Шабындықтар мен жайылымдардағы су тәртібін жақсарту



І.Кіріспе бөлім
ІІ.Негізгі бөлім
2.1Шабындықтар мен жайылымдарға жалпы сипаттама
2.2Су тәртібін жақсарту туралы түсінік
2.3Қар тоқтатудың тәсілдері
ІІІ.Қорытынды бөлім
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Табиғи жерлер, шабындықтар мен жайылымдар – облыстың мал-азық қорының негізі. Бұл жерлер малдың жем-шөп қорын тұтынудың 90 пайызын қамтамасыз етеді. Сондықтан жайылым шаруашылығын тиімділігі жоғары болатындай етіп ұйымдастыра білу керек.Бүгінгі таңда мал шаруашылығы жем-шөп қорына тапшы. Жылдар бойы табиғи жайылымды жүйесіз пайдалану оның ескіріп, тозуына әкеп соқтырды. Нәтижесінде мал-азықтық шөптердің өніміндегі бағалы қоректер азайып, орнына аз желінетін, болмаса улы шөптердің орын алуына жол берді.Жылдан жылға жайылым өнімділігі мен мал-азық қоректілігі төмендеп барады. Табиғи жайылым мен шабындық жерлердің орташа өнімділігі құрғақ салмақта гектарына 0,5-3 центнерді құрайды. Жайылымның ескіріп, тозуына тосқауыл жасау, оны қалпына келтіру мен жақсарту – бүгінгі таңның кезек күттірмейтін мәселесі.Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген мал шаруашылығы саласын дамыту тиімділігін арттыру мен ет өнімін сыртқа шығару жөніндегі тапсырысына байланысты жем-шөп қорын дайындау үшін жағдай жасау қажеттілігі туындап отырғаны анық.Соңғы жылдары жайылымды суландыруды кешенді түрде игеру мен оның тиімділігін арттыру жөнінде ешбір жұмыстар жүргізілмеген. Ғылыми негізделген жайылым айналымы жүйесін енгізу мәселесіне де аса көңіл бөлінбей келеді. Жылдан жылға бір ғана жайылым қолданылады, ол жайылымдық шөптердің мал азық сыйымдылығының қалпына келуіне үлгермей, тозып, ескіреді. Сонымен қатар аймақтың құрғауы – ауқымды территорияның ылғалдылық деңгейінің қысқаруы мен топырақтың биологиялық өнімділігінің төмендеуі орын алып отыр. Менің тоқталатын тақырыбым жайылымдарды қарапайым жақсартудың бір түрі:су тәртібін жақсарту болып табылады.Енді бұл тәсілге жеке тоқталамын.
1. Н.Можаев, Н.Серікпаев, Ғ. Стыбаев «Мал азығын өндіру практикумы» Астана – 2013
2. Қ.Асанов, Р.Елешов, И. Алимаев, С.Прянишников «Жайылым шаруашылығы жөніндегі практикум» Алматы «Қайнар»1998
3. Қ.Ә.Асанов, Р. Е.Елешов, И.И.Алимаев «Жайылым және экология» Алматы «Ғылым» 2001
4. «Мал шаруашылығы комплекстерінің шабындық және жайылымдық жерлері» Алматы «Қайнар» 1983

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

БАӨЖ
Тақырыбы:Шабындықтар мен жайылымдардағы су тәртібін жақсарту.

Орындаған:Ешенова Ж.Д
Тексерген:Сагандыков С.Н
Тобы:АГ-313
Курс:ІІІ
Семей 2015жыл

Жоспар:

І.Кіріспе бөлім
ІІ.Негізгі бөлім
2.1Шабындықтар мен жайылымдарға жалпы сипаттама
2.2Су тәртібін жақсарту туралы түсінік
2.3Қар тоқтатудың тәсілдері
ІІІ.Қорытынды бөлім
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Табиғи жерлер, шабындықтар мен жайылымдар - облыстың мал-азық қорының негізі. Бұл жерлер малдың жем-шөп қорын тұтынудың 90 пайызын қамтамасыз етеді. Сондықтан жайылым шаруашылығын тиімділігі жоғары болатындай етіп ұйымдастыра білу керек.Бүгінгі таңда мал шаруашылығы жем-шөп қорына тапшы. Жылдар бойы табиғи жайылымды жүйесіз пайдалану оның ескіріп, тозуына әкеп соқтырды. Нәтижесінде мал-азықтық шөптердің өніміндегі бағалы қоректер азайып, орнына аз желінетін, болмаса улы шөптердің орын алуына жол берді.Жылдан жылға жайылым өнімділігі мен мал-азық қоректілігі төмендеп барады. Табиғи жайылым мен шабындық жерлердің орташа өнімділігі құрғақ салмақта гектарына 0,5-3 центнерді құрайды. Жайылымның ескіріп, тозуына тосқауыл жасау, оны қалпына келтіру мен жақсарту - бүгінгі таңның кезек күттірмейтін мәселесі.Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген мал шаруашылығы саласын дамыту тиімділігін арттыру мен ет өнімін сыртқа шығару жөніндегі тапсырысына байланысты жем-шөп қорын дайындау үшін жағдай жасау қажеттілігі туындап отырғаны анық.Соңғы жылдары жайылымды суландыруды кешенді түрде игеру мен оның тиімділігін арттыру жөнінде ешбір жұмыстар жүргізілмеген. Ғылыми негізделген жайылым айналымы жүйесін енгізу мәселесіне де аса көңіл бөлінбей келеді. Жылдан жылға бір ғана жайылым қолданылады, ол жайылымдық шөптердің мал азық сыйымдылығының қалпына келуіне үлгермей, тозып, ескіреді. Сонымен қатар аймақтың құрғауы - ауқымды территорияның ылғалдылық деңгейінің қысқаруы мен топырақтың биологиялық өнімділігінің төмендеуі орын алып отыр. Менің тоқталатын тақырыбым жайылымдарды қарапайым жақсартудың бір түрі:су тәртібін жақсарту болып табылады.Енді бұл тәсілге жеке тоқталамын.

Ең алдымен жайылым мен шабындық жерлердің әрі қарай тозуына, ескіруіне жол бермеу. Табиғи жайылымды жақсартуға ат салысу керек. Оның бір тәсілі - жайылым айналымын іске қосу, ол қандай да бір көп шығынды қажет етпейді.Жайылым айналымынан басқа, ғылыми жасалымдарды да өндіріске енгізудің мезгілі жетті. Ұзақ мерзімді, жоғары өнімділікті, құрғақшылыққа төзімді себілетін жайылымды жасау жөнінде тәжірибе бар, ол мал-азық өнімділігін 2,5-3 есеге арттырады. Құмды жайылымда жабайы шөптерді, негізінен изен мен теріскен шөптерін өсірген жөн. Ол 10-12 метр тереңдіктен ылғалды тартып алуға қабілетті, жаздың ыстық аптадында да күйіп кетпейді, шындығына келсек, жем-шөп қоры ретінде жыл бойына жарай береді.Қар ери салысымен минералды тыңайтқыштарды себу де пайдалы, табиғи шөптердің өнімділігі 2-2,5 есеге артуына ықпал етеді. Мұндай учаскелерде табиғи шөптер бірден күйіп кетпейді. Жабайы өсетін шөптерді себу, оны қоршау, минералды тыңайтқыштар беру жайылымның жақсарып, қалпына келуіне жол ашатын бірден-бір тәсіл болар еді. Мұндай тәсіл жайылым өнімділігін 7-8 есеге арттыруға мүмкіндік береді.Кең байтақ далаға кейінгі жылдары жоғалтып алған табиғат-ананың күш-қуаты мен әсемдігін қайта алып келсек, табиғат-ана да адамзатқа деген өз ырзығын екі есе берері сөзсіз.Құрғақ жайылым аймағының тиімділігі оның суландырылуына тікелей байланысты екендігі де белгілі. Қазіргі таңда мал шаруашылығы дамуының артта қалуының бір себебі табиғи жайылымдарды жеткіліксіз, әрі біркелкі емес түрде суландыру болып саналады.Облысымыздың жайылымдарында 60 % дейін суландыру құрылғылары істен шыққан: су жиналатын әуіттер, мал суаты аумағы мен астаулары, скважинаның павильондары бұзылған; шегенді құдықтар мен түтікті құдықтар бітелген, көміліп қалған; су көтеретін қондырғылар жоқтың қасы және т.б. 1,5-10 лс едәуір су шығымын құрайтын минералданған су көздері шындығына келсек ешбір пайдаланылмайды десек артық айтқандық емес.
Облысымызда жайылым аймағын суландыру негізінен қолайлы гидрогеологиялық жағдайы бар жер асты суын пайдалану арқылы іске асады. Жалпы солтүстігі мен солтүстік шығыс бөлігінен басқа, жер асты су қоры мен оның таралуы бойынша облысымыз ауыз су мен шаруашылық суына тапшы емес аймаққа жатады.1988 жылғы жүргізілген тексеру мәліметтері бойынша облыстың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШАБЫНДЫҚТАР МЕН ЖАЙЫЛЫМДАРДЫ ЖЕҢІЛ-ЖЕЛПІ ЖАҚСАРТУ ТУРАЛЫ
Малазықтық дақылдардың агробиологиялық ерекшеліктері
Топырақ жамылғысының физикалық қасиетін трансекта бойынша зерттеу
Етті бағыттағы ірі қара сиырларын азықтандыру
Ішкішаруашылық жерге орналастырудың теориялық, жалпы әдістемелік негіздері
Мал жаю әдістері
Ірі қара малдың қазақтың ақбас тұқымын толық құнды азықтандыру
Шөп тұқым шаруашылығы жүйесі
Мал шаруашылығын өркендету
Қара ала тұқымды ірі қара малын азықтандыру ерекшеліктері
Пәндер