клубтар Ростов-на-Дону,
Горький, Қарағанды, Харьков қалаларында, ал жетпісінші жылдары – Житомир
облысында, Рязаньда, Қазанда, Владимирде, Донецкте, Запорожьеде, Таллинде,
Уфада, Белоруссияда, Латвияда және басқа жерлерде де жұмыс істей бастады.
Кейіннен осы қалалар мен аймақтар ұйымдасқан велотуризмнің негізгі
орталықтарына айналды, осында ең көп слёт пен жарыстар өткізілді,
велотуристік дайындық мектептері белсенді жұмыс жасады, ал ең бастысы бір
күндік және көп күндік сапарлар ұйымдастырылды. Осы қалаларда бағыттық-
біліктілік комиссиясының өкілеттілігі өзінің биігіне жетті, олар жоғарғы V
санаттағы қиын маршруттарға шығаратын болды. Осы қала мен республика
велотуристтері ең алғаш болып велотуристтер үшін жаңа аумақтарға аяқ басты,
осында сапар шараларының жаңа түрлері ойлап табылды.
1965-1968 жылдар арасында Қарағанды қалалық клубының әуесқойлары
Орталық Қазақстан арқылы 5000 километрден астам арақашықтықты велосипедпен
жүріп өтті. Олар атақты адамдар жайлы мағлұматтар жинап, ардагерлермен
кездесулер өткізді. Мазмұнды жорықтар ұйымдастырғаны үшін бұл клуб 5 құрмет
дипломдарымен марапатталды. Бір жорықтың желісімен Ленинград - Қарағанды
атты деректі кинофильм түсірілген. 1975 жылдан бастап ұзақ жылдар бойы 9
мамырда Қарағандылық велотуристер Ұлы Отан соғысында қаза тапқан
жауынгерлерге қойылған ескерткіштің жанында жиналып веложарыс өткізетін
болған. Қазақстанның басқа да қалаларынан шыққан велотуристтер қызықты
саяхаттарды ұйымдастырды. Сексенінші жылдары велосаяхаттарды
ұйымдастырушылар - Оралда - В.Шведов, Гурьевте - В.Афанасьев, Шаханда -
В.Зобнева, Теміртауда - К.Крюченок, Петропавлда - В.Чеховской, А.Затай,
А.Иванов, Сараньда - М.Асанович, Қарағандыда - В.Новиков, В.Трофимов,
И.Пудовкин, А.Ганжула, Алматы облысында - А.Медведев, А.Лодин болған. Бұл
саяхаттардың бағдарлары туралы есеп берілген құжаттар Республикалық туризм
және экскурсия кеңесінде сақталған [12].
20 ғасырдың 80-жылдары Қазақстанда велосипед түрлері көп шығарылып,
велоспорт пен велотуризммен көптеген жастар айналыса бастады. Көпшілік
қатысатын велотурлар кеңінен таралды, мысалы 1978 жылдың маусым айында 7000
адам қатысуымен 150 км қашықтыққа созылған веложарысы өткізілді. 1982 жылы
В.И. Лениннің туған күнінде Москва мен оның жанындағы қалалардан шыққан
қатысушылар веломарафонды бастап, 12 мың км жол жүріп, барлық 15
республиканы аралап, Октябрьдің 65 жылдығын тойлаған күні Қазақстанның сол
кездегі астанасы - Алматы қаласында аяқтады. Мұндай үлкен велотур бірінші
рет өткізілді, ол веложорық 150 адамның қатысуымен, қиындығы бойынша екінші
мен бесінші категория болып саналатын 19 этаптан құрылды. Осы жылдары КСРО
елдерінде жоспарлы велотуризм пайда болды. 1979 жылы Краснодар өлкесінде
бірінші рет арнайы жолдамамен көпкүндік веломаршруты жұмыс жасай бастады, 2
жылдан соң 1981 жылдан бастап жоспарлы велотуризм Қазақстанның Қарағанды
қаласында пайда болды.
Өкінішке орай, Қазақстандағы ұйымдасқан велотуризмнің дамуы кеңістік
(облыстар) пен уақыт бойынша бірқалыпты емес. Бұл тіптен де облыстар мен
аймақтардың жол және туристік мүмкіндіктерімен байланысты емес. Себеп
көбіне субъективті, әлеуметтік сипатта, велотжорықтарды көбінесе энтузиаст-
ұйымдастырушылар өткізуіне байланысты, облыс орталықтарының басшылары және
туристік ұйымдардың қаншалықты бюрократтанғанына, өз бетінше
ұйымдастырылған туризмге қызығушылық танытпауына байланысты болып келеді.
2013 жылы Алматыда Velo-tour.kz пен Veloholiday.com жобалары өкілдері
арасында Қазақстанда велотуризмді дамыту қоғамдық қорын құру туралы
меморандумға қол қойылды. Қазіргі күнге дейін Алматы маңында шамамен 10
туристік велосипед маршруттары жасалған және жаңаларын жасау жоспарлануда.
Сонымен қатар велоқозғалыс қатысушыларына қолайлы жағдай жасау үшін қаланың
инфрақұрылымы мен көлік коммуникациясын дамытуға атсалысу жоспарланып отыр.
Velo-tour.kz жобасы әуесқой-энтузиасттар тобынан басталған болатын, олар
үшін велосипед серуені қызығушылық, ермек секілді еді. Оларға достары,
сонан соң достарының достары, таныстар мен бейтаныс жандар қосылып,
ақырында осындай сапарлар кәсіби жолға қойылды [13]. Қазіргі таңда, бұл Қор
кез келген қалаушыға, тіпті жаңадан үйреніп жүргендерге де велосеруеннің
толық қызметін ұсынады. Мұндай толық циклды қызмет - маршрут басталатын
орынға жеткізіп тастауды меңзейді, бұл қарбалас магистраль кезінде
велосипедпен жүру қаупін азайту мақсатында жасалады. Сонан соң заттар
көлікте велосипедшілердің соңынан еріп жүреді, және де шаршаған велосерунге
қатысушылар дем ала алады, өйткені сапарға көбіне жанұямен шығады, ал
әркімнің дайындығы әр қилы болып келеді. Сонымен қатар, жол бойы топты
велогид алып жүреді, ол қозғалысты басқарып велосипедті тексеру мен қандай
да бір ақауды реттеуді қолға алады. Алайда велотуризмді кәсіби түрде
дамытатын мұндай энтузиаст топтар елімізде қазір көп емес.
Қазақстанда соңғы жылдары көп велотурлар мен веложарыстар өткізіліп
жатыр, соның ішінде алғашқы Алматы Туры 2013 (ағылш. Tour of Almaty 2013)
бір күндік тас жол веложарысын атап өту керек. Қазақстандық атақты
велосипедшісі, 2012 жылғы тас жолдағы топтық жарыстың Олимпиада чемпионы,
AstanaProTeam қазақстандық велокомандасының негізін құраушыларының бірі
Александр Винокуров Қазақстанда Тур Алматы халықаралық жарысын өткізуде
идеялық шабыттандырушысы болды. Александр Винокуров: Қазақстан
территориясында халықаралық деңгейдегі жарысты өткізу – бұл менің соңғы
бірнеше жылда ойымда жүрген арманым болатын - деді.

1.3 Велосипед туризмінің дамуы үшін материалдық-техникалық жабдықтау

Велосипедпен көп күндік саяхаттың қауіпсіз өтуі негізінен велосипедтің
техникалық жай-күйi мен қатысушының оны басқару мүмкіндігіне байланысты
болып табылады. Ұзақ велотур жоспарлағанда жорыққа арнайы жабдықтарды
дайындау керек, олар веломаршруттарда жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз
етеді.
Кез келген саяхатта және спортпен айналысқанда әр түрлі спорт және
жолдық велосипед түрлері қолданылады:
1 Тас жолдық (шосселік) велосипедтер - жоғары сапалы асфальтпен жоғары
жылдамдықпен қозғалуға арналған велосипед түрі. Ең жеңіл экземплярлары
3,5 килограмнан жеңіл болады, ол үшін алдыңғы қатарлы технологиялар мен осы
заманғы материалдарды (карбон, алюминий, титан немесе магний сияқты)
қолданылады. Мұндай велосипедтермен Тур де Франс, Джиро ди Италия, Уэльта
сияқты көп күндік веложарыстарда және Олимпиада ойындарында рекордтар
орнатылады. Өндірушілер мұндай велосипед дизайнын әзірлеу кезінде, ең
алдымен, жылдамдықты жеделдетін сипаттамаларын оңтайландырады. Тас жолдық
(шосселік) велосипедтер жоғары класты мамандар үшін арналғандықтан құны өте
жоғары болып табылады, және шамамен 10-20 мың АҚШ долларын құрайды.
2 Таулық велосипедтер (mountain bike), тас жолдық велосипедтерге
ұқсас, бірақ айырмашылықтары да бар, олардың дөңгелектері аз диаметрлі
болады, велосипедтің рамасы жоғары берік болып жасалады, рулі 5-12
сантиметрге алға қарай шығып турады. Гидравликалық тежеу және тоқтата тұру
айырғысы сияқты жаңалықтар тау велосипедтері үшін арнайы құрылған, өйткені
тау велосипедтері өте қиын жол жағдайларында пайдалану үшін арналған. Бұл
екі велосипед түрінің құрылысын әр түрлі жағдайларда өтетін жарыста
максималды жылдамдыққа жету үшін керек жағдайларды ескере отырып әзірлеген.

3 Қалалық велосипедтер (citybike). Аты айтып отырғандай бұл велосипед
түрі қала ішінде, жазық жерлерде шағын серуендеуде кең қолданылатын
велосипедтер. Құрылысы бойынша тас жолдық велосипедтерге ұқсайды, оның
құрамында тұрақты техникалық қызмет көрсетуді талап етпейтін көп
жылдамдықты планетарлық төлкелер (втулкалар) қолданылады. Бұл төлкелердің
арқасында тіпті педалді бұрамай, шапшаңдықты басқа жылдамдыққа ауыстыруға
болады.
4 Жолдық велосипедтер - кең шиналы дөңгелектері және қатты жақтауы бар
велосипед түрі. Мұндай велосипедте үлкен жылдамдықта жүру және үлкен
биіктіктерге көтерілу қиын, бірақ асфальтті жол жоқ жерлерде, ұсақталған
тас төселген немесе құмды жолдармен, соқпа жолдармен жүруге мүмкіндік
береді. Қазіргі заманғы жолдық велосипедтерде жол профилі өзгерген кезде
жылдамдығын (жүктемесін) реттеуге көмектесетін бірнеше берілістері
(қозғалысты бірінен екіншісіне өткізіп тұратын тетігі) бар. Бұл
велосипедтерді қолдану және күту жеңіл.
5 Спорттық жай велосипедтер - дөңгелектері енсіз, жіңішке, салмағы да
жеңіл, жылдамдықты (4 және 10 арасында) өзгертуге көмектесетін қосқышпен
жабдықталған, оңай жылжитын және жақсы маневрлеуге болатын велосипед түрі.
Ол қатты жабыны бар - асфальт немесе бетон - жолдармен жүруге арналған
[14].
Жетілдірілген төсемі бар жол арқылы өтетін маршрут бойынша саяхаттарда
қуаты 1 л.с. болатын Д-4 типті велосипед қозғалтқышын қолдануға болады. Ол
ықшамды, қолданыста қарапайым, мұндай жолда 35 – 40 кмсағ жылдамдыққа жете
алады; оның жол жылдамдығы 15 – 25 кмсағ. құрайды. Жанармайға арналған
бактың (бензин мен автол қоспасы) сыйымдылығы 2,3 л., бұл 150-160 км жолға
(20 кмсағ жылдамдықта) жетеді.
Моторы өшірулі велосипедпен жүру моторсыз велосипедпен жүруден
қиынырақ (май құйылған қозғалтқыштың салмағы – шамамен 10 кг). Сол себепті
күші жағынан орташа топта қозғалтқышы бар велосипедті қосу пайдасыз. Мұны
15-20 кмсағ жылдамдықты тұрақты ұстап тұратын күшті топта қолдануға
болады. Ең жақсысы, арнайы веломоторлы топтарды құрған дұрыс. Дәл сондай
ауа райы жағдайы мен жол шарттарын ескере отырып, басқа да тең шарттарда
мұндай топ өзінің демалысы кезінде 1500-200 км жолды еркін игереді.
Веломаршрутпен қозғалу, тек қана дене даярлығын емес, сонымен қатар
ыңғайлы киімнің болуын талап етеді. Веложорықтарда велосипедшінің киімдері
жорыққа қолайлы, ыңғайлы болу керек, оның маңызды бөлшектері: ашық түсті
ауа өткізетін майка, жел мен ылғал өткізбейтін күрте, велошорты (салқын
ауа-райына) немесе велошалбар, қатты табанды ыңғайлы аяқ киім, саусақтары
кесілген қолғаптар, велосипед шлемі, ең қажетті заттарға арналған арқа
дорбасы. Турист-велосипедшінің киімі жеңіл әрі ыңғайлы болуы тиіс. Бұл
әдетте тығыз трикотаж шорты, велошалбар немесе гольф шалбар, сыртқы көйлек,
велосипед бас киімі, міндетті түрде қатты табаны бар жеңіл аяқ киім. Заттар
арнайы жабдықталған жүк салғышта тасымалданады [15].
Веломаршрутпен қозғалу, жоғарыда аталғандай ыңғайлы киімнің болуын
талап етеді. Ұзақ велосипед турлары үшін велоспортқа арналған арнайы киім
алған дұрыс: ашық түсті демалатын майкалар және жел мен ылғал өткізбейтін
күрте, олар тек қана жайлылықты ғана емес, жарықты кері қайтаратын
ендірменің арқасында автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Велосипед
туры қатысушыларының гардероб таңдауда аса назар аударатын киім бөлшегі,
бұл – велошорты немесе салқын ауа райына арналған әлдеқайда ұзын түрі
велошалбар, ол велосипедтің қатты отырғышында ұзақ отырғанға жағдай
жасайды. Аяқ киім ыңғайлы, қатты табаны бар, әлбетте тепкіден сырғымайтын
болуы тиіс [16].
Қолды қорғайтын және жалпы қауіпсіздікті арттыратын веложабдықтар мен
киім-кешектің маңызды бөлшегі қолғап болып табылады. Туризм үшін қол
терісі демалатын саусақтары қырқылған қолғаптар жарайды. Велосипед шлемін
таңдауда оның басты қорғап қана қоймай, кең көріністі де қамтамасыз ету
керектігін есте сақтау керек.
Велосипед турына велосипедтен кейін екінші маңызды зат ол арқа
дорбасы. Көп велотурлар туристердің негізгі жүгін өздері тасуға мәжбүр
болмайды деген есеппен құралады. Алайда маршруттардың барлығында автобус не
автокөлік әрдайым топтың соңынан еріп жүруге мүмкіндігі болмайды, сол
себепті кішкентай затты өзімен алып жүру қажеттілігі болуы мүмкін. Бұл
мақсатқа велосипедтің жүксалғышына бекітілетін арнайы арқа дорбалары да,
қарапайым иыққа асылатын арқа дорбалары жарайды, мұның құрылымы артқы шамға
бекітуді, су ішу жүйесіне арналған бөлімді, және де арқаны желдету жүйесін
біріктіреді [17].

1.4 Әлемдік велотуризм орталықтары
Қазіргі таңда Еуропада велосипедтің үлкен қолданысқа ие болуы - қала
орталығын автокөліктерден азайтып, халықтың денсаулығына жақсы әсер етіп
келеді, бұл - өкіметтің велосипедті көпшілікке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресейдегі велосипед туризмі
Белсенді туризм тарихы
Туризмнің белсенді түрлері
Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы
Велосипед туризмі
Қазақстандағы спорттық туризмнің дамуы
Спорттық-сауықтыру туризмі туралы
Тау туризмінің бағыттары
Спорттық - сауықтыру туризмі және салауатты өмір салтының қалыптасуы
Туризм түсінігі
Пәндер