ҚР-ның «Еңбек кодексі». Еңбек қауіпсіздік стандарттар жүйесі.Өндірістегі еңбек қорғауды бақылау жолдары. Еңбек қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілігі



I.Кіріспе
1.Еңбек қорғау туралы жалпы түсінік
II.Негізгі бөлім
1.Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі./Е Қ С Ж/ .
2.Өндірістегі еңбек қорғауды бақылау жолдары.
3.Еңбек қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Еңбекті қорғаудың маңызды белгілерін анықтау үшін «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» ұғымының тек құқықтық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік тұрғыдағы мазмұнын анықтап алу дұрыс болады. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың әлеуметтік құбылыс екендігі ғылыми әдебиетте бірнеше мәрте атап өтілген және оны әлеуметтік жүйе ретінде қарастыру еңбекті қорғау ұғымының заңдық аспектіде дамуына және оны тереңірек түсінуге септігін тигізетіндігі ешқандай күмән туғызбайды.Әлеуметтік құбылыс ретіндегі еңбекті қорғауды еңбектің қолайлы жағдайларын жасауға, адамның өмірін, денсаулығын және жұмысқа қабілеттілігін сақтауға, еңбек қызметі салдарынан белгілі бір жарақаттар алған және денсаулығына зиян келтірілген қызметкерлерге жеңілдіктер мен өтемақылар беруге бағытталған мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың және азаматтардың қызметі ретінде сипаттауға болады, сондай-ақ бұл – еңбекті қорғау жөніндегі нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілеуге бағытталған қызмет.Зерттеліп отырған институттың қоғам өмірінің әр алуан салаларында бой көрсетуі туралы А.С.Макевкина да айтқан – еңбекті қорғау сондай-ақ экономика нысаны да болып табылады, өйткені ол белгілі бір қаржылық әлпетті де білдіреді. Мемлекеттік билік органдары әр түрлі саяси бағдарламалар әзірлейді, олардың зерттеу тақырыптарының аясына еңбекті қорғау да кіреді. Еңбекті қорғауға құқық нормативтік-құқықтық актілерде, әрі әр түрлі салалардың актілерінде бекітілген.
Еңбекті қорғаудың, яғни, нормативтерге сай еңбек шарттарының қамтамасыз етілу деңгейі, өндірістік жарақаттылық пен кәсіби аурулардың төмен көрсеткіштері көбінесе жалпы алғанда қоғамның өзінің осы категорияға деген көзқарасына байланысты болады. Қоғамда нақты кезеңде қолданылатын басымдықтар қозғалтқыш, қозғалыс көзі маңызына ие болады. Яғни, жоғарғы инстанцияларда (сатыларда) еңбек жағдайларын жақсарту саясатын жүйелі түрде жүргізу, мемлекеттік органдардың осы мәселеге мұқият көңіл бөлуі тиісті ережелердің қамтамасыз етілуінің және сақталуының деңгейін арттырудың елеулі кепілдіктерінің бірі болып табылады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қалай болғанда да, қоғамның әр индивидінің өмірінің бір бөлігі болып табылады. Барлық адамдар өз өмірінің ішінде бірнеше рет еңбек құқықтық қатынастарын, демек, еңбекті қорғау қатынастарын да өрбітеді.
1. Ажинурина Д. Еңбек ету бостандығы және оны қорғаудың мәселелері: заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты /Ажинурина Д.- Алматы: б. ж., 2005
2.“ Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006.
3. Азтаев Б. Государственная инспекция труда// Правовой вестник.-2002.–N32
4. Армстронг М. Практика управления человеческими ресурсами /Пер. с англ.
под ред. С. К. Мордовина.- 8-е изд.- СПб.: Питер, 2005
5.Балтабаев М. Еңбекті қорғау және өндіріс мәдениеті // Егемен Қазақстан.
— 2005. — 28 сәуір

Қазақстан Білім және Ғылым министирлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: ҚР-ның Еңбек кодексі. Еңбек қауіпсіздік стандарттар жүйесі.Өндірістегі еңбек қорғауды бақылау жолдары. Еңбек қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілігі.

Тобы:АГ - 413
Орындаған:Болат Т.Е.
Тексерген: Бейсебаев Ш.Т.

Семей 2015ж

Жоспары
I.Кіріспе
1.Еңбек қорғау туралы жалпы түсінік
II.Негізгі бөлім
1.Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі.Е Қ С Ж .
2.Өндірістегі еңбек қорғауды бақылау жолдары.
3.Еңбек қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Еңбекті қорғаудың маңызды белгілерін анықтау үшін Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ұғымының тек құқықтық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік тұрғыдағы мазмұнын анықтап алу дұрыс болады. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың әлеуметтік құбылыс екендігі ғылыми әдебиетте бірнеше мәрте атап өтілген және оны әлеуметтік жүйе ретінде қарастыру еңбекті қорғау ұғымының заңдық аспектіде дамуына және оны тереңірек түсінуге септігін тигізетіндігі ешқандай күмән туғызбайды.Әлеуметтік құбылыс ретіндегі еңбекті қорғауды еңбектің қолайлы жағдайларын жасауға, адамның өмірін, денсаулығын және жұмысқа қабілеттілігін сақтауға, еңбек қызметі салдарынан белгілі бір жарақаттар алған және денсаулығына зиян келтірілген қызметкерлерге жеңілдіктер мен өтемақылар беруге бағытталған мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың және азаматтардың қызметі ретінде сипаттауға болады, сондай-ақ бұл - еңбекті қорғау жөніндегі нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілеуге бағытталған қызмет.Зерттеліп отырған институттың қоғам өмірінің әр алуан салаларында бой көрсетуі туралы А.С.Макевкина да айтқан - еңбекті қорғау сондай-ақ экономика нысаны да болып табылады, өйткені ол белгілі бір қаржылық әлпетті де білдіреді. Мемлекеттік билік органдары әр түрлі саяси бағдарламалар әзірлейді, олардың зерттеу тақырыптарының аясына еңбекті қорғау да кіреді. Еңбекті қорғауға құқық нормативтік-құқықтық актілерде, әрі әр түрлі салалардың актілерінде бекітілген.
Еңбекті қорғаудың, яғни, нормативтерге сай еңбек шарттарының қамтамасыз етілу деңгейі, өндірістік жарақаттылық пен кәсіби аурулардың төмен көрсеткіштері көбінесе жалпы алғанда қоғамның өзінің осы категорияға деген көзқарасына байланысты болады. Қоғамда нақты кезеңде қолданылатын басымдықтар қозғалтқыш, қозғалыс көзі маңызына ие болады. Яғни, жоғарғы инстанцияларда (сатыларда) еңбек жағдайларын жақсарту саясатын жүйелі түрде жүргізу, мемлекеттік органдардың осы мәселеге мұқият көңіл бөлуі тиісті ережелердің қамтамасыз етілуінің және сақталуының деңгейін арттырудың елеулі кепілдіктерінің бірі болып табылады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қалай болғанда да, қоғамның әр индивидінің өмірінің бір бөлігі болып табылады. Барлық адамдар өз өмірінің ішінде бірнеше рет еңбек құқықтық қатынастарын, демек, еңбекті қорғау қатынастарын да өрбітеді.
Экономикалық белсенді халықтың саны, ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің есебі бойынша, 2008 жылы 8 415 000 адамды, 2009 жылы 8 457 900 адамды, 2010 жылдың 1 тоқсанында 8 555 500 адамды, 2010 жылдың 2 тоқсанында 8 620 300 адамды құраған, ал жұмыспен қамтылған халықтың саны 2008 жылы 7 857 200 адамды, 2009 жылы 7 903 400 адамды, 2010 жылдың 1 тоқсанында 8 029 300 адамды, 2010 жылдың 2 тоқсанында 8 116 500 адамды құраған. Көрсетілген сандардың талдауы, жыл сайын экономикалық белсенді халықтың саны артып келе жатыр деген тұжырымға әкеледі.ҚР заңнамасына сәйкес, ұйымдарда өндірістік практикадан өтіп жүрген жоғары немесе орта кәсіби білім беру мекемелері студенттерінің; бас бостандығынан айыруға үкім кесілген және еңбек етуге тартылған адамдардың, және т.б. еңбегі қорғалуы тиіс екендігін есепке алу қажет.Сонымен бірге, еңбекті қорғаудың жалпы алғандағы қоғамның жай-күйіне айтарлықтай әсер ете алатындығын ерекше атап өткен жөн. Еңбектің қажетті жағдайларымен қамтамасыз етілмеген қызметкерлер, үнемі шамадан тыс жұмыс істеудің, шаршап-шалдығудың және жұмыспен байланысты проблемалар ауыртпалықтарының салдарынан өз денсаулықтарына, әрі тек денесінің ғана емес, сонымен қатар моральдық денсаулығына да көңіл бөле алмайды.
Денсаулық дегеніміз - адамның психикалық, дене және әлеуметтік әл-ауқаты. Ол адамның және жалпы алғандағы қоғамның ең үлкен құндылығы болып табылады. Еңбектің жағдайлары мен оны қорғауды жақсарту - еңбек етушілердің денсаулығын қамтамасыз етудің маңызды құралы.Еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарға қоғамның экономикалық белсенді халқының барлық мүшелері дерлік тартылады, және оның едәуір бөлігі үшін еңбекті қорғаудың тікелей маңызы бар, сондықтан еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау институтының жағдайы олардың мінез-құлқын айқындайды, ал ол жалпы алғандағы қоғамның келбетіне, оның белсенділігіне үлкен әсер етеді.Барлық құбылыстардың қандай да бір деңгейде өзара байланысты болатындығы белгілі. Бір категорияның жағдайының нашарлауы немесе қанағаттандырылмауы қалғандарына да теріс әсерін тигізеді. Мәселен, еңбекті қорғау жөніндегі мәселелер мен қатынастардың қанағаттандырарлықсыз реттелуі жалпы алғанда қоғамдық өзгерістерге әсер етуі мүмкін, және жақсы жағынан емес екендігі түсінікті.Осылайша, еңбекті қорғау әлеуметтік құбылыс болып табылады, ол еңбекті қорғау институтының жеке алғандағы әр адамға және жалпы алғандағы бүкіл қоғамға қатысты болатындығынан және ықпалын тигізетіндігінен көрінеді.
Осы Заң азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына конституциялық құқығын iске асыру процесiнде туындайтын еңбек қатынастарын реттейдi.
Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
еңбек - адамдардың өмiрi үшiн қажеттi материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметi;
еңбек қатынастары - тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негiзiнде белгiлi бiр еңбек қызметiн жүзеге асыруы жөнiнде туындайтын жұмыс берушi мен қызметкер арасындағы қатынастар;
жұмыс берушiнiң актiлерi - жұмыс берушiнiң (жұмыс берушiлер өкiлiнiң) шығаратын актiлерi (бұйрықтар, өкiмдер, нұсқаулықтар, iшкi еңбек тәртiбiнiң ережелерi);
жеке еңбек шарты - қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасында жазбаша нысанда жасалатын екiжақты келiсiм;
зиянды (өте зиянды) еңбек жағдайлары - белгiлi бiр өндiрiс факторларының әсер етуi қызметкердiң жұмыс қабiлетi төмендеуiне немесе ауыруына;
қауiптi (өте қауiптi) еңбек жағдайлары - белгiлi бiр өндiрiс факторларының әсер етуi еңбектi қорғау ережелерi;
ауыр дене жұмыстары - қызметкердiң ауыр заттарды қолмен көтеруге немесе орнын;
демалыс уақыты - қызметкердiң еңбек мiндеттерiн орындаудан;
жалақы - еңбек үшiн оның күрделiлiгiне, саны мен сапасына сәйкес төленетiн сыйақы (табыс);
бiлiктiлiк разряды - қызметкердiң өзi орындайтын жұмыстарының күрделiлiгiн көрсететiн бiлiктiлiк деңгейi;
ұжымдық шарт - еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді реттеу үшін;
iссапар - жұмыс берушiнiң өкiмi бойынша қызметкердi тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге еңбек мiндеттерiн орындау үшiн жiберу;
өтемақылар - жұмыс режимi мен еңбек жағдайларына;
еңбек жағдайлары - еңбекке ақы төлеу, оны қорғау мен нормалау жағдайы, жұмыс режимi.
2-бап. Еңбек туралы заңдар
1. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қатынастарын реттейдi.
2. Егер Конституцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданылады.

4-бап. Еңбек саласындағы кемсiтушiлiкке тыйым салу
1. Әркiмнiң де өзiнiң еңбек құқықтарын iске асыруға тең мүмкiндiктерi бар.
2. Еңбек саласында кемсiтушiлiкке ұшырадым деп есептейтiн адамдар тиiстi арызымен сотқа жүгiне алады.
5-бап. Жеке еңбек және ұжымдық шарттармен реттелетiн еңбек қатынастары
1. Жұмыс берушi мен қызметкер арасындағы еңбек қатынастары нормативтiк құқықтық актiлермен, еңбек туралы заңдарға сәйкес жасалған жеке еңбек, ұжымдық шарттармен реттеледi.
6-бап. Мәжбүрлi еңбекке тыйым салу
Мәжбүрлi еңбекке тыйым салынған. Мәжбүрлi еңбекке тек сот үкiмi бойынша, не төтенше немесе соғыс жағдайлары жарияланған кездерде ғана жол берiледi.
7-бап. Қызметкерлердiң негізгi құқықтары мен мiндеттерi
1. Қызметкердiң:
1)жұмыс берушiмен осы Заңда белгiленген тәртiппен жеке еңбек шартын жасасуға, өзгертуге және бұзуға;
2) тең еңбегi үшiн қандай да болсын кемсiтусiз тең ақы алуға;
3) қауiпсiздiк пен гигиена талаптарына сай келетiн еңбек жағдайларына;
4) егер басқа заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, кәсiптiк одақтарға немесе басқа да қоғамдық бiрлестiктерге өз еркiмен мүше болуға;
2. Қызметкер:
1) жеке еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актiлерінде жазылған еңбек міндеттерін адал орындауға;
2) еңбек тәртiбiн сақтауға;
3) жұмыс процесiнде жұмыс берушiге мүлiктік зиян келтіруге жол бермеуге;
4) еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі ережелердің талаптарын орындауға;
8-бап. Жұмыс берушiнiң негізгi құқықтары мен мiндеттерi
1. Жұмыс берушінің:
1) Осы Заңда белгiленген тәртіппен қызметкерлермен жеке еңбек және ұжымдық шарттарды жасасуға, өзгертуге және бұзуға;
2) жұмысқа қабылдау кезiнде қызметкерден осы Заңда көзделген, белгiлi бiр еңбек қызметімен айналысуға және (немесе) белгiлi бiр қызметтi атқаруға мүмкiндігін растайтын құжаттар берудi талап етуге;
3) өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға.
4) қызметкерлердi көтермелеуге, оларды осы Заңда және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртіппен тәртіптiк және материалдық жауапкершілiкке тартуға;

2. Жұмыс беруші:
1) қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына, жеке еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;
2) қызметкерлер өкілдерінің ұсынысын қарауға, келіссөздер жүргізуге және ұжымдық шарт жасасуға;
3) қызметкерлерді өз қаражаты есебінен өздерінің еңбек міндеттерін орындауы үшін қажетті құралдармен және материалдармен қамтамасыз етуге;
4) қызметкерді жұмысқа қабылдаған кезде онымен жеке еңбек шартын жасасуға, қызметкерді ұжымдық шартпен және жұмыс берушінің актілерімен таныстыруға;
Жеке еңбек шарты
9-бап. Жеке еңбек шартының мазмұны
1. Жеке еңбек шартында:
1) тараптардың реквизиттерi:
2) еңбек мiндетi (белгiлi бiр қызмет, мамандық, кәсіп бойынша жұмыс);
3) жеке еңбек шартының мерзiмi;
4) еңбек мiндеттерiн жүзеге асыру басталатын күн;
10-бап. Жеке еңбек шартының мерзiмi
1. Жеке еңбек шарты:
1) белгiсiз мерзiмге;
2) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделгендегіден басқа жағдайларда, бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін.
3) алда тұрған жұмыс сипатының қысқа мерзімділігіне немесе оны орындау шартына байланысты, сондай-ақ уақытша жұмыста жоқ қызметкерді ауыстыру уақытына бір жылдан кем белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін.
2. Егер жеке еңбек шартында оның қолданылу мерзiмi айтылмаса, шарт белгiсiз мерзiмге жасалған деп есептеледi.
3. Қызметкерге өтемақылар мен кепілдіктерді беруден жалтару мақсатында.
11-бап. Жұмысқа қабылдауға жол берiлетiн жас
1. Жеке еңбек шартын он алты жасқа толған адамдармен жасасуға жол берiледi.
2. Орта бiлiм алған не жалпы бiлiм беретiн оқу орнын тастап кеткен жағдайда он бес жасқа толған адамдар.
3. Ата-анасының бiрiнiң (қорғаншысының, қамқоршысының) келiсiмiмен жеке еңбек шарты мүмкiн.
4. Ата-ананың (қорғаншының, қамқоршының) келiсiмi жазбаша нысанда (өтiнiш) берiледi.
5. Он сегiз жасқа толмаған адамдарды ауыр дене жұмыстары мен еңбек жағдайлары.

12-бап. Жеке еңбек шартын жасасу
1. Жеке еңбек шарты жазбаша нысанда жасалады, кемiнде екi дана етiлiп жасалады және оған тараптар қол қояды.
2. Жеке еңбек шартында көрсетiлген жұмыстың басталу күнi қызметкердiң еңбек мiндеттерiн орындауының басталуы деп есептеледi.
3. Жеке еңбек шарты жасалғаннан кейiн жұмыс берушi қызметкердi жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығаруға мiндеттi.
4. Жеке еңбек шартын жасасу үшiн жұмыс берушi қызметкердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттарды.
13-бап. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар
Еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
14-бап. Жұмыс туралы және жалақы мөлшерi туралы құжаттар беру
Қызметкердiң, оның iшiнде бұрынғы қызметкердiң өтiнiшi бойынша жұмыс берушi оған бес күн мерзiмнен беруге мiндеттi.
15-бап. Жұмысқа қабылдау кезiндегi сынақ
1. Жеке еңбек шартын жасасу кезiнде қызметкердiң оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестiгiн тексеру мақсатында тараптардың келiсiмiмен сынақ өткiзiлуi мүмкiн.
2. Сынақ туралы талап жеке еңбек шартында көрсетiлуге тиiс.
Бұл талап болмаған жағдайда қызметкер жұмысқа сынақсыз қабылданды деп есептеледi.
3. Сынақ кезеңiнде қызметкерлерге осы Заңның нормалары, жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптары қолданылады.
4. Сынақ мерзiмiн үш айдан асыруға болмайды.
Қызметкер дәлелдi себептермен жұмыста болмаған кезең сынақ мерзiмiне есептелмейдi.
16-бап. Жұмысқа қабылдау кезiндегi сынақтың нәтижесi
1. Тараптардың бiреуi сынақ мерзiмi бiткенге дейiн жеке еңбек шартын жазбаша түрде бұзуға құқылы, бұл орайда жеке еңбек шарты хабарландырылған кезден бастап бұзылды деп есептеледi.
2. Жұмыс берушi қызметкердi сынақ мерзiмi бiтпей тұрып жоғары қызметке тағайындаған жағдайда қызметкер жұмысқа қабылдау кезiндегi сынақтан өткен болып есептеледi.
3. Егер сынақтың мерзiмi бiтiп, тараптардың ешқайсысы екiншi тарапқа жеке еңбек шартын бұзу туралы хабарламаса, шарт одан әрi қолданылады және оны жалпы негiздерде ғана тоқтатуға жол берiледi.
17-бап. Басқа жұмысқа ауыстыру
Бiр ұйымда басқа жұмысқа, не ұйыммен бiрге басқа жерге ауыстыруға, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке еңбек шартына тиiстi өзгерiстер енгiзiле отырып, қызметкердiң жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау институтын қарастыру барысында біз осы ұғымға еңбек құқығының басқа институттарына немесе құқықтың басқа салаларына жататын нормалар кіретіндігін анықтадық. Мұндай нормалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуге қаншалықты бағытталғандығына немесе жәрдемдесетіндігіне байланысты еңбекті қорғау институтына жатқызылады. Көрсетілген нормалар қатынастарды реттейді, немесе құқықтың еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге (немесе жәрдемдесуге) бағытталған басқа салаларының зерттеу тақырыбы болып табылады.Еңбекті қорғау институты салааралық институт болып табылады, себебі еңбек міндеттемелерін орындау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында пайда болатын қатынастарды реттеу, еңбек құқығының өзінен басқа, азаматтық, сақтандыру, қылмыстық, әкімшілік, әлеуметтік қамсыздандыру құқығы және, әрине, конституциялық сияқты құқықтың бірнеше салаларын реттеудің зерттеу тақырыбы болып табылады.Қызметкер мен жұмыс берушіге, яғни, еңбек келісім-шартының тараптарына қатысты Конституция нормалары еңбек заңнамасы актілерінде дами түседі.Еңбек қатынастары, осылармен байланысты азаматтық-құқықтық қатынастар сияқты, келісім-шарттық бастамаларға негізделген және ақылы сипатқа ие. Бұдан басқа, еңбек және азаматтық заңнамалар салаларының арасында генетикалық байланыс бар, өйткені еңбек құқығы кезінде азаматтық құқықтан бөлініп шыққан. Сондықтан, әр түрлі салаларға тиесілілікті сипаттайтын пәннің дербестігіне қарамастан, еңбек құқығының дамуына азаматтық құқық принциптері мен әдістері әсер етпей қоя алмайды. Бұны, ең алдымен, құқықтар мен міндеттерді белгілеудің диспозитивтік сипатының басымдығы, құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі, құқықтарды және заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау тәртібі және т.б. айғақтайды.Біздің пікірімізше, құқықтың ешқандай саласы жеке өмір сүріп, қызмет ете алмайды - құқық салаларының құқықтық реттеу әдісі, тақырыбы және қызметі сияқты мәселелерде түйісе алатындығы әбден заңды. Оның үстіне, еңбек құқығының кезінде азаматтық құқықтың бір бөлігі болғандығын есепке алу қажет. Сондай-ақ жоғарыда келтірілген дәлелдемелермен келіспеу қиын. Осылайша, біз қызметкердің денсаулығына немесе өміріне келтірілген зиянның орнын толтыру жөніндегі қатынастарды бір ғана салаға жатқызуға болмайды деп санаймыз, яғни, бұл қатынастар азаматтық және еңбек құқығының әрекет етулерінің шектес саласы болып табылады.
Еңбек құқығы өзінің табиғаты бойынша тек азаматтық құқықтың ғана емес, сонымен қатар әкімшілік құқықтың да принциптері мен әдістеріне негізделеді. Мәселе ұжымдық өндірістің қызметкердің әкімшілік билігіне бағынуын, тәртіпті, еңбек ету барысында оның еркіндігінің шектелуін әділ талап ететіндігінде, сондықтан өркениеттік тәсіл әкімшілік-құқықтық (ұйымдастырушылық, басқарушылық) тәсілмен толықтырылды

Еңбекті қорғауды жоғарғы органдардың жоспарлауы мен ұйымдастыруы жөніндегі қатынастар ұйымдастырушылық-басқарушылық қатынастар болып табылады, яғни, әкімшілік құқық саласына да жатады. Мұндай нормалардың мазмұнына ұйым әкімшілігінің еңбекті қорғау жөніндегі шараларды жоспарлауға міндеттілігі, осы мақсаттарға қаражаттар бөлу, осы шаралардың өткізілуін ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асыру кіреді.
Еңбек қауіпсіздігі туралы стандарттар (ЕҚС). Еңбек қауіпсіздігі жүйесін жасап оны енгізу арқылы өндірісте жарақат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-ның «Еңбек кодексі» жайлы
ҚР Еңбек кодексі, Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі
Қ.Р.«Еңбек кодексі» еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі. Өндірістегі еңбек қорғауды бақылау жолдары. Еңбек қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік
Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі
Қ.Р.«Еңбек кодексі»
Табиғат қорғау және табиғи қорларды пайдалануды жақсарту жөніндегі стандарттар жүйесі
Қ.Р.«Еңбек кодексі». Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі
Еңбек құқығының қағидаларының түсінігі, олардың мәні
Еңбек ұжымында еңбекті қорғаудың өзекті мәселелерін көтере отырып, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайын қарастыру
Қызметкердің зиянды келтірудегі кінəсі
Пәндер