Бруцеллезді серологиялық анықтау. Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Микроб антигендері
2Бруцеллез туралы анықтама.
3. Бруцеллезді серологиялық анықтау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе. Бактериялар (гр. bakterion - «таяқша») — тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ жасушалар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады бірақ көбінесе нейтралды қызметті атқарады.
Бактерия -бір жасушалы организм көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бактерия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк -жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды; ядросы, митахондриясы, пластидтері қалыптаспаған өте кішкентай біржасушапы организмдер

Микробтық антигендер. Микроорганизмдер тұқым немесе түр шеңберінде өздерінің антигендік құрылымы бойынша бір – бірінен ерекшеленеді. Микробтардың антигендік құрылысы оларды жіктеу немесе бір – бірінен ажырату жұмыстарында қолданылады. Зардапты микроорганизмдердің антигендік құрылысы өте күрделі болып келеді. Олардың цитоплазмасынан, қабығынан, капсулаларынан, қылшаларынан көптеген антигендерді ажыратып алуға болады.
Бактериялардың үстіңгі құрылымдары антигендерге өте бай келеді. Жасушада орналасуына байланысты антигендер бірнеше топқа бөлінеді.
Капсула антигендері немесе К – антигендер – микроб жасушасының ең сыртқы тұрақты құрылымы. Химиялық құрылысы жағынан олар полисахаридтер немесе полипептидтер. Антигендік тұрғыдан алғанда капсула полисахаридтері әрқашан біркелкі болып келмейді. Мысалы, пневмания стрептококкгы тудыратын ауруды анықтау тәсілдеріне және оның алдын алу шараларында кеңінен қолданылып жүрген осы қоздырғыштың 80 – нен аса серологиялық варианттары бар. Біркелкі К – антигендер қатарына энтеробактериялардың, бруцеллалардың, франциселлалардың полисахариді Vi антигендерін; ерсиниялардың белокты – полисахаридті V- W антигендерін; А – тобындағы стрептококктардың М – протеинін, стафилококктардың А – протеинін және ішек таяқшасының К – 88, К- 99 белок тектес антигендерін жатқызуға болады. Микробтардың корд – факторын, топалаң қоздырғыштарының полипептидті капсуласын да К – антигендердің қатарына қосуға болады, бірақ бұл антигендер белгілі бір жағдайларда ғана түзіледі.
1. Толысбаев Б.Т, Шоқанов Н, Булашев А, Бияшев Қ, Мал дәрігерлік микробиология. Алматы,1999
2. Иммунология.., А.Қ.Бұлашев. Астана,1998
3. Малдың жұқпалы ауруларын бактериологиялық балау.., Кіркімбаева Ж.С., Орынтаев Қ.Б
4. Омарбеков Е.О.Вирусология пәнінің зертханалық сабақтары. Семей,2001
5. Сайдулдин Т.С Ветеринариялық індеттану,1-2 кітап.Алматы,1999

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министірлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Бруцеллезді серологиялық анықтау.
Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы

Орындаған: Темешов Д.А
Тексерген: Нуркенова.М.К

Семей 2015

ЖОСПАР:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Микроб антигендері
2Бруцеллез туралы анықтама.
3. Бруцеллезді серологиялық анықтау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе. Бактериялар (гр. bakterion - таяқша) -- тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ жасушалар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады бірақ көбінесе нейтралды қызметті атқарады.
Бактерия -бір жасушалы организм көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бактерия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк -жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды; ядросы, митахондриясы, пластидтері қалыптаспаған өте кішкентай біржасушапы организмдер

Микробтық антигендер. Микроорганизмдер тұқым немесе түр шеңберінде өздерінің антигендік құрылымы бойынша бір - бірінен ерекшеленеді. Микробтардың антигендік құрылысы оларды жіктеу немесе бір - бірінен ажырату жұмыстарында қолданылады. Зардапты микроорганизмдердің антигендік құрылысы өте күрделі болып келеді. Олардың цитоплазмасынан, қабығынан, капсулаларынан, қылшаларынан көптеген антигендерді ажыратып алуға болады.
Бактериялардың үстіңгі құрылымдары антигендерге өте бай келеді. Жасушада орналасуына байланысты антигендер бірнеше топқа бөлінеді.
Капсула антигендері немесе К - антигендер - микроб жасушасының ең сыртқы тұрақты құрылымы. Химиялық құрылысы жағынан олар полисахаридтер немесе полипептидтер. Антигендік тұрғыдан алғанда капсула полисахаридтері әрқашан біркелкі болып келмейді. Мысалы, пневмания стрептококкгы тудыратын ауруды анықтау тәсілдеріне және оның алдын алу шараларында кеңінен қолданылып жүрген осы қоздырғыштың 80 - нен аса серологиялық варианттары бар. Біркелкі К - антигендер қатарына энтеробактериялардың, бруцеллалардың, франциселлалардың полисахариді Vi антигендерін; ерсиниялардың белокты - полисахаридті V- W антигендерін; А - тобындағы стрептококктардың М - протеинін, стафилококктардың А - протеинін және ішек таяқшасының К - 88, К- 99 белок тектес антигендерін жатқызуға болады. Микробтардың корд - факторын, топалаң қоздырғыштарының полипептидті капсуласын да К - антигендердің қатарына қосуға болады, бірақ бұл антигендер белгілі бір жағдайларда ғана түзіледі.
Соматикалық антигендер - грам - теріс бактериялардың қабырғасындағы липополисахаридтердің бүйірін бойлай орналасып, жасушалардың бетіне шығып тұратын аолисахаридтердің тізбектері. Бұл тізбектер іс жүзінде бактериялардың детерминанталары болып табылады. Кейінгілердің ұқсастықтарына қарай сальмонеллалар мен эшерихиялар О - топтарға біріктірілген. К - антигендер әдетте соматикалық антигендерді қалқандап тұрады, сондықтан о - антигендерді анықтау үшін зерттеуге алынған бактерияларды алдын ала температуралық өңдеуден өткізу керек.
Н - антигендер. Жылжымалы қасиеті бар бактериялардың Н - антигендері немесе қылша антигендері болады. Қылшалар ыстыққа төзімсіз белокты кешеннен құралады. Грам теріс бактериялардың толық антигендік формуласы О : Н : К тізбегі түрінде жазылады. Микроб өсіндісінің антигендік құрылымының анықтау мақсатында агглютинирлеуші монорецепторлы диагностикалық қан сарсуларының жиынтығы қолданылады.
Бактериялардың экзоөнімдерінің антигендеріне олардың жасушаларының белокты метаболиттері, оның ішінде ең жақсы зерттелген экзотоксиндер жатады. Формальдегидтің әлсіз концентрациясымен өндегенде экзотоксиндердің антигендік қасиеттері өзгеріске ұшырамай, вакциндік препарат ретінде қолданыла алатын анатоксин деп аталатын затқа айналады. Көптеген микробтардың экзотоксиндері антигенділігі жағынан біркелкі болып келмейді.
Бациллалардың споралары да антигендік қасиетті иемденген. Олардың құрамына микробтың вегетативтік жасушаларында кездесетін және өзіне тән антигендер анықталған. Қорыта айтқанда, микроб антигендерінің өзіндік қасиеттері олардың тұқымын, түрін, ал кейде штаммын да анықтауға мүмкіндік береді. Алайда, әр түрге, тіпті тұқымдарға жататын микробтардың, айталық бруцеллалардың, ерсиниялардың, францисселардың, ортақ антигендік детерминанталары болады.
Бруцеллез - Brucella атты жалпы атаумен біріктірілген бактериялар қоздыратын созылмалы өтетін адам және жануарлардың ауруы.
Brucella туыстастығы 6 түрге бөлінеді: Brucella melitensis, Brucella abortus, Brucella suis, Brucella neotome, Brucella ovis, Brucella canis.
Бруцеллалар жоғары температураға сезімтал. Сұйық ортада 60 градуста 30 мин., 80-85 градуста - 5 минут ішінде, ал қайнатқанда бірден өледі. Тікелей түскен күн сәулесінің әсерінен бруцеллалар 4-5 сағатта өледі, топырықта тіршілігін 100 күн, суда - 114 күн сақтайды. Қоздырушы азық-түлікте ұзақ уақыт сақталады. Төменгі температураға өте төзімді болады (қатырылған етте 5 ай, сүт өнімдерінде - 1,5 айға дейін сақталады). Бруцеллездің қоздырушысы әр түрлі дезинфекциялық заттарға сезімтал: 2% карбол қышқылының ерітіндісі мен күйдіргіш натр, лизолдың 3% ерітіндісі хлорлы әктің және хлораминнің 0,2-1% ерітінділері қоздырушыны бірнеше минутта өлтіреді.
Мал өнімдері мен шикізаттарының эпидемиологиялық маңызы көп мөлшерде ластанғанымен айқындалады, сонымен қатар ол бруцелланың түріне, және оның вируленттілігі мен ұзақ уақыт сақталуына байланысты. Мысалы, ластанған сүтте бруцеллалар 10 күннен аса, ішкі ұлпаларда, сүйекте, бұлшық ет пен лимфа бездерінде бір айдан аса, жүнде - 3 ай сақталады.
Жануарлардың бруцеллезімен күресу келесі шараларға бағытталған:
1) жануарлардың бруцеллезінің алдын алуға;
2) бруцеллездің эпизоотиялық ошақтарын жоюға;
3) бруцеллезді адамдарға жұқтырмауға.
Бруцеллезбен ауырған мал немесе осы аурудан таза емес мал табыны орналасқан мал қорасы, аула, жайылым немесе басқа да аумақтар бруцеллездің індет ошағы болып табылады.
Жануарлар статусына байланысты сау, шартты түрде сау, ауру және ауруға күдікті тудыратын болып жеке немесе топтарға бөлінеді:
1) сау жануарлар: бруцеллезге ресми тестілер бойынша теріс нәтиже берген және аумақтың таза класында немесе аумақтың А және В кластарында бруцеллезден таза табындарда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы. Бруцеллезді серологиялық анықтау
Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы Бруцеллезді серологиялық анықтау жайлы ақпарат
Патогенді бактериялардың антигендік құрылымы
Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы жайлы
Бруцеллезді серологиялық анықтау
Ветеринария тәжірибесінде қолданылып жүрген мал бруцеллезіне қарсы шаралар жүйесі
Бруцеллез кең таралған инфекция
Вакциналар және вакцинация
Бруцеллез
Зоонозды аурулар: бруцеллез, күйдіргі, оба, туляремия. Жалпы сипаттамасы. Диагностикасы, емі, алдын-алуы. Анаэробты инфекция қоздырғыштары: сіреспе, газды гангрена, ботулизм. Жалпы сипаттамасы. Диагностикасы, емі, алдын-алуы
Пәндер