Тағам өнімдерінің қауіпсіздік менеджмент жүйелері. Тағам тізбегіне қатысатын ұйымдарға қойылатын талаптар



Кіріспе
Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазіргі кезеңде “азық-түлік қауіпсіздігі” деген ұғым екі мағынада қолданылып жүр.Біріншісі азық-түліктің жетіспеушілігі туралы да, екіншісі азық-түлік өнімдерінің сапасына қатысты, яғни адам ағзасына тигізетін зиянды әсері жайлы түсінік болып табылады. Басқаша айтқанда, біріншісі, экономикалық қорларды басқару, реттеуге қатысты болса, екіншісі тікелей сапалық басқаруға қатысты ұғымдар. Біз осы мақалада екінші ұғым төңірегінде сөз қозғамақпыз.
Тамақ өнімдерінің әр түрлі вирус, па¬разиттермен залалдануы адам денсау-лығына қауіп төндіруші негізгі фактор¬лардың бірінен саналады. Соңғы кездері адамзатты алаңдатқан сиыр құтырығы, құс тұмауы, жануарлар мен құс етте¬рін¬де сальмонелл бактерияларының пайда болуы, өнімнің экологиялық залалдануы сияқты адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін көптеген қауіпті фак¬тор¬лар пайда болуда. Сонымен қатар, гене-ти¬калық өңдеу жолымен алынған бе¬локтардың аллергиялық ауруларды қоздыру ықтималдығы басым болса, ауыл шаруашылығы саласында кеңінен қолданылатын химиялық заттар (пес¬тицидтер, нитраттар, ауыр металдар, т.б.) өсімдік пен малдан алынатын тамақ өнім¬дерінде сақталу арқылы адам ағза¬сына тікелей қауіп төндіреді. Тамақ өнім¬дерінде химиялық зиянды заттар¬дың (канцерогендер, аллергендер, т.б.) пайда болуына кейде өндірістік процес¬тердің де әсері айтарлықтай болуы мүм-кін. Соңғы уақыттарда тамақ өнімдерін өндіру, айналымға жіберу барысындағы контаминация (қауіпті факторлардың өнім құрамына енуі) қауіптілігі күрт жо¬ғарылауда. Мұндай қауіптілік фи¬зикалық, химиялық және биологиялық сипатта, өнімнің өмірлік циклінің кез келген сатысында – шикізатты өндіру¬ден бастап дайын өнімді пайдалануға дейінгі аралықта пайда болуы ықтимал. Тамақ өнімдерінде химиялық қауіпті заттардың пайда болуы кейбір жағдайларда өндірістік технологияның кемшілігінен де болуы мүмкін.
Интернет желісі
ҚР Техникалық реттеу туралы заңы

Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ"

БАӨЖ
Тақырыбы: ИСО 22000:2005 "Тағам өнімдерінің қауіпсіздік менеджмент жүйелері. Тағам тізбегіне қатысатын ұйымдарға қойылатын талаптар"
Орындаған: Тұрсынов Ә.Қ СМ-405
Тексерген: Толеубекова С.С

Семей 2015 жыл
Мазмұны
Кіріспе
Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазіргі кезеңде "азық-түлік қауіпсіздігі" деген ұғым екі мағынада қолданылып жүр.Біріншісі азық-түліктің жетіспеушілігі туралы да, екіншісі азық-түлік өнімдерінің сапасына қатысты, яғни адам ағзасына тигізетін зиянды әсері жайлы түсінік болып табылады. Басқаша айтқанда, біріншісі, экономикалық қорларды басқару, реттеуге қатысты болса, екіншісі тікелей сапалық басқаруға қатысты ұғымдар. Біз осы мақалада екінші ұғым төңірегінде сөз қозғамақпыз.
Тамақ өнімдерінің әр түрлі вирус, па - разиттермен залалдануы адам денсау - лығына қауіп төндіруші негізгі фактор - лардың бірінен саналады. Соңғы кездері адамзатты алаңдатқан сиыр құтырығы, құс тұмауы, жануарлар мен құс етте - рін - де сальмонелл бактерияларының пайда болуы, өнімнің экологиялық залалдануы сияқты адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін көптеген қауіпті фак - тор - лар пайда болуда. Сонымен қатар, гене - ти - калық өңдеу жолымен алынған бе - локтардың аллергиялық ауруларды қоздыру ықтималдығы басым болса, ауыл шаруашылығы саласында кеңінен қолданылатын химиялық заттар (пес - тицидтер, нитраттар, ауыр металдар, т.б.) өсімдік пен малдан алынатын тамақ өнім - дерінде сақталу арқылы адам ағза - сына тікелей қауіп төндіреді. Тамақ өнім - дерінде химиялық зиянды заттар - дың (канцерогендер, аллергендер, т.б.) пайда болуына кейде өндірістік процес - тердің де әсері айтарлықтай болуы мүм - кін. Соңғы уақыттарда тамақ өнімдерін өндіру, айналымға жіберу барысындағы контаминация (қауіпті факторлардың өнім құрамына енуі) қауіптілігі күрт жо - ғарылауда. Мұндай қауіптілік фи - зикалық, химиялық және биологиялық сипатта, өнімнің өмірлік циклінің кез келген сатысында - шикізатты өндіру - ден бастап дайын өнімді пайдалануға дейінгі аралықта пайда болуы ықтимал. Тамақ өнімдерінде химиялық қауіпті заттардың пайда болуы кейбір жағдайларда өндірістік технологияның кемшілігінен де болуы мүмкін.

Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі
Елімізде тамақ өнімдерінің қауіп - сіз - дігін қамтамасыз ету мәселесі Қазақстан Республикасының "Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы" (2004 ж.), "Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы" (1992 ж.), "Техникалық реттеу туралы" (2004 ж.), т.б. заң актілерінде қарас - тырылған. Осы заң актілерінде белгіленген талаптарды орындау, тамақ өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін әлемнің көптеген елдерінде НАССР (Hazand Analysіs and Crіtіcal Control Poіnts) жүйесі сәтті пайдаланылуда. Қазақша мағынасы тәуекелдерді талдау және сыни бақылау нүктелері немесе өнімнің қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер етуші қауіпті факторларды жүйелі түрде бірдейлендіру, бағалау және басқару тұ - жы - рымдамасы. НАССР жүйесі оны жүзе - ге асыруға қажетті ұйымдық құрылым, құжаттар мен өндірістік процестер және қорлардың жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасында НАССР принциптері негізінде тамақ өнімдерінің сапасын басқару бойынша сапа жүйесінің мемлекеттік стандарты ҚР СТ 1179-2003 қолданысқа енгізілген. Бұл жүйенің өнім қауіпсіздігінің технологиясы деп аталуы тегін емес. НАССР жүйесі әлемдік тамақ индустриясында жетекші орын алады және азық-түлік тауарларын өндіруші кәсіпорындар өнімдерінің қауіпсіздігіне деген тұтынушылардың сенімділігін ны - ғайтады. Себебі, НАССР жүйесі бойынша тамақ өнімдерін өндіру саласындағы қауіптіліктерді анықтау және оларды басқару немесе алдын алу (жою) тәсілдері ғылыми негізде жүзеге асырылады.
НАССР жүйесі қызметкерлердің тамақ өнімдері қауіпсіздігі жоспарларын әзірлеу, бақылау құралдарын енгізу жұмыстарына белсенділікпен қатысуына ықпал етеді.
Алдын ала оқыту (даярлау) мамандар үшін процестерді талдай отырып, қауіпті фактордың пайда болу себептерін анықтау арқылы қауіптілікті болдырмау және жою шараларын жедел түрде іске асыруға мүм - кіндік береді. Сонымен қатар, тамақ өнім - дерін өндіру, тасымалдау, сақтау кезең - дерінде қауіптілікті пайда болдырушы кездейсоқ жағдайлардың алдын алу, өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету жүйесін нығайтады. НАССР жүйесін нә - ти - желі енгізу үшін технологиялық процес - терді жетілдіру, құрал-жабдықтарды тех - никалық жақсарту (жаңарту) қажеттілігі де туындауы ықтимал.
Казіргі таңда Қазақстан Республикасы кәсіпорындарына НАССР жүйесін енгізу арқылы төмендегі нәтижелерге қол жет - кізуге болар еді. Біріншіден, тұтынушы - лар - дың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін факторлардың алдын алу, оларды болдырмау немесе ең төменгі ұй - ғарымды деңгейден асырмау. Екіншіден, тамақ өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау және өткізу кезеңдерінде тәуекел - ділікті басқару жұмыстарын жолға қою арқылы өнім қауіпсіздігінің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Үшіншіден, технология - лық процестегі негізгі бақылау нүктелерін анықтай отырып технологиялық бақы - лаудың тиімді нұсқасы мен мониторинг жүйесін әзірлеп, қолданысқа енгізу.
Қазақстан Республикасында 2003 жылдан ҚР СТ 1179-2003 "Сапа жүйелері. НАССР принциптері негізінде тағам өнім - дерінің сапасын басқару" стандарты әзір - леніп, 2005 жылдан қолданысқа ен - гізілген. Бұл стандарт Еуропа қауым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тағам өнімдерінің қауіпсіздік менеджмент жүйелері. Тағам тізбегіне қатысатын ұйымдарға қойылатын талаптар туралы ақпарат
ИСО 22000:2005 “Тағам өнімдерінің қауіпсіздік менеджмент жүйелері. Тағам тізбегіне қатысатын ұйымдарға қойылатын талаптар”
«Райымбек Агро» ЖШС-те СМЖ және қаупсіздік жүйесін дайындау
Минералды заттар мөлшері
Экспортқа арналған жылқы етіне қойылатын талаптар
Халықаралық стандарттау және техникалық реттеу (сүт өнімі мысалында)
Қонақтарға шектеулі қызмет ұсынатын кәсіпорын
Менеджмент жүйелері
«Ауылшаруашылық өнімдерін стандарттау және сертификаттау» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар
Тағам өнімдерін өндіретін кәсіпорында стандарттардың талаптарына сәйкес сапалы және қауіпсіз өнімдерді қамтамысыз ету
Пәндер