Абай және қазіргі заман, Шоқан және географиялық детерминизм, Фрейд және психоанализ, Ницше және аса кушті адам



«Қазіргі кезде әдебиеттану және басқа қоғамдық ғылымдар идеологиялық қатаң қағидалардың тар шеңберінен шығып, кең құлаш жаюға мүмкіндік алған жағдайда абайтану ғылыми жаңа белеске көтеріліп жалғаса, толыға беруі керек. Абай шығармашылығының танымдық, көркемдік, тәрбиелік мәнін жаңа қырларынан қарап, терең ашып көрсететін еңбектер ғана абайтану ғылымын байыта түспек».
Абайдың орасан зор ақындық қуат-күші өз шығармаларында қазақ өмірінің ең маңызды әлеуметтік мәселелерін көтере білуінен, қоғамның алдыңғы қатарлы өкілдерінің ой-арманын, түбегейлі мүддесін терең ұғып, сезіне білетіндігінен айрықша айқын көрінеді. Ақынның «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек», «Сегіз аяқ», «Ғылым таппай мақтанба», «Болыс болдым, мінеки» секілді таңдаулы көркемдік туындыларының қайсысын алсақ та оларға идеялық арқау болатын келелі мәселелер - білімге, адал еңбекке, әділеттілікке шақыру, надандықты, артта қалу кесапатын айыптау, алауыдық пен керіс-тартысты, өкімет билігін теріс пайдалануды әшкерелеу екені бірден байқалады. Осы идеялар ақын шығармалары тақырыбының ең басты, күрделі мәселелеріне жалғасып, солармен тұтасып, халықтың тағдыры, бүгінгісі мен кешегісі, поэзияның өмірдегі алатын орны туралы ойларымен сабақтас өріледі. Өйткені Абай поэзиясының басты тақырыптары, идеялық нысанасы ұлы ақынның әлеуметтік прогресс үшін, халықты өнер-білімге жеткізу үшін күресу мақсатынан туады. Халықтың ауыр тағдырын, өмір-тұрмысын ерекше шеберлікпен, нанымды көрсете отырып, Абай халықты қоғамдық асыл мұраттарға жетуге ынталандырады.
Ұлы ақын өмірі мен шығармаларын ғылымның бұған дейінгі жетістіктеріне сүйене отырып, тереңдеп тексеретін сала-сала тақырыптар бар.
Қазіргі әдебиеттану ғылымында абайтану ғылымының бір тармағы болып абайтану тарихы да өрісін кеңейтіп келе жатыр десек қателесе қоймаймыз. Сол себепті абайтану мәселесін сөз еткенде абайтану тарихына да тоқталмай өту мүмкін емес. Осы ретте «Абайтану ғылымының бел-белестері» деп аталатын ғылыми еңбек жазған академик, филология ғылымдарының докторы, профессоры Серік Смайылұлы Қирабаевтың келесі бір пікіріне назар аударсақ, ол төмендегідей: «Абайтану - қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген өнімді саласының бірі. Ақын шығармалары-ның алғаш баспасөз бетінде жарық көріп, оқырман жүрегіне жол табуынан бастасақ, оның бүгін жүз жылдан астам тарихы бар. Абай өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми мәні бар алғашқы ой-пікірлердің жарық көруі де осы ғасырдың бас кезінен басталады.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СРО

Тақырыбы: Абай және қазіргі заман, Шоқан және географиялық детерминизм, Фрейд және психоанализ, Ницше және аса кушті адам

Орындаған: Мухамадиева Б. УА-405
Тексерген: Кенжебулатова А.М.

Семей қаласы
2015 жыл
Абай және қазіргі заман
Қазіргі кезде әдебиеттану және басқа қоғамдық ғылымдар идеологиялық қатаң қағидалардың тар шеңберінен шығып, кең құлаш жаюға мүмкіндік алған жағдайда абайтану ғылыми жаңа белеске көтеріліп жалғаса, толыға беруі керек. Абай шығармашылығының танымдық, көркемдік, тәрбиелік мәнін жаңа қырларынан қарап, терең ашып көрсететін еңбектер ғана абайтану ғылымын байыта түспек.
Абайдың орасан зор ақындық қуат-күші өз шығармаларында қазақ өмірінің ең маңызды әлеуметтік мәселелерін көтере білуінен, қоғамның алдыңғы қатарлы өкілдерінің ой-арманын, түбегейлі мүддесін терең ұғып, сезіне білетіндігінен айрықша айқын көрінеді. Ақынның Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек, Сегіз аяқ, Ғылым таппай мақтанба, Болыс болдым, мінеки секілді таңдаулы көркемдік туындыларының қайсысын алсақ та оларға идеялық арқау болатын келелі мәселелер - білімге, адал еңбекке, әділеттілікке шақыру, надандықты, артта қалу кесапатын айыптау, алауыдық пен керіс-тартысты, өкімет билігін теріс пайдалануды әшкерелеу екені бірден байқалады. Осы идеялар ақын шығармалары тақырыбының ең басты, күрделі мәселелеріне жалғасып, солармен тұтасып, халықтың тағдыры, бүгінгісі мен кешегісі, поэзияның өмірдегі алатын орны туралы ойларымен сабақтас өріледі. Өйткені Абай поэзиясының басты тақырыптары, идеялық нысанасы ұлы ақынның әлеуметтік прогресс үшін, халықты өнер-білімге жеткізу үшін күресу мақсатынан туады. Халықтың ауыр тағдырын, өмір-тұрмысын ерекше шеберлікпен, нанымды көрсете отырып, Абай халықты қоғамдық асыл мұраттарға жетуге ынталандырады.
Ұлы ақын өмірі мен шығармаларын ғылымның бұған дейінгі жетістіктеріне сүйене отырып, тереңдеп тексеретін сала-сала тақырыптар бар.
Қазіргі әдебиеттану ғылымында абайтану ғылымының бір тармағы болып абайтану тарихы да өрісін кеңейтіп келе жатыр десек қателесе қоймаймыз. Сол себепті абайтану мәселесін сөз еткенде абайтану тарихына да тоқталмай өту мүмкін емес. Осы ретте Абайтану ғылымының бел-белестері деп аталатын ғылыми еңбек жазған академик, филология ғылымдарының докторы, профессоры Серік Смайылұлы Қирабаевтың келесі бір пікіріне назар аударсақ, ол төмендегідей: Абайтану - қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген өнімді саласының бірі. Ақын шығармалары-ның алғаш баспасөз бетінде жарық көріп, оқырман жүрегіне жол табуынан бастасақ, оның бүгін жүз жылдан астам тарихы бар. Абай өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми мәні бар алғашқы ой-пікірлердің жарық көруі де осы ғасырдың бас кезінен басталады.
Абайдың өмірі мен шығармашылығын зерттеу, тағылым алу, бүгінгі күннің тұрғысынан баға беру үрдісі жалғасып келеді. Мұның бәрі абайтану ілімінің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес болып қосылатыны сөзсіз құбылыс.
Ұлы Абай мұрасын тануда, дәлірек айтқанда абайтану тарихын жасауда ерекше роль атқаратын зерттеулердің бірі монографиялық зерттеулер десек қателесе қоймаймыз. М.Мырзахметұлы өзінің бұл мәселелерге арнаған еңбегін Абай мұрасы монографиялық зерттеулер желісінде деп атапты. Демек ғалым Абай мұраларын там-тұмдап зерттеудің нәтижелері уақыт өте келе үлкен, көлемді іргелі зерттеуге ұласқан тарихын атап көрсетеді.

ҚОРЫТЫНДЫ
Әдебиеттану ғылымының көрнекті бір саласы абайтану мәселелері. Күн өткен сайын өркендеп келе жатқан бұл ғылымның ауқымы да күннен-күнге кеңейіп, қанатын жайып келеді. Жалпы алғанда қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлғалар, кемеңгерлер хақында жазу, зерттеулер жазу үрдісі де кеңінен қалыптасып қалды, соның нәтижесінде бір ғана абайтану емес, сұлтанмахмұттану, шәкәрімтану, мағжантану, мұхтартану т.б. ғылымдардың өркендеп келе жатқаны қуантады. Әрине кемеңгерлігі, ойшылдығы, даналығы, ең бастысы ақындығы жөнінен тым биікте тұрған Абайдың өмірі мен шығармашылығын зерттеу, тану, насихаттау, тағылым алу кезек күттірмейтін келелі мәселелердің бірі деуге болады. Осы жағдайлардың бәрін ескере келгенде абайтану ғылымының күрделі, қызықты болуы заңды құбылыс.

Шоқан және географиялық детерминизм
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов -- қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. "Географиялық детарминизм" бағытын ұстанған. Қоғамның дамуына айнала қоршаған ортаның жазықтығы, тау-тастығы, ауа-райы, жер құнарлылығы, т.с.с. факторлар жатады. Бұл көзқарасы Батыс Еуропа француз ағартушыларының ойларына сай келеді.
Ш.Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, көптеген шығармаларынан философиялық пікірлер мен тұжырымдарды байқауға болады. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады.
Шоқан - адам мінез-құлқын дөп басып бере алатын психолог, жоғары шеберліктегі суретші. Оның көптеген портреттік еңбектері ішкі психологиялық сезімге құрылған озық туындылар. Ш. Уәлиханов адамдардың дiни сенiмi табиғат күшiнiң адамға еткен өктемдiгiнiң әсерiнен, адамның оның алдында әлсiздiгiнен пайда болған деп дәлелдейдi. "Қырғыздардағы шамандықтың қалдықтары" деген мақаласында: "Табиғат пен адам, өмiр мен өлiм әрқашанда ақыл жетпес құпия сыр болып келедi. Әлемдi және оның ғажайып ғаламаттарын, өмiр мен өлiмнiң сырын, адамның табиғатқа деген қарым-қатынасының құпиясын бiлу сияқты жеттiлiктерден келiп әлем мен табиғат, өлген адамдарды құдай тұтып қастерлеу - шаман дiнiн туғызды.

Фрейд және психоанализ
Психоанализ -- Австрия ғалымы Зигмунд Фрейд қалыптастырған XX ғасыр мәдениетінің барлық саласына зор ықпал еткен психологиялық ілім және психиатрияны емдеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай және қазіргі заман. Шоқан және географиялық детерминизм. З.Фрейд және психоанализ. Ф.Ницше және аса күшті адам
Абай және казіргі заман Шоқан және географиялык детерминизм З.Фрейд және психоанализ 4.Ф.Ницше және аса кушті адам
Абай және казіргі заман. Шокан және географиялык детерминизм.Фрейд және психоанализ. Ф. Ницше және аса кушті адам
Шоқан және географиялық детерминизм. Абай және қазіргі заман. Фрейд және Ницше
Абай және қазіргі заман
Абай және казіргі заман. Шокан және географиялык детерминизм
Абай және қазіргі заман. Шоқан және географиялык детерминизм.Фрейд және психоанализ
Фейербах және антропологиялык материализм
Экзистенциализм және өмір философиясы
Философия (Оқу құралы)
Пәндер