Қылмысты саралаудың түсінігі және қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы



М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Тарау I. Қылмысты саралаудың түсінігі және қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы.
1. Қылмысты саралаудың түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2. Қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңи негіздемесі ... ... ... 17

Тарау ІІ. Қылмыс құрамының жекелеген элементтері бойынша қылмысты саралау.
1. Қылмыс объектісінің түсінігі және оның қылмысты саралаудағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
2. Қылмыстың объективтік жағының түсінгі және қылмысты саралау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
3. Қылмыс субъектісі, арнайы субъектісі бар қылмысты саралау ... .44
4. Кінә нысандарының және қылмыстың субьективтік жағының өзге белгілерінің қылмысты саралауға ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54

Тарау ІІІ. Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмысты.құқылық нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралау.
1. Қылмысқа қатысушылық түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62
2. Нормалар бәсекелестігі ұғымы және қылмысты саралау ... ... ... .70

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 74

Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...76

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...78
Кіріспе

Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды. Құқықтану тарихының дәлелдеуі бойынша қоғамдық құбылыс ретіндегі құқықтың қайнар көздері болып: өзінің мақсаттары, қажеттіліктері және іс-әрекеттерімен адам және тұлғаның көрініс беру өрісі ретінде қоғам танылады. Адам өмірінің барлық үрдісінде құқық нормалары адамдар, қоғам мен мемлекет арасындағы әртүрлі қатынастарды реттейді белгілі бір құқықтар мен міндеттерді орната отырып олардың мүдделерін ажыратады.
Мемлекеттің жоғары заң шығарушы органымен қабылданған құқықтық акт, қылмыстық заң қылмыстық құқықтың бірден-бір бастауы болып табылады. Басқа заңдардан оның айырмашылығы ол қылмыстылық пен қоғамдық-қауіпті іс-әрекеттердің жазаланушылығын анықтайды. Жекелеген қылмыстық-құқылық нормалардың болуының өзі ескертпелік маңызға ие болады, яғни позитивтік сипатқа ие. Қылмыстық құқықтық нормалар өзінің әлеуметтік функциясын орындауы үшін ол жүзеге асырылуы тиіс. Құқықты жүзеге асырудың сақтау,орындау,пайдалану және қолдану сияқты нысандары болатындығы бізге жалпы құқық теориясынан белгілі. Сонымен қатар құқық қолданудың тек соған өкілетті мемлекеттік органдар арқылы орындалатын құқықты жүзеге асырудың ерекше формасы екендігін біз білеміз. Ендеше қылмыстық құқықтық нормаларды жүзеге асыру үшін оларды дұрыс қолдана білудің маңызы жоғары екендігі айтпасада түсінікті. Ол заңдылықпен ажырамас байланыста, себебі заңдылықтың нақтылығы мен өміршеңдігінің саяси және құқықтық кепілдемесі болып табылып, заңдардың дәл және бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етеді. Қылмыстық құқықта заңдылық үшін күрес, ең алдымен қылмыстың заңи анықтамаларын дұрыс,дәл түсіну мен қолдану, қылмыс құрамдарын дұрыс түсіну және осының негізінде қылмыстық
қудалауды, тек әрекеттерінде қылмыс белгілері, дәлірек айтқанда қылмыс құрамы белгілері бар адамдарға ғана қолдану үшін күрес болып табылады. Қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдану үрдісі, олардың қылмыстық істе жүзеге асырылуы, әрдайым құқық қолдану актілерінде көрініс табады. Қылмыстық заңды дұрыс қолдана білу оны дұрыс түсіне білумен тікелей байланыста. Жалпы құқықты түсіндіру деп өзара байланысты болсада белгілі бір дербестікке ие екі ұғымды түсінеміз біріншіден бұл құқық нормасының мазмұнын анықтауға бағытталған белгілі бір ойлау процессі болып табылса, екіншіден түсіндірілетін нормалардың мазмұнын ашуға бағытталған сөйлемдердің жиынтығынан көрінетін ойлау процессінің нәтижесі болып табылады. Бұдан шығатын қортынды түсіндіру құқықты танудың әдісі ретінде құқықтық реттеудің барлық сатысында орын алады, соның ішінде құқықты қолдануда ерекше маңызға ие болады. Жалпы құқықтық әдебиетте қылмыстық заңды түсіндіру әрдайым оны қолданумен байланыстырылады және заңды қолданудың бөлшегі немесе белгілі бір кезеңі ретінде қарастырылады. Қылмыстық құқықтың нақты әрекеттілігі үш негізгі ұғымға сүйенеді және солар арқылы көрініс табады. 1) қылмыстық заңды қолдану; 2) қылмыстық-құқықтық нормаларды түсіндіру; 3) қылмысты саралау—яғни іс-әрекет белгілерінің қылмыс құрамы белгілерімен сәйкестендірілуі.
Аталған түсініктер бір тектес, тығыз байланысты және түпкі негізінде бір мемлекеттік міндетті шешуге бағытталған, ол міндет Қазақстан Республикасының Конституциясымен және басқада заң актілерімен бекітілген құқық тәртібін сақтау және күшейту болып табылады
Пайдаланылған әдебиеттер.
І Нормативті-құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Түсініктеме. Алматы “Жеті жарғы”, 1999 – 424 бет.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Оқулық құрал – Алматы: ЖШС “Баспа”, 2000 – 176 бет.
3. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. – Алматы. Баспа. 1999 – 808с.
4. Комментарий и постатейные материалы к Закону Республики Казахстан « О борьбе с коррупцией» Алматы, ТОО «Баспа», 2001, 248с.
5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының “Әйел зорлағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін Заңдарды соттардың қолдану тәжрибесі туралы” 1993 жылдың 23 – сәуіріндегі №1 қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Жаршысы 1993, №2).
6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылғы 24 маусымдағы №3 “Жаза тағайындалғанда соттардың заңдарды дұрыс қолдануы туралы” қаулысы. (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Жаршысы №2, 1993).
7. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының “Соттардың рецидивті қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау тәжрибесі туралы” 27 – мамыр 1994 жылғы қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Жаршысы, 1994 №3).
8. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының “Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті көздейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы” 1994 жылғы 23 – желтоқсандағы №7 қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Жаршысы 1994 №1).




ІІ. Арнайы әдебиеттер
1. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық: Оқулық. Толықтырылып, екінші басылуы. – Алматы: Жеті жарғы, 1999 – 320 бет.
2. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім – Алматы: Жеті жарғы, 2000 – 520 бет.
3. Ветров Н.И. Уголовное право. Общая и Особенная части: Учебное пособие. 2-е изд., перераб и доп. – М.: Книжный мир, 2000 – 224 с.
4. Уголовное право. Особенная часть: Учебник / Под ред. Д.ю.н. проф. Н.И.Ветрова и д.ю.н. проф. Ю.И. Ляпунова – М.: Новый Юрист, 1998 – 768 с.
5. Советское уголовное право. Общая часть. М., «Юрид. лит.», 1977 – 544 с.
6. Советское уголовное право. Общая часть: Учебник / Под ред. Г.А. Кригера, Н.Ф. Кузневцовой, Ю.М. Ткачевского. – 2 –е изд., доп. И перераб. – М.: Изд-во МГУ, 1988. – 368 с.
7. Смирнова Н.Н. Уголовное право: Учеб, - СПб.: Изд-во Михайлова В.А., 1998. – 675 с.
8. Брайнин Я.М. Уголовная ответственность и ее основание в советском уголовном праве. М., 1963. 94 б.
9. Коржанский Н.И. Объект посягательства и квалификация преступления, Волгоград, 1976.
10. Кудрявцев В.Н. Теоретические основы квалификций преступлений М., «Юрид. Лит.», 1972 – 330с.
11. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступлений-2-е изд., перераб. и допол.- М., «Юристь», 2001.-304 б.
12. Куринов В.А. Научные основы квлификаций преступлений М., МГУ, 1976, - 185с.
13. Пионтковский А.А. Учение о преступлении. М., 1961. 365 б.
14. Сергиевский В., Рахметов С. Квалификация преступлений – Алматы: Өркениет, 1999 – 106 с.
15. Рахметов С.М., Турецкий Н.Н. Преступления против личности: Учебное пособие – Алматы: Жеті жарғы, 2004. – 176 стр.
16. Трайнин А.Н. Общее учение о составе преступления. М., 1957. 280 б.
17. Яблоков Н.П. Расследование организованной преступной деятелности М.: Юристъ, 2002 – 172 с.

М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Тарау I. Қылмысты саралаудың түсінігі және қылмыс құрамының қылмысты
саралаудағы маңызы.
1. Қылмысты саралаудың
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2. Қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңи негіздемесі ... ... ... 17

Тарау ІІ. Қылмыс құрамының жекелеген элементтері бойынша қылмысты
саралау.
1. Қылмыс объектісінің түсінігі және оның қылмысты саралаудағы
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...30
2. Қылмыстың объективтік жағының түсінгі және қылмысты
саралау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 37
3. Қылмыс субъектісі, арнайы субъектісі бар қылмысты саралау ... .44
4. Кінә нысандарының және қылмыстың субьективтік жағының өзге белгілерінің
қылмысты саралауға ықпалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..54

Тарау ІІІ. Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмысты-құқылық
нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралау.
1. Қылмысқа қатысушылық
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62
2. Нормалар бәсекелестігі ұғымы және қылмысты саралау ... ... ... .70

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 74
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .76
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..78

Кіріспе

Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың
дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен.
Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі
тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз
өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық
қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең
басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып
табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар
көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды. Құқықтану тарихының дәлелдеуі
бойынша қоғамдық құбылыс ретіндегі құқықтың қайнар көздері болып: өзінің
мақсаттары, қажеттіліктері және іс-әрекеттерімен адам және тұлғаның көрініс
беру өрісі ретінде қоғам танылады. Адам өмірінің барлық үрдісінде құқық
нормалары адамдар, қоғам мен мемлекет арасындағы әртүрлі қатынастарды
реттейді белгілі бір құқықтар мен міндеттерді орната отырып олардың
мүдделерін ажыратады.
Мемлекеттің жоғары заң шығарушы органымен қабылданған құқықтық акт,
қылмыстық заң қылмыстық құқықтың бірден-бір бастауы болып табылады. Басқа
заңдардан оның айырмашылығы ол қылмыстылық пен қоғамдық-қауіпті іс-
әрекеттердің жазаланушылығын анықтайды. Жекелеген қылмыстық-құқылық
нормалардың болуының өзі ескертпелік маңызға ие болады, яғни позитивтік
сипатқа ие. Қылмыстық құқықтық нормалар өзінің әлеуметтік функциясын
орындауы үшін ол жүзеге асырылуы тиіс. Құқықты жүзеге асырудың
сақтау,орындау,пайдалану және қолдану сияқты нысандары болатындығы бізге
жалпы құқық теориясынан белгілі. Сонымен қатар құқық қолданудың тек соған
өкілетті мемлекеттік органдар арқылы орындалатын құқықты жүзеге асырудың
ерекше формасы екендігін біз білеміз. Ендеше қылмыстық құқықтық нормаларды
жүзеге асыру үшін оларды дұрыс қолдана білудің маңызы жоғары екендігі
айтпасада түсінікті. Ол заңдылықпен ажырамас байланыста, себебі заңдылықтың
нақтылығы мен өміршеңдігінің саяси және құқықтық кепілдемесі болып табылып,
заңдардың дәл және бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етеді. Қылмыстық құқықта
заңдылық үшін күрес, ең алдымен қылмыстың заңи анықтамаларын дұрыс,дәл
түсіну мен қолдану, қылмыс құрамдарын дұрыс түсіну және осының негізінде
қылмыстық
қудалауды, тек әрекеттерінде қылмыс белгілері, дәлірек айтқанда қылмыс
құрамы белгілері бар адамдарға ғана қолдану үшін күрес болып табылады.
Қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдану үрдісі, олардың қылмыстық істе жүзеге
асырылуы, әрдайым құқық қолдану актілерінде көрініс табады. Қылмыстық заңды
дұрыс қолдана білу оны дұрыс түсіне білумен тікелей байланыста. Жалпы
құқықты түсіндіру деп өзара байланысты болсада белгілі бір дербестікке ие
екі ұғымды түсінеміз біріншіден бұл құқық нормасының мазмұнын анықтауға
бағытталған белгілі бір ойлау процессі болып табылса, екіншіден
түсіндірілетін нормалардың мазмұнын ашуға бағытталған сөйлемдердің
жиынтығынан көрінетін ойлау процессінің нәтижесі болып табылады. Бұдан
шығатын қортынды түсіндіру құқықты танудың әдісі ретінде құқықтық реттеудің
барлық сатысында орын алады, соның ішінде құқықты қолдануда ерекше маңызға
ие болады. Жалпы құқықтық әдебиетте қылмыстық заңды түсіндіру әрдайым оны
қолданумен байланыстырылады және заңды қолданудың бөлшегі немесе белгілі
бір кезеңі ретінде қарастырылады. Қылмыстық құқықтың нақты әрекеттілігі үш
негізгі ұғымға сүйенеді және солар арқылы көрініс табады. 1) қылмыстық
заңды қолдану; 2) қылмыстық-құқықтық нормаларды түсіндіру; 3) қылмысты
саралау—яғни іс-әрекет белгілерінің қылмыс құрамы белгілерімен
сәйкестендірілуі.
Аталған түсініктер бір тектес, тығыз байланысты және түпкі негізінде
бір мемлекеттік міндетті шешуге бағытталған, ол міндет Қазақстан
Республикасының Конституциясымен және басқада заң актілерімен бекітілген
құқық тәртібін сақтау және күшейту болып табылады.
Біздің дипломдық жұмысымыздың тақырыбы Қылмыс құрамы саралаудың
заңдық негізі деп аталады. Аталған тақырыптың маңыздылығы біздің
пікірімізше төмендегілерден айырықша байқалады. Біріншіден қылмыстық заңды
қолдану әрдайым қылмыстық жазаны қолданумен ұштастырылады ал, қылмыстық
жазаны қолданудың кез келген тұлға үшін туғызатын құқылық салдары ерекше
маңызға ие болады. Екішіден қылмысты саралаудың теориялық мәселелерін
жеткілікті меңгермеу құқық қолданушының тарапынан болуы ықтимал заң
талаптарын бұзушылықтың негізгі себебі болуы мүмкін. Үшіншіден қылмыстық
заңның дұрыс қолданылмауы қоғам үшін ерекше қауіпті құбылыс болып табылатын
қылмысты әділ бағалауға жол бермейді, ал ол өз кезегінде қоғамда салтанат
құруы тиіс әділеттілік, заңдылық қағидаларына қарама қайшы келеді қоғам
мүшелерінің мемлекетке, заңнамаға деген сенімін жоғалтуға бастау болады.
Біздің ойымызша такырыптың тағы бір өзектілігі отандық заң тану ғылымында
жеткілікті дәрежеде оның зерттелмегендігі болып табылады. Дипломдық жұмысты
орындау барысындағы шешімі қиын мәселенің бірі қылмысты саралау тақырыбының
әдістемелік негіздерін, теоретикалық ұғымдарын барынша толыққанды зерттеген
ғылыми еңбектердің бұдан біраз уақыт бұрын жазылғандығының және оларды
тауып жұмысты орындау барысында пайдалану мүмкіндігінің тым шектеулі
екендігі. Аталған тақырыпқа біршама толық зерттеу жүргізген кеңестік заңгер-
ғалым В. Н. Кудрявцев оның орыс тілінде жазылған Теоретические основы
квалификации преступлений атты еңбегін және аталған автордың Общая теория
квалификации преступлений деп аталатын еңбектерін біз өз жұмысымызға
пайдаландық. Академик В.Н. Кудрявцевтің жұмысында қылмыс жасалуының нақты
оқиғаларына қылмыстық заңның қолданылуының логикалық және құқықтық
негіздері зерттеліп қарастырылған. Атап өтуге тұрарлық келесі зерттеу
жұмысы Б. А. Куриновтың Научные основы квалификации преступлений деп
аталатын еңбегі.
Отандық ғалымдардан біз жұмысымызды орындау барысында
В. Сергиевский мен С. Рахметовтың Квалификация преступлений атты
еңбегін пайдаландық. Солармен бірге дипломдық жұмыстың жекелеген
тарауларында қылмыстық құқық бойынша А.Н. Ағыбаевтың; Н.И. Ветров пен Ю.И.
Ляпуновтың; Н.Н. Смирнованың; Н.А. Беляев пен М.И. Ковалевтың оқулықтары
пайдаланылды. Қылмыс құрамы саралаудың заңдық негізі атты тақырыпқа
жазылған дипломдық жұмыстың мақсаты: Қылмысты саралаудың қылмыстық
заңнаманы жүзеге асырудағы маңызын ашып жан-жақты зерттеу; Қылмысты
саралаудағы кейбір теоретикалық мәселелерге терең талдау жасай отырып
олардың практикалық қолданысына баға беру болып табылады. Сонымен қатар
қылмысты саралаудағы қылмыс құрамының маңыздылығын барынша толық ашып
көрсету және қылмыстың жекелеген түрлерін саралау барысында қылмыс
құрамының жекелеген элементтерінің, олардың белгілерінің қандай маңызға ие
болатындығына толыққанды зерттеу жүргізу.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін автор алдына төмендегідей міндеттер
қояды:
1) Қылмысты саралаудың ғылыми негіздері мен заңи негіздеріне
талдау жасау
2) Қылмысты саралаудағы қылмыс құрамының маңызын ашып
көрсетіп қылмыс құрамының құрылымдық элементтеріне талдау
жасау.
3) Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмыстық-құқылық
нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралаудың
өзіндік ерекшеліктеріне мұқият талдау жасау.
Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу үшін автор өзінің жұмысын үш
тарауға бөліп, олардың мазмұнын тиісті бөлімдерге жіктеуді дұрыс деп
санайды. Зерттеу жұмысының теориялық негізін отандық және шетелдік
негізінен алғанда ресейлік авторлардың зерттеу жұмыстары құрайды нақты
қандай еңбектердің пайдаланғандығын біз жоғарыда атап өткенбіз.
Дипломдық жұмыстың эмпириялық базасы болып Қазақстан Республикасын
қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңы 1998 жылдың 1-қаңтарынан күшіне енген
Қылмыстық Кодексі табылады.
Тақырыптың сипаты мен ерекшеліктері, сондай-ақ мұнда қозғалатын
мәселелерді әзірлеу деңгейінің есебіне сәйкес кіріспе, үш тарау, қортынды
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұратын дипломдық жұмыстың құрылымы
жасақталған. Біздің дипломдық жұмысымыздың негізгі міндеттерінің бірі
қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы және оның қылмысты саралаудың заңды
негізі ретіндегі табиғатына талдау жасап, зерттеу жүргізу болғандықтан біз
қылмыс құрамының жекелеген элементтері немесе олардың белгілері турасындағы
қазіргі заманғы құқықтану ғылымындағы пікірталастарды тереңірек талдау
міндетін қойғанымыз жоқ. Сондықтан біз өз жұмысымызды орындау барысында осы
уақытқа дейін теориялық жағынан жеткілікті дәрежеде тұжырымдалған,
зерттеуші ғалымдардың басым көпшілігінің қолдауына ие болған категориялар
мен концепцияларды басшылыққа алдық.

Тарау І. Қылмысты саралаудың түсінігі және қылмыс құрамының қылмысты
саралаудағы маңызы
1. Қылмысты саралаудың түсінігі

Қылмыстық құқық теориясында қылмысты саралау құқық қорғау
органдарының қылмыстық-құқылық нормаларды қолдануының бір сатысы ретінде
қарастырылды. Ол тиісті лауазымды тұлғалармен алдын ала тергеуде, сот
тергеуінде, аппеляциялық және бақылау өндірістерінде жүзеге асырылды.
Б.А. Куриновтың есептеуінше қылмысты саралау құқық қолданушылық
қызметінде ерекше орын алады, яғни құқықтық нормаларда қолданудың көптеген
басқа түрлерін жүзеге асыру үшін алғы шарт болып табылады.1 Мысалы, тек
сотпен қылмысты саралау жүзеге асырылғаннан кейін ғана күдікті адамға
бұлтаратпау шарасын алу, кінәлі адамға әлде қандай жазаның түрін, сотталған
адамға түзету немесе тәрбиелеу колониясының белгілі бір режимін белгілеу,
жазаның орындалысын кейінге қалдыру т.б. мәселелерді қойып және шешуге
болады.
В.Н. Кудрявцев қылмысты саралауды терең меңгерілуі барысында
әділсоттылықты заңға қатаң сәйкестікте жүзеге асыруға мүмкіндік беретін
қылмыстық құқықтың жалпы мәселелердің қатарына жатқызады.2 Оның пікірінше
кез келген қылмыс түрі үшін маңызды болып табылатын, нақты іс бойынша
қолданылуға жататын қылмыстық заңның бабын таңдаудың негізі мен тәртібін
айқындайтын саралаудың жалпы ережелері мен қағидалары зерттелуі қажет.
Қылмысты саралаудың әдістемелік негізіне жалпы ұғым (заң нормасы) мен
жеке құбылыстың (нақты әрекет) арасындағы ара қатынастың материалистік
түсінілуі жатады. Заң нормасы әрқашанда жалпылама, абстрактивті сипатқа ие
екендігі белгілі. Іс-әрекет керісінше кез-келген ситуацияда нақты болып
табылады.
Құқықтық әдебиеттерде қылмысты саралауға анықтамалар берілген. Өзінің
мәністері бойынша олардың барлығы бір ұғымды білдіреді. Алайда олардың
арасында барынша қысқа және қылмысты саралаудың ұғымының өзін, оның
мазмұнын нақтылап, маңызын ашып көрсететін көлемділері де кездеседі.
Олардың алғышқысында мысал ретінде Қылмысты саралау жасалған іс-әрекеттің
белгілі бір қылмыс құрамы белгілерімен сәйкестігін анықтау.3
Құқықтық білімдердің энцоклопедиялық сөздігінде берілген анықтамада
қылмысты саралау анықтамасы және оның түсіндірмесі барынша дәл және ақиқат
болып табылады. Ол бойынша Қылмысты саралау дегеніміз жасалған іс-әрекет
белгілерінің қылмыстық заңда қарастырылған белгілі-бір қылмыс құрамына дәл
сәйкестігін тиісті процессуалдық актіде анықтау және бекіту.4
Аталғандарды нақтыласақ а) қылмысты саралау кінәлі тұлғаға жаза мөлшерін
тағайындау және жасалған қылмыстың өзге де құқықтық салдары үшін негіздеме.
б) қылмысты саралау қылмыстық сот өндірісінде заңдылықтың сақталуы үшін
үлкен маңызға ие болады; в)қылмысты саралау жасалған қылмыстың осы іс-
әрекет үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын заңмен қатаң сәйкестікте
саралануы тиістігін білдіреді. В.Н. Кудрявцевтің санауынша қылмысты саралау
оған заңи баға беру осы қылмыстың белгілерін бекітетін қылмыстық-құқылық
норманы көрсету болып табылады. Б.А. Куриновтың пікірінше қылмысты саралау
– бұл өмірдегі нақты жағдайдың – қылмыстың – қылмыстық заңның нормасында
тұжырымдалған берілген қылмыс туралы ұғымымен ұқсастығы туралы қортынды
жасау. Қылмысты саралау өмірдегі нақты жағдайға қылмыстық заңның нормасын
таңдап алу және мағынасы бойынша заңи саралаулардың тек бір түрі ғана болып
табылады.5
Квалификация- термині латын тілінен аударғанда әлде бір нәрсенің
сапасын, бағасын, жарамдылық дәрежесін анықтау дегенді білдіреді.
Сараланған қылмыс анықтамасы берілген қылмыстық іс-әрекет жауаптылықты
ауырлататын мән-жайларда жасалғандығын және ауырырақ жазаға тартылатындығын
білдіреді.6 Яғни заңшығарушы оны өзіне ұқсастардың қатарынан барынша
қоғамдық-қауіпті және зиянды ретінде бөліп көрсетеді.
Қылмысты саралу ұғымына келетін болсақ мәселе сәл өзгешелеу болады.
Ол (ұғым) екі мағынада қолданылады: 1) тұлғаның әрекетінде
(әрекетсіздігінде) қылмыс құрамының бар екендігін құқық қорғау органдарының
анықтауының логикалық процессі; 2) Осындай қызметтің нәтижесі – қылмыстың
жазалануға тиісті іс-әрекетті оны әлеуметтік қауіптілік және жазалану
қаталдығы бойынша бөліп көрсетпей құқықтық бағалау. Қысқаша айтқанда
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің диспозициясы мен санкциясында
қарастырылғаны ғана бағаланады.
Теорияда және практикада қылмысты саралаудың екі мағынасы өзара
байланысты және өзара шартты ретінде қарастырылады. В.Н. Кудрявцев және
Б.А. Куринов бұл жағдайды атап ғана қоймай, қылмысты саралау ұғымын анықтау
барысында ескеруді ұсынады.
Аталған жағдайды сақтамау немесе ескермеу яғни істің нақты мән-
жайларына сәйкес емес қылмыстық заңды қолдану жасалған қылмыстың сипаты
туралы түсінікті бұрмалайды, оған дұрыс баға бермейді және әділетсіз
үкімнің шығуына әкеліп соқтырады. Бұндай жағдайда қылмысты саралау дұрыс
емес. Ол қылмысты дұрыс саралау сияқты ресми сипатқа ие болады себебі сот-
тергеу органдарымен беріледі.
Саралау сонымен қатар ресми емес (доктриналды) болуы да мүмкін, ол
құқыққа қарсы әрекетке (әрекетсіздікке) құқықтық баға беруді жекелеген
ғалымдар және практикалық қызметкерлер түсіндірулерде, оқулықтарда, ғылыми
жұмыстарда ұсынған кезде жүзеге асырылады. Алайда олардың заңи күші
болмайды.
Саралау дегеніміз – бұл жасалған іс-әрекеттің оқиғалық белгілерінің
және Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің нормасында қарастырылған қылмыс
құрамы белгілерінің толықтай сәйкестігін анықтау және заңи түрде бекіту
болып табылады.7
Қылмысты дұрыс сараламау үкімнің күшін жою немесе өзгерту үшін
негіз болып табылады. Саралау барысында жіберілген қателік жазаның түрі мен
мерзімінің дұрыс тағайындалмауын туындатып ғана қоймайды, сонымен қатар
бірқатар басқа да құқықтық салдардың негізсіз туындауына алып келеді
(сотталғандық, түзету мекемесінің түрін және түзету колониясының режимін
анықтау, рақымшылық жасауды қолдану немесе қолданбау, мүлікті тәркілеу,
кейбір азаматтық-құқылық салдар).
Кінәлі адамға жазаның мөлшерін дұрыс анықтау іс-әрекетті дұрыс
саралауға айта қаларлықтай тәуелді.
Мысалы абайсыздықтан кісі өлтірген адамға әділетті, жасаған іс-
әрекетіне сәйкес жаза тағайындау мүмкін емес, егер оның әрекеті қателіктің
салдарынан қасақаналықпен адам өлтіру ретінде сараланатын болса. Себебі ҚК-
тің 101 бабы бойынща яғни абайсызда кісі өлтіру үшін үш жылға дейінгі
мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан
айыру жазасы белгіленген, ал ҚК-тің 96 бабының 1 бөлімі бойынша алты жылдан
15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы , ал 96 бабтың 2
бөлімі бойынша он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан
айыру немесе өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы
қарастырылған. Осы мысалдың өзінен-ақ қылмысты дұрыс саралаудың қандай
маңызға ие болатындығын байқауға болады.
Қылмысты саралау процессі яғни оның жүзеге асырылуы, қылмыстық істі
қозғаудан бастап қылмыстық процесстің барлық сатыларында орын алады. Атап
айтқанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 63, 64,
66, 67, 190, 197 баптарында Қылмыстық істі қозғау, қылмысты ашу, және істі
процессуалдық құжаттау міндеттері туралы айтылған. Қылмыс белгілері
анықталған әрбір жағдайда прократура тергеу және анықтама органдары
өздерінің өкілеттіктерінің шегінде қылмыстық іс қозғауға, қылмыс оқиғасын,
оны жасауға кінәлі тұлғаларды және оларды жазалауға заңда қарастырылған
барлық шараларды жүзеге асыруға міндетті. Қылмыстық істі қозғау туралы
қаулыда оны қозғауға негіз болған мәліметтер, белгілері бойынша қылмыстық
іс қозғалған қылмыстық заңның бабы және қылмыстық іс тергеу өндірісі немесе
сот тергеуін жүргізу үшін жіберілген орган көрсетілуі тиіс.
Қылмыстық істі қозғау сатысы қылмыстық істі қозғау туралы қаулы
шығарумен шектелмейді. Оның мазмұны болып а) қылмыстық істі қозғауға заңды
себептер мен негіздердің болуын алдын ала тексеруі, б) қылмыстық істі
қозғау туралы мәселенің тікелей шешуі табылады.8 Сондықтан аталған
қаулыны шығарғанға дейін сот өндірісінің тиісті органдары іс бойынша
өндірісті бастау мүмкіндігінің шарттарын анықтайды, көп реттерде бұл үшін
белгілі бір процессуалдық әрекеттерді орындайды және қылмыстық істі қозғау
немесе қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Тіпті осы сәттен-ақ
қылмысты алдын ала шартты түрде айтқанда, бағыттаушылық саралау жүзеге
асырылуы мүмкін.
В.Н. Кудрявцев дұрыс айтады: қылмыстық процесстің әрбір сатысында
(анықтама, алдын ала тергеу өндіріснің барысында, істі бірінші сатыдағы
сотта қараған кезде, сонымен қатар жоғары сатыдағы соттарда қарау кезінде)
құқықтық норманы қолданумен байланысты мәселелер соның ішінде қылмысты
саралау мәселелері де дербес, көп жағдайда қайтадан шешіледі.9
Қылмыстық процесстің келесі сатыларында қылмысты саралау талданып
нақтыланады. Бұл тұлғаны айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы
негізделген қаулыны жасақтауда орын алады онда іс- әрекет сараланатын
қылмыстық заңның бабы; айыптау қортындысында сотқа өткізу сатысында алдын
ала таңдау барысында айыпталушыға тағылатын іс-әрекеттерге қылмыстық заңның
қолданылуының дұрыстығы анықталады, жасалған іс-әрекеттің мемлекеттік
бағалануы болып табылатын сот үкімі әрине, одан тыс қалмайды. Соттық
тергеу актілерінің жүйесінде – үкім маңыздылығы бойынша ерекше орын алады:
онымен қылмыстық іс негізінен шешіледі және сотталушының өзі сотқа берілген
қылмыс бойынша кінәлілігі туралы және оның кінәлілігінң дәрежесі жөніндегі
мәселеге түпкілікті жауап беріледі-деп жазған М.С. Строгович.10
Аппеляциялық және бақылау өндірістеріне қатысты айтсақ қылмысты
саралау мәселелері бұл жерде де үлкен маңызға ие болады. Қылмыстық іс
жүргізу Кодексінің 414, 432, 434 және 459 баптарына сәйкес қылмыстық заңның
дұрыс қолданылуы – аппеляциялық сатыда да бақылау тәртібінде де үкімнің
күшін жоюдың немесе өзгертудің негіздерінің бірі болып табылады. Қылмыстық-
құқылық норманы оның дәл мағынасына қайшы келетін түсіндірудің және
қылмыстық заңды дұрыс қолданбаудың басқа жағдайларында: айыптау үкімін
бақылау тәртібімен қайта қараған кезде, ауырырақ қылмыс туралы заңды
қолдану қажеттілігімен байланысты сот шешімдері мен қаулыларын жазаның
жеңілдігі немесе басқалай негіздер сонымен қатар ақтау үкімі немесе істі
қысқарту туралы шешім немесе қаулылардың барысында орын алуы мүмкін.
Осыдан туындайтын қортынды қылмыстық-процессуалдық заң, тиісті
негіздер болған кезде қылмысты қайта саралаудың тиісті тәртіптерін
бекітеді. Мемлекеттік органдар қызметінің осы жақтарының заңмен айқын
реттелуі қылмыстық істің тергелуінің жан-жақтылығы, қылмысты жасаған деп
айыпталған адамға қорғау құқығының уақытында берілуінен әрбір қылмыстық
істің әділетті шешілуіне кепілдік беретін басқа да көптеген сәттерге ақыр
аяғында заңдылықтың қатаң сақталуы қажеттілігінен туындайды.11
Б.А. Куриновтың пікірінше қылмысты саралаудың жүргізілуінің өзі үш
кезеңнен тұрады. Бастапқыда іс-әрекеттің барынша жалпылама белгілері
анықталады яғни , құқықтық қатынастың түрі анықталады. Екінші кезеңде
қылмыстық іс-әрекеттің топтық белгілерін анықтау жүзеге асырылады яғни
қарастырылған қылмыстың қылмыстық кодекстің қандай тарауымен қамтылатындығы
анықталды. Үшінші кезең қылмыстың түрлік белгілерін айқындау және
салыстырудан тұрады.12
Қылмыстық құқық оқулығының авторлары да қылмысты саралауды үш
кезеңге бөледі, бірақ оларды басқаша түсіндіреді. Бірінші кезең жасалған іс-
әрекеттің оқиғалық мән-жайларын толық және дұрыс анықтаудан тұрады.
Екіншісі тиісті қылмыс құрамын сипаттайтын нақ сол қылмыстық-құқылық
норманы анықтау. Үшіншісі нақты жасалған іс-әрекеттің құрамын таңдап
алынған нормада сипатталып жазылған қылмыс құрамымен салыстыруды қамтиды.
Қарастырылған кезеңдердің тек қарапайым кезегімен емес, біріккен
түрде қылмысты саралаудың бірегей процессін құрайтын олардың логикалық
мәнісінде берілетіндігін ескерте кетуіміз керек. Осыған байланысты екінші
кезеңде жасалған әрекет үшін қылмыстық-құқылық норманы тек формалды түрде
анықтау ғана жүзеге асырылмай оның айқындылығы кеңістіктегі және уақыттағы
әрекеті, түсіндіруінің дәлдігі тексеріледі. Үшінші кезеңде іс-әрекет пен
қылмыс құрамының белгілері салыстырылады. Олардың ұқсастығы анықталғанда
қылмысты саралау аяқталады және бұдан шығатын қортынды тұлғаның іс-
әрекетінде қылмыс бар немесе тұлға қылмыс құрамын орындады ендеше, оны
қылмыстық жауапкершілікке тартуға және тұлғаның бұл жауапкершілікті
тартуына барлық негіз бар.13
Осыдан біз сілтеме жасаған оқулықтың авторларының түсінігінде нақты
түрінде қылмысты саралау қылмыстық істі қозғаған сәттен басталады және үкім
шығарумен түпкілікті аяқталады. Шын мәнінде бұл логикалық процесс тергеу
мен қылмысты сот-тергеу органдарында тексеру барысында үздіксіз
жүргізіледі.
Қылмысты саралау теориясында саралау және объективті шындық
мәселесі белгілі бір күрделілікті пайда қылады оның шешілуі әртүрлі
пікірлердің туындауына себепші. Мәселенің мәнісі мында: қылмысты дұрыс
саралау барысында обективті шындық анықталама? Тергеу және сот органдарымен
жасалған іс-әрекеттің фактілік құрамын анықтау яғни, тек оқиғаны емес
олардың құқықтық белгілерін анықтау қылмыстық заңды қолдануға негіз болады.
Негізінде қылмысты дұрыс саралау қылмыстық істі тексеру барысында
тергеу мен сот арқылы анықталатын обективтік шындықтың мазмұнына кіреді.
Сот тергеу практикасында қылмысты дұрыс сараламаудың көптеген
мысалдарын байқауға болады яғни, қылмыс жасаған тұлғаға ҚК-тің ауырырақ
қылмыс түрі үшін жауап кершілік қарастырылған бабы таңылады. Мысалы ол
ұрлық жасады (ҚК 175 бап) бірақ ерекше құнды заттарды ұрлағаны үшін (ҚК 180
бап) жауапкершілікке тартылады. Келтірілген мысалда қылмысты дұрыс
сараламаудың түрлерінің бірі көрсетілген. Қылмысты дұрыс сараламаудың тағы
бір түрі қылмыс жасаған тұлғаға қылмыстың жеңілдеу түрі үшін жауапкершілік
көзделген баптың қолданылуы болып табылады. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 250
бабының орнына 209 бабын қолдану.
Қылмысты дұрыс сараламаудың үшінші түрі қолданылуға тиісті баптың,
тиісті емес бөлігін және тармақшасын қолданудан көрінеді. Мысалы кінәлі
адамға ҚК-тің 178 бабының бірінші бөлімінің орнына, екінші бөлім
қолданылады.
Қылмысты дұрыс сараламаудың төртінші түрі қылмыстың бір түрін
жасаған адамға ҚК-тің бірнеше бабын қолданудан көрініс табуы мүмкін. Мысалы
бандитизім жасаған адамға 237 баппен қатар ҚК-тің 96, 179 баптарын қолдану.
Қылмысты саралаудағы осындай қателіктерді әдебиетте басы артық саралау деп
атау қалыптасқан.
Қылмысты дұрыс сараламаудың келесі, бесінші түрі қылмыстың
жиынтығын ҚК-тің бір бабымен немесе баптың бөлімімен саралау болып
табылады. Мысалы атыс қаруын пайдаланып жасалған қарақшылық үшін ҚК-тің 179
бабының 2 бөлімінің 2 тармақшасы қолданылады дұрысында ҚК-тің 251 бабыда
қолданылуы тиіс болатын.
Саралаудың соңғы түрі іс-әрекетінде қандайда болмасын қылмыс
құрамының белгісі жоқ адамға қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы болып
табылады. Осындай жағдайда іс-әрекетте қылмыс құрамы жоқ деп танылады.
Енднше қылмыс жасамаған кінәсіз тұлға негізсіз қылмыстық жауапкершілкке
тартылады ол өз кезегінде Қазақстан Республикасның Конститутциясының 77
бабында бекітілген адамның конституциялық құқықтарын өрескел бұзу болып
табылады. Нақты қылмыс құрамының белгілері жоқ әрекетті құқық қорғау
органдарының ҚК-тің әлдеқандай бабымен дұрыс сараламаудың барысында осындай
жағдай орын алуы мүмкін . Мысалы тұлға Қылмыстық кодекстің 162 бабымен
жалдамалылық үшін жауапқа тартылады алайда оның материалдық сыйақы алу
немесе өзге де бас пайдасы мақсатында іс-әрекет жасағандығы дәлелденбеген.
Өкінішке орай, көп жағдайда анықтама және алдын-ала тергеу
органдарында айта қаларлықтай жиі кездесетін қылмысты дұрыс сараламау
оқиғалары белгілі болмай қалады, саралаудағы қателіктерге істі сотта
қарауда да жол беріледі. Соның нәтижесінде анықтама және алдын ала тергеу
органдарымен қылмыстың дұрыс сараланбауы сотта да қайталанып әділсотты емес
үкімдердің шығуына жол беріледі. Кей реттерде қылмысты дұрыс сараламау
оқиғаларының кінәсіз адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту деп атауға
болады.
Қылмысты дұрыс сараламаудың осындай оқиғалары барлық қылмыстық
істер бойынша үкімдерге шағым немесе наразылықтар келтірілмеуіне байланысты
жоғарғы сот сатыларында да әрқашан анықтала бермейді. Сондықтан үкімдердің
басым бөлігі жоғарғы сот сатыларында тексеруден өтпестен күшіне енгізіледі
және орындалады.
Қазақстан Республикасының жаңа ҚІЖК-де қылмыстық заңды дұрыс
қолданбауға байланысты қылмыстық іс қайта тергеуге жіберілетін, сот үкімі
өзгерілетін немесе күшін жоятын нормалар қарастырылған. Олардың қатарына
ҚІЖК-нің 303, 376, 416, 432, 436, 459 баптарын жатқызуға болады.

I-2. Қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңи негіздемесі

Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін өте
маңызды және әмбебап қылмыс құрамы туралы ілім бар. Бұл ілім тек заң
ғылымдарының жетістігі негізінде ғана пайда болған жоқ. Онда философияның
ұғымдары (объекті, себепті байланыс мәселелері). Медицина ұғымдары (есі
дұрыс еместік ұғымын анықтаумен байланысты мәселелер) психологиялық ұғымдар
(қылмыстық жауаптылық басталатын ең төменгі жас мөлшерін анықтау кінә,
пиғыл ұғымдары) пайдаланылады. Аталған ілімнің әмбебаптағы бұл ілімді
әртүрлі сипаттағы қылмыстық заңдарға қолдануға болады. Қылмыстық құқылық
норма және жасалған іс-әрекеттің оқиғалық мән-жайы қылмысты саралау
процессінде біріктірілетін құбылыстардың екі өрісі болып табылады. Аталған
біріктіру осы құбылыстар үшін ортақ болып табылатын белгілерді табу жолымен
жүзеге асырылады. Саралау барысында қылмыстық-құқылық норма тұтастай және
жасалған нақты қылмыстың белгілерінің барлық жиынтығы толығынан
пайдаланылмайды. Жасалған іс-әрекетті саралау үшін қажетті болып
табылатын белгілердің бөлшегі қылмыс құрамы деген ұғыммен қамтылады.14
Қылмыс құрамының атқаратын қызметін дұрыс ұғыну үшін ең алдымен оның
белгілі бір қылмыс түрі үшін жауапкершілікті қарастыратын қылмыстық-құқылық
нормамен ара қатынасын айқындап алу қажет болады. Норма-бұл заң бабының
мәтінімен әрдайым сәйкес келе бермейтін жүріс-тұрыс ережесі болып табылады.
Қылмыстың белгілі бір түрі үшін (мысалы, ұрлық үшін) жауаптылықты
қарастыратын қылмыстық-құқылық норма тиісті іс-әрекетті жасауға тиым салуды
ғана білдірмейді (норманың диспозициясы) және оны жасағаны үшін
қолданылатын санкцияны және оны қолдану үшін шарттарды қарастырады
(норманың гипотезасы).
Егер қылмыс құрамын; қылмыстың қылмыстық заңда бекітілген белгілерін
көрсететін қылмыс туралы заңнамалық ұғым-деп санайтын болсақ онда құрам
ұғымының көлемі бойынша да, мазмұны бойынша да қылмыстық-құқылық норма
ұғымымен салыстырғанда тар көлемде екендігіне көз жеткізуге болады.
Біріншіден, норманың санкциясы құрам шеңберінің сыртында қалады.
Екіншіден, құрам норманың диспозициясымен толық сәйкестікте бола бермейді.
Н.Д. Дурмановтың айтуынша қылмыстық құқықтың нормасы жағымсыз іс-
әрекеттерді жасамау туралы нақты бұйрықты білдіреді. Қылмыс құрамы болса
қылмыс белгілерін сипаттап жазудан тұрады. Қылмыс құрамы өздігінен бұйыруды
білдірмейді. 15
Қылмыс құрамының және қылмыстық-құқылық норманың гипотезасының
арақатынасы туралы мәселе онша айқын емес: бұл өз кезегінде қылмыстық
құқықтығы гипотезаның рөлі туралы бірегей пікірдің болмауымен
түсіндіріледі. Егер қылмыстық-құқылық нормада гипотеза мен диспозиция
бірігіп кетеді деп есептейтін пікірді басшылыққа алатын болсақ онда құрам
түсінігі барынша тар ұғым болып шығады. Себебі оның қылмыстық жауаптылықтың
кейбір шарттарын қамтымайтындығы айқын. Егерде біз гипотезаны қылмыстық-
құқылық норманың дербес бөлшегі ретінде ажырататын болсақ онда гипотезасыз
құрам өзінің мазмұны жағынан норманың диспозициясына өте жақын келеді.
Қылмыстық-құқылық норманың элементі ретінде құрамға заңшығарушымен тек
өзінің жиынтығында берілген түрдегі қылмыстың мәнісін сипаттайтын оның
болғандығын, сипатын және жалпы түрдегі оның қоғамдық қауіптілігін
білдіретін белгілердің ғана кірістірілетіндігі туралы құқықтық әдебиеттерде
бірнеше рет көрсетілгген. 16
Я. М. Брайнин бұл тұжырымды кеңейте түскен. Ол қылмыс құрамы рөлін тек іс-
әрекеттің қоғамдық қауіптілік сипатына ғана жатқызу оның маңызын
төмендетеді- деп дұрыс айтқан.17 Шындығында құрам белгілері іс-әрекеттің
қоғамдық қауіптілігін ғана емес тұлғаның кінәсін де сипаттайды. Осы
тұрғыдан алғанда құрамды қоғамдық қауіпті іс-әрекетті қылмыстық заңнамаға
сәйкес қылмыс және қылмыстық жазалануға жататын ретінде айқындайтын
белгілер жиынтығы-деп бағалайтын анықтама барынша дұрысырақ сияқты.18
Әлдеқандай қылмыс құрамын сипаттайтын белгілерге бірдей шамада осы
қылмыс туралы түсінікте кіреді. Ұрлық құрамы немесе ұрлық түсінігі
дейтін болсақ өзіміз қолданған сөздердің айырмашылығына қарамастан тиісті
қылмысты сипаттайтын қылмыстық-құқылық белгілерді білдіреміз. Ендеше бұл
құрам және белгілі бір түрдегі қылмыс түсінігі арасында айырмашылқ болмайды
дегенді білдіреме? Жоқ білдірмейді. Қылмыс құрамында белгілер қылмыстың
белгілі бір элементтеріне телінген, олар топтастырылған және айта
қаларлықтай қатаң кезектілікпен бекітіледі ал қылмыс түсінігі үшін бұл
міндетті болып табылмайды. Басқаша айтқанда қылмыстың құрамы және түсінігі
олардың ішкі құрылымы бойынша, біртектес белгілердің тәртіпке келтірілу
дәрежесі бойынша ажыратылады.
Құрам қылмыс белгілерінің жиынтығы ғана емес, олардың қатаң жүйесі
болып табылады. Құрам қылмыс үшін сипатты болып табылатын оны құрайтын
элементтердің ішкі байланысын көрсетеді. Барлық қылмыстардың бірегей ортақ
құрылымын табу және осы негізде қылмыстың объектісін, субъектісін,
объективтік және субъективтік жақтарын сипаттайтын белгілердің негізгі төрт
тобынан әрбір қылмыстың құрамын құрастыру қылмыстық құқық ғылымының үлкен
жетістігі болып табылады.19 Қылмыс құрамының құрылымдық сипаты саралау
үшін қағидалық маңызға ие болады, себебі оның кейбір ортақ принциптерін
саралауға мүмкіндік береді.
Қылмыс құрамы тұлғаны берілген қылмысты жасаған деп тану үшін қажетті
және жеткілікті болатын белгілердің жүйесі болып табылады. Олардың
қажеттілігі мынада: құрамның барлық белгілерінің жиынтығынсыз тұлға қылмыс
жасаған деп айыптала алмайды ендеше ол қылмыстық жауаптылыққа да тартыла
алмайды. Олар жеткілікті болып табылады себебі тиісті тұлғаға қылмыс
жасағандығы туралы айып тағуға негіз болуы үшін әлдеқандай қосымша
мәліметтерді анықтаудың қажеттілігі болмайды. Құрамды қылмыстың берілген
түрінің қылмыстық заңда бекітілген ақпараттық нұсқасы деп айтуға болады.
Бұл нұсқа өз кезегінде берілген түрдегі барлық қылмыстардың белгілерін
қортындылау негізінде құралады. Нәтижесінде біз олардың негізгі
ерекшеліктерінің үнемді, қысқа және жеткілікті түрдегі айқын сипаттамасына
ие боламыз. Ақпараттық нұсқа заңгердің практикалық қызметінде екі жақты рөл
атқарады. Біріншіден ол заңгерге заңның талаптары туралы мағұлмат береді.
Мысалы, біз ҚР-сы ҚК-нің 175 бабында қарастырылған ұрлық құрамы бұл
қылмыстың мынадай белгілерін біріктіреді деп айтамыз. Екінші жағынан бұл
нұсқа бізге жасалған нақты іс-әрекеттің өзіндік белгілері туралы ақпарат
береді. Бірінші және екінші топтағы ақпараттың біріктірілуі,
сәйкестендірілуі қылмысты саралау барысында жүзеге асырылады.
Құрамның екі жақты ақпараттық қызметіне байланысты терминология
туралы мәселе туындайды. Құқықтық әдебиеттерде кей реттерде қылмыстың
заңдық және фактілік құрамдары ұғымы пайдаланылады. А.А. Пионтковский
заңгерлер қылмыс құрамы ұғымын қылмыстық заңнама бойынша белгілі бір
қылмысты сипаттайтын белгілердің жиынтығын білгілеу үшін және осы
белгілерге сәйкес келетін нақты іс-әрекетті белгілеу үшін қолданады-деп
тұжырымдаған.20 Алайда В.Н. Кудрявцев бұл пікірге қосылмай, қылмыстық-
құқылық нормадағы белгілер жалпылама негізде тұжырымдалып, жеке құбылыс
болып табылатын нақты қылмыс белгілерімен салыстырғанда дерексіздіктің
(абстракция) жоғарғы деңгейіне жатқызылатындағын атап көрсеткен.21 Нақты
қылмыстың белгілері құқық нормасында бар белгілердің тиісті сыныбына
кіретіндігіне байланысты ғана олардың сәйкестігі туралы айтуға болады.
Сондықтан дейді В.Н. Кудрявцев қылмыс құрамы түсінігін тек ғана нормативтік
ұғымында қолдану керек.
Қылмыс құрамының жоғарыда атап көрсетілген ерекшеліктері оның
құқықтық маңызын айқындайды. Ең алдымен ол құрамның қылмыс жасаған тұлғаны
қылмыстық жауаптылыққа тартуға заңды негіз қызметін атқаратындығынан
көрінеді. Егер нақты қылмыстың әрбір белгісі құрамның жалпы қортындыланған
белгілерінің қатарына кіретін болса және оған дербес нәрсе ретінде
нәрселердің тиісті сыныбына қатысты болса біз ол тұлғаның әрекеттерінде
қылмыс құрамы бар деп айтамыз. Бір де болса белгінің сәйкес келмеуі
қылмыстық жауаптылықтың туындауы үшін негіздің болмауына алып келеді.
Аталған жағдайда қылмыстық қуғындау қозғала алмайды, ал қозғалға іс іс-
әрекетте қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс жүргізудің кез
келген сатысында қысқартылыуы тиіс. Жауаптылық қылмыстық заңнаманың Ерекше
бөлімінің нақты бабы бойынша туындайды. Нақты осы түсінігінде қылмыс
құрамын қылмыстық жауаптылықтың қажетті және бірден-бір негізі ретінде
санау қажет, сондықтанда қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңды негізі
болып табылады.
Қылмыс құрамының жоғарыда көрсетілген өзіндік ерекшеліктері әр түрлі
санаттағы қылмыстарды ажыратуды да қамтамасыз етеді. Абсолютті түрде
бірдей қылмыс құрамының болмайтындағы түсінікті қылмыстардың барлық
құрамдары өзара бір белгісімен болсада өзгешелікке ие болады. Құрамдар
арасында айырмашылықтардың болмауы аралас құрамды қылмыстарды ажыратуға
мүмкіндік бермес еді.
Қылмыс құрамының ажыратушылық функциясы практикалық жағынан да өте
маңызды, себебі әртүрлі қылмыстардың қоғамдық қауіптілігіне тәуелді түрде
жауаптылықты дербестендіруге қылмыстың берілген түрімен күресу үшін заң
шығарушы барынша тиімді деп санайтын құқықтық салдарды таңдап алуға
мүмкіндік береді.
Қылмыс құрамында ажыратушылық рөл атқармайтын белгілер болмайды.
Олардың әрқайсысы қылмыстың берілген түрін басқа түрлерінен бөлектейді
немесе қылмысты өзге құқықбұзушылықтардан ия қоғамдық қауіпті іс-
әрекеттерден ажыратады.
Құрамның ажыратушылық функциясын талдай отырып оның белгілерінің
басым көпшілігі жоғарыда аталған бірінші қызметті ал кейде бір уақытта
екеуінде орындайтынын байқауға болады. Мысалы, жасырын (талан-тараж)
ұғымы ұрлық құрамында ұрлықты тонаудан ажыратуға мүмкіндік береді. Аталған
құрамдардың барлық қалған белгілері ұқсас болады бірақ ұрлық пен тонауды
қылмыстардың өзге түрінен ажыратуға мүмкіндік береді. Талан-тараж
түсінігі ұрлық пен тонауды меншікке қарсы қылмыстардың кейбір түрлерінен
(мысалы, мүлікті құрту) айырып ғана қоймайды және оларды азаматтық
деликтерден де ажыратады.
Қазіргі уақытта қылмыс құрамы ұғымының мазмұнына кірістірілетін
белгілер жинағында бір қылмысты өзгесінен ажырату рөлін атқармайтын тек бір
белгі бар сияқты. Бұл-заңи көзқарас тұрғысынан барлық қылмыстар үшін бірдей
болып табылатын есі дұрыстық.22
Егер қылмыстық-құқылық нормада гипотезаны барлық қылмыстар үшін
бірдей олардың жасалуының шарттарының жиынтығы ретінде бөліп қарасақ онда
есі дұрыстықты гипотезаға жатқызуға болады. Есі дұрыстықтың қылмыс
субъектісінің белгісі ретіндегі тұлғаның өзінің жүріс-тұрысына психикалық
қатынасының нысандарымен тығыз байланысты болуы ондай ғылыми көзқарасқа
кедергі келтіреді. Одан басқа есі дұрыстық қылмысты қылмыстық жауаптылықты
туындатпайтын қоғамдық қауіпті жағдайда тиісті ескертпелер жасай отырып
құрам белгісі ретінде қарастыратын боламыз.
Құрамның дерексіздігі, оның жалпыламалық мәнісі белгілі бір
жағымсыздыққа ие болады. Ол заңның тек белгілі бір белгілердің жиынтығының
барысында ғана қылмыстық жауапкершілікті қарастыратындығынан және көптеген
мән-жайларды есепке алмайтындығынан көрініс табады. Кез-келген құқықтың
әртүрлі адамдарға бірдей көлемді қолдану болып табылатындығы белгілі.
Алайда құрамның дерексіздігі және жоғарыда атап өтілген заң
нормасының формализмі шешуді талап ететін жағымсыз жақтарға ғана ие емес
аталған кемшіліктердің орнын толтырарлықтай жағымды қасиеттерге де ие
болады.
Олар неден көрініс табады? Бірінші кезекте заңмен азаматтардың
барлығына қойылатын талаптардың бірлігі мен айқындығы. Олардың барлығы
ұлттық, әлеуметтік, діни және басқа да айырмашылықтарына қарамастан заң
алдында тең. Ол қылмыстық заңнаманың және құқықтың өзге салаларының барлық
тұлғаларға бірдей талаптар қоюынан көрініс табады. Ұрлық құрамы оны кімнің
жасағанына қарамай барлығы үшін бірдей және бұл алдын алу мен тәрбиелеуде
үлкен маңызға ие болады.
Қылмыстық-құқылық норманы дұрыс құрастыру құрам дерексіздігінің
жағымсыз жақтарын жоюдың негізгі шарты болып табылады. Норма заңшығарушы
қарастыруға және тиым салуға тырысатын қоғамдық қауіпті іс-әрекеттерді ғана
барынша дәлдік және толықтықпен көрсетуі тиіс. Бұл өз кезегінде
заңшығарушыдан өте жоғарғы деңгейдегі заң техникасын меңгеруді талап
ететіндігі айқын. Осы тұрғыдан алғанда біздің әліде болса кемшін соғып
жатқан тұстарымыздың басым екендігі жасырын емес
Алайда заңның барынша жетілдірілген мәтінінің барысында да норманың
абстрактивті талабы мен өмірдегі ситуациялардың нақты ерекшеліктерінің
арасында қайшылықтар пайда болуы мүмкін. Осындай жағдайларда бұлар
қылмыстық жауаптылықты болдырмайтын ерекше мән-жайларды қарастыратын ҚК-тің
Жалпы және Ерекше бөлімдерінің нормалары арқылы шешіледі. Қылмыс құрамы
белгілі бір құрылымға ие болғандықтан оған оны құрайтын белгілер арасындағы
байланыстардың түрін, сипатын білдіретін белгілі бір конструкция тиісті
болады. Құрамның белгілері әртүрлі болғандықтан және өзара комбинациялардан
тұрады бұл өз кезегінде қылмыс құрамдарының әралуандығына алып келеді.
Көптеген жағдайларда құрамдардың бірнеше белгілері бір негізде
топтастырылады, басқаша айтқанда қылмыс құрамының жекелеген бөліктерін
құрастырудың типтік үлгілері бар. Мысалы, ұрлықтың және тонаудың тиісінше
адам өлтірудің және денсаулыққа жеңіл зардап келтірудің құрамдары бірдей
конструкцияға ие.
Екінші жағынан көптеген құрамдар өзара конструкциясы бойынша
айырмашылыққа ие болады. Мысалы жәбірленушінің қайтыс болуына алып келген
денсаулыққа қасақана ауыр зардап келтіру (103б.) адам өлтіру құрамынан тек
объекті, объективтік және субъективтік жақтарының белгілерімен ғана емес
өзінің құрлысының ерекшеліктерімен айырмашылықтарға ие болады: онда зиянды
салдардың екі түрі (денсаулыққа ауыр залал келтіру және өлім) қарастырылған
және кінәнің екі нысаны бар. Оның есесіне кісі өлтіру құрамы үшін
ауырлататын мән-жайлардың күрделі құрылымы тән болады.
Бұл мысалдан байқайтынымыз құрамдар құрлысындағы айырмашылықтар
жекелеген белгілердің мазмұнымен емес, қылмыстың белгілі бір элементтерін
сипаттайтын белгілердің тобымен анықталатындығы. Суреттей айтқанда егер
қылмыс құрамы ірі типтік блоктарда тұратын ғимарат дейтін болсақ, онда
конструкция осындай блоктардың жиынтығымен анықталады. Я.М. Брайниннің
пікірінше Қылмыс құрамының құрылымдық негізін оның элементтерінің жүйесі
құрайды: объект, объективтік жағы; субъекті және субъективтік жағы
құрайды. 23
В.Н. Кудрявцевтің ойынша: мәнісі бойынша дұрыс болып табылатын бұл
пікір термонологиялық жағынан тиянақтауды қажет етеді. Ол жаңылысу болмау
үшін элемент терминімен қылмыстың тек төрт бөлігін білдіруді ұсынады, ал
құрам мазмұнына қатысты белгі немесе белгілер тобы сөзін пайдалануды
ұсынады. Аталған көзқарас тұрғысынан құрам қылмыстың тиісті төрт элементін
сипаттайтын белгілердің төрт тобына ие болады және бұл оның құрылымдық
негізі болып табылады.
Алайда тек аталғандармен шектелу жеткіліксіз болады. Құрамның
конструкциясын оның белгілерінің барынша ұсақ топтары да құрайды. Осындай
топтар барлық немесе көптеген қылмыстарға тән болатын құрамдардың жекелеген
белгілерінің қортындыланған сипаттамасы болып табылады. Бұлар мазмұндық
белгілердің өзі емес олардың санаттары немесе сыныптары болып табылады.
Мысалы, қылмыстың объективтік жағына әрекет немесе әрекетсіздік, зиянды
салдар және т.б. кірістіріледі Әрекет (немесе әрекетсіздік) жүріс-
тұрыстың әртүрлі нысандарын кірістіретін санат болып табылады. Субъектіні
сипаттайтын белгілердің кейбір санаттары туралы біз осыған дейінде айтқан
болатынбыз (ақыл-асі дұрыстық, жас мөлшері)
Жоғарыда аталған белгілер санатының болуы құрамды толық сипаттама
жасауға жеткіліксіз болады, себебі санаттар белгілердің тектік тиістілігін
көрсетеді және қажетті нақтылыққа ие бола алмайды: әлдеқандай құрамды
суреттеу үшін оған не кіретінін көсетіп ғана қоймай осы қортындыланған
белгінің мазмұнында ашу қажет болады, яғни әңгіме мүлікті жасырын талан-
таражға салу немесе эпидемиялармен күресу ережелерін бұзу туралы жөнінде
болып отырғанын анықтау керек. Ендеше құрамға кіретін белгілердің
санаттарын атап шығу оның мазмұнын ашпайды бірақ, оның конструкциясына
сілтеме жасайды. Сонымен бірге құрам белгілерінің әлдеқандай ресми
сыныптамасының жоқ екендігін және аталған мәселе бойынша ғалымдар пікірінің
толық бірдей емес екендігін естен шығармаған дұрыс.
Жоғарыда көрсетілген қылмыстық құқық ғылымындағы қылмыс құрамы мен
оның атқаратын қызметі және оның қылмысты саралаудағы маңызы туралы
пікірталастарды осымен қоя тұрып, қазіргі кездегі оқулықтардағы бекітілген
көзқарастарды талдап көрейік.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы ҚК-ін дұрыс қолдану аталған
ілімсіз мүмкін болмайды. Мысалы құқық қорғау органдарына белгілі бір
тұлғаның бұзақылық іс-әрекеттерді жасағаны туралы хабар келіп түсті.
Әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануға жататын ұсақ бұзақылық па немесе
қылмыстық жауаптылықты туындататын бұзақылық іс-әрекеттер болып табылама
дұрыс шешу үшін Қ.Р. ҚК-нің 257 бабында қарастырылған (бұзақылық) қылмыс
құрамының белгілерін білу қажет. Одан кейін жасалған іс-әрекеттің мән-
жайлары мен сипатын, кінәліні сипаттайтын белгілерді анықтап оларды
бұзақылық құрамымен салыстыру қажет. Егер жасалған іс-әрекетте қылмыстық
тәртіппен жауапқа тартылатын бұзақылықтың белгілері бар болса, кінәлі адам
ҚК-тің 15 бабында көрсетілген қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа толса
онда бұл жағдайда ҚК-тің 257 бабында қарастырылған қылмыстың жасалғандағы
туралы қортынды жасауға болады.
Ендеше қылмыс құрамы туралы ілімсіз қылмыстық заңды дұрыс қолдану
негізінен алғанда мүмкін болмайды. Қылмыс құрамы туралы ілімнің
маңыздылығы мен мәнділігі осында.
Жасалған іс-әрекетті саралау негізделетін және ескерілетін қылмыс
құрамы туралы мәселені қозғаудан бұрын құрам ұғымына не кіретіні және оның
бөлшектеріне ненің жатқызылатынын дұрыс анықтап алу керек. Құқықтың
әдебиетте тиісті терминология қолданылды. Бірақ кей кездерде элемент,
белгі, тарап, жүйе бөлшегі, жүйе терминдері бір мәнде, бір мағынада
білдіреді, қылмыс құрамы және қылмыс деген аталымдар біріктіріліп
жіберіледі.
Жалпы алғанда ғылыми терминология мәселесі оңай емес және ойлап
табылған емес қылмысты саралауға тікелей қатысты болып табылады. Дегенмен
біз осы мәселе төңірегіндегі ғылыми пікірталастарды өз жұмысымыздың
мазмұнына кірістіруді қажет деп таппадық.
Енді қылмыс құрамы оның қылмыстық әділ соттылықты жүзеге асырудағы,
қылмысты дұрыс саралаудағы маңызы туралы, құқықтық әдебиеттерде қылмыс
құрамына көптеген анықтамалар берілген. Олардың көпшілігі бойынша қылмыс
құрамы дегеніміз іс-әрекетті нақты қылмыс ретінде бағалауға мүмкіндік
беретін объективтік және субъективтік ерекшеліктерге ие заңи белгілерінің
жиынтығы болып табылады. Адамның іс-әрекетінде қылмыс құрамының болуы
қылмыстық жауап кершілікке тартудың бірден-бір негізі болып табылады.
Қылмыстық-құқықтық норманың диспозициясында қылмыстың атауы немесе қылмыс
белгілері сипатталады. Құрылымдық техникасы және қылмыс белгілерін сипаттау
әдісі бойынша диспозицияларды жай, сипаттамалы бланкеттік және сілтемелі
қылып бөлеміз.
Мысалы заңшығарушы жалпылай белгілі терминмен қылмыстық іс-әрекетті
атап, оның белгілерін ашып көрсетпеген жай диспозицияда немесе қылмыс
құрамының барлық белгілері айқындалмаған және оларды анықтау үшін өзге
нормативтік актіге жүгінуді қажет ететін бланкеттік диспозицияларда іс-
әрекеттерді қалай саралау қажет? Сонымен қатар қылмыстық заңның Ерекше
бөлімінде қылмыстың объектісі мен субъектісі оның субъективтік жақтары
көрсетілмеген баптар бар. Әдетте қылмыстық құқықтық норманың дспозициясында
қылмыс құрамының тек объективтік жағының белгілері ғана көрсетіледі және
олда толық күйінде емес. Мысалы ҚК-тің 96 бабында іс-әрекетті оның
нәтижесімен байланыстыратын себепті байланыс туралы аталмаған. Осыдан
шығатын қортынды қылмыс құрамы терең мазмұнға ие және заң диспозициясы
мәтінінен айыптарлықтай кең, көлемдірек болады. Сондықтан іс-әрекетті
саралау барысында ҚК-тің жалпы бөлімінің нормаларына оларды құзіретті
органдардың түсіндірулеріне жүгіну қажет болады.
Қылмыс құрамын қылмыстық-құқықтық норманың диспозициясын яғни ҚК-
тің Ерекше бөлімінің баптарын қарастыру барысында заң шығарушы қоғамдық
қауіпті іс-әрекетті сипаттайтын белгілердің ішінен барынша маңыздыларын
ғана іріктеп алады. Өзінің жиынтығында олар жеке тұлғаға, қоғам мен
мемлекетке қауіп төндіреді.
Қылмыс құрамы нақтылыққа ие, алайда оның нақтылығы жалпы сипатта
болады. Онда іс-әрекет сипатталып жазылмайды, анықталған қол сұғушылықтың
жеке ерекшеліктері және белгілері болмайды. Жалпы айтқанда қылмыс құрамы іс-
әрекетке сәйкес келмейді. Сондықтан жалпы қалыптасқан түсінікпен
сәйкеспейтін белгілі бір жағдайда үйреншікті емес нақты жағдай қалыптасады
яғни қылмыс құрамы әрқашан нақты, бірақ өзі ақылға қонымды жалпылама
қортындылаудың нәтижесі болып табылады. Қылмыс құрамы туралы жалпы ілімде,
нақты құрамдардың барлық белгілерін негізгі және қосымша қылып бөлу
қалыптасқан. Барлық нақты қылмыстарға тиісті белгілер жалпы белгілер болып
табылады. Осыған сәйкес әрбір құрамда нақты объект, іс-әрекет, кінә, есі
дұрыстық және қылмыс субъекетісінің заңда көрсетілген жасқа толуы анықталуы
тиіс. Қосымша белгілер заң шығарушымен жеке қылмысты немесе қылмыс топтарын
сипаттау барысында қолданылады.
Қылмыстық құқық теориясында қылмысты саралауды құрам элементтері
объекті, объективтік жағы, субъект және субъективті жағы бойынша жүргізу
қабылданған. Сондықтан жасалған іс-әрекеттің белгілері олардың анықталуы
бойынша, заңның тиісті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аяқталмаған қылмысты саралау
Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны
Қылмыс және қылмыстық құқық жайлы
Қылмыс құрамының жекелеген элементтері бойынша қылмысты саралау
Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы
Қазақстан Республикасы қылмыстық қүқығындағы қылмысты саралаудың жалпы түсінігі мен маңызы
Қылмысты саралаудың теориялық негіздері және оны жүзеге асырудың практикалық мәселелері жайында
Қылмысты саралаудың қылмыстық заңнаманы жүзеге асырудағы маңызын ашып жан-жақты зерттеу
Қылмысты саралаудың қылмыстық құқықтағы орны
Қылмысты саралаудың теориялық мәселелері және қылмыспен күресте алатын орыны
Пәндер