Студенттердің рухани-адамгершілік дамуына «Өзін-өзі тану» дәрісінің ықпалы



Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысып бағады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше дараланған тұлға. Адамдар тұлға болып бірден дүниеге келмейді. Әрбір адамды қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Тұлға дегеніміз адамның мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы. Адамдардың қоршаған табиғи ортадағы құбылыстарды қабылдап түсінуі әртүрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Тұлғаны дамыту – күрделі процесс. Оның үш маңызды аспектісі бар:
1.Әлеуметтік-психологиялық аспектісі. Ол өз кезегінде екі факторға байланысты болады: а) баланың танымы мен мінез-құлқына қажетті белгілі қондырғылар, бағалы құндылықтар, түсініктер мен ұстанымдардың мақсаты, қоғамдық әсері. б) адамның өмір жағдайын, оның іс-әрекеттегі жеке стилін, тұлғааралық қарым-қатынасты анықтайтын тұлғаның дамуы.
2. Психологиялық аспектісі тұлғаның танымдық үрдістерінің жеке ерекшеліктерін қамтиды: есте сақтау, ойлау мен сөйлеу тағы сол сияқты мінез-құлықтарын қарастырады.
3. Аспект тұлғаның ерекшеліктері мен қабілетінің психофизиологиялық

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Студенттердің рухани-адамгершілік дамуына Өзін-өзі тану дәрісінің ықпалы

Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді
де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өзіндік ақыл-
парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық
ерекшелігімен көрінуге тырысып бағады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ
біркелкі мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше
дараланған тұлға. Адамдар тұлға болып бірден дүниеге келмейді. Әрбір адамды
қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Тұлға дегеніміз адамның мінез-
құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
Адамдардың қоршаған табиғи ортадағы құбылыстарды қабылдап түсінуі әртүрлі.
Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық
ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Тұлғаны дамыту – күрделі процесс. Оның
үш маңызды аспектісі бар:

1.Әлеуметтік-психологиялық аспектісі. Ол өз кезегінде екі факторға
байланысты болады: а) баланың танымы мен мінез-құлқына қажетті белгілі
қондырғылар, бағалы құндылықтар, түсініктер мен ұстанымдардың мақсаты,
қоғамдық әсері. б) адамның өмір жағдайын, оның іс-әрекеттегі жеке стилін,
тұлғааралық қарым-қатынасты анықтайтын тұлғаның дамуы.

2. Психологиялық аспектісі тұлғаның танымдық үрдістерінің жеке
ерекшеліктерін қамтиды: есте сақтау, ойлау мен сөйлеу тағы сол сияқты мінез-
құлықтарын қарастырады.

3. Аспект тұлғаның ерекшеліктері мен қабілетінің психофизиологиялық
дәрежесі негізінде нақтыланады. Тұлғаның даму процесі екінші және үшінші
аспектілердің көмегімен іске асырылады.

Сонымен, “тұлға” дегеніміз адамның мінез-құлқын, іс-әрекетін бір сөзбен
айтқанда өз бейнесін жасаушы. Әр адамның тұлға болып қалыптасуы сыртқы
күшке, табиғатқа және әлеуметтік жағдайға байланысты.

Тұлға дамуының теориялық негізін қарастыра келе тәжірибелік тұрғыда
С.А.Назарбаеваның рухани - адамгершілік білім беру жобасы негізіндегі Өзін-
өзі тану пәнінің оқу процесінде студент тұлғасының жетіліп өзгеруін
байқадық. Өзін-өзі танупәнін жүргізудің келесі жалпы мақсаттары
ұстанылды: өзіндік рухани дүниені саналы түсінуге жақындату, өз
көзқарастарын қорғауға және дәлелдеуге үйрету (өз көзқарасын логикаға
сәйкес ешкімді ренжітпей ұсынуға, басқаның көзқарасын тындауға, түсінуге
үйрету), әртүрлі көзқарастар орын алған жағдайда қарым-қатынас жасау
дағдысын дамыту болып табылады.. Өзін-өзі тану пәнін жүргізу барысында
студенттер келесі өзіндік бақылау әдістерін қолданды. Мысалы, сабақтар
бойынша әр тапсырманы талдау жасалынып отырды. Өзін-өзі тану сабақтары
студенттердің білімдерін, дағдыларын, құндылықтар жүйесін дамытуда өте
тиімді. Жалпы барлық сабақтарда дискуссиялық сұхбат тәсілі қолданылды.
Дәрісханада парталар топпен жұмыс жасау ыңғайлы болатындай қойылған.
Оқытушы студенттермен бірге әр сабақтың соңында өткен тақырып бойынша
қортынды жасайды.

Өзін-өзі тану курсын жүргізудің негізгі формасы ретінде топтық тренинг
қолданылады. Сондықтан сабақтарға тренингтердің әдістемелік технологиялары
қарастырылды, жаңа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттердің ұлттық санасын қалыптастыру әдістері
Қожа Ахмет Йассауй мұраларын оқу-тәрбие процесіне ендіру жолдары
Ойын технологиясын ұйымдастыру арқылы өзін өзі дамыту жолдары
Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Жеке тұлғаның өзін - өзі тәрбиелеуі мен өзін жетілдіру мәселесі
Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізгі тенденциялары
Болашақ бастауыш сынып мүғалімдерін этнопедагогикалық дайындау жүйесі
Мектепке дейінгі балалардың танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту жолдарын айқындап көрсету
Өзін- өзі тану сабақтарында студенттердің көңіл-күйін жақсартудағы музыканың рөлі
Кредиттік оқыту және қашықтықтан оқыту
Пәндер