Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек туралы ақпарат



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Сүйектің сынуы
2.2 Буын шығуы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Сыну (fractura) – сүйек бүтіндігінің бұзылуы. Пайда болуына байланысты туа біткен және жүре пайда болған сынық болып бөлінеді. Туа біткен сынықтар нәресте сүйегінің құрсақ ішінде патологиялық процестер немесе анасының жарақат алуы себептерінен болады. Жүре пайда болатын сынықтар себебіне қарай патологиялық және жарақаттық сынық болып ажыратылады. Жарақаттық қынық – сау сүйектің оқыстан күшті механизмі зақым алуы (соққыдан, құлап қалудан, тағы басқа), ал патологиялық сынық көбінесе жеңіл жарақаттың асқынуы не сүйек тінінің өзінен-өзі ауырып, өзгеріске түсуі салдарынан (остеомиелит, ісік, тағы басқа) болады. Ет пен терінің зақымдануына қарай ашық және жабық сынық болып ажыратылады. Ашық сынық кезінде сүйектің майдаланып сынуы, тері мен бұлшық еттің үлкен көлемде мыжылып, жаншылуы; сонымен қатар жұмсақ тіндердің қанталап, ашық жараға шаң-тозаң, инфекция түсіп жара іріңдейді. Мұндай Сынықты емдеу ұзаққа созылады. Терісі бүлінбеген жабық сынық тез жазылады.
1. «Мал дәрігерлігі жөніндегі анықтамалық» Алматы қ.
2. Шакалов К.Н., Башкиров Б.А., Семенов Б.С.«Хирургические болезни сельскохозяйственных животных».
3. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» Оқулық – Алматы: ЖШС «Сөздік-Словарь», 2005 ж.
4. Ілиясов Б.К «Алғашқы ветеринариялық жәрдем»
5. «Ветеринариялық хирургия», Б.К. Ильясов.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті Аграрлық факультет Ветеринарлық санитария кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек

Орындаған: Тусупбекова А.А. Тобы: ВС - 303 Тексерген: Ахметжанов О.Н.

Семей қ. 2015 ж.
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Сүйектің сынуы
2.2 Буын шығуы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Сыну (fractura) - сүйек бүтіндігінің бұзылуы. Пайда болуына байланысты туа біткен және жүре пайда болған сынық болып бөлінеді. Туа біткен сынықтар нәресте сүйегінің құрсақ ішінде патологиялық процестер немесе анасының жарақат алуы себептерінен болады. Жүре пайда болатын сынықтар себебіне қарай патологиялық және жарақаттық сынық болып ажыратылады. Жарақаттық қынық - сау сүйектің оқыстан күшті механизмі зақым алуы (соққыдан, құлап қалудан, тағы басқа), ал патологиялық сынық көбінесе жеңіл жарақаттың асқынуы не сүйек тінінің өзінен-өзі ауырып, өзгеріске түсуі салдарынан (остеомиелит, ісік, тағы басқа) болады. Ет пен терінің зақымдануына қарай ашық және жабық сынық болып ажыратылады. Ашық сынық кезінде сүйектің майдаланып сынуы, тері мен бұлшық еттің үлкен көлемде мыжылып, жаншылуы; сонымен қатар жұмсақ тіндердің қанталап, ашық жараға шаң-тозаң, инфекция түсіп жара іріңдейді. Мұндай Сынықты емдеу ұзаққа созылады. Терісі бүлінбеген жабық сынық тез жазылады.

Сүйектің сынуы
Жануарларда сүйектің сынуы өте көп кездеседі. Сүйек толық сынған жағдайда, сүйектің сынған жақтары бір - бірінен алыстайды. Жартылай сынған жағдайда - жарықтар түседі, шеттері мүжіледі; ашық сынған жағдайда - терісі жыртылады, ал жабық сынғанда - терісі бүтін күйде болады. Сүйектің сынуы буындардың ішінде және буынның сыртындағы сынықтар түрінде кездеседі. Белгілері. Аяқ - қолдың сүйегі түгел сынған жағдайда бірден ақсайды, қатты ауырады, сол жері ісіп кетеді, сынған жердің ұзындығы және пішіні кішірейеді, сүйектері қырнайды, сүйектердің бөліктерінің шықырлағаны естіледі. Сүйектің сынған бөліктері қимылдап тұрады. Жартылай сынған жағдайда мүшелердің қалыпты жұмысы бұзылады, сынған жерін қолымызбен сыйпап ұстағанда қатты ауырғанын байқауға болады. Көмек түрлері. Сүйек қозғалмас үшін, аяқ - қол қимылдамау қажет, ол үшін сол жерді арнайы байламмен қатты бекіту қажет. Ашық сынықта жарақаттың және терінің айналасын иодпен зарарсыздандырып, дәкемен байлап, содан соң қатты затпен бекітеді. Оларды қолда бар заттан дайындаймыз, мысалы: фанер, қалың кардон, ағаш қабықшаларынан немесе арнайы сымнан жасалған гипстер қолдануға болады. Сынған жерге арнайы байламдар қолданады, көршілес буындар қимылдамас үшін, сүйектің сынған жеріне орнатып, жоғары және төменгі шеттерінен бекітеміз. Байланған жерлері қатты қысылмас үшін мақта және де қолға түскен жұмсақ материал қолданады. Арнайы гипстен жасалған жіне парафинмен жасалған байламдарды ветеринар дәрігерлер қолданады. Керек жағдайда сынған сүйек айналасын хирургиялық өңдеуден өткіземіз. Әсіресе сынған сүйек майдаланып, ішкі сынықтарда және жамбас, ортан жілік зақымданған жағдайда ол жарақатты емдеу мүмкін емес және тиімсіз болып келеді. Мұндай жағдайда малды етке өткізеді. Қандай жағдай болса да, ветеринар шешім қабылдайды.

Буынның шығуы
Буындардың орнынан таюы малдарда жиі кездеседі. Әсіресе буынның жоғарғы сүйектерінің сынуы. Жиі кездесетіні буынның ажырауы - жартылай және толық буындардың шығуы болады. Әдетте буын сүйектерінің жылжуы, аяғының сырғасы таюы, көбінесе құлап қалған кездерде, соғып алғанда, ұрып алғанда, тайып кеткенде, секіргеннен аяқ - қолдарын қысып алғанда буындардың шығуы жиі орын алады. Іштен туа біткен буынның шығуы сирек кездеседі. Буын шыққан кезде буынның қабығы, бұлшық ет және жұмсақ ұлпалардың жыртылуы пайда болса, ал жарақаттанған мүшелердің жан - жағына қан жиналады. Буынның шеміршектері, терісі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек туралы
Сүйек сынғанда мен буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек жайлы
Сүйек сынуларында және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек туралы мәлімет
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек көрсету
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек. Сүйектің сынуы
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы көмек
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек жайлы мәлімет
Пәндер