Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру



КІРІСПЕ 3

1 СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БАҒЫТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ.ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың теориялық негіздері 9
1.2 Cтуденттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудағы өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың педагогикалық мүмкіндіктері 21
1.3 Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың құрылымдық.мазмұндық моделі 62

2 ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БАҒЫТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың қазіргі жағдайы 73
2.2 Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың әдістемесі 82
2.3 Тәжірибелік.эксперимент жұмыстарының нәтижелері 97

ҚОРЫТЫНДЫ 123

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 125

ҚОСЫМШАЛАР 132
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды даярлау ісін қайта қарау, оның мазмұны мен құрылымын өзгертуді ғана талап етпей, сонымен қоса оның бүкіл бағдар бағытын түбегейлі жетілдіруді керек етіп отыр. Себебі, қай саладан болса да өз мамандығының шебері, өздігінен ізденуге мүмкіндігі бар, кәсіби бағыттылығы жоғары маман даярлау мәселесі қазіргі заманның басты талабына айналды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «...білім беру жүйесі міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру» атап көрсетілген. Осы тұрғыдан келгенде, кәсіптік білім берудің негізгі мақсаты - жаңа қоғамға лайықты сапалы да, саналы тұлға, өз мамандығын сүйетін, оның кез келген сұрағына жауап бере алатын маман даярлау.
Студенттерге кәсіби бағыттылықты қалыптастыру жолдарының бірі – білім беру үрдісінде олардың өзіндік жұмыстарын күшейту. Сол себептен де кәсіби бағыттылықты қалыптастыруда өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруды негізгі мәселелерінің бірі ретінде қарауға тура келді. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру арқылы олардың кәсіби бағыттылығын қалыптастыруға жағдай туады.
Өзіндік жұмыс мәселесі бойынша біршама алыс және таяу шетел ғалымдары өз зерттеу жұмыстарының нысанасы еткен. Мәселен, Ю.К.Бабанский, И.Я.Лернер, П.И.Пидкасистый, Л.В.Усова т.б. өзіндік жұмыс түрлері мен мазмұнын жан-жақты зерттеген.
Жоғары оқу орындарында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктерін Г.Ахметова, Н.Асанов, А.К.Садыкова, К.Л.Гончарова қарастырды.
Сонымен қоса, жоғары мектеп дидактикасының тұрғысынан студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың мәнін ашуға А.Е.Абылқасымова, Н.А.Адельбаева, С.И.Архангельский, М.В.Буланова-Топоркова, М.Г.Гарунов, И.И.Кобыляцкий, Р.А.Низамов еңбектері арналды.
Өзіндік жұмысты оқу үдерісінде жүйелі түрде қолдану қажеттігі және жүйелік әдістің тиімділігі мен аспектілері У.Абдукаримова, В.К.Буряк, Т.Т.Галиев, Е.Я.Голант, К.Дүйсенбаев, Б.П.Есипов, Р.М.Микельсон, Е.С.Саблик, М.Н.Скаткин еңбектерінде негізделді.
Студенттерің өзіндік жұмысының ғылыми-теориялық, әдістемелік жақтарын жан-жақты талдап, оның студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудағы педагогикалық мүмкіндіктері зор.
Жоғары оқу орындарында мамандарды кәсіби даярлаудың теориялық, ғылыми, дидактикалық, әдістемелік негіздері және олардың кәсіби даярлығын қалыптастыру мәселелері Ш.А.Абдраман, А.Р.Анасова, Ы.А.Нәби, Ш.Т.Таубаева, Р.И.Бурганова, Б.Т.Кенжебеков, Қ.М.Кертаева, М.Кұрманов, М.А.Лигай, М.С.Мәлібекова, А.А.Саипов, Г.Ж.Меңлібекова, О.Ү.Мұсабеков, О.С.Сыздықов, К.М.Беркимбаев, Р.С.Омарова, Г.К.Нұртаева, А.Н.Тесленко және т.б. ғалымдар еңбектерінде зерттелген.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 156 бет
Таңдаулыға:   
Қазак мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

ӘОЖ 378.6:378.147.88
Қолжазба құқығында

ИСМАИЛОВА РОЗА БАЙЖУМАНОВНА

Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби
бағыттылығын қалыптастыру

13.00.01 – жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы,
этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін даярлаған диссертациясы

Ғылыми жетекшілері: педагогика

ғылымдарының докторы,

профессор Аймағамбетова Қ.А.

педагогика ғылымдарының

докторы Мухамеджанов Б.Қ.

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Мазмұны

Кіріспе 3

1 СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БАҒЫТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың теориялық 9
негіздері
1.2 Cтуденттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудағы өзіндік 21
жұмыстарды ұйымдастырудың педагогикалық мүмкіндіктері
1.3 Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын 62
қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі

2 ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БАҒЫТТЫЛЫҒЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын 73
қалыптастырудың қазіргі жағдайы
2.2 Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын 82
қалыптастырудың әдістемесі
2.3 Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелері 97

ҚОРЫТЫНДЫ 123

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 125

ҚОСЫМШАЛАР 132

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында
болашақ мамандарды даярлау ісін қайта қарау, оның мазмұны мен құрылымын
өзгертуді ғана талап етпей, сонымен қоса оның бүкіл бағдар бағытын
түбегейлі жетілдіруді керек етіп отыр. Себебі, қай саладан болса да өз
мамандығының шебері, өздігінен ізденуге мүмкіндігі бар, кәсіби бағыттылығы
жоғары маман даярлау мәселесі қазіргі заманның басты талабына айналды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында ...білім беру жүйесі
міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды
тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне
қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы
көзқарасын қалыптастыру атап көрсетілген. Осы тұрғыдан келгенде, кәсіптік
білім берудің негізгі мақсаты - жаңа қоғамға лайықты сапалы да, саналы
тұлға, өз мамандығын сүйетін, оның кез келген сұрағына жауап бере алатын
маман даярлау.
Студенттерге кәсіби бағыттылықты қалыптастыру жолдарының бірі – білім
беру үрдісінде олардың өзіндік жұмыстарын күшейту. Сол себептен де кәсіби
бағыттылықты қалыптастыруда өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруды негізгі
мәселелерінің бірі ретінде қарауға тура келді. Студенттердің өзіндік
жұмысын ұйымдастыру арқылы олардың кәсіби бағыттылығын қалыптастыруға
жағдай туады.
Өзіндік жұмыс мәселесі бойынша біршама алыс және таяу шетел ғалымдары
өз зерттеу жұмыстарының нысанасы еткен. Мәселен, Ю.К.Бабанский, И.Я.Лернер,
П.И.Пидкасистый, Л.В.Усова т.б. өзіндік жұмыс түрлері мен мазмұнын жан-
жақты зерттеген.
Жоғары оқу орындарында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың
ерекшеліктерін Г.Ахметова, Н.Асанов, А.К.Садыкова, К.Л.Гончарова
қарастырды.
Сонымен қоса, жоғары мектеп дидактикасының тұрғысынан студенттердің
өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың мәнін ашуға А.Е.Абылқасымова,
Н.А.Адельбаева, С.И.Архангельский, М.В.Буланова-Топоркова, М.Г.Гарунов,
И.И.Кобыляцкий, Р.А.Низамов еңбектері арналды.
Өзіндік жұмысты оқу үдерісінде жүйелі түрде қолдану қажеттігі және
жүйелік әдістің тиімділігі мен аспектілері У.Абдукаримова, В.К.Буряк,
Т.Т.Галиев, Е.Я.Голант, К.Дүйсенбаев, Б.П.Есипов, Р.М.Микельсон,
Е.С.Саблик, М.Н.Скаткин еңбектерінде негізделді.
Студенттерің өзіндік жұмысының ғылыми-теориялық, әдістемелік жақтарын
жан-жақты талдап, оның студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудағы
педагогикалық мүмкіндіктері зор.
Жоғары оқу орындарында мамандарды кәсіби даярлаудың теориялық, ғылыми,
дидактикалық, әдістемелік негіздері және олардың кәсіби даярлығын
қалыптастыру мәселелері Ш.А.Абдраман, А.Р.Анасова, Ы.А.Нәби, Ш.Т.Таубаева,
Р.И.Бурганова, Б.Т.Кенжебеков, Қ.М.Кертаева, М.Кұрманов, М.А.Лигай,
М.С.Мәлібекова, А.А.Саипов, Г.Ж.Меңлібекова, О.Ү.Мұсабеков, О.С.Сыздықов,
К.М.Беркимбаев, Р.С.Омарова, Г.К.Нұртаева, А.Н.Тесленко және т.б. ғалымдар
еңбектерінде зерттелген.
Жоғары оқу орындарындағы өзіндік жұмысты ұйымдастыруда туындайтын
қарама-қайшылықтар және оны ұйымдастыру тиімділігінің төмендігі жайында
О.А.Абдуллина, Н.Г.Бакрадзе, С.И.Архангельский еңбектерінде айтылады.
Өзіндік жұмыс үнемі оқытушының жол сілтеуімен, басшылық жасауымен ғана
орындалып қана қоймай, соңғы кездегі тиімді жаңа технологиялар тұрғысынан
алғанда бүгінгі студенттің, ертеңгі маманның жеке тұлғалық және кәсіптік
бағыттылығын қалыптастыратындай деңгейге көтерілуі оның түрлерін,
ұйымдастырылу жолдарын, қолданылатын әдістерді, олардың беретін нәтижесін
педагогикалық тұрғыда теориялық және практикалық тұстарын жан-жақты
зерттеуді және зерттеу нәтижелерін тәжірибеде қолдануды керек етеді.
Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында білім берудің кредиттік жүйеге
көшуімен байланысты студенттердің шығармашылық әрекетін, білімді өздігінен
ізденіс арқылы табудың жолын, жалпы педагогикалық принциптерді басшылыққа
алу біліктіліктерін көтеру мәселесі қойылып отырғандықтан, білім беруді
ұйымдастырушы-оқытушы мен білім алушы-студенттер арасындағы қарым-қатынас
дәрежесі мүлдем басқаша жаңа деңгейге көтерілді. Осының негізінде оқыту
әдістері мен оқу әрекеттері түрленіп, өзіндік жұмыстың құрылымы да, мазмұны
да, оны ұйымдастыру- дың педагогикалық-психологиялық мақсаты да кешенді
түрде өзгеріске ұшырады.
Алайда, педагогика ғылымы мен практикасында студенттердің өзіндік
жұмысы кеңінен қамтылғанмен, еліміздегі жоғары мектепте кредиттік оқыту
жүйесін ендіруге байланысты білім беру парадигмасы өзгерген жағдайда
студенттердің өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастыру мәселесі толық
зерттелмегені анықталды. Жоғары мектеп, мемлекет, қоғам тарапынан болашақ
мамандардың тұлғасы мен кәсіби бағыттылығын қалыптастыруға қойылатын
талаптар және кредиттік оқыту жүйесіндегі студенттердің өзіндік
жұмыстарының маңызының артуы оны тиімді ұйымдастыруды қажет етеді. Алайда,
кредиттік оқыту жүйесінде өзіндік жұмыстарды тиімді ұйымдастыруға қатысты
нақты ғылыми-әдістемелік еңбектердің жеткіліксіздігі, оны ұйымдастырудың
педагогикалық шарттарының ғылыми тұрғыдан негізделмеуі мен кредиттік оқыту
жүйесінде болашақ мамандардың өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастыру қажеттігі
арасында қарама-қайшылықтар бар екені байқалды.
Осы қарама-қайшылықтардың айқындалуы зерттеудің проблемасын анықтады:
ол студенттердің кәсіби бағыттылығын осы кредиттік оқыту жүйесіндегі білім
мазмұнына сай жетілдіру үшін студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың
педагогикалық шарттарын іздеу болды. Қарастырып отырған проблеманың
көкейкестілігі, оның теория және практика жүзінде жеткілікті зерттелмеуі
және зерттеу проблемасын шешу мақсаты тақырыпты Өзіндік жұмыс арқылы
студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру деп алуға негіз болды.
Зерттеудің нысаны: жоғары оқу орнындағы кәсіби даярлау үдерісі.
Зерттеудің пәні: жоғары оқу орнында студенттердің өзіндік жұмысы арқылы
кәсіби бағыттылығын қалыптастыру жүйесі.
Зерттеудің мақсаты. Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби
бағыттылығын қалыптастыруды теориялық-әдістемелік тұрғыдан негіздеу, оны
ғылыми-әдістемелік нұсқаулар негізінде жетілдіру.
Зерттеудің болжамы: егер, өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби
бағыттылығын қалыптастыру теориялық тұрғыдан айқындалып, студенттердің
өзіндік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттары анықталып және сол
шарттарға сәйкес ұйымдастырылса, өзіндік жұмыс түрлері әрбір тақырып
мазмұнына сай алынып, оларды ұйымдастыру тиімді әдіс-тәсілдер арқылы
тәжірибеге ендірілсе, онда бүгінгі қоғамға қызмет ететін білікті және
бәсекеге қабілетті мұғалім мамандары даярланады, өйткені бұл қазіргі білім
беру саласындағы қоғамдық сұраныс.
Зерттеудің міндеттері.
1.Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын
қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу.
2. Өзіндік жұмыстар арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын
қалыптастырудың мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайын анықтау.
3.Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын
қалыптастырудың педагогикалық шарттарын айқындау.
4.Студенттердің өзіндік жұмысы арқылы кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
әдістемесін жасау, оны тәжірибелік-эксперименттен өткізу, қорытындысын
шығару.
Зерттеудің жетекші идеясы. Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби
бағыттылығын қалыптастыру қазіргі заман талабына сай білікті мамандардың
кәсіби даярлығын жетілдіре түседі.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері: әрекет, еңбек
әрекеті, жеке тұлға теориялары, кәсіптік еңбек әрекеті туралы философиялық,
әлеуметтанушылық, психологиялық тұжырымдар; біртұтас педагогикалық үдеріс
теориясы; тұлғаны дамытудағы әрекеттілік қатынастың психологиялық
тұжырымдамасы; кәсіптік білім беру мазмұнын құрудағы қазіргі кездегі
тұжырымдамалар; кәсіби білім беру технологиялары саласындағы зерттеулер.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:
- өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
теориялық тұрғыдан негізделді;
- өзіндік жұмыстар арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын
қалыптастырудың мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайы анықталды;
- өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын
қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалды;
- студенттердің өзіндік жұмысы арқылы кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
әдістемесі жасалып, тәжірибелік-эксперименттен өткізілді.
Зерттеудің көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың,
педагогтар мен психологтардың, әдіскерлердің еңбектері; Қазақстан
үкіметінің ресми құжаттары, ҚР Білім туралы Заңы, білім беру саясатының
тұжырымдамасы, ҚР-да білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға дейінгі
мемлекеттік бағдарламасы, ҚР-ның 2015 жылға дейінгі білім беру
тұжырымдамасы, ҚР-сы Білім және Ғылым министрлігінің жоғары кәсіптік білім
беру бағдарламалары, мемлекеттік стандарттар, оқу жоспарлары мен
бағдарламалары, білім беру саласын ақпараттандыру тұжырымдамасы мен
бағдарламасы; педагогика, психология, ақпараттық технологиялар мен
телекоммуникациялар саласындағы ғылыми еңбектер; кредиттік оқыту жүйесіне
қатысты материалдар, озық тәжірибелер, сонымен бірге диссертанттың
педагогикалық және зерттеушілік іс-тәжірибесі.
Зерттеудің әдістері: ғылыми әдебиеттер мен бағдарламалық-әдістемелік
құжаттарға теориялық талдау жасау, теориялық моделдеу, мектеп құжаттарын
зерделеу, диагностикалық әдістер (сауалнама, сұхбат, бақылау, тестілеу),
педагогикалық іс-тәжірибені талдау, тұжырымдау, жинақтау, педагогикалық
эксперимент, математикалық-статистикалық тұрғыда өңдеу.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
1. Студенттердің өзіндік жұмысы мүдде-мақсаттардан, яғни жәй білім
игеру, ептіліктер мен дағдылар иелену, сондай-ақ шығармашылық пен ғылыми-
ақпараттық іс-әрекеттерді меңгеруден - болашақ мұғалімдерді іштей және
сырттай өзін-өзі ұйымдастыра білуге, қабылданған ақпаратпен белсенді-
жасампаздық қатынас жасауға, өзіндік білім жетілдірудің жеке дара бағытын
түзе алу қабілетін дамытуға жетелейді.
2. Өзіндік жұмыс болашақ мұғалімдердің кәсіби білімдерін жетілдіріп
қана қоймайды, ол кәсіби бағыттылықты қалыптастырудың жетекші құралы болып
табылады, өйткені, ол оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттырып білікті,
шығармашыл, белсенді мұғалімдерді даярлауға септігін тигізеді.
3. Педагогикалық шарттар а) оқу үдерісін қажетті ресурстармен
қамтамасыз ету материалдық-техникалық және ақпараттық базаның талапқа сай
болуы; СӨЖ көлемінің нормативті талаптарға сәйкес болуы); ә) студенттердің
аудиториядан тыс жұмыс әдістемесін ұйымдастыру; б) студенттің оқытушымен
қарым-қатынас үдерісінде белсенділігін, қызығушылығын және өздігімен білім
алуға ұмтылысын арттыру жұмыстарын ұйымдастыру; в) болашақ мұғалімнің
пәнге қызығу мотивациясы; г) оқу үдерісін шығармашылық үдеріске айналдыру
мақсатында болашақ мұғалімді қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз
ету; д) ОБСӨЖ-ын және СӨЖ-ын тиімді ұйымдастыру шараларын бақылау) өзіндік
жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырады.
4. Студенттердің өзіндік жұмысы арқылы кәсіби бағыттылығын
қалыптастыру әдістемесі оларды кәсіби білімді меңгеруге байланысты
өздігімен дербес, шығармашылықпен орындалатын кәсіби іс-әрекетке
бағыттайды.
Зерттеудің нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі зерттеу
проблемасын жан-жақты әдіснамалық және теориялық талдаумен, педагогикалық
зерттеудің логикасымен, зерттеу барысында педагогика әдіснамасының
талаптарының сақталуымен, зерттеу мақсаты мен міндеттеріне сәйкес әдіс-
тәсілдерді жүйелі түрде нақты қолдануымен, эксперимент бағдарламасының
педагогикалық мақсатқа сәйкестігімен, олардың тиімділігінің эксперимент
жүзінде тексерілуімен қамтамасыз етіледі.
Зерттеудің практикалық мәнділігі. Зерттеудің нәтижелері бойынша жоғары
оқу орнының студенттеріне арналған “Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің
кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың маңызы, мүмкіндігі мен қазіргі
жағдайы”, “Болашақ мамандардың кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда
студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың теориялық мәселелері” атты оқу-
әдістемелік құралдары даярланған. Педагогикалық шеберлік және Мектепке
дейінгі педагогика тарихы пәндерінен оқу-әдістемелік кешен жасалған.
Зерттеу бойынша дайындалған оқу-әдістемелік құралдар жоғары оқу
орындарында мектепке дейінгі ұйымдарға мамандар даярлайтын факультеттердің
оқу үдерісінде, балабақша тәрбиешілеріне, мұғалімдер білімін жетілдіру және
мұғалімдерді қайта даярлау мекемелерінің жұмыстарында пайдалануға болады.
Зерттеудің кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2004-2006 жылдар) зерттеу проблемасы теориялық тұрғыда
қарастырылып, материалдар жүйеге келтірілді; ғылыми аппарат айқындалып,
студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың психологиялық,
педагогикалық тұғырлары сараланды. Білім мазмұнын айқындайтын мемлекеттік
құжаттар сараланып негізге алынды. Айқындаушы эксперимент жүргізілді.
Екінші кезеңде (2006-2008 жылдар) оқу жоспарлары, бағдарламалар,
әдістемелік әдебиеттер талданып, оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімді әдіс-
тәсілдері айқындалды. Педагогикалық мамандық шеңберінде жалпы кәсіби
даярлау тиімділігін арттыруға бағытталған оқу үдерісін ұйымдастырудың
тәжірибелік-педагогикалық жұмыс мазмұны негізделді. Қалыптастыру
эксперименті жүзеге асырылды.
Үшінші кезең (2008-2009 жылдар) зерттеу нәтижелерін, эксперимент
жұмысын түйіндеуді, өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын
қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми тұрғыда негізделген
тұжырымдары мен қағидаларды белгілеуді, зерттеуді қорытындылауды қамтиды.
Эксперименталды–қорытындылау жұмыстары жүргізілді.
Зерттеу базасы. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті,
І.Жансүгіров атындағы Талдықорған мемлекеттік университеті және Қорқыт ата
атындағы мемлекеттік Қызылорда университеті.
Зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру тәжірибелік-
эксперимент жүргізу барысында іске асты және халықаралық ғылыми-теориялық,
ғылыми-практикалық, ғылыми-әдістемелік конференцияларда баяндалды, зерттеу
жұмысының мазмұны 19 еңбекте: жарияланған мақалаларда, оқу-әдістемелік
құралдарда, бағдарламаларда көрініс тапты.
Зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру:
Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері Халықаралық (Москва 2006,
2007; Алматы 2003, 2004, 2005, 2006, 2007, 2008, 2009; 2010; Ташкент 2008;
Бішкек 2009) ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференцияларда және
Қазақ қыздар мемлекеттік университетінде, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университетінің, І.Жансүгіров атындағы Талдықорған мемлекеттік
университетінің кафедра мәжілістерінде, ғылыми-әдістемелік семинарларында,
сонымен қатар мерзімді ғылыми-педагогикалық басылымдарда, бағдарламаларда,
жинақтарда, оқу-әдістемелік құралдарда, оқу-әдістемелік кешендерде,
силлабустарда көрініс тапты. Зерттеу нәтижелері жоғары оқу орындарының оқу-
тәрбие үдерісінің тәжірибесіне ендірілді.
Диссертация құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, объектісі, пәні, мақсаты,
міндеттері, әдіснамалық және теориялық негіздері, зерттеу көздері,
әдістері, негізгі кезеңдері, қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар, ғылыми
жаңалығы мен теориялық және практикалық мәні, нәтижелердің дәлелділігі мен
негізділігі көрініс алады.
Студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда өзіндік жұмысты
ұйымдастырудың теориялық негіздері атты бірінші бөлімінде
өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың
теориялық негіздері, студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда
өзіндік жұмыстардың мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайы, өзіндік жұмыс арқылы
студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
қарастырылады.
Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруды педагогикалық тұрғыдан
негіздеп, бұл мәселенің зерттелу тарихына талдау жасалды.
Өзіндік жұмыстар арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын
қалыптастырудың әдістемесі атты екінші бөлімде өзіндік жұмыс арқылы
студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру мазмұны, әдіс-тәсілдері
анықталып, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері көрсетіліп,
әдістемесі ұсынылады.
Қорытындыда теориялық және практикалық зерттеу нәтижелері бойынша
тиісті тұжырымдар және ұсыныстар, зерттеу келешегі көрсетілді.

1 ӨЗІНДІК ЖҰМЫС АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БАҒЫТТЫЛЫҒЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Студенттердің кәсіби бағғыттылығын қалаптастырудың теориялық
негіздері

Қазақстан Республикасында соңғы жылдар шеңберінде болып жатқан білім
беру жүйесіндегі реформаларға, әсіресе жоғарғы мектепке қатысты
реформалардың нәтижесіне елдің болашағы тәуелді. Бүгінгі күнде біз
қазақстандық білім беру жүйесінің модернизациялануы сияқты күрделі
процестің қатысушысы болып отырмыз. Яғни, Жоғарғы мектепті дамытудың
прогрессивті моделін енгізу, оның дамуының бағаналы жолдарын табу бүгінгі
күннің өзекті мәселесі. Осы тұрғыда, жоғарғы білімнің қалыптасуы мен
дамуына ықпал ететін әлеуметтік мәдени фактордың мәні орасан зор.
Жаһандану процесі әлемді өз қағидаларымен қамтып жатқанда, әрбір
дамушы, экономикасы толық тұрақталмаған елдер өз мәдениетін, әдет-ғұрпын
сақтап қалуға, оны ұрпақтан ұрпаққа беруге мұқтаж. Осы жердегі біздің
мақсат жоғарғы білімнің қалыптасуына әсер етпей қоймайтын әлеуметтік мәдени
факторлардың дұрыс жолды таңдап, ұлттық мүдде мақсаттарды көздей отырып
әрбір жаңалықты тек керегінше қабылдау.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы [96] Қазақстан Республикасы Президентінің
2004 жылғы 19 наурыздағы Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге
қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін атты Қазақстан
халқына Жолдауына [97], Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4
желтоқсандағы № 735 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010
жылға дейінгі Стратегиялық даму Жоспарына [98] сәйкес әзірленді. Бағдарлама
білім беру саласындағы Мемелекеттік саясаттың Стратегиясын, негізгі
бағыттарын, басымдықтарын, міндеттерін және оны іске асыру тетіктерін
айқындайды, әрі Қазақстан Республикасының заңнамасына, білім беру жүйесін
басқару мен қаржыландыруға, құрылымы мен мазмұнына, кадр саясатына мен
әлеуметтік саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз болып
табылады.
Осы Бағдарламаны әзірлеу жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени
жағдайларда казақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру
сапасын арттыруға, Стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі
қайта өзгертулердің қажеттігінен туындады.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30
қыркүйектегі № 448 Жарлығымен бекітілген Білім Мемлекеттік бағдарламасын
(бұдан әрі – Білімң бағдарламасы) іске асырудың нәтижелерін талдау
негізінде әзірленді.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық
экономикалы мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде
еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай
өсуге қол жеткізді.
Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен
ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам
ресурстарының ролі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі
өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына
барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіктеріне сай болуды талап
ете отырып әсерін тигізеді.
Қазақстандық жоғары білім берудің стратегиялық міндеті ұлттық білім
беру жүйесінің жетістіктерін сақтай отырып оны әлемдік білім беру
үдерісінің қазіргі заманғы болашағы бар бағыттарына сәйкес келтіру болып
табылады. Бұл екі үдерістен: ұлттық білім беру жүйесін жетілдіру мен
әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасуды жүзеге асырудан тұрады. Білім
беру жүйесін дамытудың стратегиялық басымдықтарын анықтау мақсатында,
жоғары мектепте оқу үдерісін ұйымдастыруды түбегейлі өзгертуге байланысты
қазақстандық көпдеңгейлі үздіксіз білім беру үлгісін қалыптастыруға
мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасының білім беруінің 2015 жылға дейін
даму тұжырымдамасы [99], Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы [100] жасалынды. Онда
білім беруді дамытудың негізгі бағыттары ретінде мамандардың білім сапасын
арттыру, оларды даярлаудың жаңа бағыттарын мен инновациялық дамуын
қамтамасыз ету, ғылыми-зерттеу жұмыстарының ықпалдастығы, ғылыми
зерттеулерді қоғам сұранысымен тығыз байланыстыру, білім беру және
ақпараттық технологияларды жетілдіруді көрсетеді.
Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру жүйесіне ену процесі 2003
жылдан бастап еліміздің оқу орындарында кредиттік оқыту технологиясын
ендіруден басталды. Бұл әлемдік және отандық білім беру тәжірибесінің
ықпалдасуы ғана емес, олардың өзара толығу үдерісі де болып табылады. Осы
үдерістің алдындағы Қазақстанның Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты
біліктіліктерді тану туралы Лиссабон Конвенциясына [101] және Жоғары
білімнің еуропалық аймағы туралы Болон декларациясына [102] қосылуы, ҚР
Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктілікті тану туралы
Конвенцияны ратификациялау туралы Заңы [103] кредиттік оқыту
технологиясының ендірілуіне жол ашты. Кредиттік оқыту жүйесін ендіру және
оқыту жүйесін жетілдіру әлемдік жоғары білім беру тәжірибесін, оның ішінде
еуропалық аймақтағы жоғары білімге қатысты біліктіліктерді тану туралы
Лиссабон Конвенциясы және Болон декларациясы сияқты материалдарды зерттеуді
қажет етеді.
Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру жүйесінің дамуын талдау онда кредиттік білім беру
жүйесіне негізделген, кадрлар даярлаудың үш сатылы үлгісінің кең тарағанын
көрсетеді: бакалавриат-магистратура-докторанту ра. Бұл үлгі АҚШ
университеттерінде және Еуропаның көптеген елдерінде қолданылады. Ол
неғұрлым икемді де тиімді болып табылады, академиялық ұтқырлықты және
еңбек нарығының тез өзгеріп тұрған шағында түлектерге деген сұранысты
қамтамассыз етеді.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған Мемлекеттік Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттарында Оқу
процесін ұйымдастырудың дәстүрлі жүйесінің орнына оқытудың кредиттік жүйесі
енгізіледі, ол оқитындардың өз бетінше белсенді жұмыс істеуін
ынталандырады, жеке білім бағытын таңдаудың болуын, ұтқырлығын,
бакалаврлардың, магистранттардың және докторанттардың академиялық
еркіндігінің үлкен дәрежесін қамтамасыз етеді, білім туралы құжаттардың
әлемдік білім беру кеңістігінде танылуына әсер етеді [ 47-50] - делінген.
Кредиттік оқыту жүйесінің Қазақстанға ендірудегі алғашқы тәжірибелер
оқу процесінде студенттің өзіндік жұмысын белсендірудің қажет екендігін
көрсетті. Аудиториялық сағаттардың қысқарып, енді білімді игертуде негізгі
салмақтың өзіндік жұмысқа түсуі студенттерде өз бетімен білім алу, өзін-өзі
дамыту қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің дәстүрге айналған жыл сайынғы
Қазақстан халқына Жолдауларында бірінші кезектегі міндет ретінде ұлттың
бәсекеге төтеп беруге қабілеттігінің факторы ретінде білімділік деңгейін
көтеруді қояды. Кредиттік оқыту жүйесінің Қазақстанның жоғары оқу
орындарында ендіру процесі шетелдік тәжірибені зерттеу, салыстыра талдау
және жинақтау арқылы, білім сапасын төмендетпей, ұлттық менталитетті ескере
және қолда бар жасалғандарды тиімді қолдана отырып білім беру жүйесіне
түбегейлі өзгерістер енгізуді талап етті. Осыған орай, білім берудің
парадигмалары өзгерді.
Қазақстан Республикасында ұлттық білім беру ұйымдарында білім
алушылардың және профессор-оқытушылар құрамының икемділігін қамтамасыз ету,
сондай-ақ білім беру сапасын арттыру, жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі кәсіптік білім берудің барлық деңгейлері мен сатыларының
сабақтастығын қамтамасыз ету үшін мамандарды үш деңгейде даярлау: бакалавр
– магистр – доктор біртұтас кредиттік оқытудың жүйесі бойынша жүргізіледі.
Дәстүрлі сызықты оқыту жүйесінен білім беру үдерісін білім алушының
өздігінен жоспарлауына мүмкіндік беретін, сызықты емес жүйелердің бірі
болып табылатын кредиттік оқыту жүйесіне өту еліміздің жоғары мектеп
жүйесінде бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.

Кредиттік оқыту жүйесінің дәстүрлі сызықты оқыту жүйесіне қарағанда
ерекшеліктері:

– дәстүрлі жүйеде оқытудың мақсаты ақпарат пен нақты білім беру болса,
жаңа жүйеде нақты білімнің негізінде білім алушының шешім қабылдай білу
дағдыларын дамыту, яғни шығармашылық әрекет пен өздігінен танып-білуді және
кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру;
– білім алушылардың оқу жоспарындағы пәндерді таңдаудағы көп еркіндігі,
әр студенттің өз жеке оқу жоспарын жасауға тікелей өзі қатысуы, оқыту
бағдарламасының икемділігі және таңдау курстарының көптігі;
– студенттердің оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі;
– студент-оқытушы қарым-қатынасының субъект-субъект болып өзгеріп,
оқытушының ұйымдастырушылық және қосалқы рөл атқаруы;
– пән таңдауда, оқу траекториясын таңдауда студенттерге көмектесетін
академиялық кеңесшілердің енуі;
– оқу үдерісін ұйымдастыруда факультеттердің еркіндігі, оқу үдерісін
қажетті әдістемелік материалдармен (баспа және электронды) қамтамасыз ету
қажеттігі;
– әр студенттің эдвайзер көмегімен оқу пәндерін меңгеру үшін білім беру
траекториясын таңдау арқылы оқытудың жекелендіруі;
– студенттің өзіндік жұмысының үлесінің артуы, оның оқытушы қатысуынсыз
жүретін студенттің өзіндік жұмысы және оқытушы жетекшілігімен жүргізілетін
студенттің өзіндік жұмысы болып бөлінуі;
– игерген білім сапасының емтиханда бағаланып, сынақтың болмауы;
– оқу мотивациясының артуы, шетелде оқу мүмкіндігі, алған білімді басқа
елдегі оқу орнының академиялық мойындау кепілдігі;
– оқытуда интерактивті әдістердің кеңінен қолдану мүмкіндігі;
– білім деңгейінің нақтылығы, баға жүйесінде дәстүрлі бағалаудан өзгеше
жинақталатын сынақтық жүйенің енгізілуі және дәстүрлі бағалау жүйесіне
аудару механизмінің болуы, бағалаудағы ерекшеліктер жатады.
Оның басты ерекшелігі – әр пән бойынша студенттер мен оқытушылардың
еңбегін бағалау үшін сынақ бірлігінің (немесе кредиттер жүйесінің)
енгізілуі. Ал оқу пәндерін студенттердің меңгеруін бағалау үшін міндетті
түрде балдық-рейтингтік жүйе қолданылады.
Кредиттік оқыту жүйесінің мәселелерін зерттеушілер оның Қазақстан
Республикасында оқытудың кредиттік жүйесі 20 ғасырдың 90 жылдардың
ортасында қалыптаса бастады. Бұл оқыту жүйесін зерттеу және игеру барысында
оның төмендегідей артықшылықтары айқындалды:
– оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бірыңғайлау арқылы студенттердің
икемділігін арттыру;
– студенттер мен жұмыс берушілердің оқу жоспарларын жасауға қатысуы;
– оқыту формалары мен әдістерін таңдауда;
– халықаралық аккредитацияда белсенді түрде қатыса алуы айқын болды.
Оқытудың кредиттік жүйесі бойынша жоғарғы оқу орындарының негізгі
қызметі:
- еңбек және технология нарығының өзгермелі талаптарына үласа
алатын терең білімді жаңа формациядағы маманды дайындау;
- оқыту процесін демократияландыру арқылы сапалы білім беру
қызметін ұсынуға бағытталған ЖОО бүкіл жүйесін ынталандыру
жүйесін күшейту;
- элиталық ЖОО дамыту үшін объективті жағдайларды құру,
кейбір ЖОО халықаралық акредитацияны өтуге дайындау.
- сапалы білім алуға студенттер құқығының ұлғайтылуы.
Оқытудың кредиттік жүйесінің ең басты ерекшелігі: студенттің өзіндік
жинауына және оптималды шешімдерді қабылдауға, дағдарыстық жағдайлардан
шығуға бағытталған.
Көптеген қазақстандық жоғары оқу орындары алдыңғы қатарлы шетелдік
университеттермен халықаралық байланыстарды кеңейтіп, халықаралық жобалар
(Еуроодақ арқылы қаржыландырылған бірқатар пилоттық жобалар) мен
бағдарламаларға қатысты. Бұл оқу мекемелерінің ұжымдарына кредиттік оқыту
жүйесінің ережелерін ескере отырып білім беру үдерісін ұйымдастыруды
белсендіруге ықпал етті.
Кредиттік технология бойынша оқу процесін ұйымдастырудың негіздері
Н.Асанов [104], Г.К.Ахметова [105], К.Уразаева [106], А.Атыханов [107],
С.Ә.Әбдіманапов [108], М.И.Жамбек [109], Г.Ж.Меңлібекова [110],
Ж.Д.Дадабаев [111], Д.Дейвис [112], О.М.Карпенко [113], К.Қабдыкерімов
[114], А.А.Құсаинов [115] еңбектерінде қарастырылды. Кредиттік жүйені
ендіруде шетел тәжірибесін ескеру қажеттігіне Х.Рахимбектің [116], оқу
орындарында кредиттік жүйені ендіруге байланысты атқарылған шаралар мен
мәселелерге Н.И.Гайнуллинаның [117], К.Ж.Омарованың [118] еңбектерін атауға
болады.
Белгілі ғалымдар А.Чучалин [119] мен О.Боев [120] кредиттік жүйенің
мәнін білім беру бағдарламаларының мазмұнын сандық бағалау жүйесі ретінде,
ал рейтингтік жүйені оны игерудің сапасын сандық бағалау жүйесі ретінде
түсіндіреді.
Кредиттік оқыту жүйесі – даралану, білім беру траекториясының
таңдамалылығы және білім ауқымын кредиттер түрінде есепке алу негізінде өз
бетінше білім алу және білімді шығармашылықпен игеру деңгейін арттыруға
бағытталған білім беру жүйесі.
Кредиттер жүйесі тек қана қолданысымен ғана емес, кредит ұғымының
анықталуы және оған деген көзқарас жағынан да бір-бірінен ерекшеленеді.
Кредиттік-сынақ жүйелері негізінен кредит ұғымы мен анықтамасын білім
беру бағдарламасын немесе оның бөлігін игеруге кеткен еңбек шығынын
бағалаудың бірлігі ретінде қарастырады.
Кредиттік-жинақтау жүйелері кредитті негізінен білім беру
бағдарламаларын игерудің нәтижесін, яғни алған білім, білік және дағдыларды
бағалау бірлігі ретінде анықтайды.
Кредит ұғымы оқушының оқу жұмысының көлемін анықтайтын өлшем бірлігі
дегенді білдіреді. Алғаш рет білім беру саласында кредиттік оқу жүйесін
1869 жылы Гарвард университетінің президенті Чарльз Элиот енгізген болатын.
Бұл жүйе Америкада білім сапасын жетілдіру мақсатында мектептен бастап
жоғары оқу орындарына дейін қолданыс тауып отыр.
Оқудың кредиттік жүйесі – оқушыны өз бетінше, шығармашылық негізде
білім алуды өз жағдайына бейімдеп оқытатын технология. Сонымен қатар бұл
жүйенің дәстүрлі классикалық жүйеден негізгі айырмашылығы: оқушылардың өз
бетінше жұмыс жасау бейімділігін дамытады.
Өзіндік жұмыстарға негізделген кредиттік жүйенің негізгі бағыттарын
төмендегі 1 суреттен көруге болады:

Сурет 1

Кредит сағаты деп бүкіл оқу үрдісі кезінде өтетін сабақпен қатар
жүретін студенттің орындайтын өзіндік жұмыстарына кететін уақыттардың
қосындысына тең шаманы айтады.
Кредиттік оқыту жүйесі сабақты жекелей жоспарлау негізінде өздігінен
білім алудың және жекелендіру арқылы білімді шығармашылықпен игеру арқылы
оқу процесін ұйымдастырудың ерекше тәсілі болып табылады. Ол әлемдік
стандартқа сай білім беруді қамтамасыз етуге, барынша сапалы білім беру
арқылы біліктілігі жоғары және еңбек нарығында бәсекелестікке төтеп бере
алатын мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.
Бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудың өлшемінің көрсеткіштері ЖОО
түлегінің динамикалық өзгеретін ортаға тез бейімделе алуы, түлектің жаңа
мамандықтарды меңгеруге уақыт пен күш шығармай еңбек ете алатын сабақтас
салалардың саны, дұрыс басқару шешімдерін қабылдау қабілеті және жүйелі
түрде басқару дағдысының болуымен анықталады.
Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы кредиттік жүйенің ендірілуі
әлемдік білім беру саласындағы беталыстарды ескеруді, шет елдердегі бұл
жүйенің тәжірибесін зерттеуді және жинақтауды қажет етеді.
Әлемдегі оқу орындарында қолданылып жүрген кредиттік жүйенің үлгілері
бірнеше типке бөлінеді. Оларды 2− суреттен көруге болады:

Сурет 2

Ресей, АҚШ пен Еуропа елдеріндегі білім беру жүйелерінің құрылымы,
дәрежелері, деңгейлері мен оқу орындарының аталуы ғана емес, ондағы бағалау
жүйелері, әр академиялық деңгейдегі студенттердің жинайтын кредиттерінің
саны мен оқу апталары, оқу мерзімі жағынан да әртүрлі болып келеді.
Кредиттік жүйе бойынша оқытушы өз бетінше жоғары деңгейдегі әдістемелік
және дидактикалық материалдар кешенін өңдеп, оқытудың интерактивті тәсілін
қолдануға ұйымдастырушылық қабілетімен ізденіс арттыруға дайын болуы қажет.
Әрине, жоғары мектептің кредиттік жүйеге көшуі бір күнде шешілетін мәселе
емес. Ол аса зор еңбекті талап етеді. Ал жүйеге көшпеу – заман талабынан
қалып қою, бірте-бірте білім аясынан шеттеу деген сөз.
Кредиттік оқыту жүйесінде студенттермен жұмыс жасауда оқытушы
таныстырушы (студенттің оқу материалын өздігінен ары қарай алып кетуіне
қажетті жұмыс жағдайын жасау), бақылаушы-түзетуші (өзіндік жұмыстың
жүргізілуіне, орындалуына бақылау жасау), бағалаушы және сарапшы-
консультант функцияларын атқарады, оның рөлі мен ұстанымы– ұйымдастырушылық
және қосымша болады.
Қазіргі жағдайларда кредитті оқу жүйесінде студенттер екі типті зерттеу
жұмыстарына қатысады: оқу және ғылыми. Олардың арасында сәйкестіктер және
айырмашылықтар бар. Сипаты бойынша зерттеудің екі типінің де ғылыми болып
табылатындығы екеуіне ортақ белгі. Алайда олар жоғары оқу орнының өмір сүру
әрекетінде әртүрлі рөл атқарады, ұйымдастыру әдістерімен ерекшеленеді. Оқу
және ғылыми жұмыстардың маңыздылығы өткізілген зерттеудің, теориялық
материал және практикалық қорытындылардың тереңдігімен анықталады.
Кредиттік оқыту жүйесіне сай студенттердің оқу әрекеті төменгідей болып
келеді:
Студенттердің оқу-зерттеу жұмысы (СОЗЖ). Жоғары оқу орнының оқу
жоспарымен қарастырылған, басым көпшілігі жоғары курстарда жүзеге асады,
міндетті сипатқа ие, бес балдық жүйе бойынша бағаланады. Жоғары оқу
орнындарында СОЗЖ келесі формалары қабылданған: курстық жұмыстар; дипломдық
жұмыстар;СОЗЖ (жекелеген жоғары оқу орнындарында).
Курстық жұмыстар көбінесе ІІІ-ІV курстарда жетекші оқу пәндері бойынша
орындалады. Бұл теориялық немесе тәжірибелік-эксперименттік сипатқа ие
алғашқы өзіндік ғылыми зерттеу жұмысы. Егер І курс студенті ғылыми
үйірмелердің бірінде жұмыс атқарса, оның үйірмелік жұмыс тақырыбы оқу
курстық жұмысқа алмасуы мүмкін. Бұл жағдайда курстық жұмыс тұрақты және
фундаментальды сипатқа ие болады. Студентттер СОЗЖ-ның бұл түрін сәйкес
кафедралар белгілейтін оқытушылар басқармасымен орындайды. Олар курстық
жұмысты қорғау үшін кішігірім комиссия құрайды. Курстық зерттеуді жүргізе
отырып, студенттер ғылыми әдебиетпен жұмыс істеуді, таңдалған проблеманың
өңделуін зерттеуге үйренеді.
Студенттердің оқу-зерттеу жұмысы мазмұны және мәні бойынша сипаты
әртүрлі. Бір қатар жағдайларда курстық жұмыс дипломдық жұмыстың бір бөлімі
болып, зерттеуді жоғары деңгейде жүргізуге талпыныс береді. Дипломдық жұмыс
кейбір жоғары оқу орнындарында СОЗЖ-ның міндетті формасы болып табылмайды,
мамандыққа қойылатын талаптарға сәйкес олар орындалмай, мемлекеттік
емтихандармен алмастырыла алады. Дегенмен техникалық жоғары оқу
орнындарында оқу жоспарына міндетті түрде дипломдық жобаны дайындау да
кіреді.
Шығарып жатқан кафедра оқытушыларды дипломдық жұмыс иегерлерін ғылыми
басқаратын оқытушыларды белгілейді. Олар студентке тақырып таңдауға,
дипломдық жұмыстың құрылымын жасауға, дипломдық зерттеуді өткізу жоспарын
орындауға көмектеседі. Дипломдық жұмыс тақырыбы және ғылыми жетекші сәйкес
кафедрамен, сонымен бірге факультет кеңесімен бекітіледі. Дипломдық
жұмыстың орындалуы 2-3 жыл ішінде орындалады және бір қатар сатылардан
өтеді:
- зерттеуге дайындық;
- зерттеуді өткізу;
- зерттеу нәтижелерін талдау және өңдеу;
- жұмысты жазу әдебиеттік рәсімдеу;
- дипломдық жұмысты қорғау.
Студенттер тақырыптың өзектілігін, оның ғылым үшін мәнін және
тәжірибеге қажеттігін анықтау, таңдаудың дұрыстығын негіздеу қажет. Одан
кейін олар зерттеу мақсатын қалыптастырып, оның объектісі және пәнін
анықтайды, зерттеу мақсаттарын қояды. Содан кейін әдістерді таңдап, базаны
анықтап, зерттеу бағдарламасын өңдеу керек.
Дайындалған дипломдық жұмыс рецензияланып, алдын ала апробациядан
(алдын ала қорғау) өтеді және кафедра шешімі бойынша қорғауға жіберіледі.
Қорғау барысының өзі мемлекеттік емтихандық комиссияның ашық отырысында
жүзеге асады.
Кейде дипломдық жұмыс материалдары практикаға енгізіледі. Бұл
студенттердің жүргізген зерттеу жұмыстарының жоғары деңгейін және оның
ғылыми-практикалық мәнін дәлелдейді. Студенттер дипломдық жұмысын
дайындағанда үйірмелердегі ғылыми әрекетіне немесе курстық жұмыстарына
жүгінсе, олардың ғылыми мүмкіндіктері кеңейеді.
Көптеген жоғары оқу орындарының, әсіресе, педагогикалық кескіннің
оқытудың университеттік үлгіге көшуі дипломдық жұмыс мәртебесін көтеруге
әкеледі.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмастары (СҒЗЖ). СОЗЖ-на қарағанда,
зерттеудің бұл түрінің міндетті сипаты жоқ, ерікті түрде І курста жүзеге
аса алады. Ғылыми әрекетпен айналысып жүрген студенттер студенттік ғылыми
қоғамына (СҒҚ) бірігеді. Бұл аталған бағыттағы студенттермен жұмысты
ұйымдастырушы және орталығы. СҒҚ ғылыми негіздердің жұмысын бақылау және
қадағалауды жүзеге асырады, жаппай ғылыми шараларды - конференцияларды,
семинарларды, олимпиадаларды, ғылыми мектептерді дайындайды және жүргізеді.
СҒЗЖ барлық формаларын ғылыми басқаруды жоғары оқу орындарының
оқытушылары жүзеге асырады. Олар ғылыми үйірмелер мен клубтарды
қалыптастырады, олардың өзектілігін анықтайды; студенттік баяндамаларды
ғылыми конференциялар, семинарлар, симпозиумдарға таңдайды және
рецензиялайды; секцияларды және дискуссияларды басқарады; студенттерге
ғылыми зерттеу әдістерін үйренуіне, тәжірибе жүргізуге көмектеседі;
студенттердің ғылыми жұмыстарының жинағын дайындайды.
Әдетте студенттер жетекші оқытушылар айналасында І, ІІ курстан бастап
топталады. Олар өз жетекшісінің ғылыми зерттеу тақырыбына енгізіледі.
Сөйтіп әртүрлі курстар студенттері, сонымен бірге магистранттар мен
аспиранттар қатыса алатын ғылыми мектеп құрылады.
Қазіргі университетте СҒЗЖ-ның әртүрлі формалары қызмет етеді: ғылыми
үйірме; ғылыми клуб; студенттік ғылыми лаборатория; ғылыми конференциялар,
семинарлар, симпозиумдар; оқу пәндері бойынша олимпиадалар; студенттердің
ғылыми жұмыстарының жарыстары; жазғы ғылыми мектептер; студенттік
конструкторлық бюро; зерттеулердің келесілген тақырыптары.
Ең кең тараған және тұрақты формасы болып белгілі бір пән бойынша
ғылыми үйірме табылады. Үйірмелер кафедра шешімімен құрылады, оларды
доценттер немесе профессорлар басқарады. Үйірмеге әртүрлі курс студенттері
қатыса алады. Біреулері шығармашылық педагогикалық эссе, басқалары ғылыми
рефераттар жазады, үшіншілері тәжірибелік жұмыс өткізсе, төртіншілері
ғылыми зерттеу нәтижелері туралы баяндамалар дайындайды. Біртіндеп
студенттер ғылыми ізденістің әртүрлі қырларын игереді.
Ғылыми зерттеулер студенттердің аналитикалық ойлау қабілетінің
дамуына әрекет етеді. СОЗЖ және СҒЗЖ болашақ оқытушы, кез келген маманның
шығармашылық тұлғасының қалыптасуында кең мүмкіндіктерге ие. СҒЗЖ-ның
әртүрлі формаларына үнемі қатысып тұратын студенттер магистрлер және
аспиранттар болып, ғылыми зерттеулерді жалғастырады.
Жоғары мектептің орта мектептен принципті ерекшеліктерінің бірі болып
студенттердің оқу-зертеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатындығы
болып табылады. Біріншісі оқу жоспарына енгізіліп, міндетті сипаты ие
болып, бес балды жүйемен бағаланса, екіншісі ерікті болып табылады. СОЗЖ
формалары мамандық бойынша оқу жоспарымен анықталады, ал СҒЗЖ формалары
алуан түрлі және сәйкес кафедрамен анықталады.
Қазіргі заман талабына сай педагог қадрларды даярлау жоғары оқу
орындарының міндетіне айналды.
Жоғары оқу орнының жұмысының нәтижесі – білім алушылардың кәсіптік
білім беру бағдарламалары бойынша білімдерінің сапасы, ал мамандарды
даярлаудың сапасының өлшемі – мемлекеттік білім беру стандартындағы
біліктілік талаптарға сәйкес анықталған теориялық дайындық деңгейі арқылы
бағаланатын маманның кәсіби құзыреттілігі.
Кәсіптік сапа - бұл Н.Д.Хмельдің, А.Е.Әбілқасымовалардың еңбектерінде
[71-72] саралап көрсеткендей, жеке тұлғаның теориялық және әдістемелік
бағыттылығы; психологиялық- педагогикалық, теориялық және практикалық
дайындығы; педагогикалық тұрғыдан алғанда біліктілігі: танымдық,
құрастырушылық, қарым-қатыныс, ақпараттық, ұйымдастырушылық. Қазіргі таңда
білім беруге қойылып отырған талаптарға сай кәсіптік сапаның ең бастысы
теориялық білімі және практикалық біліктілігімен қоса өзін-өзі басқару,
өздігінен білімін көбейті, өзін -өзі бағалау, жалпы алғанда өзіндік іс-
әрекеттің, өзіндік оқу әрекетінің басым болуы.
Кәсіптік сапа ұғымы кейінгі кезде кәсіптік құзыреттілік деп, түрлі
зерттеулерде оған осы тұрғыда анықтамалар беріліп жүр.
Құзырет – (лат. сompeteo – жетемін, сай келемін, жараймын) белгілі
бір сала бойынша білім, білік, дағдылардың, тұлғалық сапалардың жиынтығы.
Құзырет – білімге, тәжірибеге, құндылыққа, бейімділікке негізделген оқу
арқылы алған білім алушының жалпы қабілеті [126].
Құзыреттілік – қандай да бір салада өмірдегі немесе кәсіби міндеттерді
шешуге қолданылатын жинақталған қабілеттілік.
Белгілі ғалым Б.Т.Кенжебеков құзыреттілікті жоғары білімді маманның
кәсіби құзыреттілігі сол маманның жеке тұлға ретіндегі қасиеттерінің және
ішкі психикалық жағдайларының күрделі жүйесі, оның кәсіби қызметі мен
қабілетін іске асыру айындығына, былайша айтқанда, іскерлігі мен
мүмкіндігіне сай жұмыс істеу қажеттілігінен келіп шығады- деп анықтайды.
Ғалым өзінің диссертациялық еңбегінде: ...құзыреттілік дербес және
жауаптылықпен әрекет етуге, белгілі бір жұмысты орындауға қабілеттілік пен
икемдікті меңгеруге жол ашатын психологиялық ахуал, психологиялық
сапалардың қосылымы ретінде белгіленіп жүр- деп келеді де құзіреттілік
түрлерін сала-салаға бөліп қарайды.
Біз өз жұмысымызда кәсіби бағыттылық мәселесін қарастыра отырып, кәсіби
бағытты адам біртіндеп кәсіби құзыреттілікке жетеді. Бірақ бағыттылықты
құзыреттілікпен тепе-тең деп айту қиын. Кәсіптік бағыттылықта
шығармашылықпен жұмыс істеу, ізденуге талпыну, жаңаны бойына сіңіріп,
ақпараттарды пайдалану оны іс-әрекетке айналдыру қарқынының көтерілуі. Ал
кәсіби құзыреттілік болса, адамның еңбегінің нәтижесінен көрінеді.

Кесте 1 − Кәсіби құзіреттіліктің түрлері

Құзіреттіліктің түрлері Мазмұны
Арнайы құзыреттілік өзінің кәсіби іс-әрекетін жеткілікті дәрежеде
меңгеру, өзінің кәсіби қалыптасуын жобалай
білу;
Әлеуметтік құзыреттілік бірлесе (топпен, кооперативпен) кәсіби
іс-әрекетті атқаруды, ынтымақтасуды, сондай-ақ
осы кәсіпке қатысты қатысымды меңгеру;
өзінің кәсіби еңбегінің нәтижелері үшін
әлеуметтік жауапкершілік;
Жеке тұлға құзыреттілігі өзін көрсете білу мен қалыптастырудың
амалдарын, жеке тұлғаның кәсіби
деформацияларына қарсы тұру құралдарын игеру;
Дара құзыреттілік өзінің қабілетін жүзеге асыру және кәсіп
аясында өз даралығын қалыптастыруға
қабілеттілік, кәсіби тұрғыдан өсуге деген
дайындығы, өзінің даралығын сақтауға деген
қабілеті, кәсіби тұрғыдан қартаюға бой бермеу,
өз еңбеген артық уақыт пен күш жұмсамай – ақ
ұтымды ұйымдастыруға икемдігі, еңбекке
қиындықсыз, шаршаусыз, тіпті, сергу арқылы
нәтижеге жеткізу.
Ескертпе - (Б.Т.Кенжебеков) [31]

Зерттеушінің ғылыми тұжырымдарына ой жүгіртсек, құзыреттілікке жету бұл
өмір бойы маманның өз ісіне деген тынымсыз дайындығы, бағытты еңбегі,
тұрақты талпынысы арқылы жететін жоғары дәрежедегі кемелденген іс-әрекеті.
Мұндай дәрежеге жету үшін университет қабырғасынан бастап жүйелі түрде
жүргізілген дайындықтар мен адамның кәсібіне деген бағыттылығы қажет.
Сонымен қатар құзыреттіліктің жоғарыда айтылған түрлері бір адамның бойынан
табыла бермеуі де мүмкін. Бірақ педагогикалық тұрғыда жүйелі жүргізілген
оқу-тәрбие жұмысы арқылы жоғары оқу орындарында-ақ құзыреттіліктің іргесі
қаланатыны сөзсіз.
Оқытушының кәсіби құзіреттілігі қазіргі таңдағы білім беру жүйесіне
қойылып отырған талаптарды орындау негізінде қалыптасады. Бұл бітірушінің,
яғни студенттің күнбе-күн өзгеріп, дамып отырған ортада бәсекеге түсетін,
өзі кәсібіне және қоғам талабына байланысты мүмкіндігін көрсете алатын
тұлға дайындауға бағытталады. Олай болса, бұл тұлғаның болашақ кәсібіне
саналы қатысы, интелектуалдық, ізденушілік мәдениеті, өзін-өзі басқару
қабілеті, ақпараттық және қарам-қатыстық, сезімталдық мәдениеті
тұрғысындағы құзіреттілігі.
Құзіреттілік студенттің кәсіби сапасы болғандықтан, ол білім беру
барысындағы үнемі туындап отыратын қарама-қайшылықтардың негізінде
реттеледі. Мәселен, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру барысында студенттің
білімді қабылдауы мен бұрыннан жинақталған тәжірибесінің арасындағы,
сонымен қатар жаңаның ескіні жоққа шығаруы арасындағы қайшылықтар. Қабылдау
белсенді оқу әрекетінің нәтижесінде пайда болатыны белгілі. Соның
нәтижесінде бұрын меңгерген білімге енді жаңа деңгейдегі ұғымдарды
байланыстыру және оны дамыған қалпында қабылдау мәселесі туындайды. Бұл
оқытушы мен студенттің тең құқықты қарым-қатысқа түсетін педагогикалық
ортасында жүзеге асады.
Оқытушының құзыреттілігі оның бойындағы қалыптасқан жалпы мәдени
(дүниетанымдық), әдіснамалық (психологиялық-педагогикалық) және пәнге
бағытталған құзыреттерге байланысты болады.
Оқытушының кәсіби құзыреттілігінің көрсеткіші – оның кәсіби шеберлігі
мен өз кәсіби әрекетіне жауапкершілікпен оң қарауы. Ал, кәсіби шеберлік –
кәсіби білім мен біліктің, оны практикада және оқытудың жаңа жағдайларында
қолдана білудің жиынтығы.
Егер қазіргі таңда білім берудің нәтижесінің көрсеткіші ретінде
құзіреттілікке негізгі орын берілетін болса, студенттің оқытушыға керекті
құзіреттілігі осы өзіндік жұмыстарды орындау барысында жүзеге асады.
Сондықтан да өзіндік жұмыстың нәтижесінде болашақ педагог маманның қандай
құзіреттілігі қалыптасатынын педагогикалық эксперименттің нәтижесінде
анықтау мақсаты туындайды. Сонымен қатар, студенттің кәсіби бағыттылығы тек
білім алудың нәтижесі ғана емес, ол күнделікті әлеуметтік өмір
тәжірибесінен еңбек ету барысында, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау
нәтижесінде меңгеруі және оны іс-әрекетте пайдалануы арқылы да жүзеге
асады. Сондықтан да адамның жеке қасиеті теориялық білімі мен өмір
тәжірибесінің кірігуімен және өзі өмір сүріп отырған ортаға икемделуімен,
алған білімін қолдана білуімен айқындалады. Тұлға сапасын мен оның кәсіби
бағыттылығын бөліп қарай алмаймыз. Бұл екеуі бірін-бірі толықтыратын,
бірінен-бірі туындайтын үрдіс.
Кәсіби құзіреттілікті талдай келе байқағанымыз - құзыреттілікке жету
жолдарының ең бастысы, өз ісін жоспарлай білу, өздігінен шешім қабылдау,
теориялық және практикалық тұрғыда қисынды ойлау, алда тұрған жағдаятты
көре білу, күнделікті жаңа білі мен іскерлікті игеру екендігіне көз
жеткіземіз. Олай болса, бұл бірден пайда бола қалатын сапа емес. Бұл
студентті өздігінен жұмыс жасауға төселту нәтижесінде және оны олардың ішкі
түрткісіне негіздей отырып жүргізу арқылы біртіндеп қалыптастыруға
болатындығы айқын.
Жоғары кәсіптік білім берудің мақсаты нарықтық еңбек қажетіне сай
мамандарды даярлау болғандықтан, бұл Болон үдерісінің негізінде жатқан
қағидалармен, оның ішінде оның басты қағидаларының бірі білім беру сапасын
бақылаумен үйлеседі. Әрі сапаны бақылау оқыту мерзімі мен оқыту мазмұнына
емес, маманның кез келген еуропалық мемлекетте жұмыс істеуге даярлығына
негізделеді.
Оқытушы білім беру мен кәсіптік бағыт қалыптастырудың түрлі әдіс-
тісілдерін қолданып, жекебастың психологиялық, тұлғалық ерекшеліктерінің
ашылуына педагогикалық тұрғыда қолдау жасаса, студент өзінің керегіне қарай
оны қабылдап, іс-әрекет жасауға, меңгерген білімін қолдануға, қоршаған
ортамен қарым-қатысқа түсуге, осының негізінде кәсіби бағыттылықты
қалыптастыруға негіз қаланады.
Көптеген ғылыми еңбектерді талдай келе, тікелей ғылыми зерттеу
жұмысымыз бойынша, студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
мәселесінен гөрі кәсіби бағыттай, кәсіби бағдар беру және кәсіби дайындық
мәселелеріне көп көңіл аударып, анықтама берілгендігіне көзіміз жетті.
Зерттеуші педагогтар мен психологтар кәсіби бағыттау мәселесін терең
зерттеді. Оның ерекшеліктерін айқындады, құрылымын көрсетті.
Кәсіби бағыттау тарихының бастауын 1908 жылы АҚШ-тағы Бостон
қаласындағы Ф.Парсонс басшылығымен ашылған кәсіби кеңес бюросымен көп
еңбектерде жиі байланыстырады. Алайда кәсіби бағыттау тарихы өте ертеректе
басталған және терең. Кәсіпке жарамдылықты бағалау элементтерінің пайда
болуы ғасырлар тұңғиығына бойлайды.
Б.д.д. ІІІ мыңжылдықтың ортасында Вавилонда жазу маманы дайындайтын
мектептердің түлектері үлкен сыннан өтетін болған. Жазу маманы Месопотамия
өркениетіндегі басты тұлға болған: ол жер өлшеуге, мүлік бөлуге, бес
музыкалық аспапта ойнауға үйретілетін болған. Сын кезінде олардың мата,
темір, өсімдік түрлерін айыра алу қабілетін, арифметикалық төрт амалды да
қолдана білуін тексеретін еді.
Ежелгі Грецияда философ Платон халықты құдайдың адамды жаратқанда
сүйегіне алтын, күміс және мыс араластыратындығына сендірген. Оның айтуынша
алтын адамдар ғылым және өнермен айналысуға немесе мемлекет басқаруға,
күміс адамдар отанын қорғауға, сарбаз болуға, мыс адамдар қолөнермен,
жермен айналысуға, құл болуға жаралған. Адамдар бір-біріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту моделі
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру жолдары
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын жетілдіру
Педагогикалық колледж студенттерінің кәсіптік бейімін анықтау
Студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру жолдары
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАДА СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кәсіптік мамандарын даярлаудағы педагогикалық технологиялар
Мектепте және колледжде кәсіптік бағдар беру ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін қалыптастыру мүмкіндіктері
Пәндер