Тоқыма және тоқу түрлері



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
3. Қорытынды
Тоқу жіпті шалып алып және сол шалуларды бір-бірімен біріктіре отырып бұйым жасау барысы. Тоқу қолмен және арнаулы машина арқылы жүргізіледі.Бұйымды тоқудың алдында әуелі өлшемін алып, сол бойынша үлгі жасалады. Бұйымды үлгісі бойынша дәл тоқып шығу үшін еніне қанша шалу алатынын және ұзындығына неше қатар керек екендігі анықталады. Киімді тоқу реті : артқы бой, жең, сол жақ алдыңғы бой, оң жақ алдыңғы бой - бұл әйелдер киімі үшін, ал ерлер киімі үшін әуелі оң жақ алдыңғы бой, содан соң сол жақ алдыңғы бой.
Қолмен тоқу
Қолмен тоқу құралдары:біз, ілмек, иірілген жіп (кенеп жіп, мақта жіп, жүннен иірілген жіп, жібе жіп синтетикалық жіп, аралас жіп)
Бізбен тоқу
Тоқу біздері түзу, екі жағы немесе бір жағы ғана ұшты және иілме (айналдыра тоқитын) болып келеді. Олардың темірден, ағаштан, пластмассадан жасалған түрлері бар. Тігіссіз бұйым тоқу үшін иілме біз немесе бес, төрт және үш инелі біздер пайдаланылады. Біз жіптен екі есе жуанырақ болуы керек. Қөсымша жіп қосып жуандату немес жіпті жіңішкертіу есебінен, затты қалың не жұқа етіп тоқу (біз бен жіп диаметрінің әртүрлілігі) арқылы, пішілген үлгіге немесе есепке сай тоқу үлгісі өзгеріп отырады.
1. Қыдырбаев.Х. Қазақстанның жануарлар әлемі.-Алматы,2003.
2. Аронина Ю.Н, ТЕхнология выделки и крашения меха.-М.:Легпромбытиздат, 2001.
3. Чацкий П.И Технология крашения меха ишубной овчины.- М.: Легкая индустрия,2002.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік технологиялық факультеті

Тамақ өндірісі және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Тоқыма және тоқу түрлері

Орындаған: Даулетұлы Қ.
Тобы: ТК - 321 Б
Тексерген: Бауыржанова Айгуль Заманбековна

Семей, 2015 жыл

Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
3. Қорытынды

Кіріспе
Тоқу жіпті шалып алып және сол шалуларды бір-бірімен біріктіре отырып бұйым жасау барысы. Тоқу қолмен және арнаулы машина арқылы жүргізіледі.Бұйымды тоқудың алдында әуелі өлшемін алып, сол бойынша үлгі жасалады. Бұйымды үлгісі бойынша дәл тоқып шығу үшін еніне қанша шалу алатынын және ұзындығына неше қатар керек екендігі анықталады. Киімді тоқу реті : артқы бой, жең, сол жақ алдыңғы бой, оң жақ алдыңғы бой - бұл әйелдер киімі үшін, ал ерлер киімі үшін әуелі оң жақ алдыңғы бой, содан соң сол жақ алдыңғы бой.
Қолмен тоқу
Қолмен тоқу құралдары:біз, ілмек, иірілген жіп (кенеп жіп, мақта жіп, жүннен иірілген жіп, жібе жіп синтетикалық жіп, аралас жіп)
Бізбен тоқу
Тоқу біздері түзу, екі жағы немесе бір жағы ғана ұшты және иілме (айналдыра тоқитын) болып келеді. Олардың темірден, ағаштан, пластмассадан жасалған түрлері бар. Тігіссіз бұйым тоқу үшін иілме біз немесе бес, төрт және үш инелі біздер пайдаланылады. Біз жіптен екі есе жуанырақ болуы керек. Қөсымша жіп қосып жуандату немес жіпті жіңішкертіу есебінен, затты қалың не жұқа етіп тоқу (біз бен жіп диаметрінің әртүрлілігі) арқылы, пішілген үлгіге немесе есепке сай тоқу үлгісі өзгеріп отырады.

Негізгі бөлім
Бұйымның тоқылу түрі:
біртегіс - оң және теріс жағы болады, оны ұзынынан немесе керісінше түзу екі бізбен, немесе иілмелі сымды айналдыра тоқиды;
бітеу етіп - айналдыра тоқылады, мұны тек оң жағынан және бес бізді немесе иілмелі сымды пайдаланып тоқиды.
Бізбен тоқудың барысы
Алғашқы қатар. Жіпті сол қолға алады. Екі бізді біріктіре ұстап, тоқылатын шүйке жіптің астынан өткізеді, сұқ саусақтағы жіпті бізбен іліп алып, бас бармақтағы жіпті шалу арқылы өткізеді. Бас бармақты шалудан босатып, жіпті тарту керек. Әрбір келесі шалуды шығару үшін осы әдістерді қайталайды. Сонда алғашқы қтарды құрайтын жіптер тізбегі шығады.
Шеткі шалулар - әр қатардың бірінші және соңғы шалулары. Бірінші шеткі шалуды (қатардың басындағы) оң бізге тоқымай алады. Тоқыма жолақ салынып немесе әр түрлі жіптермен өрнектеліп тоқылған кезде бірінші шеткі шалу басқа түсті жіпке ауысарда жіпті ең шетінде бекітетіндей етіп оң шалу жасайды. Қатардың соңғы шалуы оң немесе теріс шалумен тоқылады.
Шеткі жиек. Жиек шеті түзу болып (бұрымша) шығу үшін қатардың соңғы шалуын теріс алу керек те, ал келесі қатардағыны оң бізге тоқымай бос алады (мұндайда тоқылатын жіп біздің артында қалуы қажет). Жиек шеті біртегіс болмауы (тігісті) үшін қатардың соңғы шалуын оң тоқыып, бұл шалу бірінші болатын келесі қатарда оны тоқымай алады.
Оң және теріс шалулар. Оларды екі түрді тәсілмен тоқуға болады.
1 - тәсіл: оң шалу бергі жіп арқылы тоқылады, оң қолдағы бізбен сол қолдағы біздің ьойындағы жіпті іліп алып шығады.
2 - тәсіл: ескі тәсіл, сондықтан осылай алынған шалуларды кейде "әженің шалулары" деп атайды. Оң шалуды арғы жіппен, оң қолдағы бізді оңнан солға қарай өткізіп тоқиды.
Бос шалудың тура және кері түрлері.
Тура бос шалу: оң қолдағы бізді тоқылатын жіптің астына оңнан солға қарай салады.
Кері бос шалу: оң қолдағы бізді тоқылатын жіптің астынан солдан оңға, өзінен кері қарай өткізеді. Кері бос шалу барынша сирек қолданылады, себебі көптеген айшықтар (ағылшын резинкасы және т.б. сияқты) бұзылып кетеді, ал өрнекті айшықтарда мұндай бос шалудың тор көзі тым үлкен болады.
Шалуларды азайту. Детальдарды тоқу барысында шалуларды азайту түрлі тәсілдермен жүзеге асады (бекіту, бір шалуды екіншісінен өткізу, әдетте олар белгілі бір модельдің сипаттамасында көрсетіледі). Тоқыманың шетінен бір шалудан азайта отырып, көбіне оны екі шалуды біріктіре қосып алу арқылы бекітеді. Көп санды шалуларды (ең соңғы қатардағыдай) бірінен соң бірін бекітеді. Шалуларды тоқыманың оң қатарында да, теріс қатарында да азайтуға болады.
Екі шалуды жоғарыдан бірге алу. Оң қолдағы бізбен сол қолдағы біздің бойындағы 2 шалуды 2- шалу жағынан тоқыманың алдынан алу (солдан оңға қарай).
Екі шалуды төменнен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маталар, тоқыма және бейматалар ассортименттері
ТОҚЫМАШЫЛЫҚ КӘСІБІНДЕГІ ТАЛШЫҚТАРТЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
ҚАЗАҚ СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРІ
СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ТҮРЛЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бұйымның лекал ауданы
Токыма материалдардың физикалык касиеті
Тоқыма өндірісі
Тоқу өнері. Ою-өрнек
Тоқыма өнері
Гобелен тоқуда «Теңіз ғажайыптары» композициясын тиімді пайдалану
Пәндер