Пастереллез кезіндегі биопрепараттар жайлы



1. Пастереллезге анықтама?
2. Клиникалық белгілері?
3. Пастереллез кезіндегі биопрепараттар?
Мал өнімдерінің сапалы болуына залалын тигізетін індеттердің қатарына пастереллез де жатады. Пастереллездер адам, үй және жабайы жануарлар мен құстардың көптеген түрінің табиғи ошақтық, кең тараған зооантропоноздық ауруы. Аталған індет еліміздің мал шаруашылығына үлкен экономикалық зиян келтіретін болғандықтан, осы аурудың алдын алу, анықтау, індетке қарсы биологиялық белсенді препараттар дайындау бойынша ғылыми зерттеулердің маңызы өте зор.
Пастереллез қоздырушысы – Pasteurella multocida – оншалықты ірі емес, грамтеріс, қозғалмайтын, спора түзбейтін, жеке-жеке, кейде жұптасып, сирегірек - қысқа тізбек түрінде орналасатын бактерия. Бактерияның пішіні мен өлшемідері шыққан ортасына байланысты әр түрлі болады. Ауру малдың ұлпасындағы пастереллалар ұсақ, сопақша болады да, метилен көгі немесе Романовский-Гимза әдісімен биполярлы (екі шеті) боялады. Жаңа өскіндерде микробтың анық көрінетін капсуласы бар.
1. Бакулов, И.А. Пастереллез, как зооантропонозная инфекция / И.А.Бакулов, Д.А. Васильев, Д.И.Козлова. // Вопр. вет. микробиол., эпизоотол. и вет.-сан. экспертизы. - Ульяновск, 1994.- С. 26-32. 2. Бакулов, И.А. Эпизоотология с микробиологией / И.А.Бакулов, В.А. Ведерников, А.Л. Семенихин. - М. - Колос, 1997. - С. 220-221. 3. Сайдуллин, Т. Ветеринарлық індеттану. / Т. Сайдуллин, - Алматы, 1999. – 231 б. 4. Сосов, Р.Ф. Пастереллез / Р.Ф. Сосов. Эпизоотология. – М. – 1974. – С.99-101. 5. Ярцев,М.Я. Пастереллезы животных и птиц: специфическая профилактика, лечение и методы борьбы / М.Я. Ярцев, В.И. Белоусов, Г.П. Дубинина. – Госагропром СССР, ВАСХНИЛ. – М. – 1989. – 57с.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Пастереллез кезіндегі биопрепараттар

Тексерген:Муратбаев.Д.М
Тобы:ВМ-201
Орындаған:Қоңырбек Б.Б

Жоспар
1. Пастереллезге анықтама?
2. Клиникалық белгілері?
3. Пастереллез кезіндегі биопрепараттар?

Мал өнімдерінің сапалы болуына залалын тигізетін індеттердің қатарына пастереллез де жатады. Пастереллездер адам, үй және жабайы жануарлар мен құстардың көптеген түрінің табиғи ошақтық, кең тараған зооантропоноздық ауруы. Аталған індет еліміздің мал шаруашылығына үлкен экономикалық зиян келтіретін болғандықтан, осы аурудың алдын алу, анықтау, індетке қарсы биологиялық белсенді препараттар дайындау бойынша ғылыми зерттеулердің маңызы өте зор.
Пастереллез қоздырушысы - Pasteurella multocida - оншалықты ірі емес, грамтеріс, қозғалмайтын, спора түзбейтін, жеке-жеке, кейде жұптасып, сирегірек - қысқа тізбек түрінде орналасатын бактерия. Бактерияның пішіні мен өлшемідері шыққан ортасына байланысты әр түрлі болады. Ауру малдың ұлпасындағы пастереллалар ұсақ, сопақша болады да, метилен көгі немесе Романовский-Гимза әдісімен биполярлы (екі шеті) боялады. Жаңа өскіндерде микробтың анық көрінетін капсуласы бар. Олар қарапайым қоректік орталарда 37 °С жақсы өседі, жаңадан алынған өскіндерді өсіру үшін қан сарысуы қосылған немесе етті ферменттік гидролиздеу арқылы алынған қоректік орталар пайдаланылады. Бактериялар сорпада өскен жағдайда қоректік орта түгелдей лайланып, ЕПА-да үш түрлі шоғыр түзеді: тегіс (S), бұдыр (R), және кілегейлі
(M). Ферментативтік қасиеті төмен, пастереллаларға тән ерекше қасиет - триптофан қосылған сорпада индол түзуі және нитратты нитриткедейін тотықсыздандыруы [1]. Ұзақ уақыт бойы пастереллаларды зоологиялық тұрғыдан жіктеу орын алып келді де, мал мен құстың әрқайсысына ауруды микробтың жеке түрі тудырады деп есептелінді. Тек 1939 ж. Розенбуш пен Мергант пастереллалардың ауру қоздырушысы бір ғана түрі бар екендігін дәлелдеп, оны дербес түр P.multocida (A, B, D, сирек Е, F сероварианттары) ретінде қарастырды. Бұл тұқымдастыққа жататын тағы бір дербес түр P.haemolytica (А биотипі) сиырда, әсіресе қойда пастереллезге ұқсас ауру тудырады [2]. Аурудың ұзақтығы клиникалық түріне байланысты. Аса жіті және жіті өткенде өлген жануарлардың көптеген ағзаларында, кілегейлі және сірі қабықтарында геморрагиялық диатезге тән жаппай қанталаған өзгерістер кездеседі. Бауыр мен бүйректер өз қалпынан ауытқып, көкбауыр аздап домбығады. Сөл түйіндері ісініп, қара қошқыл түске боялады. Тері асты шелінде, әсіресе аурудың домбыққан түрінде, денесінің әр жерінде сарысулы- фибринді жалқақтар пайда болады. Өкпе домбығып, онда крупоздық пневмонияның бастапқы кезеңіне сәйкес өзгерістер кездеседі. Ішектік түрінде асқазан мен ішектердің фибринді-геморрагиялық қабынуы байқалады [3]. Пастереллез жітілеу және созылмалы өткенде мал өлексесінен қатты арықтау және қанның азаюы белгілері байқалады. Көкірек және құрсақ қуыстарының сірі қабықтарында тығыз фибринді ошақтар кездеседі. Көк бауыр ұлғайып, бауыры мен бүйректерінде өте ұсақ өліеттенген телімдер кездеседі [4]. Қойларда пастереллез әдетте тыныс алу жолдарының ауруының соңғы сатысында пайда болады. Әсіресе қозылары мен кәрі қойларды күштірек қамтып, тез арада жаппай өлім-жітімге ұшыратуы мүмкін. Бактериялар ұзақ уақыт организмдерден тыс жерде бола алмайды, сондықтан да бір жануардан екіншісіне тікелей жанасу арқылы беріледі
Зерттеу мақсаты: Патологиялық материалдардан пастерелла өскіндерін бөлу және олардың зардаптылық (патогендік), токсигендік және уыттылық (вируленттік) қасиеттерін зерттеу. Зерттеу материалдары мен әдістері. Зерттеу жұмыстары Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ветеринариялық медицина және биотехнология факультетінің ғылыми зертханасында, ғылыми-зерттеу институтының базасында орындалды. Жұмыс университеттің ғылыми-ізденіс жұмыстарының жоспарының Ауыл шаруашылық жануарларын пастереллезден сақтандыру және емдеу шаралары тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды. Қойылған мақсатқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пастереллез кезіндегі биопрепараттар
Сақау қоздырушысының зардаптылық қасиетін анықтау
Актиномикоз, аспергиллез ауруларында қолданылатын биопрепараттар. Пастереллез, колибактериоз ауруларында қолданылатын биопрепараттар
Қой шешегі кезіндегі биопрепараттар туралы
Пастерелез кезінде қолданылатын биопрепараттар
Пастерелез кезінде қолданылатын биопрепараттар жайлы
Қой қылауы мен пастереллез ауруының таралуы
Шошқалардың пастерелез ауруын балау, дауалау және онымен күресу шаралары.
Листериоз, лептоспироз, шошқа тілмесі ауруларына қолданылатын биопрепараттар
Ауру қоздырушысының бастауы пастереллаларды алып жүретін аурудан жазылған жануарлар
Пәндер