Тілдің аумақтық өзгешеліктері туралы ақпарат



Мейлі ұлт тілі, мейлі халықтық тіл, не шағын бір этностық топтың тілі болсын, әйтеуір, тіл атаулының қай-қайсысын алсақ та, олардың әрбіреуінің өзі тараған нақтылы георафиялық кеңістігі, аймағы болатыны хақ. Бұлай болуы белгілі бір тілдің иесі болып табылатын ұлттың, халықтың, я этностық топтың өзінің нақтылы географиялық ортада өмір сүруімен шарттас. Жеке бір тіл өркен жайған географиялық аймақтың әр түпкірін алып қарайтын болсақ, олардың әрқайсысындағы осы тілдің барша белгілерінің шып-шырғысына дейін бір-біріне айна қатесіз ұқсас келе бермейтініне көзімізді оңай жеткіземіз. Тым алысқа сілтемей-ақ, мысал үшін өзіміздің ана тіліміздің ішкі жағдайын бағдарлар болсақ, қазақ жұрты тараған географиялық кеңістіктің бар түпкіріндегі тіл бағзы-баяғы қазақ тілі болғанымен, әр өлкенің өз қазағының сөз байлығына, сөз саптау машығына, сөз дыбыстарын айту мәнеріне тән, өзге жердің қазағына бейтаныс белгілердің бар екенін айқын сеземіз. Қазақ тілінің өзін батыс, солтүстік шығыс және оңтүстік өңірлерінің диалектілерге бөлеміз. Бұл диалектілердің арасында көп айырмашылық жоқ. Дегенмен, оларды өз алдына бөлек диалект ретінде қарастыруға болады.
Алтай мен Тарбағатай тауынан оралға дейінгі, ертіс пен есіл өзендері жағалауында, қызылорда және арыс өзенінің жағалауында бес негізгі қазақ тайпалары: керей, найман, арғын, қоңырат және қыпшақтар өмір сүрген. Ал қазіргі осы территорияның бөлінуін айтсақ, онда Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Семей, Қостанай, Қызылорда және Қорған облыстарына бөлеміз. Осы жерлердің тұрғылықты диалектісі солтүстік шығыс диалектісі болып табылады.
с\ш дауыссыздарының алмасуы. Қыпшақ ноғай тобандағы тілдерді өзге көп түркі тілдерінен ерекшелейтін басты бір фонетикалық белгінің с шылдық (соканье) құбылыс болатыны көпшілікке аян. с шылдық деп отырғанымыз ш орнына с-ның қолданылуы.
Әдеби тіліміз демесек, диалектологиялық деректерге үңілу осы с шылдық түс таңбаны сақтауда халық тілінің дыбыс жүйесінде тұрақсыздық барын аңғартады. Мұндай құбылыстың жиі байқалатын жері оңтүстікте, себебі сол өңірге өзбек, түркімен, ұйғыр, қырғыз халқымен, батыста татар, башқұрт халқымен араласып отырғандықтан.
Омарбеков Ж. Ауызекі тіл ерекшеліктері
С.Аманжолов. Диалектология и история диалектологии.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.
Словарь иностранных слов. Издание 14-е, исправленное. М.: Русский язык, 1987. – 608 c.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Тілдің аумақтық өзгешеліктері (диалектілер, шет тілдің нұсқалары)

Орындаған: Тарпамбай Ә.С
Тексерген: Мұқанова Қ.Қ
Қя-319 с

Семей-2015 ж

Тілдің аумақтық өзгешеліктері
(диалектілер, шет тілдің нұсқалары)

Мейлі ұлт тілі, мейлі халықтық тіл, не шағын бір этностық топтың тілі болсын, әйтеуір, тіл атаулының қай-қайсысын алсақ та, олардың әрбіреуінің өзі тараған нақтылы георафиялық кеңістігі, аймағы болатыны хақ. Бұлай болуы белгілі бір тілдің иесі болып табылатын ұлттың, халықтың, я этностық топтың өзінің нақтылы географиялық ортада өмір сүруімен шарттас. Жеке бір тіл өркен жайған географиялық аймақтың әр түпкірін алып қарайтын болсақ, олардың әрқайсысындағы осы тілдің барша белгілерінің шып-шырғысына дейін бір-біріне айна қатесіз ұқсас келе бермейтініне көзімізді оңай жеткіземіз. Тым алысқа сілтемей-ақ, мысал үшін өзіміздің ана тіліміздің ішкі жағдайын бағдарлар болсақ, қазақ жұрты тараған географиялық кеңістіктің бар түпкіріндегі тіл бағзы-баяғы қазақ тілі болғанымен, әр өлкенің өз қазағының сөз байлығына, сөз саптау машығына, сөз дыбыстарын айту мәнеріне тән, өзге жердің қазағына бейтаныс белгілердің бар екенін айқын сеземіз. Қазақ тілінің өзін батыс, солтүстік шығыс және оңтүстік өңірлерінің диалектілерге бөлеміз. Бұл диалектілердің арасында көп айырмашылық жоқ. Дегенмен, оларды өз алдына бөлек диалект ретінде қарастыруға болады.
Алтай мен Тарбағатай тауынан оралға дейінгі, ертіс пен есіл өзендері жағалауында, қызылорда және арыс өзенінің жағалауында бес негізгі қазақ тайпалары: керей, найман, арғын, қоңырат және қыпшақтар өмір сүрген. Ал қазіргі осы территорияның бөлінуін айтсақ, онда Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Семей, Қостанай, Қызылорда және Қорған облыстарына бөлеміз. Осы жерлердің тұрғылықты диалектісі солтүстік шығыс диалектісі болып табылады.
с\ш дауыссыздарының алмасуы. Қыпшақ ноғай тобандағы тілдерді өзге көп түркі тілдерінен ерекшелейтін басты бір фонетикалық белгінің с шылдық (соканье) құбылыс болатыны көпшілікке аян. с шылдық деп отырғанымыз ш орнына с-ның қолданылуы.
Әдеби тіліміз демесек, диалектологиялық деректерге үңілу осы с шылдық түс таңбаны сақтауда халық тілінің дыбыс жүйесінде тұрақсыздық барын аңғартады. Мұндай құбылыстың жиі байқалатын жері оңтүстікте, себебі сол өңірге өзбек, түркімен, ұйғыр, қырғыз халқымен, батыста татар, башқұрт халқымен араласып отырғандықтан.
б\\п дауыссыздарының алмасуы. Бұл шұғыл дауыссыздардан тұратын жұптардың алмасып қолданылуы қазақ тілінде өте жиі кездеседі. Бұл жағдайдағы б\п дыбыстарының алмасуы сөйлеу барысында ұлт тілінің акустикалық ерекшелігіне қарай бірте бірте тарихи ұяңдану процесіне байланысты. Қазақ халқы тараған территорияның көпшілігінде бәкіпәкі болып, батысында шаппа болып айтылатын сөздің өзбектермен іргелес өңірдің қазағының тілінде ныштармыштар түрінде ұшырайтыны белгілі.
т\\д дауыссыздарының алмасуы. д\т дыбыстары сөз басында да, сөз ішінде де алмаса береді. Бұл алмасу диалектикалық құбылыс деп танимыз.
д\\л дауыссыздарының алмасуы. Сөздің мұңдай шебіндегі л дауыссызының ассимиляциялық құбылуынан туатын тіліміздегі д,т,л дегендер әуелде дербес фонемалар емес, бір дыбыстың әр түрлі фонетикалық варианттары.
ы\\а, а\\ ы дауыстыларының алмасуы. Бұл сөздердің әрқайсысын бас басына алғандағы олардың таралуы географиясындағы тұрақтылық. Құрамына осы фонетикалық белгі тән деген сөздердің әрқайсысының нақтылы географиялық шегі (изоглоссасы) бар. Оның үстіне дыбыс құрамына осы құбылыс тән сөздердің өзі әр өлкенің тұрғындарының тілінде әр басқа.
о\\ұ, ұ\\о дауыстыларының алмасуы. Дауыстылар ішінде әр өлкенің қазағының тілінде бірінің орнына бірі жиірек қолданылатын дыбыстардың бір тобы осы дыбыстар. Бұл дыбыстардың арқалайтын фонологиялық жүгінің солғындайтын кезі.
а\\ә дауыстыларының алмасуы. Бұл құбылыстың қамтитын негізгі аймағы Шымкент облысының өзбек жерімен шектес аудандар. Біз оны Қызылорда облысының территориясында да кездестіреміз.

а\\е, е\\а дауыстыларының алмасуы. Мұның дыбыс алмасуының өзге түрінен ерекшелігі: ол көбіне нақтылы бір грамматикалық тұлғалардың құрамына тән болады.
Бұл мысалдар қазақ халқы тараған өңірдің барлық түкпіріне тән, ел-жұрттың бәріне ортақ атаулармен қатар, кейде жеке-дара ұғымдарға байланысты әр қоныстың жергілікті тұрғындарының тілінде бір ұғым шеңберінде қолданылатын әр басқа атаулардың ақиқат бар екендігінің айқын дәлелі бола алады.
Әр географиялық аймақтың табиғи ерекшелігіне, айталық, флора мен фаунаға байланысты, сондай-ақ әр өлкенің халқының өз әдет-ғұрпына, жергілікті кәсіп түріне байланысты айтылатын не қилы сөздер бар. Қазақстанның оңтүстігінде мақта, бау-бақша шаруашылығына, жеміс түрлеріне, ирригацияға байланысты қолданылатын атаулардың көбі республиканың өзге жерінде, мәселен солтүстігінде жоқ. Демек, мұндай жерде нақтылы ұғымдардың өз басы болмағандықтан, ондай ұғымдардың атауышы болып келетін сөздердің де болмайтыны өзінен-өзі түсінікті.
Мысалға Арал теңізі жағалауындағы халықтың тілінде балық кәсібіне байланысты айтылатын сүген, қаяз, тыран тәрізді балық аттары өзге жердің қазағының лексиконында байқала бермейді. Себебі балық кәсібімен айналыспайтын теңізден жырақтағы елдің мұндай балық түрлері туралы түсінігінің өзі шамалы ғой.
XVII-XVIII ғасырларда Америкаға француздар, испандықтар, немістер, голланддықтар, норвеждер және орыстар қоныс аударды. Олардың көбісі ағылшын тілінде сөйлейтін Англияның халқы еді. Осы кезде ағылшын тіл бәріне әлі ортақ болған емес, себебі аристократтардың, буржуаздардың және шаруалардың сөйлегендерінде айырмашылықтар өте көп кездесті. Сонымен Америка тұрғындары аристократтар сөйлеген ағылшын тілі емес, керісінше буржуаздар мен шаруалардың ағылшын тілін қолданды, бірақ олардың білімдері төмен, жеткіліксіз болды. Америка тұрғындарының Англия халықтарының алдында басқа мақсаттар мен міндеттер болды. Олардың тарихы басқаша дамыды және де басқа табиғат әлемінде өмір сүргендіктен тілге әсер етіп, көптеген өзгерістерге әкеліп соқтырды. Осылай американ ағылшын тілі, британ және басқа варианттардың дамуымен, пайда болды.
Тіл әрбір елдің мәдениетінің бір бөлшегі болып табылады. Біз ағылшын тілі туралы айтқан кезде, бұл тілдің әртүрлі варианттарының маңызды ерекшеліктерін елемейміз. Британдық пен американдық ағылшын тілі бір тіл ме, әлде әртүрлі тілдер ме деген қазірге дейін даулы мәселе болып отыр. Бір жағынан соңғы көзқарас әділ, себебі мәдениеттерінің, адамдарының және елдерінің арасындағы ерекшеліктері болып отыр. Басқа жағынан алып қарасақ, осы тілде сөйлейтін адамды әр елде оңай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Тілдің аумақтық өзгешеліктері (диалектілер, шет тілдің нұсқалары)»
Тілдің аумақтық өзгешеліктері
ОНОМОСТИКАЛЫҚ АТАУЛАР
Тілдің аумақтық өзгешеліктері (диалектілер, шет тілдің нұсқалары) туралы
Аударма түрлері. Мәтінді аудару барысында аударма түрлерін
Түпнұсқа тілі мен аударма тілінің грамматикалық және лексикалық мәні және қоғамдағы рөлі
Жұмыстың нысаны - қазақ, ағылшын және қытай тілдеріндегі сан есімдер
Стилистика және оның проблемасы
Аударма теориясы - сұрақ-жауап түрінде
Аударманың грамматикалық және лексикалық мәні және қоғамдық рөлі
Пәндер