Актиномикоз, аспергиллез ауруларында қолданылатын биопрепараттар. Пастереллез, колибактериоз ауруларында қолданылатын биопрепараттар



Колибактериоздың негізгі екі формасы кездеседі: энтеротоксемиялық (жиі кездеседі) және септицемиялық. Энтеротоксемиялық формада эшерихиялар аш ішек пен асқазанда көбейіп, онда экзоэнтеротоксиндер мен бактериялардың биомассалары көп мөлшерде жиналады. Организмнің қорғаныс факторларының әсерінен жойылған бактериялардан жергілікті қабыну процесін қалыптастыратын эндотоксиндер босап шығады. Эндотоксиндер лимфа жүйесіне еніп, токсемияның ауыр түрін тудырып, малды өлімге ұшыратады. Септицемия кезінде эшерихиялар ішек қабырғаларынан өтіп, бастапқыда шажырқай лимфа бездеріне, сосын жалпы лимфа ағымына барады да энтерит пен сепсистің туындауына себепкер болады.
Төлдің колибактериоз ауруына сезімталдығын түсіндіретін факторлар қатарына асқазан сөлі қышқылдығының төмендігін, ішек қабырғалары өткізгіштігінің жоғарылығын, лимфа бездері мен бауырдың тосқауылдық қызметінің әлсіздігін, қан құрамында гамма-глобулиндердің жоқтығын немесе аз болуын жатқызуға болады.
Диагностикасы. Колибактериозға күдіктенген жағдайда зертханаға жаңадан өлімге ұшыраған, антибиотиктер мен басқа да антимикробтық препараттармен емдеу шаралары жүргізілмеген 2-3 төлдің өлексесін тұтас жібереді. Өлекселерді тұтас жіберуге мүмкіндік болмаған жағдайда төлдердің жүрегі, жілік сүйектері, бауыр кесіндісі (өтімен бірге), көк бауыр, бас миы, екі ұшы байланған жіңішке ішек кесіндісі, шажырқай лимфа безі, бүйрегі зертханаға жөнелтіледі. Жануарлардың тірі кезінде диагноз қою үшін нәжісі, көк тамырдан стерильді жағдайда алынған қаны жіберіледі. Биологиялық материалдарды тез арада мүмкіндік болмаған жағдайда 30 %-ды глицериннің судағы ерітіндісімен, 30 %-ды натрий хлоридінің ерітіндісімен консервілейді.
Зертханаға жеткізілген патологиялық немесе биологиялық материалдардан қарапайым тығыз қоректік орталар мен Эндо ортасына, сонымен қатар сальмонеллаларды бөліп алу үшін Плоскирев ортасы мен висмут-сульфит агарына себінді жасайды. Бөліп алынған өсінділердің морфологиялық, өсінділік, биохимиялық серологиялық және биологиялық қасиеттерін зерттеу арқылы эшерихияларға тән белгілерін анықтайды. Қоздырғыштың вируленттік қасиетін зертханалық ақ тышқандардың құрсақ қуысына егу арқылы айқындайды. Өсінді патогенді болған жағдайда зертханалық жануарлар өлімге ұшырайды.
Бөліп алынған эшерихиялардың топтарын телімді К- және О-қан сарысуларының көмегімен агглютинация реакциясында (АР) анықтайды. Ауру қоздырғышын жедел түрде анықтау үшін өсінділерді немесе зерттеуге алынған материалдарды топтық моноспецификалық қан сарысуларын қолдана отыра иммунды флюоресценция әдісімен тексереді.
1. Е.И.Қасымов «Індеттану және инфекциялық аурулар вет.санитария негіздерімен» Алматы-2006ж
2. Т.Сайдулдин «Індеттанулық және жануарлардың жұқпалы аурулары» Алматы-2009ж
3. З.Қ Қожабаев «Мал аурулары» Қайнар баспасы, Алматы-1989ж
4. Жалпы ғаламторлық ақпраты. w.w.w.gool.veterinarii.ru

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

МӨЖ 7-8

Тақырыбы: Актиномикоз, аспергиллез ауруларында қолданылатын биопрепараттар. Пастереллез, колибактериоз ауруларында қолданылатын биопрепараттар.

Орындаған: Таукебаева Н
Тобы: МВС -401
Тексерген: профессор
Байғазанов А.Н.

Семей
2015

Колибактериоздың негізгі екі формасы кездеседі: энтеротоксемиялық (жиі кездеседі) және септицемиялық. Энтеротоксемиялық формада эшерихиялар аш ішек пен асқазанда көбейіп, онда экзоэнтеротоксиндер мен бактериялардың биомассалары көп мөлшерде жиналады. Организмнің қорғаныс факторларының әсерінен жойылған бактериялардан жергілікті қабыну процесін қалыптастыратын эндотоксиндер босап шығады. Эндотоксиндер лимфа жүйесіне еніп, токсемияның ауыр түрін тудырып, малды өлімге ұшыратады. Септицемия кезінде эшерихиялар ішек қабырғаларынан өтіп, бастапқыда шажырқай лимфа бездеріне, сосын жалпы лимфа ағымына барады да энтерит пен сепсистің туындауына себепкер болады.
Төлдің колибактериоз ауруына сезімталдығын түсіндіретін факторлар қатарына асқазан сөлі қышқылдығының төмендігін, ішек қабырғалары өткізгіштігінің жоғарылығын, лимфа бездері мен бауырдың тосқауылдық қызметінің әлсіздігін, қан құрамында гамма-глобулиндердің жоқтығын немесе аз болуын жатқызуға болады.
Диагностикасы. Колибактериозға күдіктенген жағдайда зертханаға жаңадан өлімге ұшыраған, антибиотиктер мен басқа да антимикробтық препараттармен емдеу шаралары жүргізілмеген 2-3 төлдің өлексесін тұтас жібереді. Өлекселерді тұтас жіберуге мүмкіндік болмаған жағдайда төлдердің жүрегі, жілік сүйектері, бауыр кесіндісі (өтімен бірге), көк бауыр, бас миы, екі ұшы байланған жіңішке ішек кесіндісі, шажырқай лимфа безі, бүйрегі зертханаға жөнелтіледі. Жануарлардың тірі кезінде диагноз қою үшін нәжісі, көк тамырдан стерильді жағдайда алынған қаны жіберіледі. Биологиялық материалдарды тез арада мүмкіндік болмаған жағдайда 30 %-ды глицериннің судағы ерітіндісімен, 30 %-ды натрий хлоридінің ерітіндісімен консервілейді.
Зертханаға жеткізілген патологиялық немесе биологиялық материалдардан қарапайым тығыз қоректік орталар мен Эндо ортасына, сонымен қатар сальмонеллаларды бөліп алу үшін Плоскирев ортасы мен висмут-сульфит агарына себінді жасайды. Бөліп алынған өсінділердің морфологиялық, өсінділік, биохимиялық серологиялық және биологиялық қасиеттерін зерттеу арқылы эшерихияларға тән белгілерін анықтайды. Қоздырғыштың вируленттік қасиетін зертханалық ақ тышқандардың құрсақ қуысына егу арқылы айқындайды. Өсінді патогенді болған жағдайда зертханалық жануарлар өлімге ұшырайды.
Бөліп алынған эшерихиялардың топтарын телімді К- және О-қан сарысуларының көмегімен агглютинация реакциясында (АР) анықтайды. Ауру қоздырғышын жедел түрде анықтау үшін өсінділерді немесе зерттеуге алынған материалдарды топтық моноспецификалық қан сарысуларын қолдана отыра иммунды флюоресценция әдісімен тексереді.
Колиэнтериттердің серологиялық диагностикасында жанама гемагглютинация реакциясы, иммунды ферменттік талдау тәсілдері қолданылады.
Иммунитеті және профилактикасы. Колибактериоздан сауыққан төл организмінде тұрақсыз иммунитет қалыптасады. Жиі жағдайда бұл инфекцияға 2-10 күндік төлдер сезімтал келеді. Төлдеуіне дейін 35-40 күн бұрын сиырларға 3 рет (араға 10 күн салып), ал мегежіндерге 1,5-2 ай бұрын 2 рет (араға 7-10 күн салып) төлдердің колибактериозына қарсы поливалентті вакцина егіледі. Бұл жағдайда төлдерге телімді антиденелер анасының уызы арқылы көп мөлшерде беріледі. Сонымен қатар, 10 күндік жасқа дейінгі төлдердің организмінде енжарлы иммунитетті қалыптастыру мақсатында колибактериоз бен сальмонеллезге қарсы алынған бивалентті және моновалентті коли-қан сарысуларымен иммундейді. Клибактериоздың алдын алу үшін ішек бактериофагтары қолданылады. Емдік шараларың жүргізу жұмыстарында эшерихияларға бактериоцидті (бактерия өлтіруші) әсер ететін антибиотикті препараттар пайдаланылады.
Қолданылатын биопрепараттар :
1. Ауыл шаруашылық жануарларының колибактериозға қарсы АУФ штаммынан дайындалған құрғақ тірі вакцина
2. диагностирленген агглютиндеуші қан сарысуы
3. флуоресцирлеуші қан сарысуы
4. екі серотипінен дайындалған вакцина

Пастереллез қоздырғышы. Пастереллез (геморрагиялық септицемия) - ауыл шаруашылық және жабайы жануарларының көптеген түрлерінің, сонымен қатар құстардың инфекциялық ауруы. Бұл ауруға шалдыққан жануарлардың ішкі органдарында, серозды және кілегейлі қабықтарында септицемия мен геморрагиялық қабыну процестері байқалады. Қоздырғышы - Pasteurella multocida.
Морфологиясы. Қан мен ішкі органдардың үлгілерінен дайындалып, Грам тәсілімен боялған жағындыларда Pasteurella multocida грам-теріс, ұзындығы 0,4-1,2, ені 0,3-0,4 мкм болатын қысқа таяқша тәрізді көрінеді. Романовский-Гимзе тәсілімен боялған препараттарда бактерия биполярлы болып келеді (71-сурет). Қоректік ортадағы өсінділерден дайындалған препараттарда пастереллалар кокка тәрізді таяқша, жеке-жеке, қос-қостан, сирек жағдайда тізбектеліп орналасады (72-сурет). Қоздырғыш жылжымайды, кілегейлі капсула түзеді, ал спора түзбейді.
Өсінділік қасиеттері. Pasteurella multocida - факультативті анаэроб, қолайлы өсу температурасы 37-38°С, оңтайлы рН 7,2-7,4. Қарапайым қоректік орталарда (ЕПА, ЕПС) өсе береді. Қолайлысы - қан сарысуы қосылған орта және Хоттингер немесе Мартен ортасы.
ЕПА-да ұсақ, томпайған, мөлдір, пішіні дөңгелек келген колонияларды түзеді (S-пішінді). Біраз уақыттан кейін колониялар агарға ене өсіп, сұр түске айналады (73-сурет). М-пішінді пастереллалар ірі, ортасы күңгірттеу келген, кілегейлі колонияларды түзеді. R-пішінділері болса қатпарланған, күңгірттеу колонияларды қалыптастырады. Қиғаш түскен жарық сәулелерінің әсерінен S-пішінді колониялар флюоресценцияланады немесе кемпір қосақ тәрізді жарық шығарады, бұл құбылыс пастереллалардың капсула түзуіне байланысты болып келеді. ЕПС біркелкі лайланады және шыны түтіктердің түбінде кілегейлі тұнба пайда болады. Мұндай тұнбаны шайқаған жағдайда бұрымшаланып жоғары көтеріледі. М-штамдары қарқынды өседі, анық байқалатын кілегейлі тұнба түзеді. R-пішінді колониялары үлпек мақта тәрізді немесе түйіршіктелген тұнба түзеді.
Биохимиялық қасиеттері. Пастереллалар қышқыл түзе отыра глюкоза, сахароза, маннит, сорбитті ферменттейді, ал лактоза, дильцит және аденитті ферменттей алмайды. Индол түзеді, желатинді сұйылтпайды, қан қосылған агарда гемолиттік қасиеті байқалмайды, каталазаға оң нәтиже көрсетеді.
Антигендік құрылымы. Pasteurella multocida-ның К- (капсулалық) және О- (соматикалық) антигендері болады. К-антигені 4 серологиялық типке: А, В, D және Е бөлінеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақау қоздырушысының зардаптылық қасиетін анықтау
Бактериялардан алынатын антибиотиктер
Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау
Бауырдың түйіршікті дистрофиясы
Азаматтық қорғаныс және жануарлардың жаппай қарулық зақымданудан қорғау
Пастереллез кезіндегі биопрепараттар жайлы
Пастереллез кезіндегі биопрепараттар
Құс жұмыртқасын ветеринариялық - санитариялық сараптау
Пастерелез кезінде қолданылатын биопрепараттар
Bacillus туысы бактерияларының негізіндегі пробиотиктер
Пәндер