Қанның сарысуындағы жалпы кальцийді, фосфорды анықтау туралы



Кіріспе
1. Қанның сарысуындағы жалпы кальцийді анықтау
2. Қанның сарысуындағы фосфорды анықтау
Пайдаланылғанәдебиеттер
Жануарлар мен құстарды емдеу барысында, олардың қан құрамын зерттеп білу өте маңызды. Қан құрамын зерттеу клиникаларда, лабораторияларда жиі жүзеге асырылады. Қан талдауын жүргізе отырып, оның құрамындағы элементтерін айыра аламыз. Қан сарысуындағы кальций, фосфор мөлшерін анықтау және зерттеу әдістерін игеріп, оларды практикалық жұмыстарда лабораториялық талдау жұмыстарында орынымен, дұрыс пайдалану, біздер, болашақ малдәрігер мамандары үшін аса қажетттілік болып табылады.
Төменде берілген өзіндік ізденіс жұмысымда жоғарыда аталған тақырыптар бойынша, нақты деректер келтірдім. Көптеген ғалымдардың әдістерін, қан сарысуындағы кальций мен фосфор мөлщерін анықтайтын формулалар мен ірі қара, қой-ешкі, жылқы, шошқа малдарының қанының құрамындағы қалыпты жағдайдағы мөлшерлерін көрсеттім.
1. М.А.Молдағулов, А.Н.Ермаханов, Ө.К.Есқожаев, А.З.Дюсембаева, А.Т.Қамбарбеков, А.И.Көлдеев, Б.Д.Айтжанов, Ж.І.Қазиев, С.Т.Сиябеков. «Жануарларауруларыныңклиникалықдиагностикасы». Алматы, 2007ж. 183-184-185-186-187 беттер.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Қанның сарысуындағы жалпы кальцийді, фосфорды анықтау.

Орындаған: Әлімжанов І . Т
Тексерген: Жайлаубаева А. Р.
Тобы: ВМ - 401.

Семей, 2015 ж.

Кіріспе.
Жануарлар мен құстарды емдеу барысында, олардың қан құрамын зерттеп білу өте маңызды. Қан құрамын зерттеу клиникаларда, лабораторияларда жиі жүзеге асырылады. Қан талдауын жүргізе отырып, оның құрамындағы элементтерін айыра аламыз. Қан сарысуындағы кальций, фосфор мөлшерін анықтау және зерттеу әдістерін игеріп, оларды практикалық жұмыстарда лабораториялық талдау жұмыстарында орынымен, дұрыс пайдалану, біздер, болашақ малдәрігер мамандары үшін аса қажетттілік болып табылады.
Төменде берілген өзіндік ізденіс жұмысымда жоғарыда аталған тақырыптар бойынша, нақты деректер келтірдім. Көптеген ғалымдардың әдістерін, қан сарысуындағы кальций мен фосфор мөлщерін анықтайтын формулалар мен ірі қара, қой-ешкі, жылқы, шошқа малдарының қанының құрамындағы қалыпты жағдайдағы мөлшерлерін көрсеттім.

1. Қанның сарысуындағы жалпы кальцийді анықтау.
Кальцийді анықтауға арналған реактивтер: (бидистилденген суда дайындап, полиэтиленді шөлмектерде сақтайды): КОН 0,1 н ерітіндісі; индикаторлық сұйық (1 г флуорексон және 100 г натрий нитраты); 0,1 М трилон Б ерітіндісі (37,21 г трилон Б және 1 л дейін су); 0,001 М трилон Б ерітіндісі (1 мл 0,1 М трилон Б ерітіндісі және 100 мл дейін су): кальцийдің негізгі стандартты ерітіндісі (24 сағат аралығында 100-1200С-та кептірілген химиялық таза СаСО3 2,497 г + 8 мл концентрленген НСІ және 1 л дейін су); кальцийдің стандартты жұмыс ерітіндісі (1 мл кальцийдің негізгі ерітіндісі және 9 мл су; 1 мл ерітіндіде 0,1 мг кальций болады).
Қан сарысуындағы жалпы кальцийді анықтау (Вичев және Каракашов әдісі бойынша). Пробиркаға 1 мл КОН 0,1 н .ерітіндісін және индикатор сұйықтығының бірнеше үгіндісін салғанда, ақшыл-қызыл түсті сұйық пайда болады. Егер жасылдау флюоресценция пайда болса (ерітіндіде кальций қалдықтары болғандықтан), онда трилон Б 0,001 М. ерітіндісімен ақшыл-қызғылт түске дейін титрлейді. 0,1 кальцийдің стандартты жұмыс ерітіндісін косады, нәтижесінде жасылдау флюоресценция пайда болады. Трилон Б 0,001 М. ерітіндісімен ақшыл-қызғылт түске боялғанға дейін титрлейді. Соңында пробиркаға 0,1 мл зерттелінетін қан сарысуын құяды. Флюоресценция пайда болғаннан кейін трилон Б 0,001 М. ерітіндісі мен оның түсі жойылғанша титрлейді.
Кальций мөлшерін мына формуламен де анықтайды, (ммольл):
Сау малдардың қан сарысуындағы жалпы кальций мөлшері мына аралықтарда болады (100 млмг); ірі қарада - 9,5-13,5; қойда - 9,5-13,5; ешкіде - 11-13; жылқыда - 10-14; шошқада - 10-14; итте - 10-12,5; тауықта - 15-27.
Қалыпты жағдайда қан сарысуындағы кальций мөлшері мынадай болады: (ммольл); ірі қарада - 2,38-3,38; тауықта - 3,75-6,75; қойда - 2,38-3,38; ешкіде - 2,75-3,25; жылқыда - 2,5-3,5; шошқада - 2,5-3,5; итте - 2,5-3,13.
Қан сарысуындағы жалпы кальций мөлшерінің азаюы (гипокальцемия) ашыққанда, рахитте, остеодистрофияда, остеофлюорозда, уремияда, гломерулонефритте және бүйректің басқа созылмалы ауруларында, төлдегенннен кейін парез болғанда, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қанның сарысуындағы жалпы кальцийді, фосфорды анықтау
Қанның сарысуындағы жалпы кальцийді, фосфорды анықтау жайлы
Қанның сарысуындағы жалпы кальцийді, фосфорды анықтау жайлы ақпарат
Қанның сарысуындағы жалпы кальцийді, фосфорды анықтау туралы ақпарат
Жануарлар қанындағы гемоглобиннің жалпы мөлшері
Ветеринарлық медицина мамандығы бойынша зертқаналық - практикалық сабақ өткізудің әдістемелік нұсқаулары
Остеодистрофия
Биохимия лабораториясы
Жануарлар ауруының клиникалық диагностикасы
ФОҚ биохимиялық қасиеттері
Пәндер