ҚР дене тәрбиесі мен спорттың дамуын жоспарлау



1.Мазмұны мен құрлымы

2. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар

3. ҚР дене тәрбиесі жүйесінің негіздері

4.Пайдаланылған әдебиеттер.
Дене тәрбиесі және спорттың ілімі мен әдістемесі пәнінің мазмұны мен құрылымы
Дене тәрбиесі және спорттың ілімі мен әдістемесі пәні – жоғары білімді дене тәрбиесі мен спорт мамандарын даярлайтын оқу пәндерінің ішіндегі негізгі пән болып табылады. Ол өз ілімінің мазмұны бойынша студенттерге теориялық және әдістемелік білім негіздерін береді.Дене тәрбиесі және спорттың теориясы дегеніміз – ол ғылымның жалпы заңдылығының ішінде адам тәрбиесі жүйесіне кіретін дене тәрбиесі пәнінің педагогикалық ұйымдасқан үрдісінің мазмұны мен құрылысын анықтайтын ілім.Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі пәні үш бөлімнен тұрады.
Дене тәрбиесі ілімінің (теориясының) жалпы негіздері дене мәдениеті және спорт жүйесіндегі дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің алатын орнын зерттейді. Дене тәрбиесінде жиі кездесетін терминдерге, ұғымдарға теориялық түсініктер береді. Қазақстан дене тәрбиесі жүйесіне, дене тәрбиесі мен шұғылданатын адамдарға, әдістеріне, дене қасиеттеріне, қағидаларына, қозғалысқа үйретуге т.б. дене тәрбиесінде кездесетін әр түрлі мәселелерге терең ғылыми-теориялық түсінік береді, олардың заңдылықтарын анықтайды, дене тәрбиесін қалай пайдалану керек екенін оқытады. Дене қасиеттері, ұғымы түсіндіріледі. Дене қасиеттері: күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік, икемділікке анықтамалар беріледі. Оларды дамыту әдістері, әдістемелері, жас ерекшелік дамулары туралы оқытылады.
Дене тәрбиесінің әдістемесі – әр түрлі жастағы адамдардың дене тәрбиесінің ерекшеліктерін, заңдылықтарын белгілейді, талқылайды. Жүргізілетін сабақтардың мазмұнын, құрылымын, түрлерін, жоспарларды ұйымдастыру әдістерін, әдістемелерін оқытады. Педогогикалық талдау, сабақ тығыздығын анықтау, жүктемені мөлшерлеу жолдарын үйретеді.
1. Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет
2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы
2002ж. 99-101 бет.
3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.
4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚР дене тәрбиесі мен спорттың дамуын жоспарлау

Жоспар

1.Мазмұны мен құрлымы

2. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар

3. ҚР дене тәрбиесі жүйесінің негіздері

4. Пайдаланылған әдебиеттер.

Дене тәрбиесі және спорттың ілімі мен әдістемесі пәнінің мазмұны мен құрылымы
Дене тәрбиесі және спорттың ілімі мен әдістемесі пәні - жоғары білімді дене тәрбиесі мен спорт мамандарын даярлайтын оқу пәндерінің ішіндегі негізгі пән болып табылады. Ол өз ілімінің мазмұны бойынша студенттерге теориялық және әдістемелік білім негіздерін береді.Дене тәрбиесі және спорттың теориясы дегеніміз - ол ғылымның жалпы заңдылығының ішінде адам тәрбиесі жүйесіне кіретін дене тәрбиесі пәнінің педагогикалық ұйымдасқан үрдісінің мазмұны мен құрылысын анықтайтын ілім.Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі пәні үш бөлімнен тұрады.
Дене тәрбиесі ілімінің (теориясының) жалпы негіздері дене мәдениеті және спорт жүйесіндегі дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің алатын орнын зерттейді. Дене тәрбиесінде жиі кездесетін терминдерге, ұғымдарға теориялық түсініктер береді. Қазақстан дене тәрбиесі жүйесіне, дене тәрбиесі мен шұғылданатын адамдарға, әдістеріне, дене қасиеттеріне, қағидаларына, қозғалысқа үйретуге т.б. дене тәрбиесінде кездесетін әр түрлі мәселелерге терең ғылыми-теориялық түсінік береді, олардың заңдылықтарын анықтайды, дене тәрбиесін қалай пайдалану керек екенін оқытады. Дене қасиеттері, ұғымы түсіндіріледі. Дене қасиеттері: күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік, икемділікке анықтамалар беріледі. Оларды дамыту әдістері, әдістемелері, жас ерекшелік дамулары туралы оқытылады.
Дене тәрбиесінің әдістемесі - әр түрлі жастағы адамдардың дене тәрбиесінің ерекшеліктерін, заңдылықтарын белгілейді, талқылайды. Жүргізілетін сабақтардың мазмұнын, құрылымын, түрлерін, жоспарларды ұйымдастыру әдістерін, әдістемелерін оқытады. Педогогикалық талдау, сабақ тығыздығын анықтау, жүктемені мөлшерлеу жолдарын үйретеді.
Спорт теориясы мен әдістемесі - жаттығу өткізу әдістемесін, кезеңдерін, әр түрлі ерекшеліктерді оқытады. Балалармен, жасөспірімдермен, ересек жастағы спортшылармен жаттықтыру сабақтарын жоспарлау, жүктеме беру, әр түрлі амалдарды, әдістерді, қағидаларды, әдістемелерді қолдану секілді спорттық жаттықтыруға, спортшылар дайындығына, оларды жоғарғы көрсеткішке жеткізу жолына бағытталған жұмыстарды жүргізуді үйретеді.
Бұл пән - дене тәрбиесі маманының кәсіптік білімінің деңгейін көрсететін негізгі пән. Ғылымдық және тәжірибелік мәліметтерді жинақтай отырып, бұл ілім адамның дене тәрбиесі үрдісін басқару заңдылықтарын белгілейді, мамандарға дене тәрбиесі мен спорт саласында керекті білім береді.
Қазіргі кезде дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің дамуының негізгі көздері:
- денсаулығы мықты, Отанын қорғауға, еңбек етуге дайын адамдарды керек етуі;
- қоғамымыздың тәжірибе жұмыстары. Теориялық, әдістемелік жаңалықтар, терең ойлар осы тәжірибе жұмыстарымен тексеріледі, дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесін байыта түседі.
- Президенттің, Үкіметтің еліміздегі дене мәдениетінің орны, оны дамыту жолдары туралы қарарлары, үкімдері, заңдары;
- дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесінің, басқа ілімдер көлеміндегі ғылымдық зерттеулердің нәтижелері.Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі өзінің даму жолында педагогикалық, психологиялық, физиологиялық, анатомиялық ғылымдар мен қосыла отырып, олардың білімі мен тәрбиесін, жас ұрпаққа білім беру, тәрбиелеу, денсаулықтарын нығайту жолдарында тиімді пайдаланып отырады.
Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесіне гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы спорты, спорттық ойындар т.б спорттық-педагогикалық пәндер өте жақын, олар теория зерттеген жалпы заңдылықтарға сүйенеді. Ал осы пәндерден алынған нақты нәтижелер дене тәрбиесінің теориясы мен әдістеме пәніне негіз болып табылады.
Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі пәнін оқу барысында біз мынандай ұғымдарды танып, түсіне білеміз: Дене тәрбиесі, Спорт, Дене қуатын қалыпқа келтіру, Денені тынықтыру, Дене дайындығы, Дененің жетілуі, Дене туралы білім, Дене дамуы.
Дене тәрбиесі - дене мәдениетінің әрекетті бір саласы, тәрбиенің түрі. Оның ерекшеліктері қозғалысқа үйрету, дене қасиеттерін тәрбиелеу, дене тәрбиесі мен спорт саласында теориялық білім беру.
Дене тәрбиесі сабағында біз жаттығушыларды, біріншіден, өмірге қажетті қимыл-әрекетке қозғалысқа үйретеміз. Ол - әрбір спорт түрлері жаттығуларының техникалары, жүгіру, секіру, лақтыру т.б. кеңістіктегі қозғалыс жаттығулары. Екіншіден, жаттығушылардың дене қасиеттерін: күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік, икемділіктерін дамытамыз. Үшіншіден, дене тәрбиесі мен спорт саласына қатысты әр түрлі теориялық білім береміз.
Дене дайындығы дегеніміз - әр түрлі әрекеттердің (әскери, спорт, өнеркәсіп) талабына сай дамытылған дене қасиеттерінің, қимыл дағдысының нәтижесі.
Ол жалпы және арнайы дене дайындығы деп бөлінеді.
Жалпы дене дайындығы - жалпы әр түрлі және бір спорт немесе кәсіп түріне қарай бағытталған дене тәрбиесі үрдісі.
Жалпы дене дайындығы - жалпы әр түрлі әрекет түрлеріне бағытталған дене тәрбиесі үрдісі.
Арнайы дене дайындығы дегеніміз - арнайы бір спорт немесе кәсіп түріне қарай бағытталған дене тәрбиесі үрдісі.
Дене қуатының дамуы - адам ағзасының табиғи және мақсатты жолмен өсуі. Табиғи жолмен өскенде баланың морфофункционалдық көрсеткіштері: бойы, салмағы, дене мүшесі көлемі өзінің табиғи өсу жолымен өзгереді. Мақсатты жолмен өсуі әр түрлі арнаулы құрастырылған жаттығулар көмегімен өседі, өзгереді.
Спорт дегеніміз - әр түрлі жаттығулардың көмегімен жоғары жетістіктерге бағытталған өнер түрі. Спорт көпшілік спорты және жоғарғы жетістіктер спорты деп екіге бөлінеді. Жоғары жетістіктер спорты - жоғарғы көрсеткіштерге бағытталған жеңімпаздар, рекордшылар спорты. Көпшілік спорты - барлық адамдар қатыса алатын, қатысулар санына шек қойылмайтын спорт түрі. Мысалы, көп адамдар қатысатын кросс, шаңғы жарыстары т.б. Жоғары жетістіктер спорты: әуесқой және кәсіпқой спорт деп бөлінеді. Әуесқой спортшылар бір жерде жұмыс істеп, не оқып жүріп бос уақыттарында спорт түрлерімен айналысу арқылы бір жағынан жетістіктер, жоғары көрсеткіштер көрсету болса, екінші жағынан жұмыс түрі, олар күні бойы жаттығады, сол үшін ақша алады.
Денені тынықтыру - жаттығулар жасау арқылы белсенді демалыс ұйымдастыру. Ол дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен халықтың көңілін көтереді, бір әрекеттен екінші әрекетке көшіреді.
Денені қалыпқа келтіру - адам организмінің жарақат алып ауырған функцияларын жаттығулар, массаж, монша буы, су процедуралары арқылы емдеу, қалпына келтіру.
Денені жетілдіру - адамның дене қасиетін үйлесімді дамыту және жан-жақты дайындығын жоғарғы деңгейге жеткізу.
Дене туралы білім - адамды қимыл ептілігі мен дағдысына үйрету және теориялық біліммен қаруландыру
Дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеттері
Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік нормативтік-бағдарламалық негіздердің жиынтығы және республика дене тәрбиесі мен спорт мәселелерін үйлестіріп, әрі басшылық етіп отыратын ұйымдар мен мекемелер. Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты - күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдарды тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегідей жалпы міндеттерге негізделген:

1. Білім беру міндеттері - қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгерту және дене тәрбиесі көлемінде арнайы білім беру.
2. Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен денсаулықты нығайтады.
3. Тәрбиелік міндеттері - адамгершілік, дене қасиеттерін қалыптастыруға, өнегелі, көркемдік танымдарды үйренуге негізделген.
Дене тәрбиесінің бұрынғы жүйелеріне тарихи шолу
Біздің дәуірімізге дейінгі (БДД) VI-V ғғ. Қазіргі Қазақстан жерінде тұрып, өмір сүрген біздің арғы ата-бабаларымыз - сақтардың кезінде өз заманына сай дене тәрбиесі жүйесі болған. Сақтардың дене тәрбиесі жүйесінің негізі әскери-жауынгерлік және жарыс-сайыс бағытында болды. Ашық аспан астында киіз үйлерде тұрып, негізгі кәсіптері мал өсіру болған сақтарға кенеттен келген жауларынан отбасын, елін, жерін қорғау үшін өте сезімтал, күшті, епті, төзімді, батыл болуы керек болды. Сондықтан да олар бала кездерінен атқа міну, садақ ату, күрес жаттығуларымен айналысқан. Сақтардың балалары 4-5 жастарынан атқа шауып, 7-8 жасынан ат үсті сайыс жаттығуларын үйреніп, меңгере бастаған. Он үш жаста отау иесі болатын боз балалар, ер қаруы бес қаруды еркін меңгерген. Сол кездердегі сақ жауынгерлерінің шабуыл жасайтын қарулары - айбалта, қылыш; соғатын қарулары - қалқан, сауыт, дулыға, тізелерін, аяқтарын қорғайтын қалқаншалар болған. Осы аты аталған қару-жарақаттарды соғыста пайдалану, оларды өте жетік меңгеру үшін сақ жауынгерлері өте көп жаттыққан. Садақ ату, найзамен, ақинақпен сұғу, қылышпен, айбалтамен шабу, шоқпармен соғу жаттығулары көп рет, әр түрлі жағдайларда қайталана орындалған. Жаудың қаруларынан жалтару, қалқанды тосу, сақтандыру жаттығулары жетілдірілген. Осы қаруды қолдану жаттығулары жерде, ат үстінде, атты тізгінін ұстап басқару кезінде орындалған. Соғыс жағдайына жақындатылған жағдайда шауып келе жатып қарулар қолдану, бірнеше адамдардан қорғану, шабуыл жасау жаттығулары сайыс түрінде орындалған.Сол кездерде сақтармен қатар өз жерлерінде өмір сүріп жатқан гректердің спартандық, афиндық дене тәрбиесі жүйелері болғанын біз білеміз. Сол спартандық құрбылары секілді сақтардың да қыз-келіншектері де ерлермен бірдей дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысқан, жаумен соғысқан. Сақ патшайымы Томирис пен оның құрған Шығыс амазонкалары әйелдер әскер бөлімі, Бабыл Византия патшасы Кирмен соғыстың шешуші кезеңіндегі жеңісте өте үлкен рөл атқарғаны тарихта белгілі.
БДД II ғ. Шығыс Түркістанда пайда болып, біздің дәуірімізде Қазақстан жерінде қоныстанған ғұндардың дене тәрбиесі жүйесі сақтардың дене тәрбиесі жүйесіне ұқсас болған. Қылмыс жасап, тәртіп бұзған, ұрлық жасаған адамдардың беттері тілініп, жазаланған. Ғұндар ат үсті жаттығуларына өте жетік болған, шауып келе жатқан аттың үстінде ауысып, теріс отыру, тік тұру, жерге секіріп түсіп, қайта отыру, шауып келе жатып жерден қамшы алу, жамбы атып түсіру секілді жаттығуларды ғұндар өте жетік меңгерген. Осы кездегі Еуропа цирктеріндегі ат үсті жаттығуларын ғұн дене тәрбиесі жүйесінен алынған деген цирк өнерін зерттеушілердің дәлелдері бар.
Шыңғысхан құрған Мың қол империясы кезінде (XIII-XII) әскери - дене тәрбиесі жүйесі іске асырылды. Ол кезеңде әрбір ер адам, атымен, қару-жарағымен соғысқа аттануға дайын тұруы керек болды. Сол кезде Ерлердің үш ойыны дене тәрбиесі жүйесі болды. Ол - күрес, садақ ату және атқа шабу спорт түрлеріне негізделген болатын.Әмір Темір билігі кезінде (XI ) жеке сайыс, шахмат (шатрантаж) өнерлері дамыды. Темірдің өзі де сайыс өнеріне жетік, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтыру мен спортты басқару жүйесі
Қазақ күресінің оқу пәні ретінде дамуы
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының құрылымдары
Жоғары білікті спортшыларды жаттықтыру барысының инновациялық технологиялары
Спорттық жарыстарды ұйымдастыру мен жоспарлау
Дене шынықтыру және спорт педагогикасы
Дене шынықтыру және спорт оқу-әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі
Спорттық-сауықтыру лагерьлер мен студентердің дене тәрбиесінің әдісі мен ұйымдастырылуы
Мектептегі бұхаралық дене шынықтыру спорттық шаралар
Пәндер